Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. Аймақтық экономиканың қалыптасуындағы ғылыми-теориялық негіздері . . .

1. 1. Аймақтық экономика ғылымының тарихи генезисі және оның даму сипаты . . .

1. 2. Аймақ және аймақтық экономика: мәні, құрылымы және атқаратын қызметі . . .

1. 3. Аймақтық экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу теориясы . . .

2. Казақстан Республикасындагы нарықтық реформалар кезеңінің аймақтық экономикасы . . .

2. 1. Елдің жалпы стратегиясындағы аймақтық экономиканың потенциалы . . .

2. 2. Кәсіпкерліктің аймақтық құрылымының қалыптасу ерекшеліктері

2. 3. Қазақстан және әлемдік аймақтық экономиканың интеграциялық топтардың ерекшеліктеріне сипаттама . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Қазақстан XXI ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік сахнада таныла бастады. Жақын арада президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында өтпелі кезеңдегі жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақта ұстанатын жолымыздың, яғни экономика саласындағы атқаратын қызметіміздің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Ал, біз жас жеткіншек оқымыстылар, ғалымдар жаңа теорияның ізденістерін тереңдетіп, жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп, одан ары дамытып, қазақ ғылымына өз үлестерімізді қосатынымызға ешқандай шүбә жоқ.

Аймақтық экономика ілімі жас мемлекетіміздің экономикалық жүйесіне байланысты енді-енді ғалымдар тарапынан қызығушылық туғызып, жан-жақты зерттеп қарастыруда ерекше орны бар. Сондықтан да мен бұл тақырыпқа қызығушылық танытып дипломдық жұмыс ретінде таңдап алдым.

Дипломдық еңбегімнің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері», - негізгі міндет-мақсатым аймақтық экономикаға жақын танысып, теориялық бағыттарына көңіл бөліп, сонау классиктердің еңбектеріне назар аударып, қазіргі кездегі теориялардың қалыптасуындағы көзқарастармен таныстым. Бірінші таруда «Аймақтық экономика ғылымының теориялық негіздеріне Батыс Европа ғалымдарының аумақтық экономикаға және аймақтардың экономикалық өсу теорияларына, динамикасының берілген талдаулары мен анықтамаларын жинақтап ерекшеліктерін көрсеттім. Жалпы Батыста XX ғасырдың 50 жылдары «аймақтық білім» қалыптасқанын, оның идеолығы және ұйымдастырушысы У. Айзардтың еңбектеріндегі синтетикалық бағытты ұстанып, басымдылықты пән аралық зерттеулерге бере отырып, аймақтарды тұтас жүйе ретінде зерттейді. Ал бізде 60-70-ші жылдары аймақтық деңгейіндегі экономикалық қатынастарын кеңестік одақ кезіндегі зерттеулер жолға қойыла бастады.

Алғашқы ірге тасын Н. Н. Некрасов экономикалық әдебиеттерге тиісті «аймақ» түсінігін айналымға енгізді. Оның анықтауынша «Аймақтық экономика елдің әрбір аумағындағы экономикалық және әлеуметтік факторларды атап, өндіргіш күштерін орналастыруға көңіл бөлді. Қазіргі кезде Ресей ғалымдары бізге қарағанда аймақ экономикаға едәуір көңіл бөліп теоретикалық мәселелерде көш ілгері.

Сонымен ең алдымен аймақ және аймақтық экономика түсініктерін жинақтап өзара байланыстық ерекшеліктерін, яғни экономикаялық ілім мен географиялык аспектілеріне көңіл аудардым. Бұл категориялардың мәні мен мазмұның ғылыми категория ретінде бір-біріне алшақ жатпайтынын, аталып көрсетілген ғалымдардың концепцияларының ерекшеліктерін көрсетуге тырыстым. Мысалы аймақ жайында Некрасовпен қоса Чистобевті, Кистоновті, Павленконы және т. с. с. ғалымдардың анықтамаларына мән берілді.

Аймақты жүйелік тұрғысынан жеке ұдайы өндірісті жеке әлеуметтік -экономикалық жақтарын, шаруашылықты, басқа аймақтармен өзара байланыстарын, өзара себепшіліктеріне жеке-жеке тәсілдеріне тоқталып талдау жасалды. Аймақтық жүйе бірнеше басты ерекшеліктерін атап, ондағы әлеуметтік - экономикалық жайында тек экономикаға ғана байланысты емес әлеуметтік көрсеткіштеріне нысаналы көңіл аударылды. Әрине, кез-келген саясат алдымен халықтың әл-ауқатының дамуына және де әлеуметтік прогреске ұмтылатынына қолдау қажет. Аймақтық жүйеде тұрақтылық (мықтылық) оның параметрлері талдап көрсетілді.

Екінші тарау - еліміздің жалпы даму стратегиясындағы аймақтық экономиканың потенциалына және Қазақстанның әлемдік аймақтың экономикасының интеграциясына сипаттама жасалды.

Қазақстан өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді стретегиясына толық сәйкес жалғастырып келеді. Ендігі жерде Н. Ә. Назарбаевтың былтырғы жолдауында Қазақстанда барлық салалардың бәсекелестігін арттыру қажеттілігін атап өтті. Қазіргі заманда Батыс елдерінің пікіріне сүйенсек, кез-келген елдің кенрі дамуы аймақ арасындағы әлеуметтік-экономика саласындағы айырмашылық болып табылады. Сондықтан да әрбір елдің бәсекелестік қабілеті оның экономикалық даму жүйесінің қаншалықты күштілігін және аймақтық деңгейге мемлекеттің ықпалы, нақты аумақтың ерекшеліктеріне және мүдделерінің тереңділігіне байланысты.

Қазақстан Республикасындағы реформалар кезеңіндегі аймақтық экономикасының концепциясына аймақтағы қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктеріне, жергілікті ұйымдастыру процесіндегі жаңа үрдіске назар аудардым. Қазақстан потенциалы айтарлықтай ауқымды, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану адами ресурстардың біліктілігін көтеру міндетімізге жүктелген. Ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру процесі ұлттық өндірістік күшінің стратегиялық мақсаттарын жүйелей отырып, аумақтық бірлестіктерінің шаруашылығының мәселелерін шешуге ыкпалын тигізіп отыр және республика аймақтарындағы деңгейді көтеру қажет болып отыр.

Аймақтық шаруашылық ұйымдастыруды тиімді түрде қалыптастыру-өте күрделі, ұзақ мерзімді процесс және мемлекеттік, жергілікті деңгейге сай реттеуді талап етеді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы аймақтық айырмашылықтар экономиканың болашағына қызмет істейді. Президент Н. Ә. Назарбаев, ТМД елдері үшін төрт түрлі: тауар, жұмыс күші, қызмет және капитал қозғалыстары еркіндігіне негізделген Еуропалық Одақ мысалын үлгі етулері қажет екендігін атап айтты. ТМД елдерінің төңірегінде өзара байланыстарды қайта жаңғыртып, тиімді жолдарын іздестіріп экономикалық дамуына ықпал ету қажет. Сондықтан да әлемдегі әр салада экономикалық интеграцияларын үлгі ретінде жетістіктеріне көңіл бөліп, талдап, қарастыруды қажет етеді. Қазіргі уақытта әлемде 85-тен астам ірі аймақтық экономикалық келісімдер мен шарттар жүзеге асырылуда. Бұл тарау өзекті мәселелерді аймақтық тұрғыдан (мемлекет) шешу мәселелерін сарастырады. Аймақ, Қазақстан Республикасы үшін сыртқы және ішкі байланыстардың проблемаларын шешуге өз септігін тигізеді. Мемлекет тарапынан да барлық мүмкіншіліктерді іске асырып, реформа саясатын жүзеге асыруда. Бұл тақырып өз-өздігінен көптеген проблемаларға байланысты жүйелі шешуге жэне де әлі де терең ғылыми зерттеулерді жүргізуді талап етеді.


1. Аймақтық экономиканың қалыптауындағы ғылыми-теориялық негіздері.

1. 1. Аймақтық экономика ғылымының тарихи генезисі және оның даму сипаты

Қазақ ілімінің өрісінде аймақтық теорияны зерттеп оқып үйренуде Ресей және батыс елдерінің ілімдерімен салыстырсақ ойдағыдай дами қойған жоқ аз көңіл бөлінеді. Әрине бұл жағдай аймақтық экономика ілімінің беделі төмен деген сөз емес, соңғы он жылдық аралығында енді ғана аяқтанған жас ілім ретінде қабылдауымыз тиіс. Аймақтық экономика жайында бірталай оқулықтар болғанымен, олардың тек бір шамасы ғана аймақтық экономиканың теоретикалық негіздерін қарастырады. Біздің мақсат-міндетіміз аймақтық теорияға байланысты қаланған үлгілерін зерттеп, Қазақстан аймағында экономикалық дамуының оңтайлы шешімдерін тауып мүмкіндігінше пайдаланып іске асыруымыз қажет.

Аймақтық ілімнің бастауы сонау антикалық ойшылдардың еңбектерінде, кейіннен біздің заманымызда социал-утопистер, ХҮІІ-ХҮІІ ғасырдың аралығындағы экономикалық теорияның құрылымында жиі кездесіп, аумақтың ретіндегі байланыстарын әр жақты қарастырады. Аймақтық экономика көптеген теориялық ілімдермен үйлесіп экономикалык ілімдер жүйесінде орнықты орнын тапты. Айталық, оның эволюциясын және қазіргі құрылымдық теориясын түсіну үшін жалпы экономикалық теорияны, теоретикалық географияны және де басқа пән аралық теориялардың әсерін талдап бағалау қажет.

Сонымен, аймақтық теорияның негізін қалаушылар, батыс елдерінде жарияланған алғашқы көзқарастарына көңіл бөлейік. Аймақтық теорияның бағыттары әр елде әр түрлі басымдылыққа ие болды. Ең белгілі, беделді ғылыми мектептер Германия, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ және Францияда қалыптасты. Германияда дәстүрлі ең көп көңіл бөлінген орналатыру теориясы (Й. Г. фон Тюнен, В. Лаунхардт, А. Вегер, А. Предель, А. Лещ, Р. Гроц және басқалар) ; аймақтық өсу проблемасын зерттеген (Х. Зиберт) және аумақтық дамуды зерттеу (В. Кристаллер және А. Лещ) көбінесе тек басқа ұлттық мектептердің өкілдерінің идеясын дамытып жалғастырды.

XX ғасырдың бірінші жартысында орналастыру теориясымен қарқынды шұғылданылды, Швецияда смокгомдық мектеп экономикалық ілімінің ішінде 1920-1930-шы жылдары ең әйгілі, танымалы Т. Палландар еңбегі атанды. Кейіннен Г. Мюрдаль аймақтық өсу базалық үлгісінің бірін құрды. Швед ғалым-аймақшылардың арасынан және де Т. Хэгерстрандты атауға олады, оның орны орналастыру ретіндегі даму теориясында да, сонымен аумақтық дамуды реттеуде де ерекше мәнге ие.

Британдық мектеп аймақтық теорияның барлық бағытындағы зерттеулерімен ерекшеленеді. (Д. Смит, Х. Ричардсон, С. Деннисон, Г. Камерон және бірнеше басқа ғалымдар) . Мұнда бұлар американдық мектеппен ұқсас. (орналастыру теориясына басымды үлестерін қоскан: Х. Хотеллинг, Р. Вернон, М. Сторпер, Р. Уолкер, аймақтық өсу теориясына - Дж. Фридман, Э. Таафе, аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу теориясын - Э. Гувер болып табылады. ) Дегенмен, англо-саксондық аймақтық проблемаларды зерттеуде Германия классикалық орналастыру теориясының деңгейінде толықтырып қалыптастыра алмады.

Француз экономистері және экономгеогрофтары барлық уақытта әлеуметтік сұрақтарға жоғарғы талпыныстық қызығушылықпен қарады, аймақтық теориясында олардың урбанистикамен байланысты-«өсу полюстары» және «даму өсі» (Ф. Перру, Ж-Р. Будвиль, П. Потье) концепциялары ғылыми даму бағытында ең көп үлестерін қосты.

Аймақтық теория төңірегінде зерттеудегі жетістіктерге орыс экономистері мен географтары да ерісті. Ең басты ерекшеліктері университеттік жергілікті гайондық мектептердің экономикалық және әлеуметтік географтардың өкілдерінің еңбектері болып табылады. Оның нығаюына қосқан ауқымды үлестері бар Н. Н. Барановский, Н. Н. Колоссовский, И. А. Витвер және Ю. Г. Саушкин.

Ал шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық сараптаудың өзгешелігі бар. Қазақстан аймағында экономика ілімі қалыптаспағанымен, тарихи-эономикалық ілімге және алғашқы институционалистерге сәйкес ғылыми шығармашылық еңбектерді кездестіруге болады. Ғұлама философ әл-Фарабиден бастап, ХІХ-XX ғасырдың ағартушы ғалымдары Ш. Уалиханов, А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде аймақтық экономикаға жақын концептуалды жетістіктерін атауға болады.

Қазақ қоғамының дамуының объективті шарттары өмірдің көшіп-қону салтымен және кең дала кеңістігін пайдаланудағы мал шаруашылығымен айналысатын экстенсивтілігімен айқындалады. Мысалы Ш. Уалиханов жайлау аумағының кесілуіне байланысты (Ресей саясаты) жерді пайдалану жүйесін қайта құру міндетін алға қойды. Оның кеңесі «Аз жердің кеңістігінен көп пайда алуға болатындығын»[18. Т. 1-533б] - айтады. Сонымен, аймақтық экономика және экономикалық география, экономика мен географияның қиылысқан жері ретінде қарастырады (дұрысы: физикалық география және қ оғамдық ілім бөлігі. ) [20. 256] . Яғни, қорыта келсек жеке ғалым тұлғаларының еңбектерінде қазақтың аймақтық теория ретінде талдап аталып өткеніне куә болып отырмыз.

Ал енді қайта батыс елдерінің аймақтық теория концепцияларын қарастырайық. Жоғарыда аталган аймақшылардың басым бөлігі орналастыру теориясына тоқталады. Барлық орналастыру теориясы статикалықка және динамикаға бөлінеді. [12. 75 б] . Статикалық теория ХІХ-шы ғасырдың бірінші жартысында, динамикалық жобамен бір ғасыр аралығында-ХХ-шы ғасырдың басында пайда болды. Алғашқы орналастыру теориясы, қазір классикалық штандартты теория деп санайды, И. Г. Фон Тюнен, В Лаунхарт және А. Вегер аттарымен байланысты. Бұл теорияның негізгі ерекшеліктері:

- ауыл шаруашылығындағы немесе өнерәсіптік кәсіпорынды жеке бөлек алумен қарастырады.

- Кәсіпорын құрылысының үйлесімді, орнықты орны жайында өндіріс факторларының барлық көрсеткіштерін жинау, біріктіру және нақты жауабын алудағы алдын ала мүмкіндігі (өндірісті орналастыру) . И. Г. фон Тюнен өндіріс тауарларын орналастырудың объективті заңдылықтарының барлығын көрсеткен алғашкылардың бірі болып саналады (оның бірінші еңбегі 1826 ж. жарық көрді) . Тюнен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және өндірістік тауарды жеткізу нарығына арналған орналастыру моделін, мамандандыру және қалаға дейінгі аралыққа байланысты ауыл шаруасын жүргізу тәсілдерін таңдауды ұсынды. Тюнен моделінде орналастыру негізгі факторы ретінде транспорттық шығындар енеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорынды қарастырушы В. Лаунхартта транспортты факторды шешуші деп санады. Оларды орналастыру үшін орынды дұрыс таңдау, шикізатты, көмекші материалдарды және даяр өнімдерді жеткізудегі транспортты шығындарды минимизациялауды негіздеді.

А. Вебер өнеркәсіптік орналастыру теориясының тұтастығын алғашқы қарастырушы болып саналады. (XX ғ. басында пайда болды. ) Үйлесімді орналастыру негізгі критериясын Вебер теориясымен сәйкес өндіру мен өткізу шығындарының қосындысын минимизациялау болып табылады. Бұл жағдайда да транспорттың және еңбек шығындары, шикізат, энергия шығындары және де агломерация факторы есепке алынады ( агломерациядан пайда, өндірістің техникалық және кеңістік үйлесімділігімен, мамандандырылған жөндеу базалары, инфрақұрылымдармен анықталады) .

Классикалық штандартты теория 1920-шы жылдары А. Предел және Е. Паландера тарапынан сынға ұшырады. Предел орналастырудың көптеген ең ұлымды орындарын көрсетті, яғни локализациялау орнының үйлесімділігін математикалық анықтау мүмкіндігін терістеді. Паландер арнаулы ( әр түрлі саладагы кәсіпорындар үшін) және жалпы штандартты теорияларды ұсынды. Одан алдындағылардың қарастырған орналастыру факторларынан басқа, ол сұраныстағы әр-түрлі аумақтарға, ресурстарға баға дифференциациясы және де кәсіпорынның орналастыру орнына байланысты альтернативті технологияларды пайдалану мүмкіншілігіне ерекше көңіл бөлді. Предел жэне Паландер еңбектері орналастыру теориясының дамуындағы жаңа кезеңге өтуін көрсетті.

Ескерту:

Standart - жақсы орналасқан орны, орналастыру (нем. ), статикалық теорияда қолданатын термин синонимі «орналастыру теориясы».

Орналастыру теориясының дамуындағы жаңа кезеңінің ең басты өкілдері ( бастауы жобамен ХХғ. ортасында) Август Лещ және Дэвид Смит-олардың теориясын жаңа немесе неоклассикалық штандарт. (Тағы «неоклассикалық» анықтамасы неоклассикалық экономикалық теорияға мүлде қатысы жоқ) [4. 92б] Неоклассиктердің классиктерден принципиалды айырмашылығы-өндірушілерге үйлесімді аумақтық аллокацияны қамтамасыз ете алатын, өнеркәсіптік өндірісті жалпы орналастыру теориясын құру мүлде мүмкін еместігін түсінді. Сәйкесінше өндірісті орналастыру орнын таңдау жеке кәсіпкерлер әр уақытта субъективті іске асырылады. Үйлесімді орналастыру критериясы таза пайданы максимизациялау болып табылады. Мұнда неоклассикалық теория, классиктер сияқты жеке өнеркәсіптік кәсіпорындармен іс беттес болды.

Берілген штандарттық теория дамуы кәсіпорынды орналастыру орнын таңдауда есепке алынатын факторлардың көп саны қарастырылды. А. Лещ салық жүйесін, мемлекеттік шекараны, техникалық прогресті есепке алу кажеттілігін айтты, Д. Смит:-қоршаған ортаны күзету проблемаларын, Б. Зимин: - орналастыру инерция факторын ( жаңа орналастыруға ескі қуаттылық орнының әсері) қарастырды.

Статикалық теория дамуы осы уақытқа дейін ұласып, негізінде кәсіпорынды орналастырудағы есепке алынатын факторлардың саны өсу бағытында келеді. Сонымен бірге, бір заводты ғана емес, көп заводты өнеркәсіп фирмаларын да қарастыра бастады. (1980 жылдың басындағы Райнхольд Гроц еңбектері) . Атап айтқанда көп заводты өнеркәсіп фирмалар, шын мәнінде, жиі олардың құрамына кәсіпорынның үшінші экономика секторына кіруі басымдау. Осындай компанияларда үйлесімді орналастыру проблемалары бірзаводтылармен салыстырғанда түбегейлі өзгеруде. Көп заводты фирмалардың басты мақсаты - жалпы компанияның ең төменгі шығынымен және ең жоғарғы пайдаға жету үшін жеке кәсіпорынның орналасуын айтады.

Динамикалық орналастыру теориясы жоғарыда айтылғандай ХХғ. бірінші жартысында пайда болды.

Біріншісі, өте қарапайым ескі динамикалық концепциясы деп атауға болатын Х. Хотеллинг моделі, өндірушілердің өзара бәсекелесуіндегі екі кәсіпорынның үйлесімді орналасу 1920-шы жылдың соңындағы еңбектерінде орын алған. Статикалықтан ерекшелігі динамикалық теория шеңберінде бірзаводты компаниялар емес, көбінесе көпзаводтылықты қарастырады. Динамикалық орналастыру теориясын Р. Вернон өнімдік-өндіріс цикл концепцичсын санауға болады (1960 жылдары пайда болды) Дегенмен, әрине ол аймақтық теория шеңберінен тыс алыста жатыр.

Р. Вернон негізі болып табылатын тезисі - кез-келген өнім шектеулі өмірлік циклы бар, оны өндіру процесіндегі оның ағымындағы өзгеріс сипаты, сонымен қоса және оны орналастыру үйлесімділігіндегі өзгерісі көрінеді. Жаңа өнімнің өмірлік циклы бірнеше сатыны қамтиды - өңдеу, менгеру, жетілуі, стандарттанылуы-орналастыру негізгі факторлар қатынасына байланысты айрықша өзгешеленеді.

Вернон концепциясы технологиялық детерменизмі үшін және әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролін бағаламау және өнеркәсіп фирмаларының өзін сынға ұшырады. Сондықтан келесі теориялардың авторлары сырткы жағдайларына және орналастыру факторларына емес, өнеркәсіптегі фирмалармен кәсіпорындардың (алдымен өндірісті ұйымдастыру және өткізу) пайда болуымен дамуындағы ерекшеліктерге, өзінің дамуы үшін жағдайдың құрудағы олардың активті роліне ерекше көңіл аудара бастады.

Қазіргі динамикалық теория салыстырмалы көп санды емес, олардың зерттеуі онша таныс емес зерттеушілердің аттарымен байланысты. Динамикалык концепция шеңберінде өнеркәсіптік фирмалар аумақтық даму сатыларында бөлінеді, компаниялардың әрбіреуі өз іс-әрекетінде орналастыру критерияларын басшылыққа алады. Осымен, Сторпер және Уолкер сондай төрт кезеңге бөледі. Бірінші- «локализация» (таратпаушылық) - жаңа аумактарға жаңа өнеркәсіптік фирмалармен кәсіпорындарды орналастыру. Екінші-«селективті субурбанизация» (қалалану маңайында өзгерту арқылы асылдандыру) - бастан таңдалған аумақта фирманың нарықтық позициясы нығайту шамасына байланысты олардың қуаттылығы өсе береді. Үшінші - «дисперсия» (бытырау, шашылу) - өнеркәсіптік фирмалардың қозғалуы кейіннен периферия (орталық орыннан алшақтау) . Сонымен, төртінші- «орналастыруда орталық ауырлығының ауыстырылуы». -өнеркәсіптік құрылымды жаңарту әсерімен өндірісті тасымалдау, мысалы технологиялық жаңалықты енгізу, сұраныс құрылымының өзгеруінен, ескі салалар және өндіріс эволюциясы негізінде. Фирмалар - жаңғырту процестерін алып жүрушілер - алдын пайда болған ірі өнеркәсіптік орталықтан тыс жерлерге жиі орналасады, процесс «локализация» сатысына алып келеді.

Тікелей шетел инвестицияларына қолданбалы А. Кузнецов инвестицияны қабылдаушы, елдің аумағы бойынша әр түрлі мемлекеттерден кәсіпорын фирмалардың таралуының екі негізгі типі бар. Бірінші, ұзақ қашықтықтағы елдердің компанияларына тән, өз іс-әрекетін елдің ірі экономикалық орталықтарынан бастап, кейіннен жақын жатқан қалаларға таралады, немесе елдің басқа райондарында иераркиалық деңгейі төмен орталықтарында. Екінші - жақын арадағы фирмалар үшін, алғашқы ашылып Жатқан ірі кәсіпорындар ірі қалаларда ғана емес, сонымен және географиялық және мәдени-тарихи жақындығы салдарынан кішігірім орталықтарда да ашылып жатады. Қаншалықты дегенмен тұтас динамикалық орналастыру теориясы қазіргі уақытта өкінішке орай қалыптаса койған жоқ.

Келесі кезек аймақтық экономиканың негізгі өзекті мәселелерінің бірі аймақтық өсу теориясы болып табылады. Алдымен жеке аймақтың өсу теориясын талдаудан бұрын, осыған байланысты екі сұрақты қарастыру қажет. Бірінші- «өсу» жэне «даму» категорияларының қатынасы, екінші-аймақтардың шекарасын анықтау, онда қолдануға болатын өсу проблемаларын қарастырады. Өсу мен дамудың арақатынасына не тиесілі, онда жалпы мойындатылган мемлекеттік реттеудің басты мақсаты даму болып табылады, жай өсу емес. Сонымен, П. Самульсон жазғандай тек өндірістің жай сандық өсуіне ғана талпынуына болмайды (халықтың адам басына есептеуде де болсын) . Сонымен бірге барлық қорғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының ішкі дамуы да қажетті [15. 93б] Кейіннен көптеген шетел және отандық авторлардың ескерткеніндей, қадағалаусыз сандық өсу барлық адамзат тіршілігіне қауіп төндіруі мүмкін, солай болғандықтан ол экологиялық, энергетикалық шикізат және де басқа жақандық проблемаларды туғызады [13. 67б] .

Осы қиыншылыққа қарамастан, аймақтық теория шеңберінде және аймақтық саясат шараларын тәжірибе болсын, сөз даму жайында емес, көбірек экономикалық өсу туралы айтылады. Біріншіден, экономикалық өсу дамудан өзгешелігі сандық бағалауға келеді және сондықтан да оны көбірек зерттеулерде және тәжірибеге қолдануға әлде қайда ыңғайлы. Екіншіден, бір елдің төңірегінде, ереже бойынша даму емес, экономикалық өсу қарқынында аймақтық диспропорциялар жайында айтылуы әділеттілеу. Тағы бір айта кететін жайт, бір қатар зерттеушілер өсуді даму деп түсінеді. Бұл айрықша Француз экономикалық мектебіне тән. Олар өсуді, қоғам құрылымын трансформациялау ретінде анықталады, бірақ жиі динамикасымен өлшенеді [25. Т1. 53 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Аймақтық өсу теориялары
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Қазақстанның экономикалық дамуының аймақтық аспектілері
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Аймақтық саясат
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz