Дипломатиялық корпус - дипломаттардың тәуелсiз бiрлестiгi


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
Ж О С П А Р
Кiрiспе . . . 2
I тарау. Дипломатиялық корпус - дипломаттардың тәуелсiз бiрлестiгi . . . 4
1. 1. Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпус
институтының құрылуы және дамуы тарихы 4
- Дипломатиялық корпус түсiнiгiнiң анықтамасы . . . 16
2 тарау. Дипломатиялық өкiлеттiлiктер басшыларының старшинасы
ретiндегi дуайеннiң құқықтық жағдайы 25
2. 1. “Дуайен” түсiнiгiнiң даму тарихы және оның әртүрлi
талқылаулары . 25
- “Дуайен” түсiнiгiнiң анықтамасы және оның негiзгi мiндеттерi
мен қызметi . . 26
3 тарау. Шетел мемлекеттерiндегi дипломатиянық корпус институты . . . 29
- Англия . 29
- Америка . . . 31
- Франция . . 32
- Жапония . . 35
- Кiшi мемлекеттер . . . 36
Қорытынды . . . 39
Библиография . . . 41
КIРIСПЕ
Тәуелсiздiктiң он жылы Қазақстан Республикасының жеке мемлекет ретiнде құрылуында жеке тарихи мәнге ие болды.
Тәуелсiз Қазақстанның сыртқы саясаты тұрактану деңгейiнен сәттi өтiп, ұлттық қауiпсiздiк пен қазақстандық мемлекеттiктiң тұрақтануын қамтамасыз етуде зор әсерiн тигiздi.
Соның нәтижесiнде әлемдiк қауымдастыққа қосылу, елдiк iшкi өрлеуiне сырттай жағдай жасау, жоғарғы бiлiктiлiкке ие дипломат кадрларды дайындау сияқты мәселелер шешiлдi.
Қазiргi кезде Қазақстан қиын геоолитикалық мүмкiндiктерiн сезiнетiн, өз еркiндiгiмен және бейбiтшiл сыртқы саясат бағытымен әлемге мәлiм.
Қазақстан Республикасы ядролық қарудан бас тарту, Евразиялық Одақты құру, ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылу, Азия елiнде өзара қарым-қатынаста болып, сенiм бiлдiру мәжiлiсiн шақыру сияқты мәселелердi ту ретiнде ұстағандықтан, оның беделi халықаралық деңгейде арта түстi.
Мерейтойларды атап ату қарсаңында аңықталғаны әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасына саяси көзi ашық мемлекет ретiнде қарап отыр.
Осы уақытқа Қазақстан әлемнiң 121 мемлекетiмен дипломатиялық қарым-қатынас орнықтырғандықтан, бұл тақырып бiзге дипломатия жөнiнде маңызды болып көрiнедi.
Шетелде отыз екi қазақстандық елшiлiк, бiр тұрақты өкiлеттiк, екi дипломатиялық миссиялар, ұш бас консульствалар, он консульство және бiр төлқұжақтық - визалық қызмет толық ауқымда қызмет етiп жатыр.
Республиканың өзiнде алпыс екi дипломатиялық миссиялармен халқаралық ұйымдардың өкiлеттерi жұмыс iстеп жатыр, бұл ТМД елдерiнiнiң арасында жоғарғы көрсеткiшке ие. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аса беделдi халықаралық ұйымдарға мүше болып отыр.
Тәуелсiздiк жылы барысында мемлекет аралық және ұкiметаралық деңгейде Қазақстанмен мың үш жүзден аса халықаралық шарттарға қол қойылды.
Әлемдiк қауымдастықтың мемлекетiмiзге назар аударуының айғағы ретiнде ҚР-да ұсынылған дипломатиялық корпустың кеңеюi болып табылады.
Өткен он жылдыққа көз салсақ Қазақстан Республикасы одақтарыстарының көбейгендiгiн көремiз.
Әрбiр елмен қарым-қатынаста болу, елiмiздiң мемлекеттiк мүддесiн қорғау жолында зор ауқымды жұмыстар жүргiзiлдi.
Қазақстан Республикасының өз бағытымен жүргiзiлiп келе жатқан сыртқы саясаты оның тұрақты халықаралық жағдайын қамтамасыз етiп, әлемдiк қауымдастықтық бiздiң мемлекетке деген қызығушылығын реттеп отырады.
Қазақстандық мемлекеттiктi нығайтуда, халықтардың өзара бiрлiгi мен достастығын арттыруда, екiара пайдалы экономикалық байланыста тағайындауда Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпус баға жетпес көмегiн тигiзетiндiгiне сенiмiмiз мол.
Мәселенiң өнделу жағдайы зерттеменiң теориялық негiзi болып К. К. Токаевтiң, Ж. Ж. Әдiлбаевтiң, М. А. Сәрсенбаевтiң, В. И. Абиловтың, А. В. Торкунованың, Т. В. Зонованың, И. С. Ивановтың, В. М. Матвеевтiң, В. П. Петровтың, Ю. В. Владимировтың, В. И. Поповтың, Ю. И. Рубинскийдiң және т. б. еңбектерi табылады.
Зерттеменiң мақсаты дипломатиялық корпустың құрамы мен құқықтық табиғатын қарастыру.
Қойылған мақсатқа байланысты төмендегi мәселелер шығады:
- Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың құрылуы
мен даму институтының тәрихын қарастыру;
- Дипломатиялық корпус түсiнiгiн анықтау;
- Дипломатиялық өкiлдiктердегi басшылардың арасындағы старшина ретiндегi дуайеннiң құқықтық жағдайына мiнездеме беру;
- Жеке шет мемлекеттердегi дипломатиялық корпус институтын суреттеу.
Зерттеудiң әдiстемелiк және теориялық негiздерi.
Енбекте дипломатиялық корпустың құқықтық табиғатына диалектикалық
жағынан қарау қолданылған.
Бұдан басқа, енбектi жазудың барысында логикалық ойлау жағдайлары, статистиқалық әдiстер, далпы ғылыми әдiстер мен байқау, салыстыру, анализдеу, синтездеу сияқты зерттеу тәсiлдерi пайдаланды.
Бүгiнгi күнi “Дипломатиялық корпустың құрамы және құқықтық табиғаты” тақырыбы үлкен теориялық және тәжiрбиелiк мәнге ие , өйткенi бұл жалпы дипломатия үшiн маңызды мәселелердiң бiрi болып отыр.
Дипломдық жұмыстың бiр қатар жағдайлары дипломатиялық корпус мәнiн бiлiудi кеңейтiп, тереңдете түседi.
Осы зерттеудiң нәтижелерiн зандық жоғарғы орындарының студентерi маңызды және пайдалы мәлiмет ретiнде пайдалана алады.
Жұмыстың көлемi мен құрылымы зерттеудiң негiзгi мақсаты мен пәнiне жауап бере алады. Оның құрылымы жұмыстың түрiне, өңделу деңгейiне, зерттеу мәселелерiне байланысты.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қолданылған әдебиеттердiң тiзiмiмен қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың көлемi, дипломдық жұмысты рәсiмдеу талаптарына сәйкес жазба мекемесiмен басылған 43 беттен түрады.
1 тарау. Дипломатиялық корпус - дипломаттардың тәуелсiз бiрлестiгi
1. 1. Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың пайда болуы мен даму тарихы.
Әлем XXI ғасыр - ғаламдық дәуiрге көштi. Бұл процессте көптеген жана, әлi зерттелмеген құбылыстар бар, бұл мемлекеттiң саясаты мен болмысына әсер етiп қоймай, адамдардың әлемтауына да әсерiн тiгiзедi. Сол немесе басқа мемлекеттер жана ғаламдық бет алыстарға бейiмделе ала ма, соған оларды болашағыда байланысты болады.
Осыған сәйкес, кәсiргi уақытта әртүрлi мемлекеттер ғаламдану жүйесiнде өз орнын табу үстiнде. Қазақстан да сол бағытта.
90-шы жылдардың басында көптеген саясатшылыр мен сарапшылар жас мемлекеттiң тәуелсiз болашағы болады деген ойға күмәнмен қараған болатын. Бiрақ олар қателесiптi.
Бүгiнгi күнi тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында бiздiн мемлекетiмiздiң дипломатиялық табыстарың мақтан етемiз.
Шынында да Қазақстан белгiсiздiкке аяқ басып абыроймен көптеген қиындықтарды жеңiп, төнген қателелерге тиемдi түрде тойтарыс бере алды. Мұндай қатерлер iште де, сыртта да аз болған жоқ.
Экономика саласындағы шикiзат жағы өзiнiң кемшiлiгiн танытып - салттық шаруашылық байланысынан айрылып көптеген өнеркәсiптер тоқтап қалды. Елде жұмыссыздық көбейiп, қоғамда әлеуметтiк әбiгершiлiк пайда болды. Гиперинфляция жас мемлекеттiң барлық экономикасын шалып түсiрдi. Адамдар халық тұтынуындағы тауарларға қол жеткiзе алмай қалды.
Мемлекеттiң және қоғамның iшкi тұрақтылығын шайқату мақсатында халыққа мызғымас және бiртұтас деп үгiттелген Қазақстанның көп ұлттылығын (полиэтниқалығын) эррозияға ұшыратуға экстремистiк күштер және шет елден әрекет еткендер бар күшiн салды. Сыртқы саясат саласындағы Қазақстанның ұстанымы алғашқыда әлсiз болды1.
Жас мемлекеттiң ҚСРО-дан мұрагерлiкке қалған ядролық мүмкiндiгi мен Қытай, Ресей сияқты ұлкен елдермен реттелмеген шекараға ие болып халық- аралық iстердi жүргiзу тәжiрибесi болмады. Қазақстандық басшылар экстремистiк, террошылдық iс - әрекеттердiң ел арасында тарауы мүмкiн екендiгiне мазасыздана қарады.
Осы жағдайда Қазақстанның әлемдiк қауымдастықпен, ең бастысы бiздiң мемлекет үшiн өмiрлiк мүддеге ие шарттық-құқықтық негiздiң құрылуына бағытталған шешiмдi шараларды жүзеге асыру қажет болды.
Он жыл көлемiнде Қазақстан президентi Н. Ә. Назарбаев әлеуметтiк - экономикалық саласында да дипломатия аумағында да көп күрделi еңбек еттi.
Қазiргi уақытта осы талпыныстар зор табыспен аяқталды деп айтуға болады.
Қазақстан бұрынғы Кеңес үкiметi кезiндегi мемлекеттердiң арасында негiзгi экономикалық көрсеткiштерi бойынша алғашқы орында, бiздiн мемлекетiмiздiң халықаралық ұстанымы да нығайды.
Бiз әлемдiк қауымдастықтың бөлiнбес бөлiгi болдық, Қазақстанның тәуелсiздiгi мен егемендiгi қазiргi заманғы халықаралық қатынастағы даусыз факторы болып табылады.
Бiздiң мемлекетiмiздiң дипломатиялық жетiстiктерiн айта отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтiң ядролық қарудын бас тартуы, Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекетке айналуы туралы тарихи шешiмiн де айта кету керек.
Бес елдiң тағдырын шешетiн бұл талғамға жауап ретiнде БҰҰ-ы қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты мүшелерi бiздiң мемлекетке қауiпсiздiк кепiлiн бiлдiрдi.
Қазақстандық дипломатияның алтын қорында Ресей және Қытай елдерiмен достастық, ыңтымақтастық туралы шарттар, Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түркiменстанмен шекараны зандық рәсiмдеу туралы келiсiмдер, АҚШ елiмен демократиялық және стратегиялық серiктес болу жөнiндегi декларация, Европалық Одақпен ынтымақтастық және серiктестiк туралы келiсiм, бұрынғы Кеңес үкiметi кезiндегi мемлекеттермен интеграцияны күшейту мен ТМД мемлекетерiмен ынтымақтастықты терендету туралы шарттар бар.
Ғаламдану тақырыбына қайта оларған кезде айта кететiн жайт, ХIХ ғасырдың екiнше жартысында халықаралық сауда - саттық, ғылым, мәдениетпен ауысуы, адамдардың шетелдерге жүрiп тұруы, капиталдар мен технологиялар зор масштабқа ие болды.
Басқа сөзбен айтқанда, ғаламдану процессiнiң қазiргi алғы шарттары өткен берген ғасырдың бүкiл екiншi жартысы бойы қалптасты. Бұл көп жоспарлы процесс ХҚБД, ХВҚ, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымдармен алдын-ала бiлiнiп жiберiлдi.
Адамдардың өмiр сүру денгейлерi оңалып, олардың жан-жақтылығы, коммуникация құралдарымен қамтамасыз етiлуi өсуде.
Кәптеген, бүрын аз дамыған мемлекетердiң арасында экономикалық шарықтау шегi белең алды.
Бұл жерде Қытайдың, Ұндiстанның, Онтүстiк - Шығыс Азияның кейбiр мемлекетерiнiң табыстарын айтып өтпеу мүмкiн немес.
Осы қатарға Қазақстанды да қоюға болады, өйткенi бiздiң мемлекеттi орталық - Азиялық керемет деп бекер айтпаған шығар. Тауарлар мен қызмет көрсетудiң әлемдiк айырбасы өсiп, жүрiп-тұратын жұмыс күшiнiң саны өстi. Жыл сайынғы туристердiң саны 500 млн. адамнан асты. Жалпы әлемдiк қаржы-экономикалық және ғылыми техникалық прогресске оңдаған елдер мен халықтар қосылуда.
Сыртқы саясатқа келсек, бұл жерде БҰҰ-ның күн тәртiбiнде, және басқа да халықаралық ұйымдардың күн тәртiбiндегi ғаламдану тенденциясына орай сұрақтар мен мәселелер бар.
Бұл тенденция жан-жақты дипломатияның өсу ролiн куәландырады.
Қырғи-қабақ соғыс кезiнде дипломатиялық қызмет үш полюс: батыс елдер одағы, бұрынғы Кеңес үкiметi мемлекеттерiнiң блогi, қосылмау қозғалысының айналасында шоғырланған болатын2.
Сол дәуiрдегi халықаралық қатынас үшiн ядролық соғыс табалдырығында ұстау, тепе-теңдiк саясаты тән болатын. Берлиндiк қабырғаның құлауынан ғаламдану процессiнiң өсуi мен информация демократизациялаудың күшеюi, әлем нарығында бақталастықтың ұшығуынан, халықаралық қатынастар қайта дамуды басынан өткердi, жеке дара көп жоспарлы бола бастады.
Жаңа тенденциялар халықаралық саясаттағы басымдылықтардың өзгеруiне әкеп соқты.
Қазiр дипломатия ұлтаралық және энтоаралық қақтығыс әлем тәртiбiне қарсы жаңа қарамақайшылыққа кездейсоқ болып тұр.
Бұдан кейiн дипломатиялық ұлтаралық, нәсiларалық даулары мен жаңа әлем тәртiбiне деген, қарама - қайшылықтармен соқтығысып отырды, жаңа әлемдiк тәртiп бұрын ешқашан алуан түрлi көрiнестерде, ғаламдық масштабта құрылмаған болатын.
АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Генри Киссинджердiң ойынша : “пайда бола бастаған халықаралық тәртiбтегi ұлтшылдықтың екiншi тынысы ашылғандай ұлттар жоғарғы адамгершiлдiк қағидаларын ұстанбай, өз жеке мүдделерiн көздей бастады, бiрге әрекет етудiң орнына бақталаса бастады.
Сондықтан да әлемнiң ескi модель сияқты өзгеруiне, немесе жақын арадағы он жылдықта озгеруiне негiз аз”.
ХХI - ғасырдың басында халықаралық ахуалға екi негiзгi тенденциялардың байланысы тән: бiр жағынын халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың жаңа, аса әдiл және демократиялық жүйесiнiң қалыптасуы, екiншi жағынан, қазiргi замандық өзектi мәселелердi реттеу процессiндегi әскери факторды күшейту болып табылады.
Әскери - саяси қатынастардың ғаламдық жүйесiнiң бiрiншi орнына төмендегiдей iс-әрекеттерге қарсы төтеп беру болып табылады: бұқараны жоятын қаруды тарату, халықаралық терроризм, нәсiларалық даулар, экстремистiк дiни ұйымдардың қызметi, есiрткi затын сату, ұлтаралық қылмыстар.
Мұндай iс-әрекеттермен жеке мемлекеттердiң күшiмен тиiмдi түрде күресу мүмкiн емес. Мұндай жағдайларда жан-жақты ынтымақтастықтың болуы маңызды.
Халықаралық терроршылдыққа қарсы күресте Қазақстан белсендi орынды алып отыр.
Бұл екi мың бiрiншi жылдың күз айларында Ауғаныстанда болған терроршылдыққа қарсы күрес операциясы кезiнде ерекше байқалды.
Терроршылдыққа қарсы күрестi бiздiң ел антитерроршылдық коалициясы мен және оның мүшелерi - АҚШ, басқада батыс елдерiмен тығыз ынтымақ- тастықта болып жүргiзiп отыр.
Дүние жүзiнде көптеген шешiлмеген аймақтық мәселелер бар, бұл халықаралық қауiпсiздiкке қәтерiн төндiрiп түр.
Үнемi туындап тұратын дағдарыстың жағдайларға тез тойтарыс беру қазiргi заманның асқынған мәселелерiнiң тек кiшкене бөлiгiн ғана шеше алады. Ғаламдық деңгейде тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн қазiргi кезде туындайтын қәуiп-қатердiң бейтараптануына себеп болатындай дүние жүзiнде жаңа тәртiп қажет.
Әлемдiк қауымдастыққа Қазақстан Республикасының жаңа дүниежүзiлiк тәртiп құру проблемасы жөнiнде ұстанымы белгiлi. Көпполярлы дүниенiң тұжырымдамасын ұстанғандығымыз жайында БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-шi сессиясында айттық.
Көпполярлылық бiздiң түсiнiгiмiзше барлық мемлекеттер мен елдiменкендердiң теңдiк, демократия және конструктiвтi әрiптестiк негiзiнде тығыз ынтымақтысуы.
Көпполярлылық - бұл барлық мемлекетердiң мүддесiн қосқанда жан-жақты әрiптестiк негiзiнде халақаралық мәселелердi шешу. Мұның барлығы жан-жақты институттары, ең бастысы БҰҰ - мен оның қауiпсiздiк кеңесiнiң әрiқарай күшеюнiң қажет екендiгiн бiлдiредi.
Бiз тағы бiр қызық тенденция - халықаралық қатынастардың үнемдемуiне куәгер болдық.
Экономикалық мүдделер екi жақты және көп жақты келлiсөз барысында басым болды. Сыртқы нарық үшiн күрес, тиiмдi келiсiм шарттарды алу үшiн өткiр бәсекелестiк халықаралық ынтымықтастықтың негiзгi мазмұнын бiлдiредi.
Бұдан басқа беталыс шығып отыр: сол немесе басқа мемлекеттiң экономикасы дами түскен сайын онын сыртқы байланысы да даралана түседi. Бұған мысал iздеп алысқа бармай - ақ бiздiң ел туралы айтығу болады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен жүргiзiлген радикалдық реформалардың нәтежесiнде, Қазақстан бұрынғы Кеңес ұкiметi кезеңiндегi мемлекеттердiң iшiнде экономикалық өсу қарқынына орай алғашқы орынға шықты.
Бiздiң нарық көптеген инвесторлардың назарын аударып отыр. Сол уақытта Қазақстан мүдделi мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланысты белсендiруге тырысуда.
Сондықтан президентiмiз Н. Ә. Назарбаев сыртқы министрлiгi алдына шетелде бiздiң мемлекеттiң экономикалық мүддесiн дамыту мәселесiн қойды.
Бұл мәселе димпломатиялық жұмыстың төмендегi бағыттарынан турады:
- Қазақстандық экономиканың басым аумақтарына шетелдiк инвестицияларды тарту;
- Бiздiң елiмiздiң әлемдiк экономикалық жүйеге интеграциялануы және экономикалық мүдделерiнiң қорғалуы;
- Қазақстандық экономика әрi қарай қолдану үшiн жаңа технологияларды iздеу;
- Қазақстандық экспорт пен шетелдегi ұлттық кәсiпкерлiкке көмектесу шетел нарығындағы Қазақстандық өндiрiсшiлер менр экспортерлердiң кемiстiктерiне жол бермеу3.
Жан-жақты дипломатияның жемiстi мысала ретiнде президент
Н. Ә. Назарбаевтың Азиялық құрылықта қауiпсiздiк жүйесiн құруға бағытталған бастамасын айтуға болады.
2002 жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен Азиядағы бiрiгiп әрекет ету және сенiмдiлiк шарасына байланысты саммит мәжiлiсi Қазақстандық бастаманың қазiргi заманғы халықаралық қатынастардың ала матасына нық орналасқандығын бiлдiредi.
АБССМ - ге мүше мемлекетердiң барлық iшкi өнiмi 12 триллион долларды құрайды. Олардың үлесiнде әлемдiк мұнай қорының 40 пайызы бар. Қатысушы елдердiң орасан зор транзиттiк - көлiктiк және коммуникациялық мүмкiндiктерi бар.
АБССМ саммиттының бiрегейлiгi оған даулы жағдайда турған елдер қатысты (Үндiстан, Пәкiстан, Палестин, Израиль) .
Сонымен, бұл мәжiлiс негiзiгi мақсатына жеттi - мәселелер мен қарулы дауларды шешу немесе олардың алдын-алу мақсатында сұхбаттар мен кеңестер өткiзудiң ащық форумы болды.
Саммиттiң жұмысы және оның қорытынды құжаттары - Алматылық Актi мен терроршылдықты жою мен өркениеттердiң арасындағы келiссөз туралы декларациясы әлемдiк қауымдастықтың жоғарғы бағасына ие болып, Азия субконтиненттегi халықаралық қатынастар даумуының жаңа кезеңiне көшуге бастама алды.
АБССМ саммитi тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстандық дипломатияның үлкен жеттiстiгi болып табылады.
Сонымен бiрге Азиядағы қауiпсiздiктiң жаңа жүйесiн құру жолында бiрiншi қадам жасалды. Алда - азиялық мемлекеттердiң қақтығысып қалмайтын ұзақ мерзiмдi мүдделерiн жақындастыруға байланысты саяси-дипломатиялық жұмыс тұр.
Сондықтан да, Қазақстандық дипломатия АБССМ саммитi процессiнiң және Алматылық Актiнi жүзеге асыруда белсендi шараларды қолдануда. Сенiмдлiк шарасы Каталог жобасын өңдеуде, Хатшылық ережесi мен АБССМ iс-жүргiзу нұсқауларын дайындауда едәуiр қадамдар жасалды. Сенiмдiлiк шарасы Каталогында сенiмдiлiктiң әскери-саяси шарасымен қатар, экономикалық және гуманитарлық аумақтағы шаралар да қарастырылған.
Жақтармен хабар алмасу мемлекетердiң әскери қызметi; жаңа қатерлермен күрес, сауда-саттықты, туризмдi, мәдени және ғылыми байланыстарды дамыту, төтенше жағдайларда әрекет ету ретiнде жүргiзiледi. АБСӘМ процессiнiң сенiмдiлiк шарасы Каталогы АБСӘМ саммитiке қатусышы мемлекеттердiң сыртқы iстер министрлерiнiң кезектi жиналысында қабылданады деп күтiлуде.
Қазақстан жаңа әлемдiк тәртiптiң құрылуы мен дамуына қомақты үлесiн қосуда. Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2003ж. қырқуйек айында Астана қаласында дүниежүзiлiк және салттық дiн басыларының бiрiншi Съездi болып өттi.
Қазақстанда 3000 дiни ассоциациялар мен 40-тан аса дiни конфессиялар бар, олар әртүрлi ұлттық адамдарынан құралған. Съездегi өз баяндамасында президент Н. Ә. Назарбаев былай дедi: “Бiз дiн атынан жүргiзiлетiн экстремизм, сепаратизм, терроризм және басқа да зорлықтың түрлерi нақты түсiнiгiне ешқандай қатынасы жоқ, ол адамзат баласына қатер төндiредi”.
Съезде қатысушылардың теңдiк, шындық және шынайылық қағидаларына бағынышты екенi анықталды. Съезд Декларациясындағы халықаралық диалогтың қоғамдық даму мен барлық халықтардың жағдайын жақсартудың тәсiлi болып табылады.
Қазақстан басынан өзiмен географиялық жағынан көршi орналасқан мемлекеттер - Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерiмен достық, екi ара пайдалы қарым - қатынасты тоғайындау мен дамытуды ойластырған.
Қазақстандық - ресейлiк қатынастарының негiзiнде Достық туралы Шарт, ынтымақтастық пен екiара көмек көрсету, мәнгiлiк достық пен одақтастық Декларациясы4, екi жақты 350-ден аса құжаттар бар. Екi мемлекет басшыларының саяси ерiктерi болашақтағы қарым-қатынасқа оптимистiк көзқараспен қарауға мүмкiндiк бередi. КХР - мен он жылдық ынтымақтастықтың нәтижесiнде көрiнгенi екi ел басында бiр - бiрiнен қорқып, кейiн бiр - бiрiн танып, стратегиялық әрiптес болу деңгейiне дейiн жеттi, оның айғағы екi мемлекет басшылары Н. Назарбаевпен Ху Цзиньтаоның достық, ынтымақтастық туралы Шартына қол қою болып табылады.
Қазақстандық дипломатия АҚШ елiмен екiара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткiзу үшiн күрделi жұмыстарды жүргiздi.
Президентiмiз Н. Ә. Назарбаев бұл елге ресми түрде бес рет барып, соның барысында екi жақты қатынастық стратегиялық мiнезiн анықтайтын екi жақты құжақтар мен келiсiмдерге қол қойылды. Оның арасында Демократиялық ынтымақтастық жайындағы партия, экономикалық ынтымақтастық бойынша iс - әрекет бағдарламасы, жаңа қазақ - америкалық қатынас туралы Президенттердiң бiрлескен арызы сияқты құжаттары бар. АҚШ мемлекетi қазақстандық экономиканың аса ұлкен инвесторы болып отыр, бiздiң елде американың барлық үлкен компаниялары жұмыс iстейдi.
Елiмiзде азаматтық қоғамды құру реформасына Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық Ұйымы әсер еттi. Бұл ұйыммен бiрлесiп әрекет ету - қаупiсiздiк, экономика және экология, мәдени - гуманитарлық саласында жүзеге асырыла басталды5.
ЕҚЫҰ - ның арнайы институттармен ынтымақтастыққа үлкен көңiл бөлiнедi, оның iшiнде демократиялық институт және адам құқығы Бюросымен ынтымақтастыққа аса назар аударулыда.
Ұйым Қазақстанда адамның құқығына байланысты институттың құрылуына, тәуелсiз сот дамуына, қылмыстық-атқарушы жүйенiң реформалауына себепкер болды.
Қазақстанның Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығына зор көңiл бөлiнуде. Бiздiң ойымызша БҰҰ бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтаудың тиiмдi механизмi болып табылады6.
Әлемдiк қауымдастық осы механизмнiң бұзылмауына қажеттi шараларды жүзеге асыруы қажет.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-шi сессиясында Қазақстан бүкiләлемдiк ұйым мен Қауiпсiздiк кенесiн реформалау жөнiнде нақты ұсыныс жасады. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн оның мүшелерiнiң санын көбейту қажет.
Бiздiң ел көптеген халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдарымен қарым-қатынаста.
Қазақстанның серiктестерiнiң iшiнде - халықаралық Валюталық қор (Қазақстан Республикасы ХВҚ-дан несие алудан бас тартып, онымен кеңес режимiнде ынтымақтасуға келiсiлдi), МБРР, ЕБРР, Дамудың мұсылмандардық банкi, ынтымақтастықтың Азиялық диалогi бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz