Өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері.
Қазіргі кездегі нарықтық қатынастардың күрделенуі мен тереңдеуі жағдайында өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау ұдайы өндірістің көптеген нысандарын тұрақты түрде жетілдіруді білдіретін объективті қажеттілікке айналуда. Жалпы түрде диверсификация нарықтық қатынастардың жетекші ұстанымы әрекетінің – бәсекелестік жағдайда шаруашылық субъектілердің өміршеңдігін қамтамасыз ететін әртүрлілік ұстанымы әрекетінің ұйымдық-экономикалық жалғасы болып табылады.
Диверсификациялау үрдісінің кәсіпорынның өмір сүру циклындағы орнын анықтау мақсатында кәсіпорынның осы циклдағы «құрылу» мен «таратылуы» аралығындағы көп рет жүзеге асырылатын «қызмет ету», «жетілдірілу» және «даму» кезеңдері зерттелді (сурет 1).
Ескерту - Әдебиеттерді талдау негізінде автор құрастырған
Теориялық зерттеу барысында кәсіпорынның «қызмет етуі» мен «жетілдірілуі» қатар жүргізілетінін, ал, «даму» кезеңі кәсіпорын қызметінің белгілі бір уақытта жарым-жартылай немесе толық тоқтауын білдіретінін анықтадық. Бірақ, «даму» кезеңі кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды көздейтіндіктен, дәл осы «даму» кезеңін жүзеге асыруда диверсификациялау үрдісі аса маңызды роль атқарады. Әрбір кезең ішінде сандық өзгерістердің жинақталуы себебінен белгілі бір уақыт келгенде түбегейлі сапалық өзгерістер қалыптасады, бұл ескі сападан жаңа сапаға ауысу, яғни диверсификациялау үрдісінде өтеді.
Диверсификацияның дамуы оның мақсаттарына, диверсификацияны іске асырудағы себептеріне, кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу тетіктеріндегі өзгерістердің экономикалық-ұйымдық мәніне және сыртқы орта өзгерістеріне тәуелді болуына байланысты осы шарттар диверсификацияланған кәсіпорынның қызметінде есепке алынуы керек.
Диверсификациялау стратегиясының негізгі логикасы екі өлшемде қарастырылады: стратегиялық мақсаттың сипатына байланысты қорғаныс құралы ретінде (әлсіз бағыттарды ауыстыру) немесе басып алушы ретінде (жаңа шепті басып алу) және күтілетін нәтижеге қатысты экономикалық табыс

Өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеудің теориялық-
әдістемелік негіздері. Қазіргі кездегі нарықтық қатынастардың күрделенуі
мен тереңдеуі жағдайында өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау ұдайы
өндірістің көптеген нысандарын тұрақты түрде жетілдіруді білдіретін
объективті қажеттілікке айналуда. Жалпы түрде диверсификация нарықтық
қатынастардың жетекші ұстанымы әрекетінің – бәсекелестік жағдайда
шаруашылық субъектілердің өміршеңдігін қамтамасыз ететін әртүрлілік
ұстанымы әрекетінің ұйымдық-экономикалық жалғасы болып табылады.
Диверсификациялау үрдісінің кәсіпорынның өмір сүру циклындағы орнын
анықтау мақсатында кәсіпорынның осы циклдағы құрылу мен таратылуы
аралығындағы көп рет жүзеге асырылатын қызмет ету, жетілдірілу және
даму кезеңдері зерттелді (сурет 1).
Сурет 1- Кәсіпорынның өмір сүру циклының құрылымы
Ескерту - Әдебиеттерді талдау негізінде автор құрастырған
Теориялық зерттеу барысында кәсіпорынның қызмет етуі мен
жетілдірілуі қатар жүргізілетінін, ал, даму кезеңі кәсіпорын қызметінің
белгілі бір уақытта жарым-жартылай немесе толық тоқтауын білдіретінін
анықтадық. Бірақ, даму кезеңі кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілік
деңгейін арттыруды көздейтіндіктен, дәл осы даму кезеңін жүзеге асыруда
диверсификациялау үрдісі аса маңызды роль атқарады. Әрбір кезең ішінде
сандық өзгерістердің жинақталуы себебінен белгілі бір уақыт келгенде
түбегейлі сапалық өзгерістер қалыптасады, бұл ескі сападан жаңа сапаға
ауысу, яғни диверсификациялау үрдісінде өтеді.
Диверсификацияның дамуы оның мақсаттарына, диверсификацияны іске
асырудағы себептеріне, кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу тетіктеріндегі
өзгерістердің экономикалық-ұйымдық мәніне және сыртқы орта өзгерістеріне
тәуелді болуына байланысты осы шарттар диверсификацияланған кәсіпорынның
қызметінде есепке алынуы керек.
Диверсификациялау стратегиясының негізгі логикасы екі өлшемде
қарастырылады: стратегиялық мақсаттың сипатына байланысты қорғаныс құралы
ретінде (әлсіз бағыттарды ауыстыру) немесе басып алушы ретінде (жаңа шепті
басып алу) және күтілетін нәтижеге қатысты экономикалық табыс алу (дамуға,
тиімділікті көтеруге), кейде үлкен құрылымдық келісімділікке немесе
ағымдағы қызметке қатысты толықтыру енгізу (ноу-хауды пайдалану).
Экономикалық зерттеу нысаны ретіндегі диверсификациялаудың
күрделілігіне байланысты әртүрлі авторлар бұл категория бойынша көптеген
анықтамалар берген. Сол себепті, осы анықтамаларды мағынасына қарай
келесідей 4 топқа топтастырдық: шаруашылық субъектілерінің мүлкі мен
капиталын шоғырландыру нысаны; өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
түрлерінің номенклатурасы мен ассортиментін кеңейту тәсілі; шаруашылық
субъектінің құрылымын қайта құру және кеңейту тәсілі; сауда-коммерциялық
қызмет жүргізуге қажетті нарықтық кеңістікті кеңейту тәсілі.
Біз, осы топтастыру жіктемесіне негізделген келесі анықтаманы ұсынамыз:
тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау – бұл кәсіпорындардың негізгі
мамандануының шегіндегі және шегінен тыс жерлерде жаңа технологияны енгізе
отырып жаңа өнім түрлерін өндіру арқылы даму стратегиясы болып табылады.
Осы анықтамаға сәйкес, біз диверсификациялауды үш көрсеткішіне қарай
жіктеп қарастырамыз: бағытына, саласына және еліне (сурет 2).
,
Сурет 2 – Диверсификациялау түрлерінің жіктемесі
Ескерту - Әдебиеттер негізінде автор құрастырған
2-ші суретте көрсетілгендей, диверсификация бағыты бойынша мынадай
түрлерге бөлінеді: көлденең, тігінен, қиылысқан, конгломератты, аралас.
Ал, қызмет жүргізу саласына қарай келесідей бөлеміз: туыстық бір салада,
яғни дәстүрлі саласының аумағында; туыстық көп салада, яғни дәстүрлі
саласына байланысты салаларда; туыстық емес көп салада, яғни дәстүрлі өнім
өндіру саласына байланыссыз салаларда.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың жаһандануына орай қызмет жүргізу
ауқымын бір елдің аумағында (оның өзін аймақтық немесе отандық деп бөліп)
және бірнеше елдің аумағында деп бөлу қажет.
Өзінің табыстылығын арттыру мақсатында өндірісті диверсификациялауды
даму стратегиясы ретінде таңдау барысында қабылданатын шешімдерге кәсіпорын
келесі үш өлшемді қолдану арқылы алдын ала баға беруі керек: тартымдылық
өлшемі; нарыққа кіру шығындары өлшемі; қосымша пайда алу өлшемі.
Егер де, кәсіпорынның диверсификациялау қызметі жоғарыда аталған үш
өлшемге сай келсе, онда оның табыстылығын арттыру әлеуеті жоғары болады, ал
егер де, бір немесе екі ғана өлшемдер талаптарын орындайтын болса, онда оны
жүргізуде белгілі бір қауіп бар екенін анықтауға болады.
Диверсификацияның ұстанымдық мәні экономикалық ғылымның негізгі қарама-
қайшылығы болып табылатын – ресурстар шектеулілігі мен қажеттіліктердің
шектеусіздігі мәселесін шешуде негізгі құрал ретінде қолданылуында көрініс
алады. Өндірістік ресурстардың сандық және сапалық шектеулілігіне
қарамастан, үнемі өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мәселесі
тәжірибеде ескірген өнімдерді өз уақытында өндірістен шығарып тастау,
дәстүрлі өнімдерді өзгерту және жаңарту, жаңа тауарлар өндірісінің
экономикалық тиімділігін арттыру негізінде шешімін табады.
Өндірісті диверсификациялау белгілі бір ұстанымдар мен басқару
әдістерін пайдалану негізінде жүзеге асуы тиіс. Өндірісті
диверсификациялауды басқару ұстанымдары кәсіпорын қызметін стратегиялық
басқарудың жалпы ұстанымдары негізінде анықталады.
Сондықтан, теориялық зерттеулерді негізіге ала отырып, біз Оңтүстік
Қазақстан облысындағы тамақ өнеркәсіп өндірісін диверсификациялаудың
тиімділігі мен мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұстанымдарды келесі түрде
ұсынып отырмыз: ресурстарды қамтамасыз ету ұстанымы; тұтыну ұстанымы;
диверсификациялаудың оңтайлы нүктесін анықтау ұстанымы;
диверсификацияланған өндіріс өзектілігі ұстанымы (негізгі тоғыз
диверсификациялау стратегиясы бойынша жүргізіледі, оларды бөлуде негізгі үш
көрсеткіш қолданылады: а) кәсіпорынның мамандану деңгейі, б) тігінен
интеграция деңгейі, в) көлденең байланыстар деңгейі); технологиялық
сәйкестілік ұстанымы; еңбекпен қамсыздандыру ұстанымы.
Әлемнің жетекші елдерінің даму тәжірибесі көрсеткендей, көлденең тұрған
экономикалық мәселелерді шешудегі және экономикалық өсуді қамтамасыз
етудегі мемлекеттің өнеркәсіптік саясатының ролі маңызды. Біз зерттеген
Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты елдерде мемлекеттің құрылымдық
өзгерістер жүргізу, экспортты ынталандыру, инвестицияларды тарту, орта және
шағын бизнесті дамыту сияқты іс-шаралар жоспарларында диверсификациялау
үрдістері белсенді түрде қолданыс тауып отыр. Бұл елдердің тамақ
өнеркәсібіндегі диверсификациялау ерекшелігі экономиканың басқа салаларынан
капиталдың құйылуы болып табылады және де бұл капиталдар тек өңдеуші
кәсіпорындарға ғана емес, сонымен бірге шикізатпен қамтамасыз етуші ауыл
шаруашылығына салынды. Бұл елдердегі диверсификациялау үрдістерінің
ерекшелігі тамақ өнімдері нарығындағы қомақты қаржылық ресурстарға ие азық-
түліктік емес салалардағы операторлардың болуы және олардың табысты
қызметтерінде көрініс алады.
Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау
үрдістерін талдау
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысында (1992-1995жж.) халықты
азық-түлікпен қамтамасыздандыру маңызды мәселе болды. Өйткені, тамақ
өнеркәсібі өндірісінің төмендеуі азық-түлік нарығындағы жағдайды одан әрі
ушықтырды; импорт тауарлар отандық тауарларды нарықтан ығыстыра бастады;
республикаға сапасыз, көп жағдайда адамның денсаулығына зиян келтіретін
азық-түлік өнімдері сатыла бастады; ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен
халық санының едәуір өсуіне (31,8%) орай тұтыну қабілетінің төмендеуінен
азық-түлік өнімдері халықтың бірқатар бөлігі үшін қолжетімді болмады.
Соңғы жылдары мемлекеттің жүргізген іс-шаралары ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеу салаларына оң әсерін тигізіп, жалпы тамақ өнеркәсібі
өнімдерінің өндірісі бірқалыпты өсуде. Бірақ, Қазақстанның зерттеліп
отырған кезеңдегі (2005-2009жж.) тамақ өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп
өндірісіндегі алатын үлес салмағы әлі де болса тұрақты емес және ол орта
есеппен 8,3%-ды ғана құрап отыр. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің нан
өнімдерінен басқа барлық негізгі өнім түрлері бойынша халықтың жан басына
шаққандағы нақты тұтынуы деңгейі 41% – 60% аралығында болып, едәуір
жеткіліксіздігімен сипатталады. Талдау барысында тамақ өнеркәсібі
өнімдерінің көлемі мен түрлері бойынша еліміздің азық-түліктік қажеттілігін
қамтамасыздандыруда айрықша төмен деңгейде екендігі анықталды.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2009 жылы төменде көрсетілген негізгі
тамақ өнімдерінің ішкі тұтынудағы импорттың үлесі қауіпті жоғары деңгейде
болып отыр: сүт өнімдері бойынша: құрғақ сүт - 90,7%, қоюландырылған сүт
пен кілегей - 82,1%, ірімшік пен сүзбе - 67,5%, сары май - 39,4%; көкөніс-
жеміс консервілері - 78,6%; маргарин - 50,8%, кондитерлік өнімдер - 56,5%,
печенье - 50,9%, балмұздақ - 46,3%, шұжық өнімдері - 39,4%, шоколад -
33,7%, күріш - 31,3%.
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде алынған Оңтүстік Қазақстан
облысының тамақ өнеркәсібі өндірісі жалпы республикалық тенденцияға
қарағанда өнеркәсіп саласында жетекші орынға ие осы саланың өнеркәсіптегі
үлесі (2005-2009жж.) тұрақты түрде 30,1%-дан – 43,1%-ға дейін өсуімен
ерекшеленеді және бұл аймақтың өнеркәсіптік дамуындағы мамандандыруды
анықтайтын аса маңызды сала болып табылады. Сонымен қатар, бұл облыстағы
тамақ өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыздандырушы ауыл шаруашылығы өндірісі
бойынша республикада жоғары көрсеткіштерге ие.
Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің зерттеп отырған
кезеңдердегі аса маңызды өнім түрлерінің нақты өндірісі 1991 жылы
өндірілген өнім көлемімен салыстырмалы динамикасы біркелкі емес, негізінен
көптеген өнім түрлерін өндірудегі өте төмен деңгейімен сипатталады. Мысалы,
дәннен, өсімдіктен алынған ұн және олардың қоспалары (24,8 есе) аса жоғары
қарқынмен, ал алькоголсіздік ішімдіктер (3,3 есе), макарон, кеспе және
осыған ұқсас ұн өнімдері (149,2%) өсімдік майлары (147,1%) баяу қарқынмен
өсуде болса, жүзім шарабы (-41,2 есе), шұжық өнімдері (-12,0 есе), сүт
өнімдері (-6,4 есе), шоколад, қанттан жасалған кондитерлік тағамдар (-5,9
есе), ет өнімдері (-5,1 есе) және минералды сулар (-1,9) едәуір төмендеген
(кесте 1).
Кесте 1 – Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібіндегі аса маңызды тамақ
өнім түрлерін өндіру
Көрсеткіштері 1991ж.2006ж..2007ж. 2008ж.2009ж. 2009 ж.
1991 ж.
%-бен
Ет өнімдері, тонна 40888 7990 7992 8538 8085 -5,1 есе
Шұжық өнімдері, тонна 8183 799 487 560 643 -12,0
есе
Өсімдік майы, тонна 52623 45056 47456 188 77422 147,1
Өңделген сұйық сүт және 94,2 13,5 13,7 14,7 14,7 -6,4 есе
қаймақ, мың тонна
Дәннен, өсімдіктен алынған234,1 424,2 407,9 482,8 5815 24,8 есе
ұн, олардың қоспалары, мың
тонна
Жаңа пісірілген нан, мың 133,2 158,4 158,3 160,0 160,2 120,2
тонна
Шоколад, қанттан жасалған 16124 1043 1635 1785 2703 -5,9 есе
кондитерлік тағамдар,
тонна
Макарон, кеспе және осыған13787 12895 16647 18000 20582 149,2
ұқсас ұн өнімдері, тонна
Жүзім шарабы, мың литр 16190 623,3 437,2 202,6 393 -41,2
есе
Сыра, мың литр 62150 78857,075408 60340,60070,396,6
8
Алкогольсіз ішімдік, мың 20320 31795,310739,419701,67188,33,3 есе
литр 1
хош истендірілмеген 6968 213906,288583,2688,43554,9 -1,9 есе
минералды және газды 4 3
сулар, мың литр
Ескерту - Статистикалық мәліметтер негізінде автор есептеген
2-ші кестеде беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жылы
тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша Қазақстанның аумақтарындағы
рейтингтік көрсеткіштеріне сәйкес республиканың басқа аймақтарына қарағанда
көптеген өнімдерді өндіру әлеуеті жоғары екендігін байқатты. Әсіресе,
рейтингте 1-2 орындарға ие келесі өнім түрлерін атап көрсетуге болады:
жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін өндіруде қызанақ консервілерін, өсімдік
майын өндіруде мақта майы мен рафинатталмаған күнбағыс майын, ұн және басқа
да дәндік өнімдерінде жаңа піскен нан мен майда тартылған ұн және макарон,
спирттік сусындар өндіруде, шарап шығаруда.
Ал, облыстың ет өнімдерін өндіруде жақсы көрсеткішке (15-тің ішінде 4-
ші орында) ие бола тұра шұжық өнімдері өндіруде өте төмен дәрежеде және ет
консервісін мүлдем өндірмейді, дәл сол сияқты сүт өнімдері бойынша құрғақ
сүт пен сары май және маргарин өнімдерінің өндірісі жолға қойылмаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі саласының өндірісін талдау
барысында анықталған мәселелерді шешу жолдарын іздестіру мақсатында осы
аумақтағы ірі кәсіпорындардың диверсификациялау үрдісінің бағыттарына
және оның ерекшеліктеріне талдау жүргізілді (кесте 3). Талдау
қорытындысы
Кесте 2 – Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жылы тамақ өнімдерін өндіру
көлемі бойынша Қазақстанның аумақтарындағы рейтингтік көрсеткіштері
Тамақ Өнім түрі ӨндіруРеспубликаның басқа
өнімдерін көлеміаумақтарымен
шикізат , салыстырмалы
өніміне қарай тонна көрсеткішінің дәрежесі
топтастыру
Ет өнімі Ет және еттен жасалған өнім 9121 15 аумақтың ішінде 4
түрлері орында
Ет консервілері - 10 аумақта өндіріледі
Шұжық 643 16 аумақтың ішінде 13
орында
Балық өнімі Балық және оның консервлері 112 15 аумақтың ішінде 12
орында
Жеміс-жидек, Жеміс, көкөніс шырындары 4396,55 аумақтың ішінде 4
көкөніс орында
өнімдері
Уксус қосылмаған қызанақ 5851 4 аумақтың ішінде 1
томатының консервлері орында
Уксус қосылған қызанақ 148 2 аумақтың ішінде 1
томатының консервлері орында
Өсімдік майы Мақта майы 34063 2 аумақтың ішінде 1
және оның орында
фракциялары
Күнбағыс майы, 9695 10 аумақтың ішінде 2
рафинатталмаған орында
Күнбағыс майы, рафинатталған 7232 7 аумақтың ішінде 4
орында
Сүт өнімдері Сүт, кілегей 14656 16 аумақтың ішінде 7
орында
Ірімшік және сүзбе 224 16 аумақтың ішінде 10
орында
Құрғақ сүт - 4 аумақта өндіріледі
Сары май - 12 аумақта өндіріледі
Маргарин Маргарин өнімі - 3 аумақта өндіріледі
Ұн және басқа Ұн, майда тартылған 58389616 аумақтың ішінде 2
да дәндік орында
өнімдері
Жаңа піскен нан 16020116 аумақтың ішінде 1
орында
Макарон 20582 16 аумақтың ішінде 2
орында
Қант Қант өнімі 201 5 аумақтың ішінде 5
орында
Кондитер Шоколад, кондитер өнімдері 2703 13 аумақтың ішінде 5
өнімдері орында
Спиртті Коньяк, литр 213 5 аумақтың ішінде 4
сусындар орында
Шарап, литр 3554,93 аумақтың ішінде 2
орында
Арақ және спирттік сусындар, 784,8 13 аумақтың ішінде 9
литр орында
Этилді спирт, литр 1257,510 аумақтың ішінде 5
орында
Пиво Пиво өнімі, литр 60070,13 аумақтың ішінде 4
3 орында
Ескерту - Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған
облыстағы тамақ өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындарында туыстық және
туыстық емес диверсификациялау бағыттарында жүргізіліп отырғанын көрсетті.
3-ші кестеде көрсетілгендей, даму стратегиясын көлденең
диверсификациялау бағыты бойынша бір ғана туыстық салада өнім түрлерін
көбейту арқылы жүргізіп отырған кәсіпорындар ретінде Шымкент май АҚ,
Корона макарон фабрикасы ЖШС, Шымкент сүт ЖШС, Сайрам сүт ЖШС
анықталды. Туыстық салаға тігінен диверсификациялау үрдісінің мысалы
ретінде Түлкібас ауданындағы ЭкоПродуктГруп АҚ мен Сайрам ауданындағы
Принир - 2004 ЖШС-ның қызметін қарастырсақ болады. Наурыз-5 ЖШС өзінің
қызметін туыстық салада диверсификациялаудың қиылысқан бағытын жетілдіріп
отыр. Туыстық емес салада қызметін конгломератты немесе аралас
диверсификациялауға бағытталған облыс бойынша жетекші тамақ өнімдерін
өндіруші кәсіпорындар мыналар: Арай ЖШС, Sana-Шымкент ЖШС, Қайнар
Корпорациясы, Шымкент пиво ЖШС, АВК Капланбек, Оңтүстік-құс ЖШС.
Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс
диверсификациясына әсер етуші ықтималдылық және нәтижелілік факторларға
баға берілді. Бірінші топ факторлары кәсіпорынның жаңалықтарды енгізу
қабілеттілігімен анықталып, диверсификацияның нақты тәжірибеде
өтуіне
Кесте 3 – Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібіндегі жетекші
кәсіпорындардың диверсификациялау бағыттары мен салалық құрамы
ДиверсификацияКәсіпорынның аты Негізгі мамандануы Диверсификациялануы Салалық Нарық көлемі
бағыты құрамы (өнімді елдер
нарығына
шығаруы)
Туыстық салада диверсификациялау
Көлденең Шымкет май АҚ Өсімдік майларын өнім ассортиментін көбейту, бір салалыаумақтық;
өндіру өнімді өткізу, отандық; ТМД
елдері, оның
ішінде әсіресе
Ресей нарығында
Корона макарон Макарон өнімдерін өнім ассортиментін көбейту, бір салалыаумақтық
фабрикасы ЖШС өндіру өнімді өткізу,
Шымкент сүт ЖШС Сүт өнімдерін өнім ассортиментін көбейту бір салалыаумақтық
өндіру
Сайрам сүт ЖШС Сүт өнімдерін өнім ассортиментін көбейту бір салалыаумақтық
өндіру
Тігінен ЭкоПродуктГруп ЖШСЖеміс-жидек шикізат өнімін өндіру, өңдеу, көп салалыаумақтық;
өнімдерін өткізу отандық
консервілеу
Принер-2004 ЖШС Қызанақ пастасы шикізат өнімін өндіру, өңдеу, көп салалыаумақтық;
өткізу отандық; Египет
Қиылысқан Наурыз-5 ЖШС Көкөніс өнімдерініңшикізат өнімін өндіру, өңдеу, көп салалыаумақтық;
консервісі ассортиментін көбейту, өткізу отандық
Туыстық емес салада диверсификациялау
Конгломератты Арай ЖШС Өсімдік майларын ассортиментін көбейту, ұнды көп салалыаумақтық
өндіру қораптау, макорон өнімдері
Sana-Шымкент ЖШС Ұн өндіру ұнды қораптау, өткізу, өсімдік көп салалыаумақтық
майын өндіру
Аралас Қайнар Өсімдік майларын шикізат өнімін өндіру, өңдеу, көп салалыаумақтық;
корпорациясы өндіру ассортиментін көбейту, өткізу, отандық;
мал өнімдері, емдік-минералдық су Өзбекстан және
өнімдері, шикізат қабылдау Қырғыстан
пунктері, денсаулық сақтау
орындары, колледж, бала-бақша,
құрылыс пен жөндеу
Шымкент пиво ЖШС Пиво өнімі шикізат өнімін өндіру, өңдеу, көп салалыаумақтық;
сақтау, ассортиментін көбейту, отандық;
өткізу, ресторан бизнесі алыс және жақын
шетел нарығында
АВК Капланбек ЖШС Вино және шикізат өнімін өндіру, өнім түрінкөп салалыаумақтық;
алкогольдік өнімдеркөбейту, өңдеу, өткізу, отандық
емдік-минералды сусындар
Оңтүстік құс ЖШС Жұмыртқа және тауықөсімдік шаруашылығы, өнім көп салалыаумақтық
еті сорттарын көбейту, өнім түрлерін
көбейту, ресторан бизнесі
Ескерту – Автор құрастырған
мүмкіндік жасайды. Олар келесілерді қамтиды: өндіріс диверсификациясына
бағытталған қаржылық ресурстар; өндірілетін өнім сұранысы мен оның
болашақта жаңа өнімдерге байланысты өсу қарқыны; еңбек ресурстары. Қаржылық
ресурстардың жеткілікті саны, өнімге сұраныстың көлемі, жұмыс күшінің саны
мен сапасы диверсификация шеңберінде өнімді өндіруге мүмкіндік береді.
Нәтижелілік факторлар бойынша келесілер қарастырылды: дәстүрлі
өндіріспен тығыз байланысы; пайда мөлшері; өндіріс пен кәсіпкерлік қызмет
аумағы; өнімнің бәсекелік қабілеттілігі; заңдық-институционалдық факторлар;
ғылыми-техникалық прогресс. Осы факторлар бойынша бағалау нәтижесінде
облыстағы 2009 жылы тамақ өнімдерін өндіру бойынша негізгі капиталға
бағытталған инвестициялардың жалпы көлемі 3,6 млрд. теңгені немесе
облыстағы инвестициялардың жалпы көлемінің 1,2%-ын құрап, оның 97,8%-ы
кәсіпорынның өз қаржысы есебінен, ал қалғаны қарыз қаражаттарынан тұратыны
анықталды. Яғни, мемлекеттік бюджет қаражаттары мен шетел инвесторларының
қаражаттары мүлдем тартылмаған.
Ал, ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерді игеру мүмкіндігі
деңгейін сипаттаушы көрсеткіштерді бағалау барысында облыстағы зерттеуге
алынған ірі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының соңғы үш жылдағы (2007-
2009жж.) өндірістік қорларының белсенді бөлігінің тек 15% ғана қажетті
деңгейге сай келіп, 50%-ға жуығы жаңалауды, ал жалпы негізгі қордың 40-60%
түгелдей алмастыруды қажет ететіндігі анықталды. Әсіресе, кәсіпорындардың
қызметіне өнім өндіретін ғимараттар мен құрылыстардың рухани және табиғи
тозуы елеулі әсер етіп отыр және де бұл кәсіпорындарда жалпы жұмысшылардың
40-50%-ы жартылай механизацияланған немесе толық қол еңбегі жұмысымен
қамтылған.
Тамақ өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігі бірқатар элементтерден
құралған күрделі категория болғандықтан маркетинг мамандардың пікірі
бойынша өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің 70-80% оның сапасына
байланысты анықталады. Өнімнің сапасын басқару көптеген дамыған елдерде тек
кәсіпорын деңгейінде ғана емес, жалпыұлттық мәселе ретінде қарастырылады.
Сапа менеджменті жүйесі бойынша ИСО мен ХАССП стандарттарын енгізген
ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өндеу кәсіпорындарының облыстағы саны 2008
жылы – 19, 2009 жылы – 22 кәсіпорынды құрады және осы саладағы жалпы
кәсіпорын санының үлесінде сәйкесінше 12,1% және 14,6%-дық үлесіне ие.
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялауды жетілдіруде өндірістің
тиімділігін арттырушы негізгі фактор ассортименттік саясат болып табылады.
Сол себепті, облыстағы өсімдік майын өндіруші кәсіпорындардың ассортиметтік
саясатты жүргізуіне талдау жүргізуде Қайнар май ЖШС мен Шымкент май АҚ
таңдалып алынды. Қайнар май ЖШС өз өнімдерін тек 1 литр және 5 литрлік
көлемде ғана шығарады, яғни ассортименттік саясатты өз деңгейінде жүргізбей
отыр. Ал, Шымкент май АҚ өсімдік майын тұтынушылардың сұранысының негізгі
көрсеткіштері бойынша қанағаттандыру арқылы өнім ассортиментін ұлғайтып
отыр. Бұл кәсіпорынның жүргізген сауалнама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz