Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Әдебиеттің өткені мен бүгініне зер салу, болашағына жөн сілтеу, Абайша айтсақ, “теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы” демекші ұғынықты да ұнамды болуына назар аудару - бүгінгі зерттеуші-оқырманның басты міндеті. Осы атқарылатын істің жүгі де жеңіл болмасы анық.

Дүрбелеңге толы дүниеде мәдени мұрағаттармен қатар адам санасында хатталып, одан қала бере жатталып қалатын өнердің бірі - сөз өнері. “Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай әдемі ән, күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді”, - деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұл шындығында да солай сияқты. Сөз өнері өнер атаулының ең биігі деп айта аламыз. Талай ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған әдебиет осының куәсі. Қай халықтың әдебиеті болмасын сол елдің ауыз әдебиетінен нәр алып, одан кейін туған әдеби мұралар жүріп өткен жолдарынан із қалдырады.

Әдебиет тарихына зер салатын болсақ, ХХ ғасырдың 60-80 жылдары әдебиет қазынасы біртуар ақын-жазушылармен, қарымды қаламнан туған құлаш-құлаш шығармалармен толықты.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік идеология қоршауында өмір сүрген қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының социалистік реализм талаптарына сәйкес тірлік ете отырып, ылдиға түспей, үнемі даму, жетілу үстінде болғандығы айқын еді. Сондықтан көркем әдеби сынның өзекті мәселелеріне арнайы зерттеулер жүргізу - қазіргі әдебиеттанудағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай, ұлттық әдеби сынның қалыптасуы мен өсіп - өркендеуіне үлес қосқан айтулы сыншы-ғалымдар еңбектерін арнайы қарастырған шығармалар біршама. Мысалы. С. Жұмағұловтың “Е. Ысмайлов - сыншы”, К. Ахметовтың “А. Нұрқатовтың әдеби - сын ғылыми - зерттеу еңбектері”, А. Жүсіпованың “Қазақ әдебиеті сынының тарихын жасау мәселелері және Т. Кәкішұлының ізденістері”, т. б. зерттеу еңбектерінің танымдық дәрежесі жоғары деуге болады.

50-60 жылдар аралығында қиындығы мен қысастығы мол болған әдебиет майданында әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай көтеріп, табандылық көрсеткен дарынды әдебиетші-зиялы қауым қалыптасып еді. Олардың қатарында: М. Қаратаев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Р. Бердібаев, Ә. Қоңыратбаев, Х. Әдібаев, Т. Әлімқұлов, Т. Кәкішев сынды т. б. әдебиетшілер бар. Олардың ғылымның өркендеуіне өлшенбес үлес қосқандығы - ақиқат. Өз замандастары арасында әдебиеттану мен сынға елеулі үлес қосқан таланттардың бірі - Тәкен Әлімқұлов.

Оның кезінде сыншылығы, зерттеушілігі мерзімді баспасөзде бағаланғанымен қаламгердің бұл қыры - ғылымда арнайы қарастырылмаған өзекті мәселе. Т. Әлімқұловтың прозалық туындылары туралы докторлық диссертация қорғалды, ондаған-жүздеген мақалалар жарық көрді. Ал Тәкеннің сан қырлы дарын иесі болғаны: әдеби сынға белсене араласқаны, екі тілде бірдей жазғаны және абайтану саласына қосқан үлесі туралы ара-кідік бірлі-жарымды (Қ. Ергөбектің “Жұмбақ жан”, Р. Бердібаевтің “Іңкәрлік сезім”, Р. Мұқанованың “Тәкен тағылымы”, П. Пәрімбекованың “Суреткердің беймәлім сырлары”, т. б. ) еңбектерде айтылып өткені болмаса, арнайы зерттеліп, айқындала қоймаған өзекті тақырыптардың бірі. Т. Әлімқұловтың Абай туралы сыни мақалалары мен әдеби-зерттеу еңбектерін саралап, көркемдік, танымдық құндылығын қарау, абайтану ғылымына қосқан салмағын еңбектерімен бағалау ғылыми нысанның өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қаламгер прозасындағы тарихи тұлғалар, күй өнері, жылқы жануары туралы және жазушының тілдік-стильдік ізденістері, суреткерлігі, шеберлігі жайлы елеулі еңбектер жарыққа шықты. Т. Әлімқұловтың шығармашылығы хақында Қ. Әбдезұлының “Т. Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы” атты докторлық диссертациясы қорғалды. Суреткерлік сипатын тілге тиек еткен сыншы Т. Тоқбергеновтің бағалы еңбектері бар. Сонымен қатар “Мектеп сериясымен” шыққан Ө. Қырғызбаевтың “Тарланбоз Тәкен” атты шығармасы туған жерін, өскен ортасын танытады. Өткен жылдың қараша айында А. Дүйсебекованың “Т. Әлімқұлов - сыншы және әдебиет зерттеушісі” атты кандидаттық диссертациясы жазушының сыншылығын көруімен құнды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тәкен Әлімқұловтың “Жұмбақ жан” еңбегін зерттеу, тарихи көзін, тілін, зерттеушінің әдіс-тәсілін қорытып айту - жұмыстың мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында төмендегідей міндеттер белгіленді:

  • Т. Әлімқұловтың өзіне дейінгі абайтануға үлес қосқан ғалымдарды қарау, зерттеу еңбектерімен танысу;
  • ұлы Абай хақында жазған “Жұмбақ жан” атты зерттеуін талдап, танымдық, теориялық тұжырымдарын таныту;
  • рухани құнды еңбек екендігіне көз жеткізумен қатар абайтану саласындағы орнын айқындау.

Зерттеу нысаны. Магистрлік жұмыста зерттеу нысаны ретінде Тәкен Әлімқұловтың 1972 жылы «Жазушы баспасынан жарық көрген «Жұмбақ жан» атты зерттеу еңбегі, сондай-ақ республикалық мерзімді басылымдарда жарық көрген сын мақалалары алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Т. Әлімқұловтың “Жұмбақ жан” әдеби-зерттеу еңбегі алғаш рет теориялық-көркемдік тұрғыдан талдау өзегіне айналып отыр. Белгілі сыншының абайтану ғылымына қосқан үлесі “Жұмбақ жан” еңбегі арқылы бағаланады.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін негізгі дереккөздерді жинауда кешенді, баяндау, түсіндіру, жүйелеу, салыстырмалы-тарихи, аналитикалық, талдау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі “Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері” деп аталады. Мұнда қазақ әдебиетінің 50-60 және 80-жылдардағы жай-күйі, жазушы шығармашылығы және абайтану ғылымы жайлы сөз болады.

Жұмыстың екінші бөлімін тұтасымен “Жұмбақ жан” зерттеуінің талдауына арналады. Т. Әлімқұловтың Абай шығармашылығы туралы, кітаптың құндылығы жайлы танымдық, теориялық тұжырымдары баяндалады. Екінші бөлім “Абай шығармашылығы және Т. Әлімқұловтың танымдық, теориялық тұжырымдары” деген атаумен берілді.

І бөлім

Қазақ әдебиеттану ғылымы және

абайтану мәселелері

«Ерте, ерте, ертеде» деп басталатын ерте заманның ертегілерінен, «Бұрынғы өткен заманда, Байбөрі деген бай шықты» деп келетін батырлық жырлардан, көк тәңірісіне сыйынатын Күлтегінді жырлаған авторы белгілі бола бастаған заманнан, құтты білім іздеген ойшылдарымыздан, «сөйлесе қызыл тілдің шешені» атанған жыраулар толғауларынан, тар замандағы «зар заман әдебиеті» өкілдері өлеңдерінен сусындап, таза мөлдір бұлақтан нәр алған әз әдебиетіміз біздің ұрпаққа да өз еншісін, үлесін сол күйінде мол қазынасымен алып келді. Мұнан кейінгі әдебиеттің соны іздері Шоқан, Ыбырай, Абайлар жасаған кемеңгер әдебиеттен көрініп, «әдебиет - ардың ісі» деп білген Ахмет, Міржақып, Мағжан, Ілияс, Жүсіпбектердің кезеңімен, 40-50 жылдар, 60-80 жылдар және тәуелсіз Қазақстан әдебиетімен ұштасып, жалғасын тауып жатыр. Әдебиет биіктеген сайын оған өрлеу қиын да, қызық болмақ. Біз сөз еткелі отырған әдебиет дәуірі - 60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті. Соның ішінде өмір тарихын өнер тақырыбына айналдыра білген, тарихта есімдері қалған өнер иелерінің өмірлерінің бір сәттік кезеңдерін шебер суреттеп берген, күй құдіретін, домбыра сазын, сыбызғы сырын көрсеткен қаламгердің бірі - Тәкен Әлімқұлов жайлы сөз қозғамақшымыз.

«50-60 жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін, оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын алды. Қазақ әдебиетінде бұл тақырыпта халқымыздың өткен ғасырдағы озат адамдары, прогресшіл мәдениет қайраткерлері, ағартушылар: Абай, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, т. б. туралы тарихи фактілерге сүйенген бірнеше көркем шығармалар жарық көрді» /1. 134/.

«40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті» атты еңбекте 50-60 жылдардағы әдебиеттің даму сатысын осылай жазады. Бұл шындығында да солай еді. Осындай ірі тұлғалармен қатар әдебиетте өмір, өндіріс, өнер тақырыптары және тарихи романдар жан-жақты зерттеліп, жазылды.

Қазақ әдебиетінде айрықша дамыған саланың бірі - поэзия. Бұл кезеңде поэзия арнасы өзінің жаңа сапада дамып жатқанын көрсете алды. Мұның да өз жөні болатын. Поэзия өміріне Т. Айбергенов, С. Асанов, М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, О. Сүлейменов сынды т. б. жаңа таланттар келген еді.

Ал проза жанрында қандай өзгерістер болды дегенге жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа тақырыптағы қомақты дүниелер жарық көрді деп айта аламыз.

50-60 жылдардың еншісіндегі шығармалардың жалғасы ретінде 60-80 жылдардағы проза жанрындағы еңбектерді де қоса аламыз. Осы жылдары прозаның роман, повесть, әңгіме жанрлары көркемсөз өнерінің қилы-қилы құбылыстарын әрі көкейтесті мәселелерін кең ауқымда қамтып, әдебиеттің жетекші саласына айналды.

Қазіргі таңда 60-80 жылдардағы қазақ прозасын зерттеп жүрген ғалым-зерттеуші Қ. Әбдезұлы былай дейді:

«Қазақ прозасы 60-80 жылдары тереңдей дамумен қатар жан-жақты және кең қанат жайып, тармақтала өркендеу сатысына енді» /2. 16/.

Прозаның жаңа өркендеу сатысын биіктеткен жазушы қауымы қалам қаруларын серік етіп, бар күш-жігерлерін сала білді. Қаламгерлер өз шама-шарқынша прозаның бұған дейін көтерілген биігін аласартпау, идеялық-көркемдік ізденістерін әлсіретпеу бағытында батыл әрекет етті. Қазақ деген халықты әлемге әйгілеген «Абай жолы» роман-эпопеясы осы кезеңде дүниеге келіп, одан ары қарай Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тері», т. б. шығармалар легі әдебиет атты сөз өнерінің қоржынын молықтырды. Бұл уақыттың повесть, әңгімелері де құр алақан емес еді. Мысалы, Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесі, Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі, т. б. осының дәлелі бола алады.

60-жылдары көптеген тың тақырыпты шығармалар қазақ әдебиетінде орын ала бастады дей келе, тағы мынадай дәлел келтіре аламыз.

«60-жылдары өнер тақырыбы сияқты тың тақырыптар игерілді. Тәкен Әлімқұлов өз шығармаларын өнер адамдарының тағдырына арнады. «Сейтек сарыны» (1966), «Туған ауыл» (1967), т. б. кітаптары бұған куә. Ақан сері, Тәттімбет, Ықылас сияқты ірі таланттардың қалыптасуына ықпал еткен жағдайларды жазушы бар ынтасымен зерттеген. Күй қалай жаралады, туады? Оқырман осы процестің бүге-шігесіне куә болады» /1. 203/.

Сонда бұл кезең әдебиетін байқап қарап отырсаңыз, ақын-жазушыларымыз тарихи тұлғалардың бейнесін, ішкі психологизмді ашуға, адам мәселесін жазуға тырысқан және соны жазғанда. Өмірде болған, тарихтан өткен, исі қазаққа есімдері таныс жандардың бүкіл болмысын немесе өмірлерінің бір кезеңін шебер де шынайы көрсете білген. Біз мұны тарихи романдардан, қарапайым ауыл адамдарын жазған Дулаттың әңгімелерінен, Әбіштің роман, повестерінен, Әбдіжәмілдің Еламанынан, өнер адамдары тақырыбында жазған біраз жазушыларымыздың көркем бейнелерінен аңғара аламыз.

Жалпы, 1950-1980 жылдардағы қазақ прозасы тақырып жағынан анағұрлым байыды. Жазушылар суреттеудің соны тәсілдерін қолданып, адамның ішкі әлеміне кеңірек бойлады. Әңгіменің жанрлық ауқымы кеңейді, алуан түрлі юморлық, сатиралық, фантастикалық, аңыз-ертегі араласқан әңгімелер жарық көрді.

Бұл дәуірдің әдебиеттану ғылымы мен сыны да ауқымды түрде қанатын кеңге жая бастады. Әдебиеттің кешегісі мен бүгініне терең зерттеу жасап, шығармаларын байыппен талдау, тиісті бағасын беру, болашағын барлау сияқты жаңа ой-өріс дамыды.

Осы кезеңде «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» мен алты томдық «Қазақ әдебиеті тарихы» жазылып, әдебиет сүйер қауым назарына ұсынылды. Әдебиеттану ғылымы мен сын көптеген іргелі зерттеулер мен монографияларға толыға бастады. Қазіргі таңда шығып жүрген «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы осы уақытта шықты.

Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сын жанрының көшбасында аға буын өкілдері М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Тәжібаевтар, т. б. тұрды. Бұл көшті бұдан кейін орта буын өкілдері өздерінің зерттеулерімен жалғастырды. Е. Ысмаиловтың «Сын мен шығарма» (1960), «Жаңа белеске» (1962), Б. Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» (1966), Қ. Жұмалиевтің «Стиль - өнер ерекшелігі» (1966), М. Қаратаевтың «Шеберлік шыңына» (1963), Т. Әлімқұловтың «Жемісті жолда», «О прошлом и настоящем» (1958), С. Қирабаевтың «Өрлеу жолында» (1960), Р. Бердібаевтың «Әдебиет және өмір» (1964), А. Нұрқатовтың «Идея мен образ» (1962), М. Базарбаевтың «Живые традиции» (1962), Әдебиет және дәуір» (1966), Т. Кәкішевтің, Б. Сахариевтің, Т. Сыдықовтың жинақтары жарыққа шығып, қазақ әдебиеттануы мен сынының сапасын көтерді.

1972 жылы «Әдеби-көркем сын туралы» қаулы алынып, сыншы кадрлар дайындау мәселесіне айрықша назар аударылды. Бұл эстетикалық ойды тереңдетудің бір жолы, сынның дамуына үлкен қамқорлық жасау еді.

«Халық болған жерде өнер бар, оған деген көзқарас, эстетикалық талғам бар. Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиет туындыларына ұласып, өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз. Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туындының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті, » - дейді белгілі сыншы, профессор Т. Кәкішев /3. 4/.

ХХ ғасырдың 60-80 жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымы қаншалықты деңгейде дамығанын жоғарыда аталған, уақыт өткен сайын құнын жоймайтын бағалы дүниелерден көре аламыз. Ғасыр басында дүниеге келіп, әдебиеттің осы шағына өзіндік қолтаңба қалдырған Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталмақшымыз. Айта кетер бір жайт, «Жұмбақ жандай» туындыны дуниеге келтірген жазушының шығармашылығына тағы да бір рет үңілу, жұмбақ жанын түсіну (Бұл жұмыстан басқа жазылған еңбектерден жазушының өмірі мен шығармашылығынан қанықсыздар деген ойдамын. - С. К. ) .

Әдебиет сүйер қауымға, оқырманға «Тәкен Әлімқұловты кім деп білесіз?» деген сауал қойсаңыз, көпшілігі әңгіме жанрында көп жазатын жазушы деп атап, атақты «Қараой» әңгімесін айта жөнелетіні сөзсіз. Мұның сыры шағын жанрды шебер түрлендіріп, көркемдік шешімді дәл тапқандығында деп білеміз.

Кәрі Қаратаудың теріскей бетінен Созақ жері басталады. Үш Көкшенің аяғы Мойынқұмға жалғасып, одан әрі Бетпақтың қиян даласы ұласады. Тәкен Әлімқұлов, міне, осы Созақ жерінде, оның ішінде көне қала Қаратаудың терістік өңіріндегі қасиетті мекен - Бабатада дүниеге келеді. Әрине, бұл өңірдің тарихқа толы қойнауы, өнер ұстанған иелері болашақ жазушыға әсер етпей қоймайды. Ал бітім-болмыстың өзі ортаға, жағдайға қарай, туған жердің тағдырына қарай қалыптасады.

Тарих беттерін парақтағанда аты белгілі Созақ өңірінде өнер иелері көптеп саналады. Сол адамдарды кішкентайынан көріп, өз жандарынан шығарған туындыларын естіп өскен Тәкен Әлімқұлов кемелденген, толысқан тұсында көркем дүниелерге айналдырады.

Тәкен Әлімқұлов өмірі жайлы деректі ресмилендіретін болсақ, «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр» атты анықтамалықта жазушы туралы былай жазылған:

«Әлімқұлов Тәкен (1918 - 1987) - 2 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған. 1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» ауысады. Осы газетте оның журналистік стилі қалыптасады. 1949 жылы Мәскеудің М. Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі. 1958-1974 жылдары КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. Өлең жазып, әдеби сынмен шұғылдана жүріп, аударма саласында елеулі еңбек етеді» /4. 57/.

Жазушының өмірінен біраз хабардар болдық деп ойлаймыз.

«Ащысайда мен жұмысшы жастардың кешкі мектебінде оқып, орыс тілін біршама меңгердім. Оған кітапхана да септескен. Ол кезде мен әрине, күрделі көркем шығарма жаза алмас едім. «Қаратау кеншілеріне» қазақша өлең, облыстық «Южно-Казахстанская правда» газетіне хабар-ошар жазып жүрдім», - дейді де жазушы әдебиеттегі алғашқы туындылары поэзия жанрында туғанын айтады /5. 102/. Он төрт жасынан бастап өлең жазған ақын-жазушы әдебиеттегі өз орны прозада деп біледі.

Дегенмен де, Тәкен Әлімқұлов бір ғана жанрда немесе тікелей өнер тақырыбына жазған суреткер емес қой. Ол 32 жасында «Сапар» атты өлеңдер жинағымен өнер есігін аттаса, 36 жасында «Абай» аталатын сын мақалалар жинағымен сыншы ретінде көрінеді де, 44 жасында «Ақбоз ат» романымен көзге түседі.

Қазірге дейін Тәкен Әлімқұлов алпысқа жуық әңгіме, жеті повесть, екі роман жазған. Бұдан да басқа қаламгердің қаламынан Абай шығармашылығы турасындағы «Жұмбақ жан» атты әдеби-зерттеу еңбегі, «Жемісті жолда», «О прошлом и настоящем» жинақтары әдибеттші қауымға белгілі.

Алпысқа жуық әңгіме жазған қаламгердің шығармаларының дені әңгіме деп айтсақ болады. Өз уақытында Тәкен Әлімқұлов прозаның шағын жанрына біржола ден қойғаны осыдан аңғарылып тұрады.

Белгілі сыншы, Т. Әлімқұлов шығармашылығына арнап «Тәкен Әлімқұлов» атты еңбек жазған Төлеген Тоқбергенов мынадай ой түйеді:

«Тәкеннің әдебиет зерттеуімен айналысып құлаш-құлаш мақалалар жазған тұсы да сол елуінші жылдардан басталады. Соған орай Тәкенді ақын деп те, ақын көңіл әдебиетші, сыршыл сыншы деп те атаған. Сол Тәкен алпысыншы жылдардан бастап прозаға ден қойды» /6. 30/.

Әдебиет айдынына жазушылардың барлығы поэзия арқылы келіп, содан барып проза жанрына көшіп отырады. Бұл оның поэзия жанрындағы әлсіздігін көрсетпейді, керісінше сол жанр арқылы шыңдалып, шынығып өлең өрнектерін қара сөзбен өруге, еңбек етуге апарады.

Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқып отырып біршама тарихи тұлғалардың тағдырынан хабардар боларыңыз сөзсіз. Жастайынан өнерді жанына азық етіп, одан сол өнерді шығарммаларына қазық еткен қазақтың қаламы ұшқыр қаламгерлерінің бірі. Жазушының қай тақырыптағы шығармаларын алсаңыз, мейлі ол өнер тақырыбын, мейлі өндіріс тақырыбын, қала не ауыл тірлігін қозғасын, бірінен бұрын адамға, адамның тағдырына соғып жатады. Сондықтан да ол көркем әдебиеттің негізгі нысаны - адам, адамның рухани дүниесі деп біледі. Адамның жан дүниесіне үңілуге барынша ұмтылады, күш салады. Әдеби шығарманың тарихи шындықпен астасуын қалайды. Өз жан дүниесін, сезімін, басынан өткен оқиғаларын тарихи тұлғалармен бірге көркемдеп жеткізеді.

Туған жердің, өз өскен елдің байлығын үнемі айтып отыратын Тәкен бір жолы:

  • Сүгір болмаса, Сүгірдің «Кертолғауы», «Тоғыз тарауы» болмаса жазушы болар ма едім, болмас па едім, - деген еді. Мүмкін солай да болар . . .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Абай және қазіргі заман, Шоқан және географиялық детерминизм, Фрейд және психоанализ, Ницше және аса кушті адам
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Әуезов Абайтанудың негізін салушы
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz