Ежелгі Грециядағы қоғамдық-саяси өмір және Аристотель


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-9
1 Ежелгі Грециядағы қоғамдық-саяси өмір және Аристотель
1. 1 Ежелгі Грецияның қоғамдық-саяси өмірінің және б. з. д.
ІV ғ. Афиныдағы әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері
1. 2 Аристотельдің өмірі мен қызметі. Саяси көзқарастарының қалыптасуы . . . 10-21
2 Аристотельдің қоғамдық саяси көзқарастары және оның әлемдік қоғамдық саяси ойларға ықпалы
2. 1 Аристотельдің мемлекет құрылымы жайлы ойлары
2. 2 Аристотельдің Платон және шығыс ғұламасы Әл - Фарабидің ой-пікірлерімен сабақтастығы және перипатетиктер . . . 22-45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46-48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49-51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының демократиялық республика болып жариялануы қазақ қоғамының болашақ дамуына үлкен әсер ететіні белгілі. Алайда тоталитарлық жүйеден енді шыққан қоғамдағы азаматтардың саяси санасының және сауатының төмен болуы жарияланған мақсатты жүзеге асыру үшін көп жұмыс істеуді қажет етеді. Сондай жұмыстардың бірі-демократиялық басқару жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін, даму тарихын оқып, зерттей отырып өзіміздің саяси дамуымызға қажетті жақтарын тиімді пайдалануымызға мүмкіншілік береді. Сондықтан да біз Ежелгі Грециядағы қоғамдық саяси жағдай мен Афины демократиясының қалыптасуы мен дамуын оқып-зерттей отырып, Аристотель бойынша демократия дегеніміз не, және демократиялық биліктің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсете отырып, оның неге демократиялық билік түріне қарсы бағыт ұстанғанын, қазіргі кезеңге қандай әсер еткендігін талдаймыз.
Біз, көп жағдайда ежелгі дүниенің орнына пайда болған және атап айтқанда, антикалық өркениеттерден қалған координат жүйесінде қалыптасқан жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Антикалық әлеуметтік-саяси идеялар, осындай феномен адамзат тарихының дамуында, біздің барлық саналы көзқарастарымыз әртүрлі ілімдермен ауысу арқылы өтеді. Саяси пікірлердің тарихында этатистік теория мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасы антикалық кезеңде қалыптасты.
Қазіргі демократияға карай жылжудың Қазақстан Республикасындағы саяси процестер үрдісі екендігі сөзсіз, өйткені бұл әрқашанда нақты формада жүзеге асатын, ұлттық модельді құрайтын әмбебап критерийлер мен құндылықтарға қарай жылжу.
Ежелгі Грециядағы Афины демократиясы әлеуметтік топтардың бейбіт күресінің нәтижесінде экономикалық жағынан дербес азаматтардың өз құқық үшін күрестің нәтижесі. Сондықтан да диплом жұмысында күрестің жолдары, мемлекеттік құрылымның түрлері жеке-жеке талқылынып, демократиялық құрылыстың негізгі элементтері көрсетіліп, талданды.
Ежелгі дүниедегі демократия түсінігі қазіргі кездегі түсініктен ерекшеленеді. Әрине антикалық дәуірдегі демократиялық билік пен қазіргі таңдағы демократияның арасында кезеңнің өз ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтар бар. Қазіргі таңдағы ең танымал демократиялық мемлекеттік тәртіп ұғымы, әлеуметтік әділеттілік туралы түсініктер сол кезден өз бастауын алады. Ертедегі «демократиялық билік» ұғымы халықтың негізгі бөлігінің саясатқа араласуын көздесе, қазіргі кезде адам құқының сақталуын ұғымымен тығыз байланысты. Демократиялық биліктің қалыптасу тарихына әсіресе ежелгі грек қоғамындағы полистік жағдайдағы басқару жүйесіне, афины демократиясының тарихына қызығушылық ежелгі дүниеден басталды. Еліміздегі демократияландыруға деген ұмтылыс барынша күннен-күнге дамып келеді. Осыған байланысты өз бастауын антикалық дүниеден алатын демократиялық бастамалардың қайнар көзін, шығу тарихын, даму ерекшеліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын зерттеп білудің маңызы өте зор.
Диплом жұмысының деректік негізі. Ежелгі Грецияның тарихының, соның ішінде Афины құл иеленуші демократиясының даму тарихының негізгі дерек көздері болып антикалық авторлардың шығармалары болып табылады. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама - қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметің орнына аристократиялық және құл иелеушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды.
Ертедегі Греция тарихының зерттелуі антик заманының өзінде-ақ басталды. Осы күні тарих ғылымының қарауында, бізге антик заманы қалдырып кеткен және оларды ертедегі Греция тарихы жөніндегі деректерге жатқызуға болатын көптеген материалдар бар. Бұл деректер көп және әртүрлі, олардың төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады:
Әдеби шығармалар, олардың ішінде, грек тарихшылары еңбектерінің грек тарихын зерттеу үшін ерекше маңызы бар. Ол еңбектердің кейбіреулері оқиғалардың болған кезінде жазылған: ал басқа еңбектер ерте кезде шығармаларға негізделіп жазылған. Мысалы, б. з. д. III ғасырдың авторлары мәліметтерді V ғасырдың тарихи шығармаларынан алып, көбінесе өзінің пайдаланған дерегін тек өз сөзімен ғана айтып берген.
Тарих ғылымы ертедегі Грецияда шықты және тарихты баяндаудың алғашқы үлгілерін грек тарихшылары бастады. Олардың еңбектері бізді грек тарихының барысымен таныстырды, басты оқиғалардан хабар берді, сонымен бірге қоғамды, шаруашылықты түрлі қоғамдық топтарды, сондай ақ грек тарихындағы көрнекті қайраткерлердің қызметін зерттейтін материалдар берді.
Көне гректерде тарихи ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Грек тарихнамасы ол уақытта әлі де шын мағанасындағы ғылым болған жоқ: ол риториканың әсерімен дамыды, сондықтан тарих пен көркемәдебиеттің арасында белгілі айырмашылық болған жоқ. Сөйтсе де тарих ғылымының дамуы үшін грек тарихнамасының маңызы өте зор.
Диплом жұмысына тікелей қатысты деректердің бірі, ол ежелгі антика тарихынан және сол кезеңнің ерекшеліктерінен, тарихи оқиғалар жөнінде хабар беретін, біздің уақытымызға дейін жеткен Аристотельдің өз еңбектері «Политика»/1/, «Афинская полития» /2/ деп аталады. Бұл бізге сол кездегі саяси жағдайлардан мәлімдейтін бірден-бір құнды еңбек болып табылады. Бұл еңбектерде сол кездегі саяси жағдайлар талқылынып, Аристотель оған баға беріп отырған. Сондай-ақ еңбектерде мемлекеттік құрылымның түрлері жеке-жеке талданып, артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіліп. жалпы мемлекет, азамат дегеніміз не деген сұрақтарға жауап берілген. Аристотель өз еңбегінде көбінесе Платонның «Заңдар» шығармасымен салыстырып талдау жасаған.
Кіші Азияда Галикарнас қаласында туған Геродот біз үшін бірінші тарихшы болып саналады. Бірақ Фукидид «логографтар» қатарына Геродотты да кезінде жатқызған еді. Геродот туралы биографиялық мәліметтер аз, әрі оған толығымен сенуге де болмайды. Ол б. з. д. 484 жылы шамасында туған, ал 431 және 425 жылы аралығында қайтыс болған тәрізді. Кейбір мәліметтерге қарағанда Геродот өзінің туып өскен қаласында саяси өмірге қатынасып, тирандарға қарсы куреседі, бұған байланысты Геродот туған қаласын тастап кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін ол көп саяхат жасайды. Ол Египетте, Сирияда, Вавилонда, Қара теңіздің солтүстік жағалауында болды.
Оның Афиныда болудың ерекше маңызы бар. Ол онда афины қоғамының көрнекті қоғам қайраткерлермен (Перикл, Софокл, тағы басқалармен) шамасы жақындасты. Кейбір ғалымдардың ойы бойынша Периклды Геродот таныған сияқты, бірақ біздің қолымызда олардың арасындағы жақындықтың болғандығын айқындайтын дәлел жоқ. Афиналықтардың бастамасымен Италияда Фурия отары құрылғанда, Геродот соған барды.
Геродоттың еңбегі «Грек-парсы соғыстарының тарихы»: «Галикарнастық Геродот төмендегі зерттеулерін заман өткен сайын адамдардың баянды ісі біздің есімізден шығып кетпеу үшін, сондайөақ біразын эллиндер, біразын варварлар орындаған ірі, таңқаларлықтай тарихи мұралар атақсыз естен шығарып, ұмтылмас үшін, әсіресе олардың арасында болған соғыстың себебі есте қалу үшін ұсынып отыр» -деген сөздермен басталады /3, 265/. Бізге жеткен түрінде Геродот еңбектері музалардың атымен аталған тоғыз кітапқа бөлінеді (антик заманының авторлары кітап деп біздің бөлім немесе тарау деген ұғымға сайкес келеді), бірақ айта кететін нәрсе, бұлайша бөлу Геродоттан кейінірек, эллинизм заманында шыққан. Геродоттың еңбегі Персия патшалығына кірген елдердің тарихын баяндаудан басталды.
Геродоттың еңбегінде мәліметтердің шындығы әртүрлі. Геродоттың еңбегі екі ағымның әсері бойынша қалыптасты. Ол өзінің бұрын өткен ионилықтардан өткендегі уақиғаларға көңіл бөлуді, өткен оқиғаларды әңгіме етудің түрі мен тәсілін және мифтерге рационалистік көзқарастың кейбір элементтерін мирас етті: бірақ Геродотттың бұл сияқты рационализмі Афиныға келген соң ерекше көзге түседі: мұнда оған грек философиясындағы софистикалық жаңа бағыттың уәкілдерімен кездесуге тура келеді, сондықтан Геродоттың эпос шығармаларының формасына ұқсастау жазылған еңбектеріне уақиғаларды рационалистік тұрғыдан түсіндіруге талап еткендік бар.
Геродоттың тарихи мәліметтердің деректері әртүрлі. Ол эпос поэзиясына өте жетік еді, логографтардың, соның ішінде Гекатей Милетскийдің еңбектерін жақсы білді, өзі кейде Гекатейдің еңбегіне сүйенді, ал кейде онымен айтысып отырды. Геродот грек-парсы соғыстары жөнінде жазғанда, Афины негізгі күресуші күш деп қарайды: « . . . ақиқатқа қарсы күнәкар болмай-ақ, Эллады жаудан сақтап қалушылар- афиналықтар деп атауға болады» -дейді Геродот /3, 220/.
Геродоттың еңбегінде ертеде әртүрлі көзқарас болды: біреулері оны тым сенгіштігі үшін, «есепсіз көп бос сөздері үшін» сөкті, екіншілері, тіпті оның шығармаларын жоғары бағалады. Геродот өзінің замандастарына сөзсіз әсер етті және антик заман дүниесінің бүкіл дәуірі бойына данқты адам болды. Цицерон оны «тарихтың атасы» деп атады, бұл атаққа Геродоттың лайық болғандығы сөзсіз.
Геродоттың кіші замандасы фракиялық бай және беделді семьядан шыққан Фукидид болды. Шамамен 460-451 жж. б. з. д. өмірге келіп, ал 396 жылы қайтыс болған тәрізді. Пелопонне соғысы кезінде Фукидид стратег болып сайланып, эскадра басшысы ретінде Фракия жағалауын спартандықтардан қорғауға жіберілді. Жау Амфиополь қаласына шабуыл жасағанда, Фукидид қалаға мезгілінде жәрдем көрсете алмады. Осы себепті ол мемлекетке опасыздық етті деп айыпталып, б. з. д. 423 жылы Афиныдан қуылды.
Шамасы ол Фракияда тұрды, және қуғында жиырма жыл жүрді, тек соғыс біткеннен кейін еліне қайтып келді. Қуғында жүрген жылдары Фукидид өзінің Пелопоннес соғысының тарихы туралы еңбегін жаза бастады.
Фукидидтің дүние тануында, саяси көзқарастары да Афиныда Фукидид өмір бойы билеп өткен Перикл заманында қалыптасты. Ол софистиканың өрестеген кезі еді. Ең тиімді саяси құрылыс, Фукидид бойынша, ол Периклдың тұсындағы Афины демократиясы. Атап айтсақ, демократияның антикалық түсінігі біздің қазіргі түснігімізден ерекшеленеді, себебі Периклдың билігін біз демократиялық диктатаура деп атасақ та болады. Бірақ осы жағдай Фукидидтің ойы бойынша дұрыс болып табылған, ал Периклден кейінгі демократия көсемдерін ол сынады, халықтың ең бір жаман пиғылдарына, іс әрекетеріне жол береді деген. Фукидид бізге Периклды қатты әсерлеген бейнесін көрсетеді, бірақ біз оны тек қана сондай деп қарастырмауымыз керек. Негізінде, ол аристократтар семьясынан шыққан және Плутархтың айтуы бойынша халыққа деген қөзқарасы белгілі дәрежеде үстірт еді /4, 323/.
Фукидид оқиғалардың себептері мен сылтауларын айқын айырып отырды. Жаратылыстан тыс ғажайып күштерге сенуден арылып жетпеген Геродотқа қарағанда, біз Фукидиті рационалист тарихшы деп атай аламыз.
Көптеген публицистика бағытындағы шығармалардан V және VI ғасырлардағы Афиныда болған әлеуметтік және саяси ауыр күрестерді көруге болады. Псевдоксенофонттың «Афины политиясы» деп аталған шығарма осындай шығармалардың бірі. Бұл трактат жазшы Ксенофонттың шығармаларының арасында табылған үшін осылайша талып кетті, бірақ мазмұны жөнінен де оның авторын Ксенофонт деп айтуға болмайды. «Афины политиясы» Пелопоннес соғысының бас кезінде пайда болды деп жориды, бұл шығарманың авторы бізге белгісіз, трактаттың мазмұнына қарағанда, мұның авторы - демократияның дұшпаны, олигархиялық тәртіпті жақтаушы афиналық деп айтуға болады.
Афины демократиясының тарихы туралы мәліметтерді Платон еңбектерінде табуға болады. Платон б. з. б. 427 - 347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды, сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» /5/және т. б.
Плутарх шамамен 46 жылы Херонея қаласында туылып 120 және 130 жылдар аралығында қайтыс болған. «Избранные жизнеописания» /6/ еңбегінде ол атақы гректер мен римдіктердің биографияларын жазды. Тарихшылар үшін оның еңбегі құнды дерек болып табылады, бірақ Плутарх өзін тарихшы деп санамады. Александр Македонскийдіңдың биографиясына кіріспе ретінде ол былай жазған: «Мы пишем не историю, а биографии, и не всегда в самых славных деяниях бывает видна добродетель или порочность, но часто какой нибудь ничтожный поступок, слово или шутка лучше обнаруживают характер человека, чем сражения с десятками тысяч убитых, огромные армии и осады городов» /6, 145/.
Плутарх өзінің еңбегінде, Афины демократиясының қалыптасуына үлкен әсер берген, б. з. VI ғасырдағы Афинының атақты заң шығарушысы Солонға және оның реформаларына үлкен мән береді. «Әлемнің жеті кереметінен» басқа антикалық дәуірде «жеті данышпан» да саналған еді, соның бірі Солон болып табылатын еді /6, 25/.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер Кеңес дәуірінде жарияланған еңбектерде көп көрініс тапты. Сонымен қатар шетел авторларының біршама еңбектері бар.
Француз буржуазиялық революциясына қарсы ағылшын тарихшысы Э. Берк Э. Размышления о революции во Франции афины демократиясы тарихының нашар жақтарын көрсетіп, жалпы демократияға қарсы шықты /7/.
Россияда Афины мемлекетінің тарихын зерттеген адамдардың бірі М. С. Куторга болды. Ол Афиныдағы азаматтық қауымның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектерінің ішінде А. И. Доватурдың «Политика и политии Аристотеля» /8/ еңбегінің құны өте жоғары. Зерттеуші ғалым онда Аристотельдің саясатына және ол ең жақсы деп таныған мемлекеттік құрылымның полития деген түріне жан-жақты талдау жүргізіп, кең ауқымды зерттеген. Келесі бір автор А. К. Бергердің еңбегі «Политическая мысль древнегреческой демократий» /9/ деп аталады. Бұл еңбекте жалпы ерте грек қоғамындағы саяси пікірлер, оның негізгі бастамалары, демократиялық даму жолдары, Афиныдағы құл иеленуші демократия жайында, бұнда да Аристотельдің еңбегіне талқылау жасалынған. Афины мемлекетінің тарихына арнап үлкен еңбек жазған, өнімді еңбек берген зерттеуші- Р. Ю. Виппер /10/ болды. Харьков университетінің профессоры В. П. Бузескул ол Аристотельдің «Афины политиясы» құнды дерек екеніне алғаш көңіл бөлген зерттеуші. .
«Афины демократиясы тарихы» /11/ еңбегінде В. П. Бузескул афин демократиясының тарихын, оның құрлысын, қызметін және грек әлеміне әсерін зерттеді. В. П. Бузескулдің «Античность и современность» /12/ еңбегінің де маңызы зор. Р. Ю. Виппер еңбегінде б. з. д. VIII -IV ғғ. Греция тарихындағы әртүрлі әлеуметтік топтардың қақтығыстардың грек қоғамының дамуындағы ролін көрсетеді.
Қазіргі кезде Ежелгі Греция, Афины мемлекетінің тарихына арналған зерттеушілер өте көп. Россияда Санкт-Петербург ғалымдары Фролов Э. Д. «Рождение греческого полиса» /13/ және т. б. өз зерттеулерінде Афины мәселесіне көп көңіл бөлді. Және де көптеген авторлардың шығарған Греция тарихына арналған еңбектерінде, оқулықтарда Ежелгі Грециядағы тарихи жағдай, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ежелгі грек ойшылдарына біршама тоқталып өткен. Сондай-ақ, ресейлік авторлар В. Я. Кисиль, В. В. Риберидің бірлесіп шығарған еңбегі «Галерея античных философов том 1» /14/ Аристотельдің жеке тұлғасына қатысты жан-жақты мәліметтер берілген. Әлем тарихында осындай өзекті мәселемен елімізде шығатын «Античный вестник» /15/ Сб. Под. Ред. В. Н. Вдовин жарияланған конференция материалдарында біршама қарастырған. Саяси ой-пікірлерге қатысты бұл мәселемен бірнеше авторлар ұжымы терең әрі нақты қарастырған. Әл-Фараби жайында зерттеу жүргізген, А. Х. Қасымжановтың Аль-Фараби /16/ еңбегі өте жоғары деңгейде жазылған еңбек болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі мен әдіс-тәсілдері. Диплом жұмысын жазу барысында тарихилық, ғылыми танымдық, жүйелік, объективтілік принциптері әдістемелік негіз етіп алынды.
Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысы барысында жалпы адамзат тарихында ежелгі грек қоғамының, Афины демократияның ерекшеліктерін, алатын орнын, сол кездің озық ойлы данышпаны Аристотельдің қоғамдық саяси пікірлерін, мемлекет құрылымы туралы тұжырымдарын, оның әлемдік қоғамдық-саяси ойларға ықпалын анықтауды, жан-жақты ашып көрсетуді мақсат еттім.
Міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттерді қойдым:
- Ежелгі Грециядағы қоғамдық, саяси жағдайлардың, полистердің басқару жүйесіндегі орын алған дағдарыстың себеп-салдарын анықтау; Афины демократиясының ерекшеліктерін зерттеу; Аристотельдің қоғамдық саяси ой-пікірлерінің маңызын зерттеу; Аристотельдің мемлекет құрылымы жайындағы тұжырымдарын оның еңбектерін оқу арқылы талдау және Платон, Әл-Фарабидің пікірлерімен сабақтастығын анықтау; Аристотель ілімінің Батыс өркениетіне тигізген әсерін талдау;
Диплом жұмысының мерзімдік ауқымы. Диплом жұмысы б. з. д. V-ІV ғғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең Ежелгі Грецияның қоғамдық саяси дамуында ғана емес, полистік (қала-мемлекеттердегі) жағдайдағы дағдарысқа, Афиныдағы қалыптасқан құл иеленуші демократиядағы өзгеріске толы. Осы кезең аралығында полистердегі дағдарыс тереңдей түсіп, биліктің бір түрінен екінші түріне ауысып, қоғамдық саяси жағдай шиеленісе түсті, сол кезде өмір сүрген ұлы ойшыл, философ Аристотельдің саяси көзқарастары қалыптасты.
Жұмыстың жаңалығы. Жұмыстың жаңалығы деп, осы тақырыпты зерттеу барысында, тікелей деректер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, тақырып мәнінің ашылуы және бұл тақырыптағы дипломдық жұмыстың қазақ тілінде тұңғыш қорғалуы.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Ежелгі грек қоғамындағы ерекшеліктер, Аристотель өмір сүрген кездегі қала-мемлекеттердегі басқару жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлар қарастырылған. Екінші тарауда, Батыс қоғамындағы саяси ой-пікірлердің қалыптаса бастауы, соның ішінде Аристотельдің «Саясат», «Афины политиясы» еңбектері, Платон, шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарымен салыстырмалы талдау жасалған және оның ілімін таратушы перипатетиктер жайында жазылған.
1 Ежелгі Грециядағы қоғамдық-саяси өмір және Аристотель
1. 1 Ежелгі Грецияның қоғамдық-саяси өмірінің және б. з. д.
IV ғ. Афиныдағы әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктері
Б. з. д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте мемлекеттік және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп, ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлар мен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (екі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы), және демократия (халық билігі) . Осындай күрес нәтижесінде б. з. д. VI-V ғ. ғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Грецияның саяси ілімдерінде көрініс тапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz