Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында оқиға болған жердегі эксперттік зерттеудің ерекшеліктері


Жоспар
- Оқиға болған жерде жүргізілетін тергеулік қарауда пайда болатын криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктері.
- Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында оқиға болған жердегі эксперттік зерттеудің ерекшеліктері.
- Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысындағы оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Криминалистикалық зерттеу әдістері
Оқиға болған жерде жүргізілетін тергеулік қарауда пайда болатын криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктері.
Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеуді танымдық әрекет ретінде қарастыру барысында мынандай танымдық ерекшеліктерді айтуға болады:
Фактілерді анықтау;
Белгілі бір затты тану қылмыстық құқықты заңды анықтау;
Танымдық процесті белгілі бір фориада жүзеге асуы;
Арнайы қызыметтегі адамдар мен олардың міндеттері, құқықтары заңда анықталған;
Таным құралдары және оларды қолдану қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген жағыдайды айтуға болады.
Бұлардың барлығы оқиға болған жерді қарауда өз мәнін табады. Оқиға болған жерді қараудағы танымның ретроспективтілік мәні ол қылмыс жасаған орындағы материалдық ортаны зерттеумен байланысты.
Табылған іздер бойынша тергеуші ойша оқиғаның мүмкін моделін, механизімін және осы жасаған адамды пайымдайды. Бұл маделдің дұрыстығы тергеушінің іздерді оқи алатын шеберлігіне байланысты болады.
Ол үшін тергеуші криминалистикалық заңдылықты, яғни қылмыс жасалған әдіс пен іздер арасындағы өзара байланысты білуі қажет.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде танымдық әдістерді қолданудың ерекшеліктерін қарастыра отырып, тергеулік қарауды жүргізу барысында келесі жағыдайлар ескерілуі керек.
Қылмыстық іс жүргізу заңында (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 222 бабы) қолданылатын техникалық әдістер тізімі көрсетілмейді, оларды қолдануға болатын ережелер беріледі. Заң техникалық әдістерді қолдануды міндетті деп санамайды. Оны тергеушінің өзі шешеді. Егер кейбір заттардың қылмыстық істе сақталуына мүмкіндік болмаса, олар суретке түсіп алынады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223 - бабы) .
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде специпикасы қарау қаттамасындағы кезеңнің көрінісімен зерттеу нәтежелері арқылы өрнектеледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227- бабына сәйкес хаттама тергеушінің барлық іс- әрекетін, оны қарауды қалай жүргізгені, сол кезеңде қалай жүргізгені, сол кезеңде қандай жағыдайда болғаны жөнінде хаттамаға жазылып, одан алынған нәтежелерде тіркелуі қажет. Хаттамада оқиға болған жердің обьективті жағыдайы көрсетілуі тиіс. Сондықтан хаттамаға тіркеудің негізгі шарттарын төмендегіше келтіруге болады.
- заң (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227-бабы) оқиға болған жерді қараушыға табылған зерттеудің нәтижесін тергеулік істің хаттамасында толық көрсетуде міндеттейді.
- зерттеудің нәтижелері обьектілер белгілерін тауып, оны тіркеу және іздерді табу механизімін ашатын тұжырымдар түрінде берілуі мүмкін.
- Тергеушінің іздерін табу механизімі ашатын және сол табылған белгілер негізінде құрылған тұжырымдары тергеушілік істің хаттамасында жазылуы тиіс.
- Барлық көрсетілген обьектілердің белгілері қылмыстық іске қатысушыға түсінікті және көрнекті етіп тіркелуі тиіс.
- табылған белгілерді хаттамаға тіркеу, оны нақтылайтын және толықтыратын криминалистикалық әдістермен жүзеге асырады.
Зерттеу нәтежелерінің дүрыстығы сот арқылы анықталады. Сот тергеушінің келтірген зерттеу нәтежелерін бағалай келе, оның дұрыстығын және ғылыми түрде дәлелді екенін тексереді. Ал соттың күмәні болса, ол экспертизаға ұсынуы мүмкін.
Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында оқиға болған жердегі эксперттік зерттеудің ерекшеліктері.
Оқиға болған жерді эксперттік зерттеу барысында (криминалистикалық, сот медициналық, автотехникалық өртке қарсы сараптамалар) жүргізіледі, егер эксперт өзінің алға қойылған мәселелерге оқиға болған жердің жағыдайын қарап шықпай, қорытынды жағыдай жасай алмайтын жағыдай кездессе, сараптама тек жекелеген обьектіге ғана емес, сонымен бірге оқиға болған жердің материалды жағыдайда толығымен жүргізуі мүмкін. Мұндай зерттеудің қажеттгі, мынандай туындайды:
- оқиға болған жердегі іздің пайда болу жағыдайы мен табылған орынның бір-біріне байланыстылығы;
- іздердің пайда болу жағыдайы мен ерекшеліктері.
Оларды лабараторияға апару немесе көшірмесін алу мүмкіндігі жоқ кезеңде;
- оқиға болған жердің топографиясы оқып - үйрену қажеттілігі.
Қылмыстың жеке элементтерін обьективті жағынан анықтау үшін трасологиялық және баллистикалық сараптама жүргізіледі. Оқиға болған жердің жағыдайын зерттеуде трасологиялық сараптама жүргізу рақылы мынандай сұрақтар қарастыруға қажет:
- кедергі қай жағынан, іштен бе, әлде сырттан бұзылған (есік, терезе, пол, қабырға) ?.
- Бұзып кіру барысында есікті бекіткіштер (құлып, жылжытпа) қандай жағыдайда (ашық не жабық) болған ?
- Кедергіні бұзып кіру әдісі табылған ізге сәйкес келе ме ?
- Соқтығыс кезіндегі транспорт құралдарының өзара орналасуы қандай ?
- Жол оқиғасының механизімі қандай ?
Оқиға болған жердің жағыдайын баллистикалық сараптама арқылы зерттеуде келесі сұрақтар туындайды:
- оқиға болған жерде табылған, бүлінген обьектілерде оқтардың ізі бар ма ?
- қай бағытта және қандай қашықтықтан атылған ?
- оқ қандай бағытта кедергін бұзған ?
- ату кезінде қару-жарақпен зақымдалған обьектінің өзара орналасуы қандай ?
Оқиға болған жерді зерттеуде баллистикалық сараптаманың кейбір сұрақтарға жауап іздеуіне қажеттігі зор. Оған төмендегідей мысал келтіреміз.
Аң аулау кезінде К. Деген азамат Ж деген азаматты қару арқылы басынан атып, өлтірген. Сот медициналық экспертизаның қорытындысы бойынша Ж. деген азамат маңдайына тиген диамметірі 6 мм оқтан қайтыс болған. Криминалистің алдында мнандай сұрақ туындайды: ату кезіндегі Ж. және К. Деген азаматтардың өзара орналасуы қандай ? Атылған оқ қандай қашықтықтан атылды ?
Осы сұрақты шешу үшін эксперт тергеушімен және күдікті адаммен бірге оқиға болған орынға барады. Ол жер оқиға болған жердің жағыдайының хаттамасы тергеуші мен күдіктінің берген жауаптары арқылы жасалды. Оқиға болған жердің жағыдайын зерттеу барысында жәбірленуші атыс сызығының оң жағында 5, 5мм жерде және одан 40м қашықтықта тұрған, онда жәбірленуші атыс болған мен күдікті адам бір-бірін көретін жағыдайда тұрмаған.
Сарапшының қорытындысы бойынша жәбірленушә атыс болған орыннан 40м қашықтықта болған, сондықтан оған оқтың дәл тиюі мүмкін емес. Сарапшы қорытындысы бойынша К. деген азаматқа қозғалған қылмыстық іс жабылды.
Сарапшымен бірге жүргізілген оқиға болған жерді қарау кезеңі мен нәтижелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227-бабына сәйкес хаттама тіркетеді. Сараптама қортындысында көрсетілген оқиға болған жердің жағыдайы жөніндегі сипаттамасы тергеулік қарау хаптамасы мен сәйкес келеді. Эксперттің қортындысында сараптамаға сезікті мен тергеушінің қатынасы көрсетіледі Бұл жоғарыдағы құжаттардың жазылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін. Оқиға болған жерді қарау хаттамасы оны жүргізу барысында жазылса, сарапшының қорытындысы лабараторида жасалады, ал хаттама оған қосымша ретінде көрсетіледі.
Әр түрлі тергеулік әрекеттер жүргізу барысында оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу ерекшеліктері.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу тек тергеулік қарау кезінде ғана емес, сонымен бірге жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу эксперементі, үй жайларды тінту кезіндеде жүргізіледі.
Берілген жауапты оқиға болған жерге барып тексеру мен нақтылау нәтеже береді. Онда жауап беруші адамның жасаған әрекетінің дұрыстығы оқиға болған жердің жағыдайы мен сәйкестендіру арқылы анықтауға болады.
Оқиға болған жерді зерттеуді тергеуші жүрізеді және алған жауаптардың барлығы тексеріледі. Одан әрі оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде қылмыс болған орын жағыдайымен табылған іздерге қатысты берілген жауаптар тексеріледі. Сонымен бірге оқиға болған жерде жауаптарды тексеру барысында бұрын тергеуші арқылы тіркелмеген жаңа іздер табылуы мүмкін. Соған сәйкес жаңа пактілер туындайды.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде тергеу эксперементі жүрізудің ерекшеліктері бар.
Тергеу эксперементі - іс жөнінде жиналған дәлелдерді тексеру, тергеулік болжамдарды тексеру және бағалау, қылмысты жасауға итерген себептер мен шарттарды анықтау, жаңа дәлелдерді алу үшін жүргізіледі.
Практикада көп кездесетін тергеу эксперементінің түрлері:
а) қандайда бір фактіні, бұл істі бақылауға мүмкіндік беретін тергеу эксперементі;
б) қандайда бір әрекетті жасау мүмкіндігін айқындайтын тергеу эксперименті;
в) қандайда бір құбылыстың мүмкіндігін айқындайтын тергеу экспиременті;
г) оқиға механизімінің жеке бөлшектерін айқындайтын тергеу экспиременті;
д) тергеу барысында табылған іздерді табу кезеңін айқындайтын тергеу эксперименті болады;
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуде сезіктіні тану үшін көрсету сияқты тергеу әрекеттері жүргізіледі. Бұл сезіктіні оқиға болған жерде байқалса, сол арқылы танытудың нәтижелері анықталады. Сонымен қатар белгілі бір обьектіні таныту да оқиға болған жерде зерттеуде қолданылады.
Кейде жіберілушіні оқиға болған жерді біледі де, оның қайда орналасқанын білмейтін жағыдай кездеседі. Бұл жағыдайда тергеуші жәбірленушінің берген жауаптарына сәйкес келетін орынды танытуға ұсынады. Тергеулік әрекеттердің нәтежелері хаттамада тіркеледі. Тергеулік әрекеттің жүргізілуі бейне таспаға және бейне жазбаға түсірілуі тиіс.
Оқиға болған жерді тергеулік қарауды крималистикалық зерттеу барысында тінту де жүргізіледі. Бұл тергеу барысында іске қатыстылардың бір нәрсені жасырып, обьектіні зерттеуге кесірін тигізген жағыдайда тінту жүргізіледі.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеуге келесі әрекеттер жүргізіледі:
Оқиға болған жерді қарау;
Сараптама тағайындау,
Жауапты оқиға болған жерді тексеру мен нақтылау;
Тергеу эксперименті;
Сезіктіні тану үшін көрсету;
Үй жайларды тінту.
Оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеудің себептері, әдістері мен қолданылатын құралдары қаралып жатқан оқиғаның жағыдайына және тергеулік әрекетіне байланысты болып келеді.
КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
Қылмыстылықты зерттеудің міндеттері және теориялық негіздері.
Қылмыстылықты зерттеудің қажеттілігі қылмысты ескерту мен алдына алу ісі жүзіндегі сұранысынан туындап отыр. Құқықтық тәртіптің жай - күйін талдауға әр ғылыми көзқараспен қарау және оны нығайту жөніндегі шаралар қолдану, қоғамға жат құбылыстарды игере білудегі обьективті заңдылықтар мен субьективті фактірлардың ролін түсіне білу нәтежелі істі қамтамассыз етеді. Ғылыми талдауларға немқұрайлы қарау, кез келген ерікті шешім іс жүзінде көбінесе пайдасыз болып, күш пен құралды тиімсіздікке ұшыратады.
Мысалы әскери істе белгілі бір оператция жоспарлаудың міндетті шарты жаудың күші мен позициясы, үсыс әрекетінің көрінісі, өзінің күші мен қаруын талдау және бағалау екені белгілі. Осы сияқты шаралардың мазмұн сөз жоқ басқаша болса да қылмыстылықпен күрес шараларын жоспарлауда да жасалған дұрыс.
Құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтау үшін ең алдымен қылмыстылықтың жай - күйін, оның құрылымдары мен динамикасы, жалпы және жеке (тікелей) себептерді және құқық бұзушылыұ шарттар туралы анық және толық мәліметтерге ие болу керек.
Еске түсіретін болсақ, қылмыстылықтың жай - күйін белгілі бір аумақта, белгілі бір уақытта жасалған қылмыстар мен оларды жасаужылардың саны деп түсінеміз. Ауқымдық белгі бойынша республикадағы қылмыстылықтың жай - күйі, мысалы, облыстық көрсеткіштер жиынтығымен, көсеткіштер жиынтығмен, жай-күйі аудандық көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін. Уақыттық белгі бойынша қылмыстылық жай-күйі айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық көрсеткіштерімен анықтауы мүмкін.
Қылмыстылықтық құрылымы оның ішкі мазмұнң белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір уақытта жасалған жалпы қылмыстық -құқықтық криминологиялық, әлеуметтік-демографиялық және басқа да топтық белгілермен ерекшелінетін қылмыстардың жекелеген түрлерінің немесе топтардың арақатынасын ашады. Қылмыстылықтың құрылымы қалай болса, әсерлеп айтқанда, онымен күрестің «басты соққысының бағыты» да солай болуы керек.
Қылмыстылықтың динамикасы - бұл ішкі қасиетінен айырылмайтын уақытқа байланысты соңғы өзгерісі. Қылмыстылықтың динамикасын талдаудың ғылыми- практикалық жағынан талдаудың екі мақсаты бар: 1) өткен кезеңнің көрсеткіштерінің өзгерістері туралы мағұлмат беру осы өзгерістердің ағымы мен заңдылықтарын ашу; 2) осының негізінде қылмыстылықпен күреске байланысты шараларды қажетті оптималды криминологиялық жоспарлаудың негізі болып саналатын қылмыстылықтың жақын және алыс келешектегі мүмкін деген сипаты туралы болжам жүзеге асылылады.
Қылмыстылықты аумағы және салалық бөлінісін, оның түрлі аймақтар, шаруашылық салалары бойынша өзгешеліктерін қарастыру, қылмыстың көп көрінетін орнын анықтау және осы талдауға сәйкес бұл құбылысқа жағыдай туғызатын шарттарын анықтау маңызды.
Қылмыстылықты оқып-зерттеу құқық қроғау органдарының нәтижелі қызыметінің аса қажетті шарты болып саналады. Ол нақты бір қылмыс жасауға жағыдай туғызатын себептер мен шарттарды зерттеуден бастап қылмыстың барлық статистикалық талдауына дейін әрқйлы дәрежеге практикалық қызыметкерлермен жүзеге асырылады. Қылмыстылықты нақтырақ зерттеумен арнаулы ғылыми мекемелер айналысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz