Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 4
КІРІСПЕ4: І
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
КІРІСПЕ4: 1. 1
Әлеуметтік сала - экономикалық өсудің негізгі факторы …… 6
КІРІСПЕ4: 1. 2
Әлеуметтік саладағы ұйымдар және кәсіпорындар: қызмет ету ерекшеліктері . 11
КІРІСПЕ4: 1. 3
Әлеуметтік сфераны реформалаудың әлемдік тәжірибесі ……. 15
КІРІСПЕ4: ІІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА: ҚЫЗМЕТІ, ҚАРЖЫ КӨЗДЕРІ
КІРІСПЕ4: 2. 1
Қазақстанның экономикалық даму кезеңіндегі әлеуметтік сфераның қазіргі жай-күйі . 24
КІРІСПЕ4: 2. 2
Әлеуметтік саладағы қаржы ресурстарының құрылуы ………. 31
КІРІСПЕ4: 2. 3
ҚР әлеуметтік саладағы кәсіпорын ресурстары 36
КІРІСПЕ4:
ҚОРЫТЫНДЫ . . 4 1
КІРІСПЕ4:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 43

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының көлемі - 44 бет, кесте - 3, пайдаланылғын әдебиеттер - 34. Негізгі сөз түйіндері: әлеуметтік сфера, әлеуметтік саясат, әлеуметтік орта, әлеуметтік кепілдіктер, әлеуметтік қызмет көрсету рыногы, білім беру қызметі, денсаулық сақтау қызметі, әлеуметтік-бағдарланған рыноктық шаруашылық, әлеуметтік саладағы ұйымдар, кәсіпорын ресурстары, әлеуметтік саладағы қаржы ресурстары.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде аса маңызды міндетті алға қойды. Бұл міндетті шешу, ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдылықтарды іске асыруға негізделген. Өйткені, елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюы оның экономикасының сапалық тұрғыда өрлеуі мен әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Жолдаудың тағы бір ерекшелігі - қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейін көтеруге бағытталған шаралар белгіленген маңызды әлеуметтік басымдылықтар болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік қорғауды күшейтуге және оны рыноктық экономика талаптарына сай қайта бағдарлауға ерекше назар аударылуы. Бұл міндетті ойдағыдай шешуге халықтың экономикалық белсенділігін көтеруге, елдің еңбек әлеуеті сапасын арттыру мен халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталуы еді. Осыған орай білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік сала қызметін арттыру өте маңызды және озекті мәселе болып табылады, өйткені елдің жақын арадағы және болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы оны шешумен тығыз байланысты. [1, 11 б. ]

Диплом жұмысының мақсаты - қазіргі ұлттық экономикадағы әлеуметтік саланың теориялық жане практикалық аспектілерін зерттеу табылады.

Диплом жүмысының міндеттері - әлеуметтік сала - экономикалық категория тұрғысынан қарастырылып, ондағы әлеуметтік ұйымдар мен кәсіпорындар қызметінің бағыт-бағдарын көрсету, әлеуметтік сфераны дамытудың әлемдік тәжірибесін қарастыру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала ұйымдарының қазіргі жағдайы мен оның дамуына әсер ететін себептерді анықтау, әлеуметтік саладағы қаржы және кәсіпорын ресурстарының орнын анықтау.

Диплом жұмысын жазу барысында отандық, шетелдік ғалымдар мен мамандардың еңбектері, сонымен қатар бүқаралық ақпарат құралдарында жарияланған заң қүжаттары мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.


КІРІСПЕ

Рыноктық механизмнің және институттардың сақталу негізінде, мемлекет функциясының кеңейтілуі қазіргі заманғы қоғамда әлеуметтік-экономикалық процестердің қиындықтарынан туындап отыр. Қазіргі қоғамның көптеген негізгі мәселелері тек рыноктық механизмнің жолымен тиімді шешілуі мүмкін емес. Бұл ең алдымен, экономикалық өсудің маңызды көзі болған әлеуметтік сфераға қатысты жағдайды нығайту. Яғни, өмір сүрудің деңгейі, білім, еңбек көшінің біліктілігі, халықтың денсаулығы, қоршаған орта және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін экономикалық өсудің қарқынына және сапасына тікелей ықпалын тигізеді. Ең алдымен, бұл экономикалық дамуды соңғы мақсаттарға жетуге қайта бағдарлаудан көрінеді, яғни халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру. Заман талабына сәйкес бұл аталған факторлардың маңыздылығы арта түседі.

Мемлекеттің маңызды қызметінің бірі - рыноктық тиімділік пен әлеуметтік теңдік арасында тепе-теңдікті сақтау. Принципті түрде қойылған міндеттің ел экономикасына таңсық құбылыс ретінде енуі мүмкін емес. Бұл әлеуметтік рыноктық экономиканың моделі рыноктық заңмен қызмет етіп, мемлекеттің белсенді араласуы негізінде қызмет атқаратын экономикалық жүйе болып табылады.

«Ұлттың нағыз байлығы - оның адамдары». Дамудың мақсаты адамдардың ұзақ, салауатты және шығармашылық өмір сүрулері үшін қолайлы орта жасаумен түйінделеді. Осы қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқат материалдық және қаржы жөніндегі әл-ауқатқа қол жеткізу үдерісінде жиі ұмытылады”. Бұл сөйлемдер - адам дамуы туралы 1990 жылы басылып шыққан бірінші Есептің алғашқы жолдары. Адам дамуының идеясы мұны одан да кеңірек ауқымда қарайды: адамдар жоғары бағалайтын таңдаудың аса маңызды салалары, олар саяси, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерден бастап шығармашылық мүмкіндік пен жеке әлеуеттің дамуына және қай қоғамдастыққа жататынына дейін түрленіп отырады. Осы таңдау адамның сауатын ашудағы, білім алудағы, дені сау болудағы, дұрыс тамақтанудағы, азықтан, киім мен баспананың жоқтығынан жапа шекпеудегі, еркін қозғалып жүрудегі негізгі мүмкіндіктеріне негізделеді. Адам өміріндегі осы аспекттердің барлығы тәсіл арқылы қаралады, ол осы тұжырымдама ұсынатын кешенді индекстер (жиынтығы) арқылы түрлі елдерді салыстыруға мүмкіндік береді. [2, 11 б. ]

Біздің елімізде де халықтың нақты табыстарының өсу қарқынының арттыруы, халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарының қолдауы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет сфераларының дамуы және т. б. - бұлардың барлығы да мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы әрекетінің күшейгенінің нақты белгісі. Сол арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқьн беретін ұлттық экономиканың әлеуметтік әлеуетінің өсуіне жағдай жасалуда. Осыған байланысты халықтың материалдық жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар Елбасының 2006 жылғы Жолдауында да көрініс тапты. Мұнда негізгі тұжырымдамадар: барлық халықаралық стандарттарға сай келетін Еңбек кодексін қабылдау, кәсіби-техникалық және жоғары білім беру жүйесін реформалау, 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту, республикадағы әлеуметтік жүйені жақсарту. [3, 11 б. ]

Әлемнің дамыған елдерінде адамға салынатын инвестицияның ұлттық өнімдегі үлесінің көлемі материалдық өндіріс факторларына салынатын инвестициядан да жоғары екендігін ескерсек, біздің еліміздегі экономиканың әлеуметтік салаларының (білім беру, денсаулық сақтау және т. б. ) маңызы мен ролі де арта түскенін аңғарамыз. Өйткені, әлеуметтік сфера дамымайынша, экономикалық дамуға жету мүмкін емес.

Диплом жүмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстьң мазмүны 46 бетке компьютерде терілген, оның ішінде 3 кесте бар.

І ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ НЕГІЗІНДЕ

1. 1 Әлеуметтік сала - экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде

Қазіргі жаһандану және интернационализация жағдайында тиімді экономикалық даму, ең алдымен, әлеуметтік факторлардың қолдануымен байланысты. Әлеуметтік факторлар ең маңызды да күрделі болып табылады, себебі олар ұдайы өзгерісте болады. Экономиканың әлеуметтік бағдарлануының күшеюі көптеген түрде көрініс табады. Ең алдымен, ол экономикалық дамудың нақты ақырғы нәтижелерге қол жеткізу - тұрғындардың мұқтаждары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қайта бағдарланумен анықталады. Әлеуметтік факторларды құрушы, дамытушы және жүзеге асырушы әлеуметтік потенциалының өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуына үлкен әсер береді. [4, 11 б. ]

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде аса маңызды міндетті алға қойды. Бұл міндетті шешу, ең алдымен экономикалық даму саласындағы басымдылықтарды іске асыруға негізделген. Өйткені, елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюы оның экономикасының сапалық тұрғыда өрлеуі мен әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі жағдайында ғана мүмкін болмақ. [5, 5 б. ] Елдің сапалық тұрғыда өсуі алдымен адам капиталының өсуімен байланысты болмақ.

Адам дамуының негізгі идеялары, осы заманғы көптеген өзге идеялар сияқты, негізінен соны емес, тек олар жаңа көзқарасты немесе ескі мұраға қолданылатын өзге тәсілді ғана көрсетеді. Адам дамуы тұжырымдамасының бастауларын адамзат тарихының ерте кезеңдерінен, көптеген мәдениеттер мен діндерден байқауға болады. Мәселен, Аристотель былай айтқан, молшылық біз іздегендей игілік болып табылмайтыны анық, ол тек қайсыбір басқа нәрсені іздеу үшін ғана пайдалы (цитата 1994 жылғы БҰҰДБ адам дамуы туралы Баяндамасынан келтіріліп отыр [6, 14-б. ] ) .

Экономикалық дамудағы адам ролін қарау жөнінде экономикалық теорияның классиктері сонау заманда-ақ алғашқы талпыныстар жасаған. Мәселен, А. Смит пен оның ізбасарлары адамды қоғам байлығының көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық байлықтың бөлігі деп те есептеген [7, 8-б. ] . Адамды қоғамдық өндірістің мақсаты ретінде тануды өзге мектеп өкілдерінің туындыларынан да кездестіруге болады. Маржиналистік бағыттың жақтастары, мәселен, шекті пайдалылық теориясының негізгі ережелерін тұжырымдау арқылы тұтыну ұстанымының (тәртібінің) теориясына тұспа-тұс жақындады [8, 8-б. ] .

Экономикадағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі А. Маршалл байлық жинауды адамның дамуымен тікелей сабақтастырды. Ол былай деген: “Байлықты өндіру - адам тіршілігін ұстаудың, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дене, ақыл-ой және рухани күштерін дамытудың құралы ғана. Ал адамның өзі - осы байлықты өндіретін негізгі құрал және ол байлықтың түпкі мақсаты болып қызмет атқарады . . . ” [9, 246-б. ] .

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Дж. М. Кейнс экономикалық өсудің аса маңызды шарттары (жағдайлары) ретінде адам қабілеттерінің дамуы мен іске асуын, сондай-ақ оның жеке таңдауының мүмкіндіктерін ұлғайтуды бөліп атады [10, 9-б. ] . Ұзақ уақытқа созылған осы кезең аралығында экономикалық ой-пікір жалпы материалдық жинақтау саласында жүріп жатқан үдерістердің ықпалында болып келді. Капиталдың қорлануы мен материалдық-заттық факторлар прогрестің әмбебап және айқындаушы факторлары ретінде қаралды. Алайда дәл сол материалдық байлықтың өсу көздеріне факторлық талдау жасау экономикадағы адам роліне жаңаша қарауды туындатты.

Э. Денисон туындыларының айналасындағы айтыс-талқылаулар зерттеуші еңбектерінің негізі болды, Э. Денисон көлемді статистикалық материалдар бойынша техникалық жаңа енгізілімдерді, еңбекті пайдалану мен өндіріс жабдығының ауқымдарын (масштабтарын) кеңейту ХХ ғасырда АҚШ-та ең қолайлы жағдайда нақты ұлттық өнімді ұлғайтудың тек жартысын ғана қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеді. Осы идеяның негізінде Т. Шульцтің ізбасарлары адам капиталы тұжырымдамасын жасады.

“Адам капиталы” факторын даралау бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық ролін дұрыс анықтауға мүмкіндік берді. Э. Денисонның деректері бойынша, Еуропа елдері мен АҚШ-та ұлттық табыстың өсіміндегі білім берудің үлесі 12-29 %- ды құрайды [11, 111 б. ] .

Адам капиталы теориясымен қатар адам дамуы тұжырымдамасының туындауына базалық мұқтаждар тұжырымдамасы белгілі роль атқарды, ол Адам ресурстарының дамуына жәрдемдесу - адам капиталын барынша ұлғайту және демографиялық мәселелерді, жұмыспен қамтылу, денсаулық сақтау, тамақтану, кенттену, тұрғын үй, білім алу, кадрлар даярлау және т. б. қоса есептегенде, оны экономикалық және әлеуметтік даму мақсаттарын да тиімді пайдалануға жәрдемдесу.

ХХІ ғ. табалдырығында “адам капиталының” ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %-ы, табиғи қорларға - 20 %-ы, “адам капиталына” 64 %-ы тигенін есептеп шығарды. [12, 111 б. ] .

Адам дамуы тұжырымдамасының экономикалық теориялардан ерекшелігі, тұжырымдама әлемдік дамудың жаһандық үдерістерін бағалауда басты индикатор ретінде тұрмыс сапасын қарайды. Ол өзіндік кономикалық көрсеткіштердің талдауын ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени индикаторлардың да бағасын қамтиды. Әлеуметтік құықтармен қамтамасыздандыру паритетінің осы тұжырымдамасы бойынша лайықты тұрмыс деңгейіне әлеуметтік қажеттіліктерді нақты қанағаттандырған және таңдау мүмкіндіктерін ұлғайтқан жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Мемлекеттің экономикаға араласуы қарапайым түсінікпен тұжырымдалады: мемлекет рыноктық қатынастардың мүмкіндік әрекетінен тыс шараларды іске асыруы тиіс.

Әлеуметтік рынокты экономика тәжірибесінен Қазақстан экономикасына қажетті тәжірибесі ретінде бәсекелестің жан-жақты дамуын жетілдіру. Бұл ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін әлеуметтік саясат контекстінде жетілдіруіне маңызды экономикалық теория болып табылады. Шектеулі қорлар жағдайында маңызды мәселе, әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қажетті шығындар мен өндірістің дамуына жұмсалатын қаржылардың арнасындағы тиімді қатынасты реттеу болып табылады. Бұл ара қатынастың тепе-теңдігінің бұзылуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. [13, 13б. ]

Сондықтан әлеуметтік экономика - экономикалық өсудің механизімінің тиімді пайдалануына және халықты әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз етуге жағдай туғызады. Бұл кезде келесі қиын мәселе туындайды, яғни рыноктық экономика принципін әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру шараларымен үйлестіру.

Адам дамуы тұжырымдамасында “мүмкіндіктерді ұлғайту” мен “таңдау еркіндігі” ұғымдары кең ауқымдағы проблемалар қатарын анықтайды, солардың ішінен адам өмірінің өзекті аспекттері ретінде үш құрамдас бөлігі дараланады: ұзақ ғұмыр сүру және денсаулық, білім және “лайықты тұрмысты қамтамасыз ету үшін ресурстарға бақылау жасау”. Денсаулық пен ұзақ өмір сүру, сондай-ақ білім өзінен- өзі адам дамуының мақсаттары болып есептелсе, ал “ресурстарға бақылау жасау” осы мақсаттарды іске асырудың құралы болып саналады. Ресурстарға бақылау жүргізудің өлшемі ретінде адам дамуы тұжырымдамасында халық табыстарының көрсеткіштері қолданылады. [14, 43б. ]

Экономикалық сөздіктерде “әл-ауқат” ұғымы - “халықтың қажетті материалдық және рухани игіліктермен, яғни адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттармен, қызмет көрсетулермен және жағдайлармен қамтамасыздығы. Ол өндіргіш күштердің даму деңгейіне және үстемдік құратын өндірістік қатынастардың сипатына қатысты болады. Әл-ауқат тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесімен кескінделеді” [15, 54 б. ] . Экономика жөніндегі сөздіктерден сондай-ақ мынадай анықтаманы кездестіруге болады: “Әл-ауқат дегеніміз - толыққанды тіршілік үшін қажет нақты ресурстардың болуы. Әл-ауқатты мемлекет - елдің барлық азаматтары ең төменгі табыс пен қажетті қоғамдық қызмет көрсетулерге сенім арта алатын қоғам” [16] .

Экономикалық өсу - адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең

маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткішті есептеуде баға факторын және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) сондай-ақ ел азаматтарының шет елдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды [17, 45 б. ] .

Экономикалық өсу факторлары өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыруы (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі - ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы

өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі - техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымдарын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озық технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-қ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономиканың өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыруы мүмкін.

Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алуы ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің ұдайы өсу жағдайдарында, яғни өндірістің қарқынды сипаты кезінде қамтамасыз етіледі. Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестицияларлың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Көптеген жылдар бойы экономикалық өсу саясат әзірлеу жөніндегі мамандар мен саяси жетекшілер қолданатын негізгі мақсаттық көрсеткіштердің бірі болып саналып келді, олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны неғұрлым көп болса, адамдардың тұрмыс деңгейі де соғұрлым арта түседі деген терең тамыр жайып қалыптасқан көзқарасқа сүйенді, және мұндай тәсіл ең озық тәсіл деген пікірді ұстанды. Бұрын айтылғандай, адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың дәстүрлі теориясынан анағұрлым ауқымды. Экономикалық өсудің дәстүрлі әдістері адам тұрмысының сапасын арттырумен емес, ал ЖІӨ ұлғайтумен байланысты. [8, 21 б. ] .

Әлеуметтік сфера негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлардың бірі ретінде әл-ауқаттың даму үдерісіндегі өзгерістердің таратушысы емес, ал бенефициарийі ретінде қаралады. Мұнда халықтың қолайсыз жағдайлардағы топтарына материалдық тауарлар мен қызмет көрсетулер ұсынуға баса назар аударады да, барлық салаларда мүмкіндіктерін ұлғайтуды қарастырады.

Экономикалық өсу мен әлеуметтік сфера дамуы арасында қалаулы байланыс орнатудың төрт тәсілі бар.

Бірінші тәсіл білімге, денсаулық сақтауға, кәсіптік даярлыққа инвестицияларды ұлғайтуды, адам қабілеттерін іске асыруға және оның өндіріс пен игіліктерді негізінен ақылы еңбек арқылы бөлуге қатысуына жәрдемдесуді қамтиды. Екінші тәсілдің мәні экономикалық өсу мен адамзат дамуының арасында тығыз байланыс орнату үшін шешуші жағдай ұлттық табыс пен байлықты әділ бөлу болуы тиіс екендігімен тұжырымдалады. Табыс пен байлық әркелкі бөлінетін жерлерде, ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуі адамдар тұрмысына оң әсер етпейді.

Үшінші тәсіл кейбір елдердің тіпті экономикалық өсу мен дұрыс бөлу орын алмаған жағдайда да адам дамуында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгендерін көрсетеді. Олар осындай жетістіктерге мемлекеттік әлеуметтік шығындарды дәл ұйымдастыра білгендерінің арқасында жетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациядағы инвестициялық қызметтің мәні, маңызы және принциптері
Тұрғызылған тұрғын үйлер аумағы
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Тұрғын үй нарығы
Қазақстан Республикасындағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
Инвестицияны стратегилық жоспарлау және шетел инвестициясы
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
Инвестициялық жобаны бағалау
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz