Қызыл кітап



Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім:
1.1. Қызыл кітап туралы түсінік.
1.2. Қазақстанның Қызыл кітабы.
1.3. Қызыл кітапқа енген жануарлар дүниесі.
1.4. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер дүниесі.
1.5. Қазақстанның Қызыл кітабының болашақтағы алғышарттары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.

Қазақстан территориясының кең байтақтығы және Еуразияның дәл кіндігіндегі географиялық жағдайының ерекшелігі, Сібірдің ну орманы мен ортаазия шөлдері және орталықазияның биік тауларының аралығында орналасуы – табиғат жағдайының және осыған сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көп әр түрлі болуына алып келді. Қазақстан фаунасының зәузат қоры кітабы (1989) бойынша бұл жерде тек омыртқалы жануарлардың – балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің 835 түрі есепке алынған. Омыртқасыздар фаунасының мамандардың пікірінше тек жартысына жуығы ғана анықталған және ол 50 мыңдай насекомдардың, өрмекшілер, кенелер, молюскалар, құрттардың және т.б. түрлерден тұрады. Шаруашылық қызметтің көптеген түрлерінің зардаптарының омыртқасыз жануарларға теріс әсері омыртқалыларға тигізген әсерден кем емес, сол себепті омыртқасыздардың көпшілігінің ғылымға белгілі болмай жатып-ақ құрып кетуіне әкеп соқтырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Қызыл кітабы.
Том І. Жануарлар, І бөлім. Омыртқалылар. – Алматы «Қонжық», 1996.
2. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 6 том.
3. Қазақстан өсімдіктері. С.А.Арыстанғалиев, Е.Р.Рамазанов. – Алматы, «Ғылым», 1977 ж.
4. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. А.Ф.Ковшарь. – Алматы, 2004 ж.
5. Қазақстан өсімдіктер әлемі. А.А.Иващенко. – Алматы, «Кітап», 2004 ж.
6. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Ш.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қадырбаев. – Алматы, «Қайнар», 1975 ж.
7. Аяулы хайуанаттар. К.Қайымов. – Алматы, «Мектеп», 1979 ж.

Жоспар

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Қызыл кітап туралы түсінік.
2. Қазақстанның Қызыл кітабы.
3. Қызыл кітапқа енген жануарлар дүниесі.
4. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер дүниесі.
5. Қазақстанның Қызыл кітабының болашақтағы алғышарттары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Абстракт

Өзектілігі: Биологиялық ресурстарға аса бай Республикамыздың жойылуға
жақын қалған биоқорларды сақтау және қорғауға алу.
Мақсаты: Табиғат жағдайын зерттеу, Қазақстанның Қызыл кітабы
еліміздегі флора мен фауна дүниесімен танысу. Кітапқа
енген
өсімдіктер мен жануарларды қорғау негізіндегі
мәселелерді
қарастыру, қазіргі таңдағы байлықтарды сақтау шаралары
мен
проблемалардың маңыздылығын анықтау.
Міндеті: Жойылуға жақын қалып қызыл кітапқа енген флора мен фаунаны
саралап, кешенді анализ жасау.
Әдіс-тәсілі: Бақылау, сұрау, мағлұмат жинау, зерттеу, жүйелеу.
Болжамы: Егер біз сиреуге таяған биоресурстарды бүгінгі таңнан бастап
сақтап, қорғасақ қорық, қорықша, ұлттық саябақтар
ұйымдастырылған болса, еліміздегі флора мен фауна
әлемін мол
тұрғыдан сақтап қаламыз.
Тәжірибелік мәні: Ғылыми жұмыста берілген Қазақстанның Қызыл
кітабындағы биоресурстардың түрлерін,
олардың таралу
аймағын тағы басқа мәліметтерді өлкетану,
биология,
география пәндерінде кеңінен қолдануға
болады.

Кіріспе.

Қазақстан территориясының кең байтақтығы және Еуразияның дәл
кіндігіндегі географиялық жағдайының ерекшелігі, Сібірдің ну орманы мен
ортаазия шөлдері және орталықазияның биік тауларының аралығында орналасуы –
табиғат жағдайының және осыған сәйкес өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
көп әр түрлі болуына алып келді. Қазақстан фаунасының зәузат қоры кітабы
(1989) бойынша бұл жерде тек омыртқалы жануарлардың – балықтар,
қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің 835
түрі есепке алынған. Омыртқасыздар фаунасының мамандардың пікірінше тек
жартысына жуығы ғана анықталған және ол 50 мыңдай насекомдардың,
өрмекшілер, кенелер, молюскалар, құрттардың және т.б. түрлерден тұрады.
Шаруашылық қызметтің көптеген түрлерінің зардаптарының омыртқасыз
жануарларға теріс әсері омыртқалыларға тигізген әсерден кем емес, сол
себепті омыртқасыздардың көпшілігінің ғылымға белгілі болмай жатып-ақ құрып
кетуіне әкеп соқтырады.

Негізгі бөлім.

1. Қызыл кітап туралы түсінік.
Қызыл кітап – халықаралық табиғат одағының Қызыл кітабы -
халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға
азайып, не жойылып бара жатқан түрлер енгізіледі. Сондықтан да айрықша
қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Жануарларды Халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі XX ғасырдың бас кезінде
қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың
Халықаралық конференциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан
Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау
одағының (ХТҚО) Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның
бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томында құстардың 312
түрі туралы деректер берілді.
Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4
категорияға топтастырылды. 1966-1971 ж.ж. Қызыл кітапқа тіркелген түрлер
туралы мәліметтер қайта толықтырылып, екінші басылымы 1972 жылы 3 басылымда
жарияланды. 1978-1980 ж.ж. төрт басылымы бес том болып жарық көрді. Оның
бірінші томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79
түр тармағы, екінші томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, үшінші
томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі,
төртінші том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал бесінші томы
жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980
жылдары бұрынғы томдар негізінде Қызыл кітап қайта шыға бастады. 1983
жылы шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген.
Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде
қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы
Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97 түрі, құстардың 37 түрі
дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген.
Жануарлар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің аталған, Қызыл
кітабына енуі ең беделді халықаралық табиғат қорғау мекемесінің бұл
түрлерді күнбе-күн қамқорлыққа алу керектігін мойындағанының белгісі болып
саналады. Бұл халықаралық Қызыл кітапқа тіркелген түр мекендейтін әрбір
табиғаттың осы бір қазынасын сақтап қалуда адамзат алдында рухани жағынан
жауапты.

2. Қазақстанның Қызыл кітабы.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан
бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының
міндеті болудан қалды, себебі әрбір биологиялық түрді жоғалту тек
адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар
қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне, адамзат баласының
толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен конференцияда
дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған
биологиялық әртүрлілік туралы конференцияның қабылдануы дәлел.
Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында
бекітіліп, осы жылдың аяғында оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші
бөлімі жарық көрді. Бұл кітапты шығару үшін 1991 жылғы басылым негіз болды.
Бірақ төрт жылда жануарлар дүниесінде де және ол жайындағы біздің
хабарымызда елеулі өзгергені соншама, оларды есепке алмаса барып тұрған
қиянат еді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жасалған және Республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып
келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер
түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтерді, оларды зерттеу, қорғау, өсімін
молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шарлардың жиынтығы бар
негізгі құжат болып саналады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік кадастрының
құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына
Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, ауа мен жер қыртысында
еркін жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтін жануарлар (сүтқоректілер,
құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, сондай-ақ
ұлутектілер, жәндіктер және басқалары) мен өсімдіктердің түрлері
(түршелері, популяциялары) тіркеледі. Саны мен тіршілік жағдайы олардың
тектік қорының молаюы мен сақталуына қатер төндірмейтін шекке жеткен
жануарлар мен өсімдіктер түрлері (түршелері, популяциялары) Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына шығарылуы жатады. Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында ерекше қорғауға алынады. Қазақстан
Республикасының заңдарына көзделгеннен басқа жағдайда, бұл түрлері аулауға
бүкіл республика аумағында тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен
өсімдіктер түрлерінің жойылып кетуіне, сандарының азаюына және тіршілік
ететін ортасының нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол бермейді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер сол
немесе өзге түрін енгізуге және оның мәртебесін айқындауға санының қипасыз
азаюы, таралу аймақтырының қысқаруы, тіршілік ету жағдайының қолайсыз
өзгеруі туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шұғыл
шаралар қолданудың қажеттігі туралы дәлел келтіретін кез-келген басқа да
деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау
одағының тізіміне (ХТҚО-ның Қызыл кітабы) енген сирек кездесетін және
жоғалып кету қаупі бар жануарлардың түрлері Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізілді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар мен
өсімдіктерді құрту арқылы немесе олардың тіршілік ететін орындарының көбеюі
және қоныс аудару жағдайын бұзу арқылы елдің табиғат байлықтарына зиян
келтірген кінәлі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар белгіленген
тәртіппен орын толтырады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген заңсыз ауланған
жануарлар мен жиналған өсімдіктер және олардан жасалған өнімдер белгіленген
тәртіппен қайтарып алынады, ал бұзылған табиғи орта тікелей кінәлылардың
есебінен қалпына келтіріледі.
Қазақстанның Қызыл кітабы табиғат қорғаудың негізгі
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қызыл кітаптың соңғы басылымында тіркелген әрбір жануар қазіргі
кездегі санының жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған
бес категорияның біріне жатқызылады.
І категория. Жойылып бара жатқандар: Жоғалып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар
туралы бірнеше жылдар – 50 жылдан астам уақыт – бойына ешқандай деректер
жоқ.
ІІ категория. Саны азайып бара жатқандар: Саны әлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып
кетушілер категориясына қосылатын түрлер.
ІІІ категория. Сирек кездесетіндер: Қазіргі кезде жойылып кету қаупі
жоқ, бірақ өте аз кездесетін немесе территориялы шектеліп, табиғи және адам
қызметінің әсерінен тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде жойылып
кететін түрлер.
IV категория. Белгісіздер: Тіршілігі толық зерттелмеген, ал саны мен
популяция жағдайы алаңдатушылық тудыратын, бірақ мәліметтердің
жетіспейтіндігінен оларды жоғарыда айтылған категорияларға жатқызуға
болмайтын түрлер.
V категория. Қалпына келгендер: Қорғау жұмыстарын қолға алу
нәтижесінде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіптік пайдалануға
болмайтын және популяциялары тұрақты бақылауды қажет ететін түрлер.

3. Қызыл кітапқа енген жануарлар дүниесі.
Қазақстанның жер бедері әр алуан. Оның Солтүстік жағын орманды дала,
дала және шөлді аймақтар алып жатса, оңтүстігін әсем таулар көмкереді.
Жасыл ормандар мен қамысты көлдер бағалы аңдардың өсіп-өнуіне қолайлы
жағдай жасайды. Қазақстанның кең-байтақ территориясында сүтқоректілердің
150-дей түрі бар болса, соның 30-ға жуығының азайып, құрып кету қаупі туып
отырғаны анықталды. Солардың ішінде тауда – барыс, қызыл қасқыр, ақ
тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, орманда – орман сусары, бұлан,
шөл және шөлейт аймақтарда – қара құйрық, үстірт арқары, қарақал, гепарт,
су жағасында – кәмшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан, сияқты хайуанаттар
мекендейді. Олардың көбінің кәсіптік маңызынан басқа ғылыми тұрғыдан да
үлкен мәні бар.
Хайуанаттардың жанама пайдасынан басқа, олардың көптеген түрлерінің
экономикалық маңызы да өте зор. Кәдімгі жай қорғау шаралары жәрдемі мен
бағалы және сирек кездесетін жануарларды сақтап қана қоймай, тіпті олардың
санын кәсіптік тұрғыдан аулау мөлшеріне дейін жеткізуге болатыны практика
жүзінде көрініп жүр. Қорғауға алынған жануарлар түрлерінің толық сақталуы
ең алдымен олардың мекендейтін жерлерінің тұрақты болуына тығыз байланысты.
Егер олардың мекендейтін қоныстарында өмір сүруге керекті жағдайлар болып,
әрі осы жануарлар түрінің өсімталдығы басымырақ болса, онда толық қорғауға
алынған олардың саны тез көбейеді.
Табиғат байлығының қажет қазынасын сақтаудың негізгі базасы – қорық
ұйымдастыру.
Қорық сөзі өте көне, ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең
қатал әмірімен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қызыл
кітап термині жақында бар-жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің
өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық
әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа ие болды. Қазақстан
мен Орта Азияның басқа республикаларында қорықтар 1926 жылдан, Оңтүстік
Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань табиғатының үлгісі ретінде бұл өңірде бірінші
болып Ақсу-Жабағалы қорығы ұйымдастырылған жылдан ашыла бастады. Екінші
болып, Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі оңтүстіктегі
қарағай ормандарын және жануарлар дүниесіне өте бай аймаққа тән бірнеше
көлдерді қорғауға алған Наурызым қорығы (1934 жылы құрылған) ашылды. Одан
әрі Солтүстік Тянь-Шань, оның әр түрлі белдеуімен қоса, табиғатының
эталондық учаскелерімен таныстыру мақсатымен Іле Алатауы жотасының орталық
бөлігінде орналасқан Алматы қорығы құрылды (1961 жылы). Төртінші қорық –
Көкшетау облысының далалары, гранитті тас сілемдерінде өсетін қарағайлы-
қайыңды ормандары мен айдын көлдерін қорғауға арналған (Бурабай) қорығы.
Бұл қорық бар-жоғы 15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды. Бесінші –
Барсакелмес қорығы 1939 жылдан Арал теңізіндегі осы атты аралда жұмыс
істейді. Алтыншы қорық – Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылды, негізінен
Орталық Қазақстандағы Теңіз және қорғалжын көлдерінің су айдынын және
оларға жақын жатқан тың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр. Келесі
қорық – Марқакөл, осы аттас көл мен Оңтүстік Алтайдың таулы тайкасымен
таныстыратын, 20 жылдан астам уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал
шөлді өлкедегі Үстірт қорығы 1984 жыл құрылған. Батыс Алтай тайкасының қол
тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы ұйымдастырылды.
Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға алынып, соңғы есеппен Алакөл
қорығы 1998 жылы құрылды.

Жорға дуадақ - Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың бір
түрі. Саны азайып бара жатқандар категориясына жатады. Өзінің таралу
аймағының әр жерінде жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстанда оның саны әлі
де жеткілікті. Шөл мен шөлейт аймақтарын – Қазақстан жазығының оңтүстік
бөлігін түгел мекен етеді. Республикамыздағы жалпы саны 30000 шамасындай
Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана
қорғалады. Бұл түрді заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық
ұйымдастырып, Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз
аулайтындармен күрес шараларын қатайту керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы. Сирек кездесетіндер категориясына жатады. Сирек,
таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань және Жоңғар Алатауында
таралған. Орманды және бұтасы қалың таулардың Альпі шалғынына дейін
мекендейді. Қазқстанда жалпы саны 500 бастан аспайды. Санының азаюының
негізгі себептері – қасақылық және шаруашылықты дұрыс жүргізбеу. Алматы
қорығында ойдағыдай өсіп-өнеді. Екі қорықта және төрт қорықшада қорғалады.
Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қорықшаларда қорғауды жақсарту керек.
Қызыл қасқыр. Жойылып бара жатқандар категориясына жатады.
Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін. Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында
тараған, үстірт тәрізді және орманды учаскелерінде мекендейді. Қазақстанға
тыс жерлерден келуі мүмкін. Негізгі қоректері – тау тұяқтылары. Санының
кемуі айдан анық болғанымен түрдің Қазақстанда жойылып кетуінің негізгі
себептері белгісіз. Мәскеу хайуанаттар паркінде өсіп-өнеді. Қазақстанның
хайуанаттар паркінде өсіру қажет.
Шығыс Қазақстан Облыс көлдерінде Қызыл кітапқа енген балықтар түрлері
де мекендейді: Ертісте – таймень, Қара Ертісте – ақбалық. Қосмекенділер
түрлері – Жетісу аяқты балығы, Данатин құрбақасы, Қызыл аяқбақа; бауырымен
жорғалаушылар түрлері – Үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке, жолақ қара
шұбар жылан; құстар түрлері – қызғылт бірқазан, кіші аққұтан, қалбағай,
қара ләйлік, алакөз сүңгуір, қара тұрпан, ақ бас үйрек, бүркіт, жұртшы,
құмай, ақ сұңқар, сұр тырна, жорға буадақ, тарғақ, үкі. Шығыс Қазақстан
облысында мекендейтін сүтқоректілер түрлері – жұпар, ақ бауыр жарқанат,
қызыл қасқыр, қоңыр аю, орман сусары, шұбар күзен, сабаншы, барыс, қара
құйрық, Қазақстан арқары, жалман.

4. Қызыл кітапқа енген өсімдіктр дүниесі.
Біздің еліміздің ерекше өсімдіктер байлығы қамқорлық пен асқан
үнемділікті талап етеді. Антропогендік факторлардың күшейе түсуіне
байланысты көптеген өсімдіктер сиреп бара жатыр, олардың саны азайып,
популяциясы қысқарып, өздігінен қалпына келуі бұзылады. әсіресе бұл жағдай
пайдалы өсімдіктерге қатысты – ендік, сәндік, техникалық, азықтық. Бұл
мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Үкіметі – еліміздің
қайталанбас биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу үшін қажетті шараларды
қолданады. 1981 жылы 301 өсімдік түрі енгізілген Қызыл кітап баспаға
өткізілген.
Дегенмен түрлердің өзін Қызыл кітапқа енгізіп, қойып, оның текті қоры
толығымен сақталады деп кепілдік беру мүмкін емес, арнайы заңдастырлған
актілер қажет және олардың орындалуын қадағалау керек. өкінішке орай
Қазақстанда әлі күнге дейін, егеменді мемлекет үшін аса маңызды өсімдіктер
әлемін қорғау туралы Заң жобасы жасалмаған және қабылданбаған. Мұндай
Заңның болмауының орнын 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы жартылай толықтырылды.
Флористикалық алуан түрлілікті сақтауда табиғи мемлекеттік қорықтардың
маңызы зор.
Қазіргі кезде Қазақстанда тоғыз қорық бар.Олардың территориясында 2800-
ден астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрі қорғауға алынған, яғни бүкіл
Қазақстан флорасының жартысына жуығы.
Дегенмен, ұлттық парктер мен қорықтардың жұмыс тәртібі түрлердің толық
қорғалуын қамти алмайды. Ерекше қайталанбас популяциялар мен жеке түрлердің
сақталуы үшін арнайы ботаникалық қорықтардың байланысын ұлғайту қажет.
Егеменді мемлекетті қалыптастырудағы және экономикалық қиындықтар,
соңғы он жылдықта өсімдіктер әлемін қорғау жоспарларын кейінге шегеріп
қойды. Бұдан 20-25 жыл бұрын Қазақстанның көптеген облыстарында, сирек
кездесетін өсімдіктердің, оның ішінде жеке бір түрлерді қорғау жайында
арнайы қаулылар іске асырылды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
өсімдіктерді жинағанға айып – пұл салынып отырған. Бұл санкциялар 1993 жылы
алынып тасталып, тек 2001 жылы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы
Үкіметінің арнайы қаулысы қабылданғаннан кейін қайта күшіне енді.
Бұл құжатта Қызыл кітапқа кіргізілген шөптесін өсімдіктің зақымдалған
немесе жойылған әрбір данасына, заң бұзушыдан айып талап етіледі. Әрине
өсімдікті қорғау екендігін, оның жалпы тіршілік үшін маңызын әрбір адам
түсінбесе, онда ешқандай шектеу де, айып төлеу де біздің онсыз да сирек
кездесетін өсімдіктерімізді қорғап қала алмайды.
Жабайы өсімдіктердің қайталанбас әртүрлілігін сақтау Қазақстандықтар
үшін аса маңызды мәселе.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер: Сортаң цистанхе және ұзынтамыр
қандыгүл.

Сортаң цистанхе (Сұңғылалар тұқымдасы).
Пішіні және тіршілік формасы саңырауқұлақтылардың жеміс беретін
денесіне ұқсас, ал систематикалық қатынаста олар туыс емес. Қазақстанда
кездесетін төрт түрдің ішіндегі ең көп тарағаны Астана жағынан және
солтүстікке Семейден Үстіртке дейін, оңтүстікте Тянь-Шань тау етегінде,
дала зонасының оңтүстік бөлігінде және бүкіл шөл зонасында кездеседі.
Сексеуілдің және түрлі сораңдардың паразиті. Сабағы жуан, етті, созыңқы
қандауырша қабыршақтары мен және бас жағында цилиндр тәрізді гүлшоғыры
ұзындығы 25 см-ге дейін. Гүлдері қос жынысты, отырыңқы, гүлжапырақтары бес
бөлікті тостағаншамен тең. Күлтесі түтікті – қоңырау тәрізді ұзындығы 3,5
см-ге дейін, екі түсті, ақ түтікті және көкшілдеу немесе сиякөк бес бөлікті
сыртына қарай бекітілген. Гүлдеу мерзімі сәуір – мамырда, мамыр – маусымда
жеміс береді. Жемістері – (құрғақ қорапша) екі жікпен қақырайды. Тұқымы
ұсақ, жаңбыр суымен тасымалданады, сонымен бірге топыраққа сіңіп кетеді.
Тек өзінің өсіп-өнуіне қажет заттарды бөле алатын өсімдіктің тамырына тап
болған жағдайда ғана тіршілік ете алады.
Бір қызығы тұқымның жетілуіне ғана жағдай жасап қоймай, өскіннің одан
әрі өсуіне бағыттайды. Өзі иеленетін өсімдіктің тамырына жұғысуында ұрық
қабығының бас жағынан жасуша гаустория сорғышы қалыптасады. Ұлпаның әрі
қарай жетілуі процесінде үлкен рөл атқарады. Ол тіршілік еткен уақыт бойы
өсімдіктің тамырынан кететін қоректік заттарды осы гаустория арқылы сіңіріп
отырады. Сорғыш қалыптасқан жерге жақын цистанхеде түйнекше жетіледі. Оған
тамырдан келіп жатқан қоректік заттардың артығы жиналады. Болашақта мұнда
жеміс бертін өркендер пайда болады, оларда екінші гаустория жетіледі. Оның
көмегімен цистанхе вегетативті түрде көбейеді. Жаңа көптеген өркендерге
бастама бере отырып түйнекшелердің өздері бірнеше жыл өмір сүреді. Өсе келе
мұнда түйнек көлемін ұлғайтады және бірнеше килограммға жетеді. Цистанхенің
барлық мүшесінің құрамында әртүрлі үздік заттар топтамасы жеткілікті.
Халықаралық медицинада олар ертеден – ақ қан ауруларын емдеуге,
асқазан – ішек жұқпалы ауруларын емдеуге қолданады.
Қытайда сораң цистанхесінен даярланған дәрілері баршаға таныс.

Ұзынтамыр қандыгүл.
Батыс Тянь-Шаньнан бастап барлық биік таулардың ортаңғы белдеулерінде
топтанып өседі. Әртүрлі шөпті шалғындықта, аршалы, қайыңды ормандарда,
бұлақтар мен өзендердің жағалауында өседі. Алдыңғы түрден тамырының арқан
тәрізді бөлігі мен едәуір ірі көлемімен (биіктігі 8,5 см.), ұзарыңқы,
босаң гүлшоғырымен және гүлінің түстерімен (сары) ерекшеленеді. Күлтенің
үстіңгі ерні екі тісті тұмсықшамен аяқталады. Бұл түр маусым – шілдеде
гүлдейді, шілде – тамызда жеміс салады. Тамыры және жерүсті бөлігінде улы
алколоидтар және көбіктенетін заттар сапониндер бар.
Халықтық медицинасында тамырының қайнатпасы асқазан ауруларына
пайдаланады.
Жерүсті бөлігі қан қысымын түсіруге және жүректің қызметін қалпына
келтіруге пайдалы. Қандыгүлдің екі түрі де декоративті өсімдік ретінде
қызығушылық тудырады.

5. Қазақстанның Қызыл кітабының болашақтағы алғышарттары.
Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралар –
түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін қамтамасыз ету.
Қорықтармен қатар, қорғалатын табиғи территориялардың басқа
категорияларының, оның ішінде алғашқы қатарда қорықшалардың маңызы арта
түседі. Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің ең тығыз популяциялары
әрқашанда ландшафтың қорық болуға лайық эталонды учаскелерімен территория
жағынан сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда осы түрді немесе түрлердің
топтарын қорғау үшін арнайы қорықшалар құру тиімді. Бұл учаскелерді
шаруашылық қызметтердің кейбір түрлерін жекелей шектеу қорғалатын түрдің
бұл жерді қалыпты тіршілік етуіне жетіп жатыр.
Осындай қорықшаларды ұйымдастыру қорық ашқанға қарағанда әлде қайда
жеңіл және аз күш жұмсалады. Себебі бұл жерлер шаруашылыққа пайдаланудан
алынбайды. Өте қатал қорғау режимі бар комплексті қорықша құру қорық
ұйымдастырудан әлдеқайда жеңіл. Бұл арқылы түрдің таралу аймағы шегінде
үлкен территорияларды қамтуға болады. Ал қорықтар болса, бұл
территориялардың шамалы пайызын ғана құрайды.
Балықтар мен қосмекенділердің 19 түрімен түршелерінің бірде-бір
қорғалатын территорияларындағы өзен – көл айдындарында кездеспейді. Сирек
кездесетін бауырымен жорғалаушылардың 10 түрінің 3-уі ғана қорықтар
территориясында таралған. Олар Ақсу-Жабағалы қорығында мекендейтін аяқсыз
кесіртке, сары бауыр мен қызыл теңбір жылан, Үстірт қорығында кездесетін
төрт жолақты жылан. Құстар мен сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлерінің
жағдайы біршама жақсы. Оны мына Қазақстан қорықтарында мекендейтін олардың
түрлері мен түршелер тізімі куәландырады: 1-Барсакелмес, 2-Үстірт,
-Наурызым, 4-Қорғалжын, 5-Ақсу-Жабағалы, 6-Алматы, 7-Марқакөл, 8-Батыс-
Алтай.
Сонымен, Қызыл кітаптық құстар түрлерінің 64% астамы және
сүтқоректілердің 50% Қазақстан қорықтарында кездеспейді.
Қазіргі кезде Қазақстан қорықтарының территорияларында тіршілік ететін
Қызыл кітаптық құстардың 10 түрі, ал сүтқоректілердің 12 түрі (жұпар,
орман сусары, еуропа су күзені, көк суыр, жылан, бессаусақты ергежейлі
қосаяқ, үш саусақты ергежейлі қосаяқ, алып соқыр тышқан) мүлдем
кездеспейді.
Аталған түрлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасын жобалау
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
Қадар Мырзалиев шығармаларындағы экология мәселесі
Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
ҚР қызыл кітабы, оның мақсат міндеттері және тірі организмдердің биологиялық алуантүрлілігін сақтаудағы маңызы
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Пәндер