Республиканың басылым беттеріндегі Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына «жақтаушы» және «қарсы» көзқарастар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) құрамында.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) құрамына енгені туралы газеттерде жариялануы.
ҚОСЫМША
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жаңа әлемдік экономикалық тәртіптің жағымды және жағымсыз қырлары соңғы 50 жыл ішінде жасалған халықаралық экономикалық қатынастардағы тиімді әрі тұтас құрылым құрудағы әрекеттерге байланысты болып отыр. Экономикалық қызмет пен технологиялардың жаңа пішіндерімен дүниеге келген жаһандану барысы әлемдік экономикалық тәртіптің шеңберін кеңейтті.
Бітіру жұмысында жазылған тақырып өзектілігі жаһандану барысына байланысты туындап отыр. Еліміз сынаптай сырғыған уақыт көшіне ілесе, құбылмалы уақыт талабына икемделе отырып, дамудың жаңа сатыларына қадам баспақ. Ұлы дүбір – жаһандану үрдісінің таяқ тастамда тұрғандағы күннен-күнге сезіле түсуде. Мұны күллі адамзат қоғамы мойындап, әрқайсысы өзінше дайындалып бағуда. Жаһандану жауапкершілігін көкейге мықтап түйе отырып, әр саланың тұтқасын ұстаған мамандар оның қарсаңында тиесінше әзірлік жүргізгені жөн дей келе, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындығымызды баспасөз бетінде жарияланып жүрген материалдардан зерделеп көруге бел будық.
Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ шығарып жатыр. Бұл заңды да. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше ауыр бәсекелестік өтетін алаң. Ұйымда күшті тауар өндірісі бар ел

1 Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. – А.: Қазақ университеті, 2002. - 83-85 б.б.
2 Сатубалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанский «барс» пройти их тропами? – А.: Ғылым, 1998. 584-587 с.
3 Медеуова Д. СМИ в условиях глобализации. – А.: Жибек жолы, 2003. – 123 б.
4 Ибраева Г.Ж. Mass media в политической структуре общества. – А.: Қазақ университеті, 2000. – 157 с.
5 Законодательство и практика СМИ РК. – А. 2004. Ежемесячный республиканский информационно-аналитический бюллетень.
6 Ворошилов В.В. Журналистика. – СПб., 2000. – 136 с.
7 Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. - М. 2000
8 Шибаева А. Жанры и теории в практике журналистики. – М. 2000
9 Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть? – А.: Санат, 2002
10 Рэндалл Д. Универсальный журналист. СПб., 1998. 115-139 с.
11 Тертычный А.А. Жанры периодической печати. – М. 2000. 120-126 с.
12 Мукерджи А. Внедрение нормативов ВТО: проблемы развивающихся стран // Мировая экономика и международные отношения. – 2003. №6. 3-13 б.
13 Герчикова И.Н. Генеральное соглашение о тарифах и торговле (ГАТТ): цели и основные направления деятельности // Междунар.экономические организации: регулирование микрохозяйственных связей и предпринимательской деятельности. 2000 521-530 б.б.
14 Шепенко А. Механизм разрешения споров в рамках ВТО // Внешняя торговля . – 1999. - №3. – с.18-22
15 Шепенко Р. Третейские группы ВТО // Мировая экономика и международные отношения. – 2002. - №1. – с.34-39
16 Практическая журналистика в Казахстане. /Учебное пособие/ - А. 2006. 92 с.
17 Казахстан и современный мир. Статьи и выступления 2002-2003. – Астана. Metromedia, 2004. 41,59,113 c.
18 Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. – М. 1999.
19 Журналист и информация. /Учебное пособие/ СПб, 1994. – 77,109 с.
20 «Интернет» жүйесінің ақпараты: www.wto.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Халықаралық журналистика кафедрасы
Сарсенова Рита Балтабекқызы
Республиканың басылым беттеріндегі Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына
жақтаушы және қарсы көзқарастар
Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Шифр – 021040
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Мысаева Қ.
Ресми сарапшысы -
Халықаралық журналистика кафедрасының
2006 жылғы ... ... ... ... . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... ... ... ... .. проф. Ибраева Ғ.Ж.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2006 жылғы ... ... ... ...
Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... аға оқытушы Мысаева Қ.Н.
Алматы, 2006
КІРІСПЕ
Жаңа әлемдік экономикалық тәртіптің жағымды және жағымсыз қырлары
соңғы 50 жыл ішінде жасалған халықаралық экономикалық қатынастардағы
тиімді әрі тұтас құрылым құрудағы әрекеттерге байланысты болып отыр.
Экономикалық қызмет пен технологиялардың жаңа пішіндерімен дүниеге
келген жаһандану барысы әлемдік экономикалық тәртіптің шеңберін
кеңейтті.
Бітіру жұмысында жазылған тақырып өзектілігі жаһандану барысына
байланысты туындап отыр. Еліміз сынаптай сырғыған уақыт көшіне ілесе,
құбылмалы уақыт талабына икемделе отырып, дамудың жаңа сатыларына қадам
баспақ. Ұлы дүбір – жаһандану үрдісінің таяқ тастамда тұрғандағы күннен-
күнге сезіле түсуде. Мұны күллі адамзат қоғамы мойындап, әрқайсысы
өзінше дайындалып бағуда. Жаһандану жауапкершілігін көкейге мықтап түйе
отырып, әр саланың тұтқасын ұстаған мамандар оның қарсаңында тиесінше
әзірлік жүргізгені жөн дей келе, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге
дайындығымызды баспасөз бетінде жарияланып жүрген материалдардан
зерделеп көруге бел будық.
Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да
уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ
шығарып жатыр. Бұл заңды да. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымы секілді
әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына
ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық
одағы емес, керісінше ауыр бәсекелестік өтетін алаң. Ұйымда күшті тауар
өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші
арзан тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді
сапалы деген сөзбен алмастыруға болады. Яғни өзіндік құны төмен, бірақ
жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын
көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде
өмір сүреді. Ақиқат осы. Ал осындай бәсекеге біз төтеп бере аламыз ба
деген сұраққа жауапты халықтың құлағы, көзі һәм тілі, баспасөз
беттерінен іздеуге тырыстым.
Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз республика атанып,
Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі еліміздің егемендігін жариялайды. Осы тұстан
бастап Қазақстан халықаралық аренада басқа мемлекеттер іспеттес,
терезесі тең мемлекет ретінде өзін танытып келе жатыр. Қазақстан ішкі
және сыртқы саясатын жүргізуді қолға алып, кез келген мәселені өз
еркімен шешуге құқықты. Жас мемлекеттің құрылуы мен дамуы күрделі
тарихи жағдайда өтуде. Оның басты себептері – Қазақстан құрамында соңғы
70 жылдан астам дамыған қазіргі дүниенің ең күшті мемлекеттерінің бірі
болған КСРО-ның ыдырауы мен қоғамның барлық әлеуметтік –экономикалық
құрылымының өзгеруі.1
Қазақстанның тәуелсіздігін басқа елдердің тарапынан мойындау барысы
қарқынмен өтті. Дүниежүзілік, халықаралық жағдай жас мемлекеттің алдына
күрделі талаптарды қояды. Орнаған нарықтық қатынастар сол талаптарға
жауап бере алатын ғана мемлекетті қабылдап, қатарда қалдырып, әрі қарай
алға жылжуға түрткілейді. Қойылған талаптардың ішінде ең маңыздыларының
бірі болып жатқан өзгерістерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі болып
табылады. Әсіресе халықаралық экономикалық қатынастар саласында жұмыс
істейтін жоғары білікті мамандар даярлау ісі күрделі проблема болып
отыр. Өйткені Қазақстан егемендікті алғанға дейін іс жүзінде халықаралық
экономикалық қатынастардың субъектісі болған жоқ, сондықтан да бұл
салада мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары да болған жоқ. Ал
экономикалық тақырыптарда қалам тартатын білікті журналистер жоқтың қасы
болмаса да, саны өте аз.
1992 жылдың наурызында еліміз әлемнің ең беделді халықаралық ұйымы -
Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі атанады. Сонымен қатар
Қазақстан Дүниежүзілік Банкінің, Еуропа қайта құру және даму банкінің,
Халықаралық Валюта Қорының, т.б. ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Құрамында 140-қа жуық мүше-мемлекетті біріктіретін Дүниежүзілік Сауда
Ұйымы (ДСҰ) БҰҰ секілді сауда және экономика салаларындағы ірі және
беделді ұйым болып танылады. Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы мемлекетіміздің
басымдық берілетін бағыттарының бірі. ҚР Президентінің үстіміздегі
жылдың 1 наурызында халыққа арнаған Жолдауында да экономикалық тұрғыдағы
мақсатымыздың бірі – дамыған 50 елдің қатарына қосылу көзделіп отыр
делінген.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996
жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДСҰ Хатшылығына ресми өтініш
жолдаған болатын. 2002 жылдың шілдесінде ведомствоаралық комиссия ДСҰ
Хатшылығына сыртқы сауда режимі туралы меморандум мен басқадай міндетті
құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы
ұзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл еліміздің
экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды үрдіс. Осыған
байланысты, бізге ДСҰ іс-әрекетінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен
ерекшелігін қарастыру маңызды болатын сияқты.
Соңғы Уругвай раундының келіссөздерінің нәтижесінде халықаралық
сауданың көпжақты жаңа жүйесі құрылып, ГАТТ Дүниежүзілік Сауда Ұйымымен
алмастырылады.
1994 жылы ДСҰ құру туралы келісімге қол қойылып, ол 1995 жылы жұмыс
істей бастайды.
ГАТТ орнына нақты құрылымды орнату қажеттілгі бірқатар себептерге
байланысты болды. Бұны болдырмауға ГАТТ өкілеттігі жеткіліксіз болған
сауда соғыстары, Басты келісімге кірген мәселелердің шектеулілігі және
ГАТТ-ың уақытша сипатта болуы.
ДСҰ-ның ГАТТ-тан принципиалды айырмашылығы бар:
1.Егер ГАТТ таңдалған ережелер мен келісімдер жинағы мен Хатшылығынан
тұрса, ДСҰ барлық мүше елдер үшін белгілі бір міндеттемелері бар тұрақты
іс-әрекет ететін ұйым болды.
2. ГАТТ уақытша сипатта болса, ДСҰ міндеттері тұрақты болып табылады.
3. ГАТТ ережелері тек тауарлар саудасына таралса, ДСҰ онымен қатар
қызмет көрсету мен интеллектуалды меншіктің халықаралық айырбасын
реттейді.
ДСҰ төмендегідей қызметтерді атқарады:
- көпжақты келісімдерге байланысты әкімшілік жұмысы;
- әлемдік сауда жағдайын бақылау және кеңес беру;
- Халықаралық сауда палатасы үшін форум рөлін атқару;
- сауда таластарын реттеудің механизмін қамтамасыз ету;
- мемлекеттердің сауда саясатына бақылау жасау;
- басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
Осындай әлемдегі экономикалық беделі жоғары Дүниежүзілік сауда ұйымына
Қазақстанның мүше болуы мәселесі бүгінгі таңда өзекті бола отырып, кең
шеңбердегі талқыға салынуда. Бұл талқыларды соңғы кезде шолу, сараптау,
зерттеу, т.б. әдістермен көпшілік ортасына БАҚ арқылы жеткізіліп
жатқандығы сөзсіз. Оның ішінде мерзімді баспасөз беттерінде маңызды
экономикалық ақпарат ретінде алатын орны зор. Республикалық қазақ және
орыс тілді басылымдарда жарияланатын материалдарды қарастыра келіп,
олардың жақтаушы немесе қарсы пікір білдіргендеріне, экономикалық
ақпаратты жеткізу білу деңгейіне назар аудардым.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 1 наурызында халыққа
арнаған Жолдауы, еліміздің алға қойған мақсаттарын айқындап, Елбасының
бұрыннан ескеріп келген басымдықтардың орындалып жатқандығы жайында
айтылады. Соның ішінде экономика саласы мен экономикалық интеграция
тақырыптары ерекше аталып өтіледі. Н.Ә. Назарбаевтың мұндағы ең бір
өтімді сөзі әрі тоқ етері: Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті
дамыған 50 елдің қатарына қосылуы міндетті. Осыған орай республикалық
Егемен Қазақстан газетінде Ел межесі-елулік атты айдарымен бірталай
пікірлер мен сұхбаттар жарияланып үлгерді.
Егемен Қазақстан газетінің редакторы Сауытбек Абдрахманов Елбасымен
болған сұхбатында Ел межесі-елулік тақырыбын кеңінен талқылап
жеткізеді. Президент жауабынан үзінді келтірейік: Сіздер ана жолы
Барыстың секірісі деген тақырыппен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 61-нші орында
тұр. ТМД елдерінің бәрі, соның ішінде Ресей де бізден көш кейін
орналасқан. Барша мәліметтерді алдыртып, мүмкіндіктерді саралай отырып,
жан-жақты талдау жасау нәтижесінде Қазақстан осы өлшем бойынша әлемдегі
алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосыла алады деген түпкілікті шешімге
келдік. Түпкілікті дейтінім, бұл жайында мен бұрыннан көп ойланатынмын.
Осы мақсат туралы жұртшылыққа алғаш рет инаугурациядағы сөзімде айттым.
Онан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында ортаға салдым.
Ал бұл міндеттің үдесінен шығудың нақты жолдары биылғы жолдауда айтылды.
Елулікке ену стратегиясының негізі не? Ол - Қазақстанның мына жан
алысып, жан берісіп жатқан аласапыран дүниедегі бәсекеге барынша
қабілетті елге айналуы. Бұл үшін біз бәрінен бұрын ел экономикасы
халықаралық рыноктарға еркін шығатындай етуіміз шарт. Әлемде сұраныстан
ұсыныс артып бара жатыр. Көп ұзамай-ақ мына дүние тауар тапшылығынан
құтылады. Қызмет көрсетудің де неше түрі шығады. Нағыз бәсеке әне сонда
басталады. Ол кезде тек сапалы тауар ғана өтетін, тек озық технология
ғана кәдеге асатын болады. Біз сол сынаққа сақадай сай тұруға тиіспіз.
Бәсекелестік бәйгесінде озу үшін жаңа кезеңге сай келетін жаңа экономика
керек. Жаңа экономика - жоғары технологияларды, ғылымды қажет ететін
экономика, ол- барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан
экономика.(1) Халықтың көңілінен шыққан тағы бір нәрсе Елбасының
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жайындағы сөздері.
Жоғарыдағы аталған сұхбатта осы мәселе де талқыланып кетеді. ...жалғыз
жер байлығына сеніп қалуға болмайды. Ең алдымен ел байлығына сену керек.
Ол - білім, жаңа технология, осы заманғы инфрақұрылым, бәрінен бұрын
отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм.(1) Осы тұста Президент
аралда орналасқан, қазба байлықтары шықпайтын Жапония, Оңтүстік Корея
елдерін мысалға келтіреді. Біз Бүкіләлемдік Сауда ұйымына өтуге
әзірленіп жатқан елміз. БСҰ-ға мүше болу бірыңғай артықшылық береді,
бермесе барлық елдер соған өтуге ұмтылмас еді ғой деп ойлау орынсыз.
Керек десеңіз, БСҰ-ға өткеннен кейінгі алғашқы кезеңнің қуанышынан гөрі
қиындығы көбірек болады. Мұны біз халыққа басын ашып айтуымыз керек.
Нарық деген сол-жарысу, жағаласу, бәсекелесу, тартысу, таласу. Біз БСҰ-
ға ең алдымен жаңа рыноктар ашу үшін өтетін боламыз.(1) Сұхбат арқылы
ҚР-ның БСҰ-ға кіруінің негізгі мақсатын айқындаймыз.
Тағы да осы Ел межесі – елулік атты тақырыбымен Егемен Қазақстан
газетінде, яғни ҚР Президентінің Жолдауынан кейінгі талдау ретінде,
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және
өңірлік даму комитетінің мүшесі Сатыбалды Ибрагимовпен тілші Жігер
Байтілесов жүргізген сұхбатта маманның БСҰ-ға кіру үрдісі жөніндегі
пікірі мынадай: БСҰ негізге алатын қағидаттар мен ережелер мыналар
болып табылады. Бұл-кемсітушіліксіз жүргізілетін сауда. Басқаша
айтқанда, саудадағы барынша өзара қолайлылық режимін беру және шығу тегі
шетелдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге ұлттық режимді өзара
ұсыну.(2)
Жалпы бұл ұйымға қосылу барысында заң нормаларының үндестігі міндетті
түрде орындалуы тиіс. ДСҰ-ға қосылу үшін Қазақстан алдағы уақытта соңғы
50 жыл ішіндегі осы Ұйымға қатысушы елдері әзірлеген халықаралық сауда
нормаларын қабылдауы керек. ДСҰ-ға қосылудың қорытынды кезеңінде
ізденуші елдің ұлттық заң шығарушы органы жұмыс тобының шеңберінде
келісілген Бас кеңес бекіткен құжаттардың бүкіл пакетін заңдастырады.
Бұдан кейін аталған міндеттемелер ДСҰ-ның құжаттары мен ұлттық
заңнаманың бір бөлігіне айналады, ал кандидат ел ДСҰ мүшесі мәртебесін
алады.
Сатыбалды Тілемесұлының, маман ретінде, ДСҰ-ға кіру Қазақстанға не
беретіні турасында былай дейді: Бірінші кезекте, бұл отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартады, мұның өзі
қазақстандық өнімнің әлемдік рынокқа шығуына мүмкіндік береді. Осы
ұйымға қатысушылар тарапынан сауда кедергілері алынып тасталады.
Бұдан басқа, тұтынушылар, яғни сіздер мен біздер қаржы,
телекоммуникациялар және көлік салаларының қызметтері арзанырақ болады.
Әр түрлі лицензиялар алумен, кеденнен өтумен байланысты рәсімдер
оңайырақ сипат алады.(2)
Аталмыш басылымның тақырып бойынша ұстанған бағыты біреу: Қазақстан
экономикасы БСҰ-ға кіру ісіне ғана байланысты емес, сонымен бірге
стратегиялық даму бағдарламасын дұрыс таңдай білгендігімен ерекшеленеді.
Қазақстан қуатты да бәсекелестікке қабілетті экономика құру бағытында
сенімді қадам басып келеді.(3)
Тілші Ержан Байтілес халықтың арасында жүрген әрі кәсіпкерлер атынан
сөйлей алатын TSC group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы
Бауыржан Оспановпен болған сұхбатында Қазақстанның сауда ұйымына кіруге
қаншалықты дайын? деген заңды сұраққа жауап табуға тырысады. Мысалы,
біздің компания бұрыннан соған дайындалып, солардың талаптарына сай
қызмет етіп келеді. Біз БСҰ-ға кіреміз деп емес, Еуропаға тауар тарату
мақсатында жұмыс істедік. Ал Қазақстан сауда ұйымына кіруге өзінше дайын
да шығар. Бірақ біздің отандық кәсіпкер солардың үдесінен шыға ала
ма?..Ең алдымен көпшілік БСҰ-ға кіру керек екенін түсінді.(4)
Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елге оралатын болсақ, біз нешінші
орындамыз? деген сұрақ туындайды. Айқын Апта газетінде Саяси таразы
айдарымен сауалға қатысты мамандардың пікірлері жарияланған болатын.
Саясаттанушы Шәріпбек Әмірбектің ойынша: Жалпы, бәсекелестікке
қабілетті дамыған елдердің тізімі халықаралық бағалау институттарының
сараптауынан кейін жарияланады. Ал ондағы қойылатын алғышарттардың
параметрі өте көп. Мысалы, экономикалық еркіндік, жеке кәсіпкерліктің
деңгейі, тағы сол секілді. Міне, осындай көрсеткіштердің кейбірі бойынша
Қазақстан 64-інші, ал басқалары бойынша тіпті 50-інші орынға иек артуда.
Ал ол үшін, меніңше, мемлекет алдымен екі алғышартты орындауы керек.
Біріншісі - белгіленген саяси модернизация өз уақытында жүргізілуі тиіс.
Өйткені әлемдегі барлық дамыған елдер экономикалық жетістікке саяси
жүйенің тұрақтылығы арқасында дамып отырғаны анық. Сондықтан қоғамдағы
бағыт-бағдарымызды айқындап алуымыз керек. Екіншісі - экономикамыз
жоғары технологиялармен қамтамасыз етілуі қажет.(5)
Қаржыгер-маман Ілияс Исаевтың бұл сауалға өзіндік пікірі бар: Дамыған
елдерді анықтайтын алғышарттардың ең бастысы мыналар:
а) Мемлекеттің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші;
ә) Жан басына шаққандағы әрбір жұмысшының орташа жалақысы, оның атаулы
және нақты құны;
б) Мемлекеттің төлем балансының тепе-теңдігі: импортқа келетін тауардан
сыртқа шығатын экспорттың көлемі артық болуы керек. Негізінен, дамыған
мемлекеттің төлем балансы 10 сальдоға тең болады. Қарызы болмайды;
в) Экспортқа шығатын тауарлардың бәсекеге қабілеті жоғары болуы тиіс.
Ондай тауарларға жалпы тұтынудағы тауарлар жатады. Яғни бұл шикізат
емес;
г) Экспортқа шығатын тауарлар озық техника мен технологиялармен
жабдықталған кәсіпорындардың өнімі болуы тиіс.
ғ) Дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін ДСҰ-ға кіру және әлемдік
нарықта экономикасының бағын сынау ең алғашқы шартардың бірі болып
табылады. Сондықтан ДСҰ-ға кіруді бәсекелестікке қабілетті 50 дамыған
елдің қатарына енудің жолы ретінде қарастырған дұрыс.(5) Сонымен қатар
Айқын газетінде БҰҰ-ның 2004жылғы тізімі бойынша - әлемдегі бәсекеге
қабілетті елдер (№1қосымша) және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің ЖІӨ
тізбесі (№2 қосымша) беріледі. Тақырыптың ашылуына өзіндік үлес қосып
отыр.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғаннан кейін бізді не күтіп тұр?
Сарапшылардың айтуынша, аталған ұйымға 2008 жылы кіреміз. Республикалық
басылымдардан Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы туралы екіжақты пікірді,
яғни оң және теріс жақтары бар деген секілді талдау материалдарды
Айқын газеті үнемі жариялап тұрады.
Соның ішіндегі жақтаушы материалдардан Экономика айдарымен тілші
Алма Мұхамеджанованың авторлығымен шығатын мақалалар көптеп кездеседі.
Соның бірі, Дүниежүзілік банкінің Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің
бас экономисі Педро Родригезтің айтуынша, ДСҰ-ға мүше болып кіруге
өтініш берген елдердің бәрінде, жалғыз Қазақстанда ғана емес, БАҚ
беттерінен мынадай ақпараттарды жиі оқуға болады екен: одан тек
шетелдіктер ғана ұтады, ал өз елдері ұтылады. Ауыл шаруашылығын, т.б.
салаларын өлтіреді. Родригез мырзаның пікірінше, мұның бәрі әншейін
аңыз. ДСҰ-ға мүшелікке кіру жөнінде келіссөз барысында әр ел өз мүддесін
қорғауға ұмтылатыны белгілі. Егер ДСҰ-ға кірген елдің бәрінің ұтылатыны
шындық болса, онда бірде-бір ел ДСҰ-ға кірмес еді ғой?.. ДСҰ-ға мүше
болу жақсы ма, жаман ба? Дәлірек айтқанда, жақсы шығар. Өйткені бұл
капитализм ғой, ДСҰ-ға мүше боласың ба, жоқ па, оған қатысты емес.
Адамдар қай жерден жұмыс тапса, сол жаққа қарай үдере көшеді. Мұның бәрі
ДСҰ-ға кірсең де, кірмесең де, түбінде болатын нәрсе. Ал шетелдіктер
ғана ұтады деген сөзге келетін болсақ, жергілікті халық та оның игілігін
көреді емес пе?(6)
Тілші тағы да екі аңызға жауап іздеуге тырысады. Оның бірі –
тарифтер жөнінде: Қазақстан қазіргі қолданыстағы тарифімен ДСҰ-ға мүше
бола алады. Өйткені мұнда ашық экономика. Ең маңыздысы – сервистік
қызметтер. Ашық мұхитқа шығатын жол жоқ... Телекоммуникация да өте
әлсіз, бұл жерде ДСҰ-ға мүше елдердің айтқандарымен келісуге тура келер.
Егер Қазақстан Алматыны туризм және қаржы орталығын жасайтын болса, онда
көлік, қаржы қызметтерінде ойлануға тиісті. Туризм саласында біріккен
кәсіпорын, біріккен оператор құрмай, оны дамытуды елестету қиындау.
Бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік берген жөн шығар.
Ал ауыл шаруашылығына байланысты аңызға келетін болсақ, ауылға ДСҰ емес,
голландиялық ауру қауіптірек дер едім. Көптеген елдерде ауыл шаруашылығы
ұлттық валютасының тұрақсыздығына байланысты көз алдарында өліп барады. Бұл
мәселеде мемлекеттің қолдау көрсетуі ерекше ықпал етеді.
Сонымен, біз ДСҰ-ға мүше болуға өтінішті 1996 жылы беріппіз. Қабылданатын
уақытымыз келіссөздер бойынша 2008 жылдың басында. Өтініш бергеннен кейін
ұйымға кіру соншалықты аз уақыт емес.
Айқын газетінің тағы бір журналисі Бауыржан Ақылбекұлының материалында
(7) Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі турасында елдің кемшіл тұстарын реттеу
қажеттілігін атап өтеді. Былтырғы жылдың қарашаның 9 жұлдызында
Еурокомиссия Қазақстанға Әлемдік сауда ұйымына кіру үшін көмек көрсетуді
қамтитын жобаның тұсаукесерін өткізді. Еурокомиссияның Қазқстандағы өкілі
Адриан Ван Дер Меер айтып өткендей, 2 жылға ескерілген жобаға сәйкес,
Қазақстанға 1 миллион еуро бөлінеді. Басты мақсат: азық түлік қауіпсіздігі,
ойыншық өндірісі, фармацевтика, химия өндірісі сияқты салаларға қатысы бар
заңдарды реттеу деп хабарланған.
Әлемдік банктің Қазақстандағы өкілі Педро Родригес: Қазақстанда ауыр
индустрия және сүт өнімі мен шоколад шығаратын кейбір кәсіпорындар Ресеймен
бәсекеге түсе алады?- дейді шетелдік экономист.
Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары бойынша Қазақстан экспортқа
субсидия бере алмайды. Бірақ ауыл шаруашылық саласына көмек көрсету үшін,
мемлекет су шаруашылы мен ғылыми жұмыстарды қаржыландыруына болады.
Республикалық басылымдардың арасында ел тағдырына ерекше жаны күйетін
бірден-бір газет Ана тілі болып табылады. Бұл газеттің негізгі бағытына
қарамастан, Көкейкесті мәселе айдарымен Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі
жөніндегі экономикалық тақырып кеңінен талқыланады. Әлемдік бәсекеге төтеп
бере алатындай өнім өндіріп, оны сыртқа шығарып сату оңай шаруа емес.
Еліміздің ДСҰ-ға мүше болуына қарсы болатын адамдар да аз кездеспейді.
Олардың алға тартар уәждері төмендегідей:шығаратын шикізатты, ұйымға мүше
болмай-ақ, сатып жатыр емеспіз бе? Ұйымға кірсек, ішкі рынокта жоғары
сапалы импорттық тауарлар қаптап кетеді. Ондай жағдайда, әрең күнін көріп
отырған отандық кәсіпкерлердің жағдайлары құлдырап, олардың өндірген
тауарларын ешкім алмай, ол ақыры банкротқа ұшырайды.
Сонда дейміз-ау, отандық кәсіпорынның дамуын қашанға дейін күтіп отыра
бермекпіз? Тағы да 20-30 жыл күтеміз бе? ДСҰ-ға кеше ғана социалистік
құрсаудан құтылған Еуропа, Прибалтика мемлекеттері мүше болуға ниет
білдіріп, кейбіреуі мүше болып үлгерді де.
Олар енді еркін тыныстай бастады. Ал, Қазақстан ДСҰ-ның барлық
мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр. Соның салдарынан миллиондаған қаржыдан
айырылып отырмыз. Басқа мемлекеттер осы халықаралық ұйымға өту тиімсіз
болса, одан баяғыда-ақ ат-тонын ала қашып, шығып кетер еді ғой.
Тағы да айтамыз, АҚШ пен Еуропа ұйымға мүше болмаған мемлекеттерді
өздерінің ішкі рыноктарына жібермейді. Кейбір тауарларымызға демпинг пен
квота қойып тастағандықтан, қолымыз жіпсіз байланып, қаншама қаржы
жоғалтудамыз. Қашанға дейін сырттан келген импорттық тауарға иек арта
береміз? Еңбекпен тапқан ақшамызға шетелден келген тауарларды сатып аламыз,
яғни бұл сол шетелдердің экономикасын көтеріп, әл-ауқатын жақсартып
жатырмыз деген сөз. ДСҰ-на мүшелікке өту – қазіргі өмір талабы,- деп
кәсіпкер Құрманғали Ашанов өз пікірін білдіреді.(8)
Былтыр Егемен Қазақстан беттерінде Алматыда өткен ҚР Президентінің
жанында Шетелдік инвесторлар кеңесінің төртінші пленарлық мәжілісінде БСҰ-
ға кіруге әзірміз бе? Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуға неге ынталы екен?
деген сұрақтарға Президенттің жауаптарын жариялайды.
Біріншіден,- деді Н.Ә.Назарбаев, бүгін Қазақстанның жалпы тауар
айналымының 50 пайыздан астамы БСҰ-ға мүше елдердің үлесіне келеді.
Екіншіден, қазақстандық заңдарды БСҰ-ның негізгі келісімдерімен
сәйкестендіру болашақта отандық өндірісшілердің бәсекеге деген қабілетін
арттырады. Үшіншіден, БСҰ-ға мүше болғаннан кейін отандық өнімдерге мүше
елдер тарапынан шек қою
тоқтатылады. Төртіншіден, Қазақстанның қызмет көрсету рыногы бойынша
қабылдаған міндеттемелері экономиканың негізгі секторларын –
телекоммуникация, қаржы, көлікті әрі қарай ырықтандыруға жол ашады.
Бесіншіден, БСҰ нормаларымен сәйкес сыртқы сауда ережелерін қолдану
ашықтықты қамтамасыз етеді.
Еліміздегі инвестициялық ахуал туралы Еуропалық қайта құру және даму
банкінің президенті Жан Лемьер мырза сөз алып, Қазақстанның БСҰ-ға мүше
елдер қатарына кіруі қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетін
арттыратын және бүгінгі еліміз қол жеткізіп отырған табыстар бұл тәуекелді
ақтайтынын, осы қадамға шын ықыласымен қолдау білдіретінін айттып өтті.
БСҰ-ға кірген жағдайда Қазақстанның экономикалық дамуы қандай
қырларынанкөрінуі мүмкіндігін талқылады. Шетелдік инвесторлардың ойынша,
еліміз БСҰ-ға мүше болған жағдайда инвестиция ағымы бұрынғыдан да молайып,
алғашында отандық кәсіпкерлеріміз абдырап барып, ширығатыныналға тартты.
Инвесторлардың бірауыздан ҚР-ның қазіргі валютасының тұрақтылығы
жағдайында БСҰ-ға кіруі оңды қадам болатынын айтты..
-БСҰ-ға кіру Қазақстанның беделін арттыра түседі, - дейді Дойче Банк
Франкфурттың басқарушы директоры Питер Тильс мырза.
Бәсекелестікке төтеп бере алмаған отандық кәсіпкерлеріміз бен
өндірісімізді туралатып алмаймыз ба деген сауалға Нұрсұлтан Әбішұлы одан
қарапайым халық пайда көрмесе зиян шекпейтінін, ал отандық кәсіпкерлерге
қатысты Шынығу керек, күресу керек, құлап-тұру керек, бірақ алға жүру
керек! деп жауап берді.(9)
Республикалық қазақ тілді басылымдарда ҚР-ның ДСҰ-ға мүше болу
тақырыбының жазылуын сараптай келе мына тұжырымдар жасауға болады:
Біріншіден, қазақ тілді басылымдарда ҚР-ның ДСҰ-ға мүше болуды жақтаушы
пікірлер аз.
Екіншіден, негізгі ақпарат тек жалпылай беріледі
Үшіншіден, ДСҰ-ға кіруде еліміздің ұтатын тұстары анық көрсетіл-мейді.
Төртіншіден, қазақ тілді басылымдарда әліге дейін Ұйымның дұрыс аталуы
қаланбаған, біреуінде ДСҰ деп көрсетілсе, екінші біреуінде БСҰ деп
жазылуда.
Республикалық орыс тілді басылымдарға келетін болсақ, Қазақстанның ДСҰ-ға
мүше болуын жақтаушы пікірлер баспасөз беттерінде салыстырмалы түрде аз
кедеседі.
Барлық жарияланатын материалдардан дерлік негізгі жақтаушы дәлелдердің
бірі: Ішкі рыногы онша үлкен емес және кеңейіп жатқан әлемдік нарықты
қажетсінетін Қазақстан үшін ашық сауда саясаты керек.
Мысалы, Транзитная экономика журналы атына лайық тақырыптарды
мамандардың обьективті көмегімен талқылауға бағытталған журнал болып
табылады. А.Қарыбаевтың жариялаған материалында Қазақстанның ДСҰ-ға мүше
болуын былай пайымдайды: ДСҰ-ның халықаралық құқыққа негізделген болжамды
шарттары Қазақстан ға өзінің ішкі тиімді мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
сауда әріптестерімен жеке басының бәсекеге қабілеттілігін танытуға жол
береді. Қазақстанның әсіресе өңдеуші өндірістік өнімдерінің сыртқы саудасын
дамытуына қосымша әрі пәрменді транзиттік жолға ие болады.
ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін Қазақстан ұлттық мүддесін басшылыққа ала
отырып, әлемдік сауданы реттейтін нормаларын жасауда қатысу құқығын
иеленеді. ДСҰ-ға қосылу барысында Қазақстан күрделі шығынға
кезікпейді.(10) Алайда әлсіз кәсіпорындардың жойылуы мен осыған
байланысты жұмыссыздықтан қаша алмаймыз. Урбанизация үдерісі де жылдамдай
түседі. Бұл жерде бізге пайдасын тигізетін ауыспалы кезеңнің жағымсыз
тұстарды жұмсартуда пайдасы зор болмақ.
ҚР экономика және сауда вице-министрі Ғалым Оразбаковтың мүшелік
жөніндегі пікірі Новое поколение газетінде жарияланған болатын:
Қазақстан ДСҰ-ға қосылғанда мүше елдердің бәріне ұсынылатын сауда
кеңістігіндегі едәуір қолайлылық тәртібіне ие болады. Сонымен қатар сауда
таластары туған жағдайда әділ шешіммен қамтамасыз етіп, оның орындалуын
қадағалауға кепілдік береді.(11)
Новое поколение газетінің бұл нөмірінде жарияланған сауалнамада
Қазақстандық кәсіпкерлер мен мамандарының еліміздің ДСҰ-ға мүше болу
жайында ойлары жарық көрген.
Адам құқығы мен заңды сақтау Қазақстандық халықаралық бюроның директоры
Евгений Жовтис: Бұл ұйымға енген кезде сақ болғанымыз жөн. ДСҰ-да сауда
әлемінің мықтыларының ұстанымы бірінші кезекте екендігін естен шығармау
керек.
Уркер косметик компаниясының маркетингі мен сауда директоры Мадина
Құжағалиева: Менің ойымша, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше
болса, ешнәрседен ұтылмайды,керісінше, ұтады. Басқаларға нұсқап, олардың
тауарлары бізден гөрі жақсы екен деп айтпаймыз. Әрі қазақстандық
өндірушілердің өз өнімдерін сапасы жағынан жақсартудан басқа шара қалмай,
өмір деңгейіміз көтерілер еді. (11)
Достижение молодых қоғамдық қорының президенті Тамара Ильичева: Біздің
нарығымыз түрлі сапасыз өнімге толы. Менің ойым,экономист ретінде,Қазақстан
, талабы жоғары ДСҰ-ға енгені дұрыс.(11)
Орталық Азиядағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары Ассоциациясының
президенті Розлана Таукина: ДСҰ-ға ену Қазақстанға өркендеуді әкеліп,
азаматтарымызға пайдасын тигізеді. Өз өнімнің сапасын көтеруіміз
керек.(11)
Экономика және құқық колледжінің директоры Нұржан Сүтемгенов: ДСҰ-ға
мүше болудың оң және теріс жақтары бар. Бірақ жағымды тұстары көбірек болар
деп ойлаймын. Бір жақсысы, қазақстандық рыноктың жабайы болудан қалады.
(11)
Еуропалық кеңес еліміз ақырында ДСҰ мүшесі болуына мүдделі. Өйткені
Қазақстан нарығы Орталық Азиядағы нарықтардың ірісі, ал көптеген еуропалық
компаниялар мұндағы өзіндік аясын кеңейтуді мақсат тұтады екен. Осыдан үш
жыл бұрын Известия Казахстан жариялаған сауда бойынша Еуропалық
комиссияның өкілдері Антонио Паренти мен Кристофер Фордтың сұхбатында былай
делінген: ДСҰ-ға ену үрдісінде мәселелер әрқашан туындап отырған. Сіз бар
қиындықтан өтуге дайын болуыңыз керек. Алайда, қаншалықты қиын және
қаншалықты пайда тұстарын салыстырып, алдын ала ойластыру қажет.
Жалпы ДСҰ-ға қосылу барысы ұзақ созылады, нәтижесін де көп уақыт күтуге
тура келеді. Мұндағы артықшылық – сіздің рыногыңыз шетелдік компанияларға
ашылып қана қоймай, жергілікті компаниялардың алдынан да өзге елдердің
нарығы ашылады.(13)
Аталмыш басылым беттерінде кезінде, яғни 2004 жылдың жазғы нөмірінің
бірінде ДСҰ-ның бас директоры Супачай Панитчпакдидің Қазақстанның бұл
ұйымға мүше болуына байланысты дөңгелек үстелге қатысып, ондағы айтылған
мына бір пікірі жарияланады: Республикаңыздың ДСҰ-ға ену үдерісі қарқындап
өтіп жатқандығы қуантады. Әлемдік сауда жүйесінің болмауға келетіндігі -
өте маңызды сәт. Біздің ұйымға еніп,сіз қандай рынокқа енуге болатынын
алдынала біліп отырасыз. ДСҰ ережесі бойынша, барлық елдер бәсеке үшін
бірдей шарттарға кезігеді. Алайда қазақстандық сауда тәртәбінің кей
тұстарын біршама реттеу керектігін айтуға тиіспін. Оның ішінде акцизді
салықты, кеденді тәртіпті, және де экспорттық шектеулерді унификациялау
қажет. (14)
Казахстан-Спектр ғылыми журналында жарияланған талдау материалда
Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының ерекше тұстары белгіленген: ДСҰ-ның 135
елімен қарым-қатынасы бар, Қазақстан үшін бұл ұйымға ену бірнеше себеп
бойынша тиімді – ДСҰ мүше елдерінің бәрімен едәуір қолайлылық тіртібіне ие
болу үшін, сауданың дамуы үшін, әсіресе инвестицияларды келтіру үшін
маңызды.
Қазақстандық келіссөз жүргізудің ерекшелігі, Ресей секілді, ұсыныстар
пакетінің экспорттық саясатының агрессивті еместігінде және негізінен
өзінің рыноктарының әртүрлі секторларға жолы болуын либерализациялау және
тарифтік қорғау шараларына шоғырланған.(15)
Аль-пари журналының осыдан бірнеше жыл бұрын (2002)
Внешнеэкономическая политика айдарымен жариялаған Н.Исингариннің
мақаласында ҚР Президентінің Жолдауында атап өтілген, яғни алға мақсат етіп
қойылған, Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық жұмыстарын жақсарту
талабы көрсетіледі.
Бұл мақаладан көретініміз 2003 жылы ДСҰ-ға енуге ұмтылған Ресейден кейін
көп ұзамай республикамыз да ұйымға енуді көздеген. Алайда дайындық жұмыстар
әлі күнге дейін жалғасып жатыр.(16)
Осы журналдың келесі бір нөмірінде экономика ғылымдарының докторы,
профессор Р. Алшановтың пайымдауынша, әлемдік экономика мен сауданың даму
үрдісі ақырында біртұтас, өзіндік қатаң ережелері бар тәртібімен нарықтың
әр мүше еліне жауапкершілікті артатындай жалғыз еркін жаһанды нарыққы
әкеледі. ДСҰ-ға мүше болу Қазақстан үшін немен тартымды? Біріншіден,
қазақстаныдық кәсіпорындардың алдынан әлемдік тауар нарығының анағұрлым
тұрақтылығы пен өсімі жоғары мүмкіндіктер ашыла түседі. Екіншіден,
Қазақстан ДСҰ мүшелеріне берер сауда артықшылықтарын қажет кезде құқықтық
қорғау мүмкіндігіне ие болады.(17)
Осы секілді болжамды Мегаполис газетінде тілші Ахас Тажутов жариялаған
болатын: Қазақстан ДСҰ-ға 2003 жылы мүше болады деп күтіледі. ЕврАзЭС мүше
мемлекеттерінің айтуынша, олар аталған ұйымға бірге және бір уақытта
кіретін болады. Сонау 1996 жылы мүше болуға өтінішін беріп үлгерген
Қазақстанның алдына ДСҰ әкімшілігі төрт талап қойыпты. Оның ең біріншісі –
аграрлық реформа өткізу талабы. Ауылдағы болып жатқан өзгерістер,
Қазақстанның аграрлық секторының болашағы жоқ деген ой пайда болған. Алайда
жапондық экономист-сарапшылары алдағы уақытта онсыз да жыл сайын 12
миллионға өсіп жатқан халқы ертелі кеш азық түлік өнімдерінің азаю
мәселесіне кез болады. Сонда Қытай басқасын былай қойып, Қазақстанның астық
өндірісінің мүмкіндіктеріне сенім артуы әбден ықтимал.(18)
ХІ ғасырдың басына қарай әлемдік шарушылықтың жағдайы мен дамуында
жаһандану үрдісінің әсерімен талай өзгерістер орын алды. Жаһандану әлемдік
экономиканың объективті даму үрдісі болып табылады. Өйткені жуырдағы
уақытта, перспективада басқа нақты баламаның жоқтың қасы. Бұл әлемдік
масштабта өндірістік-технологиялық, қаржылық және интеллектуалды ресурсты
неғұрлым тиімді үлестіру мен қолдануға жағдай туғызып, экономикалық өсімді
жылдамдатуға мүмкіндік жасап, экономикалық көшбасшылардың қатарына енді
дамып келе жатқан елдерге көмек береді. Дүниежүзілік сауда ұйымы қазіргі
уақытқа лайық халықаралық сауда жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін
құратын ұйым.
ДСҰ келісімдері мүше елдерге тұрақты, ұғынықты және алдын ала белгілі
сауда операцияларының нәтижелерін ұсынады. Ең қолайлы сауда тәртібі мен
саяси-сауда дискриминациясынан қорғау кепілдігін ұсынады. Яғни мемлекеттер
арасында пайда болып отыратын даулар заң нормаларымен шешіліп, мықтының
үлесіне пайда келтіру тіптен орын алмайды.(19)
Евразийское сообщество журналында жарық көрген Қазақстанның ДСҰ-ға
мүшелігін қолдай отырып, кейбір қаржылық мәселесінің қырларын көрсетеді:
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жаһандану үрдісіндегі еліміздің өркенді
мемлекеттердің әлемдік қауымдастығына тиімді интеграциясы мен тұрақты
экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қажет.
Қазақстан Республикасы 135 мемлекетпен экономикалық және сауда
қатынастарын орнатқан. Елдің қаржылық қамсыздануының дамуы осындай
халықаралық қарым-қатынастардың экономикалық, ғылыми-техникалық,
технологиялық, мәдениет тұрғысынан берер пайдасына байланысты. Қазақстанның
ДСҰ-ға мүше болғандағы тауарларды кеден шекарасынан өткізу мемлекеттік
басқарудың қаржы жағынан нақты есепті қажет етеді.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үрдісі Ресей, Украина және Белоруссия
мемлекеттерінен бөлек өткені орынды болар еді. Алайда ЕврАзЭС экономикалық
кеңістігіндегі 4 мемлекеттің бірлестігі сауда салаларында дайындық
кезеңінде өз пайдасын беруі мүмкін.
ДСҰ тарапынан Қазақстанның өркендеуі мен әлемдік нарыққа кірудің жағымды,
пәрменді міндеттерін алған жөн.
Қазақстан үшін Ресей мен Қытайдың тәжірибесінен алар сабағы зор. ДСҰ-ның
халықаралық заң актілерін, келісім-шарттарын, ережелері, нұсқаулары мен
түсіндірмелерін жете білу , әлемнің дамыған елдерінің тәжерибесінде бар
бағдарламалар, оларды Қазақстандық Жоғары Оқу Орындарының бағдарламаларына
енгізу, ол бойынша бакалавр мен магистрлерді дайындау әлем нарығының кез
келген мәселесін шешуге көмектесер еді.(20)
Евразийское сообщество журналында жарияланған сараптама материалда
Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі тек әлем нарығына жол ғана емес, сонымен
қатар еліміздің ондағы өзіндік орынға ие болу мүмкіндіігі. Жаһандану
кемшіліктерінің бірі – экномикалық қызметің шектеулі болып келуі. Алайда
экономикалардың мұндай өзара байла-нысы соғыстың басталуын тоқтатып отыр.
Осындай себептермен халықаралық үкіметаралық ұйымдар пайда болып жатады.
Оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы да.
Жаһандық сауданың 95% ДСҰ мүшелеріне тиесілі. Дүниедегі әр мемлекет
өркендеу мен әлем нарығының теңқұқықты мүшесі болуға тырысады. Мұның бірден-
бір жолы ДСҰ болуы мүмкін. Ал Қазақстан мен Ресей болса, әліге дейін нашар
дамыған елдердің тобымен бірге (Албания, Камбоджа, Лаос, Непал) аутсайдер
қатарында қалып отыр.
Қазақстан ДСҰ-ға мүшелігінен табар пайдасын тізбектеп шығайық.
Біріншіден, кепілдік берілген ДСҰ мүшелерімен едәуір қолайлылық тәртібіне
құқықты болады. Ұйымның ерекшелігі сол әр мүше болам деген мемлекетке
өзіндік дербес әдістер қолданылады. Нақты қалыптасқан экономикалық бәріне
бірдей шаралар қойылмайтыны.
Екіншіден, Қазақстан әлемдік сауданың құқықтық механизміне араласа алады.
Қазақстан ДСҰ-ның тауар, қызмет, зияткерлік меншік саудасын
либерализациялау кезіндегі көпжақты келіссөздеріне жұмыс топтарымен бірге
өз мүддесін ұстана отырып қатысу, дауыс беру құқығына ие болады. Бұл жерде
бір мемлекет – бір дауыс. Ұйымның тағы бір ерекшелігі: әрбір мемлекет
вето құқығына ие.
Үшіншіден, Қазақстан ДСҰ мүшелері тарапынан мүмкін болатын заңсыз және
республиканың құқығын шектейтін теріс әрекеттерінен халықаралық-құқықтық
жүйесі арқылы қорғануына болады.
Төртіншіден, Қазақстан ДСҰ мүшелерінің сыртқы экономикалық саясаты
жөніндегі ақпаратына қол жеткізе алды.
Бесіншіден, ҚР-ның сыртқы сауда бойынша туындайтын мәселелердің басын
шешуге халықаралық деңгейде талқылау мен ДСҰ Хатшылығының сарапшылары мен
заңгерлерінің маманданған кеңестерін естуге мүмкіндігі ашылады.
Алтыншыдан, Қазақстан ДСҰ мүшелері секілді құқықтарды иеленеді. Және де
сол мемлекет ұйыммен анықталған деңгейіне қарай (дамыған, дамушы, нашар
дамыған және ауыспалы экономика) белгілі бір артықшылықтарға ие болады.
Жетіншіден, Қазақстан ДСҰ шеңберінде дауларды шешу механизміне қол
жеткізіп, осындай ерекше шартына ие бола алады.
Сегізіншіден, Қазақстанды белгілі деңгейдегі шығынға ұрындыратын және
онша тиімді болмайтын, әртүрлі мемлекеттермен екіжақты және аймақтық
экономикалық-сауда келісімдерін үнемі жасасу қажеттілігінен босатады.(21)
Сонымен қазақ тілді басылымдарды орыс тілді басылымдармен салыстыра келе,
соңғысында мынадай ерекшеліктерді атауға болады:
Біріншіден, көбінесе шетелдік мамандар пікіріне сүйеніп жазады.
Екіншіден, ұтатын тұстарымыз айқын көрсетілген.
Үшіншіден, шетелдік тәжірибеге назар көптеп аударылады.
Төртіншіден, нақты деректерге сүйеніп жазылады.
Бесіншіден, талдамалы материалдар көп беріледі.
Алтыншыдан, қазақ тілінде жазылған материалдарының авторлары көбінесе
тілшілер болса, орыс тілінде көбінесе мамандар қалам тартады. Бұл
ақпараттың айқындылығы мен нақтылығына оқырман назарын аудартады.
Республикалық баспасөз беттерінен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына
мүше болуы жөнінде оң, яғни жақтаушы пікірлермен қатар, қарсы
көзқарастардың да аз емес екенін байқауға болады.
Осы тұрғыдан алғанда республикадағы қазақ тілді беделді басылымдардың.
бірі Ана тілі газетінде Саясаттар тоғысында айдарында тілші Мырзан
Кенжебайдың қарсы пікірін ерекше атауға болады. Соның бірі Айтқанына
көнесің, айдағанына жүресің! атты мақаласынан үзінді келтірейік: Осы
нақыл сөзді бір кезде қазақтың от ауызды, орақ тілді ділмарлары айтса,
бүгінде ол батыстың әнжі саясатымен әлемге таратылған, құрттай құжынаған
халықаралық ұйым деп аталатындардың басты қаруына айналды. Мұндай
халықаралық ұйымдарға бір мемлекеттер не өз еркімен, не жоқшылықтың
кесірінен амалсыздан, не алпауыт мемлекеттердің мәжбірлеуімен кіреді.
Қазақстанды соның қайсысына жатқызуға біздің да еш хұқымыз жоқ, бірақ
біздің халықаралық ұйым дегенді естісек және солар құзырымызға
қабылдаймыз деген бір ауыз жылы лебіз білдірсе болды көзді тарс жұмып
қойып кететініміз рас. Мұндайда осыларға отказ берсек, ертеңгі күніміз не
болар екен деген жалтақтық факторы алдыңғы аяда тұратынын да несіне
жасырамыз? Оның үстіне сол сәтте әлгі халықаралық ұйымға кіргеннен кейін
оның орындамасыңа қоймайтын әртүрлі талаптары, сенің ұлттық мүддеңді, салт-
санаңды белінен бір-ақ аттайтын шарттары болатынын біле тұра білмеген
боламыз. Сосын ше? Әрине, біле тұра істегеннен соң біз пәленшекеңдердің
арқасында пәленбай халықаралық ұйымға мүшеміз деп аңқау халықтың алдында
үлкен іс тындырып жүргендей күпсінеміз(22). Журналист Мырзан Кенжебайдың
пікірін оқи отырып, оқырманда бізге ДСҰ-ға кірудің қажеті жоқ-пу деген
пікір қалыптастыратыны сөзсіз.
Айқын газетінің тілшісі Алма Мұхамеджанованың Дүниежүзілік сауда ұйымы
– жұмақ емес атты сараптамасында былай делінген: ДСҰ-ның өз мүшелеріне
қояр қатаң талаптары мен шектеулерін былай қойғанда, мүше елдерден жыл
сайын жинайтын қомақты жарнасының өзі не тұрады?!
Бір кемшін тұсымыз – рынокқа тікелей өзіміз емес, екі-үш елді делдалдыққа
салып барып шығып отырмыз. Ортада делдал болғаннан кейін олардың пайлық
үлесі болатыныбелгілі.
Ал егер шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, Қытай бұған 14 жыл дайындалыпты.
Польша болса, 11 жыл, ал Қырғызстан мен Грузия екі-ақ жылда мүше болып шыға
келді. Қырғызстанның өнімі әлемдік рынокқа тез-ақ шығуын шықты, бірақ
ондағы бәсекеге төтеп бере алмай, сұранысқа ие бола алмады, Соған
қарамастан, Халықаралық ұйымның жоғары жарнасын төлеп тұруға тура келуде.
Экспортқа шығарған тауарың өтпей, төбе болып үйіліп жатса, оның үстіне өте
жоғары жарна төлейтін болсаң, Қырғызстанның бүгінгі күйін көз алдымызға
елестету соншалықты қиындық туғыза қоймас. Асығамын деп, беліне көтере
алмас шоқпар байлаған қырғыздар бүгінде қарыздан малтығып шыға алмай отыр.
Ақылсыз өз қателігінен үйренеді, ақылды өз қателігінен үйренеді дегендей,
еліміздің ДСҰ-мен арадағы келіссөздерді ұзақ уақытқа созуының да жаны бар.
Біз ДСҰ кеңесінің уақытша бірқатар жеңілдіктер беруін өтініп келеміз.
Уақытша болса да жеңілдік берілсе, жетіспей жатқан кемшін тұстарымызды
жөндеп алар едік деген үміт бар. Үмітіміз ақталса жақсы, ал ақталмаса
ше?(23)
ДСҰ кеңесінің талабы – Қазақстан ауыл шаруашылығы экономикасына субсидия
беруден бас тартуы керек. Олай істеуге біздің арымыз бармайды. Өйткені 40
пайыздан аса тұрғын осы ауылда өсіп-өркендеп отыр. Егер ДСҰ кеңесінің
талабын орындасақ, ауылдықтар мен ауыл шаруашылығын құрбандыққа шалуымыз
керек. ДСҰ сауда клубының ақсақал елдердің мүддесін қорғап, біз секілді
жас мүшелерге қандай өнімді, қандай бағамен, қандай көлемде сату керек
екенін бұйырып отырады. Өйткені осы уақытқа дейін әлемдік рынок қалыптасып
үлгерді, ондағы алпауыт ойыншылар да нық отыр. Оларға жаңа рынок қажет.
Ағыл-тегіл тауардың бері қарай ағылуы қарапайым халық үшін тиімді болады
деген сөз бар. Көптеген шағын және орта кәсіпорын банкротқа ұшырауы кәдік.
Ол белгілі де. Арзан да, сапалы тауар ағынына шыдай алмайды. Бұл өз
нәтижесінде жұмыссыздықты тудырады. Сонымен қатар елімізге шетелдік банктер
де қаптайды. Ел несиені 14 пайызбен өз банктерімізден алғанша, 9 пайызбен
шетелдіктерден алмай ма? Яғни, көптеген банктің жарылып кетуі мүмкін.
Мұның бәрін Польша, Прибалтика елдері басынан кешіруде. Соған қарағанда,
экономикамыз тұрақты, қарқынды дамып келеді деуге әлі ертерек секілді.
Тұрақты экономиканы ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін де ұзақ жылдар бойы жасауға
тура келеді.
Алма Мұхамеджанованың Айқын газетінде жарияланған Қазақстанның ДСҰ-ға
мүше болуына қарсылық білдіруі турасындағы тағы бір материалына зер
салайық: ҚР индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова 2005 жылы
Техникалық реттеу туралы заң қабылданғанын, оның Кеңестер одағы кезіндегі
заңнан айырмашылығы, басқа да, мысалы, ветеринария, өсімдік карантині
заңдары туралы баяндады. ДСҰ қоятын негізгі талаптардың бірі - егер біз
еуропалық елдерден құс етін импортқа алып, алдағы уақытта біз оның құс
тұмауына байланысты адамдар денсаулығына зияндығын ескеріп, алып тұрған
импортымызды тоқтатып тастау үшін халықаралық деңгейде танылған ғылыми
әдістеріне сәйкес тәуекелділік бағасын жүргізуіміз керек. Сондықтан бізде
арнаулы жабдықтармен жабдықталған лаборатория, қажетті кадр-мамандар болып,
біз дамыған елдер қолданатын әдістерді пайдалануымыз қажет. Тек сонда ғана
импортты қадағалап, өз экспортымызды өткізе аламыз. Егер біздің жылқы еті
еуропалық ветеринарлық стандартқа сай болса, оның еуропалық рынокқа түсуіне
мүмкіндік көбейеді. Айтжанованың пікірінше, Еуропа өзге өнімге соншалықты
зәру емес, өйткені өзі де бәсекеге қабілетті. Бүгінгі күні біздің экспортқа
шығарып отырғанымыз, негізінен, шикізат екендігі белгілі. Оларға онсыз да
жол ашық деп ойлағанымызбен, шынтуайтына келгенде, оларға да белгілі бір
квота қойылады. Ал ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындар бәсекеге
қабілетті болу үшін өздері ұмтылуы керек.
Қалай дегенде де, ДСҰ-ға мүше болу үшін алдымен білім мен ғылымға
салынатын инвестиция көлемін шектемеу керек деген Қазақстан. Жаңа
технологиялар директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сағадиевтың пікірі
көкейге қонымдырақ шықты. Отандық ғылым жетістігін дамыту инновациялық тың
технологияларға жол ашу арқылы ғана бәсекеге лайықты ел бола аламыз.(24)
Ақ жол Қазақстан газетінде былтырғы жылы жарық
көрген тілші Шалқар Естеннің ДСҰ-ға өту – бәсекелестікке лайықтыларға ғана
қолайлы атты мақаласында былай делінген болатын: ...көптеген атқамінер
азаматтарымыз ДСҰ-ға мүшелікке өту арқылы талай проблемалардан құтыламыз,
экономикамыз қарыштап алға қадам басады, біздер үшін мүмкіндіктер қақпасы
айқара ашылады деп ой түйеді. Олардың пікірі түбегейлі қате екендігін осы
ұйымға мүше елдердің тәжірибе-тарихына зер салсақ аңғаруға болар еді.
Пәрменді ұйым әлемдік экономиканың ырыздығын солардың бәріне теңдей,
әділетті таратып беріп отыр десек қателесер едік. Шетелдік сарапшы-
экономистер мен өзіміздің отандық мамандарымыз ДСҰ-ға мүшелікке өтудің
жауапкершілік жүгі аса салмақты болатындығын алға тартып, жалпы, аталған
ұйымның әлемдегі рөлі мен дүниежүзілік экономикадағы нақты қызмет жүйесіне
сенімсіздікпен қарайтындығы да көпшілікке аян. Мұндай көзқарастағылардың
пайымдауынша, ДСҰ қалыптастырған жүйе экономикалық дамудың әр сатысында
тұрған мемлекеттердің экономикалық теңсіздігін бұрынғыдан бетер тереңдете
түседі(25).
Қазірде көптеген дамушы елдердің экономикасы жылдам дамуды бастан
өткеруде. 1-2 пайыздық экономикалық өсім дегеніңіз үйреншікті жағдайға
айнала бастады деуге негіз бар. Былай қарасаңыз бұл сандық көрсеткіштер
түкке тұрғысыз, мардымсыз болып көрінуі мүмкін. Әйткенмен экономика
саласының жілігін шаққан мамандар мұндай өсімнің өлшемі өте жоғары
екендігін дәлелдеп отыр.
Бірақ сайып келгенде ащы ақиқат – ДСҰ-ға мүше болмасқа амал жоқ.
Жаһандану үрдісінің алдыға айналған алып доңғалағын тоқтату мүмкін емес.
ДСҰ солқылдақ экономика мен түкке алғысыз әлсіз өндірісті жарылқай
қоймайды (Қырғызстан тәжірибесі дәлел) Тиісінше бұл ұйым еңсесі биік
экономика мен төрт құбыласы тең тауар ұсына алатын озық технологияның
мүмкіндіктерін одан әрі кеңейте түседі. Өзінен іргесін аулақ салғандарға
қырын қарайды. Оңаша отау тіккен ондай елдерді ДСҰ-ның 80-нен астам
шектеулі қағидалармен тұқыртуы соның айғағы. Түптің-түбінде ДСҰ-ға
өтетіндігіміз белгілі болғандықтан оның шарттары мен талаптарын терең
зерделеп алғанымыз да жөн.(25)
Мырзан Кенжебайдың ащы мақаласынан тағы бір үзінді келтірейік: Біздің
халықаралық ұйымдарға кіру кестемізде ендігі кезекте ДСҰ деп аталатын
зәулім мекеме тұр. Оны әдетте ВТО, яғни, Всемирная Торговая Организация
деуге аузымыз үйреніп кеткен. Неге екенін біз білмейміз, бірақ небір
жұмыртқадан жүн қырыққан экономистеріміз (бұл – шаруашылықты басқару
деген сөзді білдіреді!) 2000 жылдан бері ме, әлде, одан да бұрынырақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz