Ядролық қарусыздану


Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі . Қарусыздану адамзаттың ұлы арманы. , , Семсерден соқа жасап, бейбіт өмірді бастайық,, деп адам баласы қарусыздануды ежелден аңсаған болса. Қазіргі заманда халықаралық қауымдастық ядролық қарудан бас тарту арқылы атом энергиясының бейбітшілік, денсаулық және жақсы тұрмыс үшін қолданылуын қалайды. 1

Қазіргі кездегі қарулар-адам денесінің жекелеген мүшелерін зақымдаудан, тұтастай бір құрлықты жойып жіберуге шамасы жететін термоядролық бомбаға дейін дамыды. ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін адамның дене күшін пайдалану арқылы қолданылатын суық қару мен оқ дәрінің күшін пайдаланатын атыс қаруы кең таралған болса. 1945ж. ядролық қару алғаш рет АҚШ тарапынан Жапонияға қарсы қолданылды. Қару соғыс кезінде жаудың әскери күшін жою үшін қолданылатын жарақтар мен қондырғылар. Қарулардың тағы да аса қауіпті биологиялық, химиялық түрлері бар. Ал осы қарулардың ішіндегі ядролық қарудың күші жойқын болғандықтан қарусыздану саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып ядролық қарусыздану саналады. Халықаралық қауымдастық ядролық қаруды қолдану, өндіру және сынау, сондай-ақ оның барлық қорын жою арқылы ядролық қаруға толық тыйым салуға қол жеткізуі керек. Сөйтіп қос мақсатты материалдар мен технологияларға қолдануға жататын атом энергиясын соқа тәрізді тек бейбіт мақсатта қолданылса жақсы болар еді.

ХХ ғасырда әлемдік саясаттың негізі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап отырудың тиімді, әмбебап жолын іздестіру болды. Ал осы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарусызданудың маңызы зор екенін айтқымыз келеді.

Қарусыздану - бұл соғысты жүргізудің материалдық құралдарын азайтуға, ақырында толық жоюға бағытталған мемлекеттермен келісілген шаралар кешені. Ал осы қарусыздануды құқықтық реттеудегі ең өзекті мәселе ядролық қарусыздану болып табылады. Қазіргі заманғы жаппай қырып жою қаруларының ішіндегі ядролық қаруды ең озық үлгісі деп айта алмаймыз, әйткенмен оның потенциалды күші өте қауіпті. Біз сол үшін ядролық қарусыздану, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзегі деп білеміз.

Ал енді осы бітіру жұмысымның ғылыми құндылығы мен қолданбалы пайдалылығына келетін болсақ, ядролық қарусыздану мәселелерін зерттеу халықаралық құқықтанушыларды, білікті заңгерлер мен саясаттанушыларды және әскери сала мамандарын қызықтырары сөзсіз. Себебі ядролық қарусыздануды халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің басты кепілі деп білеміз. Еңбектің ғылыми құндылығы ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты туындыған халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтың реттеу мүмкіндігінің тиімді жолдарын зерттеу. Халықаралық құқықтағы қарусыздану қағидасының негізіне сүйене отырып, ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты ғылыми тұжырымдамалар мен болжамдарды талдау, салыстыру арқылы жан-жақты зерттеу мүмкіндігі. Мемлекеттердің ядролық қарусыздануға қатысты саяси ұстанымынан тәуелсіз нақты мәліметтер мен ақпараттарды жинау мүмкіндігі. Қолданбалы пайдалылығы ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі мемлекеттердің ядролық қарусыздануға қатысты бірлескен шараларының халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтаудағы жемісін ескерке отырып іс жүзіндегі маңызын жоғары бағалай отырып теориялық мәселелерге қатыстыілімдерге, тәжірбиеден жинақталған тың жаңа ой-пікірлер ұсыну.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі. ІІ-дүниежүзілік соғыс тек фашизм сұмдығын жеңіп қана тарихта қалған жоқ, ол сонымен қоса ядролық қарудың алғаш қолдануымен адамзаттың жаппай қаруланудың бастамасы болды. Негізінде ядролық қарусызданумен халықаралық құқық мамандары шұғылданады. Кеңестік және Батыс Еуропалық ғалымдардың зерттеу жұмыстары бар. Ядролық қарусыздануға қатысты Кеңестік заңгер ғалымдар О. В. Богданов, Г. А. Осиповтың еңбектерін айтуға болады.

Қазақстандық заң ғылымында халықаралық қауіпсіздік құқығымен айналысып жүрген, соның ішінде ядролық қарусыздануға тікелей қатысты еңбектері бар з. ғ. к., доцент Ж. М. Аманжоловты атап өтуге болады.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері . БҰҰ Жарғысына сәйкес қарусызданудың алдын алу мен Бас Ассамблея қарарларына сәйкес ядролық қарудың кең тарауын алдын алатын, мемлекеттер тарапынан халықаралық шарт шасасу қажеттігін ескере отырып. Халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында ядролық қарусыздануды кезеңімен реттеу мақсатына жету үшін мынадай келесі міндеттер орындалуы тиіс деп ойлаймыз:

● Ядролық энергияның, технологиялардың тек бейбіт мақсатта қолданылуына барлық жағдай жасау және реттеу;

● Ядролық қарудың кең таралуын алдын алатын мемлекеттердің өзара ынтымақтасуын қолдау;

● Ядролық қарудың кең тарауы, ядролық соғыстың туындауына басты себеп екенін ескеріп қарулы күштер құрамынан ядролық қаруды жоюды жүзеге асыру;

● Ядролық қарусызданудың халықаралық-құқықтық негіздерін жан-жақты зерттеу және жетілдіру;

● Ядролық қаруы жоқ мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне ядролық қаруы бар мемлекеттердің қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету шараларын қолға алу.

Зерттеудің объектісі . Бітіру жұмысымның объектісі болып ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты мемлекеттер арасында туындаған халықаралық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы болып табылады. Сонымен қоса ядролық қарусызданудың БҰҰ Жарғысымен қоса халықаралық құқықтағы қалыптасқан қарусыздану мәселелері жөніндегі кешенді нормаларының жасалуы жөніндегі жүйелі шаралар жиынтығын қарастыру.

Зерттеу пәні . Бітіру жұмысымның зерттеу пәні болып қарусыздану қағидасының мазмұнын анықтаумен байланысты құқықтық мәселелерді терең талдау арқылы, ядролық қарусыздану аясындағы халықаралық құқықтық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің әдістемесі . Бітіру жұмысымды орындау барысында төмендегідей әдістер қолданылды:

● Тарихи шолу;

● Салыстырмалы құқықтық-талдау;

● Сараптама және синтез.

Қорғауға шығарылатын ережелер . БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық қатынастарда мемлекеттер өзге мемлекеттердің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданудан бас тарту қажеттігі және БҰҰ мақсаттарына сәйкес халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар өте аз адам күші мен экономикалық ресурстарды қарулануға жұмсауды басты назарда ұстай отырып ядролық қарусыздануды халықаралық құқықтық реттеу.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізіне Халықаралық құқық, тарих, философия, саясаттану ілімдері қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері, осы саладағы жетекші ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері жазған еңбектері пайдаланылды. Бітіру жұмысты жүргізу барысында арнайы зерттеулерді, сондай-ақ ядролық қарусыздану саласына қатысты жазылған заңгерлер, саясаттанушылар, мен басқа да ғылымдардың енбектерін ғылыми тұрғыдан жинақтау мен сараптау әдісіне сүйендік. Зерттеу барысында нақты құқықтық саралау, тарихи кезеңдерге саяси шолу, талдау, жинақтау, қорыту қолданылды. Деректер мен зерттеуге тарих-намалық талдау жасалды. Бүгінгі халықаралық жағдай-кешегі тарих жемісі. Тарихнамалық талдаусыз бүгінгі экономика, мемлекеттік құрылыс, халықаралық қатынастар, мәдениет, саясат түсініксіз. Сол үшін халықтардың тарихи салыстырмалы әдіспен зерттелуі керек.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысымның құрылымы мен көлемі тақырыпты зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Бітіру жұмымымның қолжазбасы кіріспеден, 6 бөлімшесі бар 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысым ҚР Білім және Ғылым Министрлігі қойған талаптарға сәйкес дайындалды.

Бітіру жұмысымның жалпы көлемі 50 беттен тұрады.

1. Ядролық қарусызданудың халықаралық құқықтық алғышарты.

1. 1 Халықаралық құқықтағы ядролық қарусыздану мәселесіне тарихи шолу.

Қарусыздану халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден бір тиімді жолы. Қарусыздану мемлекеттің немесе оның белгілі бір аумағының қару-жарағын толық немесе белгілі мөлшерде шектеу. Қарусыздану халықаралық келісімдермен белгіленеді. Онда мемлекеттің қарулы күштері, әскери бекіністері мен базалары, әскери өндірісі, т. б. болуына толық немесе ішінара тыйым салынады.

Ядролық энергияны игеру жаратылыстану ғылымындағы ұлы жетістіктердің бірі болды. Атом ядроларын ыдырату нәтижесінде алынған мол тәжірибе нәтижесі еді. Бұл тәжірибе адамзат баласының дамуы жолындағы экономикалық және саяси жағдайлармен жинақталды. Атом энергиясына қол жеткізген кезде, бұл қуат көзінің екі бағытта қолданылу мүмкіндігі анық болды. Бірі бейбіт мақсаттағы қолданыс, екіншісі әскери саладағы қолданыс. 1942ж. алғашқы ядролық реактордың іске қосылуын бейбіт мақсаттағы үлкен ғылыми жетістік деп білсек. Аз уақыт өтпей 1945ж. АҚШ тарапынан Жапонияға қарсы тасталған екі атом бомбасы адамзат баласының көкейіне күдік пен қорқыныш ұялатты. Сонымен қоса бұл ядролық қарудың ешбір әскери мақсатта қолданылмағандығы тек саяси мақсатты көздегені мәлім. Себебі соғыс тағдыры шешілген тұста жойқын қарудың бейбіт қала тұрғындарына қарсы қолданғанын еш ақтауға болмайды. 2 Біз, заңгер И. И. Лукшуктің «қауіпсіздіктің ең тиімді кепілі--қарусыздану», --деген пікірімен келісеміз. Себебі қауіпсіздік пен бейбіт өмірге қол жеткізу тек қарусызданған жағдайда ғана мүмкін болады. 3

Қазіргі кездегі қарулар-адам денесінің жекелеген мүшелерін зақымдаудан, тұтастай бір құрлықты жойып жіберуге шамасы жететін термоядролық бомбаға дейін дамыды. Ал осы қарулардың ішіндегі ядролық қарудың күші жойқын болғандықтан қарусыздану саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Халықаралық қауымдастық ядролық қаруды қолдану, өндіру және сынау, сондай-ақ оның барлық қорын жою арқылы ядролық қаруға толық тыйым салуға қол жеткізуі керек. Сөйтіп қос мақсатты материалдар мен технологияларға қолдануға жататын атом энергиясын соқа тәрізді тек бейбіт мақсатта қолданылса жақсы болар еді.

Кеңестік Әскери Энциклопедия ядролық қаруға мынадай анықтама береді: «Ядролық қару -- сутегі изотоптары ядроларының ( дейтерия, трития ) термоядролық реакция нәтижесінде жеңіл синтезделуі немесе уран мен плутонидің кейбір изотоптарының тізбектелген реакциясы нәтижесінде таралған, ауыр ядроларынан бөлінген ішкі энергиясын пайдалануға негізделген жаппай қырып жою қаруы. »

Ядролық қару энергетикалық күшке негізделген аса қауіпті, қырып-жоятын қару. Ол жау шебін, тылдағы өнеркәсіп орындары мен адамдарды талқандайды. Ядролық қаруды АҚШ импераликтері алғаш рет 1945 ж. тамыз айында Жапонияның екі қаласыда Хиросима мен Нагасакиде қолданды. Ядролық қару зарядты тізбекті ядролық реакция туғызатын жарықшақтанғыш бөлшектерден тұрады. Жарықшақтанғыш бөлшектер ретінде U (235) және U (238) уран изотоптары немесе Pu (239) плутониий пайдаланылады. 1 кг U (235) уран изотопының барлық ядросы жарықшақтанып, ыдырағанда пайда болатын энергия 20 мың тонна тротиллдың қопарылысынан пайда болатын энергияға тең. Ядро қаруының қопарылысы кезінде температура 30-40 млн. градусқа, ал қысым 30-40 млрд. атмосфераға жетеді. Жоғарғы температура мен қысым өте күшті радиоактивті сәуле шығарды, соққы беретін ауа толқынын, зиянды радиация мен жердің радиоактивтік элементермен улануын тудырады. Соққы беретін ауа толқыны- жарылыс қуатының тең жартысы кететін негізгі зақымдаушы фактор. Ол жарылыс болған жерден барлық жаққа бірдей шапшаң жылдамдықпен таралатын өте сығымдалған ауаның аймағы болып саналады. Жол жөнекей үйлерді, құрылыстарды әр түрлі дәрежеде зақымға ұшыратады.

Ядро жарылыс болған жерде шеңбері 5 км. Уран созылатын радиоактивтік көзге көрінбейтін сәуле толқыны зиянды радиция пайда болады. Ол 15 сек-қа дейін әсер етеді, үйлердің қабырғаларынан, қорғандардан тез өтіп, адам мен жануарларға биологиялық зақым келтіреді. Жердің радиоактивтік зақымдануы ядролық жарылыстың тағы бір зақымдағыш факторы. Ядролық жарылыс кезінде үлкен радиоактивтік бұлт пайда болады, ол кезде 30 км биіктікке дейін көтеріледі. Содан соң желдің бағытымен ыдырай бастайды. Бұлттан жерге, су көздеріне тағы басқа жерлерге радиоактивтік тозаң түседі. 4

Радиоактивтік зақымданған аймақ пайда болады. Ядро жарылыстың негізгі зақымдану факторлары: соққы беретін ауа толқыны, сәуле зақымы, радиация, жердегі уланған радиоактивтік элементтер адамға бір мезгілде әсер етеді. Ядролық қарудың қазіргі түрлері мыналар:

---атом бомбасы

--- сутегі бомбасы

Нейтрон бомбасы 5

Ядролық қарудың пайда болу тарихы, оның орасан жойқын күші арқасында басқа қарулардан ерекшелендірді. Бар жоғы алпыс жыл ішінде ядролық қару бұрын соңды адамзат тарихында болмаған әскери-саяси маңызға ие болды.

ХХ ғасырды әлемдік саясат пен экономикадағы орасан зор ұлы өзгерістер дәуірі деп әділетті түрде атайды, шынында да бір жағынан материалдық прогресс, адамзат өркениетінің мәдениет пен өнердегі, ғылым мен техникадағы көрнекті жетістіктері осы ғасырдың еншісінде. Сондықтан да өткен дәуірдің бағасы бір мәнді емес, мұның көп қырлы сипаты және сан алуандығы екінші мыңжылдықтың соңғы жүзжылдығына қатысты толып жатқан теңеулер туғызды.

Осы тұрғыдан алғанда анағұрлым жиі қолданылатын анықтауыштардың бірі жеткілікті түрде орынды сияқты болып көрінеді, ол атом қуаты мен ядролық технологиялар ғасыры. Бірақ қарама-қайшылық мынада, осындай алапат қуат көзінің ашылуы жасампаздықтың пайдалы құралы ғана болған жоқ, сонымен бірге халықаралық қатынастарда жаппай қырып-жоюдың қорқынышты құралына, қысым жасау мен бопсалаудың құралына айналды.

Бұл жөнінде Қ. К. Тоқаев “Қазақстан Республикасының Дипломатиясы” атты еңбегінде: «Осындай қарама-қайшылықтың жарқын көрінісі-екі жүйенің, капиталистік және соиалистік жүйелердің жарты ғасырға жуық уақытқа созылған текетіресі болды, осы уақытта екі империяның-АҚШ пен Кеңестен Одағы арасындағы “қырғи-қабақ соғыс” өрістей түсті. Бір мезгілде ғаламдық ядролық кезең жер шары халқын бірнеше мәрте жойып жіберуге қабілетті, өлім себетін қарудың қисапсыз көп көлемде жинақталуына әкелді. », -деді. 6

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, атом бомбасы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі стратегиялық мақсатқа ие болды. Осылайша ядролық қару дәуірі басталыпта кетті. Дәлірек айтсақ дүниежүзінде жаппай қарулану дәуірі басталды. Бұл дәуірдің көшбасшылары АҚШ пен КСРО болды. Сонымен қоса ядролық державаларға Ұлыбритания, Франция, Қытайды жатқызады. Біз білетін АҚШ 1945ж. 16 шілдеде алғаш атом бомбасын сынап ядролық дәуірді бастап берсе, КСРО 1949ж. 29 тамызда сынады, Франция 1960ж. 13 ақпанда, Қытай болса 1964ж. атом бомбасына қол жеткізді. 7

Жаппай қарулана бастаған бұл ядролық қарулары бар державалар ядролық қарусыздану мәселесіне қаншалықты үлес қосты? Деген сұрақ туындайды. Бұл мемлекеттер сонымен қоса БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты мүшелері. Ал Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсздікті қолдау, дауларды бейбіт жолмен шешу, мәжбүрлеу шараларын қабылдайтын бас орган. Сол себепті ядролық қаруы бар бұл мемлекеттердің халықаралық қауымдастықтың алдындағы жауапкершілігі мол.

Халықаралық құқықтағы ядролық қарусыздану мәселесіне тарихи шолуды екі бағытта қарастырамыз, біріншісі ядролық қарусыздануға қатысты халықарлық келісім-шарттар, ал екіншісі ядролық қарусыздануға қатысты халықаралық ұйымдар. Сонымен қоса мемлекеттердің жасаған ядролық сынақтарының саны мен сынақ алаңдарының атауын беруді жөн санадық.

Ядролық қарусыздануға қатысты халықарлық келісім-шарттар көбіне мемлекеттердің бастамасымен жүзеге асты.

Тарихқа көз жүгіртсек КСРО мен АҚШ ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты бірнеше шаралар қолданған. АҚШ тарапынан 1946ж. 14 маусымында БҰҰ ның атом энергиясына қатысты Комиссиясына ұсынған (Барух жоспары) және КСРО тарапынан сол жылы 19 маусымда ұсынған атом энегиясын пайдалану арқылы жаппай қырып жоятын қаруларды өндіру мен қолдануға тыйым салу жөніндегі конвенцияның нұсқасы. 1954ж. 30 қаңтарында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Францияның сыртқы істер министрлерінің Берлиндегі басқосуында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ядролық, сутегі және басқа жаппай қырып жоятын қаруларды қолданудан бас тарту қажеттігі жөнінде мәлімдеді. 50ж. ортасында жаппай ядролық қарулану күрделі мәселеге айналды. Кеңес Одағы ядролық қаруды жою немесе пайдаланудан бас тартуды көздеді. Әсіресе ядролық қаруды сынауға тыйым салуға аса мән берді.

Біріншіден ядролық қаруды сынау қоршаған ортаға орасан зиян келтіреді. Атмосфераға радиоактивті қалдықтар бөлініп шығады. Екіншіден ядролық қаруды сынауға тыйым салу арқылы қарудың жойқын күші мен басқа мемлекеттерге таралмауын қамтамасыз етуге болады. 1955ж. мамыр айында КСРО ядролық мемлекеттердің алғашқысы болып ядролық қаруды сынауға тыйым салу қажеттігі жөнінде мәлімдеді. 1957ж. 14 қаңтарында БҰҰ қарарына ядролық мен сутегі қаруларын сынауға тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізді. Сонымен қоса Антаркика жөніндегі 1959ж. шарт. Бұл шарттың төртінші бабында « Бұл аймақта ядролық сынақ пен радиоактивті материалдарды әкелуге тыйым салады» деп көрсетіледі. 8

60-жылдары ядролық қарусыздануға қатысты бірнеше халықаралық келісімдер жасалды. Олар ядролық қаруды сынауға тыйым салу мәселелері ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы 1963ж. 5 тамызындағы Мәскеу шартында көрініс тапқан. Ядролық қаруды таратпау туралы 1968ж. 1 шілдесіндегі шарт қару-жарақты жаппай шығаруға және қарудың осы түрін халықаралық қауымдастықтың басқыншылық күштерінің иелену мүмкіндігіне кедергі жасады.

КСРО басқа ядролық державалармен ядролық қауіпті азайту үшін үкіметаралық шаралар қолданды. 1963ж. Мәскеу мен Вашингтон арасында тікелей байланыс жүйесі іске қосылды, ал 1966ж. Мәскеу мен Париж арасында, 1967ж. Мәскеу мен Лондан арасында іске асырылды. Сонымен қоса “Латын Америкасында ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт”-1967ж. 14 ақпанда қабылданды, күшіне сәуірдің 25 енді. Көпшілікке ТЛАТЕЛОЛКО шарты атымен танымал. Халықаралық аренада 70 ші жылдары Кеңес Одағы бастамасымен кеңестік-американдық бірнеше келісімге қол жеткізілді. 1971 жылы ядролық соғыстың болуы мүмкін қауіпін азайту жөніндегі мәселелерге қатысты келісім-шарт, сонымен қоса осы жылы Мұхит пен теңіз қайраңына ядролық қару мен жаппай қырып жою қаруларын орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарт қабылданды.

1972ж. 26 мамырда Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу жөніндегі келісім-шартқа қол жеткізді (РҚҚ немесе ПРО), 1973 жылы ядролық соғыстың алдын алу жөніндегі келісім-шарт жасалды. 1974 ж. 3 шілдеде Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында ядролық қаруды жер астында сынауды шектеу жөніндегі келісім-шартқа қол жеткізді. Ал 1975 жылы КСРО ядролық қаруды сынауды толық жою жөніндегі келісім-шарттың жобасын БҰҰ-на ұсынған болатын.

Сонымен қоса стратегиялық қарумен жаппай қарулануғада қатысты алғашқы қадамдарда жасалды. Олар 1979 жылғы стратегиялық шабуылдаушы қаруларды шектеу жөніндегі Венада жасақан келісім-шарт(ОСВ-2) .

Бұл жасалған келісім шарттар қаншалықты жүзеге асты деген сұрақ туындайды. Алдына қойған мақсаты, ядролық қарусыздануға қатысты қандай мәселелерді шешті. Бұл жөнінде В. П. Абаренков «Өкінішке орай, АҚШ-тың саяси ұстанымынан бұл келісім-шарттар стратегиялық мақсаттағы қаруларды шектей алмады, бірақ бұл жүзеге асуы мүмкін болатын. Сонымен қоса бұл шарттың ратификациялануы АҚШ конгресінде біраз қарсылықтарға ұшырады» деді. 9

Халықаралық қатынастарда 1980 жылдарғы жаппай қырып жою қаруына (ЖҚЖҚ), әсіресе ядролық қаруға қатысты екі көзқарас бар. Біріншіден халықаралық құқық ядролық қарусыздану мәселесін реттей алмауда десе. Екінші тарап ядролық қарусыздануды құқықтық реттеу мүмкін екенін айтуда. Оған дәлел ядролық қарусыздануға қатысты жасасқан халықаралық шарттардың көптігі мен жан-жақтылығында.

Аймақтық тағы бір ядролық қарусыздануға қатысты шарт: Тынық мұхитының оңтүстік бөлігін ядролық зонаға айналдыру жөніндегі келісім-шарт. Шарт 1985ж. 6 тамызда Раротонго аралында жасалды.

Осы кезеңдегі КСРО-ның ядролық қарусыздануға қатысты саясатының көрінісі 1986ж. 15 қаңтарда КОКП ОК Бас Хатшысының Жолдауында нақтыланды. М. С. Горбачев мыңжылдық соңына дейін дүниежүзінде ядролық қаруды жоюдың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама үш кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңі. 5-8 жыл ішінде КСРО мен АҚШ бір-біріне жететін ядролық қаруларды екі есе азайтады. Сонымен қоса ядролық сынақтар жүргізбейді, қысқа және орта қашықтықтағы ракеталардың басқа мемлекеттерге таралмауын қатаң бақылауы тиіс. Әрине бұл тараптардың еріктерімен бас тартқан жағдайда мүмкін. Бұл кезең КСРО мен АҚШ тікелей қатысты. Себебі қос держава басқа ядролық мемлекеттерге үлгі көрсетуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану іс - шараларына қатысуы
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ядролық қару зардаптары
Қазіргі кезеңде Ресей – АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі
Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz