Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру


Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тықырыбы: «Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру»
МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ
Түйе шаруашылығы мал шаруашылығының өте ертеден келе жатқан салаларының бірі. Түйе сүтінің және одан жасалатын өнім - шұбаттың қоректік және емдік қасиеттері Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азия республикаларында аса жоғары бағаланады. Шұбатты адамдар ертеден ақ ем және жалпы денсаулыққа пайдалы құрал ретінде пайдаланып келеді.
«Денсаулығы зор, өздері өте қайратты болып келетін көшпелі арабтар жаңадан ашыған түйе сүтін ішеді» деп жазған болатын И. И. Мечников. Түйе сүтін Африка тайпалары да ішеді екен, түйе сүтін ішпейтін тайпаларға қарағанда олардың арасында атеросклероз ауруы сирек кездеседі екен.
Қазақтың халық медицинасында шұбатты өкпе, асқазан ауырғанда, сондай-ақ уланғанда, мешел болғанда пайдаланады. Атап айтқанда, өкпе туберкулезіне шалдыққан кісілерге бактерияға қарсы препараттар мен шұбатты қосып бергенде емдеу нәтижесі жоғары болады. Сонымен басқа созылмалы гастритті, созылмалы колитті емдегенде бұл тағамның маңызы зор. Қарын сөлінің қалдығы төмен кісілер 15-20 күн шұбат ішкеннен кейін қүлан таза айығады.
Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, алкогольге, көмірқышқылгазына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге байланысты.
Сонымен қатар түйе сүті әртүрлі заттарға бай болғандықтан бактериялар өсуіне де жарамды орта болады.
Сонымен қатар түйе сүті көптеген инфекциялық ауруларды адамдар мен малдарға тарататын көзі болып табылады.
Сондықтан құнарлы және қаупсіз өнімді алу және оны тұтынушыларға жеткізу барысында шұбатқа ветеринариялық-санитарлық баға беру керекті звено болып табылады. Осыған байланысты біздің зерттеу жүргізу мақсатымыз «Дулат» жекеменшік шаруашылық қожалығынан алынған шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру.
Осы мақсатта жұмысты орындау үшін алдымызға мынандай міндеттерді қойдық:
1. «Дулат» жекеменшік шаруашылығынан алынған шұбатты дайындау технологиясын зерттеу
2. «Дулат» жекеменшік шаруашылығынан алынған түйе сүтіне және шұбатқа микробиологиялық көрсеткіштер арқылы ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан баға беру.
2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Шұбат деп - сүт қышқылды сусынды айтады. Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның шипалық қасиеті бар. Осынау әрі сусын, әрі дәрудің химиялық құрамы, емдік қасиетін зерттеген ғалымдар: «Түйе сүтінің және одан дайындалатын өнімдердің қоректік және емдік қасиеттері Орта Азия мен Қазақстан халқына ежелден белгілі. Әйтсе де оны тағы бір қайталаудың артықтығы жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша үнемі шұбат ішетін, яғни түйе ұстайтын кісілер құрт ауруымен аз ауырады екен».
Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қантына, сүт қышқылына, спиртке, көмір қышқыл газына, белоктарға, тұздарға, витаминдерге және антибиотик заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы белоктардың әдетте асқазан-шек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал шұбат құрамындағы белоктардың едәуір бөлігі организмге ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөль шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол сондай ақ қарын сөлінің қорытушы қасиетін күшейтіп, шектің маторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады. Іектегі тамақтың жақсы қорытылуына жақсы әсер етеді. Шұбатпен емдеудің артықшылығы неде? Ол қанның құрамдас бөліктеріне және қанның түзілуіне қолайлы әсер етеді. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері артады. Бауырдағы алмасу процестері қалпына келеді. Оның нерв жүйесіне ықпалы сүт қышқылының және көмір қышқыл газының әсеріне байланысты.
Мұның бәрі шұбаттың емдік қасиеттері ғана. Шұбатты түрлі ауруларды алдын алу үшін де қолдануға болады, үнемі шұбат ішетін кісі әлгіндегідей ауруларға шалдыға қоймайды. Оны ішкен бала организмі қалыпты өседі. Жасы келген кісілердің денсаулығы мықты болып, ұзақ жасайды. Өйткені шұбаттың кейбір маңызды компоненттері, мысалы: белок, май тағы да басқа қоректік заттар сүттің ашытылатын басқа өнімдерге қарағанда мол болады. Шұбатты тек науқас кісілерге ем үшін ғана бермей, көпшіліктің ішуіне толық мүмкіндігі бар. Шұбатпен емдеу қымызбен емдеуге қарағанда көп тарай қойған жоқ. Соған орай шұбатпен емдейтін орындар жоққа тән. Алдыңғы уақытта республикамызда түйе санын арттырып, осынау шипалы сусын мол өндірілсе, еңбекшілер денсаулығына жасалған үлкен қамқорлық болар еді.
Кезінде медицина ғылымдарының докторы профессор Естөре Оразақов түйе сүтінің қоректік және емдік қасиеттерін тұңғыш рет зерттеген еді. Сөйтіп ол түйе сүтімен шұбаттың химиялық құрамы аса маңызды көрсеткіштері бойынша сиыр сүтімен қымызға қарағанда асып түседі деген қорытындыға келген. Профессор шұбат құрамында сиыр сүтіне қарағанда белоктың 1, 5 есе қымызға қарғанда екендігін анықтады. Осыған байланысты оның емдік қасиетін өте жақсы түсінген, оның үстіне халық тәжірибесіне сүйенген ол шұбатпен емдеу орнын ашу керек деп тапты. Сонымен 1965жылы республикамызда тұңғыш рет шұбатпен емдеу орны ашылды. Ол «Тұзшыбек» санаториі Мағыстау облысы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе паселкесіні.
Шұбат дайындау технологиясы қымыз дайындау технологиясына ұқсас. Шұбат ашытуға ашытқы ретінде ащы, бөгде иісі не бөгде дәмі жоқ шұбат алынады. Оны өндірісте ашытқы ретінде пайдаланады. Маусымның басында, әлі жақсы шұбат жоқ кезінде, түйе сүтін ашыту үшін сүт қышықылы бактериалары (бактериалық таяқша) және ашытқы (торула) алынады. Шұбатты төмендегідей дайындайды. Сауып алғаннан кейін сүтті сүзеді де 30-35 0 С ға дейін салқындатады, содан соң оны еменнен жасалған күбіге құйып, оған өндірістік ашытқының бір бөлігін 3-4 жаңа сүт бөлігін құяды. Қоспаны піспекпен 20-30мин бойы жақсылап араластырады да, 3-4 сағат ашу үшін қояды. Бұл кезде ашытылған сүтте үдемелі ашу процесі жүреді, оның негізінде микрофлоралардың әсерінен күрделі заттар анағұрлым қарапайым заттарға айналады. Шұбаттың қышқылдығы 60-70 0 Т дейін барады, ұйып тұна бастайды. Казеиннің ірі бөліктері құралмас үшін, шұбатты жақсылап араластырады, соның нәтижесінде сусын ашық консистенциясын сақтайды. Інгендерді әдетте күніне 3-4 рет сауады. Сауып алынған кезде сүтті шұбат бар шыныға құйып, жақсылап араластырады, 20-25 0 С ыстық температурада ашыту процесі 10-20 сағатқа созылады, содан кейін сусынды жарты литрлік шөлмекке құйым, аузын тығындап, 10-12 сағат ашу процессі аяқталғанға дейін тоңазытқышқа қояды, содан кейін сауда мекемелеріне жөнелтеді. Шөлмекке құйылған күйі шұбат бұзылмай 5-10 0 С температурада 5-6 күн тұра алады.
Сүт қышқылы мен спирт ашытудың ұзақтығына және щұбаттың пісуіне байланысты, қымыз сияқты шұбат та 3 түрге бөлінеді. Әлсіз - тәулік бойы ғана піскен шұбат, орташа - 2 тәулікте піскен және күшті - 3тәулік бойында піскен шұбат. Ашытқыдағы ерекше микрофлоралық тіршілік әрекетіне байланысты түйе сүтінде түрлі биохимиялық процестер жүреді. Сүт қанты ыдырайды және сүт қышқылдарының, спирттің және көмір қышқылдарының жаңа түзілістерінен пайда болады, витаминдік құрам көбейеді. Шұбаттың химиялық құрамы бастапқы сүттен анағұрлым ерекшеленеді.
Шұбат өзіне тән иісі мен 80 0 Т шамасына жеткен шақта оны 8-10 сағаттай 7-10 0 С температурада ұстап барып ішуге пайдаланады. Мұндай шұбаттың дәмі, қасиеті және сапасы қажет нормада, яғни майлылығы 5%, белогы 6, 2%, минералдық заттары 0, 86% болады. Түйе сүтінен чай жасағанда онда А, В 1 , В 2 және С витамин құрамдары өзгермейді.
- Түйе сүтіне сипаттама.
Інгеннің сүтін түрікмен, қазақ, қарақалпақ және басқа Орта Азия халықтары тағам ретінде пайдаланады. Көп жылғы тәжірибе және қазіргі күннің ғылымы көрсеткеніндей, дәмділік және жұғымдылық қасиеттері жағынан түйе сүті сиыр сүтінен асып түседі, сонымен қатар інгеннен сауылатын сүт жергілікті сиыр тұқымдарынан сауылатын сүттен анағұрлым көп болады.
Қазіргі күні сүтті түйе шаруашылығы Орта Азия мен Қазақстанның бірқатар облыстарының тұрақталып, тарихи қалыптасқан саласы болып саналады. Мысалы: Қазақстанның Атырау облысында 6 астам түйенің көбі жеке адамдардың қолында. Мұнда барлық шаруашылықтарындағы өндірілетін сүттің 25%-ті, ал Маңғыстауда 90%-ды құрайды. Ал 2001 жылдан бастап Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Агро-меркур» шаруа қожалығы дамып келеді және Іле ауданындағы «Даулет-Бекет» ЖШС шұбат өндіруге бар үлестерін қосуда.
Түйе күйіс малы. Жайылымда жүргенде ол азығын толық шайнамайды. Тыныққан кезде ғана ол жеген азығын қайта құсып, күйіс қайырады. Сондықтан да олар тәулігіне 7-9 сағ жайылса тояттанады. Ең қолайлысы сауынтүйелерді күндіз 4-сағ, түскі сауыннан кейін 4-сағ өрісте жайған жөн. Жазда жайылымның шөбі қурап, оты қайтқан кезде, тауарлы сүттің әр литріне 0, 5-1кг есебінде сауын түйелерге жем беріледі.
Жайылым шөбі бітік өсіп, боталар жақсы тойынатын болса, онда түйелерді 3-рет саууға болады, ал жайылым шөбі қурағанда түйелерді 2-рет сауып, түстен кейін ботасын енесіне қосып өріске жібереді.
Сауын түйелері мен олардың боталарын құнарлы азықтандыру және бағып-күтудің айрықша маңызы бар. Көбінесе құрама жем, шемішкенің қалдығы, соя, арпа, жүгері, жоңышқа береді. Тағы сол сияқты жантақ, қарабақ тікенді шөптерін де береді. Мал жақсы қоректенсе сүтті жақсы береді.
Жайылымда желінген шөптің салмағын сауылған сүтке байланысты шаруашылық есеп бойынша, ал қорада ұсталынған түйелердің қанша жегенін берілген шөп пен оның қалдығын өлшеу арқылы анықталады. Топтағы түйелердің көкшөпті жеуі жыл маусымына, түйе тұқымына және жайылымдағы шөп құрамына байланысты болады.
Түйелерден сауылған сүт өнімі 1-ші кестеде берілген.
Кесте 1- Сауын түйелері тұқымы мен ұстау түрінің сүт өніміне әсері.
Шілде
Тамыз
Қырқүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Барлық сауылған сүт л
Тәулігіне сауылған сүт л
Сүттің майлылығы
4, 5
3, 9
2, 7
1, 3
-
-
-
-
-
-
612
3, 40
5, 6
4, 8
4, 5
4, 4
4, 0
3, 3
3, 2
3, 0
2, 5
2, 2
1, 3
1284
3, 57
5, 4
8, 1
7, 6
6, 4
4, 5
2, 3
-
-
-
-
-
1392
6, 63
3, 4
9, 7
8, 8
8, 0
7, 3
7, 0
5, 2
5, 0
4, 5
5, 0
4, 6
2535
7, 04
3, 3
Кестеде көрсетілгендей, қорада ұсталған түйелердің сауын мезгілінің ұзақтығы және жалғыз өркешті аруаналардың сүттілігі қос өркешті қазақ інгендерімен салыстырғанда 2 есе көптігі байқалады. Тәжірибе мерзімінде түйелердің жеген азық өлшемін есептеу нәтижесінде 1литр сүтке кеткен азық шығыны орта есеппен 0, 8 азық өлшемі болады.
Сонымен, түйе малының сүттілігі тікелей олардың тұқымына, ұрпағына сауу мерзімінің ұзақтығына, азықтандыруына және күтіп-бағу жағдайына байланысты екеніне көзіміз жетті.
Сүт құрамы. Інген сүтінің құрамында көп мөлшерде май, белок және басқа да көптеген элементтер бар, олар сүттің қоректік бағалылығын арттырады. Түйе сүтінің түсі әдетте таза ақ болады, дәмі тұщылау, тәтті немесе тәтті тұздылау болып келеді. Косистенциясы қою болады, сапырған кезде көпіреді. Түйе сүтінде жекелеген компоненттердің болуы тұрақсыз, ол сүт шығу кезеңіне, жыл мезігіліне, азықтануына, малдың түрі және тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты ауытқып отырады.
Мысал ретінде Маңғыстау облысындағы (Қызыл-өзен) шаруашылығының жүргізілген бақылаулары бойынша айыр өркешті және аруана інгендерінің сүтінің химиялық құрамы төмендегідей нәтиже берді.
Кесте 2
Сүттің химиялық құрамы
Аруана
Айыр өркешті інген
86, 38
86, 02
4, 47
5, 39
3, 50
3, 80
4, 95
5, 10
0, 70
0, 69
Кестеде көрсетілгендей түйе сүті май, белок, қантқа өте бай.
Бұл мәліметтер бойынша бір тұқымның өзінің химиялық құрамы әр зерттеу нәтижелерінде әр түрлі екенін көріп отырмыз. Мысалы Бактриан тұқымының құрамы әр зерттеуде әр түрлі. С. Г. Херасковта құрғақ зат 14, 9% болса, К. Т. Бестужинада 15, 8%, ал В. А. Кулаевада 14, 4% құрайды. Сол сияқты дромедар тұқымының белогы С. Г. Херасковтың нәтижесі бойынша 3, 5%, ал К. А. Кулиевтікі 3, 2% ті көрсетеді. Яғни бұл ауытқулар түйе сүтінің шығу кезеңі, жыл мезгілі, бағып күту, азықтану жағдайына, орналасқан орнына, тұқымына байланысты екенін тағы да дәлелдеп отыр.
Түйе сүтінің белогы - казеин, альбуминдер мен глобумендерден тұрады. С. Г. Херасковтың мәліметтері бойынша бір өркешті түйелер сүтінде 3, 6% белок болады, оның ішінде 2, 8% казеин, 0, 27% альбумин мен глобуминдер, нар будандарында 3, 69% белок, 2, 71% казеин, басқасы 0, 84% альбумин мен глобуминдер.
Май. Сұйық сүтті түйелер сүтінде 3, 6-3, 8% май, ал майлы сүтті түйелерде -8% май болады. Сиыр сүтіне қарағанда үлеспен сауылып алынған түйе сүтінің майлылығы аз ауытқиды. Мысалы сауынның бірінші үлесінде сүт майлылығы 3, 5-4% ке дейін ауытқиды, негізгі сауымда 5, 5-6% ге дейін, қолмен соңынан сауып алған кезде 8-12% ке дейін ауытқиды. Түйе сүтінің майы 43-45 0 С температурада ериді және 24-28 0 С да тоңазиды.
Сүт қанты немесе лактоза сауылатын малдардың желінінде жиналады, сүт қышқылы бактериалары лактозаны сүт қышқылын түзе отырып ыдыратады. Ал сүт қышқылы өсірілетін малдың сүйегін қалыптастыруға қажет. Кальций мен фосфорларды сіңіруіне жағдай жасайды. Сүтте лактоза май, белокқа қарағанда тұрақты сақталады. Түйе сүтінде орташа 5% сүт қанты болады.
Витаминдер. Түйе сүтінің витаминдік құрамы әлі толық зерттелген жоқ, бірақ бір мәліметтер түйе сүтінің витаминдерге бай екендігін дәлелдейді. Мысалы, К. Т. Бестужеваның мәліметтері бойынша 1 литр айыр түйе сүтінде А витамині - 0, 38мг, С витамині-58, 2мг, В-витамині-2, 72мг құраған. Сүттен минералдық заттар органикалық және органикалық емес қышқыл тұздар ретінде көрінеді. Түйе сүтіндегі күлдің проценттік саны сиырдікіне жақындайды және 0, 7-ден аспайды, бірақ та құрамдас бөліктерінің бөлінуі біршама өзгеше. Түйе сүтінің күлінде барлық салмағының 30% дей фосфор қышқылы бар, сиыр сүтінде ол 24% ті құрайды. Түйе сүтінің күлінде 25% кальций тотығы болады, ал сиыр сүтінде ол 20-23%. Жаңа сауылған сүттің қышқылдығы орташа 20, 5%-ға тең немесе 20-25%-ға дейін ауытқуы мүмкін. Сүт қышқылдығының аз ауытқуын тәулік бойына да байқауға болады. Мысалы 1-ші сауынның қышқылдығы одан кейінгі сауын сүтімен салыстырғанда 0, 5-1, 5 0 Т артық болады. Түйе сүтінің тығыздығы 1, 025-тен 1, 032 0 А дейін ауытқумен орташа 1, 030 г/см 3 тең. Соңғы қолмен сауып алған үлес кезінде ол орташа 1, 026 г/см 3 құрайды.
Сүттің тығыздығы оның құрамына, ең алдымен майлылығына байланысты. Сүттің майлылығы қанша жоғары болса, оның тығыздығы соншама төмен болады. С. Г. Херасков бойынша қазақ айыр түйелерінің тұқымдарының сүт каллориялылығы 900-950 ккал-ға жетеді. Қыста сауынның азайуына байланысты сүттің каллориялылығы артып 1100 ккал-ға етеді.
Сүттің бактериоциттік қасиеттері. Мал сүтінде лизоцимдер, агглютининдер, антитоксиндер, бактериоциндер, иммундық денелер сияқы белок тектес микробтарды (ұсақ жәндік не өсімдік тектес организм) жоятын қасиеттері бар заттар болады, белгілі бір уақытқа дейін олар сүтте микроорганизмдердің көбеюіне кедергі болады және ол ұйымайды.
Түйе сүті басқа малдың сүтіне қарағанда көпке дейін сақталады. Жоғары бактериоцидтік қасиет сүт қышқылының көбеймеуіне жағдай жасайды +10 0 С температурада түйе сүтінің қалыпты қышқылдығы тәулік бойы сақталады, ал бұл кезде сиыр сүтінің қышқылдығы үздіксіз өседі. +30 0 С температурада түйе сүті 24 сағ сақталған, ал сиыр сүті 6 сағ-тан кейін ұйып қалған.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3. Өзіндік зерттеулер
3. 1 Шаруашылыққа сипаттама
Жекеменшік шаруа қожылығы «Дулат» Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбаев ауылында орналасқан. .
Шаруашылық территориясы құрғақ континентальды климат деңгейінде орналасқан және 4 табиғи аймақтан тұрады: 1) суармалы дала болып келеді және жылдық орта температурасы 9°С, жылдық күннің көзі 35, 3°С-қа дейін қызады, қыстың аязы 18, 5°С-қа жетеді. Жылдық жаңбыр түсімі 250-310мм, жыл мезгілінің ұзақтығы 165-170 күнге дейін созылады. 2) Таулы жазықтар теңіз деңгейінен 600-1000 м деңгейінде орналасқан. Жылдық орта температура 9°С. 3) және 4) -ші аймақтар болса теңіз деңгейінен 2000м биіктікте орналасқан және таулы климатқа жақын.
Жекеменшік шаруа қожылығы «Дулат» негізінен мал өсіріп, Жамбыл қаласының тұрғындарын сапалы мал өнімімен қамтамасыз етумен айналысады. Шаруашылықта 350 бас қой, 60 бас ірі қара, 50 жылқы және 40 бас түйе саналады.
Шаруашылық ет, сүт және сүт тағамдарын өндіруімен қатар шұбат өндіруімен айналысады. Осы мақсатта шаруашылық екі өркешті бактриан мен бір өркешті түркімен аруана түйелерін және түраралық шағылыстырудан пайда болған гибрид түйелердің басын көбейте бастады.
Түйенің сауылу мерзімі негізінен 16-18 ай болғандықтан сүтті жыл бойы шұбатқа өңдеуге болады, бірақ шаруашылықтағы кейбір қиындықтарға байланысты өндіру тізбегі көп жағдайда үзіліп отырады. Түйе сүтінің ең жоғарғы деңгейі боталағаннан кейінгі уақытқа тиеді және оның майлылығы да жоғары болады.
Кесте 2 - Бактриан түйелерінің сүт беру көрсеткіштері (n=13)
Кестеде көрсетілгендей бактриан түйелерінің ең жоғарғы сүт беру көрсеткіші шілде айының үлесіне тиіп отыр (172, 7) . Күз айларында түйе сүтінің майлылығы мен құнарлығы және жалпы мөлшері бәсеңдей бастайды.
Серіктестіктегі сауылған түйе сүтінің химиялық құрамы сауылу айларында әрқилы болатынына көз жеткіздік. Мысалы, түйе сүтінің құрамындағы құрғақ зат мөлшері маусым айынан қыркүйекке дейін 13, 7-15%-ке артса, майлылығы 4, 67-6, 07%-ке дейін көтерілгенін байқадық.
Сүт зауытын сипаттасақ :
- сүтті қабылдау бөлімі;
- сүтті қабылдау цистерналары;
- зертхана, аппараттар бөлімі;
- сүтті суыту аппараты;
- йогуртты құю, фасовкалау, өлшеу аппараты;
- барлық аппараттарды іске қосу құралы.
3. 1. 1 Сапа саласындағы кәсіпорын саясаты
ИСО 8402 стандартында сапа саласындағы саясатқа мынадай анықтама берілген - ұйымның жоғарғы басшылығы мен ұйымдастырылған ұйымның сапа саласындағы негізгі мақсаттары мен бағыттары.
ИСО 9004 стандарты бойынша жекеменшік шаруа қожылығы «Дулат» басшылығы сапа саласындағы саясатты анықтайды және шығарады. ЖШҚ «Дулат» басшылығы жалпы саясатты түсінуді қамтамасыз етудің, оны жүзеге асырудың, яғни жалпы жүргізудің тиімділігін арттыру үшін шараларды қолдануы тиіс.
Сонымен, сапа саласындағы саясат кәсіпорынның коммерциялық саясатының бір бөлігін көрсетеді. Сондықтан ол кәсіпорынның нағыз бар жалпы стратегиялық мақсаттары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан ауытқып отырып құрастырылады.
Саясат кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болуы қажет, сондықтан ол оның қолы жетімді және бәріне түсінікті.
Сапа саласындағы саясатты құжатты түрде рәсімдегені жөн:
- басшылықпен қол қойылған арнайы құжат ретінде;
- сапа жүйесінің негізгі құжатының бөлімі сияқты.
ЖШҚ «Дулат» сапа саласындағы саясатының негізгі мақсаты болып тұтынушылар талабын сұранысқа ие тауар және қызметпен қанағаттандырылуы табылады.
Сапа саласындағы мақсаттар келешекте қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін кәсіпорын жұмыстарының нәтижелері мен қызметтерін жақсатруға бағытталады. Бұл мақсаттар өнімнің өмірлік кезеңінің барлық сатыларында тұрады.
Сапа саласындағы кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары:
- өнімнің техникалық дәрежесін басқа кәсіпорын өнімінен жоғары ұстау, яғни бәсекелестік мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- тұтынушыларды нақтық талаптарға бейімдеу;
- өнімді өткізудің жаңа нарығын кеңейту немесе өнім түрлерінің номенклатурасын кеңейту; сапаны жоғарлату есебінде кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту.
3. 1. 2 Ресурстар менеджменті
Жоғарғы басшылық ЖШҚ «Дулат» стратегиясы мен мақсаттарына жетуді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың болуын анықтайды және қамтамасыз етеді.
Ұйым ресурстарды мына талаптар үшін анықтайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz