Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеудің көкейкестілігі.
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық технологиялардың даму қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандар даярлау қажеттілігі туындайды.
Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай деп жазылған: «Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді жаңалау және Интернетке қосылған оқу орындар жүйесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралармен қатар мамандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту құралдарын дайындауды жеделдету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқыту порталын құру жоспарланып отыр». Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2001 жылы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында бірнеше басымдықтарды ерекше атап өтті. Соның ішінде бесінші басымдықтың мазмұнында: «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті» - деп көрсетілген.
Осыған орай бүгінгі таңда құқықтық мемлекетті қалыптастыру заң жүйесінің мамандарын даярлау деңгейін жетілдірумен ғана жүзеге асырылатыны анық. Заң жұмысының мазмұны – ақпаратты құжаттау арқылы құқықтық нормаларды бақылау, қолдану және орындау тәжірибесі. Ақпарат көлемінің қарқындап өсуі, оларды өңдеуші ақпараттық технологиялардың дамуы болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығының деңгейіне қойылған талаптарды арттырады. Қойылған мақсатқа жету үшін кәсіби даярлығы деңгейін жоғары, ерекше ақпараттық-технологиялық даярлық арқасында жетуге болады деп есептейміз. Заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығы – құқық қолдану тәжірибесіндегі құжаттау жұмыстарында ақпараттық технологияны пайдалана білу қабілеті. Ал кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлау – сол қабілетті педагогикалық қалыптастыру процесі.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау мәселелерінің кешенін Қ.Ж. Аганина, Қ.М. Арынғазин,
Ш.Ә. Әбдраман, Б.А. Әбдікәрімұлы, Т.Р. Әбдрахманова, Е.И. Бурдина,
К.М. Гуревич, С.Т. Каргин, Г.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, Н.В. Кузьмина,
А.А. Қалыбекова, Ж.Ж. Наурызбай, Г.К. Нұрғалиева, Ә.Ә. Усманов,
Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдар қарастырған.
Қазіргі кезеңде кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық негіздері көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелді
С.И. Архангельский, Г. Әбілқасымова, Б.М. Бим-Бад, Ж.А. Қараев, В.В.

1 Анықтамалық-ақпараттық құжаттарды құру және рәсімдеу тәсілдері // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. – С.245-247.
2 Аутоматтандырылған оқыту жүйесінің білім мазмұнындағы орны // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. – С.248-251 (Д.А.Казимовамен авторлық бірлестікте).
3 Организация делопроизводства в коммерческих предприятиях // Актуальные вопросы высшего образования в РК: Материалы межвуз. нач.-метод. конф. ЖенПИ. (11 ноября 2002 г.) Алматы: С. 120-123 (Ж.Д.Бакеновамен, Г.Н.Джабаевамен авторлық бірлестікте).
4 Құпиялы құжаттардың ерекшеліктері // ҚарМУ Хабаршысы. Педагогика сериясы – 2003. 55-57 б. (Л.С.Жунусбековамен, Ж.А.Валиевамен авторлық бірлестікте).
5 Методические указания к выполнению практических занятий по курсу «Документоведение» // Издательство КарГУ, Караганда: 2003. – 79 с. (С.А.Муликовамен, О.В.Даренскаямен авторлық бірлестікте).
6 «Қазақстанның мұрағат қызметі» курсы бойынша практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау» // Караганда: Изд-во КарГУ, 2003.- 79 с. (С.А.Муликовамен, О.В.Даренскаямен авторлық бірлестікте).
7 «Құжаттану» курсы бойынша практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау // ҚарМУ баспасы, Қарағанды: 2003. – 79 б. (С.А.Муликовамен, О.В.Даренскаямен авторлық бірлестікте).
8 Құжаттану және құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру // Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – Б.226. (М.Х.Хасеновамен, М.Қ. Смағұловамен авторлық бірлестікте).
9 Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы әдістемелік ұсыныстар // Караганда: Изд-во КарГУ, 2003.- 32 с. (Г.Н.Джабааевамен, Қ.Д.Меймановамен бірлестікте).
10 Криминалистикада құжаттарды зерттеу // Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – Б.32.
11 Соттық-шұғыл фотографияларды іс жүргізуде рәсімдеу және пайдалану // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. – Б.220-225.
12 Қылмыстық істегі фотоға түсіруін іс жүргізуде рәсімдеу // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: КарГУ им.Е.А.Букетова, 2003. – Б.226-229. (Д.Т. Алинамен авторлық бірлестікте).
13 Біртіндеп өзгерген құжаттарды криминалистикада зерттеу // Актуальные вопросы повышения качества и перспективы развития высшего образования в Республике Казахстан: материалы межвуз.нач.-метод.конф. –Караганда, 2004. – С.321-323 (Г.Н. Джабаевамен авторлық бірлестікте).
14 Кісілерді басқарудағы іскерлік ойындар // Типтік бағдарлама. Қарағанды, 2003. - (М.Қ.Смағұловамен авторлық бірлестікте).
15 Келешек жасөспірімдердің құқық саласынан сауатты болу мәселелері // Педагогические проблемы информационно технологической подготовки специалистов высшей школы: сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2004. – С.149-150.
16 Ақпараттық технологияларды заңгерлерді даярлау жүйесінде қолдану // ҚарМУ Хабаршысы. Педагогика сериясы – №4, Б.83-89. – 2005. (Б.Әбдікәрімовпен, Е.Е.Омарбековпен авторлық бірлестікте).
17 Заңгерлердің технологиялық дайындығының мазмұны. ҚарМУ Хабаршысы. Педагогика сериясы – №2 (42), - Б.117-120. 2006. (Г.О.Тәжіғұловамен авторлық бірлестікте).
18 Болашақ заңгер қызметіндегі құжаттық қамтамасыз етудің алатын орны // Использование информационных и инновационных технологий в процессе обучения. Материалы медународной научно-практической конференции. Под ред. Д.Т.Кенжетаева. – Караганда: КарЮИ им. Б.Бейсенова, 2006. – Вып.2. С.17-21.
19 Заңгерлердің кәсіби қызметіндегі құжаттау жұмысының маңыздылығы // ҚарМУ Хабаршысы. Педагогика сериясы –№2 (46), - Б.41-45. 2007. (Г.О. Тәжіғұловамен авторлық бірлестікте).
20 Болашақ заңгер қызметіндегі ақпараттық технологиялардың алатын орны // Қазіргі заманғы маңызды проблемалар: Халықаралық ғылыми журнал. Қарағанды: Болашақ-баспа, 2007. – Б.87-91. (Д.А.Казимовамен авторлық бірлестікте).
21 Криминалистикадағы құжаттар. Электрондық оқулық. - Зияткерлік меншік құқығы комитетінің тізбесінде № 453. 11.10.2007 жарық көрді. (Г.О.Тәжіғұловамен, Д.А. Казимовамен авторлық бірлестікте).
22 Болашақ заңгер студенттерді ақпараттық технологияны пайдалануға дайындау // Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар. Алматы: – «Білім Әлемінде» журнал. – 2006. - № 4-6. Б.17-21.
23 Заңгерге арналған электронды ақпараттық анықтамасы (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама). - Зияткерлік меншік құқығы комитетінің тізбесінде № 288. 02.07.2008 жарық көрді. (Н.Ә.Мыңжановпен, Д.А.Казимовамен авторлық бірлестікте).
24 Мемлекеттік тілде іс жүргізуде ақпараттық технологиялармен жұмыс жүргізу мәселелері // Использование информационных и инновационных технологий в процессе обучения: Материалы международной научно-практической конференции / Под ред. Д.Т.Кенжетаева, Н.А.Минжанова. – Караганда: КарЮИ МВД РК им. Б.Бейсенова, 2007. – Вып. 3. – С.86-90.

ӘОЖ 371.13:[347.96:004] Қолжазба құқында
Коржумбаева Марал Берекеловна
Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық
даярлығын жетілдіру
13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы
Қарағанды Заң институтында орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Н.Ә. Мыңжанов
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының
докторы С.З. Қоқанбаев
педагогика
ғылымдарының
кандидаты Е.А.
Батешов
Жетекші ұйым: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық
университеті
Диссертация 2009 жылы _____________сағат____Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік универститетінде педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық
кеңестің мәжілісінде қорғалады. (100028, Қарағанды қаласы, Университет
көшесі, 28, №1 кеңейтілген дәрісхана).
Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
универститетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2009 жылғы ___ _________ таратылды.
Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда қоғамның сұранысы мен
талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті
мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық
технологиялардың даму қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандар даярлау
қажеттілігі туындайды.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында былай деп жазылған: Білім
беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың
тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді жаңалау және Интернетке қосылған
оқу орындар жүйесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралармен қатар мамандардың
компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық
оқыту құралдарын дайындауды жеделдету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін
оқыту порталын құру жоспарланып отыр. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2001
жылы Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы Жолдауында бірнеше басымдықтарды ерекше атап өтті. Соның
ішінде бесінші басымдықтың мазмұнында: Азаматтардың Конституция мен
еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының
міндеті - деп көрсетілген.
Осыған орай бүгінгі таңда құқықтық мемлекетті қалыптастыру заң жүйесінің
мамандарын даярлау деңгейін жетілдірумен ғана жүзеге асырылатыны анық. Заң
жұмысының мазмұны – ақпаратты құжаттау арқылы құқықтық нормаларды бақылау,
қолдану және орындау тәжірибесі. Ақпарат көлемінің қарқындап өсуі, оларды
өңдеуші ақпараттық технологиялардың дамуы болашақ заңгерлердің кәсіби
даярлығының деңгейіне қойылған талаптарды арттырады. Қойылған мақсатқа жету
үшін кәсіби даярлығы деңгейін жоғары, ерекше ақпараттық-технологиялық
даярлық арқасында жетуге болады деп есептейміз. Заңгерлердің кәсіби
ақпараттық-технологиялық даярлығы – құқық қолдану тәжірибесіндегі құжаттау
жұмыстарында ақпараттық технологияны пайдалана білу қабілеті. Ал кәсіби
ақпараттық-технологиялық даярлау – сол қабілетті педагогикалық қалыптастыру
процесі.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау мәселелерінің
кешенін Қ.Ж. Аганина, Қ.М. Арынғазин,
Ш.Ә. Әбдраман, Б.А. Әбдікәрімұлы, Т.Р. Әбдрахманова, Е.И. Бурдина,
К.М. Гуревич, С.Т. Каргин, Г.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, Н.В. Кузьмина,
А.А. Қалыбекова, Ж.Ж. Наурызбай, Г.К. Нұрғалиева, Ә.Ә. Усманов,
Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдар қарастырған.
Қазіргі кезеңде кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық
негіздері көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелді
С.И. Архангельский, Г. Әбілқасымова, Б.М. Бим-Бад, Ж.А. Қараев, В.В.
Краевский, А.П. Сейтешев, М.И. Старов, Ш. Таубаева, Е.Н. Шиянов және
басқалары.
Жалпы қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылымдар
тұрғысынан мамандардың кәсіби білімін жетілдіру мәселесін Т.Ш. Ахметова,
А.А. Булатбаева, С.С. Маусымбаев, В.Д. Шадриков және тағы да басқа
ғалымдар қарастырған.
Ал оқу процесінде ақпараттық технологиялардың қолданылуын, олардың
мүмкіншіліктерін, тиімділігін қарастырған ғалымдар
Е.А. Батешов, Д.И. Блюменау, Д.М. Жүсібалиева, В.В. Егоров,
П.В. Ефимов, Т.В. Заикина, Д.А. Казимова, Л.А. Керимов,
М.С. Мәлібекова, С.А. Муликова, Г.О. Тәжіғұлова, Ю. Шафрин,
Г.С. Шрайманова.
Қазіргі уақытта болашақ заңгерлерді кәсіби қызметіне даярлау мәселесі
көптеген ғалымдар зерттеулерінде А.В. Баширов, К.М. Бейсебаев,
Р.Т. Завотпаев Э.П. Ким, Т.А. Ким, И.В. Кондратьев, Ж.З. Қосыбаев,
Е.А. Лобынцева, Н.Ә. Мыңжанов, Р.Д. Оқашев, Қ.Ф. Төленғұтов,
С.С. Түркенова, Л.Д. Столяренко және т.б. әр қырынан қарастырған. Болашақ
заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру,
қызметкерлердің кәсіптік даярлығын жетілдіру мәселесі ғылымға жаңаша
негізделген дайындық әдістерін, педагогика мен психология ғылымдарының
соңғы жетістіктерін ұтымды пайдалану нәтижесінде шешілетіндігі айқын.
Зерттеу барысында әлеуметтік-философиялық әдебиеттердің, психологиялық-
педагогикалық зерттеулердің мазмұнын сараптау барысында жоғары оқу
орындарында болашақ заңгерлерді кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығында
мынадай қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды:
- болашақ заңгер мамандарының кәсіби ақпараттық-технологогиялық
даярлықтарына жоғары талаптар қойылуы мен оның нақты деңгейінің арасында;
- болашақ заңгерлердің кәсіби іс-әрекетінде қажетті ақпараттық-
технологиялық даярлықтың қажеттілігі мен оны тиімді қалыптастыру
әдістемесінің болмауы арасында.
Осы қайшылықтарды жоюға бағытталған зерттеу талаптарына сай болашақ
заңгерлердің ақпараттық-технологиялық даярлығын қамтамасыз ету зерттеу
мәселесін айқындап, тақырыпты Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-
технологиялық даярлығын жетілдіру деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орындарында даярланатын болашақ
заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын ғылыми тұрғыдан
негіздеу және іс жүзінде жетілдіру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс.
Зерттеудің пәні: болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық
даярлығы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ заңгерлерді даярлау процесіне
қоғамның ақпараттық инфрақұрылымының талаптарын қанағаттандырса, ақпараттық-
технологиялық даярлығын жетілдіретін моделі мен педагогикалық жүйені
жобалап енгізсе, онда олардың кәсіби қызметіне бейімделуі артады, өйткені
құқық қолдану тәжірибесі арнайы ақпараттық-технологиялық даярлықты қажет
етеді.
Зерттеудің міндеттері:
1) зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау
арқылы болашақ заңгерлерді кәсіби іс-әрекетке даярлау ерекшеліктерін
айқындау;
2) болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдіруінің компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;
3) болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдіру процесінің теориялық моделін негіздеп ұсыну;
4) болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдірудің педагогикалық жүйесін құрып, тиімділігін эксперимент
барысында тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ заңгерлерді даярлау процесін ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың ақпараттық-технологиялық тұрғыдан
даярлау арқылы кәсіби қызметіне бейімдеу тиімділігін жетілдіру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан
Республикасы Конституциясы; Президент Жарлықтары; Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасы; әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды және
ішкі істер органдарының қызметін танудың ғылыми әдістері; ақпараттандыру
заңы, актілер және заңдық жобалар. Диссертациялық жұмыстың негізіне
біртұтас педагогикалық процестің теориясы, білім беруді ақпараттандыру
тұжырымдамасы, қоғамды ақпараттандырудың философиялық тұжырымдамасы, жаңа
ақпараттық технологиялар теориясы енеді.
Зерттеу көздері: зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген қазақстандық, шет
ел ғалымдарының (философ, педагог, психолог, заңгер) еңбектері, Қазақстан
Республикасының Қазақстан – 2030 даму стратегиясы, Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; жоғарғы оқу орындарындағы
мамандарды даярлаудағы кәсіби түрде басқарылатын нормативті құжаттар;
жұмыс, оқу бағдарламалары; жоғары оқу орнының оқытушыларының тәжірибелік
қызметтері; ҚР СТ 1042-2001. Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама; Құжаттарды
ресімдеуге қойылатын талаптар.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
педагогикалық, психологиялық, заңды-нормативтік құжаттарын, зерттеу
мәселесі бойынша арнаулы әдебиеттерін, бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу
құралдарын талдау, сұрақ-жауап әдістері, педагогикалық бақылау, моделдеу,
тестілік әдістер, педагогикалық эксперимент, статистикалық тұрғыдан өңдеу
әдісі.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезеңде (2002-2004 ж.ж.) қарастырылып отырған проблеманың қазіргі
жағдайына шолу жасалынып, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, нысаны,
пәні, болжамы айқындалып, психологиялық, педагогикалық, арнайы заң
саласының ғылыми еңбектеріне талдау жасалынып, ақпараттық-технологияларға
зерттеуге қажет материалдар жинақталды.
2-кезеңде (2004-2006 ж.ж.) заң мамандықтары бойынша білім беру
стандарты, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар
талданды, жоғарғы оқу орын оқытушыларының тәжірибелік қызметтері сараланды.
Нәтижесінде болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдіру процесінің теориялық моделі мен педагогикалық жүйесі әзірленіп,
тәжірибе жүзінде сынақтан өткізілді.
3-кезеңде (2006-2008 ж.ж.) алдын-ала жасалған болжамдарға түзетулер
енгізілді, экперимент материалдары жүйеге келтірілді, соның негізінде
теориялық тұжырымдар құрылды, эксперимент нәтижесінде алынған деректер
статистикалық тұрғыдан сараланып, қорытындыланды және зерттеу жұмысын
жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің базасы: Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі
Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институты, Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау
негізінде болашақ заңгерлерді кәсіби іс-әрекеттеріне даярлау ерекшеліктері
анықталды;
- болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдіру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды;

жетілдіру процесінің теориялық моделі негізделіп жасалынды;

жетілдірудің педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігі эксперимент
жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: болашақ заңгерлердің оқу процесіне
жасалынып және енгізілген:
1) Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы атты арнайы
курсы;
2) Құжаттану және құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру атты оқу
құралы;
3) Заңгер жұмысындағы соттық фотографияның мәні, әдістемелік нұсқауы;
4) Құжаттану, Қызметкерлерді басқарудағы іскерлік ойындар атты
типтік бағдарламалары;
5) Криминалистикадағы құжаттар атты электрондық оқулығы;
6) Заңгерге арналған электронды ақпараттық анықтамасы бағдарламасы;
7) Мемлекеттік тілде іс жүргізу электрондық курсы.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1) ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау негізінде болашақ
заңгерлердің кәсіби іс-әрекеттерге даярлау ерекшеліктері;

жетілдіру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері;

жетілдірудің теориялық моделі;

жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: теориялық-
әдіснамалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкес келуімен, алынған нәтижелер мен тұжырымдардың заң саласындағы білім
беру мекемелерінде қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеу жұмысының
барысы халықаралық конференцияларда (Қарағанды 2002-2006; Павлодар 2004;
Алматы 2006), облыстық (Қарағанды 2003), республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларда (Қарағанды 2004); жоғары оқу орын арасындағы
конференцияларда (Б. Бейсенов атындағы Заң институты - 2004-2007); Қазіргі
заманғы маңызды проблемалар халықаралық ғылыми журналында (2007); ҚарМУ
Хабаршысы журналында жарық көрген мақалаларда баяндалды (2003-2007),
сонымен қатар жұмыс нәтижелері ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Заң
институтында, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, Астана қаласының қаржы полиция академиясының оқу
процесіне енгізілді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны,
пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және
теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми
жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын
қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және
жүзеге асыру мүмкіндіктері баяндалды.
Болашақ заңгерлерді кәсіби қызметін даярлаудың ғылыми-теориялық
негіздері атты бірінші тарауда ғылыми және арнайы әдебиеттерге, нормативті
материалдарға, заңгерлердің кәсіби тұрғыдан жетілдіруге арналған
педагогикалық-психологиялық зерттеулерге талдау жасау арқылы, маманға білім
беру процесінің мәні нақтыланды және болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-
технологиялық даярлығын жетілдіру моделі негізделіп ұсынылды.
Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдірудің мазмұны атты екінші тарауда болашақ заңгердің ақпараттық-
технологиялық даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесінің мазмұны
ұсынылып, зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген эксперимент
жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар келтіріліп, оларға негізгі теориялық
қорытындылар мен диссертация зерттеуінің нәтижесі бойынша практикалық
ұсынымдар беріле отырып, бұл бағытта әрі қарай жоспарда бар ғылыми
ізденістер өз жалғасын табады.
Қосымшада зерттеу жұмыстарында қолданылған ақпараттық-дидактикалық
технологиялар бойынша санаткерлік меншік куәліктері, зерттеу нәтижелерін
жоғары оқу орындарында ендіру анықтамасы келтірілген.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде индустриялық қоғамнан ақпараттық өркениетке, ашық және
құқықтық мемлекет құру барысында, қоғамның даму факторы жүйелі түрде
өзгеріп, қоғамның ақпараттық-коммуникацияға бет бұруына байланысты біздің
саясатымызға, экономика мен әлеуметке, ғаламдық экономика және қоғамдағы
қатынастарға өзгерістер енді.
Құқық саласындағы болашақ мамандарын жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру
негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің
бірі. Себебі, біздің қазіргі өмір сүріп отырған кезең – ұлан-ғайыр
әлеуметтік өзгерістердің дәуірі, ақпарат, техника және технология тасқыны
кәсіпқой мамандарға жоғары кәсіби даярлық алуға мүмкіндік береді.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты Жолдауында білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейін
білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы
саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту және осы заманға сай білім
алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің
тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау екендігі айтылған.
Қазіргі заманда ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз
ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр.
Соның ішінде үздіксіз білім алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу
барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бұл жерде ақпараттық
технологияның атқарар ролі ерекше. Осы негізде болашақ заңгерлерді
даярлауда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап
көрсетуге болады:
- ақпараттық технология арқылы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек
ЭЕМ-ді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін
түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттарды
кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді;
- ақпараттық технологияларды пайдалану болашақ заңгерлердің белгілі бір
ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын жеңілдетіп, жобалау және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді;
- ақпараттық технологияларды пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды
талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-
нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар – мәселелерді айқын түрде
қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және түсінікті түрде жазу, қажетті
мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау мәселелерін әрбір
адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика
мен ақпарат заңдарын білуді көздейді.
Соңғы жылдардың ішінде көптеген ғалымдар ақпараттық процестің талабына
жауап беретін мамандарды даярлау мәселесіне назар аударған. Зерттеу
тақырыбына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмыстарды талдау негізінде көптеген
ғалымдардың жұмысын қарастырдық:
- кәсіби білім беру мәселесін зерттеу Б. Әбдікәрімұлы, В.В. Егоров, З.А.
Исаева, С.Т. Каргин, К.М, Кертаева, А.П. Сейтешев, Қ.А. Сарбасова, М.В.
Семенова, Н.Д. Хмель, Л.А. Шкутина және т.б.;
- білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде
пайдалану, оны қолдану Е.А. Батешов, Р.М. Дұзбаева,
Д.М. Жүсібалиева, Д.А. Казимова, Ж.А. Қараев, М.С. Мәлібекова,
Ә.К. Мыңбаева, А.И. Тәжіғұлова және т.б.;
- оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу В.П. Беспалько,
И.Ф. Исаев, И.Я. Лернер, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, Е.Н. Шиянов және
т.б.;
- білім беру саласында құжаттану мамандықтарын даярлауда ақпараттық
технологияны қолдану С.А. Муликова, Т.А. Медеуова, Г.О. Тәжіғұлова, Г.Е.
Самашова және т.б.;
- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығын арттыру А.В.
Баширов, Р.Т. Завотпаев, Е.А. Лобынцева, Н.Ә. Мыңжанов, Р.Д. Оқашев, С.С.
Түркенова, Е.Т. Түсіпбеков және т.б.
Жоғарыдағы еңбектерді талдау зерттеудің көкейкестілігінің болашақ
заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру бағытында
жұмыс істей алатын, ақпараттарды өңдеп, жұмыс барысында дұрыс шешім
қабылдай алатын қызметкерді даярлауда екендігін көрсетеді. Заңгер кәсібінің
сипаттамасына байланысты ол тек қана заңгерлік білімді терең біліп қана
қоймай, жоғары құқықты мәдениет пен кәсіби ақпараттық технологияларды да
білуге міндетті.
Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді
(құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін
және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын
маман. Жоғары оқу орындарында заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына
сәйкес жүргізіліп, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның
маңызды мәселелеріне жауап береді.
Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дәрежесіне сәйкес келуі
– дайындығы кәсіби стандартқа жауап беретін құқықтық және заң жұмысының
негізін білуі, заңгердің қызметі – құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра,
оның ішкі мәнін түсіну. Ол дегеніміз – материалдың мазмұнын, құқықты тарату
мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру және т.б. Аталған
жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп
қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат
актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын
тиімді атқара алады.
Жалпы заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты және теориялық білімді,
қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс,
мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің
білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша
практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің
барлығы. Заңгерлердің кәсіби мәдениеттілігі дегеніміз – басқару әдістерін
білу, адамдарға әсер ету; ел арасында тәрбиелік және құқық жұмыстарын
жүргізу немесе насихаттау; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми әдісін меңгеру,
үнемі біліктілігін жетілдіру; нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен
қарым-қатынас жасай білу қасиеті.
Болашақ заңгерлердің кәсіби қызметінің педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктерін талдау барысында олардың даярлығын жетілдіру жеке тұлғаның
өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу
дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: болашақ заңгерлердің
кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру өз кезегінде
заңгерлердің кәсіби мамандығынан туындайтын ұйымдастырушылық, зерттеушілік
және әлеуметтік-коммуникативтік компоненттерін құрайды. Осының барлығы
нақты өлшемдер мен көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады (кесте 1).
Осы көрсеткіштердің негізінде зерттелетін қасиеттердің қалыптастыру
деңгейлері анықталды. Олар өлшемдер мен көрсеткіштердің арақатынасын үш
деңгейде (төмен, орта, жоғары) бейнелейді.
Төмен деңгей – болашақ заңгерлер кәсіби ақпараттық-технологиялық
даярлығын жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезінбейді; кәсіби
даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік және дағдыларды игеруге
қызығушылығы төмен; ақпараттық-технологиялық кәсіби даярлықты жетілдірудің
маңыздылығын толық түсінбейді және кәсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы
төмен.
Орта деңгей – болашақ заңгерлер кәсіби ақпараттық-технологиялық
даярлығын жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезінеді; ақпараттық-
технологиялық кәсіби даярлықты жетілдірудің мақсатын түсінеді; кәсіби

қызығушылығы бар; ақпараттық-технологиялық кәсіби даярлықты жетілдірудің
маңыздылығын түсінеді және кәсіби білімін шыңдауға ынта-ықыласы бар.
Жоғары деңгей - болашақ заңгерлер кәсіби ақпараттық-технологиялық
даярлығын жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезініп, ой елегінен
өткізе алады; кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті білім, іскерлік және
дағдыларды игеруге қызығушылығы жоғары; ақпараттық-технологиялық кәсіби
даярлықты жетілдірудің маңыздылығын толық, әрі саналы түсінеді және кәсіби
білімін шыңдауға ынта-ықыласы жоғары.Алдын-ала қойылған зерттеуіміздің
міндеттерін тиімді шешу үшін, ақпараттандыру шартын талдау барысында және
қызметке дайын болу туралы педагогикалық және психологиялық ғылымдар
қағидаларына жасаған ережесіне сәйкес біз болашақ заңгерлердің кәсіби
ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру моделін ұсынамыз (сурет 1).
Ұсынылып отырған модель ақпараттық технологиялар арқылы болашақ
заңгерлердің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін жасауға негіз
болды. Педагогикалық жүйені жоғары және арнайы оқу орындарында заңгерлерді
даярлау процесіне пайдалануға болады. Жүйенің негізгі компоненттерін
анықтау үшін, ең алдымен заңгерлердің құжаттарды өңдеу процесінің
технологиясын ұйымдастыру қажеттілігінің білімі, іскерлігі және дағдысы
айқындалды. Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын
жетілдіру атты педагогикалық жүйемізде Криминалистикадағы құжаттарды
зерттеу технологиясы арнайы курсын дидактикалық құралдар ретінде ұсынамыз.
Жоғары оқу орындарының оқытудың түрлеріне келесі дидактикалық құралдарды
пайдалана отырып, білімнің сапасын көтереміз: дәрістерді, практикалық және
лаборатория сабақтарын, студенттердің өзіндік жұмыс-тарын, оқытушымен
жұмысын, жобалау жұмыстары мен білімді бақылау (тест) жүйелерін
пайдаландық. Төменде Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы
арнайы курсының мазмұнын ұсынамыз (кесте 2).
Кесте 2 - Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы арнайы
курсының тақырыптық жоспары
№ Тақырып атауы Сағат саны
1 Құжаттарды криминалистикада зерттеудің түрі мен түсінігі2
2 Біртіндеп өзгерген құжаттарды криминалистикада зерттеу 2
3 Бұзылған және мәтіні әзер көрінетін құжаттарды қалпына 2
келтіру
4 Мөр таңбалар мен штамптарды криминалистикада зерттеу 2
5 Құжаттарды техника-криминалистикада зерттеудің түсінігі 2
мен мәні
6 Баспа құрылғыларын қолданып, жасап-шығару арқылы 2
құжаттарды зерттеу
7 Құжат бланкілерін криминалистикада зерттеу 2
Барлығы 14
Арнайы курсқа қосымша ретінде төмендегілерден тұратын оқу-әдістемелік
кешен жасалды:
- Заңгер жұмысындағы соттық фотографияның мәні әдістемелік нұсқау,
мұны қолдану негізінде болашақ маманның кәсіби практикадағы білімі артады;
- Криминалистикадағы құжаттар электрондық оқулығы оқу процесінің
нәтижелі біліктілігін көтереді;

жетілдіру мақсатында Заңгерге арналған электронды ақпараттық анықтамасы
атты бағдарлама жасалды;
- практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау курстары
Құжаттану, Қызметкерлерді басқарудағы іскерлік ойындар жарық көрді;
- Мемлекеттік тілде іс жүргізу электронды курсы болашақ заңгерлердің
оқу процесіндегі теориялық бөліміне демеу жасады.

жетілдірудің педагогикалыќ жүйесін келесі түрде ұсынамыз (сурет 2).
Ұсынылып отырған зерттеу жұмысымыз болашақ заңгерлердің кәсіби
ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесінің
тиімділігін тексеру үшін айқындаушы эксперимент өткізіліп, Қазақстан
Республикасының Ішкі Істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Заң
институтының тыңдаушылары мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің
біліміне баға берілді.
Эксперимент жұмысын дайындау барысында тыңдаушылар мен студенттердің
кәсіби қызметке дайындығы тексерілді. Бұл процестің барысын анықтайтын және
дәрежесін көрсететін факторлар мен қарама-қайшылықтар айқындалып талданды
және жоғары оқу орындарына қажетті шаралардың тиісті деңгейде дамуына
байланысты оқытушылардың пікірлерін білдік.
Педагогикалық айқындаушы экспериментіне 2002-2006 жылдардың аралығында
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 050301 –
Заңтану мамандығының студенттері мен ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды
Заң институтының 050303 – Құқық қорғау қызметі мамандығының тыңдаушылары
қатысты.
Заң мамандығының студенттері мен тыңдаушылар эксперименттік және бақылау
топтарына бөлінді. Экспериментке қатысқан Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің студенттер саны - 153 (78 студент
эксперименттік тобында және 75 студент бақылау тобында), ҚР ІІМ Б. Бейсенов
атындағы Қарағанды Заң институты тыңдаушыларының саны 147 адамды (72
тыңдаушылар эксперимент тобында және 75 тыңдаушылар – бақылау тобында)
құрады.
Айқындаушы экспериментінің материалдарының негізінде екі жоғары оқу
орындарындағы болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық
білімдері, іскерлігі және дағдыларының жетілідіру айырмашылықтары 3, 4
кестелерінде көрсетілген.
Кесте 3 – ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институты
тыңдаушыларының кәсіби ақпараттық-технологиялық білімі, іскерлігі және
дағдысын жетілдіру компоненттері (айқындаушы эксперимент)
Төмен % Орташа % Жоғары %
№ Компоненттер
бақылау экс. бақылау экс. бақылау экс.
1 ұйымдастыру- 30,1 29,3 59,2 60,6 10,7 10,1
шылық
2 зерттеушілік 30,7 31,2 56,1 56,0 13,2 12,8
3 әлеуметтік-комму36,2 35,6 51,2 52,2 12,6 12,2
никативті
Кесте 4 – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің кәсіби ақпараттық-
технологиялық білімі, іскерлігі және дағдысын жетілдіру компоненттері
(айқындаушы эксперимент)
Төмен % Орташа % Жоғары %
№ Компоненттер
бақылау экс. бақылау экс. бақылау экс.
1 ұйымдастыру- 30,1 29,4 59,1 60,5 10,8 10,1
шылық
2 зерттеушілік 30,6 31,3 56,3 56,1 13,1 12,6
3 әлеуметтік-комму36,1 35,5 51,4 52,4 12,5 12,1
никативті
Бақылау және эксперимент топтарындағы студенттер мен тыңдаушылардың
нәтижесін көру үшін К.Пирсонның критерийлерін қолдандық ((2 әдісі).
Математикалық есептеу көлемі үлкен болғандықтан MS Excel бағдарламасының
көмегімен орындалды. Орындалған жұмыстың нәтижесі 5 кестеге енгізілген.
Кесте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz