Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Негізгі бөлім
1.тарау Прагмалингвистика . тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі
1.1Прагмалингвистиканың қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысы
1.2 Медиа.мәтін . ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым
2.тарау Субъект . прагмалингвистиканың негізгі категориясы
3.тарау Қазіргі қазақ медиа.мәтінінің прагматикалық ерекшеліктері жұмыстың
4.тарау Қазақ газеттеріндегі тақырыпаттық кешеннің прагматикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.
Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды тілдік бірліктердің ғана емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың қосындысы деп санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда тіл сырттан келіп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады. Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты

1 А ван Дейк. Язык. Познание. Коммуникация. – М., 1989. “Прогресс”-310с
2 Винокур Т.Г Говорящий и слушающий. – М., 1993.-172с
3 Сыздық Р. Бүгінгі көркем проза тілі және әдеби норма (сәйкестік пен алшақтықтар) // Өнер алды – қызыл тіл. Мақалалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1986.
4 Рогозина И.В.Медиа-текст как средство социальной регуляции // Концептуальная картина мира и интерпретативное поле текста с позиции лингвистики, журналистики и коммуникативистики: сб.докл. Всесоюз.науч.прак.конф., /25-26 июня,2001/. –Барнаул, 2001, 171-182 стр.
5 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Фил.ғ.д... дисс
6 Апресян Ю.Д. Коннотация как часть прагматики слова// Избранные труды. I. II: Интегральное описание языка и система лексикографии. М., 1995. 767 с.
7 Э.Ю.Новикова. Прагматические характеристики газетного политического текста// Вопросы лингвистики и транслятологии. -Волгоград, 2004, вып. 2 с.18-26
8 Е.Пронин. Критерии эффективности текстового воздействия // Проблемы эффективности журналистики. -М.,1990
9 Каменская О.Л. Текст и коммуникация. -М.,1990 С.150
10 Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Серия литературы и языка. Том 40. №4. 1981 с.356-367
11 Щедровицкий Г.П. Схема мыследеятельности – системно – структурное строение, смысл и содержание // Системные исследования: методологические проблемы. Ежегодник. –М., 1987.
12 Ережепова С.Н. Официально-деловой стиль в русском и казахском языках: прагмалингвистический аспект. Автореф. канд... филол. наук. –Алматы, 2002. -27 стр.
13 Алефиренко Н.В. Современные проблемы науки о языке. -Москва, 2005.
14 Ерназарова З.Ш. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. Фил. ғылым.док.дисс… авторефераты. -Алматы, 2002.
15 Поварнин С.И. Спор. О теории и практике спора// Вопросы философии. 1990. №3. с.60-133
16 Маттуш Х.Ю Семантическая пробематика специальных языков // Исследования по семантике: Межвуз. сборник.- Уфа: Изд-во Башк. Ун-та, 1980 3-11с
17 Похорова Т.Н. Реализация прагматического потенциала современного русского языка в жанрах газетной журналистики. Дисс....док.филол.наук. –Белгород, 2003. -315 стр.
18 Туранский И.И. Семантическая категория интенсивности в английском языке. –Высшая школа, 1990. -172 с.
19 Покровская Е.В. Понимание современного газетного текста (прагматический аспект). –М., 2003.
20 Ахатова Б.С. Языковое сознание. Дисс...д.ф.н
21 Георгиев Д. Режиссура газеты. –Москва, 1979. -107 стр.
22 Коробова Л.А. О семантике газетного заголовка // Иностранная филология. Вып. 6 А., 1975 С.77-84.
23 Лазерева Э.А. Заголовок в газете. Свердловск, 1989 С.96
24 Мырзахметова Т.Ш. Семиотический и функционально-прагматический анализ многоточия. Автореф.дис...канд.филол.наук. –Алматы, 2000. -30 стр.
25 Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. –Москва: Наука, 1987. -262 стр.
26 Ихсангалиева Г.К. Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм).-Алматы, 2000. Дисс...канд.филол.наук. -135 стр.
27 Иманбердиева С. Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін логоэпистемалардың трансформациялануы (газет материалдары бойынша) // С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері. -А., 2004. 199-206.
28 Турчинская Э.И. Использование фразеологизмов в газетных заголовках (на материале французкой и советской прессы) // Сб. Научн. трудов МГПИИЯ им. М.Тореза. М., 1987. вып. 294. С.47-55
29 Күдеринова Қ. Қазақ жазуының онтогенездік дамуы. ф.ғ.д... автореф. Алматы, 2006
30 Сорокин Ю.А., Тарасов Е.Ф. Креолизованные тексты и их коммуникативная функция// Оптиматизация речевого воздействия.-М.,1996\
31 Е.Е.Анисимова Лингвистика текста и межкультурная коммуникация.-М., 2003 С.120

ӘОЖ
Қолжазба құқығында
ЕСЕНОВА ҚАЛБИКЕ ӨМІРБАЙҚЫЗЫ
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
(қазақ баспасөз материалдары негізінде)
мамандығы – 10.02.02 – қазақ тілі
филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы, 2007
Жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында орындалды.
Ғылыми кеңесшісі: филология ғылымдарының докторы, академик Р.Сыздық
Ресми оппоненттері:
Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы – филология ғылымдарының докторы, академик,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің бас
ғылыми қызметкері, мамандығының шифры 10.02.02 – қазақ тілі.
Момынова Бағдан Қатайқызы - филология ғылымдарының докторы,
профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі, мамандығының шифры 10.02.02 – қазақ тілі.
Ерназарова Зәуреш Шаршыбекқызы – филология ғылымдарының докторы,
профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі,
мамандығының шифры 10.02.02 – қазақ тілі.
Жетекші ұйым:
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Диссертация 2007 жылы 23 қараша күні сағат 14.00-де ҚР БжҒМ
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі
тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28)
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы он
бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер
бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық
жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс
тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен
шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты
ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы,
тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық
жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне
байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса,
бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып
бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа
қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің
қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және
білім беру салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық
назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді
көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан журналистер
қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы
топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып
көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады. Жалпы БАҚ-
тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі:
телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда
лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа
мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және
визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және
медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.
Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды
тілдік бірліктердің ғана емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың
қосындысы деп санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін
когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда
тіл сырттан келіп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған
мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады.
Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық
кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда
орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері
көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының
қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған
қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие
ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап айтқанда Адам факторымен,
кең мағынасында алғанда қоғаммен, тілдік социуммен байланыста қарастыру
бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан іргелі ғылым саласының
талабынан туындап отыр. Біздің зерттеу нысанамызға алынған медиа-мәтіннің
жасаушысы да (журналист), қабылдаушысы да (оқырман), объектісі де – Адам
болғандықтан, әрі тақырыптық аясын жалпыадамзаттық проблемалар мен
құндылықтар құрайтындықтан жұмысымыздың өзектілігі Адам факторын
психосоциопрагмалингвистикалық аспектіде қарастырудан келіп шығады.
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде
социумның когнитивтік санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени,
тарихи т.б. факторлардың барлығын тілдік санада айшықтай отырып; бұқаралық
санаға ықпал етуші қуатты құралға айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді
бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа бейімдеп отыратын
саяси тетік деуге де болады. Мұны күнделікті баспасөз бетінде көрініс
табатын саяси дискурстан байқауға болады. Бұл пікіріміз бүгінгі ресми
басылымдардың тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси мәтіндерге
лингвопрагматикалық талдау жасағанда қуаттала түседі. Сондықтан да
ақпараттық және аналитикалық жанрларға бөлінетін газет мәтіндерінің ішінен
біз негізінен саяси мәселелерге арналған материалдарға көбірек назар
аудардық. Сонымен қатар қазіргі қазақ басылымдарында үлкенді-кішілі орын
алатын материалдардың бәрін қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін
айшықтайтындықтан қажетінше қамтуға тырыстық.
Зерттеу нысанасы. Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтіннің
прагматикалық әлеуеті, ақпараттық, әлеуметтік-реттеуіштік, әсер ету
қызметтері және газет бетіндегі саяси дискурс мәселелері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты – қоғамдағы
саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын
алған өзгерістердің қазіргі қазақ баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты
қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді адресанттың өз прагматикалық
ұстанымын жеткізуде қалайша пайдаланып отырғандығын анықтау және сол арқылы
тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл
үшін мынадай міндеттер қойылды:
– қазіргі тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытының даму тарихына
шолу жасалып, оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен
байланысы анықталып, өзіндік ұғымдық шеңбері мен теориялық
мәселелерін анықтау;
– БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің
маңызды элементі – медиа-мәтінді ақиқат болмысты
репрезентациялайтын және интерпретациялайтын аса қуатты құрал
ретінде қарастыру;
– медиа-мәтінді бұқаралық санаға әсер етудің прагматикалық
стратегияларын жүзеге асыратын және әлеуметтік-реттеуіштік қызмет
атқаратын фактор ретінде зерделеу;
– прагмалингвистиканың негізгі категориясы – субъектіні адресант-
адресат қостағаны аясында жан-жақты қарастыру;
– адресанттың прагматикалық ұстанымдарының қазіргі қазақ газети
мәтіндеріндегі жеткізілу тәсілдерін анықтау;
– қазіргі қазақ медиа-мәтінінің адресат факторына тигізетін әсерін
мәтін интерпретациялануы тұрғысынан саралау;
– адресант-адресат арасындағы рөлдік қатынастардың бүгінгі қазақ
басылымдарындағы көрінісін сипаттау;
– медиа-мәтіндегі модальділік категориясын мәтін түзуші мен оны
қабылдаушы субъектілер арақатынасы аясында қарастыру;
– газет мәтінінің әсер ету күшін көрсететін прагматикалық
интенсификаторларды (қарқындатқыштарды) анықтау;
– қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурсты айқындау;
– тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі жаңа қолданыстарға
прагмалингвистика тұрғысынан баға беру.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде 2002-2007 жылдары жарық көрген
ресми басылымдардың (Егемен Қазақстан, Ана тілі, Түркістан, Алматы
ақшамы, Айқын, Жас Алаш) және ішінара оппозициялық бағыттағы
газеттердің (Жас қазақ, Ақ жол Қазақстан, Апта kz) материалдары
пайдаланылды.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Жұмыста тілдік
материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау,
компоненттік (семалық) талдау әдісі және концептуалды (концептілік),
мәтіндік – контекстуалдық, ұғымдық талдау, интерпретациялық талдау,
прагматикалық пресуппозиция мен импликацияларды талдау, эксперименттік
сауалнама әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бүгінге дейін құрылымдық лингвистика
тұрғысынан бірнеше ғылыми еңбекте қарастырылған баспасөз тілі жұмысымызда
алғаш рет Адам факторының айналасында шоғырланған ақпараттық кеңістіктің
материалдық көрінісі ретінде нысанаға алынды. Осыған орай жазба мәтіндегі
тілдік және бейтілдік құралдар оларды пайдаланушы субъектілердің мақсат-
мүдделері мен прагматикалық интенциясын жеткізуші тәсілдер ретінде
қарастырылды. Осындай прагмалингвистикалық талдау нәтижесінде төмендегі
өзекті мәселелер бірінші рет өз шешімін тапты:
– бүгінгі БАҚ биліктің төртінші тармағы деген атауға шын мәнінде
лайықты, қоғамдағы бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал
болғандықтан оның бүкіл қызметі мен нәтижелерін көрсететін ауқымды ұғымға
медиа-мәтін деген атау берілді;
– медиа-мәтін ақиқат болмыстың қандай да бір үзігін
репрезентациялайтын күрделі де құрастырмалы модель ретінде қарастырылды;
– медиа-мәтін таза ақпараттық қызмет атқаратын қатынас құралы ғана
емес, сонымен бірге жеке тұлғаның (автордың), кейде басылымның
(редакцияның) саяси-идеологиялық ұстанымын да жүзеге асыратын стратегиялық
мәні бар құрылым екендігіне көз жеткізілді;
– қазіргі қазақ басылымдарынан жиналған тілдік материал негізінде
қазақ баспасөзінде тақырыптық, шығармашылық, коммуникативтік, прагматикалық
еркіндіктің (сөз бостандығының) белең алып келе жатқандығы байқалды;
– газет мәтінінің прагматикалық әлеуеті (әсер ету күші) бір жағынан,
автордың салалық біліміне, журналистік шеберлігі мен тілдік
компетенттілігіне, екінші жағынан, мәтінде кодталған ақпараттың адресат
тарапынан адекватты түрде интерпретациялануына тікелей байланысты
болатындығына көз жеткізілді. Осымен байланысты газет мәтіні қабылдануының
бірнеше деңгейі анықталды;
– мәтін авторы тек редакция тапсырмасын орындаушы ғана емес, кәсіби
және энциклопедиялық білім қоры бар, өзіндік азаматтық позициясы мен
прагматикалық ұстанымын оқырманға сауатты түрде жеткізе алатын тұлға
ретінде танылды. Осымен байланысты қазақ журналистері арасында тілдік тұлға
деңгейіне жеткен қаламгерлердің еңбектерін де арнайы зерттеу нысанасына
айналдыру мүмкіндігі туындап отырғандығы айқындалды;
– қазақ тіл білімінде адресант – газет мәтіні – адресат үштағаны
түріндегі дискурс алғаш рет газет материалдары негізінде арнайы
қарастырылды;
– жазба мәтін тұңғыш рет бұқаралық коммуникациядағы автор мен
оқырманның рөлдік статусын айқындайтын прагматикалық көрсеткіш ретінде
танылды;
– тіл біліміндегі модальділік категориясы публицистикалық мәтіндегі
прагматикалық қызметіне орай үш топқа жіктелді: бағалау модальділігі,
эмоционалдық модальділік және дәйектеуші модальділік. Бұрынғы зерттеулерде
негізінен алғашқы екеуі жан-жақты қарастырылған. Біз қосқан дәйектеуші
модальділік БАҚ-тың негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын сендіру
категориясынан туындайтындығы айқындалды;
– газет мәтіндерінде автор қолданатын прагматикалық интенсификаторлар
(ақпараттың әсерін күшейтетін тәсілдер) сөз ойнату, контраст, тілдік
қайталамалар сияқты үлкен үш топқа біріктіріліп қарастырылды;
– қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс PR (пиар) ақпаратты
таратушы PR-мәтіндегі тілдік манипуляция тәсілдері негізінде ашылды;
– медиа-мәтіндегі ұлттық-мәдени концептілердің берілу ерекшеліктері
айқындалды;
– медиа-мәтін жаңа қолданыстарды таратушы және тұрақтандырушы құрал
ретінде танылды;
– газет мәтінінің негізгі қызметтерінің бірі – әсер етуді жүзеге
асыратын қосалқы факторлар – айдар мен тақырыпат арнайы қарастырылып,
олардың рәсімделуіндегі графикалық-айшықтаушы тәсілдер анықталды;
– медиа-мәтіндегі бейлингвистикалық құралдар қолданысын көрсететін
айрықша тип – креолды мәтіннің прагматикалық әлеуеті айқындалды;
– газет мәтіндерінің жанрлық ерекшеліктері жеке-жеке сипатталып,
олардың әрқайсысына тән ақпараттық сыйымдылық коэффициенті Маттуш формуласы
бойынша анықталды;
– медиа-мәтін құрылымдық жағынан қарастырылып, ондағы негізгі
ақпараттық мазмұн бірнеше прагматемаға бөліне орналасатындығы анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесінде жасалған
тұжырымдар жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі
прагмалингвистика саласының әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ
когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, мәтін
лингвистикасы мен публицистикалық стильге байланысты зерттеулерді
толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдарын жоғары оқу
орындарында Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі, Қазіргі қазақ
публицистикасы, Мәтін лингвистикасы, Прагмалингвистика, Сөз
мәдениеті, Журналистік шеберлік сияқты ғылыми курстар мен арнаулы
семинарларда жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін
құрастыру барысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
– медиа-мәтін БАҚ арқылы жүзеге асырылатын бұқаралық коммуникациядағы
аса ауқымды негізгі ұғым болып табылады;
– ақиқат болмыстың бір фрагментін репрезентациялайтын күрделі де
құрастырмалы модель түріндегі медиа-мәтін аудиторияға әсер етудің
прагматикалық стратегияларын жүзеге асыратын қуатты құрал ретінде танылыуы
тиіс;
– медиа-мәтін автордың және кейде басылымның прагматикалық ұстанымын
жеткізе отырып, әлеуметтік реттеуші қызметін де атқарады;
– медиа-мәтін БАҚ-тағы ғаламның медиа бейнесін қалыптастыратын маңызды
фактор болып табылады;
– газет мәтіні ақпараттық қызметімен қатар автордың прагматикалық
ұстанымын жеткізуші қызметін де атқарады. Онда сөз болатын проблемалардан
бөлек автордың жеке басы, дүниетанымына қатысты әртүрлі мәліметтердің
қамтылуы оқырман санасында автор образының сомдалуына себеп болады. Осы
образ түптеп келгенде адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастың да
сипатын анықтайды. Ол рөлдік қатынастар басшы-орындаушы, оқытушы-оқушы,
ұстаз-рухани шәкірт, үгіт-насихатшы-күмәнданушы түрінде көрініс табады;
– газет мәтіні – автор мен оқырман арасын жалғайтын көпір іспеттес, ол
байланыс адресанттың мәтін арқылы жеткізгісі келген түпкі ойын адресат
адекватты түрде, толық, дұрыс түсінген жағдайда ғана орнайды. Осындағы
түсінілім психолингвистикадағы мәтіннің интерпретациялануы мәселесімен
сабақтасып жатыр. Сондықтан адресант-адресат арасындағы диалогке оқырманның
мәтінді деңгейлеп қабылдауы нәтижесінде қол жеткізіледі;
– медиа-мәтіндегі модальділік категориясы өзара тығыз байланысты
бағалау, эмоционалдық, дәйектеуіштік түрлерінен тұрады;
– автор өз мәтінінің прагматикалық әлеуетін күшейте түсу үшін әртүрлі
интенсификаторларды кеңінен пайдаланады. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі
осындай прагматикалық қарқындандырғыштарды контраст принципі, тілдік
қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері түрінде топтастыруға болады. Мұндай
интенсификаторлар біріншіден, тәуелсіздік жылдарындағы баспасөзді Кеңес
дәуіріндегі таптаурындық сипаттағы басылымдардан ажырататын басты белгі деп
танысақ, екіншіден, бүгінгі қазақ баспасөзінде кеңінен үрдіс алып келе
жатқан шығармашылық және прагматикалық еркіндіктің бір көрінісі ретінде
бағалауға болады;
– газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін әрбір жанр түріне тән
ақпараттық сыйымдылық коэффициентін және мәтінде қамтылған экспрессивтік
көрсеткіштерін анықтай отырып, салыстыру арқылы ғана ашуға болады. Мұндағы
басты назар аударатын нәрсе – мәтіннің прагматикалық әлеуеті онда
қамтылатын сөздердің санына емес, семантикалық аясының кеңдігіне,
фразеологизмдер мен метафоралық қолданыстардың түрленуге,
трансформациялануға бейімділігіне және экспрессивтік мәнінің жоғарылығына
тікелей тәуелді болады;
– қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс негізінен PR-мәтіндер
арқылы ашылады;
– тілдік манипуляция – PR-ақпаратты таратудағы аса тиімді
прагматикалық тәсіл болып саналады;
– газет – жаңа тілдік қолданыстарды таратушы және қалыптастырушы
негізгі және маңызды тетік болып табылады;
– креолды мәтін – оқырман санасына тікелей әсер етуші гетерогенді
мәтін типі болып табылатын тиімді құрал ретінде бағалануы тиіс;
– газет бетіндегі айдарлар мен тақырыпаттар ақпараттық, жарнамалық,
эмоционалдық және прагматикалық қызметтерді қатар атқаратын мазмұндық
–тақырыпаттық кешенді құрайды.
Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары
мен нәтижелері төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық
конференцияларда баяндалды:
Қазақ әдеби тілін зерделеген ғалым Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Алматы, 2004; Р.Сыздық зерттеулеріндегі прагмалингвистика мәселелері
“Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері ” атты халықаралық
ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2004; Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі
мәтіннің дискурс ретіндегі сипаты “Құдайберген Жұбанов тағылымы ”атты
республикалық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2004;
Прагмалингвистика – тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі
“Тіл. Қоғам. Заман ” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция.
Ақтау, 12.05.2005; Қазіргі радио тілі жайында “А.Байтұрсынұлы және қазақ
фонологиясы мәселелері ” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция.
Алматы, 2004; Саяси мәтіннің прагмалингвистикалық сипаты Абылайхан
атындағы халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті. 08.02.2006;
Газет мәтіндеріндегі дәйектеуші модальдік “ Қазақ тіл біліміндегі
функционалдық бағыт” атты республикалық ғылыми-теориялық конференция.
Алматы, 2006; Мәтіннің тақырыптық ұйымдастырылуы “ Мемлекеттік тіл:
білім және саясат” атты ғылыми -тәжірбелік конференция. Орал, 10-14 сәуір
2006; Газет мәтінінің ақпараттық-мағыналық кескіндемесі жайында
“Жаһандану және тілдік процестер” атты ғылыми-практикалық конференция (
“Парасат” Қазақстандық көпсалалы институты ). Алматы, 2006;
Публицистикалық мәтіндегі модальділік “ Мемлекеттик тилди окутуумун
актуалдуу маселелери ” атты проф. Аскар Осмонкуловтың 80 жылдық мерейтойына
арналған ғылыми-практикалық конференция. Бишкек, 2006; 11 Контраст – газет
мәтініндегі негізгі құрамдас бөлік акад. Ө. Айтпаевтың 70 жылдық
мерейтойына арналған конференция. Алматы, 2007; Медиа-мәтін – БАҚ-тағы
қуатты құрал проф. Т.Жанұзақовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-
теориялық конференция.
Жұмыстың негізгі тараулары бойынша республикалық басылымдар мен
ғылыми жинақтарда 30-дан аса мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық зерттеу кіріспеден,
төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Диссертацияның І тарауы Прагмалингвистика – тіл біліміндегі
функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі деп аталады. Оның бірінші
тармағында Адам факторын түпқазық етіп алған когнитивті лингвистика,
психолингвистика, этнолингвистика, социолингвистика сияқты салалармен тығыз
байланысты дамып келе жатқан прагмалингвистиканың пайда болып, қалыптасуына
шолу жасалып, ұғымдық шеңбері анықталды. Қоғамдағы субъектілер арасында
болатын тілдік қарым-қатынас адресант-адресат қостағаны аясында
қарастырылды. Біздің зерттеу нысанамыз – жазбаша формадағы газет мәтіні
біріншіден, осындағы адресанттың прагматикалық ұстанымын жеткізуші көп
қырлы, терең мәнді, имплицитті түрде жеткізілетін астарлы ойға құрылған
күрделі прагматикалық бірлік ретінде алынса, екіншіден, социум мүшесі болып
табылатын адресатқа психика-эмоционалды тұрғыдан әсер ететін, сөйтіп
белгілі бір дәрежеде оның әлеуметтік мінез-құлқын реттеуге қатысатын
маңызды прагматикалық құрал ретінде қарастырылды. Өйткені кез келген
мәтіннің прагматикалық аспектісі айрықша маңызға ие. Сөйлеу актісінде бұл
тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі ниетіне сай етіп іріктей білуі,
қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің тыңдаушыға қандай дәрежеде әсер
етуін көздейтіндігі, соның нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге
баруына түрткі болатындығы, сондай-ақ айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы
өзін белгілі бір қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т.б. барлығы
жинала келе оның түпкі ойының аудиторияға дұрыс, дәл, нақты күйінде
жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми тілмен айтқанда, мұны мәтінде алуан
түрлі тәсілдермен кодталған ақпараттың адресат тарапынан дұрыс ашылып,
адекватты түрде қабылдануы деуге болады.
Алғаш Ч.Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне
Ю.С.Степанов, Р.Карнап, А ван Дейк, Д.Ф.Алиференко, Г.Г.Матвеева,
О.С.Москальская сынды ғалымдар үлкенді-кішілі зерттеу жұмыстарын арнап,
прагматика теориясын дамытуға өзінше үлес қосты. Сонымен қатар А.Г.Баранов,
Г.Г.Почепцов, С.А.Сухих, М.М.Молчанова, Т.М.Прохорова т.б. ғалымдар мәтінді
прагматикалық тұрғыда зерттеді. Олар автордың объективті болмыс пен оның
мазмұндық материалына қатысын қарастырып, прагмалингвистикалық бағытты
біршама дамытты. Соңғы сипаттағы зерттеулер функционалдық стиль түрлеріне
арналып, көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.
Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған
прагмалингвистиканың алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде
бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М.Оразов сөз семантикасының
прагматикалық аспектісін қарастырса, А.Алдашева публицистикалық
терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік лексиканың
прагматикалық аспектісін, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің
прагмалингвистикалық аспектісін, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының
прагматикасын, С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын,
Б.Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ
және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін,
Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса,
Г.К.Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған.
Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын
прагматикалық тұрғыдан зерттеген. Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер
материалы бойынша баспасөз дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе,
С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің
прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған
зерттеулер де пайда болды. Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның
(информационная заметка) құрылымы, семантикасы және прагматикасын
диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.
Ал біздің мақсатымыз – қазіргі қазақ газетінің тілін прагмалингвистика
тұрғысынан кең ауқымда қарастыру. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
газеттерінің даму бағыттарын анықтау, қазіргі қазақ авторларының
публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды айқындап,
аксиологиялық тұрғыдан баға беру. Газет арқылы тіліміздің бүгінгі
қоғамымыздағы бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Өйткені адам
өмірінің саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық т.б. салаларын түгелдей
қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптар қозғалады. Соған сәйкес газет
материалдары да бірнеше жанрда жазылады.
Газет мәтіні – семантикалық құрылысы жағынан, функциясы тұрғысынан,
мәтінді қабылдап-түсіну жағынан ерекшеленетін публицистикалық стильдің бір
түрі. Ол бұқаралық аудиторияға ақпарат таратып, жеткізудің ерекше құралы
ретінде танылып, автордың саяси-прагматикалық позициясын көрсетеді. Зерттеу
нысанамыз – жалпы газет мәтіні болғанымен, біз ресми басылымдарда айрықша
орын алатын саяси мәтіндерге көбірек көңіл бөлдік. Себебі қоғамдағы бүкіл
әлеуметтік қатынастардың өзі саясатқа негізделгендіктен ол тақырыпты
айналып өту мүмкін емес. Осымен байланысты қай мәтінді алсақ та онда ашық
немесе жасырын түрде көрініс беретін саяси дискурсқа прагматика тұрғысынан
баға беріп отырдық.
Прагмалингвистиканың қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен
байланысы бірінші тараудың екінші тармағында кеңінен сөз болды. Тілді
қандай да бір ақпаратты жеткізу және өңдеу үшін, сондай-ақ қоршаған орта
жайында қажетті түсінікті қалыптастыру үшін жүзеге асырылатын күрделі
процестерді зерттеуді мақсат ететін когнитивтік бағыт пен сол процеске
тікелей қатысушы адресант (ақпаратты ұсынушы) пен адресат (ақпаратты
қабылдаушы) арақатынасын зерттейтін прагмалингвистиканың арасында тығыз
байланыстың болуы заңды. Әсіресе адам санасына келіп түсетін ақпараттың
керекті деңгейде ұғынылып-түсінілуін реттейтін категориялау және
концептуалдау процестері ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыру проблемасына
қатысты айрықша маңызға ие болады. Өйткені сол процестер арқылы адам
ақиқатта болып жатқан оқиғаларды когнитивтік тұрғыдан меңгереді. Сөйтіп
үнемі ұлғайып отыратын білімін концептілер және категориялар түрінде
реттейді. Осының нәтижесінде жеке-жеке келіп түсетін мәліметтер жүйеленіп,
білім қорын құрайды. Осы айтылғандардың бәрі БАҚ мәтіндерін зерттеуде үлкен
мәнге ие болады. Басқаша айтқанда, когнитивтік зерттеулер медиа-мәтіндерді
жекелеген сөзжасам туындылары ретінде ғана емес, сол ақпаратты дайындап,
тарату саласында еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдар мен ұйымдардың бірлесе
атқарған қызметінің нәтижесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен,
медиа-мәтіндерді сөз еткенде міндетті түрде олардың интерпретациялық
қасиеттерін, ғаламның медиа-бейнесін қалыптастырудағы рөлін, БАҚ мәтіндерін
жасау мен қабылдауға әсер ететін мәдени-спецификалық және идеологиялық
факторларын атаймыз. Түптеп келгенде, адресаттың когнитивтік санасында
ғаламның ақпараттық бейнесінің қалыптасуына әсер ететін, тіпті үлес қосатын
адресант өз кәсіби міндетін атқарып жүрген журналист болғандықтан
прагмалингвистикадағы адресант–адресат арақатынасы когнитивтік
лингвистиканың да аясына кіреді.
Газет мәтінін прагмалингвистикалық талдаудағы негізгі мәселе
адресанттың прагматикалық ұстанымы десек, психолингвистика тұрғысынан
алғанда мұны ақпараттардың жазбаша мәтінде қодталуы деуге болады, ал
адресаттың мәтінді интерпретациялауы, кодты ашу, яғни мәтіндегі ашық және
жасырын түрде берілген ақпаратты дұрыс түсініп қабылдауы болып шығады.
Мұның өзі адресаттың когнитивтік санасындағы білім қорының көлемімен тығыз
байланыста ашылатын мәселе. Адресанттың жеткізбек болған түпкі ниеті
реципиентке бұрын-соңды белгілі ұғымдарға негізделсе, бұл коммуникация
біршама нәтижелі болмақ. Ал ондай сәйкестік болмаған жағдайда оқырманның
мәтінді дұрыс интерпретациялауы екіталай.
Газет мәтінін құрастырушы да (адресант), оны тұтынушы да (адресат) –
белгілі бір әлеуметтік топтардың мүшелері. Осы әлеуметтік субъектілер
мәтіндегі хабарламаға анағұрлым жақын тұрған социумның өкілдері болып
табылады. Сондықтан да медиа-мәтінді жалпы жаңалықтардың коммуникативтік
контексінде алып жасайтын да, интерпретациялайтын да солар. Т.А. ван Дейк
жаңалықтарды дискурстың бір типі ретінде қарастырған еңбегінде осы
әлеуметтік субъектілердің қызметіне айрықша баға береді: Этих социальных
субъектов, их социокультурная активность, общность убеждений или идеологии
дают возможность соотнести тексты новостей с процессами институционального
и социального производства и потребления, а также с экономическими
условиями их производства и распространения [1,137]. Түптеп келгенде,
бүгінгі ақпарат заманында адам қоғамда болып жатқан өзгерістер мен
жаңалықтарды қадағалап отыруға мәжбүр. Бір күн БАҚ қызметін пайдаланбау
субъектінің білім қорын едәуір жұтаңдатып, оның әлеуметтік дамуын
тежегендей әсер етеді. Осы жағынан газет мәтінінің әлеуметтік- реттеуіштік
рөлін социолингвистикамен байланыстыра қарастырудың мәні зор.
Қазіргі тіл білімі социолингвистика, психолингвистика, когнитивті
лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және
прагмалингвистикалардан тұратын кешенді пәнаралық бағыттар негізінде
қалыптасатын, көптеген зерттеу деректерімен байып отыр. Атап айтқанда,
И.В.Арнольд, Б.П.Белянина, В.В.Воробьев, Н.И.Гайнуллина, Г.Г.Гизатова,
В.И.Исенғалиева, Е.И.Ковалева, Г.В.Колшанский, М.М.Копыленко, А.П.Крысина,
В.А.Маслова, Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Б.Хасанов, Е.Жанпейісов, Н.Уәли,
Э.Д.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Б.Момынова, З.Ерназарова, А.Ислам,
Қ.Жаманбаева, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева т.б еңбектері тілдегі логика-
концептуалдық байланыстарды, семантикалық, синтагматикалық және
прагматикалық факторларды кешенді түрде қарастыра отырып анықтауға
мүмкіндік береді. Т.Г.Винокурдың сөзімен айтқанда, прагматика қазіргі кезде
тіл қолданысы мен қызметінің коммуникативтік қырын барынша кеңінен дәйекті
түрде айшықтап отырған сала болып табылады [2, 19-20].
Сонымен, публицистикалық мәтінге прагмалингвистикалық талдау жасау
барысында аталмыш бағыттардың деректері мен сол салалар бойынша қол
жеткізілген ғылыми жетістіктерді пайдаланудың қажеттігі сөзсіз. Сондықтан
тіл қолданысын Адам факторымен тығыз байланысты қарастыратын
прагмалингвистиканы өзге антропоцентристік бағыттармен бірлікте, кешенді
түрде қарастырудың маңызы зор.
Бірінші тараудың үшінші тармағы Медиа-мәтін – ғаламның ақпараттық
бейнесін құраушы негізгі ұғым деп аталады. Қазіргі кезде бүкіл адамзат
электронды БАҚ-тың әсер ету объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ
түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиа-мәтін
әлеуметтік-реттеуші қызметін атқарады. Академик Р.Сыздық қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын
алатынын, яғни доминанта стиль екенін айта келіп былай дейді: “Сөз жоқ, бұл
күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары –
баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенің мойындау
қажет” [3,81]. Әртүрлі БАҚ-та медиа-мәтіннің өзіндік ерекшеліктері
болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты негізінен өзгеріссіз
қалады. Ал біздің жұмысымызда оқырманға біршама қол жеткіліктілігімен
ерекшеленетін мерзімді баспасөздегі, яғни жазбаша формадағы медиа-мәтін –
оның адресанттың мақсатты түрде жүзеге асырған әрекетінің жемісі, нәтижесі
және прагматикалық стратегиясын жүзеге асырушы, сәйкес формаға түсірілген,
арнаулы өңдеуден өткізілетін нысан ретінде жан-жақты қарастырылды. Медиа-
мәтін – әлеуметтік-сөзжұмсамдық құбылыс, жоғары деңгейдегі коммуникативтік
бірлік, ол социум өмірінің барлық саласындағы ақпаратты қамтитын ауқымды
дүние [4,175]. Сонымен жұмысымызда медиа-мәтінге қатысты мынадай тұжырымдар
жасалды:
Медиа-мәтін – БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік
процестің маңызды элементі;
Медиа-мәтін қарым-қатынастың өзге түрлерінің жүзеге асырылуы үшін
қолданылатын сөзжұмсамдық әрекет формасы;
Коммуникацияның аяқталған, тиянақты және тұтас бірлігі;
Медиа-мәтін ақиқат болмыстың қандай да бір үзігінің репрезентациясы
болып табылатын күрделі, құрастырылмалы моделі;
Медиа-мәтін – оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді
интерпретациялаушы көп құралдың ішіндегі аса әлеуеттісі;
Медиа-мәтін – мәтіндік интерпретациялаушы механизмдер әрекетінің
жемісі;
Медиа-мәтінде – әсер етудің прагматикалық стратегиялары жүзеге
асырылады;
Медиа-мәтін – әлеуметтік регуляцияда қолданылатын қуатты құрал;
Медиа-мәтін – ғаламның медиа бейнесін қалыптастырушы негізгі фактор
болып табылады.
Субъект – прагмалингвистиканың негізгі категориясы деп
аталатын екінші тарауда медиа-мәтін арқылы жүзеге асырылатын бұқаралық
коммуникация түрі адресант – адресат қостағаны аясында қарастырылды. 2.1
және 2.2 тармақтарда адресанттың прагматикалық ұстанымдарының газет
мәтініндегі көрінісі анықталды. Яғни медиа-мәтіннің тақырыптық
ұйымдастырылуы мен құрылымдық ерекшеліктері анықталып, жалпы газети
мәтіннің ақпараттық-мағыналық кескіндемесінің жобасы жасалды. Зерттеушілер
прагматиканы коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп
жіктейді. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге сол кезеңге,
нақты ситуацияға, белгілі бір тілдік контекске, қандай да бір тілдік жүйеге
тән алуан түрлі мәтіндерді де интерпретациялаушы болып табылады. Өз
хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін білетін коммуниканттар
айтылымда осы екіжақтылықтың болуын жөн көріп, ойын соған бейімдейді немесе
онда екі ұштылықтың болмауын көздеп, мәтіннің бір ғана мәнде түсінілетіндей
болып құрылуын қадағалайды [2]. Біз газет мәтінін журналист пен оқырман
арасындағы көпір рөлін атқаратын күрделі коммуникативтік құбылыс деп
танимыз. Ол (мәтін) қоғамдағы белгілі бір саяси топтардың, газет
редакциясы басшылығының, тағы басқа да мүдделі тұлғалардың саяси
тапсырыстарын жүзеге асырады. Бұл – көбінесе қоғамда қалыптасып саяси
ахуалды халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және ұлттық мүдделерді ескере
отырып интерпретациялауға қатысты мәселе. Сондай-ақ, газет мәтінінде арнайы
контекст жасау үшін қолданылатын айрықша тілдік механизм жұмсалады.
Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты
жеткізу барысында оқырман қауымның қажеттіліктерін, мүдделерін, білім
деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Сөз субъектісі коммуникативтік
ниетін жүзеге асыру үшін мәтін түзбес бұрын адресаттың а) тілдік біліміне,
ә) дәстүрлі біліміне сүйенеді [5,250]. Осыған байланысты мәтіннің
прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттілігі туындайды. Өйткені
мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты
заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс
табады.
Зерттеушілер оны 3 түрге жіктейді:
Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну); Фатикалық ұстаным
(материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану); Манипулятивтік ұстаным
(мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзқарасын қалыптастыруды
мақсат ету) [7,21].
Мәтінде прагматикалық ұстаным бірнеше саты арқылы жүзеге асырылады.
Болмыстағы оқиғалар БАҚ арқылы реципиент санасында белгілі бір бейнеде
көрініс табады. Осы бейненің қалыптасу жолдарын былайша көрсетуге болады:
Мәтін ақиқат болмыстағы қандай да бір оқиғаға, фактіге негізделеді;
ол фактілерге қатысты материал іріктеледі; адресант ақпаратты іріктейді
және оған өз субъективті бағасын береді; ақпараттың мәтін түрінде ұсынылуы
үшін белгілі бір тілдік құралдар таңдалып, модельге түсіріледі, сөйтіп
мәтін түзіледі;
5. Дайын мәтін реципиентке ұсынылады.
Газет мақаласына арқау болған ақпарат бастапқы, пайда болған сәтінен
оқырманға ұсынылғанға дейін осындай басқыштардан өтеді. Мұнда негізгі күш
те, жауапкершілік те адресантқа (журналистке) түседі.
2.1.1, 2.1.2, 2.1.3 тармақшаларда газет мәтіні тақырыптық
ұйымдастырылуы, құрылымы және ақпараттық-мағыналық кескіндемесі тұрғысынан
жан-жақты талданды. Қазіргі қазақ баспасөзі материалы негізінде газет
мәтіндерінің жалқы және көптақырыптарға құрылатыны анықталды. Көптақырыпты
мәтіндерде негізгі және қосымша тақырыптар қамтылады. Ондай мәтіндер ойды
эксплицитті және имплицитті түрде жеткізеді, кейбірі фактіні баяндауға
негізделсе, екіншісі жеке проблеманы көтереді. Сондай-ақ реципиент назарын
бір ғана тақырыпқа аударуды мақсат ететін жалқы тақырыпты мәтіндер де
кеңінен қолданылады.
Газет мәтінінің құрылымы жанрлық сипатына қарай ерекшеленеді.
Негізінен әмбебап сипаттағы газет мәтініне тән мағыналық-құрылымдық
модельді мынадай бес бөліктен тұрады деуге болады: мәтіннің тақырыптық
бөлігі, кіріспе бөлігі, негізгі ақпаратты дәйектеуші бөлік, жинақтаушы мәре
бөлік және түйін. Осы бөліктердің әрқайсысына белгілі-бір мағыналық-
прагматикалық жүк артылады. Жұмыста осы мәтін бөліктерінің әрбірінің ішкі
құрылымы былайша сипатталды:
1. Мәтіннің тақырыптық бөлігі бір ғана тақырыпаттан тұрса, ол абзац
деп саналмайды. Сипаты жағынан кілт фраза болып есептелінеді.
2. Мәтіннің кіріспе бөлігінде бастама, кілт фраза, ойды таратып
жеткізуші блок қамтылады. Бұл бөліктің газет мәтіні контексінде атқаратын
қызметі реципиент назарын мақаланың ақпараттық бөлігінен гөрі, берілетін
ақпараттың проблемалық бөлігіне аудару;
3. Негізгі ақпаратты дәйектеуші бөлікте бастама (реципиентті баяндалып
отырған ақпаратқа қатысты негізгі тұжырымға жетелеу), кілт фраза (ұсынылған
ақпаратты дамыту), ойды таратып жеткізуші бөлік (ақпаратты толықтыру,
қосымша түсініктеме беру) қамтылады.
4. Жинақтаушы-мәре бөлік кілт фразадан, ойды таратушы бөліктен және
қорытындыдан тұрады. Мұнда ақпаратқа қатысты негізгі тұжырым (қорытынды)
жасалады.
5. Түйінде бүкіл мақалада көтерілген негізгі мәселеге қатысты тұжырым
жасалып, жаңа проблема қойылады.
Газет мәтінінің ақпараттық-мағыналық кескіндемесіне арналған
тармақшада жалпы газет бетінде берілетін ақпараттың бірнеше мағыналық
бөліктен тұратындығы анықталып, оған қатысты мынадай формула жасалды:
қайда+кім+қанша адам+қашан+не себепті+қалайша+не істеді+әрі қарай не
болады. Сонымен кез келген мәтінге тән әмбебап сипаттағы ақпараттық-
мағыналық кескіндемені құрайтын сегіз бөліктің әрқайсысы мәтін құрамында
белгілі-бір орындарда берілетіндігі анықталды. Бір ескере кететін жайт,
автордың түпкі ойына, оқиғаға қатысты деректердің толықтай белгілі немесе
толық айқын болмауына байланысты және оқиғаның қалай өрбитіндігі беймәлім
жағдайларда ақпараттық-мағыналық кескіндемені құрайтын бөліктердің мәтінде
қамтылуы және орналасуы әралуан сипатта болуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір
бөліктерді адресант өзінің прагматикалық ұстанымына сәйкес уәжді түрде
айналып өтуі ықтимал. Бұл тәсілдің өзі оқырманды қажетті бағытқа жетелеу
мақсатында жұмсалады. Демек, әрбір жекелей алынған мәтіннің ақпараттық-
мағыналық кескіндемесі дара сипатта қарастырылуы тиіс.
2.3 Газет мәтініндегі адресат факторы деп аталатын тармақта адресат
факторы бұқаралық коммуникацияда маңызды рөл атқаратын күрделі ұғым
ретінде танылады. Ғылыми еңбектерде түрліше аталуының өзі (реципиент,
рецептор, интерпретатор, тыңдаушы, аудитория, кодты ашушы, әңгімелесуші,
сөйлеушінің серіктесі, екінші коммуникант, тыңдаушы коммуникант т.б.) бұл
ұғымның сан қырлылығын көрсетеді.
Газет материалын прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда мәтіннің
адресатқа бағытталу дәрежесі, яғни автордың өз мақаласын арнаған
аудиториясының әлеуметтік ерекшеліктерін (жасы, жынысы, мамандығы, кәсібі,
саяси ұстанымы т.б.) ескеруі үнемі зерттеуші назарында болуы тиіс.
Адресат факторын газет мәтініне қатысты алғанда негізінен оқырман
термині пайдаланылады. Публицистикалық шығарманы қабылдағанда оқырман
біріншіден, өзінің әлеуметтік тәжірибесіне сүйенеді; екіншіден, мәтіндегі
ойды өзінің идеологиялық және этикалық көзқарасымен салыстырады; үшіншіден,
өз халқының мәдени-тарихи дәстүрлерін ескереді.
Яғни публицистикалық мәтінге баға бергенде біріншіден, журналист
шешімін табуды мақсат еткен нақты проблемалар мен мақала жарияланғаннан
кейін қол жеткізілуі тиіс нәтижелер ескерілуі тиіс; екіншіден, мәтінде
көрініс тапқан идеологиялық ұстанымдар мен этикалық нормалардың рөлі дұрыс
түсінілуі қажет; үшіншіден, материал аудиторияға тән мәдени дәстүрмен
байланыста алынуы керек.
Қазіргі қазақ баспасөзінде жарияланған оқырмандар хаттарына, әртүрлі
сауалнамалар нәтижелеріне шолу жасай отырып және жеке тәжірибе нәтижесіне
сүйене отырып, бүгінгі қазақ оқырманын шартты түрде мынадай топтарға бөлуге
болады деп ойлаймыз:
1. Ымырашыл топқа жататын оқырман мәтін авторының ой-пікірімен келісе
отырып, ондағы ақпаратты немесе ұсынысты қабылдауға дайын екендігін
білдіреді, сөйтіп, мақалаға арқау болған проблемаға қатысты өзіндік ой-
пікірін де ұсынады.
2. Шартты түрде даукестер деп аталатын топқа адресантпен қайткен күнде
де келіспеуді мақсат ететін, мақала авторының әрбір сөзінің астарына
үңіліп, оны жағымсыз мәнде интерпретациялауға ұмтылатын оқырмандар
жатқызылды;
3. Бейтарап оқырмандар тобын газетті уақыт өткізу үшін парақтайтын,
ондағы материалдарға көз жүгіртіп шыққанымен, ден қоймайтын, оны талдап-
саралап жатпайтын пассив адресат құрайды;
4. Төртінші топқа жеке бас мүддесін бәрінен жоғары қоятын, өзінің
немесе отбасының әлеуметтік жағдайына тікелей қатысы бар проблема жайында
сөз қозғалған мақалаға ғана көңіл бөлетін, өз шеңберінде ғана қалуды жөн
көретін шектеулі оқырмандар жатқызылды.
Екінші тараудың Газет мәтінінің интерпретациялануы деп аталатын
тармағында публицистикалық мәтінді адресат қабылдауын деңгейлеу мәселесі
кеңінен сөз болады. Жалпы мәтінді интерпретациялау дегеніміз – онда
қатталған мазмұнды ашу, айқындау.
Мәтін қабылдануы – оның туындауына қарсы процесс. Мәтін түзу ойдан
мәтінге қарай бағытталса, қабылдау мәтіннен ойға қарай жүргізіледі. Мәтінді
қабылдау процесі мынадай негізгі сатылардан тұрады:
1. Уәждеу сатысы қабылдау процесінің бастапқы кезеңін көрсетеді.
2. Интенция сатысында реципиент тікелей мәтінмен жұмыс істейтін
процестер (яғни сенсорлық рецепторлар арқылы аудио-визуалдық қабылдау)
қамтылады, сондай-ақ, алынған ақпаратты өңдеуге қатысты менталдық процестер
жүзеге асырылады.
3. Үшінші сатыны мәтінді тереңдей түсіну процесі құрайды. Ол реципиент
тезаурусындағы концептілер жүйесін өзгертеді және дамытады [9,126].
Публицистикалық мәтін міндетті түрде екі коммуникантқа қатысты болады.
Адресант өз көзқарасын білдіре отырып қоғамда болып жатқан оқиға,
құбылыстарға баға береді. Осы тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысты ой
әрекеті және тілдік әрекет жүзеге асырылады. Ой әрекеті – мәтіннің тууы мен
қабылдануына негіз болатын коммуникацияның мақсаты мен шарттарын ескеретін,
ең алдымен автордың ойлау дүниесін қамтитын күрделі семантикалық кешен. Ол
реципиенттің тілдік біліктілігін, әлеуметтік мәртебесін, индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктері мен ғалам туралы білімінен тұратын ойлау жүйесі
болып табылады. Ал тілдік әрекетте эксплицитті немесе имплицитті
деңгейлердің бірі таңдалады.
Ақпаратты беруде ең алдымен адресантта ой мазмұны қалыптасып, тілдік
сигналдар арқылы жеткізіліп отырады. Ол тілдік сигналдар ауызша
коммуникацияда айтылым түрінде болса, жазбаша коммуникацияда мәтін арқылы
көрініс табады. Ал ақпаратты қабылдауда тілдік сигнал алдымен беріліп,
содан кейінгі кезекте реципиенттің ой мазмұны қалыптасады. Тілдік сигналдың
мәнін ашу, мазмұнын түсіну үшін міндетті түрде кодталған ақпарат ашылуы
тиіс. Осыған байланысты ғылыми әдебиетте олар былайша көрсетіліп жүр:
Ақпарат көзі ретінде танылатын жіберуші, яғни белгілі бір хабарламаны
жасаушы – жеке адам немесе тұтас бір ұйым (ұжым, адамдар тобы) болуы
ықтимал. Осы тұста ақпараттың жеткізілуіне қатысты ұғымдарға анықтама бере
кеткеніміз жөн.
Ақпаратты кодтау дегеніміз – хабарламаның символикалық пішінге
түсірілуі, яғни оған таңбалық форманың берілуі.
Хабарлама кез келген коммуникацияның жүзеге асырылуына себеп болатын
идеяға немесе ақпаратқа құрылады. Ол ауызша, жазбаша немесе визуалды түрде
таратылады.
Ақпарат арнасы дегеніміз – хабарламаның берілу тәсілі, яки, ақпаратты
жеткізу құралы. Ол арна тұлғаралық және жаппай бұқаралық сипатта болады.
Кодталған ақпараттың ашылуы – берілген ақпараттың дұрыс қабылданып,
реципиентке түсінікті болуы. Ақпаратты қабылдау барысында кездесетін әр
түрлі кедергілерге байланысты бастапқыда хабарланбақ болған ой белгілі бір
дәрежеде дұрыс түсінілмеуі мүмкін.
Ақпаратты алушы яғни хабарлама жеткізілетін объекті де жеке адам
немесе бір ұжым болуы мүмкін [13, 106].
Мәтін лингвистикасында мәтінде қамтылатын семантикалық ақпарат бірінші
орынға шығады. Публицистикалық мәтін семантикасының кодталуы мағынаның
имплицитті (жасырын) және эксплицитті (айқын) компоненттерін көрсетуді
көздейді. Осымен байланысты ғалымдардың бір тобы сөйленімнің имплицитті
формасы эксплицитті түрде беріле алмайтын ойларды жеткізу үшін қолданылады
деп тұжырымдайды. Яғни мәтіндегі астарлы ойды ашу (подтекст) арқылы
автордың интенциясын болжап, түсінуге болады. Әрине олар міндетті түрде
имплицитті формада беріледі де, оны түсініп талдау реципиенттің өз еншісіне
қалады. Астарламада (импликатура) сөйлеу мақсатымен байланысты ой саналы
түрде жасырын беріледі. Пресуппозициядан айырмашылығы ол сөйлесімнің тұтас
мазмұнынан шығады. Сөйтіп, пресуппозиция сөйлесім мазмұнын анықтап жарыққа
шығарса, астарлама жасырын мәнді тұспалдайды. Астарламаға объективтілік
тән. Ол адамның жеке білім қорына тәуелді емес..... Жасырын мәннің берілуі
мен қалыптасу механизмі пресуппозицияға, логикалық байланысқа тәуелді [14,
33].
Сонымен кез келген публицистикалық мәтін автор мен реципиент
арасындағы өзара әрекеттестікке қатысты қабылданады. Ол – ой әрекеті мен
тіл әрекетінен тұратын күрделі процесс. Автор ойын оқырманның дұрыс түсінуі
мәтінде көтерілген мәселенің айқын немесе астарлы мәнде берілуіне тікелей
байланысты болады. Бір ғана тақырыпқа құрылған, автор мақсаты ашық
баяндалған шағын хабарламаларды қабылдау оқырман үшін қиындық туғызбайды.
Ал автордың түпкі ойы әр түрлі лексикалық бірліктердің айшықтала қолданылуы
арқылы, түрлі синтаксистік композицияларда безендірілген, бірнеше тақырыпты
қамтитын күрделі мәтіннің қабылдануы оқырман тарапынан тілдік біліктілікті,
саяси сауаттылықты, проблемадан хабардарлықты, бір сөзбен айтқанда
энциклопедиялық білім қорының болуын қажет етеді.
Енді Егемен Қазақстанда (26.06.04) Жанайқай айдарымен жарық көрген
Қазақ жетіміне қажеті америкалық бесік пе? атты көлемді, проблемалық
мақаланың интерпретациялануына тоқталайық. Ең алдымен көзге түсетіні –
көлемді мақаланың ортасына ойылып қойылған сұрғылт фонда қалың қара бояумен
берілген тақырыпат. Бұл – мәтінді интерпретациялаудың I сатысы – зейін
қоюдың еріксіз назар аудартатын түрі. Мақала тақырыпатының формалық жағынан
ірілендіріліп, қою қара бояумен берілуі еріксіз назар аударту тәсілі
ретінде танылады.
Интерпретацияның II сатысы – түсінілім – жүзеге асуы үшін мақаламен
толық танысқан адресат онда берілген мәліметтердің растығына (негізділік)
көз жеткізіп, фактілерге назар аударады. Бұл мақалада көтерілген проблеманы
дұрыс түсіну үшін адресат ондағы сөздердің ауыспалы мағыналарын терең
түсініп, қазақ менталитетіне тән сөздердің семантикалық аясына қатысты
кодты мүмкіндігінше ашуға тырысады. 6 лексикалық бірліктен тұратын
тақырыпаттағы екі сөз ұлттық-мәдени елтанымдық бірліктер, яғни
лингвокультуремалар: жетім және бесік. Бұл сөздердің тек тура мағынасын
білетін жас, тәжірибесіз оқырмандар (балалар) оның қолданылу себебіне мән
бермейді, ондағы астарлы ойды да түсінбейді. Олардың түсінігінде жетім –
ата-анасы жоқ бала, ал бесік – сәби ұйықтайтын кереует есебінде. Яғни ойды
жеткізуге қажетті сөздердің дәл таңдалып алынуы (анықтық) келтіріліп
отырған фактінің шынайылығы, растығы (негізділік) айқын болғанымен өзге екі
белгінің (тереңдік, толық ұғыну) өз деңгейінде танылмауы мәтіннің
түсінілуіне кедергі болады. Соған сәйкес журналист көздеген мақсатына қол
жеткізе алмауы да мүмкін, яғни мәтінді үстірт түсінген оқырман
қамқоршысынан айырылған шарасыз сәбиді бауырына басып, басқа ата-аналар
отбасына алғанда тұрған не бар? деген ой туындайды да, автордың
прагматикалық ұстанымы жүзеге аспай қалады. Яғни адресанттың жанайқайы
адресаттың құлағына тигенімен, жүрегіне жетпейді. Демек, мұнда автордың
мәтінді салған коды толық ашылмайды. Аталмыш лексикалық бірліктердің аса
кең семантикалық аясын, потенциалын жақсы білетін қазақ менталитетіне сай
ойлайтын, өмір көрген, тәжірибелі адресат бұл мәтінді түсінуге қатысты төрт
белгіні (тереңдік, негізділік, анықтық, толық ұғыну) дөп басып, дәл
анықтайды, соның нәтижесінде мәтіндегі негізгі идеяны және автордың түпкі
ойын адекватты түрде түсінеді. Осындағы тереңдік пен толық ұғынуға негіз
болатын, яғни мәтіннің толық түсінілуі арқылы интерпретациялануына жол
ашатын оқырмандардың бәрінде бірдей бола бермейтін аса маңызды фактор –
аялық білім. Осы аялық білімнің оқырман санасында әр алуан көлемде болуы
мәтіннің де терең немесе үстірт, толық немесе шала түсінілуіне негіз
болады. Біз нысанаға алған материалды еріксіз оқып шыққан тәжірибелі
адресаттың мәтіндегі автор позициясын ұғынуы үшін негізділік, анықтық
сияқты белгілер аса маңызды болмайды, яғни қанша агенттіктің қанша жыл
ішінде қанша баланы шегара асырып жібергені туралы деректер ол үшін екінші
орында болады. Қазақ танымында күлшашар деп еркелетілетін, атбайлар деп
өмір жалғастығы ретінде танылатын аса қасиетті перзенттің тумай жатып
туған жерінен аласталып кетуі – жантүршігерлік оқиға. Оқырманның
когнитивтік санасындағы перзент концептісіне қатысты бүкіл ақпаратты
қозғап, іске қосқан – балалардың шетелдіктерге сатылу фактісі. Аталмыш
факті реципиенттің когнитивтік санасындағы ана концептісіне қатысты
мәліметтерге де біршама өзгерістер енгізеді.
Жетімін жат жұртқа тентіретпеу үшін әмеңгерлікті ойлап шығарған ата-
бабаларымыздан келе жатқан салттың бұзылуы, ұрпақтың азғындауы, теріс
жүріске салынған әйелдердің өз нәрестесін керексіз затты қоқысқа
лақтырғандай етіп, тастап кетуі т.б. көптеген ой-тұжырымдар
баламның табанына кірген шөңге
менің маңдайыма қадалсын дейтін ғазиз ана бейнесін (образын) кейінге
ысырып, бойында безбүйректік, тасбауырлық, мейірімсіздік сияқты
адамшылықтан алыс, жаман қасиеттерге толы көкек ана ұғымының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz