Қазақстан жерін мекен еткен көне түркі тайпаларының мәдени дамуы
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН МЕКЕН ЕТКЕН КӨНЕ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ
1. 1 Сақ тайпаларының тарихи . мәдени құндылықтары
1.2 Ғұн мәдениетінің ерекшеліктері
II ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2. 2. Түрiк Бiтiктiң қалыптасуы мен дамуының хронологиялық межесi

Түркі әлемі өз алдына ірі мәдениет құра білген кеңістікке иеленді. Тарихтың түбінен бастап қоғамдық өмірде жоғары даму дәрежесіне жетіп, басқа мәдениеттерге өз талаптарын күштеу арқылы да, бейбіт те жүзеге асыра білген, сонымен бірге басқа мәдениеттермен сұхбат орнатып, ұзақ уақыт бойына өмір сүрген, кең кеңістікті бағындырған түркі халықтарының мәдениетін зерртеу бүгінгі күні өте маңызды қоғамымыздың талабы болып отыр.
Түркі халықтарының пайда болып, өз мәдениеттерін қандай етіп қалыптастырғаны бүгінгі күнгі тарихтың қараңғы жақтары болып отыр. Түркі халықтарының мәдениетін зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі олардың шығу тегі мен қалай өмір сүргендері бұлыңығыр болуы. Сол тақырыпта көптеген зерттеулер жүргізген түркі халықтарының ішіндегі ғұн (хунну) тайпаларын зерттеуші, тарихшы Қ. Салғараұлының ғұн тайпасының шығу тегі мен қалдырған мәдениетіне қатысты қытай деректеріндегі ғұн тайпасының қандай патшалықтың тұсында қалай аталғандығы жайлы келтірген деректеріне көз жүгіртсек, бір патшалықтың тұсында «жын – шайтандар әлемі» деп атаса, келесі патшалықта оларды «дала жабайылары» деп атаған, соңында келіп «сюнну» өркөкірек құлдар дегенге тоқтаған. Оны орыс тарихшылары хунну деген дыбысталуға жақын болғасын атап кеткен. Ал, ғұн сөзін моңғолдың «ғұн» «адам» деген сөзін пайдаланып атап кеткен. Сол сияқты В. Томсеннің руна жазбаларын дұрысынан аударып шыққанға дейін түріктерді тужиө деп атап келді. Ол да қытай иеороглифтерінің дыбысталуы болатын. Анықталған мағына ғылым айналымына «түрік» деген атаумен кірді. Ал мұндай әр түрлі пікірлердің көп болуы, ғұн халқынан нақты жазба әдебиетінің сақталмағаны болып отыр. Сонымен бірге кез – келген өз қарсыласы жайлы жазатын көрші оны кемсітуге жаны жақын болып тұратынына тарихтан көп көре аламыз. Бұл тек кейбір мысалдар.
Біздің егеменді Қазақстан республикасы түркі халықтарының тығыз қоныстанған даласы болғанын білеміз. Олардан қалған материалды және рухани мұраны игеру біздің міндетіміз. Бұл дала қандай ділге ие болды, дала халықтарының жан – дүниесі дала заңдарына бағынып дамығанаын ескере отырып, сол халықтардың мәдениетінің қадай деңгейде болғанын зерделеп, бүгінгі күнгі қазақ даласының дамуына сол көне мәдениеттердің кейбір жақтарынан үлгі алып қосуымыз өте қажет.
Түркілерді әлем халықтары да зерттеуде. Себебі түркі халықтарының мінген атттарының тұяғы әлемнің бұрыш – бұрышына барып, найзасын қадамаған жері аз болды. Ұлы көштің басталуының қарсаңында және оған дейін көптеген халықтар өз мекендерін тауып, тоқтады. Сол халықтардың бірі индо – еуропеоидтық сақ тайпалары мен Алтай тауларын мекен еткен ғұн тайпалары болды. Екі тайпа екі – үш мыңжылдық бұрынғы көшпелі екі этностан тараған генетикалық айырмашылығы бар екі халық болып

Зерттеудің өзектілігі:
Түркі әлемі өз алдына ірі мәдениет құра білген кеңістікке иеленді.
Тарихтың түбінен бастап қоғамдық өмірде жоғары даму дәрежесіне жетіп, басқа
мәдениеттерге өз талаптарын күштеу арқылы да, бейбіт те жүзеге асыра
білген, сонымен бірге басқа мәдениеттермен сұхбат орнатып, ұзақ уақыт
бойына өмір сүрген, кең кеңістікті бағындырған түркі халықтарының
мәдениетін зерртеу бүгінгі күні өте маңызды қоғамымыздың талабы болып отыр.
Түркі халықтарының пайда болып, өз мәдениеттерін қандай етіп
қалыптастырғаны бүгінгі күнгі тарихтың қараңғы жақтары болып отыр. Түркі
халықтарының мәдениетін зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі олардың шығу
тегі мен қалай өмір сүргендері бұлыңығыр болуы. Сол тақырыпта көптеген
зерттеулер жүргізген түркі халықтарының ішіндегі ғұн (хунну) тайпаларын
зерттеуші, тарихшы Қ. Салғараұлының ғұн тайпасының шығу тегі мен қалдырған
мәдениетіне қатысты қытай деректеріндегі ғұн тайпасының қандай патшалықтың
тұсында қалай аталғандығы жайлы келтірген деректеріне көз жүгіртсек, бір
патшалықтың тұсында жын – шайтандар әлемі деп атаса, келесі патшалықта
оларды дала жабайылары деп атаған, соңында келіп сюнну өркөкірек құлдар
дегенге тоқтаған. Оны орыс тарихшылары хунну деген дыбысталуға жақын
болғасын атап кеткен. Ал, ғұн сөзін моңғолдың ғұн адам деген сөзін
пайдаланып атап кеткен. Сол сияқты В. Томсеннің руна жазбаларын дұрысынан
аударып шыққанға дейін түріктерді тужиө деп атап келді. Ол да қытай
иеороглифтерінің дыбысталуы болатын. Анықталған мағына ғылым айналымына
түрік деген атаумен кірді. Ал мұндай әр түрлі пікірлердің көп болуы, ғұн
халқынан нақты жазба әдебиетінің сақталмағаны болып отыр. Сонымен бірге кез
– келген өз қарсыласы жайлы жазатын көрші оны кемсітуге жаны жақын болып
тұратынына тарихтан көп көре аламыз. Бұл тек кейбір мысалдар.
Біздің егеменді Қазақстан республикасы түркі халықтарының тығыз
қоныстанған даласы болғанын білеміз. Олардан қалған материалды және рухани
мұраны игеру біздің міндетіміз. Бұл дала қандай ділге ие болды, дала
халықтарының жан – дүниесі дала заңдарына бағынып дамығанаын ескере отырып,
сол халықтардың мәдениетінің қадай деңгейде болғанын зерделеп, бүгінгі
күнгі қазақ даласының дамуына сол көне мәдениеттердің кейбір жақтарынан
үлгі алып қосуымыз өте қажет.
Түркілерді әлем халықтары да зерттеуде. Себебі түркі халықтарының
мінген атттарының тұяғы әлемнің бұрыш – бұрышына барып, найзасын қадамаған
жері аз болды. Ұлы көштің басталуының қарсаңында және оған дейін көптеген
халықтар өз мекендерін тауып, тоқтады. Сол халықтардың бірі индо –
еуропеоидтық сақ тайпалары мен Алтай тауларын мекен еткен ғұн тайпалары
болды. Екі тайпа екі – үш мыңжылдық бұрынғы көшпелі екі этностан тараған
генетикалық айырмашылығы бар екі халық болып табылады. Бұл халықтардың
мәдениеті қазақ мәдениетіне көп жақтардан үлгі бола білген мәдениетттер
еді. Ал ғұн тайпаларының тікелей ұрпағы ортағасырлық түркілер болып
табылады. Сақ халқы шығыста ежелгі парсы, батыста ежелгі грек
мәдениеттерімен тығыз байланыста болған. Ал ғұндар көршісі ежелгі қытаймен
тығыз мәдени қарым – қатынаста болды. Сол себептен бұл екі тайпаның
мәдениетінде жалпылай ұқсастықтары болғанымен олардың жеке мәдени
элементтері ұқсамады. Ортағасырлық түркілердің мәдени сұхбаты кеңінен
болды. Византия, грекия, парсылар, ислам әлемімен және т.б. мәдени қарым –
қатынаста болды. Сол себептен көне түркі мәдениеті тек бір кеңістіктегі
немесе ортақ ареалдағы халықтардың бір – біріне ықпал етуінен дамып қойған
жоқ. Ол мәдениеттің дамуы басқа мәдени әлемдердің әсерлерінен түрленіп өз
кейпін ғасырдан – ғасырға өзгертіп отырды.
Ортағасырлық түркі халықтарының фольклоры – түркі мәдениетінің қалай
дамығанын көрсетіп отыратын құрал болғанын көреміз. Руна жазуларындағы
қоғам мәдениетінінің көріністері, діни сенімдердің, әскери қарым –
қатынастардың баяндалуы өз алдына сол уақытқа тән болса. Екі – үш ғасырлық
әдеби шығармалар басқалай сарында жазылғанын көрсетеді. Дәл осы жерлерде
түркі мәдениетіне басқа мәдениеттердің ықпалын көрсетіп отырады. Әдебиет –
халық өмірін баяндайтын қор секілді. Түркі әдебиеті бүгінгі қазақ жастарын
тәрбиелеуде үлкен көмегін тигізеріне күмән жоқ. Олардағы өнеге – ғибраттар
дәл бүгінге керек деген ойдамын. Біздің түбіміздегі нәрсе түркілерге тән,
тамырымыз терңге кеткен бұл халықтардың мұрасын біздің жан – дүниеміздің
кейбір жақтары теріс деп түсінуі мүмкін, себебі бізге басқа мәдениеттердің
ықпалы тиіп жатқаны.
Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын Көне түркі мәдениетінің даму
ерекшеліктері деп алуымның басты себебі, көне түркілер мәдениеті бүгінгі
қазақ мәдениетінің тегі болуында. Олардың басқан, бізге мұра етіп қалдырған
жерлерін біздің басып жүріп, осы даланы кімдер қадырғанын, олардың
мәдениеті мен тарихын білмеуіміз қазіргі уақыттың ұятқа тиетін
мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл халықтардың мәдени өмірі қандай дамудан
өткенін зерттеу, сол ежелгі заманда да мәдениеттер ешқай мәдениетпенен
араласпай өмір сүре алмағанын қарастыру маңызды. Себебі бұл мәселе бүгінгі
жаһанданудың мәселесіне ұқсас екені анық. Қалайша тәңірге табынған немесе
анимизм сияқты сеніммен өмір сүрген түркі халықтарының мәдениетіндегі сенім
жүйесі ислам немесе христиан діни жүйелерімен алмастырылды. Бұл түркі
халықтарының мәдениетінің бір қарқында дамымағанын және барлығында бір
текті мәдениеттің болмағандығын көрсетеді.
Бітіру жұмысымды зерттеу кезінде, сақтардың мәдениетін қарстырғанымда
ежелгі грек тарихшысы, мәдени антропологы Геродоттың, география саласын
зерттеген Страбонның, әскери тарихты зерттеген Аммиан Марцеллиннің, парсы
патшасы Дарийдің қалдырған еңбектерін, ғұндардың мәдениеті мен тарихын
зерттеген қытай тарихшысы Сыма Цяньнның, Бань – Гудың еңбектерін,
ортағасырлық түркі фольклорын зерттегенімде Орхон – Енесей жазбаларын,
басқа да түркі ақын – жазушыларынң еңбектерін, сонымен қатар орыс
зерттеушілерінің еңбектерін пайдалана отырып жаздым.
Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті:
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - көне түркі мәдениетін дегі
негізгі құндылықтарды, сонымен қатар, тарихи – мәдени құндылықтарын, қол
өнерлерін, фольклорын қарастырып, түркі халықтарының басқа мәдениеттермен
ықпалының нәтижесіндегі даму ерекшеліктерін көрсету. Түркі әлемінде маңызды
рөл атқарған сақтар, ғұндар, ортағасырлық түркілер кезіндегі мәдени
құндылықтардың даму қарқынын баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына мынадай міндеттер
қойылды: Ежелгі түркі халықтарының мәдени өміріндегі ерекшеліктерді ашу;
сақ өнерінің маңызы; Алтайлық ғұн мәдениеті жайында; ортағасырлық
түркілердің фольклорындағы халықтардың бастауы және жазба ескерткішінің
мәні.
Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы – көне түркі мәдениетін
зерттей отырып, оның бсқа халықтардың мәдениеті мен дала заңдарының
әсерінен дамып отырғанын көреміз. Міне, осы негізді пайдалана отырып тарихи
– мәдени талдау жасау.
Бітіру жұмысымның құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай
кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектлігі негізделіп, мақсаты, міндеті, ғылыми
жаңалығы баяндалды.
Қазақстан жерін мекен еткен көне түркі тайпаларының мәдени дамуы
атты бірінші тарауда сақ тайпаларының тарихи – мәдени құндылықтары:
сақтардың тарихтағы орны; аңдық стиль – сақ өнері; ғұн мәдениетінің
ерекшеліктері: ғұндардың тарих сахнасына шығуы; ғұндардан қалған мұра атты
тақырыптарға тарихи – мәдени талдау жасалынып, мазмұны мен мәні ашылды және
сипаттама берілді.
Ортағасырлық түркі фольклоры және түркілердің әлем әдебиетіне қосқан
үлесі атты екінші тарауда руна жазбаларының түркі әдебиетінің бастауы
екені, түркі әдебиетінен ислам элементерінің орын алуы атты екі тақырыпта
көне түркі фольклорының мән – мазмұны терең ашылып, оның ерекшеліктері
қарастырылды.
I ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН МЕКЕН ЕТКЕН КӨНЕ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ
1. 1 Сақ тайпаларының тарихи – мәдени құндылықтары
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта
Азияны және Казақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтай
алғанда сақ деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б.
V ғ.) және басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген
скифтердің және теменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савро-
маттардың, Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский
дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз
қарым-қатынас жасаған, тіпті б. з. б. VI – V ғасырларда Ахеменидтер импе-
риясының құрамына да кірген. Ахеменидтік сына жазба деректемелерінде сақтар
туралы аз болса да, анық деректер келтірілді. Мәселен, оларда сақ-тардың үш
тобы: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиг-рахауда-
сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар), тиай-парадарйа-сақтар (теңіздің арғы
бетіндегі сақтар) туралы хабарланды. Алғашкы екі топ Геродотқа таныс болды,
бұларды ол амюргия-сақтар және ортокарибантия-сақтар деп атайды.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында
шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш
(Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Казақстанның
оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендеген1, бұл сақ тайпаларының этникалық
аумағы кенірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Бүл аймақта ондаған діни кұрылыстар - орасан зор тас және топырақ
үйінділері — сақ пирамидалары зерттелді. Пазырақ (Таулы Алтай), Шілікті
(Шығыс Қазақстан), Бесшатыр және Есік (оңтүстік-шығыс Казақстан) оба-
ларынан ашылған тамаша жаңалықтар кеңінен мәлім, олар ғылымды ме-талдан,
ағаш пен матадан жасалған көркемдігі жоғары бейнелеу өнерінің бұйымдарымен,
ағаштан салынған ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштерімен байытты. Бұл
қорғаннан табылған ғажайып олжалар сақ тайпаларының жоғары және көп жағынан
өзіндік төл мәдениеті, олардың патшаларының ұлылығын және қоғамның
әлеуметтік құрылымының дамығандығын бірінші рет айқын көрсетті. Ежелгі
жазбаша деректемелердің сақтардың тайпалық одақтарына катысты мәліметтерін
екі топқа: 1) антик деректемелерінің деректері: Геродот (б. з. б. V ғ.),
Ксенофонт (б. з. б. VI—V ғғ.), Птоломей (б. з. б- II ғ.); 2) ахемениддік
(ежелгі парсы) сына жазбалары топтарына бөлуге болады.
Көне парсы, элам және аккад тілдерінде кұрастырылған Дарий мен Ксеркс
патшалардың жазбалары, сондай-ак көне ирандыктардың зороа-стриялық дін
кітаптарының жинағы - Авеста көңіл коярлық деректемелер болып табылады. I
Дарийдің Бехистун жазбасының бесінші бағамының, Накши-Рустемдегі а
жазуының, Персепольдегі е текстінің және Суздегі жазбалардын, Ксеркстік
дэвтер туралы жазба деп аталатынының2 ерекше маңызы бар. Бұл текстерде
Ахеменид империясы бірнеше дүркін қақтығы-сқан солтүстік-шығыс елдерінің
(Иранға қатысты) тарихи фактілері мен кейбір тайпалардың аттары бар. Дарий
мен Ксеркстің уақыты дәл көрсетіл-ген жазбаларына карағанда, Авестаны
зерттеудегі ең басты киындык сол, онда мейлінше әр түрлі дәуірлерге катысты
мәліметтер жинақталып, араласып кеткен.
Заратуштра уағыздарының Яштар кітабына кіретін жолдары — Гат-
тар Авестаның ежелгі бөлігі болып табылатыны дәлелденген. Көптеген
шығыстанушылар ауызша дәстүрге негізделген Гаттардьң шығуын б. з. б.
1000—600 жылдар аралығына, не б. з. б. I мыңжылдықтың бас кезіне жатқы-
зады, ал кейбіреулері б. з. б. VII—VI ғасырдың бас кезіндегі уақыт жайында
сөз болып отыр деп санайды. Бұл жағдайдың екеуінде де Гаттардын калы-
птасуы Ахеменидтік кезеңге дейінгі уақытқа жатқызылады3. Гаттар мен
Авестаның уақыт жағынан оларға жақын басқа бөліктерінің туындаған және
шыққан жері туралы мәселе бойынша даулар да аз емес. Авеста қоғамының
әлеуметтік кұрылысы, идеологиясы мен тілі және суреттелетін оқиғалардың
географиялық жағдайы жөніндегі қазіргі зерттеулер Авестаның ежелгі
бөлімдері Орта Азияның және оған солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстан
аймақтарының да бақташы-егінші тайпаларының ортасында қалыптасқан деген
қорытындыға келтіреді4.
Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі антик деректемелері де
өте кұнды. Олардың арасында б. з. б. V ғасырдың 40-жылдарының аяғында — 30-
жылдарының басында жазылған Геродоттың Тарихы оқшау тұрады5. Цицеронның
Геродотты тауып атағанындай, тарих атасының тоғыз кіта-бынан ертедегі
Қазақстан тарихы үшін төртінші кітабы неғұрлым маңызды, онда Дарийдің
скифтерге қарсы жорығын суреттеумен байланысты Евразия тайпалары туралы
неғұрлым толық деректер жинақталған.
Тарихтың негізіне парсы мен гректің ауыз-екі әңгімелері, Геродоттың
өзінің байқаулары мен одан бұрынғы адамдардың кейбір жазбаша хабарлары
алынған. Соңғылардың арасынан Гекатей Милетский
менАристейПроконсскийдіңеңбектерікө згетүседі.Ахеменид заманының тарихы
жөнінде Ксенофоит, Ктесий және кейінгі кезең авторлары - Беррос, Арриан,
Полиен, Диодор, Полибий, Плиний, Помпей Трог, Птолемей, Страбон бірқатар
құнды деректер калдырды6. Алайда бұларда Қазақстанның ежелгі тайпалары мен
халықтары туралы нақты ақпарат көп емес. Оларда келтірілетін тайпалар мен
халықтардың аттарын басқа мәліметтермен салыстыру өте қиынға соғады.
Сондықтан жазбаша деректемелер маңызды, дегенмен де, археологиялық
деректемелермен салыстырғанда көмекші рөл атқарады.
Қазақстан аумағындағы бақташы тайпалар туралы ең ертедегі деректердің
бірі Авестада кездеседі. Сондағы 13 Яштта (Фравардин Яшт, 143-144) Аirуа,
Тurа. Sаіrіmа, Dаjа және басқа халықтар аталады. Гаттардың контекстіне
қараганда, көне Иран эпосында отырықшы мал өсірушілерлер мен егіншілердің –
арийлердің коғамына қарсы койылатын Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы
Шығыс ирандық көшпелі тайпалардың бәрі турлар деген жинақталған атпен
аталады. Кейбір зерттеушілер тур халқын ежелгі грек деректемелері бойынша
массагеттер деген атпен белгілі тайпалардың нақты тобы мен байланыстырады7.
Неғұрлым кене парсы сына жазуы текстерінде жаңағы Шығыс Иран тайпалары
Sака деген жалпы атпен аталған (Персепольдің е тексті; Бехистун жазбасы).
Бұл терминнің Авестаның турлар деген атауынан айырмасы сол, ол иран, грек-
латын, ал одан кейін қытай деректемелерінде де кеңінен таралған.
Біршама кейінгі кезеңдегі сына жазуы тізімдерінде (Накши-Рустемнен
а, Сузден е жазбалары; алтын және күміс қалақшаларға жазылған Да-рийдің
Хамадан және Персеполь текстері; Ксеркстің антидэвтік жазбасы) Sака
термині неғұрлым нақты мазмұнмен толықтырылады. Осы уақыттан бастап бірнеше
сақ тайпаларының немесе тайпалар топтарының аттары келтіріледі. Sака tуаіу
раradгауа (теңіздің арғы жағындағы сақтар), Sака һаumаvагgа (хаом сусынын
дайындайтындар), Sака Tіgrаһаudа (шошақ бөрік киетіндер), Sака tуаіу
раrа sugdam (Соғдының ар жағындағы сақтар). Dаһа есімі де белгілі бір
дәрежеде сақтармен байланысты, бұл есім парсы анналдарында алғаш рет
Ксеркстің дэвтер туралы жазбасында келтірілген, бірақ бұдан ертеректе ол
Авестада айтылған.
Жетіс Сына жазуы текстерінің кейбір этнонимдері грек
деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен,
Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне
кірген (Геродот, III, 92) ортокарибаитийлері тиграхауда-сақтарға,
амюргийлік сақтар — хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар —
Авестаның және Ксеркс жазбасының дахтарына сәйкес келеді.
Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде азиялық
скифтер деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау
грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы
Азияның көшпелі скиф тайпаларына карап айтылды. Бірақ грек деректемелерінде
ахеменидтік сына жазуларында кездеспейтін басқа атаулар да бар, олар:
массагеттер, савроматтар (кейінгі кезде сарматгар), аргиппейлер,
аримаспылар, ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары.
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта
Азияның осы заманғы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті
шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа
дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзкарас (В.В. Струве) тұрғысынан,
парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария
өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша қоюға
І Дарийдің сақтарға қарсы жорығынын жүрген жолы туралы әңгімелейтін
Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну
негіз болды. Бехистуннан алынған текстің қалпына келтірілген бөлігін, ал
одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің
мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа-сақтардын және Соғдының ар
жағындағы сақтардың – массагеттерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі
туралы болжам жасалды8. В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған
қарағанда парадрайа-сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар
аумағын мекендеген европалық скифтерді түсіну қажет болады9. Бехистун
жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын
басқаша қарап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-
сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп
саналады10.
Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен
тиграхауда) Таяу Шығыстың халықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий
жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде
бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы
басқа да бағындырылған халықтардың патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы
бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған.
Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси құжаттарының бірі - деп
әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен
байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында, былай делінген:
Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға
аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де,
бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін
ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым...
Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз
дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін
ел маған қарады.11
Бұл текст шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы акпарат беретін,
сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-
сақтар жері басталатын бір судың, бар екендігі де айтылады.
Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бұрынғы
II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.
Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер
жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, Аракс өзенінің арғы жағындағы күннің
шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир мен Дарий
жорықтарының жолдары талас туғызады. Біреулер Дарий өзінің із ашарының
жүрген жолын қайталай отырып, сақармен Әмударияның арғы жағында Арал тенізі
маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир массагетгермен Үзбой
өзені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тартылып қалған батыс саласы)
шайқасты, ал Дарий сақтар жеріне Әмударияның орта тұсынан өтті деп санайды.
Бір нәрсе айқын: пікірлердің кайшылықтарына қарамастан, екі жорықта
массагет – сақтар тайпаларына карсы бағытталған; бұлардың жері Геродоттың
ортокарибантийлерінің (Геродот, I, 92) немесе Бехистун жазбасындағы
тиграхауда-сақтардың жерімен толық немесе ішінара сәйкес келеді деп
топшылау керек. Географиялық жағынан алғанда, бұл - Каспийдің шығыс
төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне дейін қоса алғандағы Арал өңірінің
аймағы12. Массагет одағы, сірә, дербиктер, абийлер, апасиактар сияқты
тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақ тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды ме-
кендеген деген пікір де бар13.
Страбцнның айтуы бойынша, массагеттердін солтүстікке таман, Мео-
тидадан жоғары (Страбон, XI, 9, 2) жерлерде дай тайпалары коныстанған.
Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандасгарына да
мәлім болды (Арриан. Анабасис. III, 28, 8, 10). Антик авторлары оларды,
ұүрынырақта Геродоттың, жазғанындай, массагетгердің иелігіндегі жерлерде
орналастырады. Дах атауы неғұрлым ертеректегі деректемелі - Авеста мен
Ксеркстің дэвтер туралы жазбасында да мәлім. Мұны: бәрі дахтардың
(дайлардың) әуелде массагетгердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін,
не массагетгердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з.б III ғасырдың орта
шенінде дайлар тарих өресінде массагетгердің орнын алып Каспий маңының
оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады14. Осы уакыттан бері
көптеген скифтерКаспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады
(Страбон,"ХІ,~ 8, 2).
Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар
тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргай-сақтар деп аталады. Көптеген
зерттеушілер амюргий-сақтарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына
(Әмудария мен Мүрғаб өзендерінің жағалауы)15 орналастырады. Бұлар ертедегі
парсылар танысқан алғашкы сақ тайпалары еді Геродот былай деп жазды: Бұл —
амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол шын мәнінде, скифтік тайпа).
Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды (Геродот, VII, 64)'6.
Бірақ хаумаварга-сақтардың қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана
деңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына
жазуы деректемелерінің Соғдының ар жағындағы сақтары да кірген деп
топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент
облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған17. Көне парсы
сына жазулары текстерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар
мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау,
айтылады, бірақ бұл халықтың қай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет
жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның
сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады.
Савроматтар туралы алғашқы деректер Геродотта бар: Танаис өзенінің
(қазіргі Дон езенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы
алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі
ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді
мекендейді... (Геродот, IV, 21). Мұның өзі Донның кұйылысынан Еділдің
сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді18.
Алайда, сақтар, скифтер, кейініректегі түріктер терминдері
сияқты, савроматтар терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың
өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың
үлкен тобын біріктіретін термин ретінде колданған. Грек-латын деректемелері
көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі
тайпалар кұрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак,
Эвдокс) колданады.
Савромат бірлестігінің осындай тайпаларының бірі аорстар болды,
олардың аты кейініректе, б. з. б. II ғасырда грек-рим жазушыларына белгілі
болған. Олар Оңтүстік Жайық өңірінен және Қазақстан жерінің шектес
солтүстік-батыс аймақтарынан шыққан болуы керек19. Мұндай қорытынды Жайық-
Елек өзендері аралығы мен Еділ-Дон арасындағы ескерткіштер тобының тығыз
этникалық-мәдени байланыстарын көрсететін археологиялық деректермен сәйкес
келеді.
Геродоттың жазуы бойынша, савроматтардың сыртында жерін ағаштың түр-
түрі бар қалың орман басқан будиндер (Геродот, IV, 21), ал олардан гөрі
солтүстікке таман аңшылықпен айналысқан фиссагеттер мен иирктер мекендейді
(ІV- 22). Одан әрі биік таулардыц етегінде мекендеген агриппей тайпасы
аталады (IV, 23), бұл арада, сірә, онтүстік-шығыс Жайық өңірі айтылып
отырса керек.
Геродотқа аты мен таралу аймағы анық мәлім исседондар тайпалары
аргиппейлерден шығысқа таман орналасқан (IV, 25). Исседондардың айтуы
бойынша, дейді одан әрі Геродот, олардан жоғарырақ аңызға айналған
аримаспылар мен алтын қорыған самұрық тайпалары тұрады. Қиялғажайып
қауесеттер антик жазушыларына дейін жеткен аримаспылар мен самұрықтар
тайпалары ірі-ірі алтын рудниктері болған Қазақстанның солтүстік-шығысымен
байланыстырылады20. Исседондар туралы Геродоттың тағы бір айғағы бар.
Кирдің массагеттерге жорыққа әзірленуі туралы әңгімелейтін фрагментте бұл
тайпалардың Аракс өзенінің арғы бетінде күн шығыска қарай, исседондарға
қарсы шығыс бағытта тұратындығы айтылады (Геродот, I, 201). Геродоттың
болжауына қарағанда, исседондар Орталық Қазақстан далаларында21 немесе
Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанда тіршілік еткен деп топшылауға
болады22.
Сөйтіп, жазбаша деректемелер б. з. б. VII—IV ғасырдағы Қазақстан аумағына
бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастыруға мүмкіндік береді:
оңтүстікте бұлар тиграхауда-сақтар, грек деректемелеріндегі массагеттер
солар және дахтар (дайлар); батыста — савроматтар (ежелгі аорстар), орталық
аудандарда — исседондар, солтүстік-шығыста — аримаспылар. Бұлардың бәрі
рулық тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жағынан туыс және мәдениеті жағынан
жақын сақ және сарматт айпаларының этникалық-мәденибірлігіне кірген.
Сақтардың тұрмысы мен аңдық стиль
Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып – қазу
сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен
мумиялау қолданылғанын көрсетеді.
Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар
Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе,
Сыпыра – оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай көшпелі
малшаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді далалық
аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы
2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Сірә, халықтың көші-
қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі
мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу
дәстүрлері калыптаспаса керек.
Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдыңдағы уақыттың ғұрыптарынан едәуір
ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас коршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу
тән болса,сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы корымдар болып,
адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған қабірлерге жерленді. Лақыттап және
ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: елікті
өртеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатткызып жерлеудің орнына
шалқасынан созылта салып жерлеу шығады. Жерлеу ғұрыптарының салттарында да
бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған.
Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары өлген
тайпаластарын бетін ағашпен жапқан тар немесе кең тік бұрышты шұнқырларға
көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі
кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған
кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.
Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар
жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған
діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі қабірлер кездеседі. Жетісуда және
Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынған не жерді казып
орнатқан үлкен ағаш қималарға койылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым
адамдарды бір кабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең қазылмаған
қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тән. Орталық Қазақстанда
жалпақ тақта тастармен жабылып, жерден казылатын сопақша жерлеу тұрақты
дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың
ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар
оларда біртұтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.
Қазақстанның мал өсіруші тайпаларының отқа, жылқыға, күнге және аспан
шырақтарына табынумен байланысты ғүрыптары да тарихи тұрғыдан анықталып
отыр. Антик деректемелері мен көне ирандық деректемелер бірқатар сақ
тайпаларының сыйынатын басты күдайы күн болғанын анық көрсетеді, онымен
аспан отының бейнесі тығыз байланысты болған141. Орталық Қазақстан мен
басқа аудандардың сақ қабірлерінде күн құдайға құрбанға жылқы шалу дағдысы
талай рет анықталды, әр түрлі нұсқа аттың өлігі мен оның тұлыбын көму,
аттың басы мен аяқтарының терісін көму, ат әбзелдерін немесе олардың
жекелеген бөлшектерін көму нұскаларыда мәлім.
Бәрінен тазартатын киелі күш деп біліп, отқа табыну күнге табынудан
келіп шықкан. Ол Евразияның мал өсіретін көптеген тайпаларында кеңінен
таралған. Батыс Қазақстандағы ағаштан жасалған мола үстіндегі құрылыстарды
өртеу ғұрыптары зұлым рухтарды жолатпайтын оттың тазартқыш күшіне сенумен
байланысты. Арал маңы сақтары сияқты, Елек пен Жайық савроматтарының
кабірлерінен де қызыл бояу - от пен күннің символы жиі ұшырасады.
Қола (Жетісу) және тас (Арал өңірі, Орталык Қазақстан, Онтүстік Орал
сырты) құрбандық мехраптарының көптеп табылуы күнге, отқа және үйдегі
ошаққа сыйынумен байланысты.
Сақ және савромат тайпаларының діни нанымдарында өлген адамға екі
түрлі карау айқын аңғарылады: бір жағынан, оны кұрметтеп, оған сыйынатын
болса, екінші жағынан тайпаластарға өлген кісінің жаны қайтып келіп кіреді
деп корқатын болған. Соңғы жағдайда отқа табыну, сірә, өзінше бір сақтану
кызметін атқарған болса керек142. Нақ осы мақсатпен жерлеу ғұрпы атқарылған
кезде обаларды айнала ондаған жерге от жағылатын болған, мәселен, Қараоба
(Орталық Қазакстан) және Бесшатыр (Жетісу) қорымдарында осылай істелген.
Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса
да анимизм, тотемизм және магия сияқты алғашқы ең ежелгі діни ұғымдар да
сақталған. Савроматтардың қабірлерінен әдейі сындырылған бұйымдардың жиі
кездесетінін ғалымдар анимизмнен, заттардың жаны бо-лады деген сенімнен деп
түсіндіреді. Тайпалас адамдар өлген кісінің қаруын, айнасын және басқа да
меншікті заттарын әдейі сындырғанда, өлген адамның жанымен бірге өліктер
еліне жететін заттардың жанын азат етуге көмектестік деп сенген143.
Тотемизмнің және магияның сарқыншақтары әр түрлі тұмарларда, тылсымдар
мен бойтұмарларда сақталған. Рудың немесе тайпаның кайсы бір мифтік хайуан
тегінен шығуы туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде
бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді деп онымен қару, жауға мінетін атты
сақтасын деп жүген безендірілген. Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар
бейнесіндегі киелі хайуандар туралы олардың шапшаңдығын, ептілігін және
көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған.
ә) Аңдық стиль - сақ өнері
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең
жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты
компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның,
Орта Азияның және оңтүстік Европаның тайпалары арасында тараған аң стилі
деп аталатын өнер болды. Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де
бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде
скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды,
хайуандарды және зооморфтық ғажайыптарды бейиелеу болды. Мазмұны жағынан
мифологиялык, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта
қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын,
семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді,
тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді
мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған
көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең таңдаулы үлгілерден қалысқан жоқ.
Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар
дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен
таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен
киіктің, қасқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс
бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әр түрлі материалдар
қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған,
сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған аңдардың бейнелері де
кездеседі.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге,
өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Б. з. б. VIII—VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында
жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың
мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын
бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері
көп кездеседі. Қос шеңберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма кола мүсіні
назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге
оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен
мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола).
Жетісудан (Талдықорған) табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай
түсірілген текелердің басы реалистік түрғыда көрсетілген; мүсіндер ұзын
конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы кола құю өнерінің тағы бір
үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары көтерген және
мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы —
балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылған
заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде
шебер жасалған алтын бұйымдар, кабандардың ойып жасалған шағын мүсіндері
ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас
мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немеде ат
тұяғының хэңбасын салып әшекейлеу сол кездегі кеп тараған әдіс болған.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының бол-мауы тән,
олар ең жаксы дегенде, мысалы, Шіліктіден(табылған бүркіттің алтын
мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып беймеленеді. Бейне бір құрсақта
жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен
тараған сюжет болып табылады. Бүл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері
Евразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік Тувадан (Аржан),
Қазақстаннан (Майәмір, Шілікті, Үйғарақ) табылған. Мысық тұқымдас
жыртқыштардан басқа осындай бүктетіле оралған кейіпте қасқыр, қабан мен
киік бейнеленген.
Б. з. б. VI—IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер
стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде
бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке
толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, козғалыс үстіндегі аңдардың
бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап
жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған
қозғалыс мүсіндердің бұратылуы тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның
жарты денесі қарама-қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста
екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: кисық сзықтар жүйесі,
жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауық-орамалар, үш бұрыштар,
жақшалар және т. б. түріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады.
Көп мүсінді композициялар арасынан Орталык Қазақстаннан табылған кола тоға-
айылбас ерекше көзге түседі, онда үш жыртқыштың (барыстардың) шалқасынан
құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласының
тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-
шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын
мұрағаттардан ерекше айқын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын
тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бүғылар мен
бүландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы, жырткыштардың жыланмен,
түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да
археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл
аумақтағы сақтар өнерінің оны Еуразияның аң стилі тараған басқа
аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұнда козғалмай тұрған
хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп
мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір құрбандық
ьдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында
жатқан күйінде бейнеленген аңдардың ширатылуы орындау шеберлігі жөнінен
бірегей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген;
олардың бірінде жұқа бедермен он-екі, екіншісінде — тоғыз бейне бар.
Олардың арасында жыланның, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің,
таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең
өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген.
Б. з. б. III—II ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай
бастайды. Аң стилі ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен
кез салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері
қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер
туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға
айналып, полихромдық бай өрнекпен араласып кетеді.
Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жок, ол сақ
өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромияның кейбір әдістері б. з.
б. VII—VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі-түсті тастан көз
салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль
(жекелеген ұяларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып құю) Шілікті Шығыс
Қазақстан), Жыланды (Орталық Қазақстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен
басқа да ескерткіштерінде белгілі болған. Б. з. б. V—IV ғасырдағы
полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл
аумағынан оңдаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ, осы үш аймақта б. з. б. I
мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық
өнердің куатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы мүмкін. Бірақ оның
реалистік бейнелері із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ.
Аң стилінің шығуы жөнінде тарихи әдебиетте екі негізгі көзқарас бар.
Бірінші болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары бұл өнерді Алдыңғы Азиядан
қабылдаған деп санайды144. Еуразияда оның пайда болу мерзімін б. з. б.
VII ғасырдың 70-жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман
орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады.
Мидиялықтармен этникалық жағынан туыстықпен мәдени жақындық скиф-сақтар
арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің тез тарауына себепші болды,
кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне
бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б. з. б. V ғасырдан бастап европалық және
азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі
бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының
күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне Алдыңғы Азияның
Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады.
Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуына Алдыңғы Азия
мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б. з. б. VI
ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді.
Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстанның, жарты
денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі мүсіні қасиетті ағаш не
құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық композициялар, гүлдер немесе
тұтас алғанда лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою-ернектер пайда
болады. Алайда, аң стиліндегі өнердің шығуын бұл зерттеушілер жергілікті
ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтіп
оның шыкқан негізі карасук мәдениеті деп аталатын мәдениеттің мүсіндік
бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды)45.
Аң стилі өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де
болса айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф-сақ
өнерінің мазмұнына кіретін хайуандар бейнелері нақты этникалық және
тайпалық топтардың, тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әр түрлі бүйымдарға
салынған бұл мүсіндер өзінше бір үлгідегі бойтұмарлар (апотропейлер) мен
тұмаршалар болды. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан мифологиялық
өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласының көптеген
сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпа аралық күресті,
ерлік даңқы мен жаулап алушылықтың қатыгездігін бейнеледі. Сақ заманында,
алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде дала тайпаларында батырлар
жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша
өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті146. Батырлар
жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта
тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығынан оралуы I Петрдің Сібір
коллекциясындағы сақтардың алтын тоғаларында бейнеленген14].
Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды, ол аң стилі
өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда
ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек
салынатын органикалық негіз (тері, киіз, ағаш, жүн маталар) тез шіриді.
Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы
жағдайларда ғана, мәселен, обатоңында сақталған, оның ішінде бұл үлгілер
Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған.
Сақ заманындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялык, өсімдік
зооморфтық, символдық түрлерін бөліп керсетуге болады.
Сақтардың металдан, киізден жасалған бірқатар бұйымдарында және
керамикасында сақталған геометриялық ою-өрнек өзінің бастамасын андронов
тайпаларының өнерінен алады. Ол сақ бұйымдарында үш бұрыштар, шеңберлер,
ромбылар, шаршылар, шыршалы, меандрлық және шеңбер бөліктері тектес ою-
өрнек түрінде болып келеді. Өсімдік тектес ою - өрнектің мұншалықты көне
жергілікті дәстүрлері жоқ. Оның басты – басты әуендері лотостың түйіндері
мен гүлдері, гүл тізбе, шырмауық өсімдіктерінің өрмесі, үш салалы
жапырақтар түрінде болды. Кейбір ою-өрнек әуендері, мәселен, лотос Ежелгі
Шығыс өнерінің ықпалынан туған.
Символдық ою-өрнектің негізі табиғат күштері мен аспан шырақтарына
сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-үйқыш сызық үлгісіндегі сарын
күннің эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түріндегі қисық
сызық белгілерімен, S -тәріздес сипатта берілді.
Зооморфтық ою-өрнек аң стилінің, көптеген сюжеттеріне негізделді.
Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, теке, бұлан, бұғы, тур
мүйіздерін схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдіс болды. Қайсы бір затта
бірнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуі де жиі ұшырасады. Қазақстан
аумағында жаппай тараған петроглифтер — жартастардағы суреттер де сақтардың
бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады. Әдетте олар күнге күйіп, бетін
коңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен кашап салынған.
Жартастағы гравюралар түрлі әдістермен: бейненің бүкіл көлемін тескілеп ою,
сызық нобайы, ойып түсірген сызықтар, қырып түсіру арқылы салынған. Кейде
бір бейненің өзі әр түрлі екі-үш әдіспен салынатын болған.
Жалпы алғанда жартастағы суреттер әр түрлі тарихи дәуірлерде са-
лынған, бірақ олардың ең көбі — сақтар салған петроглифтер. Оларды аң
стиліндегі қолданбалы өнерде жақсы мәлім бейнелер мен сюжеттер бойынша
белуге болады.
Мәселен, талай ғасырлар бойы тайпалардың киелі орны, алуан түрлі
ғүрыптық мейрамдар өткізілетін орын болған Таңбалы аңғарының (Алматы
облысы), Қойбағар, Арпа өзен атыраптарының (Шымкент облысы) жартастарында
сақтардың ондаған бейнелері бар. Олардың арасында сақтар суретшілеріне
ұнаған (тұяқтарының ұшымен тұрған және аяқтарын бүгіп жатқан) кейіпте
салынған бұғылардың суреттері, археологиялық қазбалардан табылған қола
мүсіндерге ұқсас жабайы қабандардың суреттері, түйелердің шайнасқан
көріністері, аю мен басқа да жыртқыштардың бедерлері бар, бұлар осы
мүсіндердің металдан құйылған түрлеріне үқсас. Сонымен бірге жартастағы
гравюраларда сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында аз немесе мүлде
ұшыраспайтын сюжеттер бар. Бұлар - адамның аң аулап жүрген кезінің
көріністері, желіп келе жатқан түйелердің бейнелері, соғыс және жүк
арбаларының суреттері, адам бейнеленген композициялар және басқалары.
Жартастардағы суреттер сақ тайпаларының күрделі де сан салалы
көркемдік шығармашылығының көрінісін едәуір толықтыра түседі.
1.2 Ғұн мәдениетінің ерекшеліктері
Хұндардың ата-бабалары. б. з. дейінгі XVIII ғ. Солтүстік Қытайда соңы
орасан зор нәтижеге жеткізген екі оқиға болды. 1797 ж. Қытай бекзаты Гунлю,
патшаның қырына алынады да, батыстағы жүндарға қашып кетеді. Тегі, оның
соңына қыруар жақтастары ерген болуға тиіс, өйткені ол ана жақта өзіне
шағын қала салдырып, қытайдың Ся патшалығынан бөлініп, дербес билік
жүргізеді. Бастаухаттардың хабарына қарағанда, Гун-лю „батыс жұнға еніп
кетеді" (11, 40 б.). Алайда, 300 жыл бірлесіп өмір сүрсе де, эмигрант-
қытайлар бәрі бір жүндарұғ біржолата сіңісіп кете алмайды, сөйтіп 1327 ж.
олардың кінәз Шань-фу бастаған ұрпақтары, жұндардың қудалауымен, Отанына
қайтып келеді де, терістік Шэнь-сиден қоныс тебеді (Цишань тауьшың етегі)
(12, 67 б.). Осы бір жаңа құрылған тайпадан Чжоу әулеті шығады (11, 41 б.).
Шағын кінәздік болып тұрғанның өзінде, Чжоу жұндарға қарсы ұдайы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz