От пен судың ертегі жанрындағы қызметі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты. Адамзаттың рухани дамуында фольклор мен әдебиеттің алатын орны үлкен. Өзара күрделі ұқсатықтары да, елеулі айырмашылықтары да бар құбылыстардың мәні мен өзгешілігін нақтылап отыру - адамзаттың рухани даму жолдарын түсіну үшін ғана емес, мәдени ілгерілеуіміздің болашағы үшін де аса қажет. Фольклор ғылымын жете тануға ғылыми фактілер, түрлі әдіснамалық сенімді тіректер керек. Сөз өнері болуы - фольклордың негізгі сипаты бола тұрса да, оның көп қырлы табиғатын ашу үшін біз басқа да ғылыми пәндермен ұштастыра отырып жұмыс жасайыз. Ауыз әдебиетіндегі қызғылықты жайттарды зерттеу үшін этнографияның, тарихтың, тілдің, философияның, мәдениеттің т. б. ғылымдардың тиісті деректерін салыстыру шарт болады. Жұмыс барысымызда детальды зерттеу басым болатындықтан, от пен су культінің әлем халықтары мен қазақ түсінігінде қалай сақталғаны, халық психологиясына қалай әсер беріп, біздің әлеуметтік өмірде қандай образбен көрініс беретінін анықтаймыз.

Тақырыптың зәрулігі. Уақыт озған сайын ауыз әдебиетінің жекелеген туындылары ғана емес, тұтас жанрлары да эволюцияны бастан кешіреді, бірі жаңаланса, екіншісі ескіріп, үшіншісі тыңнан пайда болады. Елдің дүниетанымындағы, наным - сеніміндегі, мінез - құлқынындағы соны серпілістер фолкьлор туындыларының құрылымына, оқиғалық өріліміне тосын өрнектер қосады. XIX - ғасырдың I -жартысында қазақ даласында болған зерттеушілер мен ғалымдардың атқарған тыңғылықты істерінің үлкен саласы - халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жарыққа шығару жұмыстары. Әсіресе қазақтың ескі жазбалары жинақталып, эпостық жырларды, аңыз әңгімелер қағаз бетіне түсірілді. Қазақ фольклорын зерттеуде өз зерттеушілеріміз де айтарлықтай еңбектер атқарды. Ш. Уәлиханов[1], Ә. Диваев [2] тардан бастау алған іргелі зерттеулерді ХХ ғасырда Ә. Қоңыратбаев[3], М. Әуезов [4], Е. Ыcмайылов [5], Р. Бердібаев[6], С. Қасқабасов[7], Ш. Ыбыраев [8] т. б. жүйелі түрде жалғастырды.

Жалпы фольклорлық шығармалар, олардың жанрлары біршама дәрежеде зерттелгіндігін айта келе, халықтардың ауыз әдебиетінде детальды образдардың түрліше көрініске ие болатынын айтқымыз келеді. Жалпы деталь мағынасы, мәні бар ұсақ ерекшелік. Қандай да бір жекелеген қасиеттердің сонау әлем әдебиетінен қазақ әдебиетіне ұқсас кейіпте немесе реконструкцияланып келуі бізді бей-жай қалдырмады. Белгілі бір дәрежеде құбылыстардың символы болып келетін от пен су детальдарының халық танымынан, халық философиясынан, халық тарихы мен мәдениетінен хабардар ететінін ескерсек, қызғылықты әрі айтыла жүретін мәселенің бірі деген ойға келдік. Фольклорлық шығармалар ішіндегі детальдар от пен су арқылы жалқылай зерттеудің арқасында ашылмай жатқан дүниелердің жете тануға мүмкіндік бар екенін ескеріп, тақырып ауқымын қалыптастырды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.

  • ертегі, аңыз-әңгімелер мен мифологияда от пен судың атқаратын қызметтері;
  • фольклор жанрларында көрініс тапқан от пен судың жалпы табиғаты мен образдылығын көрсету;
  • типологиялық салыстыру арқылы от пен судың әр халықтың танымында қалыптасқан ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау;

Осы мақсаттарды негізге ала отырып мынадай міндетті қоямыз:

  • от пен судың әлеуметтік мәнін таныту;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • от фольклорлық жанрларда өмір образында бейнеленеді;
  • от тіршіліктің символы бола алады;
  • ауыз әдебиетінде от кейіпкерге берілетін сынақ;
  • фольклорлық шығармаларда су өмірдің символы;
  • су табыстырудың, қайғы-қасіреттің образдылығы бола алады;

Жұмыстың дерек көздері. Н. А. Кун «Греция мифтері мен аңыздары»[9], «Қазақ ертегілері» Т. 1. [10], Т. 2. [11], Т. 3. [12], Т. 4. [13], Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр аңыздар» [14], Ө. Қабатайұлы «Құс бегі» [15], Ө. Қабатайұлы «Мұса мерген»[16], «Алтын сырнай»ертегілер жинағы[17], М. Әуезов «Ертегілер»[18], Қытай халық ертегілері [19], «Батырлық жырлар» Т. 1. [20], Т. 2[21], Т. 3. [22], Т. 4. [23], «Қазақтың мифтік әңгімелері» [24] т. б.

Жұмыстың методологиялық - теориялық негіздері: Дж. Дж. Фрэзер [25], Л. Я. Штернберг [26], Юлиус [27], С. А. Токаров [28], С. Каташ [29], С. Суразаков [30], А. Ф. Лосев [31], Б. А. Тураев [32] секілді шетел ғалымдарымен бірге Р. Бердібаев [33], С. Қасқабасов[7], Ш. Ыбыраев [8], С. Қоңдыбаев [34] т. б еңбектері басшылыққа алынды.

Жұмыстың зерттеу әдісі. Жұмыс барысында баяндау, салыстырмалы - типологиялық, жинақтау, қорыту әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың практикалық маңызы: Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері этнография саласында, фольклорлық арнаулы курстарда, ашық сабақтарда, дәстүрлі мерекелерде, жоғарғы оқу орындарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, «От пен судың ертегі жанрындағы қызметі» және «Ертегіден өзге жанрлардағы су мен оттың көрінісі» атты 2 тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

От пен судың ертегі жанрындағы қызметі

Қай елдің ауызша әдеби шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында «ертегі» деген атау әрі саны мол, әрі алуан түрлі шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы барлық ертегілерге ортақ ерекшелік; бұлар кара сөзбен айтылатын уақиғалы, көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер түрінде немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер түрінде құрылған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты болып келеді. Осы аталған қызғылықты әңгіменің бәрі де ертегінің түріне қосылды.

Көп алуандас тақырыптардан құрылатын ертегілік қор- фольклористика ғылымының түгел шолып, зерттейтін бұйымдары. Белинский халық шығармасынан тарихтық жайды аңдау керек екендігін, халық поэзиясында қоғамдық тартыстың сәулесі барлығын, онан соң, көркем әдебиетті туғызушы және сақтаушы да халықтың өзі екенін айтқан болатын [35] .

Добролюбов та ертегілер жайын сөз еткенде ең алдымен сол ертегілердің халық ортасында сақталу, айтылу жағдайларын сипаттау керек, - дейді. Сонымен қатар, ертегіге халықтың өзінің бейілі қандай екенін ашуды шарт етеді. Добролюбов: «Ертегі бізге ең алдымен халықты мінездейтін материал есебінде қажет», - деген [36] .

Адамзат тарихында от пен судың атқаратын қызметтерінің орасан зор екені белгілі.

Қазақ фольклорында бұл екеуінің рөлдеріне тоқталмас бұрын от пен судың әлем әдебиетінде қалай көрініс табатынын, басқа халықтың түсінігінде бұл екеуінің қалайша образ тапқанын сөз еткенді жөн көріп отырмыз.

Гестия- ежелгі гректердің отбасы құдайы есебінде қадір тұтатын тәңір әйелдерінің бірі. Ал ежелгі Түркілер Ұмай ананы отбасының берекесін сақтайтын, қасиетті ана тұрғысында қараса, элладалықтар да әр отбасы болып құралған ерлі-зайыптылар Гестияны шаңырақтың қамқоршысы деп, құрбандық шалатын болған.

Сонымен қатар, бейбітшілік пен тыныштықтың иесі ретінде, мемлекет немесе қала бір үлкен отбасы ұғымында қабылданып, өкімет орындарының ғимаратында, қалалық басқару орталығының үйлерінде Гестияға арнап сыйынатын бөлме, орын арнайтын болған. Сол сыйынатын орындарда халық Гестияға тәу етіп, бас иетіндіктен, Грекияда Гестияға арнап зәулім храмдар мен ғибататханалар салынған. Бұл мемлекеттік ошақ азаматтық бейбітшілік пен берекенің белгісі, символы болған.

Егер грек алыс сапарға шықса, бөтен елге аттанса, өзімен бірге шет жерде өз отанының құдайы желеп-жебеп жүреді деген ниетпен Гестияға арналған сыйынатын орыннан от тұтатып алатын болған. Екіншіден, өзінің отбасына аман-есен және ешкімге көз тастамай, ақ-пәк күйінде өз үйіне оралуы қажет деген ой әрдайым ойында болуы керек. Өйткені, от табиғаттың ең таза бөлшегінің бірі ретінде қарастырылған. Отқа табыну әр халықта бар десек, гректердің басым бөлігі отты отбасының иесі Гестиямен байланыстырған. От арқылы жақсылықты, берекелікті жасауға болады деп сенген. Көне грек аңызында Зевстің қатал әмірі бойынша, құдайларды місе тұтпайтын адамдарға отты бермей қырғынға ұшырату мақсатын көздегеніне қарамастан Гефестің көрігінен от ұрлаған Прометей туралы сөз етіліп жүргенін білеміз. Яғни, Прометей адамзатқа тіршіліктің ең маңыздысы от екендігін көрсете отырып, адамзатты мәдениет бастауына апарды.

Элладалық қаһарман Мелеагр туралы мифінде, оның дүниеге келгеннен кейін жеті күн өткен соң, тағдыр құдайлары мойралар отбасындағы жарық сәуле шашып, жанып тұрған шырақтың жанып бітуімен Мелеагрдің өмірі де өшетінін болжап береді. Бұны білген шешесі отты сөндіріп, шырақты тығып тастайды. Бірақ өзінің туған ағаларының өліміне жалғыз баласы Мелеагр себепкер болғандықтан, ашуға мінген Алфея шырақты қобдидан алып, тұтатады. Шырақ жанып біткен сала, Мелеагрдің өмірі де таусылады. Сөйтіп отбасының жалғыз ұлының өліміне, отбасының құрып-бітуіне әкеліп соқтырады.

Әлем халықтарының ертегілерінде оттың қалай пайда болғанын, бір елден бір елге қалай әкелінгені жайлы әңгімелер көрініс тапқан. Европа халықтарының ертегілерінің көбісінде оттың шығуы жайлы сөз қозғалады. Мысалы, «От қалай шықты» ертегісінде адамзат алғаш өмір сүргенде жер бетінде от жоқ болатын. Адамзат тамақты піспеген күйінде жей береді екен. Бір күні адам қатты ағашты аузына салып отыр еді, оның аузынан от ұшқыны шығып, кеуіп тұрған шөпке барып түседі. Сол жерде қатты қарқынмен от жанады. Адам сасқанынан қолындағы ағаштарын жанып жатқан отты өшіремін деп отқа лақтыра береді. Бірақ жанған от жанған үстіне жана түседі. Сол жанған ағаштың бұтағында жылан қалып қойған екен. Адам піскен жыланның етін жеп көруі мұң еді, піскен нәрсенің еті әлдеқайда дәмді болатынын болатынын білді. Сол сәттен бастап адамзат оттың не екенін білетін болды [37] .

Торресова аралының тұрғын халықтарының ертегілерінен мынадай қызғылықты оқиғаларды кездестіруге болады. «От қалай әкелінді» ертегісінде хайуан атаулының барлығы адамзаттың досы болған екен. Олар адам кейпіне еніп жүре береді екен. Бір Нелги деген аралда көп кесірткелер тұрады екен. Бұл жере айта кететін жайт, от пен күнді бір қарастыру мәселесі бар. Түрлі философиялық, символдық сөздіктерді қарасақ, әйгілі тоғыз планетаға жылу, өмір беріп тұрған-Күн. Ежелгі Грекия халықтарында темірден үлкен щеңбер жасап, оны қыздырып, «әлемге өмір беріп тұрған күн бейнесі» деп табынатын болған.

Алғашқы әңгімемізге қайта оралсақ, кесірткелер басшысы Валек Масингару аралындағы Убу деген туысқан апасынан от ұрлауға барады. Убу әпкесінің саусақтарының арасында өшпейтін от шоқтары бар екен. Валекке әпкесі жанып тұрған оттың қалдығын бермекші болады. Ал Валек болса әпкесінің саусақтарының арасындағы өшпейтін отты ұрлап кетеді. Торресова тұрғындарына от осылай тараған екен. Кезінде бір ғана Масингару аралында болған от енді Торресова аралының барлық жеріне араған екен дейді. Бұл ертегілерден от қажеттілігінің екі көрінісін көруге болады; біріншісі-адамзат отты кездейсоқ табады, екіншісі-мәңгі өшпес отты аңсағандықтан, басқа бір аралдан ұрлап әкеледі. Яғни, адамзат жанып жатқан нәрсенің от екенін біліп, оған піскен тамақтың дәмді болатынын, от бар жерде жылу, жарық болатынын біледі де, енді сол ғажайып нәрсе мәңгі өз қолымызда болса екен деген ниетпен оны ұрлайды.

Африка, Рим халықтарының танымында қалыптасқан от сөндірмеу дәстүрі қалыптасқан, сол түсінікке жақын келеді. Яғни, бұл жерде от өмірдің, тіршіліктің баламасы әрі бастамасы болып табылады.

«Су тышқан мен от» ертегісінде кішкене ғана су тышқаны от жағуды білетін болады. Күндердің күнінде аңдар су тышқанынан оттың қалай пайда болатынын көрсетші деп жалынады. Бірақ су тышқаны оларға қарамайтын өзімшіл болып кетеді. Аңдар жалынғаннан ештеңе өнбейтінін біліп, бүркітке жағдай айтып барады. Бүркіт аңдарға көмектеспекші болады да, тышқанды көтеріп алып, оған былай дейді:

-Адамзатпен, хайуандармен отыңмен бөліс. Егер бөліссең оларға да, маған да көп пайдаңды тигізетін боласың, -дейді. Тышқан келіседі.

Содан былай талай жыл өтсе де адамзат оттың алғашқы шығарушысы тышқан екенін ұмытқан. Себебі, сол күннен бастап тышқан атаулыға ешкімнің мейірімі түспеген екен дейді[37, 238] .

Атақты Прометей аңызына ұқсас болып келген бұл ертегідегі оттың мәні - өмірдің баламасы. Біздің ойымызша, оттың тарихы, онымен қоса оттың қызметі де жыл өткен сайын жаңарып отырады. Адамзат алғаш өмір сүргенде олардың от туралы түсінігі өздеріне деген қажеттіліктен туып, оттың жаны бар деп табынатын болған. Бертін келе от пәле жаладан сақтаушы т. б деген сияқты түрлі қызметке ие болып келеді.

Жоғарыдағы талдап кеткен Мелеагр туралы мифке қайта оралсақ, ондағы шырақтың жанып біте салуы, Мелеагр өлімімен тығыз байланысты дедік. Қазақ халқында «түтін түтету» деген «отбасын құру» мағынасында қолданса, «түтіні құрыды» деген «отбасының жоқ болуы, тұқымы тұздай құруы» мағынасында қолданған. Жоғарыдағы Мелеагрдың өлуі-шырақтың, яғни оттың өшуі бүкіл бір отбасының құруы деген мағына беретінінен екі халықтың ортақ ұғымы екенін аңғару қиын емес. Оттың ертедегі халықтың ой-ұғымындағы тіршілік, тіпті адам жанының сақтаушысы ретінде де әдебиеттерде жиі көрініс табады.

С. Қондыбаев өзінің «Арғы қазақ мифологиясы» еңбегінде «От ана» қызметін анықтауға көмектесетін мынадай сюжеттер келтіреді.

«Бір қыздың үйінде ошақтағы оты өшіп қалады. Бұл сюжеті «Майлықараша» ертегісінен кездестіруге болады. От іздеп шыққан қыз алыстан көрінген шоқты (жарықты) немесе тік (қисық) көтерілген түтінді көреді де, соған қарай жүреді. Барса, ол бір үйдің шаңырағынан шыққан түтін немесе есігінен көрінген от кемпірдің көзі екен. Қыз үйіндегі ошақ отының өшіп қалғанын айтып, кемпірден от сұрайды. Ал кемпір болса өз кезегінде қызға отты тек саусағынан немесе тізесінен (балтырынан) қан сорғызса ғана беретінін айтады. Қыз көнеді, кемпір қанын сорады.

Бұл ертегілік бейнеден ежелгі «От ана» немесе «Рулық оттың иесі» деген мифтік бейне келтірімін көріп отырмыз.

Сібір және Солтүстік белдеу халықтарының түсінігінде от әйел кейпіндегі «от қожалары» (саха- якуттар мен буряттарда -еркек кіндікті «от қожасы») түрінде кейіптеледі. Бұл тек жеке үйдің, отбасының, әулеттің, рудың, «жеке меншік» отының ғана кейіптелуі болып табылады.

Монғол халықтарының мифолгиясында Эл-Галахан эхе («Эл отының әже ханы»), От эхе (Од эхе, Ут эхе «От әже») делінетін от тәңіриесі бейнесі де әйел текті (кейде еркек текті) отбасының және рулық от рухтары жөніндегі түсініктер негізінде қалыптасқан. Яғни арғы қазақтың мифологиясында да осындай бастапқы келтірімнің болғандығын сенімді түрде айтуға болады. Сонымен қатар монғолдық бастаудан мифтегі «От хан- Галахан», «Эл-Галахан эхе» бейнесі мен есімдерінің негізінде монғолдық бастаудан басқа түркілік те бастаудың жатқандығын ескере отырып, шартты түрде «От анасы» деп отырған мифтік бейненің есімін «Ал әже»немесе «Алау әже» деп алуға болады», -дейді [34] .

Л. Я. Штернберг те өзінің «Первобытная религия» еңбегінде де туысқандық қауымның оты дегенді атап көрсетеді. «Ұзақ жасаған жанұяның жылуын, отын сақтаған қария адам, бөлек жеке отбасын құратын жас отбасыларға от беретін болған. Бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр болса, екіншіден туысқандық қауымның бірлігін, тұтастығын көрсететін көрініс», -деп түсіндіреді [26] .

Ежелгі римдік мифологиядағы мәңгі сөнбейтін культтік от пен үй ошағының отын Веста (гректер) Гестия деген есімді қатын-тәңірие келбеттеген, қазақ фольклорындағы кездесетін «қан сорғыш, әрі жұтып, әрі қайта қалпына келтіргіш» от ана-мыстан кемпірдің де функцияоналдық қызметін, сипатық тұрғыдан Веста мен Гестияға ұқсас болатынын болжауға болатын сияқты. Қазақ халқының «Қараүйрек» деген ертегісінен де осыны байқауға болады.

. . . Қараүйрек Сарқыт қарындасына ермек болсын деп оған мысық әкеліп береді. Аңға кетіп бара жатқанда Қараүйрек қант пен тоқаш тастап кетеді екен. Оны Сарқыт пен мысық екеуі бөліп жейді екен. Бір күні қант пен бауырсақ тастап кетеді. Қыз бөлісіп жейін деп мысықты шақырса мысық келмепті. Сарқыт өзі жеп қойған соң мысық келіп: «Тәте, неге шақырдың?»-деп сұрайды. «Жаңа мен үй жинап жүріп, қант пен тоқаш тауып алып едім, сен келмеген соң, өзім жеп қойдым», - дейді Сарқыт. Оған өкпелеген мысық: «онда мен сенің отыңды өшіремін», -деп, құйрығын шелектегі суға малып-малып алады да, суға шашып жібереді. От сөніп қалған соң, Сарқыт от іздеп далаға шығады. Алыстан жарқыраған от көрінеді. Сарқыт соған қарай жүреді. Жарқыраған жерге жетсе ол жеті басты жалмауыз екен, жылтылдаған соның көзі екен.

  • Е, қарағым, жақсы келдің, неғып жүрсің?, -дейді кемпір.
  • Шешеке, от алайын деп келдім, -дейді қыз.
  • Бармағыңнан бір сорғызсаң от беремін, болмаса от бермеймін. Оған көнбесең өзіңді жұтып қоямын, -дейді. Сарқыттың қорыққанынан есі шығып кетеді.
  • Жарайды, шешеке!-деп, Сарқыт бармағын сорғызады. Қыздың етегіне кемпір тұз бен күл түйіп береді. «Үйіңе барғанша «шеңгел бол», «от бол» деп бар, артыңа қарама, Қараүйрекке айтпасаң от болады», -дейді. Айтқанын орындап барса, жолдың жағасы ит өтпес шеңгел болып, күлі от болыпты. Отты жағып қыз уайымдап отырғанда, ағалары келеді [11] .

Зерттеу барысында көретініміздей әлем халықтарының ертегілерінде бір елден бір елге отты ұрлап әкеліп немесе сыйға тартып жататын қоян, тышқан, бүркіт т. б хайуанаттар болады. Көп ертегілерде отты адамзатқа әкеліп беретін - бүркіт.

Өзіміздің көне түріктердің бүркіт секілді қыран құсты пір тұту оттың культіне байланысты шыққан. Бүркіт адамдарға күннен от әкеліп беруші ретінде қастерленген. Осыған байланысты түрік-монғол халықтарында өзінің шыққан тегін бүркітпен байланыстыру ғұрпы да орын алған. Мысалы, меркіттер күн күркірегенде ақ киім киіп, боз атқа мініп, «Мен меркітпін» деп айғайлап шабады екен. Осылайша өзінің бүркіт руынан екенін білдірсе, найзағай мен күн күркүреуі тоқтайды деп сенген. Найзағай аспанның, я күннің ашу-ызасынан туады деп ұққан.

Византия елшісі Земарх қытайлық тақуа Сюань-Цзиннің мәліметтерін одан әрі нақтылай түсіп, түріктердің отпен аластау, тазалау ғұрпы бар екендігін хабарлаған.

ҮІІІғ. қырғыздар жайлы парсы тарихшысы Гардизи: «Қырғыздар үндістер секілді өлген адамды өртейді және былай дейді: «От ең таза нәрсе. Оған түскеннің бәрі тазарады, өлген адам да от арқылы жамандықтың және тірі кезінде жасаған күнәсінен тазаады», -деп жазған.

Бұдан сонау тас, қола дәуірі тайпалары кезінен бастау алатын отқа табыну көне түріктердің де өмірінен нық орыналғандығын байқау қиын емес.

Көп ертегілерде ханың қызының немесе қарындасының, әйелінің бір тал шашы суға ағып кетіп жататын сюжеттер кездесіп жатады. Нақтырақ мысалмен қарастырайық.

Құламерген деген батыр болады. Құламергеннің әйелі бір күні дарияның жағасына барып басын жуып отырғанда, бір буда алтын шашы суға ағып кетеді. Бұл шашты мыстан кемпір тауып алып, ханға апарады («Құламерген» ертегісі) .

Бұрынғы уақытта ерлігі жаннан асқан Аламан деген мерген болыпты. Оның сұлулығы хор қызындай Қарашаш атты әйелі болыпы. Қарашаш атануы, шашы алтындай жалтырап, беліне дейін түседі екен. Бір күні Аламан аңға кетсе, әйелі мен қызы суға түседі. Сонда әйелінің бір тал шашы үзіліп, суға ағып кетеді. Шашын аламын дейді да ала алмай үйіне қайтып келеді. («Аламан мен Жоламан» ертегісі)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сәбилік ғұрып жыры
Мағжан Жұмабаевтың поэмалары
Батыр Баян поэмасы
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Халық ауыз әдебиеті
Қобыланды батыр жыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz