Жұмбақ жанры
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I тарау. Қазақ жұмбағының жиналу, жариялану және зерттелу тарихы ... ... .7
II тарау. Жұмбақтың жанрлық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Жұмбақ жанрының көркемдік.стильдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Жұмбақтың тақырыптық бөліністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
III тарау. Жұмбақтың басқа жанрлармен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Қосымша әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем. Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол.
Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында
бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX
ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды.
Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов, А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек.
Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай, үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен кіндіктес.
Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу, басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз.

1. Әбжанов М.М. Қазақ халқының жұмбақтары. Алматы, 1966.
2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1994.
3. Марғұлан Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы, I том Алматы, 1994.
4. Киргизские загадки. Оренбург, 1960.
5. Керім Ш. Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры. Док. дисс. Алматы, 2000.
6. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алматы, 1972.
7. Қазақ халқының творчествосы (Ә.Диваев жинаған материалдар). Алматы, 1989.
8. Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы, 1989.
9. Аймаытов Ж. Жаман тымақ. Алматы, 1992.
10. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959.
11. Қазақ әдебиетінің тарихы. Бірінші кітап, II том. Алматы, 1960.
12. Қазақ әдебиетінің тарихы. Екінші кітап. Алматы, 1960.
13. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. Алматы, 1979.
14. Ахметов З. Казахское стихосложение. Алматы, 1964.
15. Саттаров Қ. Жұмбақтың айтылу тарихынан // «Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері», Қазақ ССР Жоғарғы және Орта Арнаулы білім министрлігі, IХ шығуы. Алматы, 1972.
16. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
17. «Мұра». 1987, № 2.
18. Әлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы. Алматы, 1991.
19. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1974.
20. Аникин В.Г. Руские народные пословицы, поговорки и детский фольклор. Москва, 1957.
21. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959.
22. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.
23. «Ана тілі» газеті, 1992, №47
24. Керім Ш. Қазақ жұмбағы. Алматы, 1999.
25. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.
26. Әуезов М. Жұмбақтар (жинақ). Алматы, 1940.
27. Қазақ фольклористикасы. Алматы, 1972.
28. Қазақ фольклористикасының тарихы. Алматы, 1988.
29. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ел аузынан жиналған әдебиет үлгілері. Алматы, 1992.
30. Ахметов Ш. Балалар әдебиетінің очеркі. Алматы, 1960.
31. Ел аузынан. Алматы, 1985.
32. Қазақ жұмбақтары (жинақ). Алматы, 1993.
33. Жолдаспеков М. Ертедегі әдебиет нұсқалары. Алматы, 1974.
34. Негимов С. Шешендік өнер. Алматы, 1993.
35. Билер сөзі. Шешендік толғау, арнау, дау. Алматы, 1992.
36. Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. Ленинград, 1986.
37. Колесницкая И.М. Загадка в сказке // Учен. зап. Ленинград. ун-та, 1941.
38. Қазақтың халық творчествосы (Ә.Диваев жинаған материалдар). Алматы, 1989.
Қосымша әдебиеттер
1. Төрт түлік: төресі кім? – Алматы, 1980.
2. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. – Алматы, 1990.
3. Диваев Ә. Қазақтың халақ творчествосы. – Аматы, 1988.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы, 1974.
5. Айтыс өлеңдер. – Алматы, 1965.
6. Ақыш Б.Ө. Балалар прозасындағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы. Канд. дисс. автореф. – Алматы, 2006.
7. Тіл ашар. Әңгімелер. Өлеңдер. Ертегілер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. / Құраст. Шәкенова А. – Алматы, 1989.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасы
бітіру жұмысы
ЖҰМБАҚ ЖАНРЫ
Орындаған:
5 курс студенті Санатбаева Э.С.
Ғылыми жетекші:
Филол.ғ.д., проф. Сейітжанов З.Н.
Пікір жазған:
Әлбеков Т.
Ф.ғ.к.
Норма бақылаушы: Баянбаева Ж.
Қорғауға жіберілді
__ _________ 2006 жыл
Кафедра меңгерушісі:
Филол. ғ.д., профессор Майтанов Б.Қ.
Алматы 2006
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I тарау. Қазақ жұмбағының жиналу, жариялану және зерттелу тарихы ... ... .7
II тарау. Жұмбақтың жанрлық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Жұмбақ жанрының көркемдік-стильдік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .23
2.2 Жұмбақтың тақырыптық
бөліністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
III тарау. Жұмбақтың басқа жанрлармен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 51
Қосымша

... ... ... ... ... ... ..53
Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Жұмбақ жанры
Жұмыстың көлемі: 53 бет
Жұмыстың негізгі мақсаты: Жұмбақтың адамзаттың рухани өмірінде мәні бар
құбылыс екендігін дәлелдеу; қазақ жұмбағын жинау, басу, зерттеуде біршама
жұмыстар істелгенін көрсету; жұмбақтың өзіне тән дара қасиеті мен басқа
фольклорлық жанрлармен ұқсас тұстарын салыстыра отырып айқындау; жұмбақтың
көркемдік-поэтикалық жүйесіне талдау жасау жұмыстың негізгі мақсаты болып
табылады.
Жұмыстың құрамы: Бітіру жұмысы кіріспеден, жұмбақтың жиналу, жариялану
және зерттелу тарихы, жұмбақтың жанрлық ерекшелігі, жұмбақтың басқа
жанрлармен байланысы деп аталатын тараулардан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлімде: Халық мұраларының үлкен бір бұтағы –
жұмбақтарды зерттеудің өзіндік мәні сипатталады; Негізгі бөлімде: Ауыз
әдебиетінің көне заманнан келе жатқан және күні бүгінге дейін дамуын
тоқтатпаған жанрының бірі – жұмбақ жанрының жиналу, зерттелу жайы; аталмыш
жанрдың фольклордың басқа жанрлармен ара қатынасы; сондай-ақ, жұмбақтың
жанрлық ерекшелігі сөз етіледі. Қорытынды бөлімде: Жұмбақ жанры туралы
түйінді тұжырымдамалар айтылады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен
өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың
орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры
кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын
фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы
тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын
бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден
көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-
дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем.
Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты
тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол.
Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз
фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден
біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да
тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған
бағалы жауһарлар санатына жатады.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында
бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX
ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды.
Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй
аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев,
О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов,
А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің
жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-
тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек.
Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген,
еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде
сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері
биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін
мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай,
үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен
кіндіктес.
Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны
мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы
жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу,
басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз.
М. Әуезов 40-жылдардың өзінде-ақ: Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті
есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл
жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет - деп, оның көркемдік
құнарлығына, бейнелігіне үңілудің қажеттігін айтқанымен, күні бүгінге дейін
бұл мәселе қозғаусыз қалды. Жұмбақ бізді тек ұшқырлығымен ғана емес, әр
түрлі құбылыстарды берудегі икемділік пен дәлдік, сезімге әсерлігімен,
оралымдығымен сүйсінтеді. Сол себепті жанрдың бейнелеу тәсілдері мен
көркемдік құралдарына тоқталып, нақты талдаулар жасау арқылы эстетикалық
тегеурінін көрсетпекпіз.
Жұмбақтағы халық өмірінің бейнеленуін, яки оның шындықпен астасқан
тұсын, поэтикалық құрылымын, басқа жанрлармен қарым-қатынасын айқындау
қажеттілік болып табылады. Әрбір жанрдың даралық белгісі, өзіндік қасиеті
стильдік айшықтарынан айқын бой көрсетеді. Сондықтан жұмбақтың жанрлық
ерекшелігін бажайламақ болсақ, оның поэтикалық, стильдік сипаты мен
өлеңдік-ырғақтық түзілімін, бейнелеу кестелерін айналып өте алмаймыз. Күні
бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып,
оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен тығыз ұштасқан қырлары
толық ашылмай келді.
С.Қасқабасовтың: Әр фольклорлық жанр мен шығарманың мақсаты мен
қызметін түсінбесек, біз оны дұрыс танып, зерттей алмаймыз. Кез келген
жанрдың, шығарманың белгілі бір нысанасы болады. Айтушы да, тындаушы да ол
жанрға, шығармаға өзінше тиісті міндет артады, —деген теориялық байламы
жұмбаққа да қатысты. Басқа фольклор жанрлары тәрізді жұмбақ та көп
қызметке ие. Оның ең басты қызметі - тәрбиелік, танымдық. Жұмбақ қоршаған
ортаны, табиғаттың сырларын, заттардың беймәлім жақтарын тереңдеп бойлап
білуге арналған. Жұмбақтың ат салысуымен адам өзінің айналасындағы дүниені
жақын танып біледі, заттар мен құбылыстардың сан қабат күрделі қарым-
қатынасы мен жақындастығын айқындауға, олардың өзара ұқсас және бөлек
белгілерін жыға ажыратуға төселеді. Г.Л.Пермяков жұмбақтың, әсіресе, жазу-
сызуы кенжелеу дамыған қоғамда педагогикалық-тәрбиелік қызметінің басым
болғандығын көрсетеді. Ғалым дәл керсеткендей, кітап мәдениеті мен ғылымы
бел алмаған қауым арасында табиғат, қоғам хақындағы түсініктерді
жұртшылыққа жеткізуде жалпы фольклордың өзіндік салмағы болды. Әрбір
жанрдың пайда болуы қажеттіліктен туындаған, қоғамдық өмірдің мұқтаж талап-
тілектеріне орай өрістеп отырған, қоғамдық сүранымға ие болмаған рухани
құбылыс дамуын тоқтатқан. Жұмбақтың тәрбиелік уытты қызметі бүгінгі таңда
да солғын тарта қойған жоқ. Десек те бұрын жұмбақ айтысуға жас-кәрі түгел
қатысып белсенділік байқатса, қазір балаларға ғана бағышталған түрге
айналған. Жұмбақ жасөспірімдердің дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ойын
ұшқырлап, тұспалды сөздің мәнін ұғынуға септігін тигізіп, тапқырлығын
шыңдайды.
І тарау.
Қазақ жұмбағының жиналу, жариялану және зерттелу тарихы
Басқа фольклорлық мұралар сияқты жұмбақтың да пайда болу, қалыптасу,
даму тарихы бар. Жұмбақтың арғы тегі көне дәуірлерден тамыр тартып, алғашқы
қауымдық кезеңдерден бастау алады.
Қазақ жұмбақтарының жинала бастаған уақыты – XIX ғасырдың аясы. Ш.
Уалиханов хатқа түсірген 20 шумақ өлең-жұмбақ Санк-Петербург мұрағатында
сақталуда. Бұл жұмбақтар алғаш рет Әлкей Марғұланның назарына ілінген,
кейін 1992 жылы Ана тілі газетіне жарияланды [1]. Ы.Алтынсарин өзі хатқа
түсірген халық әдебиеті үлгілерін таза педагогикалық мақсаттағы қызметіне
байланысты пайдаланған. Ы.Алтынсариннің өзі тұстас орыс шығыстанушылары мен
саяхатшыларынан айырмашылығы сол, ол бала кезінен қазақ ертегілері мен
батырлар жырын, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді тыңдап, еркін сусындап,
жаттап есейген. Кейін ұстаздық-ағартушылық жұмысты өмірлік мұрат етіп, осы
салада қажымай, талмай еңбек сіңірген кезінде фольклорды халықтық ғасырлар
бойы жинаған тәжірибесінен туған тәрбиенің пәрменді құралы деп қарады.
Педагог Қазақ хрестоматиясына фольклор мен ауыз әдебиеті үлгілерінен тек
қолына іліккенін емес, көркемдігі жағынан айшықтыларын, жас өспірімдердің
ой дүниесіне қозғау салатындай тартымдыларын екшеп алған. Ағартушы-ғалым
жұмбақтарды бүлдіршіндерді ынтықтыратындай, ой-қиялын ұштайтындай тәрбиелік
қасиетін бағалай білген. Ы.Алтынсарин жинаған жұмбақтар тақырыбы жағынан
алуан: көшпелі өмір салтынан өрбіген, төрт түлік мал, киіз үй, оның
жасаулары, тағам түрлері, тағы да басқа. Ең бастысы – балалардың білім,
жас, сана ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталып, іріктеліп алынған [2].
1883 жылы Киргизская христоматия атты жинаққа Ақмешіт маңындағы
қазақтар арасынан жазылып алынған 146 жұмбақ енген [3]. Бұл жұмбақтар
тақырыптық құрамы жағынан сан алуан. Алайда жұмбақтар тақырып бойынша
жүйеленбей, орыс әліпбиінің тәртібімен тіркелген. Жұмбақта өзек етілген
тақырыптар: аспан, жер әлемі, табиғат құбылыстары (ай, күн, жұлдыз, күннің
күркіреуі), адам және оның дене мүшелері (аяқ, қол, бас, тіс), хайуанаттар
әлемі (бүркіт, жарғанат, шегіртке, балық, түйе), өсімдік-дақыл (егін, тары,
сәбіз, ағаш), үй мен оның жабдықтары (киіз үй, кереге, мұржа, пеш, сандық,
тұтқыш), ыдыс-аяқ (құман, ожау, шәйнек, қазан), ас-ауқат (ұн, жұмыртқа,
сөк, ет), еңбек құралдары (ине, ұршық, орақ, диірмен), қару-жарақ (балта,
мылтық, оқ, зеңбірек), діни жұмбақтар (ораза, пейіш, имансыз, құдай), оқу-
білім (кітап, қауырсын, қалам, сия, сауыт) тағы басқа.
Кітапта жаңа заманға сай туған жұмбақтарды да жолықтаруға болады.
Мәселен:
Бір минутта дүнияны аралайды,
Сонда да шаршамайды дегендегі бір минут өлшемі сол заман үшін сонылау
образ. Соның ішінде Сыр бойын ежелден тұрақ еткен қандастарымыздың
егіншілікке байланысты туындаған жұмбақтары назар аударарлықтай. Егіншілік
кәсібіне тән сөздер тек жұмбақтың шешуінен ғана емес, сонымен қатар мәтінде
жиі кездесетін жүгері, бау, гүл, астық, тары, ұн, сөк, анар тағы сол сияқты
сөздерден көзге ұрады. Хрестоматиядағы мәтіндер орыс тіліне аударылмаған.
Ертеректегі жұмбақтар енген басылымдардың ішіндегі елеулісі –
А.В.Васильевтің 1900 жылы Орынборда бастырған Киргизские загадки атты
кітапшасы [4]. Жинақта қазақ жұмбақтары алғаш рет белгілі бір жүйемен
беріліп, алғаш рет тақырыптарға жіктелген. А.В.Васильев бұл жұмбақтарды үш
топқа:
- әлемнің физикалық құбылыстары;
- жануарлар туралы;
- адамдар мен олардың үйлері және оны қоршаған заттар туралы; деген
тақырыптарға жіктеген. Зерттеуші кітап алғы сөзінде жұмбақ айтысының ауыз
әдебиетінің қызғылықты ерекше түрі екенін баса көрсеткен және Әубәкір
мен Қожахметтің, Қыз бен жігіттің айтыс жұмбақтарын ұсынған. Оның
үстіне зерттуеші жұмбақтардың тақырыбы халық өмірінің әр түрлі саласын
қамтитынын ескерген. Ғалым діни мазмұндағы жұмбақтарды жеке топтап бере
отырып, оның қазақ жұмбақтары ішінде мол екендігін айтады, әрі оны
таратушылар оқығандар мен молдалар деп тұжырымдайды.
А.В.Васильев – қазақ жұмбағы хақында ой түйіп, алғаш рет ғылыми пікір
айтқан адам. Ол жұмбақтың айтылу ғұрпына да назар аударып, жұмбақ жасыру
кезінде топ-топқа бөлініп, көбіне әйел мен еркек болып екі жікке
бөлінген, не топ арасынан суырылып шыққан жеке кісілердің арасында
болатындығын айтады. А.В.Васильев жұмбақтың ұқсату арқылы жасалатындығын,
мәселен, айдың нанға, жұлдыздың ұсақ тасқа, аспанның төселген теріге, ал
самаурын құлағының шошқа құлағына ұқсатылатынын, мұндай ұқсатулардың
сауатты адам үшін нанымсыз, аңғалдық сияқты көрінуі мүмкін, сөйте тұра
тыңдаушылардың күлкісін шақырып, езу тартқызады деген қызықты тоқтамға
келеді.
А.В.Васильев қазақ арасында жұмбақтардың кең таралғанын айта келіп
былай дейді: ...Қырғыздар (қазақтар) арасында жұмбақтар көп кездеседі,
әрі құрметке ие. Жастардың жұмбақсыз өтетін кештері де сирек. Жұмбақ
сайысына жиналғандар жасыратындар және шешетіндер болып екі топқа
бөлінеді, сайыс көбіне ерлер мен қыздар, не топтан іріктеліп шыққан жеке
адамдар арасында болады. Қырғыздарда жұмбақ сайысы өлең, хат түрінде де
келеді, мұның үлгілері халық жадында ұзақ сақталып, ұрпақтан ұрпаққа
жетіп отырады. Жұмбақтардың дені әдетте ауызша шығарылады, олардың жалпы
қолданысқа еніп кеткендері де баршылық және олар қырғыз даласының әр
түрлі өңірлерінде мәлім. Мұндай түрлерді үлгі жұмбақ деп айтуға болады
[5].
Қазақ жұмбақтарын жинауға белгілі фольклоршы ғалым Г.Н.Потанин де үлес
қосты. Г.Н.Потанин жинаған жұмбақтар ішінде: Үш нәрсе кішкенеден үлкен
болады (от, өлім, дау); сегіз нәрсе тоймайды (көкірек ақылға, көңіл –
ойға, ер – малға, қатын – ерге, от – отынға, жер – адамға, көз – көруге,
тіл – сөзге); төрт нәрсеге тоқтау жоқ (кәрілік, аштық, ажал, ұйқы)
тәрізді қызықты үлгілерін оқуға болады [6].
Әубәкір Диваев жинаған қазақ халқының көл-көсір фольклорлық
жаратындыларының арасында жұмбақтар бір шоғыр. Бұл жұмбақтардың
көпшілігін ол 1880-1890 жылдары Шымкент уезі, Ноғайқара болысының тұрғыны
Е.Ақынбековтың айтуымен хатқа түсірген. Ә.Диваев өзі жинаған 15 жұмбақты
Сырдария жинағында орыс тіліне аударып, жариялаған. Ә.Диваев жұмбақтағы
кейбір түсініксіз деп есептеген сөздерге орыс тілінде қосымша түсінік
берген. Мәселен, қазақтың:
Қатар-қатар тас қойдым,
Жиреншемді бос қойдым, деген жұмбағын:
Разложены камешки рядами,
Главенствует над ним Джеренче, деп тәржімалап, Жиренше сөзіне Адам
аты, қазақ ертегілерінде көп көрінеді, Жәнібек ханның уәзірі болған, өткір
де тапқырлығымен ерекшеленген, астарлы сөйлеген және шешен деген ат
иеленген, - деп түсінік жазған. Дегенмен жиренше - Ә.Диваев көрсеткендей
адам аты емес, жылқының түсіне байланысты алығау атау. Ә.Диваев жинаған
жұмбақтар қомақты болғанымен олардың бәрі сол уақытта жарияланбай тек
қолжазба күйінде келіп, бірсыпырасы кейін басылды [7].
Сонымен, қазақ жұмбақтарын қағаз бетіне түсіріп, жариялау XIX
ғасырдың аяғында басталып, XX ғасырдың басында жанданған болса, кейін Кеңес
Өкіметі тұсында жалғаса түсті.
Көріп отырғанымыздай қазақ жұмбағын жинауда біршама шаруа атқарылған,
әр түрлі қолжазба қорларында ертелі-кеш хатқа түскен ауқымды жұмбақ
жазбалары шашылып, олардың біразы қалың қауымға жол тартып үлгерді.
Көрнекті ағартушы А.Байтұрсынов жұмбақты қазақ фольклорының бір жанры
ретінде қарастыра келіп, былай деп жазады: Жұмбақ деген аты жұмудан
шыққан: яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап
дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. Ойды
бүгіп, айтпай қойып, сол нәрсеге ұсақ нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы
бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе [8]. Алайда
ғалымның жұмбақ сөзінің төркінін түсіндірген пікірінен басқа да пікірлердің
бар екенін ескерген жөн. А.Байтұрсынов одан әрі жұмбақтың бейнелеу
құралдарына тоқталады.
Жазушы Ж.Аймауытов халқымыздың уақыт, жаратылыс, киім-кешек, мал
жайындағы бір топ жұмбақтарын, Көк өгіз атты жұмбақ ертегісін жариялаған
[9].
Айтылмыш жанр туралы зерттеу жүргізген ғалымның бірі – Мұхтар Әуезов.
Оның жұмбақ хақындағы зерттеу мақаласы алғаш рет Әдебиет майданы
журналының 1938 жылғы 10-санында жарияланды, кейін 1940 және 1959 жылдарда
жарық көрген жұмбақтар жинағы ғалымның беташар сөзімен ашылған. Оқымысты
әлгі мақаласында жұмбақтың дүниежүзі халықтарының бәрінде бар Байырғы жанр
екендігін айта келіп, оның кейінгі заманда жақсы дамып, тәрбиенің қуатты
құралына айналғандығына көңіл бөледі. Оқымысты: Сырт қарағанда соңғы
уақыттарда жазба әдебиет күшеюімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан
жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шыкты.
Жұмбақ қазақ халқының арасында да және союздің барлық басқа халықтарының
арасында да әлі күнге тыңнан туып, молайып, дамып келеді.
Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап, басып, тексеріп
тану, ғылымдық зор міндет болады [10.5.],- дейді.
М.Әуезов түрлі халықтардың жұмбақтарының үндесіп жататына көңіл
аударады, оның себебін дұрыс айқындап береді:
Көп елдің жұмбақтарында ұқсас келетін түрі де бар. Ол бұрынғы өткен
шақтағы шаруашылық, қоғамдық құрылыстары ұқсас болғандықтан. Сонымен қатар
бүгінгі жаңа жұмбақтардың ішіндегі теңеу, салыстырулардың ұқсас кеп
отыратыны тағы бар. Мысалы: жаңа жұмбақтарда трактор мен паравозды өгізге,
тұлпарға теңестіру, аэропланды құс деп сипаттау халықтар тіршілігіндегі
шаруашылық іргенің бір негізге құрылғандығынан [10. 7.] .
60-жылдары баспа бетін көрген Қазақ әдебиеті тарихының фольклорға
арналған томдарында жұмбақ жайлы арнаулы тараулар бар. Фольклордың XX
ғасырға дейінгі кезеңіне арналған томында Әлкей Марғүланның зерттеуі
[11.737], кейінгі томында Шеген Ахметовтің мақаласы енген [12.348-359].
Ә.Марғүлан қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихына шолу жасап, тақырыптық
ауқымы, образдық жүйесі жөнінде кеңірек баяндайды. Ғалым өз тоқтамдарын
бұрын жарияланған жұмбақтармен бірге өзі ел аузынан естіген фактілерді
келтіру арқылы тиянақтап отырады. Ә.Марғүлан: жұмбақ айтушы көбінесе
өзінің істейтін кәсібіне қарай үйлестіріп, не көрсе, не істесе соны жұмбақ
ететін болған, мәселен, егінші егін туралы айтса, бақташы мал туралы,
пішенші көп шабатын еңбек құралын жұмбаққа қосады, аңшы жыртқыш аң туралы
айтса, мерген атқыштығын айтады, - деп бағамдайды. Қызықты түйін. Әр
түрлі кәсіпке маманданған еңбек иелерінің репертуарындағы жұмбақтарды жазып
алып зерделеу, толымды топшылау жасауға әкелері хақ, себебі жұмбақшы ат
үсті көзге шалынған құлағы шала-шарпы естіген жәйттарды емес, өзіне қыры-
сыры мәлім, етене жақын заттарды тұспалдауға ұмтылатыны заңды. Орыс
тіліндегі Қазақ әдебиеті тарихының" жұмбақ турасындағы тараушасының
авторы - танымал тілші-ғалым Телқожа Жанұзақов [13].
Жоғары оқу орындарының студенттеріне бағышталған
М.Ғабдуллиннің Қазақ ауыз әдебиеті (1959), Ә.Қоңыратбаевтың Қазақ
фольклорының тарихы (1991), М.Тілеужановтың Ел әдебиеті (1991)
оқулықтарынан жұмбақтың жанрлық сипаты туралы ой-түжырымдарын табамыз.
М.Ғабдуллин жұмбақ не себептен шықты деген сұраққа өз
пайымдауымен жауап іздейді: Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі
заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден
жасалғандығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты
шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала жаратылыс
дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанат
жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс
бір затты екінші бір затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-
біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қандай зат екенін, неден шыққанын
анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осыдан шыққан.
Жұмбақтың түп тегі, даму эволюциясы жайында келесі тарауда
кеңірек баяндайтын болғандықтан бұл жерде тоқталып, өз
пікірімізді келтіріп жатпаймыз. Нысанбек Төреқұлов та қазіргі
қазақ жұмбақтарының даму бағдарлары жайында сөз қозғайды [13, 81-85].
Жұмбақтар хақында айтқанда, ерекше бөліп көрсетуге тұрарлық еңбектер -
Машрап Әбжанов пен Жаңыл Адамбаеваның зерттеулері. М.Әбжанов Қазақ
халқының жұмбақтары (А., 1966) атты кітабында жұмбақтың тарихи
даму жолдары және басқа жанрлармен ара қатынасы, тақырыбы, мазмұны
турасында сөз етеді. Ғалым жұмбақтарды құрылысы, айтылу, жасалу
жолдарына қарай мынадай топқа бөліп қарастырады:
1.Қара сөзбен айтылатын жұмбақтар;
2.Жұмбақ ертегілер;
З.Өлеңмен айтылатын жұмбақ ертегілер;
4.Жұмбақ айтыстары;
5.Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер;
6.Диалогқа құралған сұрау, жауап түріндегі жұмбақтар;
7.Есеп жұмбақтар.
Екінші арнаулы зерттеу – Жаңыл Адамбаеваның Қазақ жұмбақтарының әдеби-
стилистикалық және тілдік ерекшеліктері атты тақырыптағы филология
ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін жазған диссертациясы (Алматы, 1966).
Мұнда диссертант жанрдың тілі мен құрылысы, морфологиялық, синтаксистік,
лексикалық ерекшсліктерін нысанаға айналдырумен шектеліп қалмай, оның шығу
тегі, поэтикалық-бейнелеу құралдары, мазмұны мен тақырыбы жөнінде сөз
қозғайды.
Академик Зәки Ахметов қазақ өлеңі туралы көлемді монографиясында
жұмбақтың ырғақтық құрылымы, ұйқастық жүйесі жайлы байсалды тұжырымдар
жасаған. Оның: Халық мақалдары, жұмбақтар, афоризмдер - ырғақты сөйлеудің
тамаша үлгісі, олар көлемі жағынан кішкене болуына қарамастан көбіне нағыз
өлең санатына жатады. Егер аса көлемді поэтикалық туындылар (өлеңдер мен
поэмалар) қатаң ырғақтық құрылымға иеленіп, аяқталған формасы болса, біз
мақал, жұмбақтар мен афоризмдерден сан алуан, әрі қарапайым әрі ырғақтық
түрі жағынан еркін өлең үлгілерін табамыз, [14. 210] деген пікірінің мәнді
екендігіне дау жоқ.
Қазақ фольклорының белгілі жинаушысы Қыдырәлі Саттаров
халқымыздың қызғылықты салты - жұмбақтың айтылу ғұрпынан хабар береді[15.
87-91].
Психолог-мамандардың жұмбаққа ден қоюы оны басқа қырынан тануға мүмкіндік
ашқан [15. 28].
Ақын Мұзафар Әлімбаев пен сыншы Құлбек Ергөбековтің Қазақ әдебиеті
газетінің бетінде жарық көрген (1987, №26) Жүйрік ойдың жүлдесі атты
көлемді мақаласы қазіргі жұмбақ пен бұрынғы фольклорлық дәстүрдің
сабақтастығынан ой өрбітеді. Авторлар әуелі жұмбақтың ерекшелігіне,
зерттелу тарихына, туысқан халықтар мұраларымен үндес жақтарына, Кодекс
куманистегі үлгілеріне тоқтала келіп: Орыс жұмбақтарының өлеңдік
құрылысы соңғы жылдары арнайы зерттеу нысанасына айналып отыр. Біздіңше,
жұмбақтың поэтикалық зандылығына көп уақыт зер салынбаған, себебі сол
мақал, мәтел, жұмбақты поэзия деп танымау. Шындығында ауыз әдебиетінің
шағын формалы жанрлары мақал-мәтел де, жұмбақ та өлең, жұмбақтың
поэтикалық заңдылығын, өлсң құрылымын арнайы тексеру керек деген ой
түйеді.
М.Әлімбаев пен Қ.Ергөбеков қазіргі ақындардың жұмбақтарына шолу жасай
келе, ауыз әдебиеті тәжірибелерінен өнеге, тәлім алу керек деп
қорытындыласа, Ш.Ахметов пен К.Ісләмжанұлы жұмбақтың балалар өмірінде үлкен
орын алатындығына, оның тәрбиелік жөне танымдық мәніне назар аударған [16,
30].
Н.Оңғарбаева Қазақ жұмбақтарының тілі (А.,1997) атты филология
ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазған диссертациясында
жұмбақты төрт негізден: жұмбақ объектісі, жұмбақ баламасы, жұмбақ тексі,
жұмбақ мотивінен тұрады деген түйін жасап, нақты талдаулар жасаған.
"Міне, осы төрт негізге сүйенгенде ғана жұмбақ жұмбақ бола алады,— деп
тұжырымдайды Н.Оңғарбаева, - олар өзара тығыз байланысты және бірінен-бірі
туындап отырады: жұмбақ түзуші, ең алдымен, жұмбақтың объектісін таңдауы
керек, одан соң ол объект - атаудың мән-мағынасын басқаша айтып
түсіндіретін, оған орынбасарлық жасайтындай сөз, сөз тіркесі не тұтас
сөйлем түріндегі балама сайлау қажет. Бұл түгел бас қосып жұмбақ тексін
кұрайды [Сонда, 66- б.]
Ол қазақ жұмбактарын былайша жіктейді:
1. Қара сөз түріндегі жұмбақтар:
ҚСТ ертегі жұмбақтар,
ҚСТ сюжетті жұмбақтар,
ҚСТ сұрақ-жауап жұмбақтар,
ҚСТ есеп жұмбақтар,
ҚСТ әзіл-ойын жұмбақтар,
ҚСТ ең қысқа жұмбақтар.
Халық жұмбақтары,
Авторы белгілі жұмбақтар.
2. Өлең (сөз) түріндегі жұмбақтар:
Өлең түріндегі жұмбақтар,
ӨТ айтыс жұмбақтар,
ӨТ сұрақ-жауап жұмбақтар,
ӨТ есеп-шешім жұмбақтар.
3. Сөз жұмбақтар:
Сөз жұмбақ,
Ұқсас сөздер жұмбағы,
Ұйқас сөздер жұмбағы
Метаграммалар,
Шарадалар.
Зерттеушілер жұмбаққа қатысты әр түрлі терминдерді көлденең
тартады. Қытайдағы қазақ фольклорын тексерген Дәлелбек
Қиянатұлы Жұмбақ анықтамасы мен түрлері туралы атты
мақаласында жұмбақ екі бөліктен тұрады дей келе, теңеулік және
түбірлік деген терминдерді қолданған 17, 9-87]. Бұл тұста
автор айтып отырған теңеулік-тұспал мәтін, түбірлік деп отырғаны
- байламы, яғни шешімі.
Жұмбақтың адам бойындағы әсемдік сезімін ұштайтынына тоқтала келіп,
Ш.Әлібеков қызғылықты пікір айтады:
Жұмбақтарды оқып отырғанда халық тұрмысы, эстетикасы, өмір тынысы көзге
елестейді. Жұмбақтар кішкене құбылыстарды суреттегенімен, өмірдің үлкен
шатқалаңдарын, қоғам бейнесін, адам тұрмысын көрсете біледі. Заман
көрінісін, мәдениетін танумен бірге, әсемдік жайлы ойлары мен көзқарасын
білдіреді. Жұмбақтар адам бақытын, өмір көркін, сәнді тұрмысты, астарлы,
ойлы, нақышты сөзбен суреттсп көпшілікті желпіндіріп отырады [18. 70].
Қазақ жұмбақтары 1934 жылы баспаға әзірленгенмен сол кездс жарыққа
шықпаған. Кітапқа алғы сөзді белгілі қаламгер Зейін Шашкин жазған. Кітаптың
латын әрпіндегі қолжазбасы Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасының
қолжазба қорында тұр.
1940 жылы көрнекті тілтанушы ғалым Сәрсен Аманжоловтың құрастыруымен
қазақ жұмбақтары кітап болып басылып шықты. [19]. Бұл кітапқа 818 жұмбақ
топтастырылып, олар мазмұнына сәйкес жиырма тақырыпқа жіктелген,
нөмірленген. Кейін айтылмыш, басылым толықтырылып, екінші рет баспа бетін
көрді[19]. Бұл кітаптағы жұмбақ саны - 929. Кітапта халқымыздың бұрыннан
келе жатқан дәстүрлі мұраларымен бірге жаңа өмірді сипаттайтын, ғылым мен
техниканы бейнелейтін алуан тақырыптағы жұмбақтар қамтылған.
1940 жылғы жинақтағы жұмбақтар төмендегіше топтастырылып берілген:
I бөлім. Аспан туралы, жер жайында, хайуандар мен жәндіктер,
құстар хақында, егіс және өсімдікке қатысты.
II бөлім. Адам және оның мүшелері туралы. Тамақ және ішімдік
жайында. Киім-кешек жайында. Үй-қыстақ турасында. От жағу,
жарық қылу жайында. Ыдыс-аяқ, қол ісі, үй жабдықтары және керек-жарақ,
қатынас, жүріс-тұрыс, оқу-білім, техника және ақша,
ойын-сауық, ән-күй туралы, уақыт туралы, жұмбақ айтыстар.
Бүгінгі таңда жұмбақтардың жариялану жайын сөз еткенде қазақ жұмбақтарын
жинап-жариялауда балдырған журналының елеулі қызмет атқарғанын бөліп
көрсету абзал. Журнал алғашқы шыққан күнінен бастап, халық ауыз әдебиеті
үлгілерінің тәлімгерлік уытын байқағандықтан да беттерінен тұрақты орын
беріп отырады. Редакция бұрыннан мәлім фольклорлық мұраларды ұсынуға
қанағат тұтып қоймай, басқа жұрттардың фольклорлық ертегі, санамақ, балалар
ойыны тәрізді қазыналарын аударып бастырумен шұғылданады. Балдырған ел
ішіндегі фольклорлық жауһарларды ескеріп, жинауға қозғау салды. Журналдың
мұндай жинаушылық шаруаға ат салысуы күн санап ұмытылып бара жатқан
қастерлі мұраларымызды тез арада хатқа түсіруге көпшілікті тартудың,
араластырудың қажеттілігін сезінгендіктен.
1971 жылғы 2-санында балаларды ел ішіндегі тың мақал-мәтел, жұмбақтарды
өздеріне жіберуді сұраса, 1973 жылғы 1-санында: 1971 жылдан бері біздің
журналдың тапсырмасы бойынша оқырмандар көптеген жұмбақ пен мақал-
мәтелдерді жинап, редакцияға жіберді. Журнал алқасы халық ауыз әдебиетінің
қазынасын жинауға қатысқан кішкентай оқырмандарға алғыс айтып:
Балалар! Алдағы уақытта да жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз-ертегі,
күлдіргі әңгімелер, әзіл-оспақтар жинап жіберіңдер.
Төменде редакцияға келген хаттардан бірнеше жұмбақтар жариялап отырмыз,
- деп жазады.
Журналдың жұмбақтарды жинаған оқушыньң аты-жөні, мекен-жайымен қоса
жариялауы жас өспірімдерді ынталандырып, ортақ іскс араласуына жұмылдырған.
Ертегі, жұмбақ тәрізді мұралардың соны үлгілері журналдың тартымдылығын
арттырып, ажарландыра, әрлсндірс түсуіне септескен.
Соңғы кезде әр түрлі газет-журнал беттеріндс жарияланып жатқан жұмбақтар
да қыруар. Әсіресе, мұндай қазыналар Қазақстан пионері (қазіргі Үлан),
Мәдениет және тұрмыс (Парасат), Қазақстан әйелдері, Ана тіл
басылымдарда үздіксіз көрінуде. Алайда газет-журнал беттерінде оқырманға
жол тартқандардың бәрі бірдей халықтың дәстүрлі мұралары емес, олардың
ішінде авторлық дүниеліктер де аз кездеспейді. Кейде авторлы жұмбақ пен
халық жұмбақтарының аражігін ажыратып алу да оңайға соқпайды. 1972 жылы
Жазушы баспасынан басылған Жұмбақтар атты кітапшаға М.Әлімбаев,
Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев бастаған 10 ақынның туындылары енсе, Жеті жүз
жұмбақ (Жалын,1985) атты жинаққа негізінен авторлы жұмбақтар кірген. Жеті
жүз жұмбақ (құрастырған Әдібай Табылдиев) топтамасынан 120 халық жұмбағын,
Сапарғали мен Нұржан, Әсет псн Ырысжан, Қожахмет пен Кердері Әбубәкірдің
арасындағы жұмбақтарды, Абай, Сұлтанмахмұт, Шораяқтың Омары, Қалибек
Қуанышбаевтың жұмбақтарын оқуға болады. Кітапта қазіргі ксзеңнің 51
ақынының жұмбақтары бар. Олардың ішінде Мүзафар Әлімбаев, Әбдікәрім
Ахметов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Жақан Смақов іспеттес танымал қаламгерлермен
қатар Ақылбек Шаяхметов, Көмек Ыбыраев, Шарифолла Саниев сықылды аты
беймәлімдеу авторларды жолықтырамыз. Кітап балаларға бағышталғандықтан
бұған кірген мұраларымыз солардың талап-талғамына, қабылдауына сәйкес
іріктелген.
ІІ тарау. Жұмбақтың жанрлық ерекшелігі
Жұмбақтың өзіндік ерекшелігі неден көрінеді? М.Ғабдуллин оны
былайша тұжырымдайды: Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-
түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас
жақтарын сипаттайды, ол заттың өз атын жасырын ұстайды.
Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт
көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы
жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз [19. 320], ал В.П.Аникин:
Загадка есть мудреный вопрос, поданный в форме замысловатого, краткого,
как правило, ритмически организованного описания какого-либо предмета или
явления... сделанное с целью придать ему поэтический взгляд на
действительность [20. 54-56], - деп жазады.
Жұмбақ жанрына анықтама беруіміз қажет. Жанрға анықтама берудің тек
теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да мәні бар. Себебі
мұндай үлгілерді ажырату жұмбақ топтамаларын құрастыру кезінде басқа осыған
ұқсас үлгілердің еніп кетуін болдырмау үшін қажет.
Жұмбаққа анықтама беру үшін оның қызметін саралауымыз дұрыс. Жұмбақ -
адамның ақыл-ойын, білігін сынау мақсатындағы сауал. Бұл анықтама да
жеткіліксіз. Жұмбақ жай ғана сауал, не сұрақ емес, өзі жасырған не
құбылыстың бір белгісін, қасиетін нұсқап, сол арқылы оны табуды тыңдаушыға
жүктейді.
Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді. Оны
қазақ дәстүрінде жұмбақтың байлауы және жұмбақтың шешуі дейді. Шешуі
болмаса - жұмбақ мағынасыз. Әрине, әдейі адамдарды адастыру үшін ойлап
табылған әзіл үлгілері де кездеседі. Сол себепті Ахмет Байтұрсынов
Әдебиеттанытқыш атты кітабында:
Бас қатырғыш. Бас қатырғыш жұмбақ сияқты бұл да ойландыратын нәрсе,
бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа әурелейді. Шешуі жоқтығын білмей,
жұмбағын табамын деп ойланып, адамның басы қатады. Сондықтан бас қатырғыш
деп айтады, -дейді [8. 235-236].
Ғалым осы кітабында өзі саралаған ауыз әдебиеті түрлерінің үлгілері
қосымшада тіркелгенін ескерткенімен, ол бүгінгі күнге жетпеген. Ауыз
әдебиетінің осы бір қызғылықты түрінің жиналмай, елеусіз қалуы өкінішті.
Бас қатырғыштың есеп ретінде келетін төмендегі үлгісін Ахметулла Қалиұлының
аузынан хатқа түсірдік: Тоқсан өгізді тоғыз қазыққа жұпсыз байлап бер.
Шешімсіз жұмбақ өзінің жанрлық ерекшелігін жоғалтады. Жанрдың екі
бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Кейде бір жұмбақтың
екі не одан да көп шешімі болуы мүмкін:
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қиық қылдырықтай.
(Құмырсқа) [21. 52]
Екі басы жұмырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Тұтқыш) [21.98].
Жатса - қояндай,
Тұрса - түйедей.
(Шымылдық) [21.104]
Тұрса - түйедей,
Жатса - қояндай.
(Ер-тоқым) [21. 109].
Осы тәріздес мысалдарды кез келген жұмбақ топтамаларынан ұшыратамыз.
Мұндай болу себебі – жұмбақта тиек етілетін қасиет бірнеше заттың бойында
болуы мүмкін. Жұмбақты әркімнің түрлі ұғынуына таңдануға болмайды. Бір
жұмбақты адамдар тәжірибесі мен түсінігіне байланысты түрлі шешетінін, бұл
шешімнің өзінше дұрыс болатындығын айта келіп, М.М.Мұқанов пен
К.А.Нұрғалиев бұл құбылысты көп мағыналы логика, өйткені бір ақиқаттың көп
мағынасы болады деп пайымдайды [22. 36].
Жұмбақтың екі жағы бар: бірінші, тыңдаушының көз алдында
тұратын сурет те, екіншісі, тындаушы назарына ұсынылған бүркеме
бір зат, не құбылыс. Осы астарлы бүркемені білу үшін болжалдап
Ой жүгірту, бас ауырту керек.
Жұмбақтың басқа фольклорлық жанрлардан оқшау, өзгеше тұстары
неде?
Қандай да бір жанрдың сипаты туралы сөз болғанда сюжеті бар ма деген
сұрақ тууы хақ. Мәселен, ертегі, батырлар жыры тәрізді жанрларда сюжет
маңызды орын алып, қандай бір оқиғаны, не жағдаятты баяндайды, әрбір
сюжеттің басталу, шарықтау шегі мен шешімі болады. Осылайша ертегі мен
батырлар жырында сюжет жетекші құралдардың бірі болып, сюжет
көмегімен образдар сомдалып, негізгі идеялық мазмұны ашылады.
Ал лирикалық жанрлар, мақал-мәтел, жұмбақ тәрізді жанрларда сюжеттің
болуы шарт емес, олар бір оқиғаны, шытырман жағдайды ұзақ-сонар
баяндап жатпайды. Басқа шағын жанрлар іспетті жұмбақ та белгілі бір
жүйемен дамып, шешілетін оқиға болмаса да, сюжеттік
элементтер, оқиғаның ұшқыны, үзік-үзік эпизодтар көрініс табады. Жұмбақ
еркін көсіліп жайылуды сүймейді, көп сөзділікке бой ұрмай,
ықшам, жинақы пішіледі.
Көлемі, құрылымы жағынан жұмбаққа ұқсас келетін жанр — мақал-мәтел.
Бірақ фольклорлық екі жанрдың атқаратын уәзипасы, мақсат-мүддесі, көтерер
жүгі екі басқа. Мақал-мәтел көбіне жақсы мен жаманды айырып, пайымдау,
дидактикалық уағыз айтуды көксесе, жұмбақ бір затты не құбылысты нысана ете
отырып, оны астарлап, бүкпелеп бейнелеуді, осы тұспал бейнені тындаушыға
табуды артады.
Сюжетті жанрлардың, негізінен, кейіпкер немесе персонаждың атын
атап, мінез-құлқын бедерлеуге, әрекет үстінде оның болмысын,
жақсы-жаман қасиеттсрін ашуды, даралауды мұрат ететіні мәлім.
Сюжетсіз жанрлар қатарына жататын ән жанрында адамның ішкі жан тербенісін,
сезімін қозғай отырып, лирикалық каһарманның ішкі дүниесін ақтарады. Ал
жұмбақ бір адамдарды, не жануарды ауызға алғанымен оның мінез-
болмысын айқындауды, тағдырын баяндауды мойнына алмайды, тек оның қимыл
әрекетін, қасиетін, өзгеше белгісін елестететін штрих, детальді
ғана дөп басады. Шағын деталь, кішкентай штрих тұспалдаған
затты, не құбылысты бір қырынан суреттеп, көшірме бейнесін
жасауға септеседі.
Фольклордағы қызықты процесс – айтушы мен тыңдаушының байланысы, олардың
бір-біріне тигізер ықпалы. Бұл екі тұлға кеңістік пен уақыт арқылы
бөлектеніп, ажырамайды. Бір кеңістік пен аудитория екеуін жақындастырады,
табыстырады, бетпе-бет отырғандықтан тыңдарманның ынта-ықыласы, қабылдауы,
көзқарасы сол арада көрініп тұрады. Жұмбақ жасыру кезінде айтушы мен
тыңдарман бір-бірінен сырт қалып алшақтамайды, жасыру мен шешу — екі жақтың
қатысуымен жүзеге асатын шығармашылық өнер. Шешуші енжар күйінде қалмай, өз
байламын көлденең тартады. Айтушы қарсыласының ой-өрісін ескереді, егер
жұмбақ жеңіл болса, күрделіге ауысады, ал қиындық келтірсе, жеңілге қарай
ойысады. Мұндай коммуникациялық қатынаста екеуінің орны жылдам өзгереді,
енді шешуші жұмбақ жасыруға тез көше алады. Екі жақ та ойын кезінде бірін-
бірі қанаттандырып, ұштап отырады. Жұмбақ мәтіні мен оның шешімі бір
жағынан адамдардың диалогы тәрізді, осы диалог ойынға кемінде екі адам
қатысуы шарт, біреуі — жасырушы, екіншісі — шешуші.
Фольклор жанрларының арасына шекара қою қиын. Олар бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Кейде жанрлық жіктелудің шартты екенін де ескергеніміз
абзал. Кейбір халық әдебиетінің түрлері жұмбақ тәрізді астарлы, емеурінмен
келеді. Жоғарыда айтқанымыздай, жұмбақтың белгілі шешімі болуы қажет. Осы
тәріздес халық әдебиетінің басқа жанрлары да ортаға сауал тастап, оны
табуды керек етеді. Бірақ оны таза жұмбаққа жатқызу қиын. Жұмбақтар
мазмүндық әрі ішкі қүрылымдық байлығымен ғана емес, әр алуан жанрлармен
астасып-тоғысып жататын, аралық жанр түзетін ерекшелігімен көзге шалынады.
С.Қасқабасовтың сөзімен айтсақ: Ешбір жанр саф алтындай таза күйде
болмайды. Өйткені, ол жападан-жалғыз өмір сүрмейді, ұзақ көркемделу
процесінде жанрлар бір-бірімсн тығыз байланысқа түседі, олар бір-біріне
ықпал жасап, кірігіп, тіпті жаңа жанрға негіз де болады, бірақ олар қосылып
кетпейді, әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді [23. 22].
2.1. Жұмбақ жанрының көркемдік-стильдік сипаты
Әрбір жанрды оқшаулайтын қыры алдымен поэтикалық амал, тәсілдерді
екшеп, талғап қолданудан байқалады. Бұл пікір әр жанр
басқа жанрда кездеспейтін тәсілдерді ғана қолданады дегенді
аңғартпайды. Мәселен, қайталау, ырғақ, айқындау, әсерлеу
фольклордың көпшілік жанрларына еншілі, бірақ олардың
әрқайсысы осы компоненттерді мақсаты мен мүддесіне орайластырып,
әр түрлі дәрежеде кәдеге жаратады. Жұмбақтың жасалу, суреттеудегі әдіс-
тәсілі басқалау екендігін аңдау қиынға соқпайды. Бұл сұрақтарға жауап беру
үшін жұмбақтың поэзиялық құрылымы мен образдық көркемдік кестесін айналып
өте алмаймыз. Жұмбақтың поэтикалық болмысын екі бағытта қарастыруға болады:
1.Өлеңдік-ырғақтық жүйесі;
2. Образдық бейнелеу тәсілдері;
Осы екі қыры жұмбақтың төн бойында шебер табылып мазмұнды көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан уытты етуде бірін-бірі толықтырады.
Аталған жанрда белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық
ұйқастық құрылымы сан түрлі өрнектеледі. Олардың ішінде төрт аяғын тең
басқан өлең түріндегі үлгілермен қатар қарапайым қара сөзбен келетіндері аз
емес. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жағынан
жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділігі.
Жұмбақтың синтаксисі де осымен байланысты, бөлек-салақ ештеңе байқалмайды.
Ол көбіне қысқа, жақты сөйлемдерден етек-жеңі жинақы пішіледі.
Архитектоникасы түйінді, ықшам болуына қарамастан құрылымдық бітімі әр
алуан болады. Кейде образбен өрілген кішкене ғана үғымды білдіретін сөйлем,
не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Осы жағынан алып қарағанда мақал-мәтелге
қатты үқсайды. Академик Зәки Ахметовтің төмендегі пікірінің жұмбаққа да
қатысы бар:
Мақал-мәтел де басқа поэтикалық формалардың үлгілері тәрізді кейде шағын
сөйлемдерден тұрады. Мұндай жағдайда ол қарапайым ғана ырғақты-құрылымдық
түрге иеленеді, әдетте аяқталған ырғақтық түрге иеленбесе де, түрлі
дыбыстық қайталаулар арқылы біріледі [24. 212]. Жұмбақтың жоғарыда
бір ғана жолдан тұратындығын айттық. Мысалы:
1. Үйдің іші толған мыс кене.
(Керегенің көзі).
2.Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.
(Уық, шаңырақ). З.Таудан тас құлады.
(Көздің жасы). 4.Үй айнала қан төктім.
(Басқұр). З.Бір ұяда - жеті жұмыртқа.
(Апта).
Мысалдар - синтаксистік тұрғыдан қарағанда жай сөйлем үлгілері. Біреулері
толымды болса, екіншілерінің бастауыш, не баяндауышы түсіріліп толымсыз
сөйлемге айналған. Жұмбақ – үнемішіл, басы артық, орынсыз тұрган сөзді
көтермейді. Егер айтудан ұғымға ауырлық келтірілмесе, эллипсис тәсілімен
әдейі қалдырып кетеді. Бірінші жұмбақта толған етістігі мыс кене
сөзінің алдына шығарылып, саналы түрде инверсияға барған. Бұлайша сөздердің
дағдылы орын тәртібін бұзу мағыналық реңк дарытқан. Жұмбақтардың бәрі қара
сөзбен келуіне қарамастан образды, айшықты. Тек екінші, үшінші жұмбақтарда
ғана аллитерациялық үндестік, буын сәйкестігі сақталған. Қара сөз
жұмбақтарда ішкі ұйқас, дыбыс қайталаушылықтың болуы шарт емес. Бірақ
жұмбақты тыңдаган не оқыған кезде жай ғана хабарлы сөйлемдей қабылдамаймыз.
Мұның сыры - бейнелі ауыстырумен келуінде.
Сонымен, қазақ жұмбақтары қара сөз және өлең түрінде болады. Өлең
түріндегісі екі жолдан асуы қажеттілік.
Екі жолды:
Мекеде бір ағаш бар түбі жуан,
Он екі ұл, алпыс қызы бір күні туған.
(Адамның он екі мүшесі, алпыс тамыры).
Сырты - қылшық,
Іші - былшық.
(Кірпік пен көз).
Үш жолды:
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке қарай үш аяқты.
(Адамның балалық, есі кірген, қартайған кезі).
Төрт лаулау,
Екі дің-дің,
Бір шібжің.
(Түйенің төрт аяғы, екі өркеші, құйрығы).
Жұмбақтардың буын саны әрқилы, төрттен он екіге дейінгі аралықта.
Бәрінде де ұйқас бар. Тармақ жолдары ұйқас арқылы бірігіп тұтастық алған.
Жұмбақ ішінен ұйқастың толымды, толымсыз түрлерін кездестіреміз. Жұмбақ
кейде қара өлең ұйқасын пайдаланады, мұндай жағдайда буын саны тұрақты,
біркелкі.
1.Адам жоқ, салмақ салмаған, а
Орны жоқ, кезіп бармаған, а
Тізе бүкпей әлі тұр, б
Сонда да таяғы талмаған а
2. Төрт аяқты болса да жүре алмайды, а
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды, а
Жайлаған дүниеге бір ғажайып, б
Тік көтеріп отырар адамдарды. а.
Мысалдардағы үйқас өрімі: а,а,б,а буын саны алғашқысында — 8, кейінгіде
11 буынды болып кестеленген.
Осындай өлең өрнегіндегі көркемдігі келіскен жұмбақ мысалдарын сандап
табамыз. Алтай, башқұрт т.б. түркі халықтарының жұмбақ топтамаларынан 11
буынды қара өлең формасын ұшырата алмаймыз. Аталған өлең формасы қазақ
өлеңінің жетілгендігін айғақтайтындығы теоретиктер еңбектерінде анық
айтылған. [25.92].
Енді жұмбақтардың буын өлшеміне көңіл қоялық.Неғұрлым аз буынды
жұмбақ тілге жеңіл оралып, тез жатталады.
Үш буынды:
Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған.
Төрт буынды:
Жайса – көлдей,
Жиса – жеңдей
Алдын айпар,
Жанын жайпар.
Бес буынды:
Түнде түйедей
Күндіз түймедей,
Тептім терекке
Шықтым биікке.
Жеті буынды:
Бәсіредегі бес бие
Бесеуі де құлынды,
Құлындары торы ала,
Құйрықтары сары ала.
Сегіз буынды:
Кішкене ғана тостаған
Айдалаға тастаған.
Аралас буынды:
Асты тас
Үсті тас
Ортасында шандыр бас.
Мысалдар жұмбақтардың буын саны бір қалыппен емес, неше алуан
құбылатынын айғақтайды. Ең бастысы бәрінде де ырғақ, Соңғы ұйқас бар.
Жұмбаққа тән тағы бір ерекшелік – тармақ соңындағы сөздің үнемі
қайталануы. Сонымен қатар синтаксистік параллелизм, сөздердің грамматикалық
құрылысындағы ұқсастық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz