Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
КІРІСПЕ 3
1.Қаржы құқығының негізгі ұғымдары 4
2. Бюджет құқығы негіздері 6
3.Салық ұғымы, жүйесі. 10
3.1. Салықтың түрлері 18
4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005.
2.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-ХІП. (Жалпы бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-1 (Ерекше бөлім). Алматы: Юрист, 2005.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Ас¬тана, 1999 жылғы 13 шілде № 411-1). Алматы: Юрист, 2005.
8. «Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 Қазақстан Республикасынын Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
9. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
10. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-И. Алматы: Юрист, 2005.

Жоспары
КІРІСПЕ 3
1.Қаржы құқығының негізгі ұғымдары 4
2. Бюджет құқығы негіздері 6
3.Салық ұғымы, жүйесі. 10
3.1. Салықтың түрлері 18
4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің,
татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани
қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу,
адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің
құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты.
Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады.
Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні,
түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің
әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті,
құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты
жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни
келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін
қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі
қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты,
қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни
бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты,
ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай
қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық
сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет
мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың,
халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы.
Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие
банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау
қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктің қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді.
Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны
қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге
алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады.
Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады
да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда
заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген
жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын
көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және
атқару органдары — Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық
Банк, Санақ палатасы, қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа
да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын
субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес
тексеру-бақылау органдары — аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және
ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру
және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл
қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса,
керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен
байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық
төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен
бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін
көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы
жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды
ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында
қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша
қаржыларының қозғалысын жанамаламайды. Бірақ, олар материалды қаржылық
қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық
қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық
қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттін, қаржылық іс-әрекетінің
ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға
бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және
ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
1) бақылау субьектісі;
2) бақылау объектісі;
3) бақылау заты (тақырыбы);
4) бақылаудың мақсаты;
5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға
құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды
адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың
субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне
ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:
1) мемлекеттік органдар;
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі
ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау
объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа
қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және
олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден,
кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп
бойынша жауапқа тарту; үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның
салдарларын жою.
2. Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан
қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске
асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті
деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің
қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп
аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету
жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу
мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау
мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен
реттелген қызмет бюджет деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет
жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының
бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік
сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды
қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен
шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында
көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға,
сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол
бермеуге негізделген толықтық қағидасы.
3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта
мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды
әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген
(түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік
қағидасы.
4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын
мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған,
түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді,
мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде
жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді
дәйектейтін транспаренттілік қағидасы.
5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді
мемлекеттік басқару органдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы.
6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген
белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет
қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін
пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген
көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз етуге негізделген
тиімділік және нәтижелік қағидасы.
7. Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық
қағидасы.
8. Бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік
заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы.
9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде
бөлініп тұруын орнықтыру және осы кодекске сәйкес олардың жұмсалу
бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы
кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті
бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол
берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар
жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге
бөлінеді. Бюджеттердін түрлеріне:
1) түзетілген бюджет;
2) бекітілген бюджет;
3) нақтыланған бюджет;
4) мемлекеттік бюджет;
5) жергілікті бюджеттер жатады.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республикасының
Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының
Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет — тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне:
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет
болып табылады.
Облыстың бюджеті — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттерін біріктіретін, таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да
түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергілікті мемлекеттіқ органдарының, оларға ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала)
мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің
негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе
соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік
бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу
хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттін қолданылу уақытына тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы
жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік
бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста
болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазақстан
Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше
жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және
республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін
болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге,
қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және
қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта
Қазақстан Республиқасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республиқасы
Үкіметінің Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банкіндегі шотында
шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ,
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау
және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық
активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердін қорлануын қамтамасыз етеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар
мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі
экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуынын
басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық
тұрақтылық және Қазақстан Республиқасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары
мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық
және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттын негізінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Бюджеттің құрылымы
бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін
өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ
мемлекеттің қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет
кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.
Бюджеттің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1) кірістер;
2) салықтық түсімдер;
3) салықтық емес түсімдер;
4) негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
5) ресми трансферттер түсімдері;
6) шығындар;
7) операциялық сальдо;
8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік
кредиттерді өтеу);
9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы
активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдер);
10) бюджет тапшылығы (профициті);
11) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану, қарыздар
түсімі, қарыздарды өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы).
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер,
оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік
мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті
бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге
де коммуналдық мүлік жергілікті қазынысын құрайды.
3. Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген,
белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын
бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Әр түрлі негіздерге
байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың
ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама
болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлудің субъектісі оның ауыртпалығын
өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің,
еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын
жатқызуға болады.
Жанама салықта салық төлуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір
тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде
салықтың сомасы осы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны
тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық
төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр. Тікелей салық
нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлік, затқа салынатын салық нақты
салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға
болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына
салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы. Түр
пішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді.
Салықтың субъектілеріне байланысты салықтар заңды тұлғалардан және жеке
тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпы
мемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар
бекітілген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс
(табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық
дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын
бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге
берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз. Пайдаланылу сипатына
байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді.
Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге
асыру мақсатында емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше,
мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін
пайдаланылады. Мысалы әлеуметтік салықты айтуға болады.
Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және
еңбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық,
салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері
көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі күшіне енетін салық.
Еңбекақыдан тыс салынатын салықты салық төлеушінің өзі есептеп шығарып, өзі
төлейді. Салық органдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін
тексереді, бақылайды. Қазақстан Республикасыңда төмендегідей салықтың
түрлері қолданылады:
1. Корпорациялық табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Қосылған құн салығы;
4. Ақциздер;
4-1.Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы;
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
6. Әлеуметтік салық;
7. Жер салығы;
8. Көлік құралдары салығы;
9. Мүлік салығы.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе
Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды
тұлғалар жатады. Заңды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып
тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы
корпоративті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді.
Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар
(резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем
көзінен салық салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) біржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнет ақы төлемдері;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады. Жеке еңбек
табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-тен 20 пайызға дейінгі
ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек,
жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты етеуден
басқа);
4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер
мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы
салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар
бойынша сыйақы;
5) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен
жасалған операциялардан түскен табыстар;
5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлік
инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық
инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы
қордың пайлары бойынша табыстар;
5-2) таза табысты бөлу кезінде алынған және әрбір құрылтайшының,
қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық
капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;
6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге,
белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының
қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке
қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
7) лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
8) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының заң актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде
мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;
9) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі
төлемдерден басқа);
10) тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп тұру сипатында болатын не
қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты
жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде
төленетін төлемдер;
11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес төленетін төлемдер;
12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін
адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек
адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; III топтағы мүгедектердің бір
жыл ішіндегі — айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;
13) өткізілер құны қор биржасының А және В ресми тізімінде тұратын
акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;
14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер
(еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
15) салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің
(косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшін, бала туған
кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық есептік
көрсеткіштің 70 еселенген шегіндегі төлемдер;
16) қызметтік іссапарлар кезінде Салық кодексінің 93-бабында
белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;
17) қызметкер ұйымымен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен
кездегі жол жүруі, мүлкін көшіруі, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен
расталған шығындардың өтемдері;
18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын
дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;
19) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметінде жүрген шетелдік жеке
тұлғалардың сол елде салық салынуға тиіс ресми табыстары;
20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және
Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға
теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;
21) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін
зейнетақы төлемдері;
22) жұмыс берушінің жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және
шегерімдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып
табылмайтын шығыстары;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде дала
жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру
жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде
республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ
ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақылары);
25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушінің
қызметкерлерді өздерінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша
оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған шығыстары;
26) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға өндіріс
объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысым-аралық демалысы
үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін
тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстің 93-бабына сәйкес белгіленген
тәулікақы шегінде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлерді жұмыс
орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;
26-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлемдер;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде, жүкті
болғанда және босанғанда берілетін әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ ұл
бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін
әлеуметтік жәрдемақылар;
28) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде
төленетін стипендиялар;
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген нормалар бойынша
берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ-киімнің, басқа да жеке қорғану және
алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, залалсыздандыру
құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға
арналған азық-түлік өнімдерінің құны;
30) өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке
нотариус, адвокат алған мүлікті, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен
мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары
жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке
тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;
31) ізгілік, қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған
мүліктің құны;
31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне
жолдамалардың құны;
32) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне
және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін
міндеттін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
33) осы кодекстің 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда,
сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін, шарттың қолданылу
кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерінің
сомалары;
34) өз қызметкерлерін міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйлықақыларының
сомалары;
35) төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған
жағдайда, бұрын төлем көзінен салық салынған дивидендтер, сыйақылар,
ұтыстар сомалары;
36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешімі бойынша
тағайындалған сомалары;
37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру
шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшін
өмірді сақтандыру жөнінде сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы
жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы
аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты
бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары.
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,
оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке
аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты
кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке
төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған
тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған Құн
салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып
табылады.
Төлеушілер: жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,
заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы
жүзеге асыратын резидент еместер; заңды тұлғаның қосылған құн салығын
дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері; кеден арқылы
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып
табылады. Қосылған құн салығы 15 пайыздық ставка қолданылу арқылы есептеп
шығарылады.
Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру қосылған
құн салығынан босатылады:
1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
2) акциздік маркалар;
3) уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік
баж алынатын қызметтер;
4) адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру
бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткізетін тауарлар
(жұмыстар, қызметтерді);
6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлік;
6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлік;
7) мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі
құралдарды беру;
8) жарғылық капиталға жарналарды;
9) жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар
мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
11) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық
билеттерді өткізу бойынша айналымды;
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға
қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді
қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және
технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін
қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
12-1) Қазакстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан
Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату кеден режимінде
әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) Салық кодексінің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып
табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап
айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан
Республиқасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны,
тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет
көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай
қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша
теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет
көрсету;
13) Салық кодексінің 226-233-баптарында көрсетілген өткізу;
14) ұлттық валюта;
15) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік
ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе: осындай өндірістік ұйымдар
қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 проценті мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы
шығыстардың кемінде 51 проценті (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған
мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 проценті)
болса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет
көрсетулері) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу жөніндегі айналымдардан
және акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру мен өткізу бойынша
айналымдардан басқа);
16) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған,
Еркін қойма кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан
Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне өткізілетін қазақстандық
тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде:
спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында
темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда),
дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен
басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және
қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру мен
өткізуге акциздер салынады.
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы. Өнімді
бөлу туралы келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды
қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін жеке және
заңды тұлғалар экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын
рента салығын төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасы Салық
кодексінің 304-бабы 4-тармағына сәйкес экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына рента салығының ставкалары төмендегідей мөлшерлерде
белгіленеді:
Нарықтық бағасы Ставкасы Нарықтық бағасы Ставкасы
бір баррель үшін 19АҚШ 0 пайыз бір баррель үшін 28-ден 2921 пайыз
долларынан кем АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін 19-дан1 пайыз бір баррель үшін 29-дан 3022 пайыз
20 АҚШ долларына дейін АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін 20-дан4 пайыз бір баррель үшін 30-дан 3 23 пайыз
21 АҚШ долларына дейін 1 АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін 21-ден7 пайыз бір баррель үшін 31-ден 3225 пайыз
22 АҚШ долларына дейін АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін 22-ден10 пайыз бір баррель үшін 32-ден 3426 пайыз
23 АҚШ долларына дейін АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін 23-тен12 пайыз бір баррель үшін 34-тен 3628 пайыз
24 АҚШ долларына дейін АҚШ долларына дейін
бір баррель үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz