Қазақстан Республикасы Конституциясындағы билік бөлінісі


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2

І тарау. Егемендік және оның конституциялық негіздері.

  1. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық мемлекет . . . 6
  2. Демократия және халық билiгi . . . 21
  3. Тәуелсіздіктің конституциялық кепілдіктері . . . 25

ІІ тарау. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы билік бөлінісі.

  1. Билік бөлінісі концепциясының қайнар көздері . . . 33
  2. Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі қағидасы . . . 39

Қорытынды . . . 51

Қолданылған әдебиттер . . . 53

Кіріспе

Қазақстан Республикасы көптеген ғасырлар ішінде алғаш рет біртұтас, тәуелсіз демократиялық мемлекет ретінде ресми түрде жарияланды, ұлттық мемлекеттіліктің бұлжымастығы қуатталды.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге жеткен уақыт iшiнде ғана елiмiздiң бар болмыс бiтiмi, бүкiл кескiн келбетi кереметтей өзгердi. Бәрiнен де бұрын егемендi ел атанып, ес жиып, еңсемiздi тiктедiк, халық болып қалпымызды танып, империя тозағының астында қалған тарихымызды ашып алдық. Бұгiнде Қазақстан келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол тауып, өзiнiң ертеңiне екпiндеп еркiн жғзiп келедi.

1991 жылдың желтоқсанында Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы ыдырады. КСРО құрамына кiрген Одақтас Республикалар өз егемендiгiн алып, тәуелсiз жеке дербес мемлекеттер болып бөлiне бастады. Кеңестiк Социалистiк Қазақ Республикасы жойылып, оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан мемлекетi - республикалық басқару нысанында болып, Республикада мемлекеттiк билiк белгiлi бiр мерзiмге халық сайлаған өкiлеттi органдармен жүзеге асырылды. Қазақстан президенттiк республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлердi қабылдап, олар жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ КСР-нiң мемлекеттiк Егемендiгi туралы Декларация Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар.

Аталған Конституциялық актiлер Қазақстанның тәуелсiздiгiн дербестiгiн жариялап демократиялық құқықтық мемлекет құру туралы мақсатты алға қойды.

Қазақстан Республикасының Конституция ережесiнде Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституцияда болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негзiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек, Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.

Атап айтқанда, бiртұтас Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген, өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық мемлекет етiп жариялағаны туралы толық ақпарат ұйымдасқан қоғамда жоғары деп саналатын және мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясаттағы қызметтiң жүзеге асыруға жаралған мемлекеттiң негiзi феноменi - мемлекеттiк билiк жайлы.

30. 08. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституцияның көптеген нормалары мемлекеттiк билiктiң мәнi мен мазмұнына сипаттама жасайды, оның ұйымдасуы мен жүзеге асуы нысандары мен тәсiлдерiн бекiтедi. Сондай-ақ, мемлекеттiк билiк Конституция бекiткен бiрнеше құрылымдық бөлшектерден, мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы халық деп, бекiтетiн нормалардан; мемлекеттiк билiктiң негiзгi мақсаты туралы ережелерден; құқықтық және демократиялық мемлекет құруды көздейтiн Қазақстан Республикасы қызметiнiң түбегейлi қағидаларын бекiтетiн нормалардан мемлекеттiк билiк органдарын үйымдастыру және оларды қызметiнiң негiзiн бекiтетiн Коституциялық ережелерден тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттiк билiк тармақтары туралы және оның белгiлерi, принциптерi, жүйесi жайлы жиналған барлық тұсiнiктеме, ақпарат төмендегi атап көрсеткен кiтап жинағы көмегiмен дипломдық жұмыс жобасы әзiрлендi.

Олардың қатарына Е. Баяновтың “Мемлекет және құқық негiздерi” 2001 жарық көрген, онда мемлекеттiк билiк түсiнгi және оның түрлерi жөнiнде толық ақпарат түсiнiк берiлген. “Қазақстан Республикасының Контституциясына түсiнiктеме” Ғ. Сапарғалиев. “Қазақстан Республикасыныңң Конституциялық құқығы” Ғ. Сапарғалиев, Ашимовтың “Егемен Қазақстан құқығы” және тағы басқа көптеген авторлар, ғалым, заңгерлердiң ұжымдары әзiрлеген әдебеттер көмегiмен орындалды.

Тағы басқа айта кететiн мәселе, ол осы дипломдық жұмыс негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып орындалды, және де көптеген нормативтi актiлер, оның қатарына “Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы” тағы басқа көптеген нормативтi актiлер жинағы номерiмен орындалды.

Билiк тармақтарын Конституциялық жолмен бөлу және олардың, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын ұштастыру әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiң демократиялық механизмiн нығайта түседi. Ал билiктiң барлық үш тармағын ынтымақтастырып отыратын жауапты органға айналды. Ол халық алдында жауап беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк билiгiнiң бiрден-бiр кепiлi.

І990 жылы 25 қазанда қабылданѓан "Қазақ Советтік Социалистік Республикасыныњ мемлекеттік егемендігі туралы Декларация", , , Казақстан Республикасының мемлекттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының І99І жылѓы 16 желтоқсандаѓы Конституциялыќ Зањы Қазаќстан Республикасының егемендігін, территориясының тұтастығын, статусын, республика өкіметінің экономика, заң шығару, тіл, мәдениет, билік бөлісу принциптерін жариялады. Осы заңды кұжаттарды негізге ала отырып І99З жылы 28 қаңтарда Қазақстан Респбликасының Конституциясы жарияланды.

Конституция негізінде мемлекеттің егемендігі заңды түрде жарияланды. Конституция "Азамат", "Қоғам", "Мемлекет", "Конституцияны сақтау кепілдіктері" деген төрт тарауға бөліне отырып, Казақстан Республикасы территориясындағы азаматтардың заңды құқықтары мен оның бостандықтарын, қоғам мен оның құрылыс негіздерін, мемлекеттік құрылымын, басқару жүйесін бекітті.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған Конституция Президенттік басқару билігін бекітті.

Жаңа Конституция "Адам және азамат", "Президент", "Парламент", "Үкімет", "Соттар жане сот төрелігі", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" деген бөлімдерден құралып басқа да демократиялық мемлекеттер Конституцияларынан айырмашылықтары болды.

Дипломдық жұмыс тақырыбы "Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет". Жұмыс екі тараудан тұрады. Және кіріспе, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке, егемендікке жету жолдарын жаза отырып демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет деген пікірлердің пайда болуы, орнығуы туралы пікірлер келтірдім.

Қазақстан Республикасының конституциялық кепілдіктерін осы жұмыста баяндай отырып, оның 1937, 1978 жылдардағы Конституциялардан ерекшелігіне тоқталдым. Ерекшеліктердің ішіндегі ең бастысын алатын болсақ, алдыңғы Конституцияларда Қазақстан Социалистік Республикасының басты мақсаты социализм орнатып, коммунизмге жету мұратымыз десе, Қазақстан Республикасының Конституциясы "Қазақстан Республикасы /Қазақстан/ өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет", 1 - деп жариялады. Екінші тарау Қазақстан Республикасы Конституциясындағы мемлекеттік биліктің бөліну жүйесіне арналған. Мемлекеттік билік бөлісі қағидаларының қазіргі мемлекеттік құрылыс механизміндегі қолданылуы қарастырылған. Жалпы алғанда жұмыста Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуы, құқықтары мен бостандықтары, билік бөлінісі жүйесі, оның қайнар көздері баяндалған.

І тарау. Егемендік және оның конституциялық негіздері.

  1. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық мемлекет.

Қазақстан Республикасы өз тарихында алғаш рет біртұтас, тәуелсіз, демократиялық мемлекет ретінде ресми түрде жарияланды. Қазақстан Республикасы өз дамуында ұмтылып отырған демократиялық, құқықтық, ұлттық даму жолдары қандай мағына береді, қалай қалыптасты, соған тоқталайын.

Мемлекет белгілі бір территория шеңберінде халықты ырықсыз көндіру күшіне ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқына ие, салық салып отыру құқына ие.

Адамдардың тіршілік етуінің алғы шарты қауымдастық. Адамдар қауымға біріге отырып жаңа материялдық игіліктер жасады, сол игілікті бөлісу, айырбастау, пайдалану үшін, тіршілікті тоқыратпау үшін жанұя құрып, топтарға бірігіп әрекеттер жасады. Адамдар қаумдастығы өзінің белгілі бір даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен жанұя мүшелерінің мүддесін қорғап, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етті. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келді.

Мемлекеттің алғаш қалыптасу кезінен бастап адамдар демократиялы қоғамды арман етті.

Демократия дегеніміз не?

Бұл ең алдымен автократиядан да, охлократиядан да іргесін аулақ салған мемлекеттік өкімет. Мұның өзі айқын құқықтық процедуралардың сақталуы арқылы ғана мүмкін болады, өйткені азшылықтың да, көпшіліктің де күш көрсетуі бірдей қауіпті.

Мемлекет өзін қоғамның өзі тудырғанын ұмытып, бар билікті өз қолында ұстауға ұмтылады. Бұл жағдайда демократия әлсірейді. Демократия әлсіз болған жағдайда мемлекет, Гоббс жазғандай "адам пішіндес жыртқышқа айналады", адамды басып жаныштайды, адам құқығы мен бостандығын аяққа басуға дейін барады. Адамды зкономикалык жағынан қыспаққа алып алым-салықты үдетіп, саяси, құқықтарын шектейді. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық-зомбылығын шектейтін мемлекеттің үстемдігіне ден қоятын демократиялық қоғамды дамытуға күш салады.

Демократиялық қоғамды қалыптастыру мемлекеттік құқықты жүйеге бейімдеу, оны құқықтық мемлекетке ұластыру, құқықтық мемлекет дегеніміз демократиялық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз. Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқықтары аяққа басылып, жазаланып отырады. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, сенім-нанымына қол сұғып, жөн-жосықсыз араласады. Мұны тәртіпке келтіріп мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ заңдармен реттеп заңдастырып отыру - құқықтық мемлекеттің кызметі.

Мемлекет атауында "құқық" деген сөздің бірінші болып тұруының үлкен мәні бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құкық жоғары орында тұруы керек деген сөз. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты, келелі принципі болуы керек. Ол әрбір елдің Конституциясында бекітіліп, ал басқа заңдары мен жарлықтарында нұсқа болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет құруға аяқ басқан Қазақстан Республикасының тұңғыш ата Заңы /28. 01. 1993/ "біз Қазақстан халқы, адам құқығы мен бостандығын тани отырып, демократиялы қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап осы Конституцияны қабылдаймыз", - деп басталады. 2

Демократиялық қоғам адам құқығын ұлтына, жынысына, тегіне қарамай қорғауға күш салады.

Демократиялық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше, ұлттық мемлекеттің калыптасуына кызмет етеді.

Ұлттық мемлекет дегеніміз не?

Ұлттық мемлекет дегеніміз - өзі атын иемденіп отырған ұлттық ежелгі территориясында өмір сүретін және сол ұлттың жерін, суын, табиғи байлығын, тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын қорғап, оған қамқорлық жасауды жүзеге асыратын саяси қондырма болып табылады. Қондырманың бүкіл құрылымдық жүйелері осы мақсатты жүзеге асыруға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттігінің түрі ретінде Қазақстан Ресрубликасы өзінің барлық азаматының құқық теңдігін қамтамасыз етеді, - деп жариялады, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекет екенін заң жүзінде паш етті.

Демократиялық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығын аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көрсетеді, нағыз демократия үшін күреседі.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ уақытты қажет етеді. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың билеуші бюрократияның диктатурасына жол берілмейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға, лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашады.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ уақытты қажет ететін болса, құқықтық мемлекет құруға ұмтылған Қазақстан мемлекетінің дамуы да ұзақ уақытқа созылды.

Қазақ мемлекетінің кұрылуы мен дамуының тарихы тым терең және дамуы өтпелі кезеңдерден өтті.

Бұл тарихқа қысқаша тоқталатын болсақ, олар көрші мемлекеттердің шапкыншылығы, мемлекеттің негізі болатын заңдар мен билік жүйесін қалыптастыру /"Жеті Жарғы", "Хан кеңесі "/ мемлекеттің өз ішіндегі рулық таластар, Россияның қол астына бірігуі /1731 жылы Кіші жүздің Ресейге бірігуінен басталды/, ұлттық козғалыстар /Кенесары қозғалысы/ т. б.

Құқықтық мемлекетке бет алып отырған Қазақстан Республикасының құқық жүйесі тым тереңнен дамыған, бұл саланы қазақ мемлекетінің негізі қаланған кезден басталды десе де болады.

Қазақтың жеке ұлттық мемлекет ретінде қалыптасуында Керей мен Жәнібектің орны ерекше десек, бұдан кейінгі кезде мемлекетті сыртқы жаудан сақтаудың ең кажетті тұсы ішкі бірлікті өзінің жолбасшысы ете білген, "Қасым ханның қасқа жолы деген ережелер жинағын", халықтың санасына сіндірген хан Қасым. "Қасым ханның қасқа жолын" толықтырып, тарихта өзіндік орнымен қалған хан Есім.

1680 жылы қазақ хандығының басына әз Тәуке келді. Әз Тәуке тұсында қазақтың үш биі Төле, Казыбек, Әйтеке ұлттық негіздегі қазақ мемлекетінің Заңдар жинағын топтастырды. Бұл заң жинағы "Жеті Жарғы" деп аталады.

Заңның негізгі мақсаты ел іші бірлігін белгілеу, сыртқы жауға тойтарыс беру жолдары, ел басқару билігін реттеу тәрізді мәселелерді қамтыды. Заң негізіне Қасым хан мен Есім ханның заңдары алынды. Басқару әдісі Хан кеңесі мен билер кеңесінде шешіліп отырған.

"Есім ханның ескі жолы" бойынша кісі өлімі кек алумен, шаңырағын ойрандаумен аяқталатын. "Жеті жарғы" бойынша бұл қағида құн төлеумен өзгертілді.

Бұдан кейінгі қазақ тарихындағы елеулі кезең Россия бодандығына өте бастаған тұсымыз. Ресей империясы бодандырына қазақтардың өту кезенде 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуымен басталды. Осы тұста мынадай сұрақ тууы мүмкін, Әз Тәуке тұсында өз тұтастығын сақтаған казақ мемлекеті неліктен ыдырай бастады, өз сыртқа жауларына соққы беруде басы неге бірікпеді?

Шындығында XVIII-ғасырдың алғашқы жартысы қазақ елінің тұтастығының ыдырай бастаған тұсы еді. Әрі үш жүздің өзіндік даму ерекшеліктері болды. Бірлігіне дақ түскен мемлекеттің осы тұсын сыртқы жаулары тепкісінен құтқару мақсатында Әбілқайыр хан Кіші жүзді Ресейге біріктіруі орынды да. Қазіргі кезде кейбір тарихшыларымыздың, тіпті мемлекет басындағылардың Әбілқайыр хан саясатын мойындамауын орынсыз деймін. Бұл саясаттың саяси, мәдени, әлеуметтік дамуда ерекшелігі де болды. Рас, қазақтың орыстануы, ұлттық ерекшелігіне сызат түсуі осы кезден басталды. Ресей империясының бодандық саясатына карсы халық көтерілістері жиі бой көрсетіп тұрды. Жалпы қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілісті 2 кезеңге бөлуге болады: І-ші кезең - XVIII ғасыр соңы мен XIX ғасыр ортасы, ІІ-кезең XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Яғни бұлар 1787-1797 жж. Сырым Датовтың, 1836-1838 жж. Исатай мен Махамбеттің 1837-1847 жж. Кеңесарының, 1856-1857 жж. Жанғожаның, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың көптеген қиыншылықтары болды. Себебі, Қазан Революцнясына дейін патша өкіметінің саясаты нәтижесінде қазақ халқы бытыраңқы орналасқан территорияның бір бөлігі Түркістан өлкеріне, енді бір белігі Сібір өлкесіне қарады. Кеңес өкіметі жағдайында бұл бытыраңқылықты жойып, республика құрамына топтастыру аса қажетті әрі заңды еді. Шекара мәселесін шешу туралы 1919 жылы 15-16 желтоқсанда Москвада арнаулы кеңес өткізілді. Осы кеңес шешімімен Орынбор қаласы Қазақстанның орталығына айналды. Республика көлеміндегі орыстану саясатының бұл бастауына А. Байтұрсынов "Орынборды қазақ республикасы орталығына айналдыру" бұл орыс теңдігін орнатумен тең", - деп айтқан болатын. 3

1918 жылы мамырда ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімі құрылды. Бөлім менгерушісі болып И. Тұнғаншин бекітілді. Бұл ұйымның алдындағы міндеттер:

- Қырғыз /қазақ/ халқына социализм идеяларын тарату және оның жүзеге асуына басшылық ету;

  • экономикалық тұрмысын жақсарту;
  • азаматтық және қылмыстык заң жобаларын қырғыз /қазақ/ халқының ұлттық құқтарын негіздей отырып құру;

- экономикалық территориялық жағдайларды ескере отырып, Кеңестік Конституция негізінде әкімшілік және территориялық жағынан тең кырғыз /қазақ/ автономиясын даярлау. 4

Қазақ бөлімі өз жұмысын 1918 жылы мамырда бастады. Осы жылы Ә. Жанкелдин Қазақ жеріне төтенше комиссар болып тағайындалды, оған қазақ өлкесінің құрылтай съезін дайындау міндеттелді. Жүктелген міндетке орай 1918 жылы Ә. Жанкелдин Ферғана, Сырдария, Жетісу облыстары басшыларына мына мазмұндағы жеделхат жолдаған: Қазақ уездері Түркістан автономиясына қосыла ма, не болмаса уездік атқару комитеттері қазақ өлкесінің барлық халқын біріктіруді қолайлы көре ме. 5

Түркістан автономиясын құруға ұмтылған топты сол кезеңде қазақ ұлтшылдары деп қудалауға алды.

1920 жылы 4 қазанда Орынборда бүкіл қазақстандық тұңғыш құрылтай съезі ашылды.

Съезде қаралған маңызды мәселелердің бірі "Қырғыз /қазақ/ Автономиялы Социалистік Республикасы енбекшілері праволарының Декларациясын талқылау және бекіту. Бұл Декларация 1917 ж. қабылданған "Еңбекшілер мен езілген халықтар праволарының Декларациясы" негізінде жасалды. Бұл тарихи құжат қазақ халқының қазақ мемлекеттігін құру жолындағы қажырлы ісінің қорытындысы болды. Тарихта алғаш рет қазақ халқы ұлттық мемлекет құрғандығын жариялады. Декларацияда "Қазақ өлкесінің территориясы жұмысшы, ещбекші, шаруа, қазақ халқының Қызыл Армия депутаттары кеңестерінің республикасы болып табылады. Автономиялы мүше ретінде РСФСР-ге, біріккен Кеңестік Республикалардың еркін құрамына кіреді" - делінген. Декларация қазақ өлкесіндегі фабрика, заводтарды, рудниктерді, банктерді, жұмысшы-шаруа мен еңбекшілер қолына өткізу қажет деп шешті.

Декларация 1917 ж. жер туралы лениндік декретке сай Қазақстандағы жер меншігін мемлекет қорына косып мемлекеттік меншік - деп жариялады.

Қазан Революциясынан кейінгі большевиктік партияның алдындағы басты міндет шеткері аймақтарда кеңестік негіздегі ұлттық мемлекет құру болды. Бұл шара ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан 1918 жылы қазақ бөлімін құрудан басталды. 1918-1920 жылдары Қазақ АССР құрылғанға дейін басқару ісін жүргізген Қырғыз революциялық комитеті құрамында көрнекті саяси қайраткерлер еңбек етті. Олар, төрағасы болған С. Пестковский, мүшелері Ә. Жанкелдин., Ә. Әйтиев, С. Меңдешов, А. Байтұрсынов т. б.

Қазақ Автономиялы Республикасы, 1920 жылы 26 тамыздағы Қазақ Автономиялы Республикасын құру туралы Декрет негізінде 1920 жылдың 4 қазанында құрылды деп жарияланды.

Бұл Декретте Қазақ АССР РСФСР-дің құрамды бір бөлігі деп анықталған және құрамына кіретін облыстар көрсетілген. Олар:

1. Семей облысы құрамында: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері;

2. Ақмола облысы құрамында: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы уездері;

3. Торғай облысы құрамында: Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері;

4. Орал облысы құрамында: - Орал, Темір, Гурьев уездері;

5. Закаспий облысы құрамында: Маңғышлақ, Красноводск уезінің 4-5-ші адай болыстары;

6. Астрахань облысы құрамында: Бөкей ордасы, 1-2 Примор окрутері кірді.

Бұдан кейінгі территорияға байланысты саяси оқиға, 1924-1925 жылдары Орта Азия халықтарының шекарасын межелеу, 1918 жылы құрылған Түркістан Автономиялы Республикасының құрамына Қазақстанның Сырдария, Жетісу облыстары кірді. Бұл екі облысты қазақ республикасы құрамына қайтару 1921 жылда өткізілген Түркістан республикасы шаруаларының 1-ші өлкелік съезінде қаралған болатын. Осы мәселе 1924 жылы қайта қаралып, ұлттық территорияны межелеу нәтижесінде Жетісу мен Сырдария облыстарын қазақ республикасы құрамына кіретін болды. Бұл мәселе жөнінде 1924 жылы 16 сентябрьде Түркістан АССР-нің Орталық Атқару комитетінің сессиясында "ұлттық мемлекеттік межелеу туралы" қарар қабылданған. 6

Қарар жемісімен Қазақ Республикасы құрамын: Сырдария облысының: Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулие ата уездері, Ташкент, Мырзашөл, Жизақ уездерінің кей болыстары енді. Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уездері /Георгиев, Шу, Қарақұмыс болыстықтары/ қосылды.

Қазақ АССР-і территориясы 700 мың шаршы километрге жуық болып, жыл сайын халқының саны 1468 мыңға өсіп, 5230 мыңға жетті, 61, 3% -і қазақтар болды.

Республика территориясынын кеңейтілуі өндіргіш күштер дамуына жағдай туғызды. Республика жаңа аудандарға бөлінді, республика астанасы 1925 ж. 19 февральдағы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті шешімімен Орынбордан Ақмешіт /Қызылорда/ қаласына көшірілді.

Орынбор қаласы мен Орынбор губерниясы Қазақ Республикасынына бөлінді.

1925 жылы 15-19 апрель аралығында Ақмешіт /Қызылорда/ қаласында Қазақстан Советтерінің, V съезі өтті. Съезд халықтың тарихи аты - "қазақ" терминін қалпына келтірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғам, мемлекет пен құқық мәселелері, оның мәнін қарастыру
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Мемлекеттің пайда болу себептері туралы
Мемлекет пайда болуы және дамуы
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Конституцияға қайшы елсе
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz