Мәліметтердің өзара байланысы мен информациялық қарым-қатынасы.


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1. Мәліметтер базасы мен банкі . . .
1. 1 Мәліметтерді өңдеу жене оның құрылымы . . .
1. 1. 1 Информация жене мәліметтер . . .
1. 1. 2 Мәліметтер құрылымы . . .
1. 1. 3. Мәліметтер жиынтығы және файлдар . . .
1. 1. 4. Қол жеткізу тәсілдері . . .
1. 1. 5 Мәліметті өңдеудің негізгі есептері . . .
1. 1. 6 Мәліметтердің өзара байланысы мен . . .
информациялық қарым-қатынасы . . .
1. 2. Мәліметтер банкінің құрылымы . . .
1. 3. Ұсталатын мәліметтердің мәліметтер . . .
базасындағы қасиеттері . . .
1. 4. Схемалар және оның бөлшектері . . .
1. 5 Бағдарлама пакетімен МЕВЖ өзара . . .
әсерлесу схемасы . . .
1. 6. Мәліметтер банкін қолданушылар . . .
1. 7. Мәліметтердің база әкімінің құрамы . . .
1. 8. Мәліметтерді көрсету деңгейлері . . .
1. 9. Мәліметтердің негізгі модельдері . . .
1. 10. Реляциялық алгебра . . .
1. 11. Мәліметтер базасын жобалау . . .
1. 11. 1. Талаптарды түрге келтіру және талдау . . .
1. 11. 2. Астарлы жобалау . . .
1. 11. 3. Логикалық жобалау . . .
1. 11. 4. Физикалық жобалау . . .
2. Білім базасы . . .
2. 1. Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы . . .
2. 2. Білім және оларды көрсету . . .
2. 3. Сараптау жүйе білімінің құрамы . . .
2. 4 Білім базасындағы білім құрамы . . .
2. 5. Сараптау жүйесін құру методологиясы . . .
2. 6. Сараптау жүйесін паидаланушылардың өзара . . .
әрекет үлгісі . . .
2. 7. Диалог жүйешесі - өзара әрекет үлгісі . . .
2. 7. 1. Диалогтың жалпы құрылымы . . .
2. 7. 2. Диалогтың тақырыптық құрылымы . . .
2. 7. 3 Диалог қадамының құрылымы . . .
2. 8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері . . .
2. 9. Басқарушы компоненттердің қызмет үлгісі . . .
2. 9. 1. Сараптау жүйесіндегі басқарудың нақты үлгісі . . .
2. 9. 2. Басқару механизмі түріндегі стратегия . . .
2. 10. Сараптау жүйесінің түсіндіру қабілеті . . .
2. 10. 1. Түсіндіру параметрлері . . .
2. 11. Білімге сусындау . . .
2. 11. 1 . Білімді игеру сатылары . . .
2. 11. 2. Білімді игеру модельдері . . .
2. 11. 3. Білім номеклатурасы . . .
2. 11. 4. Білім деңгейі . . .
2. 11. 5. Білімге сусындау құралдары . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Мазмұны . . .
БІЛІМ БАЗАСЫ
Есептеу техникасы дамуының қазіргі кезеңі ЭЕМ бағдарламалық қамтамасына жасанды интеллект элементтерінің кіруімен сипатталады. Білім базалары (ББ) осыған байланысты жасалған. Бағдарламалық қамтаманың объектілерінің тек нақты фактілері кіретін мәліметтер базасынан олардың айырмашылығы - ББ-ға концептуалды, түсініктеме мәліметтері кіреді. Олар табиғи тілде жазылады да, одан басқа объектілер сыныбы туралы мәліметтер де кіреді (олардың байланыстары, қасиеттері) . ББ жүйесі қолданушылардың сұрақ-талаптарына жауап беру кезінде осы көрсетілген білімдермен манипуляция жасау арқылы жауап бере алады. Білімді тіркеуге және оған жол көрсетуге мүмкіндік беретін (нақты бағдарлама қамтамасы үшін) құралдардың бірі-сараптау жүйелері (СЖ болып табылады. Бұл жасанды интеллектің бір бағыты.
СЖ:
1) есептеу техникасына жолы қиын деп есептедетін ұқсастырылмаған (математикалық моделі жасалмаған) облыстардың кең көлемді есептерін шешуге бағытталған (медицина, геология, химия, экономика және т. б. ) ;
2) бағдарлама жасауды жетік білмейтін мамандардың жұмысына арналған;
3) адамдар қол жеткізетін нәтижелерге салыстырмалы, ал кейде одан да асып түсетін нәтиже алуға мүмкіндік береді.
СЖ бойынша зерттеулердің мақсаты - интеллектің кейбір қасиеттері бар және қиын немесе ұқсастыруға мүмкін емес есептерді шешуге мүмкіндік беретін бағдарлама жиынтығын жасау.
Мына қасиеттері бар есептер ұқсастырулары мүмкін емес есептерге жатады:
1) сандық түрде көрсетуге болмайды;
2) есепті шешетін алгоритмі жоқ;
3) мақсатты функциясы жоқ;
4) есептің шешімі жататын кеңістік өте үлкен;
5) мәліметтер мен білімдер әр түрлі мәнді, қате, қарама-қайшы болып келеді;
6) мәліметтер мен білімдер динамикалық мінез танытады (тұрақсыз) .
Сараптау жүйесінің мәліметтерді өңдеу жүйесінен (МӨЖ) айырмасы - оларда есептің шешімін символды түрде керсетеді (сандық түрде емес), қорытынды жасайды және шешімді эвристикалық жолмен іздейді (дайын шешім бермейді) .
СЖ қуатының негізгі көзі - білім. СЖ білімін жетілдіре алатын талабы болуы керек. Білім жетілдіретін процесті былай көрсетуге, бөлуге болады:
1) білімді сарапшыдан үйрену;
2) жүйенің жұмысын тиімді қамтамасыз ететін білім ұйымдастыру;
3) жүйеге түсінікті түрде білімді көрсету.
СЖ білім алу мен есеп шешу режимінде жұмыс істейді.
Бірінші режимде СЖ-мен ара қатынас жасау үшін сарапшы қатысады (білім инженері арқылы) . Бұл режимде сарапшы жүйені білімге толтырады (ережелерге де) . Бұл өз бетінше сараптама саласынан есептерді шешуге мүмкіндік береді. Білім алу режиміне алгоритм жасау, бағдарламалау, жөнге келтіру кезеңдері сәйкес келеді. СЖ-де бағдарламаны бағдарламашы емес, бағдарлама білмейтін сараптама маманы жасайды.
Есеп шешу режимінде СЖ-мен ара қатынаста пайдаланушы болады. Оны есепті шешу тәсілі және (немесе) нәтиже ғана қызықтырады. Айта кету керек. СЖ-нің арналуына байланысты пайдаланушы берілген проблемалық саланың маманы болмауы мүмкін (мұндай жағдайда ол СЖ- ге ақыл сұpay үшін ара қатынас жасайды) . немесе маман болуы мүмкін (нәтижені ол өзі алады, біра СЖ-ге нәтиже алу процесін жеделдету үшін қатынысады немесе СЖ-ге ең ауыр жұмысты арқалатып қояды) .
2. 1 Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы
21-сурет
Білім базасы (1) қайсібір бағдарлама қамтамасыз туралы біліммен толығады. Білім алу режимінде сарапшы жүйеге сараптама саласының өнімдерін (ережелерін) енгізеді. Ережелер пайдаланушыға түсінікті тілде көрсетіледі. Жаңа енгізілген өнімдердің білім алу компоненттері (бөлшектері) арқылы жүзеге асады. Білімнің шындығына көз жеткізу үшін (былайша айтқанда, есепті жөндеу үрдісі бітті деуге болады) сарапшы жүйеге сынақ мысалдарын енгізеді. Жөнге келтіру үрдісі біткен соң, жүйе пайдаланушыға тұтынуға беріледі. Тұтынушы сұрақ -талап 3-блокқа түседі. Ол, біріншіден, кірме мәліметтерді шектелген табиғи тілден жүйенің ішкі тіліне түрлендіріледі; екіншіден, кері есепті де шығарады: жүйенің ішкі тілде берген хабарын табиғи тілде көрсетілген хабарға айналдырады.
Пайдаланушының есептерінің кірме мәліметтері 3-ші блоктан өңдеуден өткеннен соң 4-ші блокқа келіп түседі, яғни жұмыс саласына. 5-ші блок жұмыс саласына келіп түскен кірме мәліметтер, өнімділік ережелер және проблемалық саланың жалпы фактілер негізінде есептің шешімін түзейді.
Егер жүйенің жауабы пайдаланушыға түсінікті болмаса, онда ол жүйеден түсініктеме талап ете алады (жауап қалай алынғаны туралы) . Онда 6-шы блок келесі жайды хабарлайды;
1) пайдаланушының информациясын ережелер қалай пайдаланады;
2) неліктен берілген ережелер пайдаланылды (пайдаланылмады) ;
3) қандай қорытындылар жасалды.
Түсініктемелер табиғи тілде беріледі.
2. 2. Білім және оларды көрсету
Мұнда бағдарламалық қамтама (БҚ), проблемалық сапа, мәліметтер, білім сияқты негізгі түсініктер беріледі.
Бағдарламалық қамтама - сараптау саласы немесе осы сала туралы білім.
Проблемалық сала - бұған БҚ және осы салада шешілетін есептер кіреді.
Мәліметтер - (алғашқы, аралық, ақырғы) олар консультация кезінде жүзеге асатын информация. Ол жүйеде есеп шығарыла ма, шығарылмай ма, оған қарамастан жүйеде сақталады.
Білімді көрсету кезінде мына есептер шығарылады:
1) көрсететін білімнің құрамын анықтау;
2) білімді ұйымдастыру;
3) көрсетудің моделін анықтау;
4) таңдалған көрсетуді пайдалану.
2. 3. Саралтау жүйе білімінің құрамы
СЖ білімінің құрамы мыналарға тәуелді:
1) проблемалық салаға;
2) СЖ құрамына;
3) пайдаланушылардың талаптарына және мақсаттарына;
4) араласу тіліне.
1) БҚ-да шешілетін есептерді (сәйкес білімді қажет ететін) былай жіктеуге болады:
- БҚ талдау есептері;
- ВҚ түрлендіру есептері;
- БҚ анықтау (таңдау) есептері.
Талдау есептеріне БҚ ағымдық хал-ахуалын анықтай түсетін және қайта түзейтін (бірақ өзгертпейтін) есептер жатады.
Түрлендіру есептеріне оны шешу кезінде БҚ бір хал-ахуалы екінші түрге түрленетін есептер, ал анықтау есептеріне сол есептерді шешу кезінде жүйе бір таңдау альтернатива саласынан екіншісіне көшетін есептер жатады. Оның проблемалық саласын келесі параметрлер жинақтарымен сипаттауға болады:
- дәлдік, қателік мәліметтер және білім туралы;
- мәліметтердің және білімнің толықтығы, толық еместігі;
- статикалық немесе динамикалық саласы;
- шешілетін есептің түрі.
2) СЖ-нің жалпылама схемасына сәйкес ол қызмет атқару үшін келесі білім қажет:
- аударушы пайдаланатын есеп шығару кезінде болатын білім (басқарушы білім) ;
- араласу тілі туралы білім және лингвистикалық процессор пайдаланатын диалог ұйымдастыру тәсілі;
- білім алу (үйрену) бөлшегі пайдаланатын білімді көрсету және түрлендіру тәсілдері;
- түсіндіретін бөлшек пайдалынатын көтермелеуші құрылымдық және басқарушы білім.
3) Білім құрамының пайдаланушылардың талаптарына тәуелділігі төмендегідей:
- пайдаланушы есептерді қандай мәліметтермен шешкісі келеді?
- шешімнің қандай дұрыс тәсілдері мен түрлері бар?
- есептің шешімі қандай шектеулер (нәтижелер сапына) және нәтиже шығару тәсілдері кезінде алынуы керек?
- пайдаланушының қолы жететіндей проблемалық саласы туралы білімнің жалпылама, дәлдік дәрежесі қандай?
- пайдаланушы мақсаттары қандай?
4) Араласу туралы білімнің құрамы араласу тіліне де, түсінудің қажетті деңгейіне де байланысты (тәуелді) .
2. 4. Білім базасындағы білім құрылымы
СЖ сәулетіне байланысты көзқарас пен білімді келесі құрылымдар арқылы көрсетуге болады (22-суретті қараңыз) .
Бар білім түсіндіруші және түсіндірмейтін болып екіге бөлінеді. Біріншіге шығарушыны түсіндіре алатын білім кіреді. Қалғаны түсіндірілмейтінге кіреді. Шығарушы олардың мазмұнын және құрылымын білмейді.
Түсіндірілмейтін білім көмекші және көтермелеуші болып бөлінеді. Көмекші білім араласу тілінің лексикасы мен грамматикасы және диалог құрылымы туралы информацияны сақтайды. Көтермелеуші білім жүйені жасау кезінде пайдаланылады (түсініктеме орындалатын кезде де) .
Көтермелеуші білім технологиялық және семантикалық болып бөлінеді. Технологиялық көтермелеуші білім құрамына өздері суреттейтін білімнің жасалу уақыты, білім авторы туралы және т. б. мәліметтер кіреді. Семантикалық көтермелеуші білім құрамына осы білімнің мәндік суреттеулері, былайша айтқанда, білімді енгізу себептері, білімнің қажеттілігі туралы информация кіреді.
Түсіндіруші білімді пәндік, басқарушы және көрсетулер туралы білімдерге бөлуге болады. Көрсетулер туралы білім құрамына түсіндіретін білімнің көрсетулерінің құрылымы туралы информация кіреді. Пәндік білімге БҚ туралы мәліметтер мен осы мәліметтерді түрлендіру тәсілдері кіреді (қойылған есепті шешу кезінде) .
Суреттегіштерге пәндік білімдер (мысалы, ережелердің анықталу коэффициенті, мәліметтердің де, "маңыздылық" және "қиындық" өлшемі және т. б. ) туралы кейбір информация кіреді.
22-сурет
Пәндік білімнің өзін фактілерге және қолданбалы білімдерге бөледі. Фактілер БҚ маңызының және мінездемесінің мүмкіндік мәнін анықтайды. Қолданбалы білімге есепті шешу кезінде БҚ-ға суреттемесін қалай өзгертуге болатыны туралы информация кіреді.
Басқарушы білімді бір түйінге (нүктеге) жинақтаушы және шешуші білімге белуге болады.
Жинақтаушы білім хал-ахуалға байланысты қандай білімді пайдалану керектігін суреттейді.
Шешуші білімге білімді түсіндіру тәсілін таңдауға пайдалану туралы (ағымдық хал-ахуалға тұра келетін) информация кіреді.
2. 5. Сараптау жүйесін құру методологиясы
Сараптау жүйелерін жобалаудың әдеттегі бағдарлама нәтижесін жобалаудан көп айырмашылығы бар. СЖ-де орындалатын тапсырмалардың бірқалыпқа келтірілмеуі, СЖ-нің аяқталған теориясының және жобалау методологиясыйың болмауы - жобадау барысында дайындаушылардың мәселе саласындағы білімін арттыру арқылы СЖ принциптері мен құрылу жолдарын жетілдіруді қажет етеді. Келтірілген қиындықтарды ескере отырып, СЖ жобалау барысында "жедел прототип" тұжырымдамасы қолданылады. Бұл тұжырымдаманың мәні - дайындаушылардың бірден түпкі мақсатқа жетуге тырыспайтындығында. Бастапқы сатыда олар СЖ прототипін құрады. Прототип екі қайшылықты мәнді талапты қанағаттандыруы керек: бір жағынан, нақты қосымшаның типтік тапсырмаларын орындауы керек; ал екінші жағынан, тез дайындап басуға қолайлы болуы керек. Бұл талаптарды қанағаттандыру үшін прототип құру барысында жобалау үрдісін тездететін түрлі құралдар қолданылады. Бұл құралдарды жалпы түрде - аспаптар деп атайды.
Прототип білім инженерлерінің әдістері қосымшаға жарамды екенін көрсетуі керек. Табысты болған жағдайда, білім жөніндегі инженердің көмегімен сарапшы мәселе саласындағы прототиптің білімін кеңейтеді. Табысты болмаған жағдайда, жаңа прототип дайындалады немесе дайындаушылар бұл қосымшаға СЖ әдістері жарамсыз деген қорытындыға келеді. Білімді арттыру деңгейі арқылы прототип осы қосымшаның барлық тапсырмаларын ойдағыдай орындай алатындай мүмкіндікке ие болады.
Прототиптің құрылу уақыты мен қиындығы - қолданылатын аспап түрлеріне байланысты. Аспаптардың түрлі тобына мыналарды келтіруге болады:
1) символдық ақпарат жасауға арналған бағдарламаның npоцедуралық тілдері (LISP, INTERLISP т. с. с. ) ;
2) білім инженерінің тілі, яғни СЖ-н дайындауға арналған тілдер (PROLOG, OPS 5 ) ;
3) СЖ-н құрастыру, қолдану және жетілдіру үрдісін автоматтандырушы құралдар (RLL, HEARSAY-III) ;
4) бос СЖ (база), яғни ешқандай мәселе саласы туралы білімі жоқ СЖ (ЕМҮСІN, КАЗ) .
Келтірілген топтастыру прототип құруда кездесетін қиындықтардың азаю тәртібімен берілді. Бірінші түр аспаптарын қолдану барысындағы бағдарламашы міндеті - едәуір төмен деңгейлі тілде СЖ-нің барлық компоненттерін бағдарламалау. Аспаптардың екінші түрін қолдану - тіл деңгейін біраз көтеруге әкеледі, бұл тиімділігін азайтады. Үшінші түрдің аспаптық құралдары дайындаушыдан СЖ кейбір немесе барлық компоненттерін бағдарламаламай, оларды алдын ала құрастырылған жиынтықтан таңдауды талап етеді. Әдетте бұл түрдің аспалтары: СЖ-н құрастыруды автоматтандырушы құралдар (мысалы, RLL. HEARSAY-III) және білім алу үрдісін автоматтандырушы құралдар (мысалы, TEIRESIAS) болып бөлінеді.
Аспалтың төртінші түрін қолдануда СЖ-н дайындаушы дайын база жүйесін алатындықтан, бағдарлама құру жұмысынан толығымен босатылады. Бұл жолды қолдануда мынадай қиындықтар кездесуі мүмкін: 1) база жүйесінің шығару процедурасына енгізілетін басқару стратегиялары осы жүйемен өзара әрекет етуші сарапшы шешімінің әдістеріне сәйкес келмеуі мүмкін; бұл тиімсіз, кейде қате нәтижелерге әкелуі мүмкін; 2) база жүйесінде қабылданған білімді түсіндіру тілі осы қосымшаға сәйкес келмеуі мүмкін.
СЖ-н дайындау үрдісіне қатысушылардың мамандықтарын атап өтейік; 1) СЖ тапсырмаларын орындайтын мәселе саласындағы сарапшы; 2) СЖ-н дайындайтын маман - білім жөніндегі инженер;
3) аспаптық құралдарды келістіріп, жетілдіретін бағдарламашы. Әдетте СЖ дайындауға аз дегенде төрт адам қатысады (бір сарапшы, екі білім жөніндегі инженер, бір бағдарламашы) . Қатысушылардың ішінде білім жөніндегі инженердің болмауы (яғни оларды бағдарламашылар ауыстырса) СЖ-нің дайындау үрдісінің сәтсіз болуына немесе біразға созылуына әкеледі.
СЖ-н дайындау үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: теңестіру? концептуалдау, нысаншылдық, орындалу, текст сынағы, тәжірибеде қолдану.
Ал теңестіру кезеңінде мына мәселелер шешіледі: үрдіске қатысушылар мен олардың орны анықталады; ресурстар мен мақсат айқындалады. Осы кезеңде білім көздері (кітаптар мен нұсқаулар) де айқындалады. Мәселенің теңестірілуі - шешілетін мәселенің шартсыз сипатталуын құрастыру болып табылады. Сипаттамада: мәселенің жалпы сипаты, мәселенің өз ішінен туындайтын шағын мәселелер, негізгі ұғымдар мен қатынастар, кіріс мәліметтер мен шешімнің болжам түрі кіреді.
Концептуалдау кезеңінде сарапшы мен білім жөніндегі инженер мәселенің шешілу үрдісін сипаттауға қажетті сипаттамалар, негізгі ұғымдар мен қатынастарды (теңестіру кезеңінде келтірілген) - пайдаланады. Бұл кезеңде мәселенің мына ерекшеліктері айқындалады: түсінікті мәліметтер түрі, шығарылатын мәліметтер, жалпы мәселенің шағын мәселелері, қолданылатын стратегиялар мен ғылыми болжамдар, сала объектілерінің өзара қатынасы, шешім үрдісіне қойылатын шектеу түрлері, шешімді алу және негіздеуде қолданылатын білімнің құрамы. Бұл кезеңде білім жөніндегі инженер білім түсінігі мен шешім әдістеріне жататын кейбір сұрақтарды қарастырады, бірақ мұнда нақты жолдар мен әдістерді таңдау әлі ерте.
Нысаншылдық кезеңде алдыңғы кезеңде енгізілген барлық негізгі ұғымдар мен қатынастар білім жөніндегі инженер ұсынған шартты тілде беріледі. Мұнда ол аспаптық құралдар қарастырылатын мәселені шешу үшін жарамды ма, өзіндік дайындаулар керек пе деген сияқты мәселелерді анықтайды. Бұл кезеңде жүйенің мелімдеме нысанындағы процедуралық білімдерінің берілу жолдары мен құрамы анықталады.
Орындалу кезеңінің міндеті - қажет тапсырмаларды орындайтын СЖ-нің бір немесе бірнеше прототипін жасау болып табылады.
Прототип дайындау - компоненттерді бағдарламалау мен білім базасының толығуынан тұрады.
Текст сынағының кезеңі барысында білімді түсіндірудің таңдалған жолы мен бүтіндей жүйеге баға беріледі. Жүйе басынан аяғына дейін екі немесе үш мысалды өңдей алатын қалыпқа жеткен кезде білім базасы мин басқару механизмінің кемшіліктерін анықтау үшін мысалдарды көбейте отырып, тексеруге кірісу керек. Білім жөніндегі инженердің міндеті - СЖ-н жан-жақты тексеруді қамтамасыз ететін мысалдарды іріктеу.
Тәжірибеде қолдану кезеңінде сараптау жүйесінің соңғы пайдаланушыға жарамдылығы тексеріледі. Мұнда жүйе түрлі пайдаланушылармен жұмыс барысында барлық мүмкін тапсырмаларды орындайды. Пайдаланушы үшін жүйенің жарамдылығы негізінен онымен жұмыс істеудің қолайлығымен жеке оның пайдасымен анықталады. Жүйенің пайдасы - диалог барысында жүйенің пайдаланушы қажетін анықтап, жұмыстағы сәтсіздіктерді тауып, оларды жою және пайдаланушының қажетін қанағаттандыру. Жүйемен жұмыс істеу қолайлығы дегеніміз - жүйемен өзара әрекеттердің қарапайымдылығы, икемділігі, қателерге тұрақтылығы. Осы кезеңнің нәтижелері бойынша жүйені басқа ЭЕМ-на көшіру туралы шешім қабылданады.
2. 6. Сараптау жүйесін пайдаланушылардың өзара әрекет үлгісі
Сараптау жүйесімен өзара әрекет ететін пайдаланушылардың бірнеше түрі бар: маман пайдаланушылар, маман емес пайдаланушылар, сарапшылар, пайдаланушы студенттер. Бұл пайдаланушылардың әрқайсысының қатынасқа қоятын өзіндік талаптарымен қоса, оларды мыналар біріктіреді: 1) қатынас жасау тілі - шартты бағдарлама тілі емес, шектеулі табиғи тіл; 2) пайдаланушылардың барлық түрінің эксперт жүйесімен өзара әрекет ету үрдісі бөлектенген екі сөйлемнің ("сауал-жауап") түрінде емес, бастама бір мүшеден екіншісіне көшіп отыратын тармақталған диалог ретінде көрінеді. СЖ пайдаланушылардың қатынас жасау барысында шешілетін міндеттердің күрделілігі мен ерекшелігі СЖ құрылымынан өзара әрекет компоненттерін қажет етеді. Өзара әрекет компоненттерінің (қатынас компоненттерінің) қызметі мәліметтер негізімен табиғи тілде өзара әрекет етуші жүйелердің қызметіне ұқсас. Апайда сараптау жүйесінде пәннің ерекшелігі қолданылатын ұғымдардың құрамына, түсініктеме түрлеріне, лексикасына т. с. с. көптеген шектеулер қояды. Бұл табиғи тілді өңдеу міндетін жеңілдетеді.
Өзара әрекет компоненттерінің негізгі міндеті: 1) «пайдаланушы- сараптау жүйесі» диалогын ұйымдастыру, яғни тапсырманы бірлесе орындау барысында мүшелердің қызметін белгілеу және мүшелердің кезектегі мақсаттарының қызметі ретінде диалог күйі мен тапсырманың орындалу барысын бақылау; 2) диалогтың күнделікті қалпын ескере отырып, жекелеген хабарламалар дайындау, яғни хабарламаның табиғи тілдік түрінен ішкі түсінік түріне жене керісінше өзгеруін іске асыру.
23-суретте диалог жүйешесі және талдау мен жинақтау жүйешесінен тұратын өзара әрекет компоненттерінің жалпы үлгісі берілген. Диалог жүйешесінің атқаратын қызметін анықтау үшін диалогтың кейбір моделін қабылдауымыз керек. Қазіргі кезде көпшілік мақұлдаған толық диалог моделі жоқ. Диалогты белгіленген қатынас тілінде хабарламалармен алмасу мақсатын көздеген қатысушылардың қайшылықсыз өзара әрекеті ретінде қарастырамыз. Қайшылықсыз өзара әрекет үрдісі ретіндегі диалогқа қатысушылар мақсаттарына үйлесуінің нәтижесінде қол жеткізуге тырысады. Мұнда мақсат қатысушыларға бұрыннан белгілі болады да, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, көмек диалогы (көмектесуші, көмек алушы), сатып алу диалогы (тұтынушы, сатушы) т. с. с. Екі мақсат диалог түрін айқындайды, яғни қатынастың нақты мүшелері мен шешілетін міндеттеріне қарамастан, осы мақсатты көздеген көптеген диалогтарды сипаттайды, яғни келтіpiлгeн мысалдарда диалог түрі көмек немесе сатып алынатын тауар сипатына байланысты емес) . Диалог түрі туралы мәлімет мына компоненттермен сипатталады: параметрлердің көптігімен, параметрлер сипаты және диалогтың макроқұрылымы. Параметрлердің көптігі диалогтың бұл түрінің қандай шектерде түрленуі мүмкін екендігі туралы мәлімет береді. Әдетте диалог түрін үш параметрлермен сипаттауға болады: қатысушылар орны және диалог тақырыбын айқындайтын екі параметр. Параметрлер сипаттамасында параметрлер туралы көптеген пікірлер бар. Ең алдымен, бұл пікірлерді диалогтың осы түрінде қатысушылар сақтауы керек мақсат пен қатысушылар күйін анықтайды. Сипаттамалар осы түрдегі диалогтың барысында бірқалыпты сақталатын диалог аспектілерін көрсетеді. Жүйелі түрде өзгеріп отыратын диалог аспектілері диалогтың жалпы құрылымы (макроқұрылым) түрінде көрінеді. Макроқұрылым қатысушылардың уақытпен жартылай реттелген көптеген ұсақ мақсаттар түрінде беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz