Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Негізгі бөлім.
Бірінші тарау. Қазақ ауыз әдебиетінің көне дәуірлерде
хатқа түскен нұсқалары

1.1 Сақтар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Түркі қағанаты дәуіріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз
әдебиеті элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.3 «Оғыз.қаған» жырындағы ауыз әдебиетінің белгілері ... ... ... ... ... ... ..24.


Екінші тарау. Көне түркі жазба әдебиетінен ауыз әдебиетіне
ауысқан үлгілер.

2.1 «Диуани лұғат ат.түрік» ескерткішінде кездесетін жанрлардың
ауыз әдебиетіндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

2.2 «Қисса Жүсіп» дастанының ауыз әдебиетіндегі варианттары ... ... ...32

2.3 «Қисас.ул әнбиядағы» қисса.хикаялардың ауыз
әдебиетіндегі сюжеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз.
Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады.
Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік.
1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. I-том. Алматы: Жазушы, 1995.-336 б.
2. Акишев.К.А.,Кушаев.Г.А. Деревния культура саков и усуней долини реки или Алматы. Науке. 1963-300 с.
3. Әуезов.М.О. әр жылдар ойлары Алматы 1959-556 б.
4. Батырлар жыры, I-II-III том, Алпамыс батыр ,Алматы:Жазушы,1986,- 264 б.
5. Бердібаев.Р. «Кәусар бұлақ» Алматы 1989,360 б.
6. Бердібаев.Р. «Қазақ эпосы» Алматы 1982.232 б.
7. Бердібаев.Р. «Сарқылмас қазына» Алматы 1983,248 б.
8. Бес ғасыр жырлайды, I том, Алматы: Жазушы, 1989.-383 б.
9. Бичурин.Н.Я «Собрание сведний о народах, обитавших в срредней Азиий в древние времена, часть I. » М. – Л. : Наука, 1950.-382 с.
Ғабдулин.М. «Қазақ халқының әуыз әдебиеті» Алматы 1974,320 б.
10. Ғабдулин.М, Сыдықов.Т. «Қазақ халқының батырлық жыры » Алматы 1972,338 б.
11. Гумилов.Л.Н. «Көне түріктер», Алматы: Жазушы,1994.-480 б.
12. Гумилов.Б.Н. «Геройческий эпос и действительность. Ленинград: Наука, 1989-224 б.
13. ДУГ. Алматы. Ғылым, 1989.I том.656 б.
14. ДУГ. Алматы. Ғылым, 1990.I том.584 б.
15. Егеубаев. А «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі».док.дисс. Алматы, 1999.
16. Ертедегі әдебиет нұсқалары. Алматы: Мектеп, 1967.-208 б.
17. Жолдасбеков.М «Асыл арналар» Алматы:1986.-326 б.
18. Жұмалиев. Қ «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» Алматы, 1958.-404 б.
19. Ибраев.Ш «Қазақ эпосы» Салыстырмалы және жүйелі зерттеу мәселелері.Алматы,1987.-77 б.
20. Йоллығтегін. «Күлтегін». Алматы: Жалын, 1986.-77 б.
21. Келімбетов.Н «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы: Атамұра, 2005.-334 б
22. Келімбетов.Н «Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиетіндігі көркемдік дәстүр жалғастығы».док.дисс. Алматы, 2000.-368 б.
23. Кенжебаев. Б «Әдебиет белестері».Алматы, 1986.-400 б
24. Қасқабасов.С.М «Қазақтың халық прозасы».
25. Қоңыратбаев.Ә «Қазақ эпосы және тюркология». Алматы. 368 б
26. Қорқыт ата кітабы.Алматы, 1985.-368 б.
27. Қараубаева.А «Ғасырлар мұрасы». Алматы: Мектеп,1988.-162 б.
28. Қыраубаева.А «Ежелгі әдебиет». Алматы: Қазақ университеті, 1999.-138 б
29. Жолдасбеков.М «Асыл арналар» Алматы:1986.-326 б.
30. Жолдасбеков.М «Көне түркі әдеби ескерткіштер және олардың қазақ әдебиетіне қатысы».канд.дисс. Алматы, 1968.
31. Жұмалиев. Қ «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» Алматы, 1958.-404 б.1984.-272 б
32. Марғұлан.Ә «Ежелгі жыр аңыздар». Алматы, 1985.-368 б.
33. Қашқари. М. «Түрік сөздігі».том.Алматы:ХАНТ,1997.590б.
34. Мелетинский.Е.М «Пройсхождение героического эпоса ранние формы и архоического памятники». М.:Восточная литература, 1963. -461 с
35. Немет.Ю «К вопросу об аварах». Л.: Наука, 1976.-412 с
36. Өмірәлиев.Қ «Оғыз қаған эпосының тілі». Алматы, 1988.-280 б.
37. Сағындықов.Н.Б «Көне түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ауыз әдебиетіне ортақ сюжеттірдің ұқсастықтары мен айырмашылықтары (Аңыз әңгімелер,ертегілер,батырлар жыры хикаялар негізінде) » канд.дисс. Алматы, 1991.-128 б.
38. Сүйіншіәлиев.Х «Ғасырлар поэзиясы». Алматы, 1987.-216 б.
39. Шойхусламұлы.Ш «Жүсіп Злиха» Ғашықнаме. Алматы, 1976.-333 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Реферат.

Бітіру жұмысының тақырыбы:
Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы

Бітіру жұмысының көлемі:45 бет.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: Сақтар мен ғұндар дәуірінде
хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ
халқының өзінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып
көрсету.Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары, рауаяттары халық
арасына ауызша таралып кеткен . Міне, осы шығыстың қисса-дастандардың
қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.

Бітіру жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.

Бірінші тарауда: Түркі тілдес халықтардың арғы ата-тегі саналатын
сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-
оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз
әдебиеті элементтері жайында сөз болады.

Екінші тарауда: Көне түркі жазба әдебиетіндегі хикаяларды,
рауаяттарды ауыз екі таралған үлгілермен салыстырғанымызда, олардың
мазмұнында, композициялық құрлысында біршама айырмашылықтар бар екенін
көрсетуге тырыстым.

Бітіру жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер:

Бітіру жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 38.

Мазмұны.

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

Негізгі бөлім.
Бірінші тарау. Қазақ ауыз әдебиетінің көне дәуірлерде
хатқа түскен нұсқалары

1.1 Сақтар дәуірінде хатқа түскен әдеби
жәдігерліктер ... ... ... ... ... .. ... ...7

1.2 Түркі қағанаты дәуіріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін
ауыз
әдебиеті
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15

3. Оғыз-қаған жырындағы ауыз әдебиетінің
белгілері ... ... ... ... ... ... .. 24.

Екінші тарау. Көне түркі жазба әдебиетінен ауыз әдебиетіне
ауысқан үлгілер.

2.1 Диуани лұғат ат-түрік ескерткішінде кездесетін жанрлардың
ауыз әдебиетіндегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27

2.2 Қисса Жүсіп дастанының ауыз әдебиетіндегі
варианттары ... ... ...32

2.3 Қисас-ул әнбиядағы қисса-хикаялардың ауыз
әдебиетіндегі
сюжеттері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .44

Кіріспе

Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі
түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-
маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық
даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан
егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында
тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет
пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби
мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін
ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз.
Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы
қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр
қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі
жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде
өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі
логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба
әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау,
сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі
ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап
етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын
объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби
жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып
талдау болып табылады.
Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани
мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы
тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге
асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз
әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік
дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік.

Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті
арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық
жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі
проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан
зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын
әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға
мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып
отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз
әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде
айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі
дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда,
қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы
басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-
бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми
картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр.
Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба
әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы
елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын
түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің
қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді.
Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының
басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі
саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен
түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз
әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға
басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың Диуани-лұғат-ат
түрік еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің Қисса Жүсіп ,Рабғузидің Қисса-
ул әнбия сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да
мақсат деп алдық.
Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды:
-Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп,
сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына
қалай әсер еткенін ашып көрсету.
-Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына
ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз
әдебиетіндегі варианттарын танып білу.

Дерек көздері және тақырыптың бұған дейінгі зерттелу деңгейі:
Көне түркі әдеби жәдігерліктерін бір-бірінен дербес, жеке –жеке күйінде
алып зерттеу ісі XIX ғасырдың алғашқы жартысында-ақ басталған еді. Алғашқы
зерттеушілер көне мұралардың мәтінін оқып, түрлі қолжазба нұсқаларын өзара
салыстырып, құнды нұсқаларын басып шығарумен шектелді.
Ал, біртіндеп келе, XX ғасырдың бас кезінде ежелгі түркі көркем сөз
жәдігерліктері тарихи, әлеби және тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле
бастағаны мәлім. Бұл орайда ,әсіресе, Е.С.Малов, В.В.Томсен ,Ж.Амадес,
Г.Вомбери, В.В.Радлов, В.В.Бартольд,Е.Э .Бэртельс,А.К.Баровков, А.Н.Кононв,
Г.Ф.Благова А.Н.Веселовский, Н.А.Баскаков, .М.Мелетинский,
Б.Н.Путилов,В.М.Жермунский,А.Ю.Якуб овский,Л.Н.Гумиллев,Д.С.Ликашев,И.В .Стебл
ева,А.С.Бушилин тағы басқа Еуропа және орыс ғылымдарының ежелгі түркі
поэзиясына қатысты ғылыми еңбектерін таяныш тұттық.Олар негізінен түрлі
тарихи кезеңдерде жазылған көне түркі әлеби жәдігерліетерін тауып,олардың
сан қилы нұсқаларын өзара салыстыру арқылы ғылыми жүйеге негізделген толық
мәтінін аяқтап алуға мол үлес қосқаны мәлім. Міне, сол себепті қазақ,
өзбек, қырғыз, түркімен, әзербайжан, түрік, татар, ұйғыр тағы басқа түркі
тілдес халықтарының тарихшылары, әдебиетшілері, тіл мамандары ежелгі түркі
көркем сөз жәдігерліетерін өз ұлттарының қазіргі рухани ерекшеліктері
тұрғысынан жан-жақты зерттей бастады.Бұл салада атқарылған игілікті істер
аз емес еді.Әсіресе, А.Хайтметов, С.Муталлибов, Қ.Каримов, Н.Маллаев,
М.Халираев, Р.Қыдырбаева, Г.Араслы, И.Алиев, М.Гайнуллин, Х.Қороғлы,
Ә.Нәкіп, Ф,Көпрулузаде, Б.Аталай, Н.Банарлы, Р.Арат, А.Инан тағы
басқалардың зерттеулері ерекше назар аударылады.
Соңғы жылдары көне түркі поэзиясы мен қазақ әдебиетінің өзара дәстүрлі
байланысына, сол байланыс арқылы көрінетін тұтас кешенді мәселелерге
арналған зерттеулер жарық көре басталды.Ал, мұның өзі әлемдік әдебиеттану
ғылымына түркі ғылымдарының соның ішінде, қазақ зерттеушілерінің де едәуір
үлес қосып келе жатқандығын тағы да дәлелдей түсті.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақ әдебиетінің түп-төркініне, қайнар-
бастауларына қатысты болып келетін жекеленген проблемаларды түрлі аспектіде
зерттеуге арналған Мұхтар Әуезов , Әлкей Марғұлан, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев,
Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, Р.Бердібай, Т.Кәкішев,
Ә.Дербісәлин, Ш.Сәтбаева, С.Қасқабасов, М.Мағауин, М.Мырзахметов,
М.Жармұхаметов, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, Ж.Тілепов,
Ш.Ыбыраев, А.Егеубаев тағы басқа зиялылардың еңбектерінің септігі тиді.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.

1. Сақтар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерлер.

Әдебиеттану ғылымында қазақ көрем сөз өнерінің қайнар-бастаулары руналық
жазбаларда жатыр деген пікір қалыптасқан.Әрине, мұның өзі ғылыми негізі бар
тұжырым деуге болады.Алайда сол ежелгі түркілердің тарихнамасы саналатын
руналық жазудағы ерлік дастандары бір күнде ғайыптан пайда бола қойған
жоқ.Басқаша айтсақ, түрік қағанаттарының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр
мен Білге қаған мен және олардың кеңесшісі Тоныкөкке арналған ғажайып жыр-
дастандарды жазуға үлгі-өнеге болған қаһармандық дастандар болды ма?-деген
орынды сауал туады.Әрине, болды. Ең бастысы- Күлтегін және Тоныкөк
жырларын жазуға үлгі-өнеге болған бұл қаһармандық дастандары Түрік қағанаты
құрылуынан сан ғасырлар бұрын,тіпті біздің жыл санауымызға дейінгі сақтар
мен ғұндар дәуірінде өмірге келген еді.Олар Алып Ер Тоңға, Шу батыр,
Атилла, Мөде қаған және Ергенекөн дастандары сақтар мен ғұндар
дәуірлері ауыз әдебиеті саналатын бұл дастандар бізге толық күйінде емес,
жеке-жеке үзінділер күйінде ғана жеткен.Ал, кейбіреулерінің жалпы сюджеттік
желісі ғана сақталған.Басқа да түркі тектес халықтар сияқты қазақ елі сонау
қадым замандардан бізге жеткен осы асыл қазыналардың – байырғы батырлық
дастандарының заңды мұагері болып табылады. Бұл туралы академик Ә.Марғұлан:
Қазақ халқының көп хасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды,
мазмұны, ертегіге айналған скифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік
жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүіл дүние
мәлениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді.Бұл жойқын
шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір-жарқын дүние.Оны ең алғаш
келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін бастан кшірген, қазақтың байтақ
сахарасын қоныстаған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар олардың соңын ала
қарыштаған ұрпақтары-оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар, керейлер-
дейді.[22,19]
Алдымен осы жерде сақтар дәуірі жөнінде айта кеткен жөн сияқты.
Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар-қазіргі Қазақстан, Орта
Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша б.з.б)
бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар .Көне грек тарихшылары
сақтарды скифтер немесе азиялық скифтер деп те атағаны мәлім.Ал
парсылар сақтар кезінде сақ, сақа, саға деген.[21,19]
Сақ сөзі қазақ жерінде күні бүгінге дейін сақталған.Мысалы: Сақа
(асық), сақшы, сақпан, қарсақ, сақсыну тағы басқа.Сақтар жауынгер
болған.Жауынгер көшпенділердің батырлары туралы аңыз-әңгімелер б.з.б V
ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Гередоттың Тарих атты кітабында ,
қытайлықтар Сыма-цяньның Жылнама, Бань-Гудің Ханнама атты кітаптарында
жазылған.Олар біздің заманымыздан бұрын гректермен мәдени-сауда-саттық
байланысын орнатқан. Византиялық Феофилакт Симокатта: Күн шығыста тұрған
скифтерді біз түркілер деп атаймыз,-деген.[28,6]
Сақтардың біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын
өз жазуы болған .Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған
Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады.Жазуы
бар жерде әдебиет, мәдениет дамитыны анық.Күміс тостағандағы: Аға,
саңа,очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азуқ.Аудармасы:Аға саған(бұл) ошақ!
Ошағынан безгендер,тереңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай)!
(А.Аманжолов оқып шыққан ),-деген жолдарды жазған ел-жұрттың бұдан да
көлемдірек шығармалары болу керек.сөйлеу тілінің өзімізге мәлім түркі тілі
екені көрінеді.[28,6]
Міне осы сақтардан бүгінгі күнге дейін жеткен дастандарының жалпы сюжеті
мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып
келген мұралардың өзінен-ақ сюжеттік желісін,басты идеясын,көркемдік
дәрежесін аңғару қиын емес.Сондай дастанның бірі-Алып Ер Тоңға. Алып Ер
Тоңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңға-Тұран елінің
билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ер жүрек батыры.Дастанда оны елдің
көреген көскмі ретінде де бейнелейді.
Туран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын Алыпсөзі сол
заманда күшті, батыр, қаһарман, ержүрек деген мағынаны
білдірген.Алып-сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған
батырдың,қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі
есім.Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да
қолданылған.Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына алып сөзін
қосып айтатын болған.Мәселен:Алып Тегін,Алып Арсылан, Алып Бамыс Алпамыс,
Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. Алып Ер Тоңға - түркі
елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы,оны
парсылар Афрасиаб деп те атаған.
Бұл дастандағы батырдың есіміне қосылып отырған ер сөзі ежелден-ақ
батыр, қаһарман, жаужүрек деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын
емес .Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталған, бертін келе
қазақтар да өз батырларына ер сөзін қосып айтқаны жақсы мәлім.Мәселен:
Ер Тарғын, Ер Қосай, Ер Көкше, Ер Сайын тағы басқа батырлар есімі
бұл сөзімізге дәлел.
Кезінде Туран мен Иран елдері арасында болған соғыс кездерінде Алып Ер
Тоңға сан рет Туран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге
жеткен.
Алып Ер Тоңға туралы кезінде Әбу Райхан әл-Бируни,М.Қашқари,Хамза
Исфахани,Рашидад –дин, тағы басқалар пікір айтқан.Бұлардың бәрі де Алып Ер
Тоңғаны сақтар дәуірінде өмір сүрген қайраткер ретінде көрсетеді.
Қалай болған күнде де Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлға екені ,ежелгі түрік
жұртын билеген әмірші болғаны,Туран мен Иран арасындағы соғыста сақ әскерін
басқарғаны анық.Кейінде оның Мауранахр , Жетісу, Сауран,
Шаш(Ташкент),Сайрам (Исфиджаб), Талас, Шу уәлаяттарына билік жүргізгені
де, бізге аңызға айналған тарихи деректер арқылы жеткен.
Сондай-ақ Алып Ер Тоңға дастаны жайындағы мәліметімізді
толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Туркияның әдебиет тарихын
зерттеуші ғалымдар- Б.Аталай,Р.Арат, Ш. Ертайлан, Ф.Көпрүлузаде, Н.Банарлы
тағы басқалар еңбек сіңірді.
Бір қызығы – парсы елінің ұлы шайыры Әбілқасым Фердауси осы Алып Ер
Тоңға дастанын толық күйінде оқыған сияқты.Ол өзінің әлемге машһур
Шахнамасында Туран елінің патшасы,әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып
Ер Тоңға жайындағы эфсана-аңыздарды, тарихи деректерді , мақтау өлеңдері
мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен
пайдалана білген.. Алып Ер Тоңға- Туран елі үшін жағымды қаһарман, ал
Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша екені мәлім.Сол себепті ұлы
шайыр Шахнамада Алып Ер Тоңғаны, яғни Афрасиабты бір жағынан жанкешті
батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан,
Иран елін қанға бөгеуге әзер тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның
өзінде, Фердауси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы
батырлық келбетін көп өзгертпей сол күйінде сомдап берген сияқты.
Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі-батыр шешуші шайқасқа
шығарудың алдында қорқынышты түс көреді. Алып Ер Тоңғаның түс көруіне
арналған дастанның жыр жолдарын Фердауси өз шығармасында зор шеберлікпен
пайдалана білген.Мұнда Афрасиабтың қорқынышты түс көруі деп аталатын
жырда төмендегідей жолдар бар.
Иран қолы қарақұрым қаптаған,
Жерімізді аямай-ақ таптаған.
Әр найзаға бір-бір басты іліпті,
Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.
Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады,
Қақ ортасынан екі бөліп тастады.
Жаудың келе жатқанын батырдың түс көруі арқылы жеткізу тәсілі
қазақтың батырлық жырында да ұшырайды.Мәселен, Алпамыс батыр жырында
қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батыр да түсінен
шошып оянады.Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды
көреді.
Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Құрсаулы қара бура кеп,
Қарсы қарап шабынды,
Айдарлымды құл қылды,
Тұлымдымды тул қылды[8,43]
Ежелгі түркі әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрдің сол көне дәуірдің
өзінде жазба әдебиеттен жалғасын тапқанын көреміз.Біз сөз етіп отырған
Алпамыс батыр жыры - Қорқыт ата кітабындағы (VIII ғасыр) Байбөрі баласы
Бәмсі – Байрақ туралы жырдың сан ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап,
біздің заманымызға жеткен нұсқасы.Бұл екі жырдың да сюжеттік желісі де, сөз
қолдану тәсілдері де, композициялық құрылысы да бір-біріне жақын тұр.
Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастанының 277-286-ші бәйттерін
түгелдей Алып Ер Тоңға мадақтауға арналған:
Түркі бекеттеріне назар салып қарасаңыз,
Олар ішінде әлемге атты әйгілі,даңқтылары көп.
Түрік бектері ішінде мәртебесі ең биік тұрғаны.
Елге құт болғаны-Алып Ер Тоңға
Дастанда ақын Алып Ер Тоңғаны қалың қол бастаған батыр ғана
емес,сонымен бірге, көреген көсем,білімді жан,ақылды ел ағасы , елге тұтқа
болған қаһарман ретінде бейнелейді:
Оның күші мен ерлігіне ешеім тең келмес,
Ал, ақыл мен даналығы бәрінен де асқан.
Қаншама ержүрек ,даңқты жандарды,
Мына жалған бір сәтте ғайып(үнсіз) етіп жібереді.
Сондай-ақ ақын мемлекет тұтқасын берік ұстап тұру үшін білім мен
парасат қана емес,сонымен бірге,ерік,жігер, қаһарман, өктемдік, өзгелерге
үстемдік ететіндей ызғар қажеттігін айтады.Дәл осындай қаһарман Алып Ер
Тоңға деген түйін жасайды.
Сонымен, ақын Жүсіп Баласағұн сақтар көсемі туралы дастанды
түпнұсқадан оқи отырып, Алып Ер Тоңғаның жарқын бейнесін жасағаны дау
тудырмайды.
Қорыта айтқанда, Алып Ер Тоңған дастанының негізгі идеясы-Туран елін
сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ – бірлікке үндеу, туған
жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады.Бұл дастан Алып Ер
Тұнғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен
аяқталады.
Алып Ер Тоңғаны жоқтау деп аталатын жыр М.Қашқаридың Диуани лұғат
-ат түрік атты сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен.Бұл
жоқтау Алып Ер Тоңға дастанының ең соңғы тарауы болса керек.Аяулы батыры
қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге
дейін сақталған.Жоқтау айту дәстүрі қазақ ауыз әдебиетінде кең тарағаны
мәлім.Бұл жоқтау төмендегідей жыр жолдарымен басталады:
-Алып Ер Тоңға өлді ме?
Жаман дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар.[33,70]

Замана сәтән түзетті,
Ұрысы құрды тұзақты;

Бектер бегін аздырды ,
Қалай қашып құтылар?! [33,333]
Алып Ер Тұнға дастанында ақын батырды жоқтай отырып, өмірдің барлық
адамдар үшін өткінші екенін, ғұмырдың мәңгі еместігін, тәңір адамда ажалмен
сынайтынын, тағдыр оғы тисе, тау шыңдары да быт-шыт болатынын зор күйінше
сезіммен жеткізеді:
Замана күнін тебірентер,
Пенденің күшін кемітер.
Әлемдегі ерді сиретер,
Қашса тағы ,қуалар (іздер)[33,481]
Әдеті нақ осындай,
Бұдан басқа бар себеп.
Дүниеге қарап оқ атсаң,
Таулардың басы кертілер.[33,191]
Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда бүкіл ел қайғырғанын,ең қатыгез
батырлардың өзі еңіреп жылағанын, адамдардың нұрлы жүздері сарғайып
кеткенін, батырлар өз жырларын жыртып, айғай салып жылағанын батыр
эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп жеткізген.Мұнда тау қойнауы жыртылар, атса
оны кезеп, атын болдыртты, қайғы тоздыртты, жүз сарғайтты, запран
жаққандай деген сияқты тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырайды.
Жоқтау өлеңдерін Абай да жазған.Әбдрахманның әйелі Мағышқа Абай
шығарып берген жоқтау бұл сөзімізге дәлел:
Қызықтың заңғар басынан,
Қорлыққа кеттім жығылып.
Құдай қосқан қосақтан,
Жалғанда қалдым жырылып.
Қайғыңда қалдым қамалып,
Қызығым кетті сырылып.[23.24]
Алып Ер Тоңға дастаны- түркі тайпаларының байырғы поэтикалық
өлшемінде-көг өлшемінде туған.Бұл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жолы
өзара ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып
отырады.Көне түркі поэзиясының көг өлшемі негізінен а-а-а-ә ;б-б-б-ә;в-в-в-
ә; түрінде болып келеді.Бұған жоғарыда келтірілген жыр жолдары дәлел .
Ежелгі түркі жырларына тән ұйқастың мұндай түрі бертін келе қазақтың
ақын-жыраулары поэзиясынан да кең орын алғаны мәлім.Мәселен, Доспамбет
жырау, Шалкиіз жырау толғаулары мен Дулат, Абай сияқты ақындардың
өлеңдерінде көг өлшемі жиі ұшырайды. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған
мұндай жыр өлшемін ұлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте
көркемдік дәстүр ретінде жалғастыры түсті. Мәселен,Абай өзінің Білімдідін
шыққын сөз деген өлеңінде:
Әбілет басқан елерме а
Сөзге жуық келер ме? а

Түзу сөзге сенер ме, а
Түзелмесін білген ез? ә
Сөйтіп Алып Ер Тоңға дастаны-түркі халықтарының ежелгі ерлік
тарихын аңызға айналған шежіре-деректер негізінде баяндайтын,көне түркі
фольклорының дәстүрлі талаптарына сәйкес туындаған қаһармандық жыр.
Қорыта айтқанда, сақтар, ғұндар, ежелгі түркілер өздерінің
ерлік дастандарында (Алып Ер Тонға , Шу, Атилла, Ергенекөн,
Күлтегін тағы басқа жырлары) батыр мінген аттың ер тұрманын бейнелеп
көрсетуге әрқашанда ерекше мән беріп отырған.Қазақтың батырлық жырларында
(Ер Қосай, Ер Көкше,Қарасай тағы басқа) ер-тұрманды бейнелеп,жырлау
дәстүрі өз жалғасын тапты.
М.Қашқаридың Диуани лұғат – ат түрік атты еңбегінде Шу батыр
біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі
екені айтылды.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша Шу
дастаны қадым заманда сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр.Белгілі түрік
ғалымы Н.С.Банарлы өзінің түрік әдебиетінің тарихы атты зерттеуінде Шу
дастаны бізге қытай көне жазбалары арқылы жеткені, соның өзінде, дастанның
жалпы сюжеттік желісі мен жеке үзінділері сақталғанын айтады.Қытай
жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің
ұланғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен. Әлемдік әдебиеттер
тарихында түрлі аңыздарды өзінің сюжеттік желісіне арқау етіп алған
дастандарды зерттеген ғалым Н.С. Банарлы. Түрік дастандары негізінен
тарихта орын алған маңызды оқиғалардан елес беретінін ескертеді.
Ежелгі дәуірлерде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген көне тайпалар
тарихын жан-жақты зерттеген қазақ ғалымдары К.Әкішев пен Г.Кошаев өздерінің
бірігіп жазған Іле өзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі
мәдениеті(1963) деп аталатын зерттеуінде біз сөз етіп отырған кезеңдегі
сақтардың тұрмыс-тіршілігі,өмір салты, биік мәдениеті жайында аса құнды
деректер келтіреді.[2.9-25]
Сонымен Шу батыр дастанында сол өңірдің көз тартатын ғажайып
табиғат көріністері , бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап
ағатын өзендер мен айдында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзен бойында
қалың болып өскен құрақ қамыстар суреттеледі.Байырғы Баласағұн шахарының
маңайынан жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған шу қала қамалының сәулеті
жайында айтылады.
Бұл көк орданың айналасындағы саф алтынмен апталған биік діңгектер
ұшында іліп қойылған әшекей құмыралар ішіндегі хош иісті май қараңғы
түсісімен лаулап жанып, айналаны жап-жарық етіп тұр.Алайда бізге Көк сарай
туралы ұзақ жырлардың қысқа-қысқа үзік жолдары ғана келіп жеткен.Соның
өзінде –ақ түріктердің арғы атасы
болып саналатын сақтар мен ғұндардың Көк тәңірісіне табынып, көк бөріні
тотем тұтқаны, көк түсті киелі санағаны, көк түсті байрақтарын желбіреткені
тарихтан жақсы мәләм.
Жалпы түркі тектес көшпелі тайпалар ежелгі дәуірлерден бері көшіп-
қонуға қолайлы, қыста адам тоңбайтын, жазда ысып кетпейтін, дауылға
құламайтын , қар-жаңбыр өтпейтін киіз үйде тұрып келген.Тарихта Көк
түріктер деп аталып кеткен осы халықтың тайпалық дәуірдегі ата-бабалары да
өздерінің киіз үйлерін көк түске бояп немесе үйінің сыртын көгілдір
жібекпен орап қоятын болған.Бұл туралы атақты турколог ғалым Ю.Немет
мынандай пікір айтады: Тюркское слово кок – название небо и свяшенного
небесного света –встречается не только в этнонимах kök –türk, kök-culut,
köke-mongol,но часто и в личных именах.Сын легендарного Огуз-хана, согласно
тюркской национальный традиций, именовался Kök-Qan;есть также имена kök
Böri (синий волг),kök Tas (Синий Камень)[35.300]
Бұл дастанда тағы да назар аударарлықтай көрніс бар. Шу батырдың көк
шатырының үстінде мұздай қару –жарақ асынған арғымақ атқа мінген 12 нөкер
күндіз-түні қоршап тұрады. Шу дастаны бізге толық күйінде жетпесе де
шағын үзінділері бойынша-ақ мұның өзі көлемді, оқиғасы тартымды, желісі
ширақ, көркемдік дірежесі жоғары, сол дәуірдің тарихынан мол мәлімет
беретін шежіре дастан болғанын аңғару қиын емес.Сақтар дәуіріндегі ауыз
әдебиеттің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан өзінен
кейінгі түркі жазба әдебиетінің қалыптасуына зор әсер етті. Мәселен,Шу
батыр үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, ұлықтарын, бектерін
шақырып алып, оларға қарата үндеу-сөз айтады.Шу батырдың халқына қарап
айтқан мұндай үндеу-сөздері бізге сол күйінде,яғни поэзия түрінде жетпеген.
Шу батырдың сақтарға қарата айтқан монологы бізге зерттеуші ғалымдардың
прозалық баяндауы арқылы ғана жеткен. Ал ел бастаған қағанның өз халқына
қарата айтқан ұран- сөзі Күлтегін жырында да кездеседі:
Тәңірдей тәңір жаратқан
Түрік Білге қаған
Бұл шақта отырдым.
Сөзімді түгел естіңдер
Бүкіл жеткіншегім ұланым
Бірікен халқым әулетім [20,40]
Қорқыт ата кітабында Қазан ханға қарата айтылатын Қорқыттың осындай
сөзі бар: О,Қазан хан! Сені жұрт барлық оғыз жігіттерінің,ұстыны, біздей
кем кетіктің қорғаны, Баяндүр ханның күйеуі, Төле құстың тұқымы,
Түркістанның діңгегі, тайпалармен рулардың арыстаны, қара тобырдың
жолбарысы, қара аттың иесі, Ораз ханның әкесі деп айтушы еді. [26,49] Бұл
ияқты өз халқына немесе ел басқарған ханына қарата сөз айту дәстүрі
қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды.
Бұл дәстүр бертін келе Махамбет Өтемісұлының отты жырларынын да
өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. Ақын өзінің Баймағанбет сұлтанға
айтқан өлеңінде:
Ханым, ханымдегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды,
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртынан жармай алар өтіңді,-дейді[8,190]
Алайда, сақ, ғұн, оғыз және қыпшақ тайпаларының ең асыл қазнасы
санлатын рухани байлығы-ауыз әдебиеті жайында жазылған зерттеулер
жеткіліксіз дәрежеде деуге болады. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ғұндар
дәуірінде өмірге келген түрлі аңыз -әфсаналар, мақал-мәтелдер, тұрмыс салт
жырлары, лирикалық өлеңдер және батырлық эпосы әлі күнге дейін толық
зерттеле қойған жоқ.Ауыз әдебиетінің бұл үлгілері біздің заманымызға толық
күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде жетті. Ал, кейбір батырлық
жырлардың жалпы сюжеттік желісі ғана сақталып қалған. Бұлар негізінен көне
заман тарихшылары Геродот, Ктезий,Полиэн,Харес Матиленскийдің еңбегі арқылы
белгілі болып отыр.Өздері орта ғасырда өмір сүрген Табари, Масуди,
Исфахани, Бируний сияқты ғұламалардың кітаптарынан да ежелгі ауыз
әдебиетінің ғажайып үлгілерін табуға болады.
Ал, біздің жыл санауымыздан көп ғасырлар бұрын Еуропаға қоныс
аударған дала қыпшақтарының арғы ата-бабалыры саналатың ғұндардың ерлікке
толы өмірі, тұрмыс- тіршілігі халқына Вальтария, Нибелунгтер туралы
жыр деп аталатын көне герман эпостық жырларында айтылады.
Сонымен, қадым заманның батырлық жырлары да өмірде болған тарихи
туындыларды, қоғамдық құрылыстарды бейнелейді. Алайда ерлік эпостарында
тарихи оқиғалардың сол күйінде, ешбір өзгеріссіз, қайталанып айтылуы шарт
емес.Мұнда негізгі тарихи деректер сақталып қалады.Әйтсе де бұл оқиғаның
өзі халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиғаға бүркемеленіп беріледі.[12,8-
49]Басқаша айтсақ, ерлік эпостарының өмірге келуінде халық өмірінде
маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар жайында аңыздар ерекше орын
алады.Ежелгі батырлық жырларында табиғат пен адамның пайда болуы жайындағы
мифологиялық түсініктерге кең орын беріледі.Мұның өзі адамдардың пайда
болуы жөніндегі халықтық-поэтикалық концепциядан туындайды.Бұл туралы орыс
ғалымы Е.М. Мелетинский мынандай пікір айтқан: исследуя пути
формирования героического эпоса, в котором содержится определенная нородно-
поэтическая концепция исторического, прошлого, необходимо учитывать
наиболее древние мифологичиские воззрения но происхождение природы и
человеческого племени.[34,26]

2. Түркі қағанаты дәуіріндегі жазба ескерткіштерде
кездесетін ауыз әдебиет элементтері.

Көк түріктер дәуірінде де ауыз әдебиетінің бірқатар ғажайып үлгілері
өмірге келді.Олар : Көк бөрі(Бозқұрт ) және Ергенекөн дастанындары.
Бізге бұл екі дастанның да мазмұндық желісі ғана жеткен. Ергенекөн
дастанындағы кейбір тарихи оқиғалар туралы белгілі тарихшы-шежіреші
Әбілғазы Баһадүр хан (1603-1664жж) өзінің Түріктер шежіресі атты
еңбегінде жазғаны мәлім.
Көк бөрі дастаны – ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің
ежелгі ата-тегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын, түрлі
аңыздар негізінде жыр еткен эпос.Алайда, дастан түгел сақталмай, бізге
қытай көне жазбаларындағы шағын прозалық үзінділер арқылы жеткен.
Көк бөрі дастанындағы аңыздар көне дәуірдің тарихи шындығынан
алыс емес.Өйткені Көк түріктердің көне тарихын зерттеуші ғалымдардың
барлығы дерлік осы Көк бөрі дастанында айтылатын ғұндар тайпасына
енетін Ашина руы жайындағы аңыздарға назар аударып отырады. Кейде тіпті осы
аңыздар мен тарихи шындықтың арасын ажыратып алу қиын. Дегенмен, Көк
бөрі дастанын дұрыс пайымдау үшін алдымен аңызға айналған тарихи
шындықтың өзін қысқыша айтып өтейік.
Біздің заманымызға дейінгі 109-жылы ғұндар тарихында ерекше жыл
болды. Дәл осы жылы ғұндердың көсемі Мөде ғұндардаң мәртебесін арттыру үшін
Орталық Азияны мекен еткен осы тайпалардың басын қосып, жорыққа шықты. Саян-
Алтай таулары өңірінен табғаштарды ығыстырып шығарды. Ғұндардың қуатты
мемлекетін құрды. Міне, сол Мөде тұсында Алтай таулары өңіріне барып
орналасқан ғұн тайпалары арасында бертін келе өзара келіспеушілік пайда
болады. Ақыры ғұндардаң бір тобы Батысқа қарай ығысып, көптеген жерлерді
жаулап алады.Олар қуатты ғұндар мемлекетін құрады.Бертін келе Еуропадағы
ғұндар империясы ыдырап, олардың көшпелілігі Қыпшақ даласына қайта оралғаны
тарихтан белгілі. Міне, осы Еуропадан, яғни Батыстан қазіргі Орта Азия мен
Қазақстан жеріне қайта оралып келген ғұндар-түркі халықтарының арғы ата-
тегі саналады. Бұлар Орталық Азиядағы түрлі тайпалық одақтарды біріктіріп,
кезінде дүниені дүр сілкіндірген Түрік қағанатын орнатқаны тарихтан мәләм.
Көк бөрі дастанында ғұндардың Ашина деп аталатын бес жүз
шаңырақ руы туралы түрік тайпалары осы Ашина тайпасынан тарағаны
хақында, алғашқы Түрік мемлекетін басқарған көсемнің есімі де Ашина болғаны
жайында хикая айтылады. [26,221] Ашина сөзі асыл текті қасқыр, бөрі
деген мағына береді.Ал, ежелгі түріктер өздерін көк бөріден шыққанбыз деп
түсінген.Түріктер үшін қасқыр тотем болған.Түік байрақтарына бөрінің басы
алтынмен әшекейленіп салынған.[26,220]
Көк бөрі дастанының негізғі сюжеттік желісі болып табылатын
Ашина, яғни Көк бөріден табылған түріктер жайындағы ежелгі аңыз
-әңгімелерді Н.Я.Бичурин көне қытай жазбаларынан және Нибелунга туралы
жырдан алған.Ал, Л.Н. Гумилев өзінің Көк түріктер деп аталатын еңбегінде
Н.Я.Бичурин еңбектеріне сілтеме жасайды.[12,23]
Сонымен , Көк бөрі дастанының сюжеттік желісі төмендегідей:
Қадым замандарда Алтай өңірінде бақытты өмір сүріп жатқан ғұн
тайпасының бір руы ағайындарына өкпелеп, өте алыс өлкелерге – күнбатыс
жаққа көшіп кетіпті. Бұлар барған жерлерге үлкен-үлкен қалалар салып,
мемлекет құрыпты. Тұрған жерлерін бау-бақшалы гүлстанға айналдырыпты.Көрші
елдермен сауда-саттық жасапты. Ғұндар сол алыс өлкелерде өсіп-өніп, халқы
көп болыпты.Көк темір қару асынған әскері де сансыз көп екен.
Күндердің күнінде ғұндердың көсемі Аттила батыр қайтыс болып, бүкіл
халық, барша сарбаздар жылап-сықтап жатқанда ойда жоқта бұлардың еліне
қалың қол келіп, жау шауыпта. Елдің күллі халқын қан жоса етіп, қырып
салыпты.Тек тоғыз жасар бір ұл бала ғана тірі қалыпты.Қаладан шығып бара
жатқан жау әскерінің бір нөкері қайтып келіп әлгі тірі қалған баланың аяқ-
қолын кесіп, тоғайдағы саздаққа лақтырып тастайды. Тоғайла жортып жүрген
бөрінің бір қаншығы саздақта қансырап жатқан баланы тауып алып, өз ініне
апарып асырайды.
Көк бөрі дастанында бұлардан басқа да аңыз-хикаялар айтылады.Әйтсе
де бәрінің негізгі айтар ойы – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі деген
түйінге келіп саяды.
Көк бөріні киелі санап, оны тотем түсіну қазақ қауымы арасында соңғы
кезге дейін сақталып келген.Ал, мұның бір көрінісін қазақтың батырлар
жырынан аңғаруға болады.Мәселен, Ер Тарғын жырында батырдың ерлігін,
төмендегідей етіп сипаттайды:
Келген қалмақ жолықты
Тарғын сында бөріге
Қойға кірді бір бөрі
Бөріктіре қырады
Талай қалмақ құлады[4,136]
Қорыта айтқанда, Көк бөрі дастаны заманымызға кейінгі кезеңде
өмір сүрген, бертін келе этностық тұрғыдан түркі тектес халықтарды
қалыптастырған Батыс ғұн тайпалары тарихынан көп мәлімет беретін, түрлі
аңыз-хикаяларға негізделген эпостық туынды.

Орхон жазба ескерткіштері

Кезінде дүниені дүр сілкіндіріп, жұмыр жердің жартысына билік
жүргізіп тұрған Ұлы Түрік қағанаты жайында жазылған ғажайып тарихи
дастандар бар екені мәлім.Оны жазған Түрік қағанаты қабырғалы бектерінің
бірі өз дәуірінің кеменгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі ұлы ақын
Йоллығтегін еді.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының бүкіл
әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірлерін суреттеуден
басталады.Мұнда исі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын
қаған мен Істеме қаған барынша мадақталады.
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған,Істеме қаған отырғаған.
Отырып түркі халқының
Ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен.[20,34]
Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға
арналған дастаннан алынып отыр.
Көне түріктердің ежелгі шынайы тарихы мен тасқа қашалып жазылған
дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштері
жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрлерімен
жазылған әдебиет үлгілері деген түиін жасаймыз.
Әрине, көркемдеу дәрежесі меәілінше жоғары, шешендік сөздері
мол,көріктеу құралдары айшықты болып келетін Күлтегін және Тоныкөк
сияқты ғажайып дастандардың ғайыптан, өзінен-өзі өмірге келуі мүмкін
емес.Демек, бұл дастандарды жазған Йоллығтегін өзінен бұрынғы түркі
поэзиясының көркемсөз дәстүрін жақсы меңгерген ақын. Басқаша айтсақ,
Иоллығтегін сақтар мен ғұндар дәуірінің Алып Ер тоңға, Оғыз қаған,
Атилла, Шу дастаны , Көк бөрі, Ергенекей сияқты дастандарды үлгі
тұтқан.Бұл жәйтті,әсіресе, осы екідәуір дастандары арасындағы бірқатар
көркемдік ұқсастықтардын аңғаруға болады. Ғұндар дәуірінің ауыз әдебиетінде
қолданылған көріктеу құралдары ,қанатты сөздер, мақал-мәтелдер кейде Орхон
жазба ескерткіштерінде де қайталанып отыр.
Ежелгі түркі жұртында қалың қол бастап, халқын сыртқы жаудан қорғаған
дарабоз батырлары қайтыс болғанда бүкіл ел күңіреніп, аза тұтып, жүрек
тебрентерліктей қасиетті жоқтау жырларын айтатын дәстүр болған. Бір адамның
қайғысы бүкіл елдің қайғысына айналған.Сол арқылы ел қорғаудың киелі,
қасиетті іс екені күллі қауымға жария етілген, бұл жәйтті жоғарыда
талданған сақтардың ауыз әдебиеті үлгісі болып табылатын, Алып Ер Тоңғаны
жоқтау өлеңінен көруге болады.
Бұл жырда Алып Ер Тоңға қазасына байланысты ер азаматтардың өзі
жағаларын жыртып, бөрідей ұлып жылағаны айтылады.Тіпті,жылап-сықтаудың
,ауыр қайғы-қасіреттен адамдардың көздері көрмей қалады.
Бөрідей елдер ұлысты,
Бақырып жаға жұлысты,
Дауыс салып жырлары,

Суалды көзі жылады [33,226]
Мұнда ақын ажал қасіреттің ауырлығын нақты түрде жеткізу үшін
бөрідей уласты, жаға жұлысты, көзі суалды деген сияқты тұрақты сөз
тіркестерін пайдалана білген .Алып Ер Тоңғаны жоқтауды ежелгі дәуір ақыны
білгір сөз зергері ретінде мейлінше тереңдете түскен.Бұл жоқтауда ел
қорғаған батырдың өлімі ішті өртеді, жараны тырнады, өткенді іздіді
деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін ұтымды қолдану арқылы шебер жеткізген
:
Көңілім ішті өртеді,
Тырнады біткен жараны,
Өткен күнді (уақытты) іздеді,
Күн-түн келіп сұрады [33,290]
Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр қайтыс болғанда да
күллі көк түріктер елі шексіз қайғыға батады.Ауыр қасіреттен аспан айналып
жерге түскендей болады.Бүкіл ел болып аза тұтқан сәттегі жоқтау сөздерін
ақын Йоллығтегін төмендегідей жыр жолдары арқылы жеткізген:
Інім Күлтегін қаза болды,
Өзім қайғырдым
Көрер көзкім көрместей,
Білгір ақылым білместей болды. [20,55]
Қалай болған күнде де тарихта ерлік дәуірі деп аталған ғұндар
заманының ауыз әдебиеті Күлтегін,Білге қаған сияқты батырлар бейнесін
жасауға өзіндік-ықпал-әсерін тигізді.Әсіресе,батырдың мінген тұлпарын,
асынған қару жарағын,сүйген жарын, сағынған елін, туған жерінің табиғатын
суреттеу тұрғысынан ғұндар заманының эпосы бертін келе қалыптасқан Түрік
қағанаты дәуірінің жазба әдебиеті үшін үлгі - өнеге болды.
Дегенмен, алдымен Күлтегін , Тоныкөк жырларының көркемдік және
жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтелік.Сол арқылы ғана көк түріктер
дәуірінің ғажайып туындылары Күлтегін , Тоныкөк жырларының өзінен
кейінгі кезеңдерде қазақ ауыз әдебиетінде туындаған барлық жырлардың
қалыптасуына қаншалықты терең әсер еткенін пайымдауға болады.
Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін
өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді.Бірі- Күлтегін және
Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке,соның ішінде, поэзияға ешқандай
қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп
қарады.Екіншісі-руна жазуындаға бұл ескерткіштерді поэзиялық туындығы тән
барлық белгілері бар,ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген
көркем туынды деп таныды.Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы
әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар тағы басқа арасында алуан түрлі пікір
таластарын тудырып келеді. Ал, қазір Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштері
көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді.Орхон ескерткіштерін поэзия ,
ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі- академик –жазушы М.Әуезов
болды.Ол руа жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта
келіп,былай деп жазды: Оларадың мазмұнында эпостық баяндау сазы
басым,аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін ,Тоныкөк немесе
Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр
алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының , соғыс суреттерінің
, батырлар ерлігінің , жорықтардың шежіресі бар.Тіпті сол жазулардың
бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр
болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар.Күлтегіннің
он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі
ерлік қимылдары баян етіледі.Мұнда батырдың жас шағынан бастап,өмірінің
ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандырдың сюжеттік
құрылысында ұқсастақ бар [113,136]
Жырдың мазмұнында нәр беріп, сыртқы түрін ажарландыра түсу үшін
Күлтегін және Тоныкөк жырларында теңеу, метафора, аллегория,
гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады:
Күлтегін жырында шындықты пернелеп айту,яғни оқиғаны аллегориялық
әдіспен жеткізетін тұстар да аз емес.
Қаладағылар өрлепті,
Таудағылар індепті [20,47]
Сондай-ақ Орхон жазуларында суреттеліп отырған көріністерді тағы да
ажарландыры, құбылта түсу үшін оны соған ұқсас өзге затқа балау әдісін,
яғни метефораны шебер қолданды.Мұндай метафораларға Тоныкөк жыры да бай.
Жауымыз тегіс жыртқыш құстай жыртқыш еді
Біз жемтік едік [20,69]
Бұған ұқсас теңеулер қазақтың батырлық жырында да кеңінен
қолданылатыны мәлім.Мәселен,қазақтың Қарабек жырында Ханбибі атты аруды
төмендегідей етіп бейнелеген :
Шекер, шырын,бал сөз
Алма мойын, аршын төс,
Күйкентай көз қалам қас,
Көрген кісі дидарым Хор қызына балаған.
Бір қызығы-VIII ғасырда өмір сүріп, елтеріс пен Білге қағандардың
кеңесшісі болған Тоныкөктің тарихи бейнесі араға мың жыл салып, барып
Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырыу (XIII ғасыр) бейнесінде дәлме-дәл
қайталанған сияқты Бұқар жырау да Абылай ханға ұдайы кеңес айтып отырады,
әрі хан жасақтарымен бірге жауға қарсы күреске шығады.
Кемеңгер Тоныкөктің философиялық ой-пікірлері Бұқар жыраудың
дидактикалық-шешендік сөз үлгілеріндегі тоғауларымен астасып жатады.Тоныкөк
түрік қағанатын сақтап қалу үшін ең алдымен елдің ішкі бірлігі қажет екенін
пернелеп, астарлап,нақыл-өсиет арқылы жеткізеді.

Жұқаны бүктеу –оңай,
Жіңішкені үзу-оңай
Жұқа қалыңдаса,(оны тек) алып бүктейді
Жіңішке жуандаса,(оны тек) алып үзеді.[20, 69 - 70]
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді
болып келеді.Мәселен,Орхон жазбаларында Йоллығтегін адамдар деп айтудың
орнына ел-жұрт, адамзат ұлдары деген сөз тіркестерін жиі қолданады:
Күллі түркі халқы былай десті:
Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Кімге ел-жұрт іздермін?-десті [20,45]
Ежелгі түркі поэзиясында айтар ойды нақты, қысқа түрде , әрі бейнелі
етіп жеткізу үшін қолданылатын кейбір сөз тіркестері мақал-мәтел сияқты
естіледі.Мәселен, Күлтегін ескерткішінде төмендегідей жыр жолдары бар:
Аштықта тоқтықты түсінбейсің,
Бір тойсаң, аштықты түсінбейсің.[20, 42]
Қазақ жырыулары ежелгі түркі ақындарының дидактикалық-шешендік өнерін
өз тоғауларында жетілдіре түсті.
Асан Қайғы:
...Қадірін жеңге білмес,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп [5,25]

Күлтегін мен Тоныкөк жырларына тән тағы сипат-бұл жырлардың
кіріспесінде және қорытынды бөлімінде лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту
көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сияқты эмфатикалық дауыс
ырғағы басым болады. Мәселен, қарт данышпан Тоныкөктің бүкіл түркі еліне
қарата айтқан мыны бі монологі бұған толық дәлел болса керек.
- Мен , Білге Тоныкөкпін
Алтын қойнауын асып келдік
Ертіс өзенін кешіп келдік
Көп (екен) деп неге қашамыз ?!
Абыз деп неге қорқамыз ?! [20, 77-75]
Міне осылайша көпшілік қауым алдында көтеріңкі екпінмен
үндеу тастап, ақыл-өсиет айту, асқақтата сөйлеу араға сан ғасырлар салып
барыпқазақтың жыраулар поэзиясында қайталанады.Мәселен, марғасқа жыраудың
Ташкентханы Тұрсынға қарата айтқан толғауы:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім, арамда ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың,-дейді [5, 56]

Орхон жазба ескерткіштері ішінде Тоныкөк жыры ерекше орын
алады.Бұл жырдың авторы бөлек , оны Тоныкөктің өзі, жазған деген болжам
бар.
Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері ,
композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан Күлтегін жырына өте-мөте
ұқсас.
Әрине, Тоныкөк жырының сюжеті, оқиғалары басқаша екені
даусыз.Мұндағы басты қаһарман қағанның кеңесшісі – Тоныкөк.Егер Күлтегін
жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі
нәрсе-Күлтегін батырдаң ерлігі деп көрсетсе , ал Тоныкөкжырында автор дәл
сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеттік
деп көрсетеді.Бұл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің
дана қарты , тіпті Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі Елтеріс қағанға да
кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт.Сондықтан бұл жырда уағыз-өсиет, нақыл
сөздер көбірек ұшырасады. Тоныкөк жыры да көлемді.Мұнда түркілердің өз
елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап-атап айтады да , соның бәрінде
түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістер өзінен-өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ауыз әдебиеті - әдеби тілдің бастауы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер