Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
КІРІСПЕ ... .4
1 ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ ... 9
2 ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРҒА ТАЛДАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
2.1 Ұлттық әшекей бұйымдар . халық мәдениетінің көрінісі ...25
2.2 Ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісі ...29
2.3 Ұлттық әшекей бұйымдардың мақал.мәтелдердегі көрінісі ... ... ... ... ... ... 35
ҚОРЫТЫНДЫ ... .34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 43

Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады.
Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.
Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.
Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі".
Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.

1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1998. – 215б.
2. Верещагин Е.М. Язык и культура. – Москва, 1976. – 248с.
3. Лотман Ю.М. Беседы о русской культуре. – Санкт-Петербург, 1994. – 399с.
4. Соломоник А. Семиотика и лингвистика. – Москва, 1995 – 325с.
5. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. – Алматы, 1998. – 28с.
6. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. –Москва, 1986. – 144с.
7. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997. – 272б.
8. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва, 1993. – 656с.
9. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. – Москва, 1994. – 248с.
10. Күркебаев К.Қ. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты: филол. канд. дис. – Алматы, 2003. – 45б.
11. Акимишева Ж.Ә. Ою-өрнек атауларының уәжбемесі және таңбалық табиғаты: филол. канд. дис. – Алматы, 2004. – 58б.
12. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы, Евразия, 1995. – 179с.
13. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер. с нем. – Москва, 2000. – 400с.
14. Потебня А.А. Эстетика и поэтика. – Москва: Искусство, 1976. – 614с.
15. Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). - Москва: Изд. Российского университета дружбы народов, 1997. – 322с.
16. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию. – Москва, 1997. – 272с.
17. Ғабитханұлы Қ. Қазақ тілінің сөздік қоры: дін және этнолингвистика // Қазақтану, - Алматы, 2006. №1 – 67-71б.
18.Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салғастырмалы талдау: филол, канд. дис. – Алматы, 1998. – 121б.
19. Айтбаева А.Ж. Бесік жырларының этнолингвистикалық сипаттамасы. – Алматы, 2006. – 15б.
20. Толстой Н.И. Из славянских этнокультурных древностей // Труды по знаковым системам. – Москва, 1987, Т.21.
21. Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. – Москва, 1964. – 55б.
22. Маслова В.А. Введение в языкознанию. – Москва, 1998. – 160с.
23. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 28б.
24. Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1991. -433б.
25. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998. – 304б.
26. Поливанов Е.Д. Введение в языкознание для востоковедных вузов. – Ленинград, 1928. – 200с.
27. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің және диалектологиясының мәселелері. – Алматы, 1997. – 608б.
28. Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 150б.
29. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 1998. – 197б.
30. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. – 102б.
31. Ғабитханұлы Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер: филол. ғылым. канд. авторефераты. – Алматы, 1995. – 27б
32.Хазимова Ә.Ж. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық мәдени деректері. Филол.ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. – 120б.
33. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1974-1986, I-X т.
34. Айтбаев Ө.М. Мақал-мәтелдердің жазылуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі // Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1978, 350б.
35.Сәрсенбаев Р. Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық
ерекшеліктері.: филол. ғыл. док.... дис. – Алматы, 1961. – 250б.
36. Словарь по языкознанию. Тіл білімі сөздігі. Под ред. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы, 1998. – 346б.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ
Орындаған: Д.Л. Сәрсенбаева
4-курс студенті
Ғылыми жетекші: С.Б. Бектемірова
ф.ғ.к. доцент
Пікір жазушы: Қ. Ғабитханұлы
ф.ғ.к.
Норма бақылаушы: А.Қ. Таусоғарова
ф.ғ.к. доцент
Қорғауға жіберілді:
____ _______________2007ж.
Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
ф.к.д. профессор Э.Д.Сүлейменова
Алматы, 2007
Реферат
Бітіру жұмысының тақырыбы: Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бітіру жұмысының көлемі: 46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 35
Тірек сөздер: тіл, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, фразеологизм,
мақал-мәтел, әшекей, зергерлік, мәдениет, этнос.
Бітіру жұмысының нысаны: Қазіргі тіліміздегі ұлттық әшекей бұйымдардың
тіліміздегі көрінісі.
Бітіру жұмысының пәні: Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдік танымдық
табиғатын, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің көрінісіндегі тілдік
бірліктер.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының рухани
мәдениетімен сабақтас қалыптасқан материалдық мәдениеті, қолөнеріне қатысты
ұшан-теңіз қазынасының тілдік табиғаты негізінде ұлттық болмыс мазмұнын
анықтау. Осы мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды:
• ұлттық әшекей бұйымдардың танымдық табиғатын анықтау;
• ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологизмдердегі көрінісін ашу;
• ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісін сипаттау;
Бітіру жұмысының әдістері: Жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу,
баяндау, түсіндіру, талдау әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының материалдары ретінде жалпы іріктеу негізінде жинқталған
халық тұрмысындағы әшекей бұйымдар мен олардң атаулары пайдаланылды.
Жиналған материалдың жалпы саны – 200-ге жуық әшекей бұйымдар жұмыстың
талдауына негіз болды.
Бітіру жұмысының дереккөздері ретінде ұлттық әшекей бұйым атауларының
лексикографиялық еңбектерден, он томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен
(1974-1986), Қазақ тілінің сөздігінен, І. Кеңесбаевтың Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі (1977), Қазақ ұлттық энциклопедиясынан (1-8том),
авторефераттар, диссертациялардан, оқулықтардан, көркем әдебиеттен т.б.
алынды.
Бітіру жұмысының нәтижелері. Жұмыстың нәтижелері негізінде қазақ тіл
біліміндегі ғалымдардың, пікіршілердің теориялық білімдері мен
тұжырымдарынан алынды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... .4
1. ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ ... 9
2 ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРҒА ТАЛДАУ. . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

. 25
2.1 Ұлттық әшекей бұйымдар – халық мәдениетінің көрінісі ...25
2.2 Ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісі ...29
2.3 Ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісі ... ... ... ... ... ... 35
ҚОРЫТЫНДЫ ... .34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... 43
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып,
заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен
пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс
жүзінде асырады.
Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам
жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге
жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп,
өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік
пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік
және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті
мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен
теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде
көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға
мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше
жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып,
халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді
мақсат етіп отыр.
Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр
дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы,
диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған
қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде
халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе
арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.
Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан,
адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті
қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра
алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі,
американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың
ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі".
Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік
құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен
мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық
болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы
келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды
бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.
Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын
зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі
мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып
түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен
жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің
этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде
этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-
семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық
тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді.
Бітіріу жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының
тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға
арналған.
Бітіру жұмысында әшекей бұйымдар атауларына, олардың тіл және мәдениет,
тіл және этнос тұрғысынан, фразеологизмдердегі, мақал-мәтелдердегі
көрінісіне талдау жасалынады.
Осымен байланысты ұлтымыздың тілін, дүниетанымын, материалдық және
рухани байлығын т.б. зерттеу жұмысы жандана түсуде. "Тіл мен ұлт біртұтас"
деген қағиданы басшылыққа алатын, "этностың болмыс-бітімін оның тілі арқылы
танып білу" мақсатынан туындаған бітіру жұмысының этнолингвистикалық бағыты
қазіргі ғылыми сұраныспен өзектес сипатта анықталады. Дегенмен, ұлттық
әшекей бұйымдардың рухани мәдениетпен тығыз байланыстылығын, атап айтқанда,
қазақтың салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, тыйымдары күнделікті тұрмыста
қолданылатын қолөнер бұйымдарына қатыстылығы ұлт мәдениетін танудағы өзекті
мәселе екенін атап өткен жөн.
Ұлттық әшекей бұйымдар атауларының тарихи халықтың таным дүниесімен
тығыз байланысты, сондықтан халық мәдениеті мен тілінің кеңдігін,
тереңдігін танытуда әшекей бұйымдар атауларының лингвомәдени және
этнолингвистикалық, фразеологиялық, мақал-мәтелдердегі көрінісін тілдік
тұрғыдан зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындайды.
Бітіру жұмысының нысаны. Қазіргі тіліміздегі ұлттық әшекей бұйымдардың
тіліміздегі көрінісі.
Бітіру жұмысының пәні. Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдік танымдық
табиғатын, фразеологизм мен мақал-мәтелдердің көрінісіндегі тілдік
деректер.
Бітіру жұмысының мақсаты. Қазақ халқының рухани мәдениетімен сабақтас
қалыптасқан материалдық мәдениеті, қолөнеріне қатысты ұшан-теңіз
қазынасының тілдік табиғатын лингвомәдени, этнолингвистикалық,
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер
зерттеу негізінде ұлттық болмыс мазмұнын анықтау.
Алға қойған мақсаттардан төмендегідей жұмыстың міндеттері туындайды:
□ ұлттық әшекей бұйымдардың танымдық табиғатын анықтау;
□ ұлттық әшекей бұйымдардың фразеологиялық көрінісін ашу;
□ ұлттық әшекей бұйымдардың үлгілері мен олардың нұсқаулық атауларын
анықтау, олардың суретін және қысқаша анықтамаларын беру;
□ ұлттық әшекей бұйымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісін сипаттау;
Бітіру жұмысының әдістері. Жұмыстың барысында жаппай сұрыптау,
жүйелеу,баяндау, түсіндіру, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың материалдары ретінде жалпы іріктеу негізінде жинқталған халық
тұрмысындағы әшекей бұйымдар мен олардң атаулары пайдаланылды. Жиналған
материалдың жалпы саны – 200 – ге жуық әшекей бұйымдар жұмыстың талдауын
негіз болды.
Жұмыстың дереккөздері ретінде ұлттық әшекей бұйым атауларының
лингвомәдени, этномәдени табиғатын жан-жақты қарастыру негізінде

Р.Н.Шойбековтың "Қолөнер лексикасы" атты автарефератынан, диссертациялардан
алынды.
Сондай-ақ қазақ халқының материялдық мәдениетіне байланысты жазылған
тарихи-этнографиялық, өнертану сипатындағы Ә.Х.Марғұланның Казахское
народное прикладное искусство (1-3 том, 1986,1987,1994), С.Қасимановтың
Қазақ халқының қолөнері (1969,1994), Ә.Тәжімұратовтың Шебердің қолы
ортық (1977), Х.Арғынбаевтың Қазақ халқының қолөнері (1978),
С.Кенжеахметұлының Жеті қазына (2000), Р.Н.Шойбековтың Қазақ
зергерлерінің сөздігі (1987ж.), Д.Шоқпарұлының Қазақтың қолөнері
(2005ж.) атты еңбектері пайдаланылды.

біліміндегі лингвомәдениеттану, этнолингвистика теорясына, сондай-ақ мәдени
лексиканы, соның ішінде әшекей бұйым атауларын арнайы сөз ететін іргелі
зерттеу жұмыстарына жүгіндік. Тілі білімі теориясында тіл мен мәдениет, тіл
мен этнос ара-қатынасы жөніндегі В.Гумбольдт, Г.Пауль, А.Потебня, Ф.де
Соссюр, Э.Севортян, Ф.Филлин, В.Ярцева, Е.Кубрякова, Қ.Жұбанов,
І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов,
Қ.Хұсайынов, М.Копыленко, Ж.Манкеева, І,Кеңесбаев, А.Салқынбай,
А.Сейсенова, С.Қасиманов, М.Өмірбекова, Р.Шойбеков, еңбектері бітіру
жұмысының теориялық өзегі етіп алынды.
Ұлттық әшекей бұйым атауларының тілдік бірлік ретінде лингвистикалық
талдау жасау бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізді.
Соңғы жалдары тілі білімінің шектес ғылымдар тоғысуындағы пайда болған
бағыттарына орай әшекей бұйымдар этнолингвистикалық лингвомәдениеттану және
танымдық тұрғыдан сипаттау ұлттық менталитеттің ажырамас бөлігі мен
көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
1 ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ
Тіл тарихы - сол тілді жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың
тарихының бір саласы. Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді
жасаушы, қолданушы жене оның иесі — халықтың тарихына байланыссыз қарауға
болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы - екі жақты байланыс.
Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы, тұрмысы жайындағы этнографиялық
ұғымдардың атаулары сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып, олар
жайында мағлұмат береді.
Этнографтар, мәдениеттанушылар халықтың замандар бойындағы тұрмыс-салты,
әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалдық байлық, рухани
мәдениетке қатысты жайларды зерттегеңде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды.
Өйткені тіл - солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді
қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің диахрондық қалпын зерттеу -
сол тілді туғызған, оны қатынас кұралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен
тығыз байланысты. Сондықган тіл білімінде халықтың материалдық мәдениетінің
тарихын қарастыратын - лингвистикалық мәдениеттану және этнолингвистика
салалары қалыптасқан.
Белгілі ғалым Э.Бенвенисттің "тіл, мәдениет және жеке адам үштігі
(триада)негізінде басқа бір лингвистика тууы мүмкін" деген ойы XX ғасырдың
соңғы онжылдығында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық
мәдениеттану пәнінің пайда болуына жол ашты[1, 52].
"Орта ғасырдың соңғы бөлігінде, ғасырлар тоғысқан тұста әлемдік озық
лингвистика тілтанымның теориялық бағыттарын имманентті, структуралық
лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға - яғни тілді жеке адаммен, оның
ойлау өрісімен және рухани-практикалық қызметімен байланыстыра қарауға
қарай бет бұрып отыр. Когнитивті, антропологиялық лингвистика деп аталатын
мүлде жаңа салалардың қатарында соңғы жылдары "лингвокультурология" деп
аталатын бағыт та аталып келеді. Бұлардың қай-қайсысы да - қазақ тіл ғылымы
төселе қоймаған соңғы салалар".
Лингвистикалық мәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің
тоғысуында пайда болған халықтың мәдениетінің тілге әсер етуін зерттейтін
ғылым. Лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара
байланысы туралы көптеген
пікірлер кездеседі. Орыс тіл білімінде бұл мәселе жөнінде "тіл -мәдениетті
жеткізудің құралы", "мәдениеттің компоненті", "мәдениеттің бір құрамдас
бөлігі" [2, 103] делінген бағыттарда біршама зерттеу жұмыстары бар. Сонымен
қатар тіл мен мәдениеттің парадигмасындағы жеке тұлға аспектісіне назар
аудару қажеттілігі айтылып келеді. Мұнда мәдениеттің феномені мен тілді
тұтынушы тұлға арасындағы байланыс зерттелуі қажет. Ал бұл мәселе кез-
келген халық өмір сүретін қоғамда болып жататын әлеуметтік-қоғамдық
өзгерістерге байланысты. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттеушілер,
яғни лингвомәдениеттанушылар осы мәселені жан-жақгы, ауқымды түрде
қарастыруға талпыныс жасауда.
"Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и
культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились
и закрепились в языке" [3, 14]. Тіл мен мәдениеттің өзара әсері және өзара
байланысы процесін қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген
анықтамамен берілгенімен, аталған меселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес.
Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен
қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік
лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика тағы басқа пәндердің негізінде
зерттеп келді.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет көтерген
ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня. Бұл мәселелердің қайнар көзі - Ф.
фон Гумбольдттың ғылыми еңбектерінде мынандай ғылыми ой-тұжырымдар
жасалады:
* материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
* кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік
жүйеде айқын көрінеді;
* тіл - адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
* тілге "халықтық рух" пен мәдениетгің белгісі - ішкі форма тән[4, 15].
В. фон Гумбольдттың ізбасарлары Г.Штейнталь мен М.Лацарус этностар
психологиясының тілге әсерін қарастырса, ал В.Вундт тілдің әлеуметтік
сипатын зерттеді. Белгілі ғалым А.А.Потебня тіл халықтың мәдениетінің
негізгі қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-
әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады. Лингвист Ф. де Соссюрдың теориясы
бойынша халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен менталитетінің тілге әсері
мәселелері этнолингвистика пәні түрғысынан зерттелген. Тіл мен мәдениет ара
қатынасы американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың лингвистикалық
салыстырмалы болжам гипотезасында қарастырылған, бұл теория бойынша:
тіл халықтың ойлау қабілетіне әсер етеді;
күнделікті өмір мен дүниені тану амалдары субъектілерді тілде ойлауына
байланысты болады [5, 174].
Осы гипотезаның негізгі қағидаларын Л. Вейсгербер жалғастырды.
Лингвистикалық салыстырмалы болжам теориясы шетелдік және ресейлік
ғалымдардың бірде қарсы пікірлеріне тап болса, бірде зерттеушілер оның тіл
мен мәдениеттің өзара қатынасындағы орасан қызметін бағалап, негізгі ойды
жалғастырып отырды. Соңғылардың қатарына Н.И.Толстой мектебінің
этнолингвистикалық еңбектері жатады.
Қандай да болмасын жаңа ғылымға қатысты түйіндеулердің болжам айту,
бағыт сілтеу тұрғысынан әртүрлі болатындығы сияқты ұлттық тіл мен ұлттық
мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке
әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдар да әрқилы. Алайда осы ғылым
саласының объектісі турасындағы тұжырым біреу, ол - ұлттық менталитеттің,
ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі, тіл арқылы
берілуі.
Әр ұлт өз тілінде дүние, әлем туралы түсініктерін түрлі тілдік фактілер
арқылы кесіп-пішеді, қоршаған әлемнің тілдік әлемі, негізінен алғанда
адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып
келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын
лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы
атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің, ондағы құбылыстардың тілдегі
бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады.
Орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің ұлттық менталитетке қарым-қатынасын
зерттеген В.Телия ұлттық мәдениет пен этностың ұлттық-танымдық сипатын
фразалық тіркестермен қатар халық мәдениетінің рәсімдік нысандары,
паремиологиялық қор, образ - эталондар жүйесі, символ сөздер және символды
таныта алатын сөз тіркестері, теологиялық атаулар, қанатты сөздер мен
орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдейді [6, 239-247].
Лингвомәдениеттану саласындағы басты бағыт - ұлттық тіл мен ұлттық
мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы, бұнда "мәдениет" ұғымы "...
рассматривается применительно к аспектам взаимодействия с языком и языковой
личностыо". Лингвомәдениеттану саласының объектілері, бірліктері мен пәні
жайындағы орыс тіл біліміндегі алғашқы көзқарастар В.Телияның,
В.Воробьевтің еңбектерінде аталған.
Тіл мен мәдениеттің ұлттық ерекшеліктері, этнопсихологиялық болмысы,
қарым-қатынастың әр лингвомәдени қауымдастықтағы өзгешеліктері мен
коммуникациядағы бейвербалды компоненттердің қызметі және т.б. мәселелер
көптеген монографиялар мен мақалаларда қарастырылған.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік құралдар
арқылы белгіленуі қазақ ғылымында ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика
аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар, ғасыр соңындағы жаңа
ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез-
құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан-жануар
ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан-дүниесі
белгіленетін, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік
құралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым-
қатынасы керінетінін дәлелдеуге ұмтылыс бар.
Бұл туралы А.Вежбицкая: "... каждый язык национально специфичен. При
этом в языке отражаются не только особенности природных условий и культуры,
но и своеобразие национального характера его носителей" дейді [7,21]. Бұған
мазмұндас пікірді орыс ғалымы В.В. Виноградов та айтқан болатын "... каждый
язык прежде всего национальное средство общения". Тілдегі бірліктер
халықтың дүниетанымы, болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті
сол халықтың тіршілігінен өмір сүрген ортасынан, менталитетінен,
психологиясы мен әлеуметгік - саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық
құбылыс болып табылады. Тіл — мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің
көрінісі ретінде ғылымда өз дәрежесінде әлі де зерттелмей келеді. Тіл -
рухани күш, демек тіл және семиотикалық таңбалар арқылы адам кез-келген
құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады.
Лингвомәдениеттану - мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып, жүйелі
түрде қарастырады. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін мәдени
құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді. Осыған байланысты тіл мен
мәдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын, синтездейтін
"лингвокультурема" түсінігі, лингвомәдени өріс, лингвомәдени компетенция
деген түсініктер аталып жүр. Бұл аталған терминдік ұғымдардың әрқайсысы
күрделі мәселе.
Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білу тарихқа қатысты
әртүрлі мәселелерді танып-білуге көмектеседі. Ол мәселелер қатарына белгілі
бір халықтың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі
мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтармен байланысы туралы
мәліметтер енеді. Рулардан тайпаның, тайпалар одағынан халықтың жасалып
пайда болуы ру тілінен тайпа тілінің, тайпа тілінен халық тілінің пайда
болып жасалуынан бөлек емес, қайта бір-бірімен қабаттасып жатады. Демек,
халық тілінің жасалып, пайда болу тарихына қатысты мәселелерді есепке алмай
тұрып, халықтың жасалып, пайда болу мәселесін ғылыми тұрғыдан жан-жақгы
дұрыс шешу мүмкін емес.
Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен
тілдің ара-қатысы және т.б. мәселелерді зерттеп шешу үшін философия тіл
біліміне бағыт-бағдар сілтейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске
асатын болғандықтан, ғылым адамның ойлау процесі, өзін қоршаған дүниені
адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра
алмайды. Бұл жерде этнография, мәдениет, өнер, тіл туралы айтқанда
семантикалық философияның өкілі, американдық дискриптивті мектептің ірі
ғалымы Эдуард Сепир туралы айтқан жөн. Ғылымда Уорф-Сепир гипотезасы деген
атпен белгілі болған атақты ілімнің иесі тіл мен мәдениет туралы алғаш сөз
еткендердің бірі. Оның пікірінше, "мәдениет- халықтың ойлауының, ісінің
көрінісі, ал тіл - қалай ойлаудың көрінісі.
Тіл мен мәдениет бір-бірінен ажырамас екі бірдей әлеуметтік құбылыс.
Қоғамның өзі адамнан, ал адам тіл мен мәдениеттің бірлігінен тұрады.
Э.Сепир еңбектерінің негізгі тұжырымдамасы:
* тіл — мәдениеттің өнімі;
* мәдениеттің негіз - тіл;
* тіл мен мәдениет — егіз жұп
Сонда тіл мен мәдениет арасындағы байланыс генетикалық па, функционалдық
па? Сепирдің түсінігі бойынша, тіл - биологиялық мұра емес, ол мәдени
құбылыс [8, 251].
Лингвомәдениеттану - жаңа ғана өрісін жайып келе жатқан, әлі де болса
ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым,
екіұдай түсінік тудыратын пікір-тұжырымдары да бар, бірақ оның XXI ғасырда
гуманитарлық ғылымдардың көшбасында болатындығы даусыз.
Көп ретте лингвистикалық мәдениеттану этнолингвистика пәнімен байланысты,
біраз мәселелерді шешуде ғылыми принциптері ұқсас келеді. Ғалым
В.Н.Телияның пікірінше, лингвистикалық мәдениеттану - тілдің
корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін
зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлігі. В.В.Воробьев
этнолингвистиканы комплексті, этнографиямен шектес, халықтың мәдени
ерекшеліктерін, тарихи-мәдени қарым-қатынастарының шығу тегімен таралуын
зерттейтін ғылым деп анықтайды [9, 34].
Этнголингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан
туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес саласы. Тіл
әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу
барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген әлеуметтік лингвистика,
психолингвистика, паралингвистика сияқты этнолингвсистика да – этностаным
мен тілтаным ғылымдарының ортақ мәселесі шеңберінде тоғысу нәтижесінде
пайда болған жаңа сала. Ол – этностың табиғатын тереңнен танып – білу үшін
басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен
қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым. Этнос пен этнос
тілі негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, олардың өзара үйлесімін
айқындауға келгенде, бір жерден шыға алмай жүргендігі мәлім. Этносты
кейде мәдениет, тарих пен әлеуметтік жағдай деп оның шеңберін тарылтып
бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі. Мәселен,
Фердинант де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының
өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын сол халықтың өзін
қалыптастырады деп тұжырымдады. Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр
мифология т.б. осы сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, тіл
әлемін тілдің символдық қызметі мен шектеп көрсеткісі келеді.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған,
жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе
жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. Этнос
жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды. Этнос және этнос
болмысы деген ұғымдарды этнолингвистика тұрғысынан қалай түсінуіміз керек
?
Этнос - ғылым жүзінде: өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір
географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай,
діні де тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін,
туыстығын, тайпалық рулық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан
кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып танылады.
Этнос болмысы - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы
реальды шындық, оның тілі арқылы қылыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан
мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани мәдени қазынасы.
Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру,
оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны
игеріп, жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең басты мақсат міндеті.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этнос тілі десек, ондағы мақсаты –
сол тіл арқылы этностың болмысын танып білу болады. Этнолингвистиканың
зерттеу объектісі – барлық жағдайда да этнос тілі екендегі айтылады. Алайда
ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші,
оған арқа сүйеуші пәндер көп. Олардың біразы этнос тіліне байланысты
этнолингвистикамен тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп ғылым,
білім, мәдениет т.б. салалар. Этносты танып білуге тұс-тұсынан өзіндік
үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі – мәдениеттану десек, ол
этнос болмысының ауқымда да маңызды саласымен шұғылданады. Мәдениет жеке
адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүние таным, салт-дәстүр, рухани-мәтериалдық
байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым. Этнос мәдениеті ғылыми
тұрғыдан былай анықталып жүр: Этнические культуры – эти особые
исторические выроботанные способы деятельности, благодаря которым
обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к условиям окружающей их
природной и социально-культурной среды. Бұл мәдениет әрбір этносқа тән
белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс.
Этнолингвистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты – тілдің қызметі мен
дамуына лингвистикалық, этно-мәдени және этнопсихологиялық факторлардың
әсер етуін қарастыру. Тіл мен этносқа қатысты, демек, этнолингвистика
пәніне тән мәселелер В.фон Гумбольдт, А.А.Потебня, Вяч.Вс.Иванов,
В.Н.Топоров, Н.И.Толстой, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов, т.б. ғалымдардың
жұмыстарында қарастырылды. Қазақстандық ғалым М.М.Копыленко этнолингвистика
пәнінің оқу құралы "Основы этнолингвистики" (1977) деп аталатын еңбегінде
ғылымның бұл саласындағы негізгі қағидаларды ғылыми бағыт анықтайды деп
тұжырымдайды. Бірінші бағыт - ресейлік ғалымдар Вяч.Вс.Иванов пен
В.Н.Топоров бастаған ғалымдар тобы; екіншісі - академик Н.И.Толстой және
оның шәкірттерінің концепциясы. Аты аталған зерттеушілер мен олардың
ізбасарларының зерттеу объектісі ретінде славян халықтарының салт-
дәстүрлері мен күнтізбелері, жалпы рухани мәдениеті болды. Үшінші бағыт -
академик Ә.Т.Қайдаров мектебінің өкілдері [10, 24 ] . Қазақ тілі білімінде
ғылымның бұл саласын (бұрын-соңды Ә.Т. Қайдаровқа дейін арнайы сөз болған
емес.) белгілі ғалым Ә.Т.Қайдаров осы пәннің мақсаты мен міндеттері жөнінде
айта келе мынандай тұжырым жасайды: "Этнолингвистика, егер оның түп-
тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосыңдысы
емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын
жырлайтын шартты түрде ғана қосарласқан дүние емес, этнолингвистиканың
объектісі - этнос және тіл, тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін
емес". Этнолингвистика лингвистикалық мәдениеттанумен шектес,
қарастырылатын мәселелері және зерттеу объектісі жақын болғандықтан, бір-
бірінен ажырамас пәндер, ал бүгінгі күні олардың негізгі қағидаларын
жүйелеп қазақ этносының тілі мен мәдениетін қарастыру ең өзекті
мәселелердің бірі.
Тілді кейде көп бұлақтан бастау алып, арнасына сыймай, асып-тасып жатқан
шалқар дарияға теңейтініміз, шынында да, оның мәңгілікті қалайтын, жасай
бергісі келетін, жасаған сайын жасара беретін ғажайып құбылыс екеніне
байланысты болса, тілдің дүниеге келіп,. өзін болашағы зор ғылым саласы
екенін көрсете бастауы, оның ана тіліміздің, міне, осы бір қасиеті мен
құдіретіне байланысты.
Мәдениеттану адамдардың мәдени әрекеті және қоғамдық орындардағы тәртіп
пен әдеп-салты ұғымдарының дамуы мен қазіргі күндегі орнын қарастырады.
Ғалым В.В.Воробьев лингвомәдениеттануды "металингвистикалық" ғылым деп
анықтайды, себебі ол тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және өзара әсері
фактілеріне жүйелі түрде сипаттама береді [11, 36].
Лингвистикалық мәдениеттану шекаралас пәндердің қиылысуында пайда болып,
олармен тығыз байланыста болады және мәдениеттану, лингвоелтану, әлеуметтік
лингвистика, этнолингвистика пәндеріне қарағанда арнайы аспектісі — тіл мен
мәдениеттің өзара байланысы мәселесін өзінше қарастырады. Осындай ерекше
белгілерге байланысты ғалым В.В.Воробьев лингвомәдениеттану пәніне
төмендегідей анықтама береді:
"Лингвокультурология" - комплексная научная лисциплина синтезирующего
типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его
функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в
единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи
системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные
установления (система норм и общечеловеческих) ценностей" [12, 36-37].
Лингвомәдениеттану пәнінің мақсаты, объектісі мен ғылымдағы орнын
анықтауда ғалымдар В.В.Воробьев, В.А.Маслова, В.Н. Телияның монографиялық
еңбектеріне де сүйенеміз. Пәннің мақсаты - халық мәдениетінің тіліне әсер
етуін анықтау, олардың диалектикалық өзара байланысы мен дамуын жүйелі
түрде қарастыру. Ал зерттеу объектісі - тіл мен мәдениеттің өзара әсері мен
өзара байланысы және осы өзара қатынас процесі бір тұтас жүйе түрінде
туындайды. Демек, лингвомәдениеттанудың объектісі тіл білімі мен
мәдениеттану пәндерінің қиылысқан жерінде зерттеледі. Ал зерттеу пәні
ретінде төмендегідей объектілерді атауымызға болады:
* тіл - дін өзара қатынасы;
сөйлеу әрекеті;
сөйлеу этикеті және т.б. [13, 51].
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен
толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашақта
аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлердің туындау төркіні тереңде жатыр.
Айтылтан ой жайында В.фон Гумбольдттың "Тіл - халық рухы, халық рухы тіл
арқылы көрініс табады" деген тұжырымы — жаңа ғылыми жолдың концепциясының
алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі
құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар,
жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны
сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше, біріншіден, мәдениеттің екі түрі -
материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден,
мәдениет – ұлт нышанын танытып, тілде өз жүйесін табады, үшіншіден, тіл –
адам мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух
— тілдің ішкі формасына тән", - деп көрсетеді. Ал мәдениеттің көне,
жаңасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана
тілдің құдыреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы
өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет
арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екендігінен көрінеді. Мұның
нақты ғылыми тұжырымын Э.Сепир: "Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс
өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс-тіршілігіміз мүлде
қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі
лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы
тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге
болады" деп анықтай келе әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің
табиғатынан танылатынынан көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі
адамзаттың дүниені тануы мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысына
байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған "Сепир-
Уорф болжамы", оның халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми
алғышарты іспеттес болғаны- ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.
Тіл - тек мәдениетті танушы кұрал ғана емес, тілдің бойында оның
(мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап
тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында,
мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын
қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің
бірі.
Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен
дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: "тілдің табиғаты мен тегі тіл
мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында" деген құнды пікірімен
бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға түсірушілер - Г.Штейнталь мен
М.Лацарус. Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні,
тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп "тіл
мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті", "халық рухы
алдымен тілде" деп түйіндеген. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында
мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.
Тілдің ерекшелігін әлеуметтану түрғысынан зерттеген ғалым В.Вундт өз
еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық рухты жаңғыртатын
факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі ролін
әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да,
ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын — салт-дәстүрлер деп танимыз.
Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына
себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениент бастауы екендігі
сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаға бағытқа
жол салушы-ресейлік тілші-ғалым А.А.Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен біте
қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: "Тіл -халықтық "рухтың"
жемісі, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін жан-жақты сөз ете
келе: "Халық рухы" алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-
дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді"-деп қорытады [14,
117]. Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық
мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына
саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін
өзек қылған ғылыми құнды ойлар мен түжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен
ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында,
адамзат қоғамынының дамуында - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың
жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуындағы маңызды фактор. Ал, әр
халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің
ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл
ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында
сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен
ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректердің белгілі
бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың
бірі — лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен
бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда аталған ғалымдардың (Ф.Соссюр,
В.Гумбольдт, А.Потебня, В.Штейнталь т.б.) ғылыми ой тұжырымдарын одан әрі
ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В.Воробьев,
В.И.Телия, Е.М.Верещагин, В.Т.Костомаров, В.Маслованың зерттеулерінің
лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына
зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е.М.Верещагин мен
В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың:
"Тіл - тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің материалдық
және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы,
сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің
кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі -
әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде
қалыптастыруы" деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы
әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.
Мәдениет – қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени түғырға көтерілуіне
әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші
халыққа оның тілді деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп
отырғанымыз - мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы
жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік
мәдениеттанушы Ю.М.Лотман төмендегідей пікірімен сабақтастырады:
"Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык.
Это означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых в
соответствии и известными членами данного коллектива правилами. Знаками мы
называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и т.д.),
которое имеет значение и, таким образом служить средствам передачи смысла.
Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-вторых,
символическую природу" [15,6].
Ендеше, жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының
түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдіретімен бейнеленіп,
шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және
табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл — тіл мен
мәдениеттің тоғысуы жолын көздеген лингвомәденитеттану пәнінің негізі
болмақ. Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның lіпguа-тіл,
gultura- мәдениет, logos - ілім деген терминдерінің жинақталуынан туындап,
лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық
мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра
зерттейтін сала. Осы орайда А.Соломоник: "Лингвомәдениеттану – тілдің
корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара қатынасының синхронды түрін
зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі", - [16, 217]
деп сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік
жолын көрсетуші ғалым В.В.Воробьев оны "менталингвистика" ғылымы ретінде
танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәденитеттің өзара
әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынандай ғылыми анықтама
береді: "Лингвокультурология -комплексная научная дисциплина синтезирующего

установления (система норм и общечеловеческих ценностей)".
Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық әдебиетін танытушы ғылым деп санап,
былайша анықтайды; "Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке
лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа.
Которые отразились и закрепились в языке".
Көріп отырғанымыздай, В.Воробьев, А. Маслова, В.Телияның бұл ғылыми
түжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры
американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б .Уорфтың "Лингвистикалық ықтималдық
теориясының" негізін танытқан "этнос дүниетанымытдағы ерекшеліктің ізі
халық тілінде сақталады" деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл
жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика мен лингвомәдениеттану
пәндерінің тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен, В.Воробьев атап
көрсеткендей, этнолингвистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша
түсіндіруге болады: "Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық
мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда
этнолингивистиканың зерттеу мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына
лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше
қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру".
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың
түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да
ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар
деп танылатын әлеуметтік, танымдық, эстетикалық, этикалық, саяси,
адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңшылықтарды тілдік
құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан
лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі
көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық
категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын
анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты
негізделген ойымызды маман-ғалым В.Воробьевтің мына пікірі толықтыра
түскендей: "Исследование загадки России, русской литературы и цивилизации -
одна из важнейших задач лингвокультурологии: она позволяет открыть и
освободить от всячиских наслоении духовный источник силы русского народа.
Может дать разгадку многих устоичивых языковых выражений, словесных и
художественных образов "подтекст", которых иначе останется не вполне ясным,
осознанным" [17, 9]. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу
объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтарының тілдегі
көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. да берілуі кеңи түсетіні көрінеді. Олай
болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде
жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениетпен болымсыздық ерекшеліктерді
таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан,
Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен бастап ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев,
Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев.
Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар
еңбектерінде тіл фактілерінің сипаты ретінде танытылады. Ғалым Е.Жанпейісов
"Этнокультурная лексика казахского языка" еңбегінде М.Әуезовтың "Абай жолы"
эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан
зерттеуі қазақ халқының мәдениетінің тіл деректері арқылы танытуда қосқан
зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің табиғатын танытып жүрген, белгілі
тілші-ғалым Р.Сыздықова өзінің "Сөздер сөйлейді" т.б. еңбектерінде бүгінде
жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар
сөздер мен сөз тіркестерінің (абжыландай толғану, кек, жыға, бес жетім
т.б.) тарихи-тілдік мағынасын ашып, "қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен
ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың тілінде, жырларда ескі тұрмыс-салтқа
байланысты бүл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса
мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс" деп
көретеді [18, 5].
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы
кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағүлова, А.Алдашева, А.Салқынбай,
Р.Авакова, А.Сейсенова, Г.Қажығалиевалардың т.б.) сөз болуы, назар
аударылуы, лингвомәдениеттану ғылымының пәні ретінде қалыптаса бастағанын
байқатады.
Тіл білімінің осы жаңа саласын көптен бері зерттеп келе жатқан ғалым
Е.Жанпейісов Этнолингвистика қазір өз алдына дербес пән ретінде ғылымның
алдыңғы шебіне шығып, өзінің бітім-болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи
категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін емес, көбіне-көп
өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқын
көрінеді [19, 7] Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуыңдағы
өзара байланысты анықтап, мәдениент ұғымын, мағыналас фразеологизмдердің
бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану
пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: "Лингвомәдениеттану — этномәдени
және этнописхологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына
компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерттеп, тілдің дәл
қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз
заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл – ұлт мәдениет дейтін үштік
(триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ".
Лингвомәдениеттанудың өркениеті, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын
тілдік тұрғыдан сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы жайт
тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының
қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші
А.Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: "Тілдік деректерді лингвомедени
аспектіде зерттеу — ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманитарлық,
мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі
құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бірі де тілде өз көрінісін
табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде
қарастырылады". А.Сейсенова этикет формаларына линговмәдениеттану
аспектісінде салыстырмалы талдау жасап, халық мәденитеті мен ұлттық
мөдениеттің бірлік қызметіне ерекше тоқтайды: "Лингвомәдениеттану -
мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететін, яғни фактор мен адам бойындағы
тілдік факторлардың байланысын қарастырады" деп түйіндейді.
Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың
өмірінен де мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын
немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы орайда
лингвомәдениеттану пәні аударма мәселесімен шұғылданушылардың да назарынан
тыс қалмаған. Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін сөз еткен А.Алдашева
бұл пәннің зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, ірі лингивистика
ғылымымен ортақтығын: "Лингвомәдениеттанудың ауқымы соңғыларға қарағанда
өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі,
халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс
емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін
дәледейтін белгі қайсы; ұлттық бет-пішіні бар деп есептелген сөз (өзге де
тұлғалар) ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси, адамгершілік, тұрмыстық
нормалары мен қағидаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге
назар аударады",- деп тұжырымдайды [20, 28].
Көріп отырғанымыздай, лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың
теориялық зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау
туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің
байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ, этнолингвистиканың
зерттеу нысаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz