Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
1.Диалектизмдерді лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері
2.Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер
3.Батыс өңіріне тән киім.кешек атауларындағы диалектизмдер.
4.Батыс өңіріне тән жануарлар атауындағы диалектизмдерге
5.Батыс өңіріне тән құрал.жабдық атауларындағы диалектизмдерге
6.Батыс өңіріне тән жер бедері атауларындағы диалектизмдер.
7.Батыс өңіріне тән өсімдік атауларындағы диалектизмдерге
8.Кәсіп.шаруашылыққа қатысты диалектизмдер.
9.Батыс Қазақстан өңіріне тән рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары тіл мен мәдениеттің арақатынасы туралы мәселе өзекті мәселелер қатарында қарастырылып келеді. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдардың аталған мәселеге ерекше назар аударуы лингвомәдениет-тану ғылымының дамуына жол ашты. Ол тіл бірліктерінің ұлттық-мәдени семантикасын зерделеуге мүмкіндік береді. Лингвомәдениеттану – ұлттық мәдениет-тің тілдегі көрінісін сипаттау мәселелерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лингвомәдениеттануда тіл коммуникация мен таным құралы ғана емес, ұлттың мәдени коды ретінде қарастырылады. Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі тіл бірліктері мен тілдің ұғымдық-категориалдық құрамындағы мағыналық бірліктерді ұлттың қабылдауы мен дүниетанымы тұрғысынан сипаттайды. Адам когнициясы мен мәдениеттүзу қызметінің негізгі тетіктерінің пайда болуы мен дамуы барысындағы тілдің қызметін зерттеу ақиқат болмыстың тілдегі бейнеленуін сипаттап, осы мәдениет өкілдерінің дүниетанымы, эстетикалық нормалары, діни наным-сенімдері туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Лингвомәдениеттануда тіл мен мәдениетті тұтынушы ретінде адам маңызды орын алады. Оның аялық білімі, мінез-құлығы мен тәртібі, ұстанымдары мен дүниетанымы белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде оны басқалардан ерекшелендіріп тұрады. Сол себепті лингвомәдениеттануда адам факторына маңызды орын беріледі.
Осымен байланысты белгілі бір аймаққа тән жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі этнолингвистикалық сипаттарға талдау жасау қазақ тіл білімінде әлі де болса өз деңгейінде зерттелмей келеді. Негізінен осы уақытқа дейін жергілікті сөзқолданыстардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктері қарастырылып, ондағы талдаулар көбінесе құрылымдық грамматика мәселелері тұрғысынан сөз болып келді. Ал соңғы жылдары антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің жалпы тіл білімінде қарқынды қолға алуына байланысты жергілікті сөзқолданыстарды да әлемнің тілдік бейнесін адам факторы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырудың қажеттігі анықталып отыр. Себебі осы тілдік құрылымдардың түзілуіне әсер еткен экстралингвистикалық факторлар анықталғанда ғана осы жерге тән ерекшеліктердің пайда болу себептерін көрсетуге болады. Бұл орайда қазақ тіл білімінде М.Атабаеваның “Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі” атты еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда ғалым жалпы қазақ тіліне ортақ этнодиалектизмдерге тоқталады. Аталған еңбек этносты тіл арқылы танытатын этнолингвистикалық ізденістердің басы болып табылады. Ал нақты белгілі бір аймаққа, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағына жататын этнодиалектизмдер осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осымен байланысты жұмыста батыс өңірінің этномәдени сипаты айшықты көрініс тапқан

1 Ольшанский И. Г. Лингвокультурология в конце ХХ в.: Итоги, тенденции, перспективы // Лингвистические исследования в конце ХХ в.: Сб. обзоров. – М., 2000. – С. 29.
2 Кураш С.Б. Метафора и ее пределы: микроконтекст – текст интертекст. – Мозырь, 2001. – 121 с.
3 Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні.
– Алматы: “Қылым”, 1985. – 159 б.
4 Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер
– Алматы, 1965.
5 Нұрдәулетова XVҚҚҚ-ХҚХ ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілдік ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дисс.
– Алматы, 1999.
6 Уәлиев Н. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы // ҚР ҰҚА Хабарлары, 2000. ғ2.
7 Қыдыралин У. Қазан төңкерісіне дейінгі Маңғыстау қазақтары. Филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 1996.
8 Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: “Дайк-Пресс”, 1999. – 776 б.
9 Руденко С.И. Очерк быта казахов бассейна рек Уила и Сагиза. Антропологические особенности западных казахов // Материалы ОКИСАР, Казаки. – Л., 1927. Вып. 3.
10 Карутц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. СПб., 1910.
11 Снасапова Г. Қ.Мүсіреповтың “Ұлпан” повесіндегі лингво-мәдени бірліктер. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2003. – 141 б.
12 Қалиев Қ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру.
– Алматы: “Мектеп”, 1985. -232 б.
13 Жанпеисова С. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1996. – 167 б.
14 Жолдасбек Л. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар. Филол. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 1999. – 30 б.
15 Қойшыбаев Е. “Әке” және “тегі” сөздерінің семантикалық өзгеруі жайлы” // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. – Алматы: “Қылым”, 1973. Б. 149-157.
16 Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: “Атамұра”, 2005. – 272 б.
17 Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: “Қылым”, 1971. – 215 б.
18 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. Дисс. док. филол. наук. – Алматы, 1991. – 266 б.
19 Күркебаев К. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2003.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар
1 Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің зерттелуі
// Транспорт Евразии: Взгляд ХХҚ век. Материалы второй международной научно-практической конференции. г.Алматы, 16-17 октября 2002 г. С. 106-108.
2 Батыс өңіріндегі тұрғындар тілінің лингвогеографиялық сипаты // Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. “С.М.Исаев оқулары” аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы қаласы. ҚҚ том. 30 сәуір 2003 ж. Қайнар университеті. Б. 223-228.
3 Х.Досмұхамедұлының еңбектеріндегі батыс өңіріне тән жергілікті тіл ерекшеліктерінің берілуі // ҚҚҚ Республикалық “Досмұхамедов оқуларының” материалдары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. – Атырау қаласы, 2003 ж. қазан-қараша Қ -том. Б. 60-66.
4 Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі мен кейбір мағынасы көмескіленген сөздер туралы // Махамбет ґтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған “Махамбет ерлік пен елдіктің өшпес рухы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Атырау қаласы. ҚҚ том. 12-14 қыркүйек 2003 ж. Б. 41-48.
5 Қ.Сланов шығармаларының тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданысы // С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: “Дайк-Пресс”, 2004 ж. Б. 94-98.
6 Батыс өңіріндегі тілдік ерекшеліктердің тарихи-лингвистикалық сипаты // Қ.Жұбановтың 105 жылдығына ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Ақтөбе қаласы, 25-27 қараша 2004 ж. Б. 239-242.
7 Батыс өңіріне тән лексикалық ерекшеліктер және олардың көркем әдебиеттегі көрінісі // ҚР ҰҚА Хабарлары. – Алматы, 2004 ж. ғ4. Б. 99-105.
8 Батыс өңіріндегі жазушылардың жергілікті сөз қолданыстарындағы лексикалық ерекшеліктер // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен “Академик Рабиға Сыздық және қазақ тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы қаласы, 2004 ж. Б. 176-178.
9 Батыс өңіріне тән диалектизмдердің дүниетанымдық сипаты //
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Хабаршы. Филология сериясы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2005 ж. 28-29 сәуір ғ4 (86). Б. 73-76.
10 Жергілікті тіл ерекшеліктерінің көркем шығармалардағы қолданысы // “Қазақ тіл білімі даму жолында” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Атырау қаласы, 12-13 қараша 2004 ж. Б. 51-53.
11 “қазақ тілінің диалектологиясы” университеттердің филология факультеттеріне арнал¹ан оәу әөралы. – Алматы: “қазаә университеті баспасы”, 2006 ж. Б. 213.
12 Батыс өңіріне тән этнодиалектизмдердің лингвомәдени сипаты //Тілтаным. 2006 ж. ғ4 (24). Б. 175-179.
13 Әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан этнодиалектизмдердің сипатталуы // Қзденіс-поиск. 2007. ғ1 (2). Б. 148-152.

ӘОЖ 811. 512. 122,373
Қолжазба құқығында
МҰхамбетов Жомарт ИбатоллаҰлы
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және Қылым министрлігі
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор
О.Нақысбеков
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Қалиев
филология ғылымдарының кандидаты
К.Күркебаев
Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар
педагогикалық институты
Диссертация 2007 жылы “15” маусым сағат 16.00-де
ҚР БжҚМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 –
түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).
Автореферат 2007 жылы “15” мамырда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары тіл мен мәдениеттің арақатынасы
туралы мәселе өзекті мәселелер қатарында қарастырылып келеді. ХХ ғасырдың
аяғында ғалымдардың аталған мәселеге ерекше назар аударуы лингвомәдениет-
тану ғылымының дамуына жол ашты. Ол тіл бірліктерінің ұлттық-мәдени
семантикасын зерделеуге мүмкіндік береді. Лингвомәдениеттану – ұлттық
мәдениет-тің тілдегі көрінісін сипаттау мәселелерін зерттейтін тіл
білімінің саласы.
Лингвомәдениеттануда тіл коммуникация мен таным құралы ғана емес,
ұлттың мәдени коды ретінде қарастырылады. Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі тіл
бірліктері мен тілдің ұғымдық-категориалдық құрамындағы мағыналық
бірліктерді ұлттың қабылдауы мен дүниетанымы тұрғысынан сипаттайды. Адам
когнициясы мен мәдениеттүзу қызметінің негізгі тетіктерінің пайда болуы мен
дамуы барысындағы тілдің қызметін зерттеу ақиқат болмыстың тілдегі
бейнеленуін сипаттап, осы мәдениет өкілдерінің дүниетанымы, эстетикалық
нормалары, діни наным-сенімдері туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік
береді.
Лингвомәдениеттануда тіл мен мәдениетті тұтынушы ретінде адам маңызды
орын алады. Оның аялық білімі, мінез-құлығы мен тәртібі, ұстанымдары мен
дүниетанымы белгілі бір мәдениеттің өкілі ретінде оны басқалардан
ерекшелендіріп тұрады. Сол себепті лингвомәдениеттануда адам факторына
маңызды орын беріледі.
Осымен байланысты белгілі бір аймаққа тән жергілікті тіл
ерекшеліктеріндегі этнолингвистикалық сипаттарға талдау жасау қазақ тіл
білімінде әлі де болса өз деңгейінде зерттелмей келеді. Негізінен осы
уақытқа дейін жергілікті сөзқолданыстардың лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық ерекшеліктері қарастырылып, ондағы талдаулар көбінесе
құрылымдық грамматика мәселелері тұрғысынан сөз болып келді. Ал соңғы
жылдары антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің жалпы тіл білімінде
қарқынды қолға алуына байланысты жергілікті сөзқолданыстарды да әлемнің
тілдік бейнесін адам факторы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырудың
қажеттігі анықталып отыр. Себебі осы тілдік құрылымдардың түзілуіне әсер
еткен экстралингвистикалық факторлар анықталғанда ғана осы жерге тән
ерекшеліктердің пайда болу себептерін көрсетуге болады. Бұл орайда қазақ
тіл білімінде М.Атабаеваның “Қазақ тілі диалектілік лексикасының
этнолингвистикалық негізі” атты еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда ғалым
жалпы қазақ тіліне ортақ этнодиалектизмдерге тоқталады. Аталған еңбек
этносты тіл арқылы танытатын этнолингвистикалық ізденістердің басы болып
табылады. Ал нақты белгілі бір аймаққа, оның ішінде Батыс Қазақстан
аймағына жататын этнодиалектизмдер осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны
болмаған. Осымен байланысты жұмыста батыс өңірінің этномәдени сипаты
айшықты көрініс тапқан көркем мәтіндерден жинақталған диалектизмдер тіл мен
мәдениет сабақтастығында қарастырылды. Тақырыптың өзектілігін осы тұрғыдан
сипаттауға болады деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты – көркем мәтіндердің негізінде Батыс Қазақстан
өңіріне тән жергілікті ерекшеліктердің этномәдени сипатына кешенді түрде
талдау жасау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
- тілдік құбылыстарды лингвомәдениеттанымдық ерекшеліктер ретінде
талдаудың теориялық-әдістанымдық негізін анықтау;
- осы өңірге тән салт-дәстүр, ырым-жоралғыларда, кәсібінде
ономастикалық жүйесінде, өңір тарихы мен мәдениетіне қатысты прецеденттік
мәтіндерде, фразеологиялық тіркестердің мазмұнында бейнеленген рухани
мәдениетке тән тілдік бірліктердің қызмет ерекшеліктерін талдау;
- лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің негізінде
қазақ тіліндегі, оның ішінде Батыс Қазақстан өңіріне тән
лингвокультуремалардың көркем мәтіндерде берілу ерекшеліктерін анықтау;
- сол өңірде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-
мәдени ерекшеліктерін сипаттау;
- сол өңірге тән лингвокультуремалардың көркем әдебиеттегі қызметіне
талдау жасау, өзіндік ерекше топтарын жіктеу, төркінін анықтау.
Зерттеудің жаңалығы. Зерттеуде Батыс Қазақстан аймағына тән жергілікті
диалектизмдердің этномәдени сипаты, оның ерекшеліктері, тілдік, стильдік
табиғаты алғаш рет арнайы қарастырылып, өзіндік белгілері айқындалып отыр.
Зерттеу нысаны: Көркем мәтіндегі Батыс Қазақстан аймағына тән
диалектизмдер.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында салыстыру, тілдік материалды
этнолингвистикалық сипатта зерделеу, сөздік дефиницияларға талдау жасау,
компоненттік және семантикалық талдау, сипаттама жасау әдістері қолданылды.
Зертеудің материалдары. Жұмыста Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті
ерекшеліктердің аймақтық, түсіндірме, фразеологиялық сөздіктердегі
деректері, осы өңірлердегі мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің
көркем шығармалардағы көрінісі (Қ.Сланов, Х.Есенжанов, Ә.Сәрсенбаев,
Ә.Кекілбаев, т.б.) негізге алынды. Жұмыста 4 мыңға жуық мысал талдауға
негіз болды.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі ретінде лингвомәдениет-тану
мәселелерімен айналысушы отандық және шетелдік ғалымдар: А.Вежбицкая,
В.А.Маслова, Ю.Н.Караулов, И.Г.Ольшанский, Ш.Сарыбаев, Ә.Нұрмағамбетов,
Қ.Қалиев, Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев,
М.Атабаева, Қ.Қабитханұлы, К.Күркебаев, Б.Ақбердиева, А.Қ.Сейілхан,
М.Жақсыбаева, Г.Снасапова т.б. еңбектері алынды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдық және рухани мәдениет
бірліктер ретінде сол аймаққа тән әлемнің тілдік бейнесін ұрпақтан-ұрпаққа
беріп, сол арқылы тілдің маңызды қызметтерінің бірі – ақпарат жеткізуші
қызметін орындайды;
- әлем бейнесі сөйлермен тілінің жергілікті ерекшеліктері ретінде
көркем мәтіндерде айшықты түрде көрініс тауып, қоршаған орта туралы ақпарат
жеткізуде басты орын алады;
- диалектизмдер көркемдеуші құрал ретінде көркем әдебиет стилінде ғана
қолданыла алады, ал ғылыми, іскери тілде қолданылмайды;
- диалектизмдер лирикалық жанрлармен салыстырғанда прозалық
шығармаларда жиі қолданылады және фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерге
қарағанда, лексикалық ерекшеліктер көбірек кездеседі;
- мақсатты түрде орынды қолданылған жергілікті ерекшеліктер тілдік
экспрессияның тиімді құралы болып табылады.
- фразеологиялық диалектизмдерде, аймаққа тән ономастикалық жүйеде,
прецеденттік мәтіндерде сол өңірге тән ерекшелік, ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық болмыс айқын көрінеді;
- әрбір лингвокультуремада өзі қалыптасып, пайда болған өңірдің мәдени
жүйесінің белгісі, өзіндік қолтаңбасы қалып отырады.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысындағы
жергілікті тіл ерекшеліктерінің этнолингвистикалық сипатын айқындау әлемнің
тілдік бейнесінің аймақтық ұлттық сипатын көрсетіп, этнодиалектология
мәселелерінің теориясына өзіндік үлес қосады. Зерттеу материалдарын жоғары
оқу орындарының филология және журналистика факультетінің студенттеріне,
сондай-ақ “Қазақ әдеби тілінің тарихы”, “Тарихи лексикология”, “Қазақ
диалектологиясы”, “Этнолингвистика”, “Стилистика”, “Лингвомәдениеттану”
пәндерін оқытуда, арнайы семинарлар мен курстарда пайдалануға болады.
Жұмыстың талқылануы. Зерттеу жұмысының негізгі түйіндері мен
тұжырымдары республикалық ғылыми басылымдарда 12 мақала түрінде жарияланып,
3 халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды. Атап айтқанда:
А.Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2004), А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында академик Р.Сыздықтың туғанына 80 жыл толуына орай
ұйымдастылған ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2004), әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен профессор Р.Әмірдің туғанына 75
жыл толған мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда
(Алматы, 2004) баяндалды. ҚР БжҚМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты жанындағы “Лингвистикалық жұма” атты ғылыми-әдістемелік семинарда
жөмыс баяндалып (2005, сәуір), Тіл тарихы мен диалектология бөлімінің
кеңейтілген мәжілісінде талқыланды, (30 наурыз, 2007 ж.). Сондай-ақ зерттеу
жұмысының негізінде жиналған материалдар бойынша “Қазақ тілінің
диалектологиясы” университеттердің филология факультеттеріне арналған оқу
құралы жарық көрді (2006, желтоқсан).
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГҚЗГҚ МАЗМҰНЫ
Диссертацияның “Диалектизмдерді лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан
зерттеудің теориялық негіздері” атты бірінші тарауында диалектизмдер тіл
мен мәдениеттің өзара қатысы тұрғысынан сипатталып, оларды талдауға негіз
болатын қағидалар көрсетілді.
ґткен ғасырдың соңынан бастап тіл білімінде құрылымдық-жүйелік
парадигмалардың орнын антропоцентристік, когнитивтік, динамикалық бағыттағы
зерттеулер басып, бұл сала қарқынды дами бастады. Антропоцентристік
бағыттағы зерттеулерде адам проблемасы басты назарға алынып, “адамның
сөзқолданысы”, “тілдегі адам бейнесі” мәселелері ерекше маңызға ие болды.
Бұл мәселе лингвомәдениеттану, психолингвистика, этнолингвистика,
когнитивті лингвистика салалары арқылы қарқынды дамып келеді.
Соңғы жылдары лингвомәдениеттану саласы этнолингвистикадан жеке
бөлініп шықты. Лингвомәдениеттанудың міндеті – тіл мен мәдениеттің, тіл мен
этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің арақатынасын сипаттап, зерделеу
болып табылады. Осы жұмыста көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени
мәнін сөз етуге талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеулер үшін ең алдымен,
лингвомәдениеттану теориясының негізгі ұғымдарын анықтап алу қажет. Осыған
байланысты И.Г. Ольшанский: “Цель лингвокультурологии – описание обыденной
картины мира в том виде, как она представлена в повседневной речи носителей
русского языка, в различных дискурсах и разных (вербальных и невербальных)
текстах культуры. Ее материалом являются живые коммуникативные процессы,
литературный, философский, религиозный, фольклорный дискурсы как источники
культурной информации... Слово, с точки зрения лингвокультурологии,
является своеобразным “свернутым текстом”, хранящим культурно значимую
информацию, закрепляющим особенности мировидения носителей русского языка”,
– деп жазады [1]. Демек, лингвомәдениеттану нысаны – тіл мен мәдениеттің
өзара әсері мен арақатынасы, тілдегі рухани және материалдық құндылықтардың
көрінісі, яғни адам еңбегінің нәтижесінде пайда болған құндылықтар.
Бұлардың бәрі жинақтала келе әлемнің тілдік бейнесін құрайтыны белгілі.
Тіл мен ұлттық мәдениеттің өзара байланысы түрлі қырынан сөз болып
келеді, атап айтқанда: ұлттық-мәдени компонент аспектісінде
(Е.М. Верещагин, В.Г.Костомаров), аялық білім түрінде (Ю.А. Сорокин),
мәдениет нышандары түрінде таңбаланған коннотация түрінде (В.Н. Телия) т.б.
Тіл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде халықтың ұлттық болмысын
танытатыны, қоғамда болып жатқан құбылыстар, өзгерістер тілде үнемі ізін,
таңбасын қалдырып отыратындықтан, тарихпен, этнографиямен тығыз байланыста
зерттеуді қажет етеді, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тілдің
кумулятивтік қызметі туралы академик Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева
т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Соның нәтижесінде тіл мен мәдениетті өзара байланыста, сабақтастықта
зерттегенде ғана зерттеулер оң нәтижесін беріп, тілдің көпқырлы қызметі
ашыла түсетіні анықталып отыр. Осы сабақтастықтың белгілі бір аймаққа
қатысты тілдік көріністері қандай екенін көрсету бұл мәселені толықтыра
түспек. Осыған орай біз жоғарыда атап көрсеткендей, оның көркем мәтіндегі
бейнеленуін талдауға назар аударып отырмыз. Сондықтан “Диалектизмдердің
көркем мәтіндегі қолданысы” деп аталатын бөлімде көркем әдебиет стилінің
басқа стильдерден ерекшелігіне сәйкес онда диалектілердің қолданылу сипаты,
мақсаты, қызметі туралы сөз болады.
Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен
кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар кейде автор сөзінде
қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді
көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету,
белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін
беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.
Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық
шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда
диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда
негізінен лексикалық ерекшеліктер ғана қолданылады да, фонетикалық,
грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз кездеседі. Бұл ақындардың жергілікті
тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету
емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан
туындаған.
Көркем мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз
ішінен бірнеше топқа жіктеуге болады:
- нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар
сөздер;
- семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде
жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
- этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа
жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен
құбылыстардың аттары. Мұндай этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы
болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
- фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол
жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Жергілікті ерекшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан,
олардың көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі
болып келді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін
оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне
байланысты. Көркем шығармадағы диалектизмдердің қолданысы туралы С.Б.Кураш
былай дейді: “В художественной речи диалектизмы выполняют важные
стилистические функции: помогают передать местный колорит, особенности речи
героев, наконец, диалектная лексика может быть источником речевой
экспрессии” [2].
Жергілікті ерекшеліктерді жазушы цитата түрінде қолданып, контексте
басқа стильдің элементі ретінде пайдалануы мүмкін. Сонымен қатар әдеби тіл
нормаларына жауап бере алатын басқа сөздер сияқты, солармен тең қолдануы
мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық мәні контекстегі
қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті
тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін, шығарманың
шынайылығын бере бермейді. Әдеби тілде жергілікті ерекшеліктерді шамадан
тыс қолдану да шығарманың тілін шұбарландырып, түсініксіз етеді.
“Диалектизмдердің лингвомәдениеттанымдық зерттеулер тұрғысы-нан
зерттелуі” деп аталатын бөлімде диалектизмдердің, оның ішінде Батыс
Қазақстан өңіріне тән диалектизмдердің осы уақытқа дейін зерттелу жайы,
онда негізге алынған ұстанымдар, олардың ішінде жергілікті тіл
ерекшеліктерін лингвомәдениеттанымдық жағынан талдауға тырысқан зерттеу
еңбектері туралы сөз болады. Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті
ерекшеліктер, осы өңір тұрғындарының тұрмыс-салты С.И.Руденко, Р.Карутц,
С.Аманжолов, Ә.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков, Ш.Сарыбаев, У.Қыдыралин
еңбектерінде сөз болған. Батыс Қазақстан өңірі тіліне тән жергілікті
ерекшеліктерді сөз еткен ғалымдар Ә.Нұрмағамбетов, С.Омарбеков
еңбектерінде, негізінен, диалектизмдердің фонетикалық, грамматикалық,
лексикалық сипаты көрсетілген. Сонымен қатар ғалымдар бірқатар
диалектизмдерді талдау барысында олардың этимологиялық жағына да тоқталады.
Ә.Нұрмағамбетов осы өңірдегі кейбір сөздерге тіл тарихы тұрғысынан талдау
жасай келіп, олардың төркінін қарақалпақ, ноғай тілдерінен табуға болатынын
айтады. Зерттеуші батыс диалектісіндегі ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт
тілдері элементтері соңғы кезде ғана халықтардың көршілес отыруының
нәтижесіндегі ауыс-түйіс емес, ноғай ордасы дәуірінен қалған із екенін
дәлелдейді [3, 200].
Сонымен қатар диалектолог ғалым С.Омарбековтің “Қазақтың ауызекі
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер” атты еңбегінде де Маңғыстау қазақтары
тілінде түрікпен, қарақалпақ тілінен ауысқан сөздердің көп кездесетінін
нақты көрсетеді [4, 65].
Батыс өңіріндегі тұрғындардың тілінде ноғай, түркімен, қарақалпақ
тілдерінің әсері, әсіресе, лексикалық ерекшеліктерде мол орын алған.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, Ә.Нұрмағамбетов қазақ халқының қалыптасуында
Ноғай ордасының орны ерекше болғанын айта келіп, ноғай тілінің әсерін
адстрат ретінде қарамай, ежелден келе жатқан ру, тайпа тілінің қалдығы және
өзіндік диалектизм деп санайды [3, 109].
Батыс өңіріндегі ақын-жазушылардың, жыраулардың тілінен орта азиялық
түркі жазба әдеби тілінің әсері де байқалады.
18-19 ғасырлардағы Маңғыстау ақын-жырауларының тілін арнайы зерттеген
ғалым Б.Нұрдәулетова бұл өңірдегі ақын-жыраулар мұсылманша сауатты болуына
байланысты түркі жазба әдеби тілдерінің әсері ерекше болғанын айта келіп:
“Осы өлкенің ауызша поэзиясында орталық түркі жазба әдебиетінің ерекше
тілдік дәстүрінің қалыптасуына тағы бір себеп – ғасырлар бойы қарақалпақ,
түркімен халықтарымен іргелес отырып, мәдени, әдеби байланыста болуы.
Қарақалпақ қосуқшылары, түркімен шайырлары, маңғыстаулық жыршылар өмірде
де, өнерде де іргелес жүріп, бір-бірінен үйренген, қатар жырлаған. Ал бұл
халықтардың көркем әдеби тілі орта азиялық түркі жазба әдеби тілінің
негізінде өркен жайғаны белгілі”, - дейді [5, 52].
Ал лингвомәдениеттануда мәдениеттің мейлі ол жалпы ұлттық болсын я
белгілі бір аймаққа тән мәдениет болсын, дәстүрлі түрде қалыптасқан тілдік
бірліктер, атап айтқанда, сөздер, фразеологиялық тіркестер, мәтіндер т.б.
объективті элементі ретінде көрінетіні белгілі. Тілде ұлттық болмыстың,
менталитеттің көрініс табуы нәтижесінде өзек сөздер, лингвокультуремалар
туындайды. Әр тілдің өзіндік ұлттық ойлау ерекшелігін, дүниетанымдық
ерекшеліктерін білдіретін концептілер қалыптасады.
Н. Уәлиев халықтың тарихы тілінде өз таңбасын қалдырып отыр-атынын
айта келіп: “Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-
түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі
нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің
сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың
өткендігі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады”
[6, 12], - дейді.
Лингвомәдениеттанымдық бағыт бойынша, белгілі бір этномәдениетке
жататын тілдік тұлғаның менталитетін білдіретін лингвокультуремалардың
лингвомәдени ерекшеліктері болады. Лингвомәдениеттану тұрғысынан сөз
еткенде, лингвокультуремалар белгілі бір мәдениет өкілінің рухани болмысын
танытатын менталды бірлік ретінде танылады. Бір тілді тұтынатын, яғни бір
тілде сөйлейтін адамдардың сөздік қоры бір-бірінен өзгеше болады, ол
белгілі бір сөзді қолдану ерекшеліктеріне, ол сөзге қандай мағыналарды
сыйғызуына да байланысты болады. Адамның қай сөзді жиі қолдануына және оның
қандай мәнде жұмсалуына қарай оның санасындағы осы сөздің ерекшелігін,
сипатын көруге болады.
Яғни тіл мен мәдениеттің арасындағы байланысты бүтін мен бөлшектің
арасындағы байланыс ретінде қарастыруға болады. Тіл – мәдениеттің құрамдас
бөлігі әрі құралы бола алады. Солай бола тұрса да, тілді жалпы мәдениеттен
тыс, тәуелсіз, дербес семиотикалық жүйе ретінде қарастыруға болады. Белгілі
бір тілде сөйлейтін сөйлермен сол мәдениеттің тұтынушысы да бола береді.
Сол себепті тілдік таңбалар мәдениет таңбасы ретінде қызмет атқарып,
мәдениетті танытатын негізгі құрылымдардың бірі болып табылады. Осы
тұрғыдан алғанда, тіл сөйлермендердің мәдени-ұлттық ментальдылығын бейнелей
алады.
Сондықтан да түрлі мәдениет өкілдерінің санасындағы, танымындағы
әлемнің бейнесі әртүрлі. Әр халықтың өмірді тануы, қабылдауында өзіне тән
ұқсастықтар, ортақ, жалпы жақтары болумен қатар өзіндік ерекшеліктері,
айырмашылықтары да болатыны белгілі. Халықтың белгілі бір ортада, белгілі
бір аймақта өмір сүруі оның ұлттық сипатына, болмысына әсер етеді. Ұлттық
сипаттағы өзіндік ерекшеліктер мен менталитет этностың мәдениетінде,
тұрмысында, күнделікті өмірінде көрініс табады. Олар, сөз жоқ, тілде
бейнеленіп, көрінеді.
“Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты
этнодиалектизмдер” деп аталатын екінші тарауда осы өңірдегі материалдық
мәдениет атаулары мағыналық топтарына қарай жіктеліп, әр топтың арнайы
өзіндік ерекшеліктері, оның пайда болуына түрткі болған тілдік
алғышарттармен қатар экстралингвистикалық жағдайлар туралы сөз болады.
Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты
этнодиалектизмдер былайша топтастырылды:
- үй-жай атауларындағы диалектизмдер;
- ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдер;
- киім-кешек атауларындағы диалектизмдер;
- дене мүшелерінің атауларындағы диалектизмдер;
- тағам атауларындағы диалектизмдер;
- құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдер;
- жануарлар атауындағы диалектизмдер;
- жер бедері атауларындағы диалектизмдер;
- өсімдік атауларындағы диалектизмдер.
Батыс өңіріне тән диалектизмдердегі үй-жай атауларындағы
этнодиалектизмдерге тұрғындардың баспана атаулары мен архитектурасына
қатысты мәдени-танымдық ақпарат беретін лингвокультуремалары жатады.
Мәселен:
Бұл бағытымен төрт қанат жаман шатпаның төрінде ала қағаз
қыстырылмаған уық қалдырар түрі жоқ (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 24-б.).
Қос жолым үйді жасырған Қамшысайдың арқа жақ құлай берісі: “Қапия мен
Тақаттың” жайлауы – “Құр тоғай” деп аталады (Қ. Сланов, Дөң асқан).
Жолым үй сөзінің мағынасы “Қазақ тілінің сөздігінде”: керегесіз, уыққа
киіз жауып, уақытша тігілген шошақ жаппа, – деп берілген. Аталған сөз
В.Радловта – “дорожная кибитка”, А.Старчевскийдің “Спутник русского
человека в Средней Азии” атты еңбегінде “дорожный шатер, войлочная палатка
(из одного войлока)”, – деп сипатталған. “Қазақша-орысша сөздікте”:
“лачужка, в роде кибитки, у которой унины прямые и верх остроконечный” деп
түсіндірілген. Диалектолог-ғалым Ә.Нұрмағамбетовтың “Қазақ говорларындағы
кейбір лексикалық ерекшеліктерінің пайда болу жолы мен этимологиясы” атты
мақаласында: “Біздің ойымызша “жолым үй” алғашқы түлғасын кейін өзгерте
отырып екі мағынаға ие болуы да мүмкін. “Жолым үй”, “жолма үй” тұлғасында
көрінгенде шалаш, балаған мағынасын беретін болған да, ал өзінің алғашқы –
жолым үй күйінде – киіз үйдің кішкене түрін білдіретін болған шығар”, –
десе, “Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні” атты еңбегінде “жолым үй”-
ге мағынасы да, тұлғасы да ұқсас жолом (жаба салма үй) сөзін байланыстыра
келіп, ол сөз монғол тілінен енген “күрке” мағынасында қолданылатынын
айтады [3, 47].
Маңғыстау киіз үйлерінің жергілікті табиғат жағдайына сай көшіп қонуға
ыңғайлы, ықшамдығы жағынан ешбір көшпелі елдің асып түспегенін әр кездегі
зерттеушілер атап кеткен. Маңғыстаулықтардың көшпелі өміріне байланысты
олардың көш-жөнекей тігетін кішкене киіз үйлері – “адайдың жолма” үйі деп
аталған [7, 47].
Жардағы жағалай тізілген суреттің бірі жоқ (Х.Есенжанов, Ақ жайық.
Шыңдалу 124-б.).
Клуб пен қоспақ дүкеннің жарлары қорасан шыққан адамның бетіндей қожыр-
қожыр, итарқалап жапқан төбесінен төмен сорғалаған жырашықтар тәрізді
осылып жатыр (Х.Есенжанов, Көп жыл өткен соң. 50-б.).
Ә.Нұрмағанбетов осы өңірде қолданылатын “жар” сөзін қалмақтың эрс
(спина) сөзімен байланыстырады [3, 12]. Біздің ойымызша, “қабырға”
мәніндегі жар сөзі әдеби тіліміздегі “биік жар, құз” дегендегі жар сөзінен
өрбіген сияқты. Яғни екеуінде де ортақ мағына – “тік-тік жер”. Сондықтан
оларды полисемиялы қолданыс, яғни бір негізден өрбіп, омономияға бет алған
сөздер деп есептейміз. Жергілікті тіл ерекшеліктерін ақын-жазушылардың
шығармаларынан іздеу, бір жағынан, сол аймаққа тән сөйлеу ерекшелігін
танытса, екінші жағынан, сол жердің тұрғындарының салт-дәстүрінен де
бірқатар құнды мағлұмат береді.
Заттық мәдениет категориясына жататын лингвокультуремаларға күнделікті
тұрмыста тұтынылатын заттар мен шаруашылыққа қажетті зат атаулары жатады.
Олардың атауларындағы жергілікті ерекшеліктер көркем мәтіндерде көптеп
кездеседі:
Маңдайынан тер сорғалаған жолаушылар құдық суын бақыраштап ішкенімен
шөлі қанбады (Қ.Сланов, Замандастар. 123-б.).
Ондай тасаяқ немененің бір жылға жетпей-ақ іші бұлтиып шыға келетін, -
деп, - “Үйде алдыңдағы қуыршағыңды құшақтап, әлди-әлдиіңді айтып, сен
қаларсың”, - деп (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 6-б.).
Шыны аяқтың түбіне жұққан қан күрең шайды ішіп жатып: “Шындарыңды
айтыңдаршы, балалар, басқа үйден осындай шай іштіңдер ме?” - деді
(Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 11-б.).
Балуан жағылып ыза болғандар әлгі балуанға көк алақан дойырларын ала
жүгіруге тоқталды (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 50-б.).
Қасқыр болар, сірә, - деді жігіт көкалақан дойырын нығарлап (Қ.Сланов,
Дөң асқан. 8-б.).
Н.Оңдасынов “Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігінде” дәрә сөзінің
“қайыс, қамшы, шыбыртқы қамшы және дүре соғу” деген мағынасын көрсетеді.
Яғни дойыр, дүре сөзінің баста бір сөзден тарағанын көреміз. Бұл сөз түркі
тілдерінің бәрінде де осындай жуан қамшы мәнінде қолданылады. Келтірілген
мысалдардағы шылапшын сөзі оңтүстік аймақтарда (Шымкент, Қызылорда, Жамбыл
өңірі) леген, ләгөн, кейде шылаушын түрінде қолданылады. “Ковшик”
мағынасында қолданылатын бақыраш сөзін әдеби тілімізге қабылдауға әбден
болады. Себебі әдеби тілімізде осы мағынаны беретін басқа сөз жоқ.
Жарқабақты шынтақтап, әлдеқашан жауды қарауылдың ұшына алып жатқан
атқыштар мылтық шаппасын тартып-тартып жіберді де қатар шыққан он шақты
гүрсіл жерді солқ еткізді (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 338-б.).
Тақша тақта басқандай етіп сәбет ен шыңнан, жиырма мыңнан салғыртты
басқанда, арқасына шыбыртқы тиген қызып өгізше қайқаңдады деп еді пәлем
(Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 2-т. 98-б.).
Шаппа сөзінің шығу төркініне байланысты Ә. Нұрмағамбетов шап сөзі
парсы тілінен енген “қылыш” мәнінде сөз болуы мүмкіндігін ескертіп
[7, 132], кейін осы тілден өзбек (шот – семсер, қылыш); қырғыз (қылыш,
семсер) тілдеріне ауысқан деген жорамал жасайды. Алайда -па-пе қосымшасы
есім сөздерден емес, етістіктен зат есім жасайтын өнімді қосымшалардың бірі
екені белгілі. Мәселен: тартпа, суырма, жарма, тілме т.с.с. Осыған
байланысты шап сөзінің төркіні шабу, кесу, ору мәніндегі “шап” етістігі
болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Шыбыртқы сөзінің мәні “Қазақ тілінің сөздігінде”: “Мал айдайтын ұзын
қамшы, талшыбық”,– деп сипатталған [8]. Сол сияқты “Қырғыз тілінің
сөздігінде” бұл сөздің “жіңішке өрме қамшы, шыбық” мәндері, якут тілінде
“биік, өрме тал, шыбық” мәні көрсетілген. Шыбыртқы сөзін шұбалу, шұбалаң,
шұбыру сияқты сөздермен салыстыра отырып, оның бәріне ортақ шұб, шыб этимон
түбірін анықтауға болады, яғни бәріне ортақ мағынасы – ұзын, созылған.
“Көне түркі тілі сөздігінде” шыбырт сөзінің “шыбықпен ұру, осу” мәні
көрсетілген. Олай болса, бұл түбірге зат есім тудыратын -қы-кі қосымшасы
қосылуының нәтижесінде шыбыртқы сөзі жасалған деп жорамалдауға болады.
Ә.Нұрмағамбетов шыбыртқы сөзінің мағынасына тоқтала келіп, монғол
тіліндегі шыбық мәнінде қолданылғанын, “сав” және “ұзын” мәніндегі ұрт
сөзінің бірігуінен жасалып (сав+урт) түркі тілінде шыбыртқы түрінде ауысуы
мүмкін екендігін айтады [3, 142].
Торғын метейге үңілген қалпы үнсіз жымиды (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты
күн. 36-б.).
Жаңа ғана бұл арқалап келген метей босап қапты (Ә.Кекілбаев, Ең
бақытты күн. 41-б.).
Метей – адамның бауын маңдайымен тіреп арқалауға, не түйеге артуға
бейімделіп ағаштан жасалған әртүрлі сыйымдылықтағы күбі. Ол негізінен
Маңғыстауда қолданылады. Аузында екі тығыны болады. Байызсыз, пәтуасыз
кісіні Адайлар әдетте “Әр метейге бір тығын бейбақ” деп күстаналайды [7].
“Метей” ағаштан жасалған екі не бір тесігі бар бітеу шелек. Онымен құдықтан
су тасылады. Бір метей суды әйелдер арқалап та, түйеге теңдеп те әкеле
беретін. Ол үлкен-кішілі болып та келеді орташа салмағы 40-50 килограмм
шамасында. ґлшем атауларының қалыптасуына да ыдыс атаулары негіз болған.
Яғни метонимия тәсілі арқылы су құйылған ыдыстың атауымен сондағы судың
мөлшері анықталып, ол кейін өлшем атауы ретінде қабылданып, тұрақтанып
кеткен.
Батыс өңіріне тән киім-кешек атауларындағы диалектизмдер.
Түніменен “соқыр теке” деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа
(Қ.Сланов, Дөң асқан. 17-б.).
Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын
баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты
(Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 51-б.).
Ишшеке-ай! Көйлекшең шыққаны несі?! Иығына жадағайын іліп шықса
қайтеді екен? (Ә.Кекілбаев, Ең бақытты күн. 36-б.).
Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының
қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 22-б.).
Қыз жамылышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді
(Қ.Сланов, Замандастар. 217-б.).
“Парсыша – қазақша түсіндірме сөздікте” шарқат сөзі – бас орамал,
жаулық деп түсіндірілген. Н.Ильминский сөздігінде шарқат сөзі үлкен “қызыл
шәлі” деп сипатталады. Ә.Нұрмағамбетов шарқат сөзі шор – “төрт”, қат –
“жақ”, “бүйір” мағынасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп,
қазақ тіліндегі мағынасын “төрт жақты, төрт бүйірлі” деп түсіндіреді. Яғни
заттың формасы атауға негіз болған деп санайды.
Кәзекей кәжекей сөзінің түп-төркіні туралы Ә.Нұрмағамбетов былай
дейді: “Сөз төркінін монғол тілі дерегіне сүйене отырып табуға болатын
тәрізді. Монғол: қамзол – ханта аз, ал бешпент – хасаг ханта аз, хасагдах –
қысқару, ықшамдалу. Осы деректерге табан тіреп, мына жорамалдарға келуге
мүмкіндік бар: Біріншіден, “хасаг” сөзі “қысқа” мағынасын берсе, ол
“хантаза” тұлғасымен тіркесіп (хасаг хантаз) – қысқа камзол дегенді
білдіреді. Сөз тіркесінен құралған киім атауы монғол тілінен түркілерге
өткеннен кейін бері келе тіркестің соңғы сыңары түсіріліп, алғашқысының өзі-
ақ қамзолдың түрін (қысқа түрін) білдіретін дәрежеге жеткен болу керек.
Оған -ей жұрнақтарының көмегі де әсер етуі мүмкін: хасап ханатаз хасақ
кәсәккәзек+ейкәзекей. Бұл тіркестің екінші бір өзгеру жолы мынадай да
болуы ықтимал: хасаг ханта аз хасаг хан (тааз) хасаг хан хаса (г)
ханхаса+хан қазақан кәзәкәккәзеке (н) й кәзәкей. “Хасаг Ханта аз”
тіркесінің өзгеру жолының соңғы варианты ойға қонымды, шындыққа жақын
көрінеді [3, 54].
Сондай сабырлы кісі екен, екінші тақасын енді қаға бастаған алдындағы
жігіттің шоңқайма етігін алдына қояды да баласына назарын салып үнсіз
қарайды (Қ.Сланов,Таңдамалы. 4-т. 253-б.).
Тақа сөзі “Қазақ тілінің сөздігінде”: 1. Аяқ киімнің табанына
байлайтын жылқының төрт не екі тұяғы. 2. Аяқ киімнің өкшесі, өкшелігі, –
деп сипатталған [8].
Тақа сөзінің екінші мағынасы бүгінгі таңда батыс өңірінде сақталған,
ал басқа өңірлерде тақа сөзінің баламасы ретінде өкше сөзі қолданылады.
Алайда дифференциация принципін басшылыққа алып, аяққа қатысты өкше сөзін
қолданып, аяқ киімге байланысты тақа сөзі қолданылғаны жөн деп ойлаймыз.
Сол себепті тақа сөзін әдеби тілге енгізуге әбден болады деп есептейміз.
Жегде сөзі Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында, Қостанай
облысында жейде түрінде айтылады. Қазақ тілінің материалдарына сүйенсек,
й~г сәйкестіктері тілімізде бар құбылыс. Яғни бұл сөздің көне тұлғасы батыс
аймақтарда сақталғанын көреміз. Сонымен қатар М.Қашқари сөздігінде де бұл
сөз иагде тұлғасында кездеседі. Бұл сөзді де әдеби тілге қабылдауға әбден
болады. Себебі “ерлердің көйлегі” деген ұғымды бір сөзбен – “жейде” деп
айтуға болады.
Маңғыстау қазақтары киім-кешектерінің басқа жердегі қазақтармен жалпы
бір тетелес болғанына қарамастан жергілікті ерекшеліктері де бар. Мұнда
ұлттық киімнің ең көне түрлері көбірек сақталған. Себебі Маңғыстау
қазақтары киімдерінің ұлттық ерекшеліктері көбірек сақталған. Сол себепті
С.Руденко адай киімдерінің әлімдердікінен көп өзгешеліктері бар екенін
көрсетеді [9, 17].
Қай аудандағы қазақтың шапаны болмасын оның барлығында да шапанға шабу
қояды да оны барлық жерде шабу деп атайды. Жең түптері кең келеді де, оны
жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Барлық жердегі қазақтарда шалбарға ау
салады, қолтыққа қолтырмаш салады [7]. Шапандар көбінесе қайырма жағалы,
тік жағалы болып, сырт тұрпаты бешпентке ұқсайды. Р.Карутц
маңғыстаулықтардың шапандары татар бешпенттеріне ұқсас болатынын айтады
[10, 33].
Маңғыстауда қойдың не түйенің жабағысынан күпі немесе шекпен тысты
шидем күпі, өңін сыртына қаратып қой терісінен тігілетін тон, құлын
терісінен тігілген жарғақтар т.б. болатын. Тондар “қаптама”, “камзолша”
болып екіге бөлінген. Қаптамасы суыққа сырттан киетін тон. Камзолшасы етегі
тізеден жоғары келетін тон. Қозының қырқылмаған терісінен сеңсең тон, ал
қырқылғаннан қырықпа тон киілген [7, 187]. Тонның белі тарылып
тігілетіндері “қынамал”, қынамайтындары “қаптал” деп аталған.
Маңғыстау қазақтарының аң терісінен тіккізетін шошақ төбе бөріктері
мүлдем өзгеше. Бөріктің іші елтіріден немесе аң терісінен жасалатын да,
матамен тыстап етегін қайырып қоятын. Бөрікті жазда киеді. Шошақ төбе бөрік
бұрынырақта болған. Бөрік пен тымақтың неғұрлым жылы түрлері “адай тымақ”,
“адай бөріктер” болып есептелген. Мәселен, жолаушы қазақтың қай жер, қай
рудан екенін бас киімі арқылы оңай ажыратуға болатын [7].
Ерлер киетін етіктің бұдан басқа да түрлері болды. Мәселен, саптаманың
бір түрі биік тақалы шоңқайма етік. Мұның өкшесі биік болғанымен өкше
сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Аңға киілетін қайқы
тұмсық жұмсақ етік салт атпен жүруге қолайлы бір тақа жеңіл етіктер де
жиі кездеседі. Ешкі терісінен иленген жұмсақ былғарыдан – мәсі, сауыр
былғарыдан кебіс тігетін. Кедейлер жұмсақ сары былғары етік шапата немесе
табанша, шоқай, шәрке киді [7]. Маңғыстаудағы қазақ әйелдерінің бас
киімінде ерекшеліктердің бары байқалады. Бас киімдер бірнеше түрге
бөлінеді. Олар: телпек тақия, бөрік орамал, жаулық, кимешек, күндік,
сәукеле, шәлі т.б. Әйелдер жалаңбас жүрмеген. Қыздардың киімдері әйелдерден
тек басындағы қызыл түсті шәлі орамал арқылы ажыратылған [7, 34; 9, 19].
Қыздар жазда төбесіне үкі, жағалай моншақтар қадалған телпек киіп
немесе қызыл орамалдар тартса, қыста түлкі бөрік киетін. Бөріктің негізін
киізден, астары мен тысын матадан жасайтын. Төбесі дөңгеленіп бөлек
пішіледі де жалпақтығы төрт елідей киіз цилиндрдің бір жағына жапсырыла
тігілетін. Мұндай бөріктің жазық төбесі түсті матамен тысталатын да іші
астарланатын, ал етегі сырт жағынан түгелдей құндыз яки сусар немесе түлкі
терісімен қапталатын да, “құндыз бөрік” немесе “сусар бөрік” деп аталатын.
Тұрмыстағы әйелдің негізгі бас киімі кимешек және шаршы жаулық
күндік. Ру-ұлыстық ерекшеліктер кимешектің пішілуінде, әшекейленуінде
және шаршыны басқа орау әдісінде де байқалады. Мәселен, адай кимешегі мен
жаулығы басқа өңірдегі бас киімдерден ерекше болған [7, 34; 9, 18].
Батыс өңіріне тән құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдерге үй
тұрмысына, күнделікті қолданысқа қажетті зат, бұйым атауларына қатысты
атаулар жатады.
Ендігі сәтте жанынан оттық алды да:
– Қарағым, Қатира, шамыңды әкелші... Тұрдыахонды жіберіп едім, барған
жоқ па? – деді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 212-б.).
Кисляктің балтамен ағаш шабатын сандалына екі рет теуіп, жерге бір
түкіріп қалып, дыбыс беріп, ішке кірген баланың әкелген қабары селт
еткізерлік еді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық. 2-кітап. Шыңдалу. 20-б.).
Енді қызу қолға алатынымыз – кесек соғу (Қ.Сланов, Ағыннан туған ақ
сәуле: 5-т. 313-б.).
Мен бір шарға ұстаған
Қара балта едім –
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса тағы жетілдім (Махамбет).
Бұршақпай қолында ұстап келген ашқышын таба алмай, үстел үстіндегі
заттардың астан-кестеңін шығарды (Қ.Сланов, Замандастар. 142-б.).
Мұндағы ашқыш сөзі бүгінгі таңда негізінен батыс аймақтарда ғана
қолданылғанымен, әуел баста қыпшақ тобына жататын түркі тілдерінің бәріне
ортақ сөз болған: бұл сөз осы мағынасында, осы тұлғасында ноғай,
қарақалпақ, құмық, балқар, татар, өзбек тілінде де кездеседі. Араб тілінен
енген “кілт” сөзі біртіндеп ашқыш сөзін ығыстырып шығарып, ашқыштың
баламасы ретінде әдеби тілде орныққан, ал ашқыш жергілікті тіл
ерекшеліктерінде ғана сақталған.
Батыс өңіріне тән жануарлар атауындағы диалектизмдерге шақырық,
тараққұйрық, торта, қазот, ажырық, жемелек, бөгелек, ақ борық, бөтеке,
мәлӨк, шоәыр, әаракӨз, қызыл балық т.б. жатқызуға болады.
Құмның бұта-бұтасын қуалап жүгірген шақырықтың, өзен бойында аяулы
келте әнін қайыра бастаған қызғыштың әуені анда-санда естіліп қояды
(Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 45-б.).
Құмның көп жері әлі де баяғы қалпында болғанмен, өзен тескен жерлері
оралым-оралым балғын тоғай: қазот, бидайық, шырмауық, ажырық, таспа жоңышқа
сияқты өсімдікке бөленді (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 33-б.).
Кейде тіпті жемелек, бөгелектер де атаусыз қалмайтын:
Көк бие саудырмайды бөгелектеп,
ґреді еркем шашын жемелектеп.
Бие сауып жүргенде ұстай алсаң,
Тұратын күлімсіреп: “Не керек?” – деп (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т.
36-б.).
Еміс-еміс білетіні – қызыл балықтар. Теңіздегі балықшылар: “Шіркін,
қызыл балықтың етіндей ет бар ма? Ондай балық бар деймісің!” десіп,
ауыздарының суы құритын (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 39-б.).
Әйтеуір қызыл балықтың зор болатынына, сазаннан да дәмдірек болатынына
шек келтірмейтін сияқты (Қ.Сланов, Дөң асқан. 1-т. 39-б.).
Бөтекеңді бұлтитып, өзіңді шелегіңмен қосып атқа өңгеріп алып кетейін
бе? (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдану. 18-б.).
Сөйтсе, жарықтық, жаңа дүкеннен әкелген бір бөтекесі бітеу малдың
шабысы екен (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты. 29-б.).
Жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі мұндай атаулардың бірқатары әдеби
тілде орыс тіліндегі атауымен берілуі де мүмкін. Осыған байланысты аң-құс,
өсімдік атауларында сақталған қазақы атауларға ұқыптылықпен қарап,
жергілікті тіл ерекшеліктерін әдеби тілді байытудың бірден-бір көзі деп
танимыз.
Халық қолданысында “қызыл балық” деген атаумен белгілі атақты балық
әдеби тілде, оқулықтарда бекіре тұқымдастарына жатқызылады. Бұл белгілі бір
балықтың аты емес, бірнеше балықтардың жалпы аты. Мәселен қызыл балық деп
атағанда, оның ішіне шоқыр, қортпа, бекіре, мекірені жатқызамыз. Бұндай
балықтардың түрлері көбінесе Қазақстан жерінде Каспий теңізінде кездеседі.
Бөтеке сөзі “Қазақ тілі сөздігінде”: құстың жем қорыту асқазаны, – деп
түсіндірілген. Ал батыс өңіріндегі қазақтардың тілінде, соған сәйкес
жазушылар тілінде де бұл сөз құсқа ғана емес, адамға, жалпы жануарларға,
малдарға қатысты да қолданылған. Бұл ерекшелік бүкіл түркі тілдеріне тән
сипат алған. Э.К.Пекарскидің якут тілі сөздігінде бұл сөздің мағынасы
түйіншек, домалақ зат деп түсіндіріледі. Яғни атау заттың сыртқы пішініне,
тұлғасына байланысты пайда болған. Ендеше, батыс өңірінде ғана сақталған
бөтеге сөзінің бүйрек сөзімен тең дәрежеде, жарыса қолданылуы көненің
қалдығы болып табылады.
Диалектизмдер адамның, малдың, оның бет-пішімі мен болмысын, сырт
тұрпатын да білдіреді:
Әулие апамның әлгі... “Аққойтас басына шал” деген ақсарыбас, қызыл
қасқалары жайында ойладың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz