Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Негізгі құралдардың есебі.
Негізгі құралдармен материалды емес активтердің тозуы
Нақты бухгалтерлік есеп
Алынған капитал есебі.
Қосымша төленген капитал есебі
Қосымша төленбеген капитал есебі.
Резервтік капитал есебі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу» болғандықтан, оны толықтай таратып жазу үшін, мен «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамын мысал ретінде жарғысы мен есеп саясатын қарастырып, оған қосымша авторы В.В. Родостовецтің «Бухгалтерлік есеп теориясы мен салалық ерекшеліктері» деп аталатын кітабын, В.Л. Назарованың «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» деп аталатын кітабын, А.П. Салинаның «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, Қ.К. Кеулімжаевтің «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, В.Э. Керимовтың «Өндірістік кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, П.С. Безруких редакциясымен «Бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, Е.Н. Галанинаның «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» кітабын және сонымен қатар бюллетень бухгалтера, досье бухгалтера журналдарын тағы да басқа материалдарды қолдандым.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадан түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсысыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары, мен алдағы уақыттарда табыс алу мақсатында жұмсаған шығындары және алажақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының Заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс, және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестермен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен ).
3. ҚР Заңы «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы» туралы №97-1 28.04.1997 ж.
4. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы.-Алматы, 1996-2003 ж.
5. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты. (аудармашы Тарусина В.И.),-М., 1998 ж.
6. Халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары. (құрастырушы Рапопорт М.М),-М., 1992 ж.
7. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктесіктер туралы Қазақсьан Республикасының Заңы. Қаржы қызметі, 1999 ж. №1.
8. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы мнистрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.
9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II Қазақстан Республикасының салық кодексі.
10. Андросов А.М. Бухгалтерский учет.-М.: Финансы и статистика, 1996ж.
11. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. –Алматы:АЙАН, 2001 ж.
12. Әбдіхалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті», 1999 ж.
13. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит.Оқу құралы-Алматы «Қазақ университеті» 2004 ж.
14. Дюсенбаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсенбаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности.-Алматы: Қаржы-қаражат, 1998 ж.
15. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов.-Алматы, 2003 ж.
16. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет.-М,1996 ж.
17. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ, хозяйственной деятельности и аудит.-М.:-Перспектива, 1994 ж.
18. Кеулимжаев К.К.Корреспонденция счетов.-Алматы: БИКО, 2000 ж.
19. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы.-Алматы: Экономикс, 2003 ж.
20. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп-Алматы: Экономика, 2001 ж.
21. Кеулімжаев К.К., Тулегенова Э.Т., Құдайбергенов Н.А. Субьектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы.Алматы:-Экономика, 1998 ж.
22. Нидлз Б., Андерсон Х., Клдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. Пер.с англ./ Под ред. Соколова Я.В.-М.: Финансы и статистика, 1996 ж.
23. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовой учет.-М.: ФБК Прес, 1998 ж.
24. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Н. Бухгалтерский учет на предприятии.-Алматы: Центраудит-Қазахстан, 1998 ж.
25. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Кинхузова К.К., Сальменова А.Т. Финансовый учет на предприятии.-Алматы: Экономика, 2003 ж.
26. Ришар Ж. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия / Пер с франц. М.: Аудит, ЮНИТИ, 1997 ж.
27. Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н., Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы:-Ұлағат, 1999 ж.
28. Тасмағанбетова Т.А., Омарова А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатова О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. Алматы:- Дәуір, 1998 ж.
29. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы:-Сөздік-Словарь, 1999 ж.
30. Шишкин А.К., Микрюкова В.А., Дышкант И.А. Учет анализ, аудит на предприятии.-М.: Аудит, ЮНИТИ, 1996 Ж.
31. Хорнгрен Ч.Т., Дж. Фостер. Бухгалтерский учет: управленческий аспект.-М.: Финансы и статистика, 2000 ж.
32. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерлік есеп және аудит. 2003 ж. №3 (1) С.3.
33. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы.// Бухгалтерлік есеп және аудит. 2003 ж. №4 (2) С.3.
34. Устав ТОО «Ритм-Ойл»

Кіріспе.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Кәсіпорындағы меншікті
құралдардың есебі және жүргізу болғандықтан, оны толықтай таратып
жазу үшін, мен Ембімұнайгаз ашық акционерлік қоғамын мысал
ретінде жарғысы мен есеп саясатын қарастырып, оған қосымша авторы
В.В. Родостовецтің Бухгалтерлік есеп теориясы мен салалық
ерекшеліктері деп аталатын кітабын, В.Л. Назарованың Шаруашылық
субъектілерінің бухгалтерлік есебі деп аталатын кітабын, А.П.
Салинаның Бухгалтерлік есеп принциптері деп аталатын кітабын, Қ.К.
Кеулімжаевтің Бухгалтерлік есеп принциптері деп аталатын кітабын,
В.Э. Керимовтың Өндірістік кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп деп
аталатын кітабын, П.С. Безруких редакциясымен Бухгалтерлік есеп
деп аталатын кітабын, Е.Н. Галанинаның Кәсіпорындағы бухгалтерлік
есеп кітабын және сонымен қатар бюллетень бухгалтера, досье
бухгалтера журналдарын тағы да басқа материалдарды қолдандым.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадан түрімен
айналысатын шаруашылық субъектілері қайсысыларының болса да шаруашылық
қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары,
ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары, мен алдағы уақыттарда табыс алу
мақсатында жұмсаған шығындары және алажақтары болуы қажет. Осы жоғарыда
аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық
субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының
Заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс, және де ол сол субъекті
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестермен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы
өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да
көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп
отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп
тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен
құрылымы бухгалтерлік баланстық активінде көрсетілсе, ал капиталдың
қаржыландырылу көздері пассивінде көрсетіледі.
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс
және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай “негізгі” (айналыстан тыс) активтер және “айналыстағы
активтер” деп екіге бөледі.
Негізгі (айналыстан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, қаржылық (ұзақмерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан тұрады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің
материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен
пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауар – материалдық қорлар, дебиторлық
алажқтар және басқадай активтер жатады.
Субъектінің мүлкі немесе капиталы оның негізгі құралдары мен
айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті
капиталының көздері болып мыналар ссаналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөліньеген пайда.
Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз
қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді
несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Жарғылық қор меншік иесі субъектінің кәсіпорының жарғысында қаралған
қызметін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржылардың сомасы болып
саналады.
Меншіктің ұйымдық – құқығының нысанына жәнеменшік иесінің тиісті
құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы
мүмкін: шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік,сенім серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, ашық және жабық акционерлік қоғам)жарғылық капиталы;
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да
құрылтайқұжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі
керек. Оның мөлшері құрылтай құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен
кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың
номиналдық құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болатын құн айырмашылығынан
туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды
қайта бағалағанда олардың құнның өскен сомасынан және тағыда басқалардан
туындайды.
Резервтік капитал –кемшекте болуы мүмкін зияндар мен шынымдардың орнын
толтыруға арналыпшаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген
меншікті капиталдың бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу
тәртібі Қазақстан Республикасының Заңдары мен шаруашылық субъектінің
жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық
шағындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан
басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Меншікті капитал өзінің қалыптасу есебіне байланысты кәсіпорын меншік
иелерінің құралдарына ие. Оның көлемі кәсіпорынның қызметінің қаржылық
нәтижесіне байланысты өзгеріп отырады. Ол кәсіпорынның барлық мүлкі мен
міндеттемелерінің айырмасы ретінде түсіндіріледі.
Меншікті капитал келесі көздерден құралады және толықтырылады:
- оның құрылуы кезінде меншік иелері салған құралдар есебінен;
- өткен және есепті жылдың таза пайдасы есебінен. Одан құрылтайшыларға
төленген девиденттері мен пайдаларын шегеру керек. Таза пайда
кәсіпорынның қолданысында қалатын корпаративтік табыс салығын
төлегеннен кейінгі табыстың бір түрі;
- басқа заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшы ретінде қайтарымсыз
салған салымдары есебінен.
Кәсіпорынның меншікті капиталы келесілерден құралады:
- жарғылық капитал;
- меншікті капитал;
- алынған капитал;
- қосымша төленген және төленбеген капитал;
- резервтік капитал;
- төленбеген пайда (жабылмаған зиян).
Меншікті капиталдың көлемі маңызды аналитикалық көрсеткіш
болып табылады. Егерде кәсіпорын кредиторлар алдында міндеттемесі болса,
онда бухгалтерлік есептің негізгі теңдігіне байланысты, кәсіпорын мүлкінің
құнының жиынтығы меншікті капиталдың көлеміне тең болады. Егер кәсіпорынның
міндеттемесі болса, онда оның меншікті капиталынан міндеттемелер сомасын
шегергендегі сомаға тең болады. Сондықтан меншікті капиталдың өлемін “таза
активтер” деп атайды.1
Жарғылық капитал – негізінен кәсіпорынның жарғысында анықталған
құрылтайшылардың немесе қатысушылардың салымдары есебінен және акцияларды
сатудан түскен табыс есебінен құралады. Кәсіпорын капиталының алғашқы
көздері. Жарғылық капиталға салынған құралдардың сомасы қайта құрылған
кәсіпорынның бастапқы қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгенде оның жарғылық капиталы
барлық қатысушылардың салымдарының жиынтық сомасына тең және ол құрылтай
құжаттарда көрсетіледі. Меншікті капиталдың көлемі кәсіпорын
құрылтайшыларымен белгіленеді және сәйкесінше мемлекеттік ұйымдарда
тіркеледі. Тіркеуде жарғылық капиталдың көлемін ұлғайту туралы шешімдер
қабылданбауы тиіс. Егер оның алғашқы жарияланған көлемі қатысушылар
толықтай төлемеген жағдайда. Кредиторлар меншікті капиталдың кемуі туралы
шешімді қайтара алады.2
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының
үлестерінен құралады. Жарғылық капиталды құқықтық реттеу оның қызметінде
айрықша маңызға ие. Жарғылық капиталдың қызметі үш негізгі категорияға
бөлінеді: біріншіден жарғылық капиталға салынған жарналар жаңа құрылған
кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін материалдық база болып
табылады; екіншіден жарғылық капитал кепілдік сипатқа ие. Шаруашылық
серіктестік өзіне тиесілі мүліктер шегінде кредиторлар алдында
жауапкершілігі болады; үшіншіден жарғылық капитал қызметі кәсіпорынның
әрбір қатысушысының қатыск үлесін белгілейді.
Шаруашылық серіктестік мүлкіне салынған салым болып: ақша құралдары,
бағалы қағаздар, материалдық құндылықтар, ақшалай құнға ие мүліктік
құқықтар немесе басқадай құқтар саналады. Шаруашылық серіктестіктің
қатысушысының салымының құндық бағалау қоғамның құрылтайшыларының келісімі
арқылы жүргізіледі және заңмен қарастырылған жағдайда тәуелсіз сараптауға
жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шаруашылық
серіктестердің құқтары мен міндеттері, құрылу тәртіптері анықталған.
Азаматтық кодекстің 58 бабында шаруашылық серіктестерді құрылтайшылардың
үлестері жарғылық капиталға бөлінген коммерциялық ұйым ретінде, ал оның
қызметінің нәтижесінде пайда болған мүлкі серіктестікке меншік құқығы
ретінде тиесілі. Шаруашылық серіктестің жарғылық капиталына жарна болып
ақша құралдары, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқтар соның ішінде
интелектуалдық меншік және басқадай мүліктер саналады.
Әрбір шаруашылық субъект өзінің құрылу кезінде құрылтай құжаттары
болуға тиісті. Оның басты – Жарғы болып табылады. Құрылтай құжаттарды
нотариалдық куәләеніріп Әділет ұйымдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Субъект жарғысында серіктестіктің құрылтайшыларының жарналарынан құралатын
жарғылық капиталды жариялайды. Жарналарды бағалау жақтардың келісімі
бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестіктер келесідей формада құрылуы мүмкін:
- толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшыларымен
белгіленеді. Бірақ белгіленген заңдылық актілерінің мөлшерінен кем
болмауы тиіс;
- коммандитті серіктестік – жарғылық капиталдың көлемі белгіленген
заңдылық актілерінің мөлшерінен кем болмауы тиіс. Салымшылардың
жиынтық мөлшері коммандитті серіктестіктің жарғылық капиталының 50
пайызын құрауы мүмкін;
- жауапккершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капитал мөлшері
серіктестік құрылтайшыларымен белгіленеді және белгіленген заңдылық
актілерінің мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Жарғылық капитал – бұл әртүрлі ұйымдық – құқтық формадағы кәсіпорынның
негізгі өнірістік – шаруашылық қызметінің бастапқы капиталы болып табылады.
Жарғылық капитал кәсіпорын меншігін иемденуге, жұмсауға заңды
заңдастырылған құққа және сонымен бірге бастапқы өндірістік шаруашылық
қызметінің негізгі қаржы көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың сомасы
кәсіпорынды тіркеу кезінде оның жарғысында көрсетіледі. Жарғылық
құрлдарының әсерінен өзгермеуі тиіс.
Жарғылық капиталдың өсуі немесе кемуі жаңа қатысушыларды қосу немесе
кемуі жаңа қатысушыларды қосу немесе шығару нәтижесінде жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда жарғылық капиталдың жаңа көлемін міндетті түрде қайта тіркелуі
тиіс.
Жарғылық капиталдың қызметі мен құрылуының қарапайымдылығы құжаттарда
белгіленген кәсіпорын меншік иелерінің салымдары негізінде қалыптасқанын
есте сақтау керек.
Жарғылық капиталдың қызметі мен құрылуының қарапайымдылығы жәй ғана көз
алдау болуы мүмкін. Уақыт өте келе қызығушылық танытқан тұлғаларда сұрақтар
туғызуы мүмкін. Жарғылық капиталдың құрамы мен құрылуына немқұрайлы құрау,
кей мезгілде кәсіпорын қызметіне әсерін тигізе алады.3
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капитал мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы сияқты
анықталады. Бірақ бұл серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемесіне
жарғылық капиталдағы өзінің жарнасымен жауап береді;
- акционерлік қоғам – жарғылық капиталы барлық жарияланып шығарылған
акциясының номиналдық құнының жиынтығына тең. Бірақ заңдылықтармен
белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс. Акцияларға ашық жазылу
жарғылық капиталды толық төменге дейін жол берілмейді.4
Акционерлік қоғам жариаланған жарғылық капиталының мөлшері – 5000
еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болиауы тиіс және мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап 30 күн ішінде төленуге тиіс. Артықшылығы бар
акциялар жалпы жариаланған акциялардың жалпы сомының 25 пайыздан жоғары
емес құрайды,
- еншілес және тәуелді шаруашылық капиталы акционерлік қоғамдардың бір –
біріне екі жақты қатысуымен құралады.
- өнлірістік кооператив – жарғылық капиталы кооператив мүшелері салған
пайлар есебінен құралады.
- Мемлекеттік кәсіпорындар – оперативті басқаруға немесе шаруашылық
иелігінің құқығына негізделіп құралады.
- Коммерциялық емес ұйымдар – басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы басқа қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік
иелерімен қаржыландырылады және құралады. 5
Жарғылық капиталдық құрылуы ұйымды және оның ұйымдық – құқықтық
формасын құру мақсатымен байланысты.
Ең алдымен,құрылу және қызметінң мақсатына байланысты заңды тұлғаларды
екі топқа бөліп қарастырамыз: коммерциялық және коммерциялық емес
кәсіпорындар.
Коммерциялық ұйымдар - өзінің қызметінің негізгі мақсаты пайда табу
болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар өзінің маманднуынақарай үш түрге бөлінеді:
шаруашылық серікткстік және қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік
кәсіпорындар.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардың кез-келген қолайлы жағдайда жарғылық
қызметін жүзден асыруға және алға қойған мақсаттарын орындауға кірісуіне
болады, егерде оның құрылтайшылар жарғылық капиталға жеткілікті қаражат
енгізсе.
Басқаша айтқанда жарғылық капитал ұйымның меншікті құралдарының
құралуының негізгі көзі және ұйымға оның меншік иелерінің бастапқы салынған
құралдардың жиынтығын көрсетілді. Ұйым үшін оның ішінде неғұрлым жиі
кездесетін ұйымдық құқықтық форма шаруашылық қоғамдардың жарғылық
капиталының құрылуын қарастырамыз.
Шаруашылық қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылар немесе шаруашылық
қоғамының қатысушыларымен салынған ақша қаражаттары, материалдардың және
басқадай құралдардың есебінен құралады. Сондықтанда бірнеше заңды және жеке
тұлғалардың бірікпен меншігін көрсетеді. Әртүрлі кез-келген ұйымдардың
жарғылық капиталның құрылуы оның ұйымдық құқықтық формасына қарастан
Қазақстан Республикасының Заңымен реттеліп отырады.
Заңды тұлға немесе шаруашылық субъектісі ретінде кәсіпорының меншікті
капиталы жалпы кәсіпорынға тиесілі мүліктерінің құнымен анықталады.
Меншікті капитал күрделі құрылымға ие. Оның құрамы кәсіпорының ұйымдық
құқықтық формасына тәуелді. Меншікті капиталдың құрылымының негізгі бөлігі
– жарғылық капитал.6
Кәсіпорының жарғылық капиталы бастапқы шаруашылық қызметін қамтамасыз
ету үшін қайта құрылған кәсіпорынға бөлінген құралдар сомасын көрсетеді.
Оны акцияларды сату немесе тарату есебінен, жеке қаржы салымдары есебінен,
мемлекеттік құралдар есебінен, негізгі құралдардан, материалдық емес
активетерден және басқадай мүліктерден немесе мүліктік құқтардан құрылады.
Сонымен қатар жаңадан құрылған заңды тұлғаның алғашқы материалдық базасы
бола отырып, құрылтпайшыларының үлестерін анықтайды және кепілдік сипатқа
ие.
Шаруашылық серіктестің жарғылық капиталына жарна ретінде ақша
қаражаттар, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқтар, интеллектуалдық
құқтар және басқадай мүліктер жатады.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға табиғи түрдегі немесе мүліктік
құқық түріндегі жарнасы ақшалай формада барлық құрылтайшылардың келісімі
бойынша немесе шаруашылық субъектісінің барлық қатысушыларының жалпы
жиналысының шешімі бойынша бағаланады. Егерде салынған жарнаның құны
эквивалентті жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын болса,
онда оның бағасын тәуелсіз сарапшы бекітеді.
Шаруашылық субъектісінің қайта тіркеу кезінде оның қатысушысының
жарнасының ақшалай бағасын бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық
есептемемен дәлелдеуге болады. Шаруашылық субъектінің құрылтайшылары мұндай
бағалаудан кейін бес жыл ішінде субъект кредиторлары алдында жарна
бағасының өскен сома шегінде жауапкершілік алады.
Кей жағдайда субъектіге жарна ретінде мүлікті пайдалану құқығын
береді. Мұндай жарнаның мөлшері құрылтай құжаттарда көрсетілген бұл
мүліктің барлық пайдалану мерзімін есептеп шығарып пайдалану төемін төлеу
сомасымен анықталады.
Жеке мүліктік емес құқтар мен материалдық емес заттар түріндегі
жарналарды енгізуге болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бастапқы жарғылық капиталының
мөлшері құрылтайшылар жарналарының жиынтық соммасына тең және серіктестікті
мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды көрсеткен күнгі эквивалентті жүз
еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Берілген серіктестіктің қатысушылары серіктстікті тіркеу мерзіміне
дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25% көлемін енгізу міндетті.
Бірақ жарғылық капиталдық минималді мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Жалпыжиналыстың шешімі мен бекітілген мерзімде барлық қатысушылар
серіктестің жарғылық капиталына үлестерін толық енгізуге тиісті. Мұндай
мерзім серіктестік тіркелген күннен бастап бір жылдан аспауы керек.
Белгіленген мерзімде үлестерді енгізу бойынша серіктестіктің қатысушысы
міндеттемесін орындамаған жағдайда серіктестік қатысушымен енгізілмеген
үлес бөлігін меншікті капитал есебінен енгізуге немесе оның енгізген
бөлігін дейін жарғылық капиталдық келуін жүргізуге тиісті.7
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері барлық
жарияланып шығарылған акцияларының номиналдық құнының жиынтығына тең және
бірдей валютамен, яғни теңгемен көрсетіледі. Жабық акционерлік қоғам үшін
қоғамды мемлекеттік тіркеуге дейін жарияланған жарғылық капиталының толық
өтелу тәртібі қарастырылған.
Ашық акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы тіркеу
мерзімінде жарияланған жарғылық капиталдың 25%-нен кем емес мөлшерде
төленуі тиіс. Жарияланған жарғылық капиталдық минималді мөлшері ашық
акционерлік қоғам үшін бес мың еселенгн айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
ал жабық акционерлік қоғам үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде құралады.
Акционерлік жалпы жиналысында анықталған жарияланған санының шегінде
акцияларды шығару шарты, мерзімі және саны қоғамның директорлар кеңесінің
шешімімен бекітіледі.
Қоғамның шығарған, төленген жарғылық капиталының мөлшері шығарылған
акцияларының номиналдық құнның жиынтығына тең. Шығарылған, төленген
жарғылық капитал жаңа акциялар шығару жолымен немесе бұрын шығарылған
акциялардың құнын жою арқылы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл кезде де
шығарылған акциялардың номиналдық құнының диынтығы қоғамның түріне
байланысты шығарылған, төленген жарғылық капиталүшін бекітілген мөл шерден
кем болмауы тиіс.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталын өсіруге барлық шығаруға
жарияланған жарғылық капиталын өсіруге барлық шығаруға жарияланған
акцияларды төленіп және таратылғаннан кейін жол беріледі., ал кемуі –
шығарылған төленген капитал мен жарияланған капитал арасындағы айырма
сомасы болуы мүмкін.
Жарияланған жарғылық капиталдық өсуі немесе келуі жөніндегі шешімді
акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Оның минималді мөлшерінен кем
болуына жол берілмейді.
Жарияланған жарғылық капиталдық келуін, тек баспасөз құралдарында
жариялан бұл туралықоғамның барлық кредиторларына, мақала жарияланғаннан
бастап 30 күннен кейін ескерте жасалынады немесе жазбаша ескертпе
жасалғаннан кейін жол беріледі. Бұл жағдайда кредитор орындалуға тиісті
міндеттемені орындамауға немесе мерзімінен тыс тоқтатуға және келтірілген
залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Қоғам жәй және артықшылығы бар акцияларды шығара алады.
Акция – акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы акция ұстаушының
үлесі куәләндыратын құқық, бағалы қағаз.
Артықшылығы бар акция – бұл жәй акциялармен салыстырғанда бірнеше
артықшылығы бар. Мысалы, девиденд алу кезінде белгіленген ерте мезгілде
кепілденген мөлшерде артықшылығы бар немесе қоғамның жойылу кезінде қалған
мүмкін артықшылық құқы бар. Таратылған артықшылығы бар акциялардың
номиналдық құнының жиынтығы қоғамның жарғылық капиталының 25% - нен артық
болмауы тиіс.
Акцияны эмиссиялау шарттары, соның ішінде олардың саны, шығару
формасы, сондай-ақ осы акциялардың иелерінде болатын құқығы, қоғамның
жарғысында және акцияларды эмиссиялау проспектісінде міндетті түрде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде белгіленген тәртіппен тіркелуі
тиіс. Тіркеу кезінде берілген акцияны шығаруда, оған белгіленген тіркеу
нөмері беріледі.
Заңдылықтарға сәйкес акция келесідей акционерлердің құқықтарын
куәләндырады:
- дивиденд алуға;
- қоғамның басқарушылық жұмысына қатысуға;
- қоғам жойылғаннан кейін қалған оның белгілі – бір мүмкіне.
Қоғам тек қана аталуы акциялар шығаруға құқылы. Атаулы секциялар
қозғалысы, яғни оны ұстаушының ауысуы акционерлік қоғамның акционерлер
реестрі деп аталатын арнайы құжатта қатаң тәртіпте белгіленеді. Атаулы
акцияны иемденуден болатын құқты, тек қана реестрге жазылып тіркелген
акционер немесе оның өкілетті тұлғасы пайдалануы мүмкін.
Акционерлік қоғамның табысы екіге бөлінеді: біріншіден дивиденд
төленуге бағытталса, екіншіден бөлінбеген пайда ретінде қоғамның өзінде
қалады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жыл соңында акциялар бойынша дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның акциялар бойынша дивидентері
ақшалай және бағалы қағаздармен төленеді. Дивиденд алуға құқы бар
акционерлердің тізімін, белгіленген бастапқы дивиденд төлеу күні құрылуы
керек. Дивидендтер меншікті капиталдың мөлшері азайғанда немесе қоғам
төлемқабілетсіз еп танылған жағдайда төленбейді. Дивиденд төлеу туралы
шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспасөз құралдарында
хабарлануы тиіс. Дивидендтер дегеніміз – акционерлердің иелігінде болатын
акциялардың саны, сомасы мен нерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін
акционерлік қоғамның табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойыншаесеп айрысулар есебі үшін 621 “Жай акциялар бойынша
есеп айрысулар” шотында жай акциялар бойынша акционерлік қоғамның есеп
айрысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік қоғамның шығарған акциясының
басым бөлігін құрайды, 75% және одан да жоғары. Жай акцияның иелері жалпы
жиналысына қатысуға, дивиденд алуға құқы бар. Акционерлік қоғам жрйылған
кезде жай акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған қаражаттарын
олардың номиналдық бағасы бойынша қайтарып алуға құқылы, бірақ артықшылығы
бар акциялардың иелерін қанағаттандырғаннан кейін.
622 “Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айрысулар” шотында
артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік қоғамның есеп айрысуы
есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы капиталының 25%-нен аспауы керек.
Артықшылығы бар акциялардың иелрі бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы,
сондай-ақ акцияға салған қаражаттарын, егер акционерлік қоғам жойылса,
номиналдық бағада қайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10%
деңгейінде, дивидендті алдын-ала алуға құқығы бар. Артықшылығы бар акциялар
бойынша бұндай кепілденген девиденд төлемдері акцияны шығармастан бұрын
олардың жарғысында қарастырылады және дивидентті төлеудің осындай тәртібі
де онда тіркеледі. Артықышлығы бар акцияларға төленетін
дивидентіңмөлшеріжай акцияларға төленетін дивидендтерден кем болмауы тиіс,
егер де ондай қаражаттар болмай алса, ондаол резервтік капиталдың есебінен
төленеді.
Егерде акционерлік қоғамда артықшылығы бар акциялардың басымдылығы
анықталса, бірақ ол оның жарғысында жазылмаса, онда қоғамның барлық акциясы
біртектес категориядағы акциялар болып саналады.
Қоғамның дивиденд бойынша қарызын бухгалтерлік есепте көрсету үшін:
директорлар кеңесінің дивидендтерді төлеу туралы шешімі оған негіз болып
табылады.
Егерде акционерлік қоғамда дивиденд төлеудің нәтижесінде олардың
жарғылық капиталы азаятын болса, онда дивидендке жарияланған капитал толық
көлемге төлеуге рұқсат етілмейді.
Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген және төленген
дивидендтерге тиісті бухгалтерлік жазба жазылады.
Заңды және жеке тұлғаларға төленетін дивидендтердің төлем көзінен 15%
мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталынады. Қазақстан Республикасында бұрын
төлем көздерінен дивиденд салықтары ұсталынатын болса, онда оны ескеруіне
құқығы бар, бірақ оны растайтын құжаттары болуы керек.
Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеген кезде,
әрбір акционер бойынша есеп айрысу жеке тізімдемеде жүргізіледі.
Акционерлік қоғам құрылтайшылар жиналысында қабылданатын
құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асырылып қайта құрылу жолымен
құрылады. Қоғамның құрылтай құжаты – жарғы болып табылады. Ол қоғам туралы
негізгі мағнуматтардан тұрады: акцияларының түрлері және олардың номеналдық
құны, жарғылық капитал мөлшері, қызмет түрлері, қоғамды басқару ұйымдарының
компитенциясы мен құрылымы және олардың шешімдерін қабылдау тәртібі,
филиалдар туралы мәліметтерден және тағы басқалардан. Мемлекеттік ұйымда
тір келген акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады. Сонымен қатар
қоғамға қатысты қоғамның қатысушыларының міндетті құқтарын куәләндыратын
белгілі бір саны бар бөлінген акциялары болады. Ашық және жабық акционерлік
қоғамның акцияларын шығару міндетті тіркеуден өткізіледі. Акционерлік
қоғамның жарғылық капиталы оның кредиторларының қызығушылығын
қанағаттандыратын қоғам мүлкінің мөлшерімен анықталады.
Акционерлік қоғам ашық немесе жабық акционерлік қоғам бола алады. Жарғылық
капиталының мөлшері акционерлік қоғамның жарғысында белгіленеді және
белгілі – біртәртіппен өзгеруі мүмкін.
Кәсіпорындағы жарғылық каиталы меншік формасына қарамастан жарғылық
капиталдың есебі мен қозғалысы 50 Жарғылық капитал шотында жүреді.
Акцонерлік қоғам тіркелгеннен кейін тіркелген жарғылық капитал сомасы
құрылтайшылардың қоғамға қарызын көрсетеді.
Акционерлік қоғамның акционерлері акционерлік қоғамның арнайы
реестірінде тіркеледі. Реестірді жүргізу тәртібі акционерлік қоғам туралы
Қазақстан Республикасының заңында белгіленеген.
Акционерлердің салымдары бойынша есеп айырсудың аналитикалық
есебі оларды әрбіреуімен карточка немесе ведомосттерде жүргізіледі. Онда
жарғылық капиталға салымдар бойынша қарыздар сомасы, өтеу мерзімі, қарызын
өтеуге енгізілген активтер сомасы, өтеу мерзімі, қарызын өтеуге енгізілген
активтер сомасы көрсетіледі. Аналитикалық есепті жүргізудің негізі болып
құрылтай құжаттар, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің
алыс – беріс актісі, төлем апсырмалары, кассалық кіріс ордерлері және тағы
басқа жатады. Құрылтайшылардың жарғылық капиталға жарналары бойынша
операцияларының синтетикалық есебі тиісті журнал – ордерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының “акционерлік қоғам туралы” Заңына сәйкес
акционерлердің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесінің шешімімен
таратылған акцияларын қайтарып сатып алуға құқылы. Негізінен акционерлердің
жалпы жиналысының шешімі қажет. Себебі жарғылық капиталдың келуі жөнінде
жағдай туындағанда сатылған акциялардың белгілі-бір бөлігін сатып алу
арқылы олардың жалпы көлемін қысқарту мақсатында жүзеге асырылады. Ал
директорлар кеңесі сатылған акцияларды қайта сатып алу туралы шешімді
олврды алдағы уақытта сату мақсатында қабылдауы мүмкін. Егер акционерлік
қоғам жарғылық капиталды кеміту мақсатында акцияларды сатып алу туралы
шешім қабылдаса, онда заңдылықтармен бекітілген, айналыстағы қалған
акциялардың номеналдық құны жарғылық капиталдың минималді мөлшерінен
кемболмауын реттен отыруы қажет.
Акционерлік қоғам акцияларды сатып алу жөнінде шешім қабылдағанда,
сатып алу жөнінде шешім қабылдағанда, сатып алатын акциялардың түрлі,
санын, категориясын, сатып алу құқын, формасын және төлеу мерзімін анықтап
алуы тиіс. Көп жағдайда кационерлер сатып алынған акциялар қолма – қол
ақшамен төленеді. Сатып алу мерзімі 30 күннен артуы тиіс. Артықшылығы бар
акцияларды сатып алу қоғамның жарғысында қарастырылған немесе акцияның
нарықтық бағасы бойынша жүзеге асады.
Меншікті капиталдың келесі бір түрі резервтік капиал.
Резервтік капиталды акцинерлік қоғам құррылтай құжаттарына сәйкес өз
бетінше құрады. Оны басқа да ұйымдарға құруға болады. Акционерлік қоғамның
резервтік капиталы залалдарды жабуға, сондай – ақ қоғамның облигациялары
өтеуге және басқа құралдар болмаған жағдайда акцияларды сатып алуға
арналған.Резервтік капитал таза табыстың есебінен жыл сайын шегерілу
жолымен құрылады. Резервтік капиталды пайдаланған жағдайда оны белгіленген
мөлшеріне дейін толықтырылады.
Резервтік капиталдың қолда бары мен қозғалысы туралы ақпаратты алу
үшін 55 Резервтіккапитал бөлімшенің шоттары пайдаланылады.
Акционерлік қоғам меншікті капиталының тағы бір түрі – бөлінбеген
пайда (жабылмаған зиян).
Бөлінбеген пайда – акцинерлер арасында девиденд түрінде
бөлінбегентаза пайда. Көп жағдайда табыстың бұл бөлігі суъектінің мүлкін
толықтыруға немесе оның айналым құралдарын толықтыруға пайдаланылады.
Бөлінбеген пайдажылдан жылға көбейіп отыруы мүмкін. Ол меншікті капиталдың
өскенін көрсетеді. Бөлінбеген пайда акционерлердің шешімдерінің нәтижесі.
Бөлінбеген пайда көп жағдайда жарғылық капитал мөлшерінен жоғары болады.
Кәсіпорын басшылығы өздерінің іс әрекеттерін қандай ресурстар жүйесін
жүзеге асырылатынын және қандай салаларға капитал салатынын нақты білуі
керек. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық ресурстардың көлемінің мәні
жоғарлауда. Шаруашылық субъектінің капиталды орналастыруына байланысты оның
қаржылық іс - әрекеттерінің нәтижесі анықтайды.
Капиталдың қолдану барысында мынадай жағдайлар ескерілуі тиіс:
1) Капиталдың қалыптасу көзі; құрылымы; құралы; динамикасы;
2) Капиталдың мөлшерінің өзгеру факторлары;
3) Капиталдың қалыптасуының жеке құрылымдарын және олардың құндық
мөлшерлемелерін анықтау;
4) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жоғарылауы кезінде баланс
пассивіндегі болатын өзгерістерді бағалау;
5) Меншік және қарызға алынған капиталдарының тиімді жолдарын негіздеу.
Кәсіпорын жарғылық капиталының қалыптасуын және орналастырылуын талдау
үшін негізгі ақпарат көздері мыналар болып табылады. Соның ішінде есепті
жылға жасалған бухгалтерлік баланс, пайда және шығындар туралы есептеме,
ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептеме, бухгалтерлік баланс қосымшалары
жатады. Бухгалтерлік есептемелер кәсіпорынның қаржылық қызметі туралы толық
және нақты мәліметтерді көрсетуі тиіс. Бухгалтерлік есептеменің дұрыстығын
нақтылау аудиторлық қорытындылар бойынша дәлелденеді. Кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің капиталының қалыптасу процесі өте күрделі және
әртүрлі бағытта берілетін жиынтық процестер формасында көрсетіледі.
Капиталдың қалыптасу негізін талдауға байланысты кәсіпорынның меншік
немесе қарызға алынған капиталдың мөлшері және міндетемелерінің көлемін
анықтауға мүмкіндік береді. Капиталдың қалыптасу негізі меншік қаржылық
ресурстардың немесе қарызға алынған ресурстардың негізгі құралдардың,
құрылғылардың және соған салынған қаржылық салымдарының айналымына
байланысты болады
Жарғылық капитал – жарғы деген сөзден алынған – ұйымды
анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын
қызметінің тәртібі немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі,
яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған немесе номиналдық
құны деп В. К. Родостовец өзінің Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
атты кітабында меншікті капитал туралы пікірін білдіреді. Оның
айтуынша жарғылық капитал акциядарды орналастырудың немесе сатудың,
жеке капиталын салудың, мемлекет қаражаттарының, материалдық емес
активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқтарының
есебінен құралады. Сонымен қоса жарғылық капитал жаңадан құрылған
заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы
болып та табылады, ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік
сипатын анықтайды. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына
салынатын салымдар ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік
құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға натуралды нысанда салынатын
салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік
құқығы ақшалай бағаланады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері
бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акциялардың
номиналдық құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап
қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы
және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық АҚ мемлекеттік
тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық
төленуін қарастырады. Ашық АҚ өзінің жарияланған капиталының кем
дегенде 25% -ын тіркеместен бұрын төлеуі тиіс. Акционерлердің жалпы
жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны
шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен
белгіленеді. Шығарылған төленген жарғылық капитал жаңадан шығарылған
немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі
мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналдық құнының жиынтық
сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималді деңгейден төмен
болмауы керек.
Қоғамның жарияланған капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі;
жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы
болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту немесе азайту туралы
шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Бірақ оларды
минималді деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл
жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада
талап етуге құқылы.
Қоғам тек атаулы акцияларды шығаруға құқы бар. Атаулы
акциялардың қозғалысы, Яғни акцияның өз ұстаушысының ауыстыру, қатаң
тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлердің
тізімінде белгіленеді.
Капиталдың қозғалысы бойынша ғалым операциялардың дұрыс
көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор екенін көрсетеді.
Төленбеген капитал заңды және жеке тұлғалардың қоғамның
жарғылық капиталына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы
туралы ақпарат береді.
Төленбеген капитал тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни
ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді,
демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Төленбеген капиталдың дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын
өзінің жарғылық капиталын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
Төленбеген капитал бойынша аналитикалық есеп акционерлер бойынша
жүргізіледі.
Қайтарылып алынған капитал АҚ акционерлердің жалпы жиналысында
акциялардың номиналдық құнын, не жалпы акцияның шығарылу көлемін
қысқарту жөнінде шешім қабылдауға құқылы. АҚ заң актілерінде
белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын
хабардар етіп отыруға міндетті. Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары
қоғамның тиесілі міндеттерін талап етуге құқылы. Егер мұндай
процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар
өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген
өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек. Бұл жағдайда АҚ
өз акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделілігі
мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын
нарықтық айналымға шығарады. Акционерлердің меншігіндегі акцияларды
айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін
акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар
номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен
құны бойынша сатып алынуы мүмкін. Акционерлерден сатып алынған
акцияларды сатқан кезде қоғамның жарғылық капиталы өзгермейді. Қоғам
келесі жағдайда акцияларды сатып алуға құқығы жоқ:
- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
- қоғамның шығарылған жарғылық капиталы қайтып сатып алынған
нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны жарғылық
капиталының минималді деңгейінен кем болса;
- қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ
болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап
болатын болса;
- акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының көлемі
қоғамның жарғылық капиталына шығарылған капиталдан кемболса.
Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған
акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы
керек.
Қоғамның акциясын сатып алу туралы мәселесі сол қоғамның жалпы
жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күн ішінде
аталған шешімді жүзеге асыруға болады. Сатып алынған акцияны
қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.
Қосымша төленген капитал – бұл дегеніміз АҚ өз акцияларын
олардың номиналды бағасынан жоғары баағаға сату нәтижесінде түскен
сомасы, эмиссиялық табысы.
Қосымша төленбеген капитал – капиталдың бұл түрі құнсыздануға
байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді
қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы
ақпарат береді.
Резервтік капитал – АҚ-ның таза табысының есебінен қалыптасатын
меншікті капиталдың бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің
негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс
жеткіліксіз болған жағдайда, дивидендтер төлеуге пайдаланылады.
Бөлінбеген табыс есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген
табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының қолда бары және қозғалысы
туралы ақпарат жинақтауға арналған.
Жиынтық табыс есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын
есепке алу үшін жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен
табыстан, жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар
жинақталады деп өз көзқарасын тұжырымдайды.
Келесі бір ғалымның пікіріне сүйенсек, бухгалтерлік есеп
принципі деп аталатын кітабында Қ. К. Кеулімжаев меншікті капиталға
төмендегідей түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің
құрылу барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі
бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған
мүліктердің ақшалай өлщемге айналдырылғандағы жиынтығы-ұйымның
меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде
оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем
болмауы тиіс және де рол сол ұйымның құрылтайшыларының,
акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан
үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы
ұйымның қызметі барысында танқан таза пайдасы жәнебасқа да
көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар өсін отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған,
қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен
құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың
қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы активтер
болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқаруына қарай негізгі
активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөледі.
Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық ұзақ мерзімді инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құрылады. Жалпы айналыстан тыс актвтер қоғамның
материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналған.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқару барысында
пайда табуға негізделген. Соған сәйкес олардың қатарына ақша
қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тоуар-материалдық
қорлар, дибиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы
қаржыларының құнынан құрылады. Ұйымның меншікті капиталының көздері
болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқару барысында меншікті
қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың
қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған
аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің жарғысында қаралған қызметтерін
қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да
құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы
органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға
тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өз акцияларын олардың атаулы
құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорын өзінің меншігіндегі
негізгі құралдары мен инвестицияларынқайта бағалаған уақыттағы
олардың құнының өскен сомасынан және тағы басқа жағдайлардан
туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың
орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза табысынан бөлінген
меншікті капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен
құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның
жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған
шығындарды басқадай бағыттарға пайлдаланған сомаларды шегеріп
тастағандағы қалған бөлігі болып табылады. Осылай Қ. К. Кеулімжаев
өзінің кітабында меншікті капиталға қысқаша сипаттамасын білдіреді.
Сонымен қатар, Ф. С. Сейдахметов Қазіргі заман бухгалтерлік
есебі атты еңбегінде меншікті капитал туралы пікірін келесідей
сипаттап жазады. Меншікті капитал, дейді автор, өзінің қалыптасу
себебіне байланысты кәсіпорын меншік иелерінің құралдарына ие. Оның
көлемі кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесіне байланысты
өзгеріп отырады. Ол кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің
айырмасы ретінде түсіндіріледі. Меншікті капитал келесі көздерден
құралады және толықтырылады:
- оның құрылу кезінде меншік иелері салған құралдар есебінен;
- өткен және есепті жылдың таза пайда есебінен;
- басқа заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшы ретінде
қайтарымсыз салған салымдары есебінен.
Кәсіпорынның меншікті капиталы келесілерден құрылады: жарғылық
капитал, төленген капитал, алынған капитал, қосымша төленген және
қосыиша төленбеген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады.
Меншікті капиталдың көлемі маңызды аналитикалық көрсеткіш болып
табылады. Егерде кәсіпорын кредиторлар алдында міндеттемесі болмаса,
онда бухгалтерлік есептің негізгі теңдігіне байланысты, кәсіпорын
мүлкініңқұнының жиынтығы меншікті капитал көлеміне тең болады.
Сондықтан меншікті капитал активтерін таза активтер деп атайды.
Бухгалтерлік есеп принципі деп аталатын кітаптың авторы А. П.
Салина меншікті капиталға байланысты өзінің тұжырымында, ғалым
жарғылық капитал – негізінен кәсіпорынның жарғысында анықталған
құрылтайшылардың нмесе қатысушылардың салымдары есебінен және
акцияларды сатудан түскен табыс есебінен құрылады. Кәсіпорын
капиталының алғашқы көздері. Жарғылық капиталға салынған құралдардың
сомасы қайта құрылған кәсіпорынның бастапқы қызметін қамтамасыз етуі
тиіс.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгенде оның жарғылық
капиталы барлық қатысушылардың салымдарының жиынтық сомасына тең
және ол құрыотай құжаттарда көрсетіледі. Меншікті капитал көлемі
кәсіпорын құрылтайшыларымен белгіленеді және сәйкесінше мемлекеттік
ұйымдарда тіркеледі. Тіркеуде жарғылық капиталдың көлемін ұлғайту
туралы шешімдер қабылданбауы тиіс. Егер оның алғашқы джарияланған
көлемі қатысушылар толықтай төлемеген жағдайда. Кредиторлар меншікті
капиталдың кемуі туралы шешімді қайтара алады дейді ғалым. Автор
өзінің басты назары серіктестіктерге аударған.
Шаруашылық серіктестіктердің бухгалтерлік есебі деп аталатын
кітапта, авторы В. Л. Назарова өзінің пікірін келесідей білдіреді.
Ол шаруашылық серіктестіктерді құрылтайшылардың үлестері жарғылық
капиталға бөлінген коммерциялық ұйым ретінде, ал оның қызметінің
нәтижесінде пайда болған мүлкі кәсіпорынға меншік құқығы ретінде
тиесілі. Жарғылық капиталға жарна болып ақша құралдары, бағалы
қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде интелектуалдық
меншік және басқадай мүліктер саналады.
Әрбір кәсіпорын өзінің құрылу кезінде құрылтай құжаттары
болуға тиісті. Оның ең бастысы – Жарғы болып табылады.
Құрылтай құжаттарды нотариалдық куәләндіріліп Әділет ұйымдарында
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпорын жарғысында оның
құрылтайшыларының жарналарынан құрылатын жарғылық капиталды
жариялайды. Жарналарды бағалау жақтардың келісімі бойынша жүргізіледі
және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады деп айтылған. В. А.
Назарова АҚ-ның жарғылық капиталы барлық жарияланып шығарылған
акциясының номиналдық құнының жиынтығына тең болады деп жазады.
Бірақта заңдылықтармен белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс дейді.
Акцияларға ашық жазылу жарғылық капиталды толық төлегенге дейін
жол берілмейді. Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының
мөлшері – 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы
тиіс және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, 30 күн ішінде
төленуге тиісті. Артықшылығы бар акциялар жалпы жарияланған
акциялардың жалпы санының 25%-нен жоғары болмауы керек деп ғалым
өз пікірін нақтылайды.
Ембімұнайгаз-дың Есептеу саясаты.
Казақстан Республикасы Презеденгінің жарлығымен бекітілген Бухгалтерлік
есеп стандаттары №1 БЕС-ты , бухгалтерлік есп және қаржылық есептеме
принциптеріне сүене отырып жасыланады. Есеп беру кезеніңдегі есептеу
саясатының маңызды аспектііісі болып қаржылық есептеменің түсіндірме хаты
табылады. Олар мыналар:
- Қаржылық есепті дайындау негізі;
- Салыстыру мәліметтері;
- Қаржылық есептеменің принципін нығайту;
- Ассоциациялаанған кәсіпорынның инвестициясы;
- Шетел валютасынын қайта есептеу ;
- Негізгі құралдар мен аяқталмағған құрылыс;
- Материалды емес активтер;
- Ақша қаражаттарыжәне оның эквиваленттері;
- Дебиторлық борыш;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар;
- Заемдар мен ссудалар;
- Төленннуге тиісті есептелінген шығындар және кредиторлық борыштар;
- Резервтер;
- Зейнетқымен қамтамассыз ету міндеттемесі;
- Жал ақысы;
- Жарғылық капитал;
- Табыстың көрінуі;
- Мерзімі ұзартылған табыс салығы.
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептеменің негізгі ашылымы.
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептеменің негізгі ашылымы- қоғамның
қаржы есептемесін толықтай құру үшін қолдаанылады : бухгалтерлік баланс ,
қаржылық-шаруашылық нәтижесі туралы есептеме , ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептеме , түсіндірме хат , түсіндірме хаттың және
қаржылық есептемедегі жалпы мәлімттеріне сәйкес мәліметтер келіу тиіс.
Бухгалтерлік баланстің ағымдық активтері , яғни қысқа мерзімді дебиторлық
қарыз келісім-шартта көсетілген мерзімнен бір жылдан аспайтын уақыт
ішінде өтелетін борыш ретінде көрсетілуі тиіс.
Негізгі құралдардың есебі.
Негізгі құралдар- деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланып өзінің
бастапқы заттай нысанын сақтай отырып , құнын шығарлыған өнімге,
орындалған жұмысқа , көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп
есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде аустыратын еңбек құралдарың
, яғни материалдық активтерді айтады. Негізгі құралдардың есебі №6
Негізгі қорлар есебі - деп атылатын бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес жүргізіледі. Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік , жер
учаскілірі , үйлер мен ғимараттар, машиналар мн жабдықтар , өлшеуіш және
реттеуіш аспаптарымен құралдары , есептеуіш машиналар мен техникалары
және олардың программалық құралдары , көлік тасымалдау және олардың
программалық құралдары , көлік тасымалдау құралдары және тағы да
басқалары жатады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны.
Есептемеде негізгі құралдар бастапқы құнмен есепке аалынады . Яғни:
негізгі құралдарды сатып алу немесе шығарудағы өндірістік шығындардын
нақты құны.
-төленген және қайтарылмайтын салықтар мен жинақтар;
-құрылыс үшін алынған негізгі құралдарға несиелік пайыз;
-жеткізуге , қондыруға , эксплуатацияға жұмсалған шығындыр.
Қаржылындарлынған жал ақысы талаптарына сай жалға алынған негізгі
құралдардың құны №17 Жал ақысы есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына
сәйкес анықталанады . Қайта бағалауға жататын негізгі құралдарағымдық
қүнмен есепке алынады . Негізгі құралдырдың бастапқы және ағмдық құнының
көбеюі мыналардан тұрады:
-негізгі құралдырды қайта бағалау;
-негізгі құралдарға күрделі қаржы салымы.
Негізгі құралардың бастапқы және ағымдық құнының азаюы мыналардан тұрады:
-негізгі құралардың есепті кезеңіндегі ағымдық құнын тікелей қайта
бағалау.
Қайта бағалау.
Негізгі құраларды қайта бағалау Қазақстан Республикасының заңына және
қатысушыларының жиналысында келісілген уақытта жүргізіледі. Негізгі
құралдарды қайта бағалау уақыты, жүргізу тәртібі қоғам Президентінің
жарлығымен бекітілееді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz