Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері



ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
1.Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең
2.Сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісі
3.Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері
4.Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы
5.Тілдік тұлға және оның мәдени.тілдік құзіреті
6.Сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері
7.Әдеби тілдің нормаларын кодификациялаудың негіздері
8.Тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтері.
9.Варианттылық және оларды кодификациялаудың негіздері.
10.Сөздің функционалдық типтері және сөз мәдениеті
11.Көркем дискурс және сөз мәдениеті
12.Публицистикалық дискурс және сөз мәдениеті
13.Ғылыми дискурс және сөз мәдениеті
14.Іскери дискурс және сөз мәдениеті
Пайдаланған әдебиет
Зерттеудің өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру “сөз мәдениеті” деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды [1; 2; 3].
Сөз мәдениеті қазақ әдеби тілінің тарихымен тағызы байланысты. М.Балақаев, Р.Сыздықова, М.Томанов, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының зерттелуі; Б.Әбілқасымовтың еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбановтың әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсіресе ақын, жыраулар поэзиясының сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін эмперикалық, теориялық материалдармен байыта түсті.
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы (М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық, Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. –581 б.
3. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.
4. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.
5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.
6. Матезиус В. Избранные труды по языкознанию. М.: Едиториал УРСС, 2003. – 232 с.
7. Головин Б.Н. Основы культуры речи: Учеб. пособие. –М.: Высш. Школа, 1980. –335 с.
8. Скворцов Л.И. Теоретические основы культуры речи. М.: Наука, 1980. –252 с.
9. Речевое воздействие в сфере массовой коммуникации. – М.: Наука, 1990. –136 с.
10. Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. Алматы: Мектеп, 1989. – 160 с.
11. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Мн.: Тетра Системс, 2004. –256 с.
12. Языки как образ мира. – М.: ООО “Издательство АСТ”, СПб.: Я41 Tezza Fantastіca, 2003. – 568 с.
13. Вежбицкая А. Язык. Культура: Пер. с анг. –М.: Русские словари, 1997. – 416 с.
14. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.
15. Мартине Андре. Основы общей лингвистики: Пер. с франц. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 224 с.
16. Шарков Ф.И. Основы теории коммуникации: Учебник для вузов. М.: Издательский дом “Социальные отношения”, 2003. – 248 с.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар

Ғылыми монографиялар:
1. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. 5 б.т.
2. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы: Ғылым, 1988. 7 б.т. (авт. бірл.: А.Алдашева).
3. Фразеология және тілдік норма //Алматы, 1998. 8 б.т.
Оқулықтар мен оқу құралдар, көмекші құралдар:
1. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. //(авт. бірл.: З.Бейсембаева, Ж.Исмайлова, М.Қанабекова, Г.Қайдарова). Алматы, 2005. 112 б.
2. Бата-тілектер (жинақ). Құрастырушы Н.Уәлиұлы. Алматы: Арыс, 2005. 88 бет.
3. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған. Алматы: Мектеп, 2006.
4. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. (А.Фазылжанова, А.Кобыларновамен бірге). Алматы: Мектеп, 2006. –104б.
5. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. Дидактикалық материалдар. Алматы: Мектеп, 2006.–72б.
Сөздіктер:
1. Жаңа атаулар. Алматы: Ана тілі, 1992. 118б. (авт. бірл.: А.Алдашева, Ш.Сарыбаев).
2. Емлесі қиын сөздер. Мектеп оқушыларына арналған анықтамалық сөздік. Алматы: Балауса, 2000. 30 б.т.
3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2001.-430б.
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.
5. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ. Есенова, Н.Әміржанова, С.Жапақов, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.
6. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі //(авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2006.
Мақалалар:
1. Этимологиялық этюдтер //Қазақстан мектебі. 1976. N 5. 93-95-бб.
2. М.Әуезовтің тұрақты сөз тіркесін қолдану ерекшеліктері жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология сериясы, 1978. N 1. 26-29-бб.
3. Көркем әдебиет тіліндегі стильдік контраст //Жазушы және сөз мәдениеті. Алматы: Наука, 1983
4. Жұмбақ жетілер //Жалын. 1988. N 3.
5. Жұмбақ сандар //Жалын. 1988. N 4.
6. Қ.Жұбанов және қазақ орфографиясының принциптері //Қазақстан мектебі. 1989. N12. 10-б.
7. Ақаң жинаған асыл сөз //Қазақ тілі мен әдебиеті 1991. N4. 76-80-бб.
8. Сөз және оның мәдени ұлттық мазмұны //М.Әуезовтің қазақ тілін дамытудағы рөлі. Алматы, 1997. 73-80б.
9. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары //ҚР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 1998. N3. 0,5 б.т.
10. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы //Ұлттық рухтың ұлы тіні. Алматы: Ғылым, 1999. 268-280 бб.
11. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың буын теориясы //Өрлеу. 1999. N2. 43-45-бб.
12. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы //ҚР БҒМ ҰҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. 2000. N2. 52-61-бб.
13. Казахский алфавит на основе латинской графики //ҚР ҒА Хабарлары. 2000 N1. (авт. бірл.: К.Хұсайынов, Ә.Жүнісбеков).
14. Бір тәуліктегі күн мен түн //ҚХР Шыңжаң дәшуе ғылыми журналы 2002. N4. 13-19бб.
15. “Қамшы” этнографизмінің қолланылу өриси хаққында //Өзбекстан Республикасы Илимлер Академиясы Қарақалпақстан бөлиминиң Хабаршысы. Нөкис, 2003. N5. 98-100бб.
16. Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. Алматы: Арыс, 2004. 5-23бб.
17. Қазақ тілі – қандай тіл? //Тілтаным. Алматы, 2004. N3, 156-163бб.
18. Қазақ тілі: советтік дәуір мен постсоветтік кезең //Тілтаным. 2005. N4.
19. Сөз мәдениеті туралы // Қазақ тілі. Мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. Алматы, 2005. N6. 3-4бб.
20. Қазақ тіліндегі кейбір зоонимдердің этимологиясы туралы //Қазақ тілі.Мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2006. N2 (14). 3-4бб.
21. Біріккен сөз туралы // ҚР ҒА Хабарлары. 2006.
22. Алғы сөз. Сөздіктің құрылымы мен құрылысы //Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 1-том. Алматы: Арыс, 2006.
23. Ы.Е.Мамановтың ғылыми концепциялары // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология университеті, 2007, N3.
24. Халық күн қайыруы. // Абай энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 1995. 590-591бб.
25. Әлиіпби. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 49-50бб.
26. Орфография. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 304-305бб.
27. Орфографиялық сөздік. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 305б.
28. Орфоэпия. // Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы, 1998. 305-306бб.
Конференцияда жасаған баяндамалар:
1. Қазақ әдеби тілі туралы зерттеулердің түйінді тұжырымдары //“Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының даму мәселелері және басқа тілдермен қарым-қатынасы” республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 1998, 11-12 наурыз. 8-13 бб.
2. Қ.Жұбанов қазақ орфографиясының негізгі принциптері хақында //“Жұбанов тағылымы” атты республикалық конференция материалдары. Ақтөбе, 1998. 38-43бб.
3. Бір тәуліктегі шақ атаулары және олардың этимологиясы //Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: Дайк-Пресс, 2004, 143-153 бб.
4. Тілдік жүйе – норма – узус және олардың ортақ тұстары мен айырым белгілері //Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалы. Алматы: Арыс, 2004. 26-30 бб.
5. Терминология және тілдік норма //Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2004. 34-46-бб.
6. “Қамшы” концептісі //Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы: Дайк-Пресс, 2005, 204-213-бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122: 808.5 Қолжазба құқығында

УӘЛИ НҰРГЕЛДІ

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық

негіздері

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындаған
диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.



Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Қалиев

филология ғылымдарының докторы,
профессор С.Бизақов

филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Момынова

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті


Диссертация 2007 жылы сағат де ҚР БжҒМ
Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 – түркі
тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).

Автореферат 2007 жылы таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеудің өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін
баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен
бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде,
ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты
ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын
негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына
сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері
қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның
бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі
қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру,
қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру “сөз мәдениеті”
деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік
жауапкершілік болып табылады.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің
өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі
парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де
байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты
ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу
құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,
С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың
ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды
қалыптастыруда маңызы ерекше болды [1; 2; 3].
Сөз мәдениеті қазақ әдеби тілінің тарихымен тағызы байланысты.
М.Балақаев, Р.Сыздықова, М.Томанов, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың
еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің
стильдік салалары мен тармақтарының, жанрларының зерттелуі;
Б.Әбілқасымовтың еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ
жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбановтың
әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, әсіресе ақын, жыраулар поэзиясының
сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-
функционалдық аспектісін эмперикалық, теориялық материалдармен байыта
түсті.
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде тексеретін негізгі объектісі,
біріншіден, тілдік норма. Осыған сәйкес қазақ сөз мәдениеті де нормативті
аспектіде аспектіде көбірек қарастырылды. Атап айтқанда, әдеби тіл нормасы
(М.Балақаев) [3] норма және оның жүйемен, дағдымен байланысы (Р.Сыздық,
Н.Уәлиев) [4; 5]; орфографиялық норма (Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев,
А.Алдашева), орфоэпиялық норманың типтері мен түрлері (Р.Сыздық),
варианттылық пен норма (И.Ұйықбаев, С.Бизақов) т.б. жөніндегі зерттеулер
тілдік норманың ортологиялық базасын кеңейте түсті.
Ә.Жүнісбековтің үндесім заңын дауыстылар мен дауыссыздардың акустика-
артикуляциялық жақтан үйлескен бірлігі ретінде қарайтын жаңаша зерттеуі;
Е.Қажыбековтің тарихи фономорфология, А.Айғабыловтың морфонология,
М.Жүсіповтің сингормофонология, С.Мырзабековтің орфоэпия мен орфографиялық
нормаларды өзара барынша жақындату туралы ой-пікірлері, Ж.Әбуовтің
перцептивті фонетика, З.Базарбаеваның қазақ тілінің интонациялық құрылымы
туралы зерттеулері тілдік норманың теориялық, фактологиялық базасын
толықтыра түсті.
Сөз мәдениеті – көпвекторлы ғылыми пән. Ә.Т.Қайдаров, М.М.Копыленко,
А.Е.Карлинский, Е.Жанпейісов, Э.Д.Сүлейменова, К.Ш.Хұсайынов, Б.Хасанов,
З.Қ.Ахметжанова, С.С.Құнанбаева т.б. ғалымдардың қазақ тілтанымы мен жалпы
тілтанымға қатысты зерттеулерінің нәтижелері сөз мәдениеті пәнінің
типологиялық теориялық базасын байыта түсіп отыр. Сондай-ақ, Ж.Манкеева,
С.Сатенова, Г.Смағұлованың лексика-фразеологиялық, этнолингвистикалық
бағыттағы зерттеулері тілдік тұлғаны дәстүрлі мәдениеттің өкілі,
тұтынушысы, дамытушысы ретінде тануға, тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы
этномәдени компоненттердің сипатын айқындауға жәрдемін тигізетіні сөзсіз.
Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлының терминдік лексиканың нормалық
қасиеті туралы ой-тұжырымдары, Б.Момынованың газет лексикасын, ондағы
қоғамдық-саяси атауларды ерекше номинативтік әрі функционалды бірлік
ретінде қарайтын ізденістері тілдік норманың қолданыстағы қырларын
айқындауға негіз болады.
Қазақ ономастикасы бойынша проф. Т.Жанұзақовтың, А.Әбдірахманов т.б.
зерттеушілердің ой-пікірлері ономастикалық атаулардың таңбалануының
орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын анықтауға жәрдемі тисе, Е.Керімбаев,
Г.Б.Мәдиева, Қ.Рысбергенова, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.б. ономастардың
антропоцентристік аспектідегі ізденістері тілдік ұжымның когнитивтік
санасындағы ұлттық ономастикалық кеңістікке қатысты білімдер жүйесін
айқындауға мүмкіндік береді.
Р.Әміров, З.Ерназарованың сөйлеу тілін коммуникативтік-функционалдық
жүйе тұрғысынан тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің прагматикасын
коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) орайластыра қарайтын сәттері,
сонымен қатар тілдік коммуникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға
қатысушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалдыбейвербалды
түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан қарастырған
Ф.Оразбаеваның зерттеулері, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік
аспектісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызды болмақ.
М.Малбақовтың лексика-фразеологиялық бірліктерді түсіндірме сөздікте
берілуі тәртібі, сөз мағыналарының түсіндірілуі сөзді лексикографиялаудағы
норма мәселесіне байланысты тұжырымдары; әдеби тіл нормаларын оның даму
кезеңдерімен байланысты қарайтын Ш.Мәжітаеваның; қазақ жазуының теориялық
негіздері, жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктері, жазба тіл нормасы жөнінде
К.Күдеринованың ізденістері сөз мәдениетінің нормативті аспектісін жаңаша
пайымдаулармен толықтыра түседі.
Тілдік норманың тарихи сипатын, “ескі” мен “жаңа” норманы айқындауда
Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ш.Жалмаханов, М.Сабыров т.б.
ғалымдардың тарихи-салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелер мен ондағы әдіс-
тәсілдер, сондай-ақ жарыспалы норманың басым түрлерін тілдік тұлғаның сөз
қолданысындағы жиіліктері арқылы айқындаудың К.Бектаев, А.Жұбанов жасаған
статистикалық әдістері сөз мәдениетінің әдістемелік базасының шеңберін
кеңейте түсетіні сөзсіз.
Орыс тілтанымы мектептерінің басында тұрған көрнекті тұлғалар
Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Ожегов т.б. еңбектеріндегі, сондай-ақ Прага
лингвистикалық мектебі өкілдерінің, әсіресе В.Матезиустің [6] тіл
мәдениетінің жалпы ұстанымдарының, жалпы тіл біліміндегі теориялық
тұжырымдар мен концептуалдық пайымдауларының қазақ сөз мәдениетінің
теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы ерекше болғаны
мәлім.
Жоғарыда атап көрсетілген зерттеу нәтижелері мен тілді зерттеудің жаңа
бағыттары қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, мәртебесін көтерудің
сөз мәдениетіне тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Өйткені мәдениеті
жоғары тіл ғана ұлттық тіл, мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара
алады. Осыған орай сөз мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып, оның мынадай
келелі-келелі мәселелерін айқындап, оларды ғылыми негізде шешуді күн
тәртібіне қойып отыр.
Ұлттық әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі
үрдістерді айқындау, жаңа нормалардың сипаттамасын жасау мен сөздің
коммуникативтік сапасы жөнінде лингвистикалық білімдерді жинақтап, жүйеге
салу осымен байланысты қазіргі лингвистикадағы антропоцентристік бағытқа
сәйкес қазақ сөз мәдениетінің іргелі ұғымдары мен аппараттарын, негізгі
теориялық қағидалары мен басты ғылыми принциптерін, қайта қарап, айқындау,
зерттеу объектісі мен пәнін дәлдеу, нақтылау қазақ сөз мәдениетіндегі
өзекті мәселелер болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
қазақ сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес,
коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік және лингвомәдениеттік,
этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін
айқындау, сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде
анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін
іздестіру;
Жоғарыда айтылған мақсаттар мынадай м і н д е т т е р д і орындау
арқылы жүзеге асыруға болады:
- сөз мәдениеті пәнінің зерттеу объектісін, қарастыратын мәселелерін
дәлдеу, анықтау, нақтылау; “сөз мәдениеті” деген ұғымға анықтама беру; оның
негізгі аспектілерін көрсету; сөз мәдениетінің дербес пән ретінде, қазақ
тіл білімінің теориялық саласы ретінде қалыптасуының алғышарттарын көрсету;

- әдеби тіл және оның нормалары жөнінде теориялық мәселелерге тоқталу;
нормалардың түр-түрін көрсетіп, сипаттама жасау; тілдік норманы
кодификациялаудың негіздерін айқындау;
- тілдік норманы тілдік жүйе және дағды (узус) құбылыстарымен
байланысты қарау; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
- сөздің функционалдық типтеріне және оларға тән нормаларға тоқталып,
әрқайсының айырым белгілерін анықтау; функционалдық стильдердің жанрлары
мен оларға тән нормалардың тұрақты тілдік-стильдік амал-тәсілдерін көрсету;

- сөздің коммуникативтік сапасын анықтауда тілдік емес құрылымдарға
арнайы тоқтала отырып, тілдік және тілдік емес мәнділіктерді өзара
байланыста қарау, оларды коммуникативтік біртұтас құрылым ретінде тексеру;
сөздің коммуникативтік сапалары жөнінде ұғымдарға тоқталып, жақсы, бедерлі,
дәл, қисынды т.б. деп бағаланатын сөздің ортақ белгілерін айқындау;
- сөздің ауызша формаларына тән ерекшеліктеріне, тілдік және оны жазба
сөзден өзгешелендіріп тұратын тілдік емес мәнділіктеріне тоқталу; шаршысөз
түрлеріне тоқталып, сөз бедерлеу құралдарына, әсер ету тәсілдеріне талдау
жасау; пікірталастың тілдік, тілдік емес құралдарына талдау жасау;
- коммуникацияның аса маңызды құрылымдық компонентерінің бірі ретінде
этикеттік таңбалардың қызметі мен өзіне тән нормаларын, қарым-қатынас
мәдениетіне тигізетін әсерін көрсету.
- тілдік жүйедегі норма және узустың арақатысын айқындауда ерекше мәні
бар, жүйе негізінде қалыптасқан норманы узус негізінде қалыптасқан нормадан
саралап ажырату; жүйе негізінде қалыптасқан норманың кодификациялау
кезіндегі артықшылығын көрсету;
- тілдің даму үрдісіне сәйкес өзгерістерді айқындау және варианттарды
кодификациялау;
- қолданыла келе дәстүрлі нормаға айналған, сөз жұмсауда ешбір қиындық
келтірмейтін нормаларды қайта кодификациялауға жол бермеудің мәнін
түсіндіру.
Зерттеудің нысанасы мен пәні. Ауызша және жазбаша формадағы көркем,
публистикалық, ғылыми, ресми дискурстар және тұрмыстық қарым-қатынас
дискурсындағы сөз қолданыс – зерттеудің нысанасы, ал зерттеудің пәні –
олардың “жасалу”, “жұмсалу”, “қабылдаумен” және аталмыш дискурстардың
лингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық ерекшеліктері.
Зертеудің материалдары. Зерттеу жұмысында мерзімді басылымдар мен баспа
өнімдері, аудио; аудиовизуалды БАҚ-ның тілдік материалдары және нормативті
сөздіктердің материалдары пайдаланылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және
жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салғастырма әдіс,
дистрибуциялық талдау, формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи
әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың
өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Сондай-ақ сөз мәдениеті пәнінің бағалауыштық сипаты болатыны, осы
бағалауыштық сипат оппозициялық жүйе құрайтынымен байланысты қарама-қарсы
қою тәсілі қолданылды:
- тілдің барлық деңгейіндегі ортологиялық құрылымдық қабаттардағы
оппозиция: дұрыс-бұрыс;
- сөз этикетіне қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: әдепті
(дәстүрде бар) – әдепсіз (дәстүрде жоқ);
- нормативті этикаға қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: орынды
– орынсыз; (мысалы, біреуді көзінше мақтамау (орынды), біреуді көзінше
мақтау орынсыз);
- сөз байлығына қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: сөз байлығы
– сөз жұтаңдығы;
- сөз тазалығына қатысты құрылымды қабаттардағы оппозиция: сөз тазалығы
– сөз шұбарлығы;
- экспрессивтілікке байланысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция:
бедерлі – бедерсіз;
- логикалық құрылымға қатысты қабаттардағы оппозиция: қисынды –
қисынсыз;
- танымдық құрылымға қатысты қабаттардағы оппозиция: тілі ауыр – тілі
жеңіл;
- сөздің функционалдық құрылымына қатысты қабаттардағы оппозиция:
лайықты – лайықсыз т.б.
Зерттеудің жаңалықтары. Сөз мәдениеті осы кезге дейін негізінен тілдік
құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты
бағдарға алуы жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады.
Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан
қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек
нормативті аспектіде қарастырмай, функционалдық, коммуникативтік-
прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеу; тілдік тұлғаны
сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу; сөз мәдениеті бұғанға
дейін сөйлеуші (автор, коммуникатор, адресант сөз субъектісі) позициясы
тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы (адресат, коммуникант,
реципиент) тұрғысынан қарау, соның негізінде сөздің сапасына баға беру
зерттеудің коммуникативтік аспектідегі жаңалықтары болып саналады.
Тілдік норманы кодификациялауда практикаға сүйену басым болса, ендігі
кезекте оның сүйенетін теориялық негіздерін көрсету, тілдік және тілдік
емес нормалардың түрлерін айқындай отырып, сөздің сапасын анықтауда тілдік
нормаға сүйену жеткіліксіз, тілдік емес нормаларды да ескеру, тілдік,
тілдік емес нормалардан ауытқулардың себептерін уәжді ауытқудың әсерімен
ықпалын ашу зерттеудің нормативті аспектіге қатысты жаңалығы.
Сөзді вербалды және когнитивтік әрекеттердің нәтижесі ретінде қарау,
тілдік тұлғаны сөз мәдениетінің іргелі түпқазық ұғымы ретінде алу, тілдік
тұлғаның санасындағы тілдік және тілдік емес білімдер жүйесін когнитивтік
құрылым ретінде қарай отырып, коммуникацияның сәттісәтсіздігін білімдер
жүйесімен байланыстыру зерттеудің когнитивтік аспектісімен байланысты
жаңалығы деуге болады.
Мәтінді адресант тарапынан тілдік ақпараттар кодқа салынған
лингвистикалық таңбалар жүйесі, лингвомәдени ақпараттар кодқа салынған
таңбалар жүйесі, эстетикалық мәнділіктер мен этикалық мәнділіктер кодқа
салынған таңбалар жүйесі ретінде алып, мұндай күрделі семиотикалық жүйедегі
кодты адресаттың қалай ашатынына талдау жасау зерттеудің лингвомәдени
аспектідегі жаңалықтары болып табылады.
Сонымен бірге тілдік қарым-қатынастың этикалық нормасын ерекше
конвенционалды жүйе ретінде қарастыра отырып, қарым-қатынастың эксплицитті
және имплицитті түрде қандай тілдік құралдармен, амал-тәсілдермен жүзеге
аса алатынын көрсету зерттеудің этикалық аспектісіне қатысты жаңалығы деуге
болады.
Зерттеудің теориялық құндылығы мен практикалық мәнділігі. Қазақ тіл
білімінде сөз мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына
өзіндік үлес қосады. Сөз мәдениетін тілдік, коммуникативтік, прагматикалық,
когнитивтік, лингвомәдени, этикалық тұрғыдан қарастыру оның негізгі
белгілерінің түгелденіп біртұтас пән ретінде қалыптасуына негіз болады.
Сөздің коммуникативтік сапасын объективті түрде айқындаудың, мәтінді
интерпретациялаудың, тілдік нормаларды кодификациялаудың теориясын жасау
жолындағы әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге мұрындық болады.
Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары, материалдары жоғары
мектептерде сөз мәдениеті, стилистика, когнитивтік лингвистика,
коммуникация теориясы бойынша оқылатын лекциялық курстарда пайдаланылады.
Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін
жазылатын сөз мәдениеті жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын,
бағдарламаларын жасауға пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысында
айтылған тұжырымдар мен ұсыныстардың нормативті сөздіктерде кодификациялау
ісінде қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: сөз мәдениетін зерттеу қазіргі
жаһандану кезеңінде академиялық формада қала бермеуге тиіс. Қазіргі
заманда, сөз мәдениеті тілдің өміршеңдігін (vіtalus), тілдік кеңістікті,
тілдік ортаны қалыптастырып, тілдік тұлғаның ұлттық болмысын сақтап, өзге
тілдің басқыншылығына қарсы күресетін тіл ғылымының саласы болуға тиіс;
сондықтан сөз мәдениеті өз объектісін кеңейтіп, лингвоэкологиялық бағытты
да қамту қажет;
Сөз мәдениеті тілдік-құрылымдық жүйені тілдік емес құрылымдармен тығыз
байланысты қарастыруы керек, өйткені тілдік емес мәнділіктер тілдік
құралдар мен стильдік, риторикалық амал-тәсілдерді таңдап-талғауға, мәтін
түзіліміне мықтап әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Тілдік коммуникацияның сапасын қарастыруда сөз мәдениеті ғылыми пән
ретінде диалогтік принципті басшылыққа алуға тиіс. Өйткені, осы кезге дейін
сөз мәдениетін тексеруде монологтік принцип үстем болып келді. Тілдік
коммуникация адресанттың автордың коммуникатордың сөйлеушінің позициясы
тұрғысынан тексерілді, ал адресаттың оқырманның коммуникаттың
реципиенттің, тыңдаушының позициясы ескерілмеді. Мұндай жағдайда тілдік
коммуникацияға баға беру тек авторлық позиция тұрғысынан болса, тілдік
қарым-қатынастың сәтті-сәтсіз болуының себептері толық ашылмай қалады.
Айтылымды мәтінді жанрды коммуникацияның толық өзі емес, оның бір
ғана бөлігі деп қарастыру қажет, өйткені мәтінде айтылатын ой, сезім тіл
арқылы объективтенуге дейін де белгілі бір құрылым түрінде болады, сөйтіп
барып, тілдік құрылымға (айтылымға, мәтінге) айналады, бірақ тілдік
коммуникация аяқталмайды. Өйткені айтылымды, мәтінді қабылдаушы (реципиент)
мәтінде, айтылымда кодқа салынған тілдік, тілдік емес ақпараттарды ашу
арқылы сөйлеушінің коммуникативтік діттемін, мақсатын, аңғарады. Осымен
байланысты сөз сапасын осы айтылған үш “аймақтан” автор-мәтін-реципиент
қатынасынан іздестіру қажет; осы кезге дейін зерттеушінің басты назары тек
мәтінде болды.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі
мазмұны мен нәтижелері 1998 жылы өткен “Қазақ тілінің грамматикалық
құрылымының даму мәселелері және басқа тілдермен қарым-қатынасы” атты
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, 1998 жылы өткен “Жұбанов
тағылымы” атты республикалық конференцияда, 1999 жылы өткен “Ұлттық рухтың
ұлы тіні” конференцияда, 2004 жылы өткен “Академик Ә.Т.Қайдаров және тіл
білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2004
жылы өткен “Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері” атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2005 жылы өткен “Академик
Ш.Ш.Сарыбаев және тіл білімінің мәселелері” атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда баяндалды. Сонымен бірге зерттеудің ғылыми
нәтижелері мен қорытындылары “Сөз мәдениеті”, “Фразеология және тілдік
норма”, “Қазақ орфографиясындағы қиындықтар” (бірлескен автор) сияқты
монографияларда, отыздан астам ғылыми мақалаларда, “Тіл мәдениеті”
(бірлескен автор), “Қазақ тілі. Сөз мәдениеті” (бірлескен автор) оқу
құралдарында, үш оқу-әдістемелік әдебиетте (бірлескен автор), сөздіктер мен
екі анықтағыштарда пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, сонымен
бірге пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән
ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті
жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел,
фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге
болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы
терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін
айқын аңғартады.
Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең. Сөз мәдениеті жөнінде
ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі, сөз мәдениетінің жеке пән
ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу
әдістері, бір жағынан, тілдің этос, пафос, логос тәрізді қоғамдық
тіршілігімен, екінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың
өрістеуімен байланысты қарастырылады.
Сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісі. Сөздің коммуникативтік
сапасына “дұрыс” – “бұрыс”, “орынды” – “орынсыз”, “сөзі бай” – “сөзі
жұтаң”, “бедерлі” – “бедерсіз” деп баға беруде (Р.Сыздықова, Х.Нұрмақанов,
М.Серғалиев, Н.Уәлиев т.б.) мәтіннен (сөз құрылымынан) сәтті немесе сәтсіз
фактіні бөліп алып, талдау негізгі әдістің бірі болды. Бірақ бұлайша
талдау, бір жағынан, дұрыс болғанмен, екінші жағынан, мәтіннің тұтастай
алғандағы коммуникативтік сапасының бағасы емес, оның үзігі жөнінде ғана
баға. Алайда мәтінде кездесетін формалды құрылымдық сәтсіздік кездейсоқ,
жекелеген ғана факті болуы ықтимал.
Сондықтан сөздің коммуникативтік сапасы сөз актісінің аяқталған
нәтижесіне қатысы болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің
құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сөз айтылғанға
(жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың
“айтсам”, “жазсам” деген діттемі, “нені айтсам” (жазсам), “қалай айтсам”
(жазсам), “кімге айтсам” (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады.
Алдымен, сөйлеушініңжазушының санасында болашақ сөздің ішкі нобайы
жасалады.
Сонымен, коммуникация теориясында коммуникация тек вербалды кезеңнен
ғана емес, коммуникацияға дейінгі кезеңнен, коммуникациядан кейінгі
кезеңнен тұратынын, бұлардың ішінде вербалды кезең формалды тілдік
құрылымға, ал коммуникацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер тілдік емес
құрылымдар екеніне көңіл бөлу қажет. Осымен байланысты белгілі бір мәтіннің
сөз сапасын талдап, сипаттау, тексеруді ойдағыдай жүзеге асырып, сенімді
нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік құрылымдарды объективті ақиқат,
психология, когниция, әлеуметтік, эстетикалық, этикалық т.б. тілдік емес
мәнділіктермен байланысты қарау негізге алынды [7, 24]. Мұның өзі сөз
актісінің нәтижесі болып табылатын, мәтінмен ғана шектелмей, коммуникацияға
қатысушылар факторына көңіл бөлудің, коммуникативтік ситуацияны мәтінмен
байланысты қараудың қажеттілігін көрсетеді.
Әдетте адресант өзінің сөзін көздеген коммуникативтік мақсатына,
діттеміне, сөз стратегиясына, тыңдаушымен өзара ықпалдастық тактикасына,
қарым-қатынас ситуациясына, уақиғаның барысына қарай құрады. Сөйлеушінің
алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік діттемін тыңдаушының
зерделеуі (интерпретациялауы) тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі белгісі
болып саналады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы,
коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды
жайт болып табылады. Адресаттың айтылған сөз бен сөйлеушінің нені айтқысы
келіп отырғанын салыстырып, сөз ауанын түсінуі адресаттың тілдік, әрі
коммуникативтік құзіреттілігіне жатады. Осымен байланысты зерттеуде
коммуникациядағы сөз субъектілері (адресантадресат) түпқазық категория
ретінде алынады.
Адресаттың айтылған сөзді ұғынуы тек тілдік құзіретпен шектелмейді.
Сөйлеушінің интонациясын, пресупозициялық, аялық білімін, уақиғаны, т.б.
салыстыра отырып, коммуникатордың коммуникативтік діттемін зерделеуі
(интерпретациялауы) коммуникативтік құзіреттілікке жатады. Адресант өз
сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін
тыңдарманоқырманның қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады
және адресаттың білім дүниелерімен санасады.
Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім
екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады [8, 98-
100]. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен
көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа
ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз”
қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың
қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның
жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз
актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен
ынтымақтаса түсуіне әсер етеді.
Автор өзінің айтпақ ой-сезімінің адресатқа мүмкіндігінше толық жеткізу
мақсатын көздейді. Реципиент мәтінді толық түсінуі үшін, автордың реципиент
білімінің деңгейімен санасуына тура келеді. Реципиентте коммуникативтік
акті шеңберіне сай білім мөлшері, көлемі жеткілікті болуға тиіс. Оған
реципиенттің тезаурус көлемі, вербалді ойлау аппараты, белгілі бір ақиқат
туралы қажетті білімнің мазмұны кіреді.
Адресаттың іс-әрекеті белсінділік таныту, ден қою, назар аудару,
қабылдау фреймдерін қалыптастыру болып табылады. Адресат “түсіну
стратегиясын” басшылыққа алады. Түсіну стратегиясы, бірінен кейін бірі
ретімен айтылған таңбалар тізбектерінің қандай мағынада екенін түсінуден
басталып, сөйлеушінің нені айтпақ болғанын ұғынумен, ой елегінен өткізумен
аяқталады. Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздің ойдағыдай
өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі.
Мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік
ойлауының өзара әрекеті. Мәтін – коммуникацияның нәтижесі, әрі
коммуникациялық бірлік. Н.Д. Арутюнова адресат факторын есепке алу, сөз
актісінің тиімді болуының шарты деп көрсетеді. Мәтін мен оқырман арасындағы
диалог, яғни мәтін тасасында тұрған автормен диалог, олардың ақиқат өмір
туралы, айнала қоршаған әлеуметтік ақиқат туралы, олардың санасындағы
әлеуметтік психологиялық стереотиптердің түйісуі шарт. Ал бұл түйісу
стереотиптер жүйесі ортақ болғанда ғана жүзеге асады.
Адресат факторын ескеру сөздің (речь) тілдік құрылымына енетін
таңбаларды дұрыс, тиімді, діттеген мақсатқа орай таңдауға ықпал етеді.
Когнитивтік санасында белгілі бір ой-пікір, сезім тілдік тұрғыдан
объективтенгенге дейін адресант адресаттың әлеуметтік статусы, жас, жыныс
ерекшелігі, таныс, бейтаныстығы т.б. жөнінде азды-көпті “байыптап” алады.
Адресант-автордың бұл “байыптауы” коммуникацияның құрылымына кіреді.
Адресат факторы, әсіресе сөйлеген (жазған) сөздің орындылығы деген
коммуникативтік сапаны айқындап тұрады. Сөйлеген (жазған) сөздің тілдік
құрылымы қаншалықты дұрыс, шеберлігі жағынан мінсіз болғанмен, адресат
факторының ескерілмей қалуы сөздің коммуникативтік сапасын төмендетіп,
тілдік қарым-қатынасқа кедергі келтіруі мүмкін.
Адресат факторының функционалдық стильдердің бәрінде бірдей еместігі
байқалады. Әсіресе сөйлеу тілінде, ауызша сөзде адресат факторына мән
берудің өзінше ерекшелігі бар, өйткені адресаттың әлеуметтік сипатына бетпе-
бет сөзде ерекше мән беріледі; шаршысөзде, радио=,телехабарларда адресат
факторына ерекше көңіл бөлуге тура келеді: адресат (көпшілік) айтылған
сөзді ықыласпен тыңдап отыр ма, әлде сөзден жалыға бастады ма? Адресаттың
сөзге деген ынта-зейіні, сөйлеушіге деген назары коммуникатордың үнемі
бақылауында болып отыруға тиіс; көрермен, тыңдармандарды коммуникатор
экран, қабылдағыш алдынан кетіп қалмай, қызыға тыңдау үшін сөзді
диалогтендіру, интимдендіру сияқты тілдік тәсілдерді қолдануға мәжбүр
болады.
Сондай-ақ іскери сөзде де адресат факторының өзіндік функциясы бар.
Сөйлеуші адресаттың әлеуметтік рөліне қарай сөзді демократияландырып, я
болмаса әкімшілдендіріп отырады немесе тепе-теңдікті (паритеттілікті)
сақтайды.
Адресат факторы көркем әдебиет стилінде де ескеріледі. Қайсібір көркем
сөз шеберлерінің шығармаларында автор арнайы тілдік тәсілдер арқылы
оқырманмен сырласып отырғандай, оқырманның жанында отырғандай әсер
қалдырады.
Ғылыми стильде адресат факторы “маман” – “маман” деген формулаға сай
қолданылады, адресаттың білім деңгейлері шамалас болады, екеуіне де ортақ
білім қоры болады.
Сөз актісінде екі сана – адресанттың және адресаттың санасы жұмыс
істейді. Осы екі сананың мүмкіндігінше бір-біріне сәйкес келуі
коммуникацияның сәтті болуына оң әсерін тигізеді [9, 136].
Сөз авторы өзінің санасында қорытылып, өңделген ақпаратты кодқа салады.
Ал адресант кодқа салынған әртүрлі ақпаратты (мазмұндық, эмоционалдық,
бағалауыштық т.б.) мүмкіндігінше дұрыс ашуға тырысады. Автордың когнитивтік
санасында өңделген ақпарат пен адресаттың санасында қабылданған ақпарат
мүмкіндігінше алшақ болмауға тиіс. Ол үшін автор мен адресаттың білім
қорында біршама ортақтық болуға тиіс. Алайда тілдік ұжым мүшелерінің
когнитивтік санасындағы білім қорының құрылымы күрделі болып келеді. Олар
тілдік білім, тілдік емес білім, аялық білім деп үлкен үш топқа бөлінеді.
Тілдік білім “сөйлеушінің (жазушының) тілдік құзіреті” деген ұғымды
аңғартады. Белгілі бір тілді тұтынушы тілдік таңбалардың мағынасын жақсы
білуге, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстырып, ой-сезімін білдіре
алатындай болуы шарт. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант-сана мен адресат-
санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл – коммуникацияның ойдағыдай өтуінің
алғышарттарының бірі.
Автор мен адресаттың арасындағы коммуникацияның ойдағыдай болмағы
тілдік емес факторларға да байланысты болады. Әсіресе “маман” + “маман”
(дәрігер) арасындағы коммуникацияда бұл жағынан “қиындық” бола бермейді,
өйткені арнаулы сөздер, терминдер, номенклатуралық атаулар тәрізді тілдік
таңбалардың мазмұнмежесі екі санада бірдей түсініліп, бірдей ұғынылады.
Коммуникация кезінде тілдік конфликт көбіне “маман” – “маман еместің”
арасында жиірек кездеседі. Мысалы, “маман” (дәрігер) мен “маман еместің”
(науқастың), “сатушы мен сатып алушының” арасындағы коммуникацияда
түсініспестік жағдай көбіне тілмен байланысты болады. Бұл қауіптің алдын
алу үшін “коммуникатор-маман” “коммуникант-маман еместің” когнитивтік
санасымен, яғни оның тілдік, тілдік емес білім қорымен санасып, сөйлеген
(жазған) сөзін маман емес коммуниканттың санасына қарай бейімдеуі қажет.
Мысалы, дәрігер мамандар арасындағы тарөрісті емес, жұртшылыққа танымал
медицина терминдерін қолдануға тиіс. Сөз ыңғайы “дәрігер – науқас”
формуласына қарай құрылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда науқасқа берілуге
тиісті ақпараттың көлемі толық болмай шығады. Дәрігердің “маман – маман”
арасындағы қолданатын терминдер тізбегі мен номенклатуралық атаулар легінің
бәрін науқас түсіне бермейді.
Сатып алушының көбірек қолданатын дейксистеріне (ананы, мынаны, анау
тұрғанды, мына біреуді т.б.) сатушы ерекше мән беруі қажет, өйткені сатып
алушы тауардың маркасының, сортының қалай аталатынын біле бермеуі мүмкін.
Зерттеудің “Сөз мәдениетінің когнитивтік және лингвомәдени аспектілері”
деген тараушасы сөз мәдениетінің когнитивтік негіздері; тіл мен мәдениеттің
өзара байланысы; тілдік тұлғаның мәдени-тілдік құзіреті деген
тақырыпшалардан тұрады. Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге
таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.
Ақиқат туралы білімді санада сақтау, оны игеру – күрделі процесс. Бұрын
алынған білім индивид санасында тәртіпке келтіріліп, жаңа алынған білім
бұрынғымен байланыстырылады. Аса маңызды, мәнді деген фактілер, деректер
жинақталып, концептілік жүйеге түседі [10, 151].
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың
(перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік
тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып
табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген
сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің
мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің
мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір
тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау
жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін [11, 34-43]. Концептінің
әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының
өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз
болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген
(субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-
перцептивті образ негіз болып тұр.
Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір
объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт-мазмұн
межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже
тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық
тб.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді
танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт –
денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік
жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі,
ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт
форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай
өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік
концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Мысалы,
қазан ошаққа, тасошаққа, жерошаққа т.б. құрылғының үстіне қойылатын, астына
от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың
үсті, от жағу, беті, қақпақ, жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер –
ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген жүйесінен заттық-бейнелік концепт
жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы
мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір
таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде қазан
отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел жұрттың басын біріктіретін,
басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып табылады. Қазаны
бүтін; қазаны қақ айырылу, қара қазан сарбаланың қамы, қазанын сындыру (кек
алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың
тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге
айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер)
этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт
(инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады;
бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде
қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени
кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің
(ұғындырудың) құралына айналады.
М.Минский фреймді стереотипті ситуацияның ойбейнесі деп атайды. Осы
аталған когнитивті жасалым стереотипті денотаттық ситуациямен байланысты.
Мысалы, ашішектей созылды деген фразеологизм “ұзаққа созылған, бас-аяғы
көрінбейтін, адамды ығыр қылатын баяу іс, әрекет туралы” айтылады.
Фразеологиялық мағына ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік
ұжымның санасында фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланысты.
Когнитивтік санада фреймдік форматқа түскен құрылымды таратып айтатын
болсақ, – жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе аш ішек ұзын,
жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа созылып, баяу
істеледі. Ақиқат өмірдегі осы стереотипті денотаттық ситуация тілдік
ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылым түрінде орныққан. Ендігі
тұста осы фреймдік формат “ұзақ, баяулық” сияқты басқа бір концептімен
ассоцацияланып, ұзаққа созылған, баяу, адамды ығыр қылатын істі атайтын
екінші реттегі номинацияға айналған.
Белгілі бір мәтінде фразеологизмдердің дұрысбұрыс қолданылғанын
олардың ақиқаттағы денотатымен, сол денотаттың санадағы құрылымымен
байланыста қарай отырып айқындауға болатыны байқалады.
Когнитивтік тұрғыдан қарасақ, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тәрізді
фразеологизмнің сөз мәдениеті тұрғысынан қазақ тіліне жат екені байқалып
тұрады. Өйткені жаңбыр шелектеп жауса да, қазақ даласында саңырауқұлақ
қаптап кетпейді, яғни ақиқат өмірде ондай стереотипті ситуация жоқ,
денотаты болмағандықтан, ұлттық санада фреймдік құрылымы да жоқ. Диірменіне
су құйды деген қолданыс та қазақша емес. “Бір нәрсені өршіте түсу” деген
ұғым қазақ тілінде “Отына май құйды” деген фразеологизммен бейнеленеді,
өйткені ақиқат өмірде отқа май құйып ырымдайтын стереотипті ситуация
болған. Осы денотатпен байланысты тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым
түзілген.
Сондай-ақ ақиқат өмірде болғанмен, фреймдік құрылымға түспеген денотат,
денотаттық стереотиптік ситуациялар да болады. Мысалы, судың, жаңбырдың
тамшысы перцептивті образ түрінде кез келген тілдік ұжымның санасында болуы
ықтимал. Бірақ бәрінде бірдей “егіз тамшы” деген фреймдік құрылым кездесе
бермейді. Орыс тілінде “өте ұқсас, бірінен бірін ажыратуға болмайтын
нәрсені” как две капли воды деген екінші реттегі номинациямен береді. Ал
қазақ тұрмысында егіз қозы біріне-бірі өте ұқсас, оларды бір-бірінен айыру,
тәжірибелі адам болмаса, өте қиын. Ақиқат дүниедегі осындай перцептивті
типтік ситуация ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылымға айналып,
соның негізінде егіз қозыдай деген екінші реттегі атау пайда болған.
Қазіргі кезде баспа беттеріндегі егіз тамшыдай деген қолданысты бөтен
тілдің дүниелік картинасы болғандықтан сөз мәдениеті тұрғысынан мақұлдауға
болмайды.
“Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы” деп аталатын тақырыпшада Тіл мен
мәдениеттің байланысы жөнінде кейбір көзқарастарға қысқаша тоқталдық.
Ақиқат дүниедегі заттар, құбылыстар, уақиғалар т.б. адамға қалай әсер
етсе, тіл де солай әсер етеді. Адамның ішкі әлемі (эмоционалдық,
интеллектуальдық әлемі) мен сыртқы әлемнің аралығында тіл әлемі бар.
Индивид, субъект белгілі бір тіл әлемінде өмір сүреді. Сондай-ақ тіл
индивидтің, субъектінің ішкі әлемінде (санада да) орын тепкен. Тіл тек
қоғамда ғана өмір сүрмейді, ол индивидтің санасында өмір сүреді. Э.Сэпир,
Б.Уорф т.б. неогумбольдшылдар мектебінің теориясы осы ұстанымды негізге
алады. Адамдар ақиқат дүниені өзінің ана тілі арқылы ғана тани алады, біле
алады және көре алады. Ақиқат өмірді тілде бейнеленгендіктен ғана көре
аламыз, тани аламыз. Тілде бейнеленбеген нәрсе ақиқатта да жоқ. Әрбір тіл
ақиқат дүниені өзіне тән ерекше тәсіл арқылы бейнелейді.
Мысалы, қадамыңа гүл бітсін деген тұрақты тіркестің фразеологиялық
мағынасы “жүрген жерің құт, берекелі болсын” дегенді білдіреді. Бұл
фразеологизмдердің әуелдегі протосемантикасы жүрген жерің көгорай шалғын
болсын деген мәнде болу керек. Өйткені қазақтың жері көбіне шөлейт шөл
болып келеді де орманды алқап аз кездеседі. Жақсы тілек мәнді аталмыш
фразеологизм қазаққа тән дүниенің тілдік бейнесі арқылы қалыптасқан.
Сондай-ақ қарғыс мәнді жүрген жеріңе шөп шықпасын деген фразеологизмнің
ұлттық семантикасы орманды алқапты мекендейтін халықтар үшін, олардағы
дүниенің тілдік бейнесі басқа болғандықтан, мүлде қисынға келмейтіндей
көрінеді.
Дүниенің тілдік бейнесі эмпирикалық таныммен байланыста. Әрбір тіл,
Б.Уорф-Сепирдің тұжырымдауы бойынша, дүниені өзінше жүйелеп бөледі, яғни
оны концептуализациялаудың өзіне тән тәсілдері болады. Ақиқат дүниедегі
заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір концептіге топтастырады
[12, 209].
Тілдік бейне түріндегі концептуалды жүйе этностың заттық, мәдени
тәжірибесіне тәуелді. Дүниенің концептуалды бейнесі логикалық-прагматикалық
позитивтік танымға, әлеуметтік тәжірибеге негізделеді. Концептуалды бейне
дүниенің тілдік бейнесінің бір бөлігі болып табылады. Дүниенің тілдік
бейнесінде мифологиялық, діни, логикалық-позитивті танымның бәрі де болады.
Дүниенің қарапайым бейнесінде дәмбейне, иісбейне, көзбейне, тәнбейне
(ыстық, суық, қатты, жұмсақ т.б.), естілімбейне, яғни сенсорлық қабылдау
басым болады. Тіл әрдайым ұжымдық стереотипті, эталонды, түсінікті тіркеп,
көрсетіп тұрады.
Әрбір табиғи тіл ақиқат дүниені өзінше тәсілмен концептуализациялайды.
Сөйтіп сөйлеушілердің бәріне ортақ ұжымдық философиясы тәрізді көзқарастар
жүйесін жасайды. Мысалы, қамшының сабындай қысқа өмір; дүниедегі ең жаман
нәрсе – жалғыздық пен жаяулық; бала – бақыт, ер қанаты – ат, т.б.
Осылайша тілдік ұжымның когнитивтік санасында мағыналар кеңістігі, яғни
дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі пайда болады.
Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып,
топтастырады, дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік
конструкцияланған бейнесінде индивидуалды, топтық және ұлттық тәжірибенің
табы жатады. Дүниеде ең жаман – жаяулық деген тұжырым, қазаққа түсінікті,
ал жер көлемі атшаптырым ғана шағын ел (тілдік ұжым) оны түсінбес еді.
Тілдік бірліктерде мәдени ақпарат мәдени семалар; мәдени ая (фон),
мәдени концепт және мәдени коннотация арқылы беріледі. Мысалы, көш, айтыс
қарашаңырақ, аға, батыр, би, жылқы, тары, босаға т.б. концептілік
құрылымдардың қамтитын ұғымдары әр алуан әрі күрделі болуы олардың ұлттық
мәдени өрістегі алатын орны мен үлесінің ерекше екенін байқатады. Өйткені
“мәдени мәні айрықша объектілер мен концептілердің тілдегі сөздік қоры
мейлінше бай болады” [13, 71].
Байырғы қазақ мәдениетінде қазақ қызының ең бақытты шағы оң жақта,
әкенің үйіндегі кезі (құдай-ау, оң жақтағы күнім қайда?), сондықтан күйеуге
ұзатылып бара жатқан қыз үшін әкенің үйі – алтын босаға, ал атастырып
қойған күйеуінің үйі болашақта келін болып түсетін үй – жат босаға, келін
болып түсіп, оң аяғымен аттаған босағасы – ақ босаға.
Жұмыстың “Тілдік тұлға және оның мәдени-тілдік құзіреті” деп аталатын
тармағында адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайтынына,
сондай-ақ тілді де адам арқылы, адамның жан дүниесі арқылы зерттемей
болмайтынына назар аудара отырып адам өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы
болса, тілдің иесі де, қожасы да халық деген ұстанымды негізге алынды.
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды тілі (сөзі)
арқылы, сөзі арқылы адамды тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да
айтылған. “Адамына қарап сөзін алма, сөзіне қарап адамын ал” дейтін Абайдың
философиялық ойы субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, білімдік,
психологиялық тұлғасын тану жөніндегі антропоцентристік идеямен үндес екені
айқын аңғарылып тұрады.
Тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат
ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигма сөз мәдениеттің түп
қазығы, орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада сөз
мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс.
Адамдар ақиқаттағы заттар мен құбылыстардың, уақиғалардың, қысқасы,
денотаттар әлемінің ортасында өмір сүреді. Санада сәулеленген ақиқат өмір
үзіктері адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне, яғни интеллектуалдық,
руханияттық, мәдени-әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілерге айналады.
Сөйтіп, адамдар тек ақиқат дүние ортасында ғана емес өздері жасаған идеалды
дүние әлемінде де өмір сүреді.
Әрбір кезең, әрбір дәуірдің өзді-өзіне тән ақиқат дүние туралы білім
жүйесі болады. Мысалы, қой, жайылу, ауыл, өріс, бытырау, изен, жусан т.б.
сөздердің қандай мағынаны білдіретіні немесе қандай денотатты көрсетіп
тұрғаны бізге белгілі. Бұл – тілдік білім. Ал “қой бытырап, шашырап бір-
бірінен алшақ кетіп жайылса, ауыл қонған жерден тым ұзап кетсе, ол жердің
оты нашар болғаны. Ауыл ондай жерде ұзақ отырмайды оты қалың, изенді,
жусанды, өрісті жерге көшеді” десек, бұл – тілдік емес, дүниелік білім. Ал
белгілі бір көркем шығараманы оқыған оқырманға сол дәуірдегі тілдік емес
білімді білу қажет. Көркем шығармада тілдік семантикадан басқа да білім
дүниесі бар. Сол білім дүниесі шығармада қалай берілді? Қазақ әдебиетінің
класигі Ғ.Мүсіреповтің көркем шығармаларының оқырманды баурап алуының сыры
риторикалық тәсілдерді, стильдік амалдарды шебер қолдануында ғана емес,
оқырманға бейтаныс тілдік емес білімдер жүйесін ашып берумен де байланысты.
Жазушының бір әңгімесінде батырдың мінген қазанаты “құлағын қайшылап,
оқыранып, аяғымен жерді тарпи береді”. Атының бұл мінезіне қарап батыр не
қалың жылқыға, не жылқыны қуып әкетіп бара жатқан жауға кездесетінін біле
қояды. Осылайша жазушы оқырманға сол дәуірдің білім дүниесінің есігін
ашпаса, оқырман сол дәуірдің ішіне кіре алмайды.
Дүниелік білім когнитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Мысалы,
қауіп-қатер таянғанда жылқының әлгіндей жер тарпитын қылығы, қазақы
қазанаттың тарпаң, құланмен туыстығымен байланысты көрінеді. Мысалы, құлан
үйірін шақырғанда, үйіріне қауіп төнгенде алдын ала сезіп, ащы дауыс
шығарады екен. Міне, осындай дүниелік білімдер оқырман-тілдік тұлғаның
санасында болғанда, Махамбеттің “Құландай ащы дауыстым” деп, Исатай батырды
жоқтағандағы жан-дүниесін тереңірек ұғынуға болады.
Белгілі бір тілдік таңбада екі түрлі мағына (білім) кодқа салынуы,
соған сәйкес екі түрлі код болуы мүмкін. Біріншісі – тілдік код, екіншісі –
мәдени код. Тілдік таңбалардың мәдени семантикасын зерттеуде осы екі түрлі
мәнділікті ажырата білу қажет.
Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де
тұтынушы. Осы тұрғыдан қарағанда белгілі бір тілдік концептінің құрылымдық
түзіліміне мәдениеттің де қатысуы, “араласуы” кәдік. Олай болса, тілдік
таңба мағынасының қай бөлігінде, қай тұсында мәдени мән болатынын айқындау
қажет. Сөйлеуші я болмаса тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді
сезіне алатыныналмайтынын анықтаудың [11] сөз мәдениеті үшін мәні ерекше.
Мәдени семантиканы айқындауда тілдік тұлға үшін қиындықтар да болады.
Кейбір тілдік таңбаларда мәдени ақпараттар тілдік мағынаның тасасында
тұрады да, имплицитті сипатта болады.
Тілдік семантика (білім) мен мәдени семантиканың (жалпы дүниелік
білімнің) бір-бірімен байланысы бірде айқын, бірде көмескіленіп, кейде бір
біріне жақындап, кейде бір-бірінен алшақтап тұрады. Мысалы, жұлдыздар
тіркесіпті, жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркестің мәдени-ұлттық
семантикасы тым көмескіленіп кеткен. Байырғы дүниелік білім бойынша
төменнен жоғары тартылған түзудің бойымен жоғарыда Үркер және оның
Үлпексарысы, одан төменіректе Үш Арқар-Таразы, одан төменде Сүмбіле
жұлдызының бірінен кейін бірі қатар түзуін жұлдыздар тіркесіпті дейді. “Күн
суытып, қыс түсер шақ” келді деген ұғымды білдіреді. Жұлдыздар қазан айында
тіркесіп болады. Жұлдыздар керуеніннің басында Үркер мен оның Үлпексарысы
тұрады. Ал жұлдыздар теңесіпті деген тұрақты тіркес әлгі жұлдыздардың
горизонталь түзудің бойымен қатар келуін жұлдыздар теңесіпті дейді. 22-24
наурызда Сүмбіле (сол жақта), Үш Арқар-Таразы (ортада), Үлкер мен Үлпексары
(оң жақта) бір түзудің бойында, күннің батысында, тізілген моншақтай болып
тұрады. Жұлдыздар теңесіпті дегенді, кейде Таразы басы теңесіпті дейді,
“күн мен түн теңелді” деген ұғымды білдіреді.
Тілді тұтынушыда лингвистикалық құзірет, коммуникативтік құзірет,
сондай-ақ мәдени-тілдік құзірет болады. Ал тілдік-мәдени құзірет дегеніміз
тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау
кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі.
Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы, әсері негізінде тілдік таңбаның
мазмұн межесінде мәдени семантика қалыптасады. Аударма, тіл үйрету, көркем
мәтінге талдау жасауда, сөздіктер құрастыруда тілдік таңбаның грамматика,
лексика-стилистикалық мағыналарымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер