Азамат соғысы кезіндегі Кеңес үкіметінің экономикалық саясаты


1 АЗАМАТ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ
- Ауыл шаруашылығындағы экономикалық саясаттың мәні
1917 жылғы қазан бұрынғы Ресей империясында барлық саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруіне алып келді. Азамат соғысының басталуы большевиктер партиясын «соғысушы партияға» айналдырды және «әскери коммунизм» саясатының құрылуына әкелді.
«Әскери коммунизм» тарихи жағдай ретінде және нақты жан-жақты әлеуметтік-экономикалық саяси жүйе ретінде саналады. Кеңес заманындағы бұл тарихи оқиға экономистер мен тарихшылар арасында осы уақытқа дейін дау және әртүрлі пікірлер тудырып келеді. Әсіресе, даулы мәселелерге «әскери коммунизмнің» пайда болуына объективті және субъективті факторларының себептері, Кеңес мемлекеті өміріндегі барлық салада өз ізін қалдырған әскери-коммунистік шаралардың салдары, В. И. Лениннің әскери коммунистік идеологияға қарым-қатынасы мәселелері және тағы басқалар жатады. /23, 61/
«Әскери коммунизм» терминін 1916 жылы алғаш рет А. А. Богданов пайдаланады. Бұл термин I Дүниежүзілік соғысқа тартылған Еуропа елдерінде қолданылған. Басында бұл терминге барлығы да сыни көзбен қарады. Өйткені, ол соғыс кезіндегі империализмді танытты. Сонымен қатар, бұл терминді «авторитарно-регулируемую оргнизацию паразитизма и истребления» деп таныды. Бұл термин соғыстан тылға қарай кең тарады.
Уақыт өте келе «әскери коммунизм» ұғымы өзінің бастапқы мағынасынан айрылып, ЖЭС-ке көшкенге дейінгі Кеңес Республикасының шаруашылық дамуын танытатын ресми кезең, яғни, 1918 жылдың аяғы -1921жылдың басы деп аталады /40, 68/.
Бұл саясаттың әлеуметтік -экономикалық құрама элементтері: жеке меншікті жою, тауар-ақша қатынастарын қысқарту, өнеркәсіпті жаппай национализациялау, азық-түлік салғырты бойынша шаруалардан ақша жинау, жалпы ортақ еңбек ету міндетіне кірісу, еңбек ету армиясын ұйымдастыру және басқа шаралар. Бұл бірден, бір уақыттағы жағдайда орындалған жоқ, Кеңес үкіметінің құрылуы мен оның қабылдаған декреттер қатарын біртіндеп біртұтастыққа жиналып, «әскери коммунизм» деген атқа ие болды. Бұл саясаттың құрылуына негізгі әсер еткен идеологиялық догмалар және большевиктік басшылардың революциялық асығыстығы. Қазақ ауылдарының қандай да бір радикалды тәжірибелерді көтеруге жағдайлары болмады. Қазан төңкерісі алдында қазақ халқынан алынған жалпы жердің аумағы 45млн десятинаны құрады /15, 313/.
Бірінші дүние жүзілік соғыс үлкен көлемдегі ірі қара, шикізат және басқа көлемдегі материалдық құндылықтарды алып қойды. Осы жылы Қазақ халқына азық-түлікті жеткізіп тұру, әртүрлі салықтар, ақшалай міндеттемелер жүктелді. Артынша 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқы үшін қайғылы болды. Бірақ халық шаруашылығы кеңестік тәжірибенің билігінде еді. «Әскери коммунизм» шараларының анық көрінісі ретінде бірінші кезекте азық-түлік салғырты болды. Қызылгвардиялық шабуыл практика жүзінде Азамат соғысынан ауыл мен деревняларға тез ауыса бастады және азық-түлік алу түрлері мен тәсілдері арқылы жүргізді.
1917жылғы қазан оқиғасынан кейін бұрынғы патша империясының әртүрлі аудандарында азық-түлік дайындығы бойынша большевиктік іс-шараларға қарсы шықты. Украиндық Орталық бас секретариаты Украинаның барлық азық-түлік комитетіне, Петроградқа, Мәскеуге, Ресейдің солтүстік аудандарына және фронтқа астықты тасымалдауға тыйым салу туралы телеграфпен жан -жаққа жарлықтар таратты. Орталыққа астық жеткізуден Дон облысының азық-түлік органы бас тартты /8, 242/.
Қазақстан Кеңес үкіметінің жарлығына бағынбаған және Орынбор-Торғай губпродком, Семей облпродкомитет және басқа азық - түлік ұйымдары болды, олар астықты жеткізуден бас тартты. Мұндай жағдайда большевиктер азық-түлік диктатурсына кірісу үшін әскери күштеуге сүйенді. Азық-түлік топтарын жұмысшылардан құрады. Қазақстанда, сол сияқты Ресейдің орталық губернияларында 1918жылы құрылған аздаған және жекелеген топтар, 1920 -1921ж. ж. Военпродбюрода құрылған азық -түлік әскерлеріне дейін жүріп өтті. Осының негізгі бастаушысы В. И. Ленин болды. Өзінің «Питерлік жұмысшыларға» үндеуінде ол тікелей: «Питерде отырып, аш болып, қаңырап қалған фабрикалардың жанында сарғайып жүру бұл ақылсыздық әрі қылмыс. Питер жұмысшылары мұндай ақылсыздықтан арылып, ақылсыздықты қорғайтын ақымақтарды желкелеп қууы, сөйтіп ондаған мың болып жиналып, астығы көп, өзін және отбасын асырауға болатын Оралға, Еділге, оңтүстікке қарай жылжуы керек»- деп атап көрсетті /13, 99/.
Кеңес үкіметінің қол астына алған шаруашылық қатынастардың күшейгендігінің маңызды белгісі 1919жылы 11 қаңтарда РКФСР ХКК енгізген декреті азық-түлік салғырты болды.
Оған 1918 ж. 13-27 мамырдағы астық саудасындағы мемлекеттік монополияны БОАК және ХКК-ның декреттері енгізілген болатын. Осындай жағдайда Кеңес үкіметі азық -түлік диктатурасын жариялай отырып, азық - түлік саясатында жаңа талаптар: жеке астық сатуға тыйым салып, артық астықты алды. Артық астығы болып, азық - түлік топтарынан жасырып, базардағы бағамен сатқан шаруалар халық жауы деп жарияланды. Е. Г. Гимпельсон өзінің зерттеуінде әділ бағалап көрсеткендей азық-түлік кезінде ауыл алқабындағы артық астықты анықтау ауысып кетті: «Егер бұрын артық астықты қалыптастыруда шаруалар отбасының астыққа қажеттілігінен шықса, енді жаңа декрет бойынша мемлекеттің нанға қажеттілігінен туындайды» деп көрсетеді /31, 26-27/.
«Артық өнім» астық көлемінде есептеліп, ауыл, болыс, уезд, губерния аумағында мемлекетке тапсыру керек болды. РКП(б) ОК губком құрылысындағы салым, болыс үшін артық өнім өзін-өзі анықтады. Партия және оның басшылары астық үшін күресте ауыл еңбеккерлеріне аяусыз соғыс жариялады.
1921ж. азық-түлік компаниясының бастауы Ақмола губерниясында жиналған салғырт бойынша шамамен 2 млн 100 мың пұт астық құйылған орындар болды. Сол сияқты шамамен 100 мың пұт бастырылмаған маялар болды, бірақ оларды мемекеттік меншік деп жариялаған еді. Азық-түлік салығы декретіндегі салым уақытша тоқтатылып, шаруалар қалған астықты өзінің қажеттілігіне тұтына бастады.
Осындай жағдайда азық -түлік салғырты бойынша астықты күштеп алу басталды. Пономаренкодан шектеусіз билікті қолына алған азық-түлік халық комисариатының қызметкелері, жеке адамдарға және халыққа күштеу әдістерін қолданды. Атбасар уезіндегі Маринин болысындағы салым бойынша 15 пұт жиналу керек болды, болыс бойынша 1000 пұт бастырылмаған астық есепке алынса, оның 4000 пұтты тұқымдыққа алынып қойды. Сонда Пономаренко жергілікті шаруашылық басшыларын ату жазасы арқылы қорқыта бастады. Осындай өкілеттің жинау акциялары кейде ішімдікпен, жанжалмен аяқталатын /14, 67-68/.
Халық салықты орындаған жағдайда отрядтың жұмысы болыстың барлық селоларында міндеттің орындалуын бақылауға, жергілікті кеңестерде астық құятын пунктердің квитанцияарын күн сайын тексеруге келіп сайды. Бұл үшін отряд селолар бойынша 3-5 адамнан топтарға бөлінген. Азық-түлік салығын орындаудан бас тартқан жағдайда қыстақ әр бірінде ауа саны 50-ден аспайтын учскелерге бөлінген, осындай учаске отряд мүшесіне және кеңес өкіліне тапсырылған. Тізім жасалып, онда әрбір үй қожайынына жүктелген міндет пен оны орындау мерзімі көрсетілетін болған. Аудандағы отрядтың жұмысы астықты шаруаларға жасыру мақсатында бір жерден, екінші жерге апармауы үшін қатаң бақылау жүргізу болды. Жолдардың тоғысатын торабында қоршап алатын отрядтар тұрды.
Жергілікті халық келген азық-түлік отрядтарының озбырлығына барынша қарсыласып бақты. Орынбор-Торғай облысында Туладан, Иванова-Вознесенскіде келген жұмысшы отрядтары, Балтық матростары іс-қимыл жасады. Жергілікті жерлерден жоғары тұрған аық-түлік органдарына жіберілген жеделхаттардың сипаты, азық-түлікті қарсылықсыз алу өте сирек кездескендігін байқатады. Міне, осындай жеделхаттардың үлгі болатын үзінділері: «Орынбор, Губерниялық әскери азық-түлік бюросы мен аудандық азық-түлік коммисариаты дереу отряд жіберулеріңізді өтінеді, себебі қарулы күштер көмегінсіз халықтан астық алу және мемлекеттік азық-түлік салғыртын орыдау мүмкін емес» /16, 33/.
Азық-түлік жоспарланған көлемде жинаудың сәті түспейтінін білген азық-түлік органдары қуғын-сүргін шараларын бұрынғыдан да күшейтті. Мысалы, Ақмола уезінің қазақ болыстарының бірінде 25-30 адам аиылды. Мұның бәрі орыс пен қазақ шаруашылықтарының экономикалық жағдайының түгелдей күйреуіне, Кеңес өкіметі мен оның декреттеріне сенімінің жойылуына, большевиктер партиясына деген теріс көзқарасқа алып келді. Азық-түлік салығы 1921 жылдың ортасына дейін жалғасты, жоқ астықты тапсыруға итермелеген қысымға шыдамаған халық сол жылдың астығын беруге мәжбүр болды. Жоспарланған 4 миллион пұт астықтың 2, 3 миллион пұтын ғана жинау мүмкін болды. Шаруалардың ешқайсысы азық-түлік салығы туралы декреттің бар екеніне сенген жоқ, өйткені, осымен қатар олар азық-түлік салығы орындауды жалғастырып жатты /36, 45-47/.
Астық жинау кезінде және қазақ халқының көшу кезіне қарамай, барлық көлік арба транспорттары түгелімен мобилизацияланды. Халыққа транспорт қажет болса да берілмеді, сондықтан барлық астық жиналмады және дәндері түсіп қалды. Артынша мобилизацияланғандар қайтарылмай, қазақтардың ірі қаралары көшу кезінде қырылды. Пономаренконың БОАК-ң төтенше өкілеттілігі Смирнов Петропавлға барып, ол барлық Ақмола губерниясынан 4 млн пұт астық жинау керек болды. Бұл кезде губерния бойынша есепте 2 млн 900 мың пұт тұрды. Смирнов табысын паш етіп көрсету үшін Ленинге, Калининге және РСФСР наркомпрод орынбасары Брюхановқа баяндады. Ол Ақмола губерниясына астықты тасымалдау бір тәулікте 30 вагонға жеткізілсе, жартысы кейін тәулігіне 50 вагонға жеткізіледі. Барлығын қыркүйекте Смирнов 3 млн пұт тасымалдауға, 1921 жылы қазан айының 7 дейін - 3, 9 млн пұт тасымалдауға уәде етті /38, 16-18/.
1921ж. қыркүйектің ортасына дейін салымдар жалғастырылып халық айтылған астықты өткізуге міндетті болды. Кімде жоқ болса да ол осы жылы өткізу керек. 4 млн пұт жоспар бойынша жиналу керек болса, тек 23 мың пұт ғана жиналды. Мұның барлығы қазақ орыс шаруаларының экономикалық жағдайының күйреуіне әкелді. Кеңес үкіметіне деген сенбеушілік, большевиктер партиясына және декреттеріне деген теріс көзқарастар қалыптасты.
Бұрынғы БОАК-ң мүшесі Сәдуақасов КазОТК мүшелері Бейсенов, Байдильди, Асылбеков, губком мүшесі Нұрмұхамбетов Ақмола губерниясынан кетуге мәжбүр болды, өйткені РСФСР өкілеттілігінің жүргізген саясаттарына қарауға және кедергі жасауға мүмкіндігі болмады. Өз кезегінде А. Пономаренко КазССР орган басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларын ескермеді /12, 144-145/.
Губернияда астықты тәркілеу жұмысын тездету үшін КазССР наркомпрод органдары продотряд үшін сыйлыққа астық беру жүйесін жүргізді. Губпродком дайындық тобы басқарып, әрбір белгіленген районға бір немесе бірнеше болыстарға жұмысты уездік продотдел арқылы жеткізді. Продотряд құрған ұйым үшін, әрбір отряд жұмысшыларына жеке сыйлық берілді. Продотряд болыс басшыларымен бірге белгіенген міндетті орындау үшін халық арасында міндеттердің таралуын қарастырды.
Болыс комитеті мен ауыл кеңесі салымдардың елді мекенде және үй басында жүргізілуін бақылады. Егер жергілікті Кеңестер салымдарға қарсы әрекет етсе, азық-түлік отрядтары уездік Военпродбюроға хабар жеткізген.
Ауқатты шаруалар астықты жасыруға тырысты. Бірақ райпродком оны тапқан жағдайда бүкіл селоға айып пұл салды. Осыдан салымдарды орындаған шаруалар жапа шекті. Продотряд іс-әрекетінің сыни көзқарастары наразылыққа әкеліп соқты. Салымдар жүргізілген кезде азық-түлік салғыртына мүлдем қатысы жоқ заттар тәркіленіп, артынан продотрядтар арасында бөліске түсті /15, 96/.
«Әскери коммунизм» саясатындағы азық-түлік салғыртының Қазақстандағы жүзеге асырылуы теңсіздік жағдайда болды. Кеңес үкіметінің қайта құруы аяқталған кезде, Қазақстан аймағы әкімшілік жағынан орталығы Омск болған Сібір ревкомына бағынды.
Алғашқы кездегі Кеңес үкіметінің аграрлық саласы әскери-коммунизмнің ең маңызды принципі азық-түлік салғыртын күштеп тәркілеу қалыптасты. 1919 ж. қарашада Петропавл, Көкшетау, Есім уезінің территориясы бес райпродкомға бөлінді: Петропавл, Евлендік, Петухов, Пресногорск, Всесвят. Алғашқыда Солтүстік Қазақстандық шаруалар продорганды шақыруға қарсы шықты және астықты еріксіз кеңестік ақшаға айырбасқа беруге тура келді. Шаруалар бұл ақшаға қажетті өндіріс өнімдеріне ие болуға үміттенді. Бірақ бұл жоспарланған өнім көп ұзамай 1919 ж. қарашадан 1920ж. қаңтар-ақпанда кеңінен жалғасып, тез аяқталды, өйткені шаруалар кеңес ақшасы мен сатып алу қабілетін мүлдем иемдене алмады және ол өте тез құнсызданды. Сондықтан жоғарғы билік жазалау әдістерін қолдануға асықты, нақты азық -түлік салғыртын зорлықпен тәркіледі. Петропавлск, Көкшетау, Ақмола уезінің тұрғындарына 4млн 700 мың пұт астық салғырты салынды. 1919 ж. егіс аумағы статистикалық мәліметтері өткен жылдың қоры бойынша есептелген /7, 87/.
Продорганның есептеуі бойынша осындай көлем шамамен 70% артық астықты құрауы керек болды. Бірақ 1920 жылы 20 шілдеде астық құятын орындарға барлығы 821мың пұт немесе салымның жалпы жоспарынан 14% түсті. Іс-жүзінде азық-түлік салғырты бойынша барлық өнімдер Мәскеу мен Петрогродқа жіберілді.
1920жылы 20 шілдеде РКФСР ХҚК «Сібірдегі артық астықты тәркілеу туралы» заңы қабылданды. Осы декрет бойынша салым Сібір үшін астықтың 110 млн пұтты құрап, бұл көлем РКФСР бойынша барлық салымдардың төрттен жоғарысын құрады. Оның 35 млн пұт салымды Омск губерниясына (Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар уездері Омск губерниясының құрамына кірді), Семейге 15 млн пұт салықты болып, Сібір продком 1желтоқсанда 60%, 15 қаңтарға дейін 20%, 1921ж. 1наурызда қалғаны 20% болатын астық құятын орындарының келесі уақытын анықтады.
Қазақстандағы бұл аймақта азық-түлік салғырты дөрекілік және көбінесе қатыгездік әдістермен өткізілді. Бұл өңірдегі большевиктік жүйе әлі толығымен орнамай, Сибпродком продотряды волюнтаристік әрекетінің нәтижесінде Кеңестік Ресейдің ең мықты шаруалар көтерілісінің себебі болды. Қазақстанның Сібір аудандарындағы ауыл мен жеке болыстарда қандай себеппен салымдардың тартылуы болғанын келесі мысалдан көруге болады. Ақмола уезінің Благодат болысының тұрғындарына астық жем-шөптен 5000 пұт, бидай және 2000 пұт сұлы мен арпа салымдары салынды. Бұл салымдар 1920 ж. егіс алқабы көлемінен есептеп тартылды. Бір десятинадан 1пұтқа 30 фунд бидай және 5 пұтқа 70 фунт сұлы мен арпа алынды. Благодат және Новока ауылының тұрғындары 1920 ж. көктемде 1403 десятина бидай және 196 десятина сұлы және арпа екті. Артынша 2455 пұт бидай және 1029 пұт сұлы және арпа көлемдегі салымдар тиісті болды. Павлов және Барятин ауылының тұрғындары 1158 пұт бидай және 346пұт сұлы және арпа өткізу керек болды. Верин ауылы 450 пұт және 420 пұт сәйкес Звенигород- 661 және 94 пұт Ртищевск 295 және 110 пұт астық жиналды. Бұл салымдардың жоспары Ақмола уездінің Благодат болысполкомының 1920ж. 17 қарашадағы отырысында қабылданды /41, 45-46/.
Сибпродком азық-түлік дайындығы Орынбор, Ақмола, Семей губерниясының жеке қазақ аудандарында экспедициялық ерекше жолмен жүргізілді. Сибпродком азық-түлік экспедициясы зорлық-зомбылық әрекетін жасап, жергілікті халықтың әділетті наразылығына алып келді. Продэкспедиция басшыларының бірі 1920ж. 29 желтоқсанда Ақмола уезді продком жиналысында қазақтың көшпелі шаруашылығын қалпына кетіру үшін ірі қара, шикізат және тоқыма мата салымдарына жоспар жасады.
Исполком болысының өкілдері экспедициясының жақындағанын естіп, ауыл тұрғындары өздерінің табындарын дала түкпіріне қуып, көптеген малшылар Батыс Қазақстан жерлеріне табын малдарын жасырды. Мал шаруашылық шикізаттары мен ірі қараға салымдар жүргізу барысында, продэкспедиция көшпелі шаруалардың жергілікті жағдайын және осы басқа болыстардағы ірі қараның шынайы көлемін нақты білмеді. Мысалы, қазақ болыстарының басшылары 1920 ж. желтоқсанда Ақмола уезді продкомында берген мәліметтерінде олардың болыстарына міндеттелген ірі қара мен жылқыға салған салым далада өте көп еді. Олардың айтуынша салғыртқа кіріспес үшін, нақты мәліметтерді жинау керек болды. Бірақ ең бірінші Орталықтан бұйрық шығып, азық-түлік органдары басшылыққа алды.
Барлық салымдардың мәліметтері Омскіге Мәскеуден келді. 1920 ж. 13 тамызда Атбасар уездінің исполкомына уезд Лениннің телеграммасы келіп, уезд бойынша малға салымды 1 қыркүйекте аяқтау керек екенін жариялады.
Қазақ даласында дайындалған шикізатты РСФСР Внешторг қажет етіп, оларға тек ақшалай жәрдемдесті. Әрине бұл бұйрықты орындауда көшпелі шаруашылықтың жоқшылыққа ұшырайтыны айтылған. Мысалға, 1920ж. Ақмола уездінде малдан жиналған салымдар айтылған жерге 30% жетті. Қазақстан аймағындағы азық-түліктен шикізатты, басқа бағалы материалдарды бөгетсіз көлемде тасуы, Мәскеуде Петропавл -Көкшетау азық-түлік темір жолының құрылысын бастауды қажет етті /12, 67/.
Кеңес тарихнамасы «Әскери коммунизмді» барлық жағынан дәріптей отырып, «Әскери коммунизм емес» саясаттың элементтерін асырып айтты. Бұл жылдарда әсіресе тауар айырбасты әсерлеп көрсетті. Тауарға аштық кезінде тауар айырбастың қарапайым түрі пайда болды және натуралды шаруашылық жүйесінің тікелей салдары болды. 1918-1921ж. ж. кезеңінде тауар базары жабылып, сауданы ресми түрде тоқтатты. Өз кезегінде шаруалар, қағаз ақшаға сенбей өнімін тауармен жабуын талап етті /2, 78/.
1918 ж. 26 наурызда РКФСР ХКК «Астық дайындауды күшейту үшін тауар айырбасы туралы» декрет шықты. Кейін 1919ж. 5 тамызда ХКК «Тауар айырбасын міндеттеу туралы» тағы бір декрет шығарды. Болшевиктерге тауар айырбасы көбіне саяси акция ретінде көрінгенін ерекше атап өтуге болады. Наркомпрод құрылысы бір жағынан тауар айырбасының орнына барлық тауарды қолдану міндетін ауыстырды. Бірақ, басқа жағынан алып қарайтын болсақ жеке шаруашылықпен жеке меншік айырбасына тыйым салса, ұйымдағы тауар айырбасы бойынша нанды сатып алу мүмкіндігіне тыйым салды. Басқаша айтқанда кедейлер мен шаруалар мемлекеттік қордан бөлінген тауар үшін ауқатты көршілерден азық-түлік тәркілеп, органда қызмет атқарғанына байланысты ие болды.
1920ж. маусымда Петропавл уезінің ауылында тауарға, мұқтаж шаруалармен айырбас жасамай, кедей шаруашылықтары арасында тауарды таратуға жарлық шықты. Осымен байланысты 1920ж. көктемде Ақмола мен Семей губерниясына белгіленген айырбас үшін өндірген тауардың маңызды бөлігін қолдана алмады. Бұл барлық тауар көлемі ақгвардияның жарлығымен әскери жағдайдың өзгеруіне байланысты пайдаланды. Бұл Қазақстанның аймағына жіберілген 90% тауар РСФСР ХКК үшін жоғалып кетті.
Халық комиссарлар кеңесі астық дайындау кезінде бейбітшілік жолын іздеу керек болды. Көшпелі шаруашылық үшін тауар айырбас нормалары әділетсіз жүргізілді. Бір пұтты былғарыны тауар айырбас бойынша бес аршин мануфактураны, 2/1 катушка жіп, 50 тиынға шай, 25тиынға қиықты жорамалдайды. Осындай жағдайда өткізген шикізат нақты бағасынан тауар көлемінің 30% құрады. 1919ж. 8 қазанда Қазревком Мәскеуге Главкомға ұсыныс тастады. Ұсыныста қазақ халқындағы тауар айырбас нормалары бойынша шикізат пен жерді өткізбеді, мемлекеттік дайындық органымен қажетті айырбас толығымен тиімсіз еді. Қазревком продотдел астық дайындау кезінде халық арасында тауар айырбас қағидаларын белсенді қолданды /14, 124-126/.
1920ж. ақпанда Орал уездінің Красновскі болысындағы Макаровскі хуторында екі күнде 156 бас ірі қырылған. Себебі тағы да ірі қараға қатысты мүлкіне тиісті күтім болмаған еді. Осындай әрекеттер Кеңес үкіметіне жақсы көзқарасты толықтыра алмады.
Ақмола облысында жергілікті уезд тұрғындарының көпшілігі піспеген және жасыл күйде астықты шауып алды немесе өзінің егістігіне малдарын жіберді. Өйткені жиналған астықты мемлекет тәркілейтінін білді. 1920ж. 25 қазанда Орынбор-Торғай губерниясындағы азық-түлік жоспары келесі көлемде орындалған: астық 5%, жарма 0, 6%, ірі мүйізді мал 30%, көкөніс 5% шошқа 30%, пішен 8, 5%, сабан 30% осы уақытта жұмыртқа мен майға салғырт жүргізу нашар өткізілді /4, 17-18/.
1920 жылы азық-түлік салғыртының барлық түрі монополияландырылды. Мысалы, РСФСР барлық губерниясына суаттар бойынша балық салғыртты жүргізілді. Қазақстанда Орал аудандарында 1, 5 млн пұт Гурьев балық ауданында 1млн пұт, Түркістан ауданында (Арал теңізі) 500мың пұт, Орынбор ауданында 50 мың пұт балық салғырты салынды. Қазақ аймағының халқына қазіргі территориясындағы Қызыл Армия бөлігін азық-түлікпен жабдықтау міндетін жүктеді. Аймақтағы азық-түлік органы 1919 жылы 15желтоқсаннан бастап Орынбор укрепрайонына тірі салмақпен 600 пұт ет және ай сайын салғыртты 2 пұт етпен орындап жеткізуге жарлық шығарды. Ауыл және деревня халықтары жоспар бойынша талап еткен салғыртты орындауға күші болған еді, бірнеше күннен кейін сол болысқа Қызыл Армия продагенті келіп, қарудың күшімен болыс түгін қалдырмай реквизициялады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz