Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту



Мазмұны
І. Кіріспе бөлім
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.13


ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Грамматиканы оқытуға қойылатын талаптар ... ... ... 13.17
2.2 Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы ... .17.23
а) Сөз таптарында грамматикалық материалдарды пайдалану
ә) Сөз таптарындағы грамматикалық жаттығулар ... ... ... ... 23.26
2.3 Сөз таптары мен тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.30
2.4 Сөз таптарын меңгертуде сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологияларын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... . 30.36

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... .
Сабақ жоспары
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
60-жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қарым, стилистикалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстарымен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырлмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза бәлу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70 жылдары батауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдарда (М.Балақаев, Р.Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңтайлы әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе бөлім

Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің
морфологиялық жүйесін оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3-13

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Грамматиканы оқытуға қойылатын талаптар ... ... ... 13-17

2.2 Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық
ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы ... .17-23

а) Сөз таптарында грамматикалық материалдарды пайдалану

ә) Сөз таптарындағы грамматикалық жаттығулар ... ... ... ... 23-26

2.3 Сөз таптары мен тіл дамыту жұмыстарында қолданылатын
әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26-30

2.4 Сөз таптарын меңгертуде сын тұрғысынан ойлауды дамыта
оқыту технологияларын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... .
30-36

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... .

Сабақ жоспары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе бөлім
Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың
сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс
сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп
назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар
пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында
үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың
қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген
көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде
оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық,
морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар
сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп
табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны
мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
60-жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін
оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш
мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қарым, стилистикалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық
жүйелікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис)
меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз
байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын
қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге байланыстырып сөйлеуді
дамытуға бағытталған жұмыстарымен байланыссыз жүргізілсе, немесе
грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік
жүйесін оқытумен ұштастырлмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың
өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын
дәл бейнелеп айта және жаза бәлу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет
болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың,
Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына
грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу
дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны
белгілі. 60-70 жылдары батауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін
жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдарда (М.Балақаев, Р.Әміров,
С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т.б.) өз
еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен
оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу,
оңтайлы әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда
қарастырылды.
Бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны
көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнның әдістемелік-психо-
физиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш сынып
оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдаларды меңгере алмайды. Олардың бәрі
бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып
бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін
ұғымдарды өз тарапынан іс-жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің
морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеге байланысты бастауыш сынып
оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты
төмендегідей болып шықты:
1 Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс жалғай алмайды.
Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының батыры атағын берді. Дидардікі етегі қара.
Дәптерге қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.
2 Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану
дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына).
Мысық айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына). Мысық айбаттады
(айбаттанды деулің орнына).
3 Оқытылған морфологиялық ұғымдарды сөйлем құрау барысында пайдалана
білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз
бесте.
4 Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу
кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім. Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы
кино болды. Ердөстік батыр болған. Анам шаң сорғыш алды.
5 Оқушылар жалқы есім пен жалпы есемді бір-бірімен ажырата білмейді:
Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суларға
шомылады. Малдар су ішеді.
Оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мұндай кемшіліктердің
бірнеше себептері бар:
1 Бастауыш мектепте оқышыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен
ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш
салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу және жазу дағдысын
қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді
оқытудағы басты мақсат – оның коммуникативтік (қарым-қатынастық)
мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, заттың атын білдіретін сөздерге,
заттың сынын білдіретін сөздерге т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып,
сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
2 Бастауыш сыныптарда тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары
арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде
оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық
бояуларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе
Сөйлем, Сөйлем мүшелері тақырыптарын өткенде оқушылардың тілдің
морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.
3 Күнтізбелік жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген
сағаттар өтіліп жатқан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма
жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш сыныптарда бұл сабақтарды
оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп
өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
4 Қазіргі бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық
жүйесін оқыту барасындағы қолданылып жүрген әдістері де жаңа талап
тұрғысынан қайта қарап жаңарту қажет болып отыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы
бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз
беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту
мәселесін басты нысана етіп алған дұрыс.
Бұл аталған басты-басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары
мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында қолданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:
1) мұғалімнің сөзі;
2) әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ – жауап әдісі деп те атайды);
3) тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);
4) жаттығулар орындату;
5) көрнекті құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер,
компьютер, т.б.);
6) кітаппен жұмыс істеткізу;
7) топсеруен (экскурсия).
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық
ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (реппродуктивті)
болу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар
көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал
жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей – ақ ұмтылатыны,
оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтын белгілі. Сондықтан
әдіскер – ғалымдар бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту
үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптен айтып жүр.
Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:
1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл әдісті
проблемалық әдіс деп те атайды. Кез келген жаңа грамматикалық
ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психо – физиологиялық
қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу
мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Әсіресе берілген грамматикалық
ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығуларды немесе үлестірмелі
қима қағаздарды (карточка) қызықты әрі түрліше етіп пайдалануға
болады.
2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық
көзқарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға бастауыш сынып
берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең басты мақсатқа –
олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту
мақсатына бағындырылуы қажет. Мәселен, балалардың күнделікті
тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде заттың
сынын білдіретін сөзді сол заттың атын білдіретін сөздің алдына
қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. (Жәмилада қалам
қызыл бар деп емес, Жәмилада қызыл қалам бар.)
3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін
меңгерту. Мысалы, Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер
тақырыбын өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың
немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да,
дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы: уақыт,
жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттың атын білдіріп тұр деп
ойламайды. Немесе Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап
беретін сөздер тақырыбын өткенде, жатыр отыр, сұрады,
жандыдеген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұл
сұрақтарды қоймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты
осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту
қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар
жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді
жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. Мысалы, Сөз
таптарын оқып – үрену барысында негізгі есімдерді айту керек.
5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы
білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыр.
Жаңа тақырыпты меңгертудің бұл әдісі, біріншіден, оқушылардың өткен
сабақтардағы мағлұматтарды ұмыттпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра
білінуіне жағдай туғызады. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруде
жеңілтетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекті құралдар көмегімен меңгерту.
Бұл әдіс те мұғаліммен ерекше шеберлікті талап етеді. Тақырыптың
сипатына байланысты көрнекі құралдарды. түрлендіріп пайдалану
қажет. Бастауыш сыныптарда (кесте, сызба, әріптер, не сөздер
кассасы, үлестірмелі қима қағаздар және компьютерге арналған
перфокарталар, т.б.) қолдану мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге
болады.:

1) жаңа тақырыпта түсіндірер кезде балаларға тілдегі құбылысты
байқатуға, проблемалық жағдай туғызуға арналған құралдар;
2) берілген ұғымды пысықтауға, балалардың іс жүзілік дағдыларын
дамытуға арналған құралдар;
3) берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар,
т.б.
Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі
қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Жалпы оқушыларға тілдің грамматикалық жүйесін меңгерту балаларды
дерексіз (абстрактылы) ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді.
Грамматикалық ұғымдар дегеніміз – сөздерге, сөз тіркестеріне сөйлемдерге,
қосымшаларға,т.б. қатысты белгілердің дерексіздене отырып жинақталып,
жүйеленуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің
морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш сынып оқушыларының психо -
физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:
1. Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды түсіндіруге
болмайды.
2. Берілетін ұғымдарды тым қарапайымдандырып, немесе қайта – қайта
түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі
жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа
қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін
психолог мамандар анық айтып жүр.
3. Берілетін материалдың мазмұнына орай, оқушылардың психо –
физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабақтың құрылымын,
оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі
табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр
қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі
ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісін тауып жеткізуге болады.
Көптеген әдіскер – ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей,
бастауыш класс оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің
бір жол – ойын элементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану.
Мұның нақты мысалдарына сабақ үлгілерін бергенде тоқталамыз.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің
дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің
белгілі әдістерін (даралау және жазықтау, жалқыдан жалпыға және жалпыдан
жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте қажет. Әсіресе, оқушылардың
грамматикалық ұғымдардың меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектей өтетіні
анықталған нәрсе:

Яғни балардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға,
одан соң жинақталған мағлұматты пайдаланып тілдік фактілерді даралауға
қарай бағытталады екен. Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым
туралы түсінік берген кезде мұғалім балар танымының жалқыдан жалпыға қарай
бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір – біріне
салыстыру арқылы әлгі белгілерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық
ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ойлау қабілетінің
жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабылданған мағлұматты
тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатына пайдалана білуге үйрету
қажет. Бастауыш сынып оқушыларының ойлану қызметінің осындай
психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл кластарда грамматикалық
ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін
балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Осы кезеңде оқушылар
нақтылы сөздерді лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі
ортақ қызметтерін, қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз (абстракциялы)
түрде тануды үйренді. Яғни талдау және дерексіздендіру (абстакциялау)
сияқты ойлау операцияларын меңгереді. Мысалы,бастауыш сынып оқушылары қазақ
тілінің морфология жүйесінің ІІ сыныптағы Сөз тарауынан бастап таныса
бастайды. Ең алғашқы тақырып – Кім ? не? сұрақтарына жауап беретін
сөздер.Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық
мағыналарын түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тану
қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақты нақтылы заттар
туралы әңгіме(ұрақ – жауап) әдісімен бастайды:
- Балалар мынау не?
- Өшіргіш.
Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын-ала дайындап әкелген жазуды
көрсетеді.
- Ал, мынау не?
Балалар бұл сұраққа тағы да өшіргіш немесе өшіргіштің жазуы деп жауап
беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптарын түзетеді:
- Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
- Мынау не?
- Кітап.
- Ал мынау не?
- Кітаптің атын білдіретін сөз.
- Бұл сөзге қандай сұрақ қоямыз.
- Не? деген сұрақ қоямыз.
Осылайша мұғалім тілде кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер
тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде
үйретеді.
Екінші кезең – анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның
осы белгілерінің арасындағы өзара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның
грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің
салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мысалы, 2 сыныптағы
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер атты тақырыбын оқыту барысында
оқушыларға бірте – бірте адамға қатысты атауларға кім? деген сұрақ, жансыз
заттар мен құбылыстардың жануарлар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ
қойылатыны ұғындырылады. Содан кейін бұл атаулардың көпше түріне кімдер?
нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не?
сұрақтарына жауап беретін өздерге жалғаулар (жіктік, септік, тәуелдік)
жалғану реті танытылады,т.б.
Бұл тұсты аталған тақырыпта меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге
тиіс: 2 сынып оқушылар Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді 10
сағат оқиды. Берілуге тиісті мағлұматтар мен дағдылардың көлемі де біршама.
Сондықтан мұғалім бұл мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық
ұғымның әрбір жаңа белгісі үйретілгеннен кейін оны алдыңғы оқылған
материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет (жинақтау сабақтарының
үлгілері кейін берілді).
Үшінші кезең – грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіну, ортақ
белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. Мысалы,
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын оқыту барысында
оқушылар адамға қатысты сөздерге кім? кімдер? сұрақтары қойылады деген
анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына
қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды
кеңейтіп түсіндіру қажет:кісі – аты жөніне, мамандықты немесе кәсіпті
білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге,адамға қатысты басқа да
атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың танымы мен
сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жатқан грамматикалық ұғымды жақсы
меңгеруге әсерін тигізді.
Төртінші кезең – түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік
материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығулар орындау арқылы
іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар
арасындағы байланысты меңгерту.
Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау
жаттығулар арқылы, жинақтау және қайталау сабақтары барысында, кейінгі
тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалы, Кім? не? сұрақтарына жауап
береді сөздер тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық
ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге
кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау және
қайталау сабақтары барысында топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз
ойлап жаттығады. Жағалауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады.
Сөйлем ішінен атауды білдіретін сөздерді табады. Кейін Не істеді? неғылды?
қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер немесе Сөйлем тақырыбын өткенде
оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді
дұрыс құрауды, сөйтіп,өз ойларын дұрыс айтуды (жазуды) салалы түрде меңгере
бастайды.
Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың бұл кезеңдері әр сыныпта
қайталанып отырады. Себебі бастауыш сынып оқытылатын грамматикалық ұғымдар
сыныптар сыныпқа өткен сайын бірте – бірте күрделендіріп, сабақтастыра
берілген.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Грамматиканы оқытуға қойылатын талаптар

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің
түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен,
тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы — лесикология саласында, тілдің
дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз
тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі
методикасы қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді.
Сондықтан тілдің методикасы тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз
байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана
мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген
деректер.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде
де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын,
себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан,
объектіні қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса
қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып
та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.
Мектепке келумен баяланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы
жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса
бастайды.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің
грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз
байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер
заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып
талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады.
Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында
кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап
айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-
тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын
грамматиканың методикасы белгілейді. Мұнда грамматиканың методикасы
психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып
үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты
екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай
отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе
көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата
білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде
методика балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-
тәсілдері мен жолдарын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай,
баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді
талап етіп отыр.
Грамматиканың методикасы тіл білімі және психология ғылымдарына
сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады.
Дидактиканың негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың ұғымына
сай болуы керек.
Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған 6-9 жастағы
бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ,
бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару
қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа
саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін
мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, ойының барысып байқауға,
бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана
емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді
балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып
саналады. Егер оқушы тілдің қандай да болмасын бір құбылысына немесе жазу
заңдылығына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені
(тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр болады. Түсінбей, ұғынбай, құр
механикалық жаттап алған нәрсе есте ұзақ сақталмады және оны практикада
қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ, пайдасы шамалы білім болып
қалады.
Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуде олардың
зейін қою, ойлау, есте сақтау белсенділігін тудыратын методикалық әдіс-
тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе
оқулықтағы дайын материалды ған меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз
күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай,
берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс.
Дидактиканың күрделі бір шарты — мектептегі оқытудың жүйелілігі мен
сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен
байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен
құбылыстардың системасында қарастырған жөн.
Бастауыш мектептердегі оқытудың жүйелілігі туралы айтқанда оқушылардың
әр сыныпта алған білімі келесі сыныпқа дайындық болатындай, яғни оқуды онан
әрі жалғастырудың берік негізі болатындай дәрежеге жетуі қажет. Сонда ғана
балада алдыңғы сыныпта берілген білім мен қалыптасқан дағды бұзылмай,
жетіле беруіне мүмкіндік жасалады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты
жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып
саналады.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар
оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ
жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты
оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес,
балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Дағды мен
шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың
алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі
жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың
тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның
айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана
түседі.

2.2. Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен
олардың өзара сабақтастығы.
Тілдің ойлау және қарым – қатынас құралы ретінде қолданылуы оның
морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның
сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-
бірімен байланыстырып қолдана алмаса,білгенінің бәрі босқа қалар еді.
Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір – бірімен дұрыс
байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын – орына қою үшін көптеген
морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мынылар:
1) сөз құрамы;
2) сөздердің жасау жолдары;
3) жалғаулардың жалғану тәртібі;
4) сөз таптары және олардың қызметі;
5) әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,т.б.
Оқушылар қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі сыныптарда (6-7
сыныптар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым
мағлұматы жоқ бала бастауыш сыныптарда меңгеруге тиісті сөйлеу және жазу
дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дұрыс
қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ? Немесе заттың атын білдіретін
сөзбен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір – бірімен
байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайшы дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық
жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің
дамуында да тежелеу болатыны белгілі. Демек, бастауыш сыныптарда тілдің
морфолгоиялық жүйесінен мағлұмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана
маңызды емес, бұл – осы сыныптардығы оқыту процесінің табысты болуының
кепілі. Бастауыш сыныптарда берілетін морфолгиялық білім мазмұнын дәл
анықтаудың күрделелігі мынады:
- егер оқушылардың психо – физиологиялық мүмкіндіктерін ескермей,
берілетін теориялық ұғымдардың көлемі көбейтіп жіберсек, оқыту ісін
ауырлатып алар едік. Әрі бұл таза теориялық мағлұматтардың меңгертуге
айналып, басты мақсат балалардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын
қалыптастыру мақсаты кейінге ығыстырылар еді;
- керісінше, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға көп көңіл
бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемнің ықшамдауға тырыссақ, онда
балардың сөйлеу және жазу дағдысының дамуына нұқсан келер еді. Себебі
тілдегі заңдылықтардың меңгермей тұрып, дұрыс сөйлеу немесе дұрыс жаза
білу мүмкін емес.
Демек, бастауыш сынып тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін
теориялық мағлұматтар мен іс жүзілік дағдылардың үйлесімін дәл табу қажет.
Әрі бұл үйлесіміндәл табу қажет. Әрі бұл үйлесімнің әр сыныптағы
морфологиялық ұғымдардан кейін оқытылатын Сөйлем тарауындағы тақырыптарға
да сай келіп отыруы талап етілуі тиіс.
Бадарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйе 2 – сыныптан бастап
оқытыла бастайды. Бұл сыныпта оқушылыр сөздердің семантикалық –
грамматикалық топтарынан яғни сөз таптарына алғашқы мағлұматтар ала
бастайды. Сөз топтары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары
Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, Бас әріппен
жазылатын сөздерді, Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін
сөздерді, Қандай? қай? сұрақтарына жауап береді, Қанша? неше? нешінші?
сұрақтарына жауап беретін сөздерді олардың анықтамаларымен бірге оқып
үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ
қойылатынын біліп, оның себебін түсінулері қажет.Сондай – ақ заттың
қимылын, сынын, санын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу
дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушылар бұл соңғы дағдыдан
меңгермесе, кейінгі Сөйлем тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды.
Тағы бір айта кететін мәселе,2- сыныпқа тілдің морфологиялық жүйесін оқыту
барысында оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу және жазу дағдыларын жетілдіруге
емлелік заңдылықтарын (мысалы, заттың атын білдіретін сөздерді жекеше
түрден көпше түрге айландыру кезіндегі, не болмаса Қанша? неше? нешінші?
сұрақтарына жауап беретін сөзде тақырыбын өткен кездегі,т.б.) меңгертуге
барынша көңіл бөлу қажеттігі ескерілген.
3 – сынып оқушылар ана тіліндегі сөздердің құрама туралы алғашқы
түсінік алады. Дыбыстан сөз құрап, олардан сөйлем жасап, оқу мен жазудың
меңгеріп қалған балалар енді әлгі сөздердің дайын күйіндегі сөйлем құрамына
ене алмайтынын түсінеді.Сөздердің өзгермейтін бөлігін түбір деп, ал
сөйлем құрамына енер кезде қосылатын бөліктерін қосымша деп атайтынын
біледі Негізгі түбір, қосымша сөз яғни туынды түбір туралы мағлұмат
алады. Сөз тудырушы немесе сөзбен сөзді байланыстырушы болу қызметіне сай
қосымшалардың жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін ұғынады. Қосымшалардың
түбір сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін меңгере бастайды.
Оқушылар бұл сыныпта өздері күнде қолданып жүрген сөздер құрамының
сөйлеу, жазу кезінде өзгеріп тұратыны саналы түрде оқып үйренуге
кіріседі.Сондай – ақ бастауыш сынып оқушылары 3 сыныптан бастап тілдегі сөз
таптары туралы да (олардың ғылыми терминдік атаулары,т.б.) кең мағлұматтар
алады. Атап айтқанда, Зат есім, Сын есім, Етістік сияқты сөз
таптарының негізгі және туынды түрлерін, болымсыз етістіктерді септік және
реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыратып, күнделікті өмірде пайдалана
білуге тиіс. Олар мұндай мағлұматтарды осының алдындағы Сөз құрама
тарауынан алған білімдеріне сүйене отырып меңгере алады. Бұған қоса Сөз
таптары тарауын оқу барысында оқушылар жалақы есім мен жалпы есімнің бір –
бірінен өзгешілігін, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін, олардың
тәуелденуін толық меңгере бастайды. Яғни Сөз құрамы тарауында өздері
жұрнақ, жалғау деп бөлген қосымшалардың ары қарай да жіктеле беретінін
ұғына түседі. Мысалы:

Тағы бір айтатын нәрсе: бұл класта оқушы сын есімнің, сан есімнің,
етістіктің зат есіммен байланысып айтылуы туралы жан-жақты мағлұмат алып,
оны іс жүзінде саналы түрде білуі қажет. Егер олар мұндай дағдыны
меңгермесе, кейінгі Сөйлем тарауында оқылатын сөйлем мүшелері, олардың
өзара байданысы, бастауыш пен баяндауыштың арасындағы емле ережелері туралы
берілетін білімді толық түсінуі қиын. Бастауыш сынып оқушыларының
грамматикалық ұғымдарды оқып үйрену кезінде жіберетін қателерінің бірі дәл
осы сөз таптары мен сөйлем мүшелері категоорияларын бір-бірімен шатастырып
алуында жатыр. Олар бастауыш пен зат есім, баяндауыш пен етістік, анықтауыш
пен сан есім арасында ешқандай айырмашылқ жоқ – бірдей ұғым деп қабылдайды.
Осының салдарынан, сөйлем мүшелерінің өзара байланысына қатысты емлелік
ережелерді түсінбей, шатастырып алады. Сондықтан оқушыға есімдер мен сөйлем
мүшелерінің ерекшеліктерін ұғындыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
4 – сыныпта оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны әрі күрделене
түседі. Бұл сыныпта оқушылар қазақ тіліндегі Біріккен сөздерді, Қос
сөздерді, Қысқарған сөздерді және олардың анықтамаларын, түрлерін,
жазылу ерекшеліктерін оқып үйренеді. Әсіресе, Сөз таптары тарауында
берілетн морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен сипаты өте күрделі. Оқушылар
осы кезеңде қазақ тіліндегі сөздердің байданысуның ең көп тараған тәсілі –
септік жалғауларымен танысады. Септіктің атаулары мен сұрақтарын, зат
есімнің жекеше және көпше түрлерінің септелуін төртінші класс оқушыларына
барынша толық меңгертудің маңызы зор. Себебі атау сөздердің қалай
септелетін толық білмесе, кейін тәуелдік жалғаулы сөздерді, жіктеу
есімдігінде де дұрыс септей алмайды. Ал мұнда білім олардың жүйесінде
сөйлей білуі мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуы үшін қажет. 4-сыныпта
оқытылатын тағы бір жаңа ұғым – зат есім мен етістіктің жіктелуі. Бұл
ұғымдар оқушылар осы сыныптан басталатын,танысатын сөз таптарының жаңа түрі
– Есімдік, Жіктеу есімдіктер тақырыптарын оқытумен тығыз байланысты
меңгертіледі.
Көріп отырғанымыздай, бастауыш мектептің 4 – сынып оқушылары қазақ
тіліндегі жалғауларды бір-бірінен ажырата алатын дәрежеде мағлұмат алады
екен:

Жалғаулар Жекеше Көпше
Көптік лар, - лер
дар, - дер
тар, - тер
Тәуелдік І жақ м, - ім, - ым;
ІІ жақ н, - ңыз, - ңіз;
ІІІ жақ ы, - і, - сы, сі;
Жіктік І жақ мын, мін; мыз, - міз;
ІІ жақ сын, сін; сыңдар, - сіңдер;
ІІІ жақ
Септік: Атау ның, -нің, - дың, -дің
Ілік ның, -тің;
Барыс қа, - ке, ға, ге,
Табыс на, - не, - а, - е
Жатыс ны, - ні, - ды, - ді,
Шығыс ты, ті;
Көмектес да, -де, -та, -те
нан, - нен,
-дан,-ден,-тан,-тен,
мен,-бен,-пен

Сондықтан мұғалім жалғаулардың барлық түрлерін өтіп болған соң,
сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшыларға арнап бір-екі жинақтау
сабағын өткізгені дұрыс. Мұндай сабақтар сөз құрамына, сөздердің бір-
бірімен байланысына оқушылардың саналы түрде назар аударуын қалыптастырады.
Әрі толық мәніндегі морфологиялық талдау жұмысына дайындық жасала бастайды.

4-сыныпта Сын есім, Сан есім, Етістіктуралы оқушылардың
мағлұматтары бұрынғыдан да кеңейе түседі. Олар енді бұл сөз таптарының дара
және күрделі түрлерін мүшелері туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Грамматика және тіл дамыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Мектептерде оқытуға үйрету әдістері
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Пәндер