Қылмыстық процесс


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
- Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық іс жүргізудің демократиялық негіздерінің бірі ретінде қалыптасуы мен дамуы
- Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық процестің өзге қағидаларының ішінде алатын орны мен маңызы
ІІ-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ҚҰРАЙТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
- Айыптау функциясы және мемлекеттік айыптаушының рөлі
- Қорғау функциясы, қорғаушы өкілеттіктерінің шеңберін кеңейту
ІІІ-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Тараптардың тең құқықтылығын қамтамасыз ету - қылмыстық процесс сайыскерлігінің міндетті шарты
- Қылмыстық сот өндірісіндегі тұлға құқықтарының жүзеге асырылу кепілдіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
- Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық іс жүргізудің демократиялық негіздерінің бірі ретінде қалыптасуы мен дамуы
Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясы мен тәжірибесіндегі даулы және өзекті мәселелердің бірі. Сот қызметкерлерінің арасында сот талқылауы сатысында орын алатын сайыскерлік бастаманың қажетсіздігі туралы көзқарас кең таралған. Бұл пікірді қолдаушылар да көп кездеседі және ол сот талқылауына айыптау мен қорғау тараптарын енгізу- қажетсіз, процесті күрделендіретін, ұзартатын кедергі ретінде қарастырады. Сайыскерлік қағидасы буржуаздық сипатта болады, яғни, еркін бәсекелестікке негізделген капиталистік тауар шығарушы қоғамның әлеуметтік қатынастары ретінде көрініс табады делінген.
Алайда, қазіргі таңда бұл пікірмен мүлдем келісуге болмайды. Иә, ҚІЖК-дегі бәсекелестік қағидасы өз бастауын буржуаздық құқықтан алады, бірақ оның маңызы мен мазмұны түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Алғашқы кезде қылмыстық процесте жария бастама, жария мүдде басым болған, яғни, соттың әрекеттері басты сипатта болып, ал тараптардың әрекеттері - тек қосымша, көмекші сипатта болды.
Дегенмен, сайыскерліктің мазмұны - тек процеске айыптаушы мен қорғаушының қатысуында ғана емес, сондай-ақ айыпталушыға бірқатар процессуалдық құқықтарды ұсынуда да болып есептеледі. Нәтижесінде, айыпталушы - басқарусыз, құқығы жоқ объект емес, процестегі белгілі бір құқықтарға ие (қорғану, құжаттарды ұсыну, сот тергеуінің кез-келген уақытында түсініктер беру, соңғы сөз алу құқығы) тарап болып саналады. Сондықтан қылмыстық процестегі сайыскерлік бастама туралы мәселені шешкен кезде іс бойынша материалдық шындықты толық табу үшін айыпталушыға жоғарыда көрсетілген құқықтарды ұсыну жеткілікті бола ма ? деген сұрақ туындайды.
Бәсекелестік буржуаздық процестен бастау алғанымен, одан бас тарту және айыпталушыны құқықтарынан айыру - буржуаздық емес, ортағасырлық инквизициялық процестен туындағанын көрсетер еді; сәйкесінше, бұл алға емес, кері жылжу болады. Осылайша, бәсекелестікті жою "қылмыстық процесс сапасын өзгертіп, төмендетуге әкеп соғады. "
Қылмыстық процестегі сайыскерлік бастаманы шектеудің негізгі идеясы - қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізудің қиыншылықтарын алдын ала тергеу сатысына ауыстыру болып табылады, ал сот талқылауы алдын ала тергеудің қосымшасы ретінде қарастырылады. Сот талқылауының осындай "қосымша" сипаты бойынша сот алдын-ала тергеуде даулы болған мән-жайларды прокурордың баяндамасын басшылыққа ала отырып шешеді.
Қазіргі заманғы ағылшындық сайыскерлік өндірістің ережелеріне тоқталатын болсақ, сот мәжілісі айыптаушының кіріспе сөзінен басталады, ол іс материалдарын ауызша айтып, сотталушыға тағылған айыпты негіздейді. Мұнда тараптардың жарыссөзі орын алмайды, айыптаушыға қарсы қорғау тарабының тұжырымдары айтылмайтындықтан, сот тергеуі негізінен алдын-ала жиналған жазбаша материалдарға сүйенеді, олардың ішінен дау тудырған мәселелер ғана тексеріледі, ал прокурор сотталушыны ақтайтын да, айыптайтын да дәлелдерді келтіреді. Ағылшындық қылмыстық сот шындықты ашу мақсатында жүргізілетін қоғамдық іздестіру болып есептеледі, бірақ ол мақсатқа жету үшін айыптаушы мен сотталушы арасындағы қатынастар сайыскерлік нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Алдын ала және ақырғы сот өндірісінің негізінде жатқан сайыскерлік қағидасы ағылшын қылмыстық процесінің негізгі бастауы болып табылады. Ағылшындық қылмыстық сот өндірісі сайыскерлік бастаманы айыпталушының пайдасына жүргізеді. Алдын ала өндірісінде ешбір куәдан айыпталушының және оның қорғаушысының қатысуынсыз жауап алуға жол берілмейді (1) .
Сайыскерлік қағидасының істі ұзартады, күрделендіреді деген пікірлер жеткілікті дәрежеде негізделмеген, себебі, процестің ұзақтығы сот тергеуінің емес, алдын ала тергеудің кінәсі бойынша орын алады және "сайыскерлік" іс бойынша сот тергеуін бірнеше сағат немесе күнге созды деп шағымданудың еш себебі жоқ, өз кезегінде алдын-ала тергеу бірнеше айлар, жылдарға созылады.
Бәсекелестіктің негізгі ережесі - айыпталушыны процесте тарап ретінде танып, оған бірқатар процессуалдық құқықтарды беруден көрініс табады.
Профессор М. С. Строгович ұзақ уақыт бойы бәсекелестік қағидасы - қылмыстық процестің басты, негізгі қағидасы ретінде деген көзқарасты ұстанған. Бірқатар процессуалист-ғалымдар айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасы бәсекелестік қағидасының элементі болып табылады деген пікірді айтады. Бәсекелестік айыптаушы, айыпталушы және оның қорғаушысы арасындағы дау ретінде сот талқылауы сатысында орын алады.
Айыпталушы мен оның қорғаушысының айыптан бас тартуы сот талқылауы барысында айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. Айыпталушының қорғану құқығы сотталушы мен оның қорғаушысына айыптаушының дәлелдемелері мен пікірлерін жоққа шығару, айыптан бас тарту мүмкіндігін беру, сотталушыны ақтайтын немесе оның кінәсін жеңілдететін дәлелдемелер ұсынуға мүмкіндіктер берумен қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, сайыскерліктің маңызын арттырып, оны қылмыстық процестің негізгі бастаулары қатарына қосу жөнінде де біраз келіспеушіліктер орын алған. Иә, буржуаздық қылмыстық процесте істің ақырғы шешіміне сайыскерлік әсер етеді. Буржуаздық қылмыстық процестегі сайыскерлік капитализм заңы - бәсекелестіктің өзіндік көрінісі. Буржуаздық процесте "қарсыласты кез-келген әдістермен жеңу" орын алады. Егер сайыскерліктің нәтижесінде кінәсіз тұлға сотталып немесе қылмыскер ақталып кетсе, бұл "жеңген адамның" тарапынан дұрыс болады. Мұнда іс бойынша шындықты бекітуді емес, процесте "ұту" міндетін қояды. Сайыскерлік буржуазия өкілдеріне сотта еңбекшілерді жеңу үшін мүмкіндіктер береді.
Сайыскерлік іс бойынша шындықты анықтауға көмектесетін әдістердің бірі. Соңғы уақыттарда айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және сайыскерлік арасында теңдік белгісін қоюға ұмтылудамыз. Мұнымен келісуге тағы болмайды, себебі айыпталушының қорғану құқығы қылмыстық процестің барлық сатыларында қамтамасыз етіледі, ал сайыскерлік тек сот талқылауы сатысында орын алады. Бірақ сот талқылауы сатысында айыпталушының құқықтары тек бәсекелестікпен ғана емес, басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, сайыскерлік - айыпталушының қорғану құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларының бір ғана бөлшегі болып табылады.
Қылмыстық істерді қозғау мен тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызмет жемісті болмайды, егер оны жүзеге асыру үшін қажетті әр түрлі функциялар қылмыстық істер бойынша өндіріс процесінде пайда болатын құқықтық қатынастың өзге субъектілеріне қатысты биліктік өкілеттіктерге ие мемлекеттік органдарға жүктелсе.
Қылмыстық процесте процессуалдық функцияларды бөлудің қағидасы орын алған және бұл үлкен саяси және тәжірибелік мазмұнға ие, себебі, ол қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықтың кепілі болады. Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде істі шешу функциясының айыптау және қорғау қызметінің бөлінгендігі қолданыстағы заңда нақты көрініс тапқан. Кінәсіздік презумпциясы қағидасын анықтай отырып, заң істі шешу функциясын тек бір мемлекеттік орган - соттың компетенциясына жатқызады. Ал айыптау қызметі мемлекеттік айыптаушы - прокурорға, қоғамдық айыптаушыға, ал белгілі бір жағдайларды - жәбірленушіге жүктеледі. Қорғау функцциясын заңға сәйкес айыпталушы, қоғамдық қорғаушы, адвокат, айыпталушының заңды өкілдері мен жақын туыстары, кәсіподақтардың өкілдері жүзеге асырады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңдары бір тұлғаның бір мезгілде судья, айыптаушы және қорғаушы функцияларын атқаруға жол бермейді.
Процессуалдық функцияларды бұлайша нақты бөлу және істі шешу функциясының айыптау және қорғау функцияларынан бөлінуі қылмыстық сот өндірісінің сайыскерлік бастамасынан көрініс табады. Бәсекелестік - айыпталушы, сотталушы, қорғаушы, азаматтық талапкер мен жауапкерді дәлелдемелерді ұсыну, арыз-шағымдар беру жөнінде бірдей құқықтармен қамтамасыз етуден көрінеді.
Мұндай процеске қатысушыларды "тараптар" деп атауға да, атамауға да болады. Алайда, олардың арасында елеулі ерекшеліктер бар екендігін шығармауымыз қажет. Процеске қатысушылар әр түрлі мүдделерді көздейді. Дәл осы айыпмашылықтар процессуалдық функцияларды бөлумен бірге қылмыстық сот өндірісіндегі бәсекелестіктің негізін айқындайды.
Қылмыстық істерді қараудың бәсекелестік тәртібі, істі заңды және негіздей отырып шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинауда соттың белсенділігі мен бастамашылығына кедергі болмайды, жаңа айып бойынша қылмыстық іс қозғауға кедергі келтірмейді. ҚІЖ заңы соттан сот өндірісінің қатысушыларымен ұсынылған дәлелдемелерді қарап, бағалаумен шектелмей, іс мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануды, сондай-ақ әрбір үкімнің заңдылығы мен негізделген қамтамасыз етуді талап етеді.
Айыпталушының, сотталушының, қорғаушының, азаматтық талапкер мен жауапкер құқығының процессуалдық теңдігі істерді қарау және шешуде бір жақтылық пен субъективтілікке қарсы маңызды кепіл болып табылады және әрбір іс бойынша шындыққа жетудің қажетті шартын құрайды. Процестегі тараптың бәсекелестігі - сотқа іс материалдарын дұрыс қарап, заңды, негізделген үкім шығаруға көмектеседі. Бәсекелестік қағидасының тәжірибелік маңызы осында (2) .
П. И. Кудрявцевтің пікірі бойынша, кейбір авторлар соттың "айыптау тарабынсыз" және "қорғау тарабынсыз" бәсекесіз, дау-дамайсыз өтуін қалағанымен, сот төрелігі, әділеттік және шындықты бекіту мақсатында айыптаушы сотта айыптаушы рөлін, қорғаушы қорғаушы ретінде қатысуы қажет. Істерді қараудың бәсекелестік тәртібі - соттың тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ететін, оның беделі мен қарапайым халықтың әділетікке сенімін бекітудің маңызды шарты (3) .
Сот талқылауына қатысушының құқықтарын қатаң сақтаудың және олардың процессуалдық теңдігінің тәжірибелік маңызын арттыру үшін сотталушы, жәбірленуші құқықтарын қамтамасыз ететін шаралар қабылдап, сот тәжірибесінен қорғау рөлін дұрыс бағаламау жағдайларын жою қажет.
Қылмыстық процестегі бәсекелестік түсінігіне байланысты заңгер-ғалымдардың пікірлеріне тоқтала кетейік.
Сайыскерлік қағидасының мәні туралы ғылыми көзқарастардың бірін А. О. Машовец қарастырған. Ол қарастырылып отырған мәселені диалектикалық логикамен байланыстырып, қылмыстық процестегі сайыскерлік айыптау мен қорғау тараптарының өзара әрекет ету тәсілі, олардың бірлескен қызметін ұйымдастыру принципі болып табылады; оның мәні - шынайылықтың кез келген құбылысы немесе процесі дамуының неғұрлым жалпы динамикалық заңдылықтарының бірі - қарама-қайшылықтардың күресінен көрініс табады. Қылмыстық процестегі айыптау мен қорғау тараптары бір-біріне қарсы тұрады және ол тараптардың күресімен сипатталатын әлеуметтік қайшылық болып табылады.
С. И. Ожеговтың сөздігінде "сайыскерлік" сөзі былай деп түсіндіріледі: сот процесінде екі тарап та өз құқықтарын белсенді түрде қорғауға мүмкіндігі болады. Қылмыстық процеске қатысты белсенді болу - дәлелдемелер ұсыну, жауап алынып отырған тұлғаларға сұрақтар қою, арыздар беру, сот жарыссөзіне қатысуды білдіреді. А. Я. Вышинский «сайыскерлік - бұл сайыскерлікке қоса демократизм негізінде сот процесіндегі соттың белсенді қатысуы» деп көрсетіп кеткен / 6 /. С.
Академик А. Я. Вышинскийдің пікірі бойынша, бәсекелестік - айыптаушының сезіктінің кінәсін дәлелдеу құқығына қарсы тұратын, айыпталушының өз көзқарасын білдіруге құқығы. Бәсекелестік қағидасы - бұл тараптардың сайыскерлігіне қоса әділетті сот төрелігінің маңызды кепілі болып табылатын тараптардың теңдігі және жариялылығының, демократизмнің негізінде судьяның сот процесіне белсенді түрде қатысуы болып есептеледі.
Бұл жөнінде профессор М. С. Строговичтің пікірі мынадай: Бәсекелестік - бұл жалпы формальды белгілердің жиынтығы. Әрбір процессуалдық жүйеде, әрбір тарихи кезеңде бәсекелестік қағидасының негізі - тараптар функциясының бөлінгендігінде. Айыптау функциясы - прокурорға жүктелген, ал істі өзі шеше алмайды, тек сот алдында айыпты қолдайды. Ал айыпталушы бұл айыптан процестегі тарап ретінде оған заң ұсынған құқықтарды қолдану арқылы қорғанады. Сайыскерлік яғни, айыптаушы мен айыпталушының бірдей құқықтармен қамтамасыз етілуін қарастырады. Бәсекелестік қағидасы сот процесінің сот пен тараптар арасында негізгі процессуалдық функцияларды - сот талқылауы, айыптау және қорғау - өзара бөлінген, реттелетін қызмет ретіндегі құрылымын білдіреді. Тараптардың бәсекелестігі соттың басқарушы рөлімен жүргізіледі, мұнда тараптар тең құқықтарға ие, оны қолдана отырып, әрбір тарап өз дәлелдемелерін негіздеп, қарсы тараптардың аргументтерін жоққа шығарады. Сайыскерлік процесс айыптаушымен тең негізде құқықтарға ие тарап ретінде айыпталушының жағдайымен сипатталады.
Айыпталушының айыптан қорғану құқығын қамтамасыз ете отырып, Конституция қылмыстық процестің сайыскерлігін айқындайды. Яғни, айыпталушының соттағы қорғану құқығы сот процесінің бәсекелестік құрылымында қамтамасыз етіледі. Қорғану құқығы мен процестің бәсекелестігін ажыратудың кез келген көрінісі сайыскерлік қағидасын жоққа шығарумен бірдей болады. Шын мәнінде де, егер айыпталушының қорғану құқықтары сот бәсекесіз-ақ қамтамасыз етілетін болса, онда бәсекелестік не үшін қажет? Бұл жағдайда ол кей кезде қолданылатын, ал енді бір кезде қолданылмайтын тек шартты техникалық нысан ретінде қабылданады.
Профессор М. А. Чельцовтың пікірі бойынша, іс бойынша шындыққа қол жеткізу міндеті бар қылмыстық процесс толық сайыскерлік қағидасында құрылуы мүмкін емес: судьялар тараптардың талаптарымен және олар ұсынған дәлелдемелермен байланысты емес. Тараптардың көмегімен сот шындықты іздейді және тараптар өз талаптарын қолдай ма, жоқ па, оған байланыссыз үкімді өз ішкі сенімі бойынша шығарады. Прокурор мен қорғаушының іске қатысуы судьяны процессуалдық тұрғыдан күрделі және технологиялық жағынан мүлдем шешілмейтін міндет - істің айыптайтын және ақтайтын мән-жайларын толық анықтаудан босатады. Бұл сот талқылауының жоғары деңгейдегі объективтілігін қамтамасыз етеді және бүкіл сот қызметінің сапасын көтереді. Міне осы - сот талқылауының бәсекелестік нысанының көрінісі болып табылады. (4)
Профессор Н. Н. Полянскийдің пікірі бойынша, сайыскерлік қаңғидасы сот талқылауы кезінде айыпталушыға қорғауды қамтамасыз ету талабын білдіреді. Сайыскерлік бастама сот процесіндегі объективті шындықты орнату мақсатына сәйкес келеді. Қылмыстық процестегі тараптардың бәсекелестігі - тараптардың сайскерлігінен тұратын, соттың белсенді қатысуымен бақыланатын, қылмыстық істегі шындықты табудың әдісі болып табылады. Қылмыстық процестегі бәсекелестіктің түсінігі қалыптасатын элементтер төмендегідей:
- айыптаудың және қорғаудың сот қызметінен бөлінуі;
- тараптардың сайыскерлігі;
- тараптардың бәсекелестігінің кепілі ретінде тараптардың процессуалдық теңдігі;
- айыпталушының қорғаушы алуға құқығы;
- тараптардың бәсекелестігіне қоса судьяның белсенді қызметі.
Заңгер-ғалым И. Р. Перловтың ойы мынадай: бәсекелестік қағидасы мыналармен сипатталады:
- Айыптау функциясының сот функциясынан оқшаулануы;
- Тараптардың процессуалдық тепе-теңдігі;
- Соттың белсенділігі;
- Тараптардың белсенділігі және бастамашылығы;
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлері әр түрлі. Дегенмен бәсекелестік қағидасы қылмыстық процестің маңызды және басты қағидаларының бірі болып есептеледі. Себебі, бұл қағида айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде қылмыстық істі дұрыс, объективті шешуге көмектеседі, іс бойынша ақиқатты айқындауға ықпал етеді.
Сайыскерлік - айыптау сот функциясынан бөлінген, айыптау мен қорғау өз пікірін қолдауға және қарсы тараптың тұжырымдарын жоққа шығаруға тең құқықтар берілген тараптармен жүзеге асырылатын, ал сот іс мән-жайларын белсенді зерттеу және істі шешу міндеті болатын сот талқылауының құрылымы (5) .
Осылайша, қылмыстық процестердің бәсекелестігі келесідей элементтерден тұрады:
- Айыптаудың соттан бөлінуі. Істі сотқа берген және айыпты қолдайтын прокурор сот талқылауында сотталушыны айыптайды, оны әшкерелейді, оның кінәсін дәлелдейді, бірақ істі өзі шешпейді. Ал істі және процесс барысында пайда болатын барлық сұрақтарды тек сот шешеді.
- Айыптаушы мен айыптаушының тараптар ретіндегі процессуалдық жағдайы. Тараптар деп заңмен қорғалатын белгілі бір мүдделердің өнімі ретінде сотқа қатысатын және өз мүдделерін қолдау, қарсы жақтың тұжырымдарын жоққа шығару үшін процессуалдық құқықтарға ие болатын процеске қатысушыларды айтамыз.
Процестегі тараптар ретінде мыналар танылады: мемлекеттік айыпты қолдайтын прокурор; айыпталушы; қорғаушы; жәбірленуші; азаматтық талапкер және жауапкер, қоғамдық айыптаушы және қоғамдық қорғаушы.
- Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы. Тараптар сот алдында өз тұжырымдарын қолдау және қарсы тараптың дәлелдерін жоққа шығару үшін бірдей құқықтарға ие болады. Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы әрбір тараптың өз мүдделерін қорғаудағы процессуалдық әдістердің теңдігін білдіреді.
- Тараптарға қатысты соттың өзіндік жағдайы. Сот тек сотты шешпейді, іс материалдарын анықтауға байланысты барлық қажетті шараларды қолданады. Сот іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді белсенді түрде зерттейді, егер істі дұрыс шешу үшін қажет болса жаңа дәлелдемелерді өз бастамашылығы бойынша сұратады. Сот, прокурор, қорғаушы ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қана қоймайды, іс бойынша материалдық шындықты табу үшін қажет деп тапқан дәлелдемелерді талап ете алады.
Міне, осылар процестің сайыскерлігінің белгілері болып табылады. Сот процесінің осылай құрылуы істі толық және жан-жақты зерттеп, оны дұрыс шешуді қамтамасыз етеді. Керісінше, осы үш функцияның соттың қолында шоғырлануы сот қызметіне біржақты сипат беріп, істің барлық мән-жайларын объективті зерттеуге кедергі туғызар еді.
Айыпталушының өзін қорғау құқығы сот мәжілісінің сайыскерлік тәртібінде қамтамасыз етіледі, яғни, өзіне берілген құқық арқылы айыпталушы алдын ала тергеу органдарымен оған тағылған айыпты жоққа шығаруға мүмкіндігі болады. Айыпталушының қорғану құқығының бәсекелестікпен тығыз байланысын белгілі заңгер П. И. Стучка көрсеткен. Оның сөзі бойынша айыптау емес, қорғау ғана демократияның көрінісі ретінде сайыскерлік процестің ең маңызды бөлігі болып табылады.
Н. В. Крыленко қылмыстық процестегі шындықты табуды қамтамасыз ететін шаралардың маңызы туралы айта отырып, айыпталушыны тарап ретінде тану кезінде белгілі бір фактіні дәлелдеу үшін жүргізілетін күресте қолданылатын әдіс - бұл сайыскерлік деп баса көрсеткен.
Егер іс бойынша прокурор қатыспаса, процесс өзінің сайыскерлік сипатын жоғалтпайды. Себебі, прокурор дайындаған айыптау қорытындысы бар, сол бойынша сот істің мән-жайларын зерттейді.
Сонымен қатар, бәсекелестік объективті шындық қағидасымен де байланысты, себебі, сот процесінің сайыскерлік тәртібі айыптар позициясынан да, қорғау позициясынан да сотта әрбір фактіні, әрбір мән-жайларды, әрбір дәлелдемені тексеруді қамтамасыз етеді. Осылайша, сот айыпталушыны әшкерелеп, оның кінәсін ауырлататын немесе оны ақтап, жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлардың барлығын зерттеп, қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда сайыскерлік қағидасының буржуаздық процессуалдық құқықтан бастау алады деген бірнеше авторлардың пікірлеріне талдау жасалды. Бірақ буржуаздық қылмыстық процесте оның мазмұны мен маңызы мүлдем өзгеше. Ал біздің қылмыстық процестегі бәсекелестік - айыпталушының қорғану құқығын құқығын және істің мән-жайларын толық, жан-жақты зерттеуді, ақиқатты табуды қамтамасыз ететін шынайы процессуалдық қағида болып табылады.
Бәсекелестіктен диспозитивтілікті ажыратып қараған жөн. Дис позитивтілік деп тараптардың өз құқықтарын қолдану еркіндігі. Негізінен диспозитивтілік - азаматтық процестің қағидасы, мұнда сот істі мүдделі тараптардың арызы бойынша қарайды.
Азаматтық процестегі диспозитивтілік талапкердің талаптан бас тарту құқықтарынан жауапкердің талапты тану құқықтарынан және тарптардың істі бітімгерлікке келу арқылы аяқтау құқығынан көрініс табады. Азаматтық процестегі диспозитивтілікті қолдану белгілі бір шаралармен шектеледі, себебі, ол қағиданы шексіз жүзеге асыру бір тарапты қолайсыз жағдайда қалдырып, істі негізссіз аяқтауға әкеп соғады. Жалпы ереже бойынша тараптарда талап пәні және өз құқықтарымен мүдделерін қорғаудың процессуалдық әдістеріне билік ету еркіндігі сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz