Көркем аударма.


КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңдегі қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген зәру мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы орынының нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талап-талқылаудың маңызы зор. Қоғамдағы сан-салалы өзгерістер әдеби аудармаға да тың көзқарас туғызып отыр. Ұлттық рухани байланысты басқа ұлттар мен ұлыстарға өз тілінде ұсынудың мүмкіншіліктері, әлемдегі озық үлгілерді қазақша сөйлету жолдары назардан тыс қалмауы қажет. Білікті аудармашылар дайындаудың әдіс-амалдарын, оқытудың жаңа түрлерін молынан, жан-жақты пайдалану негізгі шарттардың бірі болмақ.
Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс-әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс және қазақ әдеби шығармаларының байланысы, бір-біріне әсер етуі, типологиясы және поэтикасы, әдеби әдіс амалдары, аударма кезеңіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы, аударма шеберлерінің іс-тәжірибелері, отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктері қарастырылады. [1; 232]
Мұхтар Әуезов - үлкен талант. Заңғар жазушы. Білімді ғалым. Зерделі зерттеуші. Білікті аудармашы. Дарынды драматург. Қаламы ұшқыр публицист. Осының бәрі де кісінің - біз сөз етіп отырған ойшыл ғалымның бір басынан табылады. Тіпті ХХ ғасырдағы ұлттық ой-санасының көркемдік көрінісі де осы қаламгердің бір басынан көрініс береді деуге болады. Ал, енді сол қалай көрінді? Оның елеп айтар ерекше қаламгерлік қасиеттері қандай? Міне, бұл сауалдарға қысқа қайырып жауап айту соншалық қиын екенін айта айта кетуді жөн көрдім.
М. Әуезов 1940 жылға дейін ғылыми еңбектер, хикаят, драмалық дүниелер жазумен бірге, көркем аудармада да зор еңбек етті. Ол көркем аударманың қадір-қасиетін өз дәрежесінде түсіне білді. Шекспирдің «Отеллосы», Гогольдің «Ревизоры», Погодиннің «Ақсүйектері», Треневтің «Любовь Яроваясы» Мұхаңның арқасында қазақ тілінде тартымды да тәлімді сөйледі. Осының бәрі де бір кісі үшін, бір әдебиетші үшін аз жұмыс емес еді. Осындай еңбектерімен-ақ ол ұлттық әдебиетімізді төрінен орын алуға лайық болатын. Әйтседе жазушы-драматург мұнымен әсте шектелмеді, әрі қарай ізденді, талпына түсті. Ол қырқыншы жылдардың басында ұлт әдебиеті үшін шоқтығы биік дүние туғызды, талайдан ойлаған еңбегі «Абай» романының бірінші кітабын (1942) берді. Ал, бұл роман-эпопеяның жазылып бітуі, енді өзіміз жақсы білетіндей, он бес жылға (1942-1956) созылды, мұндай ұзақ мерзім оның романды жазуға қиналысын білдірмен керек. Жазушы бұл еңбегін бұдан да жылдамырақ, тезірек аяқтар ма еді, бірақ сол кездегі әр түрлі қоғамдық және жеке басына қатысты жағдайлар әсер еткені, тосқауыл болғаны, сөз жоқ, даусыз шындық.
Оның «Абай» романы (алғашқы екі кітабы) 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы алды, ал төрт кітаптан тұратын «Абай жолы» роман-эпопеясына 1959 жылы сол кездегі КСРО-ның ең жоғарғы марапаты - Лениндік сыйлық берілді. [2; 168]
Талантты қаламгердің елуінші жылдарда осы атақты романын аяқтаумен айналыса жүріп, қоса-қабат айналысқан, жарыстыра жазған көркем мұралары да бар. Олардың ішінде көлемді көркем очерктер (мысалы «Индия очерктері» т. б. ), сондай-ақ бірқатар аударма жұмыстары да болды. Ол елуінші жылдары В. Шекспирдің «Асауға тұсау», И. С. Тургеневтің «Дворян ұясы» секілді шығармаларын қазақ тіліне түрлеп, тірілте аударды. Аталған екі көркем дүние әлем әдебиетінде биік бағасын алған туындылар екені белгілі.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Мақсат-мүддесі бір, тірлік-әрекеті бір көп ұлтты совет халқы өмірдің барлық саласында бірлесе қимылдап, бірыңғай бағытта ынтымақтаса жұмыс істеп жатыр. Сол ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі осы аударма. [2; 214]
Қысқасы, аударма - біздің зор тынысымыз. Орыс халқының мәдениеті, оның әдебиеті мен тілі қазақтың мәдениеті мен тілін дамытып, ой-санасын өсіруге қаншалық ықпалын тигізді дейтін болсақ, соның бәрі аударма қызметінің әсерінен құр емес.
Ал, көркем әдебиет саласына келетін болсақ, бұл жағынан табысымыз өте зор. Орыс классиктері мен кеңес жазушыларының, бүкіл дүние жүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді. Туысқан кеңестік республикалардың азды-көпті елеулі әдеби мұралары мен осы заманғы әдеби туындылары да аудару арқылы қазақ жұртшылығының өз мүлкіне айналуда.
Сөйтіп, біздің елімізде аударма жұмысы - рухани ризықты ортақтастырудың күшті құралы.
Халықтың рухани талаптарын өтеуді коммунизм орнату жолындағы күрделі міндеттердің бірі деп санаған партия мен үкіметіміз оны жүзеге асыру шараларын қамтамасыз етуге зор мән берді. Ол үшін мәдени-ағарту орындары өрістетілді, газет-журналдар көбейтілді, кітап басу жұмысы жолға қойылды. Республикамызда жас театр өнері гүлдеді, көркем өнердің барлық басқа салалары да кең адыммен қарыштап алға басты. Революцияға дейін екі-ақ проценттейі ғана сауатты деп саналған қазақ халқы негізінен сауатты елге айналып, цивилизацияның барлық игілігіне ие бола бастады. Орта және жоғары оқу орындары, Орталық академиясы бар түрлі ғылыми мекемелер көбейді. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің барлық салалары жан-жақты өсіп-өркендей бастады.
Осылардың бәрі қазақ өміріне жаңа ұғым, жаңа қалыптар енгізді. Социалистік мазмұндағы жаңа өмір өзінің жаңа жаңа дәстүрімен, жаңа салтымен, жаңа ережесімен, жаңаша қарым-қатынасымен келді. Сол жаңа қарым-қатынас, жаңа сана, жаңа ой, жаңа ұғымдар ежелгі қазақ тілінің сыртқы формасы мен ішкі мазмұнына да ықпалдарын жасай келді, яғни тілімізге жаңа атаулар, тұрақты сөз тіркестері, жаңа мақал-мәтелдер енді кейбір ескі сөздер жаңа мағына алып, басқаша айтылатын болды; сөз саптаудың жаңа екпіні, жаңа мәнері пайда болды.
Тіл дамуындағы бұл процестің барысында аударма қызметінің атқарған және атқаратын ролі орасан зор. Қазақстан өмірінде күн сайын сан алуан материалдар орысшадан қазақшаға аударылып жатады. Олар түр жағынан да, мазмұны жағынан да әр алуан және өмірдің барлық саласын, бүгінгі адам баласының күллі ой-өрісін мол қамтиды. Олар жанр жағынан да, стиль жағынан да қилы-қилы. Оларда бұрын айтылмаған соны ойлар, бұрын аударылмаған соны сөздер келеді. [3; 209]
Соның бәрін, мүмкіндігі болғанынша, айнытпай жеткізіп, кеңестік сөздің бар күшін, бар әсерін, бар ықпалын қазақша оқитындар арасында игілігіне жеге білу - аударманың ардақты міндеті болды.
Міне, осы міндеттер аудармаға әр уақытта саяси мән бергізіп, оның аартушылық, тәрбиешілік, ұйымдастырушылық, үгітшілік ролін айрықша арттырып отырды. Содан барып, аударма біздің мәдени жұмысымыздың үлкен бір саласына айналды. Қазір бүкіл идеология майданында аудармасыз күн жоқ деп әбден айта аламыз. Қазақ тілінде шығатын газеттердің көбі негізінен аударма материалдарына сүйенеді, саяси-әлеуметтік және саяси-шаруашылық журналдар, радио хабарлары көп материалдарды аударып беріп отырады. Үгітшілер мен насихатшылардың да көбіне сүйенетіні аударма материалдар.
Бұл жағдайда бізде аударма мәдениетін көтеріп, қазақ тілінің бар мүмкіншілігін жұмылдыруға себепші болып келеді. Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетін арттырды. Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытты. Аударма біздің өзіміздің жалпы дүние тану өрісімізді ұлғайтты.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы тілдік қорымыздағы бар сөздер мағына жағынан сараланып, ұғымдық шектері айырыла түседі. Орыс сөздерінің әр алуан нұсқауларда қолданылуына қарай, өзіміздегі синонимдік мәндес сөздердің лептей де болса ұғымдық айырмасын тауып, әрқайсысын белгілі бір орыс синонимінің баламасы ретінде тұрақтандыруға, сол арқылы ол сөздің өзінің ұғымдық мағынасы мен түрлі қырларын аша түсуге күщ салынады.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына, қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады. [4; 27]
Бұл жерде аударма қызметінің қандай роль атқаратына өзінен өзі түсінікті. Мұндайда экономиканың, мәдениеттің, ғылымның және тұрмыстың түрлі салаларынан кездесетін атауларға лайықты балама ізделеді. Сол жағдайда қазақ жерінің қай түпкірінде болса да халықтың аузында бар сөз болса, ол белгілі бір орыс сөзінің баламасы ретінде алынады да, сол орыс сөзінің көмегімен тез қалыптасып, сіңісіп кетеді. Біздің тілдік қорымызға осы арнамен келіп құйылып жатқан сөз маржандары сондай көп.
Аударманың арқасында бізде неологизмдік сөздер де көбейді. Аударма қызметі ондай сөздерді жаңадан туғызып қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп материалдарда белгіленген орнына бұлжытпай қолдану арқылы тұрақтандыруға, халықтың ойы мен тілін үйретіп, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болып отырады. «Өнеркәсіп», «кәсіпорын», «жемшөп», «сүрлем», «баспасөз» деген сияқты сөздер бір кездерде аудару үстінде ойланып отырып қолдан жасалған терминдер еді. Ал қазір ол сөздер тілімізге көп оралатын және ұғымдық нақтылығымен соншалық дәл айтылатын атауларға айналды.
Аударма дегеніміз - біздің жағдайымызда тіл ұстартудың нағыз лабораториясы. Қазақтың бар сөзі сол лабораторияның сарабынан өтіп жатыр. Күн сайын соншалық көп істелетін аударма процесінде бір сөз әр мақамда қолданылып, сан рет салыстырылады. Кейде оғаш та қолданылып жүріп, бірте-бірте орнын табады. Мысалы, «оборона» деген сөдің көпке дейін «отан қорғау», «ел қорғау» болып келіп, ақыры «қорғаныс» болып тұрақтануының өзі үлкен эволюциялық дамудан туған ірі жеңісіміз. [6; 234]
Егер орыс тілі қазақ тілінің мәдениетін көтеруге игілікті ықпалын тигізіп жатыр дейтін болсақ, оның ең негізгі арнасы аударма екенін мойындамасқа болмайды.
Аударма деген қазір жалпы көпшіліктің ісіне айналып барады. Қалада болсын, далада болсын, тек баспа орындарында, немесе мәдениет мекемелерінде ғана емес, барлық жерде, керек десе өндіріс алаңдары мен егіс қостарында да, әйтеуір бірдеңе орысшадан қазақшаға аударылмай тұрмайды. Аударма арқылы біздің тілімізге орыс тілінің көптеген сөз саптау әдістері еніп жатыр. Атап айтқанда, аударма қазақ тілін тек лексикалық тұрғыдан байытып қана қоймай, сонымен бірге синтаксистік тұрғысынан да, жазу, сөйлеу мәдениетін көтеру тұрғысынан да көп әсер етіп келеді. [6; 286]
Аударма арқылы біздің тілімізге жаңа формалы, жаңа мазмұнды фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер, афоризмдер енді. «Бір адым ілгері, екі адым кейін» (Шаг вперед, два шага назад) ; «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» (Кто не работает, тот не ест) ; «Ауыр жүкке жегіле қалсаң егілме» (Взялся за гуж - не говори, что не дюж) ; «Талабы зор-ақ, тағдыры - дозақ» (Охота смертная, да участь горькая) ; «Шықты қайдан жаңғырық, білмей қалды аңырып» (Слышал звон, да не знает, где он) ; «Қанден ит қартайғанша күшік» (Маленькая собачка до старости щенок) деген сияқты мақал-мәтелдер қазақ тілінің қаны мен тәніне кірігіп, көпшіліктің сөз саптауында қолданылып жүретін табиғи тұрақты тіркестерге айналды.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Қазақ тілінде жазылған қандай бір шығармадан болса да, шыңдап үңіле келгенде, орыс мәдениетінің ықпалын таппау мүмкін емес. Мұны, айрықша жазу стилі жағынан оңай анықтауға болады. Айтайын деген ойды белгілі бір қанатты сөздермен өткірлей түсу, сөйлем арасына бөгде бір ойды, не анықтау, не мысқылдау, не қарату ретінде қыстыра кету сияқты әдістер қолданылып отырады. Мұндайлардың көбі көрінеу аударма әдебиетінің әсерімен келіп жатқандығы да кәміл. [6; 290]
Әсіресе, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру жағынан аударманың әкелген жаңалықтары өте көп. Демек, аударма арқылы тіліміздің синтаксистік құрылысына да көптеген жаңалықтар енді. Ойды ықшамдап, нақтылап айту, сөйлемді жинақы құру, шұбалаңқылыққа соқтыратын көп сөзділіктен, орынсыз орағытудан қашу сияқты жазу мәдениетінің өсуін бейнелейтін тәсілдердің дамуына аударманың да әсері тимей жүрген жоқ.
Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниеге, жаңа өмірге, жаңа ортаға енгізіп отырады. Аударма арқылы қазақ оқырмандары ескі патша сарайларына, хан ордаларына, үнді мен қытайдың таңғажайып храмдарына кіреді, не бір көсемдерді, не бір шешендерді, неше алуан суайт-сұмырайларды, сүмелек-сорлыларды көреді. Аудармашы осылардың бәріне ең алдымен ойын жеткізуі керек те, сонан соң сөзін жеткізуі керек. Яғни ол аударылатын кітаптағы соны дүниені, соны өмірді, соны ортаны ең әуелі көзімен көріп тұрғандай ойша қабылдап, оның әрбір ұсақ деталіне дейін бойына сіңіріп алуы керек те, тек сонан соң ғана ана тілінің бар мүмкіншілігімен оқушыларына айтып беруі керек. Мұнда халқымыздың ғасырлар бойғы тірнектеп жинаған, шыңдаған, ұштаған сөз байлығы мен сөйлеу шеберлігі сарқа жұмсалады.
І ТАРАУ
1. 1 Көркем аударманың зерттелу бағыты
Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделi және көп қырлы мәселелердi қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесi, образдылығы, мазмұны, стилi, тiлi секiлдi поэтикалық құбылыстармен бiрге оның эстетикалық, лингво-мәдени, сондай-ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетiн көркемдiк құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты мiндеттерiнiң қатарына жатады. Оның үстiне, аудармада автор мен аудармашының шығармашылық шеберлiгi, даралығы қатар көрiнiс табады. Әрi түпнұсқа тiлi мен аударма тiлiнiң заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрi аударма мәселелерiн зерттеудiң саласы, арнасы өте көп, алуан түрлi екендiгiн көрсетедi.
Аудару iс-әрекетiнiң өмiр сүруi ұлт тарихының көне қойнауымен астарлас. Аударманың iс-тәжiрибесi қазақ ғылымында негiзiнен әдебиеттану саласының аясында көбiрек талданып келгенiне және осы аспектiге бiрыңғай лингвистикалық тұрғыдан қарастыру кейiнгi жылдары ғана қолға алына бастады. Демек, аударманың лингвистикалық теориясы - қазақ тiлі - танымы үшiн жас ғалым, сондықтан осы ғылымның негiзгi бағытын айқындап бере алатын бiрқатар ұғым - түсiнiктерiнiң даралана қоймағанының себептерi де түсiнiктi.
Халықтардың бiр - бiрiмен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай әдебиеттерiнiң дамуы, ақыл - ой өрiсiнiң ұлғаюы бiр халық әдебиетiнiң екiншi халық тiлiне аударылуына негiзделуi аударма қызметiнiң ең басты мақсаты болып табылады. Бұл орай да аудармашы шын мәнiнде екi ел мәдениетi мен әдебиетiнiң өкiлi, ол өзiнiң шығармашылық шеберлiгiнiң желiсi - аударма арқылы өзге ұлт пен халықта, бөгде ортада туған әдеби әдеби шығарманы туған топырағына әкелiп, ана тiлiнде сөйлету жолымен рухани жаңалық ашады, дүниетаным шеңберiн, сана - сезiмiн ұлғайтуға себепшi болады.
Аударманың ақпараттық бағдарлама болып табылатындығы белгiлi. Нақтырақ айтқанда, аудармашы өз ана тiлiнiң жүйесiнде түрлендiре отырып, түпнұсқа авторының мәтiнiнде берiлген ақпаратты шифрлайды, ал сол мәтiндегi ақпаратты, аударманы оқырман қайта қабылдайды. Гносеалогиялық көзқарас бойынша, аударма - бұл түпнұсқаның балама (адекватное) көрiнiсi және шығармашылық жолда қайта түрленуi. “Аударма аудармашылық шығармашылықтың нәтижесi ретiнде” түпнұсқа аналогы болып есептелiнедi.
Ғалым А. Попович аудармаға аударма барысында оның тiлдiк жаңа бейнесi мен стилистикалық және өзiне тән басқа да ерекшелiктерiн басым түрде сақтай отырып, өзгертетiн процесс ретiнде тiлдiк мәтiннiң қайта туындауы деп анықтама бердi [6, 61-б. ] .
Аударма теориясының қалыптасуына үлес қосып жүрген ғалым С. Н. Сыроваткиннiң пiкiрiнше аударма бұл - тiлдегi мәтiннiң (түпнұсқа) екiншi тiлдегi мәтiнге (аударма тiлi) ауысуы түпнұсқа мен аударылатын мәтiндi бiр-бiрiне балама тiл, яғни калимуникативтiк және одан тыс қызметте өзiне ұқсас қызметтi атқаруға мүмкiндiгi бар балама тiл болады [7, 76-б. ] . Аударма адам өміріндегі ең маңызды қызметтердің бірі. Кез-келген қызмет қажетіліктен туындайды, бірақ қызмет толық қарастырылып, зерттеліп қажеттілікті толығымен қанағаттандырмайынша қажеттілік өз бетімен қызметті басқара алмайды.
Аударма қандай қажеттіліктерді қалыптастырады? өз қызметімен аудармашы тек өзін ғана емес сонымен қатар қоғамның қажеттілігін елеңдетеді және оның жұмысы өзімен емес керісінші халық, қоғам арқылы сыналады.
Аударма әр тілде сөйлейтін әр этностағы халықтардың арасындағы қарым - қатынас қажеттілігінен туындайды.
Көптеген ғалымдар “аудару - бiр тiлдiң тiлдiк құралдармен дәл әрi нақты, толық жеткiзу” деп тұжырымдайды.
Сонымен қатар, ғалым А. Ф. Ширяевтiң анықтамасы бойынша, “аударма бұл - арнайы тiлдiк қызмет. Ол қызмет бiр тiлдiң сөйлеу ерекшелiктерiн басқа тiлдегi соған сәйкес сөйлеу ерекшелiктерi арқылы қайта туындату мақсатында қолданылатын екi тiлге сүйенедi.
И. И. Резвин мен В. Ю. Розенцвейг аудармашы сөздiкке, мәтiннiң кең ұғымына және өзiнiң бұрынғы тәжiрибесiне қарамастан, түпнұсқаны алдын ала бекiтiлген тiларалық сәйкестiктердi (мысалы, сөздiк) пайдалана отырып аударған дүниелердi аударма деп, ал аудармашының көрсетiлген феномендердi ескерген тұстарын “интерпретация” депаударуды ұсынды. Олардың пiкiрiнше, аударманың инварианты сол мәтiннен түсетiн ақпараттың мағынасы болып табылады. Ол кез келген бiр тiлден тыс қатынасқа қатысты емес, делдал жасанды тiлге - қарапайым мағыналық бiрлiктердiң жиынтығына қатысты анықталады екен. Бұл тiлдiк аударма машиналық аударманы жүзеге асырудың бiрден бiр жолы деп есептеледi [8, 36-б. ] . В. Н. Комиссаров “интерпретация” терминi аударма әдебиетiнде кемiнде төрт мағынада қолданылады деп санайды [9, 69-б. ] . Бұған қоса төмендегiдей өзге де анықтамалар бар. Ж. Мунэн “аударма - бұл тiлдiк байланыс және билингвизм құбылысы” деп анықтама бередi. Аталмыш ғалымның көзқарасы бойынша, дұрыс аударманың анықтамасы (аударма нормалары) және бұл ұғымның жеткiлiксiз өнделуi “балама жетiстiктерiнiң” жолдары қарастырылатындығынан деп санайды [10, 29-б. ] .
Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзінде жоқты көрші елден алады. Осы ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені «аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары», - деп А. С. Пушкин тегін айтпаса керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz