Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Мәселенің ғылыми.зерттелу деңгейі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің пәні
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
КОРЫТЫНДЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған орынды. Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы немесе осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны «бақылаусыз қалдыруға» болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды

ӘОЖ 336.748.12(49+574) Қолжазба құқығында
НАРҒОЗИЕВ ІЛИЯС ЖҰМАБЕКҰЛЫ
Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
08.00.14 – Әлемдік шаруашылық және халықаралық
экономикалық қатынастар
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалған
Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының докторы
Шелекбай Ә.Д.
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Қазбеков Б.Қ.
экономика ғылымдарының
кандидаты Қалиева С.А.
Жетекші ұйым Тұран университеті
Қорғау 2008 жылғы ____________________сағат _____ Тұрар Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетінде Д 14.45.10 ғылым докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғау жөніндегі
диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді (мекен-жайы: 050035, Алматы
қаласы, Жандосов көшесі 55, 144 каб.)
Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады
Автореферат 2008 жылғы _____________________таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым-хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы Ұ.А. Текенов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл
кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші
факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда
инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары,
ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше
түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер
жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі
байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың
инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан
жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда
болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция
қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және
керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы
деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын
мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға
көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі,
қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен
байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып
қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік
шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың
ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың
ашықтығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда
инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық
шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді, оған қатысты күрес емес, реттеу терминін қолданған орынды.
Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы
шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем
балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы немесе осы
дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны бақылаусыз
қалдыруға болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген
елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі
бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік
қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де
едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы
инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін,
түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен,
Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен,
инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел
тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі
бағыттарын көрсетумен анықталады.
Осының барлығы диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды
және динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны
реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша
сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігін анықтады.
Мәселенің ғылыми-зерттелу деңгейі. Инфляция – күрделі және көп жоспарлы
әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және отандық
экономикалық әдебиет арналған. Осы жағдайдың өзі біржақтылықтан және
қарапайымдылықтан, сонымен қатар ақшаның сандық теориясының постулатына
сүйенетін инфляцияның тым монетарлық түсініктемесінен сақтандырады.
Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы
құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А.
Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты
шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.
Өтпелі экономикалардағы және нарығы жаңадан дамып келе жатқан
мемлекеттердегі инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур,
Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-
нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А. Те-
кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.
Инфляцияға тікелей қатысты үлкен көлемді ғылыми әдебиеттер бар: оның
мәніне, пайда болу тетіктеріне, экономиканың басқа ірі өтпелі ақшалық және
шынайы секторларымен байланысына қатысты. Бірақ, әлемдік экономиканың
жаһандану жағдайында оның эволюциясының объективті ерекшеліктерін және табу
заңдылығын ескере отырып, өтпелі жүйелердегі инфляцияның құрама және жүйелі
зерттеу табиғаты байқалмады. Әдетте инфляцияның көптеген мәселелері
экономиканы саралау және нарықтық шаруашылықтың әр түрлі буынтықтарында
қоса қарастырылады. Бүгінге дейін отандық экономикалық әдебиеттерде
инфляцияның және қаржылық тұрақтылық мәселелерін құрама монографиялық
зерттеулері жоқ. Берілген диссертациялық зерттеу мүмкіндігінше бұл
кемшілікті толықтырады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты
әлемдік тәжірибе негізінде экономикасы өтпелі кезеңде мемлекеттерде
инфляцияның теориялық-әдістемелік ерекшеліктерін дәлелдеу және жаһандану
жағдайында Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтылығына себеп болып, оны
реттеудің құрама шараларын дайындау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
– Филлипс қисығының негізінде инфляция теориясының негізгі күйлерінің
эволюциясын зерттеу;
– өндірістің көлемі мен инфляция қарқыны және номиналды еңбекақының өсу
қарқыны мен күтілген инфляция арасындағы өзара байланысты сипаттау;
– инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
– инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел
тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында
қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзіне тән ерекшеліктерін
анықтау және экономиканы антиинфляциялық реттеу бойынша ұсыныстар
жасау;
– ұлттық валютаны нығайтуда ақша-несие саясаты және инфляцияның одан
әрі өсуін қатал қадағалаудың әсерін анықтау.
Жұмыстың зерттеу нысаны – жаһандану жағдайында экономиканың
тұрақсыздануына себеп болатын инфляция үдерісі, инфляцияның пайда болу және
даму заңдылықтары болып табылады.
Зерттеудің пәні – инфляцияны шетелдерде реттеп отыру және экономиканы
қаржылық тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – шетелдік және отандық
ғалымдардың инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық теория мен
антиинфляциялық реттеудегі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық
менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары
ретінде қызмет атқарды. Ғылыми-әдістемелік аппарат ретроспективтік, себеп-
салдарлық және ағымдағы құрама сараптаманы және синтезді, салыстыруды,
жүйелік тәсілді, болжаудың статистикалық әдісін және жағдайларды
модельдеуді қамтиды. Шетелдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржылық
мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің монографияларының, батысеуропалық
мемлекеттердің мерзімді басылымдары материалдарының деректері, сонымен
қатар ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің ҚР орталық
банкі бойынша деректері, ҚР БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ
Экономикалық зерттеулер институтының, Қазақстанның Даму институтының, ҚР-
ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің
деректері, мерзімді экономикалық және қаржылық басылымдардың материалдары
зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл диссертация әлемдік экономиканың
жаһандану жағдайында инфляцияны және қаржылық тұрақтылықты реттеу
мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыс.
Қорғауға шығарылатын жағдайлар:
– экономиканың жедел өсуші монетизациясының – қысқа мерзімді кезеңдегі
инфляцияның жоғарылауына, банк жүйесіндегі өтімділіктің артық көлемі
жинақталуының – орташа мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсуіне, ал қаржы
агрегаттарының тұрақты едәуір өсуінің – экономикадағы инфляция фонының
сақталуына ықпалы негізделді;
– инфляцияның өсуіне жол бермеу мақсатында қысқа мерзімді нота шығару,
репо операциясын өткізу және екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді
тарту жолымен шетелдік валютаның көлемді түсімін залалсыздандыру;
– инфляцияның өсу қарқынын баяулату үшін қайта қаржыландыру
мөлшерлемелері әсерін реттеуді және ең аз резервтік талаптардың
мөлшерімен оларды тұрақтандыру және ұлғайту жолымен күшейту
ұсыныстары;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзгеше ерекшеліктерін
ашу және экономиканы антиинфляциялық реттеу жолдары ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың
теориялық маңыздылығы – нағыз зерттеу, инфляция теориясының дамуына және
экономиканың қаржылық тұрақтылығына, әлемдік шаруашылықтың жаһандану
жағдайында инфляцияны реттеуге теориялық аспектілер мен әдістемелік
тәсілдерді пайдалануда белгілі үлес қосатындығы. Берілген зерттеудің
теориялық жағдайы мен себеп болуды келесі оқу құралдарында Қаржылық
сараптама, Экономикалық саясат, Қаржылық менеджмент, сондай-ақ өтпелі
кезеңде инфляция үдерістерді келешекте ғылыми-зерттеу үшін қолдануға
болады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, алынған нәтижелерді антиинфляциялық
саясатты дайындауда және коммерциялық банктер мен басқа да ақша-несие
мекемелерінің жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін енгізу. Ғылыми қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар
мен жобалар инфляцияға қарсы іс-шараларды дайындау кезінде Ұлттық банктің
жұмысына енгізілді.
Жұмыстың негізгі тұжырымдарын сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеу
бойынша негізгі ұсыныстар мен жобалар халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда баяндалды: Экономиканы дамытудың және ТМД елдерінде
экономикалық білімі бар мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері (Тараз,
17.06.2005); Жас ұрпақ – бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін (Алматы,
19–20.04. 2006); Үздіксіз экономикалық білім беру: білім беруді және
әдіснамалық қамсыздандыруды модернизациялау (Алматы, 25–26.01.2007).
Басылымдар. Зерттеудің тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,5 б.т. болатын
тоғыз жұмыс жарыққа шықты.
Диссертацияның құрылымы мен қисынына зерттеудің мақсаты мен міндеттері
және материалды жүйелі баяндау қажеттілігі себеп болды. Диссертация 143 бет
көлемінде мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, атаулар
мен қосымшалардан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. Жұмыс 15
кестемен және 31 суретпен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен
салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге
қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де
байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып
есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен
жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және
базалық кезеңдер бағалары индекстері айырмасының базалық кезең индексіне
қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:
(1)
мұнда π – инфляция қарқыны;
Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;
Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін 70 санының ережесін қолдануға
болады. Инфляцияның кішігірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-
ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция қарқыны
екі еселенетін шамамен алынған жыл саны:
, (2)
мұнда – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция
қарқыны екі есеге ұлғаяды;
π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
70 санының ережесі көбіне-көп нақты жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор
жинақтарының екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: біркелкі
– шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға дейін және
гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам.
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының көптеген
мысалдары бар.
Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы ішкі өнім)
дефляторының көрсеткішін қолдануды ұсынады. Осы жағдайда таразы ретінде
ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:
(3)
мұнда – Пааше бағалар индексі;
– ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
– базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес бағалар индексі болып
табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін таразы ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін
қолданады.
Берілген әдіс тұтыну және көтерме бағаларын және т.б.өсімін өлшеу үшін
кеңінен пайдаланылады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:
(4)
мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;
– ЖІӨ-нің ағымдағы кезең бағаларымен есептелген базалық көлемі;
– базистік кезең бағаларымен есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші
бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше
бойынша өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.
Біздің ойымызша, осындай жағдайда орташа мәндерді пайдаланған жөн.
Олардың бірі орташа геометриялық көрсеткіш ретінде есептелетін Фишер
индексі болып саналады:
, (5)
мұнда – Фишер индексі.
Ақшаның сандық теориясы айналым үшін қажетті ақша саны баға деңгейіне
және нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей
пропорционалды тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына кері
тәуелділікте екенін көрсетеді:
, (6)
мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;
P – бағалардың орташа деңгейі;
V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы.
Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан және осы өсім пайыз
түрінде болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі
факторларды көрсетеді.
Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде
өндірісті азаматтық салалардан бөліп әкету орын алады, демек, инфляция –
соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.
Екіншіден, экономикадағы ақша санының артуы. Орталық банктің негізгі
мақсаттарының бірі – айналымда басы артық ақша көлемінің көптеп жүруіне жол
бермеу. Ақшаның қосымша эмиссиясы экономиканы реформалау және
төңкерістермен үнемі қосақталып жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс – екінші
дәрежелі іс, ал бастысы – өзгерістерді іске асыру (жерді қайта үлестіру,
меншіктің басқа қолға өтуі және т.б.). Бірақ судың да сұрауы бар, бәріне
де, оның ішінде қайта құруға да ақша керек. Төңкерістер, соғыстар мен
реформалар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы есеп
айырысады.
Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына тәуелді. Әдеттегі
жағдайда бұл – ақша айналымының едәуір дәрежедегі статикалық, баяу
өзгеретін сипаты. Бірақ ол кейде тым қозғалмалы шамаға айналып кетеді.
Әдетте, бұл дәл жоғары инфляция кезінде, ыстық ақшалардан қашу
кезеңдерінде орын алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны арзандап кетпей
тұрғанда жұмсауға, оларды нақты құндылықтарға алмастыруға асығады. Бұл
жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды, сөйтіп ол инфляцияның
келесі орамының әрі қарай тарқатылуының факторына айналады.
Төртіншіден, инфляцияның факторы ақшамен атқарылатын тауар массасының
көлемі болып табылады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің қысқаруы
ақшаның құнсыздануына алып келеді. Бұндайда кедейлену салдарынан халықтың
сатып алушылық қабілеті де төмендеп, қысқаратыны ықтимал. Төңкерістер мен
революциялық реформаларға да өндіріс көлемі ере жүрмейді, ол өспейді.
Сонымен қатар, әдетте, негізгі революциялық өзгерістер инфляциялық салық,
яғни ақша массасының өсуі есебінен іске асырылады.
Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырған постсоциалистік
елдер үшін бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары қарқыны туындатқан төлемдер
дағдарысы тән болды.
Нарықтық қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық жолы басынан
бастап тауарлардың да, мемлекеттік бюджеттің де тапшылығының жоғары
деңгейімен, яғни мемлекеттік шығындардың мемлекеттік табыстардан асып
кетуімен айқындалды. Сондықтан да инфляцияның орын алуы таңқаларлық жағдай
емес еді. Төменде келтірілген 1-кестеде оның көлемі көрсетілген.
1-кесте – Экономикалық реформа барысындағы Ресей мен Қазақстандағы инфляция
Жылдар
Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық
капиталдың ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті мөлшермен салыстырғанда
басы артық санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы болып саналады
десек, онда Филлипс қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен инфляция
қарқыны арасындағы тәуелділікті сипаттайды.
Филлипс еңбек өнімділігі өсуінің шамамен 2%-дық қарқыны кезінде
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы ара
қатыс графигін жасап шықты (1-сурет).
1-сурет – 1960 ж. Ұлыбритания үшін Филлипс қисығы
1-суреттен көрінгендей, Ұлыбританияда баға деңгейінің тұрақтылығы
жұмыссыздық деңгейі жылына 2%-дан төмен түспеген жағдайда ғана сақталуы
мүмкін, егер жұмыссыздық 2%-ға дейін қысқарса, онда баға 1%-ға көтеріледі,
ал 1,5%-ға дейін қысқарса, онда бағаның өсуі 2,5%-ды құрайды.
АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан
шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар
тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі.
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы
сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен
айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама
(альтернатива) деп болжанады десек, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың
дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін
қолдау немесе 2) инфляцияның төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары
деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі
жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша
іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік
шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар
жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға
бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын көрсетті.
Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды
тікелей бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты бюджет тапшылығын
қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша шаралар енетін экономикалық
саясат іс-шараларының тұтас кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса, онда
ол тиімді.
Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның төмендеуіне, яғни бағалар
өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда
бағалар ресурстарды тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады.
Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен
бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген
тауарлар тапшылығы пайда болады.
Диссертациялық жұмыста экономикалық өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ
мерзімді факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні атап өтіледі, ол
факторлар бағалар төмендеуінің, нақты еңбекақы деңгейін арттыру және
халықтың өмірін жақсартудың алғы шарты болып табылатын еңбек өнімділігінің
ұдайы өсірілуін қамтамасыз етеді. Төмен еңбек өнімділігі – аз деңгейлі
еңбекақының басты себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі ішінде Ресейдегі
жұмыскер Германия мен Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда 5-6 есе аз өнім
шығарады.
Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың белгілі бір топтарын нарықтық
механизм қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар кәсіпорындардың кей
шығындарға назар аудармауына және нарықтық жағдайдың өзгерістеріне көңіл
бөлмеуіне мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясат
мемлекеттік корпорацияларды немесе тіпті тұтас салаларды да ресми
қаржыландыруды көздейді, олар стратегиялық немесе саяси тұрғыдан қажет деп
танылады. Осы салалардың (металлургия, энергетика, әуе және кеме жасау)
көпшілігінде көлемнен үнемдеу бар болғандықтан, үкімет фирмаларды
ірілендіруге қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия, мемлекеттік
тапсырыстар, сауда саясаты сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.
Сауда саясаты импорттық квоталар мен тарифтерді, сатып алу саясатын,
экспорттық несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның алдағы ДСҰ-на
кіруіне байланысты отандық кәсіпорындарға өз өнімдерін осы халықаралық
ұйымның талаптарына сәйкестендіруіне көмек көрсету қажет.
Диссертациялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қаржылық тұрақтылыққа
және соған сәйкес елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына сыртқы факторлар
елеулі әсерін тигізеді.
Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі капитал ағыны үшін негізгі
тәуекелдер мыналар болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз мөлшерлемесінің
күтілген деңгейден асып кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас бағамының
деструктивті тербелістері, тәуекелді инвестицияларға кедергі келтіруі
мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға қатысты алаңдаушылық, геосаяси
тәуекелдер, сол сияқты әлемдік нарықтағы мұнай ұсыныстарында орын алуы
мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу үстіндегі нарықтардағы активтер бағасы әлі
де болса сыртқы әсерлерге тәуелді екендігін дәлелдейді. Сондықтан әрбір
жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму
ерекшеліктерінен, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және саяси
жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс. Алайда бар айырмашылықтарды
ескергеннің өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде ортақ сипатқа ие. Ол
радикалдығы, мерзімі және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана ажыратылады.
Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі инфляцияға жауабы екі түрлі болуы мүмкін:
– халық оған неғұрлым зиянсыз бейімделетіндей жағдай қалыптастыру;
– оған қарсы тұруға қабілетті шаралар жүйесін жасау.
Инфляция тауар мен қаржы нарықтарында жиынтық сұраныстың жиынтық
ұсыныстан тұрақты түрде артуына алып келетін деформациялармен байланысты
болу себепті антиинфляциялық реттеу шарасы міндетті түрде үш блоктан, яғни
жиынтық сұранысты реттеу, жиынтық ұсынысты реттеу және валюталық реттеуден
тұрады.
Макроэкономикалық аспект ақша-несие, бюджет-салық және валюталық
саясаттың тауар, ақша және валюта нарықтарына әсер ету мәселелерін қамтиды.
Антиинфляциялық саясаттың қандай да бір құралын қабылдау нақты экономикалық
жағдайдың ерекшеліктерін сипаттайтын шарттардың неғұрлым үлкен көлемін
бағалау нәтижесі болып табылады. Антиинфляциялық саясат әлемдік тәжірибеде
әр түрлі бюджет-салық, ақша-несие іс-шараларын, тұрақтандыру бағдарламалары
мен ресурстарды реттеу және бөлу бойынша іс-қимылдардың бай ассортиментіне
ие деп саналады. Сұраныс инфляциясы туындағанда, оны бақылау үшін шектеуші
немесе тойтарушы бюджет-салық саясаты қажет. Бұл жағдайда үкімет
мемлекеттік шығындарды азайта және салықтарды көтере алады.
Бюджет-салық және ақша-несие саясаты, әдетте, оқшау түрде емес,
бірлескен түрде жүзеге асырылады. Егер олар бір-біріне байланысты емес,
тәуелді болса, онда бюджет-салық және ақша-несие саясатының әр түрлі
түрлерінің төрт ықтимал комбинациясы орын алады: 1) кеңейтуші бюджет-салық
және кеңейтуші ақша-несие саясаты; 2) шектеуші бюджет-салық және шектеуші
ақша-несие саясаты; 3) кеңейтуші бюджет-салық және шектеуші ақша-несие
саясаты; 4) шектеуші бюджет-салық және кеңейтуші ақша-несие саясаты.
Бірінші комбинация өндіріс көлемін (Y) ұлғайтады, бірақ та пайызға (i) әсер
етпейді. Екінші комбинация I (инвестиция) шамасына ықпал етпейді, бірақ та
Y шамасын, яғни шығару көлемін азайтады. Сондықтан бірінші комбинация
экономикалық құлдырау кезінде, ал екіншісі инфляция кезінде ғана тиімді
болады. Экономика құрылымына олардың әсері і көрсеткішінің, яғни пайыз
мөлшерлемесінің аз өзгеруіне байланысты маңызды емес.
Үшінші және төртінші комбинациялар үшін, керісінше, Ү шамасы, яғни
өндіріс көлемінің мөлшері өзгермейді, өйткені бюджет-салық және ақша-несие
саясаты жиынтық табысқа қарама-қайшы бағыттарда ықпал етеді, оның есесіне
пайыздың мөлшері айтарлықтай өзгереді: (3) комбинация оны ұлғайтады, ал
(4) комбинация оны азайтады. Пайыз мөлшерлемесі салымдармен тығыз
байланысты болғандықтан, бұл комбинациялардың әрқайсысы айқын құрылымдық
эффект иеленуі мүмкін.
Валюталық реттеу – валюталық саясатты іске асыру құралдарының бірі.
Валюталық саясаттың келесідей негізгі нысандары қолданылады: дисконттық,
девиз саясаты және оның бір түрі – валюталық интервенция, валюталық
қорларды әртараптандыру, валюталық шектеулер, валютаның айырбасталу
дәрежесін реттеу, айырбас бағамының режимі, девальвация, ревальвация.
Валюталық саясат нысандарының бірі ретінде валюталық шектеулер оқтын-
оқтын пайдаланылады. Олар валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып
табылады, оған мемлекеттің көрсетілген операцияларды қадағалау, тіркеу,
статистикалық есепке алу бойынша шаралары кіреді.
Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруда
инфляцияны реттеудің ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне баса назар
аударылады.
Ортодоксалды әдісте мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекеттік шығындарды
(басқару, қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар, мемлекеттік секторды
қолдау, мемлекеттік субсидиялар мен күрделі қаржы, т.б.) азайту ғана емес,
сондай-ақ салықтық ауыртпалықты күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл
бөлінеді. Қатаң бюджет-салық саясаты ақша-несие саясатын күшейту жолымен
қабаттаса жүреді, бұл қымбат ақшалар саясатында, яғни ақша эмиссиясын
шектеу, ОБ несиелерін қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін арттыру,
резервтік талаптар нормасын ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды қор
нарығында сату, т.б. іске асады.
Ортодоксалды әдістің экономикалық тұрақтандырушыны (зәкір деп
аталынатын стабилизаторды) таңдауымен байланысты екі негізгі түрі бар.
Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады, яғни негізіне қалқымалы айырбас
бағамына ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие саясатына негізделген
монетарлық әдістер қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар ретінде
жиынтық сұраныстың қысқаруы мен ақша массасының шектелуі алға шығады.
Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап алынады, онда басты назар
басқарылатын девальвация, валюталық дәліз орнату, белгіленген бағам жолымен
айырбас бағамын тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген шара инфляциялық
күтілімді төмендетуге, экономикалық субъектілер іс-әрекетін алдын ала
болжау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария етілген
бағамға байлап тастайды, сөйтіп антиинфляциялық салдар иеленеді.
Гетеродоксалды әдісте бағалар мен табыстарға қатысты қолданылатын
тұрақтылық саясатына баса назар аударылады, дегенмен бұл кезде ортодоксалды
әдістің екі зәкірін де, басқаша айтқанда, монетарлық саясат пен айырбас
бағамын тұрақтандыруды өз ішіне тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен
табыстардың шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы жайында қозғалып
отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың үшінші зәкірінің пайда болуын білдіреді.
Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады. Жоғары инфляцияның
экономикаға ұзақ мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің көп бөлігін қамту
жолымен жүргізілген зерттеулер жоғары инфляцияның он жылдық кезеңге,
әсіресе жылына 10–20%-дан асатын түріне есептелуі экономикалық өсімнің
үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты. Бұрын орталықтандырылған
жоспарлы экономика иеленген елдердің көбінде инфляцияны салыстырмалы
түрдегі төмен деңгейде тұрақтандырғаннан кейін ғана жағымды экономикалық
өсімді қайтадан қамтамаыз ету мүмкін болды.
Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін төмендетуге көмектесетін
механизмдерді (тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі жеке-жеке іске
асырылды. Инфляцияның әр елдегі өз себептері де, сол сияқты өсу қарқыны да
әр түрлі. Олар уақыт жөнінен де бір-бірінен алшақ. Егер Латын Америкасы
елдерінде инфляцияның өсу қарқыны 70–80 жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда
олар нөлге тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны көрінуінің ең шеткі
көрсеткіштеріне көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі кезеңге тоқтаусыз да
біркелкі инфляция тән болған.
Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне тікелей назар аударсақ, онда әр
түрлі дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі жоғары инфляциямен күрестің
басым көпшілік мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды
пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да
бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.
Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен
байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да
қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол
транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға
дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая
жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары
көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру
нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай
төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz