Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және оның негізі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері;
  2. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және оның негізі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.

Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.

Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысыны сайкелетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу

1. «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері

Қылмыс - бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс

басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен

белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің

9-бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым

салынған қоғамдық қауіпті әрекет - қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет - бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға кауіпті теріс кылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс - бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық катынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әркашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық-бұл қылмыстык, заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір кылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстың жіктелуі

Қылмыстарды жіктеу - бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлык дәрежесі мен сипатына байланыстытарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте жарлық қылмыстар төрт топка бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр кылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

- Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсызда жасалған әрекет - орташа ауыр қылтыс деп танылады.

- Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын касақана жасалған әрекет - ауыр қылмыс деп танылады.

- Жасалғаны үшін он екі жылдан астам мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы касақана жасалған әрекет - аса ауыр цылмыс деп танылады.

Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік

Қылмыстық жауапкершілік кұқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.

Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің қүкыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

Қылмыстық жауапкершілік - бұл адамның жасалған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық-құқықтық сипаттама басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

• жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті

соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;

• кінәлі адамға қылмыстық-құқықтық сипаттағы щаралар қолдану;

• жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндагі соттылық.

Қылмыстық жауапкешілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.

Қылмыстық жауапкершілік негіздері

Қылмыс жасау қылмыстық жауапкершіліктің негізі, яғни қылмыстық заңда қарастырылған, қылмыстық жауапкершілікке тартуға қажетті және жеткілікті

объективті және субъективті белгілеі бар әрекет.

Қылмыстық жауапкершілік заңда қылмыс ретінде белгіленген әрекет немесе әрекетсіздік үшін туындайды.

Қылмыс құрамы туралы түсінік және оның түрлері

Қандай қылмыс жасалғандығын анықтау үшін «қылмыс құрамы » сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе каракшылық.

Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтерден кұралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл - объект

және объективті жағы, субъект және субъективтік жағы.

Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек.

Қылмыс объектісі - бұл қылмыстық іс-кимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін коғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар-ұят, абырой.

Қылмыстық объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

Қылмыстық субъективтік жағы - бұл адамның өз іс-қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыздық нысанында көрініс табады.

Ауқатты ағылшын отбасынан шыққан 12 жастағы жасөспірім Уильям Оллнат 1987 жылдың 20 қазанынан бастап атасы Сэмюель Нелм шай ішкенде қолданатын қант салғышқа мышьяк салып жүреді. Апта ішінде осы қант салғышты отбасының басқа да мүшелері, оның ішінде баланың анасы да қолданған. Ақырында, 27-қазанда Сэмюель Нелм мышьяктан уланып, қайтыс болады. Екі күннен кейін жауап алынғанда немересі атасы улағанын мойындайды, тіпті жасаған ісіне өкініш білдіріп, анасына хат та жазады. Сот улаушыны өлім жазасына кеседі; қорғаушының шағымымен ғана бұл жаза өмір бойы бас бостандығынан айыруға айырбасталады. Бұл жаза жасөспірім қылмыскер үшін ең жақсы жағдай болмасы анық; себебі ол қалған өмірін қапаста өткізеді.

Қылмыстың субъективтік жағы

Қылмыстың субъективтік жағы - бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі

Кінә - бұл адамның кылмыстық заңмен карастырылған қоғамға қауіпті іс-кимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі) .

Ақанов мас күйінде адам толы бөлмеде оңды-солды атыс жүргізеді, сөйтіп бір адам өліп, үшеуі жараланады. Ақанов, бұл жағдайда өзінің әрекетінің айналасындағыларға қауіпті екендігін біліп, мұндай салдарлардың туындайтынын болжағанымен, бөлме ішіндегілердің біреуінің өліп кетуі мүмкін екендігіне жол беріп, немқұрайлы қарады.

Қылмыстың ниеті - қылмыс жасаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т. б. болуі мүмкін.

Қылмыстың мақсаты -тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі кол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану максаты, сату максаты, халықты корқыту мақсаты және т. б. болуы мүмкін.

Қылмыс субъектісі

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарына қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.

Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:

а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу не денсаулыққа қасақана орташа аырлықтағы зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, адамды ұрлау;

ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық тонау қарақшылық, қорқытып алушылық, автокөліктерді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән-жайлар;

б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерді қорлау, көлік кұралдарын немесе қатынас жолдарын касакана жарамсыздыққа келтіру, т. б.

Қылмыс жасаған кезде 16 жаска толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жаска дейінгі жас балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға кауіптілігі мен нақты сипатын сезінген жөне әрекеттеріне басшылық еткен адам есі дұрыс танылады.

Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық кауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаға тағайындау.

Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп кылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын күрайды.

Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде занда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылыктан босатылған адамның бұрынғы істеген кылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және косымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей, ия болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, І-бөлігі) .

Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір кылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының, біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір кылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен кыскартылуы мүмкін.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылык дәрежесін, кылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайьн, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тутастай басшылыққа алады. Жаза тағайыпдауды осы принципті бұлжытпай басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырак етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірак тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын нсмесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара косу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгіленеді. Сіңіру принципі бойынша сот кылмыстың жиынтығына кіретін әрбір кылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда женілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірак тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдык дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында кандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі кажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қыл-мыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі колданыла отырып оған акырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінін бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостаңдығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Мемлекеттік аппаратты құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz