Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту


Кіріспе
Әрбір елдің өзіндік тарихы, дәстүрі, тілі болады. Яғни, қазақ халқының дарыны Ғұмар Қараш айтқандай: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды . . . Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Әдебиеті жоқ елдің өнері де өркен жаймайды».
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдеби білім тұжырымдамасында былай деп көрсетеді: «Әдебиет оқушы зердесіне замана келбетімен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы. Ұлттық рухани санаға тәрбиелейтін, тіл үйрететін оқушының адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын, әрі реттейтін өмір оқулығы». Демек, әдебиеттің жеке пән ретінде оқытыла беруін қадағалап, оны оқыту әдістерін үнемі дамытып, жандандырып отыру қажет.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту мақсатында білім беру жүйесінде соңғы уақытта біршама жұмыстар жүргізілді. Олар:
- Оқу материалдары қайтадан жаңартылды;
- Білім мазмұны адамгершілікке, ізгілікке, эстетикалық талғамға бағытталды;
- Бағдарламалар тәжірибелік тұрғыдан өткізілді;
- Әдебиетті оқытудың жаңа нұсқалары жазылды;
- Сыныптан тыс оқу кітаптарының сериялары шығарылды.
Әдебиет пәнінің алдына қоятын мақсаты оқушылар санасында ізгілік, имандылық, отаншылдық, азаматтық озық идеологияларды оқушы бойына сіңіру, оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интелектуалдық, оқушыларға оқыту, жеткізу арқылы биік талғамдық оқырмандықты қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Орта мектеп оқушыларына Ы. Алтынсарин шығармаларын оқытудағы ғылыми- әдістемелік негіздің теориялық жағын анықтап және тәжірибеде оған сүйенудің жолын айқындап, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
2. Барлық өмірін ұлты мен ұрпағына арнап өткен Ы. Алтынсаринді жете танытып, оның асыл мұраларын меңгертуге қажет әдістердің жетілу негізін анықтап және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, сол арқылы Ы. Алтынсарин шығармаларын терең мазмұнды ұлттық тұлға қалыптастырудың арқауы ету.
3. Ы. Алтынсарин шығармаларының жас ұрпақты тәрбиеп, тұлға ретінде қалыптастырудағы және олардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялатудағы құндылығы ерекше. Егер Ы. Алтиынсарин шығармаларын орта мектептің оқушыларына оқытудың, оқу тәрбие жұмысында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің анықтауға тырыстық.
1-тарау. Ы. Алтынсариннің өмірі, педагогикалық мұрасы.
1. 1. Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартыушылық қызметі
Ы. Алтынсарин мұраларының бүгінгі ұлттық мектептер болашағы үшін маңызы зор.
Ы. Алтынсарин-ұлы педагог, ағартушы. Ол тамаша талант иесi.
Қазақ мәдениетiнiң зор ќайраткерi Ы. Алтынсарин 1850 жылы 22 тамызда Орынбор Шекара комиссиясының қазақ балалары үшiн ашылѓан мектепке алѓашќы алынѓан 30 баланың бiрi болып түсiп оқиды. Оқуға алғаш келгенде Ы. Алтынсариннің денсаулығы, сыртқы пiшiнi мектеп басқарушыларының көңілінен шыға қоймай, Ы. Алтынсаринды мектепке алғысы да келмейдi. Бiрақ Шекара бастықтарының алдында айрықша беделi бар Балғожа немересiн мектепке күшпен алғызады.
Ы. Алтынсарин мектепке орыс тiлi, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгiлерi, есеп, татар тiлi сияқты пәндердi және мұсылман дiнi сабағын оқыды.
Халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушысы, тұңғыш педагогi, ақын - жазушысы Ы. Алтынсарин жетi жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн -ақ халық ағарту жұмысын таңдады. “Әр iстiң мақсаты туралы ойлаған дұрыс” - деген екен Л. Н. Толстой. Ы. Алтынсариннің мақсаты - қазақ қауымын ояту, “өнер - бiлiм бар жұрттар” қатарына қосу. Бiрақ оның ағарту майданында iстесем деген мақсаты бiрден қолына тимедi.
1860 жылы Ы. Алтысарин Орынбор облыстық басқару мекемесiне тiлмаш болып кiрiп, сонда аз уақыт қызмет iстедi. Тiлмаштық қызмет Ы. Алтынсаринді мүлдем қанағаттандырмады, сондықтан бұл қызметтен босануды көздедi. Қазақ сахарасында бастауыш мектептер ашуға рұқсат сұрап, ол күн сайын облыстық басшы қызметкерлердiң мазасын ала бердi.
1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесi Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұќсат еттi.
Бұл мектептердi ашуға өкiмет тарапынан қаражат берiлмедi және жергiлiктi өкiмет орындары да ешқандай көңiл аудармады, жәрдем көрсетуден бас тартты.
Ы. Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетiмен мектеп ашу дайындығына кiрiстi. Мектеп ашу жолында көп еңбегiн сарп еттi. Ол бұл жөнiнде тиiстi орындардың алдына мәселелер қойды, өз халқын үгiттеумен болды. “Мектеп - қазақтарға бiлiм берудiң басты тұтқасы . . . , үгiт - мектептепте, қазақ халқының келешегi мектепке байланысты” деп жазды Ы. Алтынсарин. (4, 206)
Қараңғы ел ортасынан мектеп үйiн салдырып, оқу жұмысын жолға қою көп жiгер, үлкен ұйымдастырушылыты керек еттi. Көптеген қиыншылықтарды бастан кешiре отырып 1864 жылдыњ 8-шi ќаңтарында Ы. Алтынсарин қазақ баларын оқытуға арналған халық мектебiн ашты. Осында қазақ халқының тұңғыш педагог - ағартушысы Ы. Алтынсарин өзiнiң оқытушылық қызметiн бастады. Ы. Алтынсарин өзi беретiн сабақтары үшiн рухани азық, бiлiм қорын жинастырумен, үзбей оқумен, ойлаумен, ізденумен болды.
Балалар үшiн әңгiмелер мен өлеңдер жазды. Ы. Алтынсарин: “Менiң үлесiме, ең ауыр уақыт тидi, барлығын қайтадан жасап, бұл жаңа бастамаларды халықтың арасына енгiзiп, оларды күшiмiз бен бiлiгiмiз жеткенше ағартуымыз керек” (5, 92) деп жазды өз естелiгiнде. Сөйтiп дала өмiрiндегi бүкiл оқу - ағарту жұмысының тағдырын өз қолына алып, оның ұшы - қиыры жоқ iсiн дұрыс жолға қою мiндетi қазақ мәдениетiнiң тарихында алғаш рет Ы. Алтынсарин тәрiздi әрi педагог, әрi шын патриот, азамат ұлдың үлесiне тиедi. А. Линкольн: “Кiм болсаң да, өз iсiңнiң шеберi бол” дейді. Ы. Алтынсарин өз iсiне жан тәнiмен кiрiскен тұлға. Адамзат қадiрi елiне еткен қызметімен өшенеді. Ы. Алтынсарин халыққа қызмет етуді өзiнiң басты мұраты етiп алды. “Пайдалы нәрсенiң бәрiне жаны құмар халқымызға шама келгенше қызмет ету - бiздiң әрқайсымыздың борышымыз” - деп жазды Ы. Алтынсарин. (4, 189)
Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтiп, оны iлгерi алып бара алатын кадрлар даярлауды iрi мақсат етiп қойды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт берудi үлкен арман еттi.
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды. Облыстық халық ағарту қызметiн атқаруға Ы. Алтынсарин бар жiгерiмен кiрiстi, облыс көлемiнде азаматтық халық мектептерiн шебер ұйымдастыра бастады. Мектептер ашуға кiрiстi. Ол алдымен уездiк қалаларда орыс - қазақ балалары бiрге оқитын, орталық орыс - қазақ училищелерiн ашуды қажет деп тауып, бiрден дайындық жұмысын жүргiздi. Бұл мектептi ашу оңайға соқпады.
Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы 4 уездi аралап, мектеп ашуға халықтан қаражат жыйнады.
Халықтан қаражат жыйналған соң ол мектеп үйлерiн салдырып Торғай облысына қарайтын уездердiң бәрiнде де бiр - бiрден алты жылдық орталық орыс - қазақ училищелерiн ашты.
Осы ашылған училищелерді ашуда Ы. Алтынсарин: «Менің бел байлаған, ойым қазақ уездерінің өз ортасынан, неғұрлым тезірек бір - екі кластық орталық мектеп ашып, оның негізін берік қалау, оның әдемі, таза мектеп ету, сөйтіп, қазақ балаларына тәрбие беру жөніндегі жұмыстарымызда мектептің лас болуы, қабырларының дымқыл болуы, бөлмелерінің тар болуы, пешінен иіс шығуы, балалардың аш болуы, суыққа тоңуы, оқу құралдарының жеткіліксіз болуы және халық мектептерінің көпшілігіндей, оқытушыларының сауатсыз болу сияқты кемшіліктерді кездестірмеу» - деп жазды. (1, 209) . Мектептерде оқу жұмысы болсын, тәрбие жұмысы болсын, жабдықтау жұмысы болсын - бәрінде үлгілі сатыға қоюға тырысты.
Ол орталық орыс - қазақ училищелерінің жанынан көрнекті кітапханалар ашуға үлкен мән берді. Бұл ашылатын кітапханалар тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, жалпы халық үшін де ашылулары керек, бұлардан жұрттың бәрі де кітап алып оқуға ерікті болуы керек деп ұйғарды. Өзінің 1883 жылы 15 қыркүйекте жазған бір хатында, ол: «Мен Торғай облысындағы мектептердің жанынан оқытушыларға және оқушыларға арналған кітапханалар ашпақшымын. Бұл кітапханалардағы кітаптармен тек оқушылар мен оқытушылар ғана пайдалану үшін емес, сонымен қатар, мектеп бітіріп қырда жүрген, жалпы сауатты адамдар да білімдерін өз бетімен көтере берулері үшін пайдалы кітаптар және оқу құралдарын тауып алуларына мүмкіндік туғызу мақсатымен ашылады», (1, 108) - деп, бұл кітапханаларды ашудағы мақсатын айқын көрсетті.
Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды да арман етті.
Ы. Алтынсарин қазақ қыздарын оқыту, сөйтіп, оларды мәдениетке және қоғамдық өмірге тікелей тарту мәселесінде де феодалдық ескі әдет - салттарды батыл ығыстырып, әлеуметтік маңызы зор істерді жүзеге асыруға өз үлесін қоса білді. Ол Ырғызда 18 адамдық орны бар училищесін ұйымдастырып, тұңғыш рет қазақ қыздарын оқуға тартты . Бұл сол кездің өзінде үлкен жетістіктердің бірі еді.
Ағартушы, педагог Ы. Алтынсариның шығармашылық өзегі - оқуға, өнерге шақыру. Білімдіге ұстаз болудан бас тартпай, білменгенге шәкірт болуға ұялмай, қиын да, адал еңбектен жүрексінбеу керек екенін насихаттады. Оқу - білімсіз халықтың ертеңі - бұлдыр, көкжиегі - тұман деп білді. Өнер - білімге қолы жеткен халық қана ақты қарадан ажырата алады деген пікірге келеді.
1. 2. Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы бізге негізінен «Қазақ хрестоматиясының» төңірегінде жетті. Ол бұл еңбегін: «татар тілінде жазылған кітаптан құтылу үшін жаздым»(4, 102) дейді. Бұл әдеби еңбегінің діни идеяларға қарсы нағыз демократиялық мақсатта туғанын танытады. Хрестоматияның пайда болуы, халықтың сол дәуірдегі рухани мұқтаждығына да байланысты еді. Ы. Алтынсарин: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар жалпы халықтардың оқуына, жарайтын кітап бола алуын көздедім»(4, 243) - деген сөздерінен-ақ бұл еңбектің құндылығы анық көрінеді.
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» тұңғыш рет орыс алфавиті негізінде 1879 жылы Орынборда басылып шықты. Кейін ол 1889, 1896, 1899 жылдары «Мухабат» деген атпен біраз қысқартып, араб алфавиті негізінде басылды. 1906 жылы А. Васильевтің редакциясымен едәуір толықтырып, орыс алфавитімен тағы жа жарияланды.
Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский мен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгісінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» төрт бөлімнен құралады: бірінші бөлім - өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім - үлкен кісілер турасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім - ел әдебиеті нұсқаларынан: әртүрлі өлең-жырлардан; төртінші бөлім - мақалдар мен мәтелдерден құралды.
«Қазақ хрестоматиясына» сөз басында автор: «Ең алғашқы рет жазылып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның, мүмкін кейбір кемшіліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көздеген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді - өзім жұбатып отырмын» - деп жазды (4, 251) .
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығымен қатар «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» еңбегі басылып шықты. Кітапқа арналған сөз басында: «Біздің ойымызша қазақ балаларына орысша кітаптарды оқытуға, оқығандарын түсіндіріп отыруға кіріспей тұрып, олардың жеке сөздерді болсын және негізгі грамматикалық ережелерді болсын түсіну үшін бірқатар жүйелі әзірліктен өткізілу керек болады. Мұндай алдын ала әзірлік жасамаса, оқушылардың түсінігі тым шалғай болып шығады, ешбір грамматикалық ереже жайында белгілі бір түсінік алуға оқушылардың шамасы келмей қалады.
Орыс - қазақ мектептерінің бірінде оқытушылық қызметінде болған бес жылдық тәжірибем мені осындай қорытындыға келтіреді, содан ол кезде қолжазба күйіндегі осы оқу құралы бойынша оқыта бастағанымнан кейін ғана орыс тілін оқыту жұмысы ойдағыдай нәтиже беріп, дұрыс жолға қойылды» - деп жазды (4, 283) .
Ы. Алтынсарин болыстық мектептер ашу керек екендігін дәлелдеп «Болыстық қазақ мектептері туралы записка» деген жеке еңбек жазды. Оның бұл еңбегі, тек Қазақстанда ғана емес, кейбір басқа көшпелі отар аймақтарда да болыстық мектептер ашуға болатындығын дәлелдеп болжады.
Ы. Алтынсарин болыстық мектептердін сол кездегі қазақ ауылының көшпелі өміріне сәйкес болу керектігін жете түсіне білді. . Қазақстанда болыстық мектептер ұйымдастыруды қолға алып, аяанбай еңбек етті. Ақының «Қазақ хрестоматиясы» оның ағартушылық мақсатта жазған екі өлеңімен ашылды. Ақын бұл шығармаларын хрестоматияның өз кезіндегі басылуында «Сөз басы» деген атпен кітаптың алғашқы бетінде жариялаған еді. Қазіргі кезде олар «Кел, балалар оқылық!», «Өнер - білім, бар жұрттар» деген атаулармен айтылып жүр. Ақын әдеби еңбектерінде халық ағарту мәселесін ұтымды насихаттап, шебер көрсете алатын шығармаларды көптеп жазуға баса назар аударды. Оның «Кел, балалар, оқылық», «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңдерінде қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін батыл меңгеруге шақырады.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде ақын озық өнер - білімнің бүкіл артықшылық қасиеттерін әрбір оқушыға оның өмірді тану дәрежесіне сай түрде түсіндіруді көздеді. Бұл өлеңде ақын халық ауыз әдебиетінің дәстүрлерін де шебер пайдаланды. Ы. Алтынсарин өлеңін әр шумағында өнер - білімнің айрықша құндылық қаситтерін надандық пен қараңғылықтың зиянды көріністерімен қатар алып суреттеп, оқушыға білімнің баға жетпес артықшылығын ұтымды жағдайда дәлелдей алды.
Мысалы;
. . . Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап . . .
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеңін алдыңнан,
Іздемей - ақ табылар. (5, 36)
Сондай - ақ,
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар;
Оқымыстың байлығы,
Күнен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Немесе,
Надандықтың белгісі,
Еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай,
Ақ, қараны танымас . . .
Оқу деген шыны - ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар,
Май тамызған қалаштан . . . (5, 37)
Бұл келтірілген үзінділерде екі түрлі - нәрсенің - білім мен надандықтың жақсы және жаман жақтары қарапайым, түсінікті суреттелген. Бұл өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі - оның халық дәстүрі, халық ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында. Ы. Алтынсарин өлеңінде теңеулер мен салыстыруларды да сұрыптай қолданады. Мысалы, «май тамызған» қылыштан «ақ, қараны танымас» деген сияқты шебер теңестірулерді қолданады.
Ақын «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтайды, мәдениетті елдің озық салтын баяндайды. Шығарманың лирикалық кейіпкері өз замандастарының назарын мәдениетті елдің қолы жеткен табыстарына аударуды көздейді, оларды үйренуге шақырады, халқының білім ғылымнан орта қалғанына қынжылады. Содан шығудың жолын іздестіреді, өз ойын анық білдіреді.
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінде ғылым мен техниканың сол кездегі басты жаңалықтары толық баяндалады.
Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Мың шақырым жерлерге,
Аты жоқ құр арбаны,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай
Дүниені кезді жалықпай - (5, 39)
деген шумақтарында. Ақын өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық саласындағы жетістігін көрсетеді.
Ақын қоғамның ертеңгі ұрпағы - жастарға әр уақытта да зор сеніммен қарады, олардың тамаша келешегіне сенді, жоғарыда көрсетілген ғылым мен техниканың жаңалықтарын қазақ даласына осы жастар ғана жая алады деп есептеді.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай
Ұмтылыңыз қалыспай!
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды - (5, 40)
дейді ақын.
Қоғамның жаңа адамдары - жастарға «Желкілдеп өскен көк шөптей, жаңа өспірім достарым», деп көңіл бөлу ақынның зор адамгершілік бейнесін, жастарға деген асқан сүйіспеншілік сезімін көрсетумен қатар, оларға үлкен үмітпен қарағанын да білдіреді.
А. Ы. Алтынсариннің «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен» деген өлеңі оның ағартушылық идеяларының жарқын бір көрінісі тәрізді шығарма. Мұнда ол өзінің биік адамгершілік көзқарастары тұрғысынан еңбекші бұқараны адал өмір сүруге шақырады, еңбексіздікке, барымтаға дағдылану сияқты ескі салттардың зиянды екендігін көрсетеді, ерінбей еңбек етуге үгіттейді.
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шындықпенен.
Қорек тап, бейнеттен де тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен, - (5, 47)
дейді ақын . Ақын “ұрлық, әділетсіздік жасағаннан гөрі шындықпен өлгеннің өзі артық, қорек тап бейнеттен де, яғни, еңбек ет те тамақ тап, еңбексіз еш адамға телмірме” деп оқырманға ой тастайды.
Ақынның«Әділдік көрмегені үшін бір төреге айтылған сөз» деген өлеңі еңбекші халықтың үстем тапқа қарсы ыза - кегінен туған, екі таптың арасында негізгі қайшылықты таныта алатын шығарма. Ақын қоғамдық өмірде кең орын алып отырған теңсіздікті жырлайды. Бірақ соның өзінде ол еңбекші бұқараның ауыр тұрмыстың нәтижесінде жасушылығын немесе өмірден торығушылығын көрмейді, алдағы күнге үлкен үмітпен қарайтын оптимистік ойын сезінеді, оны өз шығармасының өзекті арқауы етеді. Өлең ақынның осы оптимистік қорытындысымен аяқталады.
Ай, тақсыр, бұл дүние өтер - кетер,
Мал иесі де артыңнан қуып жетер
Жарлылар да бір табар әділ қазы,
Таразылы күн болса, арыз етер. (5, 47)
Мұнда ақын келешекте әділетті тұрмыстың орнау мүмкіндігіне үміт білдіреді. Бұл үміттің ағартушылық қиялға байланысты тууы да мүмкін. Дегенмен ақынның алдағы күнге осындай үлкен сеніммен қарауы қазақ халқының тарихындағы қоғамының 60-70 жылдары үшін зор маңызы бар құбылыс еді.
Ақынның көптеген өлеңдері табиғаттың сұлу көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер қазақ әдебиетінде Ы. Алтынсаринға дейін жөнді кездеспейтін еді. Оның әртүрлі себептері де болатын. Шын мәніндегі пейзаждық лирикаларды, көбінесе, өмірді, табиғатты тану парасаты мол жазба әдебиетінің ғана өкілдері жасай алатын.
Ақынның«Жаз», «Өзен» өлеңдері көп жағдайда орыс классиктерінің табиғат көрінісі туралы жазған белгілі шығармаларына ұқсайды. Бұл екі өлеңінде де ақын табиғаттың ең бір сұлу кезеңін алып, оны халық өмірімен байланыстыра бейнелейді, сол арқылы қандай нәрсенің де, оның ішінде табиғаттың да әдемілігін халыққа тигізетін әсері арқылы бағалайтындығын танытады. Егер ақын «көркемөнер, көркемөнер үшін» деген принципті ұстаған ақын болса, табиғаттың жеке өзін ғана сурттеп, сол арқылы өзіндік жан дүниесін, нәзік сезімін, мүмкін кейде осалдығын да білдірумен тынған болар еді. Мұндай жағдай оның өлеңдерінде байқалмайды.
Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері оқушыға тым жақын. Ол оқушының жан дүниесінде жайдарлылық сезім тудырады, көңілді әсер қалдырады.
Ақынның лирикалық кейіпкері табиғат сұлулығын да тани біледі, одан өзіне рухани күш те алады.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса бірқалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған (5, 63)
деген бір шумақты алып көрелік. Мұнда ақын сезімінің зор екпіні сезіледі. Шумақтың әр жолында, әсіресе, соңғы жолында мол күштің үні байқалады. Бұл көріністер ақынның асқар ойы мен ұшқыр қиялын танытады, оның романтикалық сезімі мен оптилистік ойларының сәулесі есебінде көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz