Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.



Кіріспе
І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту
жағдайы, проблемалары

1.1. Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет және құқық пәнін оқыту еркшеліктері
1.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Құқықтану негіздері» пәні орта мектепте

ІІ тарау. Мемлеке және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы
әдіс.тәсілдері және жетілдіру жолдары

2.1. Бастауыш эжәне орта буын сыныптардағы
мемлекет және құқық пәнін оқыту жолдары.
1.7 сыныптар

2.2. Жоғарғы сыныптардағы құқық пәнін оқытудың
ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
8.11 сыныптар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі
Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты /1/.
Бірақ, 1995 жылы 30 тамызда қоғмдағы өзгерістерге, соңғы талаптарға сай, толықтырылған жаңа Констиуция бүкіл халықтық референдум нәтижесінде дүниеге келді.
Референдум дегеніміз- мемлекет өмсірінің маңызды мәселелері жөнінде хаолықтың шешім қабылдауы /2/.
Бұл Крнституцияға адамгершілік принціпке негізделген заң деп күмәнсіз айтуға болады. Сесбебі оның ұйытқысы адамның құққтары мен бостандықтары. Қабырғасы жаңа қаланып отырған қоғамның бір екрешелігі- мемлекет, қоғам алдында жеке адамның жауаптылығын арттыру, жеке адам құқықтарының құқытарын орынды пайдалану мен қатар, басқалардың қол сұғуынан заңды жолмен қорғана білу де қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы мемлекет пен қоғамның нығаюы, дамуы және қоркеюі адамдардың кауіпсіздігі, олардың заңсыз өмір сүріп, өздері үшін қоғам үшін пайдалы жұмыс істеуі заңдардың мүлтіксіз орындалуына байланысты. Заңдылықсыз ешқандай құқықтық тәртіп болмайды.
Егемендікке қол жеткеннен бері мемлекетіміздің негізгі Ата заңы мен бірге 250 –ден астам заңдар қабылданып, адамдардың арақатынасын жаңа шынайы демократиялық негізде реттеуге жол ашылды. Осындай түбегейлі өзгерістерге орай, әр Конституцияда аталып көрсетілгендей құқықтық мемлекет құруымызға бет бұруымыз құқықтану пәніне бүгінгі таңда айырықша мән беруді талап етеді.
1. Дана Смағұлова «Құқықтық мемлекет қағидаттары» // Қазақстан заңдары. 1998 №9. 60-бет.
2. Баршаға арналған демократия.
3. Қабдеш Ыдырысов «Заман талабынан туған оқулық» // Қазақстан тарихы . 1995 жыл. №3. 60-61 бб.
4. ҚР-сы Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер. А: 2002 ж. 3-6 беттер.
5. Сәнзия Көптілеуова «Құқықтық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер» //Жалпы тарих және құқықтану мектепте. А:2005 ж. №1. 8 бет.
6. 1. 61-бет.
7. Рыскүл Баймырзаева «Жалпыға бірдей құқықтың оқытудың өзекті мәселелері» // Қазақстан заңдары. 1998 ж. №8, 39-бет.
8. Оразалиев С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу» // Заң. 2003 ж. №5. 12-бет.
9. 3. 61-бет.
10. Бағдарламалар «Құқықтануға кіріспе» А: 2000 ж. 3-бет.
11. 1. 60-бет.
12. 1. 61-бет.
13. В.Вуколов «Мұндай бағдарламаның пайдасы қанша» // қазақстан тарихы. 1993 ж. №8. 67-бет.
14. 7. 40-бет.
15. Әбілқасымова Алма, Рахымжанов Әмірхан «Жалпы білім беру жүйесін жітілдіру» // Қазақстан мектебі. 2000 ж. №4. 5-6 б.б.
16. Жоғарғы білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңы. А: 1993 ж. 3-бет.
17. 15. 6-бет.
18. Қазақстан Республикасының білім туралы заңнама. А: 2002 ж. 3-бет.
19. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы. А: 2002 ж. 3-бет.
20. Білім минисрлігінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» // Егемен Қазақстан 2003. 26. ХІІ.
21. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауы. // Егемен Қазақстан. 2005 ж. 19-ақпан.
22. Алғашқы қадамдар. Адам құқықтарын оқытудың бастапқы курсы. Оқу құралы. А: 2001 ж. 5-бет.
23. 13. 67-бет.
24. 3. 61-бет.
25. 7. 61-бет.
26. 1. 68-бет.
27. 3. 62-бет.
28. 7. 40-бет.
29. 10. 4-бет.
30. Оразаликов С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу». // Заң 2005 ж. № 5. 13-бет.
31. Исаев Ә. «Қоғамды тану құқықтан басталады». // Қазақстан мектебі. А: 2003 ж. №12, 7-бет.
32. Бакирова У. «Құқықтық тәрбие өзекті мәселе». // Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2003 ж. №1. 29-бет.
33. 7. 42-бет.
34. Қазақстан Республикасының орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. А: 2002 ж. 3-бет.
35. 4. 6-бет.
36. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатандарты. // Қазақстан тарихы 2003 ж. №8, 63-бет.
37. 34. 6-бет.
38. 36. 6-4 беттер.
39. 34. 8-бет.
40. 4. 8-бет.
41. 34. 10-бет.
42. 36. 70-бет.
43. 34. 11-бет.
44. 1. 42-бет.
45. «Құқықтық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер». // Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2005 ж. №4, 8-бет.
46. 10. 5-бет.
47. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан 1997 ж. 19-маусым.
48. «Құқықтану негіздері» курсы бойынша жоспарланған бағдарлама. А: 2004 ж. 3-бет.
49. 30. 9-бет.
50. 48. 4-бет.
51. 45. 8-бет.
52. 48. 5-бет.
53. 48. 7-8-беттер.
54. 48. 9-10-беттер.
55. Баршаға арналған адам құқығы. А:2005 ж. 130-131 б.б.
56. Аргументы и факты… 1999 №5.
57. 55. 133 б.
58. Құқық негіздері пәні бойынша мұғалімдердің педагогикалық қызметін ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. А: 2004 ж. 13-бет.
59. 48. 3-бет.
60. 48. 34-35 б.б.
61. 58. 4-бет.
62. 48. 41-45 б.б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту
жағдайы, проблемалары

1. Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет
және құқық пәнін оқыту еркшеліктері
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты бойынша Құқықтану негіздері пәні орта
мектепте

ІІ тарау. Мемлеке және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы
әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары

2.1. Бастауыш эжәне орта буын сыныптардағы
мемлекет және құқық пәнін оқыту жолдары.
1-7 сыныптар

2.2. Жоғарғы сыныптардағы құқық пәнін оқытудың
ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
8-11 сыныптар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

Кіріспе
Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің
маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың
заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде
қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі
де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына
адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана
қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың
арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі
әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25
қарашада Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991
жылғы 16 желтоқсандаҚазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда
мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты
1.
Бірақ, 1995 жылы 30 тамызда қоғмдағы өзгерістерге, соңғы талаптарға
сай, толықтырылған жаңа Констиуция бүкіл халықтық референдум нәтижесінде
дүниеге келді.
Референдум дегеніміз- мемлекет өмсірінің маңызды мәселелері жөнінде
хаолықтың шешім қабылдауы 2.
Бұл Крнституцияға адамгершілік принціпке негізделген заң деп күмәнсіз
айтуға болады. Сесбебі оның ұйытқысы адамның құққтары мен бостандықтары.
Қабырғасы жаңа қаланып отырған қоғамның бір екрешелігі- мемлекет, қоғам
алдында жеке адамның жауаптылығын арттыру, жеке адам құқықтарының құқытарын
орынды пайдалану мен қатар, басқалардың қол сұғуынан заңды жолмен қорғана
білу де қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның және мемлекеттің
негізгі заңы мемлекет пен қоғамның нығаюы, дамуы және қоркеюі адамдардың
кауіпсіздігі, олардың заңсыз өмір сүріп, өздері үшін қоғам үшін пайдалы
жұмыс істеуі заңдардың мүлтіксіз орындалуына байланысты. Заңдылықсыз
ешқандай құқықтық тәртіп болмайды.
Егемендікке қол жеткеннен бері мемлекетіміздің негізгі Ата заңы мен
бірге 250 –ден астам заңдар қабылданып, адамдардың арақатынасын жаңа шынайы
демократиялық негізде реттеуге жол ашылды. Осындай түбегейлі өзгерістерге
орай, әр Конституцияда аталып көрсетілгендей құқықтық мемлекет құруымызға
бет бұруымыз құқықтану пәніне бүгінгі таңда айырықша мән беруді талап
етеді.
Осыған байланысты және Қазақстан Республикасындағы құқытық реформа
жасадың мемлекеттік бағдарламасын атқару үшін Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылдың 21 мауысымында Қазақстан Республикасында жалпыға
бірдей құқытың оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы қаулысы
қабылданып, осы қаулымен оқушы жастарды құқытық оқыту тұжырымыдамасы
бекітілген.
Бұл тұжырымдама бекітілгенге дейін Республика мектептерінде 1991
жылыға дейін заңның құқытық негіздері 8 сыныптағы Кеңес мемлекетінің
құқытық негіздері пәні арқылы үйретіліп келді. Ал егемендігімізді алғалы
бері, орта мектептерде Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығы
негідері пәні 1992-1993 жылдары оқу жылыннан бері оқытыла бастады. Бұл
уақыттарда ата заңымыздың толық қабылданып, үлгермеу себебінен осы пін
бағдарламасыз, тек бағдарламаның жобасымен оқытқан болатын. Ең алғаш
Мемлекет және құқық пәніне бағдарламалары Ғайрат Сапарғалиев құрастырып
және 1994 жылы Атамұра баспасы көмегегімен. Қазақстан мемлекеті мен
құқығының негіздері оқулығын жарыққа шығарды 3.
Бұл кітап ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына
арналған ана тіліміздеге жазылған құқықтық төл еңбек болып табылады.
Қазіргі күнге дейін бұл пән, осы ескі оқулықтың оқылуы жүйесімен
оқылып жүр.
Мектеп жобасына дейінгі құқықты оқыту және құқықтық тәрбие мәселенің
қажетті мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтеріліп отыр. Құқықты оқытумен
құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы Қазақстан халқының алдына қойып отырған
тарихи мақсатын құқықтық мемлекет құруға байланысты құқықтық мемлекет құру
үшін жаңа құқықтық жүйе қалыптастыру қажет, ол қоғамөмірін демократиялаға,
адамгершілікке баулуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына,
қызметіне, жынысына т.с. белгілеріне қарап кемітуді жоюға бағытталады.
Міне осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикаы өз егемндігене
иеленіп, тәуелсіз болғанан бастап қалыптаса бастады. Бірнеше жыл дербес
өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдармен құқықтық
нормативтік актілер қабылданып, олар адамдар өмірінің түрлі салаларын
реттеуге бағытталды.
Барлық қабылданатын заңдардың басым көпшілігі тікелей немесе жанамалы
азаматтарға, жеке адамға туғаннан бастап қатысы бар. Әрбір адамөзіне
қажетті, құқықтар мен босандықтардың қорғайтын заңдарды білуі керек.
Бұл мәселенің екінші жағы: заң адамға мінтеттер жүктейді. Адам
басқалардың құқықтарын бұзуы керек, олардың өміріне денсаулығына ар-
намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді. Отбасында,
жұмыста, мектепте, көпшілік жерлереде т.с. барлық жерде белгіленген құқытық
тәртіп бар. Соны сақтау керек.
Әрине бірде-бір адамның елдегі қолданылып жүрген барлық заңдарды білуі
мүмкін емес. Дегенмен күнделікті өмірге қатысы бар заңдар қағидаларының
жалпы нұсқаларын білген жөн. Ол үшін құқықты тануды жастайынан, баланың
жақсы мен жаманды айыра бастаған кезінен жүргізілген жақсы. Заң игілікті
жақсы, істерді, пайдалы әділ әрекеттерді жасауға рұқсат береді. Соынсен
қатар жаман, зиянды, әділетсіз әрекеттерге тиым салады. Мұндай сабақты адам
күнделікті өмірден стихиялы түрде алып отырады. Бірақ мұндай білім адамның
заң туралы, оның адам, қоғм және мемлекет үшін қандай маңызы бар екендігі
туралы, тұтас ой-жүйесін қалыптастырмайды. Заңдар туралы, адамның құқықтары
туралы жүйелендірілген білімді адам тек оқу барысында ала алады, сондықтан
осы игілікті жұмысты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тезірек құқықтық сана
қалыптасады.
Оларды тану Қазақстанда қандай мемлекет құрып жатқанын түсінуге
мүмкіндік береді, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар
екенін, адамның заңды мүддесіне нұқсан келтірсе оларды кімнің қорғайтынын
білетін болады.
Заңдарды үйретудің пайдасы сонда болады, егер, біріншіден, мұғалімнің
өзі заңның не екенін, олардың әлеуметтік маңызды қандай екенін, заңның
талаптары мүмкінсіз орындалғаннындай зиян келетінін түбегейлі білуі тиіс.
Осыған байланысты мұғалім өз құқы мен міндетін білген дұрыс, яғни Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңын білуге, оқу бағдарламасының
орындалуына, оқушылардың білім санасының болуына, шәкірттердің адамгершілік
қасиеттерін азаматтық ар-ождан беделін құрметтеуге, оқушыларға мамандық
таңдауға ықпал етіп, кәсіптік бағдар беруге міндетті. Екіншіден, оқушылар
зор ынта-ықыласпен заңдардың мәнін, мазмұнын оқуға, түсінуге тырысулары
керек. Бұл да әрине, жетекшіліксіз. Заң туралы алған білімді, заңның
идеяларын өз жеке басының ой-жүйесіне, сана-сәзіміне айналдыру керек.
Сөйтіп әр адам өзінің өмірін, іс-әрекетін заңдар тарапына сай сәйкес жүзеге
асырулары қажет. Сонда ғана құқықтық білімнің жеке адам үшін, қоғам және
мемлекет үшін пайдалы болды.
Қазіргі таңда орта мектепте мемлекет және құқық пәні жылына 34 сағат,
ал аптасына 1 сағаттан оқытылып жүр. Мемлекет және құқық пәніне мектепте
өте аз сағат бөлінген. Бұл берілген 34 сағат ішінде оқушылар толық құқықтық
білім алып үлгере алмайды. Сол себепті балаларды құқықтық нормалар
әліппесіне оқытуды мектептке дейінгі тәрбие мекемелерінен бастау
ұсынылған. Өйткені, жеке адамның құқықтық санасының негізгі, жеке адам
ретінде қалыптасуы сәби кезден, адамның жан-дүниесі енді қалыптаса бастаған
кезден бастауы керек.
Болашақта осы пәнді1-ші сыныптан оқытуды енгізсе, оқушылар ерте жастан
әртүрлі заңдармен таныса алар еді.. Сонымен қатар оқушылар өз бойында өзін-
өзі тәрюбтелеуді қалыптастыру және заңды сыйлағыш тұлғаны ерте жастан
қылыптастыра алатын еді.
Қазіогі кезде білім жүйесі құрылымыдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару
үстінде. Білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен
өзгерістер жасалып жатыр.
Мәселең Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 1-бабына
сәйкес, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
жасалды. Құқық негіздері пәні бойынша стандарт 2002-2003 жылдар негізінде
дайындалды. 4.
Әрбір ел азаматы өз құқығын білуі тиісті және міндетті. Көп елдерде
құқық пәні 1-сыныптан енгізілген. Осыған байланысты, Алматы қаласындағы
Білім депаттаментінің 2003 жылғы мамыр айындағы 173а бұйрығы бойынша 1-11
сыныпқа дейін Құқық негіздері пәні Алматы қаласындағы мектептерде
енгізілуі ұсынылды. Осы бұйрыққа сәйкес Алматы қаласы Білім инстиуты тарих
кабинетінің әдіскерлерінің басшылығымен 1-11 сыныптарға бағдарлама және
әдістемелік нұсқау жасап шығарылды.
Алматы қаласының мектептері 2004 жылы қыза бастап осы бағдарлама
бойынша жұмыс істеуде. Болашақта осы бағдарламаға сәйкес әдістемеліктер,
оқулықтар шығару жоспарлануда. Бұл, Ы.алтынсарин атындағы Білім
Академиясының қоғамдық, гуманитарлық, лабороториясының қызметкерлерінен
қолдау тауып, Білім министрлігіне ұсыныс жасалынып, ғылыми Кеңесте бекітіп,
Республикаға таратылуы ұсынылды.
Қазақстан әлеуметтік, азаматтық және құқықтық мемлекет орнатуға,
қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде
құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып
отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату құқықтқ білім берудің
бүгігіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бұдан гөрі толық және
ертерек бастап оқыту проблемасы алға тартылуда 5.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Мемлекет және құқық пәнінің негізгі
зертелу объектісі Қазақстан Респубдликасының констиуциялық құрлысы,
Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі, құқық салалары-негіздері, адам құқығы,
сот, прокуратура және өзге құқық қорғау органдарының қызметі, құқықтық
қоғам мәселелері, құқықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы
құқықтық қатынастар болып табылады.
Стандарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік, мүліктік және өзара
жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа
үнемі қажет болатын ең маңыздыларының іріктеп алып игеруге мүмкіндік
береді.
Бұл тақырып ьойынша зерттеулер өте аз. Кейінгі жылдары демократиялық
құқықтық мемлекет мәселелері Қазақстандық ғалымдардың-философтардың,
тарихшылардың, заңгерлердің еңбектерінде жан-жақты зеттелуде. Олардың
қатарында: К.Бейсенбаев, С.Сортаев, С.Зиманов, О.Сегізбаев, Ғ.Сапарғалиев,
С.Созақбаев секілді ғалымдарымыз көптеген еңбектер жазып жүр.
Қазіргі таңада осы пәнді қызықтыра ізденпаздықпен бағдарламалар,
жекелеген оқулықтар жазуға өз үлестерін қосып жүрген ғалымдарды да атап
өткен дұрыс. Алайда, профессорлар Мұхтаров А.Қ., Пашкевич И.А., философия
ғылымдарының кандидаты Қ.Ж.Жүкеш, мұғалімдеріміз Қ.Қ.Кунапина, М.З. Иісова,
Т.С.Асанбекова және т.с.
мемлекет және құқық пәнінің зерттелуі мерзімді басылым беттерінде де
жарияланып жүр.
Ең алдымен бірінші зерттеулерге тоқталып өтетін болсақ, Дана
Смағұлованың Құқықтық мемлекет қағидаттары Қазақстан заңдары 1998 ред
жарияланған зерттеулерде- егеменді еліміздің ата-заңына сәйкес мектеп
оқушыларына құқықтық білім берудің маңыздылығына тоқталып өткен 6.
Рыскүл Баймырзаеваның Жалпыға бірдей құқықтық оқытудың өзекті
мәселелері Қазақа заңдары 1998 №8 жарияланған зерттеуінде жас
өспірімдерге құқықтық білім беруді- мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде
балалар адамгершілік тәрбиесін алуды ұсынған. Өйткені, жеке адамның
құқықытық сапасының негізгі, жеке адам ретінде қалыптасуы сәби кезден,
адамның жан дүниесін енді қалыптаса бастаған кезден басталуы керек деген
7.
Оразалиев С. Құқықтық білім беру және тәрбиелеу Заң 2003 №5. Бұл
мақаладанегізінен орта мектеп қалай құқықтық білім беру керек және оны
қалай жүзеге асыру туралы айтылады. Сонымен қтара құқықтық пән мектептерде
негізгі пән болып енгізілуі керек. Оқу құралдары міндетті және
факультативті оқыту нысандарына арналып жазылуға тиіс жәнет.б. мәселелер
қарастырылған 8.
Қабдеш Ыдырысов Заман талабынан туған оқулық қазақ тарихы 1995 №3
шығарылған мақала. Мұнда Ғайрат Сапарғаливтің Қазақстан мемлекетімен
құқығының негіздері оқулығы туралы пікір жазылған. Бұл кітап ұлтымыздың
тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналып, ана-тілінде жазылған
құқықтық төл еңбек болып табылады. Мақалада осы оқулыққа талдау жасалынған
9.
Бұл айтылып өткен зерттеулермен қатар, көптеген мақалалар жарияланған
болатын. Бұл зерттеулерде, яғни орта мектепте Мемлекет және құқық пәнінің
оқытудың өзекті мәселелері қарастырылған.
Тақырыптың мақсаты: Орта мектепте Мемлекет және құқық пәнінің
оқытылу ерекшеліктерінің маңыздылығын, өзекті мәселелерін көптеген
зерттеулер мен мақалаларға сүйене отырып ашып көрсету және сабақты өту
барсыныдағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдарын бірнеше сабақ түрінен
көрсету.
Тақырыптың міндеті:
- Құқықтық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық биліктердің
қалыптасуын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан
қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси құқықтық жүйесін оқыту
арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу;
- Құқықтану негіздері пәніне жасалынған стандарттық бағдарлманың
маңыздылығын ашып көрсету.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жазылған жұмыс Кіріспеден, екі тарудан,
әрбір тарау екі бөлімшеден, Қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен
деректер тізімінен тұрады.

І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту
жағдайы, проблемалары

1. Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет
және құқық пәнін оқыту еркшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетретінде даму әрбір
азаматтың бойына құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті
қоғам үшін қымбат қазына-адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі
жас ұрпақ өкілдері осы қымбат қазынаны бағалай білу керек. Құқықтық
мәдениетті қалыптастырудың түпкілікті негізі де осыдан басталады. 1.
Бүгінгі күнгі құқықтық мемлекеттің өзекті мәселесі- Қазақстанның
дербес мемлекет ретінде қалыптасуы және өркениетті қоғам орнату, яғни
Конституция негізінде және соған сәйкес мемлекеттің тұрақтылығын күшейту
болып табылады 2.
Осы мақсатта 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының
тұңғыш Конституциясы (негізгі заңы) қабылданған болатын 3.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбае осы жылғы мамырдың
27-29 аралығында Республиканың ордабасы таңында XVIII ғасырдың аса көрнекті
мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу
күндерінде сөйлеген сөзінде: “Тәуелсіздік туып қолда беріп ұстау әрбір
қазақтың ,Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы ,ең
биік мақсаты ,құқықты мемлекетке ,демократиялық қоғамға тән заңдылық
қағидасын қатаң сақтай алсақ ғана ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа
қапысыз жете аламыз.
Конституцияны білу,заңдылықты сақтау – құқықты мемлекет құрудың
бірінші шарты ...заңды жетік білмейінше,оны сыйламайынша,берік ұстанбайынша
біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз.
Біздің болашағымыз – жастар.Біз жастарды өмірге бейімдей білуіміз
керек ”-деген болатын.Бұл сөздер жастарға, әсіресе мектеп оқушыларына
Қ.Республикасының конституциясы мен заңдарын оқытып,үйретудің қаншалықты
маңызды екенін дәлелдейді.4
1995ж 30-тамызда қоғамдағы өзгерістерге,соңғы талаптарға сай
толықтырылған жаңа конституция бүкілхалықтық референдум нәтижесінде өмірге
келді.
“Егер конституция жөніндегі Референдумға келетін болсақ"-дейді
Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев – оның еліміз үшін іргелі
салдары болды.. Бұрынғы конституция аса қарама-қайшылықта еді. Жаңа
конституция өзінің мәні бойнша бүкіл мемлекеттік –құқықтық жүйені оның
түбегейлі өлшемдерімен бірге қоғамның нақты жағдайына сәйкес етті. Бүгінгі
таңдабіз мемлекеттік биліктің құрылымдарындағы кез-келген қайшылықты шешу
жөніндегі нақты процессуалдарға ие болып отырмыз. Негізінен еліміздің
негізгі заңына көптеген мәселелер шешілген және осының арқасында біраз
проблемалар ретке келтіріледі.
Жаңа Конституцияға мемлекеттегі ең аумаңызды мәселе ретінде адам
құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан құқықтық
мемлекеттің тағы бір тірегі- жеке адамның заңды мүддесін қамтамасыз ету,
оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Еліміздің төл Конституциясында
айтылған құқықтық мемлекет болуы үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы
керек. Ал оның басты элементтері құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заңды
сыйлап, оны орындауы болып табылады 5.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесін реформалау үрдісін
шартты түрде брнеше кезеңге бөлген болатын. Соның ішінде, Тәуелсіз
Қазақстанда білім берудің заңды негізін қалыптастыру кезеңі (1991-1993 жж.)
аралығы. Бұл кезеңің негізгі міндеттері оқу-тәрбие үрдісін саясаттан бөлу,
ел азаматтарына білім берудің мемлекеттік кепілдіктерін бекіту, білім
беруді экономикалық жағынан қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерінжүзеге асыру
үшін құқықтық негіздер жасау болды. Соның нәтижесінде Білім туралы заң
1992 жылы және жоғарғы білім туралы заң 1993 жылы қабылданды. 1994 жылы
тамызда Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
қабылданды 6.
Көп салада әрбір азаматтың білім алуына, қоғамның жоғары білім беруіне
арналған, жоғарыдағы жазылып өткендегі біршама заңдар жарық көрген.
Мәселен 1993 жылы қабылданған Жоғары білім беру туралы Қазақстанның
заңында, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принціптерін
белгілейді, жоғары оқу орындарының ұйымдастырылуы мен қызметінің құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін орнықтырады, азаматтардың жоғары
білім алуға, Констиуциялық құқықтарын іске асыруға жағдай жасауға
бағытталған, олардың құқықтары мен міндеттерін, құзіреті мен
жауапкершілігін белгілейді 7.
Жалпыға бірдей білім беру заңы осымен шектеліп қоймайды, бұл мәселені
шешуде тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасауда
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы Қаулысымен
бекітілген Жалпыға бірдей білім беру қоры туралы Ережесі үлкен рөл
атақарады.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тарихи оқиға 1998 жылы
желтоқсанында өткен білім қызметкерлерінің І құрылтайы болды. Онда білім
беру жүйесіндегі игіліктерді сақтай отырып, болашақта осы саланы одан әрі
реформалау мен дамытуға құқықтық, мамандық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-
материалдық жағдай туғызудың жолдары анықталды.
1999 жылы білім берудің халықаралық стандарт дәрежесіне сай жаңа,
ұлттық модельін бекіткен, елдегі білім берудің барлық деңгейіне ортақ
Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заңының қабылдануымен есте
қалды. Осы заң бойынша елімізде мектепке дейінгі мекемелердің мектеп алды
топтары мен сыныптарына барлық 5 жасар балаларды міндетті әрі ақысыз түрде
қамту бағдарламасы енгізілді. Ал тамыз және қыркүйек айларында баршаға
білім беру және мектеп жүйесін жақсартуға байланысты Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 9 қаулысы қабылданды 8.
Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама 2002 жылы 1
қыркүйегіне арналған заң. Бұл заң- білім беру саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі
принціптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім
алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заң 9.
Тәуелсіз еліміздің, тек жас балалардың немесе әрбір азаматтың орта
және жоғары білім алуына ғана көңіл бөлген жоқ, қоғамды сыйлау, құрметтеу
үшін өз құқықтарын білдірту мақсатында 2002 жылы Қазақстан
Республикасындағы Баланың құқықтары туралы заңы қабылданған болаты. Осы
заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар
және шығармашылық белсенділігін дамыту әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа
тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге,
елжалдылықпен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана сезімді
қалыптастыру принуіптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Ата заңымда
кепілдік берілген негізгі құқықтар мен мүдделерін іске асыруға байланысты
туындайтын қатынастарды реттейтін заң 10.
Жалпы егеменді еліміз әрбір азаматтың білім алу жұүйесіне көп көңіл
бөлгендіктен, 2003 жылы желтоқсан айында Білім министрлігінің Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
жарияланған болатын. Бұл тұжырымдамада негізгі көзделген мақсат-міндеттері:

- Білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде
Қазақстандық білім беру модельінің жұмыс істеуінің заңнамалық
нормативтік, құқытық базасын жетілдіру;
- Әлемдік білім беру кеңістігінің ықпалдасу және т.б. мақсаттарды
көздейді 11.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы 19 ақпандағы Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында деп аталатын
жолдауында бірнеше заңдардың қайта қаралуын айтып өткен болаты.Мәселен,
биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделінің күшейту туралы, Қазақстан
азаматтарының құқытары мен бостандықтарының, сөз бостандығының бірлестіктер
мен саяси ережелерді білдірудің кепілдіктерін одан әрі дамыта беру жайлы
мәселелерді ашып айтқан болатын 12.
Осы жолдауға сәйкес, болашақта Қазақстанның экономикасы, білім беру
жолдары жедел жаңарады деген сенімдіміз.
Орта мектепте Мемлекет және құқық пәні, Қазақстан Республикасында
қабылданған заңдар негізінде ғана оқытылмайды., жалпы дүние жүзінде
қабылданған, мойындалған бірнеше заңдарды да оқытады. Мәселен, Адам
құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясы 1948 жылы желтоқсан айының 10
жұлдызында қабылданып, БасАссамблияның 217 (3) қарарымен Біріккен Ұлттар
Ұйымында қабылданған болатын. Декларацияның негізгі мазмұны әр адамның
басты құндылықтарын жария ету. Бұл құжатта дүние жүзіндегі адамдардың
нәсіліне, түр-түсіне, намысына, дініне, тілі мен саяси және өзгеде
сеніміне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мұүліктік және тектік- топтық
жағдаяттарға қарамастан жалпыға бірдей негізгі құқықтары мен бостандықтары
жарияланған. Бұл декларацияда үкіметтер өз азаматтарының құқықтарымен
қатар, өзгеде елдің азаматтарының да құқықтарын қорғауға ант етуге тиісті
екені аталады. Басқаша айтқанда, ұлттық шекаралар адамдардың бір-біоріне
танып білуге кедергі бола алмайды. 1948 жылдан беріадам құқықтары жөніндегі
декларация адам құқықтарының стандарты болып келеді. 1993 жылы дүние
жүзілік конференцияға қатысқан 171 ел (дүние жүзі халқының 99 пайызын
құрайды) адам құқықтарын қорғау жалын ұстанатындықтарын жариялады 13.
Жалпы, орта және жоғарғы білім беру жүйесін жетілдіруге арналған
бірнеше заңдар мен декларацияға тоқталып өттік. Осы заңдар негізінде, адам
құқықтарын оқыту, егемендігімізді алғанға дейін мектеп оқушыларына 8
сыныптағы Кеңес мемлекеті мен құқық негіздері пәні арқылы үйретіліп
келді. Осы пән мектептің жоспарына енгізілгеннен кейінгі 5 жыл ішінде (1975-
1988ж.ж.) заңды білмегендіктен, кәмелетке толмаған жеткіншетердің қылмыс
жасауы Қазақстанда күрт азайғандығы да бұл пәннің тәрбиелік, білімдік
маңызы зор екендігін көрсетеді 14.
Дегенмен де, бұл оқулық Кеңес үкіметінің Ата заңын көбірек оқытқан
болатын.
1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері Қазақстан
Республикасы мемлекет імен құқық негіздері пәні 1992-1993 оқу жылынан бері
оқытыла бастады 15. Жаңа оқулығымыздың бағдарламасын Алматы қалалық
мұғалімдер білімін көтеру және қайта даярлау институтының қызметкерлері
әзірлеп, Қазақстан мектебі журналы арқылы 1993 жылдың басында көпшілікке
жоба ретінде ұсынған болатын. Ол кезде Конституциямыздың әлі қабылданып
үлгермегендіктен бағдарламада тек оның жобасы ғана пайдаланған еді.
Пәнге деген көзқарас төмендеп жауапсыздық, салғырттық белең алды.
Бағдарламасыз, оқулықсыз тіпті ешқандай әдістемелік нұсқауларсыз оқытылды.
Кейінірек Қазақстан мұғалімі газетінде Ғ.Сапарғалиев құрсатырған
бағдарлама жарияланды. Бұл бағдарламалар ұстаздарға пәннің білім мазмұнының
негізгі бағыттарын көрсеткенімен арнайы оқулықтың болмауыжаңа курсты тиісті
дәрежеде оқытуға мүмкіндік бермеді 16.
Бағдарлама 34 сағатқа арналған 4 бөлімнен тұрады.
1- бөлім. Мемлекет. Құқық. Әдеп.
2- Бөлім Мемлекетіміз қалай құрылған.
3- Бөлім. Жаңғару жолына түскен қоғамдағы адамның құқықтары.
4- Бөлім. Заң бұзушылық және жаза.
Ғ.Сапаоғралиев Мектепте заң негіздерін оқытуға белгілі, үлес қосып
келе жатқан ғалым. Бұл пән 8 сыныпта оқытылып, оның бағдарламасы мен
оқулығы Мәскеуде жасалған жылдарда осы куртың мазмұнына Республикалық
қандай материалдар қосуға болатындығы және оның қалай оқыту керектігі
туралы оқу құралдары мен ұсыныстар жазған болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасының құқық негіздерініен тұңғыш жасалған
мемлекеттік бағдарлама болғандықтан бұл да жетілдіруді қажет етеді.
Мектептік оқу пәндеріне арналған кез-келген бағдарламаның қажетті құрамды
бөлімдері- компонентері болуы шарт, олар: бағдарламаның түсінік хаты,
негізгі ұғымдар, оқушылар меңгеруге тиісті біліктері, пәнаралық, курсаралық
байланыстар және т.б. Осында “Мемлекет және құқық” мәселелрінің тікелей
қатысы жоқ пунктерден кездеседі. Мәселең, І бөлімнің 5 абзацының 2
жартысындағы “Бай феодалдардың халықты жазалау, Қазақстанға КСРО-ның басқа
жерінде тұратын ұлттарды айдап алып келу” сияқты мәселелер тарих сабағы
пәнінде оқытылатын 17.
Осы қиындықтарды тезірек жою үшін “Атамұра” баспасы 1994 жылы Ғайрат
Сапарғалиевтің “Қазақстан мемлекетімен құқығының негіздері” оқулығын
жарыққа шығарды.
Бұл кітіп ұлтымыздың тарихымыздағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына
арналып, ана тілімізде жавзылған құқықтық төл еңбек болып табылады. Жаңа
кітаптың жарық көруі халқымыздың бүгінгі заманында жеткен мемлекеттік биік
мәртебесінде сипаттайды. Сондықтан оның атқаратын міндетінің ауқымдылығы
да, қажетті де шүбәсіз.
Жаңа оқулықтың мазмұнымен мұқият танысқаннан кейін автордың оны
дайындағада алдына үш түрлі мақсат қойғаны байқалады. Олар: қазақ халқының
өзінің ерекше мемлекеттілігі мен құқықтық жүйесі болғанына баса көңіл
аудару; Тәуелсіз мемлекет болғанана кейін қабылданған ерекше маңызы бар
құқық заңдарын талдау, түсіндіру заң ғылымында қолданылатын ұғымдардың
мектеп курсында кездесетініне түсініктеме беру;
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, жаңа
Конституциямыздың қабылдануы, оның басты –басты қағидалары, Қазақ
мемлкетінің біртұтас демократия, құқықтық мемлекет ретнде қалыптасуы,
еліміздің мемлекеттік басқару және заң қорғау органдарының жүйелері жайлы
мағлұматтар мен тұжырымдар оқулықтың екінші бөлімінде кеңнен қамтылған.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, олардың негізгі түрлері туралы
пайымдаулар үшінші бөлімде жазылған. Ол бөлімдегі тақырыптарды өткенде
оқушыларды азаматтардың негізгі міндетерімен де таныстыруға да үлкен мән
берілген.
Келесі, елеусіздеу болып көрінгенімен маңызы кем емес мәселе
оқулықтағы әріптер шрифтерінің тым ұсақ болмағандығы. Өйткені кітапті
пайдаланатын мектеп оқушылары олардың физиологиялық даму әрі толық жетіліп
болмаған көз-жанарлары үшін жас ерекшелікьтерін ескеру педагогикалық
талаптардың бірі. Оқулықта осы талаптың ескерілуі де оның құндылығын көтере
түседі.
Оөушылардың танымдық қабілетін жетілдіруге себепкер болатын келесі
ұғымдылық құқықтық ұғымдарды түсіндіретін, шәкірттердің зейінін дамытатын
дидактикалық құрал ретінде қосымша схемалардың келтірілуі 18.
Жалпы оқулық жалпы, мәнді жазылғанымен де көптеген толықтырулар мен
қосымша мәліметтерді қажет етеді. Осыған байлангыты және Қазақстан
Республикасында құқықтық реформа жасаудың мемлекеттік бағдарламасын орындау
үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 маусымда Қазақстан
Республикасында құқықтық сауат ашуды ұймдастыру жөніндегі шаралар туралы
2347 қаулысы қабылданып, осы қаулымен Қазақстан Республикасындағы жалпыға
бірдей құқықтық оқу туралы ереже, Қазақстан Республикасының қарулы
күштеріндегі әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкердлердің жалпыға
бірдей құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы ереже, Атқарушы өкімет
органдарымен олардың қарамағындағы кәсіпорындардың, мекемелердің басшы
кадрлары мен мамандарын құқықтық аттестациялау туралы ереже және елімізде
оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы бекітілген 19.
Ал, 1996 жылы 16 мамырында Қазақстан Республикасының үкіметі
Қазақстан Республикаында құқықтық жаппай білім алудың 1996-1998 жылдарға
арналған кешенді бағдарламасын бекітті. Осы бағдарламаға сай тәуелсіз
мемлекетіміздің оқу –ағарту саласында құқытық тәрбие беруге деген
ұмтылыстар мен ізденістер пайда болуда 20. Халықтың барлық топтарын
қамтитын жалпыға бірдей оқудың маңызды буыны- оқушы жастардың құқықтық
білім алуына жаңа талаптар қойып отыр. Құқықтық тәрбие беру мен оқытудың
нәтижесі осы әлеуменнтік топтың құқықтық сана-сезімнің деңгейіне
байланысты. Адамның құқытық мәдениетінің тез арада жоғарғы деңгейге
көтеріліп, кетуі мүмкін емес қой. Оқушы жастардың құқықтық оқуының деңгейі,
қалай өзгеретіндігі Қазақстан Респуликасы Президентінің қаулысымен
бекітілген оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасында айтылған.
Бұл тұжырымдамада балаларды құқықтық нормалар әліппесіне оқытуды
мектептке дейінгі тәрбие мекемеелерінен бастау ұсынылған. Өйткені, жеке
адамның құқықтық сананы негізгі, жеке адам ретінде қалыптаса бастаған
кезден басталуы керек. Құқықтың негізгі принціптері адамгершілік
категориялармен байланысты. Ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан
басталатындығы да ескеріледі. 14 жасқа толған мектеп оқушылары белгілі бір
мөлшерде құқықтық білім алуға тиіс. Оқушы жастарды құқықтық оқыту
тұжырымдамасы да Құқықтану негіздері пән 1 сыныптан бастап орта мектепті
аяқтағанша оқытуды көздейді 21.
Мектеп құрылымына байланысты оқушыларға құқықтық білім беруді жүзеге
асыруды 4 кезеңге бөліп көрсетеді.:
1-кезең 1-4 сыныптар.
2-кезең 5-7 сыныптар.
3-кезең 8-9 сыныптар.
4- кезең 10-11 сыныптар.
Құықтық білім беру әр кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
психологиясына, әлеументтік рөлі мен, орындауына байланысты берілген 22.
Бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбиесін беруге бас көңіл бөлінеді.
Содан кейін әркімнің өзінің істеген ісіне жауапкершілік дегеннің болатыны
түсіндіріледі. Екінші кезең (5-8 сыныптар) бастауышта алған құқықтық
білімді Қазақстан Республикасының туралы және Республика өмірінің нормалары
туралы сабақтар өткізу арқылы одан әрі жетілдіріп отырады. Үшінші кезеңде
(9-сынып) мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Констиуциясы курсын
оқыды. Бастауыш сыныптарда оқушылардың мемлекет және құқық, қоғамдық пән,
заңдылық және заң жүзіндегі жауаптылық туралы түсінігі қалыптасуы керек деп
қойымдаймыз. Ал 8-сыныпқа келгенде мектеп оқушылары адамның бүкіл өмір
тіршілігі әр түрлі үздіксіз қорын қатынастардан тұратындығын білуі керек.
10-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының заңдылық негіздері пәнін оқыту
көздеуде. Бұл пәнді оқытудағы мақсат-мектеп бітірушілердің заң нормаларынан
нақты білім алуына мүмкіндік беру. Құқықтық білім алуды үздіксіз немесе
кезең-кезеңнен ұлғайту және тереңдету заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру
болып табылады 23.
Құқықтану пәнінің оқытылуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік
білім стандартына сай жасалған базистік оқу жоспарының міндетті
(инварианты) бөлігі бойынша үш деңгейде жүргізу қарастырылған. Бірінші
деңгейде құқықтануға қатысы бар материалдар 9 сыныпта өтілетін Адам.
Қоғам. Құқық пәнәінің білім мазмұнының құрамына енгізілген. Мұнда құқық
туралы жалпы мағлұматтар жинақталған, Қазақстан Республикасының
Конституциясы тараулар бойынша талданып оқытылады және салалаық заңдар мен
олардың әрекеті туралы жалпылама түсініктер беріледі. Екінші деңгейдеге
жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептердің 10 сыныпында құқықтануды
апталық 1-сағат, жылына 34 сағат көлемде оқытумен айқындалады. Бұл курста
оқушылар салалық заңдардың негізгілері-Конституциялық құқық, азаматтық
құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, отбасы құқығының
жастардың өмірі мен қызметіне тікелей қатынасы бар, жиі ұшырасатын
қағидалармен танысады. Үшінші деңгей құқықтануды қоғамдық –гуманитарлық
бағдарлы мектептердің 10-11 сыныптарында оқытудан көрініс табады. Мұнда пән
жағына 34-сағатан, екі жылда 68 сағаттық көлемде өтіледі. Бұл тұрпатты
мектептерде жоғарыда аталған салалық заңдар кең көлемде, терңдетіліп
оқытылады.
Дүние жүзілік старндартқа сәйкес әр елдің өз қағидаттары болуы тиіс.
Сол секілді, егіміндігімізді алғалы бері 250 ден астам заңдар қабылданды
десек, оның көпшілігі адам құқығы мен бостандығына арналған. Осы заңдарды
оқыту үшін орта мектепте мемлекет және құқық пәні қазіргі таңда жылына 34
сағаттық оқыту жүйесімен оқытылып жүр. Бұл әрине өте аз уақыт. Сол себепті
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей стандарты 2002 жылы жасалынды. Осы
стандартқа сәйкес Құқықтану негіздері пәні болашақта 1-11 сыныптар
аралықтарында оқыту көзделуде.
Осы оқыту жүйесіне сәйкес оқытылса, қоғмада біршама мәселелер реттелер
еді.

1.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты бойынша Құқықтану негіздері пәні орта мектепте.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 1 – бабына сәйкес,
білім беру процесіне қатысушылардың яғни оқушылар, мұғалімдер, көпшілік
білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптарды дәл түсуін қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш,
негізгі жоғарғы сатыларындағы 34 оқу пәні бойынша орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жасалды.
Оқу пәндері бойынша стандарттар қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде
дайындалды. Оларды жасауға ғалымдар, орта және жоғары кәсіптік білім беру
жүйесінің оқытушысы – профессорлар құрамы, мамандардың педагогикалық
кәсібін жетілдіру институттарының қызметкерлері, Республиканың мұғалімдері
қатысты.
Стандарттың оқу пәндері бойынша:
- Базалық білім мазмұнына,
- білім беру бағдарламаның түрлеріне,
- оқу жүктемесінің көлеміне
- мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне,
- оқу процессін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына
қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Стандарт мектеп түлектерінің білім деңгейіне мемлекеттің қойятын
минимум талаптарын және оған жетудің мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды.
Еліміздің ең алғаш білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды 26.
Құқықтану негіздері оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Бұл пән
бойынша стандарт 2002-2003 жылдар негізінде дайындалды.
Стандар ережелерінің мыналарда қолдануы және сақталуы міндетті:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық
білім ұйымдарында олардың меншіктік нысанына, тұрпатына, түріне
қарамастан Құқықтану негіздері оқу пәнін оқытуды жүзеге
асырғанда.
- Жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдері, оқу үрдісін
ұйымдастырғанда және мектептің негізгі және орта, жоғарғы сатыларын
бітірушілердің білімін, біліктілігін тексергенде,
- Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында
қабылдау емтихандарының материалдарын дайындағанда:
- Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында Құқытану негіздері пәні
бойынша қабылдау емтихандардың материалдарын және берілген пән
бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын
жасау кезінде.
- Білім беру саласындағы ғылыми зерттеу институттарында Құқытану
негіздері пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу
әдістемелік кешендерді дайындау барысында.
- Білім беру саласында орталық және жергілікті атқару органдарында
Құқытану негіздері пәні бойынша оқушылардың оқу санасын
мемлекеттік бақылау жүргізу.
Сонымен бірге стандарт Республиканың Мемлекеттік басқару ұйымдары мен
мекемелерінде білім қызметін лицензиялау, білім беретін ұйымдарды
аттестациялау, типтік және жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын
дайындау және олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Құқытану негіздері пәні бойынша осы стандарт білімнің сәйкес
сатысының базистік оқу жосапыры мен білім беру ұйымдарының тптік және
жұмыстық оқу жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады
27.
Бұл стандартта терминдер, анықтамалар мен қысқартулар Қазақстан
Республикасының білім туралы заңына сәйкес қолданылады. Бұған қосымша осы
стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар жүйесі
белгіленген.
Құқытану негіздері оқу пәнінің базалық мазмұны – үздіксіз білім
берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті,
оқылуы міндетті болып табылатын оқу пәнінің құрамы мен құрылымының тізбесі.
Құқытану негіздері базалық мазмұнының міндетті деңгейі – оқу
процессінде міндетті түрде оқуға және меңгеруге қажетті құқықтанушы
білімдерді жүйеленген элементі.
Құқытану негіздерінің білім берудің негізгі бағдарламасы. (БНБ).
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыратын, оны қоғам өміріне бейімдейтін
және оны заң ғылымдарымен байланысты саналы түрде кәсіп таңдауына негіз
болатын Құқытану негіздерінің міндетті минимум мазмұнын анықтайтын құжат.

Құқықтану негіздерінен бағдарлы білім беру бағдарламасы. (БББ).
Құқыққа қатысты қоғамдық құбылыстардың сырларын ашуға оқушылардың
мүдделілігін оятатын заң ғылымдары негіздерін өздігінен оқып-үйренуге
машықтандыратын бұл пәннің оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.
Құқықтану негіздерінің қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ).
Құқытану негіздері оқу курсы оқушылардың қоғамдық білімге деген осы
мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын
анықтайтын құжат.
Жалпы ережелерге тоқталып өтетін болсақ, Құқытану негіздері пәнінің
маңызы құқықтық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлі және олардың қоғамдағы
демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады..
Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады,
оқушылардың саяси құқытық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді,
олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық
дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді 28.
Құқықтану негіздері пәнін оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды
қоғамның саяси – құқытық жүйесімен таныстыру, құқытық білімдермен және
құқықтық мәдениетпен қаруландыру, заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру,
құқықытық жағынан белсенді және сауатты азаматты - өз Отанының патриотын
тәрбиелеу.
Құқықтану негіздері пәнін оқытудың негізгі міндеттері-
- Құқықытық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықытық
біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа заңдарын меңгерту,
Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси құқықтық
жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып
өсуіне көмектесу;
- Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық
құқықы негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп
ала білуге үйрету;
- Оқушыны адам құқығымен еркіндігін сыйлай білуге үйрету;
- Дүние жүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін, халықтың
салттарын, дәстүрлерін, моральін, жалпы адамзаттық құқықытық
құндылықтарды және құқықытық жетілуге қажетті білімдерді жас ұрпақ
өкілдерін меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетті қатынас
жасай білетін салауатт ы азамат етіп тәрбиелеу;
Құқықытану негіздері пәнінің зерттеу объектісіне сипаттамасы.
Негізгі зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының Конституциялық құрлысы,
Қазақстан қоғамының құқықытық жүйесі, құқық салалары негіздері, адам
құқығы, сот, прокуратура және өзге құқық қорғау органдарының қызметі,
құқықтық қоғам құру мәселелері, құқықытық мәдениет, азамат пен мемлекет
арасындағы құқықытық қатыныс болып табылады.
Стандарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік және мүліктік өзге
жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа
үнемі қажет болатын ең маңыздыларын іріктеп алып игеруіне мүмкіндік береді.
Айналаны қоршаған қайшылықты дүниеде, оның үстіне, біздің мемлектіміз
құқықтық қоғам құру бағытын ұстанып отырғанғанда, құқықытық білімдерді
жеткілікті көлемде меңгеріп қана қоймай, оны практикада қолдана білудің
маңызы ерекше. Қоғам жастардың құқытық мәдениет көтеруге оларды заң
талаптарын орындауға үйретуге, жастар арасында құқық тәртібінің үнемі
сақталуының қол жеткізуге мүдделі. Құқықытық білімдер азаматты кез-келген
құқық бұзушылардан да қорғана білуді қамтамасыз етуі керек.
Құқықтану негіздері пәнінің таяудағы даму болашағы- біздің
мемлекетіміз көздеп отырғандай, Қазақстанда құқықтық қоғам орнату бағытының
жүзеге асырылуымен байланысты. Құқықытық Негилизм мен бұқараның құқықтық
мәдениетінің төмендегі қазіргі Қазақстан қоғамының демократия мен прогресс
жолындағы басты кедергі болып отырғаны белгілі. Ел көлемінде реформалардың
кең ауқымды жүріп жатуына сәйкес құқықтық жаңа мазмұны жоғары, құқытық
мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, жастарды дүние жүзілік құқық пен
қоса, өз халқының құқықтық мұраларының жансая бұлағынан сусындатуға
бағытталуы керек.
Қазіргі кезде білім жүйесі құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару
үстінде. Жалпы білімді ізгілендірумен демократияландыру бағытында үлкен
өзгерістер жасалып жатыр. Қазақстан әлеуметтік, азаматтық және құқықтық
мемлекет орнатуға қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім
беретін мектептерде құқықтау негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде
алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату
құқықтық білім берудің бүгінгісіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану
негіздерін бұдан көрі толық және ертетерк бастап, оқыту проблемасы алға
тартылуда 29.
Құқықтану негіздері пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны-
Қоғамтану білім саласына енеді және оның базалық пәндерінің бірі болып
табылады. Оның жалпы орта білім жүйесіндегі рөлі жекелей демократияның
тұтастай қоғамның даму заңдылықтарын, қазіргі замандық дүниенің ғылыми
бейнесін құқықтанушы білімдердің рөлі арқылы анықталады. Құқықтану
негіздері пәні базистік оқу жосапына оның мемлекеттік компонентінің
құрамдас бөліктерінің бірі ретінде енеді. Пәннің мазмұны жалпы мәдени және
мемлекеттік маңызы бар курсатр арқылы беріледі.
Мемлекеттің негізгі сатысында құқықтық білімдер, Адам. Қоғам. Құқық
кіріктірілген курсында беріледі. Мектептің жоғарғы сатысында құқықтану пәні
міндетті курс ретінде оқытылады. Бағдарлы мектеп үшін таңдап, оқытылатын
және қолданбалы курстар ұсынылады.
Құқықтану негіздері пәнін оқыту келесі бағдарламалар арқылы жүзеге
асырылады:
- Білім берудің негізгі бағдарламасы;
- Бағдарлы білім беру бағдарламасы;
- Қосымша білім беру бағдарламасы; 30.
Мектептің негізгі сатысының 9 сыныбына арналған Адам. Қоғам. Құқық
курсының мазмұны – адамға, қоғамға қатысты білім топтарынан құралады.
Құқықы мәселелері ол туралы негізгі түсініктер, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, құқық бұзушылықтың кейбір түрлері және ол үшін жауаптылық
туралы білімдермен берілген.
Мектептің жоғарғы сатысына 10-11 сыныптарға арналған, бағдарлы білім
беру бағдарламасының базалық мазмұны екі бағдарда оқытылады:
- Жаратылыстару- математикалық бағдарда білім беретін мектепке,
сыныпқа арналған Құқықтану негіздері оқу курсының білім
мазмұнымен;
- Қоғамдық гуманитарлық бағдарлы мектепке, сыныпқа арналған
Құқықтану негіздері оқу курсының білім мазмұнымен айқындалады.
а) Жаратылыстану – математикалық бағдарлы мектепке арналған Құқықтану
негіздері курсының оқу бағдарламасының мазмұнында құқықтың негізгі
сатылары- констиуциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек және
қылымыстық құқық бойынша әр азаматқа қажетті білімдер тобы жинақталған.
Азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының
қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері жеке тақырыптармен берілген және
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы мысаладарымен
берілген.
б) Қоғамдық- гуманитарлық бағдарлы мектептке арналған Құқықтану
негіздері курсының нұсқасы білімдік тереңдетілген бағдарламаға жатады. Бұл
бағдарлама бойынша оқушыларға Құқықтану негіздері курсы жаратылыстану -
математика бағдарлы мектептерге қарағанда кең және тереңдетіліп берілген.
Тереңдету әр тараудың материалын көбейтуден және халықаралық, экологиялық
құқық туралы білімдердің енгізілуімен көрініс табады. Қоғамдық –
гуманитарлық бағдарлы мектепті бітірушілер Қазақстан Республикасының
Конституциясымен басқа заңдарын нақты баптар деңгейінде меңгере алуымен
және құқықытқ ұғымдарды терең түсінумен қоса, проблеманың мәніне үңілуге
құбылыстың себептерін түсіндіруге, үрдістерді саралуға және алған
білімдерін өмірлік іс тәжербиеде қолана білуге үйрену керек.
Болашақ құқықтанушылар үшін курсытың құрылымы мен мазмұны мектеп
қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ оларды саяси және құқықтық категориялармен
ойлауға және әрекет ете білуге көмектесуі тиіс.
Қосымша білім беру факультативтік, таңдап оқытылатын және қолданбалы
курстар арқылы жүзеге асырылады, оларды мектеп өз қалауынша таңдап алады.
Құқықтану негіздері пәні бойынша оқу жүкемесінің көлемі
- Мектептің негізгі сатысында 9 сыгып аптасына - 2 сағатты, жылына –
68 сағат, яғни Қоғамдық білім негіздері пәні құрамында оқытылады;
- Жаратылыстану – математикалық бағдарлы мектептің жоғарғы сатысында
10 сынып аптасына –1 сағатты, жылына – 34 сағатты құрайды;
- Қоғамдық –гуманитарлық бағдарлы мектептің жоғарғы сатысында 10-11
сыныптар аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды 31.
Құқықтану негіздері пәні бойынша базалық білім мазмұны: Құқықтану
негіздері пәні бойынша білім беру бағдарламаларының базалық мазмұны жалпы
орта білім беретін ұйымдардың сатылары және оқыту бағдарына сай
тағайындалады. Білімнің базалық мазмұны төмендегідей етіп жобаланған:
Яғни, мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны- оқушыларға
мектептің негізгі сатысындағы саяси-құқықтық пәндерді соның ішінде
Құқықтану негіздерін оқыту үшін қажетті базалық дайындықты және дамуды
қамтамасыз ету керек. Негізгі білім беру бағдарламасына қосылу үшін
мектептің бастауыш сатысндағы Дүниетану пәні бойынша құқықтану
негіздерінен оқу материалының мына үлгісімен белгіленеді. Адам. Балалар.
Ата-аналар. Отбасы. Мектеп. Көше. Қала. Ауыл. Заң. Тәртіп. Білім. Дүние
жүзі елдері. Мемлекет. Президент. Халық. Сот. Азамат құқықтары. Теңдік.
Міндеттер. Балалар туралы конвенция. Конституция зағңдары. Мектеп тәртібі
туралы ережелер оқытылады.
Мектептің негізгі сатысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Тарих ғылымының принциптері
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Пәндер