Мұхтар Әуезовтің аудармадағы еңбегі мен оның осы салаға қатысты ой-пікірлері



Кіріспе

1.бөлім
1.1. Көркем аударма және драманың қалыптасуы
1.2. Мұхтар Әуезовтің аудармадағы еңбегі мен оның осы салаға қатысты ой.пікірлері
1,3, Мұхтар Әуезовтің «Отелло» трагедиясын аударудағы көркемдік тәсілдерді қолдануы

2.бөлім
2. 1 «Ревизордың» қазақ тіліндегі аудармасы
2. 2 Мұхтар Әуезовтің кеңес драматургтерінің туындыларын аударуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма мәселесі көп зерттелген, көп қарастырылған тақырып. Себебі әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры – аударма. Әдебиетшілер аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында «Алтын орда дәуірі» деген атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр «назирагөйлік» қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы.
Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады. Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды жүзеге асырды. Аталмыш ғалымдар қазақ әдебиетіндегі жазушы-аудармашылардың еңбектерін қарастыра келіп, Мұхтар Әуезовтің аударма саласына қосқан үлесіне ерекше тоқталады.
Мұхтар Әуезов орыс әдебиетінің көптеген асыл дүниелерін қазақшаға аударып, роман, повесть, драмалық шығармаларды қазақ оқырмандарына таныстырды. Ол орысша туындыларды тек қана құр қазақшаға ғана аударып қойған жоқ, олардың бойына ұлттық бояу дарытты.
Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары оның шығармашылығының ішіндегі ең бір озық үлгілері болып есептеледі. Аудармашы А. Афиногеновтің «Қорқыныш», К. Треневтің «Любовь Яровая», Н. Погодиннің «Ақсүйектер» драматургиялық шығармаларын, Н. В. Гогольдің «Ревизор» классикалық пьесасын қазақ тіліне тәржімалады. Аударма теориясының білгірлері Ә. Сатыбалдиев пен С. Талжанов Гоголь пьесасының аударылуын өзбек және татар тілдеріне аударылуымен салыстыра отырып, М. Әуезов аудармасының сәтті шыққанын келтіреді. Шындығында, қазақтың құнарлы тілдік қабатын еркін игерген Әуезовтің аудармасы Гогольдің авторлық идеясымен иықтас келіп тұрады.
М. Әуезовтің кеңес дәуіріндегі орыс жазушыларының, драматургтерінің пьесаларын аударуы оның аударма саласындағы көркемдік ерекшелігін анықтап берді. Аталмыш шығармалардың барлығында кеңестік дәуірдің шындықтары бейнеленгендіктен, М. Әуезов өзінің айтпақ ойын осы пьесалармен бүркемелеп білдірді. Кеңес өкіметінің қанқұмар, жауыз саясатын пьеса астарына жасырып бере білді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары қазақ әдебиетінде жеке зерттеу еңбек ретінде қарастырылған емес. Тек жекелеген монографияларда ғана айтылды. Алайда бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Жазушының осы саладағы барлық еңбектерін зерттеуге бітіру жұмысында қадам жасалды.
М. Әуезовтің кеңестік кезеңдегі аударған пьесалары өзіндік мәні бар шығармалар болған. Осыны ашуға деген талпыныс бітіру жұмысының өзектілігі болып табылады.
1. Конрад Н. И. Запад и Восток. Москва, 1986
2. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. -Алматы, Жазушы, 1965
3. Тургенев И. С. Собрание сочинении. -Москва, 1952
4. «Теория перевода». -Москва, 1976
5. Талжанов С. Көркем аударма туралы. -Алматы, 1962
6. Тургенеев С. «Дворян ұясы». Ауд. Әуезов М. Алматы, 1952
7. Қаратаев М. Әдебиет жайлы ойлар. Алматы, 1957
8. Ипмағанбетов Ә. Көркем аударманың кейбір мәселелері //Әдебиет және искусство. 1956. №2
9. Талжанов С. Көркем аударманың кейбір мәселелері. Алматы, 1972
10. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. Алматы, 1972
11. Нұрғалиев Р. Арқау. Алматы, Жазушы, 1991
12. Қабдолов З. Әуезовтің әсемдік әлемі //Мұхтар Әуезов тағлымы. Алматы, Жазушы, 1987
13. Әуезов М. Евгений Онегиннің қазақшасы туралы // Социалды Қазақстан, 8 қаңтар, 1937 жыл.
14. Әуезов М. Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді // Қазақ әдебиеті, 10 қаңтар, 1937 жыл.
15. Әуезов М. Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар // Қазақ әдебиеті, 15 қаңтар, 1937 жыл.
16. «Ревизор» қазақ сахнасында // Қазақ әдебиеті, 21 қараша, 1936 жыл.
17. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының тууы мен қалыптасуы. –Алматы, Жазушы, 1971
18. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері. Алматы, 1957жыл.
19. Әуезов М. Мәңгі жасайтын ақын Шота Руставели // Қазақ әдебиеті, 8 қаңтар, 1937 жыл.
20. Әуезов М. Ойлар, жылдар. Алматы, 1957.
21. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері.
-Алматы. Ғылым. 1975
22. Аникст А. Шекспир. Ремесло драматурга, -Москва «Советский писатель». 1974
23. Шекспир В. Библиография русских трудов и критических литератур на русском языке. -Москва, 1952
24. Шекспир В. Полное собрание сочинении в 8-х томах. -Москва, 1936
25. Әуезов М. Шығармалар. 9-том. Алматы, 1969
26. Морозов М. Избранное. -Москва, 1957
27. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. –Алматы, Жазушы, 1993
28. Горький М. Собрание сочинении в 3-х томах. -Москва, 1956
29. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Қазақ университеті, 1993
30. Гоголь Н. В. Ревизор. -Москва, Художественная литература. 1960
31. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 13-том. -Алматы, Жазушы, 1983
32. Төлеуұлы К. Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары // Мұхтар Әуезов оқулары. Алматы, 2003
33. Тренев К. Избранные произведения в двух томах. Том 2. Москва, Художественная литература. 1986
34. Погодин Н. Аристократы, Москва, Художественная литература, 1987
35. Афиногенов А. Пьесы. Москва-Ленинград, 1947
36. Әлмашұлы Ж. Әуезовтің жұмбақ әлемі. –Алматы, Жеті жарғы, 2005

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма
мәселесі көп зерттелген, көп қарастырылған тақырып. Себебі әдебиеттің
бұрынырақ пайда болған жанры – аударма. Әдебиетшілер аударманың тарихын
сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде
қазақ әдебиетінің тарихында Алтын орда дәуірі деген атпен белгілі болған
дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр назирагөйлік қатты өркендеп
дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден
байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан
қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің
қалыптасуы.
Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде
дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық
үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады.
Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс
халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден
аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына
әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби
мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра
қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы
саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды
жүзеге асырды. Аталмыш ғалымдар қазақ әдебиетіндегі жазушы-аудармашылардың
еңбектерін қарастыра келіп, Мұхтар Әуезовтің аударма саласына қосқан
үлесіне ерекше тоқталады.
Мұхтар Әуезов орыс әдебиетінің көптеген асыл дүниелерін қазақшаға
аударып, роман, повесть, драмалық шығармаларды қазақ оқырмандарына
таныстырды. Ол орысша туындыларды тек қана құр қазақшаға ғана аударып
қойған жоқ, олардың бойына ұлттық бояу дарытты.
Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары оның шығармашылығының ішіндегі ең
бір озық үлгілері болып есептеледі. Аудармашы А. Афиногеновтің Қорқыныш,
К. Треневтің Любовь Яровая, Н. Погодиннің Ақсүйектер драматургиялық
шығармаларын, Н. В. Гогольдің Ревизор классикалық пьесасын қазақ тіліне
тәржімалады. Аударма теориясының білгірлері Ә. Сатыбалдиев пен С. Талжанов
Гоголь пьесасының аударылуын өзбек және татар тілдеріне аударылуымен
салыстыра отырып, М. Әуезов аудармасының сәтті шыққанын келтіреді.
Шындығында, қазақтың құнарлы тілдік қабатын еркін игерген Әуезовтің
аудармасы Гогольдің авторлық идеясымен иықтас келіп тұрады.
М. Әуезовтің кеңес дәуіріндегі орыс жазушыларының, драматургтерінің
пьесаларын аударуы оның аударма саласындағы көркемдік ерекшелігін анықтап
берді. Аталмыш шығармалардың барлығында кеңестік дәуірдің шындықтары
бейнеленгендіктен, М. Әуезов өзінің айтпақ ойын осы пьесалармен бүркемелеп
білдірді. Кеңес өкіметінің қанқұмар, жауыз саясатын пьеса астарына жасырып
бере білді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұхтар Әуезовтің аударма пьесалары
қазақ әдебиетінде жеке зерттеу еңбек ретінде қарастырылған емес. Тек
жекелеген монографияларда ғана айтылды. Алайда бұл мәселе күн тәртібінен
түскен емес. Жазушының осы саладағы барлық еңбектерін зерттеуге бітіру
жұмысында қадам жасалды.
М. Әуезовтің кеңестік кезеңдегі аударған пьесалары өзіндік мәні бар
шығармалар болған. Осыны ашуға деген талпыныс бітіру жұмысының өзектілігі
болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Бітіру жұмысы мынадай мақсаттарды басшылыққа
алды:
1) Мұхтар Әуезов пен қазақ аударма саласының арасындағы байланысты
жан-жақты саралап қарау, аудармашының бұрын оншалықты назар аударылмай
келген аударма туралы пікірлерін келтіру, сол арқылы жазушының аудармаға не
үшін келген себептерін анықтау;
2) Мұхтар Әуезовтің Батыс елдерінен, Еуропадан, оның ішінде
Шекспирден жасаған аудармасы Отеллоның көркемдік ерекшеліктерін айқындау;
орыс тіліндегі түпнұсқасымен салыстыра отырып бағалау;
3) Мұхтар Әуезовтің орыс әдебиетінің драмалық шығармаларын
аударудағы шеберліктерін жүйелі түрде жинақтап талдау, аударма пьесалардың
идеялық-көркемдік ерекшеліктерін ашу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: М. Әуезовтің аударма пьесалары тұңғыш
рет жан-жақты түрде сөз болды. Сонымен қатар, аудармалардың Мұхтар
Әуезовтің жеке көзқарастары тұрғысынан қарастырылуы сөз болды.

Зерттеу жұмысының пәні: Зерттеу жұмысының пәні Мұхтар Әуезовтің орыс
тілінен аударған драмалық шығармалары және олардың көркемдік ерекшеліктері.
Аударма пьесалар көркем аударма тұрғысынан қарастырылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық негіздері: Зерттеу жұмысын
қазақ әдебиетіндегі аударма саласына байланысты ғылыми еңбектерге
пайдалануға болады. Сондай-ақ М. Әуезовтің пьесаларындағы көркемдік мәнін
ашуда да маңызы зор болғандықтан, теориялық еңбектерге қолдануға болады.
Практика негізінде көркем аударма пәнінде жекелеген аудармашылардың
еңбектерін қарастыру барысында айтылған ойларды жүзеге асыруға болады.

Зерттеудің дерек көздері: Зерттеудің негізгі дерек көздері ретінде
С. Талжановтың көркем аударма туралы, оның ішінде Мұхтар Әуезовтің аударма
пьесасы Ревизор туралы қарастырған Көркем аударма туралы, сонымен қатар
автордың тағы да бір еңбегі Көркем аударманың кейбір мәселелері
монографиясы, Рымғали Нұрғалиевтің Трагедия табиғаты зерттеу еңбегі,
Мұхтар Әуезовтің жекелеген мақалалары, К. Треневтің, А. Афиногеновтің, Н.
Погодиннің кітаптары пайдаланылды. Бұлармен бірге Ә. Сатыбалдиннің Рухани
қазына кітабын да бітіру жұмысымызда басшылыққа алдық.

1. 1 Көркем аударма және драманың қалыптасуы

Көркем аударма — әдеби байланыстардың ең маңыздысы, өзара
әрекеттестігінің әркелкі қарым-қатынастары мен формалары арасында ең
бастапқысы. Сонымен бірге, жекелеген бір тілдегі туындылардың басқа бір
тілде көрініс табу үдерісі тұрғысынан әдеби шығармашылықтың жеке түрі
болып саналады.
Қай кезеңде болмасын, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне
аударма өнерінің қосқан үлесі айрықша. Себебі, әдебиет, мәдениет,
экономика, халық ағарту ісі, халық шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина т.т.
қай-қайсысы да аударма арқылы қанаттанып қалыптасып отырған.
Аударма тарихы ежелгі Антика дәуірінен басталып, осы күнге дейін
қарқындап, құлаш жайып келеді. Қазақ халқы мен Шығыс халықтарының ауыз
әдебиеті мен ертегілеріндегі сюжет ұқсастықтарын алсақ, мұны біз аударма
туындысы ретінде қабылдауымыз керек. (Мысалы, Калила мен Димна,
Шахнаме, Ләйлі-Мәжнүн және т.б.). Қазіргі кезде әлем әдебиетінің тамаша
үлгілері қазақ тіліне аударылған. Бұл жерде, У. Шекспирдің, И. Гетенің, Ги
де Мопассаның, А. Дюманың және т.т., сондай-ақ орыс классиктері А.
Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Л. Толстойдың, А. Чеховтың т.с. сөз
шеберлерінің дүниелерін атауға болады. Осы аударма өнері арқылы қазақ
әдебиеті де дүниежүзілік әдеби арнаға қосылып, өзін бүкіл әлемге танытуда.
Абай, Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І.
Есенберлиннің және т.б. қазақ жазушыларының шығармалары түрлі тілдерде
жарық көрді. М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясы ағылшын, болгар, венгер,
вьетнам, грек, неміс, корей, поляк, румын, словак, түрік, француз, чех және
т.б. тілдерге аударылды. Аударма халықпен-халықты жақындатып, рухани
қазыналарымен ортақтас етіп, әдеби байланыстарды нығайтып, күшейе түсуіне
ықпал етеді.
Көркем аударма әдеби байланыс процесі мен халықтар мәдениетінің
ілгері жылжи, дами түсуіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Осыған дәлел:
қазіргі таңдағы жарық көретін әрбір үшінші кітап аударма туындысы болып
табылады. Көркем аударма туындылары бүкіл көркем әдебиеттің жартысына
жуығын құрап, ұлтаралық әдеби байланыс дәнекеріне айналды.
Белгілі академик Н. И. Конрад: Өзге бір тілде жазылған әдеби
шығарманы өз тіліңде жаңғырту — әруақытта да шығармашылықтың шыңы.
Аударманың пайда болуы — белгілі бір дәрежеде төл әдебиеттің баюына ықпал
жасайды... [1,29] Әдеби шығармашылықты қажет ететін, көркем аударма,
шындығында, әдебиеттердің өзара әсер етуіне, бірін-бірі байытуына жол ашты.

Ә. Сатыбалдиев өзінің Рухани қазына атты кітабында аударма
жайлы ойларын қорытындылай келе былай дейді: Көркем аудармада өзінен сөз
қосып, ауа жайылып кету тұрпайылыққа, қарадүрсіндікке саяды, ол түпнұсқаны
сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз етіп сірестіріп қою — тіл бұзарлық болады.
Мұның екеуі де сорақы. Нағыз творчествалық көркем аударма дегеніміз
түпнұсқаның тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-
идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару.
Осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма көркем болады. [2,171]
Аударма — басқа бір тілде жазылған шығарманың екінші тілге көшіріліп
қайта жасалуы (интерпретация). Бұл дегеніміз, аудармашының еншісінде шамалы
қажетті еркіндіктің болуы. Еркіндік шамадан тыс болмай, түпнұсқа мазмұнын
дәлме-дәл беру ұтымды болмаған жағдайда ғана қажет. Ал аудармашының
біржақтылығы мен ауа сілтеушілігі, өзінен сөз қосушылығы аударма емес —
желісі бойынша еліктеуге әкеп соқтырады. Ұлттық бейімдеушілік — бір ұлт
әдебиетінің екінші ұлт әдебиетіне ену формаларының бірі. Жеке бір тілде
жазылған шығарманың мазмұны мен желісіне өзге бір тілде жаңғырту
бейімдеушілікке жатады. Біз қарастырған аудармашының басты мақсаты —
оқырманға түпнұсқаның мазмұнын жәй әрі қарапайым қазақы тілмен жеткізу
секілді. Ұлттық бейімдеушілік аудармаға жатпағанымен, онымен тығыз
байланысты.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша
жақсы білуі тиіс. Оның үстіне өз тіл сырын, тіл мәнін, көркемдіктің қадірін
білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем
образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те
сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек.
На массу читателей действует одно несомненно – прекрасное,
действует один талант; талант; творческий дар, необходим переводчику; самая
взыскательная добросовестность тут недостаточна 3, 324, - дейді орыс
халқының атақты жазушысы И. С. Тургенев.
Бұл айтылғандарға қосымша, аудармашыға ауадай қажет нәрсе – нағыз
энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның тілінде
сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс салтынан, әдет-ғұрпынан, сол дәуірдегі
қоғамдық қалпынан хабардар болуы керек. Тіпті, жалғыз сол халықтың ғана
емес, адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп нәрселерден зор
мағлұмат алып отыруы қажет. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан
шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды. Бұл
тұрғыдан аудармашыға ғалымдық ізденімпаздық, әр алуан сөздіктер мен
энциклопедияларға үйірсектік керек.
Бұлар түгелдей көркем аудармаға қатысы бар талаптар. Аудармашы
қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар,
автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-жақты білім иесі
болмаса, екінші тілде түпнұсқаны оқушыларға бар ниетімен ашып бере алмақ
емес.
Осылардың бәріне көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және
қайта жазу негізінде машықтана беруден барып бірте-бірте ашылатын нағыз
өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылса, әр автордың әуеніне, үніне
айнытпай салып, автор болып күліп, автор болып жылап, автор болып қатулана
білетін артистік құбылымпаздық өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып
ұстап, әр мақамға бұра алатын, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтере алатын
ырғақ болса, мұның бәрін істегендегі өзінің ең ардақты борышы – қасиетті
ана тілінің өткірлігін, көріктілігін, икемді-орамдылығын, мағыналылығын,
күллі сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себін тигізу екенін, ана тілінде
оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екендігін нағыз – азаматша
түсінсе, міне, аудармашылық өнердің қонғаны деп осы кезде айтуға болады.
Аудармада ана тілінің заңды жүйесін бұрмалап, тілбұзарлық жасауды
кешірілмейтін қылмыс деп жариялайтын уақыт жетті.
Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр
қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Одан
аударылатын еңбекті өз ыңғайы мен қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына
қарап таңдап алудан бастап, ақыры кітап боп шығып көпке таратылуына дейінгі
бар ауыртпалығын мойнына алу талап етіледі. Бұл жерде ол түпнұсқаның екінші
авторы болып саналады. Кітаптың жаңа тілде қайта тууына байланысты қуаныш,
реніштің бәрін ол өзі көтереді. Сондықтан да творчестволық толғану үстінде
өзегін жарып шыққандай болып туған әрбір бейнелі сөзге оның шын авторша
жаны ашиды, редакциялау кезінде ондай туындыларының қалай өзгертілуіне
енжар боп елеусіз қала алмайды.
Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады. Олар:
еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама (адекватный), немесе реалистік
аударма. Осы үш түрінің алғашқы екеуін, яғни еркін аудару мен сөзбе-сөз
аудару әдістерін көркем аударма теориясы теріске шығарады. Дегенмен қай
кезде болса да осылардың үшеуі де бой көрсетпей қалған емес 4, 16.
Бір айта кететін нәрсе, қазақ әдебиетінің жағдайында аударма
жөніндегі біздің терминдеріміздің өзі әлі де ғылыми тұрғыдан қалыптасып
болған жоқ. Қолданылып жүрген атауларды кейде әр адам әр түрлі түсініп, әр
түрлі мағынада пайдаланады. Айталық, орыс тілінде аударманың түрлерін
вольный, свободный, дословный, буквальный, точный, адекватный,
реалистический деп бөледі. Біз де осыған қарап еркін аударма, сөзбе-
сөз аударма, дәл аударма, балама аударма, реалистік аударма десіп
жүрміз. Бірақ бұлардың әр қайсысының мағыналық шегі қандай дейтін болсақ,
бұл сұраққа нақтылы жауап алу қиын. Мысалы, еркін аударма дегенді бірде
вольный перевод дегеннің мағынасында қолданып, аудармадағы ауа жайылып
кететін ұнамсыз мысалдарды келтіріп отырып сөйлесек, біре қазақшасы жатық
келіп, еркін құйылып отыратын ұнамсыз мысалдарды айтқанда да қолданамыз.
Аударма теориясының басқа терминдері жөнінде де осындай орнықпағандық әлі
бар.
Аударма жайын сөз еткенде көп айтылатын жаман мағынасындағы
еркіндік дегенді творчестволық еркіндіктен айыра білуіміз керек.
Аударма әдебиетін төл әдебиеттің өз қоры деп ұғуға болады. Қазақ
тіліне орыс әдебиеті – оның классиктерінің аударылуы ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталды делінеді. Осындай игілікті іске әр дәуірде жанашырлық
танытып отырған сыншылар да болды. Солардың жәрдемдерімен, газет-журнал
беттерінде мақалалар жариялау арқылы кеңес беруімен қазақ аударма саласы
дами бастады. Мәселен, ең алғаш рет 1915 жылы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин
Айқап журналының бетінде сөз етті. Содан бері қарай аударма мәселесінің
зерттелуі толастаған жоқ. Бұрын аударма жөніндегі күрделі сындар, кіші-
гірім рецензиялар әр жерде: газет-журнал беттерінде жазылып келген еді.
Кейіннен сол еңбектер жинақталып, басыла бастады. Аударма әдебиетін төл
әдебиетіне байланыстыра, күрделі сатыға көтерген қалам қайраткерлеріміз М.
О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов, Ә.
Нұрпейісов тағы басқалары болды.
Негізінен алғанда, осындағы сындар екі бағытты жүргізіледі. Бірінші,
ең көбірек кездесетіні, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар
жөнінде болды. Әсіресе солардың кем-кетігін баса айтумен келді. Екіншісі,
қазақ тілінен орысшаға аударылған шығармалар жөнінде болады. Осыларды
көбінесе көтере айтуға тырысады. Осы арада Е. Ландау, М. Әлімбаев, Е.
Жовтис және тағы басқалары атап кеткеніміз жөн.
Осы жерде қазақ әдебиетіндегі аударманың біраз талас-тартысты мәселе
болғандығын да ескереміз. Бұл көбінесе түпнұсқадағы ойдың дұрыс, нақты,
сөздердің тұтас жеткізілуіне байланысты. Осыған қатысты аударма саласының
білгірі С. Талжанов орыс жазушысы И. С. Тургеневтің Записки охотника атты
шығармасының француз тіліне аударылуын мысалға келтіреді. Оны франзуз
тіліне аударған Е. Шарриер Записки русского барина деп тәржімалаған
болатын. Сол аударма бойынша француз тілінде сындар шығып, аударма басылып
шыққаннан кейін екі жыл өткеннен кейін И. Тургенев өзінің шығармасын
француз тілінде оқиды.
Сонда: Не говорю уже о бессмыслицах и ошибках, которыми он
изобилует, - но, право, нельзя себе представить все изменения, вставки,
прибавления, которые встречаются в нем на каждом шагу. Сам себя не узнаешь
деп қатты ашуланып жазған хаты бар. Тургенев И я убежал десе, Шарриер Я
убежал как сумасшедший деп аударады. Тургеневтің қояны - ақ тиін,
құлаған ағашы – шашты алып болып кетеді. Овсянка - сулы ботқа – ол
орталан (кіші құс), арапник қамшы, ол арап құл мағынасында болып кетеді.
Міне, осындай аудармадағы келісімсіздіктер кейін де қазақ әдебиетінде орын
алып келгені мәлім болып отыр 5, 56.
Тургеневтің аударма туралы бұл хаты туралы мәліметтер кейін де қазақ
әдебиетінде оның шығармаларының аударылуына әсер етті. Бұлай деп айтатын
себебіміз, тургеневтің әлгі сөзінен аса алмаған Мұхтар Әуезов жазушының
романы Дворян ұясын өзінен аудармай, сол қалпында береді. Абай жолы
эпопеясын жазған автордың стиліне ол аударма ұқсамайды. Бұл туралы кейін де
бірталай айтылған-ды.
Мұхтар Әуезов көркем аудармада түпнұсқаның мазмұнымен қатар, бүкіл
стилін де дәл келтіру керек деген принципті ұстанды. Мұны ол 1952 жылы И.
Тургеневтің Дворян ұясы дейтін романының өзі жасаған аудармасын
жариялаумен байланысты жазған кіріспе мақаласында да атап көрсеткен. Мен
шамам келгенше, ең алдымен, романды дәл аударуға кірістім, - деген ол. –
Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере
алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай
аудару деп түсінемін. Сондықтан қанша ұзын болса да, романның өзіндегі
сөйлемі үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем болып берілмейді. Соның орайына
орысша мәтіннің өзінде болғаны тыныс белгілерінің көбі қазақша мәтінде де
көп қолданылады. Сөйтіп, Тургеневтің сөйлемдері қазақшасында да өзінің
ұзынды-қысқалы көлемімен беріледі 6, 4.
Алайда М. Әуезовтің бұл ұстанымы кейін сыншылар тарапынан қарсылыққа
тап болды. Сол кездегі қазақ әдебиетінде қалам тартып жүрген сыншылар мен
аудармашылар Әуезовтің бұл аудармасын сынақ ретінде жасалған аударма деп
түсінді. Қалай болғанда да, Дворян ұясына жасалған бұл аударма өзгешелеу
қабылданғандығы анық.
Жалпы принципін дұрыс қойғанымен, М. Әуезов бұл мәселені іс жүзінде
қалай шешу керектігін талдап көрсетуге үлгірмей кетті. Сонымен қатар, оның
осы тәсілді принцип ретінде әдейі қолданған жерде, яғни Дворян ұясының
аудармасында сол сөзбе-сөз, жолма-жолдықтың ұнамсыз әсері де жоқ емес 2,
98.
Бұл турасында белгілі сыншы, филология ғылымдарының докторы М.
Қаратаевтың аудармашы түпнұсқаға сөзбе-сөз ұқсатамын деп, кітаптың оқушыға
түсініктілігін ауырлатып алған. Тургенев прозасының нәзік психологиялық
суреттерін толық жеткізе алмаған деп айтқан пікіріне толық қосылуға болады
7, 96. Бұл М. Әуезовтің көзі тірісінде айтылған пікір болатын.
Алайда бұл аударма (Дворян ұясы) дер кезінде зерттеуді керек
етеді. Өйткені мұнда бұрын аударма өнерінде не бір тамаша үлгілер көрсетіп,
еркіндік пен дәлдікті шебер ұштастыра білген классик жазушының әдейілеп
жасаған бетбұрысы бар. Сондықтан да бұл еңбектен дәл аударудың жолындағы
қиындықтарды көрсететін көптеген мысалдарды көрсетуге болады.
М. Әуезовтің осы романды аударуға байланысты пікірлеріне дау
айтушылардың да көп болғаны анық. Аудармашы-жазушы Ә. Ипмағанбетов 1954
жылы Әдебиет және искусство журналының 2-санында басылған, кейін жинаққа
енген Көркем аударманың кейбір мәселелері деген мақаласында М. Әуезовтің
аудармада автордың өзіндік ерекшеліктерін жеткізу үшін сөйлемді
бөлшектемей, тұтас аудару керек деген пікірін толық қуаттай отырып, бірақ
М. Әуезов жолдас сөйлемді тұтас аударумен қатар автордың стилін неғұрлым
айқынырақ көрсету үшін, сол сөйлемнің ерекшеліктерін, тыныс белгілеріне
дейін сол күйінде, бұлжытпай дәл беру керек дейді. Бұл соңғы пікіріне
қосылуға болмайды. Түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін дәл беру мүмкін емес.
Өйткені әр тілдің өз алдына синтаксисі бар дейді 8, 44. Бірақ, Ә.
Ипмағанбетов та, автордың стилін дәл беруді аудармашының алдына басты талап
етіп қойғанымен, оны жүзеге асырудың жолы қайсы екенін, аудармашы
түпнұсқаны қалай еткенде бұлжытпай жеткізе отырып, әрі ана тілінің бүкіл
заңдылығын сақтай алатынын ашып көрсетпейді.
Мұнда айрықша бір ескертетін нәрсе: Ә. Ипмағанбетов айтқандай, М.
Әуезов ешқашан да аудармада түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін беру керек
деген талап қойған емес. Егер ол аудармада түпнұсқаның стилін толық
сақтауды талап еткен болса, бұдан оның көшірмесі жасалсын деген ұғым
тумайды. Қайта ол көркем аударманы творчестволық еңбек деп қарап, оған
жазушылық өнер деп қараған адам. Түпнұсқаның стилін, бүкіл үн-ырғағын,
барлық ерекшеліктерін жеткізу – аударманың ең жоғары мақсаты. Бұған
Ипмағанбетовтің өзі де келісіп отыр. Бірақ соны қалай жеткізу керек?
Мәселе, міне осында. М. Әуезов тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл,
стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады деп ашып айтты. Ал дәл
аударудың көшірме жасап шығу емес екендігі белгілі. Оған үлкен
творчестволық еңбекпен ғана жетуге болатыны айқын.
Аудармада жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келгенде, көптеген
маңызды мәселелерге көзіміз анық жетеді. Яғни автордың ой тұтастығын бұзып
алмай жеткізу шығармадағы синтаксистік құрылымдарды, сөйлемдерді үйлестіре
аударумен байланысты. Бұл пікір М. Әуезовтің ғана емес, басқа да қазақ
аудармашыларының сүйенген пікірі.
Аудармада күрделі сөйлемді күрделі сөйлеммен жеткізу күні бүгінге
дейін практикалық жағынан аса шеберлікті, теориялық жағынан көпттеген ішкі
сырларын ашып, терең талдауды қажет ететін мәселе. Мұнда, ең алдымен, екі
тілдің әрқайсысына тән ерекшеліктері мен бір-біріне ұқсамайтын ішкі
заңдылықтары бой көрсетеді. Сондықтан абайламаған адам, тек қана
түпнұсқаның сөйлеміне сөйлем үйлестіремін деп отырып, оның ықпалына түсіп
кеткенін байқамай қалуы, сөйтіп, ана тілінің заңды жүйесіне нұқсан
келтіруі, соның салдарынан аударма еңбектің ұғымдылығын, әсерлілігін,
көркемдік-эстетикалық ләззатын кемітіп алуы әбден ықтимал 9, 78.
Ойымызды жинақтай отырып айтатын болсақ, түпнұсқаның барлық
ерекшеліктерін сақтап, екінші тілде кемеліне келтіріп, дәл беру үшін
аудармашы оның (түпнұсқаның) ішкі сырын жете ұғынуы керек. Түпнұсқа
тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де
бірдей білуі шарт. Сонда ғана түпнұсқа иесінің ой-өрісін, дыбыс ырғағын,
сөз саптау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады.

1. 2 Мұхтар Әуезовтің аудармадағы еңбегі мен оның осы салаға қатысты
ой-пікірлері

Драма саласында Мұхтар Әуезовтің көп тер төгуі қазақ театрының
қалыптасуына алып келді. Бұл бағытта Әуезов көп еңбек сіңірді. Драма театры
1926 жылы өзінің шымылдығын тұңғыш рет Еңлік - Кебек трагедиясымен ашса,
опера театрының алғашқы репертуарында Айман - Шолпан қойылды.
Еңлік-Кебек пьесасын драматург бес рет өңдеді. Алғашқы нұсқасында
бұл халық аузындағы аңызды сахнаға бейімдеу, көбінесе этнографиялық жағы
басымырақ болса, кейінгі редакцияларда кемеліне келген реалистік шығармаға
айналды. Екі жастың арасындағы махаббат өрістей отырып, көп тақырыпты
қамтиды. Ең алдымен, адамгершілік, адамның жеке басын қадірлеу, ел бірлігін
көксеу, бұқара халыққа бейбітшілік өмір тілеу, болашаққа үміт, сенім
көзімен қарау сияқты күрделі мәселелер қозғалады. Осылардың бәрі жалаңаш
баяндау, құрғақ сөз арқылы емес, көркем әдебиеттің заңы бойынша негізгі
кейіпкерлердің әрекеті, күресі, талас-тартысы, демек конфликт арқылы
беріледі.
Трагедия екі жастың (Еңлік пен Кебектің ) өлімімен аяқталса да,
болашақ Еспембеттердікі емес, топас ескілік келмеске кетеді, ендігі өмірге
Жапал, Еңлік пен Кебектен қалған жас нәресте, кейінгі ұрпақ ие болады деген
сезімге бекінесің. Шығарманың өшпес қуаты, әлсіремейтін әсері міне, осында.

1916 жылғы оқиғаға арналған драматургиялық шығармалардың ішінде Түнгі
сарын пьесасының шоқтығы биік десек, әсірелегендік бола қоймас. Бұл пьеса
– қазақ драматургиясы даму кезеңдерінде келелі орын алатын, мазмұн-идея
жағынан терең, көркемдік жағынан жоғары сатыда тұрған шығарма.
Аударма саласындағы тамаша еңбектері қазақ әдебиетінің алтын қорына
қосылды. Ревизор, Отелло, Асауға тұсау, Любовь Яровая,
Ақсүйектер, Дворян ұясы, Той тарқар сияқты Батыс Еуропа мен орыс
классиктерінің және кеңес жазушыларының пьесаларын, романдарын, әңгімелерін
қазақ тіліне аударды.
В. Шекспирдің Асауға тұсауы осы күнге дейін театр сахналарынан
түспей келе жатқаны мәлім 10, 379-380.
Әуезовтің драматургиясы, оның аударма пьесалары туралы пікір айтқан
ғалымдар былай дейді:
Кезінде Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінде драматургия жанры тек М.
Әуезов қана ашқан жаңалық деп еді. Шынында Әуезов - ұлттық драматургияның
атасы.
Тоғыз жасынан бастап қалада өсіп, орыс, татар театрларын көру, Еуропа
әдебиетімен жете танысу оны реалистік драматургияға алып келді. Эпостағы,
аңыздардағы тұтас сюжеттерді, халықтық образ нұсқаларын, ел тұрмысындағы
ойын-сауық өткізу дәстүрлерін Мұхтар Әуезов ұлттық драматургия жасауда зор
шеберлікпен қолдана білді. Шекспир, Гоголь, Погодин шығармаларын аудару,
үйрену, өсудің шынайы мектебі еді. Театрда қызмет істеп жүріп, Мұхтар
Әуезов қазақ актерларының тұтас буынын тәрбиеледі, берді. Әуезов қаламынан
туған драмалық шығармаларды бірнеше тақырыптық арнаға саралап қарауға,
зерттеуге болады, олар аңызды, эпосты арқау еткен туындылар, кеңестік
өмірдің әр кезін бейнелейтін туындылар, либреттолар, сценарийлер. Қаламдас
достары Л. Соболевпен, С. Мұқановпен, Ғ. Мүсіреповпен, Ә. Тәжібаевпен, Ә.
Әбішевпен шығармашылық ынтымақта жазған бірқыдыру пьесалары және бар.
Әуезов драматургиясы - әлеуметтік тарихтар, кесек мінездер, үлкен
идеялар драматургиясы. Мұнда қазақ халқының қилы-қилы өмір кезеңдері жанды
бейнелер арқылы сыр шертеді, ұрпақтар шеруі көз алдыңа келеді
11, 212.
Айтылған осы пікірмен қатар, М. Әуезовтің төл шәкірті болған академик
З. Қабдолов та ұстазының шығармашылығы жайында тебіреністерін білдіреді:
Сонымен, Еңлік-Кебектің мазмұны ел аузындағы көне аңыз болғанмен,
суреткердің сол аңызды аңыздау пішіні жаңа, сондықтан да жанры тың шығарма.
Дүниежүзілік әдеби классиканың үлгісі мен осы жанрды қазақ әдебиетінде
бірінші болып бастап, Ғ. Мүсірепов дәл тауып айтқан: Алыптар тобымен
бірге қалыптасқан драматург Әуезов: Еңлік-Кебек трагедиясынан кейін Батыс
Еуропа мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны В. Шекспирдің
Отеллосы мен Асауға тұсауын , Н. Гогольдің Ревизорын, В. Пруттың
Жойқын князь Мстиславын, А. Афиногеновтің Қорқынышын, К. Треневтің
Любовь Яроваясын, Н. Погодиннің Ақсүйектерін, А. Кронның Флот
офицерін (өз алдына қойғанда, осы жанрда отыз екі шығарма (драма, комедия,
трагедия, киносценарий, опера либреттосын) жазған. ) . Бұлардың әрқайсысы
жеке-жеке зерттеуді, тереңдеп тексеруді, талдауды, байланыстыра байыптауды,
сөйтіп қазіргі қазақ драмасының туу, қалыптасу және даму тарихынан алатын
орны мен ролін белгілеуді тілейді 12, 248 .
Замандастары мен шәкірттерінің берген баға - әділ баға. М. Әуезов
аударманы жай әдеби қажеттілік деп қана бағаламай, оны көркемдік өнердің
ұштасуы деп түсінеді. Қазақ драматургиясын қалыптастыруға бар күш-жігерін
салған драматург-жазушы мұнымен ғана шектелмей, аударма драматургияның
теориясын қалыптастыруға тер төкті. Әуезов осы салаға қатысты ұсыныстарын
өз мақалаларында келтіреді.
Мұхтар Әуезовтің аударма туралы айтқан ойлары көбінесе оның тіл
тазалығына, аудармашының түпұсқадағы айтылған ойдың маңызын жойып алмай,
дұрыс жеткізуіне көңіл бөлетіндігін көреміз. Ол жазушының тың теңеу,
бейнелі образ есебінде айтқан сөздерін, жаңадан қиыстырған тамаша өрнегін
қазақтың көпке мәлім, сан рет қолданылып, сонылығынан айрылған ескі бір
мақал-мәтелдерімен ауыстыра салуды аудармадағы керітартпалық деп, әр
әдебиеттің, әр жазушының өзінше теңеуі, өзінше лұғаты, өзінше сөз
мәдениеті, үлгі-стилі бар дегенмен есептеспей, оның бәріне жауап ұратын,
қазақ тілінде менің топас іске күшім бар, - деп кеуде соғатын надандықтың
бір көрінісі деп біледі. Бұл әдіспен аударғанда түпнұсқаның авторлары өз
ерекшеліктерінен жұрдай боп айрылады да, бәрі де бір қалыпқа түсер еді де,
тек бір өлшемнен ғана шығып отырар еді дегенді айтады ол. Бұл өте дұрыс
қорытынды.
Осындай қорытындылар жасай келіп, Мұхтар Әуезов орыстың ұлы ақыны
Пушкин шығармаларының Ілияс Жансүгіров, Тайыр Жароков, Ғали Орманов жасаған
жаңа аудармаларына қарай ойысады. Олардағы жаңа беталысты қолдайды, бұл
беталыс автордың өзіндік ерекшелігін сақтауға тырысу, түпнұсқадағы көркем
теңеулерді қазақ тілінің ескі қолданысында әбден мәлім болған көне
теңеулермен ауыстырып қана қарап отырмай, әрқайсысының өзіне тән кесте-
өрнектерін өз түрінде келтіре білу, сөйтіп, қазақ тілінің икемділігі мен
орамдылығын, көріктілігін арттыруды көздеген беталыс еді.
М. Әуезов Пушкиннің жаңа аудармаларына осындайдың нышанын көріп
қуанады. Сөйтеді де, бұдан кейінгі аударатындар бұл жайды құр теңеу жөнінде
ғана еске алмай, кеңейте, тереңдей түсініп, Пушкин өлеңдерінің ұйқасымын,
сөз байлығын, ой байлығын, қысқасы, оның стиль ерекшеліктерін дәл түсіруді
негізгі әдіс етіп қолдануға шақырады. Бұл жалпы көркем аудармаға қойылатын
талап және бірден-бір дұрыс талап екенін көреміз. Кейін Мұхтар Әуезов
өзінің бүкіл өмірінде аудармашы ретінде де осы принципті берік ұстап
отырды.
Сол жылдары, әсіресе Пушкиннің қайтыс болуының жүз жылдығын атап өту
шараларына байланысты Қазақстанда көркем аударманың өзі де, сол жайындағы
пікірлердің деңгейі де біраз өсіп қалды. Баспасөз орындары бұл мәселеге өне
бойы көңіл бөліп, жаңадан жасалған аударма еңбектердің таңдаулыларын
жариялап отырды, аударма жайында жазушылырдың сұхбатын, пікірін жиі
жариялап отыруды әдетке айналдырды десек те болады. Солардың ішінен біз
Мұхтар Әуезовтің 1937 жылы Социалды Қазақстан газетінің 8 қаңтардағы 6
санында жарияланған Евгений Онегиннің қазақшасы туралы 13 деген, Қазақ
әдебиеті газетінің 10 қаңтардағы 7 санында жарияланған Пушкин аудармасы
қазақ әдебиетіне не берді? 14 деген мақаласын оқимыз. Бұлардың бәрінде
де автор жоғарыда айтылған тұрғыдан аудармашыларға қатаң талап қоя отырып,
көркем аударманың тіліміз бен әдебиетімізге тигізіп жатқан ықпалын сөз
етеді, жұртшылыққа оның маңызын түсіндіреді.
Отызыншы жылдардың екінші жартысында қазақтың театр өнері шырқап
алға басты. Қазақ кеңес көркем өнерінің 1936 жылғы Мәскеуде болған
онкүндігі бұған ерекше себеп болды. Қазақтың мемлекеттік драма театры
отызыншы жылдардың алғашқы жартысында Сүңгуір қайық, Астық, Досым,
Жойқын князь Мстислав дейтін аударма-пьесаларды қойған болатын. Соңынан
Ақсүйектер пьсасы қойылды. Ал бұдан кейін, 1936 жылы Ревизордың
қойылуы қазақтың жас сахна өнерінің тарихындағы үлкен оқиға, биік белес
болды.
Міне, бұл оқиғадан, яғни аударма пьесалардың қазақ сахнасында қойыла
бастауынан М. Әуезов терең сыр ұқты, мәдени дамуымыздың жаңа бағытын, кең
өрісін көрді. Сондықтан ол Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар деген
мақала жазып, көркем аударманың ұлттық театр өнерін өркендетуге тигізіп
отырған және бұдан былай да тигізе беретін игілікті әсерін сөз етті.
М. Әуезов өзінің бұл еңбегінде аударма пьесаларды қазақ сахнасына
қоюдың ең бірінші пайдасы – интернационалдық тәрбиені күшейтеді деп
білетінің айтты. Кеңес драматургиясының таңдаулы шығармаларын қою арқылы
көпшілікке кеңес мәдениетінің табыстарын танытып, сол мәдениетті сүюге және
оның әрбір сәтті шыққан туындысын өз мүлкім, өз табысым деп қарауға
баулимыз. Қазақтың жас әдебиетінде жаңа тарихтың кейіпкерлері әлі аз және
толық дәрежесінде бейнеленіп болмай жатыр. Сондықтан орыс драматургиясында
олар көбірек те әр түрлі жақтарынан суреттеледі. Сондықтан аударма пьесалар
қазақ жұртшылығына мәдениет жағынан өне бойы жаңа нәр әкеліп отырады.
Мұндай пьесалардың театрларымызда мәдениетті түрде қойылуы және қазақ
әртістерінің ойнап шығуы, бір жағынан, сахна өнерінің өскенін көрсетсе,
екінші жағынан, көпшілікке реалистік театрдың бергенін береді. Бұл
пьесалардың зор қасиеті – қазақ актерлерін жалғыз қазақ пьесасының
көлемінде қалдырмай, сол актер типінің өзін де өзгерте өсіреді. Қазақ
актерін, советтік интернационалдық майданындағы, интернационалдық мүсіні
бар актер етеді 15 - деді ол.
Бұл мақалада және бұдан сәл бұрынырақ жарияланған Ревизор қазақ
сахнасында деген мақаласында да М. Әуезов негізінен драмалық шығармаларды
аударудағы және оларды қазақ театрының сахнасында қоюдың жалпы маңызы
туралы ғана айтады. Оның өзінде көбінесе театр өнерін өркендетуге,
актерлердің шеберлігін арттыруға тигізетін пайдасын баса көрсетеді. Ал
драмалық шығарамаларды аударудың тәсілдері мен принциптері жөнінде, басқа
жанрлардағы аудармаларға қарағанда, оның қандай ерекшеліктері болатыны
жайында жарытып ештеңе деп жаза қоймайды 16.
Мұхтар Әуезов 1934 жылы Қазақстан кеңес жазушыларының бірінші
съезінде жасаған баяндамасын: Жақсы пьеса – сапалы әдебиет белгісі, - деп
атаған. Жазушы осы драмасында орыс драматургиясын аудара отырып үйренуіміз
керектігін басып баяндай келе: Бір алуан көрнекті іс – аудармаларымыз.
Кеңес әдебиетінің өзге ешбір түрі біздің тілімізге драмадай болып
аударылған емес. Социалистік құрылыстың үлкен сыры деп танылған роман,
әңгіме, дастан атаулыдан әлі көрнекті ешбір аудармамыз жоқ болса да,
пьесадан: Астық, Досым, Мстислав, Сүңгуір, Булычев, Қорқыныш,
Желді қара сияқты атақты шығармалардың барлығы да бүгінде қазақ
еңбекшілеріне жат, бөтен нәрсе сияқты көрінбейді деді.
Драмамыздың өзіне қажетті айқын және нық форма, стиль жасап әбден
шынығуы, сөйтіп халық тақырыбын еркін меңгеру үшін жанрдың өзін ойдағыдай
игеру үшін жаңағы – орыс тілінен аударылған пьесаларды Мұхтар Әуезов мақтан
ете тұрып атады. Айта кету керек керек, сол театрда қойылған аудармалардың
көбін Әуезов өзі қазақшалады, я редакциялап өз қолынан өткізді (онда Әуезов
қазақтың республикалық драма театрында қызмет істеп, әдебиет жұмысын
басқарған).
Мұхтар Әуезов театр жұмысын тікелей басқарысып жүргендіктен,
драматургияға байланысты көптеген ірі және іргелі мәселелер туралы сол
театрға байланысты жазды.
Ол 1937 жылы Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар атты мақаласында:
Бірінші – совет драматургиясының алдыңғы қатардағы пьесаларын қою арқылы
драма театры интернационалдық тәрбиені күшейтеді, көпшілікке кеңес
мәдениетінің табыстарын танытып, ұғымды, қонымды етіп танытып, сол
мәдениетті сүюге, өз тәнім деп тануға баулиды... Партия мен кеңес
құрылысының үлкен адамдарын болсын, немесе сүңгуірлер, ұшқыштар, қызыл
әскерлер қаһармандарын болсын – барлығын да жалпы кеңес қорынан көбірек
табамыз. Осыларды қазақ артисінің ойнап бере алуы, бір жағынан, біздегі
мәдениет фронтының дамуын көрсетеді. Екінші жағынан, драма театры
көпшілікке төңкерісші реалист театрддың беретін үлгі нәрін береді, тәрбие
береді 15, - деді. М. Әуезовтің осы жылдардағы теориялық ойлары мен
практикалық істеріндегі бірлік те тамаша көрінген. Ол, бір жағынан, орыстың
озат драмашыларының (классика және кеңестік дәуірдегі) жақсы пьесаларын
аудару керектігін үзбей айтып отырса, екінші жағынан, сол жақсы пьесаларды
өзі аударып, театрға қойдырып отырады. Ол 1933 жылы Киршонның Астығын,
1936 жылы Николай Погодиннің Ақсүйектерін, ал, 1937 жылы Гогольдің
Ревизорын қойдырады. Ревизордың қазақ сахнасына жақсы қойылғанына
қуанған Мұхтар былай деп жазды:
Драма театры классик мұраларына партияның берген бағасы бойынша,
кеңес мәдениетінің негізгі көзқарасы бойынша қарайды. Сондықтан бұл жөнде
біздің театр өзіне дұрыс та, берік те бағыт белгілеп алды. Осы жолдағы
істің бірінші үлкен адымы биыл қойылған Ревизор еді.
Бұл постановканың қазақ театры үшін тарихи табыс екенін басшылық
жұрт әбден бағалады, қуана қарсы алды 15. М. Әуезов осы мақаласында:
Облыстық театрлардың аударма пьесаларға жанаспай, кешеуілдей беруі бұдан
былай үлкен олқылыққа, қателікке де айналады. Олардың әуелі классик
пьесадан бастауы шарт емес, қайта дұрысы бүгінгі пьесадан бастау керек.
Сондай жаңа пьесаны мемлекет театры қолға ала бастағанда, әр облыстық
театрдың режиссерлері келіп, мұндағы тәжірибені тура лаборатория үстінде
үйреніп, танып алуына болады, - деп жазды.
М. Әуезов қазақ драматургиясын аудармамен байыту, жақсы классик
үлгілерді қазақшалаумен – қазақ тілінің драма жанрындағы ұсталығы мен
шеберлігін арттыру, интеллектуалдық нәзіктігі мен дәлдігін айқындай,
өткірлей түсуді ұмытқан емес. Ол сондықтан да Шекспирдің атақты
трагедиларының бірі Отеллоны және Асауға тұсауды тамаша, келістіріп
аударды 17,52-53. Ол 1937 жылы жазған мақаласында: (Қазақ сахнасындағы
аударма пьесалар) Ромео – Джульеттаны аударғысы келетінін жазған-ды.
Мұхтар Горький пьесаларын да аударуды көп айтатын, тек оған үлгірген
жоқ. Бірақ, Горькийден үйрену туралы ол өте жақсы пікір айтқан жазушылардың
бірі: Шынында, Горький драматургиясының архитектоникасын жаңадан тереңірек
зерттеп, оның шебет табиғатын идеялық-көркемдік маңызы мен формасының
өзіндік байлығы және жаңалығымен тереңірек те, дәлірек ұғуға тиіспіз.
М. Горький өз пьесаларын онша мақтамай, тіпті қатты сынға алса да,
кеңес драматургиясының өзі әлі жете қоймаған Горький пьеса жазудағы ұлылығы
бары белгілі. Онда тұтқын қырандар – уақыт тұтқынында езілген адамдар бар,
бірақ Нил тәрізділер адамзат тарихының алысқа ұшатын резерві. Горькийдің
адамдары өз табиғаты, өз рухы жағынан шегіне жеткізе суреттелгені ой
саларлық ерекше нәрсе. Ұлы драматургке тұстас жазушылардың бәрінен мұны
көрмейсің. Горькийдің форма және стиль заңдылықтарынан кеңес драматургі көп
нәрселер үйренуге тиіс, - деді. Мінеки, Мұхтар Әуезовтің театр ғана емес,
алдымен, драматургиямыздың шын мәнінде өсіп, биік өнер табуы үшін өзге
елдер әдебиетімен байланысы жөніндегі көзқарасы мен ойлары осы.
1957 жылы қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы аударма туралы
мақалалардың басын қосып Көркем аударманың кейбір мәселелері деген жинақ
шығарады. Жинақ Мұхтар Әуезовтің Көркем аударманың кейбір теориялық
мәселелері деген мақаласымен ашылады. Онда автор аударма жайындағы
теориялық ой-пікірдің ептеп дами бастағанын айта келіп, алайда аударма
теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде әрі
кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскендігіміз мақұл деп
түйген. Содан соң ол аударма теориясын жасаудағы негізгі кемшіліктер деп,
аударманың жақсы тәжірибелерін анықтай отырып, оларды үлгі ретінде ұсыну
жағы жеткіліксіз екендігін, көркем аударма туралы басылып шығып жүрген
мақалалардың көбі жеке сөздердің не дұрыс, не теріс аударылғандарын тізіп,
ұсақ нәрселерді сөз етумен ғана тынатынын, ал аударманың күрделі теориялық
проблемаларын саралап, күн тәртібіне әлі қоя алмай отырғандығымызды және
оларды шешетін ірі еңбектер тумай жатқандығын айтады. Сөйтеді де, қазіргі
кезеңдегі аударма теориясының ең күрделі мәселелері ретінде автордың стилін
сақтау, түпнұсқадағы ұлттық сипатты жеткізу мәселелерін арнайы бөліп алады.
Аударма саласындағы көптеген міндеттер нақтылы түрде, түпнұсқаның түрлі
қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-тәсілдерді зерттеумен
анықталады, ол қасиеттерге: интонация, ырғақ, образдылық (синонимдердің
идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің түрліше астарларымен бірге)
секілді элементтер жатады және бұған ұлттық форманың әрқилы өзгешеліктері,
тарихи сипаттары да келіп қосылады дейді автор 18, 4.
М. Әуезов бұл жұмыстың жалпы одақ көлемінде белгілі бір ғылыми
негізге қойылғанын, оның бар жұмысты басқарып отыратын беделді ғылыми
орталығы, бірыңғай жүесі, әрбір республикада филиалдары мен бөлімшелері бар
екендігін, сол себепті мұнда негізгі мәселелер коллективтік түрде, ғылыми
тұрғыдан ойланып-толғану арқылы байыпты шешіліп отыратынын баяндай келе,
аударма тәжірибесінде олардың қолданылып жүрген тәсілдері көркем прозаның
аудармасына да көп ретте қолайлы келетінін ескертеді. Аударманың өте-мөте
қонымды ғылыми дәлелденген түрі деп олар – шығарманың мазмұнын да, формасын
да толығырақ беретін ғылыми, дәл аударманы есептейді, ауларылатын
шығарманың лексикасын да, синтаксисін де, олардағы ой-пікірлерді, эмоциялық
және образдық көріктерді толығымен сақтауға, түпнұсқаның мазмұны мен
формасының бүкіл нәр-қуатын беруге талаптанады, - дейді де, нақ осы
принципті прозалық көркем шығармалардың аудармасына да қолдануды ұсынады.
Бұл пікір көркем аударманың практикасы мен теориясына көп еңбек
сіңірген жазушы М. Әуезовтің кездейсоқ айта салған пікірі емес, қазақтың
тіл мәлениетінің, әдебиетінің, көркем ойының, тіпті жалпы дүниежүзілік
прогресшіл әдебиет пен мәдениеттің даму бағытын бағдарлай отырып, ұзақ
ойланумен барып келген ғылыми қорытынды еді. Бұл әдіс, яғни түпнұсқаның
формасы мен мазмұнын толық та дәл сақтай отырып айнытпай аударуға тырысу,
сол кездің өзінде көркем аудармада молынан бар болатын. Бірақ онда, бар
тәжірибені қорытып, бар жұмысты белгілі бір ізге салып отыру жағы
болмағандықтан, бұл тәжірибе кейде сәтті, кейде сәтсіз шығатын да,
түпнұсқаның формасы мен мазмұнын, автордың күллі стилін толық сақтаймын
деушілердің бірсыпырасы сөзбе-сөздікке ұрынып қалатын.
Аударманың творчестволық принциптері туралы М. Әуезовтің сол жылы
Мәңгі жасайтын ақын Шота Руставели деген мақаласында біраз ойлар бар.
Грузин халқының ұлы ақынын насихаттауға арналған бұл мақаласында ол оның
Жолбарыс тонды жортуылшы деген атақты поэмасын (Витязь в тигровой шкуре
дегенді М. Әуезов бұл мақаласында осылай деп алған еді, ал кейін ол
Жолбарыс терісін жамылған батыр деп аталып кетті) аударуға қазақтың ең
ірі ақындары кірісіп отырғандарын хабарлайды да, соған байланысты аударма
жайында біраз ойларды ортаға салады.
Ең алдымен, мұндағы көңіл аударатын бір нәрсе, автор аудармашылықтың
үлкен өнер екені, оған аса зор жауапкершілікпен, үлкен дайындықпен кірісу
керек екенін сездіреді. Ол Жолбарыс тонды жортуылшыны аудармақшы болып
отырған ақындар бұл поэманың орысша аудармасының бірнеше нұсқасын –
Бальмонт, Петренко, Цагарели аудармаларын және олар жайындағы сын-
рецензияларды, Руставелидің мұрасын жақсы білетін грузин оқымыстыларының
еңбектерін, грузин әдебиеті мен фольклоры жайындағы орысша деректерді оқып-
танысуы керек екенін ескертеді. Оның үстіне, грузин тарихшылары мен ақын-
жазушыларынан көмек-кеңес алып отыруды ұсынады. Бұдан біз Мұхтар Әуезовтің
әрбір аудармаға осындай жан-жақты әзірлікпен, ғалымдық мағлұматпен, сол
тақырып жайында шын терең біліммен кірісуді талап еткенін көреміз.
Екіншіден, ол грузин поэзиясы туралы орыс тіліндегі деректерге
сүйене отырып, грузин поэзиясының біздің поэзияға ұқсайтын біраз
ерекшеліктерін ашады. Мұны ол жеке не топ дыбыстардың қайталап келіп
отыратын үндестігінен, яғни аллитерация, ассонанс үлгісінен табады. Сөйтеді
де бұл ерекшелік бірқыдыру басқа тілдерге аударғанда дәл өзіндей етіп
шығаруға қиыншылық тудырса да, қазақ тілінен лайықты үйлесімін табатынын,
біздің ескі және жаңа әдеби үлгілерімізде ондай ерекшеліктердің бар екенін
айтады. Мұнда да ол аудармаға түпнұсқаның көркемдік, стильдік ерекшелігін,
ой тереңдігін жеткізуді бірінші орынға қояды. Руставелидің өз жанынан мақал
шығарғыштығын, аз сөзге көп мағына сыйғызып, терең метафора үлгісімен
салыстыра сипаттайтын кестесі мол ақын екендігін ескерте кетеді де М.
Әуезов автордың сол ерекшеліктері мен асылдарына аса ұқыпты боп отырса,
міндеттің зоры да, қадірлісі де сонда. Біздің ақындар мәдениеттердің бір-
бірімен интернационалдық жолда қабысып-табысуына жәрдем етеді. Тарихтың
маңызы зор, мәдениетті міндетті ада қылады 19, - деп түйеді. Бұл да
аудармашы қызметінің маңызын көре білгендік.
Әдеби байланыстардың сан қырлы түрлері әлемдік әдеби үдеріс қамтиды
және оның белгілі заңдылығы саналып, формалары мен түрлері зерттеу
объектісі бола алады.
Мұхтар Әуезовтің орыс драматургиясы, оның қазақ тіліне аударылуы
туралы ойлары қазақ тіліндегі оқулықтарда басылып шығу туралы
пікірлерімен келіп сабақтасады: Оқулықтар мен программалардағы Грибоедов,
Островский драматургиясы, бүкіл ХІХ ғасыр бойына прогрессивтік роль атқарып
келген орыс драматургиясы және екі ғасыр түйіскен кезеңдегі дүниежүзілік
драматургиялық мәдениеттің шыңы болған Чехов, Горький творчествосы туралы
айтылғанды оқысаңыз, олардың драматургиялық творчествосының, драматургиялық
шеберліктерінің спецификалық ерекшелігін ашатын ешқандай ерекшелік жоқ
екенін көресіз. Островскийдің классикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі
Драма мен театр байланысы
Қазақ-өзбек әдеби байланыстары
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
Аударманың грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдық рөлі
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбегі
М.О.Әуезовтың өмірбаяны
Мұхтар Әуезов тағылымы
Пәндер