Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi ... ... ...10
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағыөлi мен негiзгi операциялары ... ... ... ... ... .. 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.
Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.
Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек. Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.
Тіпті соңғы уақытта біздің еліміздің банктік жүйесінен ТМД елдері тәжірибе алып жүр. Бұл әрине үлкен жетістік деуге болады.
Міне, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасының банк жүйесі” деп таңдалды.
Бұл тақырыптың өзектілігі - әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған

1. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі.Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004ж.;
2. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995ж. 31 тамыздағы №2444;
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банк операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, Алматы: Издат-Маркет, 2004ж. 272 б.;
4. Баян Көшенова, Оқу құлары. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы: “Экономика” 2000ж.;
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: Издат – Маркет, 2004ж. 248 б.;
6. Банки Казахстана, 2003г. №12; “Банковская система Казахстана – крупнейший институциональный инвестор национального фондового рынка”//Донцов С.;
7. Банки Казахстана, 2004г. №1; “О некоторых аспектах развития фифлиальных сетей коммерческих банков”//Кил А.Б.;
8. Вестник КазНУ, Экономическая серия, 2001г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы Республики Казахстана”
//А.А. Ильясов;
9. Садвакасова Ж. “Кредитная политика коммерческого банка”//Вестник КазНУ, серия экономическая №2 – 2005г.;
10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктің делдалдық операциялары//ҚазҰУ хабаршысы. 2003ж. №2 70-75 бет;
11. С. Қабашев “Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики” Қаржы-Қаражат, №2 2004г. 58-61 стр;
12. Каренов Р. Лизингтік қызметтер. Оның ерекшелігі неде? – Егемен Қазақстан. – 2004ж. 24 сәуір (№105106)-2 бет;
13. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесі ТМД көлемінде бірінші орында “Центр-Кредит” банкінің директорымен сұхбат//Дала мен қала –2004ж. 1 қазан (№39) 13 бет;
14. ҚазақСовет энциклопедиясы/Бас редактор М.Қ. Қаратаев;2 э-Венглер/1973;
15. Ғ.С.Сейтқасымов. Ақша, несие, банк. Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасымов/Алматч-2001ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының банк жүйесі
ТЕКСЕРГЕН: Айтуғанова З.Ш.,
экономика ғылымдарының кандидаты.
ОРЫНДАҒАН: Айбасова А.М.
МАМАНДЫҒЫ:
экономика
ТОБЫ: Эк05к2
Алматы 2006 ж.
ЖОСПАР
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Банк ұғымы және оның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Банк түрлерi және олардың қызмет ету ерекшелiктерi ... ... ...10
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... 18
1. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн
саясаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретiнде экономикадағыөлi
мен негiзгi операциялары ... ... ... ... ... .. 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
6
КIРIСПЕ
Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен,
оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет
өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы
банк жүйесі іске асырады.
Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді,
яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде
Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде
қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық
банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын
жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір
сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға
қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық
деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.
Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет
етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы
экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан
нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны
белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек.
Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы
керек.
Тіпті соңғы уақытта біздің еліміздің банктік жүйесінен ТМД елдері
тәжірибе алып жүр. Бұл әрине үлкен жетістік деуге болады.
Міне, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасының
банк жүйесі” деп таңдалды.
Бұл тақырыптың өзектілігі - әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада
нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған
саясатына байланысты болады. Ол саясаттың құрамына мемлекеттің ақша-несие
саясаты, бюджеттік және валюталық саясаттары жатады. Ал бұл саясаттарды
мемлекет банк жүйесі тарапынан атқарып отырады.
Бұл жұмысты орындау барысында алға қойған негізгі мақсаттар мен
міндеттер келесідей:
- Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және
рөлін ашып көрсету;
- Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын
атап өту;
- Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері
мен саясаттарын талдау;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерін активтері бойынша
салыстырмалы түрде талдау, жіктеу;
- Ұлттық банктің 2003-2006 жылдардағы іске асырып отырған ақша-несие
саясатының жүргізілуін қарастыру;
- Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері
мен негізгі операцияларына тоқталып өту.
I. БАНК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. Банк ұғымы және пайда болу тарихы
Банк жүйесінің маңызды элементі – банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генус) XIV – XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI – XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырылысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер
өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан
жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос
ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар
компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болатындығы тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі...”
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз
етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың
ақиқаттығына күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда жасалған.
Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы
төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? Деген
сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және
қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары
белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен
айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің
салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос
ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс
қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз
кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім
қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта дедал қызметін атқарды. Есеп
айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік
билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.
Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып,
үкіметтен банкнота шығаруға шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе – бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктікнесие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк
ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме
ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады.Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте
отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес, б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген. Трихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие
беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату және басқа да
операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға
жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала
бермек.
Монополиялық капитализм дәуірінде банктердің жаңа рөлін сипаттай
отырып, В. И. Ленин былай деп жазды: “Банк жұмысы өркендеп және оның азғана
мекемелердің қолына шоғырлануына қарай банктер жай делдалдық рөлінен асып,
барлық капиталистердің және ұсақ қожайындардың барлық дерлік ақша
капиталын, сонымен қатар белгілі бір елдегі және бірқатар елдегі өндіріс
құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратан құдіретті
күшті монополистерге айналады” .
К. Маркс пен Ф. Энгельс социалистік құрылысты жан-жақты өрістетуде
банктердің маңызды роль атқаратындығын атап көрсеткен болатын: “Жеке
меншіктегі банктердің орнына мемлекеттік банк құрылады, оның қағаздарының
заңмен белгіленген күші болады. Бұл шара қаржыландыру ісін бүкіл халақтың
мүддесі үшін реттеуге мүмкіндік береді”
Өндірісті қоғамдастырып, социалистік қатынастарын қалыптастырған
жағдайда ғана банктерді қоғамды социалистік жолмен қайта құрудың құралы
ретінде пайдалануға болады.
Банктердің жұмысының социалистік революциядан кейінгі бағытын
анықтай келіп, В. И. Ленин былай деді: “Банктерді национализациялаумен
тынбастан, банкілік саясат бірте-бірте, бірақ бұлжымастан банк
есепшілігінің және бүкіл елдің социалистік түрде ұйымдастырылған шаруашылық
өмірін түгелдей реттеудің біртұтас аппаратына айналдыру жағына бағытталуға
тиіс” .
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлік басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның заңмен қатынасын білумен ғана
шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын
заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның операцияларды орындайтыны немесе
орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең
бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән
берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашалығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тиым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк – бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын - бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын
мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет
көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы – банктің өнеркәсіптік
кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес,
айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті - несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да кейбір
қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты
белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
1.2 Банк түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатьшастарыныц басым болігі
банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша
бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға
айналдырады.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұргыдан қатарлас жүрді және де олар бір бірімен өзара тығыз баііланысты.
Банктер халық шаруашылыгы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен
тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс
үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін
қанағаттапдыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық
делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылык қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос
акша қаражаттарын тарта огырып, қарыз алушылардьщ уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да
көптеген қызмет көрсетеді, соньң арқасында өндірістің тиімділігі мен
қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді. (1-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылык делдалдар
болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің
салымдары қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса , ал
қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа
міидеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін
қүрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық
институттар кызметі қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың
кұйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттіц Орталық банкке кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жүмыс
істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқыгы
негізiнде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша
тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау
арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және оларды жұмыс
істеп түратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттарға несиеге деген
талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұргьшдардың
қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру жәие несиелік жүйенің қызмет
етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
1-сызба. Қаржылық - несиелік институттардың қаржылық дедалдар
ретіндегі ролі
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып , ұдайы өндірістің барлық фазасының аясыиа ғана кіреді.
Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні
болып табылады.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі негізінен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғии оларға қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр
түрлі несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздіксіз қызмет кызмет етуіндегі қажеітілігін қанағаттандырады, қоғамдық
өнімнің тоқтаусыз қозғалысын камтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уакытында
қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алуымен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бүл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесіи
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдык; (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілген клиенттерінің негізғі қызметі
туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдыктаушыларға төлем
жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті
ғана емес, сонымен бірге, осы шарт иесиенің жұмысының нашар екендігінің
күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Банктің мәліметтері
бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметгерінің көптеген
маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын-ала көруге
мүмкіндік береді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халыктың жииақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын рсттейді және сол
арқылы үдайы ондірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарыктық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозгалыс кеңетек алуда,
меншіктің аралас түрі негізінде кәсіпорындар құрылуда. Қоғамда белгілі-бір
класқа ие комерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарыктық қатынастардың
дамуы бойынша экономикада, қоғамда баиктердің ролі күшеюде. Олардың
жұмысында әміршіл - әкімшіл әдістердің орнын -экономикалық әдістер
алмастырды. Сөйтіп экономикаға баиктік ықпал етудің құндық құрылымдарының
мағынасы арта түсті.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде , ең алдымен меншікті жекешелендірудегі ролі
айрықша. Мұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді
жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды
тездету және төлем тәртібін сақтау болып табьглады. Елімізде 1993 жыл 15
қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз — төл теңгемізді енгізді.
Бірақ имфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46% -ке жетті.
Ұлттық банкпен үкіметтің монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесінде 1994
жылы тамызда 13,5%-ке, ал бүгінгі таңда инфляция жоспарланудан ауытқымай
5,8%-ті құрады.
Мемлекеттік меншікке кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта кұруға
банктік жүйенің ролі маңызды. Сондықтан, банктік реформаньң негізгі
мақсаттарының бірі - экономикалық жеке секторды кұру және кәсіпорынды
жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату
және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген косіпорындарды қайта
құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелеидіру
бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын , тиісінше жекешеленген
және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты
арта түседі.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдеміи тигізеді. Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны болумеи шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктсрдің экономикадағы
маңызының ерекше екендіғін олардың жүргізетін 200-ден аса кызметтері мен
операцияларынан көруге болады.
Қандай жүйе болмасын оның өзініц формалары мен қызметтері болатыны
анық. Жалпы банктің атқаратын қызмсттерін төмеидегідей қарапайым жіктеуге
болады:
* Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
* Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,
бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу;
* Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілеріиің
төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
* Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентіне тек жинаған уакытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен катар депозиттік чектерді,
вексельдерді шығарумен де несиелейді;
* Экономикалық және қаржылық ақпарат беріп отыру ;
* Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық жоне
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмисснялық баик - ол айналысқа ақша белгілеріи эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Біздің елде ол -Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің
негізгі мақсаты - айналысқа ақша бірлігін шығару, калған банктерге ерекше
тауар - акша белгісін сату және банк жүйесінің несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттеғі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шыгаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммнрцпялык, инвестициялык,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық баиктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын эмбебап
үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялык және инновациялык банктердің екі түрі де ұзак уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейіи ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге карыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді жәпе оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипогекалық облигацмя, акция жәие
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Бағанадан бергі банктік жүйеде басты банк деп айтып жүргси Орталық
баиктің кызметтеріне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктің міндеті — ұлттың
ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын
қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай
қызметтерді орындайды:
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• Ақша - несиелік қатынастарды реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
• Банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі;
Орталық банктің ең алғашқы қызметі - ежелден қалыптасқан мемлекеттің
өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару. Ол — елде төлем
міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттык төлем құралы. Кейбір
мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп
елдерде монетаны қаржы министрлігі соғып, орталык банк оларды номиналымен
сатып алады. Сөйтіп , орталық банк сатып алғаи монеталарды өзі өзі шыгарған
банкноталармен қосып айиалымга түсіреді.
Орталық банктің эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесініц эмиссиялы-
кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық балктің міндеттемелері кез-
келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып табылады. Өйткені орталық
банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен
экономика салалары арасында делдал ретіндс қызмнт атқарады.
Орталық банктің ақша несиелік реттеу қызметі. Экономикны ақша және
несие айналымына әсер ету жолымен реттеу - мемлекеттің экономикалық
саясатынын құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экопомикалық өсудің
тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем
балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі - ол орталық банктің
мемлекеттің валюталық саясатын жүргізілетін жәие валюталық бақылау органы
болуы. Ол - ұлттық валютаның айырбастау курсын аиықтау және оны реттеу;
елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу;
халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегі және одаи тыс
жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау: болжамдарды
жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізу. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтыи нарығына
қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сомымен бірге, халықаралық
және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленің өкілі болып қатысады.
Орталық банктің банктердің банкісі қызметі - ол орталық баиктің
кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық Банктің
негізгі клиенті коммерциялык банктер болуы. Бұл оиың коммерциялық
банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық баиктердің кассалық
қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік
міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері
бойынша міндеттемелерінің ең аз резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті
резервтердің нормасын бекітеді.
Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін сақтауга қабылдаумен қатар
орталық банк оларға несиелік кемек көрсетеді. Олың несие үшін проценттік
төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары боладғы, сондыктан
орталық банктің несиесін басқа несие алу мүмкіндігі болмаған ақырғы
жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты
реттеуші органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды
ұйымдастыру, есептесу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп,
банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негізінен мынадай бағытта
жүргізеді:
* Банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
* Кейбір операция түрлерін жүргізуге;
* Банктер берген қаржылық есепті тексеру жәие талдау;
* Клиенттерді ревизиялау (тексеру);
* Міндетті резервтердің нормативті және экономикалық
нормативтердің
жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктің үкімет банкісі қызметі. Үкіметтің банкирі
ретінде
орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылык кеңесінісі.
Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік органдардың есепшоттары айтылған.
Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналастыру және
оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік
бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөиінде кеңес берумен,
мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бірімен-бірі тығыз
байланысты.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігіи шоғырландырып, өз
клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды,
шетел валютасын сатып алу — сату меи оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшіи жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Енді коммерциялык банктер туралы кеңірек танысу
үшін олардың қызметтерін айтып өтейік:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі - банктердің ежелден
атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уакытша бос
ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процеит түрінде табыс
түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдьң айналысынан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялык банктер
қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы
кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің кебеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экоиомика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қьгзметі
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің ролі зор.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз
жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа акша
қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығьн жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмеи: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететін қызмеггері: баиктің
облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттерді тіркеу үшін өкіл болуы; корпорацияиың зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттеріне кеңес
беру қызметіне мүмкіндік туғызады. Банктер төмендегідей кеңес береді: шот
ашу; есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргізуге дейіи нұскау береді.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін
іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет
көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз
орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп,
қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдаиуда. Сөйтіп келгеиде банктердің
экономиадағы ролі күннен-күнге артуда.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары
“Қазақстан Республакасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық
банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк – ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк
iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және
бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге
көлемiнде мына қаражаттар есебiнен құрайды; республикалық бюджеттен
бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен алынған негiзгi қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударындар.
Ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерi – ұлттық валютаның iшкi және
сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
• Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
• Несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу
– сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа
ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң
экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен
операциялары. Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы”
Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды.
• айналыстағы ақша массасының көлемiн реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттiк
ақша-несие саясатын жүргiзiп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz