Қылмыстық іс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.тарау. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру ... ... ... ... ...4
1.1Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуде тоқтата тұрудың түсінігі мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде
іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.тарау. Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері ... ... ... ... 19
2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің болмауымен байланысты, іс бойынша іс жүргізудің тоқтата тұру негіздері ... ... ... ..19
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге де негіздері ... ... ... .28
2.3 Қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процесуалдық тәртібі ... ... ... 30
3.тарау. Тоқтатыла тұрған істер бойынша өндірістің қысқаруы ... ... ... ... ... .36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған арнайы әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекетті құру жөніндегі міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық-процессуалдық әрекетті жүзеге асырған кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын жүзеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық процесс қазіргі талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді. Қылмыстық процесс орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін қажет етеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның құқықтық регламентациясы бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму сипаты мен деңгейіне қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады. Қылмыстық процесс процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды заңға құрметпен қарау рухына тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сот олардың құқығын қозғайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу өз мақсаты ретіңде қылмыстың жылдам және толық ашылуын, оны жасаған тұлғаны әшкерелеп және қылмыстық жауаптылыққа тарту әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Процестің жылдамдығы қылмысты уақтылы бұлтартпауды, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың заңды мүдделерін қалпына келтіруді ғана қамтамасыз етпей, ол істің барлық жағдайларын толық жан-жақты және объективті зерттеуді, іс бойынша шындықты анықтауды қамтамасыз етеді. Процестің кәдімгі барысын бөлу дәлелдемелік материалдың жоғалуына әуреленуге алып келуі мүмкін, ол сот әділдігінің міндеттерін жүзеге асыруда жақсы көрініс таппайды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың сұрақтарын оқудың қажеттілігі дэл осымен анықталынады.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық-процессуалдық құқықтың маңызды институттарының бір ретінде ұзақ уақыттар бойы процессуалист оқымыстылардың мұқият назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылығы бұл институтты мүлде жаңа түрде көрсетіп отыр, ол бұрынғы 1997 жылы Қылмыстық-процессуалдық Кодекс қабылданғанға дейін күші болған нормалардан анағұрлым ерекшеленеді. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері өзгерді - бұрынғы заңда қарастырылған үш негіздің орнына істі тоқтата тұрудьң сегіз негізі енгізілген. Олардың мөлшері өзгеріп қана қоймай, олардың сипаты да өзгерді, егер бүрын іс бойынша іс жүргізуді
1. Чельцов-Бебутов М.А. Советский уголовный процесс. М., ГосюриздатД962. 503с. С.329.;
2. Жогин Н.В., Фаткулин Ф.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., Издательство "Юридическая литература", 19б5,367с.С.2б8.
3. Уголовный процесс Российской Федерации. Краткий учебник. - М., Изд-ваМНЭПУД995.336с. С. 199.
4. О вопросах приостановления производства по уголовному делу в советском уголовном процессе.// Правоведение, 1976. №66с. 116.
5. Ожегов С.И. Словарь русского языка.Под.ред.член-корр.АН СССР Н.Ю.Шведовой.- М., Рус.яз., 1995. 797с. С439.
6. Шатило К.Д. Приостановление дознания и предварительного следствия. М., 1963. 24с.С.12.
7. Доценко Б. Регламентация приостановления производства по делу // Соц/законность, 1983. 11.49стр.
8. Клюкова М.С. Приостановление дела в советском уголовном процессе/Автореферат дис,
9. Волкодаев Н.Ф., Познанский В.А. Некоторые уголовно-процессуальные вопросы вытекающие из закона СССР о статусе депутатов// Вопросы уголовного процесса. Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми жинақ 2 басылым. Саратов университетнің баспасы, 1979, 428стр.
10. Грошева Ю.М. Проблемы формирования судейского убеждения в уголовном судодпроизводстве. -—Харьков/ Издат/ объединение. "Высшая школа" 1975-144 с.С.99.
11. Резник Г.М. Оправдание за недоказанностью // Советская юстиция, 1969. №15. С.12; Арсеньев В.Д. Некоторые процессуальные проблемы раскрытия преступления, 28-30.
12. Мурашов С.В. О повышении роли следственного аппарат МВД СССР в раскрытии преступлений. —Волгоград, 1971. 200с. С.3-31.
13. Колосов Ю.М., Кузнецов В.И. Международное право. Учебник. -М. Международное отношение. 1995- 608 с.С.166.
14. Дипломатический словарь.І-том. М.; "Наука 1984. 422 с. С.182-183.,
15. Советский уголовный процесс. Учебник. Под ред. В.П.Божьева, 236.
16. Рогов И.И. Конститудионные основы формирования уголовно-правовой политики Республики Қазақстан, Законотворческий процесс в Республике Қазақстан: состояние и проблемы. Материалы международной научно-практической конференции.-Алматы, 1997,б24с. сбб.
17. Сапаргалиев Г.С. Проблемы соотношения Конституции и законов Республики Қазақстан. Законотворческий процесс в Республике Казақстан: состояние и проблемы. Материалы международной научно-практической конференции.-Алматы, 1997,624с. с. 9.
18. Юридический энциклопедический словарь. М., "Советская энциклопедия, 1984, 415. 194 с.).
19. Строгович М.С. Курс Советского уголовного процесса. Т.2.М., Издательство "Наука" , 1969,516 с. С.146).
20. Новиков А.И. Приостановление уголовных дел в стадий предварительного расследования. Дисс...к.ю.н.-Алма-Ата, 1971,249с. С.10-11.
21. Патов Н.А. Процессуальные и организационные основы производства по уголовньш делам, приостановленным в связи с неустановлением лица, подлежащего привлечению в качестве обвиняемого. Дисс... к.ю.н.-М.Д997,163с. С.46.
22. Сабырбаев М.К. Теоретические и практичесике проблемы процессуалных гарантий приостановления производства по уголовному делу. Дисс.....к.ю.н.-Алматы, 2001.146с. С.26.
23. Кенжаев Х.Ж. Актуальные проблемы приостановления предварительного следствия. Дисс...к.ю.н.-М.,1995.1б5с. С22-23.
24. Даровских Ю.В. Процессуальные и организационные основы производства по уголовному делу, приостановленному в :? связи с розысксШ скрывшегося обвиняемого. Диссертация...к.ю.н. -М.Д994. 181с. С.29-30.
25. Быков В.М. Деятельность следователя по приостанов-ленным делам. Диссертация...к.ю.н.,Свердловск, 1972.С.П2-П4

Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, "Жеті жарғы" 1999ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі Алматы, "Баспа", 2000 ж.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Алматы, 2001ж.
4. "Сот жүйесі және сот мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы, 25.12.2000 ж.
5. "Қазақстан Республикасының Праламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы"1995 ж. 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
6. 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық Сот туралы" Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
7. 1995 ж. 21 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық Проқуратура туралы" Конституциялық заң күші бар Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы. 1992-1999 ж. Анықгамалық басылым. - Алматы. ЖІПС. "Баспа" 1999. 200 б.
9. 5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚРЗ., "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1-тарау. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата
тұру ... ... ... ... ...4
1.1Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуде тоқтата тұрудың түсінігі
мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде
іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ...11
2-тарау. Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың
негіздері ... ... ... ... 19
2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің болмауымен байланысты,
іс бойынша іс жүргізудің тоқтата тұру негіздері ... ... ... ..19
2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге де
негіздері ... ... ... .28
2.3 Қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процесуалдық
тәртібі ... ... ... 30
3-тарау. Тоқтатыла тұрған істер бойынша өндірістің
қысқаруы ... ... ... ... ... .36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Пайдаланылған арнайы
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...51
Кіріспе

Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекетті құру жөніндегі
міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін
оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық-процессуалдық әрекетті жүзеге асырған
кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот
әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық
қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің
қағидаларын жүзеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық
процесс қазіргі талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді.
Қылмыстық процесс орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін
қажет етеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның құқықтық
регламентациясы бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму
сипаты мен деңгейіне қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады.
Қылмыстық процесс процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды
заңға құрметпен қарау рухына тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары
қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу
міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс
қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сот олардың құқығын
қозғайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу өз мақсаты ретіңде
қылмыстың жылдам және толық ашылуын, оны жасаған тұлғаны әшкерелеп және
қылмыстық жауаптылыққа тарту әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды
дұрыс қолдану болып табылады. Процестің жылдамдығы қылмысты уақтылы
бұлтартпауды, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың заңды мүдделерін
қалпына келтіруді ғана қамтамасыз етпей, ол істің барлық жағдайларын толық
жан-жақты және объективті зерттеуді, іс бойынша шындықты анықтауды
қамтамасыз етеді. Процестің кәдімгі барысын бөлу дәлелдемелік материалдың
жоғалуына әуреленуге алып келуі мүмкін, ол сот әділдігінің міндеттерін
жүзеге асыруда жақсы көрініс таппайды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұрудың сұрақтарын оқудың қажеттілігі дэл осымен анықталынады.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық-процессуалдық құқықтың
маңызды институттарының бір ретінде ұзақ уақыттар бойы процессуалист
оқымыстылардың мұқият назарында болып отыр. Біздің республикамыздың
қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылығы бұл институтты мүлде жаңа
түрде көрсетіп отыр, ол бұрынғы 1997 жылы Қылмыстық-процессуалдық Кодекс
қабылданғанға дейін күші болған нормалардан анағұрлым ерекшеленеді. Іс
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері өзгерді - бұрынғы заңда
қарастырылған үш негіздің орнына істі тоқтата тұрудьң сегіз негізі
енгізілген. Олардың мөлшері өзгеріп қана қоймай, олардың сипаты да өзгерді,
егер бүрын іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері іс бойынша іс
жүргізуге айыпталушының (айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға)
қатысуға мүмкіншілігінің жоқтығымен байланысты болса, қазір заң бірқатар
басқа да негіздерді қарастырады.
Істі тоқтата тұрған негіздегі заң бұзушылықтар көбіне дәлелдемелік
материалдың жоғалып кетпеуіне алып келеді және ол қылмыстық процесс
міндеттерін орындауда көрініс табады.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институтын
жалпы алғанда құқықтық реттеу және сотта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
тұру қолданылатындығы қылмыстық-процессуалдық заң бойынша аса жетілмеген.
Іс бойынша іс жүргізудің тоқтата тұру туралы заң ережелерін қолдану
тәжірибесінде, соның ішінде заңдылықтың жетіліп даму жолы мен олардың одан
әрі шешілуін талап ететін көптеген сұрақтар мен түсініксіздіктер пайда
болады.

1-тарау. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру

1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата
тұрудың түсінігі мен ролі

Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық істің дұрыс жолмен
тергеліп және шешуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың пайда
болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік бермейтін -
бір жағдайларды біріктіретін қатынастарды реттеуге бағытталған қылмыстық іс
жүргізу құқығының функционалдық институты болып табылады. Сондықтан В.Е.
Гущеваның, Х.Ж. Кенжаеваның, М.Е.Новикованың, Н.А.Патованың көзқарастарын
қолдай отырып, біз қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруды қылмыстық іс
жүргізу құқығының жеке институты болып табылады деп есептейміз.
Кейбір авторлар бұл жағдайда қылмыстық процестің екі тәуелсіз
институттары орын алып отыр деп бекітеді. Осыған байланысты В.Д.Ломовский
"Алдын ала тергеу және соттың талқылау сатыларында қылмыстық іс жүргізуді
тоқтата тұрудың мәні бойынша ұқсас институттарының орын алуына қарамастан
олар қылмыстық іс жүргізу құқығының жеке институттары болып табылады[1] -
деп жазады. Осындай көзқарасты МА.Матющенкода ұстанып отыр.
Бірінші инстанция сотындағы қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңдылығы бойынша алдын-ала тергеу
сатысында, басты сот талқылауын тағайындау сатысында, басты сот талқылау
сатысында және апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді
қарастырған кезде іс жүргізуді тоқта тұруға мүмкіншілік бар[2].
Осыған сәйкес В.Д.Ломовскийдің, МА.Матющенконың пікірлері бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұрудың төрт жекелеген институттары туралы айтуға болады.
Біз іс жүргізудің тоқтата тұру институтын осылайша бөлшектеуді дұрыс емес
деп есептейміз. Қылмыстық іс жүргізу институты белгілі типтес қылмыстық іс
жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталуы керек және ол осы қатынастар пайда
болатын сатыларға тәуелді болмауы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылатын сол бір жағдайлар
жөнінде пайда болған процессуалдық қатынастарды реттейтін функционалдық
қылмыстық процессуалдық институты болып табылады. Өзімнің көзқарасымды
дәлелдеу мақсатында бұл жөнінде бірқатар оқымыстылардың айтқан пікірлерін
келтіремін.
Сонымен, НЛ.Патов "Қылмыстық процестің әртүрлі институттары, сонымен
қатар қылмыстық, іс бойынша тоқтата тұру институтын процестің нақты
сатысьшың шеңберімен шектеуге болмайды - ол олардың қай сатыда пайда
болуына байланыссыз процессуалдық қатынастардың қайсы бір аумағын реттейтін
барлық нормаларын біріктіреді, ең бастысы бұл олардың бірыңғай құқықтық
негізі" - деп есептейді. М.Е.Клюковамен, В.П.Малковта "Тектік қатыстылығы
көзқарасынан қарастырғанда істі тоқтата тұру басқа да бір, қылмыстық
процесстің анағүрлым жалпыланған институтының немесе оның қаңдай да бір
сатысының құрамдық бөлігі немесе элементі болып табылмайды. Бұл қылмыстық-
процессуалдық іс-әрекеті қиындатылған, мүмкін емес немесе орынсыз болып
келетін сатыларға жататын қылмыстық процестің жекелеген аралық институты"
деп есептейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты - бұл алдын-ала тергеу сатысы
ішінде және істі апелляциялық шағымдары, наразылықтары бойынша қарастыру
үшін де бірыңғай институты екендігіне ҚР-ның Қылмыстық -процессуалдық
кодексінің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды
реттейтін норманың заңды бекітілуі де дәлемдеме болып табылады.
Істі тоқтата тұруды ерекше бір процессуалдық форма ретінде қарастыруға
болмайтындығы туралы М.Е.Клюкова мен П.Малкованың көзқарастары дұрыс болып
табылады.
Айтылғандардың негізінде қарастырылған институттың келесі анықтамасын
ұсынамыз:
Іс жүргізуді тоқтата тұру институты - бұл қылмыстық істің қылмыстық іс
жолымен тергеліп және шешілуіне кедергі жасайтын объективті жағдайлардың
пайда болуына байланысты қылмыстық с жүргізуді аяқтауға мүмкіншілік
бермеуімен байланысты пайда болатын қылмыстық-процессуалдық қатынастарды
реттейтін, қылмыстық процессуалдық құқықтың нормаларының жиынтығы.
Іс жүргізуді тоқтата тұру институтының түсінігін онымен тығыз
байланысты басқа түсінікпен, яғни, іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігімен
сәйкестендіруге болмайды.:
Сондықтан тоқтата тұру институтын "іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
шешім қабылдау жолымен олардың заңды бекітілуіне, тергеуді аяқтауға кедергі
жасайтын объективті және заңмен белгіленген себептерді анықтап табуға
бағытталған әрекет және айыпталушының қылмыстық сот ісін жүргізуде қатысуын
қамтамасыз ету және нақты қылмыстық істі шешу үшін жағдай жасау мақсатында
ерекше процессуалдық түрде жүзеге асырылатын міндетті іс әрекет"[3] деп
түсінетін Ю.В.Даровскиймен мүлдем келісуге болмайды. Қылмыстық
процессуалдық іс-әрекет реттейтін құқықтың саласы ретінде қылмыстық-
процессуалдық құқық пен қылмыстық-процессуалдық құқықтың нормаларымен
реттелетін іс-әрекет ретінде қылмыстық процесс арасында теңдік белгісін
қалайша қоюга болмайтын болса, солайша осыған сәйкес қатынастардың белгілі
аумағында соттық және қылмыстық тергеу органдарының әрекеттерш реттейтін
нормалардың жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын осы әрекеттің өзі ретінде қарастыруға болмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумы 1999 ж. 30 сәуірдегі
"Жазаны тағайындау кезінде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1
Қаулысында келесідей нұсқалар: "Қазақстан Республикасының Конституциясында
барлық адам заң және сот алдыңда тең екендігі туралы ережеге сәйкес және
соттың үкімінсіз ешкім қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып және
қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес екендігін ескере отырып, әрбір
қылмыстық іс жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына, айыпталушының
қызметтік және қоғамдық жағдайына байланыссыз қатаң түрде Заңға сәйкес
шешілуі керек екендігіне соттардың назарын аудару керек "Заңдылықтың
бұзылуына ешқандай ақталу қажет деп танылмайды"[4].
Жоғарыда айтылғандар толығымен негізсіз кінәлау және тарту жағдайларын,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетуді жоюға, адамдарды
заңға құрметтік рухта тәрбиелеуге шақырылған қылмыстық процесстің барлық
процедурасына қатысты. Заң талаптары қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру туралы сұрақты шешкен кезде де қатаң сақталуы керек, өйткені
мұндай шешім тек қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауында көрініс
таппай, процеске қатысушылардың мүдделерін, сонымен қатар олардың жедел
сотқа құқығын қамтиды. Бұл жөніңде М.С.Строгович былай деп: "қылмыстық іс
бойынша айыпталушы ретінде тартылған тұлға оның кінәлілігі туралы өзіне
сотпен шешілуіне және оған сот алдында өзіне тағылған айыпты даулауға
мүмкіндік алуға құқығы бар, соңдықтан сотқа істі тапсырудың кешігуі тек
заңды негіздер болған кезде ғана рұқсат етіледі [5]" - деп дұрыс айтқан.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің шешілуі қылмыстардың жылдам
және толық шешілуін және оларды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа
тартуды, әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды өз
алдына мақсат етіп қояды. Процестің жылдамдығы қылмыстың уақтылы
тоқталуына, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың заңды мүдделерінің
қалпына келуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, ол істің барлық
жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге, іс бойынша шындықты
анықтауға ықпал етеді.
Процестің кәдімгі барысының үзілуі әділ соттылықтың міндеттерінің
жүзеге асырылуына онша жақсы емес көрініс табатын дәлелдеу материалдарының
жоғалуына алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
сұрақтарын оқып-білудің қажеттілігі дәл осымен анықталынады.
Іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық-процессуалдық маңызды
институттарының бір ретінде ұзақ уақыт бойы процессуалист-оқымыстылардың
аса назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қазіргі кездегі
қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңдылығы бұл институтты жоғарыда
айтылып кеткен оның прообразынан анағұрлым ерекшеленетін мүлдем жаңа
түрінде ұсынып отыр (Қазіргі кезде күші бар қылмыстық-процессуалдық
заңдылық бойынша). Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
институтын және жеке сотта іс жүргізуді тоқтата тұру институтын құқықтық
реттеу қазіргі кезде күші бар қылмыстық -процессуалдық заңдылық бойынша
жетілуден анағұрлым алыс. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы заңның
ережелерін қолдану практикасында олардың одан әрі шешілуін талап ететін -
көптеген түсініксіздіктермен сұрақтар пайда болады. Бүгінгі таңда
процессуалист - оқымыстылардың көпшілігімен қабылданған, тұрақтанған
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігі бар деп айтуға
болмайды. Қылмыстық процесс теориясында бұл сұрақ пікірталас болып қалып
отыр. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігіне қатысты
бірқатар көзқарастарды талдаймыз. Іс жүргізуді тоқтата тұруға авторлардың
назары негізінен алдын-ала тергеу сатысында аударылып келгеніне байланысты
тоқтата тұрудың бізге таныс түсініктері көп жағдайларда алдын ала тергеу іс
жүргізуді тоқтата тұруға қатысты.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институты сотқа дейінгі
іс жүргізу үшін де және сотгағы іс жүргізу үшін де бірыңғай екендігіне
көңіл аудара отырып қылмыстық процестің акты сатысына, қатысты іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінің бірқатар анықтамаларын қарастырайық.
МА Чельцов-Бебутов іс жүргізуді тоқтата тұруды "істі осы уақытта
жалғастыруға физикалық және заңи мүмкін еместігінің салдарынан іс
жүргізудің уақытша үзілуі[6]" - деп қарастырады.
Бұл кезде автор іс жүргізуді жалғастырудың "физикалық немесе заңды
мүмкін еместігін" қалай түсіну қажет екендігіне түсініктеме бермеген.
Алдын ала тергеуді тоқтата тұру, заңда көрсетілген негіздер бойынша
тергеушінің өзі шығарған арнаулы қаулы арқасында ол бойынша тергеу
әрекеттерін уақытша жасалмау, іс жүргізуде тек уақытша үзіліс болып
табылады деп Н.В.Жогин және Ф.Н.Фаткулин жазған[7].
"Ресей Федерациясының қылмыстық процесс оқулығының авторлары келесі
анықтаманы: "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру

бұл айыпталушының болмауымен немесе оның қылмыстық іс бойынша
іс жүргізуге қатыса алмауымен негізделген қылмыстық іс бойынша іс
жүргізудегі заңмен қарастырылған уақытша үзілісі" - болады.
Барлық осы анықтамаларда "уақытша үзіліс" туралы айтылады, ол біздің
оймызша мүлде дұрыс емес. "Уақытша үзіліс" терминінің өзі қарсылық
тудырады: "үзіліс" түсінігі "уақыт", "уақытша"[8] түсініктерін қамтиды.
Сондықтан іс жүргізуді тоқтата тұру туралы тергеудегі үзіліс туралы
айтқандай дұрыс[9].
Орыс тілінде "үзіліс" деген сөз өз кезегімен "белгілі бір іс әрекетінің
тоқтап тұру аралығы[10]" - деп талқыланады. Сонымен "уақытша үзіліс" сөз
тіркесі орыс тілі ережелерімен ешқандай келіспейді және қылмыстық іс
бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігін анықтаған кезде осы екі сөздің
бірін немесе "уақытша" сөзін немесе "үзіліс" сөзін қолдану қажет. Мысалы,
"уақытша тоқтату", "іс әрекеттегі үзіліс" және т.б.
Осыған байланысты "Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тергеу әрекеттерін
жүргізуге кедергі жасайтын жағдайлармен тудырылған тергеу әрекеттерін
жүргізуді уақытша тоқтату болып табылады" деп К.Ф. Гуценкомен
редакцияланған "Қылмыстық процесс" оқулығының авторларының анықтамасы
дұрысырақ болып табылады.
Іс жүргізуді уақытша тоқтата тұру қажетті шара емес екендігін көрсете
отырып, А.И. Новиков бұл шараның тергеу жұмысындағы, заң арқылы негізделген
жағдайларға сәйкес уақытша тоқтату керек екендігін атап көрсетеді[11].
Тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп, іс жүргізуді тоқтату
шараларын қабылдауға негіз болатын жағдайларды көптеген авторлар айыпкердің
немесе қылмысқа айыпкер ретінде тартылуға тиісті тұлғаның болмауымен
байланыстырады. НА.Патованың ойы бойынша "іс жүргізуді уақытша тоқтату -
бұл айыпкерді немесе айыпкер ретінде іске тартылушыны тұлғаның болмауына
байланысты тергеуді жалғастыруға және оны бітіруге мүмкіншілігінің
жоқтығынан туындаған тергеушінің процессуалдық ісіндегі үзіліс".
Бұл туралы Кургинян анығырақ тұжырымдайды, ол "тергеу ісін тоқтатуды
айыпкердің әр түрлі себептермен қылмыстық-процессуалдық қатынастардың
субъектісі ретінде тергеуге қатыса алмайтындығынан қылмыстық процестен
шығуына немесе қылмыс жағдайы анықталып, істі бітіруге қажетті заңмен
негізделген шаралардың бәрі бітіп, оны аяқтауға заң арқылы шектелеген
уақыттың мерзімі аяқталып бірақ қылмыскердің анықталмауына байланысты
қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларымен реттелген тергеу ісіндегі
"үзіліс" деп тұжырымдайды.
Осы сияқты тұжырымдарды Ю.В. Даровскихтан да байқауға болады. Ол бұл
форма тек - қылмыстық сот ісінің негізгі қатысушысы - айыпкер немесе
айыпкер ретінде қылмыстың іске тартылуы тиіс тұлғаның анықталмаған
жағдайында ғана қолданылады деп көрсетеді. Қылмыстық процестің негізгі
фигурасы - айыпкердің (сотталушының) болжауын автор қылмыстық іс жүргізу
процесін тоқтата тұру институтының негізгі белгілерінің бірі деп көрсетеді.
Әлбетте, бұл көрсетілген істі тоқтата тұру түсінігінің анықтамасы 1958
ж. Кеңес Одағы мен кеңестік республикаларының қылмыстық сот ісі негіздеріне
сәйкес қабылданған қылмыстық-процессуалдық заң ережелеріне сәйкес келеді.
Бөліп айтсақ 1959 ж. Қазақ ССР-нің Қылмыстық процессуалдық кодексі, 1961 ж.
РСФСР Қылмыстық процессуалдық кодексі және басқа кеңес республикалардың
қылмыстық -процессуалдық кодекстері істі тоқтата тұруды тек айыпкердің
заңда көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық процеске қатыса
алмайтындығымен байланыстырады[12].
Постсоветтік кеңістікте бүгінгі күнде құқықтық қайта құру процесі
белсенді түрде жүріп жатыр, осының бірі ретінде қылмыстық - процестің
жаңалануын атап айтуға болады. Осы сұрақты қарастыра отырып, қылмыстық істі
тоқтата тұру институтын да елеулі өзгерістерге ұшырағанын айта кеткеніміз
жөн болар еді. 24.05.1999 қабылданған Қырғыз Республикасының қылмыстық-
процессуалдық кодексінде қьлмысты тоқтата тұрудың бір негізі ретінде
Қырғызстан Конституциялық сотына қолданылуға тиіс заңдық конституция
жөніндегі сұрақпен келуін атап көрсеткен.
Ресей Федерациясының Конституция жөніндегі заңының 98-бабына сәйкес,
егер Конституциялық сот азамат өзінің конституциялық құқы мен бостандығының
бұзылғандығы мәселесін конституциялық заңға сәйкес келетіндігін қарау
жөніндегі шағымын қабылдаған жағдайда, қылмыстық істі жүргізуші орган
өзінің жұмысын тоқтата тұруға тиісті.
1997 ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық Кодексі Заң
айыпкердің қатысуына байланыстырмайтын іс жүргізуді тоқтата тұрудың негізгі
3 бөлігін атап көрсетеді. Бұл:
- Соттың берілген қылмыстық істегі қолданылған заңның немесе басқа
нормативтік актінің адамның және азаматтың Конституциямен белгіленген
құқығы мен бас бостандығына нұқсан келтіретіндігінен конституциялық
екендігін жоққа шығаратын негіздемеген Конституциялық Кеңеске
сұраныс жасауы.
- бұл қылмыстық істі ары қарай жүргізуге кедергі келтіретін үлкен
күштің әсері;
- бұл айыптаушыда жеке айыптау ісі бойынша оның ауыр ауруының болуымен
Қазақстан Республикасының шеткері жерлерге іс сапарда болғанда немесе
азаматтық борышын өтегенде сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
мүмкіншілігінің болмауы .
Көріп тұрғанымыздай іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігі жоғарыда
қарастырылған анықтамалары біздің Республикамыздағы қолданыстағы қьлмыстық-
процессуалдық заңдылықтың ережелеріне толығымен сәйкес емес.
Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінің анықтамасын ұсына
отырып тоқтата тұрудың мазмұнына сәйкес қаулының шыққан уақытынан тоқталған
іс жүргізудің қайта жандандыру туралы қаулыны немесе қылмыстық істі тоқтату
туралы қаулыны шығарғанға дейінгі кезеңмен байланыстыратын кейбір
авторлардың пікірлерімен келіспеуге болмайды.
Мысалы, НА.Патов былай деп: "Алдын-ала тергеуді тоқтата тұру - бұл
біріншіден айыпталушының немесе айыпкер ретінде іске тартылуға жататын
тұлғаның болмауымен байланысты тергеуді жалғастырып және аяқтауға
тергеушінің объективті мүмкіншілігінің болмауымен тудырылған, екіншіден
тергеуді тоқтата тұру туралы қаулыны шығару кезеңінен басталатын және оның
қайта жаңарту немесе тоқтату туралы қаулыны шығарумен аяқталатын
тергеушінің процессуалдық іс әрекетіндегі үзілісі", - жатады.
Біз заңда көрсетілген кейбір негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
кезінде шынында да қылмыстың - іс жүргізу әрекетін жүзеге асыратын органның
іс әрекеті тоқтатылмау керек екендігін жоққа шығармаймыз.
Мысалы, егер қылмыс жасаған тұлға анықталмаса, оны анықтау үшін барлық
шараларды қолдану керек, егер айыпкер қалып кетсе - оны іздестіру заң
арқылы негізделген шараларды қолдану керек. Егер істі-тоқтата тұруға
айыпкердің ауыр науқас болуы негіз болса, оны емдеуге қажетті шараларды
жүргізу керек, оған күзет қою және емделіп жаткан айыпкердің қашып кетуінің
алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Іс жүргізуді тоқтата тұру соттық берілген істегі заңның немесе баска да
нормативтік актінің адамның және азаматтың Конституцияның бекітілген құқығы
мен бостандығына нүқсан келтіретіндігінен конституциялық емес деп танылуы
туралы негіздемені ұсынған; істі жүргізуге үлкен күштің уақытқа әсер
етуімен жеке айыптаушының іске қатысты аңду жұмыстарын қаулы қабылданған
жағдайда осы себептерді жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмысты тоқтата тұру туралы қаулы
қабылданғаннан кейінгі жұмысы тоқтаудың нақты негіздемесіне қарай
бағытталады.
Сондықтан істі қайта бағытталған белсеңді әрекет тек істі белгілі
негіздерге байланысты тоқтата тұруда расталуы болуы іс жүргізуді тоқтата
тұру түсінігі анықтауда дұрыс емес болар еді. Бұл жағдайда жеке алып қарау
қажет. Жоғарыда көрсетілген және басқа да істі тоқтата тұру туралы
түсініктерді тағы процессуалдық акт ретінде өзінің жүзеге асуын істі
тоқтата тұру туралы қаулы қабылданбай-ақ бастайтындығын назарда
ұстамайтындығында болып отыр. Тиісті қаулыны қабылдау алдында қылмыстық
істі жүргізетін орган істі жалғастыруға кедергілердің бар екендігі
процессуалдық жолмен анықтауы қажет. Мысалы, тұлға тұрғылықты жерді
тастамайтындығы туралы берілген қол хатты бұзып кетіп қалғанда, оларды
негіздеу үшін керекті құжаттарды жинауы (анықтамалар және басқа да
құжаттар), қажетті тергеу істерін жүргізуі (сұрақ жасау, тергеу), басқа да
процессуалдық әрекеттерді (іздеу салу бұлтартпау. шараларын бақылдау) іске
асыруы керек.
Барлық аталған әрекеттер іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулыны
шығарғанға дейін жүзеге асады және сол мезетте сондай қаулыны шығаруға
қажетті жағдай болып табылады.
Біз мазмүндалғандардың негізінде іс жүргізуді тоқтата тұру бойынша іс
әрекеттің бұл бөлігі қьлмыстық іс жүргізуді тоқтата тұру түсінігінде
көрініс табады деп есептейміз. Осы сипатта Қазақстан Республикасының
қылмыстық процессуалдық заңы негіздерін ескере отырып қылмысты істі тоқтата
тұрудың төмендегідей тұжырымын ұсынамыз: қылмысты істі тоқтата тұру -
тергеу әрекетін немесе істі басты сотта қарауды (уақытша тоқтата тұруға),
сонымен қатар жағдайлар арқылы туындаған, істі заңда көрсетілген тәртіпке
сай уақытында өтуіне және аяқталуына кедергі келтіретін қылмыстық процесті
жүргізетін органдардың іс-әрекеті.
а) істі заңды және негізді түрде тоқтата тұру шарттарының сақтауға
негізделген әрекеттер;
б) істі тоқтатуды процессуалдық тәртіппен қамтамасыз етуге
бағытталған әрекеттер;
в) істі тоқтата тұру туралы шешім шыққаннан кейінгі әрекеттер.

1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс
жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар

Іс жүргізудің тоқтата тұрудың қажеттілігі іс жүргізудің кәдімгі
барысына кедергі жасайтын бір қатар жағдайлардың пайда болуы кезінде пайда
болады. Қылмыстық процесті жүзеге асырған кезде алдын-ала тергеудің немесе
істі соттық талқылаудың аяқталуына кедергі жасайтын әртүрлі жағдайлар пайда
болуы мүмкін. Оларға күмән тудырушының айыпталушының, жәбірленушінің немесе
күдіктілердің жерлерде болуы, айыпталушының жасырынып қалуы немесе қоғамдық
қауіпті іс әрекет жасаған тұлғаның белгісіз болуы жағдайлары, ұзақ уақыттар
бойы қорытындысын алуға мүмкін болмайтын сараптаманы тағайындау жатады.
Бірақ, объективті болып табылатын мұндай тектес жағдайлардың әрбірі істі
тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға алып келмейді. Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50-бабында анықтаушының іс жүргізуді толық немесе
сәйкес бөлікте тоқтата тұруға мүмкін болатын жағдайлардың тізімі
көрсетілген. Қылмыстық-процессуалдық заң бұл жағдайларды іс жүргізуді
тоқтата тұруға негіздер деп атайды. Қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұруға
қатысты айтатын болсақ, онда осы процессуалдық шешімнің негіздері болып
қылмыстық процессуалдық заңмен бекітілген қылмыстық іс бойынша алдын ала
тергеуді және соттық талқылауды жүргізуді жалғасуымен аяқталуына кедергі
жасайтын жағдайлар болып табылады. Іс жүргізуді тоқтата тұруға алып келетін
бір қатар жағдайлардың қылмыстық іс бойынша жинақталған жеткілікті
мәліметтермен олардың болуы дәлелденген жағдайларда ғана негіздер ретінде
орын алуының жөні басқа. Заңда көрсетілмеген басқа да жағдайлардың болуы
кезінде іс жүргізуді тоқтата тұруға мүмкін болады деп есептейтін
авторлардың пікірімен келіспеу керек.
Сонымен істі тоқтата тұру негіздері туралы айта келе Х.Ж.Кенжаев өзінің
диссертациясында былай деп: "Тергеуді тоқтата тұру жөніндегі жасалынған
практиканы зерттей келе, бұл негіздердің осындай шектелінген құқықтың
регламентациясының лайықсыз екендігіне көзім жетті. Кейбір тергеушілер
жәбірленушінің немесе куәгердің ұзақ, ауыр ауруға шалдыққан жағдайларында,
үлкен көлемді инвентаризация, ревизия немесе сараптаманы жүргізгенде
тергеуді тоқтатады" - көрсетеді.
Мұндай дағды автордың пікірі бойынша процессуалдық толық дұрыс деп
табылған[13].
Алдын ала тергеу ұқсастылық бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін деп көрсете
келе П.С.Элькиндте ұқсас пікірді ұстанады: 1) айыптаушының қыстап қалуы
жағдайларында, тергеу органдарына қыстау орны белгілі болып оған жақын
арада жолдың ашылу көрінбегенде; 2) жәбірленушінің ауыр ауруға ұшырап оның
қатысуынсыз қылмыстық істі одан әрі тергеуге мүмкін болмаған
жағдайларда[14].
Мұндай мақұлдаулар заңға қайшы келеді және тергеушілер мен соттардың
арасынша жаман дағды тудырады. Заңда сарқылған деп көрсетілген тергеуді
тоқтата тұруға негіздердің тізімін айта келе М.С. Строгович басқа бір
негіздер бойынша тоқтата тұруға болмайды деп көрсетілді, сондықтан маңызды
куәгердің кетіп қалуы, қылмыс жасалынған жердегі мекемені ведомстволық
тексеруінің бітпеуі сияқты жағдайлардың бойынша тергеуді тоқтата тұру заңға
қайшы деп танылуы керек[15].
Бұл көзқарас көптеген басқада оқымыстылармен В.П.Быковпен,
В.Д.Ломовскиймен М.Е.Клюковамен, В.П.Малковамен, ПА.Лукинский мен
К.Ф.Гуценкомен, В.К.Бобровпен, К.Д.Шатило мен және т.б. қолдау тауып отыр.
"Барлық басқа да жағдайлар олар қанша жерден салмақты және маңызды
болғанымен істі тоқтата тұруға негіз бола алмайды - деп В.К.Бобров жазады.
Сонымен мысалы, ұзақ және бухгалтерлік ревизия, сарапшы қорытындысын алудың
кешігуі, жәбірленушінің тергеуге қатысуына кедергі жасайтын ауыр ауруға
ұшырауы және т.б. анықтауды және алдын ала тергеуді тоқтата тұру
үшін негіздер ретінде қарастырылмайды".
К.Д.Шатило бұл пікірді қорытыңдылай келе былай: "Заңда көрсетілген
алдын ала тергеуді және анықтауды тоқтата тұрудың негіздерінің тізімі
сарқылған болып табылады және ешқандай таралған түсініктемеге жатпайды.
Сондықтан алдын ала тергеуді немесе анықтауды занда көрсетілмеген басқа да
бір негіздер бойынша тоқтата тұру, заңды дөрекі бұзу болып табылады" - деп
белгілейді[16].
Сонымен іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері туралы сұрақ біркелкі
шешілуі керек: іс жүргізуді тоқтата тұру өңкей занда көрсетілген негіздер
бойынша жүзеге асуы мүмкін, және бұл жағдайда кеңейтілген түсініктеме
беруге, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Іс жүргізуді тоқтата тұрудың қосымша негіздерін заңга енгізуді
негіздеудің жөні басқа.
Іс жүргізуді жалғастыру немесе аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар
пайда болған кезде процессуалдық әрекет қылмыстық процестің әртүрлі
институттарымен реттелінеді.
Кейбір теоретиктер мен практикалық жұмысшылар жәбірленуші немесе
куәгердің ауыр ауруға ұшыруы кезінде істе көрсетілген процеске
қатысушылардың көрсеткіштерінің болмауынан дәлелдемелік материалда кемтік
тудырып тергеуді аяқтауға мүмкіңдік бермейді деп есептейді. Істе
көрсетілген тұлғалардың көрсеткіштерінің болмауы куә болып табылатын
анықтау мен алдын ала тергеудің бір жақтылығымен толық еместігі қазіргі
кезде күші бар қылмыстық - процессуалдық заң бойынша істі қосымша тергеуге
бағыттау үшін негіз болып табылмайды. Бұл жағдай апелляциялық инстанциямен
үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
5 мамыр 2000 жылғы 48-11 ҚР заңы, "Қылмыстылықпен күресу сұрақтары
жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес үкім
шығарған кезде анықталуының маңызы аса зор болып келетін жағдайларды
айқындалынбаған күйіңде қалған соттық тергеу ғана біржақты және толық емес
жасалынған болып танылады[17].
Сондықтан, егер сұрақтың дәлелдемелік жағы туралы сөз болғанда, онда
жәбірленуші немесе мысалы іссапарда болуы салдарынан алдын ала тергеу
барысында куәгер ретінде жауап алынбаған тұлғаны сотта сүрап және осылайша
жеберілген кемтікті толықтыруға болады.
Одан басқа іс бойынша дәлеледеу үшін бір ғана жәбірленушінің немесе бір
куәгердің көрсеткіштері жеткіліксіз болады. Дәлелдеуге жататын барлық
жағдайларды белгілеуді, істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ете алатын нақтылы
мәліметтердің қажетті және жеткілікті жиынтықтарын жинақтау керек.
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарастыру кезінде пайда болатын
сұрақтарды шешкен кезде практикалық сот қызметкерлеріне көмек көрсетуге сот
іс әрекетінің тиімділігіне ықпал етуге шақырған "Соттың стол үстілік
кітабы" авторлары былай: "Тәжірибеде осы күнге дейін соттармен заңда
көрсетілген негіздер бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру жағдайлары сирек
емес" - деп есептейді.
Бұл жөнінде екі қате кең таралған:
а) сотталушының емесе, жәбірленушінің ауыр ауруларға ұшырауы салдары
мен байланысты іс жүргізуді тоқтата тұрады.
ә) оның психикалық ауру фактісінің өзі белгісіз болып және сотта оның
психикалық жағдайына байланысты пайда болған күмән келуіне байланысты
сотталушыны сот-психиатриалық сараптамаға жіберу қажеттілігімен байланысты
іс жүргізуді тоқтата тұру.
Бұдан әрі авторлар былай: сотталушының психикалық жағдайы жөнінде сотта
пайда болатын күмәндер сот-психиатриялық сараптамаға міндетті түрде
тағайындаудың негізі болып табылады, ол іс жүргізуді тоқтата тұрмай, соттың
талқылауды біраз кешіктіріп қарауды қамтиды -деп көрсетеді[18].
Іс бойынша сараптама тағайындаумен байлансты іс жүргізуді тоқтата тұру
практикада жалғыз жағдайлар болып табылмайды. Оқымыстылардың мәліметгері
бойынша іс жүргізуі тоқтатылған қылмыстық істердің жалпы санының 2,25%
заңмен қарастырылмаған негіздер бойынша сараптама жүргізу, айыпталушының іс
сапарға аттануы және т.б. тоқтатылғаңдарды құрайды[19].
Жоғарыда айтылғандай қылмыстық іс жүргізу тоқтыла тұруы мүмкін қазіргі
кезде күші бар қылмыстық-процессуалдық заңдылық пен негіздердің тізімі
кеңейтілген Қазақ ССР ҚІЖК-де сегіз негіздер қарастырылған.
Істі тоқтата тұрудың неғұрлым кең шеңберлі негіздерін заң тәртібімен
реттеу туралы сұрақ оқымыстылармен аз көтерілмейді.
Кей кедергі қылмыстық істі тоқтата тұруға тергеу көрсетілген
негіздердің ешқайсысы сәйкес келмей қалуы мүмкін екенін айта келіп,
В.Доценко мынадай жағдайларда да: 1) табиғаттың (сел су алу, жер сілкіну,
т.б.) және 2) ұзақ уақытты қажет ететін ревизия жұмыстарын жүргізуді т.б.
тергеу жұмыстарын жүргізу мүмкін еместігін, қылмыстық істі тоқтата тұруға
негіз бола алады деген толықтыру енгізуге ұсыныс жасады[20].
Клюкова ҚІЖК-не басқа да қылмысты тоқтата тұру негіздерін, атап
айтқанда айыпкердің шет ел және тоқтата тұруға "тиісті істі басқа іс
бойынша кейбір мәселелерін шешу қажет болған жағдайларды енгізу қажет деп
есептейді[21].
Н.Ф.Волкодаев пен В.А.Познанский өз кезегінде қылмысты тоқтата тұру
негізіне тергеушінің депутатты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы
жергілікті кеңеске немесе атқару комитетіне жазған өтінішін де кіргізу
туралы ұсыныс жасаған[22].
1997 ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық Кодексін
қабылдағанда осы көрсетілген ұсыныстар назарында болды. Атап айтсақ: істі
уақытша тоқтата тұру үлкен күштің әсер, айыпкердің Қазақстан
Республикасынан тыс жерде болуы.
Ал заңның істі тоқтата тұруға негіз ретінде жәбірленушінің тергеушінің
ауыр наукас болуы, сараптама белгілеу сияқты жағдайларды қабылдауы
түсінікті.
Қайталау сараптама жұмыстары жәбірленушінің науқастануы сияқты
жағдайлар алдын ала тергеу жұмыстарының барысын қиындатса да, тергеуші күш
салған жағдайда көбінде аталған қиындықтарды жеңуге қол жеткізуге болады.
Жәбірленушінің өлімі іс жүргізуге кедергі болмайды ғой, ал науқастануы
неге істі тоқтата тұруға негіз болуы керек. Жағдайлар кезіндегі туындаған
қиыншылықтар жеке тергеу әрекеттеріне ғана қатысты, ал жалпы тергеу жұмысы
ары қарай жалғаса алады.
Істі тоқтата тұру негіздері заң айыпкермен байланысты, өйткені негізгі
процессуалдық әрекеттер айыпкердің айналасында өрбиді айыпкердің және
айыпкер қылмыстық-процессуалдық қатынастар орталық фигура ретінде қатысады.
Айыпкердің тергеу процесіне немесе сотқа қатыса алмауы процессуалдық
қатынастардың бұзылуына әкеп соғып, аяғында қылмыстық-процессуалдық
әрекетті тығырыққа тірейді. Ерекше жағдайлар: мемлекеттен шет жерде жүрген
айыпкердің сотқа келуден бас тартқан және сотталушы немесе айыпкер аса ауыр
емес қылмыс жасап сотты өзінің қатысуынсыз-ақ жүргізуге беруге өтініш
білдірген, жағдайда, істің сотта қаралуы айыпкердің қатысуынсыз жүзеге
асырыла береді. Қылмыстық сот өндірісінде басқа қатысушылардың -
жәбірленушінің немесе куәнің, азаматтық арыздалушының немесе азаматтық
жауапкердің, қорғалушының немесе мемлекеттік айыпталушының қатыса алмауы
көп жағдайларда іс жүргізуді қиындатса да, жалпы процесс барысына әсер
етпейді, бұл қиындықтардан шығудың заңмен белгіленген бірнеше механизмдері
бар. Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл - жәбірленушінің, азаматтық
арызданушы, азаматтық жауапкердің мүддесін қорғаушы, мемлекеттік
айыптаушыға айырбастау, жаңа дәлелдемелер жинау т.б. Жоғарыда көрсетілген
С.Элькиндтің айыпкердің қыстауыңда жол ашу жұмыстары жақын уақытта
жүргізілмейтін (және істің барысы ауыр науқасқа шалдыққан жәбірленушінің
қатысуынсыз мүмкін емес жағдайларда істі тоқтата тұру керек деген
тұжырымдамасына Быков В.М. мен В.Д. Ломовский мынадай қарсы пікір айтады:
"Көрсетілген жағдайлар, іске қатысты ревизия жүргізу сияқты әрекеттер,
сараптамашының қорытындысы мезгілінде алмау сияқты мәселелер істі уақытша
тоқтата тұруға негіз және қылмыскерге қатысты айыпкерге тиісті қылмыстық
жазаны тоқтатуға себеп бола алмайды.
Бұл жағдайлардың бәрінде, сот проқурор, тергеуші және жауап алушы орган
іс өндірісін аяқтауға байланысты барлық жағдайларды жасауы керек. Егерде
оларға айыпкердің қыстау орны белгілі болып, жол ашу жұмыстары жақын
уақытта жүзеге аспайтын болса, басқа да байланыс, қозғалыс соның ішінде
авиацияны, эсіресе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге қатысты
құралдарын қолдануы керек[23].
Іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде Қазақстан Республикасының
КІЖК-ң 50-бабында көрсетілген жағдайларды талдау олардың әрқайсысының
белгісіз уақытқа одан әрі іс жүргізуді мүмкін емес етеді және дәл солар
қатал түсіп қалатындығын ертерек білуге болмайтындығын көрсету. Сонымен,
мысалы жасырынған айыпкердің қашан табылатындығын немесе жеңілмейтін күштің
әрекеті қашан бітетінін ертерек білуге болмайды. Кейбір авторлардың істі
тоқтата тұру негіздері ретінде ұсынылған ревизияны өткізу, сараптаманы
тағайындау сияқты жағдайларға қатысты айтсақ, онда оларды жүргізуге қажетті
шамамен алғандығы уақытты анықтауға болады. Бұл жағдайларда алдын ала
тергеу сатысында тергеу мерзімін создыру туралы, ал басты соттық талқылау
сатысында басты сот талқылауын кейінге қалдыру сұрақтарын қою туралы өтініш
ету қажет[24].
Мазмұндалғандарға байлансты іс жүргізуді тоқтата тұрудың басты сот
талқылауында істі кейінге қалдырудың ерекшелігі туралы сұрақтарды
қарастырудың жөні басқа. Біріншіден іс жүргізуді тоқтата тұру Қазақстан
Республикасының ҚІЖҚ-ң 50-бабында көрсетілген жағдайлардың бірі болған
кезде мүмкін болады, басты сот талқылауын кейінге қалдыру негізі болып
шақырылған тұлғаның біреуінің сот мэжілісіне келмеуі салдарынан істі
қарастыруға мүмкіншіліктің болмауы (бұл жағдайда сот сотқа келмеген
тұлғаларды шақырту жөніңдегі шараларды қарастырады) немесе жаңа
дәлелдемелерді талап етудің қажеттілігі (мысалы сотқа жаңа куәгерлерді
шақырған кезде сараптаманы тағайындау кезінде). Екіншіден, сот соттық
талқылаудың жалғасуына кедергі жасайтын жағдайлардың түсіп қалуына дейін іс
жүргізуді тоқтата тұрады, яғни істің тоқталуының нақты мерзімін көрсетпейді
басты соттық талқылауын кейінге қалдыру туралы қаулысында сот басты сотгық
талқылауының кейінге қалдыру мерзімін көрсетеді.
Мазмұндалғандарды түйіндей келе іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері
ретіңде қылмыстық процессуалдық заңмен қайсы бір жағдайларды тану үшін
келесі шарттардың болуы қажет деген қорытындыға келеміз:
1) жағдай іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттің барысына кедергі жасауы
керек және бұл кедергі басқада заңмен қарастырылған
құралдардың көмегімен жеңілуі мүмкін емес;
2) егер жағдай іс жүргізуде процесс қатысушыларының бірінің қатысуының
мүмкін еместігімен байланысты болса, оңда ол тек айыпталушы
болуы мүмкін (немесе, айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға
болуы мүмкін) немесе жеке айыптау ісі бойынша жеке айыпталушы болуы мүмкін;
3) іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлардың түсіп қалу
уақтысы белгісіз болуы керек.
Іс жүргізуді тоқтата тұру бұл - процессуалдық іс-әрекетінің кәдімгі
барысын үзетін және процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың дәлелдеу бөлігінде қылмыстық сот жүргізудің міндеттерін орындауды
бұл әрекеттің нәтижелерінде көрініс таппауы мүмкін емес мәжбүрлік, шеткі
шарт екеңдігін естен шығармау керек. сондықтан аталынған жағдайлардың
жиынтығы ғана болған кезде, қайсы бір жағдайлар іс жүргізуді тоқтата тұру
негіздеріне жатуы мүмкін.
Біздің ойымызша іс жүргізудің аяқталуына кедергі жасайтын осындай
тектес жагдайлардың бірі болып тоқтатылған іс бойынша преюдициялық маңызы
бар басқа іс бойынша қандай да бір сұрақтардың алдын ала шешілуінің қажет
етілуі болып табылады. Теорияда преюдицияда деп бір соттың шешімнің басқа
сотқа міндеттілігін айтады. Азаматтық іс бойынша күшіне енген сот шешімімен
немесе үкімімен анықталған фактілердің бас істер бойынша преюдициялық
маңызы бар. Ю.М.Грошева белгілегендей преюдициалдылық бүрын басқа сот
актілерінде шешімін тапқан және осы іс үшін маңызы бар жекелеген
сұрақтардың кайта шешілуіне жол берілмеуімен байланысты деген[25].
Іс жүргізуді тоқтата тұру негіздерінің тізімін заң шығарушы ҚР-ң ҚІЖК-
нің жалпы бөлімінің бабына енгізді, осылайша сотқа дейінгі іс жүргізу үшін
және бірінші сатыдағы соттағы іс жүргізу үшін де бұл негіздер жалпы болып
табылатындығын көрсету керек. Бірақ ҚР-ң ҚІЖК-нің 50 бабын талдау алдын-ала
тергеу барысында және істі соттық талқылау кезінде осында аталынған
негіздердің барлығы біркелкі қолданыла бермейтіндігін көрсетіледі. Осыған
орай қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздерін келесідей
жіктеуге болады:
1) алдын ала тергеу сатысындағы іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері;
2) соттағы іс жүргізуді тоқата тұру негіздері.
Алдын ала тергеу сатысындағы іс жүргізудің тоқтата тұру негіздеріне
келесілер жатады:
1) айыпталушыны ретінде жауапқа тартылатын тұлғаны анықтай алмау;
2) айыпталушының тергеуден жасырынған кезде немесе басқа бір
себептермен оның жүрген жері белгісіз болса;
3) айыпталушыны қылмыстық қудалау иммунитетінен айыру туралы немесе
оны шет мемлекеттердің беруі туралы сұрақты шешуімен байланысты
айыпталушының іске қатысуының шынайы мүмкіншілігінің болмауы;
4) Заңда қарастырлыған тәртіппен куәландырған айыпталушының уақытша
психикалық бұзылыстары немесе басқа да ауыр аурулығы;
5) Айыпталушының Қазақстан Реслубликасынан шеткері жерлерде болуы;
6) Қылмыстық іс жүргізудің одан әрі жалғасуына уақытша кедергі жасайтын
жеңілметін күштің әсері.
Сотта іс жүргізуді тоқтата тұру негіздеріне жататындар:
1) айыпталушы соттан жасырынып қалғанда немесе басқа бір себептер
бойынша оның жүрген жері белгісіз болса;
2) айыпталушының қьлмыстық қудалау инммунитетінен айыру туралы немесе
оны шет мемлекеттердің беруі туралы сұрақты шешуімен байланысты
айыпталушының іске қатысуының шынайы мүмкіншілігінің болмауы;
3) Заңда қарастырылған тәртіппен куәландырылған айыпталушының уақытша
психикалық бұзылыстары немесе басқа да ауыр аурулары;
4) Айыпталушының Қазақстан Республикасынан шеткері жерлерде болуы.
5) Қылмыстық іс жүргізудің одан әрі жалғасуына уақытша кедергі
жасайтын жеңілмейтін күштің әсері.
2-тарау. Қылмыстық процесте өңдірісті тоқтата тұрудың негіздері

2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің болмауымен байланысты, іс
бойынша іс жүргізудіц тоқтата туру негіздері

1. Айыпталуышы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауымен
байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру[26].
Бұл негіз бойынша алдын ала тергеуді тоқтата тұру қылмыс оқиғасы
анықталып, бірақ қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған тұлға анықталмаған
жағдайларда жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда қылмыс белгілері
анықтағанда, қылмыс әрекеттің болуы дәлелденген, ал кім жасағандығы,
анықталмаған. Оқымыстылардың мәліметтері бойынша тоқтатылған істердің жалпы
санының 72 пайызы айыпталушы ретінде жауапқа тартылуға жататын адамның
анықталмауымен байланысты тоқтатылады[27].
Берілген негіздер бойынша іс бойынша тоқтата тұру, тергеу тұйыққа
тірелгендігін және қылмысты заң мен белгіленген мерзімде ашуға мүмкіншілік
жоқ болуын білдіреді.
Қылмыстың тез және толық ашылуын қылмыстық процестің негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады[28]. Өкінішке орай не қылмыстың
процессуалдық құқықта, не оны қолдану практикасында, не қылмыстық процесс
теориясыңда қылмысты ашшудың бірыңғай түсінігі өндірілмеген. Осы сұрақтың
практикалық түсінігі туралы айта отырып А.М.Ларин "Ашылу - жекелеген
қылмысқа қатысты қолданылатын, берілген қылмыстың жағдайларын және оны
жасаған тұлғаны анықтауды білдіретін түсінік" - деп жазады. Бұл түсініктің
әртүрлі аспектілері мен деңгейлері бар.
Жедел іздестіру қызметінің көзқарасы бойынша қылмыстық істе сезікті
немесе айыпталушы ретінде тұлғаның қатысуына тартатын негіздер
белгіленгенде қылмыс ашылған деп тану үшін қажетті, бірақ жеткіліксіз
алғышарт болып табылады. Айыптау қорытындысын жасау үшін жинақталған
дәлелдемелер жеткілікті деп есептегеңде тергеуші қылмыс ашылды деп
есептейді. Проқурор тергеушінің ойымен келіссе істі сотқа береді.
Қылмысты ашылған деп соттың тануы айыптау үкімімен көрініс табады.
Қылмыстарды ашпау қиыншылықтарды тексеру процесінде пайда болган салдар
ретінде объективті және субъективті себептерге байланысты болады.
Объективті себептер ретінде жасалынған қылмыс туралы мәлімет қылмыстық
тергеу органдарын кеш түсуін айтады, сақталған қылмыспен қылмыстық іс
қорғау арасындағы үлкен интервал, осының салдарынан дәлелдемелік
материалдың болмауы және жоғалуы, іс жағдайларының күрделілігі,
тергеушінің жұмысының көп болуы және т.б. Осылар және
басқа да объективті дәлелдемелерді таппай қалу мүмкіншіліктері сонымен
қылмыстың ашылмай қалулары көптеген теоретиктермен аталынады[29].
Қылмыстың ашылмауының субъективті себептеріне оны жасаған адамының
анықталынбағандығы мен байланысты бірқатар жағдайларда анықтау және алдын
ала тергеу органдарының қызметкерлерінің кәсіптілігінің болмауы, жұмысты
нашар жоспарлау немесе мүлдем болмауы, тергеудің алғашқы кезеңдеріндегі
қателіктер, тергеу әрекеттерін сапасыз өткізу және т.б. көптеген. В.М.Быков
оларға: тергеушілердің маңызды бөлігінің бұл әрекеттің оң аяқталуына
сенбеуі, тергеу жүргізуді тоқтатқаннан кейінгі өз міндеттерін
тергеушілердің дұрыс білмеуі, сонымен қатар жалпы тергеуді ұйымдастыру
жеткіліксіздігімен байланысты[30].
Қылмыстың ашылмай қалу себептері туралы сонымен қатар қылмысты жөнінде
тергеушілердің жұмысын ұйымдастыруды жетілдірудің шаралары туралы тек
теоретиктер ғана емес сонымен қатар практиктерде айтады[31].
2. Егер айыпталушы тергеуден және соттан қашып жүрсе ңемесе кейбір
себептерге байланысты оның тұрғылықты жері белгісіз болғанда істі тоқтата
тұру[32].
Жоғарыда көрсетілген істі тоқтата тұру негіздерінен бұл негіздің
айырмашылығы, бұл жағдайда тергеу орындарына және сотқа жауапкершілікке
тартылуға тиіс тұлға белгілі, бірақ оның қайда жүргендігі белгісіз. Істі
осы негізге сәйкес тоқтата тұрған жағдайда, қылмыстык тергеу органдарының
күші тұлғаның жеке басын анықтауға емес, айыпкерді іздеп тауып, оның алдын
ала тергеу жұмыстарына және істің сотта қаралуына қатысуын қамтамасыз етуге
бағытталады. ҚР. ҚІЖК-ң 50 бабының 2 тармағының 1 бөліміне сай істер барлық
тоқтата тұрған істердің бестен бір бөлігін құрайды.
Осы қарастырылған негізге сәйкес іс жүргізуді тек айыпкерге қатысты
ғана қолданылады. ҚР ҚІЖК-не сәйкес айыпкер деп алдын ала тергеу жұмыстары
жүргізіліп жатқан іске сәйкес айыпкер ретінде жауапкершілікке тартылуға
тиіс екендігі туралы шешім шыққан немесе айыптама хаттамасы құрастырылып
жауап алу органының бастығының қолымен бекітілген болса (алғашқы тергеу
жұмыстары қажетті емес істерге қатысты жауап алынғанда), сондай-ақ сотта
соған қатысты жеке айыптау ісі қозғалған (жеке айып ісі) тұлғаны айтады.
Айыпкердің істе пайда болуын заң қылмысты осы тұлғаның жасағанын
негіздейтін айғақтардың жеткілікті болуымен баланыстырады. Сондықтан егер
айғақтар жеткілікті болмаса, бұл негіздемеге сай іс жүргізілуі уақытша
тоқтала алмайды.

Теоретиктердің арасында қылмысты іздестіру органдарының айыптауға
дейінгі және айып тағылғаннан кейін де айыпкердің тұрғылықты жері туралы
толық мәліметтер болмаған жағдайда істі тоқтатыла алады деген пайымға қарсы
кері тартушылық жоқ.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Қылмыстық іc қозғау
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
Қылмыстық істі қозғау
Пәндер