Convolvulaceae vent. Тұқымдасының дәрілік түрлері өкілдерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
БОТАНИКА КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
CONVOLVULACEAE VENT. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ДӘРІЛІК ТҮРЛЕРІ ӨКІЛДЕРІНІҢ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: Бейсенова А. Ж.
Ғылыми жетекшісі: Бегенов Ә. Б.
б. ғ. к., доцент
Қорғауға жіберілді: маусым, 2005 ж
Ботаника кафедрасының
меңгерушісі,
б. ғ. д., профессор Мухитдинов Н. М.
Алматы-2005ж
РЕФЕРАТ
Магистрлік диссертация : 47 беттен тұрады. Иллюстрациялары: 7 жоба-сурет, 12- фотосурет, 1-сызбанұсқа, 2-кесте.
Кілтті сөздер: ксилема, флоэма, камбий, анатомиялық, морфологиялық, колленхима.
Зерттеу обьектісі: Convolvulus arvensis L. -Дала шырмауығы
Calystegia sepium (L. ) R. Br. -Арамшөп калистегия
Жұмыстың мақсаты: Convolvulus arvensis L. және Calystegia sepium (L. ) R. Br. өсімдіктерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттама беру.
Зерттеу тәсілдері: морфологиялық және анатомиялық.
Зерттелді: Convolvulus arvensis L. және Calystegia sepium (L. ) R. Br. өсім- діктерінің сабағы, жапырақ сағағы, жапырағы, жапырақ эпидермисі, тамыры- ның анатомиялық құрылымдық ерекшеліктері мен сандық көрсеткіштері.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1. ӘДЕБИ ШОЛУ5
1. 1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және
оларды тиімді пайдалану5
1. 2. Convolvulaceae Vent. тұқымдасына систематикалық,
морфологиялық сипаттама9
1. 3. Convolvulus arvensis L. және Calystegia sepium R. Br. -
вегетативтік мүшелеріндегі БАЗ-ы мен қолданылуы13
2. ЗЕРЗАТТАР ЖИНАЛҒАН КЕРБҰЛАҚ МАҢЫНЫҢ
ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ 15
2. 1. Орография15
2. 2. Климат15
2. 3. Гидрография16
2. 4. Рельефі16
2. 5. Геологиясы17
2. 6. Топырақтары18
2. 7. Өсімдіктер жабыны19
3. ЗЕР ЗАТТАРЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ22
3. 1. Зер заттары22
3. 2. Зерттеу әдістері22
4. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ24
4. 1. Convolvulus arvensis L. және Calystegia sepium R. Br. -
түрлерінің морфологиялық сипаттамасы24
4. 2. Convolvulus arvensis L. вегетативті мүшелерінің
анатомиялық ерекшеліктері25
4. 2. 1. Cабағының анатомиялық сипаттамасы25
4. 2. 2. Жапырақ сағағына анатомиялық сипаттама
4. 2. 3. Жапырақ эпидермисіне және оның кесіндісіне
анатомиялық сипаттама26
4. 2. 4. Тамырдың анатомиялық сипаттамасы26
4. 3. Calystegia sepium (L. ) R. Br. вегетативті мүшелерінің
анатомиялық ерекшеліктері27
4. 3. 1. Cабағының анатомиялық сипаттамасы27
4. 3. 2. Жапырақ сағағының анатомиялық сипаттамасы 28
4. 3. 3. Жапырақ және оның эпидермисінің анатомиялық сипаттамасы28
4. 3. 4. Тамырдың анатомиялық сипаттамасы28
ҚОРЫТЫНДЫ44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ45
КІРІСПЕ
Табиғи дәрілік өсімдіктердің нәсілдік қорын(генофонд), алуан түрлілігін сақтап қалу және табиғи қорын тиімді пайдалану-бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары өсімдіктердің емдік түрлерін пайдалану ғылыми медицинамен қатар халықтық медицинада да кең өріс алып отырғаны белгілі. Медицинада химиялық әдіспен жасалған дәрілерге қарағанда өсімдіктерден алынатын дәрінің сапа жағынан артық екені ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Сонымен қатар, адам ағзасында, табиғатта бірқатар синтетикалық препараттарды ыдырататын механизм жоқ, ал олар су мен топырақ қабаттарында жиналады. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамының әр түрлілігі, оларды физиологиялық белсенді қосылыстар көзіне айналдырды.
Қазіргі уақытта Республикамызда дәрілік өсімдіктердің морфо-анатомиялық ерекшеліктерін олардың диагностикалық белгілері ретінде зерттеу қолданбалы ботаникадағы тың бағыт.
Осыған орай жерасты мүшелерінде БАЗ-ы қорланатын Convolvulaceae Vent. кейбір түрлерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктерінің сипаттамасын жасап, оны Қазақстан дәрілік өсімдіктерінің морфо-анатомиялық диагностикасына пайдалану.
Жұмыстың мақсаты: Дәрілік қасиеті бар БАЗ-ы жерасты мүшелерінде жинақталатын Convolvulaceae Vent. тұқымдасы кейбір түрлерінің бұрын қарастырылмаған вегатативтік мүшелерінің морфо-анатомиялық ерекшелік- терін зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі : Жерасты мүшелерінде биоактивті заттары қорланатын Convolvulaceae Vent. түрлерінің морфо-анатомиялық ерекшелік- терінің сипаттамасын жасап, оны Қазақстан дәрілік өсімдіктерінің морфо-анатомиялық диагностикасына пайдалану.
Ғылыми жаңалығы: Қазақстандағы дәрі-дәрмектік препараттардың тапшылығын толықтыру бағытындағы кезек күттірмейтін мемлекеттік шара.
Теориялық маңыздылығы: Қазіргі уақытта Республикамызда дәрілік өсімдіктердің морфо-анатомиялық ерекшеліктері олардың диагностикалық белгілері ретінде зерттеу қолданбалы ботаникадағы тың бағыт. Мұндай зерттеудің нәтижелері Отандық медицинаға аса қажет, маңызды мәселе.
Практикалық маңызы: Республика емдеу саласында дәрі-дәрмектерді толықтыруға қажетті өсімдікті шикізат даярлауда өзекті зерттеу.
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оларды тиімді пайдалану
Өсімдік әлемін жан-жақты зерттеу және өңдеу, осы негізде өсімдік қорларын тиімді пайдалану жүйесі мен оларды қорғау қазіргі таңда ботаника ғылымының маңызды мәселелерінің бірінен саналады. Табиғи пайдалы өсімдіктерді адам қоғамының қажетіне ұтымды пайдалану үшін олардың қорларын, шикізаттың өзіндік құнын, жинау уақытын және дайындау, өңдеу шараларын т. б. терең білу қажет.
Қазіргі уақытта химия саласының ірі жетістіктері синтетикалық препараттардың көптеп өндірілуіне қарамастан дәрілік өсімдіктер ден алынатын дәрілердің артықшылығы жоғары, әлемдік медицинада қолданылатын 100 мың дәрілік препараттардың 30 пайызынан астамы табиғи дәрілік өсімдіктерден алынады.
Сонымен қатар табиғи дәрілк өсімдіктерді тұрақты өңдеу мен пайдалану нәтижесінде кейбір түрлердің толығымен жойылуы туындады. Мысалы, сирек кездесетін және қорғауды қажет ететін өсімдіктердің 444 түрі
ТМД-ның Қызыл кітабына енгізілді. Әдеби мәліметтерге сүйенсек, ғылыми және халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің жалпы саны 2500 түрді құрайды. Оның ішінде 145 түрі ТМД-ның фармацевтикалық өндірісінде және экспортқа шығарылады /1/. Дәрілік өсімдіктердің жер бетіндегі саны, басқа әдеби мәліметтер бойынша 20 мың түрге жуық деп есептеледі ал ол планетадағы өсімдіктердің жалпы санының 4% құрайды.
ТМД-ды территориясында жоғары сатыдағы өсімдіктердің саны 20мыңға жуық, оның 2 мыңнан астамы халық медицинасында қолданылады.
Қазақстанды 6 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады /2/.
Дәрілік өсімдіктерге қызығушылықтың артуы, біріншіден, өсімдіктен алынуы дәрілік препараттардың адам ағзасына әсері жайлы кешенді, көптеген ауыр сырқаттарды емдеуге оң нәтиже берсе, екіншіден, табиғи, бағалы қосылыстар биологиялық активті заттар: гликозидтер, стероидтар, алкалоидтар, флавоноидтар, илік заттар т. б. алынады И. И. Брехманның ( 1983) пікірінше өсімдіктен алынатын препараттар созылмалы ауруларды емдеуге, әсіресе тазаланған түрде қолданғанда әсері күшті болады.
Табиғи дәрілік өсімдік қорларын ұтымды пайдалану үшін ғылыми тұрғыдан, яғни тек қажетті мөлшердегі шикізат пен олардың табиғи популяциясын ұдайы бақылауға алу қажет.
Қайсыбір зерттеулер бойынша, барлық мәліметтер, өсімдікті өндірістік пайдалану үшін ареалдың карта-схемасы, қорлардың түрлік тізімі, биологиялық ерекшеліктері, дайындау ережесі- дәрілік өсімдіктердің кадастрларының негізі болып табылады /3/. Дәрілік пайдалы түрлерді сақтап қалу мақсатында шаруашылық іс-әрекеттері жүргізілмейтін қорықтар ұйымдастырылуы тиіс/4/.
Бай да, алуан түрлі Қазақстан флорасында көптеген пайдалы өсімдіктермен бірге 100-ден астам дәрілік өсімдіктер де бар. Жаңа дәрілік өсімдік түрлерін, оның ішінде алколоидты өсімдіктерді анықтауда соңғы систематикалық зерттеу П. С. Массагетов(1832, 1847), басшылығымен 30-дан аса экспедициялар ұйымдастырылған. Н. И. Рубцов ( 1934) Батыс Қазақстанның 53 дәрілік түріне ботаника-химиялық сипаттама берсе; В. C. Корнилова(1940) Батыс Қазақстанның өсімдік қорларын зерттеді;
В. Г. Хржановский (1941) Ертіс өзені жағалауында кездесетін жоғары витаминді итмұрынды зерттеген. Республиканың өсімдік байлығын тану мен игеруде Н. В. Павлов аса үлкен үлес қосқан. Ол пайдалы өсімдіктер-каучукты, бояғыш, мал-азықтық, жем-шөптік, илік т. б. алдымен ТМД-ның Еуропа территориясынан Камчаткаға дейін, соңында Қазақстанды зерттеді. Ол дәрілік өсімдіктер ішінен ең маңызды қызыл мия, қылша, сарбас шөп, тегеурінгүлді атап өтті.
Республиканың территориясында дәрілік өсімдік қорлары біршама зерттелген. Солтүстік Орталық және Батыс Қазақстан бойынша тек дәрілік өсімдіктердің таралуы туралы мағлұмат бар. Олардың толық қорларын анықтауда тиянақты жұмыстар тек Повладар, Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген.
Қазіргі уақытта дәрілік өсімдіктер ішінен жүрек ауруларына пайдаланатын, әсіресе жүрек гликозид көздері бар түорлерге баса назар аударуда. Жүрек гликозид көздеріне, сиренше, кендір, Черняев сарыбасы т. б. жатады осы топқа жататын басқа да түрлерге Зезифора Бунге (Ziziphora L ) -халық медицинасында танымал өсімдік. Оның препараттарының пәрменділігі әсіресе жүректегі ишимиялық ауруларды емдеуде фармокологтардың көп жылдық зертеулер нәтижесінде анықталған/5/. З. Бунгенің табиғи және мәдени жағдайда биологиялық ерешелігі, таралуы, қорлары, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда зертелген /6/, химиялық құрамы әсіресе микроэлементтер, флавоноидтар, эфир майлары т. б.
Осы туысқа жататындар басқа түр- З. Выходцевский (Z. Vychodceviana V. Tkatsch) табиғи жағдайда сирек кездеседі. З. Бунгеге қарғанда физиологиялық активтілігі жоғары және мәдени жағдайда өсетіні дәлелденген /7/.
Табиғи жағдайда республикада валериана өспейді. Сондықтан валерианаға ұқсас жергілікті түрлерді кешенді зерттеуді қажет етеді. /7/.
Дәрілік қасиет бес салалы сасық шөпте кездеспейді бірақ осы туысқа жататын түрлер бар . Сондықтан кең таралған Түркістан сасық шөбін жан-жақты зерттеген ( Leonurus turcestanicus V) /8/
Тау экожүйесінде дәрілік өсімдік -патриния (Patrinia intermedia) ауқымды популяция құрайды.
Әр түрлі экологиялық жағдайда патринияның популяциялық қоры анықталған. Сонымен қатар мәдени жағдайда өсіру қолға алынған. Табиғи жағдайға қарағанда 5-ші жылы өсімдік өнімділігі мәдени жағдайда екі есе артқан /9/.
Бір дәрілік түрді үнемді пайдаланбау барысы оның жойылуына әкеледі.
Республикамыздағы ботаника ғылыми институты дәрілік өсімдіктердің таралуы мен түрлік құрамын Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Семей, Өскемен, Шымкент облыстарында анықтаған. Облыс боынша өсімдіктердің таралу картасы құрастырылып, ҚазГАПУ-ға пайдалануға берілген кестелерде, сонымен қатар, дайындау көлемінің мүмкіндігі туралы бағыт көрсетілген. Көрсетілген материалдар жинау мөлшерінің жоспарын алдын ала құруға мүмкіндік береді. Семей, Өскемен, Талдықорған, Алматы, облыстарының дәрілік өсімдіктерінің бірқатар қорлары есептелінген /10/.
Зерттеу жұмыстарының жүргізілуі мен ауқымдылығы дәрілік өсімдіктердің табиғи популяциясының қазіргі жағдайын айқындау, тиімді пайдалану мен өндіру әдістерін жоспарлауда, сонымен қатар қорғау шараларын қажет ететін түрлерді анықтаудағы орны ерекше.
Дәрілік өсімдіктерді дайындауда жеке түрлердің методикалық нұсқаулары мен жасалған инструкциядан ауытқымау керек. Көрсетілген инструкциялар, өсімдіктердің биоэкологиялық ерекшелігі, өнімділік динамикасы, оның құрамы, өндірістік дайындаудан кейінгі қалпына келу механизімдері бойынша құрастырылады. Мысалы, көпжылдық зерттеулер бағалы және ауқымды көлемде дайындалатын дәрілік өсімдік-қылшаны тиімді пайдалану және қорғау жөнінен төмендегідей ұсыныстар жасалған:
1. Сүректенген бұталарды кеспеу; тек жасыл-сары бұташалар кесіледі; диаметрі 0, 3 см аспайтын;
2. Жаңа жасыл өркендер өсетін кезеңде шикізат дайындау тоқталуы тиіс (15 мамырдан 1-шілдеге дейін) ;
3. Кесетін өркендердің биіктігін бақылап отыру керек. Отынға пайдалануды тоқтату, тек лицензиясы барларға рұқсат беру;
4. Эфедраның жасыл массасы қалпына келу үшін 2-3 жылдан кейін ғана шикізат дайындауға рұқсат берідеді. Күзді және көктемдік егіс эфедраның табиғи өсу орындарында жүргізілуі тиіс /7/.
Бірақ, аталған ұсыныстар жинаушылар тарапынан қарапайым жинау ережелері сақталмай, эфедраның табиғи популяциясының жойылу қаупі туындады. Шолақ тау мен Алтын Емелдегі өндіріс массивтеріндегі аталған көрініс айқын байқалған. Қазір Шолақ тауында Қапшағай ботаникалық қорығы ұйымдастырылып, эфедраны жинауға жинауға рұқсат берілмейді /11/.
Біздің флорада дәрілік техникалық маңызы бар және ауқымды көлемде медициналық өндірістерде дайындалатын, экспортқа шығарылатын өсімдік -мия. Мияның табиғи популяциясы, таралуы жақсы зерттелген. Бірақ, адамның шаруашылық іс-әрекеті барысында, әсіресе, өзендердегі гидротехникалық құрылыстардың салынуы, оның гидрологиялық режимінің бұзылуы топырақтың шамадан тыс құрғауына әкелді. Бұл мия шалғынының құрылымдық өзгеруіне, мезофиттердің жойылып, арамшөптердің қаулап өсуіне жағдай туғызады. Мия популяциясының азаюы бақша, астық шаруашылығы, мал жайылымдары, әсіресе Сырдария, Орал, Іле өзендерінің жағалауында байқалады. Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендері алқаптарында мия мүлдем азайып кеткен. Сонымен қатар, мияның табиғи популяциясының қайта қалпына келуі үшін өндірістік плантацияларды ұйымдастыру керек деп есептейді /12/
Осы туыстың басқа түрлері кедір -бұдырлы мия, қылшықты мия,
Коржинский миясының ареалдары шектелген, өте сирек кездеседі, қорғауды қажет етеді. Жерүсті бөлігі шикізат болатын дәрілік өсімдіктерді ( мыңжапырақ шайшөп, түимешетен, қарандыз) арасында 2-3 жыл өткізіп барып дайындау қажет. Әсіресе, жер асты бөліктері пайдаланатын түрлерге ерекше көңіл бөлу керек ( алтын тамыр, марал тамыр, қызыл мия т. б. ) /13/.
Ғылыми жетістіктерді насихаттаудың да бірқатар теріс жақтары да болуы мүмкін. Мысалы, алтын тамырдың (Rhodiola rosea) көп ауруларға емі бар екенін білген халық оны жүйесіз пайдалануда. Шығыс Қазақстанда(Қатон қарағай, Күршім ауданы) осы өсімдіктен жеке тұлғалар ауқымды көлемде шикізат дайындайды. Марал тамыр (Rhaponticum cartamoides) бірқатар зерттеушілерді қызықтырады. Қорғау шараларын қажет ететін дәрілік өсімдіктерге арша, зизифора сасыр, көкнәр, зирек т. б. жатады.
Дәрілік өсімдіктердің табиғи популяциясын қорғау және тиімді пайдалану жолдары төмендегідей:
1. Өңделетін ресми өсімдіктердің ассортиментерін қолдан келгенше кеңейту, бірақ әзірше Республикада өңделмеген түрлер де бар ( Сирения, сарыбас т. б. ) ;
2. Дайындау тәртібі көрсетілген өңделетін өсімдіктердің популяциялардың қорғалуын қамтамассыз ететін дәрілік шикізатты жинау және кептіру шаралары ұсынылған инструкцияларды міндетті түрде орындау;
3. Жеке тұлғаларға дәрілік түрлерді жинауға үзілді-кесілді тыйым салу;
4. Дәрілік шикізаттардың қорлары мен таралуы боынша жұмыстарды күшейту барысында қорғауды қажет ететін өсімдік обьектілерін
анықтау, оны тиімді пайдалану шараларын қарастыру;
5. Ресми тіркеуге алынған лайықты территорияларда тиімді өңдеу шараларын ұйымдастыру;
6. Өнімділігі мен шикізаттың сапасын сақтай отырып, дефицит түрлерді өндірістік плантацияларда өсіру;
7. Дәрілік шикізат көздерін, фармокологиялық қасиеті жағынан сирек шипалы түрлерге жақын түрлерді анықтау. Құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдіктерді зерттеу және пайдалану /14/.
Республикамыздағы Ботаника ғылыми институтында бір қатар дәрілік өсімдіктерді түймедақ, шеңгел, маралшөп, зизифора Бунге, шайшөп т. б. мәдени жағдайда өсіру жөнінен үлкен жұмыстар атқарылған. Олардың бірқатары тәжірибелік-өндірістік бақылаудан өтті. Осы жоспар бойынша ботаника бағында зерттеу жұмыстары жүргізілген. Көптеген дәрілік өсімдіктердің физиологиясы мен морфологиясы бойынша зерттеу жұмыстары Ф. Д. Жумалиева (1971, 1976) басшылығымен физиология институтында жүргізілген жүрек ауруларына ем болатын зизифора Бунгеден дәрілік препараттар алынып, зерттелген. Жүйке жүйесіне әсері бар кодонопсисті де зертеген.
Антропогендік фактордан, әсіресе, бір түрді үнемі пайдалану ауыр зардаптарға әкелді. Республикада жоғалу қауіпі бар дәрілік өсімдіктерге, усасыр, жусан, ал сиреп бара жатқан адонис тянь-шанский, радиола, қазанақ, итмұрын т. б.
Республикамыздың дәрілік өсімдік қорларын ғылыми тұрғыдан қатаң тиімді пайдалануды ұйымдастыру, әр түрлі бағытта зертеуді қажет етеді. Алдымен түрлердің биологиялық ерекшеліктерін толық зерттеу, популяцияның жастық құрамы өндіруден кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары, жинаудың экономикалық тиімділігі т. б. Осындай зерттеу жұмыстары Республика территориясын толық қамту қажет. Нәтижесінде, номенклатурасы, ариалдары, дәрілік өсімдіктердің қорлары жөнінен алынған мағлұматтар шикізатты өндіру орны мен көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Өсімдіктер тіршілік әрекеті барысында маңызды қосылыстар алколоидтар, флавоноидтар, кумариндер, сапониндер, эфир майлары, танидтер т. б. түзеді.
Табиғи қосылыстардан жасалған препараттардың саны үздіксіз өсетініне және қазіргі медицинада емделуі қиын ауруларға препараттар болашақта көп шығатынына күмәніміз жоқ.
1. 2. Convolvulaceae Vent. тұқымдасына систематикалық, морфологиялық сипаттама
Жер бетінде шырмауықтар тұқымдасының 50 туысы, 1500 түрі анықталған, ал Қазақстан флорасына оның 4 туысы, 18 түрі тиісті.
Көпшілік шырмауық тұқымдастар өкілдері-көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, сирек бұталар кездеседі, ал ағаштар мүлде сирек болады. Шөптесін және бұталы өсімдіктер арасында шырмалғыш немесе бұтақталған сабақты және жуанданған түйнек тамырлы өсімдіктер көп. Тұқымдастың көптүрлерінің жапырақтары мен сабақтарында сүттіген шырыны болады. Жапырақтары кезектескен, бүтін, сирек тілімді немесе қауырсын салалы, түкті, жиі жай немесе безді түктері болады.
Гүлдері көбінесе ірі, жалғыз немесе дихазия гүлшоғырына жинақталған. Қосжынысты немесе сирек екі үйлі, актинаморфты, тостағаншасы 5, бос немесе түбі біріккен, кейде пішіні бойынша бірдей емес, әдетте жемістерінде сақталады. Күлтесі біріккен желекті, түтік тәрізді немесе сирек қоңырау, құйғы тәрізді, қою-көгілдір, қара қошқыл, қызғылт, ақ түсті, телімдері нашар байқалады; 5 аталығы күлте негізіне бекіген; аналығы 1; жатыны жоғары, экстрафлоральді шірнеліктері бар, 1 ұялы немесе 2-4 ұялы; аналық мойны 1-2; аналық аузы бүтін, кейде екі телімді немесе аналық аузы екеу; сирек аналық аузы қондырмалы.
Жемісі әдетте қауашақ, бір тұқымды немесе көп тұқымды, сирек жемісі қақырамайтын, шырынды немесе жаңғақ тәрізді. Тұқымы үлкен ұрық және қатпарлы тұқымжарнақты, қатты эндоспермді.
Күлтесінің айқын түсі, шірненің болуы және бал немесе ванилді иіс көптеген бунақденелілерді еліктіріп, гүлдерді тозаңдандырады. Бунақденелілер ішінен шырмауық гүлдерін тозаңдандыратын мысалы, тропиктік аралар ашылған гүлдерімен қоса, ашылмаған гүлшанақтардың да шірнелерін сорады. Көпшілік шырмауықтар құстар мен ұсақ жануарлар арқылы тозаңданады.
Америкада ірі құйғы тәрізді гүлдері бар ипомеяны (I. coccinea) калибри тозаңдандырса, ал ақ ипомеяны (I. alba) гүлдері қараңғыда ашылуына байланысты оны ай гүлі деп атайды және жарқанат, түңгі көбелектермен(Mandula sexta) тозаңданады.
Көпшілік шырмауықтардың гүлдері қысқа мерзімді. Мысалы, дала шырмауығының гүлдері таңертең ашылып, сол күні кешке солып қалады, ал үш гүлді ипомея (I. tricolor) сағат 16. 00. -де гүлдері жабылады. Шырмауықтардың гүлдері жарық тапшылығын бірден сезеді, жаңбырлы, көлеңкелі ауа-райында гүлдері ашылмайды.
Жарықтың жетіспеушілігінен шырмауықтарда клейстогамия байқалады, яғни гүлдері ашылмаған күйінде тозаңдану ішінде жүреді. Теңіз, өзен жағалауында өсетін ипомея, шырмауық, калистегиялардың тұқымдары су бетінде ағыспен жағаға шыққанша жүреді. Тұқымның біраз бөлігі су астында өнеді немесе біраз уақытқа дейін құм мен лай астында, қайтқанша жатады. Батпақты, ылғалды жерде өсетін жатаған дихондрияның(dichondra repens) ұсақ тұқымдары, сол жерде ұя салған құстардың табанына жабысып таралады. Жеңіл, ұзын, жіңішке тұқымдар жел арқылы таралады. Азиаттық-австралиялық эрициба туысының (Erycibe) жемістері алыстан жақсы байқалады. Монотипті эфиопалық туыс нефрафиллум(Nephraphillum) жемісі өздігінен көшіледі. Табиғи жағдайда шырмауықтар тұқымына қарағанда, вегетативтік жолмен, ұзын жатаған сабақтарымен тамыр атпасы арқылы көбейеді. Мысалы, пантропикалық ипопея (I. pes-caprae) сабақтары ұзын 18м дейін жетеді.
Шырмауықтардың экологиялық амплитудасы ауқымды. Бұл тұқымдастың өкілдерін теңіз жағалауынан, теңіз деңгейінен 2500м биіктіктен де кездестіруге болады. Ашық далада, шөлде, су бетінен, батпақты, сортаңды жерлерден, тіпті теңіз жағалауына бейімделген түрлерін кездестіруге болады.
Тұқымдастағы ең үлкен тұқымдас тармағы-нағыз шырмауықтар. Ол өз кезегінде бірнеше трибаға бөлінеді. Шырмауық туысында 250 түр бар. Олардың көбі шырмалғыш шөптесін немесе бұталы өсімдіктер. Көпшілік түрлерін әсемдік мақсатта өсірсе, кейбіреуі дәрілік өсімдіктерге жатады.
C. pseudocontabrica Schrenk. -жалған кантабрлік шырмауық шашыраңқы түрде Жоңғар, Іле, Талас Алатауында, Оңтүстік Қаратауда кездеседі. 1939жылы академик А. П. Орехов өсімдіктің шөбі мен тұқымынан екі алколоид: конвольвин-С H N O және конволамин-C H NO тапқан. Тұқымында құрғақ массасына шаққанда 0, 5%, жапырағында одан азырақ алколоидтың болатыны анықталған.
Клиникалық бақылаудан кейін екі алколоидтың күшті анестезиялық қасиетінің бар екені анықталған. Бірақ, алколоидтардың жоғарғы улылығы таза күйінде қолдануды шектейді, сондықтан туынды препарат-конвокаин жасалған.
Дәрілік мақсатта өсімдіктің тұқымы мен шөбін жинау жеміс берген кезде, маусым-шілдеде жүргізілуі тиіс. Шөбін көлеңкеде кептіріп, бума күйінде сақтайды/15/.
С. sulhirsutus Rgl. -Қатты түкті шырмауық Александр қыратында, Талас Алатауында, Оңтүстік Қаратауда өседі. 1932 жылы А. П. Орехов жапырағы мен тұқымынан екі алколоид: конвольвин мен конволаминді тапқан. Химиялық құрамы толық зерттелмеген. 5% шайырлы гликозид, кристалды гликозид-конвольвулин болады. Халық медицинасында тамырын -әлсіздендіргіш, ал шөбін жараларға пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz