Найман мен керейіт тайпалар одақтары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Найман мен Керейіт тайпалар одақтары

2. Қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі

3. Шыңғысхан тұсындағы бірлестіктердің жағдайы

4. Қазақ халқының қалыптасу кезеңі

XI - XV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы рулық және тайпалық саяси бірлестіктер

Мемлекеттің орта ғасырларда Орталық Қазақстан жерінде ертедегі найман және керей, қимақ пен қыпшақ одақтары, оңтүстік және оңтүстік-шығыста караханидтер мемлекеті сияқты этносаяси түрлері пайда болды. Олар биліктің құрылымы жағынан көбіне бұрынғы мемлекеттік құрылымдарға ұқсас болғанымен, орталық билік тайпалар одағының (ұлыстардың) орналасу аумағына сай басқару принципіне сүйенеді. Соған сәйкес әскери - лендік жүйе енгізілді. Жоғарғы басшы өз туысқандарын мен жақындарына халықтан салық жинау құқығын берді. Бұл - биліктің иерархиясын нығайтып, оған көптеген адамның тәуелділігін күшейтті.

Х-ХІІ ғасырларда ертедегі феодалдық қатынастардың дамуы мен нығаюына қарай найман және керейіт тайпалар одақтары нығайды, бірақ тайпалардың, сондай-ақ осы одақтарға енетін рулар арасындағы жиі қақтығыстардың салдарынан берік бірлестіктер бола алмады.

Экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы үстем болып тұрған жағдайда наймандар мен керейіттерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен бірге жүрді. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті емес еді, онда хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да болды. Әрбір ұлыс белгілі бір территорияны иеленді, оны шығу тегі бейне бір «көктен жаратылғандық» таңбасымен белгіленген рудың өкілі - хан басқарды. Хан «Мәңгілік көктің» әмірімен, әрі соның атынан әрекет етеді деп саналды. Ұлысты билеуші хан - өзінің басқару аппаратын, бірінші кезекте хан ордасын, әскерлер мен жасақты басқару органдарын құрды. Хан ставкасы - орда - ұлыстың өзіне тән үлгідегі «үкіметі» болып табылады, ол хан мүлкіне иелік етті. Әсіресе ірі ұлыстарды билеушілердің өздеріне меншікті жайлаулары және қысқы жайылымдары болды. Ұлыс әскері ондық принцип бойынша ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді. Тегінде, ұлыстардың халқы осы әскери бірліктер бойынша бөлінсе керек. Ұлыстардың істерін, оның ішінде салықтар алуды ерекше атағы немесе хан беретін шерби атағы бар қызмет адамдары жүргізді.

Наймандар мен керейіттер арасында әдеттегі право қолданылды. ХІІ ғасырда найман ұлысында іс жүргізу қызметі болды. Ол ұйғыр жазуымен жүргізіліп, документтер, әсіресе салықтар жинау мен лауазымды адамдарды тағайындау жөніндегілері, хан жарлығының ақиқаттығын дәлелдейтін ханның «алтын мөрімен» куәландырылды.

Керейіттердің діні, ең алдымен оның билеуші тобы несториандық бағыттағы христиандар болды, мұны «Юань ши» хроникасы дәлелдейді. Несториан бағытындағы христиандықты білген ұйғырлардың ықпалында болған наймандар ішінде де христиандық тарады. Дүние жүзілік діндердің бірі - христиандықты қабылдау - наймандар мен керейіттерде ертедегі феодалдық қатынастардың, сондай-ақ мемлекеттік ұйымның басқа мемлекеттермен және халықтармен этникалық-мәдени қарым-қатынастардың болғанының дәлелі. Сол кездің деректемелерінің наймандар мен керейіттер туралы айтқанда мемлекеттік ұйымның барын білдіретін терминдерді қолданатыны кездейсоқ емес. Наймандар мен керейіттердің ұлыстарын, қалай болғанда да ХІІІ ғасырдың басында, сірә, ертедегі феодалдық қатынастар негізінде қалыптасқан «бастапқы үлгідегі мемлекет» немесе, дәлірек айтқанда, этникалық-саяси мемлекеттік құрылым деп қарастыруға болар.

Қыпшақтардың саяси тарихының және Орта Азия халықтарымен, Русьпен және Кама Бұлғариясымен өзара қарым-қатынастарының негізгі мазмұны экономикалық байланыстар болды. Дешті Қыпшақтың көршілес елдермен және халықтармен тығыз шаруашылық байланыстары ең алдымен Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның, сондай-ақ Шығыс Еуропаның отырықшы-егіншілік аудандарының астығы мен қолөнер бұйымдары мал мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастауға сайды. Қыпшақтар өздерінің күшейіп тұрған кезеңінде Орта Азия мен Русьтің қалалы орталықтарына жол ашуға ерекше мүдделі болды, алайда бұларға жетер жолда Оғыз мемлекеті кедергі болып тұрды.

ХІ ғасырдың басында жағдай қыпшақ бірлестігі үшін қолайлы болған еді; Сырдария жабғуы басқарған, іштей өзара қырқысудан әлсіреген оғыз державасы құлдырай бастады да, қыпшақтардың тегеурініне қарсы тұра алмады.

Оғыздарды талқандай отырып, қыпшақтар ХІ ғасырдың орта шенінде Арал теңізіне, Сырдарияның төменгі және орта ағысына жылжыды, сөйтіп іс жүзінде шығыста Ертіске дейінгі және батыста Волгаға дейінгі ұлан ғайыр жердің толық қожасы болып алды. Жергілікті жерде қалған оғыздардың бір бөлігі қыпшақтарға бағынуға мәжбүр болды.

Деректемелерде қыпшақ бірлестігінің саяси ұйымы туралы мағлұматтар жоқ дерліктей. Алайда қыпшақ тайпаларының әскери-саяси одаққа бірігуі өте тез жүрді, ал оның көптеген негізгі белгілері ертедегі феодалдық мемлекетке тән сипатта болды деп болжауға болады. Дешті Қыпшақты мекендеген қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің, деректемелердің мағлұматтары бойынша хандар бастаған билеуші әулеттері болған, бұлар «ұрпақтан-ұрпаққа қыпшақтардың әміршілері болған», яғни өкіметтің мұраға көшу институты болған.

Потестарлық биліктің дәуірінде бір кезеңнің екінші кезеңге дейін қоғамдық биліктің орталықтану дәрежесі өсті, оның субординациясының құрылымы күрделенді, көшпенділердің көп бөлігі бірнеше жүздеген мың, жарты миллион, тіпті одан да көп адамдар бәріне ортақ тәртіппен салт-дәстүрмен тіршілік етті. Қазақ халқының ата-бабасының этнополитогенездік процесінің бір орталыққа бағынған иерархиялық мемлекетті қалыптастыру бағытына бет бұруының басты себептеріне, өздерінің тірлік етуіне қажетті жайлымдарды бөлісу үшін тайпалар мен рулар арасында жиі болып тұратын қарулы қақтығыстарды жатқызуға болады. Бірыңғай биліктің болмауы бұл қақтығыстарды үздіксіз шиеленістерге айналдырды, отырықшылар мен шаруашылық жағынан айырбас жүргізуді қиындатты және қоғамның дамуына, қазақтың халық ретінде қалыптасуына кедергі келтірді.

Мемлекеттікке дейінгі және ерте мемлекеттік кезеңдерден тұратын протестарлық билік дәуірі далалық мемлекеттіктің династиялық дәуірін дайындады. Алайда, қазақ халқының табиғи даму процесі мен өзіне тән егемендігінің қалыптасуы Қазақстан тарихында неше дүркін этнополитогенезді не тоқтататын, не Қазақстан мемлекетін қалыптасудың жалпы бағытынан бұрып алып кететін қоғамдық құбылыстың ықпалына түсті. Бұлардың қатарына миграциялық толқындар, шекараның айқынсыздығы, этникалық топтардың жойылуы не араласып кетуі жатады. Тайпалық этникалық қауымдастықтың қалыптасу процесі жүздеген жылдар бойына Орта Азия мен Қазақстанды Шыңғыс ханның жаулап алуына байланысты (ХІІ ғ. басы) кейінге шегерілді. Алайда, екінші жағынан бұл салыстырмалы түрде болса да бейбіт тіршілік етуге мүмкіндік берді, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, ислам дінінің жайлап енуіне мүмкіндік берді.

Шыңғысхан тұсындағы саяси бірлестіктер туралы айтатын болсақ, Шыңғысхан мен Керейлердің арасында тату қарым-қатынас болды. Шыңғысханның Монғолдардың ханы тағына келуін Тоғрул ханның Керейлері қолдайды, одан соң Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымды қайтадан тартып алуға Темучиннің ар-намысын үшін Меркіттерге қарсы 1719 жылғы жорыққа бірге қатысады (Тоғрул-Жамуха-Темучин одағы) . Бұл жорыққа қосылуға Керейлер 20 мың атты әскер жіберген. 1198 жылы Шыңғысханмен бірігіп, татарларды талқандайды, 1201 жылы Темучинмен ашық тайталасқа шыққан Жамуханың Алақай-бұлақ одағын күйретеді. 1203 жылы тағы да Темучинмен бірлесіп, Наймандар еліне жорыққа қатысып, Найман елінің батыс қанатына соққы береді. Бұл жорықтар Шыңғысханның ұлы империясының құрылуына Керей мемлекетінің қосқан орасан зор үлесін көрсетеді.

Алайда 1203 жылы осы «екі алыптың» шайқасында Тоғрул хан жеңіліп, оның халқы Шыңғысхан әскерлерінің жартысын құрады. Бұлар Абақ Керейлер болса, Шыңғысханға мойын ұсынғысы келмеген Керейлер Орта Азия мен Батыс Қазақстан жерлеріне жеткен. Соның ішінде Орта Азиядағы Керейлерді қазір Ашамайлы Керейлер деп атайды. Ашамайлы Керейлер Қазақ халқымен бірге Қарақалпақ халқының және Өзбек халқының құрамында кездеседі. Олар бұл аталған халықтар құрамында негізінен Керей деп емес «Ашамайлы» руы деп аталады. Ал батыс Қазақстан жеріне жеткен Керейлер қазір Кіші жүздің құрамында. Бұл ру қазір Керейіт (Кіші жүз Керейлері) деп аталады. Керейіттердің және оның ішіндегі аталарының Торғай, Орал бойын мекендеген бір бөлігі Башқұрт және Ноғай халықтарының құрамында кездеседі.

Тарихта ХІІ ғасырдың соңында Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол меркіттер мен татарларды талқандағаннан кейін, сөйтіп 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Қалған наймандар Күшлік бастауымен Алтайға, керейттер мен меркіттерге қосылады. 1211 жылы Күшлік пен онымен одақ құрған хандар Жетісудағы Қарақытай мемлекетін жояды. Шыңғысхан әскерлері көп кешікпей оларды өкшелеп, Қарақытай мемлекетін де, одан әрі Хорезмшах елін де жаулап алды.

Сонымен, бұл аталған кезеңдегі, қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттері Х-ХІІІ ғасырларда қазақ халқының этногенетикалық процестеріне үлес қосқаны сөзсіз. Сондықтан бұл кезең тарихта қазіргі Қазақ халқының қалыптасу кезеңі ретінде танылады да аталған елдер алғашқы мемлекеттіліктің көріністері ретінде анықталады. Қыпшақ-Керей дәуірі Шыңғысханның жорықтарымен аяқталып, енді Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге - Алтын Орда-Ақ Орда кезеңіне аяқ басады. Бұл кезең Шыңғысханның көшпенді империясы иемденген қазақ халқының жерінде «Жошы Ұлысы» және «Шағатай ұлысы» деп аталған мемлекеттердің құрылуынан басталады.

Қазақстанның қазіргі аумағының (XIV-XV ғғ. ) оңтүстік шығысында Шағатай ханның, ал солтүстік-батысында Жошы ханның монғол ұлыстарының жойылуынан кейін ғана этнополитогенездік мемлекеттік құрылымдар пайда болды, мәселен, XV-XVІ ғғ. аралығындағы көп құрылымды орталық билікті Ноғай ордасы. Ру билері мен далалықтардың жергілікті билігінен Жошы ханның 13-баласы Тоқа Темір ұрпағының билігіне, яғни биліктің тоталдік түріне бірте-бірте өтуге және барлық көшпелі тайпалар мен одақтарды тұтас халыққа біріктіруге мүмкіндік туды.

XV ғасырдың аяғынан қазақтардың жеке династиялық мемлекеттігінің дәуірі басталады. Ол қазіргі Орталық Азия аумағында болып жатқан саяси және этноәлеуметтік процестердің көп ғасырлық өзара қайшылықты әсері мен араласуының нәтижесінде қалыптасып, 1470 жылы құрылған қазақ хандығынан басталады. 1459 жылы қазақ хандары династиясының көшбасы болған Орыс ханның Жәнібек, Керей секілді ұрпақтарының өздеріне қарасты тайпаларымен қоныс аударуын айтпай кетуге болмайды. Өйткені, ол көшпелі тайпалардың этнополитогенезінде ерекше орын алды. Қазақстан , бұл оқиға XV ғасырдың басында жалпы өзбек деген атпен белгілі болған халықтан, қырық құранды ру мен тайпалардан бөлініп, аражігін ажырату негізінде қазақ халқының қалыптасуы процесін жеделдетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Ш.Ш. Уәлиханов
Қимақтар Қазақстан аумағында
Моңғолстанның құрылуы
Шыңғыс хан туралы
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Найман тайпасы
Керейіттердің ерте тарихы
Монғол мемлекетінің құрылуы
Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz