Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

II - ТАРАУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. Мәтінмен жұмыс байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі құралы ретінде

Жазу жұмысын мақсатқа сай ұйымдастыру оқушылардың лингвистикалық алған білімін қолдана білуге, өз ойын жеткізуде сөйлемдер мен сөздерді орынды пайдаланып, байланыстырып сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады.

Оқу бағдарламасында байланыстырып сөйлеу жұмысына «Мазмұндамалар мен шығармалардың тілдік жазу - сөздерді таңдап, дұрыс қолдану, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құра білу әрбір сыныпта жетілдіріліп отырылады», - деп көрсетеді.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін байланыстырып сөйлеу жұмысында оқушылардың ауызша және жазбаша сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен жазбаша мәтін құрауға дағдыландыру үшін оқушылардың мынадай икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады:

  1. Мәтіннің мазмұнын, көлемін анықтау;
  2. Мәтінді түсініп оқи біліп, мазмұнын игеру;
  3. Мәтіннің тақырыбын нақты белгілеп, материал жинақтап, әңгімелей білу;
  4. Жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз көзқарасын, ойын білдіріп, жаңа пікір қосуға баулу;
  5. Жазба жұмыстарды баяндау, суреттеуге машықтандыру;
  6. Жазылған жұмыстарды өңдеу, толықтыру;
  7. Сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға баулу.

Мәтін - тек сөйлеудің тыңдау үрдісінің жемісі ғана емес, сонымен қатар, қабылдау жемісі болып табылады. Сондықтан да мәтінді екі жақты тану үлкен орын алады: біріншісі - айтушының тұрғысынан, екіншісі - тыңдаушының тұрғысынан қарастыру. Кейбір ғалымдар мәтіннің байланысын айтушы сөйлеуімен байланыстырса, мәтіннің сипатын тыңдаушы қабылдау ерекшелігімен байланыстырады.

Мәтіннің туындауы туралы психолингвист ғалымдардың “ жазушы - оқушы” жүйесіндегі ерекшеліктер бойынша пікірлері, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жолы бар екені Т. Шонанұлының әдістемелік мұраларынан көруге болады.

Мәтінді түсіну туралы көрнекті психолог ғалым М. М. Мұқанов мынадай пікір айтады: « Тексте ой бар ма ? Әрине, әркімнің ойы өз басында. Сол ойды қағаз жүзінде түсіргендіктен, бәлкім, текстегі мазмұнды біз ой деп айта алармыз. Егер тексте ой болса, текстің өзі адамсыз сөйлей ала ма? Әрине, сөйлей алмайды. Ендеше, тексте ешқандай ой жоқ. Ой дегеніміз - тексті жазған кісінің жадында қалуы. Егер тексте ешқандай ой жоқ болса, онда оны өзге кісілер қалай оқып түсіне алады? - деген сұрақ туады. Тексті оқып түсіне алатын себебі, текстердің қай-қайсысының болса тілде сөйлеушілердің шарттасқан келісімі сияқты. Сөйтіп, сол келісім нәтижесінде текстегі ойды бір тілде сөйлейтіндер тегіс танитын болады». Өйткені мәтін - тіл бірлігінің барлығы өзінің болмысын, қызметін көрсете алатын ерекше өріс.

Ал дәл бір мәтін пайда болып отырған сәттегі сол мәтінде айтушының немесе жазушының түпкі ойын барлық сол тілде сөйлеушілер бірден түсіне қалады деген М. М. Мұқановтың пікіріне келісу қиындау, өйткені көп адамдардың психологиялық жағынан біріне - екіншісі үлеспей, қиындықтардың туындауы - сол бірінің ойын жеткізген тілін екіншісі өзінің түсіну дәрежесіне байланысты жеткізеді.

Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту -нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде берілсе, екіншіден жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен істелетін жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту - оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып білуге, сол арқылы оқушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені, мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады.

Г. Смағұлова өзінің еңбегінде мәтіннің белгілі бір құрамнан тұратынын айта келіп: «Мәтін - тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық - құрылымдық күрделі тұлға. Ол грамматикалық, логикалық, байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі», - деп анықтайды.

Ал Р. Ә. Шаханова мәтін бойынша жұмыстардың мынадай түрлерін ұсынады:

─ мәтін бойынша сұрақ жауап ұйымдастыру (әңгіме) ;

─ мәтінді мағыналық бөлімдерге бөліп, тақырып қойғызу;

─ мәтінге жоспар құрғызу;

─ мәтінмен шығармашылық жұмыс (толықтыру, әңгіме құрастыру сурет бойынша) :

Оқушылардың дүниетанымын дамыту мен қалыптастырудың арнайы мақсаттары көзделіп, түрлі өмір, ғылым салаларынан арнайы мәтіндер кездеседі. Оқушылардың мәтін туралы түсінігін арттыру үшін оның түрлері туралы білім 2-сыныптан бастап-ақ беріле бастайды. Мәтіннің азат жолдарға, күрделі сөйлем тұтастықтарына, сөйлемдерге бөлшектенетіні белгілі. Сонда адамның дұрыс құрастырылған сөйлеуінің негізінде, мейлі ол жазбаша түрде ме, ауызекі түрде ме, жекелеген сөздер емес, жекелеген сөйлемдер емес, логикалық және композициялық жағынан үйлескен ерекше тұтастық жатады.

Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл құралы» еңбегінде «іргелес сөйлемдер», -деген ерекше термин береді. Бұл термин сөйлеушінің белгілі бір нәрсе туралы хабарламақ болған ойын бір сөз, болмаса бір сөйлем бере алмайтынын, тек бірнеше сөйлем болып, тұтас бір ойды бере алатынын дәлелдейді. Сонда, қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеуде А. Байтұрсынұлы оқушы назарынан маңызды тіл бірлігі табиғаты тыс қалмауы керек, - деген идеясын танытады.

Мәтінді таныту үшін оқушыларға 2-сыныпта берілген мынадай ертегіні ұсыну керек:

« Бірақ басын құмырадан кері шығара алмай, әлек болады. Егін оруға шыққан бір әйел құмырасын сүтімен шөптің арасына қояды: Бұны түлкі көреді де, жасырын келіп, құмыраның ішіне басын сұғып, сүтті ішеді. (2 сынып, 167 жаттығу, 1ші азат жолы)

Берілген ертегіде бірнеше сөйлемдер берілген, белгілі бір ойды жинақтай алмай тұр. Себебі не? Себебі - сөйлемдердің орналасуы қате. Ал олардың әрқайсысының тұтас мағына құрауда қажет болып табылатын рет орнымен орналастырсақ, айтылмақ белгілі ой шығады. Негізгі берілген ертегі мынадай:

«Егін оруға шыққан бір әйел құмырасын сүтімен шөптің арасына қояды. Бұны түлкі көреді де, жасырын келіп, құмыраның ішіне басын сұғып, сүтті ішеді. Бірақ басын құмырадан кері шығара алмай әлек болады».

Осындай мысалдар мәтіннің сөйлемнен анағұрлым мол, айқын, ойды кең, тұтас етіп беру мүмкіндігі үлкен бірлік екенін танытады. Мәтіндегі сөз бен сөздің, сөз тіркесі мен сөз тіркесінің, сөйлем мен сөйлемнің өзара байланысқа түсу мүмкіндіктерін таныту байланыстырып сөйлеу арқылы жүзеге асады.

Мектепте оқушылардың тілдік құрылымын, сауаттылығын, сөздік қоры мен тіл дамыту жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Мұнда жүйелі жүргізілген жұмыс міндетті түрде өз нәтижесін береді. Мынадай екі мәтінді талдатып көрелік, көрнекілік көмегімен: тақтаға плакатқа жазылған екі мәтін ілінеді. Мысалы: 3-сынып оқулығындағы «Ас атасы - нан» мәтіні.

Тапсырма: Төмендегі екі мәтінді салыстырып, қай мәтінде айтылған ой анық, әсерлі, бейнелі берілгендігін анықтаңдар.

1- мәтін

Ас атасы - нан.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп әжесінен:

  • Мынау өсіп тұрғандарт не? - деп сұрады. Науанжан, бұл пісіп тұрған нан, - деп жауап береді әжесі. Нан болса, таба наны қайда?Таба нанда осы дәннің ішінде. Ал тоқаш ше?Тоқаш та осы дәннің ішінде. Бауырсақ ше?Бауырсақта осы дәнге сыйып тұр, Науанжан. Әже, кіп - кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп Науан таң қалды.

«Ас атасы-нан, нан атасы - дән» деген Науанжан осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

(М. Төремжанов)

2-мәтін

Ас атасы - нан.

Науан бірде әжесімен егіске келді. Ол бидайды көріп әжесінен:

  • Мынау не? - деп сұрады. Науанжан бұл нан - деді әжесі. Нан болса таба нан тоқаш, бауырсақтар қайда? - деді Науанжан. Осы дәннің ішінде бәрі де - деді әжесі. Әже, кішкентай дәнге қалай сыйады?, - деп таң қалды Науан. «Ас атасы-нан, нан атасы-дән», - деді әжесі.

(М. Төремжанов) .

Осындай салыстырулар оқушылардың мәтін құрау қабілеттерін қалыптастырудың жақсы жолдарына негіз бола алады. Өйткені, мәтінді салыстыру барысында оқушы мәтіндегі ойдың қалай «кірпіштен өрілетін», «лингвистикалық эксперимент» жасау арқылы өзі бақылап отырады. Осындай талдаулар оқушыға жазушы шеберлігін, ойдың толыққанды берілуіндегі сөздік қордың, байланыстырып сөйлеудің жетілуінің алатын орны деген ұғымдарды игертеді. Жоғарыдағы екі мәтінде де ой аяқталған. Бірақ қай мәтіннің беретін ойы анық, айқын, ашық ауқымды екені салыстыруда анық байқалады. 1-мәтін сөйлемдердің арасына жаңа сөйлемдерді байланыстырып, ой анық ашық көрсетілген, мәтін ретінде құрылған; 2- мәтінде өте жай сөйлемдермен көрсетілген.

Бұл талдау әдістері оқушылардың мәтін туралы түсінігі нығайып, мәтін құру (әңгіме, шығарма) шеберліктерін шыңдауға жетелейтін қабілеттер қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың өздерінің көздерін жеткізуі дұрыс. Ол үшін мағыналық байланыстары жоқ сөйлемдер тобы мен мәтінді салыстырамыз:

Тапсырма: Төменде берілген екі топтағы сөйлемдердің байланыстарына назар аударыңдар;

  1. Қай топта ой жалғаса айтылады?

Қайсысында ой әртүрлі келеді?

  1. Қайсысында сөйлемдерді байланыстырып тұрған ортақ ой бар? Қайсысында ой білінбейді?
  2. Сонда қай топты «мәтін» деп айта аламыз?

1 - топ

Жолбарыс - жыртқыш аң. Ол негізінен Азияны мекендейді. Оның көп аулайтын аңдары - бұғы, жабайы шошқа, киік. Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар паркінен көруге болады. Ол үй мысығына ұқсас.

« Ол кім? Бұл не?» кітабынан.

2 - топ

Жолбарыс - ол жыртқыш аң. Жұбанов ағай күй тартатын, ән салатын жігіттерді қатты құрметтейді. Ескі Ресей Англия емес еді де, Қазақ елі Индия болған емес. 1924жылы Шалқар қаласынан Әли Құрманов келді.

Бұл талдаудың қорытындысында оқушылармен бірге мынадай ереже шығарылады: Кез келген сөйлемдер тобы «мәтін жасай алмайды» . Себебі, мәтіндегі сөйлемдерде байланыс болуы керек. Ой бірден екі өзара даму үстінде болуы керек. Сөйлемдер ортақ бір тақырып бойынша байланысуы керек.

Соңынан мәтін туралы түсініктерін бекітуде оқушыларға мынадай тапсырма беріледі:

  1. Оқушыларға қысқаша шығарма жазғызып, оларды бір-бірінен тексерту. Мәтін құрудағы достарының қателіктерін тану, анықтау арқылы оқушы өзінен де білімін, қабілетін жетілдіре түседі;
  2. Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып, мәтіннің құрылымы туралы түсініктерін бекіту;
  3. Мәтіндегі негізгі ойды анықта;
  4. Мәтінге тақырып қой;
  5. Мәтіннің жоспарын құрастыр.

Мұғалім мәтіннің белгілерін өзі оқып таныстырады:

  1. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.
  2. Ол сөйлемдер бір-бірмен мағыналық байланыста болады.
  3. Ол сөйлемдердің тақырыбы бір болады.
  4. Сөйлемдердің орын тәртібі де мағынаның тұтастығығын, бірлігін сақтайды.
  5. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің бірі мен екіншісі айтпақ ойды дамыта түсіп байланыстырып отырады.

Осындай таныстырудан соң, мұғалім «Мәтін» мен «Сөйлемді» өзара салыстыруға көшеді. Бұл жерде мұғалім «мәтін» тақырыбынан соң, «сөйлем» тақырыбы келетінін айта келіп, сөйлем дегеніміз не екенін еске түсіріп алады.

Сөйлем - аяқталған ойды білдіреді.

  1. Сөйлемге мысал:

Менің досым Өзбекстанда тұрады.

  1. Мәтінге мысал:

Менің досым Өзбекстанда тұрады. Біз хат арқылы таныстық. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ділбар Алматыға биыл жазда келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

(3-сынып, 139-жаттығу)

Бұл салыстырудан келіп шығатын қорытынды «Мәтіннің құрамы сөйлемнен көп болады». Бірақ сөйлемердің тобының саны ғана, мәтін деп аталмайтынын ұғындыру да аса маңызды. Осындай жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының білімін бекітіп, мәтінді тануға байланыстырып сөйлеу заңдылықтарын қолдана білуге қалыптастыру мақсаты орындалады.

Оқушылардың байланыстырып сөйлеуде, көп ретте, мәтін туындамай жататыны белгілі. Бұл жағдай:

1. Оқушылардың сөздік қорының кеңдігінен туындап жатады;

2. Көп жағдайда грамматикалық байланысу тәсілдерін дұрыс қолдана алмауынан туындайды;

  1. Ең бастысы, оқушыларда тұтастықтың құрылуы, сақталуы туралы ұғым қалыптасуынан болады.

Оқушыға белгілі бір тақырып туралы баланың өмірлік көрген-білген тәжірибесі анықталады, сол туралы дүниетанымы сол арқылы таңбаланып, оны сөздік қоры көркемдейді. Содан соң, егер баланың осы тақырып туралы айтайын дегені көп болса, оқушы қайсысын айтарын білмей, ананың басын бір шалып, мынаның басын бір шалып отыратын болады. Оның барлығы «мәтін» туралы түсінік алмауынан болып жататын қателіктер. Мәтін жасауда адам өзінің ой-санасында іштей жоспар құрып жатады. Ол - сөзсіз үрдіс (процесс) . Бірақ сол құрылған жоспардың өзі белгілі бір дағдыға айналмай, нәтижесінде, оқушының сөзі шашыраңқы болады.

Сондықтан мәтінге жоспар құра білуге де көп назар аудару керек.

Жоспар дегеніміз - туындаған немесе туындамақ мәтіннің негізгі бөліктері сөйлеу не жазу барысында сол тірек ойлар жайылып, толығып, дамып соның нәтижесінде тұтас, толыққанды мәтін жасалады.

Мәтінге жоспар құрғызуда оқушылар орындайтын, оларды қалыптастырылуы тиіс деп санайтын логикалық амалдар мыналар:

тұтас мәтінді мағыналық бөлшектерге бөлу; негізгі ойды іріктеп, анықтау; бөлшектерге тақырыпшалар беру; оларды жоспар түрінде ретке келтіру. Жоспар құру үшін, сонымен бірге жоспардың түрлерін де тану керек. Олар:

  • жоспарды сөзбен құру, мұның өзі жай жоспар, күрделі жоспар, кеңейтілген жоспар болып бөлінеді; сурет арқылы жоспар құру; танымдық жоспар құру.

Негізінде жоспар құру барысында оқушылардың ой қызметі жетіледі. Оқушы мәтіндегі берілген материалдың мазмұнындағы түйінді ой мен қосалқы ойды ажырата ала ма, ол үрдіс қалай өтіледі, ойлау қызметі қаншалықты өсіп -жетіледі, жазушы адамның тілдік қызметінің нәтижесі (яғни мәтін) екінші адамға қалай аударылып шешіледі деген маңызды сұрақтарға мұғалім оқушының мәтінге жоспар құру қызметінен, соның нәтижесінен жауап іздейді. Бірақ сол жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім соған жететін баспалдақтарды қалауы тиіс екендігі есте тұрады.

Жоспар құру - ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Сабақ үрдісінде оқушыға ауызша жоспар құрғыза білуге дағдыландыру маңызды. Бұл оқушының есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау мәдениетін, сөйлеу тілін дамытып, өзінде бар білімін жаңғыртуда тез қорытынды жасай біледі, байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіреді.

Қорыта келгенде, мәтіннің өзіндік мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Мәтін түзетін сөйлемдер және олардың өзара білдіретін ой-пікірі бойынша байланыстылығы;
  2. Мәтіндегі азат жолдар және олардың тақырып мазмұнына бағыныштылығы;
  3. Мәтіннің түрлілігі яғни байланыстырып сөйлеу арқылы көрінетіндігі.

Сондықтан оқушылардың байланыстырып сөйлеу икемділіктері мен дағдылары мәтін бойынша дамытылады.

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдіс - тәсілдер

“ Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс, - делінген “ Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында”. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы өзгерістерге байланысты ерекшеліктерінің бірі - еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған орай, егеменді еліміздің қазіргі алдында тұрған ең маңызды міндет - балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұнын жетілдіру, арттыру барысында әдіс - тәсілдерді дұрыс қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі білім мазмұнын меңгертудің бірден бір жолы. Мұғалім сабақ барысында әдістерді, техникалық құралдарды орынды қолдана білсе, оқушылардың білімді меңгеруі қарқынды жүреді. Оқушылардың сауаттылығы мұғалімнің тәжірибесінен, оқыту мақсатына сәйкес әдіс - тәсілдерді дұрыс қолданбауынан келіп шығады.

Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн: «ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», - деп тауып айтқан. Мектеп табалдырығын аттап, оқуға түскеннен кейін бала оқушы болып, онда бірінші сыныптан бастап жүргізілетін пәндер арқылы дүниетанымын кеңейтіп, тілі байып, қоршаған дүниеге де белгілі бір өзінше көзқарасы пайда болады. Оқушы қалпына түскен баланың айналадағы дүниетаным өрісінің аумағы артып, тілінің дамуына, осының салдарынан тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әсер ететін бастауышта жүретін пәндердің ішінде -«Қазақ тілі» пәнінің орны ерекше.

«Атамұра» баспасы шығарған (Қазақ тілі 2 - сынып, Алматы, 2002) авторлары: Г. И. Уәйісова, Р. С. Әміров, Ә. Е. Жұмабаева жазған оқулық он бөлімге бөлінген.

а) Тіл және сөйлеу

б) Дыбыс және әріп

в) Мәтін

г) Сөйлем

ғ) Сөз және оның құрамы

д) Сөз таптары

е) Зат есім

ж) Етістік

з) Сын есім

и) Сан есім

«Атамұра» баспасы шығарған (Қазақ тілі 3 - сынып, Алматы, 2003)

авторлары: Г. И. Уәйісова, М. Б. Балақаев, Ә. Е. Жұмабаева жазған оқулық он бөлімге бөлінген.

а) Тіл және сөйлеу

б) Дыбыс және әріп

в) Мәтін

г) Сөйлем

ғ) Сөйлем мүшелері

д) Жалаң және жайылма

е) Қаратпа сөз

ж) Сөз

з) Сөз құрамы

и) Сөз таптары.

Қазақ тілі сабақтарында мәтінді оқып үйренуге байланысты тіл дамыту жұмыстарының ішінде байланыстырып сөйлеудің орны ерекше. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және байланысты азды-көпті бөліктерден тұратын біртұтастық. Қазақ тілі сабақтарында оқып үйретудегі негізгі мақсат - оқушылардың ауызша, жазбаша тіл байлығын арттыру десек, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі - Ахмет Байтұрсынов. Оның «Қай әдіс жақсы?», «Жалпылауды-жалқылау әдісі», «Дыбыстарды жіктеу түрі» т. б. қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған.

А. Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде оқыту әдістерін қолдану ерекшеліктеріне тоқталады.

А. Байтұрсынов бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөздік қорын молайту мақсатында өте тиімді әдістер қолданған. А. Байтұрсынов 1912 жылы шыққан «Оқу құралы» атты еңбегінде сөздерді тақырыптық топтарға бөліп, әр топқа бірнеше сөздер жазып көрсетеді. А. Байтұрсынов сөздерді тақырыптарға бөліп беру тәсілі қазіргі «Әліппе» оқулығында да қолданылады.

Оқушылардың сөз байлығы олар оқитын бағдарламадағы материалдың және өз бетімен оқитын көркем шығармалардың негізінде жылма-жыл толысып, қалыптаса түсетіні мәлім. Оқулықтағы мәтіндердің көпшілігі ұлы жазушылардың көркем шығармаларынан алынған. Оқулықта мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, сурет бойынша әңгіме құрастыр, әңгімеге ат қой деген тапсырмалар да мол. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша, жазбаша тілі кедей, сөйлемдердің құрылысы жағынан жұтаң, өз ойын толық жеткізе алмайды. Тегінде ол кемшіліктердің түрлі себептері бар: Атап айтқанда, біріншіден, оқушылардың қазақ тілін нашар білуі; екіншіден, сөздік қордың жалаңдығы; үшіншіден, түрлі жолдармен келіп қосылған сөздерді оқушылардың сөйлегенде орынды пайдалана білуге үйрету жұмыстарының сапасының төмендігінен деп білуге болады. Мысалы: белгілі бір мәтінді оқып біткеннен кейін, сыныптағы оқушының бірі өзіне қойылған сұрақты тез түсініп, жауабын анық, айқын, толық етіп қайырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz