Уәлихан Омарұлы - публицист



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1 АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАН ТҰЛҒА

1.1 Сатқындық салтымыз ба еді? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.2 Алты Алаштың ардақтысы . Уәлихан Омарұлы ... ... ... 15

2 УӘЛИХАН ОМАРҰЛЫ . КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ

2.1 Елін білімге шақырған есіл ер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.2 Уәлихан Омарұлының көркем шығармаларындағы публицистикалық белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бүгінде мемлекетіміз тәуелсіздігін алған тұста қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашылып, жаңа кезең орнады. Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп соны серпін, бұрын-соңды естіп білмеген басқаша бағыт бағдар әкелді. Еліміздің егемендік алып, төрткүл дүниеге танылуы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени- рухани өміріне түбегейлі өзгерістер әкелгені рас. Талай жылдардан бері бір жақты, үстем идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген халықтық қазыналарға жаңаша көзқарас туды. Бұған қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында елеулі орын алған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дұлатұлы сынды танымал тұлғалардың қызметі мен шығармашылығының саясат құрсауынан азат болуы бірінші кезекте ықпал етті.
Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған алғашқы қадамдар басқа да белгілі қаламгерлердің мол мұрасы шаң басып, қаттаулы қалған небір асыл азаматтарымыздың шығармаларын заман рухына сәйкес қайта зерделеу мен зерттеуге мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі азат өмір тіл айналымына «демократия», «жариялылық», «жаңару» деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқан асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық, болмыс, құбылыстарды қалпына келтіруді, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси айыптау мен заңсыздықтардың құрбаны болғандарды ақтауды, өнер өкілдерінің қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды талап етіп тұр.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Адамзат тарихының да ерекше бір мырзалық жасап, «ақ түйенің қарнын ақтара салатын», ағыл-тегіл игіліктің астында қалдыратын кездері болады. Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басы да осындай бір жомарттықтың белгісі ретінде көрінді, ғажап бір дәулетке кенелтті. Халқымыздың атын шығарып, мәртебесін асырар, қиын-қыстау күндерде жол бастап, жаңа өмірге алып шығар ерекше бір ұрпақ
1. Абильтайын М. Теңесбаев Қ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар және «Алаш» қозғалысының тарихнамасы. Түркістан, ХҚТУ, 2004, 124-б.

2. Алаш Қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы, Алаш, 2004, 542-б.

3. Амандосов Т. Газет жанрлары, Алматы, 1964, 320-б.

4. Амандосов Т. Журналист және өмір. Алматы, 1967, 280-б.

5. Амандосов Т. Публицистика дәуір үні. Алматы 1974, 118-б.

6. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000, 356-б.

7. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989, 318-б.

8. Бекхожин Х. Қазақтың советтік баспасөзі. // Қазақ әдебиеті, 1957, 25 қазан.

9. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. 1964, 290-б.

10. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. Алматы, 1981, 240-б.

11. Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971, 173-б.

12. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихынан. Алматы, 1950, 38-б.

13. Қабдолов З. Адам. Публицистика. Алматы, 1964, 172-б.

14. Қабдолов З. Жанр сыры. Алматы, 1964, 169-б.

15. Қожакеев Т. Жыл құстары. Алматы. 1991, 257-б.

16. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. Алматы. 1991, 224-б.

17. Қазақ кітабы. Сұбхамбердина У. Сақ Қайрат. Алматы.

18. Нұсқабайұлы Ж. Алдаберген Қ. Көне басылымдар. Құнды деректер, аяулы есімдер. Алматы. 1997, 212-222-б.

19. Қамзабеков Д. Алаш және әдебиет. Алматы. Фоллант, 2002, 474-б.

20. Нұрғалиева Л. Тарих және баспасөз. Алматы, 2000, 99-б.

21. Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист. Алматы, 1997, 176-б.

22. Жамбылов Д. Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалыс. Алматы, Жеті жарғы, 2001, 168-б.

23. Сақ Қайрат. Ұлттық сана ұйтқысы. Алматы, 2001, 183-б.

24. Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Алматы, Жазушы, 1977, 391-б.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Журналистика тарихы кафедрасы

Оралбаева Гүлайым Жамбылқызы

Тақырыбы: Уәлихан Омарұлы - публицист

Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық

Бітіру жұмысы

Ғылыми жетекші – ф.ғ. к., доценті, АМАНҚОС МЕКТЕП-ТЕГІ

Рецензент – Қазақ әдебиеті газеті редакторының орынбасары
БЕКЖАН ӘШІРБАЕВ

2007 жылғы ... ... ... ... ... .. мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... .. ҚОЗЫБАЕВ С.Қ.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2007 жыл ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Комиссия хатшысы ф.ғ. к., доц. ШЫҢҒЫСОВА. Н.

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1 АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАН ТҰЛҒА

1.1 Сатқындық салтымыз ба
еді? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.2 Алты Алаштың ардақтысы – Уәлихан Омарұлы ... ... ... 15

2 УӘЛИХАН ОМАРҰЛЫ – КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ

2.1 Елін білімге шақырған есіл
ер ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 24

2.2 Уәлихан Омарұлының көркем шығармаларындағы публицистикалық
белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...58

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
65

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бүгінде мемлекетіміз тәуелсіздігін алған
тұста қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашылып, жаңа кезең орнады.
Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп соны серпін, бұрын-соңды естіп
білмеген басқаша бағыт бағдар әкелді. Еліміздің егемендік алып, төрткүл
дүниеге танылуы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени- рухани өміріне
түбегейлі өзгерістер әкелгені рас. Талай жылдардан бері бір жақты, үстем
идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген халықтық қазыналарға жаңаша
көзқарас туды. Бұған қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында елеулі
орын алған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы,
Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дұлатұлы сынды танымал тұлғалардың қызметі
мен шығармашылығының саясат құрсауынан азат болуы бірінші кезекте ықпал
етті.
Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған
алғашқы қадамдар басқа да белгілі қаламгерлердің мол мұрасы шаң басып,
қаттаулы қалған небір асыл азаматтарымыздың шығармаларын заман рухына
сәйкес қайта зерделеу мен зерттеуге мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі азат өмір тіл айналымына демократия, жариялылық, жаңару
деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқан
асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық,
болмыс, құбылыстарды қалпына келтіруді, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси
айыптау мен заңсыздықтардың құрбаны болғандарды ақтауды, өнер өкілдерінің
қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды
талап етіп тұр.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі: Адамзат тарихының да ерекше бір
мырзалық жасап, ақ түйенің қарнын ақтара салатын, ағыл-тегіл игіліктің
астында қалдыратын кездері болады. Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың
басы да осындай бір жомарттықтың белгісі ретінде көрінді, ғажап бір
дәулетке кенелтті. Халқымыздың атын шығарып, мәртебесін асырар, қиын-қыстау
күндерде жол бастап, жаңа өмірге алып шығар ерекше бір ұрпақ берді. Олардың
ішінен небір өжет өрендер, қажымас күрескерлер, қарымды қаламгерлер шықты.
Бұлар әрі революция жеңісін ұйымдастырған рухани байлық жасаушы зергер
жазушы, жалынды журналист болды. Кейінгі бүкіл заман ауырпалығын негізінен
солар көтерді.
Бірақ амал не, сол ардақты азаматтар тағдыр тауқыметіне ұшырап, 20-30
жылдардағы жауыздыққа, жалақорлыққа тап болды. Бір сыпырасы ақыл-парасаттан
азап шексе, көбі қиястықтың қырына ілінді, қиянаттың құрбаны болды. Төккен
қанының, еткен еңбегінің қызығын көрмеді. Өздері үшін есіл ерлердің еңбегі
еш кетті.
Қазір сондағы зұлымдықтың бет пердесі сыпырылып, әлеуметтік
әділеттілік орнап жатқан кезде, сол сұмдықтың сыры неде, мезгілсіз мерт
болған, арманда кеткен аяулы адамдарымыздың қаны кімнің мойнында, олардың
көздерінің жаламен жойылуына кім кінәлі деген сұраулар әкімнің көкейіне
келіп, жауап күтілуде. Міндетті түрде бұл сұраққа жауап берілу керек. Мұны
анықтап алу – даму тарихымыздағы бір ақтаңдақты жоюдың әрекеті,
сондағыдай жауыздыққа, баскесерлікке жол бермеудің шарасы, әділеттілікті,
адамгершілікті, гуманизмді орнықтыру кепілі. Осыны түсінгендер айналасына
алақтап қарап, бір пәлеге қалмас пе екем деп, сақтана, суыртпақтап өз
ойын ортаға салушылар да көріне бастады. Бірақ әлі де батыл айту, ашық
айту, кімнің қашан, қалай сайрағанын атын ашып айту жоқтың қасы.
Киіз туырлықты, алаш ұранды қазақ ұлтының ел мүддесін өз басынан биік
қойған, қайткенде Алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде
малданбаған (Сұлтанмахмұт) қайраткерлері - Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет
Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы секілді азаматтардың қадірі ғасырдан-ғасыр
өткен сайын арта бермек. Бұлардың қатарында Х. Досмұхамедұлы, М.
Тынышбайұлы, Х. Ғаббасов, А. Бірімжанұлы, Ә. Ермекұлы, М. Шоқай, Р.
Мәрсеков, Б. Сәрсенұлы сияқты т.б. ұлт ерлерінің есімдері жартысы
бүтінделіп, жоғы түгенделген қазіргі тарихымызда лайықты орнын алып,
ұмытылмастай жазылып қалды. Ұлт тәуелсіздігін аңсаған бұл топтың зор
қызметі өз заманының тасқа басылған тарихы – ғасыр басындағы іргелі басылым
– Қазақ газетінде айқын көрінгені рас. Осы Қазақ газетінің үлгісін
көрген Уәлихан Омарұлы да ұлт болашағын ойлап, алаштың рухани жүгін
көтеріп, қазақ мәдениетінде мол қазына қалдырған қазақ зиялыларының
қатарынан орын алды.
Ұлт зиялыларының қоғамдық қайраткерлігі мен ел үшін еткен қызметін
айтпағанда, соңында қалдырған шығармашылық өнері, әсіресе көсемсөздік
мұрасының өзі еліміздің мәдениетінің тарихында өзгеше тұрпаттағы, айрықша
сипаттағы мирас екенін тәуелсіз ел болған кезімізде анық таныдық. Бұл ретте
ешқандай мұрасы зерттеусіз қалған Уәлихан Омарұлының журналистік қызметі
мен публицистік еңбектерін ғылыми сүзгіден өткізу қазақ баспасөзі тарихына
тереңірек үңіліп, оны кеңінен ашуға септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Қазақ журналистикасының теориясы мен практикасын жетілдіре, үстемелей
түсу үшін Уәлихан Омарұлының қазіргі уақытта табылған көсемсөз мұрасы
белгілі бір деңгейде өзіндік үлес қоса алатынын жоққа шығаруға болмас.
Сонымен бірге ұлт баспасөзі тарихындағы басылымдардың ерекше қолтаңбасы,
қазақ публицистикасы жанрларының қалыптасуы және соған ат салысқан Уәлихан
Омарұлының кәсіби журналистік шеберлігі, қандай кезеңде болмасын, келешек
журналистерге және баспасөз зерттеушілеріне қал-қадерінше үлгі бола алады.

Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Уәлихан Омарұлының шығармашылығы
жөнінде ешқандай пікір-пайымдар мен сын-пікірлер жоқ. Қазіргі уақытта
Уәлихан Омарұлының еңбегін түбегейлі зерттеп, бір ізге түсірген еңбектер де
жоқ. Сондықтан Уәлиханның Омарұлының есімін сол 20-30 жылдары жарық көрген
баспасөз беттерінен ғана іздеп табуға болады. Уәлихан Омарұлының еңбектері
ғылыми жүйеге түспеген. Бұл тақырыпты зерттеу барысында Ұлттық кітапхананың
сирек қор бөлімінде сақталған Қазақ газетінің сақталған бірен-саран
нөмірлерінен шығармаларын іздеп таптық. Бұл туындыларының жартысы жыртылып,
оқуға келмейтіндей жағдайға жеткен. Сонымен қатар сол заманның әліпбиінде
жазылған шығармаларды оқу да қиындық туғызды. Төте жазуынан аударылып
талданған қазіргі кездегі қолда бар материалдардың да толыққанды,
түпнұсқасында алдық деген дұрыс емес болар еді, өйткені туындылардың түгел
мазмұнын толықтай оқып шығу мүмкін емес. Ең алдымен біз зерттеу жұмысын,
жүргізу барысында сол кездегі баспасөзді зерттеуден бастадық. Уәлихан сол
тұста шығып тұрған бірнеше баспасөзде жарияланып тұрған болатын. Қазіргі
кезде жасалған библиографиялық көрсеткіштерге ғана сүйене отырып іздеп
таптық.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері: Бұл еңбекте Уәлихан
Омарұлының журналистік қызметі мен бізге мұра етіп қалдырған еңбектеріндегі
публицистикалық нышандар, оның публицистикалық шеберлігінің қалыптасу
кезеңдері, ерекшеліктері сол замандағы қоғамдық-саяси хал-ахуалдың шындығы
аясында, ғылыми тұрғыда қарастырылды. Сонымен қатар сол сұрапыл кездерде
елі үшін ерінбей еңбек еткен кісінің шаң басқан мұрағаттарда қатталып
жатқан туындыларының қазақ публицистикасы мен баспасөзі тарихында алатын
орны мен салмағын көрсетуден ғылыми жұмыстың мақсаты туды. Қазақ
газетінде бірнеше рет есімі аталған ұстаздың көсемсөз мұрасының өзгешелігін
және оның кәсіби шеберлік ерекшелігін айқындау мен саралау үшін мынадай
міндеттер келіп шығады:
Біріншіден, сол замандағы саяси хал-ахуалға үңіліп қарап, ұстаздық
етіп жүрген кісінің баспасөздің ауыр жүгін арқалауға келгеніне не себеп
болғанын түсіну. Олардың алғышарттарына, себеп-салдарына талдау жасау;
Екіншіден, Уәлихан Омарұлының журналистік қызметінің кезеңдерінің және
оның қазақ публицистикасының дамуына қосқан үлесін айқындау;
Үшіншіден, Уәлихан Омарұлының баспасөзге алып келген жаңашылдығы,
туындыларының ерекшеліктері мен стилін ашып көрсету;
Төртіншіден, Уәлихан Омарұлының сегіз қырлы бір сырлылығын, яғни
Уәлиханның көсемсөз туындыларындағы жанрлық жағынан әрқилығына назар
аудару.
Бесіншіден, Уәлихан Омарұлының шығармалары арқылы сол заманның тыныс-
тіршілігін, қоғам сырын, хал-ахуалын көру және сол қоғамдағы болып жатқан
жағдайларға ұстаз-публицистің өз көзқарасын айқындау;
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл ХХ ғасыр басындағы қазақ
публицистикасының дамытуға үлес қосқан ұлт публицисі Уәлихан Омарұлының
көсемсөз шығармашылығын арнайы қарастырған тұңғыш ғылыми еңбек. Бұл еңбекте
Уәлихан Омарұлының қазіргі кезде табылған туындыларының барлығы шама-
шарқынша талданған. Зерттеуде оның мақалалары, сыни мақаласы, үш фельетон
әңгімесі, аудармасы бүгінгі көзқарас тұрғысында бағаланды.
Публицистің фельетон әңгімелері, мақалалары сол кезде сана ұйтқысы
болған Қазақ газетімен қатар, Ақ жол, Еңбекші қазақ, Алаш
газеттерінде, Айқап, Жаңа мектеп, Сана журналдарында жарық көрген.
Бұл бітіру жұмысында келтірілген, талданған, бағаланған туындылары
қазақ баспасөзінің бастау тегі мен төл ерекшеліктерін айқындай түсу үшін де
өз үлесін қоса алады.
Бітіру жұмысы зерттеуінің тәсілдік негіздері: Бітіру жұмысы Уәлихан
Омарұлының туындыларын талдау, фактілер мен деректерді жүйелеп тексеру
әдісіне құрылған.
Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізі: Уәлихан
Омарұлының шығармашылығын зерттеу барысында қазақ журналистикасының
теориясы мен тәжірибесі және тарихы жайында сүбелі еңбектер жазған ғалымдар
А. Байтұрсынұлы, Б. Кенжебаев, Х. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеев,
Ш. Елеукенов, Н. Омашев, М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Қ. Смайылов, Қ.
Алдаберген, Б. Жақып, Қ. Сақ. К, Қамзин, А. Мектеп-тегі 1, сонымен
қатар журналистиканың, оның ішінде публицистиканың санқилы мәселелеріне
қатысты келелі пікірлер айтқан Е. Прохоров, В. Горохов, В. Ученова,
Г.Колосов, М.Черепахов, В. Здоровега, М. Стюфляева, В. Стрельцов 2
сияқты белгілі ғалымдардың да зерттеулерін негізге алдық. Мұнымен бірге
М.Әуезов, М.Қозыбаев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Б.Қойшыбаев, М.Құлкенов,
Р.Сыздықова, К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев 3 тәрізді әдебиетші және
тарихшы, жазушы һәм журналистер, ғалымдардың іргелі еңбектеріне сүйеніп,
ғылыми дәйектерге иек арттық. Сонымен қатар Уәлихан Омарұлының
замандастарының еңбектеріне де сүйендік. Олар: С.Сейфуллиннің Тар жол
тайғақ кешу публицистік романы, С. Мұқановтың Менің мектептерім еңбегі.
Ғылыми жұмыстың негізгі зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым академиясы Орталық кітапханасының, Қазақстан Республикасы
Ұлттық кітапханасының арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған
Уәлихан Омарұлының публицистикалық шығармалары мен еңбектің жазылуына
қатысты түпнұсқа құжаттар мен деректік маңызы бар мәліметтер жұмысымыздың
негізі болды. Сонымен қатар Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы
архивіндегі Уәлихан Омарұлына жүргізілген сот процесінің материалдарын да
қолдандық. Уәлихан Омарұлының нақты айыпталған уақыты жайлы осы 1932 жылғы
20 сәуірдегі қылмыстық істен қараған болатынбыз.
Бітіру жұмысының деректік көзі: Қазақстан Республикасы орталық
Ғылым акадамиясының кітапханысы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық
кітапханасының сирек қолжазбалар қорында сақталған 30- жылдардағы баспасөз
өнімдері.
Қорғауға шығарылатын ұсыныстар: 1. Алаш ардақтыларының бірі болған
Уәлихан Омарұлының есімін жаңғыртып, публицистикасына назар аудару. 2.
Баспасөз тарихына есімін енгізіп, еңбегін бағалау. 3. Өмірі, қызметі мен
публицистикасына толық зерттеу жасап, ғылыми айналымға енгізу.
Бітіру жұмысының қолданбалық және тәжірибелік маңызы: Соңғы жылдары
тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы кезеңінде қазақ баспасөзі тарихындағы
ақтаңдақтар ақиқаты ашылып, демократиялық қоғамымыздың тың серпін, жаңа
леп әкелген кезеңде ұлттық журналистика тарихы жаңа деректермен, қайта
қауышқан есімдермен кеңейе бастағаны белгілі. Сол себептен де баспасөздің
дамуы мен қалыптасуы кезеңдерінде идеологиялық және тарихи-методологиялық
көзқарастың да жаңарғаны түсінікті жағдай. Дәл осы негізге қазақ баспасөзі
тарихының құрамдас бір бөлігі жеке публицистердің шығармашылық шеберлігі
мен ерекшелігі, қоғамдық-саяси көзқарасы мен идеялық түсінік пайымы ұлттық
құндылық сипатында талдану керектігі заңды құбылыс. Бұл орайда Уәлихан
Омарұлының журналистік қызметін, публицистикалық шығармашылығын зерттеудің
теориялық және практикалық мәні зор екенін ұғынуға болады. Иә, ұлттың қалам
қайраткерлерінің жетпіс жыл аталмай келген асыл мұрасының тұншықтырылуы,
олардың қоғамдық ғылым саласында түгелдей мансұқталуы, большевиктердің
қатыгез идеологиясының құрбаны болған жеке публицистердің, ұлттық бағыттағы
басылымдардың жарыққа шығуына тиым салынуы қазақ баспасөзі тарихын
толықтыра зерттеуге қолбайлау болды. Сондықтан бұл зерттеу еңбек қазақ
баспасөзінің тарихына қосылған жаңа бет болып табылмақ. Сондай-ақ, ХХ ғасыр
басындағы ой-сананың тууы, дамуы, өзгеріске ұшырауының сипатын да, елдің
тыныс-тіршілігін де публицистің көсемсөз туындылары анық аңғартады.
Бітіру жұмысындағы ғылыми тұжырымдар мен келтірілген деректерді
журналистика факультетінің арнаулы курстар мен Публицистика өнері, Қазақ
баспасөзінің тарихы пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады. Сонымен
бірге, публицистің оқу ісі, білім жүйесі және тіл білімі салаларына арналып
жазылған мақалаларын қоғымдық ғылымның осы салаларының өкілдері өздеріне
қажетті деген мәліметтерін ала алатынына сенеміз.
Бітіру жұмысының сыннан өтуі: Бұл бітіру жұмысы әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің журналистика тарихы кафедрасында орындалды.
Жұмыстың барысы журналистика факультетінің журналистика тарихы кафедрасында
болған алдын-ала қорғау мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден негізгі екі
тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелерден
тұрады.

1 АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАН ТҰЛҒА

1.1 САТҚЫНДЫҚ САЛТЫМЫЗ БА ЕДІ?
Кіріспеде зерттелетін мәселенің өзектілігі, бітіру жұмысының мақсат-
міндеттері, методологиялық негізі, зерттеудің жаңалық сипаты, практикалық
мәні, зерттеу нәтижелерінің тәжірибе жүзінде қолданылуы және сыннан өтуі,
таңдалған тақырып бойынша жарық көрген еңбектер баяндалды. Бітіру жұмысының
алғашқы тарауы Алаштың азаматы болған тұлға деп аталады. Оның Сатқындық
салтымыз ба еді? деген бірінші тақырыпшасында сол қилы заман кезінде қазақ
халқының ауыр жағдайы жайлы айта келіп, сол тұстағы зиялы азамттарымызға
жала жауып өз қандастары мен туысқандары жаман атақ үшін ұстап бергендері
туралы жазылған. Бұл тақырыпша негізінен сол кездегі саяси хал-ахуалды
айқын көрсету үшін қолданылған.
Шапқанда – байдың ұлы, тоқтағанда еске түседі - деген қазақта
астары мол бір мақал бар. Шамасы, ол атқа шапқанда байдың баласындай
шалқып, тоқтағанда кедейлігің еске түседі дегенді білдірсе керек. Сол
сияқты күні кеше қызыл саясаттың қанатында желпініп жүріп, жадымыздың
шайылып, жанымыздың шаншылғанын, зердеміздің мүжіліп, еңсеміздің езілгенін,
ой өрісіміздің шектеліп, рухымыздың тапталғанын тіпті сезбей де қалыппыз.
Ғалым Ахмедовтың мына бір сөзінде үлкен мән бар: Қай халықтың болса
да, ең маңызды ескерткіші – оның тарихы деп жазған ол. Сол тарихымызды
әлі күнге дейін дұрыстап тани алмай, біресе олай, біресе бұлай ауытқып,
оқушы қауымды шатастырып келген едік, енді ғана ақ-қарамызды айырып,
ақтаңдақ қалған жерлерін анықтай бастадық. Елі үшін, жері үшін бар өмірін
сарп еткен ел санасын оятқан Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың күресі әлі күнге
дейін толық зерттелген жоқ. Әріден басталып аяғы он алтыншы жылға дейін
тізбектеліп келетін, одан кешегі желтоқсанға жалғасатын осы оқиғаларды бір
ізге салып, дұрыс бағасын бере алмай келеміз. Халық аңыз еткен ер
азаматтарымызбен, олар жайындағы тарихи жазбалармен, қиса-аңыздармен
оқырман қауымды, әсіресе жастарымызды әлі таныстыра алмай жүрміз. Бұл
еңбектердің рухани маңызын бағалай білуіміз керек.
Зерттеуші ғалымдар ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ресейлік билікке
қарсы бағытталған Кенесары Қасымұлы бастаған және басқа азаматтық
қозғалыстарды Қазақстанды Ресейден бөліп әкетуді көздеген реакциялық
феодалдық-монархиялық қозғалыстар ретінде бағалауға тиіс болды. Шамамен
тура осындай баға ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жүрген Алаш қозғалысына да
берілді. Кеңестік тарихнама осы мезгілдегі Қазақстандағы азаттық қозғалысты
екі ағымға, яғни халықтық-революциялық және буржуазиялық-ұлтшылдық
ағымдарға бөле отырып, ұлттық саяси элитаның қызметін буржуазиялық-
ұлтшылдықтың көрінісі ретінде сипаттап, оны бірінші ағымға қарсы қойды. ХХ
ғасырдың бас кезінде Қазақстанда да әлемдегі басқа отарлық елдердегідей
дағдарысты жағдай қалыптасқан еді. Ресейлік, әскери-монархиялық басқару
жүйесінің озбырлығы, қазақ жерін орыс мемлекетінің өз меншігіне
айналдырушы, соның салдарынан Ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт
өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен құнарлы жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі
қазақ шаруашылығының терең тоқырауға ұшырауы, ұлттың мәдени өркендеуіне
қарсы қойылған түрлі кедергілер – осының бәрі сол ауыр жағдайдың
көріністері еді. ХХ ғасырдың сұмдығы мұнымен біте қойған жоқ. Тағы да қазақ
халқының басына зобалаң алып келген уақыт Ф.И. Голощекиннің Кіші Қазан
революциясын жасаған кезі болды 4.
Иә, тарихымыздың қаралы беттері саналып отырған 37-38 – жылдардағы
қуғын-сүргінге кім кінәлі еді. Көбіміз бұған Сталин және оның айтқанын
орындап, абырой таппақ болған жандайшаптары кінәлі деп жатырмыз. Сөз жоқ,
олар кінәлі. Өйткені өз билігін баянды етіп, тұғырдан түспеу үшін
тайталысады-ау, иық тіреседі-ау дегендерді жолдан алу саясатын жүргізген,
осы ниетпен қуғынды-сүргінді хал-ахуал туғызып, қайраткерлердің барлығын
дерлік жау көрген солар.
Сөйтсе де сол сорақылықтарға кінәліні, біздіңше, өз ішімізден де
іздеуіміз керек. Баспасөз беттерінде күн құрғатпай көңілге салқын, көзге
жат: әшкерленген неміс-жапон жансыздары, бет пердесі ашылған үстем топтың
өкілдері, Қазақтың ата жауы-ұлтшыл, алашордашылар қателерін мойындап өз
жазаларын алды деген оғаш хабарлар беріліп жатты. Әрине алдыңғы лекте
халқының ақылман ұлдары нақақ жалаға ілікті. Олай дейтініміз орталықтан
ешкім – Ежов та, Берия да, қазақтар, сендер жау ретінде мыналарды
ұстаңдар, деп ешкімнің атын атап, түсін түстеп берген жоқ. Онсыз да
зытайын деп тұрған қоянға айт деген соң не шара дегендей, әлгі саясат,
нұсқауға елең ете қалғандар, атына міне шапқандар өзімізден табылды. Олар
аттандап шыға келді, ұранға айқай қосты. Жоғарыға жағынып, жау табуға
жүгінді. Қыза-қыза астананы қойып, ауыл, аудандарды аралап кетті. Қой
бағып, жер өңдеп, егін салып жүрген жауларды тауып алды. Донос жасады,
жалған куәлік етті, ұстап берді. Сөйтіп өз еліне, өз жұртына, өз ағайын-
туғандарына ата-бабамыздың салтында болмаған сатқындық жасады.
Яғни жұртты жаппай жазалауға, қуғын-сүргінге ұшыратуға өзіміздің
кейбір адамдар, баспасөз органдарымыз және туысқан халықтардың жекелеген
өкілдері себепші болды. Қазір солардың айтқанын, жазғанын оқып көрсең,
жағаңды ұстайсың, жаның түршігеді.
Мұзапаров деген Ұлтшыл-фашист бандаларын түп-тамырымен құрту керек
деген мақала жариялап, былай деді: ...Есмұхамбетовты қолтықтап көмек
беруші адам Қазақстан Жазушылар ұйымында да табылды. Ол – кәдімгі Майлин
Бейімбет. 1915-16 екеуі айырылмас дос болған. Халық жауы Есмұхамбетов
Бейімбеттің үйінде бірнеше рет қонақта болды. Есмұхамбетов досы Бейімбеттің
ұлтшылдық бағытта жазылған өлеңдерін жерге тигізбей мақтап, жастар
арасында, колхоздардың жиын жерінде айтып отыратын ... Пролетариаттың заң
органдары жоғарғы адамдарды тексеруден өткізу керек. Соның ішінде Есмурзин
мен Майлин. Осындай арсыздыққа олар қалай барды, көпке қалай топырақ шашты,
аққа қалай күйе жақты деген сұрауларға бұл саяси сауаттың аздығынан,
мәдени деңгейдің төмендігінен болды дейді. Сонымен қатар сол 1937 жылы 11-
12 қазан күндері Жазушылар ұйымының жиналасы өткен. Сонда белгілі бір
ақынымыз суырылып шығып, былай деп соққан: Мүсірепов әлі шынын айтқан жоқ.
Ол ұдайы халық жауы Майлинді сүйеп келді... Біз Майлин әшкереленіп қолға
түспестен бұрын, ол туралы Қазақ әдебиеті газетімізге жазған болатынбыз.
Бірақ Мүсірепов РК (б) П Орталық Комитетінің мәдениет-ағарту бөлімінің
меңгерушісі болып тұрғанда газеттің осы нөмірін кәмпеске жасатты,
шығарттырмады, газетке Майлин туралы жазылған мақаланы өз қолымен түзеткен
соң ғана, газет шығарылды. Сондағы әдебиетіміздің қос алыбына қойған
кінәсі не дейсіздер ғой. Ол мынау: Мүсірепов пен Майлиннің идеясы бір. Ол
Майлин екеуі бірігіп, Амангелді пьесасын жазды. Бұл олардың идеясының бір
екендігін көрсетеді.
Саяси сауаты мол философымыз І. Қабылов, Рысқұлов пен Қожановты,
Жолдыбаев пен Сұлтанбаевты, Мұстанбаевты председатель, сұмырай, ұлтшыл,
алашордашыл фашист агент деген эпитеттермен таңбалап, жерден алып, жерге
салған.
Саяси айып қоюда ұстамды болуға, байсалдылық, парасаттылық көрсетуге
осы азаматтардың өресі жетпеді ме екен? Олардың деңгейі, дәрежесі жетпесе
әлгідей артық айыптауларды жариялаған газеттеріміздің өресі қайда? Құп алып
қостап, қол қойған редакторлардың өресі қайда? Ұлтшыл атын атана
қоятындар біреуге осылай деп таңба басып айыптап, сенімді көрінгісі
келетін, орын үшін, шен үшін бүкіл елді сатып кететін атаққұмарлар екенін
осының бәрі білмегені ме?
Мүмкін біреулер жоғарыда айтылғанның бәрі сын мен өзара сын ғой, ниет
– кемшіліктерді сынап, жою, адамдарды ширату ғой дейтін болар. Жоқ,
біздіңше, бұл игі ниеттен, адал аңсардан туған, жолдастық рухтағы,
адамгершілікпен айтылған сын емес, жалақорлық, асыра сілтеп тағылған айып,
жұртты жау етіп көрсетуге, ұстап әкетуге негіз берген, себеп болған
пікірлер.
Ал енді баспасөзіміз жазықсыз жандардың жау деп танылуына, қолды
болып, жапа шегуіне қалай септігін тигізді? Баспасөз де сөзге еріп,
байбаламшылардың ықпалына түсті. Онда айтылып жатқан айыптауларға, қойылып
жатқан кінәларға сын көзбен қарау, оны парасатпен байыптау болмады. Бұл
тұста эмоцияға берілу, арандатқан ағат пікірлерге құлақ қою, қол көтеріп
қостау, айқай-сүреңге үн қосу туысқан халықтардың кейбір өкілдерінде де
болды. Н.Тимофеев, С. Брайнин Ұлтшыл – фашист жауларды түп – тамырымен
құртайық, Буржуазияшыл ұлтшылдар – коммунист партиясы мен совет
өкіметінің ежелгі жауы деп айқайлап шықты, еңбектер жазды.
Сөйтіп, 1937 жылғы қуғын-сүгіннің белең алуына, жұртты жайнап өтуіне,
сталинизмнің жүзеге асуына осылайша қызмет еттік. Интеллегенциямыздың
қаймағын қалқып алып, қырып салуға өзіміз көмектестік. Осы орайда және бір
жаман қасиет көрсеттік. Басқаның қайғысын өз қайғым, халық қайғысы деп
түсінбедік. Басына пәле жабылған адамның өзін-өзі қорғауы қиын екенін,
ондайларға ара түсу басқалардың парызы екенін білгіміз келмеді. Бұл не
деген жауыздық! деп, сілкініп өре тұрғандар, шешініп тастап, шындық жолына
бас тіккендер бола қоймады. сен тимесең мен тимен деп бұғып жата бердік.
Қойын тамақтап, бөктеріп бара жатқан бөріден қорқып, айқайлауға шамасы
келмей отырып қалған қойшының кебін кидік. Репрессия тұсында осыны көп
болып ойлай алмадық5.
1.2 АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ – УӘЛИХАН ОМАРҰЛЫ
Ұлы тұлғаларымыз нақақтан – нақақ жала жабылып атылып, сотталып,
жазықсыз жапа шекті. Солардың арасында қоғам қайраткері, ұстаз Уәлихан
Омарұлы да тұтқынға алынып, қараңғы үйге жабылған болатын. Артынан бір
себептермен түрмеден босатылғанын зерттеуші Аманқос Мектеп-тегінің ғылыми
еңбегінен көре аламыз. Онда Біріккен саяси Бас басқарманың (ОГПУ) қаулысы
бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылып, айыбын концлагерде өтеуге
үкім шығарылған Әлімхан Ермекұлы мен Мұхтар Әуезовке де Жеңілдік жасалып,
олардың тұтқында болу мерзімін тергеу камерасында отырған уақытынан бастап
есепке алынуын ұйғарды. Бұлармен бірге Уәлихан Омарұлы, Біләл Сүлейұлы,
Даниял Ысқақұлы айыптау қорытындысында алдын-ала қамалған мерзімі есепке
саналып, темір тордан босатылады 6 деген жолдар бізге Уәлиханның
алашордашылардың бірі болғанын аңғартып тұр.
1921-1954 жылдар ішінде Қазақстанда саяси себептермен 103 000-нан
астам адам сотталып, оның 25 мыңнан астамы атылып, саяси құғын-сүргін
ауқымы кең көлемде және аса қатыгездікпен жүрді. Осы жылдар ішінде
жоғарыдан басталған билік үшін күрестің соңы саяси қуғындауға ұласып,
өзінің бірнеше кезеңдерінен өтті. Соның бірі – 1929 жылдардың соңында
басталған Алаш қозғалысының мүшелерін қуғындау еді. Оларға қарсы
ұйымдастырылған алғашқы сот процесі 1930 жылғы 4 сәуірде болып, ОГПУ-дың
үкімімен 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. Дәлірек тоқталсақ, Ахмет
Байтұрсынұлы бастаған 10 адам алғашқыда өлім жазасына кесіліп, бірақ, кейін
ол үкім он жылдық мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылды. Біз
төменде келтіріп отырған 1932 жылғы 28 ақпандағы екінші сот процесінің
үкімімен Мұхамеджан Тынышбайұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы
бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы (осы топтағы алғашқы 15
адам) бес жылдық мерзімге Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына (қазіргі
Воронеж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дың осы екі үкімнің құрбандарының тірі
қалып, елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік ұлтшыл деген
айыппен ату жазасына кесілді.
Оларға негізінен революцияға қарсы қызмет дегенді білдіретін 58- бап
бойынша айып таққан. Біз әңгіме етіп отырған осы екінші топқа іліккендердің
бәрі – таныс есімдер, қазақ халқының болашағы үшін аянбай қызмет жасаған,
еліміздің мақтаныштары.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан
облыстық басқармасының архивінен алынып, пайдаланылған төмендегі
азаматтарға қатысты айыптау және ақтау туралы материалдар қуғын-сүргін
құрбандары хақындағы ақиқатты айқындаудағы өзіндік зор орны бар.
1958 жылғы 28 ақпандағы отырысында Қазақ КСР прокуратурасының
наразылығымен ПП ОГПУ – жанындағы Үштіктің Қазақстандағы 1932 жылғы 20
сәуірде мына адамдарға шығарған қылмыстық ісін қараған:
Тынышпайұлы Мұхамеджан, Досмұхамедұлы Жаһанша, Мұқайтпасұлы
Әбдірахман, Кемеңгерұлы Қошмұхамед, Бұралқыұлы Мұстафа, Күдерші Жұмахан,
Қожамқұлұлы Нәшір, Ақпайұлы Әбілхамит, Ақпаұлы Жақып, Қыдырбайұлы Сейдазін,
Тілеумен Жұмағали, Мурзин Мұхтар, Үмбетбайұлы Алдаберген, Омарұлы Әшім,
Ермекұлы Әлімхан, Әуезұлы Мұхтар, Омарұлы Уәлихан, Сүлейұлы Біләл, Ысқақұлы
Данияр.
Осы уақытқа дейін Уәлихан Омарұлы туралы нақты деректер табылмаған.
Уәлихан Омарұлының есімі Солтүстік Қазақстан Облысының энциклопедиясына да
енбеген. Тек түпнұсқасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы
мұрағатында №22015 шифрмен сақталған осы материалдардың мазмұнына үңілсек
Омарұлы Уәлихан деген атты кездестіреміз.
Омарұлы Уәлихан, айыпталған уақытында қырық үш жаста болған. Ұлты
қазақ, партияның құрамында жоқ. Павлодар совпартшколында (советская
партийная школа) мұғалім болған деген деректер жазылған. Омарұлы Уәлихан
мен Сүлейұлы Біләл РСФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-11 баппен, Ысқақұлы
Данияр, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 және 58-11 баптарымен алдын-ала
қамауға алынып, тұтқында болған мерзімдерімен жазаланды деген де нақты
дерек бар. (Омарұлы 1931 жылғы 30 наурыздан, Сүлеев 1930 жылғы 27
қыркүйектен, Ысқақов 1930 жылғы 20 наурыздан – 1932 жылғы 20 сәуірге дейін
қамауда болған.)
Жоғарыдағы сотталғандарға алдын-ала тергеу материалдарынан
көрсетілгендей мынадай айыптар тағылған.
1. Кеңес Үкіметін құлату мақсатымен 1921-22 жылдары астыртын
контрреволюциялық ұйым құруға қатысқан.
2. Шығыс Бұхарадағы басмашыларға, кейіннен Қорданға басшылық жасаған Зәки
Уәлидимен байланыс орнатқан.
3. Ферғанадағы басмашылармен байланыс орнатқан.
4. Жауапты қызметкерлер үстінен террорлық акт жасауға жауынгер жастар
тобын ұйымдастырған және осы актілерді дайындаған.
5. Жастардан әскери кадр дайындаған. Байлармен байланыс орнату мақсатында
Алқа үйірмесін ұйымдастырған.
6. Совет Үкіметін құлату мақсатында, оған қарсы қарулы көтеріліске
дайындық жасаған.
7. Қазақстан Советтерінің жерге орналастырушылық, бай мүліктерін
тәркілеу, шаруашылықтарды ұйымдастыру және мал, ет дайындау шараларына
кедергі жасауға және осы мақсатқа совет аппаратының басшы
қызметкерлерін пайдалануға тырысқан.
8. Антисоветтік насихат жүргізген.
Жоғарыдағы енгізілген наразылықты қанағаттандыруға мынадай негіздер
алынды:
Істің материалдарынан көрінгендей, тергеу біткесін бұл қылмыстық іс
КСРО ПП ОГПУ-ның қарауына жіберіліп, одан іс 1932 жылы 2 наурызда
Қазақстанның ПП ОГПУ-не қылмыстық істі қысқартып, барлық айыпталушыларды
қамаудан босатуға ұсыныспен оралған.
Алайда, Қазақстанның ПП ОГПУ-і 1932 жылғы 4-ші және 20-шы сәуірде
Москвадағы ОГПУ-ң төрағасының орынбасары Акуловқа екі рет телеграмма
жолдап, онда оларды бостандыққа шығару ұлттық элементтердің
белсенділігін туғызады, жаңа толқын көтереді, ОГПУ органы мен өлке
басшыларына шабуыл ұйымдастырады... - деген сылтаулармен
тұтқындалғандардың көпшілігін Қазақстаннан тыс өлкелерге жер аударуға
келісім беруді сұрайды.
 Жоғарыда аталған азаматтардың осы іс бойынша жазаға ұшырауына
негізінен М. Тынышбйұлы, Х. Досмұхамедұлының, Ә. Қашқынбайұлының
жауаптары себеп болған. Алайда істің материалдарынан көрініп тұрғандай,
Қашқынбайұлы Әлиханға және басқаларға қатысты қылмыстық істер тергеу
кезінде, оларды қамаудан босатумен қысқарған, ал М. Тынышбайұлы пен Х.
Досмұхамедұлының Қазақстанның ОГПУ-не жазған арыздарына өздеріне тағылған
айыптарды теріске шығарады.
Сотталушылардың қалғандары алдын-ала тергеу барысында өздерін айыпты
санамаған және өздерін ешқандай контрреволюциялық ұйымда болмағандарын,
ешқандай контрреволюциялық жұмыстар жүргізбегенін мәлімдейді.
Сотталушылардың бандитизмге қатыстылығын айыптау басқа іс бойынша
айыпталған Әділов пен куәгер Төлебаевтың жауаптарының көшірмесіне
негізделіпті, алайда, олардың жауаптары негізсіз. Барлық сотталушылар
өздерінің бандитизмге қатыстылығын теріске шығарады. Жазалағандарды
антисоветтік насихат жүргізді деген айыптаулары да іс жүргізгенде
дәлелденбеген. Барлық тергеу материалдарында сотталушылардың
контрреволюциялық қызметін 1918-1922 жылдарға жатқызған. Бірақ, оларға
қойылған бұл айыптауларды бекітетін объективті дәлелдер келтірілмеген.
Бұған қоса Бас Әскери прокуратураның наразылыққа қосымша хатынан
көрінгендей, 1939 жылы РСФСР Қылмыстық істер кодексінің 58-2, 58-11
баптарымен сотталған Ә. Ермековұлының қылмыстық ісін 1957 жылы 26
қарашада КСРО жоғарғы сотының Әскери коллегиясы қысқартқан. Ал 1939 жылы
РСФСР қылмыстық істер кодексінің 58-1 баппен сотталған Х.
Досмұхамедұлының қылмыстық ісін Құрамында қылмыстық ісі жоқ боуына
байланысты қысқарту керек деген Бас әскери прокуратурасының
қорытындысымен қоса КСРО Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот
коллегиясы:
Қазақстандағы ПП ОГПУ жанындағы бұрынғы Үштіктің 1932 жылғы 20
сәуірдегі М. Тынышбайұлына, Х. Досмұхамедұлына, Жаһанша Досмұхамедұлына,
А. Мұқайтпасұлына, Х. Кемеңгерұлына, М. Бұралқыұлына, Д. Кудеринге, Н.
Қожамқұлұлына, А. Ақбайұлына, С. Қыдырбайұлына, Д. Тілеуімшіге, М.
Муртазинга, А. Үмбетбатбайұлына, А. Омарұлына, Ә. Ермекұлына, М.
Әуезұлына, У. Омарұлына, Б. Сүлейұлына, Д. Ысқақұлына қатысты Қаулысы
бұзылып, оларға қатысты іс құрамында қылмыс болмауына байланысты
қысқартылсын- деген қорытынды шығарды.
Бұл қабылданған шешімнің маңызы өте зор. Осы құжат нәтижесінде жазықсыз
жапа шеккен қазақ зиялылары ақталды 7.
Ендеше, есімдері ұзақ уақыт аталмай, бар өмірлік мұраттарының бағасы
лайықты бағаланбай келген, қазақ халқының тарихындағы жарқын тұлғалардың
жасампаз еңбегін жарқыратып көрсетер кез – осы кез болмақ.
Уәлихан Омарұлы Петропавлоск өңірінде дүние келгенін бірен-саран
деректерден байқап отырмыз. Дегенмен оның өмірбаяны туралы нақты деректер
жоқтың қасы. Ақиқат журналында жарияланған Алаш ардақтыларын алғашқы
айыптау туралы библиографиядағы дерекке байланысты Уәлихан Омарұлы 1931
жылы 43 жасында айыпталған болса, онда туған жылы 1888 жыл болмақ деп
отырмыз.
Сол тұстағы қазақ азаматтары әмбебап болған. Өйткені, ол кезде
қазақтың тілі, әдебиеті, тарихы, экономикасы, саясаты, тағы басқа салаға
қатысты мәселенің бәрін көтеруді, зерттеуді қажет етті. Сондықтан да қазақ
оқығандары әртүрлі ғылым саласында еңбек етуге мәжбүр болды. Негізгі үш
мамандық, негізгі үш салада оқыған қазақ азаматтары өз еңбек жолын бастаған
болатын. Біріншісі, мұғалімдік салаға барды, екінші – заң факультеттерін
оқып шығуға тырысты, үшіншіден қазақ даласына көшіп келіп жатқан
келімсектермен бірге табиғаты ашылмаған түрлі аурулар да көбейіп бара
жатты. Сондықтан жастар кәсіби дәрігер болуды армандады. Осы ауыр да қиын
бір саланың жүгін арқалаған Уәлихан мұғалімдік кәсіпті таңдайды. Ауыл-
ауылдарды аралай жүре Уәлиханның бір байқағаны жастардың білімсіз, оқымаған
болып күн кешіп жатқаны болды. Өз шығармаларында әрдайым оқу проблемасын
көтере жазатын Уәлиханның еңбек жолы қиын болды.
1917 жылы құрылған Алаш партиясы барша қазақ зиялы қауымының ошағы
болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов бастаған
ұйымдардың көздеген мақсаты қазақ Республикасын құру. Осы жолда олармен
бірге ерген азаматтар да аянбай еңбектенді. Олардың қатарында Уәлихан
Омарұлының болғанын да деректер растайды.
Алаш пен Алашордаға қарсы бағытталған осы әрекеттердің бәрі Семей мен
Семей облысында орын алды. Оның да өз сыры бар еді. Өйткені осы өңірде
екінші даналық корпустың штабы мен бөлімшелері, аты шулы атаман Б.
Аненковтың жеке армиясының ордасы мен комендатурасы орналасқан болатын.
Осындай жағдайда Алашорда мен оның жетекшілерін жамандау науқанын
ұйымдастыру ақтар қарулы күштері басшыларының қазақтың ұлттық қозғалысы
өкілдерімен ымыраға келіп, жақындасу ниеттерінің жоқ екенінің белгісі еді.
Ә. Бөкейхановтың жақын серіктері Алашқа, оның белгілі қайраткерлері мен
баспасөзіне қарсы ұйымдастырылған жалақорлық науқанның мәні мен мақсатын
жақсы түсінді Сарыарқа газетінің редакторы ретінде ұлттық бостандық
идеясын насихаттаған Имам Әлімбековтың тұтқындалуымен қатар Петропавл
қаласында шығып тұрған қазақ жастарының үні Жас азамат жабылды.
Дегенмен, Алаштың жекелеген қайраткерлері мен белсенділері жергілікті
және сібірлік өкімет органдарына шағымданып, өздеріне қарсы ұйымдастырылған
қуғын-сүргінді тоқтатуын талап етті және Алаш партиясы мен Алашорда
үкіметінің большевизммен ешқашан ымыраға келмейтін саяси күштер екендігін
және Кеңес үкіметімен саналы түрда күрес жүргізетіндіктерін мәлімдеді.
Ақгвардияшыл қозғалыстың басшылығы, ең алдымен оның негізгі күшінің басшысы
Колчак тарапынан Алашордаға сенімсіздік білдіру, тіпті кейде оған жау
ретінде қарау Алаш көсемдері тарапынан өз одақтасымыз деп санаған күштерге
байланысты тек қана түңілу сезімін туғызып қойған жоқ, сонымен қатар қазақ
халқының өзін-өзі билеу мәселесін шешудің жаңа әдістері мен жолдарын
іздеуге оларды мәжбүр етті.
Азамат соғысының қатал тәжірибесі халықтардың өзін-өзі билеу құқығын
Кеңес Үкіметіне қарсы күрескен ақтар үкіметінің қолынан ала алмайтынына
көптеген ұлттық қозғалыстардың жетекшілерінің көзін жеткізді.
Мәселен, 1919 жылдың басында Зәки Уәлиди басқарған башқұрттың атты әскер
корпусының бөлімдері Кеңес өкіметі жағына шықты, Зәки Уәлидинің бұл қадамы
колчакшылардың директорияны қуып, Ресейдегі ұлттық үкіметтерді (олардың
қатарында Алашорданы да) таратуынан кейін жасалды. Дегенмен, Алашорда, бір
жағынан, ақтардан қол үзбей отырып, екінші жағынан Кеңес өкіметімен өз
байланыстарын қалпына келтіру қамына кіріскенін байқау қиын емес. Кеңес
өкіметімен байланысты жандандыру бұл жолы 1918 жылдың көктеміндегіндей
Халел Досмұхамедұлы белсенді түрде араласқан бүкіл Алашорда атынан емес,
оның Ахмет Байтұрсынұлы басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді.
Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы алдымен Ә. Жангельдинмен келіссөздер
жүргізіп, одан кейін Мәскеуге барып, келіссөзді Сталинмен жалғастырды.
Қазревкомның төрағасының орынбасары болып сайланған А. Байтұрсынұлы көп
кешікпей Жизнь национальностей газетінде Революция және қазақтар деген
мақала жариялады. Мен, осы жолдары жазушы, патша үкіметі кезеңінде
қазақтың ұлттың саясатын басқарған және патша өкіметіне қарсы күрескен
қазақ интеллегенттерінің өкілімін. Патшалақ кезеңде қазақтардың қалай өмір
сүргенін біз басқалардан артық білеміз. Қазақтардың күнкөріс жағдайына,
оларда таптық жіктелудің жоқтығына және жеке меншік заттарда белгілі меже
болмауына байланысты қазақтар арасында олардың өзіне тән социалистік
қоғамға деген мұқтаждықты қажет еттірмей отыр. Алашордашылардың Торғайлық
тобының делегаты ретінде ... келіссөз жүргізуге келген мен. Ресей халықтары
құқығы декларациясына сәйкес қазақ мәселесіне ықыласпен зер салғандықтың
куәсі болдым. Колчак билігінен Кеңес өкіметін артығырақ көруіміз қате
еместігін өз жолдастарыма айтып, оларды тыныштандырғым келеді 8.
Оның Алашордашылармен бірге жүріп сол кездің ыстығына күйіп, суығына
тонғаны белгілі. Қуғын-сүргін кездерде темір тордың арғы жағында болып,
елінің азаттығын армандағандырдың бірі болған тұлға еді. Жала жабылып
түрмеге түскен Уәлихан Омарұлын қазіргі таңда есімін біз тек мұрағаттардан
ғана кездестіріп отырмыз. Дегенмен, Уәлихан Омарұлы баспасөз беттерінде
саяси, әлеуметтік, әдеби мәселелерді көтере отырып, қоғамдық ойға ықпал
еткен тәлімді журналист болды. Уәлихан Омарұлының көсемсөз үлгілерінде
замана тынысы, өмір шындығы боямасыз көрініс тапты. Журналистикаға
араласқан жылдары ішінде өзекжарды мәселелерді арқау еткен өткір де өтімді
публицистикалық туындыларымен саналы да салиқалы пікірлер айтқан, қаламы
қарымды журналист ретінде танылды.

2 УӘЛИХАН ОМАРҰЛЫ – КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ

2.1 ЕЛІН БІЛІМГЕ ШАҚЫРҒАН ЕСІЛ ЕР
Уәлихан Омарұлының есімін сол кезде жарияланып тұрған баспасөз
беттерінде мынадай өзгерістермен табуға болады. Уәлихан Ғұмарұлы,
Уәлихан Ғұмарұғлы, Уәлихан Ғұмар баласы, Мұғалім Уәлихан Ғұмарұғлы
деп мақалаларына қол қойған. Оның есімінің мұндай өзгеріске ұшырап
жазылуының себебі сол кездегі емленің жүйесіздігі деп түсінеміз. О
әрпінің Ғ әрпіне ауыстырылғанын байқап тұрған шығарсыздар.
Уәлихан Омарұлы сол бір қилы заман тұсында қазақтың көзін білімге,
ғылымға ашатын баспасөз екенін жақсы түсінген. Оның өзіндік қол таңбасы,
өзіне тән қалыптасқан стилі болған. Оның репрессияға ұшырағанға дейінгі
жазып қалдырған мұралары оның жай адам емес екендігін аңғартып-ақ тұр.
Уәлихан Омарұлының еңбектерін саралай келе, оның білім мен оқу жайында
көп қалам тартқанын көреміз. Оның мақсаты жастарымыздың оқып, білімді,
талапты болса екен деп армандаған. Оны біз Бұл бізге бір айна 9,
Талапты жастарымыздың есінде болсын 10, Панасыз балаларды қорғауға
міндеттіміз 11, Жаңа мектеп 12 деген мақалаларынан айқын байқауға
болады. Бірінші мақаласында мынадай керемет ойларды кездестіруге болады.
Адам баласы өзінің тұрмысына керекті болған нәрсенің керектілігін көріп
әбден ділгерленбей тұрып керекті керек білмейді. Білім-ғылым үйренбекке
талап қылушыларға әуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар.
Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас деген салмақты
ой айтады. Осы жердегі сөздерден Уәлихан Омарұлының бірден-бір мақсаты
жастарымыздың басқа нәрселерді іздеп адасқанша, ең бірінші оқу мен
білімнің жүгенін ұстаса екен деген ойы бар. Сонымен қатар, қазақ қыздары
малға сатылмай мұғалімдік білім алып, қазақ балаларын оқу-білімге
тәрбиелеп отырса, деген пікірі кез-келген оқырманның көңілін оята
аларлықтай дәрежеде.
Уәлихан Омарұлының көптеген еңбектері әлі де өз зерттеушісін күтіп
жатыр деп ойлаймыз. Бірақ, қазіргі уақытта табылған мына еңбектерін атап
өтейік. Оның еңбектерінің көп бөлігі Айқап журналы мен Қазақ
газеттерінде жарияланған. Айқап журналы мен Қазақ газетінің
библиографиялық көрсеткіштеріне қарап отырсақ, уақыт жағынан ең алғашқы
деп баға беретін әңгімелері Екі молланың кеңесі 13, Қабай ауылнай
мен досы Александр сөзі 14, Үш қатынмен тұрмыс 15 болып отыр.
Содан кейін аударма өлеңі жарық көрген. Құдай жетімді тастамайды 16
Бог не оставляет сирот өлеңін асқан шеберлікпен аударылғанын көреміз.
Бірақ, орысша жазылған өлеңнің авторы белгісіз болып қалды. Кейінгі
еңбектері сол кездің сана ұйтқысы болған Қазақ газетінде көп
жарияланған. Оның мақалаларын Қазақ газетінің беттерінен 1914 жылдан
бастап, 1917 жылға дейін кездестіруге болады. Рамазан айы жақындау
тақырыбы (1916), бұл мақаласында рамазан айы туралы түсінік берген.
Ақтөбе уезі (1916), ең алғаш Ақтөбе өңірінде отырықшылыққа көшкен ауыл
туралы жазады. Отырықшы болған елдердің мектеп-медресе салуы, егін
кәсібімен айналысуы үлгі ретінде жазылған. Қазақтар мен қоныс
аударғандар арасындағы қарым-қатынас туралы бас мақала (1915) жазған,
Орыс қазақ ауылдары (1914), Уақыт газетінің 1378 нөмірінен алынған
мақала. Қазақ елінің жер мәселесі, отырықшы болуы керек пе, әлде отырықшы
болмауы керек пе деген пікірлер талқыланған. Қоныс аударушылар,
келімсектер туралы да айтып, пікір білдірген. Партия ісі ішкі хабарлар
(1915), Торғай уезінде болатын сайлау, барымта, жікшілдік туралы.
Переселен мекемесінің сметасы (1915), Мектеп-медресе ашылу (1915),
Павлодар уезінде мектеп-медресе ашу, оқу жұмысы туралы, Орынборда
мұғалімдер институты ашылғандығы жайында хабар береді. Орынбор (1915),
мұсылман қауымының жыл басы – наурыз (март) айы туралы түсінік берген.
Шаруашылыққа жайсыз қоян жылдары (1880, 1892, 1904) жайында да деректер
бар. Павлодар оязы (1916), хабарда автор жікшілдік, ру тартысына оқушы
жастардың қатысуына наразылық білдірген. Мұқтаж оқушыларға жәрдем
(1916), хабар түрінде жазылған, оқушыларға көмек көрсету керектігіне баса
назар аударады. Талапты жастарымыздың есінде болсын (1916), қазақ тілі
мен қазақ әдебиетінің мәселелері көтерілген мақала. Бұл бізге бір айна
(1916), оқу-ағарту, қыз балаларды оқыту, әйел оқытушыларын дайындау
мәселесі көтерілген. Дар мұғалимат (1916), Тройцк қаласындағы оқу-
ағарту жұмысы, Ғайни Яушева ашқан оқу орны, оның оқу программасы туралы
түсініктеме берген. Наурыз (1916), автор мақалада қазақ елінің
шаруашылығы мен мәдениеті туралы қысқаша мағлұмат берген. Наурыз мейрамы
туралы деректер келтірілген. Қазалы молдалыларының қозғалысы (1917),
Омбы комерческий институт (1917), ішкі хабарлар, Омбыда ашылған жоғары
оқу орнына түскен қазақ балалары туралы мәлімет берген. Уәлиханның кейбір
мақалаларын қазіргі таңда біз тек библиографиялық көрсеткіштен ғана таба
аламыз, өйткені Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек
қолжазбалар қорында сақталған Қазақ газетінің бұл нөмірлері өкінішке
орай табылған жоқ. Бірлік туы серіктігі (1917) 17. Осы тұста
библиографиялық көрсеткіште мынадай сілтеме жазылған. Ташкент жастарына
Бірлік туы газетін шығару үшін көмек ретінде Бірлік туы ұйымын ашқан
деген дерек келтірілген. Осы кез Уәлихан Омарұлының орыстың отарына
қарсы, қазақ жұртының тәуелсіздігін аңсаған көкірегі ояу зиялы азамат
ретінде саясатқа араласа бастаған тұсы болған шығар сірә! Оны осы
мақаладан анық байқауға болады.
Ташкенттегі Ихтият союзын ашқан жастар Бірлік туы деген серіктік
тағы ашып отыр. Мақсаттары: осы серіктік ақшасымен серіктік атында,
Бірлік туы деген бір газет шығармақ. Серіктіктің ағзалық ақы 10 сом.
Газеттің жылдық ақы 5 сом. Серіктіктің һәм газеттің квитанция дәптерлері
(агенттік книгалары) басылып шығып әр жердегі агенттеріне жіберіліп
жатыр. бірлік туы газетін шығарушылыққа әзірге ұйғарған кісісі учитель
Садақ мырза Өтегенов. Серіктік жалғыз газетпен ғана тұрмай әдебиет-
матбұғатжағына да қызмет етіп, халық арасына бұларды көбірек таратуға һәм
халықтың басқаша жетілу жолдарына қызмет етуге тырыспақ. Серіктіктің бұл
күнде газетін ары қарай шығара беруге қаржысы жетіңкіремей тұр-деп
жазған. Осыған орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Ілияс Омаров
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтой
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1885-1865)
Журналистиканың қоғамдағы орны
«Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Пәндер