М.О.Әуезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.бет

1.Экологиялық проблемалардың көркем әдебиеттегі көрінісі ... ... ... ... ... 7.бет

1.1 Қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы
қарым.қатынас тақырыбына алғаш қалам тартқан
жазушы . бұл М.Әуезов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8.бет
2. М.Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы
табиғат суреттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11.бет
2.1 «Көксерек» повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы
үйлесімділік пен қарама.қайшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.бет
2.2 М.Әуезовтің «Қараш.қараш оқиғасы» повесіндегі табиғат
пен дам үндестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.бет
2.3 Пейзаждың шығармада кейіпкер характерін
ашу рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.бет
2.4 М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат»,
«Жетім» әңгімелеріндегі табиғат суреттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34.бет
3. М.Әуезовтің шоқтығы биік шығармаларының бірі . «Абай жолы»
роман.эпопеясындағы пейзаждың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37.бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 46.бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49.бет
Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы жиырма жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас біршама жанданды. Алғаш рет экология терминін неміс биологы Эрнст Геккель 1866 жылы санамызға енгізген және бұған «табиғат тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деп анықтама берген. Дегенмен, экологияның қалыптасуына төлнегіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар сонау ежелгі Греция мен Рим кезеңдеріндегі табиғат құштар философтардың еңбектерінен туындаған болатын. Қазақ аңызында жарғақ құлағы жастыққа тимей, желмаямен бірге жер кезіп, елге жайлы жер іздеген Асан қайғы даланы ерсілі-қарсылы аралап, әр мекенге әртүрлі баға береді. Арман қуған Асан атаның сын сөздері мен терең ойлы тамаша толғаулары бүгін де соншалықты ғибратты, соншалықты мәнді…Өйткені, адамзаттың табиғатқа зәрулігі күн санап ұлғайып келеді. Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға тікелей қауіп төндіруі – бүкіладамзаттық ортақ тұжырым жасауға мәжбүр етіп отыр.
Экологиялық проблемалардың зардаптық ауқымы өсуіне байланысты ғылымның өзімен пейілдес генетика, демография, география, әлеуметтану, топырақтану, гидрология, климотология сияқты ғылым салаларымен байланысы да күшейді. Аса күрделі және қарама-қайшылыққа толы бұл мәселе тек экономикалық-ғылыми түйткілге емес сонымен қатар қазіргі исі адамзатқа ортақ рухани-мәдени мәселеге айналды.
Тақырыптың өзектілігі: Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам мен табиғат егіз. Бұларды бірінен бірін ажырату мүмкін емес. Сол себепті де табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы, әрбір адамның денсаулығына, рухани және табиғи өсуіне, сол сияқты болашағы үшін ауадай қажет екендігіне адамдардың көзін жеткізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде қоғам мен қоршаған ортаның қарама-қайшылығы шиеленісе түсіп, адам мен табиғат арасындағы байланыстың адамгершілікке негізделген «шекарасын» анықтауға өнер атаулының бар саласы белсене қатысып, оның әлеуметтік маңызын көркем ойдың әсері арқылы адам жанына ізгіліктің дәнін себуге, табиғаттың жұмбақ құбылысын бейнелей отырып ойлантуға тырысып отыр.
Адам табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан адам табиғат ананың қадірін біліп, өмір бойы оны аялауы, мейріммен қарауы қажет. Әйтпесе, табиғаттың құдіретті тепе-теңдігі бұзылады да, ол жер бетіндегі тіршілікке қауіп төндіреді. Біз бұған ұзақ жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтарымен санаспай жасаған қадамдарымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. Бұл тұста өзін бүкіл тіршіліктің иесіміз, сондықтан бәрі де бізге қызмет етуі тиіс деп ойлап, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді адамға табындырамыз, техникалық прогресстің шексіз жетістіктерімен ғарышты бағындырамыз деген адамзат
1.Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы: Жазушы, 1995.-560б
2. Залыгин С. Литература и природа //Нева, 1980.-№5
3. Паустовский К. О новелле //Новый мир, 1970.-№4
4. Нұрқатов А. М.Әуезов ворчествосы. Мақалалар. Алматы: Жазушы, 1965. 400б
5. Брагин А. Человек, понимающих язык ветра и птиц //Огни Алатау, 1964. 4 октябрь.
6. Тайжанов А. М.Әуезов шығармаларының дүниетанымдық өзектері. Философия ғылымының докторы дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. Алматы. 1995.-311б
7. Лось В.А. Взаимоотношения между человеком и природой как глобальная проблема //Вопросы философии, 1982.-№6
8. Джандалиева Г.К. Сравнительные аспекты изображения природы в художественной литературе. Алматы. 2002.
9. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. Зерттеулер, мақалалар. Алматы: Жазушы,1980.-312б
10. Хайдаров Ә. Өнер алды – қызыл тіл. Мақалалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1986.-208б
11. Нұрғалиев Р. Әуезов және алаш. Әдебиеттегі ұлттық рух. Алматы: Санат, 1997.-432б
12. Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық шығармалар. Алматы: Жазушы, 1991.-576б
13. Әуезов М.О. Жиырма томдық шығамалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1979.-436б
14. Залыгин С.П. Литературные заботы. 3-е изд. Москва: Советская Россия, 1982.-462с
15. Әкімжанов З. Көресіні көрген Көксерек //Солтүстік Қазақстан.-1997. 3 желтоқсан
16. Жанғожин Р. Дәуір перзенті //Жұлдыз, 1987.-№9
17. Қабдолов З. Арна. Алматы: Жазушы, 1988.-256б
18. Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімелері. Әдеби-сын зерттеулер. Алматы: Жазушы, 1998.-176б
19. Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов. Монографиялық очерк. Алматы; 1957.-183б
20. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Сын мақалалар. Алмаы: Жазушы, 1993.-624б
21. Сахариев Б. Күрескер тұлғасы. Мақалалар, зерттеулер. Алматы: Жазушы, 1979.-376б
22. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992.-352б
23. Бердібаев Р. Мұхтар шыңы. Алматы: Ғылым, 1997.-208б
24. Қирабаев С. Біздің рухани әкеміз. Мұхтар Әуезов тағлымы, 1987
25. Сәтбаев Қ. Біздің Мұхтар. Алматы; 1976
26. Бердібаев Р. Стиль сыры. Алматы; 1974
27. Әуезов М.О. олық шығармалар жинағы. Алматы; 1979.-2 том
28. Байтанаев Ә. Шын шеберлік. Алматы: Жазушы, 1969.-219б
29. Джунышбеков Н. Творчество М.Ауэзова в контексте сравнительного литературоведения. Алматы; 2002.– 136с.
30. Джунышбеков Н.О., Джандалиева Г.К. Пейзаж. Природа. Экосфера. Алматы: Қазақ Университеті, 2002. – 190с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК МАГИСТРАТУРА

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

М.О.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ТАҚЫРЫБЫ

Орындаған: Утебекова
Ж.Ш.

Ғылыми жетекшісі:
Ф.ғ.к., профессор Ли Г.В.

Норма бақылаушы:
Х.ғ.к., профессор Каримов
А.Н.

Қорғауға жіберілді:
Экология мамандығы бойынша
жалпыуниверситеттік
магистратура меңгерушісі,
х.ғ.д., профессор Сармурзина
А.Г.

Алматы-2005

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-бет

1.Экологиялық проблемалардың көркем әдебиеттегі
көрінісі ... ... ... ... ... 7-бет

1. Қазақ әдебиетіндегі адам мен табиғат арасындағы
қарым-қатынас тақырыбына алғаш қалам тартқан
жазушы – бұл М.Әуезов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8-бет
2. М.Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы
табиғат суреттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11-бет
2.1 Көксерек повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы
үйлесімділік пен қарама-
қайшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12-бет
2.2 М.Әуезовтің Қараш-қараш оқиғасы повесіндегі табиғат
пен дам
үндестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . 22-бет
2.3 Пейзаждың шығармада кейіпкер характерін
ашу рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-бет
2.4 М.Әуезовтің Қорғансыздың күні, Оқыған азамат,
Жетім әңгімелеріндегі табиғат
суреттері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . . 34-бет
3. М.Әуезовтің шоқтығы биік шығармаларының бірі – Абай жолы
роман-эпопеясындағы пейзаждың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 46-бет

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49-
бет

Реферат

Зерттеу жұмысының тақырыбы: М.О.Әуезов шығармаларындағы адам мен табиғат
тақырыбы

Зерттеу жұмысының көлемі: 50 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 30

Зерттеуде қолданылған терминдер: пейзаж, пафос, фабула, психологиялық
параллелизм, романтизм, идеализация, психологиялық сипаттама.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Қазіргі таңда ең өзекті, қоғамдық
мәселелердің бірі – бұл экологиялық проблемалар. Ал қоғамды толғандыратын
мәселеден сөз өнері де шет қалмай өз үлесін қосуда. Әрине, әдебиет немесе
жазушы бұл мәселелерді шешпейді, алайда олардың мақсаты табиғаттың қазіргі
халін өзі көріп отырған дәрежеде оқырманға жеткізіп, олардың арасын
байланыстыру. Апаттың алдын алуға ұмтылған жазушы табиғатқа жан бітіре
отырып, оның жанын, сезімін, түйсігін суреттейді. Сол арқылы оқырманға ой
салғысы келеді. Түйінді тұжырымдарды көркем ой сүзгісінен өткізіп, адамның
рухына, танымына ықпал етеді. Осы айтылған мәселелерді ұлы жазушы М.Әуезов
шығармаларынан үзінділер келтіре отырып дәлелдеу.

Зерттеудің жаңалығы: Зерттеуде экология туралы: табиғат әдебиетте
бұрынғыдай елеусіз нәрсе емес, ол ұлттық характер, әлеуметтік қатынастар
мен адамгершілік идеалдар қалыптасатын орта екендігіне баса назар
аударылды.

Кіріспе
Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының
зардаптарынан соңғы жиырма жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас
біршама жанданды. Алғаш рет экология терминін неміс биологы Эрнст Геккель
1866 жылы санамызға енгізген және бұған табиғат тірі организмдердің өзара
қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деп анықтама берген. Дегенмен,
экологияның қалыптасуына төлнегіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар сонау
ежелгі Греция мен Рим кезеңдеріндегі табиғат құштар философтардың
еңбектерінен туындаған болатын. Қазақ аңызында жарғақ құлағы жастыққа
тимей, желмаямен бірге жер кезіп, елге жайлы жер іздеген Асан қайғы даланы
ерсілі-қарсылы аралап, әр мекенге әртүрлі баға береді. Арман қуған Асан
атаның сын сөздері мен терең ойлы тамаша толғаулары бүгін де соншалықты
ғибратты, соншалықты мәнді...Өйткені, адамзаттың табиғатқа зәрулігі күн санап
ұлғайып келеді. Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің
бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға
тікелей қауіп төндіруі – бүкіладамзаттық ортақ тұжырым жасауға мәжбүр етіп
отыр.
Экологиялық проблемалардың зардаптық ауқымы өсуіне байланысты
ғылымның өзімен пейілдес генетика, демография, география, әлеуметтану,
топырақтану, гидрология, климотология сияқты ғылым салаларымен байланысы да
күшейді. Аса күрделі және қарама-қайшылыққа толы бұл мәселе тек
экономикалық-ғылыми түйткілге емес сонымен қатар қазіргі исі адамзатқа
ортақ рухани-мәдени мәселеге айналды.
Тақырыптың өзектілігі: Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам мен
табиғат егіз. Бұларды бірінен бірін ажырату мүмкін емес. Сол себепті де
табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы, әрбір
адамның денсаулығына, рухани және табиғи өсуіне, сол сияқты болашағы үшін
ауадай қажет екендігіне адамдардың көзін жеткізу бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде қоғам мен қоршаған ортаның
қарама-қайшылығы шиеленісе түсіп, адам мен табиғат арасындағы байланыстың
адамгершілікке негізделген шекарасын анықтауға өнер атаулының бар саласы
белсене қатысып, оның әлеуметтік маңызын көркем ойдың әсері арқылы адам
жанына ізгіліктің дәнін себуге, табиғаттың жұмбақ құбылысын бейнелей отырып
ойлантуға тырысып отыр.
Адам табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан адам табиғат ананың қадірін
біліп, өмір бойы оны аялауы, мейріммен қарауы қажет. Әйтпесе, табиғаттың
құдіретті тепе-теңдігі бұзылады да, ол жер бетіндегі тіршілікке қауіп
төндіреді. Біз бұған ұзақ жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтарымен
санаспай жасаған қадамдарымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. Бұл тұста өзін
бүкіл тіршіліктің иесіміз, сондықтан бәрі де бізге қызмет етуі тиіс деп
ойлап, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді адамға табындырамыз,
техникалық прогресстің шексіз жетістіктерімен ғарышты бағындырамыз деген
адамзат қатты қателесті. Шындығында адамзат Ф.Бэконның атақты табиғатты
табындыр деген ұранынан бастап, О.Сүлейменовтың Адамға табын, Жер енді!
дастанына дейінгі кезеңде табиғатты табындырып қана қоймай, жалындыра
бастаған болатын. Осыдан түрлі экологиялық апаттарға душар болдық. Ата-
бабадан мирасқа қалған ұлан-байтақ туған жеріміз қаншама зардап шекті.
Семей полигонында түрлі атом бомбаларын сынау жарылыстары жерді
аздырып тоздырды. Шексіз өнім аламыз деп суармалы егістің көлемін есепсіз
көбейтіп, су ысырабына жол берілді. Ғұмыр бойы ағып жатқан өзендер кесіліп
қалды. Арал теңізі тартылып, адам айтса нанғысыз дәрежеге жетті. Қазір осы
экологиялық апаттардан бүкіл әлем зардап шегіп отыр. Бұл оқиғалар адамның
рухани өміріне ықпал жасап, көркем ой қорытуға жетелейтін өмірлік
деректерді алдыға тартты. Табиғат, қоршаған орта – өмір сүрудің негізгі
күре тамырына айналған тұста, оның көркем өнерге, оның ішінде әдебиетке
әсер етпеуі мүмкін емес. Бұл тұста көркем сөз өнерінің атқарар қызметі
орасан зор.
Адамға экологиялық жауапкершілік пен сана-сезімді сіңіріп, экологиялық
тәрбиені өрістетуде көркем әдебиеттің рөлі қандай, жалпы табиғатқа
жанашырлықтың әдебиетіміздегі бейнеленуі, насихатталуы, көріністері қай
дәрежеде десек, қазақ әдебиеті де бұл аса күрделі мәселеге өз шама-шарқынша
үн қосуда.
Бұл күндері планеталық маңыз алып отырған экология, оның арғы
жағындағы халық мүддесі әр уақытта қаламгердің де бас мақсаты болуы хақ.
Айталық тәуелсіз қазақ мемлекетінің әрбір азаматын қоршаған ортаны,
яғни, өзінің отанының байлығын құрметтеуге баулу – моральдық-этикалық,
педагогикалық және эстетикалық мәселе.
Ал қоғамды толғандыратын мәселеден сөз өнері шет қалмақ емес, әрине,
әдебиет немесе жазушы бұл мәселелерді шешпейді, алайда олар табиғаттың
қазіргі халін өзі көріп отырған дәрежеде оқырманға жеткізуші, олардың
арасын байланыстырушы ғана. Бұлар апаттың алдын алуға ұмтылған жазушы
табиғатқа жан бітіре отырып, оның жанын, сезімін, түйсігін суреттейді. Сол
арқылы оқырманға ой салғысы келеді. Түйінді тұжырымдарды көркем ой
сүзгісінен өткізіп, адамның рухына, танымына ықпал етеді. Демек, жоғарыда
аталған мәселелердің барлығы да – әдебиеттің мәселесі болып табылады.
Биосфераны, табиғатты қорғау сияқты мәселені шешуде де халқымыз өз
жазушылырына үміт артады.
Зерттеудің негізгі мақсаты: М.Әуезовтей ұлы суреткердің шығармасындағы
адам және табиғат қарым-қатынасы проблемасының көркемдік шешім табуы жайын
ғылыми тұрғыдан талдап – таразылау. Осыған байланысты зерттеуде мынадай
мәселелерді қарастырдық:
- қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған адам мен
табиғат қарым-қатынасының көркем әдебиеттегі көрінісі мен қызметін анықтау;

- әдебиетімізде осы үлгінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан М.
Әуезовтің алғашқы кезең повестерінде табиғат суретін қолдану ерекшеліктерін
көрсету;
-Абай жолы роман-эпопеясындағы пейзаждың ролі.
Диссертацияның методологиялық және теориялық негізі. Диссертацияның
методологиялық және теориялық негізіне әдебиет зерттеушілері мен
сыншылардың теориялық еңбектері мен сын мақалалары пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде М. Әуезов шығармаларындағы адам мен
табиғат мәселесінің әлеуметтік гуманистік, адамгершілік тенденцияларына
көңіл бөлінуін айтуға болады. Зерттеуде экология туралы әдебиетте табиғат
бұрынғыдай елеусіз нәрсе емес, ол ұлттық характер, әлеуметтік қатынастар
мен адамгершілік идеалдар қалыптасатын орта екендігіне баса назар
аударылады.
Диссертацияның құрылысы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан және
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.Әдебиеттегі адам мен табиғат концепциясы М. Әуезов повестері мен
Абай жолы эпопеясы негізінде қарастырылады. Бірінші тарауда эколгиялық
проблемалардың көркем әдебиеттегі көрініс табуын қарастырдық. Екінші
тарауда М. Әуезовтің әдебиетке әкелген жаңалығы, оның ертеректе жазылған
Көксерек, Қараш-Қараш оқиғасы, Қаралы сұлу повестеріндегі адам мен
табиғат арасындағы қайшылық пен үндестік мәселелеріне тоқталдық. Екінші
тарауда Абай жолы эпопеясында пейзаждың атқаратын роліне тоқталдық.

1.1 Экологиялық проблеманың көркем шығармадағы көрінісі

Экологиялық сарын басты орын алатын көркем шығармаларда, негізінен,
адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамдардың табиғатқа деген махаббаты,
адамзаттың құртып-жою әрекетінен қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелер
сөз болады.
Экология – бұл табиғат туралы, ең алдымен табиғатты қорғау, адам мен
қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы ғылым деп түсінеміз. Ал экологиялық
проблемалар көркем әдебиетте табиғат тақырыбының негізгі өзегі болып
көрініс табады. ХІХ ғасырдан бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-
қатынас тақырыбы дәстүрлі әдеби ағым ретінде қалыптасты. Ол тек адам мен
табиғаттың арасындағы қарама-қайшылықты көрсетіп қана қоймай, адамгершілік
сана, ұрпақ байланысы, ауыл өмірі, тарих пен тағдыр сияқты және тағы басқа
көптеген мәселелерді қозғай бастады.
Атақты ғалым Ш. Уәлиханов та кезінде адам мен табиғаттың ара
қатынасына сипаттама бере отырып, табиғат құбылысы арқылы дүние сырын,
тұрмыс мәнін, қала берді, адамның өміріндегі орнын, оның өткені мен
бүгінгісін, болашағын тану ізденістерінің басталғанын жете түсіндірген
болатын 1.198-200. Бұл табиғатқа тоқталған жазушыларымызда өз
шығармаларындағы табиғат құбылыстары арқылы оның жайынан оқырманды хабардар
етуді мақсат етсе керек. Мысалы: С. Залыгин өз еңбегінде: Бүгінгі таңдағы
табиғаттың пана табатын жалғыз – ақ ұясы бар, ол-сіздің санаңыз. Біз
миллиондаған адамның санасына сондай ұя салып, табиғат деген – біз, біз
дегеніміз – табиғат екендігіне сендіріуіміз керек – деп өте орынды айтқан
2. 172, қалың қауымның санасын оятпайынша, әміршілдік-әкімшілік
шаралармен табиғатты қорғай алмайтынымыз белгілі. Табиғатты тұтыну көзі
деп қомағайлықпен пайдаланатынымыз сондай, тіпті ежелгі грек мемлекетінің
тұсынан бастап шыққан табиғатты қорғау туралы заңдармен күні бүгін
қабылданып жатқан үкіметтің қаулы-қарарының табиғат тағдырына шарапатын
тигізіп жатқаны шамалы. Осы мәселені қоғамдық санаға жеткізуіге алғаш қадам
жасаған әдебиет болды. Әдебиеттің қоғамдық саланы және оның бір бөлігі
экологиялық саланы қалыптасқандағы ролі бүгінгі таңда арта түсуде.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа арналған шығармашылық
ізденістердің ортақ тақырып ретінде өрлеу дәуірі де, тоқырау кезеңі де
болды. Кейбір зерттеулер бұл тақырыптар Л. Леоновтың Орыс орманы романына
және А. Довженконың Тамылжыған Россия мен Теңіз туралы дастанынан
бастап өнер өзегіне айналды деп есептейді. Кейінен бұл бағытты ауыл
прозасының өкілдері жалғастырды. Экологиялық жағдайдың нашарлауы мен
табиғи байлықты сақтау мәселесін көтерген Л. Леоновтың шығармасынан кейін
О. Гончардың, Ш. Айтматовтың, Г. Троепольскийдің, Б. Васильевтің және т.б.
шығармалары дүниеге келді. Әсіресе Сібір прозасының өкілдері деп аталып
жүрген В. Астасьевтің Патша - балығында, С. Залыгиннің Комиссиясында,
В. Распутиннің Матерамен қоштасуында, Н. Скалонның Тірі ақшасында бұл
тақырып өз жалғасын тапты.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас жөнінде қалам тербеген
жазушының барлығы да өз шығармашылығына айналамыздағы табиғат сұлулығының
күн сайын солғынданып бара жатқаның арқау ете отырып, табиғат байлығын
тонаушылықты қауіп деп түсініп, оған адамның жасампаздық мүмкіндігін,
рухының күштілігін қарсы айтып, тұтынушылық көзқарасты айыптайды.
Ұзақ уақыт бойы табиғатқа тамсана, тандана таңдай қағу ағымы ақыры
өршіл сарыншылдыққа (романтизмге), әсерлеуге (идеализация) ұласып, содан
кейін барып табиғатқа төнген қатер туралы түсіну кезеңі басталды.
ХХ ғасырдың ортасына қарай, табиғатты бағындыру нысанасы (идеясы)
зорлап бағындыруға ұласқан сәтте, табиғаттың да жасырын қарсылығы байқала
бастады. Бұл туралы белгілі жазушы табиғат жанашыры С. Залыгин адамдар
қарсы құбылыстарға кездесіп қалды деп жазған болатын. Қазіргі прозадағы
өмірдегі табиғи жаратылыстың бастауы туралы ойлар осындай қарама-
қайшылықтар байқалған кезде пайда болды да, оны көркем пайымдау арқылы
шешуге тырысты. Жазушылар табиғатқа үлкен мән беріп, оны жаңа қырынан
көрсетуге тырысты. Соның нәтижесінде табиғатты сырттай бақылаудан,
қызықтаудан бас тартып, оның ішкі дүниесіне үңілуге ұмтылды. Саланы
саралау барысында этикалық философиялық әлеуметтік жаңа көзқарастар
қалыптасты. Сөйтіп, жазушылар өз шығармалары арқылы табиғат әлемі қандай
жаңа қырларымен көзге түседі деген сауалға жауап іздейді. Бұл мәселе әр
жазушының шығармашылығында әртүрлі деңгейде көрсетілді.
Жалпы әдебиетте пейзаждың атқаратын көркемдік қызметі әр алуан. К.
Паустовский: Пейзаж должен существовать в прозе как герой, а не только фон
вещи, иначе будет плоскостным 3, 138 деп жазады. Шығармадағы пейзаждың
көркемдік қызметінің осындай бір қырын М. Әуезовтің Көксерек повесінен
көруге болады.
Көксерек қазақ әдебиетіндегі адам мен табиғат арасындағы қарым-
қатынасқа арналған, романтикалық рухта жазылған шығарма. Қазіргі
шығармалардың көпшілігінде кездесетін құрып бара жатыр, суалып бара жатыр
деп дабыл қағу болмағанымен де Көксеректе бірінші қатарға адамгершілік,
қайырымдылық табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік пен қарама-қайшылық
көркем шығармалардың ілхамына айналған.
Бұл шығарма туралы А. Нұрқатов: М. Әуезовтің алғашқы кездегі
туындылары ішінен оның суреткерлік құдіретін қапысыз танытқан
шығармаларының бірі – Көксерек. Тілінің ғажайып көркемдігі мен қисапсыз
молдығы, әсіресе бейнелік қуаты жағынан бұл повесті жазушының тек кейін
кемеліне келген кезінде жазған шығармаларымен ғана салыстыруға болады десе
4, 140, орыс жазушысы А. Брагин: Серый Лютий –превосходная новелла.
Кому еще удалось острым взглядом степняка так внимательно подсмотреть
волчьи повадки и достоверно их передать? Чехову в Белоголовом?Джеку
Лондону? Ауезов писал после них и достойно выдержал соревнование. Читая
Серого Лютого, я представляю Мухтара не в кабинете, а в степи – деп
жоғары бағалайды. 5.
А.Тайжановтың: Сезім – адам санасының саңылауы ол адамның өзінің
басқа адамдарға, өзін қоршаған айналасындағы дүниеге – табиғат жаратылысына
қатынасын білдіретін және оны бейнелейтін психикалық процесс. Сезімдер
мазмұн жағынан сан алуан түрге бөленеді. Адамның табиғатына тән түрлі
сезімдерінің ішінен жазушының айрықша бөліп көрсететіні – кейіпкерлерінің
жан шындығы, жан диалектикасы 6, 178 дегенін ескерсек, хайуанның сезімін
беру, соны адамға жеткізу қаншалықты таланттылықты, шеберлікті қажет
ететіні айтпай-ақ түсінікті. Жазушы табиғат туралы ойлай отырып, алдымен
адамның табиғатқа қарым-қатынасын көрсетеді, сосын табиғатты жандандыра
отырып, онымен адамды салыстырады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы көркем шығармадағы пейзаждың берілу
шеберліктерін зерттеу барысында біршама жетістіктерге жетті деуге болады.
Алдыңғы қатарлы әдебиет зерттеушілері, ғалымдар жазушылар мен өнер
қайраткерлерінің, соның ішінде олардың пейзажды беру шеберліктерін талдаған
бірнеше зерттеу еңбектер жарияланды. М.Әуезовтің шығармашылығын зерттей
келе А.Нұрқатов жазушының өнері мен шығармашылығы ерекшеліктеріне толық
тоқталып өтсе, З.Ахметов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдоловтар теориялық талдаулар
жасайды. М.Қаратаев, С. Қарабаев, Е.Муднова, Р.Бердібаев, Т.Кәкішев,
Р.Нұрғалиев, Ш.Елукенов, Ә. Байтанаев, П.Майтанов, М.Әдібаевтар поэтикалық
шыншылдығы, тіл шеберлігі, сөз қолданудағы жетістіктері мен көркемдеуші
құралдарды пайдаланудағы ерекшеліктерін сөз етеді. Мәселен, М.Әуезовтің
көркемсөз өнеріне қосқан үлесін жаңалығын айтады да, соның бірі ретінде М.
Әуезов шығармаларындағы табиғат суреттері туралы салмақты ойлар айтады.
Әдебиетіміздегі экологиялық мәселені алғаш көтерген М. Әуезов
шығармаларын кейін Ғ. Мүсірепов (Өмір жорығы, Қыран жыры), Т.
Әлімқұловтың (Текті қасқыр), Ә. Кекілбаев (Бәйгеторы), М. Мағауин
(Тазының өлімі), С. Санбаев (Аруана), О. Бөкеев (Бура, Кербұғы), М.
Сқақбаевтардың Кезек дүние шығармаларында бұл тақырып өз жалғастығын
тапты.
Қазақ әдебиетіндегі табиғат пен адам арасындағы байланысты көтерген
шығармалардың зерттеулеріне келсек, бұл әлі ашылмаған тақырып.
Соңғы жылдары әдебиеттерде адам мен табиғат байланысын, қарым-
қатынасын суреттеген шығармалардың көбейе бастағанына қарамастан, бұл
тақырыптағы әдеби-сын мақалалардың өзі сирек.
Табиғат туралы сөз ету – адамның әлемдігі, қоғамдағы алар орны туралы
сөз ету дегенді білдіреді. Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері
табиғаттың тылсым күші кім-кімді де таң қалдырған, толғандырған,
табындырған. Бұл заңды. Себебі судың да сурауы бар демекші, сұраусыз ештеңе
болмақ емес. Олай болса, адам мен табиғат арасындағы үндестік пен қайшылық
мәңгілік тақырып екені даусыз. В. А. Лось: Во все времена взаимоотношения
между человеком и природой являлись одним из важнейших факторов,
определяющих статус цивилизации на временном векторе истории человечества,
уровень развития научного знания, духовный климат эпохи 7, 135 деп
жазған еді.
М. Әуезовтей суреткер қалдырған мұралардың барлығын жан-жақты
түбегейлі зерттелді деуге болмайды. Оның шығармашылық шеберлігінің сан
қырлы иірім, құпиялары әлі ашылған жоқ.

2. М. Әуезовтің ертеректе жазылған шығармаларындағы адам мен
табиғат тақырыбы

Әр халықтың төл әдебиетінде өзінің өмірлік тәжірибесінің молдығымен,
ұланғайыр білімімен, үздік жазушылық талант–шеберлігімен, дарындылығымен
ерекше танылып, топ жарып алға шығатын қалам қайраткерлері болады. Олар
өздерінің осындай ерекшеліктерімен өз оқырманының халқының сүйіспеншілігіне
бөленеді, әдебиеттің дамуына бағыт беріп, өз үлесін қосып, кейінгі ұрпаққа
үлгі боларлықтай мұра қалдырады, әдеби процестің ұйтқысына айналады. Мұндай
ұлылардың есімі дүниежүзілік мәдениетпен өз халқының әдебиетінің
байланысына себепкер болады. 8. 17.
Қазақ әдебиетіндегі осындай ғұламалардың бірі – М. О. Әуезов. Жазушы
шығармалары мейлі халықтың өткен дәуіріндегі тарихына арналсын, мейлі осы
заман тақырыптарын арқау етсін әрдайым суреткерлік парасатымен, талант –
дарынының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түседі. Ол өзінің жазу
үлгісімен де, шындықты бейнелеу жолындағы ізденістерімен де қазақ
әдебиетінде жаңа жол бастады. Оның ұлылығы да осында.
М. Әуезовтің көркемдік – шығармашылық мұрасы өз әдебиетімізде ғана
емес, бүкіл кеңес, тіпті әлемдік әдебиетте өз алдына жеке құбылыс ретінде
бағаланады. Жазушы шығармаларының әлемдік әдебиетте осылай жоғары бағалануы
оның жаңашылдығына байланысты. Ол Шығыс пен Батыс Европа мен Азия
әдебиетінің классикалық дәстүрін үйрене отырып өзіміздің төл әдебиетіміздің
алға басуына үлкен үлес қосты. Ол өзіне дейінгі және өз тұсындағы
әдебиеттің озық үлгілеріне әбден қанықты, кейінгілерге мирас етіп қалдырды.
Жазушының осындай әдебиетімізге алып келген жаңалықтарының – бірі - көркем
шығармадағы адам мен табиғат тақырыбы, яғни, адам мен табиғат арасындағы
үндестік пен қайшылық.
Адам мен табиғат жалпы адамзаттық мәні бар мәңгілік философиялық
тақырып. Адам мен табиғат тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, біріне-бірі
тәуелді десе де болады. Адамдарды тек қоғам ғана емес, табиғат та
байланыстырады. Сондықтан да оның әдебиеттегі алатын орны ерекше. Бұл әлем
жазушылары шығармаларына арқау болған мәселе.
Жалпы әдебиетте пейзажды табиғаттың әсем суретін, бояуларын жан-жақты
суреттейтін шығармалардың көп екені белгілі. Тіпті онсыз шығарма болмайды
десек те болады.
Пейзаждың қазақ әдебиетіндегі реалистік көріністері Ы. Алтынсарин, А.
Құнанбаев бастаған бірегей жаңа өзгерістермен бірге келді. Табиғат
суреттері алдыңғы қатарлы әдебиет көшін бастаушы А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев шығармаларында да көрініс тапты.
Қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларында пейзаждық суреттердің неше
түрлі әдемі үлгілері кездесіп отырады. Қазіргі жазушыларымызда бұл суреттер
бірінде көбірек, бірінде азырақ болса да кездеседі.
Бұл жағынан келгенде Әуезовтің орны бөлек. Ұлы қаламгер пейзаждың
көркемдік шығармадағы қызметін анықтап берді. Оның шығармашылығындағы
табиғат суреттері сюжеттік оқиғаның уақытын, өлшемін, композициялық
тұрғыдағы көркемдік жолмен кеңістік тұтастығын, шығарманың идеялық
мазмұндылық астарларына қатысты образдылығын айқындайды.
Бұл туралы А. Нұрқатов: М. Әуезов табиғат суретін беруде де өзін
үлкен суретші ретінде көрсетеді. Оның шығармаларынан қазақ совет
әдебиетіндегі пейзаждық классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат
суреттерін кездестіреміз. М. Әуезовтің қолдануында пейзаж оқиғаның болған
орны мен мерзімін дәл көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге ол әрқашан
адамдардың характерлерінің типтік сипаттары мен олардың өзара қатынасын
мейлінше мол ашуға қызмет етеді. Табиғат суретін беру М. Әуезов үшін дара
мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясына сәйкестендіріп үнемі
құбылтып, құлпырта отырып қолданады. Жазушы табиғат суреттерін көбіне
геройлардың ой-сезімдері, олардың түсінулері арқылы береді.
М. Әуезовтің қолдануында пейзаж пайда болғалы тұрған оқиғаға ая
ретінде алынады да оқушыны соны терең түсінуіне алдын ала дайындай түседі,
– дейді. 9.
М. Әуезовтің табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан
қарастырған ертеректегі шығармаларына тоқталайық. Мұндай философиялық
шығармалардың бір ерекшелігі – жануарлар әлемі өкілінің адамдармен қатар,
тең дәрежеде көрінді. Яғни, олардың ішкі жан-дүниесі, психологиясы арқылы
сыртқы дүниеге, адамға деген көзқарастарын, түсінігін беруі.

2.1 Көксерек повесіндегі табиғат пен адам, олардың арасындағы
үйлесімділік пен қарама-қайшылық
Мұхтар Әуезотің табиғат пен адам қарым-қатынасын философиялық тұрғыдан
қарастырған шығармалары қатарынан алғашқылардың бірі болып орын алған
Көксерек повесі. Бұл шығарма Э. Хеменгуэй, Дж. Лондон, Сетон – Томсон
сияқты аты шулы әлем әдебиетінің белді өкілдерінің шығармаларымен тең түсе
алады. Бұл шығарманың жаңалығы неде?
Жазушы шеберлігінің суреткер дарынының бір сыналар тұсы – кейіпкер
образын жасауда шындығында да кейіпкердің бүкіл жан-дүниесін, мінез-құлқын
көркем сөз арқылы суреттеу оны қайткен күнде де дара тұлға, типтік бейне
етіп көрсету жазушы үшін үлкен сын. Жазушы осы мақсатта теңеу, салыстыру
айналадағы заттар мен құбылыстарды адам образына балау сияқты түрлі
тәсілдерді қолданады. Адам өзі, жер бетіндегі құдірет, бүкіл тіршіліктің
иесі, тірі бола тұрса да, жазушы оның бейнесін ашуда жер бетіндегі барлық
жан-жануарлармен салыстыруға жол табады. Озбыр, қорқау адам қасқырмен, қу
адам түлкімен, тұрпайы адам шошқамен, қылықсыз адам итпен т.с.с.
салыстырыла суреттеледі. Адам бейнесін шығармада бақа–шаян,
құрт–құмырсқамен де салыстырып жатады. Мұның бәрі де бізге ертеден таныс
шығармалардағы көрінетін адам мен табиғат өкілдері, тіршілік иелері
арасындағы қатыс байланыс. Ғалым Ә. Хайдаров сөзімен айтқанда: Бұл адам
баласының табиғатпен бірге туып, біте қайнасқан сонау балаң дәуірінен
қалған әсер, көркем сөз дәстүріне айналған ұғым, түсінік, шынайы өмір
шындығы. 10, 48.
Міне, осындай жан-жануарлардың бір қырынан ғана бейнеленетін бұрыннан
келе жатқан ескі соқпағын М. Әуезов бұзды. Реалистік әдебиеттің жақсы
сабақтарына ден қойған жазушылардың шығармаларының басқалардан артықшылығы
да, ерекшелігі де, жаңалықтары да осында. Бұл туралы әдебиетші ғалым Р.
Нұрғалиев: Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты
дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – М. Әуезов. Ол әлемдік құбылыс. Әуезов
ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлылықтардың
жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея,
тіл өрнектері, бояулар Әуезов дүкенінде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік
әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай алдынан нәр алған М. Әуезов қазақ
әдебиетіне реалистік дәстүрдің тереңдеп сіңгенін танытты, – дейді. 11,
36.
Кезінде дау туғызып, теріс сарындар басым деген пікірлер айтылып, өз
бағасын ала алмаған Көксерек жазушы талантының, шеберлігінің қаншалықты
жоғары екенін танытты.
Көксерек әлем әдебиетіндегі Дж. Лондон, Эрнест Хеменгуэй, Эдгар По,
Марсель Пруст шығармаларымен көркемдік шеберлігі жағынан творчестволық
бәсекеге түсе алатыны даусыз. Повесті оқығанда әсіресе, Канада жазушысы С.
Томсеннің Винипег қасқыры мен ағылшын жазушысы Дж. Лондонның Ақ азуы
арасындағы ұқсастықтарды бірден байқауға болады.
Джек Лондон шығармаларында адам мен табиғат, адам мен хайуанат
арасындағы қарым-қатынас жан-жақты суреттеледі. Оның кітаптары американ
әдебиетіне, сонымен қатар әлем әдебиетіне белгілі бір мөлшерде айтарлықтай
жаңалық алып келеді. Жазушының жануарлар психологиясына, олардың өміріне,
тұрмысына терең бойлай білуі таң қалдырады. Оның әңгіме, повестеріндегі
әрбір ит, әрбір қасқыр жеке психологиялық тебіреністер арқылы жасалған,
автордың өзіндік стилін танытады. Оның хайуанаттар туралы шығармаларында
гуманистік сарындар басым. Жаушының осындай әлем әдебиетінде санаулы
туындылар қатарына саналатын шығармаларының бірі – Ақ азу романы.
Қасқырлар дүниесінен жан-жақты хабар беретін бұл романда адам мен табиғат
арасында бітіспес күрес шебер көрсетіледі. Бұл көрініс қақаған аязда қасқыр
қамаған меңіреу далада ит жеккен шанамен жолға шыққан екеудің (Билл мен
Генридің) басынан өткізгендері арқылы беріледі. Шығармада қасқырлар әлемі
дүниеге жаңа келген қасқырдың күшігінің дамуы арқылы суреттеледі. Оның
көзін ашқанынан бастап дүниеге деген көзқарасы, түсінігі ойы рет-ретімен
тізбектеліп беріледі. Сонымен қатар қасқырлар өміріндегі түрлі айқас
заңдылықтардан да хабардар боламыз.
Шығарманың Көксеректен бір айырмашылығы – бұл адам қолына түскен
Ақазу бар дүниені өзіне бағындыратын ие – адам екенін түсінеді, оны
мойындайды. Ал иттер қаншама қыспақ көріп, мойнын шынжыр кесіп, ашу-кегі
қайнаса да өз иесіне адал, оған берілген, иесі үшін жанын қиюға дайын.
Шығарма негізінен адамның бар тіршілік атаулының иесі екенін, оның мейірімі
қандай көкжал, жыртқыш болса да қасқырдың жүрегін жібіткенін білдіретіндей.

Р. Нұрғалиев: Дж. Лондон қасқыр тірлігін суреттеу арқылы зұлмат орта
моралін айыптап, адамдар арасындағы қым-қиғаш сырларға емеурін жасап,
мегзеу, әсірелеу арқылы ішіңе от тастайды, сезімің, ойың тұтанып жүре
береді, – дейді. 12, 150.
М. Әуезовтің Көксерегін оқығанда осы шығармалар еске түскенмен,
олардағы айырмашылықтар да көрініп отырады. Бір тақырыпқа бірнеше жазушы
шығарма жазуы мүмкін. Бірақ олардың әрқайсысының айтар ойы, көздеген
мақсаты, стилі әртүрлі. М. Әуезовтің де Көксереті жазуына жоғарыдағы
жазушылардың шығармаларының ықпалы тиюі мүмкін. Бірақ ой болса болды,
сюжет, бейне, тіл өзінен-өзі туады емес пе.
Көксерек повесінің бір ерекшелігі – қазақ әдебиеті тарихында
экология, адамгершілік тақырыбына жазылған тұңғыш туындылардың бірі
екендігі.
Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар.
Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған тобылғы басқан. Сай бойында май
айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп бүрленіп қалған қалың қарағай жел
лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып, теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың,
жас шөптердің иісі келеді деп Қарадыр сайының құлпырған табиғатын
суреттеуден басталатын повесть сегіз тармақтан тұрады. Әр тармақта әр түрлі
баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған.
Шығарма басында сол жерде мекендеген қасқырлардың тағылық тіршілігінен
де хабар береді. Дүниеге жаңа келген күшіктерімен жатқан екі қасқырдың
қорғансыз жас қозыны жем қылуының берілуі де тегін емес.
Қозы екі қомағай ауыздың керегесінде қан жоса болып дар-дар айрылды.
Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш құрқ-құрқ етіп қомағай қанды
ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған
қасқырдың жасыл көздері от шашады деген сипаттауды оқығанда-ақ денең
тітіркенеді. Жазушы о бастан қасқырдың өзіне тән тағылығын, жыртқыштығын
ескерткендей. Осындай өмір сүру заңдылығы бар жыртқыштың бір сәттегі
әрекетін беру арқылы сақтандырады. Бұл көріністер қатқыл табиғат алда болар
бір ащы күйді білдіріп, соған дайындағандай. Әрі қарай табиғат суреті
азайып, психиологиялық сипаттама беріледі.
Ін үстінде мүйіз тұяқтар тасырлап, дүбірлетіп келді. Айқай дабыр
молайды. Бірі үстінен бірі келіп жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған
ағаштар сарт-сұрт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш
көздер ін аузына қадалды. 13, . Бұл қасқырдың түсінігі арқылы берілген
көрініс. Екі аяқтылар қасқырдың бес күшігін өлтіріп, біреуінің тірсегін
қиып, ең кенжесін алып кетеді. Бұл екі қасқырдың ызасын тудырады. Артынша
олар маңайдағы ауылдың малына тиіп, у-шу қылады. Бұл адамдардың табиғатқа
жасаған зұлымдығына, қиянатына жыртқыштардың тағылық жауабының бір көрінісі
тәрізді. Жазушы шығармада үнемі Адам, Қасқыр, қоршаған орта үшеуін тығыз
байланыстыра бейнелейді.
Кішкентай Құрмаш қолына түскен Көксеректің өсуін суреттегенде жазушы
оның шынайы өсіп-дамуына ғана тоқталмай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы
ықпал әсерінен болған жағдайларға баса назар аударады. Шығармада түз
тағысының адаммен қарым-қатынасы, адамның Көксерек түсінбейтін мінез-құлқы,
ауыл иттерінен көрген қорлығы, осыдан оның бойында пайда болған ыза кегі,
долылық сезімі жан-жақты көрсетіледі. Өзін адамның төсегіне алып жатып
мәпелеп, итаяққа ас құйып: Іш деп тұра өзіне бермегенді жегені үшін
ұратыны ауыл иттерінен көрген зәбірі бөлтірікті ызаландырады, ол бірте-
бірте қорықпай иттерге тап беретін болады. Қара ала төбетке қарсы шығып
жеңеді. Бірде Көксерек қойға шапқан қасқырларға еріп кетеді. Бұл оның
далада еркін өмір сүретін қырдың дүлей перзентінің бостандыққа ұмтылуы, өз
ортасын іздеуі заңды құбылыс. Сонымен қатар, Көксеректің кетуіне ішіне
шемен болып қатқан үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жапасы да
себепкер болады. Табиғатты күшпен бағындыруға болмайды, оның өз заңдылығы
бар. Онымен санасу керек. Небір тағыларды үйреткенде ақыл-айла, іскерлік,
білгірлікке қоса, адамның онымен жылы қарым-қатынасы да қажет. Ал жалғыз
Құрмаштың қамқорлығы, мейірімі Көксерек үшін аздық етеді. Бірақ ол өз
тобына бірден қосыла алмайды. Аты қасқыр болғанмен өзге ортада өскен
Көксерекке қасқырлар тобына қосылып сіңіп кету оңай болмайды. Ауылға үш рет
келіп, үш рет кетті. Оның ауылға оралған кездегі түрі: Бұл келгенде
Көксерек екі бүйірі суалып ашыққан, өзінің үсті-басы батпақ болып
сыбағысқан сабалақ жүдеу пішінмен келеді деп суреттеледі. Бірақ жазушы
оның қасқырлар тобымен кездескені туралы кеңінен айтпайды. Осылайша келіп
кетіп жүрген Көксерек соңғысында тұқымын сезіп, адамдардан мүлде кетеді.
Алғашында жалғыз жортқан ол қойға шабуға ауыл иттерінен қаймықты. Аштық
қысып, табанын суық қарыған Көксерек көкке қарап, аузын ашқанда ішінен зор
дауыс шықты. Бұл оның тұқымына ұқсап алғаш ұлығаны еді. Көксеректің алғаш
ұлуы оның адамдар ортасынан өз тұқымдастарына кетуінің арасын білдіріп,
бөліп тұрғандай.
Өз бетінше өмір сүруге көшкен ол басынан әрбір қиыншылық өткен сайын
ысылып, ширай түседі. Осының бәріне адамдар кінәлі деп, адамға деген
өшпенділігі, ыза кегі күн сайын арта түседі. Ішінен алғаш рет шыққан дауыс
оны Ақ қасқырмен табыстырады. Енді олар екеулеп малға ауыз сала бастайды.
Көксерек өзінің жыртқыштық тегіне тартып, адамдардан қорықпайтын болды. Жаз
шыға Қарадыр ауылы екі қасқырдан құтылады. Екі қасқыр адам көзінен таса
жайға орналасты. Көксерек басқа жақты торыды. Ақ қасқыр күшіктеді. Көксерек
оған жем таситын болды. Көп ұзамай екеуі бірігіп жорытатын болды. Осылайша
өз бетінше өмір сүріп жатқан қасқырдың тыныштығын тағы да адамдар бұзды.
Олар тағы да қасқыр інін ойрандап, күшіктің бірін жарымжан қалдырып,
қалғанын алып кетті. Адамдардың бұл ісі қасқырдың жанын жаралады, арыды,
жалғыз қаңғып кететін, аш қалатын күндері болды. Көп ұзамай, екі қасқыр
Қарадыр елін қан қақсатып, қиянатқа қиянатпен жауап берді.
Бір күні зор қуғында Көксерек серігінен айрылды. Қайғысы жанына батқан
ол жалғыз жортты, қатты құтырды, ауылдың малын қырды. Сөйтіп, Көксерек
жыртқыш аңға айналды. Ұлысып табысқан қасқырлар тобында топ басшысы
Көкшолақтан басқа Көксерек ығатын ешкім жоқ. Қарындары тоқ, жемтік көп
кезде бұл екеуінің жұбы жазылмайды. Ал ашыққанда олар бір-біріне көзін
алартып, қолға түскен аз олжаға таласып қалатын болды. Көксеректің алғашқы
құрбандығы ала төбет болып еді, енді міне ақыры жемге таласқан Көксерек
Көкшолақты жер жастандырады. Шығармадағы Көкшолақпен тартысын оқығанда
жаның түршігеді. Тамағынан қапсыра қысып буындырып алып, мойын сүйегін
қырт-қырт шайнайды. Көкшолақтың аузы арандай ашылып, тынысы құрып,
тыпырлауға шамасы жетпей қалды. Сол уақытта артқы қасқырлар топырлап келіп
жетіп, Көкшолаққа ауыз салысты. Балбырап аққан қызыл қанның иісі аш
қасқырларға мас қылғандай белгі берген еді. Шаптал, қолтықтан, жалаңаш
төстен мықты, өткір тістер жұлқып-жұлқып жатқанда, Көкшолақтың қаны жосылып
ағып, ішінен бұрқырап буы да шықты. Бұл арада бар ауыз түгелімен жабылып
кеткен еді. Аз уақытта Көкшолақтан бұрқыраған жүн мен төрт табан қалды.
13, .
Дүние кезек деген осы. Кеше өздерін қорғап, басшы болып, ішер ас тауып
беріп жүрген Көкшолақты араларынан шыққан одан да мықтының соңына еріп
жарып тастады. Көксеректен де күшті шықса, ол да Көкшолақтың кебін кимесіне
кім кепіл.
Шығарманың төртінші тармағының жартысынан бастап, бесінші, алтыншы
тармақтар Көксеректің жыртқыш ретіндегі жортуылдарын бейнелейді. Бұл
жердегі көріністердің көбі Көксеректің көзімен көрсетіліп, түйсігі арқылы
беріледі.
Жолға бел буып, қарақшы қалпына түскен Көксеректің түйеші адам оғынан
жаралануы оның ызасын ушықтыра түседі. Өзге қасқырлар бір бөлек, бұл бір
бөлек кетіп, тағы да жалғыз қалды. Жарасы жанына батты, аштық қысты. Арада
бірнеше күн өтті. Бір жылқыны бір күн азық етті, тыңайды. Тағы жортты.
Жорта-жорта ауылдан алыс емес, шашыла жайылған қойдын үстінен шықты.
Жыртқыш бақташы баланы елемейді де. Бір мезгілде жотасына сарт етіп тиген
ағаш оны ызаландырады. Оның төзімі, шыдамы осы сәтте шегіне жеткендей, ол
баланы бас салады. Бұл бала өзін бөлтірік кезінен асырап, қолымен
тамақтандырып, қойнына алып жатқан иесі – Құрмаш еді.
Көксеректің бұл қылығы – адамның өзіне жасаған қиянатына, зұлымдығына
деген жауабы тәрізді. Не нәрсенің де шегі болады. Адамға деген ыза кегі,
ашуы біріне-бірі қосыла келіп, ақыры кінәсіз сәбидің өліміне алып келеді.
Адамзат түз тағысына осыншама қиянат жасамай, жанашырлық көрсетіп,
өздерін дер кезінде тоқтатқанда, мұндай қайғыға ұшырамас па еді? Қасқыр түз
тағысы жыртқыш болғанымен, ол да тіршілік иесі. Адам қалай қайғырып
қиналса, онда да сондай сезім бар екендігі шығармада анық көрінеді. Жазушы
қасқыр әлемін, жан-дүниесін, күйзелісін шебер бергендігі сонша, шығарманы
оқығанда, бейкүнә сәбиді өлтірген Көксеректі бірден кінәлай алмайсың.
Себебі қасқырдың адамдар тарапынан көрген мейірімсіздігін оның жанындағы
арпалысты, күйзелісті өзінің түйсігі арқылы нанымды етіп суреттеген. Жазушы
Көксеректің бұл қылығын әбден пісіріп, шегіне жеткен, басқа амалы жоқ,
мәжбүрліктен туған қадам ретінде көрсетеді. Басқаша болуы мүмкінде емес
сияқты. Мұнымен кейбір әдебиет зерттеушілері де келіспейді. Көксеректің бұл
ісі туралы профессор Нұрғалиев былай дейді: Психологиялық жағынан ол
қандай қылыққа басса да сенімді қойға шаба ма, жылқы жара ма, бәрібір
оңдырмасы анық. Көзін ашар-ашпастан иттерден көрген қорлығы, еріксіздік, Ақ
қасқырдай серігінен айрылуң, суық, қатыгез далада кезбе тірлік, жанын
көзіне көрсеткен у қорғасын – осының бәрі жиылып кеп, бұған ата-бабалар
қанымен берілген қаныпезерлік қосылғанда, Көксеректің қойшы балаға шаппауы
– қолдан жасалған қадам болар еді. 12, 153.
Ал Д. Омаров өз мақаласында: табиғат заңдылығының кемелдігіне және
өзгеруге мүмкін еместігіне, оның мүлтіксіз орындалатынына тағы да көңіл
бөлейік. Қасқыр Көксерек өзінің табиғи болмысын өзгерте алмай, Құрмаш
адамдар жіберген тағы бір қателіктің құрбаны болды. Өзінің инстинкті
бойынша өмір сүретін қасқырдың табиғатты бұзуы мүмкін емес. Сондықтан
Көксеректі кінәлау табиғатты кінәлаумен бірдей. Табиғат адамдарға өздерінің
жасаған қателіктерін әрдайым көзге шұқығандай етіп ап-анық көрсетіп
отырады деп Көксерекке шаң жұқтырмай, адамдардың өздері кінәлі саласа, Ә.
Ғалымқызы да шығарманың мазмұнында оқиғаны тізумен ғана шектелмей адам
тарапынан жасалған қаталдыққа қарсы оқушы наразылығын ояту жағы да
қарастырылатынын айтады. Адам хайуаннан жыртқышқа зұлымдық, жәбір көрсете
алатындығымен артық еместігін айтқан И. Крамов пікірі де осыны құптайды.
Бұл тұста: Природа – это некая праведность, без исполнения которой
не может быть жизни, в том числе и жизни человеческой. Нарушьте ее, и
наступит суд, опять-такие настолько праведный, в котором погибнет не только
правонарушитель, но и сам судья, то есть все та же Природа 2, 94 деген
С. Залыгиннің пікірімен әбден келісуге болады.
Адам баласы басқа жан иелерінен артық жаратылған. Бұл артықшылық –
оларға берілген ерекше ақыл-еспен ерікте. Бұл бүкіл жан иелерінің
арасындағы жетілудің жоғарғы деңгейінде тұрған адамзатқа берілген ерекше
мүмкіндік. Адам оны дұрыс пайдалану арқылы өзінің болмысын түсіне алады. Ал
хайуанаттарда мұндай мүмкіншілік жоқ. Адам мен хайуанның арасындағы негізгі
айырмашылық та осы. Малда да бар жан мен тән, ақыл мен сезім болмаса, –
деген сөзінде Абай мал мен адамның айырмашылығын анықтай түседі.
М. Әуезов шығармасында адамдардың өзінің ақыл-естері мен еріктерін
дұрыс пайдаланбаудың салдарын беріп отыр. Адамдар қасқырдан өзінің
артықшылығын пайдаланып, бөлтірікті алып келіп, оны өздерінің ермегіне, не
болмаса басқа пайдасына асырмақ болды. Олар бөлтіріктен өскен сайын өзінің
болмысына қарай бара жатқанын көрсе де, кішкене Құрмаштың ырқына көніп,
табиғатқа қарсы әрекет жасайды. Ал Құрмаш - әлі өзінің сезімін ауыздықтай
алмайтын сәби. Құрмаш Көксеректі өсіріп, иттің орнына пайдаланбақ болды.
Бірақ қасқыр ит бола алмайды. Екеуі де хайуан болса да, ол екеуінің
табиғаты екі түрлі. Екеуінің айырмасы шығармада салыстырмалы түрде үнемі
көрініп отырды. Жабайы аңдар үй хайуанаттарымен салыстырғанда табиғат
қыспағына көбірек түседі. Повесте бұлар Көксеректің талай рет аштыққа,
суыққа ұрынғаны арқылы көрінеді. Ал Көксерек қолда болғанда да екі рет
тамақ ішіп, жылы жерде ұйықтады. Үнемі қолда болған иттен тұқымы жабайы
Көксеректің дамуы төмен екені повесте анық жазылады. Құрмаш қанша
тәрбиелесе де Көксерек ұрлық пен адал істің айырмасы не екенін ұға алмады.
Біресе өздері беріп тұрып: Же, - дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып
алып жеп жатса, ұрады. Мұның өзі Көксеректі адамға өшіктіріп, одан сайын
оны жат мінез етеді. Ал иттің ұрлықтан тартынатыны белгілі. Ол тіпті, таяқ
жегеннің өзінде де өз кінәсін біледі, әдетте адамдарға кек сақтамайды.
Көксеректің қасқырға тән мінезі былай көрсетіледі: Түнде қозының құйрығын
иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы көреді. Иттен
қорыққанынан ғана үйде жатады. Құрмаш бұлардың бәріне де мән бермейді.
Қойдың иісі Көксеректі еліктіре мас қылса, Көксеректің иісі қойларды
қорқытып, олардың есін шығарады. Бұл олардың табиғи болмыстарына
байланысты, өзгерту мүмкін емес.
Көксеректе басқа жанды жақсы көру деген сезім өте әлсіз. Құрмашқа
тамақ беру үшін шақырғанда ғана келеді. Оның өзінде адамды жақын тарту
немесе оның көңілін аулау деген сезім жоқ. Ал иттердің қылығы бөлек екені
белгілі. Оларға өзінің иесіне қызмет ету, оның көңілін аулап, еркелеу
сияқты қасиеттер тән. Бірақ ит күш жағынан көбінесе қасқырдан әлсіз болып
келеді. М. Әуезов ауылда көп иттің қасқырға жем болғанын жазады. Ал қара
төбет Көксеректі қанша таласа да оны өлтіру дәрежесіне апарған жоқ. Тек
оған жазасын бергендей ғана болады. Иттің қасқырлардан күш жағы төмен болса
да, түсінік жағы жоғары. Ит өзінің міндетін орындауға ұмтылып иесіне
жақсылық жасауға тырысады. Итте қасқырға өзінің иесіне деген сүйіспеншілік
қызмет ету, өзінің міндетін түсіну, адамның қуаныш-қайғы сезімдерімен
алмасу болады. Ал адамдар бұл айырмашылықтарды естен шығармау керек.
Даму деңгейіне байланысты әрбір жан иесінің өзіндік өмір сүру ортасы
болуы керек. Сонда ғана ол табиғи жағынан жетіле алады. Мысалы, Көксерек
қолда болғанда: Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ,
суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді деп жазады
жазушы. Ал өз үйіріне қосылғанда жадырап, секіріп ойнап кеткені, сонымен
бірге тез қоңданып, семіріп, күш алғаны айтылады. Табиғат заңдылығына қол
сұғып, адамдардың өз сезімдері үшін оны өзгертпек болуы үлкен кесапатқа
апарып соқты. Көксеректе өзінің болмысына байланысты әрекет жасады.
Сондықтан ол кінәлі емес. Адамның шектен тыс қылықтарына жауап, бір тыйым
болуы керек. Құрмаштың өлімі оларға берілген жаза, сабақ тәрізді. Қандай да
болмасын зұлымдық жандарсыз болмайды. Осы арқылы жазушы адамдардың өзін
қауіптен, жамандықтан сақтандырғандай.
Ол үшін табиғаттың басқа тіршілік иелерімен де санасу керек, қорғай
білуі керек, сол арқылы өздеріне келер апаттың алдын алмақ. Сонда өздері
қазған орға өздері түспейді. Бұл жертде Әуезов әрбір жан иесінің өзіндік
болмыс, өмір сүру ортасы болатынына, оны бұзбау керктігіне тағы көңіл
аударады.
Сол арқылы адамдарды ойлануға, қоршаған ортаны қорғауға,
мейірімділікке шақырады.
Жазушы Көксеректің Құрмашқа шабуылын бейнелегенде үлкен шеберлік
көрсеткен. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір
жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында
өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап
тұр. Ақыры сезген білгені сол. Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы
тиместен өліп кетті. 13, 26. Көксеректің бұрынғы жемтіктерін шапқанда
қандай күйде болады, қалай мерт қылды бәрі айтылатын. Құрмашқа ұмтылған
қасқырдың нендей халде екені шығармада көрсетілмейді. Себебі бұл жерде бала
мен қасқыр – шығармасындағы екі достар жау ретінде көрінеді. Бұл жерде тек
кінәсіз, қорғансыз Құрмаштың өлім төніп келе жатқандағы қалі ғана
суреттеледі. Кеше өзі бауырына басқан бөлтірік бұған бүгін ажал болып
төнді. Сонда жақсылықтың, адамгершіліктің қарымтасы қайтпағаны ма?
Д. Омаров бұл жас баланы қасқыр асырауға көндіре алмаған, оған дұрыс
түсінік бере алмаған үлкендерді кінәлі санайды, соның салдарынан өздері
зардап шеккендігін айтады. Шындығында да қасқыр үшін адамдардың бәрі бірдей
еді. Оның түйісігінде адамдар туралы екі аяқтылар деген ғана ұғым бар
сияқты. Көксеректің Құрмашқа шапқандағы күйін суреттемеуді де, яғни оның
бойындағы айтарлықтай өзгерістің болмауы да осында жатса керек. Сондықтан
Көксерек өзіне қиянат жасаған адамдардың кінәсіз сәбиін өлтіру арқылы кек
алады. Шындығында баланың өлуі бар жағдайдың шешімі. Оның өліміне бәрінен
бұрын далада қалыптасқан адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың
бұзылуы, адамзаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Абай оқыған шығыс шайырлары
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
Мұхтар әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Жазушының драмалық шығармалары
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Пәндер