Макроэкономикалық теорияға негізделген фишердің теориясы



Жоспары

I. Кіріспе

II. Фишердің ақшаның сандық теориясы
2.1. Ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісі
2.2. Фишермен Кембридждік теория айырмашылығы

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы ” мен “ақша айналысы ” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының обьективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алуы үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның аясын азайту болып табылады. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырылысуының 25-27%-ы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымымен бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
– өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
– тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
– ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. «Экономика», 2001
2. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», «А-Полиграфия», Ақтөбе-2004ж.
3. Әкімбеков. Экономикалық теория. Оқулық, Алматы-2004.
4. С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. Алматы-2004.
5. Жуков. Деньги. Кредит. Банки
6. Лаврушин. Деньги. Кредит. Банки

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қаржы кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ:Макроэкономикалық теорияға негізделген Фишердің теориясы

Орындаған:
Тексерген:

Жоспары

I. Кіріспе
II. Фишердің ақшаның сандық теориясы
2.1. Ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісі
2.2. Фишермен Кембридждік теория айырмашылығы
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы ” мен “ақша айналысы ”
ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол
ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына
бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының
бөлінуін қарастырса қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін
қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында
қанша ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны
белгілі болған.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы
процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде
қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының обьективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алуы үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық
болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның аясын
азайту болып табылады. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы
есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу
чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырылысуының 25-27%-ы
ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымымен бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде
шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы,
кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп
айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз
жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып
бөлінеді. Сондай-ақ:
– өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
– тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
– ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

I. Фишердің ақшаның сандық теориясы
2.1. Ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісі

XVI-XVII ғасырларда қалыптасқан ақшаның сандық теориясының негізін
қалаушылардың бірі болып Ж.Боден (1530-1596) болып табылады. Бұл теорияны
ағылшын ғалымдары Д.Юм (1711-1776) және Дж.Миль (1773-1836), сонымен қатар
француз Ш.Монтескье (1689-1755) ғалымдары әрі қарай дамытты. Д.Юм XVI-XVII
ғасырлардағы баға өсуі мен Америкадан келген металдар арасындағы
себептілігі мен пропорционалдықты қалыптастыру мақсатында, келесідей
тезисті шығарды: “ақша құны оның санымен анықталады”. Сандық теория
жақтастары ақшадан айналыс құралын ғана көріп, ақша және тауар массаларының
соқтығысуы кезінде баға қалыптасып, оның құны шығады деген қате тұжырымды
ұсынады.
Сандық теорияның келесі қателігі болып олардың барлық ақша массасы
айналыста болады деген пікірі болды. Шындығында айналысқа керек ақша
массасын анықтайтын обьективті экономикалық заңдылық бар.
Ақшаның сандық теориясы оның металдық айналыс реттеушісі ретіндегі
қазыналылықты есепке алмады. Алайда, ерте сандық теория қағаздық емес
металдық айналыс негізінде пайда болғанын ескерген жөн.
Негізін несиелік ақша және қағаз ақша айналысынан алатын қазіргі
кездегі сандық теорияға келетін болсақ, онда ол келесідей А.Маршалл,
Г.Кассель, Б.Хансен, М.Фридман, И.Фишер сияқты экономистер еңбегіне
негізделген.
Бұл теорияның екі түрі белгілі:
1. Фишер мен монетаристер басшылығында тұрған Фридманның
“трансакциондық теориясы”;
2. Ағылшындық кембридждік мектеп басшылығындағы А.Пигу, Екінші
дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі – Д.Патинкиннің
“кассалық қалдық” концепциясы.
XX ғасырлардың бас кезінде ақшаның сандық теориясы саяси экономияның
неоклассикалық бағыттарының маңызды құраушылары ролінде шықты. Оның
маңыздылары болып келетін екі негізгі нұсқасы бар: трансакциондық және
кембридждік.
Ақшаның сандық теориясының дамуына үлкен үлесті, 1911 жылы осы
теорияның трансакциондық теориясын ұсынған “Ақшаның сатып алушылық күші”
атты кітабы жарық көрген американ экономисі И.Фишер (1867-1947) болды. Оның
негізгі мағынасы ақшаның сатып алушылық қасиетіне әсер ететін факторлардың
функционалды тәуелділігін білдіретін келесі теңдеумен беріледі:

Айырбас теңдеуі белгілі бір кезеңде тауар айырбас келісімі негізінде
екі түрлі мағына береді:
1. шығарылған ақша мөлшерінің олардың орташа айналысына ;
2. шығарылған тауар санының () олардың орташа бағасына ().

Ол ақшаның сатып алушылық қасиетіне әсер ететін алты факторды бөліп
көрсетті:
M – айналыстағы қолма-қол ақшалар саны;
V – ақшаның айналыс жылдамдығы;
P – бағаның орташа өлшем деңгейі;
Q – тауарлар саны;
M – банктік депозит сомасы;
V – чекті-депозиттік айналыс жылдамдығы;
Сонымен қатар, Фишер келесідей мәселелерді енгізеді: ол қарастыруға
қажет жағдайлардан банктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
И. Фишердің сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясы
Постмодернизм мен постмодернистік антропология
Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Неолиберализм теориясы өкілдерінің экономикалық көзқарастары
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Жеке баға индекстері
Пәндер