Орталық Азия мен Еуропа серіктестігі
Кіріспе
Негізгі бөлім
I бөлім
1.1 Жалпы қағидалар
1.2Саяси сұхбат
1.3 Заңнама саласындағы ынтымақтастық
1.4Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмнiң жұмыс органдары
ІІ бөлім. Тауар саудасы
2.1 Тауар саудасындағы жалпы мәселелер
2.2 Тауар саудасындағы негізгі салалық шарттар
ІІІ бөлім
3.1Экономикалық ынтымақтастық
3.2 Қаржы саласындағы ынтымақтастық
3.3 Инвестициялар мен кәсіпкерлік қызмет
Қорытынды

Еуропа әлемнiң көптеген елдерiнiң, соның iшiнде Қазақстан Республикасының, қызығушылығын неге туғызуда? Оның себебi, Еуропа – бұл, ең алдымен, ауқымды нарық, тұтыну нарығы, негiзiнен, энергетикалық шикiзат нарығы; Еуропа – техника мен технологияның өте жоғары сапасы; Еуропа – бұл көптеген елдердiң экономикасына капитал мен инвестициялардың экспорты; Еуропа – бұл өмiрдiң, бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың жоғары сапасы.
Қазақстан Республикасы Еуропа мен Еуропалық Одақ үшiн Еуропа мен Азияны қосушы көлiк коридоры ретiнде өзiнiң геосаяси жағдайымен, өзiнiң табиғи байлықтарымен, әсiресе, көмiрсутек шiкiзатпен, ал соңғы кезде тау-кен саласымен де қызықты. Жалпы алғанда, Орталық Азия, соның iшiнде Қазақстан, әлемге, ең алдымен, Еуропа мен Еуропалық Одаққа аз танымал аймақтар болып табылады.
Осының бәрi Қазақстан Республикасының Еуропамен, әсiресе, Еуропалық Одақпен, ауқымды әрi тиiмдi қатынастардың болуында қызығушылығы бар екенiнiң дәлелi болып табылады.
КСРО-ның бөлек Республикаларына қатысты ЕО-тың стратегиясы iс жүзiнде елдiң ресми ыдырауына дейiн-ақ қалыптаса бастады. 1990ж. Рим отырысында Еуропалық Кеңес Кеңес Одағындағы реформаларға техникалық жәрдемдесу мен азық-түлiк пен дәрi-дәрмекпен берiлетiн жедел көмектi қаражаттандыру туралы шешiм қабылдайды. 1990ж. 11 шiлдесiнен бастап, КСРО Республикаларын қоса алғанда, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерiмен өндiрiстiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi ЕО-тың Комиссиясы белсендi жұмыс iстей бастады. Сонымен бiрге Комиссияға, қенестiк жақпен бiрлесе отырып, 1989ж. “Сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық туралы” Келiсiмге қарағанда ауқымы кеңiрек келiсiмдi жасау мүмкiндiгiн зерттеу тапсырылды.
1990ж. соңында Еуропалық Кеңестiң отырысында ЕО мүшелерi КСРО-да басталған жаңартуларды қолдауды шешедi. Бұл ЕО шығыс бағыттағы бiрлескен стратегиясының әрекет ете бастағанының дәлелi болып табылады.
1991ж. 8 шiлдесiнде-ақ Еуропалық Кеңеспен КСРО Республикаларына техникалық көмек беру Дисциплинааралық қорын құру туралы шешiм қабылданады. Бұл шешiм, 1991ж. 7 шiлдесiнде Мәскеуде аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң басшыларының бiр тобы, соның iшiнде Еуропа, Азия, Африка Оңтүстiк Американың 25 мемлекетiнен елшiлер, келген ҚазКСР-на да қатысты болды. Жоғарыда айтылып өткен миссияға Қазақстандағы жағдаймен жақынырақ танысуға берiлген мүмкiндiк үшiн Республиканың үкiметiне өз ризашылығын бiлдiрген КСРО-дағы Еуропалық Қауымдастықтың Комиссиясының төрағасы М.Эмерсон қатысқан болатын.
1991ж. 2 тамызында қазақстандық-еуропалық ұзақ мерзiмдi қатынастардың дамуына әсер еткен айтарлықтай өзгерiстер орын алды, атап өтсек, Римдегi Еуропалық Кеңес КСРО-ға техникалық көмектiң бағдарламасын қабылдайды және сол жерде “КСРО мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Кiрiспе
Еуропа әлемнiң көптеген елдерiнiң, соның iшiнде Қазақстан
Республикасының, қызығушылығын неге туғызуда? Оның себебi, Еуропа – бұл, ең
алдымен, ауқымды нарық, тұтыну нарығы, негiзiнен, энергетикалық шикiзат
нарығы; Еуропа – техника мен технологияның өте жоғары сапасы; Еуропа – бұл
көптеген елдердiң экономикасына капитал мен инвестициялардың экспорты;
Еуропа – бұл өмiрдiң, бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың жоғары сапасы.
Қазақстан Республикасы Еуропа мен Еуропалық Одақ үшiн Еуропа мен
Азияны қосушы көлiк коридоры ретiнде өзiнiң геосаяси жағдайымен, өзiнiң
табиғи байлықтарымен, әсiресе, көмiрсутек шiкiзатпен, ал соңғы кезде тау-
кен саласымен де қызықты. Жалпы алғанда, Орталық Азия, соның iшiнде
Қазақстан, әлемге, ең алдымен, Еуропа мен Еуропалық Одаққа аз танымал
аймақтар болып табылады.
Осының бәрi Қазақстан Республикасының Еуропамен, әсiресе, Еуропалық
Одақпен, ауқымды әрi тиiмдi қатынастардың болуында қызығушылығы бар
екенiнiң дәлелi болып табылады.
КСРО-ның бөлек Республикаларына қатысты ЕО-тың стратегиясы iс жүзiнде
елдiң ресми ыдырауына дейiн-ақ қалыптаса бастады. 1990ж. Рим отырысында
Еуропалық Кеңес Кеңес Одағындағы реформаларға техникалық жәрдемдесу мен
азық-түлiк пен дәрi-дәрмекпен берiлетiн жедел көмектi қаражаттандыру туралы
шешiм қабылдайды. 1990ж. 11 шiлдесiнен бастап, КСРО Республикаларын қоса
алғанда, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерiмен өндiрiстiк
ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi ЕО-тың Комиссиясы белсендi жұмыс iстей
бастады. Сонымен бiрге Комиссияға, қенестiк жақпен бiрлесе отырып, 1989ж.
“Сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық туралы” Келiсiмге
қарағанда ауқымы кеңiрек келiсiмдi жасау мүмкiндiгiн зерттеу тапсырылды.
1990ж. соңында Еуропалық Кеңестiң отырысында ЕО мүшелерi КСРО-да
басталған жаңартуларды қолдауды шешедi. Бұл ЕО шығыс бағыттағы бiрлескен
стратегиясының әрекет ете бастағанының дәлелi болып табылады.
1991ж. 8 шiлдесiнде-ақ Еуропалық Кеңеспен КСРО Республикаларына
техникалық көмек беру Дисциплинааралық қорын құру туралы шешiм қабылданады.
Бұл шешiм, 1991ж. 7 шiлдесiнде Мәскеуде аккредиттелген дипломатиялық
өкiлдiктердiң басшыларының бiр тобы, соның iшiнде Еуропа, Азия, Африка
Оңтүстiк Американың 25 мемлекетiнен елшiлер, келген ҚазКСР-на да
қатысты болды. Жоғарыда айтылып өткен миссияға Қазақстандағы жағдаймен
жақынырақ танысуға берiлген мүмкiндiк үшiн Республиканың үкiметiне өз
ризашылығын бiлдiрген КСРО-дағы Еуропалық Қауымдастықтың Комиссиясының
төрағасы М.Эмерсон қатысқан болатын.
1991ж. 2 тамызында қазақстандық-еуропалық ұзақ мерзiмдi қатынастардың
дамуына әсер еткен айтарлықтай өзгерiстер орын алды, атап өтсек, Римдегi
Еуропалық Кеңес КСРО-ға техникалық көмектiң бағдарламасын қабылдайды және
сол жерде “КСРО мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың техникалық, құқықтың
және әкiмшiлiк аспектiлерi жөнiндегi” Хаттамаға қол қойылады.
Сол уақытта ҚазКСР мен ЕО арасында парламенттiк деңгейдегi кездесулер
орын ала бастайды. 1991ж. 2 желтоқсанында Алма-Атаға КСРО-мен байланыстар
жөнiндегi Комиссияның торағасы М.Хофф бастаған Еуропалық парламенттiң
делегациясы келедi. Кездесу барысында Қазақстанмен тығыз әрi өзара тиiмдi
байланыстарды орнату туралы алдын ала келiсiмге қол жеткiзiледi.
Кейiн орын алған оқиғалар КСРО-ның ыдырауына әкелiп соғады. Сол арада
1991ж. 16 желтоқсанында Брюссельде ЕО мүше-мемлекеттердiң сыртқы iстер
министрлерiнiң төтенше кездесуi өткiзiледi. Бұл кездесудiң барысында КСРО
мен Шығыс Еуропада пайда болған жаңа мемлекеттердi танудың қағидалары
анықталады.
1991ж. 31 желтоқсанында арасында Қазақстанның да келiсiмi бар “Кеңес
Одағы мен Шығыс Еуропадағы жаңа мемлекеттердi тану Қағидаларында” орын
тапқан шарттарды орындауға келiсiмдерiнiң негiзiнде бұрынғы кеңес
Республикарын тану туралы Қауымдастықтың Бiрлескен (заявление) қабылданады.
Сөйтiп, 1991жылдың соңғы күнiн халықаралық құқық тұрғысынан тең негiзде ҚР
мен ЕО арасында екi жақты қатынастар басталған күн деп санауға болады.
1992ж. 9 қантарының өзiнде-ақ ЕО Косиссиясы егемендi Қазақстанмен
байланыстар жөнiнде мәлiметтердi дайындай бастайды.
1992ж. 11 ақпанында ЕО Косиссиясы мен жаңа тәуелсiз 12 мемлекеттiң
арасында 1992 жылға техникалық ынтымақтастықтың институционалдық механизмiн
қамтамасыз ететiн хаттамаға қол қойылады.
1992ж. 15 сәуiрiнде Қазақстанның парламенттiн делегациясы
Еуропарламенттiң президентi Э.Клепинен қабылданады. Коп ұзамай ЕО
Комиссиясы мен Қазақстан үкiметi арасындағы Қазақстанда ТАСИС
бағдарламасын жүзеге асырудың басы болып табылатын “Қаржыландыру туралы
Меморандумға” қол қойылады. ТАСИС (Программа предоставления техн.помощи
странам ННГ действует с 1991г.) –программа по оказанию поддержки ННГ в
решении экономических, политических, соц-х проблем, которые необходимо
преодолеть для перехода к рыночной экономике и демократическому обществу. В
рамках программы предоставляютя безвозмездные субсидии для развития “ноу-
хау”.
1992ж. сәуiр айында ТАСИС бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде Үйлестiру
бюросы құрылады.
ЕО пен ҚР арасында дипломатиялық қатынастар 1992ж. қыркуйегiнде
құрылып, сәйкес құжаттарға қол қойылады. Мұндағы басты мақсат –Батыс
Еуропа мемлекеттерiмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту және
ЕО-пен тең негiзде серiктестiктi орнату болып табылады.
Сонымен қатар, басқа да маңыздылығы кем емес мақсаттарды көрнетуге
болады:
1. ЕО мемлекеттерiмен тең және өзара тиiмдi негiзге сауданы кеңейту,
саудада аса қолайлы режимдi қамтамасыз ету, әлемдiк нарыққа қол жеткiзу.
Қазiргi таңда ЕО Қазақстандағы ең iрi шетел инвесторлардың бiрi болып
табылады. 2004ж. Қазастан мен ЕО арасындағы сауда 2 млрд. евроны құрған
едi. Сонымен қатар ЕО 2005ж. басынан бастап техникалық көмектiң жобасына
1,5 мен евро көлемiндей қаражатты бөлу жоспарланған едi.
2. Еуроодақ елдерiнiң инвестицияларын тарту. 2001ж. ЕО елдерiнiң ҚР-на
инвестицияларының үлесi қазақстандық экономикаға инвестициялардың жалпы
көлемiнiң 34% құрған едi. Негiзгi инвесторлар – Ұлыбритания (16,9%), Италия
(12,8%), Нидерландтар (4,0%), Германия (2,5%) мен Франция (1,2%) болған
едi.
3. Ақыры, Қазақстанда мұнай мен газдың үлкен қорларының болуы.
Сәйкесiнше, Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның стратегиялық ролi
Қазақстанның ЕО елдерiне энергетикалық ресурстарды қамтамасыз етушi
ретiндегi өсiп бара жатқан ролiн анықтайды ЕО елдерiмен ынтымақтастық,
сонымен қатар, Республикада шикiзатты өңдеу күштерiн, ауылшаруашылық
өндiрiсiн дамытуға, барлығына ортақ несие нарықтарды құруға өз үлесiн
тигiзедi.
ЕО ҚР-мен дипломатиялық қатынастарды орнатудағы басты мақсатарды
тоталитарлық саяси жүйедеп демократиялық, ашық қоғамды орнатуға өту
процесiне жәрдемдесу, сонымен қатар, аймақтағы тұрақтылықты сақтау болатын.
ЕО-тың Жаңа тәуелсiз мемлекеттермен ынтымақтастығының құқықтық
негiзiнiң бiрiншi сатысы болып Кеңес Одағының ыдырауынан бiр жылдан кейiн
1992ж. 15 желтоқсанында қол қойылған ЕО мүше-мемлекеттердiң және үкiмет
басшыларының Декларациясы табылады. Берiлген Декларация ЕО-тың мүше-
мемлекеттерiнiң бұрыңғы КСРО-да демократизациялау процесiне жәрдемдесуге
дайындығы атап көрсетiлген едi.
Сөйтiп, ЕО бұрыңғы Кеңес Одағы мемлекеттерi мен егемендi Қазақстанмен
арақатынасының концепциясы қалыптаса бастайды. Ынтымақтастықтық концепциясы
келесi приоритеттерге негiзделген едi: елдердегi саяси демократизациялау
және экономикалық либерализациялау процесстерiне демеушiлiк жасау; басқару
стратегиясын құру бойынша кеңес беру; заңнама саласында кеңес беру және
т.б.
Қазақстанның ЕО институттарымен ынтымақтастығының маңызды құрамдас
бөлiктерiнiң бiрi болып 1993ж. 18 мамырында Алма-Атада өткен ЕЭҚ-тың
Энергетикалық Хартиясы бойынша семинар табылады. Бұл семинар ЕЭҚ-тың
“Энергетикалық хартиясын”, оның энергетика саласында саясатын және бұл
саладағы Қазақстанмен арақатынасқа түсу мүмкiндiктерiн түсiндiру
мақсаттарымен Энергетикалық заңнаманы зерттеу бойынша Голланд институтымен
және Мадрид университетiнiң Шығыс Еуропа тарихы Институтымен
ұйымдастырылған едi.
1993ж. 18 мамырында ЕО Комиссиясы Тәуелсiз мемлекеттерге техникалық
көмек беру Халықаралық қорының ары қарай iстейтiн қызметi қатысты
қорытындылар мен кеңес берулердi қамтыған құжатты қабылдайды. Бұл құжаттың
көптеген бөлiмдерiнiң ҚР үшiн маңызы зор болды. 1993ж. 15 шiлдесiнiң өзiнде-
ақ ЕО шешiмiмен ТАСИС бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде Қазақстанға
Республикадағы жаппай жекешелендiру саясатына жәрдемдесу үшiн 3млн. ЭКЮ
бөлiнген едi.
Көп ұзамай берiлген шешiм бұрыңғы КСРО тәуелсiз мемлекеттерiндегi
экономикалық реформалар мен экономиканы қайта құруға техникалық көмек
беруге қатысты ЕО Кеңесiнiң №205393 қаулысы ретiнде ресмилендiрiледi.
Кейiн ҚР мен ЕО арасындағы екi жақты қатынастарға қатысты маңызды
оқиға орын алады, атап айтсақ, 1995ж. 15 қазанында ҚР-ның Брюссельдегi
делегациясымен текстиль өнiмдерiмен сауда жасау бойынша келiсiмнiң мәтiнi
парафирленедi. Сонымен бiрге бұл келiсiмнiң 1994ж. 1 қантарынан 1995ж. 31
желтоқсанына дейiн де-факто әрекет ету туралы келiсiмге қол жеткiзiледi.
Кейiн 1996ж. 1 қаңтарынан келiсiм үш жылға ұзартылады.
1994ж. бастап Қазақстанда ТЕМПУС, яғни, ЕО тарапынан бiлiм беру және
ғылыми зерттеулер саласында көмек бағдарламасы, әрекет ете бастады.
Алайда, 1994ж. орын алған басты оқиға ҚР президентiнiң 19 қаңтар күнi
шығарған Бельгия Корольдығындағы ҚР елшiлiгiне ҚР ЕО-тағы өкiлдiк
функцияларын тапсыру және ҚР Бельгия Корольдығындағы Төтенше және Уәкiлеттi
Елшiсi А.М. Кырбасовты сонымен бiрге ҚР ЕО жанындағы өкiлдiгiнiң басшысы
ретiнде тағайындау туралы Жарлығы болып табылады. Бұл оқиға екi жақты
қатынастарға қажеттi дипломатиялық негiздi қамтамасыз еттi.
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кейiнгi саяси ынтымақтастықты
анықтаған маңызды оқиға 1994ж. 24 мамыр күнi Брюссельде орын алды. Онда ҚР
Бельгия Корольдығындағы елшiлiгiнiң жәрдем етуiмен негiзгi құжаттың –
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен
серiктестiк туралы Келiсiмнiң мәтiнi парафирленедi.
1994ж. 2 сәуiрiнде Еуропарламент ТМД елдерiне батыс көмегiн ұсыну
жөнiнде резолюцияны қабылдайды. Резолюция сауданы либерализациялау, валюта
жүйелерiн тұрақтандыру, арнайы мақсатта қаржыны бөлу, 1995жылға ТАСИС
регламентiн қайта қарау, Комиссия штатын ұлғайту талаптарын қамтыған едi.
Сол жылдың көктемiнде Еуропалық Одақтың техникалық көмек бойынша
Комиссиясы Қазақстанның өндiрiсiн демонополизациялау және модернизациялау
жөнiнде ұсынысымен шыққан едi. Бұл жобаның басты мақсаты Қазақстанда жаңа
экономикалық құрылымдардың пайда болуын жеделтуде, секторлық және
регионалдық монополияларды бәсекеге тұра алатын топтарға айналдыруда,
бағаларды реттеу жүйесiн тәртiпке келтiруде едi.
1994ж. соңына қарай Еуропалық Комиссия ЕО-тың Орталық Азиядағы
мүдделерi мен Брюссельдiң ЕО пен Орталық Азия қатынастарына көзқарасы жан-
жақты сипатталған арнайы коммюнике дайындайды. Сол кездiң өзiнде Еуропалық
Одақтың Комиссиясының құжатында әлемдiк экономика үшiн Каспий теңiзiнiң
шығыс бөлiгiнде мұнай-газ ресурстарының болашақ эксплуатациясының маңызы
зор екендiгi баса айтылады. Коммюникеде ЕО-тың регионның әр мемлекетiмен
1993-1994ж.ж., яғни, Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмдi
белсендi дайындау кезiндегi, сауда-экономикалық қатынастарына үлкен көңiл
бөлiнген едi.
Көп жақты қатынастардың ары қарай дамуындағы ЕО ҚР-нда дипломатикалық
өкiлдiгiнiң ашылуының ролi зор болды. Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-
қатынастарды одан әрi дамыту мақсатымен 1994ж. қарашасында Р. Кремер
бастаған ЕОК-ның ҚР-ғы өкiлдiгi ашылған едi. Жалпы, ЕОК-ның ҚР-ғы қызметi
келесi маңызды мәселелердi қамтиды:
1. Өкiлдiктiң қызметiн мемлекет үкiметiмен мен санаса отырып жүргiзу;
2. Саяси және экономикалық дамудың мониторингi;
3. Жергiлiктi билiк органдары мен қоғамдық пiкiрдi ЕОК-ның өкiлдiгiнiң
қызметi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
4. ЕО бағдарламаларымен үйлесу және мониторинг.
Жалпы алғанда, ЕО өзiнiң өкiлдiгi мен ТАСИС бюросы арқылы Қазақстанда
қолданатын саяси құралдарды немесе әдiстермен нысандырды (ЕО стратегиясына
сәйкес) төрт категорияға бөлуге болады: дипломатиялық және саяси
қатынастар; жаңа шарттық қатынастар; экономикалық ынтымақтастық пен
жәрдемдесу; ақпараттық қызмет.
Тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн ҚР-ның жасасқан алғаш халықаралық құжат
болып Еуроодақ пен Республика арасында 1994ж. 16-17 желтоқсанында қол
қойылған Еуропалық энергетикалық хартия (ЕЭХ) бойынша базистiк шарт
табылады. Қазақстан тарапынан шартқа Көмiр өндiрiсi мен энергетика министрi
В.В. Кармаков Лиссабонда өткiзiлген ЕЭХ бойынша конференция кезiнде қол
қояды.
Бұл шарттың Қазақстан үшiн маңызд зор, себебi, оған сәйкес,
Республиканың энерготасығыштар нарығында дискриминациялануына жол бермеу
қамтамасыз етiлген: мұнай, газ және т.б. Атап өтетiн тағы бiр мәселе, бұл
шарт елдiң экономикалық қауымдастыққа интеграциясына, оның сауда-
экономикалық мүдделерiн қорғауға және жалпы Қазақстанның экономика
қауiпсiздiгiн жоғарылатуға жәрдемдеседi. Шарт Қазақстанның энергетикалық
секторына инвестициялардың салынуына, ЕО елдерiнiң “ноу-хау” ұсынуына
қолайлы жағдай жасайды.
1991-1994ж.ж. ЕО пен ҚР арасындағы қатынастың әр түрлi деңгейде
қарқынды дамуы ынтымақтастықтың барлық аспектiлерiн қамтитын келiсiмдi
талап еттi.
Мұндай құжатқа 1995ж. басында Брюссельде қол қойылды. 1995ж. 23
қаңтарында Қазақстан Президентi Н.Ә. Назарбаев пен ЕО Комиссиясының
төрағасы Ж. Сантер ҚР мен ЕО арасындағы Ынтымақтастық пен серiктестiк
туралы Келiсiмге қол қойды. Келiсiм Қазақстан Республикасының Еуропалық
одақпен саяси және экономикалық қатынастарының одан әрi кеңеюi мен тереңдей
түсуiне бастама болды.
Сөйтiп, жоғары айтылғанның мынадай қорытынды жасауға болады:
1. ҚР Еуропада орын алып жатқан интеграциялық процесстердi қолдайды.
2. ЕО пен ҚР-ның екi жақты ынтымақтастығының дамуына ерекше орын
бөлiнуде. Республикамыздың ЕО пен Батыс Еуропа мемлекеттерiмен саяси,
экономикалық және мәдени қатынастарын дамыту Қазақстанның сыртқы
саясатындағы приоритеттi бағыттардың бiрi болып табылады.
3. Еуропалық одақ – бұл экономикалық, саяси және мәдени интеграция
идеяларының iс жүзiнде жүзеге асырылуы. Еуропалық интеграция үлгiсi бүкiл
Орталық Азия үшiн регионалдық интеграция моделi бола алатын сөзсiз. Қазiргi
таңда ҚР-ның жалпы ЕО пен оның әр мүше-мемлекетiмен бөлек қатынастардың қос
деңгейдi жүйесi орын алып отыр. Олар бiр-бiрiн өзара толықтыра отырып, әр
түрлi қол қойылған келiсiмдер мен жүзеге асырылған жобаларда көрiнiс
табуда.
I бөлім
1.1 Жалпы қағидалар
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмнiң 1-бөлiмi
ынтымақтастықтың жалпы қағидаларына арналған. 2-бапқа сәйкес, демократияны,
халықаралық құқық қағидалары мен адам құқықтарын, сонымен қатар, ЕЫҚК-тың
Бонн конференциясының құжаттарында көрсетiлгендерiн қоса алғанда, нарықтық
экономика қағидаларын құрметтеу Тараптардың iшкi және сыртқы саясатының
негiзi болып табылады және серiктестiк пен Келiсiмнiң маңызды элементiн
құрайды. Сонымен қатар, бұл бапта жоғарыда айтылған қағидалардың қандай
халықаралық құжаттарда орын алғаны нақты көрсетiлген. Атап өтсек, БҰҰ-ның
Жарғысында Хельсинки Қорытынды Актiсi және Жаңа Еуропа үшiн Париж Хартиясы
– халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары орын тапқан құжаттар болып
табылады. Осы халықаралық құжаттарда көрсетiлген қағидалардың мазмұнын ашып
көрейiк.
Жоғарыда аталып өткен құжаттарда орын тапқан алғаш қағидалардың бiрi –
күш қолдануға немесе күш қолдану қаупiн туғызуға тыйым салу қағидасы. Көп
жақты деңгейде және юридикалық норма түрiнде қарулы күштi қолданудан бас
тарту идеясы Версаль жүйесiнiң шарттарында, Ұлттар Лигасының Статутында,
1928 ж. “Ұлттық саясаттың құралы ретiнде соғыстардан бас тарту” атты Бриан-
Келлогтың Пактiсiне жүзеге асырылды.
Қазiргi таңда күш қолдануға немесе күш қолдану қаупiн туғызуға тыйым
салу универсалды шартта –БҰҰ-ның Жарғысында бекiтiлген. Ол көп жақты
норманың универсалды нормаға айналғанының дәлелi.
Күш қолдануға немесе күш қолдану қаупiн туғызуға тыйым салу
қағидасының қорғау объектiсi даулы мәселелердi күш қолдану арқылы шешуге
тыйым салумен, қауымдастықтың, бөлек индивидтiң бейбiт әлемде өмiр сүруге
құқығын қорғаумен, бейбiтшiлiктi бұзбаумен байланысты қоғамдық қатынастар
болып табылады.
Келесi қарастыратын қағидамыз – мемлекеттердiң территориалдық
тұтастығы қағидасы. Мемлекеттiң өз территориясының тұтастығы мен оған қол
сұқпаушылыққа құқығын қорғайтын бұл қағида мемлекет егемендiгiн қамтамасыз
етудiң маңызды құралы болып табылады. Территория – мемлекеттiң өмiр
сүруiнiң негiзгi шарты, оның егемендiгiнiң әрекет ету аясы. Мемлекеттiк
территория ұлттық және халықаралық тәсiлдермен қорғалады.
1975ж. Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық Кеңесiнiң қорытынды
актiсiнiң Қағидалар декларациясының “Мемлекеттердiң территориалдық
тұтастығы” атты IV бабында былай деп айтылған: “қатысушы-мемлекеттер бiр-
бiрiнiң территориалдық тұтастығын құрметтейдi... Қатысушы – мемлекеттер тең
дәрежеде бiр-бiрiнiң территориясын халықаралық құқық нормаларын бұза
отырып, соғыс оккупациясының немесе күш қолданудың басқа да тiкелей немесе
жанама шараларының объектiсiне немесе ондай шаралар немесе оларды жүзеге
асыру қаупi көмегiмен алып алу объектiсiне айналдырудан аулақ болады. Ешбiр
оккупация немесе ондай алып алу заңды деп танылмайды”.
Мемлекеттер шекараларының мызғымастығы қағидасы мемлекеттердiң
шекараларды орнату, оларды қорғау, шекаралармен байланысты даулы
мәселелердi шешу бойынша ынтымақтастығын анықтайды. Шекаралармен байланысты
қатынастардың маңыздылығы олардың мемлекет егемендiгiнiң таралу шекаралары,
мемлекеттiк құқықтық тәртiптiң әрекет ету шекаралары болуымен анықталады.
Мемлекеттердiң бұл қағиданы қалай түсінетiндiгi Еуропадағы қауiпсiздiк
пен ынтымақтастық Кеңесiнiң Қорытынды актiсiнiң Қағидалар декларациясының
(1975 ж.), БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының декларациялары мен резолюцияларының,
атап айтсақ, Мемлекеттердiң достық қатынастарына қатысты Қағидалар
декларациясының нормалары сияқты моральды – саяси нормаларда көрiнiс
тапқан.
Нәтижелi халықаралық бақылау астында жаппай және толық құарусыздану
қағидасының қалыптасуы қарусыздану бойынша нақты шарттарды қабылдаудан
басталды. Қағиданың қорғау объектiсi бүкiл адамзат қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етумен байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы халықаралық құқықтың
функционалды қағидасы. Универсалды норма ретiнде қағида БҰҰ Жарғысында
бекiтiлгеннен берi, 1945 ж. бастап өмiр сүруде. Оның қайнар көздерi БҰҰ-ның
Жарғысы, БҰҰ-ның Халықаралық сотының Статуты, аймақтық саяси ұйымдардың
жарғылары, мемлекеттердiң әр түрлi қатынастарын реттейтiн көптеген
халықаралық шарттардың ережелерi болып табылады.
Мемлекеттердiң егемендi теңдiгi қағидасының негiзгi қайнар көзi оны
жазбаша нысанда 2 баптың 1 пунктiнде бекiткен БҰҰ Жарғысы болып табылады.
Басқа қағидалар сияқты ол мемлекеттердiң қатынастарын реттейтiн моральды –
саяси және әлеуметтiк нормалардың басқа да түрлерiнде, -Мемлекеттердiң
достық қатынастарына қатысты Қағидалар декларациясында (1970 ж.), ЕҚЫК-ң
Қорытынды актiсiнiң Қағидалар декларациясында (1975 ж.), ЕҚЫК-ң 1983 ж.
Мадрид кездесуiнiң Қорытынды құжатында және т.б. нақтылана түседi.
Мемлекеттердiң iшкi iстерiне қол сұқпаушылық қағидасы оларда
егемендiк қасиетiнiң болуымен тығыз байланысты және оның бiр құрамдас
бөлiгi - өзiнiң iшкi функциясын жүзеге асырғанда мемлекеттердiң
тәуелсiздiгiне негiзделедi.
Мемлекеттердiң ынтымақтастығы қағидасы, халықаралық дауларды бейбiт
жолмен шешу, мемлекеттердiң, егемендi теңдiгiнiң қағидалары сияқты,
халықаралық құқықтың функционалды қағидасы болып табылады. Ынтымақтастық –
мемлекеттердiң өз мүдделерiн жүзеге асыруының жалғыз тәсiлi, себебi олардың
бiрде-бiреуi автаркия, экономикалық, саяси оқшаулану жағдайында өмiр сүре
алмайды.
Ынтымақтастық қағидасы халықаралық құқықтың қалған қағидаларының iс
жүзiнде жүзеге асырылуының нысаны болып табылады. Ол құқықтан гөрi,
мемлекеттердiң бiр-бiрiмен ынтымақтасуына мiндетi болып көрiнедi. БҰҰ-ның
Жарғысы преамбуласы мен 1 баптың 3 пунктiнде БҰҰ-ның мүшелерiн
“экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық
мәселелердi шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға” мiндеттейдi.
Бұл қағида нақтырақ 1970ж. Декларациясының ЕҚЫК-тiң 1975ж. Қорытынды
актiсiнiң Декларациясының моральды – саяси нормаларында сипатталған.
Мемлекеттер халықаралық құқықтың барлық қағидаларын есепке ала
отырып, яғни, тең негiзде, әдiлеттi, ешбiр қысымсыз немесе мемлекеттiң iшкi
не сыртқы функциясына қол сұғуға тырысусыз, ынтымақтасуы тиiс;
ынтымақтастықтан алынатын жағымды салдар, табыс өзара тиiмдi болып қана
қоймай, БҰҰ-ның Жарғысында, Декларацияларында, басқа құжаттарда
көрсетiлгендей, барлық мемлекеттердiң тұтас адамзаттың игiлiгiне қызмет
етуi тиiс.
Ынтымақтастық өзара түсiнiстiкке сенiмге, адал көршiлiк қатынастары
мен халықаралық бейбiтшiлiктiң нығанына өз септiгiн тигiзуi тиiс.
Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы халықаралық құқықтың
функционалды қағидасы, халықаралық құқықтық тәртiптiң тұрақтылығын
қамтамасыз ете отырып, бүкiл халықаралық құқық жүйесiнiң негiзгi
қағидаларының бiрi болып табылады.
Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасының қорғау объектiсi
халықаралық шарттардың жасалуымен, әрекет етуiмен, әрекетiнiң тоқтауымен
байланысты мемлекеттердiң, халықаралық басқа субъектiлерiнiң қатынастары
болып табылады.
Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы институционалдық
және третейлiк соттар, өзара кеңес берулер және т.б. сияқты халықаралық
механизмдермен қорғалады.
Халықтар мен ұлттардың теңдiгi мен өзiн-өзi анықтау қағидасы
өркениеттiң тұтас дамуының маңызды салаларының бiрiнде мемлекеттердiң
ынтымақтастығын реттейдi. Ұлт, халық мемлекет егемендiгi және оның өмiр
сүруiнiң фактiсiнiң өзi байланыстырылатын негiз болып табылады.
Адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын құрметтеу қағидасын Америка
Құрама Штаттарының, Францияның құқықтық идеялары мен конституциялық
актiлерiмен және олардың идеологы 1789ж. Адам құқықтары Декларациясының
авторы аббат Грегуармен, ал халықаралық құқықтық тұрғыдан – соғыс
құрбандарын қорғаумен (ХIХ ғ.) және Халықаралық еңбек ұйымының (ХХ ғ. басы)
қызметiмен байланыстырады. Универсалды императивтi юридикалық норма түрінде
ол БҰҰ-ның Жарғасында бекiтiлген. Сонымен қатар, ол 1948ж. Адам
құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында, 1966ж. Адам құқықтары
Пактiлерiнде нақтылана түседi. Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың ауқымының
кеңдiгiне қарамастан, оларда мемлекеттен өз территориясында тұратын
индивидқа қамтамасыз етуi және ұлттық заңнамасында бекiтуi тиiс құқықтардың
минимумы көрсетiлген. Кейiн олар адамның бөлек құқықтарын немесе
индивидтердiң бөлек категорияларын қорғайтын шарттармен толықтырылады.
Мысалы 1979ж. әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою
туралы, 1989ж. Бала құқықтары туралы Конвенциялар.
Қоршаған ортаны халықаралық қорғау қағидасы пайда болу уақыты бойынша
халықаралық құқықтың жаңа, жарғыдан кейiнгi қағидаларына жатады. Қоршаған
ортаны қорғау қағидасы, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын қорғау
қағидасы сияқты, өркениеттiң өзiнiң өмiр сүруiнiң алғышарты болып табылатын
жүйе құрушы факторлармен, адамзатқа ортақ құндылықтармен байланысты.
Жоғарыда аталып өткен қағидалардың барлығы халықаралық құқықтың
императивтi – jus cogens - нормалары болып табылады. Сондықтан,
халықаралық құқықтың кез келген субъектiлерi кез келген салада қарым-
қатынасқа түскен кезде оларды бастамашылыққа алды тиiс. Бұл қағидалардың
орындалуы – демократиялық, құқықтық мемлекеттiң белгiсi. Ондай мемлекетте
сыртқы қатынастарды жүзеге асырғанда ғана емес, iшкi iстерiнде де заң
үстемдiгi, халықаралық құқықтық нормалардың сақталуы бiрiншi орында тұрады.
Яғни, ондай мемлекетте азаматтар негiзгi халықаралық құжаттарда көрсетiлген
құқықтар мен мiндеттерге ие деген сөз.
Жалпы, Еуропалық Одақтың кез келген үшiншi мемлекетпен ресми қарым-
қатынастарға түспес бұрын, ол мемлекетте адам құқықтарының тиiстi деңгейде
қорғалуына ерекше көңiл бөлетiнi мәлiм. Кезiнде Республикада парламентаризм
қалпына келмейiнше, Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмнiң
мақұлдануы да уақытша тоқтатылғаны осыдан. Сол себептi, халықаралық
құқықтың толық қанды субъектiсi болу үшiн жоғарыда аталып өткен қағидаларды
ұстану қажет.
Ал 3-бапта Тараптар бұрышы КСРО кеңiстiгiнде тұрақтылық пен бақ-
дәулетке жету үшiн тәуелсiз мемлекеттер өзара ынтымақтастықты Хельсинки
Қорытынды Актiсi қағидаларына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес және
адал көршi рухында дамытып, осы процеске демеушiлiк жасау үшiн барлық күш-
жiгерiн салады деп көрсетiлген.
Жалпы, 1-бөлiмнiң мазмұнынан мынадай қорытындыға келуге болады. ҚР мен
ЕҚ пен оның мүше-мемлекеттерi өзара қарым-қатынастарында Халықаралық
құқықтың жалпы танылған қағидаларын үстануы қажет. Яғни, Қазақстан
Республикасы халықаралық аренада өзiн демократиялық, құқықтық мемлекет
танытуы үшiн, ол, ең алдымен, халықаралық-құықтық нормаларды қағаз жүзiнде
танып қана қоймай, олардың iс жүзiнде қолданылуып қамтамасыз етуi қажет.
1.2Саяси сұхбат
Келiсiмнiң II бөлiмi (4-7 б.б.) Келiсiм тараптарының саяси диалогының
нысандары мен сипатын анықтайды. Келiсiмге сәйкес саяси салада тұрақты
негiзде халықаралық мәселелердiң бүкiл шеңберi бойынша саяси диалог пен
кеңес беру жүйесi орнатылады. Соған байланысты түрлi жолдар арқылы тұрақты
қарым-қатынастарды жүзеге асыру үшiн қажеттi институционалдық негiз
құрылады. Саяси сұхбаттың мақсаты Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында
саяси байланыстарды нығайту болып табылады.
Саяси сұхбат ЕО пен ҚР байланыстарын нығайтады, яғни, оның мүше-
мемлекеттерiмен де байланыстар нығая түседi, - ортақ мүдденi құрайтын
халықаралық мәселелер бойынша тараптардың ұстанатын көзқарастырын жақындата
түседi, сол арқылы қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайтады; Қазақстанда орын
алып отырған саяси және экономикалық өзгерiстердi қолдайды,
ынтымақтастықтың жаңа нысандарының орнатылуына септiгiн тигiзедi,
Тараптардың Еуропада тұрақтылық пен қауiпсiздiктi нығайтуда, демократия,
адам құқықтары мен құрметтеу қағидаларын, әсiресе, ұлттық азшылықтар
құқықтарын қорғау қағидаларын ұстануда ынтымақтасуына демеушiлiк жасайды.
Келiсiмнiң нормаларына сәйкес Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында
саяси байланыстарды нығайту тiкелей тығыз экономикалық қатынастарды
орнатумен байланысты. Берiлген сұхбат екi Тараптың заңның бiрiншi кезектi
маңыздылығын тануын, нарықтық экономика жолында ары қарай дамуға
бағытталған экономикалық либерализация мен демократиялық таңдаулары бар жан
жақты жүйенi құруды бастамшылыққа алады.
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмге сәйкес саяси сұхбат
үкiмет мүшелерi деңгейiнде, дәлiрек айтсақ, сыртқы iстер министрлер
деңгейiнде жүзеге асырылады. Бұл сұхбат Ынтымақтастық кеңесi шеңберiнде
жүргiзiледi. Бұл ЕО-пен әлемдiк саясаттың күрделi мәселелерiн, әсiресе,
бейбiтшiлiктi орнатуға қатысты әрекеттерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.
Бұл, әрине, маңызды мәселелер бойынша басқа да алдын ала келiсiлген немесе
жедел кездесулердiң болуының мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. ЕО пен ҚР жоғары
лауазымды тұлғаларының жүйелi кеңес берулерi, сонымен қатар, сарапшылар
арасында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау да көзделген. Заңнаманы
үйлестiру қажет болған жағдайларда Қазақстан парламентiнiң депутаттары мен
Еуропарламент мүшелерi санынан арнайы жұмыс топтары құрылады.
Орталық Азияға, соның iшiнде Қазақстанға, қатысты Еуропалық Одақтың саясаты
1990-шы ж.ж. Варшава блогының, кейiн 1991ж. КСРО-ның ыдырауының
нәтижесiнде қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайдың әсерiмен қалыптасты.
Еуропалық Одақ тұрақсыз шығыс кеңiстiгiне ең жақын және ең iрi экономикалық
және геосаяси күш орталығы болды. Жаңа жағдайларда ЕО пен тұтас Батыс өз
әсерiн бұрынғы социалистiк елдерге тарату бойынша шаралар қабылдады. Бұл ең
алдымен, НАТО мен ЕО-тың шығысқа кеңеюi сияқты қадамдар.
Сонымен қатар, Еуропалық Одақ ТДМ-ны тұрақтандыру бойынша нақты
шараларды жүзеге асырады. Экономикалық көмектiң ауқымды бағдарламалары
(ТАСИС) және ЕҚЫҰ режимiн нығайту. Сонымен бiрге, Кеңес Одағының ыдырауы ЕО-
қа жаңа геосаяси рольды ойнауға мүмкiндiк беретiн бiрден бiр жағдайдың
қалыптасуына әкелдi. Сөйтiп, ЕО пен Орталық Азия арасындағы қатынастар осы
жаңа геосаяси жағдайдың әсерiнiң астында қалыптасты.
Бiрiншi сатыда (1990-1994ж.ж.) ЕО-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясы
тақтикалық саяси мақсаттарға жетудi есепке ала отырып құрылды:
посткеңестiк кеңiстiктi тұрақтандыру, жедел экономикалық көмек көрсету,
плюрализмдi, демократия мен нарықтық қатынастарды қолдау. Бұл мақсаттарға
тiкелей экономикалық көмек көрсету жолымен қатар, халықаралық және
еуропалық ұйымдар мен институттар көмегiмен (ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесi,
Еуропарламент, Еуропалық комиссия, т.б.) де қол жеткiзiлдi. ЕО саясатының
негiзгi құралы бұрынғы кеңестiк мемлекеттермен ынтымақтастық пен
серiктестiгiн туралы келiсiмдерге қол қою болды. Ол келiсiмдер Еуропамен
саяси және экономикалық байланыстарды ресмилендiруi тиiс болды.
Екiншi сатыда (1994-1998ж.ж.) ЕО-та ТМД мен Орталық Азияға қатысты
еуропалық саясаттың нәтижелерiне қанағатсыздық туындады. Посткеңестiк
мемлекеттер әлi өкiлдiк демократияның және нарықтық экономиканың
стандарттарынан алыс екенi айқын болды. Сонымен бiрге, бұл сатыда Орталық
Евразиядағы жалпы геосаяси тұрақтылықпен байланысты Еуроодақтың геосаяси
мүдделерiн анығырақ түсiну келдi. Сойтiп, ғасырдың соңына қарай ЕО-тың
саяси ортасында, ең алдымен, Германияда, ЕО-тың геосаяси әсерiн ары қарай
шығысқа кеңейтуге тенденция орын ала бастады. Iс жүзiнде, ЕО өзiнiң
болашақ геосаяси мүдделерiнiң шекараларын ЕҚЫҰ ресми әрекет ету
кеңiстiгiнiң шеңберiнде, яғни, Орталық Азияның Афганистанмен, Иракпен
және Қытаймен шекараларына дейiнгi, аумақта қарастыра бастады.
Қазiр орын алып отырған Орталық Азия мен ЕО арасындағы қарым-
қатынастардың үшiншi сатысы үш негiзгi факторлардың әсер етуiмен дамып
отыр: ЕО-тың шығысқа ары қарай кеңеюi, Еуроодақтың әсерiн Шығыс
Еуропадағы бұрынғы кеңес кеңiстiгiне таратуы және бiр еуропалық сыртқы
саясатты және қауiпсiздiк саласында саясатты жүргiзу.
2000ж. Германияда Орталық Азиядағы жағдайға арналған бiрқатар зерттеулер
пайда болады. Онда Орталық Азиядағы авторитарлық режимдердiң пайда болуы
мен нығаюы ақталмаса да, логика тұрғысынан түсiндiрiледi. Авторитарлық
үлгiлер өздерiнiң түрлi нысандарында объективтi және алдын алуға
мүмкiндiк емес құбылыс ретiнде көрiнедi. Алайда, Батысты қобалжытқан
басқа жағдай – саяси партиялардың барлық жерлерде дерлiк күйзелiске
ұшырауы. Орталық Азия республикаларының барлық заңнамаларында саяси
партиялар мен қоғамдық ұйымдардың әрекеттерiне белгiлi бiр шектеулер бар.
Батыс аумақтағы жағдайды бағалап, өзiнiң қарым-қатынасын саяси
плюрализмнiң болуы тұрғысынан құрады.
Орталық Азияда авторитарлық үлгiлердiң нығаюына үш негiзгi фактор әсер
еттi: 1) тұрғындардың көп ұлтты құрамы; 2) ислам фундаментализмiнiң
қаупi; 4) демократиялық дәстүрлердің жоқтығы. Ұлттық мемлекеттердi құру
барысында авторитаризмнiң пайда болуы қалыпты құбылысқа айналды. Яғни,
Орталық Азия үшiншi әлемнiң барлық мемлекеттерiнiң жолын қуа бастады.
Аумақтағы саяси жүйелер келесi белгiлерiмен сипатталады: билiктiң жүйелi
түрде бiр адамның қолында шоғырлануы, шектелген қоғамдық плюрализм мен
ресми емес қатынастардың кең таралуы. Батыс үшiн жақын арада негiзгi
мәселеге бұл мемлекеттерде бiлiктiң берiлу нысаны мен әдiсi айналады.
Еуропаның Каспий теңiзiнiң айналысындағы геостратегиялық ойындардан шетте
тұруының фактiсi ақылмен емес, стратегиялық перспективаның жоқтығымен
түсiндiрiледi. Iс жүзiнде, сөз тек бұл аумақтағы энергоресурстарды
бақылау туралы ғана емес, батыс индустриалды демократиялардың болашағы
жайлы болып отыр. Сонымен қатар, күрес аймақтың өркениеттi жүзiн
қалыптастыруға және оның геосаяси бағытын анықтауға құқық үшiн жүріп
жатыр.
Батыстың Каспий теңiзi мен Орталық Азия айналасындағы геосаясаттағы ролi
концептуалды түрде Үш жақты комиссияның есебiнде көрсетiлген. Онда
Батыстың аймаққа әсер ету мүмкiндiктерi шектелген деп айтылған; ерте ме,
кеш пе Батысқа Орталық Азияда Ресеймен, Қытаймен және кейбiр ислам
мемлекеттерiмен ынтымақтасу қажеттiлiгiне көнуге тура келедi. Жақын
арадағы Батыстың негiзгi мақсаттары аймақтағы әлеуметтiк – экономикалық
инфрақұрылымды (денсаулық сақтау мен бiлiм беру) қалпына келтiру
ланкестiк пен наша саудасымен күрес болып табылады. Аймақтың шешушi
мемлекеттерi ретiнде батыстың қызығушылығын Қазақстан мен Өзбекстан
туғызуда. Сонымен, сарапшылар Батыстың, яғни, АҚШ, ЕО пен Жапонияның,
Орталық Азиядағы мүдделерiн түсiнудi аймақтың мемлекеттерiн халықаралық
қауымдастықтың ортақ күш салуымен қолдау деңгейiне дейiн кеңейтудi
ұсынуда. Жалпы алғанда, бұл аймақтағы тұрақтылыққа жағымды әсер етiп, сол
арқылы Батыстың мүдделерiне жауап бередi.
Геосаясаттан экономикалық бәсекеге көшу Каспий аймағының мемлекеттерiнiң
экономикасына инвестицияларды салуға дайын ЕО-тың мүдделерiне жауап
бередi. ЕО-тың НАТО-ның шығысқа кеңеюiнiң стратегиялық салдарын
жұмсартқысы және “Бейбiтшiлiк үшiн серiктестiк” бағдарламасын
тұрақтандырушы құралға және Ресеймен конфронтацияның емес,
ынтымақтастықтың мүмкiндiгiне айналдырғысы келедi. Бұл тенденция ЕО-тың
аймақта өзiнiң саяси және экономикалық мүдделерiн нығайтуда басқа әлем
державаларынан айтарлықтай артта қалуы фактiсiн түсiнуден шығып отыр.
Қазақстан өзiнiң Еуропамен қатынастарын 2000ж. жиiлендiре түстi.
Президент Н.Ә.Назарбаевтiң бұрынғы жетiстiктерiн ядролық қарусыздандыруға
салған үлесiн тану оның реформатор және Қазақстанның демократиялық қайта
құрылуының жақтаушысы ретiндегi мәртебесiнiң дәлелi болды.
ЕО-тың iс жүзiндегi мақсаты еуропалық энергетикалық жүйесiне Орталық Азия
мен Каспий теңiзiнiң энергетикалық ресурстарын тарту арқылы мұнай-газ
импортының диверсификациясы болып табылады. ЕО-тың басқа мақсаты орталық
азиялық аймақ арқылы Ауғанстаннан өтетiн наша трафиктерiн, сонымен қатар,
ұйымдасқан қылмыс пен халықаралық ланкестiктiң тарау жолдарын жою болып
табылады. Ол үшiн ЕО орталық азиялық мемлекеттердiң нығаюына өз үлесiн
аймақтық кооперацияны қолдау, оларға әлемдiк нарықтарға қол жеткiзудi
қаматамасыз ету және гуманитарлық, әлеуметтiк және экологиялық
мәселелердi шешуде көмек көрсету арқылы салуы тиiс. Бұл Еуропадан
аймақтық саясатқа тiкелей қатысуын талап етедi. ЕО аймақта мұнай-газ
өнеркәсiбi мен инфрақұрылымды, ресейлiк тараптың қатысуымен құбырлардың
көп вариантты жүйесiн салуға қатысуға тиiс.
Еуроодақтың Орталық Азия аймағында саяси әрекетiнiң басқа нысаны аймақтық
дау-жанжалдардың алдын алу болуы мүмкiн. Аймақты тұрақтандыруға
Ресейдiң, Қытай мен АҚШ-тың қатысуы қажет.
Сөйтiп, Каспий аймағындағы еуропалық мақсаттар мен мүдделер келесiдей:
1. Еуропалық мүдделердi АҚШ-тың мүдделерiнен бөлiп, өзiндiк еуропалық
стратегияны жасау;
2. ОПЕК-тен гөрi қызықтау альтернатива ретiнде Еуропаға Кавказ бен Каспий
аймағын байлау;
3. Еуропаны Кавказдағы мәселелердi шешуге тарту;
4. Шығыс-Батыс сызығы бойынша көлiк инфрақұрылымын, әсiресе, Иранды қоса
алғанда, еуропалық нарықпен Түркия арқылы аймақтың ресурстарын
байланыстыру үшiн газ жүйесiн белсендi қолдау;
5. Каспий аймағынан Еуропаға магистралды құбырлар жобасына қатысты
еуропалық көзқарасты қалыптастыру;
6. ЕО-тың әр түрлi елдерiнiң аймақтағы ұлттық мүдделерiн бiр еуропалық
сыртқы саясат және қауiпсiздiк саласында саясат шеңберiнде үйлестiру.
Аймаққа қатысты ЕО-тың бiртұтас стратегиясының жоқ екенiн атап өткен жөн.
Iрi еуропалық мемлекеттердiң Орталық Азиядағы экономикалық және саяси
мүдделерi ерекшелiнедi. Бұл еуропалық саясатының iшкi ерекшелiктерiмен
қатар, ортақ геосаяси жағдаймен, соның iшiнде ЕО-тың АҚШ пен Ресеймен
қарым-қатынастарымен байланысты. Сонымен бiрге, 2000 және 2001ж.ж. орын
алған оқиғалар Оррталық Азияның Еуропамен және тұтас Батыспен
қатынастарында алдыңғы қатарға аймақтық қауiпсiздiк, ланкестiк пен наша
саудасымен күрес мәселелерi шығын отырғанын көрсетiп отыр.
1990-шы ж.ж. бiрiншi жартысында еуропалық саясаткерлер аймақта дамып
жатқан тенденциялардан мүлдем қате қорытынды шығарады. Олар бұл
республикалармен, құрыла бастаған жаңа элиталардың экономикалық және
саяси мүдделерiнiң консолидациясын қажет еткен, “ұлт-мемлекет” құру
сатысынан өту қажеттiлiп жоққа шығарды. Ол уақытта ЕО-тың стратегиясы
Оталық Азияға iшкi регионалдық интеграцияны қолдауға бағытталғанмен,
керiсiнше, дезинтеграция процесi дамиды. ЕО демократиялық және нарықтық
институттарды дамытуға үмiттенсе, жаңа тәуелсiз мемлекеттерге ең алдымен,
iшкi тұрақтылық пен сыртқы қауiпсiздiктi сақтау үшiн, авторитарлық
режимдердi құру қажет болды.
Еуропа, сонымен қатар, аймақта әрекет еткен геосаяси және сыртқы саяси
факторларды жеткiлiктi дәрежеде есепке алған жоқ. Қазiргi таңда оқиғалар
саяси және өркениеттi тұрғыдан еуропалық кеңiстiктiң шегi Қазақстан мен
Өзбекстан арасындағы шекара болуы мүмкiн жағдайында дамып жатыр.
1990-шы ж.ж. екiншi жартысында Еуроапада геосаяси тұрғыдан ЕО Каспий
теңiзi мен Орталық Азиядағы басқа сыртқы мемлекеттерден айтарлықтай қалып
бара жатқанын түсiне бастады. Саясаттың нақ осы аясы еуропалық
саясаткерлердi орталық азиялық аймаққа назар аударуға мәжбүрлейдi.
Жалпы, ЕО Республикамен техникалық, қаржылық және гуманитарлық
ынтымақтастың салаларында тiкелей қарым-қатынастарға 1991ж. бастап
көшедi. Қазақстан бiрқатар бағдарламалардың әрекет ету аясына
кiргiзiледi, соның iшiнде тұтас ТМД бойынша техникалық көмек
Бағдарламалары, жоғары бiлiм үшiн трансеуропалық ынтымақтастық
Бағдарламалары (ТЕМПУС) және бұрынғы Кеңес Одағының тәуелсiз
мемлекеттерiнiң ғалымдарымен ынтымақтастықты қолдау Халықаралық
ассоциацияның Бағдарламалары (ИНТАС) да бар.
Еуропалық Одақ тарапынан әр түрлi жобалар шеңберiнде көрсетiлетiн көмегi
айтарлықтай, алайда, олар негiзiнен кеңес беру нысанында жүзеге асырылды,
бұлар аналитикалық жобалар, техникалық экономикалық негiздемелердi жасау,
аймақ бойынша әр түрлi салаларда мәлiметтердi жинау болды. ЕО-тың Орталық
Азияға қатысты саясатының концептуалды үлгiсi бiрнеше жылдар бойы
қалыптасып, 2000ж. соңына қарай кейбiр өзгерiстерге ұшырайды. Еуропалық
Одақтың Азиялық саясатының негiзiне 1994ж. ГФР-ның бұрынғы канцлерi
Гельмут Коль жасаған “Азиялық бағдарлама” алынды. Германияның ЕО-та
президенттiгi кезiнде Г.Коль Азияға қатысты жаңа саясаттың қажеттiлiгi
жайында шешiмдi жеке қабылдайды, оның мақсаты “оны жаңа дәрежеге көтере
отырып, Еуропаның Азияда болуын күшейту; аймақтық кооперацияға
бағытталған Азиядағы жасалынып жатқан әрекеттердi қолдау; азиялық елдердi
халықаралық iстерге белсендi қатысуға тарту”.
ҚР-ның Президентi Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ЕО-тың орталық азиялық аймақ
мемлекеттерiмен саяси сұхбатты кеңейтуге дайындығының аясында ашылып
отрған нақты мүмкiндiктердi максималды түрде пайдаланып, нарықтық қайта
құрулар жолына ертерек түскен Шығыс Еуропа елдерiнiң тәжiрибесiн дұрыс
пайдаланған жөн деп атап өтедi.
1.3 Заңнама саласындағы ынтымақтастық
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiм ҚР мен ЕО пен оның мүше-
мемлекеттерiмен тұрақты саяси қатыстарды орнатып, ҚР мен ЕО пен тұтас батыс
әлемiмен қарым-қатынастар шеңберiнiң кеңеюiн бекiтедi. Оның алдында
бiрқатар маңызды оқиғалар орын алған едi. Атап өтсек, 1991ж. ЕО
Қазақстандағы тәуелсiз мемлекет ретiнде таниды; 1993ж. 15 сәуiрiнде ҚР-ның
Бельгия Корольдығында елшiлiгi ашылды, ал ЕО жетi мүше-мемлекетi мен ЕО
Комиссиясы өз елшiлiктерiн Алматыда ашады; 1994ж. 16-17 желтоқсанында қол
қойылған. Еуропалық энергетикалық хартия (ЕЭХ) ҚР тәуелсiздiгiн алғаннан
берi жасасқан алғашқы шарт болып табылады; 1995ж. 23 қаңтарында ҚР мен ЕО
арасындағы Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмге қол қойылды;
1995ж. 5 желтоқсанында – Сауда жөнiндегi Уақытша Келiсiмге; 1999ж. 1
шiлдесiнде ҚР мен ЕО арасындағы Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы
Келiсiм күшiне енедi.ЕҚ көптеген басқа Жаңа тәуелсiз мемлекеттермен ұқсас
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмдерге қол қойған едi. ЕО-қа
кiру туралы арыз берген барлық Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерiмен
Еуропалық Қауымдастық “Еуропалық келiсiмдер” деп аталатын ассоциирленген
мүшелiк туралы келiсiмдердi жасасқан едi.
ЕҚ Келiсiмдерiнiң басты ерекшелiгi олардың “аралас” құжаттар болуында,
яғни, олар Қауымдастықтың өзiмен қатар, оның мүше-мемлекеттерiмен де
жасалады. Еуропарламентпен қатар оларды ЕО мүше-елдердiң парламенттерi де
ратификациялайды.
Барлық процедураларды жүзеге асыруға екi жылға дейiн уақыт қажет
болғандықтан, ЕҚ мен ҚР арасындағы Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы
Келiсiмдегi 1994ж. 24 мамырында парафирлегенде, кешендi ратификация
барысында “Уақытша шарт” қолданылатыны жайында келiсiлген едi. Оның күшiне
енуi үшiн тек Еуропарламент пен Министрлер кеңесiнiң мақұлдауы ғана қажет
едi.
1992ж. қазанында ЕО-тың Министрлер кеңесi бұрыңғы Кеңес Одағының
мемлекеттерiмен Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмдер бойынша
келiссөздер жүргiзу үшiн ережелердi қабылдайды. 1993-1994ж.ж. барысында бұл
ережелердiң негiзде ҚР-мен келiссөздердiң екi раунды өткiзiледi. Уақытша
шартқа қатысты жұмыс уақытша тоқтатылады, себебi Брюссельге қазақ тiлiндегi
мәтiн уақытында жiберiлмейдi, алайда, қарашаның ортасына қарай қазақша
мәтiн алынады.
1995ж. 23 қаңтарында ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев пен ЕО Комиссиясының

туралы Келiсiмге қол қояды.
1997ж. 13 наурызында Келiсiм Еуропалық парламентпен мақұлданады, ал
1997 ж. мамырында – Қазақстан парламентiмен. 1999ж. 1 шiлдесiнде ЕО пен ҚР
арасындағы Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiм күшiне енедi.
Ендi Келiсiмнiң құрылымына тоқтатайық. Ресми мәтiн Келiсiмнiң өзiнен,
преамбула мен тоғыз бөлiмдi құрайтын 100 баптан, кеден сұрақтары бойынша
әкiмшiлiк органдары арасындағы өзара көмек туралы Хаттамадан, үш қосымша
мен Қорытынды актiден құралады.
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiм 1989ж. КСРО мен ЕҚ
арасындағы сауда, коммерциялық және экономикалық ынтымақтастық туралы
Келiсiмдi ауыстырып отыр. 1-бапқа сәйкес Келiсiмнiң басты мақсаттары:
1. Саяси қатынастардың дамуына демеу беретiн Тараптар арасындағы саяси
сұхбатқа сәйкес жағдайларды қамтамасыз ету;
2. Тараптар арасындағы саудаға, инвестиция жасауға және үйлесiмдi
экономикалық қатынастарға демеушiлiк жасау, сол арқылы олардың тұрақты
экономикалық дамуына көмектесу;
3. Құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, қаржы, ғылыми, технологиялық
және мәдени ынтымақтастыққа негiз жасау;
4. Қазақстанның республикадағы демократияны нығайту және нарықтың
экономикаға көшудi аяқтау мақсатымен оның экономикасын дамыту бағытында
жасап жатқан қадамдарын қолдау болып табылады.
Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын үш Қосымша мен Хаттама бар. I
Қосымша Қазақстан Республикасы мен жаңа тәуелсiз мемлекеттерге 3
параграфтың 8 бабына сәйкес ұсынатын артықшылықтардың индикативтi тiзiмiн
қамтиды.
II Қосымшада Қауымдастықтың 1 параграфтың (В) 23 бабына сәйкес алып
тастаулары қамтылған.
III Қосымшада Коммерциялық, өнеркәсiптiк және интеллектуалды меншiк
құқықтары бойынша Конвенция орын тапқан.
Кедендiк iстер бойынша әкiмшiлiк органдар арасындағы өзара көмек
көрсету туралы Хаттама қолдану аясi, сұраулар, ақпараттандыру нысаны, т.б.
сияқты кедендiк ынтымақтастықтың аспектiлерiн қамтитын 15 баптан құралған.
ЕО пен ҚР арасындағы ынтымақтастық бойынша негiзгi құжаттарға 3
бiрiккен қазақстандық-еуропалық декларациялар мен оның шетел
департаменттерi мен территориялары бойынша француз үкiметiнiң Декларациясын
қамтитын Қорытынды акт жатады.
V болiмнiң (43б) ережелерi заңнама саласындағы өте маңызды баптарды
қамтиды. Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмге сәйкес, Қазақстан
мен Еуроодақ ЕО пен Қазақстанның қазiргi және болашақ заңнамасының
ұқсастығы тығыз экономикалық байланыстардың маңызды шарты болып табылатынын
таниды. Келiсiмде екi жақтың заңнамасың бiр-бiрiне жақындату процесiн
реттейтiн заңнаманың келесi салалары бекiтiлген: бұл кеден заңнамасы;
кәсiпорындар туралы заңнама; банктер және банк қызметi туралы заңнама;
компаниялардың шоттары мен салықтар; интеллектуалды меншiк; еңбектi қорғау;
қаржылық қызмет көрсету; саудаға әсер ететiн кез келген сәйкес сұрақтарды
және практикалық әрекеттердi қоса алғанда бәсеке ережелерi; мемлекеттiк
сатып алулар; адамның, жануарлар мен өсiмдiктердiң денсаулығы мен өмiрiн
қорғау; қоршаған ортаны қорғау; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; жанама
салық салу; техникалық нормалар мен стандарттар; ядролық қауыпсiздiктi
қорғайтындарын қоса алғандағы ядролық саладағы заңдар мен нормативтiк
актiлер; көлiк.
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмдi жасау ЕО пен
Қазақстан арасындағы қатынастардың дамуындағы келесi сатыға өтуге - ЕЭҚ-пен
текстиль тауарларымен сауда жасау туралы Келiсiмдi, Еуроатоммен ядролық
материалдармен сауда жасау туралы және ядролық қауiпсiздiк бойынша Шартты,
ЕКБҚ- мен болатпен сауда жасау бойынша келiсiмдi қоса алғанда, салалық
сипаттағы шарттарға қол қоюға жағдай жасады.
Дегенмен, Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмге қол қоюдан
оның күшiне енуiне дейiнгi мерзiм, әдеттегiдей, жылдарға созылады. Келiсiм
ЕО барлық мүше-мемлекеттерiнiң парламенттерiмен мақұлданып, кейiн
Еуропарламентпен ратификациялануы қажет.
Орталық Азия регионы да бұл ережеден тыс қалған жоқ. Сол сияқты,
Қазақстандағы ратификация процесi бес жылға созылды. Оның себептерiнiң бiрi
– 1995ж. Одаққа жаңа мүшелердiң кiруiмен ратификациялануы қажеттi
мемлекеттердiң саны 12-ден 15-ке өсуi. Ол сыртқы себептердiң бiрi. Ал iшкi
себептерге бақылаушылардың атап өткен Республикада адам құқықтарының
қорғалу мәселесi, сонымен қатар, еуропалық мемлекеттердi бiршама
қобалжытқан елдегi саяси дестабилизация. Жалпы, еуропалық мемлекеттер адам
құқықтарының қорғалуына үлкен көңiл бөледi. 1995ж. Президенттiң Қазақстан
парламентiн таратуының нәтижесiнде Еуропалық парламент республикада
парламенттiк демократияны қайта құрғанға дейiн Ынтымастақтық пен
серiктестiк туралы Келiсiмдi мақұлдаудан бас тартты. Дегенмен, екi жақты
тәртiпте салалық келiсiмдер бойынша келiссөздер жүрiп жатты, атап айтсақ,
тектстильмен, болатпен және радиоактивтi заттармен сауда бойынша
келiссөздердiң мәтiндерi бойынша.
1995ж. желтоқсанында Қазақстанда парламенттiк сайлаулар өткiзiлгеннен
және республикада парламентаризм қайта құрылғаннан кейiн ЕО-тың бiрқатар
елдерiнде Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмдi ратификациялау
бойынша жұмыс қайта басталды.
Ынтымақтастық пен серiктестiк туралы Келiсiмге қол қою мен оның
Еуропалық парламент пен ЕО мүше-мемлекеттерiнiң ұлттық парламенттерiмен
ратификациялауы арасындағы мерзiмге Еуропалық Одақ пен Қазақстан
Республикасы арасында Сауда және онымен байланысты сұрақтар бойынша Уақытша
келiсiм жасалды. Уақытша келiсiмнiң мәтiнiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz