Күріш өндірісі



Кіріспе
АННОТАЦИЯ
АНЫҚТАМА
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1. Әдебиеттерге шолу
2 Климаттық және топырақ жағдайы
2.1.Зерттеулерді жүргізудің шарты, сызбасы мен әдісі
3. Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы
3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының,
азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері.
4 Экономикалық тиімділігі
5 Еңбекті қорғау
5.1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен қауіпсіздікті сараптау (анализі)
5.2 Пецтицидтермен және минералды тыңайтқыштармен
жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы
5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты
5.4 Өрттік сумен қамсыздандыру
6 Табиғатты қорғау
6.1 Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы түсінік
6.2 Қазақстанда табиғатты қорғау бойынша негізгі шаралар
6.3 Шаруашылықтағы табиғатты қорғау шаралары
6.4 Су көздерін қорғау
6.5 Атмосфералық ауаны қорғау
Пайдаланылған әдебиеттер
Күріш – ауыл шаруашылығының ежелден келе жатқан мәдениеті және ол дәнділер класына жатады. Жер бетінде өндірілетін күріш егілетін ауданы және өнімділігі бойынша екінші орында. Күріш жер шарындағы адамдардың жартысының азықтық қорегі болып табылады.
„КСРО-ның 1986-1990 жылдарға және 2000 жылдарға дейінгі экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында” дән өндірісін өсіру мақсатында ауыл шаруашылығына қойылатын маңызды талаптар қарастырылған.
Дәнді шаруашылықтың ішінде тұрақты және жоғарғы өнім беретін күріш болып табылады.
КСРО-да күріш өсірудің ірі базасы құрылған. Солтүстік Кавказда, Павольжада, Қазақстанда, Орта Азияда, Украинада және Қиыр Шығыста өндірістік күріш себу аудандары анықталды. Күрішті өндіру жағынан Краснодорский алдыңғы орында.
Орталық Азияда соңғы жылдары күріш егуді қысқартты, өйткені, біріншіден күрішті өсіру үшін көп су қажет, екіншіден мақта шаруашылығы дами бастады. Күріш шаруашылығының жылдам дамуына біраз факторлар әсер етті. Ең алдымен, күріш тұрғындардың жоғары калориялы диеталық азыққа деген өсуші сұранысын қамсыздандыру керек, күріш жармасының 1 кг 3590 калорияны құрайды, жарманың абсолютті құрғақ жармасының құрамында 88% крахмал, 8% ақуыз, 0,5% май және т.б. бар.
Дүние жүздік күріш орталығының кезекті отырысының шешімінде 1995 жылдың шілдесінде „Өсірудің қарқынды технологияларын ендіру есебінен 1996 жылы бидай, жүгері, тары және күріш өндірісін ұлғайту бойынша шаралары туралы” қаулы қабылдады. Мұнда қарқынды технологиямен өндірілетін аталған аудандарын келешекте кеңейту қарастырылған.
Күріш шаруашылығын қарқындату келешекте күріш өндірісін ұлғайту және саланың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса бұл шешімдерде тұзды және балшықты жерлерді ликвидтеуге
1. Асилов Т.Г. Влияние удобрений на рис на луговых почвах подверженных засолению. Автореф.дисс. на соискание уч.степени канд.с/х наук. Ташкент. 1977. с. 24.
2. Бекниязова У.Б. Засоление и его влияние на продуктивные органы риса. В кн. Труды ККНИИЗ, вып.3.
3. Гаричкин А.И. Культура риса на засоленных почвах южной Мугани. Автореф. Дисс. На соиск.уч.степени канд. с/х наук. Баку, 1953, с.10.
4. Жовтонг И.С. Борьба с засолением, заболоченных почв при орошении риса. В кн. Оршение земледелия на Украина. Киев, Урожай, 1971. с. 110-119.
5. Ерыгин П.С. Физиология риса. М.Изд. Колос. 1982.
6. Ерыгие П.С. Биохимические процессы предществующие диффенциации конуса на растения у риса. Тезисы совещ. По морфогенезу растений. МГУ. 1960.
7. Алешин Е.П., Конохова В.П. Краткий справочник рисовода. М. агропромиздат. 1988.
8. Смирнова Н.Н. Удобрение риса. М. Россельхозиздат. 1978.
9. Хабибурахман. Влияние засоления почв и минеральных удобрений на урожайность и качество зерна риса. Автореф.дисс. на соиск. Уч. Степен. Канд. с/х наук., с 23. Краснодар. 1982.
10. Луковников А.В. Охрана труда. М. Колос. 1980.
11. Калюшин А.М. Озрана труда. М., Колос. 1984.
12. Астанин Л.И., Благосклонов К.Н. Охрана природы. М. Колос. 1980.
13. Позднухова Н.И. Промежуточные культуры – дополнительный источник кормов. –М.: Колос. -1974.
14. Полевое кормопроизводство. –М.: Колос. – 1981.
15. Проскура И.П. и др. Производство и рациональное использование кормового проеина. –Киев : Урожай. – 1989.
16. Резервы увелечения производства растительного белка. –М.: Колос. -1982.
17. Сергеев П.А. и др. Культура клевера на корм и семена. –М.: Колос. -1973.
18. Справочник по кормопроизводству. –М.: Колос. -1973
19. Третьяков Н.Н. Кукуруза в Нечерноземной зоне. –М.: Колос. -1974.
20. Черкасова В.А. Освоение склонов на пастбища и сенокосы. –М.: Колос. -1976.
21. Балябо Н.К. Повышение плодородия орошаемых почв Средней Азии. М.: Сельхозиздат. -1974.
22. Белоусов М.А. Влияние длительного применения удобрений на плодородие почвы и продуктивность севооборотов. Изд. МСХ СССР. М.: -1960.
23. Беседин П.Н., Булатова Т.В. Влияние длительного воздействия удобрений на некоторые свойства типичных сероземов. Тр. Союз НИХИ. Вып. 16. Ташкент. -1969.
24. Березовский В.Г. Разработка приемов увелечения производства кормов в севооборотах с короткой ротацией. Тр. Союз НИХИ. Вып. 15. Ташкент.-1979.
25. Братчева М.И., Чумаченко И.Н. Агрохимические своиства почв. Монография Хлопчатник. Т. 2. АН УзССР. Ташкент. -1987.
26 Беспалов Н.Ф. Особенности водопотребления и режима орошения культур хлопкового севооборота. Орашение хлопчатника и других культур хлопкового комплекса. Тр. СоюзНИХИ. Вып.34. Ташкент. 1976.
27 Дашевский Л.И. Динамика водно-растворимых питательных веществ в почве в связи с поливами. Тр. Союз НИХИ. Вып.24. Ташкент. 1932.
28 Жориков Е.А. Влияние удобрений на режим питательных веществ в почве. Ср. Средаз. Ст. Удобрений. Ташкент. – 1970.
29 Жориков Е.А., Савко З.С. К вопросу об агрохимических свойствах почв западного Узбекистана. ДАН УзССР. -1979. стр.10.
30 Зеленин Н.Н. Эффективность форм фосфорных удобрений на хлопчатнике. В кн. Минеральные удобрения и гербециды. М.: -1993.
31 Захаров П.И. Сроки и способы внесения фосфорных удобрений на засоленных почвах. Тр. Хорезмской оп. Станции. Вып. 1, Ташкент. -1983.
32 Кошкаров А.К. О полноценном использовании пласта люцерны культурой хлопчатника. Ташкент. – 1992.
33 Курочкина Е.Е. Изучение различных способов и сроков внесения азотных удобрений в почву, подверженную промывка. Сб.научных работ аспирантов Союз НИХИ. Вып.3, Ташкент. -1982.
34 Камалов М. Условия эффективного использования пахотных удобрений тонковолокнистым хлопчатником. Тр. Тадж. НИИЗ. Т.2. Душанбе. – 1971.
35 Лазерев Н.М. Экологическая микробиология и изучение почвенного плодородия. Тр. Всесоюзного института сельскохозяйственной микробиологии за 1941-1945 г вып. 1. Сельхозгиз. –М.: -1989.
36 Мадраимов И.И. Корневая система и химический сстав многолетных трав. АКЦАС. Союз НИХИ. Изд. САГУ. Ташкент. -1985.
37 Мухамеджанов М.В., Закиров А., Пирахунов Т. Интенсификация и химизация орошаемого хлопководства. Ташкент.- 1985.
38 Нешина А.Н., Халилева А.Ш., Сандумарова Д. Использование хлопчатником повышенных доз азотных удобрений, 6 изд. Тр. Союз НИХИ. Ташкент. -1986. вып.10.
39 Петров Е.Г. Плодородие почвы и значение глубокой вспашки и обработки пласта. Тр. НИХИ. Вып.49. -1971.
40 Парватов Е.Н. Материалы шестой конференции молодых ученых по сельскому хозяйству Узбекистана. Агрохимия и применение удобрений в хлопководстве. – 1970.
41 Ракицкая А.И. Микрофлора в почвах Голодной степи Самаркандской области. Известия научно-мелиоративного институт. Т.1. Л.: -1987.
42 Розанов А.И., Лебедев Ю.П. Влияние орошения на глубину залегания и химический состав грунтовых вод Голодной степи. М.: Л.: -1978.
43 Соколов А.В. Агрохимия фосфора. Изд. АН СССР. – 1970.
44 Семергей К.М. О системе удобрений в хлопково- люцерновом севообороте. Изд. Ан Турк. ССР. Т. 4. Ашхабад. -1973.
45 Тюрин И.В. Органическое вещество почвы и его роль в почвообразовании и плодородии. М.:-1957.
46 Яровенко Г.И. Минеральные удобрения важный фактор под хлопчатник. Брошюра. Изд. ЦК КПУз. -1963.
47 Яровенко Г.И. Физиолого агрохимическое исследования по формам азотных удобрений в питании хлопчатника. Изд. ФАН. Ташкент. – 1978.
48 Торопкина А.Л., Белоусов М.А., Манченко А.Я. О балансе минерального и биологического азота в почве. Применение удобрений в хлопководстве. Изд. ФАН. Ташкент. -1980.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Агротехнология кафедрасы

Мамандығы : 050801 - Агрономия________
(Мамандықтың атауы және шифрі)

Мазмұны
Кіріспе
АННОТАЦИЯ
АНЫҚТАМА
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1. Әдебиеттерге шолу
2 Климаттық және топырақ жағдайы
2.1.Зерттеулерді жүргізудің шарты, сызбасы мен әдісі
3. Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың
жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың
әсері
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және
олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы
3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының,
азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері.
4 Экономикалық тиімділігі
5 Еңбекті қорғау
5.1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен
қауіпсіздікті сараптау (анализі)
5.2 Пецтицидтермен және минералды тыңайтқыштармен
жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы
5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты
5.4 Өрттік сумен қамсыздандыру
6 Табиғатты қорғау
6.1 Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы түсінік
6.2 Қазақстанда табиғатты қорғау бойынша негізгі шаралар
6.3 Шаруашылықтағы табиғатты қорғау шаралары
6.4 Су көздерін қорғау
6.5 Атмосфералық ауаны қорғау
Пайдаланылған әдебиеттер

АННОТАЦИЯ
Күріш шаруашылығын қарқындату келешекте күріш өндірісін ұлғайту және
саланың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса
бұл шешімдерде тұзды және балшықты жерлерді ликвидтеуге үлкен көңіл
бөлінген. Қазақстанда күріш егу жөнінен дамыған аудандар көп.
Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты: „Авангард” сортындағы
күріштің өнімділігіне топырақтың хлорлы тұздылығы мен минералды
тыңайтқыштардың әсерін зерттеу болып табылады.
Зерттеулер Шардара ауданы Достық елді мекенінде жүргізілді. Біз
тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге Шардара
елді мекені метерологиялық станциясының мәліметтерін пайдаландық.

АНЫҚТАМА

Органикалық заттар - өсімдік құрамындағы азотты және макро-микроэлементтер.
Экстракция – элементтерді сұйықтыққа ажырату.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Рн – қышқылдық көрсеткіш.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
NPK – азот фосфор және калий фон жылдық тыңайтқыш нормасы.
Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.
цга – гектарынан алынған өнім.
N-NH4 – аммиакты азот.
N- NO3 – нитратты азон.
P2O5 – менгерілетін фосфор қышқылы.
К2О – менгерілетін калий түрі.
Фосфор – Лоренц әдісі.
Азот – Кельдаль әдісі.
Гумус – Тюрин әдісі.
Жылжымалы Р.К – Б.Магигин әдісі.
Нитрат – Гранувальд-Ляги әдісі.
Еритін тұз – Ласукова әдісі.

Кіріспе
Күріш – ауыл шаруашылығының ежелден келе жатқан мәдениеті және ол
дәнділер класына жатады. Жер бетінде өндірілетін күріш егілетін ауданы және
өнімділігі бойынша екінші орында. Күріш жер шарындағы адамдардың жартысының
азықтық қорегі болып табылады.
„КСРО-ның 1986-1990 жылдарға және 2000 жылдарға дейінгі экономикалық
және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында” дән өндірісін өсіру
мақсатында ауыл шаруашылығына қойылатын маңызды талаптар қарастырылған.
Дәнді шаруашылықтың ішінде тұрақты және жоғарғы өнім беретін күріш
болып табылады.
КСРО-да күріш өсірудің ірі базасы құрылған. Солтүстік Кавказда,
Павольжада, Қазақстанда, Орта Азияда, Украинада және Қиыр Шығыста
өндірістік күріш себу аудандары анықталды. Күрішті өндіру жағынан
Краснодорский алдыңғы орында.
Орталық Азияда соңғы жылдары күріш егуді қысқартты, өйткені, біріншіден
күрішті өсіру үшін көп су қажет, екіншіден мақта шаруашылығы дами бастады.
Күріш шаруашылығының жылдам дамуына біраз факторлар әсер етті. Ең алдымен,
күріш тұрғындардың жоғары калориялы диеталық азыққа деген өсуші сұранысын
қамсыздандыру керек, күріш жармасының 1 кг 3590 калорияны құрайды, жарманың
абсолютті құрғақ жармасының құрамында 88% крахмал, 8% ақуыз, 0,5% май және
т.б. бар.
Дүние жүздік күріш орталығының кезекті отырысының шешімінде 1995
жылдың шілдесінде „Өсірудің қарқынды технологияларын ендіру есебінен 1996
жылы бидай, жүгері, тары және күріш өндірісін ұлғайту бойынша шаралары
туралы” қаулы қабылдады. Мұнда қарқынды технологиямен өндірілетін аталған
аудандарын келешекте кеңейту қарастырылған.
Күріш шаруашылығын қарқындату келешекте күріш өндірісін ұлғайту және
саланың экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса
бұл шешімдерде тұзды және балшықты жерлерді ликвидтеуге үлкен көңіл
бөлінген. Қазақстанда күріш егу жөнінен дамыған аудандар көп. Бірақ егіс
аумағын кеңейтуге топырақтың тұздылығы кедергі жасайды. Тұщы жерлерді
игерудің бір жолы сол жерлерге күріш егіп минералды тыңайтқыштарды себу
болып табылады. Минералды тыңайтқыштар жағымсыз ауа райы мен жапырақ
жағдайларына кедергі жасайды, егін шаруашылығы мен өнімділікті
жоғарылатады.
Тұщы жерді мелиорациялаудан кейін төменгі табиғи өсімділікпен
сипатталады. Бұл кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді жоғарылатуда
минералды тыңайтқыштар маңызды орын алады. Бірақ ауыл шаруашылық, соның
ішінде күріштің тұщы топырақтағы тыңайтқыштары туралы сұрақтар толығымен
зерттелмеген. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты: „Авангард”
сортындағы күріштің өнімділігіне топырақтың хлорлы тұздылығы мен минералды
тыңайтқыштардың әсерін зерттеу болып табылады.

Әдебиеттерге шолу
Тұзды топырақтарға құрамында белгілі бір өсімдіктерге зиян келтіретін
оңай еритін тұздары бар топырақтар жатады.
Ковданнің (1968) пікіріне сәйкес тұзды топырақ түзуге әкелетін
тұздардың келесі негізгі типтері бар:
1. Карбонаттар
2. Сульфаттар
3. Бураттар
4. Хлоридтер
Хлоридтердің ерімталдылығы мен улылығы жоғары. Хлоридтер сульфаттармен
бірге тұзды топырақ түзетін негіздік тұздар болып табылады.
Хлорлы тұздылық кезде тұздың құрамы көп болатын болса топырақ
ерітіндісінің осмостық потенциалы жоғарылап, өсімдіктің сумен қамсыздануы
нашарлайды. Сондықтан айдалатын жерлердегі топырақ ерітінділерінің
концентрациясы 5гл аспайды. Концентрация жоғары болса, өсімдіктердің өсуі
нашарлайды. Концентрация 10-12 гл болғанда өсімдіктер қатты солады, 20-25
гл кезінде ауыл шаруашылық көптеген дақылдар өледі, топырақ ерітіндісінің
мұндай концентрациясына 0,6-0,8 мПа осмостық қысым сәйкес келеді. Дән өніп
өсетін кезде тұздылық қатты зиян келтіреді. Топырақтың құрамында натрий,
хлор, магний көп болатын болса, онда ол өсімдік үшін қауіпті. Өйткені бұл
элементтер жапыраққа түсе отырып крахмалды бұзады және фотосинтезді
баяулатады. Сондықтан, әлсіз тұздылықтың өзі дәнділердің өнімділігін 40-
50% төмендетеді.
Топырақтың хлорлы тұздылығында топырақ ерітіндісінің рН мәні өзгереді.
Күріштер тұзды топырақта да өнім беретін болғандықтан, ертеден егеді
және қазіргі кездегідей егу аймағын кеңейту мәселесі қиын емес еді.
Күріштің тұзға төзімділігін, осы жағдайларда оның интенсификациясының
зерттеуге толығымен назар аударылмаған. Сондықтан да осы сұраққа қатысты әр
түрлі оқымыстылылардың қарама-қайшы көзқарастары қанағаттанарлықсыз.
Күріштің тұздарға төзімділігін айтқан кезде, оның су алдырып өсетіндігін
ескеру керек. Осы кезде оның тамыр жүйесі топырақтың сумен қаныққан беткі
қабатында орналасады. Ал факт жүзіндегі тұздылық дәрежесі прибормен
анықталатыннан төмен (Н.С.Тур. 1989).
Сонымен, күріштің тұзға төзімділігін зерттеген зерттеушілердің ішінде
күріш өсуге және өнім беруге қабілетсіз болатын тұздың шекті
концентрациясына қатысты бірдей көзқарас жоқ. Егер топырақтың құрамында
натрий болып, дәндер натрийге сезімтал болса, онда олар натрийдің улы
әсерін сезеді. Екінші жағынан, ауыспалы натрий топырақтың құрылымын
нашарлатып өсімдіктің қоректенуін бұзады. Өйткені тұздылық кезінде қалыпты
жағдайға қарағанда өсімдіктің оттегімен қоректенуі азаяды.
Тұздылықтың басқа типтеріне қарағанда хлорлы тұздылық дәннің өсіп
өнуіне кері әсер тигізбейді.
Бір авторлардың мәліметтеріне сәйкес күріш тұздың 0,8% концентрациясына
төзімді. Басқалардың айтуы бойынша (Иконников С.) күріш тұздың шамамен 0,3%
концентрациясына ғана төзімді. Осындайлар басқа жұмыстарданда байқалады.
0,3-0,4% хлормен тұздалған топырақтардың метрлік қабатында өнім алынбайды,
ал 0,2-0,3% тұздылықты болар болмас өнім алынады. Топырақтың 0,35% аспайтын
тұздылығында дән өсіп өнуі мүмкін. Ол 1 литрге 10 грамм құрайтын топырақ
суының минералдану дәрежесіне сәйкес келеді. Су алған кезде топырақтың
беткі қабаты тығыздалады, сондықтан күрішті бастапқы жоғары тұздылықтада
өсіруге болады.Бірақ, бұршақтар пайда болғаннан кейін тамыр жүйесі
максимальді таралған қабаттағы 10-20 см тұздылығы0,5-0,6% немесе 15-16 гл
аспауы керек (Жовтонг және т.б., 1981) Т.Н.Кириенко жасанды жолмен тұздау
кезінде ерітіндінің концентрациясы 5 гл болған кезде күріш дәнінің өнуі
бірден төмендегенін байқаған. Бір тұздар өсімдікке осмостық әсер береді, ол
жасуша протоплазмасының сусыздануында көрінеді; басқалары – улы әсер
береді, ол кезде заттың алмасуы нашарлайды.
Тұздылығы жоғары топырақтардағы концентрит топырақ ерітіндісінің
осмостық қысымы дәннің сорғыштық күшін жоғарылатады. Бұл кезде дәндер
ылғалды сіңірмей кейбір уақытқа топырақта консервіленіп тұрады. Топырақ
ерітіндісінің концентрациясы төмендеген кезде, мысалы егіс аймағына су
бергенде немесе басқада себептердің нәтижесінде дәндер ылғалды сіңіріп өсе
бастайды.
Н.С.Ерыгиннің (1977) мәліметтері бойынша Кырмызы және Кендзо сортындағы
күріштердің дәндері осмостық қысымы 0,6 атм. Болғанда ерітіндіде сору күші
бояулайды, ал 20 атм-да көтерілгенде тіпті тоқтайды. Осыны негізге ала
отырып, автор ерітіндінің осмостық қысымы 5 атм. аспау керек деп есептейді.
Жапондық оқымыстылар күріштің концентрлі тұзды ортада осмостық
қабілеттілікке ие екендігін анықтады. Күріш өсімдігінің зақымдануының
себебі хлор ионының аралықтарда жиналуы болып табылады, оның өсімдікке
сіңуі және қозғалысы метаболизммен байланысты емес. Сонымен қатар, тұзға
төзімді құбылысы сорттық ерекшеліктерге байланысты деген пікірлер де бар.
Минералдаудың теңдей дәрежесінде бір анионмен байланысқан катиондардың
күріш үшін зақымдау дәрежесі келесі реттілікте болады: Na+, Mg++, Ca++.
Аниондарда улылық дәрежесі бойынша белгілі бір ретпен орналасады: Cl-
CO SO.
Эквивалентті мөлшерде әр түрлі тұздарды енгізген кезде Na2SO4 тұзының
улылығы аздау болады. Na2CO3 және NaHCO3 улылығының айырмашылықтары
анықталмаған (Ерыгин А.С., 1967).
Мәліметтерге сәйкес анионның спецификалық әсері мен тұздың улылығының
ерекшелігі төмен деңгейдегі тұзды ортада анық көрінеді. Тұздылықтың жоғарғы
дәрежесінде өсіп дамудың тежелуінің басты себебі осмостық қысым болып
табылады. Дегенмен де, әлсіз тұздылықтағыдай, күшті тұздылықта да
улылығының белгілері бойынша иондар белгілі бір ретпен орналасқандығы
анықталды.
COHClONO Cl SO
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, күріштің тұзға
төзімділігіне қатысты айтылған пікірлер бір-біріне қарама-қайшы деп айта
аламыз: біреулері оны тұздылыққа тұрақты деп есептесе (Сметанин, 1986,
Бекниязов, 1989), енді біреулері оны әлсіз тұрақты дақылдарға жатқызады.
Кейбір авторлар басқа пікірде. Мысалы, жасанды тұздау жағдайындағы
тәжірибелер вегетация кезінде күріштің тұзға деген тұрақтылығы көгеріп ағаш
болғанға дейін 0,3% -ден 0,6% дейін өсетіндігін көрсетті
(Горичкин, 1982).
Американдық оқымыстылардың зерттеулері басқаша мәліметтер береді. Өну
барысында күріш тұзға өте төзімді, ал 2-ші жапырақ фазасында тұзға деген
сезімталдығы күшті. Бұтақтану фазасында тұрақтылығы жоғарылайды, ал гүлдену
кезеңінде қайтадан төмендейді. Вегетацияланудың соңында тұздылықтың
өсімдікке әсері болған жоқ.
Ауыл шаруашылығының өнімдерін жоғарлатудың және интенсивтендірудің
маңызды факторларының бірі минералды тыңайтқыштарды қолдану болып табылады.
Тұзды топырақ жағдайында күріш тыңайтқыштарының жүйесінің
ерекшеліктерін анықтау үшін күріштің минералды қорегінің ерекшеліктеріне
қысқаша сипаттама беруіміз керек. Күріш өзінің биологиялық ерекшеліктеріне
қарай гидрофит, яғни суалған ортада өсетін өсімдік болып табылады. Бұл сапа
оның минералды қорегінің спецификасын, сулы ауа режимін, топырақта және
өсімдікте болатын энергетикалық процесін анықтайды. Бұл академик
Б.А.Неуныловқа „егін шаруашылығының күріштік типін” бөлуге мүмкіндік берді.
Бұл егін шаруашылығының ерекшілігі – егін аймағы вегетациялық кезеңдердің
барлығында су қабатының астында жатады.
Ол пісіп жиналу кезінде ғана құрғатылады, сондықтан күріштің
вегетациялану кезеңінде топырақ әрдайым ылғалдандырылып тұрады, оттегі
азаяды, онда тотықтырғыштардың тотықсыздану реакциялары жүреді.
Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген.
Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар
жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың
күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты
(аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі
тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций
цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың
топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі
күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі
олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің
әр түрлі болуы болып табылады.
Күріш қорегінің маңызды элементі болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын
күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық
қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның
жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер
береді.
Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ
күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі
бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш
өсімдігінің өнімділігі азаяды.
Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық
ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың
нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және
орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кгга минералды
тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кгга және кеш
пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кгга минералды
тыңайтқыштарды себеді.
Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты
жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі
қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.
Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін
зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың
жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына
тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді.
Осы пікірге В.П.Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз
мөлшерін – 60-90 кгга ұсынады.
Парожняя З.Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты
тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді.
Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық
құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен
сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және
магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.
Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері
бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қжет.
Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының
жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ
картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек. Сонымен
топырақтың құрамында 30 мг кг дейін жылжымалы фосфор
болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кгга болуы керек.
Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда
фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады .
Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек.
Өсімдіктің фосфоржы сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа
байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды.
Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың
жылдық нормасына қарай себіледі. Тұздалған топырақтарда (Шардара және
Шәуілдір т.б. облыстарда) күрішке себілетін фосфорлы тыңайтқыштардың жылдық
нормасы жалпы қабылданған нормамен салыстырғанда 2-2,6 есе көбейту керек.
Осы кезде суперфосфоат тұздарының зиянды әсерін толығымен бейтараптайды. Су
алған кезде фосфор өсімдіктің бойына кәдімгі сурауға қарағанда жақсы
сіңеді.
А.С.Турдың пікірінше (1981) натрий хлориді натрий сульфатына қарағанда
мақтаға зиянырақ. Ол өсімдіктің құрамындағы күкіртті азайтып фосфор мен
жалпы азоттың мөлшерін жоғарлатады. Аталған тұздардың жоғарғы
концентрациясында өсімдіктің бойындағы К, Са, Mg-дің құрамы азаяды.
Шетелдік оқымыстылардың айтуынша араластырып тұздаған кезде тұздардың
улылығы айтарлықтай төмендеген. Мысалы, NaCl мен Na2CO3 зиянды әсерлерін
CaSO4 ерітіндісін қосу арқылы әлсіретуге болады. Калий күріштің өсіп
дамуына жақсы әсер етеді. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі баяулайды,
егін әртүрлі ауруларға шалдыққыш болады.
Күріш егілетін далалардың топырақтарының құрамында калий жеткілікті
мөлшерде. Бірақ, күріш осы элементтің жеңіл формаларын бойына жақсы
сіңіреді. Күріштің вегетативті салмағы қалыптасу кезінде калийдің көп
мөлшерімен қоректенеді. Сондықтан топырақтың құрамында оның жеңіл
сіңірілетін формалары жеткілікті болу керек.
Күрішке калийлік тыңайтқыштардың ішінде құрамында 30-40% К2О немесе
калий хлориді бар калий тұзын себеді. Тұзды топырақтарға калий хлоридін
қолданған жөн.
Үндістандық оқымыстылардың айтуынша тұзды топырақта Р және К төмендеп,
дән мен сабанның құрамындағы ақуыз көбейеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, күріштің улы NaCl тұзына
реакциясын, оның азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілігін
зерттеудің практикалық және ғылыми мәні зор екендігін айтуға болады.
2 Климаттық және топырақ жағдайы
Тәжірибе жүргізу әдістеріне және алдымызға қойылған алқаптың тәжірибе
Шардара ауданы Достық өндірістік кәсіпорында жүргізілді. Ол Қызылқұм
шөлінің оңтүстігінде Шардара су қоймасынан 90 км Сырдария өзінінен 40 км
батыста теңіз бетінен 340-360 м биіктікте жайласқан. Өндірістік
кәсіпорнының топырағы ежелгі суармалы сұр топырақ.
Бізде сұр топырақ (Банков 1955, Розанов 1961) мәліметтерге қарғанда
теңіз бетінен 350-550 м биіктік аралығында ойлы, қырлы, тегістік жерлерді
алып жатады.
С.А.Кудрин (1969ж), М.А.Панков (1965ж), А.Н.Разанов (1971ж)
мәліметтеріне сүйенсек сұр және сұрғылт топырақ төмендегідей қасиеттерге
ие, қарашірік қабатының күшсіз, топырақта минералды түйіршіктердің кем
ыдырауы, минералды каллоидтардың өте кем болуы, кальцийдің көбірек болып
корбанатты болуы. Жер асты ыза сулары 1,5-2 метрді құрайды,көктем, күз
айларында ыза суы 0,6-1,0 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай қазіргі
кездегі алдыңғы дренаждардың істен шығуына байланысты болса керек.
Климаттың жағдайына келетін болсақ Шардара ауданы климатьы ауыл шаруашылығы
егіндеріне қолайлы болып келеді. Аязсыз күндердің кем болуы сондай-ақ
суландыру жүйелері жеткілікті болғаны үшін мақта, жүгері, жоңышқа, тамыр
жемісті өсімдіктерден мол алуға үлкен жағдай жасайды.
Біз тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге
Шардара елді мекені метерологиялық станциясының мәліметтерінен
пайдаландық. Шардара ауданы климаттық жағдай (Панков 1935, Разанов 1951)
мәліметтеріне қарағанда құм-шөлді зонаға тиісті ерекшеліктердің бірі жауын
шашынның кем болуы. Оның да көбірек мөлшері көктем, күз айларында дұрыс
келеді. Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек жаз айлары құрғақ және ыстық
келеді. Тәуліктік температура амплитудасы тұрақсыз болып күндіз және түнде
өзгеріп тұрады. Жыл бойы ашық бұлтсыз күндер көп болады. Аязсыз күндер
мөлшері 200 күннен артық, жалпы көпжылдық мәліметтерге қарсақ, жылдық
жауын-шашын мөлшері 282 мм болып соның ішінде 34-40% қыста, 38-40% көктемде
және күзде 15-19% дұрыс келеді. Жалпы жылдық температура орташа 12-14
градус болады.
Абсолют ауаның минимум (төменгі) температурасы орташа 9,0-дан 30о С
–қа дейін ауытқып тұрады. Соның ішінде температураның өте ыстық, жоғары
кезеңі (450 С) шілде айына дұрыс келеді (кесте-1).
Кесте 1 Шардара ауданы Достық елді мекені метеорология станциясы
кейінгі жылдардағы мәліметі

Жылдар айлар
сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек Орташа көп
жылдық
Ауа температурасы
Көп 14,3 20,3 24,0 26,8 24,7 19,0 13,4
жылдық
2007 жыл 16,3 20,7 26,2 28,6 26,0 19,8 14,3
Жауын – шашын мөлшері
Көп 42,0 22,0 8,0 3,0 3,0 3,0 13,5
жылдық
2007 жыл 9,4 31,0 1,1 - 2,0 19,0 14,3

2.1. Зерттеулерді жүргізу жағдайлары, сызбасы мен әдісі
Зерттеулер Шардара ауданы Достық елді мекенін аймағында жүргізілді.
Тәжірибені жүргізген жылдағы метеорологиялық жағдайларды сипаттайтын
мәліметте 2-кестеде келтірілген. Кестеден күріштің қалыпты өсіп дамуына
сол жағдайлардың қолайлы болғандығын көруге болады. Тәжірибе үшін далалы-
батпақты тұздалмаған топырақты М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасының күріш
егістік аймағынан алды. Оның агрохимиялық сипаты 2-кестеде көрсетілген. Ол
құрамындағы гумус пен азоттың көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Құрамында
жылжымалы фосфор мен калийдің жеткілікті болуына байланысты, топырақты осы
қоректік элементтермен орташа қамтамасызданған топыраққа жатқызуға болады.

Кесте - 2 Далалы-балшықты топырақтың агрохимиялық сипаты
Азот Фосфор Калий
Гумус %
Жалпы Аммиакты НитраттыЖалпы % ЖылжымалЖалпы % Ауыспалы
топырақ топырақ ы топырақ
мгкг мгкг топырақ мгкг
мгкг
3,0 0,18 12,8 30,0 0,09 22,3 1,62 170

Кесте – 3 Күріштің вегетациялану кезеңіндегі метерологиялық шарттардың
сипаты

Айлар Ауаның температурасы, 0С Эффект Тиімді Жауын шашын
суммасы температурсуммасы, мм
аның
қосындысы

Орташа КөпжылдыМаксималдіМинималді
қтардың
ауытқула
ры
Мамыр 21,7 +2,7 38 8,0 362,0 16
Маусым 24,8 0,0 37 8,0 444,0 8
Шілде 25,2 -1,5 40 13,0 471,0 2
тамыз 24,6 -0,1 40 12,0 452,6 0
Вегетациялық 1729,6
периодтағы
барлығы

Тәжірибеге Авангард сортындағы күріш алынды. Авангард сортындағы
күріштің вегетациялық кезеңі 118-110 күн. 1982 жылдан бастап Казақстанда
аудандастырылған. Оның өнімділігі жоғары (80-90 цга).
Вегетациялық тәжірибе көлемі 10 кг болатын ыдысқа келесі сызба бойынша
абсолютті құрғақ топырақпен жүргізілді:
1. Бақылау (тұздалмаған топырақ)
2. 0,05% Cl бар топырақ (хлорлы фон)
3. 0,05% Cl + N бар топырақ
4. 0,05% Cl + P бар топырақ
5. 0,05% Cl + NP бар топырақ
Тәжірибе алты рет қайталанды. Ыдысты толтырарда егінге дейін 15 күн
бұрын қажетті тұздылық типімен дәрежесін жасап алу үшін химиялық таза NaCl
тұзының қажетті мөлшерін септі. Азотты тыңайтқыш ретінде мочевина Co(NH2)2
мен қос суперфосфатты Ca(H2PO4)2∙H2O қолданылды. Тыңайтқышты күріш еккенге
дейін 1 күн бұрын ыдысты толтыру кезінде енгізеді. Абсолютті құрғақ 1 кг
топыраққа кететін азоттың мөлшері 0,20 гкг, ал фосфордікі 0,16 г Р2О5
болды.
Егіс егуді алдын ала суға малынып, тұқымды жарып шыққан дәндермен
жүргізді (35 дана ыдыс). Ыдыста өсімдіктің биіктігіне қарай 5-7 см су
қабатын ұстап тұрды. Көгендеу фазасынан бастап әр бір ыдыста 20 өсімдіктен,
вегетацияның соңында 9 өсімдіктен қалдырды.
Вегетация кезінде тәжірибеде фенологиялық бақылау мен биометрлік
анализдер жүргізілді. Күріш өсімдігінің негізгі даму фазалары басталған
күндерді белгіледік, олардың биіктігін өлшедік, жанама өсінділердің
мөлшерін есептедік. Даму фазалары бойынша күріштің вегетативті салмағының
жиналуын анықтадық. Сағақтану және гүлдену фазаларында жапырақтың
құрамындағы минералды азот пен фосфорды анықтадық. Ол В.В.Церминг пен
К.П.Магницкийдің лабораториясының көмегімен жүргізілді. Фиксациялаудан
кейін жапырақтағы жалпы және ақуызды азоттық, валдық фосфордың құрамы
анықталды. Пісу кезеңінен бастап күріш өнімінің құрылымын анализдедік.
Өнімді вегетацияның соңында есептеді. Далалы-балшықты топырақтың
агрохимиялық сипатын анықтау үшін Тюрин бойынша гумустық құрамын, Неслер
реактивінің көмегімен аммиакты, Гранвальд-Ляжу бойынша нитратты, Мальцевой-
Гриценко бойынша валдық азотты, фосфорды және калийді анықтадық
(анализдедік). Өсімдікті көгерту Мальцевой-Гриценко әдісі бойынша
жүргізілді, одан кейін жалпы азотты коельдаль аппаратының көмегімен, ал
фосфорды калориметрлік әдіспен анықтадық. Ақуыздың азотты Барнийейн бойынша
анықтадық.
Күріш дәндерінің өнімін А.В.Соколовтың математикалық әдісімен
анықтадық.
3. Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың
жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері
Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында
мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында
күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-
жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау
болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері
әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан
байқалады.
Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге
болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі
болып көрінеді.
Бұтақтану фазасында жағдайы қанағаттанарлықтай болады. 0,05% бақылаушы
өсімдіктің енгізген кезде ол аздап нашарлады. Мочевинамен қоректенген
өсімдік тұзды фонға қарағанда өзінің қою-жасыл түсімен және жақсы шоқ
түптілігімен ерекшеленеді. Хлорлы тұзды топыраққа фосфорды енгізгенде күріш
өсімдігінің жағдайы аздап жақсарды, бірақ бұл кезде азоттың тапшылығы орын
алады. Азоттың немесе фосфордың біреуін енгізгенге қарағанда екеуін бірге
қолдану жақсы нәтиже берді. Ол өсімдіктің жақсы өсіп дамуынан байқалады.
4-кестеде келтірілген фенологиялық бақылаулардың мәліметтері күріш
өсімдігінің өсіп дамуы өсіру жағдайына, әсіресе минералды тыңайтқыштарды
беруге және топырақтың тұздылығына тәуелді екендігін көрсетеді.
Бұтақтану фазасында бақылаушы нұсқадағы өсімдіктің биіктігі хлорлы
тұздалған топырақтағыға қарағанда 1 см-ге биік болады. Мочевинаны енгізген
кезде анық биіктігі 3-8 см болады. Фосфорды қолданған кезде ол 26 см-ге, ал
оларды бірге қолданғанда 41 см-ге тең болған.
Мочевина өсімдіктің биіктігімен қатар күріштің дамуына да жақсы әсерін
тигізеді. Қос суперфосфат жанама өсінділердің қалыптасуына ықпал
етпегенімен, азот фонында олардың санының көбеюіне әсер етті.
Бұтақтану фазасынан бастап күріштің қарқынды өсуін байқауға болады (4-
кесте). Бұтақтану фазасынан түтіктенуге дейін бақылаушы өсімдіктің биіктігі
23 см-ден 42-43 см-ге дейін өзгерген. Фондармен салыстырғанда, тыңайтылған
нұсқалардың ішінде азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өсуге жақсы
әсер берген. Күріш өсімдігінің өсіп дамуына тұздар мен тыңайтқыштардың әсер
етуінің аталған заңдылықтары вегетацияның соңына дейін сақталған. Күріш
өсімдігінің ең биік ұзындығы азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге
қолданған кезде байқалады.
Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын күрішке берген кезде
трубалану-гүлдену фазасына дейін жанама өсінділердің саны артқан (бір
өсімдікке 3,5-4,0 дана)
Кесте – 4 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге
байланысты күріш өсімдігінің өсіп дамуы

Нұсқалар Күріштің даму фазалары
Бұтақтану Түтіктену Гүлдену Пісу
Бақылаушы (тұздалмаған топырақ 24 43 51 65

0,05 % Cl- топырақ 23 42 49 63

382,5 663,0 743,5 84
0,05 % Cl- +N топырақ

0,05 % Cl- + Р топырақ 26 45 52 69


0,05 % Cl- + NP 413,0 723,5 804,0 88

Кесте – 5 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге
байланысты күріш өсімдігінің вегетациялық салмағының жиналу динамикасы

Нұсқалар Күріштің даму фазалары
Бұтақтану Түтіктену Гүлдену
Бақылаушы (тұздалмаған топырақ 2,30,7 14,04,7 24,06,9

0,05 % Cl- топырақ 2,20,5 12,54,0 18,06,0

14,23,6 121,830,1 156,546,8
0,05 % Cl- +N топырақ

0,05 % Cl- + Р топырақ 3,00,9 418,95,0 37,57,8


0,05 % Cl- + NP ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма технологиясы
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Отандық өндірістің қалыптасуы мен дамуындағы басты мәселелер
Күріш жармасының сапасын бағалау
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Сапа менеджменті
Күріш жармасы технологиясы
Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану
Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері
Үндістан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (70-80 жылдар)
Пәндер