Парақорлықты тергеу әдістемесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Парақорлықты тергеу әдістемесі.
ЖОСПАР
Кіріспе бөлім
I. Негізгі бөлім
I. Тарау. Парақорлықтың криминалистикалық сипаттамасы және дәлелденуге жататын мән-жайлар.
1. 1. Парақорлықтың криминалистикалық және кылмыстык кукыктык сипаттамасы.
1. 2. Парақорлық істері бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар.
ІІ. Тарау. Паракорлык істері бойынша жоспарлау. Алғашқы және кейінгі кезенде жүргізілетін тергеу әрекеттері.
2. 1. Парақорлық істерін тергеу кезінде жоспарлау және калыптаскан ахуалдар.
2. 2. Алғашкы және кейінгі кезенде жүргізілетін тергеу әрекеттері.
ІІІ - Қортынды .
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Түсініктеме хат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бітірушілік-біліктілік жұмыста Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың, құрамдас бөлгі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас боліктерінің анықтамасы, парақорлыкқты тергеу ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын мәселелері теориялық тұрғыдан кенінен сөз болады.
Негізгі мәселелердің бipi парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардын, әлеуметтік алғы шарты, парақорлық қылмыстары мен күресумен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету және тергеу тәжірибесінде дұрыс жоспарлау мен тергеу болып табылады.
Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнің терең ашу ушін парақорлыққа жуаптылықты белплеген заңдар тарихының даму кешендерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді.
Бітіру біліктілік жұмысында парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және паракорлыкка делдалдықтын талдау жасалумен бipre парақорлықтын, ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың тергеу тәжірибесіндегі орны, паракорлықты тергеу кезінде ерекшеліктері, паракорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бipre қaзipri қолданылып жүрген заңдардьң парақорлықты тергеуге арналган нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.
Парақорлық орын алган кездегі калыптасатын ахуалдар жэне осы ахуалдарга байланысты курылатын жоспарлар мен болжамдар, дэлелденуге жататын мэн-жайларды корсету.
Будан болек паракорлык істері бойынша жүргізілетін алғашкы тергеу әрекеттері, кейінгі кезенде орандалатын жэне жүргізілетін тергеу эрекеттер1н1н реті.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеде екі тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Тәуелсіз Қазакстан Республикасының саяси, -экономикалық және элеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде.
Тәуелсіздік алғаннан бepi көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды (1) . Мемлекетіміздін, құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер - қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, азаматтық ic жүргізу, әкімшілік және т. б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстармен пәрменді күрес жургізуге құқыктық негіз жасап берді Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бipre қоғамның одан әрі cepпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан тepic құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бipi - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде.
Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда. Қазакстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10-шы қыркүйекте сыбайлас жемқорлық кылмыспен қарсы күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сейлеген сөзінде қылмыспен курес ортақ іске үлес қосқандық деп атап көрсетіп, осы істі жузеге асырудың нақты он түрлі жолын қадап айтты (2) .
Бұл міндеттерді жузеге асыруда мемлекеттік өкімет және басқару органдарыньң қызметін одан әрі жетілдіруді, елімізде құқықтық мемлекет кұру ісінде сапалы заңдарды қабылдауды өрістету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекетік билік органдарын әділеттілік, заңдылық, жариялылық, ізплік припциптерін басшылыкқа алған мінсіз қызметі өте қажет.
Мемлекетік саясатты, экономиканы, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіпен заңдылықтың, нығаюында мемлекеттік кызыметшілердің, лауазымды тұлғалардың, атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасыньң Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030" атты халыққа жолдауында мемлекетік қызметшілердің қызыметіне ерекше мән бepiп, олардың патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлілікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық, міндеті деп атап көрсетті (3) .
Елімізде қабылданған "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемкорлыққа карсы күрес туралы" заңдарда мемлекеттік аппарат кызметінің бip қалыпты, дұрыс, заңды кызметіне кедергі келтіретін кұбылыстарға қарсы қуқықтық шаралардың түpi көрсетілген.
Сыбайлас жемкорлық қылмыстардың ішіндегі ең кауіптісі, әpi көп тараған түрі парақорлық (пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу) болып табылады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстылыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі парақорлықтың, етек алып кетуінің, тағы бір кауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты моральдық жағынан аздырады, жұртшылыктьң мемлекеттік өкімет және билік органдарына сенбеушілігін, кұқық қорғау органдарының қызметін бағаламау, олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құкьқты қорғаудың рөлін мүлде теpic бағалау сияқты көзқарастардың дамуына жол береді.
Жалпы сыбайлас жемкорлық және жеке алғанда парақорлық біздің қоғамға көптен белгілі. Экономикадағы, басқару жүйесіндегі элеуметтік саладағы, идиологиялық қатынастардағы өзгерістерге байланысты парақорлықта өзінің
, яғни криминалистикалық әдістеме тұрғыдан алғанда теориялық жағынан бір жақты қарауға мумкішілік бермейтін көптеген қиыншылыққа ұшырады. Парақорлыққа қылмыстық - қуқықтық баға беру мәселесіне ерекше мән Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылгы 20 қыркүйектегі №949 жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының құқықтық тұжырымдамасында да" атап көрсетілген (4) .
Парақорлықты күресу мәселесі қазіргі уақытта криминалистика теориясында көптен бepi зерттелініп келе жатыр. Парақорлықтың уғымы, парақорлық істері бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар, белгілері, түрлері, олардьң ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, парақорлық қылмыстарын тергеу барысында қалыптасатын ахуалдар, баска кылмыстармен жиынтығы, парақорлык құрамдарының ауырлататын жэне ауырлатпайтын мэн-жайларын анықтау сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты ; толық, обьективті зерттеуден ; жоспарлаудан, болжам құру арқылы бастапқы мәліметтерді жинау және оларды тексеруден тұратын барлық әдістер мен тәсілдерді, құралдарды пайдалану болып табылады.
Бұл мәселелерге арналган бірлі жарым ғылыми мақалалардан баска Республика көлемінде осы мэселен1н табиғатын айкындайтын, оның ішіндс мемлекеттік тілде жазылған, зерттелген арнайы теориялык, сүбелі, ipгелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан туындайтынқылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардынң бipi болып табылатын парақорлық мәселесі ерекше маңызға ие.
Бітірүшілік жұмыста бүкіл дүниежүзілік елдердегі проблемалары БҰҰ-ның эгидасындағы материалдарға негізделіп жазылған тұңғыш монографиялық талқылау ТМД мемлекеттеріндегі Қазақстаның парақорлыққа қарсы күресуі болып табылады.
Еңбектің теориялық жэне практикалық маңызы келтірілген қорытындылар мен ережелерді, заң нормаларды жетілдіру процесіндс қолдану мүмкіндігімен ұштасады.
Қазақстап Республикасының Конституциясының қағидаларына, қолданыстағы қылмыстық кодекспен халықаралық нормативтік актілердің нормаларына негізделген жәпе парақорлық проблемаларына байланысты нормативтік-статистикалық материалдар мен ғылыми заң әдебиеттері қолданылды. Паракорлыққа арналган тергеу әрекеттері мен ЖІШ жүргізудің ерекшеліктері талданды. Б1т1руш1л1к жұмыста парақорлықтың түсінігі, оның сыбайлас жемқорлыққа арақатынасы, олардың ортақ белгілері мен айырмаіпылықтары қаралды. Қоғамға қауіпті парақорлық іс-эрекетті жүзеге асыру барысында пайда болған әр түрлі қиыншылықтардьң ерекшелігіне байланысты осы түрғыдағы қылмысты тергеудің теориялық және практикалық мәні бар аспектілері арнайы қарастырылды. Парақорлық істері бойынша қылмысты дұрыс анықтаудың іс-әректке дұрыс баға берудегі және жаза тағайындаудағы, сондай-ак парақорлықпен қарсы күрес жүргізудсгі мәніне терең талдау жасалды. Аталған теориялық түжырымдар негізінде заңды жетілдіруге нақты үсыныстар айтылган:
І. Сыбайлас жемқорлықпен парақорлықтың ара қатынасын белгілеу, сыбайлас жемқорлык қылмысына құқықтық анықтама беру, оның к-ріністерінің белгілерін анықтау.
2. Қызмет өкілдігін пайдаланып қылмыс жасауда жазаны ауырлататын мән-жайы ретінде қарастырып, ҚК-тің 54-бабында арнайы көрсстуді ұсыну.
3 Қызмет өкілдігін пайдалана отырып қылмыс жасаған барлық субъектілерді, белгілі лауазымдық қызмет атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдану құқығынан міндетті түрде оларды қосымша жаза рстінде қолдануды үсыну.
4 Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, лауазымды түлғаның сыбайлас жемқорлыкқа қарсы бағьтталған заңды әдейі орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту нормасын енгізуді ұсыну.
5. Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-ші бөлігінде үйымдасқан топ мүддесі үшін немесе ауыр зардаптарға әкеліп соққан пара алу үшін қылмыстык жауаптылықты көрсету.
6. Парақорлық қылмысының затына кез-келген материалдық, өзіндік қасиеті бар нәрселер жатады. Қылмыс заты - парақорлық кылмыс құрамының қажетті белгісі болып табылады.
7. Парақорлықтың міндетті белгісіне субъектінің белгілі бір іс-әрекетті жасау немесе жасамауын шартпен байланыстыратынын есте сақтау кажсттілігіне назар аудару.
8. Жауапты мемлекеттік лауазым қызметін атқаратын адамдар санатына құқық қорғау органдары қызметкерлерін жатқызуды көрсету.
Ю. Пара алушыны, паракорлыққа делдал болушыны қылмыстық жауаптылықтан босатудың шартын заңда қарастыру қажеттілігіне назар аударылған. Егер пара алған адам тиісті органға ол туралы ерікті түрде хабар берсе, бірақ оның іс әрекетінде ҚК-тің 311-бабының 2, 3, 4-бөліктерінде көрсетілген қылмыстың белгілері болмаса ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп заңмен белгілеудің парақорлықка қарсы пәрменді күрес жүргізуде пайдалы әсері болатынын көрсету.
Әдістемелік негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психология, қүқық тарихы және теориясында, қылмыстық құқық және криминалогияда қалыптасқан ұстанымдар мен таным категориялары құрады.
Жұмысты жазу барысында Жамбыл, облыстық, Тараз қалалык соттарында"17" кылмыстық істсрін таңдамалы түрде оқып, зерттеп, талдау жасалды. Сондай-ақ Қазақстан Рсспубликасына Жоғарғы сотының Пленарлык мәжілісі кабылдаған нормативтік қаулылары да кеңінен пайдаланылып, оларға теориялық тұжырым жасалынды, сондай-ақ ішкі істер, прокуратура, адвокатура, сот органдары қызметкерлерімен парақорлық істер бойынша менімен сұраулар жүргізілді. Сонымен бірге мерзімді баспасөзге жарияланған материалдар пайдаланылды.
Теориялық базасын бұрын және кейінгі жылдарында жарық көрген криминалист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады.
Бұл жұмыстың деректік негізі мен түжырымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Республикалық Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына негізделеді.
Салыстырмалы түрде Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы қылмыстық заңдарды, кейбір алыс шет елдерінің құқық негіздері (АҚШ, Қытай және т. б. ) қылмыстық заңдары зерттелді.
Практикалық құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Дисертациялық зерттеу қортындысы Қазақстан Ріхпубликасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пэрменді күрес жүргізуге мүмкіндік беретін қылмыстық іс жүргізу заңдарды жетілдіруге, осы салада тергеу практикасы қызметін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. терең зерттелген кейбір дау туғызынан анықтамалар мен түсініктерге берілген сипаттамалар Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотына осы мәселеге байланысты нормативтік құқықтық қаулысын әзірлеуге коғамға қауіптілігі.
Бітіру жұмысының құрлымы және көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бітіру жүмысы кіріспеден, 2 тараудан, қортындыдан, пайдаланылган эдебиеттер тізімінен тұрады.
БІРІНШІ ТАРАУ.
ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ КРИМИНАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖЭНЕ ДЭЛЕЛДЕУГЕ ЖАТАТЫН МЭН-ЖАЙЛАР.
1. 1. Паракорлыктын криминалистикалык сипаттамасы.
Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік құбылыс.
Парақорлық дегеніміз-лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде алуы.
Сонымен парақорлық лауазыдық ауыр қылмыстарға жатқызамыз. Бұл қылмыстар мемлекеттің және қоғамдық мекемелерінің, лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп, азаматтардың мүдделерін бұзып, мемлекетке материалдық зиян әкеліп, басқа да қылмыстарға жол ашады.
Парақорлықтың қауіптілігі өзінің жоғары дәрежелі латенттігіне байланысты бұл қылмыстармен күресудің қиындығы да осыда.
Парақорлық тек лауазымды тұлғаларға бейім, өйткені олардың қызыметтік лауазымдық құзіретіне байланысты басқару және шешуші функциялары болғандықтан олар кредиттер, ссудалар, ғимараттарды арендаға беру, лицензияларға рұқсат беру және өзінің пайдасына келісім шарттардың жасауы болып табылады.
Парақорлық жинақталған термин болғандықтан ол өзіне тән екі өзіндік құрамы бар, біріншісі болып мемлекеттің билігіне қарсы қылмыстар, мемлекеттің қызыметіне және мүддесіне қарсы
Пара алу аяқталған қылмыс деп есептеу үшін пара алушы параның жартысын алсада қылмыс жасалды деп есептеледі.
Егерде пара алушы параны алмаса, бірақ оны ІІО-ның жедел қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған жағдайда, пара алуға оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартамыз. Бұл қылмыстың ерекшелігі болып субьектісінде саналады, яғни лауазымды тұлғамен жасалынады.
Осы жағдайлрды ескере отырып бастысы болып лаузымдық тұлғаның жеке басын зерттеуге әкеліп соқтырады себебі криминалистикалық маңызда оның қызметінің ерекшелігін анықтаудан тұрады.
Бұл қылмыстырдың құрылымдық элементтерінің санына лауазымды тұлғаның атқаратын қызметінің жүйесіде кіреді.
Қылмыстарды жасау кезінде ұымдастырушылық құрылымды пайдаланып ескерілу қажет.
Сондықтан нақты әдісті өңдеуді, лауазымды тұлғаның атқаратын қызыметінің жүйесі зертелмегенше оларды өңдеудің қажеті жоқ.
Лауазымды тұлғаның қызметінің бірі оның атқаратың функцияларына қарамастан ерекшеліктері болып, ол әр қашан да заңды тәртіпен орнатылған олардың құқықтық мәртебиесі саналады.
Қылмыстар жасалған кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғаның өзінің міндетті орындауға жататын міндеттерін бұзу арқылы көрініс табады. Сол себептен тұлғаның қызметін реттейтін нормаларын зерттеуден тұрады.
Парақорлық-ауыр қылмыстардың бірі болғандықтан оларды тергеу мен ашу қиын деп саналады. Бұндай қылмыстарға тән болып іздердің пайда болу механизімі ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
XX- ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға срекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы құбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді.
Бұл мәселеге байланысты алғашқы ғылыми зертеулерді америка криминологы Э. Сатерланд және оның көмекшісі Кресси жолға қойды.
Тұңгыш рет Э. Сатерланд "ақ жағалылардың" қылмыстылығы деген ұғымды енгізді, ал бұл ұғымынан Батыс елдерінің ғалымдары сыбайлас жемқорлықты қылмыстылыктың ереже тобына жатқызып, жеке бөліп алды Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық үғымы азаматтық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан Қазақсатаның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына керағыр әсер ететін факторға айналуда.
Бұл көрсеткіштің азаюының басты себебі 2003жылы 25-қыркүйекте "Сыбайлас жемқорлыққа күрес мәселелері бойынша бірқатар заңдылық аклеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы Қазақстан Ресбубликасы Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны едәуір азайды. .
Сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі. Қазақстан Рсспубликасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін-ақ біліне басталды, Мсмлскеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуы әу бастан белгілі бола бастады. Осыған байланысты Республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдастырушылық шаралары қолға алына бастады. 1992 жылы 17 наурызда ҚР Президентінің "Ұйымдасқан қылмыстық нысандары жәпе сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес шараларын күшіейту туралы"
Жарлығы, 1994 жылы Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі Рсспубликаның комиссия кұрылды.
1997 жылы 5 қарашада "Үйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемкорлыққа қарсы күресті одан әрі өрістету, улттық қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы кабылданды. Ал 1998 жылы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлықпсн күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңы кабылданды.
2002 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасында қүқықтық саясат Концепциясы қабылданды, осы құжатта сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру шараларына мән берілген. 2001-2005 жылда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндсгі Мемлекеттік бағдарламада жүзеге асырылуда. Өйткені Мемлекет пен қоғам мүддесіне тікелей қатысты ең қауіпті әлеуметтік құбылыстың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Онымен күрес мәселссі әр түрлі деңгейдс талқыланатын басты тақырыпка айналды. Тек 2000-2004 жылдары аралығында ғана орталық баспасөз беттерінде сыбайлас жемқорлыққа арналган мыңнан астам материалдар жарияланды, ал теледидарда осы тақырыпта 87 материал көрсстілді. Осы элеуметтік қауіпті қүбылыспен күрестің кокейтестілігі мына жағдайларға байланысты:
а) Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуга әкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген әлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын маңызды мәселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлықпсн күрес екендігін дәлелдеп отыр.
ә) Осы кұбылыстың мемлекеттік-билік құрылымдарында тез тарау ерекшелігі бар.
б) Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппаратгың жүмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықгың өкіметтен алшақтауы орын алады. Осының бәрі мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді ( б. ) .
в) Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі кездегі көлемі өте үлкен. Өз өкілеттігін сатумен бірге, оны сатып алушы адамдардыц көбейе түсуі, билік тармақтарының барлығының да сыбайлас жемқорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминалистикалық зерттеулер айқын көрсетіп отыр. ( б. ) .
г) Сыбайлас жемқорлар өз мақсаттарына жетуде үйымдасқан қылмыстарды пайдаланады. Сыбайлас жемқорлык арқасында ұйымдасқан қылмыс экономиканың маңызды секторларына аз ықпалын жүргізуде, бұл тұрғыда олар шын мәнінде жаңа сапа мен түрге ие болды.
и) Сыбайлас жемқорлық табиғи және жасанды латентті қылмыс болып табылады (б. ) .
Оны жүзеге асырушы субъектілердің жоғары қоғамдық дәрежесі, олардың іс-әрекет қимылдарының интеллектуалдық ерекшелігі, бұл топтағы адамдарға билік басындағылардың ізгілікпен қарауы, сыбайластык іс-әрекетке "келісімділік" сипатын (арыз айтылмайды, себеб1 кінәлі екі жақта заңсыз іс-әрекет арқылы пайда табады) т. б. осы түрғыдағы қылмыстардың өзіндік ерекшелігін бейнелейді.
Осы айтылғандар және басқа да жағдайлар Қазақстанда да және халықаралық деңгейде бұл қүбылысқа соңғы кездері ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Міне сол шаралардың бірі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2-ші шілдедегі "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңы.
Бұл Заң ТМД елдері ішінде бірінші рет бүкіл мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған заңдылық нормаларды белгіледі. Бірақ бұл заңда сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзу субъектісінің нақты анықтамасының, ал ең бастысы осы заңды қолданудың қүқықтық механизмінің болмауы қиындық келтірді. Осыған орай "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" жайлы заң нормалары бірнеше рет өзгеріске үшырады.
Сыбайлас жемқорлықтан дүниежүзі қауіптенуде, 1989 жылы БҰҰ басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелесі бойынша Гаагада (Нидерланды) халықаралық семинар болып, оның нәтижелері БҰҰ Сегізінші Конгресінде осы мәселені қараудың алғы шарты болды. Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС) төмендегідей ұсыныс берді: Мемлекеттік лауазым иелері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бағдарламалардың барлық түрлерінің тиімділігін жоққа шығаруына, дамытуды қиындатуына байланысты және кейбір адамдармен топтарға қауіп туғызуына орай, барлық мемлекеттердің:
а) Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру;
б) Сыбайлас жемқорлықты және өкімет билігіне қызмет жасаудан сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау;
в) Сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды түлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктерін қабылдау;
г) Сыбайлас жемқорлық арқылы алынған мүліктер мен құралдарды тәркілеудің құқықтық ережесін белгілеу.
д) Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпорындарға экономикалық санкция қолдану өте маңызды (11) .
Осы конгресс "Сыбайлас жемқорлықпен күрестің парктикалық шаралары" атты нұсқауда қарады, ал нұсқаудың қайта дайындалған варианты баспасөзде жарық көрді және "Конгресс мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық" атты қарар қабылданды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Амстердам қаласында 1992 жылдың 9-12 наурыз аралығында өткен осы мәселемен күреске арналған 5-ші халықарлық . Өткізілген іс-шаралардың толық емес тізімі жэне осыған қарамастан сыбайлас жемқорлықпен күресте ешқандай елеулі нәтижеге жете алмау, бұрыңғы кұқықтық нормалардың қолдану практикасын тежеуді және сонымен қатар қазіргі қолданыстағы заңдылықтардың тиімділігін арттыру мақсатында оларды одан әрі дамыту, жетілдіру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz