Ислам діні туралы мәлімет


МАЗМҰНЫ
2. 1 Мейітке айтып жылау және соған ұқсас нәрселерге өсиет
қылса азапталады . . .
3. 3 Жуу, кебіндеу уақытында хош иісті жағу және
жақсылықтарын айту . . .
3. 14 Рахмет періштелері жаназаны күзетеді және жаназамен
амалы қалады . . .
3. 17 Қабыр көркемделмейді, үстіне ешнәрсе салынбайды
және оған отырмайды . . .
Кіріспе
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Дүйім жұртқа белгілі жұмыр жердің бетіндегі бір жарым миллиард халықтың ұстанатыны Аллаһ тағаланың хақ діні-Ислам біздің елімізде де даму үстінде. ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі өз сөзінде:
«Тәуелсіз еліміздің рухани өмірінде дініміздің алар орны мен маңызы артып келеді» дегендей. Жүзден астам ұлт пен ұлыстар мекен етіп өзара тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының жетпіс пайызы да осы қасиетті Ислам дінінде.
Орта Азияның түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының Исламды тек қабылдаушы болып қалмастан, қайта Ислами мәдениеті мен өркениетіне үлкен үлес қосқандығы нақтылы деректермен дәйектеледі.
Осы Мауера-ән-наһір өлкесінен шыққан нақты қазақ жеріне келсек, Әбу Насыр әл-фараби бастаған атақты Отырар ғалымдары плеядасы, Тараздан шыққан әл-Тарази есімді ғұламалар, Каир мен Дамаскідегі мәдениет, ғылым ошақтарында қызмет еткен және сонда қайтыс болған ғалым бабаларымыз туралы терең ой жүгіртіп, деректерге сүйене отырып ой толғаған.
Жалпы, осыдан 10-15 жыл бұрынға дейін қазақ жазба әдебиеті Абайдан басталады деп келсек, кейінірек оны шегіндіріп он бес ғасырға дейін апарғанбыз. Ал, хазірет муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің нақты дәлелдерімен оны ары қарай он шақты ғ. шегеріп тастайды. Соның дәлелі ретінде:
Қажа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Онмен онсегізінші ғасырларда өмір сүрген Әбул-Қасым Әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу Ибраһим Ысқақ әл-Фараби, Бұрһан әд-дин Ахмад әл-Фараби, Байхақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайыры, Махмут Тарази, Хисам әд-Дин Сығанақи және т. б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғылыми айналымға енгізді.
Призидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы және хазірет мүфтиіміз Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей ұйымдастыруымен ашылған «Нұр-Мубарак» университеті және имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институты. Кеңес үкіметінде діни білім ала алмаған алды 30-40, соңы 60-70 тегі имамдар партаға отырып, білім алуда «Аллаға шүкір мыңда бір шүкір», дейді көзіне жас алған бір қарт имам, осындай институт мұнан 10-15 жыл бұрын ашылғанда, бұл күндері елімізде, дінімізде білімді білікті дін қызметкерлеріне тапшылықты сезбес еді. Алты жыл ішінде Ислам және өркениет газеті таралымы 45мыңға жетті. Иман атты журналда оқушылырын сусындатуда. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазахстанская правда», «Түркістан», «Жас Алаш», «Қазақ Әдебиеті» газеттерінде оның дін ғана емес, өмірдің сан-саласын қамтитын ізденістерге толы іргелі дүниелерін жиі оқитын болдық.
Әсіресе, діни ағартушылық ісіне үлкен мән береді. Қаламы қуатты. Жаза да айта да біледі. (Жас Алаш 9-қаңтар 2007ж) .
Хазірет муфтиіміз өз сөзінде: «Біздің ата- бабаларымыз сан ғасырлар бойы Ислам дінінің Ханафи мәзхабын ұстанып келді. Бүгінгі ұрпақта солай ұстана беретін болады» деген сөзін ала отырып біз Ханафи мәзхапқа сүйене отырып Жаназа үкімдерін жазып іздендік іләһи Аллаһым қабыл еткен болсын. Әумин!
І-тарау Өзіне өлім тілеуді қайтару және Аллаға жақсы ниетте болу жайында
احكام الجنائز
Жаназа сөздікте «сатр» перде, тосық мағынасын береді. Табытқа салынған өлікті «жаназа» дейіледі.
الفصل الاول فى النهى عن تمنى الموت فى حسن الظن بالله
عن انس رضى الله عنه عن النبى صل الله عليه وسلم قال لا يتمنين احد منكم الموت لضر نزل به فاءن كان لا بد متمنيا للموت فليقل اللهم احيني ما كا نت الحياة خيرا لي وتوفني ءاذا كانت الوفاة خيرا لي رواه الخمسة وفي روا ية
قا ل قيس ءاتيت خبابا وقد اكتوى فى بطنه سبعا فسمعته يقول لولا ءان انبى صل الله عليه وسلم نها نا ءان ندعو بالموت لدعوت به وللبخارى لايتمنى أحدكم الموت اما محسنا فلعله يزداد و اما مسيئا فلعله يستعتب
Анас одан Алла разы болсын риуаяты:
«Пайғамбар ғ. с:
«Ешқайсыларың өзіне жеткен зарарға өлім тілемесін. Егер өлім тілеуден басқа шарасы болмаса:
«әй Аллахым тірі болып жүруім игілік болса, мені тірі қалдыр. Қашанда маған өлуім қайырлы болса, маған өлімді қайырлы ет десін » деді ».
Бесеуі риуаят еткен;
Басқа риуаятта.
«Қайс хаббаптың алдына барсам қарнына 7-і рет отты темір мөрді бастырған екен. Мен оның «егер пайғамбарымыз ғ. с. өзімізге өлім тілеуден қайтармағанда еді, әлбетте оны тілеп дұға қылған болар едім» дегенін есіттім, деді» дейілген .
Бухаридің риуаятында;
«Ешқайсысың өзіне өлім тілемесін. Егер жақсылардан болса, ғамалы көбееді. Егер жамандардан болса, тәубесіне қайтар » дейілген.
Шарх : Алла өмірді адамға берді. Адам бұл дүниеде жақсы-жаманға шыдап, өзіне берілген өмірді сыйлы болып өткізуін. Кімде-кім өзіне жеткен кейбір қиыншылықпен, зарарға шыдай алмай өзіне-өзі өлім тілесе, Алланың тақдырына, қалауына қарсы шыққан болады. Бұл жағдай момын үшін дұрыс емес.
Соның үшін де пайғамбар ғ. с. үмбеттеріне өздеріне өлім тілеуден қайтарады.
Кейбір кісілер өте нашар жағдайға түсіп қалған тақдырдада бұл істі Аллаға тапсырып, өздеріне жақсылық сұрау өсиет етілуде. Момын кісі әрдайым жақсылық жағында болады. Соның үшінде Алладан өлім жақсы болса, өлімді, өмір жақсы болса, өмірді беруін тілейді.
Не үшін өлім тілеу мүмкін емес екендігін Имам Бухари риуаятында Пайғамбарымыз ғ. с. өз жағынан баян етуде:
«Ешқайсысың өлімді өзіне тілемесін. Егер жақсылардан болса, ғамалдары көбееді, егер жамандардан болса, тәубесіне қайтар».
Момын кісі өзіне өлім тілемесін себебі жақсы адам болса, өмірінде жақсылықтары көбейіп, ахыретке жинайтын сауаптары көп болады. Егер Алла көрсетпесін жаман адам болса, тірі қалуы оған тәубе қылуға, жақсылар қатарына қосылуға уақыт, өмір болады. Демек өмір момын үшін жақсылық, ізгілікпен болады. Ал енді өзіне келген зарарға сабыр қылуда көптеген сауаптарға еге болуға себеп болады.
عن جابررضى الله عنه قال:سمعت رسول الله صل الله عليه وسلم قبل موته بثلاث يقول:لا يموت احدكم الا وهويحسن الظن بالله تعالى رواه أبو داؤد و مسلم
Жабыр одан Алла разы болсын риуаяты.
«Пайғамбарымыз ғ. с. -ның өлімінен үш күн алдын:
«Әр біріңіз өлімінен алдын Алла т. ғ. жайында тек жақсы ойда болсын» деп айтып жатқандарын есіттім».
Абу дәуіт және Муслим риуаяты.
Шарх. Осы хадиске сай момын кісі өлімінен алдын Алла мен үшін мейірбанды, мен үшін рахымы мол, мен үшін шапағатты деген жақсы үміттерін қылғаны дұрыс.
Алайда дені сау кезде момын кісі әрдайым қауіпте тұруы Аллаға тақуа қылып жүруі керек. Міне сонда ғана ол жамандықтардан қайтады және жақсылықтарды көптеп жасайды.
- Жан берер адамның жанында зікір, дұға және құран тіләуатын оқу
الذكروالدعاء والقرأن عند المحتضر
عن أبى سعيد رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: لقنوا موتاكمل لااله الا الله رواه الخمسه الا البخارى
Абу Сағид(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбар ғ. с:
«Өлім алдында жатқандарыңызға « Лә иләһа иллаллаһты » талқин қылыңдар» деді».
Бесеулерінен тек бухари риуаят етпеген.
Шарх: өлім алдында тұрған адам жанындағы кісілер дауыстарын шығарып «Лә иләһа иллаллаһ» сөзін айтып тұру үкімін осы хадистен алынған.
Мұхтазар - яғни өлім халінде жатқан адамға осы сөзді айт деп мәжбүр қылынбайды. Жан шығудың ауыртпашылығынан айтпаймын, деп жіберуі е басқада қолайсыз жағдайға түсуі мүмкін. Сол себепті жанында отырушылар дауыстарын шығарып айтып отырады
Мұхтазар айтса тоқтайды. Соңғы сөзі калима шахадат болған адам бақытты болады. Мұхтазар калима шахадатты айтқаннан кейін және басқа сөз айтса, жанындағылар қайтадан калима шахадатты айта бастайды.
Қорытынды: не болған жағдайда да мухтазар өз еркімен калима шахадатты айтқаны абзал.
عن أم سلمة رضى الله عنها قالت: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم اذا حضرتم المريض أو الميت فقولوا خيرا فاءن الملائكة يؤمنون على ماتقولون قا لت:فلما مات أبو سلمة أتيت النبى فقلت: يا رسول الله ان أبا سلمة قد مات قال قولى: اللهم اغفر لى وله و أعقبنى منه عقبى حسنة قا لت: فقلت فاعقبنى الله من هو خير لى منه محمدا صلى الله عليه وسلم رواه الخمسة الا البخا رى
Умму Салама(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбар ғ. с:
«Қашанда науқастың е өлім алдында жатқан кісінің жанында ьолсаңыз жақсы сөз айтыңдар. Себебі періштелер сіз айтып жатқан сөзге, әмин, деп тұрады» деді.
Абу Салама өлгенде ардақты пайғамбарымыз ғ. с. -ның алдарына келдім де:
«Әй Алланың елшісі, Абу Салама өлді » дедім.
«Әй Жаратушым, мені де, оны да жарылқа және маған оданда жақсы артта қалушыны бер, деп айт» деді.
Мен оны айттым кейін Алла маған одан да жақсы артта қалушыны- Мұхамед ғ. с. -ді берді » деді ».
Бесеулерінен тек Бухари риуаят етпеген.
Шарх: Осы хадиске амал қылумен жоғарғы Ислами әдепке амал қылынған болады. Науқас және мухтазар кісі ең көңілі сынық адам болады. Сол себепті оның алдында тек жақсы, үміттендіруші сөздерді сөйлеу керек. Сонда олардың көңілдері көтеріледі. Ең маңыздысы әрбір сөзге періште әмин деп тұрады. Момын кісінің сөзі періштенің әминіне сәйкес келсе, қабыл болады. Әне сонда науқастардың шипа табуына, мухтазардың соңы жақсы болуына үміт туылады. Соның үшінде науқас және мухтазар кісілер жанында болған адамдар тек жақсы сөздерді сөйлеулері шарт.
Хадис шәріптің екінші жарымында мұсылман кісі өлгеннен кейін оның жақындары қандай дұға етулері жайында тағылым берілуде.
Эфиопияға жанұясымен хижрат еткен сахабалардың бірі Абу Салама (Алла одан разы болсын) өлген кездерінде ол кісінің жұбайы Умму Салама ардақты пайғамбар ғ. с. -ға күйеуінің қазасы жайында хабар берген екен. Сонда ардақты пайғамбарымыз ғ. с. Умму Саламаға осындай уақытта оқылуы керек болған дұғаны үйретіп:
«Әй Жаратушы, мені де оны да жарылқа және маған оданда жақсы артта қалушыны бер » жақсырағын бере көр ». деп айтуды бұйырған екен. Ақиқатта да мұсылман адам тірі болсын, өлі болсын Алланың мағфиратына мұхтаж. Тірілер өздеріне мағфират сұрауға еге. Алайда өліктер ше? Өліктерге олардың жақын кісілері сұрайды. Сонымен бірге жақынынан айрылып, қайғы қасыретке түскен адамға Алладан оданда жақсысын сұрау, әуел, қайғыны жеңілдетеді, ең маңыздысы, дұғасы қабыл болып қалса, мақсатқа жетеді. Себебі әдетте мұсибатқа түскен адам шын жүрегінен дұға қылады.
Мұндай дұғаны Алла тез қабыл етеді.
Умму Салама (Алла одан разы болсын) мысалыда сондай болды. Алла тағала ол кісінің дұғасын қабыл етті. Ол кісіге Абу Саламадан жақсы орынбасар берді. Ол кісіге Абу Салама орнына ардақты пайғамбарымыз ғ. с. -ді күйеу болды. Умму Салама (Алла одан разы болсын) момындарға ана болу бақытына жетті.
Демек, жақын кісісі өлген мұсылмандар осы дұғаны оқып тұрулары керек.
عن معقل بن يساررضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: اقرءوا يس على موتاكم رواه أبو داود والنساء وأحمد وابن حبان و صححه
Мағқил ибн Иасар(Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ. с:
«өліктеріңізге «ясин» ді қираат етіңдер» деді».
Абу Дәуіт, Насаи, Ахмет және ибн Хиббан риуаяты:
Шархы: Ғұламаларымыз осы хадиске 3 үш түрлі ыжтыһад еткен. Кейбіреулері хадистегі «өліктеріңізге » дейілгеннен мұрат өлім төсегінде жатқандарыңызға, дейілген. Соның үшін мухтазар кісіге « ясин » сүресін оқу керек. Бұл сүреде қайта тірілу, қиямет, жаннат және тозақ, шайтанның пітнәсынан ұзақ болу, сияқты мәселелерді қамтиды соның үшінде сүрені оқуға әмір қылынған, дейді. Бұл топтағы ғұлама атақтылары Имам Малик және Имам Шафиғи.
Екінші топ тағы ғұламалар Имам Ахмет ибн Ханбал, Ханафилер (кейбір Малики және Шафиғилер де) олар тіләуат өліктер үшін қылынады деген және өз сөздеріне осы хадисті және Ислам үмбетінің амалын құжат қылып келтірген. Сонымен қатар төмендегіндей шарх еткен.
1. Хадисте өліктеріңізге дейілген, өлім төсегінде жатқандарыңызға, дейілген емес. « Өлік » ақиқатында өліп болған кісіге қолданатын сөз. «Өлік» сөзін өлім төсегінде жатқан кісіге істету үшін қосымша дәлел е ишара керек. Бұл жерде ол нәрсе жоқ.
Имам Шафкани соны айтады: «Ал- мухиб ат-Табари: «аталған хадиске барлық жақтан амал қылу хақ. Мұны Дара Қутни келтірген хадисте де қуаттайды.
«Кім зираттарға кіріп, « қул хуаллоху ахад »-ты 11он бір рет оқып сауабын өліктерге бағыштаса,
2. тіләуаттың даналықтарынан бірі жеңілдік келтіру. Бұл нәрсе мухтазарға, мейітке де тиесілі.
«Муснадул Фирдауста: «қайсы бір өлік өлгеннен кейін оның алдында «ясин» тіләуаты оқылса, әлбетте Алла оған жеңілдік береді » дейілген.
Имам Ахмед: « Шейхтар қашан «ясин» мәйіт үшін қираат қылынса, оған жеңілдік беріледі », дейтін ». деген.
3. Жаназа намазында Фатиһа с. оқылуына қиас қылынады.
4. Хадистерде зираттарды зират етуде өліктерге сәлем беру талап етілген. Егер мәйіт тірі адамның сөзінен болған сәлемнен хайырлы болса, неге Алланың сөзінен хайырлы бола алмайды?!
5. Құран тіләуаты оқылған жерде тыныштық рахым болуы мәлім және белгілі. Неге енді мәйіт бар жерге тыныштық рахым болмауы керек екен?!
6. Хадисте риуаят етілгендей, сапарға шыққан бір адам білместен зират үстіне палатка құрып алады. Кейін қабыр ішіндегі адам табарак сүресін соңына шейін тіләуат қылғанын есітіп, мұны ардақты пайғамбарымыз ғ. с-ға жеткенде ол:
«Ол (табарак. сүресі) қайтарушы. Ол нажат беруші, оған қабыр азабынан нажат береді » деген.
Тіләуатты оқуға болмайды деушілердің дәлелі жоқ. Мәлімки шариғат бойынша бірер істі қылуға да, қылмауғада дәлел құжат болуы керек. Өліктерге тіләуат қылуды қайтаратын дәлел жоқ.
Осы топтағы ғұламалар бұл сөздер Құран тіләуаты қылып сауабыны бағыштамағанда айтылатын сөздер, егер сауабын бағыштайтын болса, бұл сөздерге де орын қалмайды. Себебі онда дұға мағынасынаайналады, дұғадан мәйіт пайда алатынын ешкім жоқ дей алмайды, дейді.
1. 2 Момынның қазасы, белгілері және үмбеттің ғұмыры
علامة موت المؤمن و أعمار الاءمة
عن بريدة رضى الله عنه عن النبى قال: المؤمن يموت بعرق الجبين رواه الترمذى والنسائى و أحمده
Бурайда (Алла одан разы болсын) риуаяты:
« Пайғамбарымыз ғ. с:
« Момын кісінің маңдайы тер болып тұрып өледі », деді ».
Термизи, Насаи және Ахмет
Шарх: Өлімнің ауыртпашылығынан және Жаратушы Рабысынан өзіне берілетін сый- сыяпатынан маңдайы терлеп кетеді.
عن عبد الله رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ان نفس المؤمن تخرج رشحا ولا أحب موتا كموت الحمار قيل: وما موت الحمار قال:موت الفجأة رواه الترمذى ولاءبى داود:موت الفجأة أخذة أسف
Абдулла (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Пайғамбарымыз ғ. с:
«Момынның жаны тер тамшысы арқылы шығады. Есектің өліміне ұқсас өлімді жақтырмаймын » деді.
«Есектің өлімі қандай болады? » дейілді.
«Тосыннан өлу », деді.
Термизи риуаяты.
Абу Дәуіттің риуаятында:
«Тосыннан өлу жазасын беріп тұрып алу, дейілген.
Шарх: Осы хадисте момын кісі өлімінен алдын, ол тұралы ойлап уайымдауы арқылы денеден кейбір тер шығып соң жан беруі жақсылық белгілерінен екені анық білінуде.
Ғұламаларымыз бұл жайында мәліметтерді топтағаннан соң мынандай қорытынды сөзге келген, өлімінен алдын науқас болу абзал екен. Өйткені науқас адам тәубе қылады, өліміне дайындық көреді, өсиет етеді және т. б.
Хадисте тосыннан болатын өлімді есектің өлімі, деп аталуы кәпірге қолданған мағына.
Бұл мағынаны Имам Абу Шайба риуаят қылған төмендегі хадистен біліп аламыз:
«Тосыннан өлу момын үшін рахат, кәпір үшін азап бар ».
Алла тағала момын жағдайда өлуімізді нәсіп етсін. әмин!
عن عبد الله بن عمرو رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ما من مسلم يموت يوم الجمعة أو ليلة الجمعة الا وقاه الله فتنة القبر
Абдулла ибн Әмір (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Қайсы бір момын жұма күні е жұма кешінде өлсе, Алла оны, әлбетте, қабыр пітнәсынан сақтайды », деді ».
Шарх: Осы хадистегі мағынада жұма күннің қаншалықты қасиетті екенін білсе болады.
Сонымен бірге, адам бұл дүниеде не қылса да қылып, жұма күні өлу нәсіп етсе, бүкіл істері оңынан туады деген қате пікір туылмауы керек.
Әуелі, бұған ұқсас хадистерде тақуалығы бар момын пенделерге. Себебі жұма күні кәпір, дінсіздерде сан-санақсыз өледі.
Екіншіден, ғұламаларымыз осы хадистегіндей ұқсас жеңілдіктер тек жұма күні өткенше, уақтыншалық болады, деген. Қандай болғанда да момын пенде үшін жұма күні өлу жақсы екен.
Алла бізгеде сондай күндерден нәсіп етсін.
عن أبى هريرة رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: أعمار أمتى ما بين الستين الى السبعين وأقلهم من يجوز ذلك رواهما الترمذى
Абу Хурайрата (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ. с:
«Үмбетімнің өмірлері 60 алпыспен 70 жетпіс ортасында. Бұдан азғанасы тыс болады », деді ».
Екеуінде Термизи риуаят еткен.
Шарх: Ардақты пайғамбарымыздың ғ. с-ның жасы, хазірет Абу Бакр Сыддық және хазіреті Омар 63 алпыс үш ғұмыр жасап, өткен.
1. 3 Өлімде пенделерге рахат бар
فى الموت راحة للعباد
عن أبى قتادة رضى الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم مرعليه بجنازة فقال:مستريح و مستراح منه فقال: العبد المؤمن يستريح من نصب الدنيا والعبد الفاجر يستريح منه العباد والبلاد والشجروالدواب رواه الشيخان و النساءى
Абу Қатада (Алла одан разы болсын) риуаяты:
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ. с-ның алдарынан бір жаназа алып өтті. Сонда ол:
« аман болушы және одан аман болғандар » , деді ».
«Әй Алланың елшісі, аман болушы және одан аман болушылар дегеніңіз өзі не? »дейілді. Сонда ол:
«момын пенденің қазасы, дүниенің қиыншылықтарынан аманда болады. Кәпір адам өлсе, одан пенделер, ел-жұрт, ағаштар және жаны бар заттар аманда болады », деді ».
Екі шейх және Насаи риуаяты.
Шарх: Бұл дүние момын үшін қапас, соның үшін момын өлімімен бұл дүние қамауынан азаттыққа шығады. Бұл дүниенің қиыншылықтарынан, уайымдарынан ахіреттің жеңілдіктеріне және бақытқа кеңеледі. Момын пенде өлімі арқылы рахатқа жетеді.
Кәпір пенде өзінің жамандықтарымен дүниедегі баршаға азар беріп жүрген болады. Ол қолынан келген жамандықтарын жасайды. Адамдарға, ел-жұртқа, өсімдіктерге жануар әлеміне де зарары жетіп тұрады. Соның үшінде пасықтың өлімі себепті аталған нәрселер баршасы одан және оның кесапаттығынан құтылып, әманда болады.
ІІ-тарау Жоқтау және соған ұқсас нәрселерге тиым алу Үкімі
الفصل الثانى فى تحريم النيا حة و نحوها
عن عبد الله رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: ليس منا من ضرب الخدود و شق الجيوب ودعا بدعوى الجاهلية رواه الخمسة الا أبا داود
Абдулла (одан Алла разы болсын) риуаяты:
« Ардақты Пайғамбарымыз ғ. с.
«Кім бетінен ұрып, жағаларын жыртса, надандық дәуірдегіндей айқайласа, бізден емес », деді ».
Бесеулерден тек Абу Дәуіт риуаят етпеген.
Шарх: Осы хадисте біреу өлгенде оның жақын туыстары өздерін қайғылы етіп көрсету үшін, өздерін ұрып, киімдерін жыртып, ойбайлап жылап, сенгенім, сүйенгенім пәленше-түгенше деп, Исламға тура келмейтін сөздерді айтып, жылау турасында сөз кетуде. Бұлар баршасы жаман істер болғандығы және мұсылман адамға тура келмегені үшін Пайғамбарымыз ғ. с мұндай іс қылғандарды бізден емес, деуде. Бұл өте ауыр сөз, «Бізден емес» дегені мұсылмандардан емес, дегені.
Өкініштісі сол көптеген өлкелерде әзірше осы хадис шәріпке амал қылынбай келуде. Әйелдер басқалардың надандық өлшеуімен айтатын сөздерінен қорқып, өздерін надандық істерге орын беріп беттерін тырнап қанатады, киімдерін жыртады.
Естерінен талғанша жылайды. Момын-мұсылман адам ешуақыт
жолмен барып, ол кісі қайтарған істерден қайтуымыз шарт.
عن أبى مالك الاشعرى رضى الله عنه عن النبى صلى الله عليه وسلم قال: أربع فى أمتى من امرالجاهلية لا يتركونهن الفخرفى الاحساب والطعن فى الانساب والاستسقاء بانجوم والنياحة وقال:الناءحة اذالم تتب قبل موتها تقام يوم القيامة وعليها سربال من قطران ودرع من جرب رواه مسلم والترمذى ولفظه:أربع فى أمتى من امر الجاهلية لن يدعهن الناس النياحة والطعن فى الاحساب والعدوى أجرب بعير فاءجرب ماءة بعيرمن أجرب البعير الاول والءنواءمطرنا بكذا و كذا
«Ардақты Пайғамбарымыз ғ. с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz