Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Дидактиканың тарихи негіздерін зерттеу қоғам өмірінде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық түбегейлі өзгерістерге байланысты оқу орындарында берілетін білім мен оқытуды жетілдіре түсу қажеттілігінен туып отыр. Дидактика - білім беру мен оқудың теориялық негіздері, ақыл-ой тәрбиесін игерудегі жүйе болғандықтан оның даму тарихындағы өткен жол-жосықты білу, жастардың ой-санасын жетілдірудегі тиімді әдістер мен амалдарды уақыт талабына үйлесімді қолдану күні сайын керек бола түсуде. Өйткені дидактика ғылымның бір ғана саласымен шектелмейді, оқу орындарында оқылатын барлық пәндерге ортақ заңдылықтарды бірлікте қарастырады. Оқытудың теориялық негіздерін зерттеп білмейінше игерілуге тиісті ұғым, түсінік, білік үшін қажетті іс-әрекетті шәкірттерге тиімді деңгейде меңгертіп, көздеген нәтижеге жеткізу қиын да күрделі. Нақты тәжірбие арқылы сыннан өтіп, ұрпақтан ұрпаққа мирас болатын дидактикалық жүйенің жол-жосығы әлемдік деңгейде өрістеп, бір-біріне ауыса отырып толысатын өміршең құбылыс. Диадктика мектеп өміріне тікелей қатысты болғандықтан оқу орындарының дамуымен бірге өрістеп, бірге жетіледі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмыстың негізгі мақсат - Қ. Жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының көрінісін зерделеп, олардың мәні мен маңызын ашып көрсету. Бұл ретте көздеген мақсатқа жету үшін мына төмендегі міндеттерді орындау шарт:
- Әдістемені қолдану барысында оның танымдық, әлеуметтік қызыметтері мен маңызын, қолданыс аясын айқындау, ұлттық дидактика жүйесінің қазақ тілдегі орнын, білм сапасына қатысты ұлттық мүдде түсінігін анықтау;
- аталған ұлттық мүдде көздері мен дидактикалық мәселелердің әдістемелік қисындылығы мен заңдылығын, өмірдегі орындарын мен маңыздылығын анықтау;
- сол кезеңде де және қазіргі уақытта оқыту әдістемесін жетілдірудің зәрулігіне байланысты, баланы қалай оқытуымыз қажет, грамматиканы білгізу барысында қандай дидактикалық әдісті қолданған тиімді болады, оқушы тілдің теориялық мәселелерін қайткенде тезірек игереді? - деген тұңғиық ойлардың ара жігіт ажыратып көрсету.
- Қ. Жұбановтың зерттеулерінде - оқытудың ғылымилылығын, оқытудағы саналылық пен белсенділік, оқушылардың ерекшеліктеріне, жасына сәйкес оқуды ұйымдастыру, оқудың көрнектілігін, тәрбиелілігін бір-біріне тығыз байланыста жүйеде қарастыруын атап көрсету.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Қ. Жұбановтың ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы ролін анықтау барысында баяндау тарихи-салыстырмалы зерттеу, лингвистикалық талдау, қажетті мәліметтерді жинақтау, қорыту әдістері кеңінен пайдаланылды.
Автордың негізгі әдісі - индукция мен дедукция болған. Қ. Жұбанов талдау мен жинақтауды өз грамматикасында сатылық принциімен шебер ұштастырады да, содан әрі шәкірттерге қазақ тілін оқытуға қажетті басқа әдіс-тәсілдерді іздестіреді [1. 41] .
Профессор Қ. Жұбанов оқулығында әдістің мынандай түрлері көрсетілген:
- Баяндау әдісі
- Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі
- Салыстыру әдісі
- Сөзбен суреттеп көрсету
- Көрнекілік әдісі
- Еңбек процесімен байланыстыру
- Пәнаралық байланыс
- Проблема қоя оқыту
- Жүйелі ойға төсілдіру
- Өмірмен байланыстыру әдісі
Профессор Қ. Жұбанов атаған әдістер өткен ғасырдың 60-70 жылдарында көріне бастады.
Автордың ойынша қазіргі заманда өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан дидактика ілімінің ана тілімізді оқыту барысында жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды қолдануды талап етуі - үлкен ғылыми-практикалық маңызы бар мәселе. Яғни, оның ғылыми жағы да, сондай-ақ теорияны практикамен ұштастыру проблемаларды да сөз етуге тұрарлық жайыттар. [2. 68]
Порфессор Қ. Жұбановтың ғылыми-әдістемелік жұмыстары және мектептердегі қазақ тілі грамматикасын, математиканы оқытуға арналған оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды атауға болады. Қ. Жұбановтың бір ерекшелігі - әдістемелік нұсқау бойынша мектеп оқулықтарын жазу барысында орыс немесе Европа тілдеріне лайықталып дайындалған педагогикалық заңдылықтарға сүйенбей, қазақ халқаның писхологиясына, педагогикасына бет бұруы еді. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті проблемалар екендігі даусыз.
Диплом жұмыстың дерек көздері. Диплом жұмысын жазуда Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегі, Қ. Жұбановтың 90, 100, 105 жас мерейтойларына өткізілген конференция материалдарынан, т. б .
Жұмыстың нәтижелері . Жалпы жұмысымызда дидактика мен ұлттық дидактика мәселелерін қарастырдық.
Жұмыс екі үлкен тараудан тұрады. Әр тарау тараушаларға бөлінген. Бірінші тарауда педагогикалық процестерге дидактикалық бастаулар сөз болады.
Екінші тарауда Қ. Жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактиканың оқыту әдістері мен оқытуда қолданылатын принциптері жайлы пайымдалады. Ұлттық дидактика жүйесінің қазақ тіліндегі орны, білім сапасына қатысты ұлттық мүдде және анықтауға қатысты мәселелер қарастырып, Жұбанов атап өтекен дидактикалық принциптер қазіргі кезде білім беру барысында кездесетінің анықтадық. Құдайберген Жұбановты ағартушы, педагог, ғалым ретінде қарастырып, оны қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық лингводидакт дәрежесіне дейін көтерілгенін байқадық.
- Дидактикалық бастаулар.
1. 1Дидактика ұғымының мәнін ашу
Дидактика адам қоғамының тарихи даму барысындағы мектеппен бірге туып, бірге өрістеді. Дидактика педагогика ғылымының ең бір қиын да, күрделі саласы. Оқу орындары қоғамның экономикалық, мәдени, әлеуметтік жағдайымен бірге өрістеп жетілсе, дидактика да онымен қосарлана біртіндеп бірге өрістеп отырды.
Қоғамның материалдық, рухани байлығымен бірге ғылым да, өнер де жетіліп, бір ұрпақтың еңбек процесіндегі тәжірибесі екінші ұрпаққа мирас ретінде ауысып отыруы заңды құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақ тапқан жинақтаған тәжірибелерге кенеліп, оны өз өміріне пайдалана отырып ілгері жетілдіру арқылы өркендетеді. Сондай дамудың нәтижесінде дидактика басқа ғылым салалары сияқты ғылыми пәнге айналды.
Педагогикалық тұрғыдын келгенде дидактика оқыту мен білім берудің тероялық заңдылықтарын айқындайды. Оқу пәні ретінде білім берумен оқытудың ортақ заңдылықтарын зертттеп, жүйелік жолдарын, теориялық негіздерін белгілейді. Басқаша айтқанда, дидактика - оқыту процесі мен ілімді игеруді ұйымдастырудың заңдылықтары туралы ғылым. Шәкірттік жолын біледі. Сондай-ақ шәкірт бойындағы күш-қуатын, қабілет мүмкіншілігін тиісті бағыт-бағдарда жұмсай білудің, таным-түсінігін жетілдірудің жол-жосығын, әдіс-тәсілін дидактикадан табады.
Дидактикадағы логикалық жүйе-оқу процесін меңгеруші мен меңгерушінің қарым-қатынасына құрылады. Мұнда білімді игерудің жалпы заңдылықтары қамтылғанымен де жеке пәндердің, яғни тиісті ғылымның өзіне ғана тән ерекшеліктері үнемі ескертіліп отырады. Сондақтан диадктикалық негіз әржақты байланыс арқылы дамиды. Игерілуге тиісті ұғым-түсініктерді меңгеру, меңгерілген білімді бойға сіңіріп одан әрі дамытып жетілдіру заңдылықтары қоса қамтылады. Яғни ол білімдік мазмұн мен шәкірттің үйлестіреді. Сонда мұғалім берілетін білімдік мазмұнды шәкірттің шамасына лайық деңгейде беруге зейін қойып, басшылық жасап, жетекшілік етеді.
Дидактика оқыутудың практикалық жолын көрсетумен ғана шектелмейді. Қайта оқыту мен білім беру ісін жетілдіріп, оның жаңғыра жаңаруына, өркен жаюына ықпал етеді. Білім жолыңдағы шәкірттің танымдық белсеңділігін өрістетуге бағдар нұсқап, оның амал-тәсілдерін көрсетеді.
Оқыту, білім берудегі диадктика мәселесін халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірінен бөлек қарауға келмейді, қата бірлікте қарауға тиіс.
Тұтас педагогикалық процестің компоненттері оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өз ара байланысты тұтастықта жүргізіледі. Дегенімен, бұл компонеттердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педогогикалық процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды ерекше қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т. б. Мәселелерін педагогиканың өзекті саласы - дидактика қарастырады. Дидактиканы дамытуда Я. Коменский, И. Г. Песталоцци, И. Ф. Гербарт, Д. Данилов және т. б. Үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педогогы - Вольфаег Ратке (1571-1635) . Дидактика гректің didaktikos - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидктика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
- Не үшін оқытамыз (Оқыту мен білім берудің мақсаты) ?
- Кімді оқытамыз (оқыту субьектілері) ?
- Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері) ?
- Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны) ?
- Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы) ?
- Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т. б. ) ?
- Оқыту нәтежесенде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтежелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер) ?
- Оқыту нәтежелерін қалай бақылау, бағалау әдістері) ?
Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінін мәні «үйретемін», «оқытаман» деген ұғымынан бастау алған.
Дидактика «нені оқыту», «қалай оқыту» мәселелерімен шұғылданатындықтан, бұл оқыту теориясы тұрғысынан ұғынылып оқыту процесіне қатысты оқушыға білім беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен қарастылады.
Оқыту технологиясы негіздері білім мазмұның айқындайтын оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық пен оқу құралдарын, әдістеме саласындағы білім, тәрбие беру жүйесіндегі заңдылықтарды бір-бірімен бөлмей бірлікте қарайды.
Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндерге қатысты ортақ заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ, оқытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар дидактика жеке пәндерді оқыту, білім беру, тәрбиелеуді, пәндік дидактика немесе сол пәннің әдістемесі деп те атайсыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді тиіст жеке пән әдістемесін алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары - білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тисілі міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары оқытудың нәтежелі түрлері, әдістері, құралдары оқытудың нәтежелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.
Оқыту - танымдық іс-әрекеттің психологиялық - педагогикалық негіздері. Оқыту - ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен әрекеті. Оқыту үрдісінің логикасын оның құрылымы анықтайды. Ал құрылымды танымдық іс-әрекеттің кезендері бойынша сипаттасақ, ол көбнесе мына жүйеде болады:
- Танымдық міндеттерді жете түсіну;
- Жаңа деректермен түсініктерді қабылдау;
- Ұғыну - жаңа деректерді көңілге қоңдырып, ойлану;
- Білімдік мағұлымат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;
- Меңгерілген матириялдарын өмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде нақты қолдана білу;
- Оқушының ұғым түсінігімен атқарған іс-әрекетінің қандайлық дәрежеде екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.
Танымдық ұғым түсінікті және онда қойылған міндет айқын болса, оқушы өздігінен ізденіп тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі де, оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабақ барысында жаңа деректермен танысып, түйсіну қабылдауы оны ұғынуға жол ашады. Өйткені қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттың, немесе құбылыстың санада бейнелену процесі болса, ал түйсінуді сананың сыртқы әлемімен байланыс тұрғысынан түйсінеміз, былайша айтқанда, түйсік - сезім мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың шартты бейнеленуі.
Оқушыны жаңа материялдарман таныстыру олардың тікелей қабылдауына мүмкіндік туғызатын болса, бұл процес таныстыру, бақылау, практикалық жұмыстар арқылы немесе оқытушының жанама түсіндіруі, эвристикалық тұрғыда іздену, оқулықтар бойынша атқырылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша жүзеге асады.
Меңгеру білімді мағұлыматты түсініп, ондағы заңдылықтар мен деректерді жинақтап, тиісті қорытындыға келу. Меңгеру процесінде оқылған материялдар туралы ойластырып, келтірілген деректер мен дәлелдерді көңіліне бекітеді. Зейін қойып есіне берік сақтайды. Дәлірек айтар болсақ, бекіту - оқушының алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Осыны ескергендіктен, тәжірибелі мұғалімдер сабақтағы жаңа материялдарды оқушының тиянақты меңгеру кезінде де, өткен сабақты пысықтау, қайталау кезендерінде де бекіту тәсілін түрлендіре отырып пайдаланады. Білімді бекіту саласындағы істер белгілі деректермен дәлелдерді еске сақтаумен ғана шектелмейді, тиісті бағдарлама бойынша өтілген материялдарды белгілі бір жүйеге келтіру үшін де, шашыранды емес, жинақты болу үшін де бір жүйеге келтіру үшін де қолданылады.
Оқыту процесіндегі танымдық қағида - нақты аңғарудан абстрактілі (дерексіз) ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың диалектикалық реалды жолы екендігі - ежелден айтылып келе жатқан шындық. Бұған оқыту жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, нақты аңғару - түсіну мен қабылдау, абстрактілі (дерексіз) ойлау - мәнін түсініп, мәселенін болмысын ұғыну, ал практикаға көшу білімді іс-әрекетке қолдану арқылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.
Оқу процесін жүзеге асыруда мотивтін мәні зор. Мотив дегеніміз - әрбір тұлғаның обьективтік мұқтажыдғы мен ынтасыннан туындайтын талпыныс. Олай болса оқушының білуге, ұғынуға оқуға деген ынталы мұқтажыдғын демеп, талпынысын қолдап, іс-әрекетке пейіл сала кірісіп, қойылған міндетті тиісті денгейде атқаруын қадағалау керек. Демек, шәкірттің білімге деген мұқтажыдығы мен ынтасы мотивацияға негіз болса, олардың бұл талпынысын оқытушы терең сезіне отырып, оқытатаын сабағының қызқты да тартымды болуына зейін қоюға тиіс. Ол үшін тақырыпқа үйлесімді көрнекілік, техникалық құралдар, ойын, компьютер. т. б. ретті түрде қолданылуы керек.
Оқушының көздеген өзіндік мақсатына, перспективасына ұмтылдыратын мотивтер тұлғаны ешбір уақытта бейжай қалдырмайды. Өзінің болашағы үшін таңдаған мамндыққа, кәсіпке байланысты пәндерге шәкірттер ерекше назар салып, оған ынталы ықыласпен қарайды. Олардың талпыныс мотивтері бұл саладығы сұрақтар мен мәселелерді өзінше шешуін, атқарған іс-әрекетінің жүйесіндегі табысынан қанағат табуын, ертеңіне деген ізденісі мен сенімін жетілдіре түседі. Осы тұрғыдан оқудың психологиялық сипаты - танымдық мотивтер оқушының жаңа білімді игеріп, оны ұғыну тәсілдерін тереңдетіп, өздігінен ізденуге кеңірек жол ашумен қатар, алған білім түсінігін өмірде қолданып, жүзеге асыруға құлшындырады. Ал, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, мотивтер оқудағы белсенділікке, ынталылыққа, жауапкершілікке және борышын терен сезінуіне мұрындық болады. Сондай-ақ, мотивтердің жүзеге асуы оқушының тәлім-тәрбиесін, оқу саласындағы беделін өсіріп, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына игі ықпал жасайды.
Оқытушының назарында болатын басты мәселенің бірі - мотивтер оқушының жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Тұлғаның перспективті талабына, көзқарасының жетілуіне орай, тиісті пәндерді меңгеруіне байланысты мотивтер жаңа арна тауып, тиісті бағдарда өркен жай түседі.
Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сандық және сапалық параметірлері бойынша әр түрлі болып келеді. Оқу курысы үшін базалық білімдер танылып алынады, курыстын қоладанбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасалады, яғни мамандандыру курстары, сонымен қатар орындалатын тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім курысты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы болып табылады.
Педагоогикалық теориядағы басты қағида: оқыту-білімдендіру мен тәрбиенін құралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оқыту барысында шәкіртің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат жайып әр жақты дамиды. Ой - түсінігінің өрістеуі негізінде іс-әрекетке, еңбекке, әлеуметтік қарым-қартынасқа дағдылану бастау алады.
Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми - теориялық тұғыдан қарағанда, шәкірттің дүние танымына, ақыл - ойына, адамгершілік сеніміне, мінез құлық сипаттарының қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ меңгерген білімі өмір ақиқаттарын ұғынып, ондағы жол ашады, тәлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтеді. Былайша айтқанда оқушы қабілетінің дамуы білімін терендетіп, тәлім-тәрбиені бойға сіңіріп, имандылық қасиеттерінің құлшынысын жебей түседі.
Оқыта отырып тәрбиелеу - оқушының ғылыми - танымдық көзқрасымен білімін және оны дұрыс ұғына білуін қалыптастырумен қатар шәкірттің тәлім тәрбиелік, танымдық санасын жетілдіріп, адамгершілік мүмкіндігі уақыт талабына орай үнемі өрістеп отыратын құбылыс.
Сонымен, тәлімдік мүмкіншіліктерін есекре келіп, оқыту мен білім берудің тиісті мақсаттылық бағдары болуы талап етіледі. Оқытудың тәрбиелік сипаты оның ғылыми мазмұнына да тәуелді. Тәрбиелей отырып оқыту тұлғаны жан-жақты дамытып, ақыл-есін, адамгершілік танымын, әлеуметтік түсінігін жетілдіреді, тұлғаның дүние танымын моральдық сенімін бекітеді және рухани көркеюіне ықпал етеді. Тұжырымдасақ, оқыту оқушыны білімге түсінікпен қаруландырып, тәлімдік өнегені ұғынып, оны өмірге үйлесімді жүзеге асырумен бағдарлайды [3. 143] .
Дидактиканың тарихи даму жолына барлау жасағанда оның классикалық бастауындағы ұлы тұлған Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы» оқытудың мазмұны мен әдістерін, берілетін білімнің сыйпатын белгілеуде әлемдік педагогика тарихында ұлы бастама, оның классикалық өркениетті елдер көптен бері-ақ мойындаған.
Коменский оқыту териясы сенсуалистік /латынның сезінушілік деген мәніңдегі сөзі/ негізіңде өріс алды. Осыған байланысты ол қандай да таным сезімдік қабылдаудан, әсерлік толқудың, түйсінуден басталатындығын көрсетті. Сондықтан да оқу мен оқыту тек сөз жүзінде айту мен талдау ғана емес, нақты бақылай, дәлді қабылдаумен астарласып жататындығын ашып берді. Демек, ұстаздар үшін ол көрсеткен «алтын ереже» - адам қандай затты қабылдаса да сезіммен түйсініп, мүмкіншілігіне қабылдауға сезім қатысса, оны ұғынып, меңгеру өміршең болатындығы шеберлікпен айқындап берді.
Дана дидактик Коменскиийдің түсіндіруінде адам - табиғат перзенті/ «принцип природосообразности»/. Ендеше оқыту процесі де табиғат тәріздес, оның заңдылықтарын зерттеп, оны мойындаумен байланысты болуға тиіс. Екінші сөзбен айтқанда, берілетін білімнің мазмұны адамды жан-жақты дамытып, оқу өмірмен байланысып, шәкірттің күнделікті тәжірибесімен қанаттас жүргізілуге тиіс деген ойда болды. Бұл талап пен міндеттің орындалуы мектепте жүзеге асып, шәкірттің ой-түсінігі, ақыл қабілеті, білімділік мағұлұматты саналы ұғынуы оқыту барысында қамтамасыз етілуге тиіс. Сондықтан да Коменский білімнің негізі, тамырын дұрыс жайған өркеннің өсуі де, көктеуі де, шешек атып гүл жарып, шырынды жеміс беруімен шәкіртті салыстыра сипаттайды.
Дидактикадағы Коменскийдің прогрессивтік ойларын дамытуда өзіңдік үлес қосып, оны жаңалықтармен байытқан дана ойшылдар аз болған жоқ. Әлемдік педагогика тарихында бұл салада Ж. Ж. Руссо / 1712-1773/, И. Г. Песталоцци / 1746-1827/, А. Дисервет /1790-1866/, К. Д. Ушинский / 1824-1870/ т. б. Есімдері құрметпен аталса, қазақ халықы үшін олардың идеясын жалғастырушы Ы. Алтынсариннің /1841-1889/ еңбегі де жемісті болды.
Қазақсатнда дидактикалық заңдылықтардың жүзеге асып, жетілуіне тарихи кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі орысан зор болды. Шоқан, Абай, Шәкәрімдермен қатар оқытып білім беру ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа шейін аудара отырып, қазақ халқының тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық, психолагиялық еңбектер жасаған зиялылар шоғыры дидактиканың өрістеуіне үлкен үлес қосты. Б. Ахмет, Ж. Мағжан, А. Жүнісбек, Д. Міржақов, т. б. Педагог-ұстаздар білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты. Берілетін білімнің мазмұнын айқындауға талаптаңды. Олардың кейбіреуінің кәсіби мамандығы дәрігер, инженер, журналист болғанымен халыққа білім беруге, дидактикалық заңдылықтарды өркендету жолында еңбектеніп, әр саладан оқулық, оқу құралын жасауға және оқытудың тиімді әдістерін көрсетуге ұмытылды [4. 10] .
1. 2 Педагогикалық процестегі оқытудың қызметін анықтау
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтырды шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің ұстанымдарын белгілейді
Оқыту процесінің атқаратын қызметі: білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру қызметтерін атқарады.
Білімдендіру қызметінде оқыту процесінде білім, білік дағдының қалыптастырылуы көзделеді. Білім - нақты айғақтарды, мәліметтерді, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды, теорияларды формулаларды есте сақтау.
Білік ережелерге сүйене отырып, кезкелген іс-әрекетті жүзеге асыра білу немесе білімді тәрбиеде қолдана білу.
Дағды - саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған копоненті.
Тәрбиелеу қызыметі әлеуметтену процесінің табиғи жағдайына байланысты туындайды. Оқыту процесінде алынған білімдеріне сай олардың көзқарастанры, ғылыми дүниетанымы, құндылық дүниесі, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz