Жер Жаһанның демографиялық мәселелері



I. Кіріспе бөлім.
II. Жер Жаһанның демографиялық мәселелері.
ІІІ. Қазіргі жаһандық миграцияның географиялық ерекшеліктері
IV. Жер Жаһанның азық .түлік мәселесі немесе Жер Шары қанша халық асырай алады.
ІV. І Әлемнің агротабиғи даму жолдары.
V. Парникті эффект және энергетикалық баланс
V.I Климаттың өзгеруі
V. II Отын .энергетикалық баланс және озон тесіктері
V. III Озон тесіктері.
Жаһандық мәселе дегеніміз не? Кейбір анықтамаларда жаһандық мәселелерге қоғам объективті дамыған кезде пайда болатын, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін және онымен күресуге Әлем елдерінің бірігуі талап етіледі.
Бұл анықтаманың дұрыстығын қандай мәселелер жаһандыққа жататына тәуелді. Егер бұл планеталық мәселе болса, онда шындыққа сай келеді. Ал, егер мұнда табиғат апаттарының мәселелері кірсе ( бұл мәселе кез - келген аудандарда пайда болғанда ғана жаһандық мәселе бола алады) немесе космосты игеру ( ол тек кейбір мемлекеттерге тән және де бұл адамзатқа қауіп тұндірмейді), онда бұл анықтамада шектеу бар.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе бөлім.

Жаһандық мәселе дегеніміз не? Кейбір анықтамаларда жаһандық
мәселелерге қоғам объективті дамыған кезде пайда болатын, бүкіл адамзатқа
қауіп төндіретін және онымен күресуге Әлем елдерінің бірігуі талап
етіледі.
Бұл анықтаманың дұрыстығын қандай мәселелер жаһандыққа жататына
тәуелді. Егер бұл планеталық мәселе болса, онда шындыққа сай келеді. Ал,
егер мұнда табиғат апаттарының мәселелері кірсе ( бұл мәселе кез - келген
аудандарда пайда болғанда ғана жаһандық мәселе бола алады) немесе космосты
игеру ( ол тек кейбір мемлекеттерге тән және де бұл адамзатқа қауіп
тұндірмейді), онда бұл анықтамада шектеу бар.

II. Жер Жаһанның демографиялық мәселелері.

Адамзаттың басты мәселелерін айтқанда демографиялықтан бастаған жөн,
яғни планета халқының өсуіэкономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді
туғызады.
ҚазірЖер шарының халқы жылына 80 млн адамға көбейеді. Осы он
жылдықта бұд өсім өзгерді, тарихтағы ең жоғарғы көрсеткіш - жылына 90 млн
адам. Келесі он жылдықта Жер шарының халқы 8 млрд адамға жетеді. Бұдан
кейінгі уақытта өсім азаяды және болашақта шамамен 2100 жылы халық саны
тұрақталады.
Қазір адамдар бұрынғыға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Өмір
ұзақтығы 1970 - 1975 жылдардағы 56,7 жастан 1985 - 1990 жылғы 61,5 жасқа
өсті, орташа алғанда 5 жасқа өсті. Мысалы, Латын Америкасында өмір ұзақтығы
66 жас болса, Оңтүстік Азияда - 57, ал африкада - тек 52 жыл өмір сүреді.
Өмір ұзақтығының өсу үрдісі өнеркісібі дамыған елдердің
арқасында өсті, мұнда 74 жасқа дейін өмір сүреді және 5 жасқа дейінгі мың
баладан 9 бала шетінейді.
Дамушы елдер де өлімнің жартысын туғызатын инфекциялық аурулар
болып табылады. Көбінесе адамдар респираторлы аурулардан және диариядан
қайтыс болады, көп адамдардың өмірін малярия, туберкулез, және холера алып
кетеді. Өнеркісіптегі және қолданыстағы химиялық заттар өмірге үлкен қауіп
төндіреді.
Қазір адамдар 20 жыл бұрын уақытқа қарағанда таза сумен
қамтамасыз етілген. Кәдімгі обаны тоқтатуға мүмкіндік туды. Жылына
миллиондаған баланы дәрігерлер арзанәдіспен, тұзды су беру арқылы диспепсия
ауруынан сақтап қалды. Негізгі алты балалар ауруларынан егу арқылы жоюға
болады - полиомиелита, стобняк, корь, дифтерия, коклюша және туберкулез -
балалар өлімі жылына 5 млн- нан 3 млн- ға азайды.
Егер де тың жерлерді игеру төмендемесе немесе өспесе, онда әрбір
планета тұрғынына жер тиесілі 2000 жылғы 0,23 гектардан 2050 жылы 0,15
гектарға азаяды.
1992 жылы Әлем халқы күніне орташа 254 мың адамға өсті. Олардың
ішінде 13 мың адам өнеркәсібі дамыған елдерге тиесілі болса, қалған 241 мың
адам - дамушы елдерге тиесілі. Осының 60% - ы Азия елдеріне, 20% - ы Африка
елдеріне және 10%-ы - Латын америкаға тиесілі. Ауылдық жерлерде ең жоғарғы
туу көрсеткіші сақталып отыр. Жылына миллиондаған адамдар өз ауылдарынан
қалаға жақсы өмір іздеуге көшуде, соның арқасында қала халқының саны 60 %-
ға жетіп, ең жоғарғы көрсеткішті ұстап тұр.
Дамыған елдер халқының өмір ұзақтығы 74 жасқа жетті, бірақ
әйелдер жасы ерлерден 7 жылға артық. Себебі, ерлер өз денсаулығына
немқұрайлықпен қарайды. Дамыған елдерде, шамамен қыз бала 20 жасында
күйеуге шыығып, бірінші баласын 23 жасында табады. Шамамен жеті жылдан
кейін, 30 жасында екәншә баланы туып (соңғысын) ол өзінің туу циклын
тоқтатады. Өзі сияқты, онығ балалары да денсаулық сақтау, білім беру және
рационалды тамақтанудың дамыған жүйесіне қолдары жетеді. Мұндай туу үлгісі,
дені сау, білімді және көлемі жағынан кішкентай отбасыны құрайды.
Ал, дамушы елдерде дүниеге келетін баланы басқа теріс жағдай
күтіп тұр. Пропорционал қатынаста дамушы елдерде балалар өлімі, дамыған
елдерге қарағанда 5 есе жоғары. Абсолютті айтқанда 90 есе жоғары. Әйелдер
шамамен алғанда, еркектерден 3 жыл артық өмір сүріп, өмір жасын 64 жасқа
жеткізеді.
Әдетте, қыз бала күйеуге ерте шығып, бірінші баласын 19 жаста,
соңғысын - 37 жаста туып, бала туу кезеңін 18 жылға созады. Дамушы елдерде
туыцлған балалардың жартысынан жуығын ғана дәрігерлер қарауында болады.
Дүниеде кедейшіліктің ең қайғылы көрінісі - балалар өлімі.
Қазірдің өзінде 34 дамушы елдерде әр он баланың екеу -үшеуі 5 жасқа жетпей
шетінейді. Осыны көріп, кейбір ата -аналар балалар санына шек қояды. Бұл
қызық естілгенмен, халық санынын өсуін тоқтату үшін, өмірдің жақсаруымен
және балалар денсаулығын сақталуымен күресу керек. Қазір бұл елдерде 10 млн
-ға жуығы аш жүрсе, 20 млн -ға жуығы дұрыс тамақтанбайды.
Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін басталған
жаһандықдемографиялық жарылыс сапалығымен де, сандығымен де алдыңғыларынан
ерекшеленеді. Халық өлімінің күрт төмендеуі өте қысқа уақытта болды және
көптеген елді жаулап алды. Нітижесінде жылдық орташа мөлшер бойынша халық
санының артуы барлық жерде көбейді және 1960 жылдың ортасында әлем бойынша
20%0 -ге жетті, ал ел қатарында Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада
және Азияда 30%0 -ға артты. Бұл елдердің кейбіреулерінде туып көбеюшілік
50%0 -ға артты, яғни биологиялық мүмкіншілігіне жаұындады, қалған
аудандарда 20 - 30%0 -ға дейін төмендеді. Қорыта келгенде 1950 жылдан 1978
жылға дейңн көптеген елдің, тіпті аймақтың халқының саны екі есе өсті. Бұл
кезеңде 17 мемлекеттерде халқының саны 2,5 есе өсті және 68 -інде 2 есе
өсті. Осы 28 жылдың ішінде Еуропаның көптеген елдерінде халқының саны бір
ширекке өсті. Капиталистік дамыған елдерде соғыстан кейінгі туу көрсеткіші
жоғарлады, ер адамдардың соғыстаноралуына байланысты, жанұядағы тоқтатылған
қарым -қатынастардың жаңадан қалпына келуі, елдің экономикалық төрлеуі ұзақ
және маңызды болып табылады, сондай -ақ туып көбеюдің жоғарлауы кенеттен
өнімнің төмендеуімен ере жүрді. Сондықтан капиталистік дамыған елдерде
халықтың өсуі бірінші Дүние Жүзілік соғыстан кейінгі он жылдықта маңызды
болды.
1960 жылдардың басында көптеген дамыған елдердің жалпы
тенденциясы өзгерді, туу көрсеткішінің азайтылуы басталды. Ал, дамушы
елдерде демографмялық жағдай басқаша құралды. Соңғы он жылда бұл елдерде
халықтың өсу қарқыны, жоғарғы туу көрсеткішінің сақталуымен және өлімнің
азюымен маңызды болды. Бұл төмендеу ең алдымен балалар өлімінің азаюымен
ескертіледі. Санитарлық -гигиеналық шартттардың жақсартылуы және
эпидемиялық пен өткір инфекциялық аурулармен күреске қарсы көптеген елдерде
халықаралық ұйымдардың көмегімен өткізілген жігерлі шаралар, қысқа
мерзімнің ішінде өлімнің жалпы коэфицентінің екі есе азаюына алып келді.
Осы айтылғандар жалпы демографиялық көрсетулер бойынша дамыған елдердің
экономикасымен, дамушы мемлекеттермен салыстырғанын көрсетпейді. Өмір
жалғасының үлкен жарылысы, жалпы өлім коэфиценті әсіресе, сәбилер өлімі әлі
де анықталады. Қазіргі кездегі бір жасқа дейінгі балалар өлімі, Әлем
бойынша шамамен 1000 адамға 80 тірі туған балаларды құрайды. Африка
елдерінде мыңнан 150 - 200 сәбилер бір жасқа толмай шетінейді. Дамыған
елдерге қарағанда дамушы елдерде туу көрсеткіші 2,0 есе жоғары. Дамыған
елдерде халық санының төмендеуіне байланысты, жалпы Дүние Жүзіндегі халық
саны 1980 жылдың ортасында 20% -дан, 1998 жылғы 8,5% -ға дейін кеміді. Көп
жылдар ішінде, әлем бойынша туып көбеюдің орташа коэфицентінің салыстырмалы
өалыптығын атап өткен жөн. 1960 -1980 жылдары бұл көрсеткіш шамамен 34
-32%0 тең болды. Ал, өлім коэфиценті дамыған елдерде тұрақты болып, дамушы
елдерде екі он жылдықта бір жарым есе азайды. Бұл халыұ санының 1960 жылы
16%0 ға, 1970 жылы 20%0 -ге артуына алып келді.
Дамушы елдерде туу көрсеткішінің төмендеуіне ықпал ететін
әлеуметтік- экономикалық қиын жағдайдың әсерінен, бұл елдердің балалары
кішкентайынан еңбекке жақын болады, аграрлы елдерде балалар тұрмыс хәлін
құрушы ретінде қаралады. Бұл дәстүрлер әлеуметтік -экономикалық шарттарда
тұрғылықты өзгеріске ұшырасада, өздерінің қуаттылығын сақтап отыр.
Сондықтан ғалымдар соңғы кезде туып көбеюдің динамикалық мәселелерін
зерттей отырып, халықтың этникалық ерекшеліктерін зерттеуіне, олардың
дәстүрлеріне, діни көз қарастарына, тұрмысына, мінезіне, тәртібіне, сондай-
ақ әлеуметтік -психологиялық фактор анализіне: көз қарастарына, наным -
сенімдеріне көңіл бөледі.
Халық санының табиғи өсуіне, аймақ бойынша 1980 жылдың
ортасына арналған мәліметтер №1 кестеде көрсетілген.
Азияның, Африканың, Латын Американың басым көпшілік елдерінде
қазіргі кезде табиғи өсім жылына 20%0. Бұған тек Аргентина, Уругвай;
Сингапур, Гонконг және басқа да кіші мемлекеттер, сонымен бірге Қытай және
орташа немесе туу көрсеткіштері төмен мемлекеттер жатпайды. Ал, дамыған
елдерге келсек, оған тек біраз Еуропа мемлекеттері жатады, онда туу
коэфиценті 10%0-ден кішкене көп. Біршама жоғарғы орташа жылдық табиғи өсім
(30%0-ден көп) көптеген араб елдеріне тән, Иран, Таиланд, Филлиппин,
Замбия, Кения, Сенегал, Зимбабве, Венесуэла, гватемала, Гондурас, Доминикан
Республикасы, Мексика, Никарагуа, парагвай, Сальвадор. Сонымен бірге соңғы
жылдары Еуропаның бірнеше мемлекеттері үшін халық табиғи туу
көрсеткіштерінің өте қатты азаюы байқалады.

№1Кесте
Аудан бойынша халықтың табиғи өсімі ( %0)

Табиғи Табиғи
қозғалыс қозғалыс
Аудандар Аудандар
туу өлім таби туу өлім табиғи
ғи өсім
өсім

Бүкіл Дүние Жүзі 29,4 12,4 Батыс 49,1 23,0
17,0 Оңтүстік 26,1
КСРО 18,2 9,7 43,0 16,0
Шет елдік 8,5 Америка 27,0
Еуропа Солтүстік
Шығыс 14,4 10,2 Орталық 27,2 8,6
Оңтүстік 4,2 материктік 18,6
Батыс 17,6 10,7 Карибтік 15,3 8,6
Солтүстік 6,9 Тропикалық 6,7
16,2 9,0 оңтүстік
Шет елдік Азия 7,2 Қоңыржай 41,9 7,3
Оңтүстік - Батыс 11,7 10,6 оңтүстік 34,6
Оңтүстік 1,1 Австралия және 28,7 8,6
Оңтүстік - Шығыс 12,4 11,2 Мұхит елдері 20,1
Шығыс 1,2 Австралия мен
Жаңа Зеландия 36,9 9,2
Африка 31,2 12,8 Меланезия 27,7
Солтүстік 18,4 Полинезия мен
Шығыс 42,7 15,0 Микронезия 22,9 9,0
Орталық 27,7 13,9
37,0 15,8
21,2 20,6 8,9
42,3 15,4 11,7
26,9
22,6 9,5 16,4 7,8
13,1 8,6
40,0 16,6
46,2 19,8 23,4
26,4
42,9 14,4 29,3 5,4
28,5 23,9
47,5 21,3
26,2
44,4 21,7
22,7

БҰҰ-ның мамандары бойынша халық өсімі жақын он жылдықта
өзгермейді. Олар бойынша халық өсуінің шыңы Еуропада - 1955 жылы, ал
бұрынғы КСРО-да, Солтүстік Амерникада және Австралияда 1960 жылы, Шығыс
Азияда- 1965 жылы, Азияның басқа бөліктерінде- 1975 жылы, Латын
Америкасында- 1980 жылы, Африкада- 1990 жылдары болды. 1985 жылы орташа
жылдық табиғи өсім 20%0 - дан 17%0 - ге төмендеді. Ғасыр соңында бүкіл
Дүние Жүзінде туу көрсеткіші 31%0 -ден 25%0 -ге төмендеді, онымен бірге
өлім көрсеткіші де 13%0 - ден 8%0 - ге азайды. Халық санының тез өсуі
дамушы елдердің дұрыс “ дұрыс аяғына тұра алмаған ” экономикасына
қатты тиді. Сондықтан да көптеген әлеуметтік - экономикалық даму
бағдарламаларында отбасын құру саясаты болады. Әлеуметтік құбылыстардың
кешеніне жататын: жедетілген урбанизация ( соңғы 28 жылдың ішінде дамушы
елдерде қала халқының тұрғындары үш есе өсті ), білімнің жоғарлауы,
өндірістік салаларда әйелдер санының өсуі, ерте неке қиюға қарсы
жүргізілген іс- шаралар, жалпы туу кқрсеткішіне, яғни табиғи өсімге ісер
етпей қоймады. Бұл көрсеткіштерге басқа факторлар да әсер ететіні де
түсінікті, бірінші кезекте этникалық және психологиялық.
Соңғы статистикалық мәліметтерге қарап, біз 1960 жылдардың
ортасында немесе соңында бүкіл әлемде халық өсуінің азаюын нақты айта
аламыз. Әсіресе, ол дамыған елдерде жүрді де, Шетелдік Азияда және Латын
Америкасында аса байқалған жоқ. Африкада 1990 жылдардың бірінші жартысында
өсу қарқыны 1980 жылдардағындай болды, оның ішінде солтүстік аудандарда
азайып, орталық және оңтүстік аудандарда керісінше өсті.
Біршама нақты суретті, әр он жылдағы Дүние Жүзі аудандарының
халқының өсімін салуға болады (№ 2 кесте).
Сонымен 20 ауданның он үшінде орташа жылдық халықтың өсімі
төмендесе, ал кейбіреуінде өзгермесе, қалған алтауында өсті. Бұрынғы КСРО-
да 1980- 1988 жылдары табиғи өсім бір қалыпта болды. Әр жылдар сайынғы
халықтар өсімі 2,2 - 2,4 млн адам болған. КСРО- ның Еуропа бөлігі мен
Орта Азия мемлекеттерінің арасында халық санының өсу қарқыны
айырмашылықтармен айқындалған, сонымен бірге Әзербайжан да ( мысалы, РСФСР
-да табиғи өсім 1980 жылы 5,9%0 болса, 1988 жылы -5,6%0 болды), ал
Тәжікстанда тиісінше 28,4%0 -ден 29,2%0 болды.
Бұл сегіз жыл ішінде Шетелдік Еуропа елдерінің туу көрсеткіші
одан әрі төмендеп, табиғи өсудің қалпына әсер етті.
Бұл төмендеудің қатты байқалатыны сонша, тіпті халықтың
абсолютті өсуі 1980 жылға қарағанда, 1988 жылы 930 мың адамға кем болды.
Германияда, Австрияда, Люксембургте өлім көрсеткіші туу көрсеткішінен асып
түссе, Ұлыбританияда, Швецияда және Бельгияда бұл екі көрсеткіш теңесіп
кетті. Табиғи өсімнің түсуі туу көрсеткішінің төмендеуінен ( 16,5 %0-ден
14,4%0 -ге) болды. Тек Испанида, Португалияда, Ирландияда және Исландияда
демографиялық саясаттың арқасында ( әйелдерге және көп балалы аналарға
арналған ұзақ және төленетін демалыс, жас шұбайларға бір бала туса жартысын
қайтаратын несие, ал екіншісін туса қайтармайтын және т.б) табиғи өсім
артты. Жалпы 1980 - 1988 жылдары арасында 19 мемлекетте табиғи өсім
төмендесе, 6 мемлекетте өсті.
Жапонияда, АҚШ -та, Канадада және Жаңа Зеландияда да өсімнің
абсолютті өсуі қатты азайды ( АҚШ- та 1,5 есе), ал ол туу көрсеткішінің
азаюынан болды. Егер әр мың адамға 15 туу өте төмен туу көрсеткіш болып
саналса, онда одан төмен бүкіл Орталық Еуропа және Солтүстік Еуропа

№ Кесте
Дүние Жүзі аудандарының 1970 - 1988 жж. аралығындағы
халықтың өсімі
Халықтың орташа Халықтың орташа
жылдық өсу жылдық өсу қарқыны
Аудандар қарқыны ( % ) Аудандар ( % )
1970- 1980- 1970- 1980-
1980 1988 1980 1988
жж. жж. жж. жж.

Бүкіл Дүние Жүзі 1,95 1,8 Шығыс 2,65
2,8
КСРО 1,3 Орталық 2,25
0,9 3,25
Батыс 2,45
Шет елдік 2,95
Еуропа 0,8 Оңтүстік 2,9
0,55 3,25
Шығыс 0,6
0,8 Америка 2,0
Батыс 0,8 1,8
1,0 Солтүстік 1,3
Солтүстік 0,5 0,85
0,35 Орталық
материктік 3,4
Шет елдік Азия 2,1 3,4 Карибтік 2,25
2,0 1,6
Оңтүстік- Батыс 2,9 Тропикалық
2,25 оңтүстік 2,9
Оңтүстік 2,5 2,4
2,2 Қоңыржай
Оңтүстік- Шығыс 2,7 Оңтүстік 1,5
2,5 1,15
Шығыс 1,9
1,7 Австралия және
Мұхит елдері 2,0
Африка 2,7 1,8
2,8
Солтүстік 2,9
2,3

Германияда туудың жалпы коэфиценті 9,3 түсті, Австрия, Люксембург,
Швейцария, Швеция, Ұлыбританияда 10 -12%0 -ге мемлекеттері тұр, ал АҚШ- та,
Канадада, Жапонияда және Австралияда бұл көрсеткішке жақын қалды.
Шетелдік Азияда да халық өсімінің абсолютті көрсеткіші де
азайып келеді. Бұл мемлекеттердің қатарына Үндістан, Иран, Индонезия,
Таиланд, Филлиппин және басқа елдер кіреді. Қытайда да туу көрсеткішінің
азаюы демограф - мамандардың күмәнін туғызбайды. 1980 жылдан 1988 жылға
дейін Азияда орташа жылдық туу көрсеткіші 39,8 - ден 31,2%0 -ге, ал өлім
16,3- тен 12,8%0 - ге төмендеді. Сонымен 8 жылдың ішінде табиғи өсім 5,1%0
азайды.
Латын Америка елдеріндегі өлім көрсеткішінің қатты түсуі 20
жыл бұрын болып, туу көрсеткіші өзгереген жоқ, бұл оны Дүние Жүзінде
бірінші орынға шығарды. Қазір туу бұл жерде түсе бастады ( әсіресе - Кариб
бассейн елдері және Оңтүстік Америка). 1980 жыл мен 1988 жыл арасында Латын
Американың туу көрсеткіші 38,2 -ден 35,8%0 -ге түсті, ал өлім көрсеткіші 10
- нан 8,6%0 -ге түсті, бұл табиғи өсімді бір промильге азайтты.
Африкада бұл мәселе өткір күйінде тұр. Континенттің ең ірір
елдерінде - Мысыр, Эфиопия, Заир және Нигерияда соңғы жылдары халық санағы
жүргізілген жоқ ( жүргізілседе, олар жарияланған жоқ). Оған қарамастан
Африканың басқа елдерінде статистикалық мәліметтер бар, онда өлім
көрсеткіші баяу түсуде, ал туу көрсеткіші тұрақталды немесе ол да баяу
түсті. Бәрі бірде Африкада халықтың табиғи өсімі абсолютті өсуде. Африка
халқының туу мен өлім көрсеткіштері Азиядағы 1980 жылғы сияқты болуы үшін,
оған әлі он жыл керек.
Жалпы Әлемде 1980 - 1988 жылдар аралығында әр жылдағы халық өсімі
70 - 73 млн адамға тұрақталды. Тиісінше әр жылдық халық өсімі 1980 жылғы
19,5 - тен 1988 жылғы 17,8%0 -ге төмендед.
Әр типті елдерде туу көрсеткішінің төмендеуіне әртүрлі факторлар
әсер етеді. Белгілі бір демографиялық саясат жүргізу арқылы бұл түсімді
ұстап тұруға болады, тіпті кей жерлерде табиғи өсімді өсіруге болады, бірақ
қоғамдық дамуды ескере отырып, Жердің максималды халық өсімі 1950 - 1960
жылдары болды.
Әлеуметтік - экономикалық кқрсеткіштері әртүрлі елдердегі
демографиялық үрдістердің белгілі бір заңдылықтарымен дамитынын соғыстан
кейінгі демографиялық анализден көруге болады. Ең жоғарғы халықтығ табиғи
өсімі бойынша, дамушы елдер арасында Латын Америка елдері қол жеткізді
( Азия мен Африка елдеріне қарағанда экономикасы қарқынды дамыды), бірақ
сол елдерде туу көрсеткішінің төмендеуі де ерте басталды. Бірте - бірте
“латын американдық ” жағдайы Азияның дамушы елдеріне де жетті. Ал, Африкада
артта қалған әлеуметтік - экономикалық жағдайымен, өлім көрсеткішінің түсуі
үшін резервтер әлі бар, бұл қарқынды халықтың өсу қарқыны әлі жақын арадағы
он жылдықта сақталады.
Ал дамыған елдерге келетін болсақ - олар біреуі ерте, біреуі кеш
халық санының тұрақтылығын бастан кешуде.
Көптеген ғалымдардың сөзіне жүгенсек, планета халқының саны ХХІ
ғасырдың ортасында 9 млрд жетеді, алғасыр соңында 10 - 12 млрд болмақ. Бұл
жағдайға қарап халық өсімінің тұрақтылығын немесе баяу өсетінін көреміз.
Жаңа қоғамдық қатынастарды ескере отырып Жердің халық санының
тұрақтану жағдайын Ф. Энгельс былай деген: “ егер де, қоғам адам өндірісін
реттейтін болса, онда ол оған дейін зат өндірісін реттеп қояды да, және тек
қана сол өндіріс бұнымен күресе алады ”.
1798 жылы ағылшын шіркеу жұмысшысы Т. Р. Мальтус өзінің “Халық
санының заңы ” атты кітабында, халық абсолютті өсіп болады, және онда халық
саны өмір сүруге қарағанда тез өсіп отыр делінген. Осы заңға сүйене отырып,
Мальтусшілер қайыршылық пен кедейшіліктің орын алуы табиғат заңдылықтар мен
адамдардың кінәлі, өйткені олар ерте неке қиюдан және көп балалыдан бас
тартпай отыр, эпидемия мен соғыс және басқа да табиғи апаттар көп адам
өмірін алып кете отырып, халық саны мен өмір сүру саны арасында тепе -
теңдікті сақтап отырады.
Адамзаттың әлеуметтік - экономикалық дамуы мальтусшілердің
концепциясын қате екндігін дәлелдеді. Ғылыми тұрғыда халық санының өсуі
табиғат заңдарына тәуелді емес, ел қоғамының дамуы тәуелді екені
дәлелденді.
Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейінгі халық санының үдемелеп өсуі,
шет елдерде жаңа мальтусшілірдің пайда болуына әкеліп, авторлар өз
кітаптарында келе жатқан апатты Жердегі халық өсуімен байланыстырады. Бұл
ғалымдар халық өсімі мен экономикалық өсімнің арасындағы диспропорцияны
үлкейтіп, Жер жақын болашақта халықты азық - түлікпен қамтамасыз
ететіндігіне күмәндәніп отыр. Мұндай “ теориялар ” ғылымның табыстығына
және қоғамның әлеуметтік жағдайдың дамуына сенбеушіліктен туады.
Демограф -ғалымдардың болжауынша, келешекте Жер бетіндегі халықтардың
өсу қарқыны бәсеңдейді. Міселен қазір жалпы халықтың өсуі жылына 1,5 -1,6%0
болса, ғасырдың аяғында 1,1 -1,3%0 -ге төмендеп, одан соңғы жылдары әрі
қарай бәсеңдейді. Белгілі демограф - ғалым Б. Урланистің болжамы бойынша,
ғасырымыздың аяңында Жер шарында халық саны 6 млрд - қа жетсе, келесі
ғасырдың екінші жартысында 12 -13 млрд -қа жетпек. Сол кезден бастап Жер
бетіндегі халықтың санын әрі қарай өсірмей, бір қалыпты ұстап тұру туралы
ойлануға болады ( Урланис Б. И 1976 жыл).
Көптеген Еуропалық елдерде адамдардың өсуі тіпті шамалы. Ал, Швеция
мен Жапонияда халықтың өсуі тіпті жоқтың қасы. Басқа көптеген елдерде,
әсіресе, дамыған елдерде адамдардың санының артуы жөнінде санаға сиятын
бақылау жасалуда. Мұндай жағдайда ерте ме, кеш пе, барлық елдерде болмақ.
Халық санының өсуін азайтуға қол жеткізу үшін, халықты үгіттеу арқылы жасау
қиын. Бұл Әлемдік экономикалық дамудың нәтижесінде, бүкіл халықтардың сана
сезімінің өсуі нәтижесінде келетін тұжырым. Дегенмен, аса маңызды
мемлекеттік мәселемен кейбір мемлекеттер заңды түрде шұғылдана бастағанын
айта кету керек. Мысала, Дүние Жүзіндегі халқы саны жөнінен ең үлкен Қытай
мемлекеті соңғы кездерде халықтығ өсуін қолдан тежеу, тіпті заң арқылы
жүзеге асыру саясатын жүргізуде. Бұл заңға сәйкес -әр отбасында тек бір
ғана перзент сүю қарастырылған. Міне осы заңдардың жүзеге асуы нәтижесінде
Қытайда соңғы уақыттарда халықтың өсу қарқыны бұрынғы жылдарға қарағанда
көп төмендеген. Егер жоғарыда айтылған заң күшіне толық енген кезде Қытайға
халықтың өсуі тіпті тоқталып, алғашында бір қалыпты, ал одан кейін шамалап
кемуі де мүмкін. Ескеретін жағдай, соңғы жылдардағы Қытайда жүргізілген
реформаларға сәйкес ондағы экономикалық жағдай біршама жақсарып, халықтың
әл - ауқаты жоғары деңгейге көтерілуде. Мүмкін бұл жағдай Қытай
басшыларының жоғары халқының өсуін тежеу туралы заңына біршама өзгерістер
енгізуіне әкеп соғар. Дегенмен бұл мәселе Қытай мемлекетінің ішкі жұмысы
екні түсінікті.
Қытайға көршілес жатқан, Әлемдегі халқы жөнінен екінші орын алатын
мемлекет -Үндістан мемлекеті. Бұл мемлекетте халықтың өсуін тежеу әзірше
жоқ. Соның нәтижесінде мұнда халықтың өсу қарқыны өте биік. Соңғы
мәліметтерге қарағанда Үндістандағы халық саны 950 млн -ға жеткен. Егер де
онда халықтың өсу қарқыны осы деңгейде сақталса, осы ғасырдың басында -ақ
Үнді мемлекеті халық саны жөнінен Қытайды қуып жетеді. Бұл мәселеге жол
беру, не бермеу де Үнді мемлектінің ішкі саясаты. Міне осы жоғарыда
келтірілген кейбір мәселелерге сүйене отырып айтарымыз -кезіндегі
“ Мальтус теориясының ” тіпіті негізсіз деп сынау қисынға келмейтін
сияқты. Біздіңше, ол сындарға қазіргі көз қарастар ғылыми мәліметтерге
қарап, біршама өзгерістер сияқты.
Шынымен бұл сұрақтың радикалды шешілуі әлеуметтік -экономикалық қайта
құрудан, ұлттық экономиканың шетел инвесторларынан босатылуынан, білім мен
ғылымның дамуынан және т.б тәуелді екені анық. Есептеулерге қарап біз,
планетаның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану арқылы бұдан да көп халықты
асырай алатындығын көреміз.

ІІІ. Қазіргі жаһандық миграцияның географиялық

ерекшеліктері

Жақсы өмірді іздеуді адамның тұрғылықты жерлерінің негізгі қозғаушы
күші. Адамзаттың бүкіл тарихы орын ауыстыруымен тығыз байланысты. Бұл
қозғаушы күштер, өзінің құрамы бойынша ерікті, еріксіз, тұрақты және
уақытша, алыс және жақын қашықтарда болып, миграцияның арқасында жаңа
өркениеттер, одан мәдениеттің және мықты мемлекеттің пайда болуының бәріне
тарих куә. Халықаралық миграция қазір өзінің шыңына жетті. Мысалы, егерде
60 жылдардың ортасында әлемде шет елдерде туған адамдардың саны 75 млн адам
болса, 1996 жылдың басында ресми мәліметтерге қарағанда 125 млн болды, олар
өздерінше “ мигранттар ұлтын” құрды, бұл ұлт әлем халықтарының ірі ондығына
кіреді.
Әлем халықтарының миграциясының қоғамдық дамуы көптеген өзгерістерді
бастан кешірді және бірнеше тарихи қайта құрылымдар болды. Халықтардың
белгілі бір мемлекеттке кіретін және шығатын, мүмкіндіктері мен жағдайларын
зерттей отырып, зерттеушілер бірнеше макрокезеңдік үрдістерді бөліп
шығарды. Олардың біріншісі “ғашықтық” миграция кезеңі -өзінің бастауын
ежелден бастайды да, адамзаттың негізігі географиялық тануы басталады. Ол
әлемдік отарлаумен, ұлы географиялық ашылулармен, жаңа территорларды халық
орналасуы мен шаруашылық игеруімен тығыз байланысты. Екінші кезең ХІХ
ғасырдың ортасында басталған қазіргі көптеген елдердің ұлттық шекарасын
орнатылуымен байланысты, ол -бірінші Дүние Жүзілік соғысқа дейін болды. Бұл
кезеңге адамдардың шектеусіз толық еркінді өозғалысы тән. Бұл уақытта тек
үлкен масштабты эмиграцияларға кішкене басқарулар болды, Еуропадан
Австралияға, Канадаға, және АҚШ -қа. Үшінші макрокезең - ІІ -ші Дүние
Жүзік соғыспен шектеледі (1914 - 1945) және иммигранттардың және
эмитранттардың бостандықтарының жоғалуымен сипатталады. Төртінші кезең
соғыстан кейінгі әлемнің дамуымен біздің қазіргі күнге дейін уақытты алып
отыр. Бұл кезең планета халқының миграция мобильдігінің дамуы,
мемлекеттерде миграциялық саясаттардың жүргізілуі, заңсыз миграцияның үстем
алуы, еріксіз адамдардың өз Отанынан кетуімен ерекшеленеді.
Бұл кезеңдерді екі негізгі жартылай периодқа бөлуге болады. Бірінші
соғыстан кейінгі екі саяси жүйелердің бір -біріне қарсы тұруымен, ал
екіншісі Әлем кеңістігінің интеграциясымен сипатталады. Екі бір -біріне
жабық территориялардың -социал елдері және “басқа елдер”, миграцияның
байланысын үзді. Егер бірінші жағдайда халықтар шектеумен қозғалса, екінші
жағдайда -халықаралық экономикалық өмірдің интерноцианалдығы белсенді
факторға айналды. Өткен ғасырдың 50 -60 жылдары дамушы елдерден шақырылған
шетелдік жұмыс күші, Батыс Еуропаның дамыған елдерінің экономикалық өсуі
негізінде пайда болған жұмыс күшінің дефецитін жауып отырды. Ал 70 -ші
жылдары болған “ мұнай тығырығының” мұнай өндіруші Батыс Азия елдеріне
жұмыс миграциясы басталды, ал 80 -ші жылдары, саяси тұрғыда -Оңтүстік
Азияға басталды. Мұнымен бірге бұл жартылай период дәстүрлі иммиграция
елдеріне -Австралияға, Жаңа Зеландияға, Канадаға және АҚШ -қа қозғалыстары
сақталып отырды.
Қазіргі халықаралық миграцияның интенсивті өсуіне бірнеше басты саяси,
әлеуметтік және экономикалық сияқты маңызды факторлар әсер етеді. Бірінші
жағдайда миграцияның өсуін, кейбір мемлекеттердің шекараларының соңғы
өзгеруімен және ішкі миграциялық қозғалысқа халықырылық деңгейде
қаралуымен, сонымен бірге этникалық негіздегі қозғалыстар, яғни әлем
картасында тұрақсыз саяси жағдайлардың ( әскери қимылдар, азаматтық
толқындар, ұлттық қақтығыстар) жиелеп кетуімен түсіндіруге болады. Екінші
жағдайда -интернацоналдық некелердің көбею болса, үшінші жағдайда
-мемлекетаралық екі жақты тиімді еңбек ресурстарын айырбастау фактісі сипат
алады. Соңғы жағдай ерекше маңызды, өйткені әлемдік еңбек рыногы барлық
халықаралық миграцияның негізін құрады.
Қазіргі кезеңде бос шетелдік жұмыс күшін пайдалану маңызы өсіп келе
жатыр, өйткені ол мемелекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы негізгі
экономикалық құрал. Мамандардың бағалауы бойынша, тек қана заңды жұмысшы
мигранттардың арқасында, отандарына 90 жылдары 70 млрд доллар артық ақша
мемлекеттік бюджетке түскен. Мысалы, Суданда барлық қозғалыстардығ тек 11%
ғана заңды жолмен жүрген. Дамушы елдерде экономикалық масштабта, жұмыс
күшін экспортқа шығарудан түсетін пайда, кейбір шаруашылық түрлерінен
түсетін пайдадан асып түстесе, кем түспейді және мемлекеттің сыртқы
саудасында мағызды орын алады. Берілген статистикалық мәліметтерге
қарағанда, 90 жылдардың басында, Мысалы, Таиландта шет елде жұмыс істеп
жүрген жұмысшылардың валюталық аударым суммасы, экспорттан түсетін пайдадан
7 есе артық болған, ал кейбір африкалық және азия мемлекеттерінде ( Мысыр,
Лесото т.б) Ішкі Ұлттық Табыстың ( ІҰТ) 10 -15% құраған. Әлемнің ірі -ірі
трансұлттық корпорациялардың экономикалық саясаты соңғы уақытта,
халықаралық еңбек рыногын құрылуына әсер етпей отыр. Еңбек күшіне
жұмсалатын шығынды азайту мақсатында және өнімнің жаңа рыногының ашылуы
негізінде, көбісі, яғни трансұлттық компаниялар дамыған елдердегі еңбектің
импортына емес, капиталдың экспортына көп мән береді. Мысалы, Жапония
компанияларының Шығыс және Оңтүстік -шығыс Азияда филиалдарының ашылуы
мемлекетте қанағаттандырылмаған жұмыс күшіне әсер еткен жоқ және
мигранттардың өсуіне төтеп бере алмады.
Халықаралық миграция жаңа күштердің және фактордың әсерінен, соңғы
уақытта саны жөнінен ғана емес, сонымен бірге құрылымдық -сапалық жағынан
да өзгерістерді басынан кешіруді. Бірінші назараударатыны, барлық масштабта
миграцияның қарқынды өсуі. 1965 -1995 ж. ж халықаралық мигранттардың саны
1,7 есе өсті. Статистикалық мәліметтерде ( 1 кесте) үрдістің интенсивтілігі
байқалады. Егер, 1965 -1975 ж. ж орташа жылдық Әлемдегі мигранттардың саны
жылына 1,2 % құраса, 1975 -1985 жылы -2,2 %, ал 1985 -1990 ж. ж -2,6 %
құрады. Қорытындысында 70 және 80 жылдары орташа жылдық механикалық және
табиғи қозғалыстың қатынастары түбүрімен өзгерді ( 1990 -1995 ж. ж 1,6 %).

№ 3 кесте
Дүние Жүзі халықтарының халықаралық миграциясы

Шет елде туған адамдардың саны, Жалпы халық санының мигранттар бөлігі, % Орташа жылдық мигранттардың өсу қарқыны, %
млн. адам

Жылдар* 1 2 3 4 1 2 3
Аудандар Барлығы Босқындар Репат - Көшір Басқа
соның ішінде рионтар кеткендер
Африка 3,0 4,6 8,1 4,3 1,7 2,1 -
Азия 5,1 6,8 7,9 4,8 1,2 1,7 0,2
Еуропа 0,7 0,8 5,8 3,2 0,3 1,1 1,2
Латын 0,4 1,2 0,17 0,09 0,07 0,01 -
Америка
Солтүстік 1,4 1,4 0,7 0,7 - - -
Америка
Мұхит 0,1 0,1 0,75 0,75 - - -
Елдері
Барлығы 10,7 14,9 22,7 13,2 3,3 4,8 1,4

Оның жартысынан көбісі -19 млн -нан жоғары адам -Оңтүстік -Орталық
Азияға тиеді, оның ішінде Үндістанға және Пәкістанға. 90 жылдардың басында
халықаралық миграцияның 15 бөлігі Еуропадағы және Солтүстік Америкаға
тиген, бұл аудандар басты қабылдаушы мемлекеттер және өз халықтары ішінде
шетелдіктердің саны көп. Мұхит елдері, Австралия және Жаңа Зеландия
дәстүрлі иммигранттардың орталығына айналды. Африка өзін жалпы
мигранттардың санының өсуімен көрсетеді. Бүның бәрі бұл аймақта саяси
тұрақсыздықтың орын алуымен түсіндіріледі. Көптеген әскери қақтығыстар және
азамат тоқулары, өз елдерінен өте көп саяси босқындарды ығыстырды, олардың
жалпы саны Орталық және Шығыс Африкада 1995 жылдың соңында 5,7 млн адамды
қамтыды.
Келтірілген № 3 кестеде қазіргі халықаралық миграцияның басты
географиялық бағыттары көрсетілген. Оның орташа жылдық теріс балансы Азия,
Латын Америка, Африка болса, оң балансты Солтүстік Америка, Еуропа және
Мұхит елдері ұстап тұр. Осындай дамушы елдерден дамыған елдерге қозғалыс
экономикалық көз қарасқа ие. Үндістан, Филлиппин, Вьетнам, Қытай және т. б
елдерінің кетушілерң, бүкіл дамушы елдер иммигранттарының басым бқлігін
құрайды. Мысалы, 1991 -1996 ж. ж Канадаға, Азия елдерінен 1 млн астам
адамдар көшіп келген, бұл барлық иммигранттардың 57 % -ын құрайды

№ 5 кесте
1965 - 1995 ж. ж аралығында аудан бойынша Әлемдегі халықаралық
миграция динамикасының негізгі көрсеткіштері

Шет елде туған Халық саныныңЖылдық орташа көрсеткіш
адамдардың саны, мигранттар
үлесі,
%
Өсу Миграция
қарқыны сальдосы,
% мың адам
Млн.ад %
1965 1990 1965 1990 1965
Ауғанстан 2675 Иран, Иран 2014 Ауғанстан,
Пәкістан Ирак
Босния және 700 Хорватия, Германия 1266 Әртүрлі
Герцеговина Югославия
Ирак 630 Иран және Пәкістан 1200 Ауғанстан
басқалары
Либерия 480 Гвинея, Гана, АҚШ 597 Әртүрлі
Кот -д’ Ивуар
Сомали 452 Джибути, Кения, Югославия 548 Босния және
Иемен Герцеговина
Судан 407 Уганда, Конго, ДР Конго 450 Бурунди,
Эфиопия, Кения Руанда
Эритрея 328 Судан Судан 405 Чад, Эритрея,
Эфиопия
Ангола 300 ДР Конго, Замбия Гвинея 401 Либерия,
Сьерра -Леоне
Сьерра -Леоне280 Гвинея, Гамбия, Эфиопия 354 Сомали, Судан,
Либерия Кения
Руанда 255 ДР Конго, Конго Кот -д’ Ивуар210 Либерия

Бұл кесте халықаралық миграцияның басты бағыттарын нақты көрсеттіп
тұр. Құрлық арасында адам ресурстарын айырбастау шеңберінде келесі тұрақты
ағындар көрсетілген:
• Латын Америкасынан АҚШ -қа, соңғы мәліметтер бойынша, онда
Мексикадан -2,5 млн, Сальвадор мен Доминикан Республикасынан -0,8
млн -нан, Гаитиден -0,6 млн және Колумбия мен Ямайкадан -0,4 млн
-нан және т. б елдерден адам жұмыс істейді.
• Афро -азия мелекеттерінен Батыс Еуропаға. Францияның Сотүстік (
Алжир, Марокка, Тунис) және Батыс ( Сенегал, Мали) Африка елдерімен
дәстүрлі достық қарым -қатынасы. Мысалы, Германияда қазір 7,3 млн
шет елдіктер немесе жалпы халықтың 9 % -ы тұрады, оның 2,8 млн
адамы Түркия елінен;
• Солтүстік және Шығыс Африка елдерінен Парсы шығанағы елдеріне.
Соңғылары тек қана Мысырдан 2,9 млн көнкіндерді қабылдап алған, ал
бұл жердегі жалпы шетелдіктердің саны 5 -6 млн.
• Оңтүстік -Шығыс Азия АҚШ -қа, тек қана Филлиппин архипелагынан 900
мың адам келген.
Соңғы уақытта халықтар трансшекаралық көшуі де етек алып бара жатыр,
яғнм тек қана құрлық арасында ғана емес, құрлық ішінде, көрші мемлекеттке
көшу. Бұл халықаралық миграцияның негізгі ағындарын көрсетті:
• Оңтүстік және Шығыс -Орталық Еуропа елдерінен Батыс және Солтүстік
Еуропа елдеріне. Басты қабылдаушы жақтар, әрине Германия мен
Франция, ал жіберуші -Италия, Испания, Португалия соңғы уақытта
-бұрынғы Югославия мен КСРО
• Оңтүстік -Орталық Азия елдерінен мұнай өндіруші Батыс Азия
елдеріне, Мұнда Үндістаннан, Пәкістаннан ( 1млн адамнан), Шри
-Ланкадан, Бангладештан ( 300 мың адамнан), сонымен бірге
Филлиппиннен ( шамамен 800 мың адам) шықан жімыс күштері қз
нандарын тауып жеп жатыр.
• Латын Америкасында 60 жылдары Бразилия, Мексика, Аргентина және
Венесуэла елдері экономикалық дамуы нәтижесінде жұмыс күшін
тартатын халықаралық миграцияның орталығына да айналды. Мысалы,
Колумбиядан Венесуэлаға 800 мың адам көшіп келді. Ал Чили
мемлекетін диктатор Аугусто Пенечето басқарған жылдары, осв
мемлекеттен басқа құрлық елдеріне миллионға жуық адам көшіп келген,
• Ал Африка құрлығындағы Оңтүстік Африка Республикасы мен Намибиядағы
интенсивті инвестиция жұмыстары нәтижесінде, 70 жылдардан бастап,
бұл елге тұрақты жұмыс күшінің ағыны бүкіл құрлық мемлекетінен
келіп тұрады. Бұл жерде заңсыз миграция өткір күйінде қалып отыр.
Оңт.АР ІІМ ресми мәліметтері бойынша, елге жалпы шетелдіктердің
саны 3 -5 млн адам немесе бүкіл халықтың 10 %.
• Тағы да халықаралық жұмыс миграциясының жаңа эпицентрі Азияның
Оңтүстік - Шығысында пайда болды. Басты ұабылдаушы елдер Жапания
мен ЖИМ елдері, жіберуші -кқп халықты жан -жағындағы мемлекеттер.
Әсіресе, ең көьі -1 млн -нан көп шетел жұмысшылары Малайзияда (
шамамен 500 мыңы Индонезиядан, 100 мыңы -Филлиппиннен және т. б).
• Евроазиядағы халықтардың жаңа қозғалысы ең жас орталығын “
коммунистік елдер”, әсіресе бұрынғы КСРО елдері құрап отыр. 80
жылдардың аяғынан бастап, Ресей мен бұрынғы КСРО республикалардың
арасындағы миграцияның көлемі 1,2 -1,5 млн адамды қамтып отыр.
Өкінішке орай, халықаралық миграцияның негізгі категорияларын,
елдердегі саяси тұрақсыздығының арқасында болып жатқан әскери қимылдар
немесе азаматтық қақтығыстар құрайды. Олар “ трагедиялық” немесе
“ эпизодтық” көріністерді алады, аз уақыт болғанымен, халықтың көп
бөлігін елді тастауға мәжбүр еткізеді, әрине көшкен халықтың алыс кетпей
локальды шеңберде көшеді. Осындай көшулер Африка мен Азия елдеріне тән ( №
5 кестені қара). Еріксіз миграция масштабының мысалы ретінде Ауғансианды
айтуға болады. 1992 жылы босқындардың максималды саны Пәкістанға, Иранға,
ТМД елдеріне және Үндістанға 6,3 млн адамдықұрады, қазір оның 3,9 млн
адамы өз отандарына қайтып келді. Ал Руанданы 1994 жылы 2,2 млн тұрғын
тастауға мәжбүр болған. Оның 1,8 млн адамы репатриалды. Алысқа бармай -ақ
Қырғызстанда болып өткен “ тюльпанды революцияның” әсерінен, республиканы
орыс тілді халықтың 75 % жуығы тарихи отанына немесе біздің елге көшіп
келуге ниет білдіргені де бар, көшіп кеткені де бар.
Қорыта келгенде айтарымыз, соңғы жылдары “ Жаһандық ландшафт” көптеген
өзгерістерге ұшырады. Жаң территориялардың игерілуі, саси альянстардың
құрылуы, жергілікті экономикалық орталықтардың бірігуі ( Еуро Одақ)
халықаралық ағындардың -қаржы, тауар, қызмет көрсету және т. б
бағыттарының өзгеруіне әкелді. Қаржы мен тауар қайда болса, сонда жұмыстың
болатыны сөзсіз. Жұмыс орынға арзан жұмыс күшінің ағылуы, енді заңдылыққа
айналды. Жаһандық геосаясаттың радикалды өзгеруі, одан сайын жағдайды тұн
шықтырды. Соңғы он жылдыққа арналған, өткізілген анализ дәлелдегендей,
халықаралық миграцияның құрылымы, интенсивтілігі және қарқынды даму
масштабы ғана емес, сонымен бірге ол жүріп жүрген ауданы да ұлғайды. Бұл
құбылыс жаһандық, жалпы планеталық мінезді көрсетіп тұр. Халықаралық
миграция оң әсерін жіберуші мемлекеттерге ғана емес, оларды қабылдап алушы
елдерге де тигізеді, бірінші кезекте, әрине қаржы көздерінің түсуі, ал
екіншісі -адам ресурстарының келуі немесе арзан жұмыс күші. Бұл
мемлекеттің дамуына әкелсе, адамдардың өмірініңжақсаруына әкеледі. Ал, бұл
жаһандық мәселе. Сондай -ақ ол, технологиялардың тасымалдануынң стимулы.
Қазіргі халықаралық миграцияның басты мәселесі еріксіз босқындарды артуы.
Босқындардың көбеюі елдің экономикасына теріс әсер тигізеді, онымен жалпы
адамзатқа. Ал босқындар әрине, ел тұрақсыздығының нәтижесі. Еріксіз
мигранттардың санын өысөарту және өз отанында қалу мүмкіндігін беру
стратегиясының іске асуына және экономиканың өркендеуіне тәуелді.

IV. Жер Жаһанның азық -түлік мәселесі немесе Жер Шары қанша халық
асырай алады.

Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі,
мүнда құнарлы тапырақ, ал тапырақта әр қилы өсімдіктер өсіп, ауаға оттегң
бөліп шығаратын басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен
планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы торырақ қабаты бар аймақтар
аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 71 % -ын мұхиттар алып жатыр, онда
тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ жерлердің үлесі
небары 21 % қана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы топырақ жатқан
жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда
жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды таздың басындай
жалтыраған тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық
мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар және
т. б көптеген коммуникңациялар алып жатыр. Бұл жөнінде жалпы мәліметтер № 7
кестеде келтірілген. Ф. Н. Шипуновтың мәліметтері бойынша ( 1968), құрғақ
жерлердің мөлшері, гектар есебімен.

№ 7 кесте

Ф. Н. Шипуновтың ( 1968) мәліметтері бойынша жербетіндегі құрғақ
жерлердің көлемі, млрд га есебімен

Құрғақ Антарк - Жыр - Антаркиданы қоспағандағы құрғақ
жерлер тида тылған жерлер
көлемі көлемі жерлер
Шал - Орман- Қазір Басқа Барлығы
ғынды дар пайда - жерлер
жерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша цензурасы Оян, қазақ
ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ
Астананың көркеюі
Жаһандану дегеніміз не?
Феодалдық Үндістандағы жер қатынастары
Ұлы моғол империясының ыдырауы
Кеңес одағының ыдырауы туралы
Тәуелсіздік мерекесі
Логика және оның бөлімдері
Цинь Шихуанди - Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы
Пәндер