Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы


Мазмұны

Кіріспе . . . …… . . . 3

І. Халықаралық тәжірибеде және Қазақстанда әйелдердің тендік құқығының қағидасы . . . … . . . … . . . 6

1. 1. Жыныс белгісіне қарай теңдік құқығының түсінігі . . . … . . . 6

1. 2 Халықаралық және Қазақстан Республикасындағы әйелдсрді қорғау институтының қалыптасуы . . . . . . 11

І. З. Халықаралық әйелдер құқықтарын қорғау және оның ұлттық заңнамаға әсері . . . . . . … . . . 16

2. Халықаралық тәжірибсде жәнс Қазақстанда әйелдср құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі . . . . . . … . . . 28

2. 1. Әйелдердің саяси және әлеуметтік экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету . . . . . . 28

2. 2. Әйелдерге қолсұқпаушылық және бостандық құқығы……… . . . … . . . 36

2. 3 Қылмыстық іс жүргізудс әйелдер құқықтарын қамтамасьз ету . . . … . . . 45

Қорытынды . . . . . . 49

Пайдаланган әдебиеттер тізімі . . . . . . 51

Кіріспе.

Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әйелдердің құқықтары адам құқықтарының ажырымас бөлігі болып саналады. Статистикалық мәліметтерге қарасақ республика халқының 52 пайызын әйелдер құрайды. Казіргі кезде Қазақстанда әйелдердің құқықтық жағдайын және гендерлік тендікті реттейтін арнайы заң жоқ. Сонымен қатар әйелдердің құқықтарының шектелуі әлеуметтік, еңбек, жеке және саяси салаларда көрініс тапқан. Ресми түрде әйелдерге қысымшылық көрсету болмаса да, олар өз мүмкіншіліктерін жеткілікті түрде жүзеге асыра алмайды. Әйелдер көп жағдайда зорлық обьектісі болып, мемлекет тарапынан оларды зорлықтан соның ішінде тұрмыстық зорлықтан қорғауға арналған. занңың жоқтығы казіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Яғни әйелдер мен ерлердің тендік құқықтары сақталмайды. Әйел еш уақытта ерлермен теңдей болып қоғамдық өмірдің барлық саласына ат салыспаған. Заңдарда әйелдер мен ерлерге бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер берсе де іс жүзінде әйелдер ерлерден кейін екінші орында болады. Әйелдер мәселесі көтерілген кезде әйелдерге көрсетілетін қысымшылық сұрақтарын қарастырып өту керек. Бұл сұрақтар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Әйелдерге қатысты жасырын қысымшылық көрсету біздің қоғамымызда көрініс тапқан. Қыз баласы болашақ ана болғандықтан қоғамда әйелдерге ерекше мәртебе берілуі тиіс. Әйелдер мен ерлердің тендігі адам құқығы қағидасы болып табылады және жынысына байланысты нәзік жандардың саясаттағы рөлін тежеу, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларда әйел құқықтарын тануға, оларды жүзеге асыруға кедергі болып табылады. Бірақ әрине халықаралық құжаттарда бекітілген әйелдер мен ерлердің тендігі казіргі кезде іс жүзіне асып жатқан жоқ. Халықаралық шарттарда немесе мемлекеттің ішкі зандарында теңдік құқығы туралы бекітілген нормалар жеткіліксіз. Мемлекет тарапынан шаралар қолданылу қажет. Теңдік құқығының бұзылуы көбінде жұмысқа алған кезде, жұмыстан шыққан кезде, қызмет бабында көтерілу мәселесінде, әйелдер жалақыны ерлерден темен алғанда көрінеді. Әйелдер мен ерлердің теңдік құқығын қамтамасыз ету үшін номативтік актілердің қабылдану қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін әйелдер мен ерлердің теңдігі женінде мәселе ашық түрды. Нарықтық экономика қалыптасқаннан соң еңбек нарығында бәсекелестік пайда болды, отбасының рөлі тәмендеп, құқықтық мемлекеттің алдында бірнеше мәселелер туындады және бұлардың барлығы әйелдердің құқықтық жағдайына әсер етті. Республикада жұмыссыздық көбейіп, бұл өзгерістер әйелдердің еңбек құқықтық жағдайына теріс көрініс берді. Көбінесе еңбек және әлеуметтік салада әйелдерге қысымшылық көрсетіліп жатқандығы байқалады. Жұмыссыздықтың өсуі көбінесе әйелдерді жұмыссыз қалуына әкеп соқтырды, өйткені еңбек нарығында бәсекелестік бар жерде әйелдер көбінде ерлерге қарағанда сұранысқа ие емес. Сондықтан әйелдерге қатысты қысымшылық арта береді. Әйелдердің бәсекелестіктерінің түсуі біздің ойымызша әйелдер болашақ ана болғандықтан қысқа уақыт мерзімінде балаға қарап қалады. Сондай-ақ тұрмысқа шығып, отбасы ошақ қасында қызметінен босап қалады. Яғни осы уақыт аралығында ер адамның еңбек жолында жинаған тәжірибесі молайып әйелдердің көбінде жұмыста ерлерден төмен қызметтерге орналасуына алып келеді.

Аталмыш тақырып халықаралық және отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарында көрініс тапқан: Г. К. Дмитриева және С. В. Поленинаның халықаралық әйелдерді қорғау жұмыстарында Е. А. Лукашева, В. Матузова және Л. Д. Воеводина әйелдердің құқықтары адам құқықтарының басты компаненті ретінде қарастырған. Ахметова. Л. С. Шеденова. . Н. У. Тажибаева. Т. Л. Қазақстанда әйелдер құқықтарын жүзеге асыру, Тіленчиеваның гендерлік тендікті конституцияның қағидасы ретінде қарастырган.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -әйелдердің құқықтық институтының теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қарастыру.

Қазақстан Республикасында және халықаралық деңгейде әйелдердің құқықтары қаншалықты сақталып жатқанын айқындау. Осыған орай келесі міндеттер шешілетін болады:

1. халықаралық тәжірибеде және Қазақстанда әйелдердің теңдік құқығының қағидасын қарастыру;

2. халықаралық тәжірибеде және Қазақстан Республикасында әйелдер құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін реттеу;

Дипломдық жұмыстың обьектісі -әйелдердің құқықтарын халықаралық және ішкі құқық бойынша қорғау мәселесіне байланысты туындайтын қатынастар.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні -әйелдердің құқықтарын қорғаудың халықаралық және ішкі мемлекеттік аспектілері.

Диплом жұмысы барысында жалпы және арнайы тану әдістері яғни, оның ішінде талдау және синтездеу, тарихи, статистикалық, қисынды заңи, жүйелік құрылымды және салыстырмалы құқықтық әдістер қолданылған. Нақты әлеуметтік әдіс кең пайланылған. Тарихи әдісті қолдану барысында әйелдер құқықтарының даму тарихы кең көлемде ашылады.

Қорғауға шығарылатын ережелер:

А. жыныстық белгісі бойынша қысымшылықты жою, ерлер мен әйелдердің әлеуметтік тендігіне қол жеткізу үшін арнайы бағдарламаларды қабылдау және оны жүзеге асыру.

Б. әйелдердің қоғамдағы рөліне байланысты құқықтарын белгілеу, яғни олардың саясатқа араласу белсенділіктерін арттыру. Әлеуметтік жағдайларға қатысты мүмкіндіктерін ұлғайту.

В. Қазақстан Республикасында жыныстық теңдікті қамтамасыз ететін құқықтық негізді қалыптастыру. Осыған орай "тең құқықтар мен мүмкіншіліктер" туралы заң қабылдау қажеттілігі туындап жатыр.

Дипломдық жұмысымның тәжірибелік маңызы келесіде:

Дипломдық жұмыста қарастырылған мәселелерді жоғарғы оқу орындарында дәріс оқыған кезде пайдалануға болады деп ойлаймыз. Сондай-ақ бұл жұмыс әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесімен тәжірибеде айналысып жүрген мамандар үшін пайдалы болатыны туралы айтуға болады.

Зерттеудің теориялық негізі: Дипломдық жұмысты жазу барысында әйелдер құқығы бойынша халықаралық келісімдер, осы салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары, аталмыш тақырып бойынша статистика және периодикалық мәліметтер пайдаланылды.

Дипломдық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, алты параграфтан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. тарау Халықаралық тәжірибеде және Қазақстанда әйелдердің теңдік құқығының қағидасы.

  1. Жыныс белгісіне қарай теңдік құқығының түсінігі.

Көп мемлекеттерде әйелдер халықтың жарты бөлігін құрайды. Сондықтан халықаралық құқық әйелдер мен ерлердің тендік қағидасына ерекше көңіл бөледі. Жынысына байланысты сұрақтар ежелгі ғалымдарды да ойландырған. Тарихта әйелдер мен ерлердің теңдік құқығына байланысты түрлі көзқарастар туындап отырды. Ғалымдар өздерінің шығармаларында теңдік құқық сұрақтарын қарастырған. Әйел құқығының адам құқықтарына қатысты өрбитінін Платон ең алғаш рет дамытқан.

Гуго Гроций мен Спиноза «адамдар тең және. еркін болу керек» деген. Жан Жак Руссо әйелдердің теңдік құқығы ретінде олардың саясатқа араласуын түсінген. 19 ғасырдың ортасында кейбір ғалымдар әйелдер құқығының ерлермен тең болуын қаласа да, олардың ойы көбінде іс жүзіне аса бермейтін. Қоғамда олардың құқықтары ескерусіз қалатын. Көбінде олардың міндеттері құқықтарынан асып түсті. Кеңес Одағы кезіндегі әдебиеттерде «әйел сұрағы деген түсінік» қолданылды. Бірақ ғылымда оның қашан пайда болғаны анықталмаған. Бұл теорияның негізін құруға марксизм-ленинизмнің ролі көп болды. Карл Маркстың нақты әйелдерге арналған зерттеулері болған жоқ. Алайда, ол көбінде еңбекке байланысты әйелдер мен ерлерге тең құқық беру керек екенін қолдап, соны жүзеге асыруға талпынған. Жынысына байланысты тендік құқығын В. И. Ульянов та қарастырған. Ол өзінің еңбектерінде нәзік жандар құқықтарының бұзылуын, әлеуметтік теңсіздікке байланысты орын алатынын айқындаған. В. И. Лениннің әйелдер мен ерлердің тендігі қоғамдық еңбекке қатынасуына негізделген. Әйелдер мен ерлердің теңдік құқығы концепциясы әйелдерге еңбек құқығын беру және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру болып табылады. 1

Жыныс теңдігі деген түсініктің анықтамасын 1985 жылы Кения мемлекетінде Найроби қаласында өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі халықаралық конференцияда берді. Теңдік тек құқықтық түсінік ретінде қарастырылған жоқ, құқықтардың теңдігі, міндеттерінің теңдігі және белсенді күш ретінде қарастырылды. 1988 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жыныс теңдігі жөнінде өзінің әдістемесін өзгертті. Еуропаның Министрлер комитеті 1988 жылы 16 қарашада әйелдер мен ерлердің теңдігі туралы декларация қабылдады. Ол жақта халықаралық құжаттардың көбісінде бекітілген әйелдер мен ерлердің теңдігі адам құқығы қағидасы болып табылады және жынысына байланысты нәзік жандардың саясаттагы рөлдерін тежеу, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларда әйел құқықтарын тануға, оларды жүзеге асыруға кедергі болып тұрады. Министірлер комитетінің декларациясынан кейін әйелдер мен ерлер туралы сұрақтар адам құқықтарының мәселесі болып Еуропалық Одақпен қарастырылды. Бірақ әрине халықаралық құжаттарда бекітілген әйелдер мен ерлердің теңдігі қазіргі кезде іс жүзіне асып жатқан жоқ. Халықаралық шарттарда немесе мемлекеттің ішкі заңында теңдік құқығы туралы бекітілген нормалар аз болып табылады. Теңдік құқығын іс жүзіне асыруға мемлекет тарапынан шаралар қолдану керек. Тендік құқығының бұзылуы көбінде жұмысқа алған кезде, жұмыстан шыққан кезде, қызмет бабында көтерілу, әйелдер жалақыны ерлерден қарағанда төмен алуында көрінеді. Тәжірибеде әйелдер мен ерлердің теңдік құқығын қамтамасыз ету үшін көптеген мемлекеттер арнайы шаралар қолданады және нормативтік актілердің қабылдану қажеттілігі туындап отыр. Әйелдердің қоғамдағы рөлін ұлғайтуға және де саяси құқықтарын толық жүзеге асыруға мүмкіншілік жасау үшін, көптеген елдер арнайы шаралар қабылдаған. Мысалы, Ұлыбиртанияда, 1992 жылы мемлекеттік қызмет Министрлігінің қызметшілерді басқару және бірдей мүмкіншіліктер бөлімшесінде мемлекеттік қызметте әйелдерге тең мүмкіншіліктеріне қол жеткізу жайында Бағдарлама өңделген. Бағдарлама екі бөліктен түрады. Онда, нақты түрде аталмыш құжаттың мақсаттары, заңды әрекеттері көзделген және Бағдарламаны жүзеге асыру шаралары қарастырылған. Әйелдердің мемлекеттік қызметіндегі тең мүмкіншіліктеріне арналған Ұлыбритания Бағдарламасынан өзгеше Болгарияның «тең құқық пен тең мүмкіншілік» туралы 1994 жылғы Бағдарламасы белгілі бір өмір саласыменен шектеліп қоймайды; ол, әйелдердің білім, саяси, еңбек саласындағы жағдайы бойынша көрсеткіштерді қамтиды. Қазіргі уақытта, екі ел Ресей мен Украина, ерлер мен әйелдер арасындағы құқық пен мүмкіншілік теңцік қағидасын занды түрде бекітуге бірінші қадам жасауда. Ресей тәжірибесіне көз салсақ, «ерлер мен әйелдердің тең мүкіншіліктері және тең құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік кепілдіктері туралы» Федералдық заң жобасы өнделген. Заңның мақсаты - ерлер мен әйелдің тең мүмкіншіліктерінің және тең құқықтар мен бостандықтарының мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету, жыныстық сылтауымен қысымшылық көрсетудің алдын алу болып табылады. Кейбір мемлекеттерде әйелдер мен ерлердің тендігі конституцияда бекітілген. Мысалы, Тәжікстан Республикасының Контстиуциясының 17 бабында: "ерлер мен әйелдердің құқықтары тең" - ерлер мен әйелдер тендігі бойынша ерекше түсінік бекітілген. Азербайджан Республикасы Конституциясының 30 бабында әйелдер мен ерлер тең құқықтарымен қоса тең міндеттер де бекітілген. Ресей Федерациясы Конституциясының 19 бабында тең құқықтары мен бостандықтардан басқа, ерлер мен әйелдердің тең құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыратын мүмкіндіктер көзделген. Түркменстан Конституциясының 18 бабында, "ерлер мен әйелдер тең азаматтық құқытарға ие болады" деп жазылған. Осыған орай "жыныс бойынша тең құқықтықты бұзушылық заң бойынша жауапкершілікке тартылады" деген түсінік беріледі. Тең құқықтық қағидасын бекіту жайында ең прогрессивті қадам жасаған - Украина Конституциясы, оның 24 бабында "ерлер мен әйелдер құқық теңдігі, әйелдерге ерлермен тең қоғамдық-саяси, мәдени салада, білім алу мен мамандық даярлау, еңбекте және еңбек ақыда мүмкіндіктермен, әйелдер денсаулығы мен еңбегін қорғауға арнайы шаралар, зейнетақы жеңілдіктер, әйелдердің еңбек етуі мен аналығын жалғастыруға материалдық және моральдік қолдау көрсету, соның ішінде жүкті әйелдер мен аналарға төленетін демалыс пен өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. 2

Негізі әйелдер мен ерлердің теңдік құқығына қол жеткізу үшін әйелдерге қарсы қысымшылықтың барлық түрлерін жою керек. Яғни бұрынғы заманнан адамдардың психологиясында қалыптасқан әйел тек-қана бала тауып, баланы тәрбиелеп отбасымен шектелуі қазіргі күнге дейін әсерін тигізіп жатыр. Жыныс бойынша қысымшылық көрсету үғымын қарастырсақ ол- әйелдердің өз құқықтарын қолдануда жыныс белгісіне қарай шектеулер болып табылады. Негізгі құНқық тендігіне қол жеткізу, жыныс бойынша қысымшылықты жою болып табылады. Ұзақ уақыт бойы әйелдер құқығы халықаралық теориясында өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы 1979 жылы «Әйелдерге қарсы қысымшылықтың барлық түрлерін жою» конвенциясын қабылдады. Конвенцияда қоғамдық өмірде және жеке қатынастарда қысымшылық көрсетуге тиым салынған. Қысымшылықтың жіктелуіне келетін болсақ: тікелей, жанама және жасырын қысымшылық болып бөлінеді. Тікелей қысымшылық көрсету дегеніміз ашық түрде жасалады. Мысалға әйел баласына шахталарда жұмыс істеуге немесе ауыр заттарды көтеруге тиым салынған. Жанама қысымшылық көрсетуді қарастырсақ мемлекет заңдары жынысы бойынша қысымшылық жасауын ресми түрде тиым салады, бірақ әйелдер оны жеткілікті түрде жүзеге асыра алмайды. Қазақстанның әйелдері осы қысымшылықтың түрімен жиі кездеседі. Зерттеушілер, әйелдердің құқықтық сауатсыздығы және мемлекеттік органдарға шағымдану арқылы өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге сенімдерінің жоқтығы туралы ашық айтады. Жанама қысымшылық әсіресе саяси құқықтарын жүзеге асыруда, әлеуметтік салада, жұмысқа түруда көрініс тапқан. Белгілі қазақстандық, әйелдер құқықтарын зерттеуші Тленчиева Г. Д. "жасырын қысымшылық" түрі ретінде, зандарда және тәжірибеде жынысқа тікелей нұсқаудың жоқтығын атайды. 3 Мысалы, қоғамда, аналық қызмет тек анаға тиесілі деген стереотип кең таралған, ал ерлердің репродуктивтық рөлі мүлдем ескерілмейді. Мухтарова А. К. пікірінше, Қазақстан мектептеріндегі бағдарламалар мен оқулықтар көптеген гендерлік стереотиптерге толы. Ерлер, қашанда, жетекші және басшы рөлінде көрсетіледі. Әйелдер, екінші дәрежеде бейнеленеді, және суретте әйел ер адамнан кіші болып көрсетіледі. Мысалы Қазақстан тарихының толғызыншы сынып оқулығында сурет ішінен тек бірінде ғана тамақ жасап отырған бірнеше әйелдер көрсетілген. Тарих және әдебиеті туралы оқу құралдарында әйгілі қазақстандық әйеддер туралы бірде-бір ақпарат жоқ.

Жыныстық төзімділік, бір біріне сыйластық туралы мәдіметтер аз. 4 Біздің ойымызша қоғамда жасырын қысымшылық көрсету көлемі өте үлкен. Жасырын болғандықтан, тікелей немесе жанамаға қарағанда оны жою қиынға түседі. Бүгінгі күні, әйелдер жекешелендіру процесстерінен алшақ тұрады, несиелік қорлар мен жеке секторда өз ісін жүргізу мүмкіншіліктері төмен.

1991 жылы Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін әйел мен еркектің теңдігі жөнінде мәселе ашық тұрды. Нарықтық экономика қалыптасқаннан соң еңбек нарығында бәсекелестік пайда болды, отбасының ролі төмендеп құқықтық мемлекеттің алдында бірнеше мәселелер туындады және бұлардың барлығы әйелдердің құқықтық жағдайына әсер етті. Мемлекетімізде жұмыссыздық көбейіп, бұл өзгерістер әйелдердің еңбек құқықтық жағдайында негативті көрініс берді. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Адам және азамат» деп аталатын тарауының баптары әркімнің құқықтық субьектісі ретінде танылуға өз құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, өмір сүруге, еңбек ету бостандығына, ар-ождан бостандыгына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауға құқығы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың азаматтық және саяси құқытарын, сондай ақ адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқытарын қорғайтын баптар көрініс тапқанымен, қазіргі танда заман талабына сай әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, философиялық шаралардың қажет екендігі анықталып отыр.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 бабында қысымшылыққа, соның ішінде жыныс жағынан тиым салынған. Осы, ерлер мен әйелдердің тендік қағидасын бекітудің «жалпы» жолын өзге де республикалар таңдаған және 1-ші бабына сай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет деп жариялаған. Бірақ конституцияда жынысына байланысты теңдік құқығы туралы қағида нақты көрініс таппаған. Яғни бул гендерлік қағиданы бұзушылық болып табылады. Конституциядағы және заңдардағы жалпы нормалардың болуы әйелдердің құқықтарының даму процессіне және олардың қоғамдық, мемлекеттік өмірде ат салысуына аз нәтиже береді. Казіргі кезде Қазақстанда «Тең құқықтар мен мүмкіншіліктер» заң жобасы қарастыруда, бұл заң жоба жыныстық белгісіне қарай қысымшылық көрсетпеу шараларының кең тізімін қамтиды. Оған жыныс өкілдерін қорғауға бағытталған арнайы шараларды, аналық пен әкелікті қорғау шараларын жатқызуға болады. Бұл заңда бірінші рет «гендерлік экспертиза» деген түсінік қолданылады. Бірақ бұл заңның кемшілігі болып «гендер» деген түсінікке анықтама бермеуі болып табылады. Онсыз «гендерлік экспертиза» деген үғым нақты болып табылмайды. Гендер дегеніміз-мемлекет, қоғам және заң алдында әйелдер мен ерлердің құқықтарының тендігі болып табылады. Ал гендерлік теңдік түсінігі-әйелдер мен ерлердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдеми дамуына берілетін мүмкіншіліктер және олардың құқықтық мәртебесінің теңдігі. Қазақстан Республикасында «Тең құқықтар мен мүмкіншіліктер» заң жобасы жынысына байланысты қысымшылык көрсетпеуге бағытталмаған шаралардан тұрады. Оларға екі жынысты да қорғау шаралары, әкелік пен аналықты қорғау шаралары жатады. 5 Бұл шаралар «Тең құқықтар мен мүмкіншіліктер» заң жобасында емес басқа заңдарда көрініс табуы керек. Біздің мемлекетімізде жыныс теңдігі қағидасына байланысты нормативтік актілердің сәйкес келуіне сараптама жасалу әрекеттері қолданылған Бірақ олардың нәтижесі бейресми болды.

Қазақстан Республикасының атқарушы билік органында әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіншіліктерінің теңцігі жөнінде арнайы құрылымдар құру қарастырылуда. Оның мақсаты:

-гендерлік тендікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жоспарлар жасау олардың атқарылуына бақылау жүргізу;

-жұмыс істейтін ерлер мен әйелдердің саны бойынша көрсеткіштер жинағын жасау;

-гендерлік тендік мәселелері бойынша статистикалық есеп жасау.

-өндірістік дауды соның ішінде жыныс бойынша қысымшылық көрсету дауларын шешуге көмек көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне талдау жасасақ гендерлік теңдік қағидасы жеткілікті көрсетілмеген. Мысалы жынысы бойынша қысымшылық көрсетуге тыйым салу Қазақстан Республикасының «Мемлекетік қызмет туралы заңында», «Еңбек туралы заңында» көрсетілген. Бірақ, ол тек декларативті түрде ғана болып тұр. Халықаралық демократиялық қағидаларға қарама-қайшы келмеуі үшін «көз алдауға» қабылданған нормалар. Іс жүзінде әйелдер құқықтарын әр-түрлі салада шектейді, әсіресе еңбек саласында. Сондықтан заңдардың нақтылануы оған гендерлік экспертиза мен гендерлік түсінік деген үғымдарға анықтама бергендері жөн. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне «жынысына байланысты қысымшылық көрсетпеу» және еңбек туралы заңға «еңбек саласында әйелдерге қысымшылық көрсетпеу» деген үғымдарды енгізу керек. Бұл Қазақстан Республикасының әйелдерінің құқықтық жағдайын жақсартуға қолайлы болады. Көп мемлекеттердің тәжірибесінде көрсетілгендей әйелдердің құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер қабылдануы тиіс. Жыныс теңдігіне сараптама жасау барысында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында жеке, еңбек және саяси салада, әйелдер құқықтары шектеледі. Ал мәдени, азаматтық және әлеуметтік құқықтарында жағдайлары қолайлырақ болып табылады. Сондықтан да бұл жұмыста әйелдердің құқықтарының қорғалмаған саласы қарастырылған, яғни жеке, еңбек және саяси құқықтары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдердің саясаттағы рөлі
Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі
Республикалық әйелдер баспасөзінің тұңғышы - Азат әйел
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
Қазақстанның гендерлік саясаты
Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау
Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны
ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРҒАУ
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz