Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2-5

І-ТАРАУ. Мәдениет пен «мәдени революцияның»

мәні мен мақсаты

1. 1. Мәдени революцияның зерттелуі6-20

1. 2. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің мәдениет

саласындағы қызметі21-31

ІІ-тарау. Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы

мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары

  1. Оқу-ағарту саласындағы мәдениет қызметі32-39
  2. Ғылым мен өнер саласындағы мәдениеттің дамуы40-49

ҚОРЫТЫНДЫ50-51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52-54

Кіріспе

Тәуелсіздікке қол жеткен, өз билігі өзіне тиген, империялық, тоталитарлық идеологияның догмаларынан босаған елімізде, жаңа жағдайда отаршылдық саясаттың нәтижесінде бұрмаланып келген ұлттық тарихтың беттерін қайтадан қарап, бұрын зерделеуге тиым салынып келген мәселелерге жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік туған кезең келді. Сол себепті, қазіргі заманда белгілі тарихи процестер мен құбылыстрға басқаша бағалар беріліп, зерттеулердің методологиялық негіздері өзгерген. Бұл заңды да. Өйткені, кеңес дәуірінде өмір сүрген тоталитарлық идеологияның өктемдік құрған жағдайында мәдениетіміздің тарихи, оның әртүрлі кезеңдерін шындық құрылысы тұрғысынан саралауға жол жоқ еді. Жазатынымыз да, айтатынымыз да белгі штамп, қағидалар: «бұрын мәдениеті дамыған ел», «социализм арқасында ғана мәдениеті гүлденген ел» болдық дегендерді құрғақ қайталау болды. Бұл жай ғана империялық өктемдіктен туған идеологиялық насихаттың жалаң қағидалары емес еді. Ең бастысы-мұндай тұжырымдар ғылымның күмән тудырмас ақиқаты ретінде ұрпақтар санасына сіңірілді. Сонау көне заманнан бастау алатын мәдениетіміздің тарихы шартты түрде екіге бөлінді: бірінші кезең-қазан төңкерісіне дейінгі феодалдық-патриархалдық қоғамның» жабайы мәдениеті», екіншісі, кеңес дәуірінен бастау алатын нағыз тарих, оның ішінде «мәдени революцияның» нәтижесінде пайда болып, дамыған «түрі ұлттық, мазмұны социалистік болашағы күмәнді рухани құндылықтарды өмірге әкелді.

Қазақ халқының ардақты азаматтарының бірі, көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқай 30-шы жылдардағы кеңес өкіметінің мәдени саясаты туралы: «Көне Ресейдің орыстандыру саясатынан іс жүзінде ешқандай өзгешелігі жоқ қулық-сұмдықтарын Лениннің «социализм», «Интернационализм» негіздеріне сәйкестендіру үшін большевиктер бір жаңа формула ойлап шығарды. Ол енді түрі ұлттық, мазмұны-пролетарлық болсын» деді. Асылында халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас нәрсе оны «мазмұнға және формаға» бөлуге болмайды. «Кез келген рухани мәдениет өзінің мазмұнымен айқындалады» (1), -деп жазған болатын.

Міне, сондықтан да қарастырылып отырған кезеңдегі мәдениет саласында жүргізілген саясаттан туындайтын басты сауал-төлтума мәдениетіміз неліктен бұрмаланды, неге шеттетілді? қойылған сауалдарға жауап іздеу үшін негізгі екі мәселені басын ашып, ой елегінен өткізу қажет. Бірден «таптық мәдениет», оның мәні, екіншісі, мәдениетттің саясаттың құралына айналуы. Осы қойылған мәселелер Кеңес өкіметінің арнап, нығая бастаған 20-30-шы жылдарға тікелей қатысты.

Әрине, қысқа мерзімде қазақ халқы мәдени революцияның нәтижесінде жаппай сауаттануды басынан кешірді, республикада театр мен мектептер жүйесі құрылды, жас ұрпаққа міндетті бастауыш білім беру, ұлттық интеллигенция кадрларын қалыптастыру сияқты бірінші кезекте тұрған міндеттерді шешу істері жүзеге асырыла бастады.

Қазақстандағы мәдени революция өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан өткізді. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында мәдени құрылысқа партиялық -мемлекеттік басшылық жасауда демократиялық принциптер толық түрде ескерілмегенімен ұлттық мәдениет жаңа қоғамға бейімделе өмір сүру кезеңінде болатын.

Ал 20-шы жылдардың аяғына қарай қоғамда орныққан тоталитарлық жүйе билік орныққан кейін қоғамның мәдени өмірінде орын алған бұрмалаушылықтар мен қысаң саясаттың салдарынан халықтың рухани санасына қайғы- қасірет келді. Ол кезең туралы партияның соңғы сьезіндегі мәлімдемеде былайша мойындалды: « . . . Догматизм үстем болып, бөгде ойға төзбеушілікті туғызды. Халықтың мәдени- рухани қазыналары

1. Шоқай М. Таңдамалы А., 1998. 1-т. 153-б.

интелигенттік байлығына менсінбей қараушылық күштеп тықпаланып отырды. 30-50 жылдары ақ социализм принциптерінің бұрмалануы елімізді дамытуда күрделі проблемаларды туғызды. Ал ХХ-ғасырдың екінші жартысында бүкіл адамзаттың өмірінде ғылыми-техникалық революцияға байланысты елеулі бетбұрыс болған кезде өктемдік -бюрократиялық жүйенің елімізді дүние жүзілік цивилизация арнасына түсіруге қабілетсіз екені айқындалды» /2/.

Кеңестік дәуірде тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың бір парасы мәдениет тарихы мәселесіне келіп тіреледі. Адамдардың мәдени-рухани жан дүниесін жаңаша қалыптастыру кезеңі өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарына дәл келеді. Міне, сондықтан да тарихшылар алдында 20-30-шы жылдардың күрделі оқиғаларын жан-жақты жаңа теориялық-тұғырнамалық және зерттеушілік көзқарастар негізінде талдап көрсету арқылы мәдениетіміздің тарихын жаңаша бағалап, қарастыру міндеті тұр.

Тақырыптың мақсаты, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның рухани мәдениетінің тарихын кешенді түрде проблемалық тұрғыдан, бұрын ғылыми айналымға түспеген жаңа құжаттар мен деректердің негізінде біртұтас тарихи процесс ретінде ашып көрсету, осы арқылы республикада жүзеге асқан мәдени революцияны саяси өзгерістермен байланыста қарау, оның тарихи кезеңдеріне, мәдениеттегі тоталитарлық саясаттың жағдайында орын алған үрдістерге ғылыми талдау жасау болып табылады.

Бітіру жұмыстың хронологиялық ауқымы-ХХ ғасырдың 20-30 жылдары. Оны екі себеппен айқындауға болады. Біріншісі, жалпы қарастырғанда мәдениет саласындағы өзгерістер Қазан төңкерісінен басталды. Екіншісі-кеңес өкіметінің алдына қойған мақсаты социалистік мәдениеттің негізі 30-жылдары қалыптасты.

1. Социалистік Қазақстан 1990ж. 30-маусым.

Егер 20-жылдары Қазақстанның мәдени өмірінде ұлт зиялылары ат салысып, мәдениеттегі демократиялық бағыттың өмір сүруіне мұрындық болса, 20-жылдардың аяғы 30-жылдары тоталитарлық идеологияның белең алған, орныққан кезеңі болатын.

Қазақстанның тарих ғылымында мәдениет тарихының, оның ішінде мәдени революцияның тарихнамасы жан-жақты зерделеніп, дамыған сала емес. Кеңес дәуірінде 20-30 жылдардағы мәдени революцияның тарихының проблемалары төңірегінде жазылған еңбектер бірыңғай партиялық, таптық көзқарас тұрғысынан жазылғандығы белгілі. Бірақ, бұл еңбектер белгілі бір тарихи кезеңнің көрінісі ретінде тарихнамадағы өз орындарына ие болуға тиіс.

Бітіру жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және әр тарау екі тақырыпшадан тұрады.

Жалпы қарастырсақ, 20-30 жылдар Қазақстанның тек әлеуметтік-саяси жағдайында ғана емес рухани өмірінде де түбегейлі өзгеріс болып, жаңа мүлдем өзгеше рухани ортаның қалыптасқан кезеңі болды.

І-тарау. Мәдениет пен «мәдени революцияның» мәні мен мақсаты.

1. 1. Мәдени революцияның зерттелуі.

Жалпы мәдениет тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса да, оның салыстырмалы түрде дербес процессс екендігі, өзінің ерекше белгілері және заңдылықтары болатындығы мойындалған.

Мәдениет тарихы қоғам өміріндегі рухани саланың әр қырына мән беріп, адамдардың санасындағы өзгерістерге, сонымен қатар кәсіптік рухани өндірістегі өзгерістерге де көңіл бөледі.

Зерттеуіміздің объектісі ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары болғандықтан соңғы формацияның мәдениетінің қалыптасу жолдарына назар аударған жөн сияқты.

Революциялық төңкеріс жасау жолымен орнаған комунистік қоғамның мәдениеті де революциялық тәсілмен жасалуға тиіс еді. Мәдени революцияға саяси революцияның жалғасы ретінде жаңа қоғамның рухани өмірінде түбегейлі қайта құруды жүзеге асырып, жаңа көз қарасындағы, коммунистік идеологияға берілген адамды тәрбиелеу міндетін іске асыру бағытында жүргізілу қажеттілігі туындады. Осыдан, мәдени революцияны социализмге өту кезеңіндегі міндетті шаралардың бірі ретінде қарастыру басталды. (1)

Мәдени революцияның мәні мен мағынасы туралы кеңес дәуірінде жарық көрген теориялық еңбектерде бір арнаға тоғысқан пікір болмады. Зерттеушіердің көпшілігі мәдени революцияның негізгі міндеті мен мазмұны жан-жақты дамыған жаңа адамды қалыптастыру деп түсіндірді. Ал, жаңа адамның толық қалыптасу кезеңі партия бағдарламасы бойынша коммунистік қоғамның жоғарғы сатысында болуы керек. Сонда мәдени революция коммунизмге дейін жалғасуы қажет пе деген сұрақтардың туындауы заңды деп білеміз.

1. Межуев В. М. О понятий культуры М., 1966

«Мәдени революция қоғам өмірінің рухани саласындағы революциялық өзгерістер процесі, социализм құру заңдылықтарының маңыздыларының бірі, жаңа социализмдік түрдегі рухани өндірісті орнықтыру, дүниежүзілік мәдениеттің дамудағы жоғарғы сатысы социализмдік мәдениетті жасау, еңбекшілерді мәдениеттің жетістіктеріне жақындастыру. Мәдени революция барлық еңбекшілерді мәдени-тарихи процестің әлеуметтік белсенді қатысушыларына айналдыруға, жаңа адамды қалыптастыруға бағытталған» (1) .

20-30-шы жылдары мәдени революцияның арқасында негізінен жалпы демокртиялық міндеттер жүзеге асырылды. Атап айтқанда, халық арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білімді енгізу, мектеп реформасы, білім саласында әйелдердің теңдігін орнату, халықтардың өзінің ана-тілінде мектептер ашуға құқыққа ие болуы т. б. мәдени революцияның негізгі мәні болғандығы И. Сталиннің еңбектерінде көрініс тапты. Билік басына келгеннен кейін партия көсемі басқа шаралар сияқты мәдени революцияның мақсатына да «қарапайымдылық» енгізгендігі белгілі.

Кеңес дәуірінің соңғы кезеңі 70-80-ші жылы ғылымда мәдени революцияның мәні мен міндеттерін кең мағынада қарастыру орын алды. Кеңес зерттеушілері мәдени революцияны кезеңдерге бөліп, оны жалпы социалистік құрылыспен тығыз байланыста қарастырды. Мәселен, мәдени революцияның бірінші кезеңін социализмнің мәдени негіздерінің құрылуы (1917- 1941 жж) ретінде белгіленген. Бұл проблеманы ғылыми жағынан дәйектеген академик М . П. Ким болатын (2) .

  1. Философский энциклопедический словарь М., 1983 295-б.
  2. Ким М. П. Культурная миссия социализма М., 1985 28-б.

Ал, 1965 жылы өткен кеңес мәдениеті мәселелеріне арналған ғылыми конференцияда М. П Ким басқа кезеңдерді ұсынған еді. Мәдениеттегі идеялық күрес және оның зардаптары (1917-1927 жж) бастапқы кезеңі (1928-1958 жж) шешуші кезең т. б. (1) . Қазақстандағы мәдени революцияның кезеңдерін анықтауда академик Р. Б. Сулейменовте осы ұстанымды, қолдаған болатын (2) .

Республикада жүргізілген мәдени революцияның тарихы да көп жағдайда бұрмаланған, «ақтаңдақтары» көп тарихи мәселенің біріне айналды.

Тарихта мәдениеттің, қоғамдық-саяси пікірдің алдағы өзгерістерге мұрындық болып, қоғамда белсенді роль атқарған кездері болған. Мәселен, ХХ ғасырдың басында қоғамда түбегейлі өзгеріс жасау идеялары мәдениетте көрініс тапты. Орыс ойшылдары арқылы бостандыққа жету, еркін қоғам орнату идеяларын творчестволарына арқау етті. Сөйтіп, мәдениет сол кезеңдегі әлеуметтік шындықтың негізінде қоғамдық революциялық төңкерістің бастамасын жасады. Осы тұрғыдан алғанда кейін, кеңес дәуірінде басталған мәдени революцияның өзі бастапқы қалыптасқан революциялық сананың жалғасы тәрізді болды. Нәтижесінде, мәдениеттің барлық салаларының саясаттың жетегінде кетуі 20-30-шы жылдары тарихи шындыққа айналды.

Осы мәселені қазақ қоғамымен байланыстыратын болсақ, ХХ ғасырдың басын қоғамдық санада ұлт-азаттық идеяларының күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп білеміз. Бұған ұйтқы болған ұлттық мәдениеттің жанашырлары қазақ зиялылары еді. Ұлттың жаршысы болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған олар, азаттық идеяларын жалпы ұлттық санаға айналдыру жолында қызмет етті.

  1. Ким М. П. Культурная революция в СССР 1917-1965 гг. М., 1967, 81 б.
  2. Сулейменов Р. Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане А., 1972 70-б.

Кейін, кеңес өкіметі орнағаннан соң да, ұлт зиялыларының мәдениет саласындағы қызметін азаттық жолындағы күрестің ерекше түрі деп түсінген дұрыс. Мұндағы айтпақ ойымыз, қоғамда объективтік-тарихи жағдай қалыптасқан кезеңде ұлттың зиялы қауымының қоғамдық сананы қалыптастыру арқылы өмірде белгілі бір арнаға бағыттауға мүмкіндігі болатындығы қазақ елінде қалыптасқан мұндай жағдайды Ресей империясында болған қазан төңкерісі басқа бағытқа түсіріп, өз билігіне тартып әкетті.

Бұл жерде орыс интеллигенциясының арасында социалистік идеологияға берілгендік басым болса, қазан төңкерісіне дейінгі зиялы қауымы демократиялық құндылықтарға жақын болғандығын айту керек.

Жалпы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс интеллигенциясының идеологиясы мен саяси психологиясында ұлттық идея басымдылықта болмады. Орыс ойшылы Н. А. Бердяев ол туралы былай деп жазды. Дәстүрлі интеллигенттік санада қайырымдылық, әділеттілік, халықтың қамы, халықтар туыстығы сияқты құндылықтар болды, бірақ дүниежүзілік құндылықтар сатысында ерекше орын алатын ұлттық құндылықтар болмады (1) -деп жазды.

Мәдени революция ең алдымен социализм құру жолындағы бүкіл қоғам масштабындағы саяси мақсат-тілектерді іске асыруға бағытталған партия бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Оны мәдени революцияның жалпы барысында жүзеге асқан кейбір шаралардың өзі көрсетіп береді. Мәселен, рухани саладағы демократиялық өзгерістер, атап айтқанда рухани құндылықтарды өндіру мен бөлуде еңбекші халықтың толық қатыстырылуы, рухани саладағы ұлттық теңсіздіктің жойылуы, ғылым

1. Бердяев Н. А. Судьба Россий М., 1990 44-б.

мен білімнің дамуы, халықтық интеллигенцияның қалыптаса бастауы мәдени революцияның нәтижесі екендігі тарихи шындық.

Кеңес дәуірінің соңғы кезеңі, 70-80-ші жылдары ғылымда мәдени революцияның мәні мен міндеттерін кең мағынада қарастыру орын алды. Сол себепті, мәдениет теориясы мен тарихы төңірегіндегі қалыптасқан концепцияларды негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген мәдени революция туралы қарапайым түсініктердің қалыптасуына қарсы жаңа ғылыми ізденістер жасала бастады. Нәтижесінде, мәдени революция концепциясы кең мағынада қарастырылып, ол «пролетариаттың саяси революциясының жалғасы ретінде жалпыдемократиялық міндеттерді де шеше отырып, басынын бастап рухани саладағы социалистік революция болды» деген пікір осы мәселенің өзегіне айналды.

Қазіргі замандағы бұрынғы теориялық, көзқарастық парадигмалар мен схемалардан бас тартқан кезеңде мәдениет пен мәдениет тарихын жан-жақты игеру үшін, теория мен методологияның рөлі арта түспек. Бұл жердегі басты мәселе, мәдениет пен мәдениет тарихының жаңа теориялық ұстанымдарын жасау болып отыр. Ол үшін, біздің ойымызша, мәдениетке байланысты тарихи материалдарды қайта қарап, ой елегінен өткізіп, тарихи кезеңдерді концептуалдық жағынын қайта саралап, негізгі идеяларды байсалды түрде тұжырымдап, әр кезеңнің негізгі заңдылықтарымен ерекшеліктерін көрсету қажет. Әңгіме бұл жерде жаңадан теориялық ұстанымдар мен жауабы даяр схемалар ойлап табу туралы болып отырған жоқ. Мәселен, бар материалдар мен деректерді жүйелеп, сыни тұрғыдан бағалай отырып, жаңаша көзқарас тұрғысынан концептуальды модель жасауға жету болып отыр. Мұндай жолды қоғамдық құбылыстарды зерттеуде М. Вебер ұсынған «түсінетін социалогия ғылымын ұсынған болатын (1) . Сол сияқты «түсінетін» культурологияның да осы мәселені жаңа жағдайда шешуге мүмкіндігі бар.

1. Ионин Л. Г. Понимающая социология М., 1990 207-б.

Мәдени революция мәселесінің тарихнамасы алғашқы рет арнаулы зерттелуі «Социалистический путь культурного прогреса отсталых народов» атты кітаптың Р. Б. Сүлейменов жазған кіріспесінде болды (1) . Кіріспеде мәдени революция мәселесіне арналған ғылыми еңбектерге жалпы шолу жасалып, Қазақстандағы кеңес мәдениетінің зерттелуі кезеңдерге бөлу ұсынылды. Кіріспеде проблеманың барлық қыры қарастырылмады, барлық еңбектерде қамтыла қоймады.

70- жылдардың аяғы мен 80-жылдары Одақ көлеміндегідей Қазақстанда да тарихнамалық зерттеулерге көңіл бөлініп, жеке, коллективтік монографиялар жарық көре бастады.

1983 жылы басылып шыққан тарихнамалық жинақта Р. Б. Сүлейменовтың мәдени революцияның республикада зерттелу кезеңдері туралы мақаласы болды (2) . Зерттеуді осы проблема бойынша бұрын-соңды жарық көрген еңбектермен салыстыра қарайтын болсақ, өзінің ғылыми деңгейі, мәселенің ауқымды түрде қойылуы жағынан ерекшеленеді. Мақалада мәдени революция мәселелерінің зерттелу кезеңдері белгіленді. Мақаланың авторы, КСРО-дағы мәдени революцияның тарихнамасын зерттеу барысында Л. М. Зактың ұсынған мәселені зерттеу кезеңдерін қабылдап, басшылыққа алуға ұсынады. Олар мына кезеңдерден тұрады: 1917 жылдан 30-шы жылдардың басына дейін-мәдениет тарихнамасының пайда болуы және қалыптасу кезеңі; 30-шы жылдардың ортасынан-50-ші жылдардың ортасына дейін-тарихи мәдениеттанудың одан әрі даму және кәсіптік деңгейге көтерілу кезеңі; 50-ші жылдардың аяғынан-60-шы жылдардың басынан-мәдениетті зерттеудің қазіргі кезеңі (3) .

  1. Сулейменов Р. Б. Бисенов Х. И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов А., 1967, 31-б.
  2. Сулейменов Р. Б. Вопросы историографии Казахстана А., 1983 71-б.
  3. Сонда 74-75 бб.

Жалпы алғанда, көрсетілген жобамен келісуге де болады. Себебі, біріншіден, мәдени революция процесі одақ көлемінде жүргізіп, бір орталықтан басқарылып отырды, екіншіден, интернационалдық мәдениет жасауды қолға алған партияның барлық республикаларға бірдей ұстанымдарды басшылыққа алуына байланысты, кейбір ерекшеліктері болмаса, барлық жерлерде бір іс атқарылғаны белгілі. «Қазіргі кезең» деп аталған үшінші кезең, бүгінгі күндері басқаша көзқарасты қажет етеді. Біздің ойымызша, үшінші кезеңді 1985 жылы басталған қайта құру мен аяқтап, 1985 жылдың ортасынан бастап, одан кейін жалғасатын тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы мәдениет проблемаларын зерттеуді мүлдем жаңа кезең ретінде белгілеу қажет сияқты. Қарастырылып отырған мақала авторы мәдени революция тарихының мәселелеріне тоталитарлық жүйенің үстемдігі жағдайында талдау жасағандықтан сыни көзқарастың мүмкіндігі шектеліп, маркстік-лениндік методология шеңберінен аса алмады (1) деп көрсетеді.

Адамдардың мәдени-рухани жан дүниесін жаңаша қалыптастыру кезеңі өткен ғасырдың 20-30 ж-на дөп келеді. Қ. Ә. Ахметовтың монографиясы жарық көрді. Автордың қолға алған мәселесі мейлінше күрделі екені айтпасақ та белгілі. Сондықтан да жаңа буын зерттеушісінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі мәдениет тарихнамасындағы ой-түйіндердің дұрысы мен бұрысынажыратып, таптық партиялық көзқарастардан тарихи, ақиқатты орнықтыратын зерттеуді ұсыну еді.

Еңбектің тағы бір құндылығы, кезінде ұлттық мәдениет пен рухани өмірді көтеруге жұмсаған еңбектері ескерусіз қалдырылып, есімдері халық жадынан көмескілене бастаған ұлт зиялылары А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және басқаларының қатаң идеологиялық қысымға қарамастан халқы үшін жасаған қызметі қамтылуда.

1. Ахметов Қ. Ә Қазақстан мәдениеті ХХ ғ 20-30 ж-ы А., 2002 32б.

Зерттеуші ғалым ұлт зиялыларының қуғын-сүргінге ұшырауының бір себебі империялық шовинистік пиғылдағы орталықтың тұтасбір халықты мәңгүрттендіруде жатқанымен түсіндіреді. Сондай ақ еңбекте мәдениеттің сауатсыздықты жою, мектеп ісі, әдебиет пен өнер, ғылымға ілгерілеу әкелгені де айтылады.

Қазақстан мәдениетінің қилы тағдырын ғылыми тұрғыда зерделеген бұл еңбек бітіру жұмысты жазу барысында көп септігін тигізді деуге болады.

Қазақ ұлттық зиялыларының рухани ұстазы болған Ахмет Байтұрсынов алғашқы Халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезде де, кейін де ұлттық мәдениеттің жанашыры болудан ешбір таймаған адам. Ол ағартушылық қызметін кеңес дәуірінде де жалғастырып, мәдениетке байланысты, оның әр түрлі салаларын қамтып, ғылыми, көсемсөздік еңбектер жазды (1) .

Қазақ халқының біртуар азаматтарының бірі болған, есімі соңғы он жылда ғана атала бастаған қайраткер Смағұл Сәдуақасов та 20-шы жылдарда мәдениет саласына көп араласып, осы тақырыпқа көптеген көсемсөздік еңбектерін арнаған. Оның ішінде оқу-ағарту ісі, театр өнері туралы мақалаларында мәдени құрылыстың келелі мәселелері көтеріліп отырған. Қазақстанда жүрген мәдени революцияның тарихнамасында 1933-1937 жж. республикада Халық Ағарту комиссары болған Т. Жүргеновтың еңбектері назар аударарлық (2) . 50-жылдардың екінші жартысы мен 70- жылдардың басындағы мәдени револдюцияның тарихнамасына алғашқы үлес қосқан Ғ. Сапарғалиевтың монографиясы болды (3) .

  1. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ мақалалар және әдеби зерттеу. А., 1991 464-б.
  2. Жүргенов Т. Қазақстандағы мәдениет революциясы А., 1935
  3. Сапаргалиев Г. Роль Советского государства и права в развитии социалистической культуры в Казахстане А., 1957 143-б.

Кеңес дәуірінде республикада қалыптасқан кеңес мектебінің тарихына арналған іргелі зерттеулерін жариялаған А. И. Сембаев болды. Оның 1958 және 1962 жылдары жарық көрген монографияларында халыққа білім беру жүйесінің тарихы жүйелі түрде баяндалған (1) .

60- жылдары социализмнің лениндік концепциясын қалпына келтіруге республика ғалымдары да ат салысып, маркстік-лениндік «капиталистік жолмен емес дамудың» теориялық және методологиялық мәселелері бойынша еңбектер жазды. Мәселен, С. Бәйішевтің еңбегінде Қазақстандағы социализм құрылысының тарихы мен теориялық мәселелеріне көңіл бөлініп, мәдени революцияның республиканың рухани өміріне жасаған өзгерістеріне қысқаша талдау жасалған (2) .

Мәдени революция тарихы бойынша 60-шы жарық көрген еңбектердің ішіндегі көрнектісі Р. Б. Сүлейменов пен Х. И. Бисеновтың еңбегі болды (3) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері (тарихи бағыт)
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Музейлердің қор жұмысы
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz