Түркі тілдері туралы


Ұрым тілі
1. 0 Түркі тілдес ұрыдар мен грек тілдес румеилер бірлесе отырып, христиандықты уағыздайтын және Қырымнан Солтүстік Азов маңына 1778-1779 жылдары қоныс аударған, ғылымда «мариупольдік гректер» атымен белгілі этникалық топ құрайды. Ұрымдар мен румеи атауларының өзі, біріншіден грек ұлтына тән фактісіне, екіншіден, Шығыс Рим империясы қол астындағыларының ресми атына байланысты, ол империя мұсылман дүниесінде «Румдер елі» (түр. Rum diyari), ал қол астындағылар - «рум тұрғындары, румдықтар» (Rumi) деп аталды. Ұрымдар тілі атауларының нұсқалары: түркі тілдерінің мариупольдік тіл ерекшелігі, татар, қырым-татар, грек-татар; аға буын өз тілін урим дили - урум тили деп атайды.
2. 0 Ұрым тілі (Ұ. т. ) Украинаның оңтүстігінде, Солтүстік Азов маңында, Донецк обылысының Великоновоселковск, Першотравнев, Старобешевск, Тельман аудандарындағы отыз ауыл мен Запорож обылысының Куйбышев ауданы және Мариуполь қаласы жергілікті тұрғындарының ауызекі-тұрмыстық тілі түрінде тараған. 1980 жылы ұрымдар саны 60 мың адамнан асты. Ұрым тілі этникалық топ ішінде және отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде қоладнылады. Барлық ұрымдар өз тілінен басқа орыс тілін де меңгреген. Жас ұрпақ арасында өз тілін білу әлсіздігі байқалады. Жалпы әдеби Ұрым тілі жоқ. Тек ауызекі-тұрмыстық тілмен салыстырғанда, лексикасы мен морфологиясында оғыз элементтері басым болатын және барлық адамға түсінікті, ұрым фольклорының диалект үстілік тілі ғана бар.
3. 0 Ұрым тілі түркі тілдері семьясына жатады.
4. 0 жазба ескерткіштер грек әліпбиімен жазылған кітаптар түрінде сақталған. Бірақ бұл ескерткіштер зерттелмеген. Бұдан басқа ХІХ ғасырдың аяғында жарыққа шыққан. Мариуполь сөйленісінде жазылған кішігірім ұрым мәтіндері бар, сондай-ақ ескі қырым, мангуш, бешев, қаран, игнатьев, янисоль сөйленісінде жазылған ұрым фольклоры жазбаларының ішінара ғана жарық көрген мәтіндері бар. Жұртшылық күнделікті тұрмыста орыс графикасының негізінде жүйесі жасалған жазуды сирек қолданады. Үстіміздегі ғасырдың 30- жылдарындағы мектептерде сабақ өткізуге қолданылған латын әліпбиінің негізіндегі жазу ұрым тілін оқытуды тоқтатқан кезде қолданыстан шықты.
5. 0. 0 Лингвистикалық сипаттама.
5. 1. 0 Фонологиялық мәліметтер.
Ұрым тілінде ықшам (қалыпты) және созылыңқы а,
, э, э, и, ы, о, о, у, у, (э фонемасы тек қана қыпшақ диалектісінде бар) 10 дауысты фонемасы тек қана қыпшақ диалектісінде бар) 10 дауысты фонемасы бар.
Дауыстылар жасалу жолына қарай былай бөлінеді.
1) еріннің еріндіктерге қатысы /қатыспауы бойынша
- 0, о, у, у
, езуліктер -
а,
, э, э, ы, и,
2) тіл арты дыбыстарында тілдің орналасуы бойынша -
а, ы, о, у
, тіл алды -
а, э, э, и, о, у;
3) жақтың қатысына қарай ашық -
а,
,
жартылай ашық-
э, о, о,
жартылай қысаң -
ы, э;
қысаң -
и, у, у
. Созылыңқы дауыстылар көп қолданылмайды және олар ұрымның өз сөздерінде, сондай-ақ араб, парсы тілдерінен енген:
уз (< уғыз «уыз сүт», маале - мале (< араб. махалла)
квартал «орам» сияқты сөздерде VCV дыбыстар кешенінің кірігуі нәтижесінде пайда болған.
Дауыссыз фонемалар 30. Дауыссыз фонемалардың таптастырылуы мына кестеде көрсетілген:
Дауыссыз
тілшік
Көмей
салдыр
б
п
Д
Т
г
к
в
ф
З, (ж)
с, ш
үнді
Ызың
Мұрын
Жанама
діріл
у
м
н
л
р
Ескерту : 1) х тілшік фонемасының нұсқасы бола тұрып, қ тілшік фонемасы сирек қолданылады; 2) тіл арты х, тіл алды ж, ц, щ , тек кірме сөздерде ғана қолданылады; 3) кірме сөздерде һ көмей спиранты дыбыстың нөлімен немесе тіл арты х-мен ауысады немесе тілшік х-мен ауысады, ал ұрым тілінің өз сөзінде менсінбеуді білдіретін һы одағайында ған кездеседі.
Ұрым тілінің фонетика саласындағы өзіндік ерекшелігі мыналар:
1) Басқа түркі тілдеріндегі тілшік қ дауыссызының орнына тіл арты дауыссыздарынан кейін сөздің барлық күйінде х тілшік фонемасы қолданылады: хара «қара», баха «бақа», хулах «құлақ»; бұлардың қатарына құрамында тіл арты к дауыссыздары бар, бірқатар кірме сөздер жатпайды: комната (< орыс), клукша -клук- кулук (славян) «ұябасар», кувал (< укр. коваль) «ұста», даскале (< грек) «мұғалім »; 2) тіл алды дауыстыларының алдында жіңішкерген және жабысыңқыланған d мен m’- ның жалпы түркілік тоғысыңқы тіл арты г мен к орнына қолданылуы: т’ел -d’ел - жалпы түркілік кел - орнына гел -«келу »; m’eде «мысық» кеди орнына; m’ ийиз «киіз» кийиз орнына; д’ ебер - «өлу» кабар - гебер - орнына; 3) басқа түркі тілдеріндегі тоғысыңқы г орнына тіл ортасы й-дің қолданылуы: гуз ал орнына йузал «сұлу», канди-генди орнына йенде «өзім » ; 4) мұрын тоғысыңқы тіл арты ң дауыссызының бір говорларда кездесуі, екіншісінде кездеспеуі және үшіншісінде факультативті болуы: 5) қырым-татар тілдері сөйленістерінен алынған һ көмей спирантының болмауы; 6) басында кездесетін г, д, ж, ұяңдарының болар-болмас қатысы кезінде, қатаң к, т, с, х, ч, ш дауыссыздары бар сөздер қатысы басым болады. Сонымен бірге қатаң п дыбысының болар- болмас қатысы кезінде, қос ерінді ұяң шұғыл б дыбысының басым болуы, сол сияқты ж аффрикаты түріндегі оның вариацияларының болар-болмас қатысы кезінде, сол күйдегі тіл ортасы й үнді дыбысының басым болу жағдайлары кездеседі.
Барлық атауыш сөздерде екпін күшті болады да, ол сөздің соңғы буынына түседі. Демеуліктер, септеуліктер мен болымсыздық қосымшаларында екпін болмайды. Осыған орай екпін бірқатар жағдайларда фонематикалық рөл атқарады: салыстырыңыз: алма «алма» және алма «алма», яғни қозғама, тиіспе.
Бірнеше қосымшалар арқылы жалғанған сөздерде екпін екеу болуы мүмкін, салыстырыңыз: менемжасена «меніңше », мен солай деп ойлаймын.
Дауыстылар үндестігінің бірқатар ерекшеліктері бар. Аздаған ауытқуларды санамағанда, жіңішкерген үндестік барлық жерде кездесді, ерін үндестігі - жүйелі емес: оғыз бен орта диалектілерде, сондай-ақ ішінара оғыз тобындағы басқа да түркі тілдеріндегі сияқты (учунжу, «үшінші», бойун «мойын», ушу «тоңу», үсу) , қыпшақ диалектісінде негіздің ерін дауыстысынан кейін келеді, қыпшақ диалектісінде ол жүйелі емес ( тору-туры «торы», учунжи «үшінші ») .
5. 1. 1 Буындардың мынадай құрылымдық түрлері бар: V: а (одағай қуанғанды, шаттанғанды білдіреді) ; а-бын-«сүріну »; VC: ағ-ла - «жылау »; VCC арт- «көбею »; CV: бо-йа - «боя, сырла », CVC: биз «біз», бо-йал «боял , сырлан»; CVCC: дорт «төрт», харт-лық «қарттық, кәрілік ».
5. 1. 2. Мәлімметтер жоқ.
- Морфология.
- ¥рым тілі жалғамалы түрге жатады.
Сөздің түбірі мен тілдің қазіргі қаллпындағы тү6ip негіздер дербес лексикалық мағынаға ие.
5. 2. 2. ¥рым тіліндегі сөзтаптары, негізінен, сөздің лексика-семантикалық мағынасы бойынша және бірқатар жағдайларда сөздің морфологиялық белгілері (берілген сөз таптарының қосымшаларына тән) бойынша бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер, етістіктер, үстеу, шылаулар, жалғаулықтар, демеуліктер, одағай мен еліктеуіш сөздер. Тек жанды, жансыз категориялары жоқ. Көптік тұлға арқылы беріледі: (ат "ат" -
ат-лар "аттар", адам "адам" - адам-нар "адамдар") . Септік ма-
ғыналары септік жалғаулары арқылы жасалады. Тәуелді жақтық жеке категориясы жалғауларының көмегімен жасалады.¥рым тілінің морфологиясы бойынша жеткілікті мәліметтер жоқ; тек бірнеше парадигмаларды мысалга келтірем!з.
Тәуелдік жалғаулары
Жекеше түрі Көпше түрі
- жақ-м(ым) -мыз(-ымыз)
- жақ-н~-ң -ныз-ңыз
(-ын~ -ың) (- ыныз-ыңыз)
3- жақ -сы(-ы) -сы(-ы) ~лар-ы
Ескерту. 1) дауыссызға аяқталған негізден кейін қосымшалар жақша ішінде берілген: араба- м "менің арбам", ат-ымыз "6іздің атымыз"; 2) құрамында дауысты дыбыс бар барлық қосымшалар, төрт түрлі олардың құрамында үндестік заңы бойынша ы, и, у, у қысаң дауыстыларының кез-келгені бола алады. 3) үнді дыбысы бар жалғаулар оғыз диалектісіне тән, үнді ң дыбысы бар жалғаулар қыпшақ диалектісіне тән.
С е п т i к жалғаулары
Атау 0
Ілік ын, -нын (~ның)
Барыс -a/-a/-e f-xa, қа, ға, -ка /-ке, -га/-re, -m'e/-d'e)
Табыс -ы (-ны)
Жатые -та/-та/-те, -da/-dd/-de
Шығыс -тан-/тан/-тен, -дан/дан/-ден
Кемектес -нан/-нан/-нен
Ескерту. 1) жақшаның алдында тұрған жалғаулар (ілік, барыс, табыс септіктерін қараңыз) оғыз және орта диалектілеріне, жақшаның ішінде тұрғандары қыпшақ диалектісіне тән; 2) ашық дауысты қосымшалар келтірілген нұсқада қолданылады және қысаң дауысты қосымшалардың барлық қысаң дауыстылар бойынша вариациясы бар: табыс септігі ат-ы «атың, иш-и» «ісі, жұмысың, хойун-у» қойың және т. б.
Есімдіктерді септеу
Мен сен ол біз сіз олар Атау ман/мен/бан/бен сен о биз сиз олар/ондар Ілік маним-меним сениң, сенин онуң бизим сизниң оларның баним/беним онун сизин оларын Барыс маңа, маға, маа саңа/саға, /саа оңа бизде сизде оларға бана сана она биз сизе олара Табыс мани, мени сени он бизни сизни оларны бани, бени бизи сизи олары Жатыс манда, менда сенда онда бизда сизда оларда банда, бенда Шығыс мандан, мендан сендан ондан биздан сиздан олардан бандан, бендан
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
Жекеше түрі Көпше түрі 1-жақ - мын(-мин) -мыз/-миз)
2-жақ -сын/ -син -сыз/-сиз
3-жақ Ø (- лар/лар/лер)
¥рым тілінің морфологиялық құрылымын азды-көпті толық сипаттауға жеткіліксіз болып табылатын, жкелеген сөйленістер бойынша басқа морфологиялық категориялар мен парадигмаларға қатысты мәліметтер ғана бар.
5. 2. 3. Сөзжасамның негізгі тәсілі жұрнақ-жалғаумен сөздердің бірігуі болып табылады. Жұрнақ-жалғау арқылы есімдерден есім жасалады: гуч "қиын, ауыр" - г учлук "қиындық": йол "жол" - иолчу "жолаушы, йолчых "coқпақ; бал "бал" - баллы "бал жағылған"; биң "мең, қал" - биңлё "меңі бар "; етістіктен жасалған есімдер: бат- "бату" - батхах "батпақ" йур-~йурру- "жүру" - йу'раут- "соқпақ"; быч- "кесу" - бычхы "ара"; йырт- "жырт" - йыртых "жыртық"; есімдерден жасалған eтіcтіктep: булут "бұлт" - булутла- "бұлттану"; иш "ic, жұмыс" - ишла- "icтey" (жұмыс) ; етістіктерден жасалған етістіктер: доғ- "туылу" -доғ-дур- "туу"; йых- "жығу" - йыхыл- "жығыл" және т. б. Әдетте күрделі сөздер екі сөзден (негізден) тұрады. Есімдер мен есімдер 6ipire алады: балчёбён "ара" (< бал" бал" + чёбен "шыбын") ; мисыр буғдай "жүг epi"(<мисыр "Мысыр" + буғдай "бидай"; гонбаты "батыс" {<гон~гу'н "күн" + баты "күн бататын жақ тұс"), есімдер мен етістіктерден тұрады: кунайлан "күнбағыс" (< кун "кун" + ай-лан "айналатын") .
5. 3. 0 Синтаксис.
Ұрым тілі басқа да түркі тілдері сияқты, сөйлем құрылымдары атауыштық (номинативті) болатын түлдерге жатады. Жай сөйлемдер сияқты күрделі сөйлемдер де басқа да түркі тілдеріндегідей жолмен құрылады. Ұрым тілінің синтаксистік құрылымы арнайы зерттелмегендіктен қазіргі уақытта оны дәл анықтау мүмкін емес, алайда оған славян тілдерінің біршама әсері болғандығын атап айту керек.
5. 3. 1 Жай сөйлемнің құрылымы зерттелмеген.
5. 3. 2 Күрделі сөйлем түрлері зерттелмеген.
5. 4. 0 Ұрым тіліндегі сөздердің басым көпшілігі түркі түбірлес сөздерге барып тіреледі. Шамамен есептегенде, сөздердің 15 % шамасын басқа тілдерден кірген лексика құрайды. Көлемі бойынша орыс тілінен алынған лексика бірінші орында (6% шамасын), содан кейін араб тілінен алынған (4% шамасын) және парсы тілінен алынған лексика тұр. Грек және украин тілдерінен алынған лексика 2%-ға жуығын құрайды. Орыс тілінен алынған сөздер лексиканың әр түрлі тобында бар. Араб және парсы тілдерінен алынған сөздер қазіргі уақытта сөйлеу тіліне қарағанда фольклорлық шығармаларда жиі қолданылады. Грек және украин тілдерінен алынған сөздер лексиканың кейбір топтарын ғана қамтиды.
6. 0. 0 Ұрым тілінің сөйленістері жеткілікті түрде зерттелмегендіктен оның диалектілік құрамы түпкілікті анықталмаған. Шамамен үш түрлі диалектіні айтуға болады: қыпшақ (бешеу, мангуш және янисоль сөйленістерімен - бол- «болу», байла - «баулау», сыйыр -«сиыр » ) ; сөйленістердің екі тобы бар орта диалект: а) азлып және ұлақлы сөйленістері: б) оғыз тілінің едәуір әсерімен сөйленістер тобы (каран, игнатьев, ласпин және комар сөйленістері) . А. Н. Гаркавец төрт түрлі диалектіні атап көрсетеді: қыпшақ-половец, қыпшақ-оғыз, оғыз-қыпшақ және оғыз диалектілері.
Диалектаралық негізгі фонетикалық сәйкестіктер мыналар болып табылады: 1) в-б (сөз басында) ; вер- (оғыз және орта диалекті) - бер (қыпшақ диалектісі) «беру», вар-бар -«бару »; 2) ғ- в - у (дауысты аралық күй мен сөз аяғында) : сағ (оғыз диалектісі - сав (орта диалекті) - сау (қыпшақ) « сау» ; 3) р-й (дауысты аралық күйде) ; сығыр (оғыз және орта) - сыйыр (қыпшақ) « сиыр», «бағла -байла, байла- байлау ».
Әдебиеттер
Григорович В. И. Записки антиквара о его поездке на Калку и Кальмиус, в Корсуньскую Землю и на южный берег Днепра и Днестра. Одесса, 1874.
Караманица Х. А. Из истории прошлого мариупольских греков. //Донбасс, №3
Марков С. Замети о быте греков Мариуполя //Мариуполь и его окрестности. Мариуполь, 1892.
Розанов В. Ф. Переселение греков из Крыма в Азовскую губернию и основание Готфийской и Кафийской епархии// Записки Одесского общества истории и древностей. 1884. T. I.
Серафимов С. Крымские христиане (греки) на северных берегах Азовского моря. 2-е изд. Екатеринослав, 1901. (Написано в 1861г. )
Тенишев Э. Р. Говор урумов села Прасковеевки//Советская тюркология. 1973. № 1.
Тимошевский Г. И. Переселение православных христиан из Крыма в Мариупольский уезд Азовской губернии // Мариуполь и его окрестности. Мариуполь, 1892.
Blau Otto. Griechisch- tиrkischen Sprach- Proben aus Mariupoler Handschriften//Zeitchrirt der Deutschen Morgenlandischen Gesellschaft. 1874. Bd. 28.
Pallas P. S. Bemerkungen auf einer Reise in die sudlichen Stadthal-terschaflen des Russischen Reiches in deh Jahren 1793 und 1794. Leipzig, 1799. Bd. I.
ФУЮЙ ҚЫРҒЫЗДАРЫНЫҢ ТІЛІ
- Жалпы мәліметтер.
1. 1. 1 Атау нұсқалары: қытайша айтылуына орай (цзилицзис -цз «илицз» ис) аға буын өздерін «қырғыз», ал жастар - «тиртиз» деп атайды.
1. 1. 2 Қарт қырғыздар айтатын аңыз -хикаятта олардың ата-бабалары ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында орыс Алтайының жерінен шығып, Хинган тауларынан асып барып, Қытайдың солтүстігіндегі Хэйлунцзян провинциясында қоныстанған. Фуюй қырғыздары Цань Луне императоры кезінде (1736-1796 жж. ) яғни осыдан екі жүз жыл шамасы бұрын Синьцзяннан қоныс аударған деген мәдімет бар. (С. М. Абрамзон) . ХІІІ ғасырдың аяғында император Құбылай қырғыз тайпаларын Енисей-Ертіс өзендерінің аралығынан солтүстік-шығыс қытайдың батыс аудандары мен Цицикара маңындағы жерлерге қоынстандырғандығын қытай дереккөздері көрсететіндіктен, бұл жағдайда, байқауымызша әңгіме өздерінің отандастары қоныстанған жерлерге қырғыздардың жаңа толқынының кеш қоныстанғандығы туралы болып отыр (Е. И. Кычанов) .
1. 1. 3 қырғыздар тұратын Фуюй уезі Харбиннен солтүстікке қарай, ҚХР-ның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Хэулунцзян провинциясында орналасқан. Сондай-ақ, қырғыздар Фуюй уезіне жақын орналасқан Хайларда кездеседі. Қырғыздар саны 460 адам, оның ішінде Минцзу сян мекеніде - 227 адам.
Қырғыздардың негізгі айналысатын кәсіптері - диқаншылық.
- Лингвогеографиялық мәлімет.
1. 2. 1 Диалектілік бөлінісі бойынша материктер жоқ.
1. 3. 0 Әлеуметтік-лингрвистикалық мәлімет
1. 3. 1 Фуюй қырғыздары қытайлармен, моңғолдармен, дагурлармен көршілес тұрады және олардың тілдерін меңгерген.
1. 3. 2 Фуюй қырғыздарының өздерінің жазбаша әдеби тілі жоқ, негізінен қытай тілін қолданады.
1. 3. 3 Фуюй қырғыздарының тілі тек ауызша ғана қолданылады және педагогтік оқыту мақсатында қолданылмайды.
ӘДЕБИЕТ
Петров К. И. К истории движения киргизов на Тянь-Шань и их взаимоотношений с ойратами в ХІІІ-XV вв. Фрунзе6 1961.
Тенишев Э. Р. О языке киргизов уезда Фуюй (КНР) //ВЯ. 1966. -№1 .
Юнусалиев Б. М. К вопросу о формировании общенародного киргизского языка //Труды ИЯЛ АН Кирг. ССР. 1956.
ХАКАС ТІЛІ
- Жалпы мәліметтер. Хакас тілі (Х. т. ) . Бұрынғы атаулар - абакан немесе минусин, татар тілі; абакан немесе енисей түркілерінің тілі. Құрамында шұлым-түркі, шор, сары-ұйғыр және алтай тілінің солтүстік диалекттілерімен бірге, туыстығы жағынан бір-біріне жақын тілдердің ерекше хакас топшасын құрайтын солтүстік-шығыс - ұйғыр - түркі тілдерінің тобына жатады.
Х. т. -нің айрықша ерекшеліктері: дауыссыз й дыбысының орнын басу және оның басқа түркі тілдерінде сөз басындағы ч, . дауыссыздарымен және сөз ортасындағы з дауыссызымен сәйкестігі (чыл «жыл» - салыстыр. түр. йыл, қаз, жыл және т. б. ; наа «жаңа» - салыстыр . түр. йени, қаз, жаңа және т. б. ; азах «аяқ» - салыстыр. түр. айық, тув, адақ, як, атах, чув. ура ) ; ы, і, и үш езулік дауысты дыбыстардың болуы; созылыңқы ықшамдылығы бойынша дауыстылардың қарама-қарсылығы (оол «жігіт, ұл» - ол «ол»; пуур «қасқыр» - пур «жапырақ») .
1. 1. 3 Х. акас тілі Хакасияның жергілікті тұрғындары арасында Краснояр өлкесінің, атап айтқанда, Ужур мен Шарыповск аудандарында, сондай-ақ Тувада кеңінен таралған. Хакастардың жалпы саны 80, 3 мың адам (1989 ж. санақ) соның 61, 1 мың адамға жуығы оны өзінің ана тілі деп есептеп, сол тілде сөйлейді.
1. 2. 0 Лингвогеографиялық мәліметтер
1. 2. 1 Қазіргі Хакас тіліне бір-біріне жақын диалектілердің екі тобы жатады: с/з немесе ызаң дауыссыздар, сағай және оған ықпал етуші белтір тілдері және ш/ж немесе шуыл дауыссыздар, качин оған ықпал етуші қойбал, қызыл және көршілес шор тілдерімен жақындастыратын диалектілер жатады.
1. 3. 0 Әлеуметтік -лингвистикалық мәліметтер.
1. 3. 1 Хакас тілі - хакастардың 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ұлттық дербестік алған жалпыхалықтық тілі. Ол, негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты, алайда оның анағұрлым қарқынды дамуы мен жетілдірілуі өткен ғасырдағы ұлттық жазу мен әдеби тілдің қалыптасу кезінен 20-жылдардан басталады.
Хакас тілінде сөйлеушілер, негізінен қалалар мен аудан орталықтарына мекендеушілер, хакас-орыс қостілділігі кеңінен таралған (1989 жылғы санақ мәліметтері бойынша хакастардың 90% орыс тілін еркін меңгерген) .
1. 3. 2 Әдеби тіл хакас тілінің жетекші екі диалектісі болып табылатын сағай және качин диалектілерінің ерекшеліктерін өз бойына сіңірген жалпыхалықтық ауызекі тілінен бастау алады. Қазіргі уақытта хакас тілінде газеттер, әр түрлі түпнұсқалық және аударма әдебиеттер шығады, ол радио, теледидар, театр тілі болып табылады, күнделікті өмірде пайдаланылады.
1. 3. 3 Хакас тілі - бастауыш мектептегі оқыту тілі (4-10 сыныптарда пән ретінде оқытылады), педагогтік училищелер мен Абакан пединститутының хакас бөлімшесінде оқытылады.
1. 4. 0 Тарихта Хакас жазба тілінің қалыптасу мен даму тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді: 1) орыс графикасының негізінде әліпби жасау мен оны пайдалану (1924-1929 жж. ) ; 2) латынданған әліпбиге көшу (1929-1939 жж. ) ; 3) орыс негізіндегі әліпбиге қайта оралу (1939 жылдан бастап) . Қазіргі хакас тілінде орыс әліпбиіндегі таңбалардың бәрі және хакас тіліне тән ғ, і, ң, у, таңбалары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz